Отбасылық балабақшалардың, "мектеп – балабақша" кешендерінің, мектеп жасына дейінгі балалардың түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттерінің, ата-аналарға арналған консультациялық пункттерінің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 16 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5550 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 206 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2013 № 206 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы N 83 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытуды қолдау жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 15-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Отбасылық балабақшалардың қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі;

      2) "мектеп - балабақша" кешендерінің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі;

      3) Мектеп жасына дейінгі балалардың түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттерінің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі;

      4) Ата-аналарға арналған консультациялық пункттерінің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі бекітілсін.

      2. Орта білім департаменті (М. Санатова):

      1) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармалары осы бұйрықты барлық аудандық, қалалық білім бөлімдеріне, жалпы білім беретін мектептерге, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарына, ата-аналар қауымына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Шәмшидиноваға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Ж. Түймебаев


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 28 қаңтардағы
N 27 бұйрығымен бекітілген

Отбасылы қ балаба қ шаларды ң қ ызметін ұ йымдастыруды ң
ү лгі ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Отбасылық балабақшалардың қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі (бұдан әрі – Ереже) " Қ аза қ стан Республикасында мектепке дейінгі т ә рбие мен о қ ытуды қ олдау ж ө ніндегі 2007-2009 жылдар ғ а арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы N 83 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді және отбасылық балабақшалар қызметін ұйымдастырудың тәртібін (бұдан әрі – отбасылық балабақша) айқындайды.

      2. Отбасылық балабақша:

      1) баланы тәрбиелеу мен оқытудың дербес тәсілдерін практикада іске асыру арқылы мектепке дейінгі білім берудің жаңа түрлерін дамыту;

      2) 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды кеңейту;

      3) отбасының тікелей қатысуымен балаларды мектепке даярлау және дамыту жағдайларын жасау;

      4) тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруда ата-аналарды консультативтік-әдістемелік қолдауды жан-жақты дамыту;

      5) балалардың әлеуметтік бейімделуі үшін құрылады.

      3. Отбасылық балабақша өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңын және осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Отбасылық балабақшаның негізгі міндеттері:

      1) балалардың денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамасыз ету;

      2) балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін және әр баланың мүмкіндігін ескере отырып, ақыл-ой, адамгершілік, физикалық, эстетикалық, эмоционалдық, танымдық қабілеттерін дамыту;

      3) балаларды қарау мен олардың күтімін ұйымдастыру;

      4) ата-аналардың психологиялық-педагогикалық хабардар болуы;

      5) балаларды мектепке даярлау үшін қарапайым жағдайлар жасау.

2. Отбасылық балабақша қызметін ұйымдастыру тәртібі

      5. Отбасылық балабақшаларды қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жеке және заңды тұлғалар (құрылтайшылар) құрады.

      6. Отбасылық балабақшаның білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияны білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар "Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 452 қаулысына сәйкес береді.

      7. Отбасылық балабақша "Мектепке дейінгі ұйымдарды құруға және ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі N 571 бұйрығымен бекітілген (N 2464 нормативтік құқықтық актілерінің тіркеу тізілімінде тіркелген) санитарлық ережелері мен нормалары толық сақталған жағдайда ашылады.

      8. Отбасылық балабақшалар:

      1) бейімделуші - 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар мен олардың ата-аналары үшін;

      2) жалпы дамытушы - 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін;

      3) қарау мен болу уақытына қарай: 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін күндізгі, кешкі, түнгі, жексенбілік, мереке күндері, тәуліктік және икемді күн тәртібі;

      4) балаларды үйде қарау, күту және дамытуына қарай 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін болуы мүмкін.

      9. Отбасылық балабақша икемді күн тәртібімен:

      1) 2 күннен 7 күнге дейін;

      2) күніне 2 сағаттан 10 сағатқа дейін таңертеңгі және түстен кейінгі уақыттарда жұмыс істеуі мүмкін.

      10. Отбасылық балабақша мен балалар ата-аналарының (немесе басқа заңды тұлғалардың) арасындағы өзара қарым-қатынас қызмет көрсетудің ауқымы мен мерзімін, төлем мөлшері мен басқа да талаптарды айқындайтын шартпен реттеледі.

      11. Отбасылық балабақшадағы білім беру үдерісін ұйымдастыру Мемлекеттік жалпыға міндетті Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың стандартына сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.

      12. Отбасылық балабақшалар санитарлық-эпидемиялық ережелері мен нормаларға және өрт қауіпсіздігі ережесіне жауап беретін 2-3 қабатты ғимараттарда ашылуы мүмкін. Отбасылық балабақшаны ұйымдастыру үшін: 5 балаға арналған (30 шаршы метрден кем емес пайдалы алаң) 1 бөлмелі пәтер немесе тұрғын үй;

      9 балаға арналған (50 шаршы метрден кем емес пайдалы алаң) 2 бөлмелі пәтер немесе тұрғын үй;

      13 балаға арналған (80 шаршы метрден кем емес пайдалы алаң) 3 бөлмелі пәтер немесе тұрғын үй пайдаланылады.

      13. Отбасылық балабақшаларда төмендегідей бір жастағы топтардың толымдылығы белгіленеді:

      1 жастан 2 жасқа дейін - 5 тәрбиеленушіден кем емес;

      2 жастан 3 жасқа дейін - 9 тәрбиеленушіден кем емес;

      3 жастан жоғары және ересек - 13 тәрбиеленушіден кем емес.

      14. Үш жас ерекшелік тобындағы балалар болғанда (3 жастан 6 жасқа дейін) топтың толымдылығы 6 тәрбиеленушіден, екі жас ерекшелік тобында 9 тәрбиеленушіден құралады.

      15. Отбасылық балабақша мен оның тәрбиелеу мен оқыту үдерісінің қызметін ұйымдастыруда білім беруді басқарудың жергілікті органдары отбасылық балабақшаларға әдістемелік және кеңестік көмек көрсетеді.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 28 қаңтардағы
N 28 бұйрығымен бекітілген

"Мектеп - балабақша" кешені қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі
1. Жалпы ережелер

      1.Осы "мектеп - балабақша" кешені қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қолдау жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы N 83 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленген және "мектеп - балабақша" кешені (бұдан әрі – Кешен) қызметін ұйымдастырудың тәртібін анықтайды.

      2. Кешен қызметі дара басшылық, өзін-өзі басқару принципінде, және үш жастан жеті жасқа дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, мектепалды даярлық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы ретінде құрылады.

      3. Кешен өз қызметінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын және осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Кешен педагогтары мен қызметкерлерінің құқықтары, әлеуметтік кепілдіктері мен жеңілдіктері Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Кешен Жарғысымен және Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына қайшы келмейтін ұжымдық және жеке еңбек шартымен (келісім-шартпен) анықталады.

2. Кешен қызметін ұйымдастырудың тәртібі

      5. Кешенді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар (құрылтайшылар) құрады.

      6. Кешеннің негізгі міндеттері:

      1) жеке тұлғаның ойлау, шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;

      2) жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға бағытталған ұлттық және қоғамдық құндылықтар, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде сапалы білім алуға қажетті жағдайлар жасау;

      3) білім берудің барлық деңгейлерінде оқу-тәрбие процесіндегі сабақтастықты қамтамасыз ететін білім беру бағдарламаларының келісушілігіне қол жеткізу;

      4) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне қатыстыру; қазақтың және республикадағы басқа да халықтардың тарихын, салт-дәстүрлерін үйрету; мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін оқыту;

      5) азаматтық пен ұлтжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, ұлттық дәстүрлерді қадірлеуге тәрбиелеу.

      7. Кешен бір немесе сол сияқты бірнеше бөлек тұрған ғимараттарда "Мектепке дейінгі ұйымдарды құруға және ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі N 571 бұйрығымен бекітілген (N 2464 нормативтік құқықтық актілерінің тіркеу тізілімінде тіркелген) санитарлық ережелері мен нормалары сақталған жағдайда ашылады.

      8. Кешеннің мектепке дейінгі топтарына үш жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балалар жыл бойы тұрақты немесе қысқа мерзімге қабылданады. Мектепалды сыныптарға ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде 5 немесе 6 жасқа толған балалар қабылданады.

