Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы N 146 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 21 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5368 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3924 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 409 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3989 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы N 120 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4249 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 135 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4311 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 47 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4579 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4785 тіркелген, "Юридическая газета" газетінің 2007 жылғы 15 тамыздағы N 124 (1327) санында жарияланған), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 27 тамыздағы N 224 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4955 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қазандағы N 242 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5004 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 26 ақпандағы N 20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5183 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 58 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5238 тіркелген) қаулыларымен енгізілген толықтырулары мен өзгерістерімен бірге мынадай өзгерістер  мен толықтырулар енгізілсін:
      Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықта (бұдан әрі – Нұсқаулық):
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k1 0,06 кем болмайды.
      Жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k1 0,07 кем болмайды.
      Банк холдингі немесе тізбесі мен барынша төмен талап етілетін рейтингі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 55 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4139 тіркелген) (бұдан әрі - N 55 қаулы) белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі рейтингі бар бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k1 0,05 кем еместі құрайды.
      Орналастырылған акцияларының елу процентінен артығы мемлекетке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k1 0,06 кем еместі құрайды.";
      16-тармақтың бірінші, екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 0,12 кем болмайды.
      Жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 0,14 кем болмайды.
      Банк холдингі немесе тізбесі мен барынша төмен талап етілетін рейтингі N 55 қаулымен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі рейтингі бар бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 0,10 кем болмайды.
      Орналастырылған акцияларының елу процентінен артығы мемлекетке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 0,12 кем еместі құрайды.";
      32-тармақтың 9) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "мынадай мемлекеттердің: Андорра князьдігі, Лихтенштейн князьдігі, Либерия Республикасы, Монако князьдігі, Маршалл аралдары (Маршалл аралдары Республикасы) аумақтарында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылады, не";
      45-тармақ алынып тасталсын;
      53-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "53-1. Қазақстан Республикасы резидент еместері алдындағы міндеттемелерге банктерді ң капиталдандырылуы к7, к8 және к9 коэффициенттерімен сипатталады.
      к7 коэффициенті - Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің барынша жоғары лимиті 1  мөлшерінде белгіленеді және Қазақстан Республикасы резидент еместер алдындағы міндеттемелер сомасының банктің меншікті капиталына
қатынасы ретінде есептеледі.
      Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасына мыналар енгізіледі:
      Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы талап етілгенге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;
      Қазақстан Республикасыны ң резидент еместері алдындағы мерзімдік міндеттемелер, бастапқы өтеу мерзімі бір жылға дейін қоса алғанда;
      Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімдік міндеттемелер, кредитордың міндеттемелерді мерзімнен бұрын өтеуді талап ету шартсыз құқығымен, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімдік және шартты депозиттерін қоспағандағы банктердің мерзімдік және шартты депозиттері.
      Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасынан мыналар алынып тасталады:
      Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1011 тіркелген) (бұдан әрі - N 388 қаулы) сәйкес экономиканың "басқа қаржы ұйымдары – коды 5", "мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – коды 6", "мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – коды 7" және "үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – коды 8" секторларына кіретін шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктері алдындағы қысқа мерзімдік міндеттемелер;
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Халық аралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі – 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын, халықаралық ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместері, сондай-ақ Еуразиялық даму банкін құру туралы 2006 жылғы 12 қаңтардағы Келісімге сәйкес құрылған Еуразиялық даму банкі (бұдан әрі - Еуразиялық даму банкі) алдындағы қысқа мерзімдік міндеттемелер.";
      53-3-тармағының бірінші абзацы "және олардың" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теңгемен шығарылған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      53-5-тармақтың екінші абзацында "4" саны "3" санымен ауыстырылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.30 (2009 жылғы 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі) № 247, 2011.02.28 № 20 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      2. Осы қаулы, 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1 тармағының сегізіншіден бастап он жетіншіге дейінгі, отыз екінші абзацтарынан басқа, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.30 (2009 жылғы 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі) № 247, 2011.02.28 № 20 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А.Ә бдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В.Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б.Қожахметовке жүктелсін.

       Төрайым                                          Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады