Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи мополияларды реттеу агенттігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
________________ Қ. Қасымбек
2018 жылғы 19 ақпан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 50 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Табиғи мополияларды реттеу агенттігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 384-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4060 болып тіркелген, 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 170 (976) "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"1. Қоса берiлiп отырған Магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiнде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидалары";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту туралы" (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тiркелген), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілеріне (бұдан әрі – Субъект) қолданылады.
2. Қағидалар реттелiп көрсетiлетiн қызметтер бойынша және жалпы өзге қызмет бойынша кірістерді, шығындарды және тартылған активтердi есепке алудың ашықтығын қамтамасыз ету және уәкiлеттi орган бекiтетiн экономикалық тұрғыдан негiзделген тарифтердi белгiлеу мақсатында Субъектiлердiң бөлек есепке алуды жүргiзуінің негiзгi қағидаттары мен жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.";
4-тармақтың он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.".
2. "Өңірлік электр желілік компаниялардағы және энергия беруші ұйымдардағы кірістер мен шығындардың бөлек есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 24 шілдедегі № 220-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8738 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 14 (27635) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Өңірлік электр желілік компаниялардағы және энергия беруші ұйымдардағы кірістерді мен шығындар бөлек есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Өңірлік электр желілік компаниялардағы және энергия беруші ұйымдардағы кірістерді мен шығындар бөлек есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңірлік электр желілік компаниялардағы және энергия беруші ұйымдардағы кірістер мен шығындардың бөлек есебін жүргізу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Өңірлік электр желілік компаниялардағы және энергия беруші ұйымдардағы кірістерді мен шығындар бөлек есепке алуды жүргізу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Өңірлік электр желілік компаниялардағы және энергия беруші ұйымдардағы кірістерді мен шығындар бөлек есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі және "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бөлек есеп жүргізу табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – уәкілетті орган) мәліметтер ұсына отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және жалпы өзге қызмет бойынша бөлек кірістер мен шығындар туралы деректерді жинау мен қорыту жүйесін білдіреді.";
7- тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.";
25- тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ұлттық электр желісі, өңірлік деңгейдегі желілер және өзге ЭБҰ-ның желілері бойынша сатып алынған электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге;";
Көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша кірістер мен шығындарды қорытынды бөлу туралы есептің нысаны осы тізбеге қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. "Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 31 шілдедегі № 238-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8715 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 ақпандағы № 33 (28257) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"1. Қоса беріліп отырған Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.";
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес қолданылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бөлек есепке алу кірме жолдардың көрсетілетін қызметтерінің әрбір түрі бойынша жеке кірістер, шығындар мен тартылған активтер туралы есептерді жинау мен қорыту жүйесін, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес Субъектілердің осындай есептердің негізінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және өзге де қызмет бойынша кірістер, шығындар мен тартылған активтер туралы ақпаратты кезең-кезеңмен жасауын және уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынуын білдіреді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Бөлек есепті жүргізу мақсатында темір жол көлігінің қызметтері бойынша топтастырылған субъектінің темір жол кешенінің кірістері, шығындары мен қолданысқа енгізілген активтері реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша бөлінеді:
1) бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру – көлемі "кірме жолдар бойынша вагон-километр" өлшеуішін сипаттайтын реттеліп көрсетілетін қызмет;
2) бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру және тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру – көлемін "өндірістік операциялардың вагон-сағаттары" өлшеуіші сипаттайтын ("жылжымалы құраммен өндірістік операцияларды жүргізу үшін ұсынылған кірме жолдардың километр-сағаты") реттеліп көрсетілетін қызмет;
3) тұтастай өзге қызмет бойынша.".
4. "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның әдістемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 67-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9616 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кемсiтпейтiн әдістемелерін бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшелемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Темір жол көлігі, порттар және әуежайлар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) инвестициялық тарифті (бағаны, алымдар мөлшерлемесін) есептеудің кемсiтпейтiн әдістемесі бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсiтпейтiн әдістемесі";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсiтпейтiн әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегі, "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы заңдарына, "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту туралы" (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тiркелген) сәйкес әзірленді.";
3-тармақмынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:
вагон айналым – белгілі бір есепті кезеңде (тәулік, он күндік, ай, жыл) кірме жолға келген және одан шыққан вагондар саны;
вагондарды беру-алып кету – кірме жолға (дан) вагондарды әкелу мен әкету жөніндегі операциялар;
вагондарды (контейнерлерді) кіргізу-шығару – паромдарға (дан) темір жолдың кірме жолына (нан) вагондарды (контейнерлерді) кіргізу және шығару жөніндегі операциялар;
жасанды құрылыстар – көпірлер, құбырлар, дөкірлер, сифондар, жол өткелдері, жаяу жүргіншілер көпірлері, үңгіжолдар, галереялар, тіреуіш және реттеуіш құрылыстар;
кірме жолдардың бастапқы-соңғы бөлігі – маневрлі, тиеу-түсіру мен тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операцияларын жүргізу үшін және тасымалдау процесімен байланысы жоқ жылжымалы құрамның тұрағы үшін ұсынылатын кірме жолдардың техникалық станциялары мен жүк пункттері жолдарының дамуын қоса алғанда, кірме жолдардың бір бөлігі;
кірме жолдардың басты бөлігі – жылжымалы құрамның өтуі үшін ұсынылатын және беру-алып кету ұзақтығын айқындайтын кірме жолдардың бір бөлігі;
кірме жолдар инфрақұрылымының жалпы бөлігі – субъектілер өздерінің мұқтаждары үшін, сол сияқты реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін пайдаланатын кірме жолдардың бір бөлігі;
тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну – кірме жолдарда вагондар тұрған кезде тасымалдау процесінің технологиялық операцияларымен көзделмеген, яғни қызметті тұтынушының өтінімі бойынша ұсынылатын қызмет;
уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.
Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы және темір жол көлігі туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темір жол көлігі, порттар және әуежайлар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) инвестициялық тариф (баға, алым мөлшерлемесін) есептеу әдістемесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Темір жол көлігі, порттар және әуежайлар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) инвестициялық тарифті (бағаны, алымдар мөлшерлемесін) есептеудің кемсiтпейтiн әдістемесі";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Темір жол көлігі, порттар және әуежайлар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) инвестициялық тарифті (бағаны, алымдар мөлшерлемесін) есептеудің кемсiтпейтiн әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегі, "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы, "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы, "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы заңдарына, "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту туралы" (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тiркелген) және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы өзге де актілерге сәйкес әзірленді.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:
жоба өтелімділігінің кезеңі – инвестицияның толық қайтарылуы және инвестормен және уәкілетті органның ведомствосымен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісілген инвестициялық пайда алу жүзеге асырылатын уақыт аралығы. Әдістеменің мақсаттары үшін жоба өтелімділігінің кезеңі инвестициялық жобаны пайдалану фазасына тең белгіленеді;
инвестициялық жобаны іске асыру кезеңі – Субъект белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген инвестициялық жобаны іске асыратын уақыт аралығы. Жобаны іске асыру кезеңінде екі фаза бөлінеді: инвестициялық, оның ішінде инвестициялар салу жүзеге асырылады және пайдалану оның ішінде субъект активтерді пайдалануға байланысты қызметтерді көрсетуден кірістер алады және оған инвестициялық тариф (баға, алым мөлшерлемесі) қолданылады;
инвестициялық тарифтік кіріс – табиғи монополия субъектісінің инвестициялық жобаны пайдалану фазасын іске асыру кезеңіндегі және жоба өтелімділігінің кезеңі аяқталғанға дейін инвестициялық жобаны іске асырудың әрбір жылындағы кірісі;
инвестициялық тарифтік смета – жоба өтемділігінің кезеңіне және инвестициялық жобаны іске асырудың әрбір жылына бекітілетін тарифтік смета;
инвестициялық үстемеақы – жобаның өтелімділігі кезеңінде инвестордың күрделі салымдарын өтеу сомасын және сыйақысын (пайдасын) қамтитын инвестициялық тарифтің құрамдасы;
Әдістемеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер табиғи монополиялар туралы және инвестициялар заңнамаға сәйкес қолданылады.".
Қызметтердің түрлері бойынша кірістер мен шығындарды қорытынды бөлу
туралы есеп
Есепті кезең 20___ ж.
Индексі: РУ-ӨЭК және ЭБҰ
Кезеңділігі: жылдық
Ұсынады: өңірлік электр желілік компаниялар және энергия беруші ұйымдар болып табылатын табиғи монополия субъектілері
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне және оның аумақтық департаменттеріне
Ұсыну мерзімі – үстіміздегі жылғы 1 маусымға дейін
_________________________ Кәсіпорынның атауы
№ | Атауы | Бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезеңдегі сома, барлығы, мың теңге | Ерекше тәртіпке сәйкес тарифте ескерілмеген шығындардың сомасы, мың теңге | Ерекше тәртіп сомасы, мың теңге | Ерекше тәртіп бойынша сома, мың теңге | ||||||
Электр энергиясын беру, мың теңге | Қызметтердің өзге түрлері | ||||||||||
Электрмен жабдықтау * | 1 өзге қызмет | 2 өзге қызмет | |||||||||
Бөлу коэффициенті | Нақты сома, мың теңге 6-баған * 5-баған | Бөлу коэффициенті | Нақты сома, мың теңге 8-баған * 5-баған | Бөлу коэффициенті | Нақты сома, мың теңге 10-баған * 5-баған | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | |
ОЭК үшін | |||||||||||
1. | Қызметтерді көрсетуге ӨЭК шығындары (бақыланбайтын шығындар мен амортизацияны шегере отырып) | ||||||||||
2. | Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары | ||||||||||
3. | ӨЭК бақыланбайтын шығындары, оның ішінде: | ||||||||||
3.1. | салықтар | ||||||||||
3.2. | электр энергиясын беру кезінде технологиялық шығысты өтеуге жұмсалған шығындар | ||||||||||
3.3. | Жүйелік оператордың қызметіне арналған төлем | ||||||||||
3.4. | заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген ӨЭК-тің инвестициялық бағдарламасын іске асыру үшін қарыз қаражатына сыйақы төлеуге арналған шығыстар | ||||||||||
3.5. | Форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесінде туындаған шығындар | ||||||||||
пайда | |||||||||||
Барлық кірістер | |||||||||||
ЭБҰ үшін | |||||||||||
1. | материалдық шығындар | ||||||||||
оның ішінде: | |||||||||||
1.1. | шикізат пен материалдар | ||||||||||
1.2. | отын | ||||||||||
1.3. | жанар-жағар майлар | ||||||||||
1.4. | энергия | ||||||||||
2. | еңбекке ақы төлеуге арналған шығындар, барлығы | ||||||||||
оның ішінде: | |||||||||||
2.1. | жалақы | ||||||||||
2.2. | әлеуметтік салық | ||||||||||
3. | амортизация | ||||||||||
4. | жөндеу, барлығы | ||||||||||
оның ішінде: | |||||||||||
4.1. | негізгі қорлар құнын өсіруге алып келмейтін күрделі жөндеу | ||||||||||
5. | өндірістік сипаттағы бөгде ұйымдардың қызметтері | ||||||||||
6. | өзге шығындар | ||||||||||
7. | кезең шығыстары, барлығы | ||||||||||
8. | жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы | ||||||||||
оның ішінде: | |||||||||||
8.1. | әкімшілік персоналдың жалақысы | ||||||||||
8.2. | әлеуметтік салық | ||||||||||
8.3. | амортизация | ||||||||||
8.4. | салық төлемдері мен алымдар | ||||||||||
8.5. | Іссапар шығыстары | ||||||||||
8.6. | Өкілдік шығыстар | ||||||||||
8.7. | коммуналдық қызметтер | ||||||||||
8.8. | байланыс қызметтері | ||||||||||
8.9. | консалтингтік, аудиторлық, маркетингтік қызметтерге ақы төлеу | ||||||||||
8.10. | банк қызметтері | ||||||||||
8.11. | өзге шығыстар | ||||||||||
9. | сыйақылар төлеуге арналған шығыстар | ||||||||||
Барлық шығындар | |||||||||||
Барлық кірістер |
Ескертпе:
* - энергия беруші ұйымдар толтырады.
Мөр орыны (болған жағдайда)
Басшы __________________________________________________ ____________
Аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тегі қолы
Бас бухгалтер __________________________________________ ____________
Аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тегі қолы
Орындаушы ______________________________________________ ____________
Аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тегі қолы
Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысанды толтыру туралы түсініктеме
Қызметтер түрлері бойынша кірістер мен шығындарды қорытынды бөлу туралы есеп
1-тарау. Жалпы нұсқаулар
Осы түсініктеме ӨЭК және ЭБҰ болып табылатын табиғи монополия субъектілерінің қызмет түрлері бойынша кірістер мен шығындарды қорытынды бөлу туралы есебін даярлауға арналған.
Негізгі мақсаты ӨЭК және ЭБҰ тарифтің экономикалық негізді деңгейін белгілеу үшін көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша кірістер мен шығындардың бөлек есебін жүргізу қағидаттарын, ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін айқындау болып табылады.
Құндық мәндегі барлық көрсеткіштер ондық белгісіз мың теңгемен толтырылады.
Қағаз жеткізгіштегі есепке ӨЭК және ЭБҰ басшысы, бас бухгалтері және орындаушысы қол қояды және мөрімен расталады. Есеп уәкілетті органға қағаз жеткізгіште және оған сәйкес электрондық жеткізгіште ұсынылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктемелер
Нысанды толтырған кезде Субъект жоғарғы сол бұрышында кәсіпорынның атауын, ал жоғарғы оң бұрышында уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің тиісті қосымшасын көрсетеді.
Субъект өткен күнтізбелік жылдың мәліметтерін толтырады.
1-баған бойынша Субъектінің көрсететін қызмет түрлері бойынша шығындарының атауы туралы ақпарат көрсетіледі.
2-баған бойынша бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезеңдегі үшін сома туралы ақпарат көрсетіледі, барлығы, теңге.
Кезең шығыстарын алып тастағанда, шығыстардың жиынтық сомасы тиісті кезең үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 10 қарашадағы № 165 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16038 болып тiркелген) 1-қосымшасына сәйкес ӨЭК және ЭБҰ жасайтын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құны" деген жолда көрсетілген деректерге сәйкес келеді.
Кезең шығыстарының жиынтық сомасы тиісті кезең үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 10 қарашадағы № 165 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16038 болып тiркелген) 1-қосымшасына сәйкес ӨЭК және ЭБҰ жасайтын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Кезең шығыстары" деген жолда көрсетілген деректеріне сәйкес келеді.
3-баған бойынша ерекше тәртіпке сәйкес тарифте ескерілмеген шығындардың сомасы туралы деректер көрсетіледі.
4-баған бойынша ерекше тәртіп бойынша шығындар сомасы туралы ақпарат көрсетіледі.
5–11-бағандарда реттеліп көрсетілетін (электр энергиясын беру) және өзге қызметтер (реттеліп көрсетілетін қызметтермен технологиялық байланысты қызметтер және уәкілетті органмен келісілген өзге де қызмет) бөлінісінде ерекше тәртіп бойынша шығындар сомасы туралы деректер көрсетіледі, оның ішінде:
5-баған бойынша электр энергиясын беру бойынша ерекше тәртіп сомасы туралы ақпарат көрсетіледі;
6-баған бойынша энергия беруші ұйымдар толтыратын, электрмен жабдықтау бойынша бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі.
7-баған бойынша электрмен жабдықтау бойынша нақты сома туралы деректер көрсетіледі, энергия беруші ұйымдар толтырады (6-баған * 5-баған);
8-баған бойынша тиісті өзге қызмет бойынша бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі;
9-баған бойынша тиісті өзге қызмет бойынша нақты сома туралы деректер көрсетіледі (8-баған * 5-баған);
10-баған бойынша тиісті өзге қызмет бойынша бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі;
11-баған бойынша тиісті өзге қызмет бойынша нақты сома туралы деректер көрсетіледі (10-баған * 5-баған).
Әрбір баптың ішінде шығындар егжей-тегжейлі нақтылануы мүмкін.
Кірістердің жиынтық сомасы тиісті кезең үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 10 қарашадағы № 165 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16038 болып тiркелген) 1-қосымшасына сәйкес ӨЭК және ЭБҰ жасайтын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуден алынған кірістер" деген жолда көрсетілген деректерге сәйкес келеді.