      9. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар Кешенге психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы негізінде түзеу жұмыстарына арналған жағдайлар бар болғанда қабылданады.

      10. Кешенде білім алушылар мен тәрбиеленушілерге арналған тамақтандыру ұйымдастырылады, тамақтану режимі олардың Кешенде болу уақытының ұзақтығына байланысты белгіленеді.

      11. Кешенде тәрбиеленушілер мен білім алушыларға медициналық қызмет көрсету штаттық бірлікпен немесе денсаулық сақтау органдарының арнайы бекіткен медицина қызметкерімен қамтамасыз етіледі.

      12. Кешенге тікелей басшылықты тиісті аттестаттаудан өткен директор жүзеге асырады.

      13. Директор педагогикалық әрекетті жүзеге асыратын жағдайда Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органында "Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 181 бұйрығына (2008 жылғы 7 мамырдағы N 5215 нормативтік құқықтық актілерінің тіркеу тізілімінде тіркелген) сәйкес бес жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.

3. Кешеннің оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру

      14. Кешендегі білім беру мазмұны Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, мектепалды даярлық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (бұдан әрі – МЖМБС) сәйкес келуі тиіс.

      15. Кешеннің әкімшілігі мен ата-аналар (немесе басқа заңды өкілдер) арасында өзара құқықтары, міндеттері және екі жақтың жауапкершілігі туралы шарт жасалады.

      16. Кешен өз жарғысының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес қосымша білім беру қызметтерін көрсете алады. Қосымша білім беру қызметінің түрлері мен нысандары Кешеннің Жарғысымен анықталады.

      17. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, мектепалды даярлық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының сабақтастығына білім берудің жалпы мақсаттары, міндеттері мен мазмұнын іске асыру негізінде қол жеткізіледі.

      18. Білім алушылардың білім беру бағдарламаларының мазмұнын меңгеруін тексеру мақсатында мемлекеттік аралық бақылау жүзеге асырылады.

      19. Тәрбиеленушілер мен білім алушылардың сабақтан бос уақытындағы қызметі олардың денсаулық жағдайының ерекшелігі, қызығушылығының және қажеттіліктерінің, оның ішінде физиологиялық (ұйқы, тамақтану, демалу, таза ауада болу), қарым-қатынастағы танымдық, шығармашылық, қажеттіліктерін қанағаттандыру ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылады.

      20. Демалыс уақыты білім алушылар үшін 30 күнтізбелік күн болып белгіленеді, жаз мерзімінде – 12 аптадан кем болмауы керек. Мектепалды және бірінші сыныптарда білім алушылар үшін үшінші тоқсанда қосымша апталық демалыс белгіленеді.

      21. Кешенді қаржыландыру:

      1) бюджет қаражаттары есебінен;

      2) ақылы білім беру қызметі есебінен;

      3) құрылтайшыларының қаражатымен;

      4) демеушілік және қайырымдылық көмек, өтемсіз аударымдар мен қайырмалдықтар, гранттар мен басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған түсімдер есебінен жүзеге асырылады.

      22. Кешеннің қосымша қаражаттарды тартуы құрылтайшының (құрылтайшылардың) бюджетінен қаржыландырудың нормативтік және (немесе) абсолюттік мөлшерлерінің төмендеуіне соқтырмайды.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 28 қаңтардағы
N 28 бұйрығымен бекітілген

Мектепке дейінгі жастағы балаларды түзеу және оларға инклюзивті білім беру кабинеттерінің қызметін ұйымдастырудың
үлгі ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы мектепке дейінгі жастағы балаларды түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттерінің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қолдау жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы N 83 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді және мектепке дейінгі жастағы балаларды түзеу және оларға инклюзивті білім беру кабинеттерінің (бұдан әрі – ТИБК) қызметін ұйымдастырудың тәртібін анықтайды.

      Инклюзивтік білім беру – мектеп жасына дейінгі әр түрлі мұқтаждықтағы даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды дамытуды, мектепке дейінгі білім алуға және дамытуға қол жеткізуді көздейтін кіріктірілген білім беру процесі.

      2. ТИБК бір жастан алты жасқа дейінгі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді медициналық-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуге арналған арнайы білім беру ұйымының бір түрі болып табылады.

      3. ТИБК өз қызметінде Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Бала құқықтары туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын және осы Ережені басшылыққа алады.

2. ТИБК-ның қызметін ұйымдастыру тәртібі

      4. ТИБК-ның білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияны білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар береді.

      5. ТИБК "Мектепке дейінгі ұйымдарды құруға және ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі N 571 бұйрығымен бекітілген (N 2464 нормативтік құқықтық актілерінің тіркеу тізілімінде тіркелген) санитарлық ережелері мен нормалары сақталған жағдайда ашылады.

      6. ТИБК–ның міндеттері:

      1) жеке түзеу-дамыту бағдарламаларын (бұдан әрі – ЖДБ) іске асыру;

      2) мамандардың тәртіпаралық тобында кемтар балалардың проблемаларын, мүмкіндіктерін және қажеттіліктерін кешенді зерделеу (командалық бағалау);

      3) сөйлеу, көру, есту, қимыл-қозғалыс аппаратында, сезімдік-ерік ортасында, оқуында, қарым-қатынасында, мінез-құлқында және басқа да бұзылыстары бар мектепке дейінгі жастағы балаларды кіріктіру мақсатында кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;

      4) жалпы дамыту үлгісіндегі мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін даму мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қоса алып жүру ;

      5) отбасы жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға (басқа заңды өкілдерге) кеңес беру және оларды оқыту;

      6) балалардың психофизикалық жағдайы, даму мүмкіндіктерінің ерекшелігі мәселелері бойынша аталған санаттағы балалармен жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына консультациялық көмек көрсету.

      7. Түзеу арқылы дамыту жұмысы міндеттерінің өзгеруі бұрынғы кезеңдерде қол жеткізген нәтижелерді ескере отырып, қайтадан командалық бағалау бойынша өткізіледі (ЖДБ-ны іске асыру мониторингі).

      8. Жұмыстың негізгі әдісі ретінде "командалық әдіс" қолданылады. Бұл әдістің негізіне біртұтас команда құратын мамандардың біріккен жұмысын болжайтын және тәртіпаралық қарым-қатынас технологияларына сәйкес әрекет ететін тәртіпаралық тәсіл жатады. Командалық бағалау жылына 2 рет немесе ЖДБ-ның көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.

      9. Команда құрамына әртүрлі бейіндегі білікті педиатрлар, балалар неврологы, физиотерапевттер, дене шынықтыру, сауықтыру дәрігері, ортопедтер, психиатрлар, сурдологтар, офтальмологтар, психолог, дефектолог-мұғалімдер (логопедтер, тифлопедагогтар, олигофренопедагогтер, сурдопедагогтер), әлеуметтік қызметкерлер, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, уқалап емдеу мамандары кіреді. Команданың форматы мен құрамы баланың жағдайы мен оның қажеттілігіне, сондай-ақ ұйымның мүмкіндігіне байланысты өзгеріп отырады.

      10. Жоғарыда аталған мамандардың кейбірі болмаған жағдайда, мамандардың ұсынысы бойынша меңгеруші ата-аналарды диагностикалық орталықтарға, балалар емханаларына, генетикалық кеңес орталықтарына, білім берудің арнайы ұйымдарына жібереді.

      11.ТИБК-ға балаларды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындылары, баланың жағдайы туралы медициналық қорытынды, ата-аналардың (немесе басқа заңды өкілдердің) өтініштері негізінде жыл бойы бос орындар бар болған жағдайда жүргізіледі.

      12. ТИБК-дағы бала орны ТИБК мен ата-аналар (немесе өзге де заңды өкілдер) арасындағы шарт болған жағдайда сақталады.

      13. ТИБК-ның түзеу-дамыту үдерісін ұйымдастыру оқу жоспарымен және меңгеруші мен әдіскер бекіткен сабақ кестесімен және жеке түзеу-дамыту бағдарламасымен регламенттеледі.

      14. ТИБК ата-аналардың (басқа заңды өкілдердің) қалауы бойынша қосымша ақылы қызмет көрсете алады.

      Баланың жағдайы мен оның қажеттілігіне байланысты жеке білім беру жоспары негізінде түзеу-дамыта отырып оқыту процесін басқару үшін есепке алу және есеп беру қызметі бойынша белгіленген мерзімге атқаратын қызметтердің тізімі құрылады.

      15. Жеке қызметтер тізбесінде оқу жоспарына сәйкес әр балаға арналған ең аз сағаттар саны көрсетіледі. Баланың жағдайына байланысты сабақтар мен кеңестер реті аптасына еселеніп бес ретке дейін көбейтілуі мүмкін.

      16. Баланы ТИБК-дан басқа білім беру ұйымына ауыстыруды ТИБК мамандарының қорытындысы негізінде ата-аналардың келісімімен білім беру басқармасының органдары жүзеге асырады.

3. ТИБК-ның түзеу-дамыту процесін ұйымдастыру

      17. ТИБК-да оқыту отбасындағы қарым-қатынас тіліне, ата-аналардың сұранысына байланысты жеке түзету-дамыту бағдарламасына сәйкес мемлекеттік, орыс, ағылшын немесе басқа да тілдерде жүргізіледі.

      18. ТИБК-дағы түзеу-дамыту үш түрлі ұйымдастыру нысанында жүргізіледі:

      1) қысқа мерзімді топтарда оқыту;

      2) мектепке дейінгі жастағы балаларды жеке оқыту;

      3) ата-аналарға (немесе басқа заңды өкілдерге) кеңес беру.

      19. ЖТБ (жеке түзеу-дамыту бағдарламасы) балалардың психофизиологиялық дамуының, мүмкіндіктері мен қажеттіліктерінің жеке ерекшеліктері ескеріле отырып әзірленеді.

      20. Жеке және топтық сабақтардың ұзақтығы 20 минуттан, ата-аналарға кеңес беру және топтық бағалау 45 минуттан кем емес уақытта жүзеге асырылады.

      21. Мектепке дейінгі жастағы балаларды қысқа мерзімді топтарда оқыту ТИБК-ға балалардың аптасына үш рет (12 апталық бағдарламамен) күннің бірінші немесе екінші жартысында баруын қарастырады. Баланың күнделікті топта болу ұзақтығы – 4 сағат (60 минуттан). Топтар бір жас немесе әртүрлі жас принципі бойынша психофизиологиялық дамуының ауытқу дәрежесінің ауырлығына және типіне қарамастан жинақталады. Топтың толымдылығы 10 баладан аспайды. Психофизиологиялық дамуының ауыр және күрделі ауытқулары бар балалар (2-3 бала) болған жағдайда топтардағы балалардың саны 6 адамға дейін кемиді.

      22. Балаларды жеке оқыту әр баламен түзеу-дамыту сабақтарын жүргізуді қарастырады. Сабақтар саны оқу жоспарымен анықталады. Ата-аналар сабақтарға қатыса алады, баламен өзара қарым-қатынас жасауға және сабақтарды үй жағдайында жүргізуге үйренеді.

      23. Ата-аналарға кеңес беру дамуының ауытқу күрделілігі дәрежесіне және ата-аналардың педагогикалық құзыреттіліктеріне байланысты ата-аналармен және олардың балаларымен жиі кездесулер түрінде жүзеге асырылады.

      24. Диагностикалық бақылау түзеу-дамыту курсын жүргізу алдында және аяқталғаннан кейін, сондай-ақ ерте жастағы балалар үшін әр үш айда, мектепке дейінгі жастағы балалар үшін әр жартыжылдықта жүргізіледі. Қорытындыны ТИБК мамандары әлеуметтік-медициналық және психологиялық-педагогикалық тексерудің соңғы нәтижелері негізінде шығарады.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 28 қаңтардағы
N 27 бұйрығымен бекітілген

Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің
қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қолдау жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы N 83 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленген және отбасылық жағдайында, оның ішінде отбасылық балабақшаларда тәрбиеленетін мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттердің (бұдан әрі – АКП) қызметін ұйымдастырудың тәртібін анықтайды.

      2. АКП өз қызметін Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына, Мемлекеттік жалпыға міндетті Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартының талаптарына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асыратын білім беру ұйымының бөлімшесі ретіндегі мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына арналып құрылады.

2. АКП жұмысының мақсаты мен міндеттері

      3. АКП қызметін құрудың және ұйымдастырудың мақсаты отбасылық және қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, ата-аналарға баламен психологиялық-педагогикалық қарым-қатынас жасаудың мазмұнын, құралдарын және тәсілдерін тиімді іріктеуді қамтамасыз етуге көмек көрсету, мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балаларды жан-жақты дамытуға қолдау көрсету болып табылады.

      4. АКП міндеттері:

      1) мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтырудың мәселелері бойынша отбасылық балабақшалар мен мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың мектепке қабылдануына тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін ата-аналарына психологиялық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;

      2) ата-аналармен жұмыс жасауда серіктестік байланысты орнатуға көмек көрсету;

      3) мектеп жасына дейінгі балаларға дербес нәтижеге бағытталған педагогикалық және психологиялық көмекті жүзеге асыру;

      4) балалар мен ата-аналарға әлеуметтік және медициналық қолдау көрсететін басқа да ұйымдардың мектепке дейінгі ұйымдармен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету;

      5) мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге көмек көрсету;

      6) ата-аналар жұртшылығының педагогикалық білімін арттыру мақсатында әртүрлі іс-шаралар: диспуттар, жас отбасылар фестивальдері, конференциялар, ата-аналар жиналыстары, экскурсиялар ұйымдастыру;

      7) ақпараттық және "консультациялық" парақтарды, анықтамалық басылымдарды, естеліктерді, жарнамаларды әзірлеу және тарату, интеллектуалдық ойындарды, сауалнамаларды, конкурстарды және танымдық-оқыту тренингтерін өткізу;

      8) отбасы тәрбиесінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыста болу.

3. АКП қызметін ұйымдастыру

      5. АКП қызметі Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты. Мемлекеттік жалпыға міндетті Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартының шеңберінде меңгеруші, тәрбиеші, әлеуметтік мұғалім, психолог, логопед, медициналық қызметкер, дефектолог (логопед) және басқа мамандардың қызметтерінің негізінде ұйымдастырылады.

      6. Ата-аналар ғ а консультация бір немесе бірнеше маманны ң бір мезгілде т ү рлі топты қ , топшалар, жеке формалары ар қ ылы ж ү ргізілуі

      м ү мкін.

      7. АКП та ң ерте ң гі ж ә не кешкі уа қ ыттарда аптасына 2-3 рет болуы м ү мкін. Консультацияны ң ұ за қ ты ғ ы 25 минут.

      8. Ата-аналардың өтініштері бойынша АКП жедел көшпелі консультациялы қ к ө мек ұ йымдастыруы м ү мкін.

      9. АКП пен балалардың ата-аналарының (немесе басқа заңды тұлғалардың) арасындағы өзара қарым-қатынас қызмет көрсетудің ауқымы мен мерзімін, төлем мөлшері мен басқа да талаптарды айқындайтын шартпен реттеледі.

      10. Консультациялар әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық- педагогикалық және медициналық-сауықтыру бағыттары бойынша жүргізіледі:

      1) педагогикалық, психологиялық және медициналық бейіндегі жоғары білікті мамандарды іріктеу;

      2) мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге, оқытуға және дамытуға қатысты жеке және дифференциалды тұрғыдан келу мәселелерінде консультациялық көмек алудағы ата-аналардың қажеттіліктерін талдау;

      3) мектеп жасына дейінгі балаларды диагностикалау, олардың тәрбиесін түзету және дамыту мәселелері бойынша көшпелі консультациялық көмек көрсетумен қамтамасыз ету;

      4) балалармен жүргізілетін педагогикалық және психологиялық өзара іс-қимылдың өзекті проблемаларына арналған ата-аналардың өтініштері бойынша жеке консультациялар өткізу;

      5) балаларды когнитивті, әлеуметтік, эмоционалдық, физикалық тұрғыдан дамытуды психологиялық-педагогикалық алып жүру бойынша тақырыптық консультациялар жүргізу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады