"Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің 2005 жылғы 12 тамыздағы N 302 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 24 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3806. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабыніске асыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 9 қыркүйекте N 2355 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 1 желтоқсандағы  N 537 , 2004 жылғы 10 маусымдағы  N 261 , 2004 жылғы 30 шілдедегі  N 328 бұйрықтарымен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 6  бұйрығымен және Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 23 мамырдағы N 199  бұйрығымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен "Ресми газетте" 2003 жылғы 27 қыркүйекте N 39 болып жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Ө.К. Бейіспеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Ұйымдастырушылық жұмыстар және бақылау басқармасы (К.І. Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т.Әбдішевке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Төраға міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады