"Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 213 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 20 шiлдедегi № 90 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 шiлдеде № 21025 болып тіркелді

      "Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 602 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 213 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14339 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру тәртібін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі (бұдан әрі - Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.";

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Төлем ұйымдары Қағидалардың 7, 13, 21 және 22-тармақтарыңда көзделген Мәліметтерді Ұлттық Банкке электрондық тәсілмен немесе қағаз тасымалдағышта ұсынады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер Қағидаларда көзделген әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар бойынша Мәліметтер ұсыну мерзімі жұмыс істемейтін күнге дәл келсе, Мәліметтерді ұсыну мерзімінің аяқталу күні келесі жұмыс күні болып саналады.";

      мынадай мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын:

      "Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бағытында қабылданған шаралар бойынша мәлімет" нысанын жартыжылдық негізде есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары ұсынады.";

      1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 15-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес 16-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Төлем жүйелері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2020 жылдың 1 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 20 шілдесі
№ 90 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 213 Қаулысына
1-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурында орналастырылған.

Электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексы: 1-PK

      Кезеңділік: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін

      Ұсынатын тұлғалар тобы: көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер:

      1) банктер;

      2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

      3) төлем ұйымдары.

      Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

  Нысан

      ______________________________________________________________________нысанды ұсынатын тұлғаның атауы

Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың атауы

POS-терминалдар саны (бірліктер)

банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы

кәсіпкерлердегі

оның ішінде, байланыссыз төлем функциясы бар

тұрақты

мобильдік

1

2

3

4

5

Ақмола





Ақтөбе





Алматы





Атырау





Шығыс Қазақстан





Жамбыл





Батыс Қазақстан





Қарағанды





Қостанай





Қызылорда





Маңғыстау





Павлодар





Солтүстік Қазақстан





Түркістан облысы





Алматы қаласы





Нұр-Сұлтан қаласы





Шымкент қаласы





      кестенің жалғасы

Банкоматтар саны (бірлік)

Банктік киоскілердің саны (бірлік)

Төлем терминалдарының саны (бірлік)

қолма-қол ақша беру функциясымен

қолма-қол ақша беру және қабылдау функциясымен

оның ішінде, биометриялық сәйкестендіру функциясы бар

барлығы

меншікті

Көрсетілетін төлем қызметтерін көрсету кезінде пайдаланылатын өзге төлем терминалдарының саны

6

7

8

9

10

11

12




































      кестенің жалғасы

Эквайермен төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету шартын жасаған кәсіпкерлердің саны (бірлік)

POS-терминалдар және (немесе) ақы төлеуге төлем карточкаларын қабылдауға арналған өзге жабдық орнатылған сауда нүктелерінің саны (бірлік)

Интернетті және мобильді банкингті пайдаланушылардың саны (бірлік)

барлығы

оның ішінде, инновациялық құрылғыларды/шешімдерді қолдана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдері қабылдайтын кәсіпкерлердің саны (бірлік)

Барлық тіркелгені

Белсенді

13

14

15

16

17


























      Атауы ________________ Мекенжайы____________________

      Телефон ______________________

      Электрондық пошта ______________________________________________

      Орындаушы __________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      ____________________________________________ _______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      20 __ жылғы "_____" ____________

  Электрондық терминалдардың
саны туралы мәліметтер
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме Электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер (индекс:1-PK, кезеңділік тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысан әр тоқсан сайын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер дайындайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе немесе қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру

      5. Нысанның 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17-бағандарында көзделген мәліметтер облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана бойынша есепті айдың соңғы күні бойынша көрсетіледі.

      6. 2, 3, 4 және 5-бағандарда банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның немесе эквайермен төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету шартын жасасқан кәсіпкердің POS-терминалдарының саны орналасқан жері бойынша көрсетіледі.

      7. 3-бағанда стационарлық (алып жүрмейтін) POS-терминалдар саны көрсетіледі.

      8. 4-бағанда мобильді (алып жүретін) POS-терминалдар саны көрсетіледі.

      9. 5-бағанда байланыссыз төлем функциясы бар POS-терминалдар саны көрсетіледі.

      10. 6 және 7-бағандарда функционалдық мүмкіндіктері бойынша бөлінген банкоматтар саны көрсетіледі.

      11. 8-бағанда биометриялық сәйкестендіру функциясы бар банкоматтар саны көрсетіледі.

      12. 9-бағанда банктік киоскілердің саны көрсетіледі.

      13. 10-бағанда көрсетілетін төлем қызметтерін көрсетуде қолданылатын, соның ішінде көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің өзіне тиесілі емес барлық төлем терминалдарының саны көрсетіледі. Деректер есепті тоқсанның соңғы күніне ұсынылады.

      14. 11-бағанда көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің меншікті терминалдарының саны көрсетіледі.

      15. 12-бағанда көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің көрсетілетін төлем қызметтерін көрсетуде қолданылатын бірақ өзіне меншік құқығына тиесілі емес төлем терминалдарының саны көрсетіледі.

      16. 13-бағанда эквайермен төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету шартын жасасқан кәсіпкерлердің саны көрсетіледі.

      17. 14-бағанда инновациялық құрылғыларды/шешімдерді қолдана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдері қабылдайтын кәсіпкерлердің саны көрсетіледі.

      18. 15-бағанда төлем карточкаларын қабылдауға арналған POS-терминалдар және (немесе) өзге жабдық орнатылған сауда нүктелерінің саны көрсетіледі.

      19. 16-бағанда интернеттің және мобильді банкингтің тіркелген пайдаланушыларының саны көрсетіледі.

      20. 17-бағанда есепті кезеңде операциялар жүргізген интернет және мобильді банкинг пайдаланушыларының саны көрсетіледі.

      21. Электронды терминалдарды пайдаланбайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер Нысанды бағандарын толтырылмай жібереді.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 20 шілдесі
№ 90 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 213 Қаулысына
2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Төлем карточкалары бойынша мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексы: 2-РК

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін

      Ұсынатын тұлғалар тобы: төлем карточкаларының эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер:

      1) банктер;

      2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

      Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

  Нысан

      ______________________________________________________________________нысанды ұсынатын тұлғаның атауы

Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың атауы

Төлем карточкасы жүйесінің атауы

Айналыстағы төлем карточкаларының саны (бірлік)

дебеттік

кредиттік лимиті бар дебеттік

кредиттік

алдын ала төленген

1

2

3

4

5

6

Ақмола






Ақтөбе






Алматы






Атырау






Шығыс Қазақстан






Жамбыл






Батыс Қазақстан






Қарағанды






Қостанай






Қызылорда






Маңғыстау






Павлодар






Солтүстік Қазақстан






Түркістан






Алматы қаласы






Нұр-Сұлтан қаласы






Шымкент қаласы






Қазақстан Республикасынан тыс жерде






      кестенің жалғасы

Пайдаланылған төлем карточкаларының саны (бірлік)

Төлем карточкаларын ұстаушылардың саны (адам)

дебеттік

кредиттік лимиті бар дебеттік

кредиттік

алдын ала төленген

7

8

9

10

11





















      Атауы ________________ Мекенжайы____________________

      Телефон ______________________

      Электрондық пошта ______________________________________________

      Орындаушы __________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      ____________________________________________ _______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      20 __ жылғы "_____" ____________

  Төлем карточкалары бойынша
мәліметтер нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме Төлем карточкалары бойынша мәліметтер (индекс:2-PK, кезеңділік ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Төлем карточкалары бойынша мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды әр ай сайын төлем карточкаларының эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер дайындайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе немесе қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру

      5. 2-бағанда мәліметтер ұсынылатын төлем карточкасы жүйесінің атауы көрсетіледі.

      6. 3, 4, 5 және 6-бағандарда негізгі және қосымша төлем карточкаларын ескере отырып, есепті айдың соңғы күнінде айналысқа шығарылған төлем карточкаларының саны көрсетіледі.

      7. 7, 8, 9 және 10-бағандарда негізгі және қосымша төлем карточкаларын ескере отырып, есепті айда операцияларды жүргізу және ақпараттық көрсетілетін банктік қызметті алу үшін пайдаланылған төлем карточкаларының саны көрсетіледі. Есепті айда бірнеше рет пайдаланылатын төлем карточкасы бір рет көрсетіледі.

      8. 11-бағанда есепті айдың соңғы күніндегі төлем карточкалары ұстаушыларының саны көрсетіледі. Бір ұстаушыда бірнеше төлем карточкалары болған жағдайда, осындай ұстаушы бір рет көрсетіледі.

      9. "Қазақстан Республикасынан тыс жерде" деген жолда банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым шетелде таратқан төлем карточкалары бойынша мәліметтер көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 20 шілдесі
№ 90 қаулысына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 213 Қаулысына
3-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша беру бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексы: 3-РК

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін

      Ұсынатын тұлғалар тобы: төлем карточкаларының эмитенттері және (немесе) эквайерлер болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер:

      1) банктер;

      2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

      Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

  Нысан

      ____________________________________________________________________нысанды ұсынатын тұлғаның атауы

Операция жүргізу ортасы

Төлем карточкасы жүйесінің атауы

Операция белгісі

Байланыс жүйесі/арнасы

Қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялар

саны (бірлік)

сомасы (мың теңге)

1

2

3

4

5

6







      Атауы ________________ Мекенжайы____________________

      Телефон ______________________

      Электрондық пошта ______________________________________________

      Орындаушы __________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      ____________________________________________ _______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      20 __ жылғы "_____" ____________

  Төлем карточкаларын пайдалана
отырып қолма-қол ақша беру
бойынша операциялардың саны
мен көлемі туралы мәліметтер
нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме Төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша беру бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер (индекс: 3-PK, кезеңділік ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша беру бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды әр ай сайын төлем карточкаларының эмитенттері және (немесе) эквайерлер болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер дайындайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе немесе қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.

      5. Нысан теңгемен толтырылады. Егер операция шетел валютасымен жүргізілсе, ондағы мәліметтер операция жүргізілген күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеліп ұсынылады.

2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру

      6. Нысанда жалпы алғанда банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бойынша жүргізілген операциялар бойынша мәліметтер қамтылады.

      7. 1-бағанда операцияны жүргізу ортасы - электрондық терминалдың атауы көрсетіледі.

      8. 2-бағанда мәліметтер ұсынылатын төлем карточкасы жүйесінің атауы көрсетіледі.

      9. 3-бағанда мәліметтер ұсынылатын операцияға сәйкес келетін (банктік шоттан ақшаны есептен шығарған кезде) белгісі көрсетіледі:

      І - банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем карточкаларын пайдалана отырып, меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

      II - банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының басқа банкінің қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

      III - банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасынан тыс жердегі басқа банктің қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

      IV - Қазақстан Республикасының басқа банктерінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем карточкаларын пайдалана отырып, меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

      V - Қазақстан Республикасының бейрезидент эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар.

      10. 4-баған осы түсіндірменің 7-тармағында белгіленген II, III, IV және V операцияларының белгілері бар халықаралық төлем жүйелерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша толтырылады. 4-бағанда мынадай деректер көрсетіледі:

      1) бір процессинг орталығының пайдаланушылары арасында операция жүргізілген жағдайда, "1PC" байланыс арнасы көрсетіледі;

      2) халықаралық төлем жүйесінің қатысуынсыз түрлі процессинг орталықтарының пайдаланушылары арасында операция жүргізілген жағдайда, "H2H" байланыс арнасы көрсетіледі;

      3) халықаралық төлем жүйесі арқылы түрлі процессинг орталықтарының пайдаланушылары арасында операция жүргізілген жағдайда, осы жүйенің атауы көрсетіледі.

      11. 5 және 6-бағандарда осы түсіндірменің 4 - 8-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес төлем карточкалары бойынша қолма-қол ақшаны беру бойынша жүргізілген операциялардың саны мен сомасы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 20 шілдесі
№ 90 қаулысына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 213 Қаулысына
4-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексы: 4-PK

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін

      Ұсынатын тұлғалар тобы: төлем карточкаларының эмитенттері және (немесе) эквайерлер болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер:

      1) банктер;

      2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

      Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

  Нысан

      ___________________________________________________________________ нысанды ұсынатын тұлғаның атауы

Операция түрі

Операцияны жүргізу ортасы

Төлем карточкасын және (немесе) оның деректемелерін пайдалана отырып

төлем карточкасы жүйесінің атауы

операция белгісі

байланыс жүйесі/арнасы

операциялар саны (бірлік)

сомасы (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

7








      Атауы ________________ Мекенжайы____________________

      Телефон ______________________

      Электрондық пошта ______________________________________________

      Орындаушы __________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      ____________________________________________ _______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      20 __ жылғы "_____" ____________

  Төлем карточкаларын пайдалана
отырып қолма-қол ақшасыз
төлемдер бойынша
операциялардың саны мен
көлемі туралы мәліметтер
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме Төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер (индекс:4-PK, кезеңділік ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды әр ай сайын төлем карточкаларының эмитенттері және (немесе) эквайерлер болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер дайындайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе немесе қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.

      5. Нысан теңгемен толтырылады. Егер операция шетел валютасымен жүргізілсе, ондағы мәліметтер операция жүргізілген күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеліп ұсынылады.

2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру

      6. Нысанда төлем карточкасын және (немесе) оның деректемелерін пайдалана отырып жүзеге асырылған қолма-қол ақшасыз төлемдер және ақша аударымдары бойынша мәліметтер қамтылады.

      7. 1-бағанда операцияның түрі (тауарлар, көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу және операциялардың өзге түрлері) көрсетіледі.

      8. 2-бағанда операцияны жүргізу ортасы - электрондық терминалдың немесе қашықтан қол жеткізу жүйесінің атауы көрсетіледі.

      9. 3, 4, 5, 6 және 7-бағандарда төлем карточкасын және (немесе) оның деректемелерін пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер және ақша аударымдары бойынша мәліметтер көрсетіледі.

      10. 3-бағанда төлем карточкасы жүйесінің атауы көрсетіледі, ол бойынша мәліметтер ұсынылады.

      11. 4-бағанда операцияға сәйкес келетін белгісі көрсетіледі (банктік шоттан ақшаны есептен шығарған кезде), ол бойынша мынадай мәліметтер ұсынылады:

      І - банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем карточкаларын пайдалана отырып меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

      II - банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының басқа банкінің қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

      III - банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан Республикасынан тыс жердегі басқа банктің қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

      IV - Қазақстан Республикасының басқа банктерінің, Қазақстан Республикасының банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының төлем карточкаларын пайдалана отырып меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

      V - Қазақстан Республикасының бейрезидент эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар.

      12. 5-баған осы түсіндірменің 9-тармағында белгіленген II, III, IV және V операцияның белгілері бар халықаралық төлем жүйелерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша толтырылады. 5-бағанда мынадай деректер көрсетіледі:

      1) бір процессинг орталығының пайдаланушылары арасында операция жүргізілген жағдайда, "1PC" байланыс арнасы көрсетіледі;

      2) халықаралық төлем жүйесінің қатысуынсыз түрлі процессинг орталықтарының пайдаланушылары арасында операция жүргізілген жағдайда, "H2H" байланыс арнасы көрсетіледі;

      3) халықаралық төлем жүйесі арқылы түрлі процессинг орталықтарының пайдаланушылары арасында операция жүргізілген жағдайда, осы жүйенің атауы көрсетіледі.

      13. 6 және 7-бағандарда осы түсіндірменің 4 - 10-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес төлем карточкасын және (немесе) оның деректемелерін пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз жүргізілген төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының саны мен сомасы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 20 шілдесі
№ 90 қаулысына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 213 Қаулысына
5-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Аймақтар бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексы: 5-PK

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін

      Ұсынатын тұлғалар тобы: төлем карточкаларының эмитенттері және (немесе) эквайерлері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер:

      1) банктер;

      2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

      Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

  Нысан

      ______________________________________________________________________нысанды ұсынатын тұлғаның атауы

Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың атауы

Операция жүргізу ортасы

Төлем карточкасын пайдалана отырып

қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары

қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялар

операциялар саны (бірлік)

сомасы (мың теңге)

операциялар саны (бірлік)

сомасы (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

Ақмола






Ақтөбе






Алматы






Атырау






Шығыс Қазақстан






Жамбыл






Батыс Қазақстан






Қарағанды






Қостанай






Қызылорда






Маңғыстау






Павлодар






Солтүстік Қазақстан






Түркістан






Алматы қаласы






Нұр-Сұлтан қаласы






Шымкент қаласы






      Атауы ________________ Мекенжайы____________________

      Телефон ______________________

      Электрондық пошта ______________________________________________

      Орындаушы __________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      ____________________________________________ _______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      20 __ жылғы "_____" ____________

  Аймақтар бойынша
операциялардың саны мен
көлемі туралы мәліметтер
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме Аймақтар бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер (индекс: 5-PK, кезеңділік ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Аймақтар бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды әр ай сайын төлем карточкаларының эмитенттері және (немесе) эквайерлері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер дайындайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе немесе қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.

      5. Нысан теңгемен толтырылады. Егер операция шетел валютасымен жүргізілсе, ондағы мәліметтер операция жүргізілген күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеліп ұсынылады.

2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру

      6. Нысанда төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, сондай-ақ қолма-қол ақша беру операциялары бойынша мәліметтер қамтылады.

      7. Мәліметтер оны пайдалана отырып операция жүзеге асырылған жабдықтың орналасқан жері бойынша көрсетіледі. Операция интернет, мобильді телефон немесе қашықтан қол жеткізудің өзге жүйесі арқылы жүргізілген жағдайда мәліметтер банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйесінде клиенттің банктік шотын ағымдағы жүргізу орны бойынша көрсетіледі.

      8. 2-бағанда операцияны жүргізу ортасы - электрондық терминалдың немесе қашықтан қол жеткізу жүйесінің атауы көрсетіледі.

      9. 3, 4, 5 және 6-бағандарда қолма-қол ақшасыз төлемдері және (немесе) ақша аударымдары бойынша операциялардың, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша беру бойынша операциялардың саны және сомасы көрсетіледі. Көрсетілген бағандарда көзделген операциялардың саны және сомасы операцияның мынадай белгілері бойынша операциялардың саны мен сомасын қосу арқылы есептеледі (банктік шоттан ақшаны есептен шығару кезінде):

      І - банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем карточкаларын пайдалана отырып меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

      IV - Қазақстан Республикасының басқа банктерінің, Қазақстан Республикасының банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының төлем карточкаларын пайдалана отырып, меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

      V - Қазақстан Республикасының бейрезидент эмитенттері шығарған, сондай-ақ эмитенттері Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын Қазақстан Республикасының банктері, Қазақстан Республикасының банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының төлем карточкаларын пайдалана отырып меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 20 шілдесі
№ 90 қаулысына
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 213 Қаулысына
6-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Төлем карточкаларын пайдалана отырып операциялар жүзеге асырылатын банктік шоттардағы ақша қалдықтары туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексы: 6-PK

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін

      Ұсынатын тұлғалар тобы: төлем карточкаларының эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер:

      1) банктер;

      2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

      Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

  Нысан

      ______________________________________________________________________нысанды ұсынатын тұлғаның атауы

Карточканың түрі

Орташа айлық қалдық (мың теңге)

Есепті айдың соңғы күнінің соңындағы ақша қалдығы (мың теңге)

1

2

3

Төлем карточкалары (алдын ала төленген төлем карточкаларын қоспағанда)



Алдын ала төленген төлем карточкалары



      Атауы ________________ Мекенжайы____________________

      Телефон ______________________

      Электрондық пошта ______________________________________________

      Орындаушы __________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      ____________________________________________ _______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      20 __ жылғы "_____" ____________

  Төлем карточкаларын пайдалана
отырып операциялар жүзеге
асырылатын банктік шоттардағы
ақша қалдықтары туралы
мәліметтер нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме Төлем карточкаларын пайдалана отырып операциялар жүзеге асырылатын банктік шоттардағы ақша қалдықтары туралы мәліметтер (индекс:,-PK, кезеңділік ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Төлем карточкаларын пайдалана отырып операциялар жүзеге асырылатын банктік шоттардағы ақша қалдықтары туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды әр ай сайын төлем карточкаларының эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер дайындайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе немесе қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру

      5. 1-бағанда карточканың түрі көрсетіледі:

      1) 2 және 3-бағандардың "Төлем карточкалары" (алдын ала төленген төлем карточкаларын қоспағанда) жолы бойынша эмитенттің алдын ала төленген төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын операцияларды есепке алуға арналған шоғырландырылған шоты бойынша ақша сомасын қоспағанда, дебеттік, кредиттік лимиті бар дебеттік, кредиттік карточкаларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын операциялар бойынша банктік шоттар бойынша ақша қалдығының жалпы сомасы қойылады;

      2) 2 және 3-бағандардың "Алдын ала төленген төлем карточкалары" жолы бойынша алдын ала төленген төлем карточкаларын пайдалана отырып эмитенттің жүзеге асырылатын операцияларды есепке алуға арналған шоғырландырылған шоты бойынша ақша қалдығының сомасы қойылады.

      6. 2-бағанда есепті айда төлем карточкаларын пайдалана отырып операциялар жүзеге асырылатын банктік шоттар бойынша орташа айлық қалдық сомасы көрсетіледі. Есепті айдағы орташа айлық қалдық банктік шоттардағы есепті айдың жұмыс күндері ішінде ғана (демалыс және мереке күндерін есептемей) есептелген күнделікті қалдықтарды қосу және алынған мәнді есепті айдың жұмыс күндерінің санына бөлу арқылы есептеледі.

      7. 3-бағанда есепті айдың соңғы күнінің соңындағы жағдай бойынша төлем карточкаларын пайдалана отырып операциялар жүзеге асырылатын банктік шоттардағы қалдықтар сомасы көрсетіледі.

      8. Шетел валютасындағы банктік шоттардағы қалдық күн сайын, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 тіркелген, "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау және қолдану тәртібін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығының 1-тармағында көзделген тәртіппен айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 20 шілдесі
№ 90 қаулысына
7-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 213 Қаулысына
7-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Алаяқтық операциялардың көлемі туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексы: 7-PK

      Кезеңділік: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін

      Ұсынатын тұлғалар тобы: көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер:

      1) банктер;

      2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

      3) төлем ұйымдары.

      Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

  Нысан

      ____________________________________________________________________нысанды ұсынатын тұлғаның атауы

Жүйенің атауы

Операция жүргізу күні

Алаяқтық тәсілі

Операцияның түрі

Операция жүргізу ортасы

Операция белгісі

Елдің коды

Жүргізілген операция сомасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8









      Атауы ________________ Мекенжайы____________________

      Телефон ______________________

      Электрондық пошта ______________________________________________

      Орындаушы __________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      ____________________________________________ _______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      20 __ жылғы "_____" ____________

  Алаяқтық операциялардың
көлемі туралы мәліметтер
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме Алаяқтық операциялардың көлемі туралы мәліметтер (индекс:7-PK, кезеңділік тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Алаяқтық операциялардың көлемі туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысан әр тоқсан сайын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер дайындайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе немесе қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.

      5. Нысан теңгемен толтырылады. Егер операция шетел валютасымен жүргізілсе, ондағы мәліметтер операция жүргізілген күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеліп ұсынылады.

2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру

      6. Нысанда:

      1) осы түсіндірменің 10-тармағында көрсетілген белгілерге сәйкес төлем карточкаларын және (немесе) олардың деректемелерін пайдалана отырып жүргізілген;

      2) төлем карточкаларын пайдаланбай электрондық терминалдар мен қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы жүргізілген;

      3) ақша аударымдары жүйелері арқылы жіберілген;4) электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілген алаяқтық операциялардың (тоқтатылғандарды қоспағанда) көлемі жөніндегі мәліметтер қамтылады.

      Мәліметтер әрбір операция бойынша жеке көрсетіледі және Нысанды ұсынушы көрсетілетін төлем қызметтерін беруші операцияны алаяқтық операция деп анықтаған уақыттың есепті кезеңіне жатқызылады.

      7. 1-бағанда мәліметтер ұсынылатын төлем карточкалары жүйесінің, қашықтан қол жеткізу жүйесінің, ақша аударымдары жүйесінің атауы немесе электрондық ақша жүйелері көрсетіледі.

      Халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкасын пайдалана отырып, осы төлем жүйесіне хабарлама жібермей операция жүргізілген жағдайда, 1-бағанда төлем карточкасы жүйесі атауының орнына "H2H" байланыс арнасы көрсетіледі.

      8. 2-бағанда операция жүргізу күні көрсетіледі.

      9. 3-бағанда алаяқтық тәсілі көрсетіледі.

      10. 4-бағанда операцияның түрі көрсетіледі:

      A - қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары;

      B - қолма-қол ақша беру бойынша операциялар;

      С - қолма-қол ақша салу арқылы жүргізілетін операциялар.

      11. 5-бағанда операция жүргізу ортасы - электрондық терминалдың, қашықтан кіру жүйесінің атауы немесе банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның үй-жайы көрсетіледі.

      12. 6-бағанда төлем карточкаларын және (немесе) олардың деректемелерін пайдалана отырып жүргізілген операциялар үшін мәліметтер берілетін операцияға сәйкес келетін белгісі көрсетіледі:

      І - банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем карточкаларын пайдалана отырып, меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

      II - банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының басқа банкінің қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

      III - банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасынан тыс жердегі басқа банктің қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

      V - Қазақстан Республикасының бейрезидент эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар.

      13. 7-бағанда елдің екі мәнді коды көрсетіледі:

      1) төлем карточкасын және (немесе) оның деректемелерін пайдалана отырып алаяқтық операция жүргізілген жер бойынша;

      2) төлем карточкасын пайдаланбай электрондық терминалдар мен қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиентінің банктік шоты бойынша жүргізілген алаяқтық операцияның жүргізілген орны бойынша;

      3) төлем ақша аударымдары жүйелері арқылы қайда жіберілген бойынша.

      Елдің коды "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ISO 3166-1-2016 ҚР ҰЖ Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуіне сәйкес көрсетіледі.

      14. 8-бағанда жүргізілген алаяқтық операциясының сомасы көрсетіледі.

      15. Есепті кезеңде алаяқтық операциялар болмаған кезде бағандары толтырылмаған Нысан жіберіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 20 шілдесі
№ 90 қаулысына
8-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 213 Қаулысына
8-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Процессинг орталығы және басқа банктермен өзара іс-әрекеті туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексы: 8-PK

      Кезеңділік: осы нысан талаптарының бірі өзгерген жағдайда

      Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін

      Ұсынатын тұлғалар тобы: төлем карточкаларының эмитенттері және (немесе) эквайерлер болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер:

      1) банктер;

      2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

      Ұсыну мерзімі: осы нысан талаптарының бірі өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде.

  Нысан

      ______________________________________________________________________ нысанды ұсынатын тұлғаның атауы

Процессинг орталығының атауы

Операциялар процессинг орталығында өңделетін төлем карточкалары жүйелерінің атауы

H2H байланыс арнасын пайдалану шарты жасалған контрагенттің атауы

Операциялар H2H байланыс арнасын пайдалану шеңберінде өңделетін төлем карточкалары жүйелерінің атауы

1

2

3

4





      Атауы ________________ Мекенжайы____________________

      Телефон ______________________

      Электрондық пошта ______________________________________________

      Орындаушы __________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      ____________________________________________ _______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      20 __ жылғы "_____" ____________

  Процессинг орталығы және
басқа банктермен өзара
іс-әрекеті туралы мәліметтер
нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме Процессинг орталығы және басқа банктермен өзара іс-әрекеті туралы мәліметтер (индекс:8-PK, кезеңділік осы нысан талаптарының бірі өзгерген жағдайда)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Процессинг орталығы және басқа банктермен өзара іс-әрекеті туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысан осы нысан талаптарының бірі өзгерген жағдайда төлем карточкаларының эмитенттері және (немесе) эквайерлер болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер дайындайды.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе немесе қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру

      5. 1-бағанда банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қызметін пайдаланатын процессинг орталығының атауы көрсетіледі. Меншікті процессингті пайдаланған жағдайда, есеп беретін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы көрсетіледі.

      6. 2-бағанда операциялары процессинг орталығында өңделетін төлем карточкалары жүйелерінің атауы көрсетіледі.

      7. 3-бағанда есеп беретін банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым H2H байланыс арнасын пайдалануға шарт жасаған контрагенттің атауы көрсетіледі.

      8. 4-бағанда операциялары H2H байланыс арнасын пайдалану шеңберінде өңделетін төлем карточкалары жүйелерінің атауы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 20 шілдесі
№ 90 қаулысына
9-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 213 Қаулысына
9-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Электрондық ақша эмитенті агенттерінің және қосалқы агенттерінің және электрондық ақша иелерінің саны туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексы: 9-PK

      Кезеңділік: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін

      Ұсынатын тұлғалар тобы: электрондық ақша эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер:

      1) банктер;

      2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

      Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

  Нысан

      ______________________________________________________________________нысанды ұсынатын тұлғаның атауы

Электрондық ақша жүйесінің атауы

Электрондық ақша эмитенті агенттерінің саны

Электрондық ақша эмитенті қосалқы агенттерінің саны

Барлығы

Белсенді

Барлығы

Белсенді

1

2

3

4

5











      кестенің жалғасы

Электрондық ақша иелері-жеке тұлғалардың саны

Электрондық ақшаны ақы төлеуге қабылдайтын дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың саны

Барлығы

Белсенді

Сәйкестендірілген

Барлығы

Белсенді

6

7

8

9

10






      Атауы ________________ Мекенжайы____________________

      Телефон ______________________

      Электрондық пошта ______________________________________________

      Орындаушы __________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      ____________________________________________ _______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      20 __ жылғы "_____" ____________

  Электрондық ақша эмитенті
агенттерінің және қосалқы
агенттерінің және электрондық
ақша иелерінің саны туралы
мәліметтер нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме Электрондық ақша эмитенті агенттерінің және қосалқы агенттерінің және электрондық ақша иелерінің саны туралы мәліметтер (индекс: 9-PK, кезеңділік тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Электрондық ақша эмитенті агенттерінің және қосалқы агенттерінің және электрондық ақша иелерінің саны туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысан әр тоқсан сайын электрондық ақша эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер дайындайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе немесе қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру

      5. 1-бағанда мәліметтер ұсынылатын электрондық ақша жүйесінің атауы көрсетіледі.

      6. 2-бағанда есепті тоқсанның соңғы күніндегі электрондық ақша эмитенті агенттерінің саны көрсетіледі.

      7. 3-бағанда есепті тоқсан ішінде электрондық ақшаны сатып алуды немесе өткізуді жүзеге асырған электрондық ақша эмитенті агенттерінің саны көрсетіледі.

      8. 4-бағанда есепті тоқсанның соңғы күніндегі электрондық ақша эмитенті қосалқы агенттерінің саны көрсетіледі.

      9. 5-бағанда есепті тоқсан ішінде электрондық ақшаны сатып алуды немесе өткізуді жүзеге асырған электрондық ақша эмитенті қосалқы агенттерінің саны көрсетіледі.

      10. 6-бағанда есепті тоқсанның соңғы күніндегі электрондық ақша иелері - жеке тұлғалардың саны көрсетіледі.

      11. 7-бағанда есепті тоқсанда электрондық ақшамен операциялар жүргізген электрондық ақша иелері - жеке тұлғалардың саны көрсетіледі.

      12. 8-бағанда есепті тоқсанның соңғы күніндегі электрондық ақша эмитенті сәйкестендірген электрондық ақша иелері - жеке тұлғалардың саны көрсетіледі.

      13. 9-бағанда есепті тоқсанның соңғы күніндегі электрондық ақшаны төлем жасауға қабылдайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың саны көрсетіледі.

      14. 10-бағанда есепті тоқсанда электрондық ақшамен операциялар жүргізілген электрондық ақшаны төлем жасауға қабылдайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың саны көрсетіледі.

      15. 9 және 10-бағандарда электрондық ақшаны төлем жасауға қабылдайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар деп мәліметтерді беретін эмитентпен немесе тиісті электрондық ақша жүйесінің өзге қатысушысымен шарт жасаған дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар түсініледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 20 шілдесі
№ 90 қаулысына
10-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 213 Қаулысына
10-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілген операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексы: 10-PK

      Кезеңділік: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін

      Ұсынатын тұлғалар тобы: электрондық ақша эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер:

      1) банктер;

      2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

      Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

  Нысан

      ______________________________________________________________________нысанды ұсынатын тұлғаның атауы

Электрондық ақша жүйесінің атауы

Операция жүргізу ортасы

Электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілген операциялар

Жеке тұлғалардың пайдасына

Дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың пайдасына

Операциялар саны

Сомасы (теңге)

Операциялар саны

Сомасы (теңге)

1

2

3

4

5

6







      Атауы ________________ Мекенжайы____________________

      Телефон ______________________

      Электрондық пошта ______________________________________________

      Орындаушы __________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      ____________________________________________ _______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      20 __ жылғы "_____" ____________

  Электрондық ақшаны пайдалана
отырып жүргізілген
операциялардың саны мен
көлемі туралы мәліметтер
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме Электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілген операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер (индекс:10-PK, кезеңділік тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілген операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысан әр тоқсан сайын электрондық ақша эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер дайындайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе немесе қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.

      5. Нысан теңгемен толтырылады. Егер операция шетел валютасымен жүргізілсе, ондағы мәліметтер операция жүргізілген күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеліп ұсынылады.

2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру

      6. 1-бағанда мәліметтер ұсынылатын электрондық ақша жүйесінің атауы көрсетіледі.

      7. 2-бағанда операция жүргізу ортасы - электрондық терминалдың немесе қашықтан кіру жүйесінің атауы көрсетіледі.

      8. 3 және 4-бағандарда жеке тұлғалардың есепті тоқсанда электрондық ақшаны пайдалана отырып жеке тұлғалардың пайдасына жүргізілген операцияларының саны және сомасы көрсетіледі.

      9. 5 және 6-бағандарда жеке тұлғалардың есепті тоқсанда электрондық ақшаны пайдалана отырып дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың пайдасына жүргізілген операцияларының саны және сомасы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 20 шілдесі
№ 90 қаулысына
11-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 213 Қаулысына
11-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Айналыстағы электрондық ақшаның саны туралы және электрондық ақшаны шығару мен өтеу бойынша операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексы: 11-PK

      Кезеңділік: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін

      Ұсынатын тұлғалар тобы: электрондық ақша эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер:

      1) банктер;

      2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

      Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

  Нысан

      ____________________________________________________________________нысанды ұсынатын тұлғаның атауы

Электрондық ақша иелері

Электрондық ақша жүйесінің атауы

Айналыстағы электрондық ақшаның барлығы (теңге)

Электрондық ақшаны шығару

Электрондық ақшаны өтеу

Операциялар саны

Сомасы (теңге)

Операциялар саны

Сомасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

7

Электрондық ақша эмитентінің агенттері







Электрондық ақша эмитентінің қосалқы агенттері







Жеке тұлғалар







Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар







      Атауы ________________ Мекенжайы____________________

      Телефон ______________________

      Электрондық пошта ______________________________________________

      Орындаушы __________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      ____________________________________________ _______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      20 __ жылғы "_____" ____________

  Айналыстағы электрондық
ақшаның саны туралы және
электрондық ақшаны шығару
мен өтеу бойынша
операциялардың саны және
көлемі туралы
мәліметтер нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме Айналыстағы электрондық ақшаның саны туралы және электрондық ақшаны шығару мен өтеу бойынша операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер (индекс: 11-PK, кезеңділік тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Айналыстағы электрондық ақшаның саны туралы және электрондық ақшаны шығару мен өтеу бойынша операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысан әр тоқсан сайын электрондық ақша эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер дайындайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе немесе қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.

      5. Нысан теңгемен толтырылады. Егер операция шетел валютасымен жүргізілсе, ондағы мәліметтер операция жүргізілген күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеліп ұсынылады.

2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру

      6. 2-бағанда мәліметтер ұсынылатын электрондық ақша жүйесінің атауы көрсетіледі.

      7. 3-бағанда есепті тоқсанның соңғы күнінде айналыстағы электрондық ақшаның сомасы көрсетіледі.

      3-баған есепті тоқсанның соңғы күні электрондық ақшаның иесі кім болғанына байланысты электрондық ақша эмитентінің агенттері, электрондық ақша эмитентінің қосалқы агенттері, жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бойынша толтырылады.

      8. 4 және 5-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақшаны шығару бойынша жүргізілген операцияларының саны және сомасы көрсетіледі.

      4 және 5-бағандар электрондық ақшаның кімге берілгеніне байланысты электрондық ақша эмитентінің агенттері, электрондық ақша эмитентінің қосалқы агенттері және жеке тұлғалар бойынша толтырылады.

      4 және 5-бағандар дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бойынша толтырылмайды.

      9. 6 және 7-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақшаны өтеу бойынша жүргізілген операцияларының саны және сомасы көрсетіледі.

      6 және 7-бағандар электрондық ақшаны өтеу сәтіне олардың иесі кім болғанына байланысты электрондық ақша эмитентінің агенттері, электрондық ақша эмитентінің қосалқы агенттері, жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бойынша толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 20 шілдесі
№ 90 қаулысына
12-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 213 Қаулысына
12-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Электрондық ақша эмитенті агенттерінің және қосалқы агенттерінің электрондық ақшаны иемдену және өткізу бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексы: 12-PK

      Кезеңділік: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін

      Ұсынатын тұлғалар тобы: электрондық ақша эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер:

      1) банктер;

      2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

      Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

  Нысан

      ______________________________________________________________________нысанды ұсынатын тұлғаның атауы

Электрондық ақша жүйесінің атауы

Электрондық ақша эмитенті агенттерінің электрондық ақшаны өткізуі

Электрондық ақша эмитенті қосалқы агенттерінің электрондық ақшаны өткізуі

Электрондық ақша эмитенті агенттерінің электрондық ақшаны иемденуі

Электрондық ақша эмитенті қосалқы агенттерінің электрондық ақшаны иемденуі

Операциялар саны

Сомасы (теңге)

Операциялар саны

Сомасы (теңге)

Операциялар саны

Сомасы (теңге)

Операциялар саны

Сомасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Атауы ________________ Мекенжайы____________________

      Телефон ______________________

      Электрондық пошта ______________________________________________

      Орындаушы __________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      ____________________________________________ _______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      20 __ жылғы "_____" ____________

  Электрондық ақша эмитенті
агенттерінің және қосалқы
агенттерінің электрондық
ақшаны иемдену және өткізу
бойынша операциялардың
саны мен көлемі туралы
мәліметтер нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме Электрондық ақша эмитенті агенттерінің және қосалқы агенттерінің электрондық ақшаны иемдену және өткізу бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер (индекс: 12-PK, кезеңділік тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Электрондық ақша эмитенті агенттерінің және қосалқы агенттерінің электрондық ақшаны иемдену және өткізу бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысан әр тоқсан сайын электрондық ақша эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер дайындайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе немесе қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.

      5. Нысан теңгемен толтырылады. Егер операция шетел валютасымен жүргізілсе, ондағы мәліметтер операция жүргізілген күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеліп ұсынылады.

2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру

      6. 1-бағанда ақпарат ұсынылатын электрондық ақша жүйесінің атауы көрсетіледі.

      7. 2 және 3-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақша эмитенті агенттерінің электрондық ақшаны жеке тұлғаларға өткізуі бойынша операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.

      8. 4 және 5-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақша эмитенті қосалқы агенттерінің электрондық ақшаны жеке тұлғаларға өткізуі бойынша операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.

      9. 6 және 7-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақша эмитенті агенттерінің электрондық ақшаны жеке тұлғалардан иемденуі бойынша операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.

      10. 8 және 9-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақша эмитенті қосалқы агенттерінің электрондық ақшаны жеке тұлғалардан иемденуі бойынша операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 20 шілдесі
№ 90 қаулысына
13-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 213 Қаулысына
13-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Банктік шотты пайдалана отырып және пайдаланбай төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау мен жүзеге асыру жөніндегі мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексы: 1-PU

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін

      Ұсынатын тұлғалар тобы: көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер:

      1) банктер;

      2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

      3) пошталық ақша аударымдарын жүзеге асыратын пошта операторлары.

      Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың он бесінші (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың он бесінші күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

      Нысанда көрсетілуге жататын төлемдер және (немесе) ақша аударымдары есепті айда болмаған жағдайда, нысанды ұсынатын тұлғалар есепті айдан кейінгі айдың он бесінен (қоса алғанда) кешіктірмей бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жазбаша түрде хабарлайды.

  Нысан

      _____________________________________________________________________ нысанды ұсынатын тұлғаның атауы

Нұсқауды қабылдау ортасы

Нұсқауды өңдеу ортасы

Белгі

Ақша жөнелтуші ұйымның (банктің) сәйкестендіру коды (БСК/ЖСК/өзге сәйкестендіруші)

Корреспонденттік қатынастар бар делдал банктің БСК

Бенефициар ұйымның (банктің) сәйкестендіру коды (БСК/ЖСК/өзге сәйкестендіруші)

Төлем агенті немесе қосалқы агент

1

2

3

4

5

6

7








      кестенің жалғасы

Ақша жөнелтуші

Бенефициар

Резиденттік белгісі

Экономика секторы

Елі

Резиденттік белгісі

Экономика секторы

Елі

8

9

10

11

12

13







      кестенің жалғасы

Нақтылау

Төлем белгілеу коды

Саны

Сомасы, теңге

Төлем валютасының коды

Төлем құралы

14

15

16

17

18






      Атауы ________________ Мекенжайы____________________

      Телефон ______________________

      Электрондық пошта ______________________________________________

      Орындаушы __________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      ____________________________________________ _______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      20 __ жылғы "_____" ____________

  Банктік шотты пайдалана
отырып және пайдаланбай
төлемдерді және (немесе) ақша
аударымдарын қабылдау мен
жүзеге асыру жөніндегі
мәліметтер нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме Банктік шотты пайдалана отырып және пайдаланбай төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау мен жүзеге асыру жөніндегі мәліметтер (индекс:1-PU, кезеңділік ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Банктік шотты пайдалана отырып және пайдаланбай төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау мен жүзеге асыру жөніндегі мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды әр ай сайын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер дайындайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе немесе қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.

      5. Нысан "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабы 1-тармағының 1) - 4), 9)-тармақшаларында көзделген көрсетілген төлем қызметтері бойынша мәліметтерді қамтиды.

      6. Нысан теңгемен толтырылады. Егер операция шетел валютасымен жүргізілсе, ондағы мәліметтер операция жүргізілген күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеліп ұсынылады.

2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру

      7. Мәліметтерді төлем агенттерін және қосалқы төлем агенттерін қоспағанда, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер ұсынады және Нысанды ұсынатын тұлғалардың филиалдары мен бөлімшелері, төлем агенттері мен қосалқы төлем агенттердің арқылы көрсетілген көрсетілетін төлем қызметтерін (төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын) ескере отырып толтырылады.

      8. Нысан төлем және (немесе) ақша аударымы туралы мынадай ақпаратты қамтитын 18 бағаннан тұрады:

      1) 1-бағанда нұсқауды қабылдау ортасы көрсетіледі;

      2) 2-бағанда нұсқауды өңдеу ортасы көрсетіледі;

      3) 3-бағанда операция белгісі көрсетіледі;

      4) 4-бағанда Нысанды ұсынатын тұлғалар ақша жөнелтуші ұйымның (банктің) сәйкестендіру кодын көрсетеді. Ақша жөнелтуші банк клиентінің жеке сәйкестендіру коды толтырылмайды.

      Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Нысанды қалыптастырған кезде ақша жөнелтуші банктің банктік сәйкестендіру кодын көрсетеді.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Нысанды қалыптастырған кезде банкішілік аударым жүргізілген жағдайда ақша жөнелтуші банктің банктік сәйкестендіру кодын және ақша жөнелтуші банк клиентінің жеке сәйкестендіру кодын көрсетеді, өзге төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша алушы банктің банктік сәйкестендіру коды ғана көрсетіледі.

      Негізінде төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда ақша жөнелтуші банктің банктік сәйкестендіру коды болмаған кезде 4-баған толтырылмайды;

      5) 5-бағанда Нысанды ұсынатын тұлғада корреспонденттік қатынастар бар және осы арқылы төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілетін делдал банктің банктік сәйкестендіру коды (ол төлем және (немесе) ақша аударымын жүргізу схемасында болған кезде) көрсетіледі;

      6) 6-бағанда Нысанды ұсынатын тұлғалар бенефициар ұйымның (банктің) сәйкестендіру кодын көрсетеді. Бенефициар банк клиентінің жеке сәйкестендіру коды толтырылмайды.

      Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Нысанды қалыптастырған кезде бенефициар банктің банктік сәйкестендіру кодын көрсетеді.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Нысанды қалыптастырған кезде банкішілік аударым жүргізілген жағдайда бенефициар банктің банктік сәйкестендіру кодын және бенефициар банк клиентінің жеке сәйкестендіру кодын көрсетеді, өзге төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша бенефициар банктің банктік сәйкестендіру коды ғана көрсетіледі.

      Негізінде төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда бенефициар банктің банктік сәйкестендіру коды болмаған кезде 6-баған толтырылмайды;

      7) 7-баған көрсетілетін төлем қызметтерін көрсету бойынша жасалған агенттік шарттар негізінде төлем агенттері және қосалқы агенттері арқылы көрсетілген (оның ішінде қашықтан қол жеткізу және электрондық терминалдар, электрондық ақша жүйелері арқылы) төлем қызметтері туралы мәліметтер берілген жағдайда толтырылады:

      төлем агенттері арқылы қызметтер көрсетілген кезде 1 көрсетіледі;

      қосалқы төлем агенттері арқылы қызметтер көрсетілген кезде 2 көрсетіледі;

      8) 8-бағанда ақша жөнелтушінің резиденттік белгісі көрсетіледі.

      Негізінде төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда ақша жөнелтушінің резиденттігі белгісі болмаған кезде 8-баған толтырылмайды;

      9) 9-бағанда ақша жөнелтушінің экономика секторының коды көрсетіледі.

      Негізінде төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда ақша жөнелтушінің экономика секторының коды болмаған жағдайда 9-баған толтырылмайды;

      10) 10-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілген елдің (төлем және (немесе) ақша аударымы жіберілген, бастапқы ақша жөнелтушінің банктік шоты ашылған ел не ақша аударымын банктік шот ашпай жүргізген жағдайда ақша жөнелтуші ақша аударған ел) екі мәнді коды көрсетіледі.

      13-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымы жіберілген елдің (ақша аударылған, соңғы бенефициардың банктік шоты ашылған ел не ақша аударымын банктік шотты ашпай жүргізген жағдайда бенефициар ақша алған ел) екі мәнді коды көрсетіледі.

      Елдің коды "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ISO 3166-1-2016 ҚР ҰЖ Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуіне сәйкес көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша KZ коды көрсетіледі;

      11) 11-бағанда бенефициардың резиденттік белгісі көрсетіледі.

      Негізінде төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда бенефициардың резиденттік белгісі болмаған жағдайда 11-баған толтырылмайды;

      12) 12-бағанда бенефициар экономикасы секторының коды көрсетіледі.

      Негізінде төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда бенефициар экономикасы секторының коды болмаған жағдайда 12-баған толтырылмайды;

      13) 14-бағанда төлем белгілеу коды көрсетіледі.

      Шет елден келіп түскен төлемді және (немесе) ақша аударымын көрсеткен кезде 8, 9 және 14-бағандарды Нысанды ұсынатын тұлға корреспондент банктің немесе халықаралық жүйенің төлем құжаттарының және төлем және (немесе) ақша аударымы үшін негіз болып табылатын өзге құжаттардың негізінде толтырады.

      Мезеттік төлемдер жүйесі бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша:

      1) ақша жөнелтушінің банкі 8, 9-бағандарда резиденттік белгісін және ақша жөнелтушінің экономика секторын белгілейді, 11, 12-бағандар толтырылмайды, 14-бағанда - мезеттік төлемдер жүйесі бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы үшін көзделген төлем белгілеу кодын;

      2) бенефициар банкі 8, 9-бағандарды толтырмайды, 11, 12-бағандарда резиденттік белгісін және бенефициардың экономика секторын, 14-бағанда - бенефициар қызметінің түріне қарай төлем белгілеу кодын белгілейді.

      8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-бағандар бойынша операциялардың, төлемдер және (немесе) ақша аударымдарының өзге өлшемдерінің сәйкес келуін ескере отырып, резиденттіктің бір белгісі, экономика секторы, елі, төлем белгілеу коды бойынша деректер топтастырылады;

      14) 15-бағанда есепті кезеңдегі операциялардың, төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының саны көрсетіледі. Бір операцияны, бір төлемді және (немесе) ақша аударымын көрсеткен кезде баған 1 мәнін қабылдайды. Жаңа операцияның, жаңа төлемнің және (немесе) ақша аударымының өлшемдері 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 17 және 18-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдермен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мән 1-ге ұлғайтылады, ал 16-бағандағы мән жаңа операцияның, жаңа төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасына ұлғайтылады;

      15) 16-бағанда операцияның, төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының сомасы теңгемен, үтірден кейін екі белгіге дейін көрсетіледі;

      16) 17-бағанда төлем валютасының үш мәнді коды ҚР ҰЖ 07 ИСО 4217-2012 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі;

      17) 18-бағанда жіберілген төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша осы түсіндірменің 7-тармағында көзделген төлем құралдары белгілерінің бірі көрсетіледі.

      Клиентке қолма-қол ақшамен төленуге жататын алынған төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша "20" белгісі көрсетіледі.

      9. Төлем құралының мынадай белгілері қолданылады:

      01 - төлем тапсырмасы;

      02 - төлем талабы;

      03 - чек;

      04 - вексель;

      05 - инкассолық өкім;

      06 - төлем ордері;

      07 - төлем хабарламасы;

      08 - жиынтық төлем тапсырмасы;

      09 - тұрақты өкім;

      10 - төлем карточкалары;

      11 - төлем карточкаларын қоспағанда, электрондық төлем құралы.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 20 шілдесі
№ 90 қаулысына
14-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 213 Қаулысына
15-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Төлем ұйымдары жүзеге асыратын операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексы: 1-PО

      Кезеңділік: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін

      Ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары

      Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

  Нысан

      _____________________________________________________________________ нысанды ұсынатын тұлғаның атауы

Көрсетілетін төлем қызметінің түрі

Төлем түрі

Нұсқауды қабылдау ортасы

Электрондық ақша жүйесінің немесе төлем карточкалары жүйесінің атауы

Электрондық ақша немесе төлем карточкасы эмитентінің атауы

1

2

3

4

5






      кестенің жалғасы

Операциялар саны (бірлігі)

Операциялар сомасы (мың теңге)

Көрсетілетін төлем қызметі бойынша агенттер/ қосалқы агенттер саны

Төлем агенттерінің/ қосалқы агенттерінің жалпы саны

6

7

8

9





      Атауы ________________ Мекенжайы____________________

      Телефон ______________________

      Электрондық пошта ______________________________________________

      Орындаушы __________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      ____________________________________________ _______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      20 __ жылғы "_____" ____________

  Төлем ұйымдары жүзеге
асыратын операциялардың саны
мен көлемі туралы мәліметтер
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме Төлем ұйымдары жүзеге асыратын операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер (индекс: 1-PО, кезеңділік тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Төлем ұйымдары жүзеге асыратын операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды әр тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары дайындайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе немесе қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.

      5. Нысан теңгемен толтырылады. Егер операция шетел валютасымен жүргізілсе, ондағы мәліметтер операция жүргізілген күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеліп ұсынылады.

2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру

      4. Нысан төлем ұйымдары жүзеге асыратын операциялар бойынша мәліметтерді қамтиды.

      5. 1-бағанда көрсетілетін төлем қызметінің түрі көрсетіледі.

      6. 2 және 3-бағандар төлемдер қабылданған және өңделген жағдайда, оның ішінде ақша жөнелтушінің банктік шотты ашпай төлемді жүзеге асыру үшін клиенттерден қолма-қол ақшаны қабылдау кезінде, электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді клиенттерден қабылдау және өңдеу кезінде, электрондық нысандағы клиент бастамашы болған төлемдерді өңдеу (бұдан әрі - төлемдерді қабылдау) кезінде толтырылады.

      2-бағанда төлемнің түрі көрсетіледі.

      3-бағанда нұсқауды қабылдау ортасы көрсетіледі.

      7. 4 және 5-бағандар электрондық ақша және төлем карточкалары өткізілген (таратылған) жағдайда толтырылады.

      4-бағанда электрондық ақша жүйесінің немесе төлем карточкалары жүйесінің атауы көрсетіледі.

      5-бағанда электрондық ақша немесе төлем карточкасы эмитентінің атауы көрсетіледі.

      8. 6 және 7-бағандарда операциялар саны және сомасы көрсетіледі:

      1) төлемдер қабылданған жағдайда қабылданған және өңделген төлемдердің саны және сомасы көрсетіледі;

      2) төлем карточкалары өткізілген (таратылған) жағдайда 6-бағанда өткізілген (таратылған) төлем карточкаларының саны көрсетіледі, 7-бағанда өткізілген төлем карточкаларының сомасы көрсетіледі;

      3) электрондық ақша өткізілген (таратылған) жағдайда 6-баған толтырылмайды, 7-бағанда өткізілген (таратылған) электрондық ақша сомасы көрсетіледі.

      9. 8-бағанда көрсетілетін төлем қызметтерін көрсету бойынша агенттік шарттар жасаған төлем ұйымының төлем агенттерінің саны, "/" белгісі арқылы төлем агенттерімен көрсетілетін төлем қызметтерін көрсету бойынша агенттік шарттар жасаған төлем ұйымының қосалқы төлем агенттерінің саны көрсетіледі. Төлем ұйымы көрсетілетін төлем қызметтерін өз бетінше көрсеткен жағдайда, "0" белгісі көрсетіледі.

      8-бағанды толтыру кезінде 1-бағанда көрсетілетін төлем қызметінің түрі көрсетіледі. 8-бағанда әрбір көрсетілетін төлем қызметі бойынша осындай қызмет көрсететін төлем агенттерінің және қосалқы агенттердің саны көрсетіледі. 1-бағанда "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген төлем қызметінің түрі көрсетілген жағдайда 8-бағанда "0" белгісі көрсетіледі.

      10. 9-бағанда көрсетілетін төлем қызметтерін көрсету бойынша агенттік шарттар жасаған төлем ұйымының төлем агенттерінің саны, "/" белгісі арқылы төлем агенттерімен көрсетілетін төлем қызметтерін көрсету бойынша агенттік шарттар жасаған төлем ұйымының қосалқы төлем агенттерінің саны көрсетіледі.

      Төлем ұйымының төлем агенттері мен қосалқы агенттерінің жалпы саны 1-жолдың 9-бағанында көрсетіледі, 9-бағандағы қалған жолдар толтырылмайды.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 20 шілдесі
№ 90 қаулысына
15-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 213 Қаулысына
16-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бағытында қабылданған шаралар бойынша мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексы: 2-РО

      Кезеңділік: жарты жыл сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін

      Ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары

      Ұсыну мерзімі: жарты жыл сайын, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

  Нысан

      ___________________________________________________________________ нысанды ұсынатын тұлғаның атауы

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар

Саны

Күні (кк.аа.жжжж.)

Күдікті операциялар белгілерінің коды

1

2

3

4





      кестенің жалғасы

Операцияны жүргізуден бас тарту негізі

Қаржы мониторингі бойынша уәкілетті органның шешімі

Төлем қызметінің түрі

Төлем түрі

5

6

7

8





      Атауы ________________ Мекенжайы____________________

      Телефон ______________________

      Электрондық пошта ______________________________________________

      Орындаушы __________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға

      ____________________________________________ _______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы, телефоны

      20 __ жылғы "_____" ____________

      Электрондық пошта _______________________________________

      Орындаушы __________________________________ ______________

  Қылмыстық жолмен
  алынған кірістерді
  заңдастыруға (жылыстатуға)
  және терроризмді
  қаржыландыруға қарсы
  іс-қимыл бағытында
  қабылданған шаралар бойынша
  мәліметтер нысанына
  қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бағытында қабылданған шаралар бойынша мәліметтер (индекс: 2-PО, кезеңділік жарты жыл сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) әкімшілік деректерді жинауға арналған "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бағытында қабылданған шаралар бойынша мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды әр жартыжылдық сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары дайындайды және есепті жартыжылдық үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі - ҚЖТҚҚ) бағытында қабылданған шаралар бойынша толтырады.

      Есепті жартыжылдық үшін ҚЖТҚҚ бағытында қабылданған шаралар болмаған жағдайда нысан толтырылмаған бағандармен ұсынылады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе немесе қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру

      5. Нысанда төлем ұйымының ҚЖТҚҚ бағытында қабылданған шаралар бойынша мәліметтер қамтылған.

      6. 1-бағанда ҚЖТҚҚ бағытындағы мына шаралар көрсетіледі:

      1) күдікті операцияларды анықтау және қаржы мониторингі бойынша уәкілетті органға олар бойынша хабарлама жолдау;

      2) клиенттердің операцияларын жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдау;

      3) ұйымдардың қызметтерінің (өнімдерінің) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесіне баға беру;

      4) қызметкерлерді ҚЖТҚҚ мәселелері бойынша дайындау және оқыту.

      7. Түсіндірменің 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген шара туралы мәліметтерді толтырған кезде:

      1) 2-бағанда күдікті операциялардың саны көрсетіледі;

      2-бағанда басқа толтырылған бағандардағы параметрлердің сәйкестігін ескере отырып, деректерді сан белгісі бойынша топтастыру жүзеге асырылады.

      2) 3-бағанда күдікті операция жүргізілген күні көрсетіледі;

      3) 4-бағанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген күдікті операцияны айқындау белгілеріне сәйкес күдікті операция белгісінің коды көрсетіледі;

      4) 5-баған толтырылмайды;

      5) 6-бағанда қаржы мониторингі бойынша уәкілетті органның жолдаған хабарламаны қарау нәтижесі бойынша қаржы мониторингі жөніндегі шешімі көрсетіледі;

      Қаржы мониторингі бойынша уәкілетті орган қаржы мониторингі жөніндегі шешімді ұсынбаған жағдайда баған толтырылмайды.

      6) 7-бағанда қызмет көрсету шеңберінде күдікті операция анықталған төлем қызметінің түрі көрсетіледі;

      7) 8-бағанда қызмет көрсету шеңберінде күдікті операция анықталған төлем түрі көрсетіледі.

      8. Түсіндірменің 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген шара туралы мәліметтерді толтырған кезде:

      1) 2-бағанда клиенттердің операцияларын жүргізуден бас тарту туралы қабылданған шешім саны көрсетіледі;

      2-бағанда басқа толтырылған бағандардағы параметрлердің сәйкестігін ескере отырып, деректерді сан белгісі бойынша топтастыру жүзеге асырылады.

      2) 3-бағанда клиенттердің операцияларын жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылданған күні көрсетіледі;

      3) 4-баған толтырылмайды;

      4) 5-бағанда клиенттердің операцияларын жүргізуден бас тарту туралы қабылданған шешімнің негізі көрсетіледі;

      5) 6-баған толтырылмайды;

      6) 7-бағанда қызмет көрсету шеңберінде клиенттердің операцияларын жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылданған төлем қызметінің түрі көрсетіледі;

      7) 8-бағанда қызмет көрсету шеңберінде клиенттердің операцияларын жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылданған төлем түрі көрсетіледі.

      9. Түсіндірменің 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген шара туралы мәліметтерді толтырған кезде:

      1) 2-баған толтырылмайды;

      2) 3-бағанда қызметтерінің (өнімдерінің) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесіне жүргізілген жыл сайынғы бағалау нәтижесі бойынша төлем ұйымымен ресімделген құжаттың нөмірі (бар болса) және күні көрсетіледі;

      3) 4, 5 және 6-бағандар толтырылмайды;

      4) 7-бағанда жүргізілген бағалау нәтижесі бойынша қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі жоғары төлем қызметінің түрі көрсетіледі;

      5) 8-бағанда жүргізілген бағалау нәтижесі бойынша қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі жоғары төлем түрі көрсетіледі.

      10. Түсіндірменің 6-тармағының 4) тармақшасында көзделген шара туралы мәліметтерді толтырған кезде:

      1) 2-бағанда есепті кезеңде төлем ұйымының оқытудан өткен қызметкерлер саны көрсетіледі;

      2) 3-бағанда есепті кезеңде соңғы оқыту аяқталған күні көрсетіледі;

      3) 4, 5, 6, 7 және 8-бағандар толтырылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады