Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылдың 22 қазанындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 12 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 30 маусымдағы N 119 шешімі. Алматы облысының әділет департаменті Талдықорған қаласының әділет басқармасында 2010 жылы 19 қаңтарда N 2-1-112 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 сәуірдегі N 173 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2010.04.14 N 173 шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылғы 22 қазанындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 12 (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылдың 12 қарашасында тіркелген нөмірі 2-1-56, "Талдықорған" газетінің 2007 жылдың 23 қарашадағы 47 нөмірінде жарияланған) шешіміне, Талдықорған қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 14 сәуірдегі "Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылдың 22 қазанындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 12 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 47 (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 23 мамырында тіркелген нөмірі 2-1-81, "Талдықорған" газетінің 2008 жылдың 6 маусымындағы 23 нөмірінде жарияланған), Талдықорған қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 10 қазандағы "Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылдың 22 қазанындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 12 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 77 (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 05 қарашасында тіркелген нөмірі 2-1-87, "Талдықорған" газетінің 2008 жылдың 14 қарашасындағы 46-нөмірінде жарияланған), Талдықорған қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 ақпандағы "Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылдың 22 қазанындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 12 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 101 (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 1 сәуірінде тіркелген нөмірі 2-1-95, "Талдықорған" газетінің 2009 жылдың 10 сәуіріндегі 15 нөмірінде жарияланған) шешімдерімен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) тақырыбында "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері" деген сөздер "Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері" деген сөздермен, бүкіл мәтін бойынша "тұрмысы төмен" деген сөздер "табысы аз" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) Қалалық мәслихаттың аталған шешіміне "Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы" қосымшаның бірінші абзацында "Қазақстан Республикасы Үкіметінің" деген сөздерден кейін "2004 жылғы 9 қыркүйектегі "Телефонға төленетін абоненттік тарифтердің көтерілуіне жәрдемақы төлеу мәселелері туралы" N 949" деген сөздер "2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) Қалалық мәслихаттың аталған шешіміне "Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы" қосымшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады, табысы аз отбасыларына (азаматтарға) беріледі.
      Тұрғын үй көмегі "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (әрі қарай – Бөлім) тағайындалады және осы мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе жалдаушысы болып табылатындарға беріледі. Өтініш иесі тұрғын үйді жалға алуға сенім хат немесе басқада құқықтығы туралы құжаттарды көрсете алмаған жағдайда Бөлім учаскелік комиссияға тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының материалдық жағдайын, нақты тұратындығын, отбасы тұратын үйдің көлемін анықтауға 1-қосымшаға сәйкес тексеру жүргізуді тапсырады.
      4) 2- бөлімде 6 – тармақтағы "Тұрғын үй көмегі" деген сөзден кейін "2- қосымшаға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 2- бөлімдегі 6 - тармақтың 5- тармақшасындағы "зейнетақы, жәрдем ақы және алименттер." деген сөздерден кейін "Жекелеген азаматтарда жұмыс істейтін табысы аз отбасылары жалақысын шарттың көшірмесімен, жалдаушының анықтамасымен немесе өтініш негізінде растайды.
      Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындар ішінен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар табысын жазбаша өтінішімен растайды.
      Өтініш иесі өтінішінде көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен нақтылығына Қазақстан Республикасының заңды актілерінің негізінде жауапкершілік артады." деген абзацтармен толықтырылсын;
      6) 2-бөлімдегі 6- тармақтың 5- тармақшасындағы "Қазақстан Республикасымен тиісті келісімі жоқ мемлекетке тұрғылықты жерге қоныс аударған жағдайда" деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын "уәкілетті органның анықтамасымен расталған спиртті ішімдіктерді, есірткі заттарын құмарлықпен салынып пайдалануына байланысты балалары мен басқа да асырауындағыларды ұстаудан жалтарған жағдайда немесе учаскелік комиссияның отбасына тұрғын үй көмегінің қажеттілігі жайлы қорытындысы негізінде";
      7) 2-бөлімдегі 11, 12, 13 және 14 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      11) Тұрғын үй көмегін алушы табысы аз отбасылар (азаматтар) үй меншігі түрінің, отбасы құрамы, санаты және жиынтық табысы өзгерген жағдайда он бес күн ішінде Бөлімге хабарлауға тиісті.
      12) Өтініш иесі тұрғын үй көмегі мөлшері мен тұрғын үй көмегін алу құқығына әсер ететін жағдайларды уақытында хабарламаса, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі.
      Тұрғын үй көмегінің артық алынған сомасын ерікті түрде қайтаруы тиіс, оны қайтарудан бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
      13) Бөлім өтініш иесінен өтініші мен оған қосымша құжаттарды қабылдайды, оларды қабылдаған күннен он күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім қабылдайды.
      14) Өтініш иесі Бөлім шешімі мен әрекетін жоғары уәкілетті органдарға және сот арқылы шағымдануға құқылы."
      8) 3-бөлімдегі 15- тармақ алып тасталсын;
      9) 3-бөлімдегі 17- тармақ алып тасталсын;
      10) 3-бөлімдегі 19 - тармақ алып тасталсын;
      11) 3-бөлімдегі 25- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үй көмегінің төлемі бюджеттің есебінен Бөліммен "Қазпошта" Акционерлік Қоғамының филиалдары арқылы өтініш иелерінің дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
      "Қазпошта" Акционерлік Қоғамының филиалдары көмек алушылардың өтініші негізінде қызмет көрсетушілермен ұсынылған коммуналдық қызметтері үшін ақшалай қаржыны тоқсан сайын тоқсанның соңғы айының 25-не дейін аударады.
      Бөліммен "Қазпошта" Акционерлік Қоғамы әр тоқсан сайын төленген көмектің сомасына салыстыру актісін жасайды."
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс 16 сессияның
      төрағасы                                   М. Оспаналиев

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    М. Бопазов

Табысы аз отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсету тәртібі
мен мөлшеріне
1-қосымша

N____ учаскелік комиссия қорытындысы

200__ж_________

      Учаскелік комиссия қалалық мәслихаттың 2007 жылғы "Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы" шешімінің қосымшасының екінші абзацына сәйкес, _______________ отбасының (өтініш иесінің) өтінішін және ұсынылған
т.,а.,ә
құжаттарын қарап_____________________________________________________
      (ұсынылған құжаттар және (немесе) отбасының (өтініш иесінің) тұрмыс жағдайын тексеру қорытындысы)
отбасына (өтініш иесіне) тұрғын үй көмегін ұсыну,_________________жөнінде қорытынды шығарылды.
қажеттілігі, қажет еместігі)




      Комиссия төрағасы___________________ _________________________
      Комиссия мүшелері:__________________ _________________________
      __________________ _________________________
      __________________ _________________________
      __________________ _________________________
      __________________ _________________________
      __________________ _________________________
      __________________ _________________________ (қолы) (т.,а.,ә.)

       Табысы аз отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсету тәртібі
мен мөлшеріне
2-қосымша

Алматы облысы
Талдықорған қаласы
"Талдықорған қаласының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесіне
_______________________________________
(өтініш иесінің аты, әкесінің аты, тегі)
_______________________________________
(көшесі, үй, пәтер N мекен-жайы бойынша)
жеке куәлігінің N_______________
________________ берілген күні

Өтініш

      Менің отбасыма тұрғын үй көмегін тағайындауыңызды сұраймын.
Менің отбасым_________адамнан тұрады.
Не менде, не менің әйелімде (күйеуімде) және 16 жастан асқан балаларымда басқа үй иелігімізде және жалға берген үй жоқ екенін растаймын.
      Өзгерістер болған жағдайда олар туралы 15 күн ішінде хабарлауды міндеттенемін.
      Жалған мәліметтер мен жасанды құжаттарды тапсырғаным үшін жауапкершілігім жайында ескертілгенмін.

"_____"_____________200_жыл. Қолы_________________
      (өтініш иесінің қолы)
"_____"_____________200_жыл. Қолы_________________
      құжаттарды қабылдаған маманның т.,а.,ә.)
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - ---- -- - - -
      (қию сызығы)

      Өзгерістер болған жағдайда олар туралы 15 күн ішінде хабарлауды міндеттенемін.
      Жалған мәліметтер мен жасанды құжаттарды тапсырғаным үшін жауапкершілігім жайында ескертілгенмін.

"_____"____________200_ жыл. Қолы_________________
      (өтініш иесінің қолы)
Өтініш иесі азамат(ша)________________өтініші"___"______________200_ж
қабылданды.

      Қолы____________________
      (құжаттарды қабылдаған маманның т.,а.,ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады