Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 248 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 тамызда № 33271 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 7 тамыздағы
№ 248 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 71) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      2. "Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7547 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 70) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық Кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларында:

      5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Конкурсқа облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары өткізетін өңірлік конкурстың жеңімпаздары (бұдан әрі – конкурсқа қатысушы) қатысады.";

      5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) нысан бойынша 075/е медициналық анықтама.";

      Республикалық кәсіптік шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 1-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Конкурсқа қатысу үшін өтінім

      ____________________________________________________________

      (облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының атауы)";

      Республикалық кәсіптік шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 2-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өңірлік деңгейдегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасы

      _______________________________________________

      (облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының атауы)".

      3. "Алтын белгі" белгісі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 532 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10115 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Алтын белгі" белгісі туралы ережесінде:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 22) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.

      2. "Алтын белгі" белгісімен негізгі орта білім туралы үздік аттестат алған, негізгі, жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларына немесе "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының оқу бағдарламаларына сәйкес 5 (6) – сыныптан бастап 11 (12) сыныпқа дейінгі оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары "5" баға алған, 10 (11) – сыныптан бастап 11 (12) - сыныпқа дейінгі оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша тоқсандық бағалары "5" баға алған білім алушылар марапатталады.".

      4. "Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 139 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10916 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 92) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларында:

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 92) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу тәртібін айқындайды.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Эксперименттік алаңдар мектепке дейінгі ұйымдарда, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – білім беру ұйымдары), сондай – ақ Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында (бұдан әрі-мемлекеттік органдар) құрылады.

      4. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 29031 болып тіркелген) бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының негізгі ережелерін ескере отырып, эксперименттік білім беру бағдарламаларын әзірлейді.".

      5. "Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 45 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13088 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 72) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 72) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және білім алушыларды көрсетілген халықаралық зияткерлік жарыстарға қатысушылар құрамына іріктеу тәртібін анықтайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадаларға қатысушылар құрамын қалыптастыру үшін облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, дербес, республикалық білім беру ұйымдары, жоғары оқу орындары жанындағы жекеменшік білім беру ұйымдары, халықаралық мектептер, оқу-сауықтыру орталықтары деңгейінде білім алушылардың оқу-жаттығу жиындары немесе іріктеулер өткізіледі.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, дербес, республикалық білім беру ұйымдары, жоғары оқу орындары жанындағы жекеменшік білім беру ұйымдары, халықаралық мектептер, оқу-сауықтыру орталықтары өткізетін оқушыларды іріктеу қорытындылары хаттама түрінде ресімделіп, өтінім түрінде білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Тізбесін Заңның 5-бабы 71) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - Тізбе) айқындайтын қашықтықтан өткізілетін әрбір жалпы білім беретін пән бойынша халықаралық олимпиадаларға қатысушылардың құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылардың құрамын қалыптастыру облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, дербес, республикалық білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындары жанындағы жекеменшік білім беру ұйымдарының, халықаралық мектептердің, оқу-сауықтыру орталықтарының осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылардың құрамын қалыптастыру үшін ресми түрде ұсынған кандидаттардың өтінімі негізінде жүзеге асырылады.";

      27-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Ғылыми жобалардың тақырыптарын www.daryn.kz сайтында тіркеу облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, дербес, республикалық білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындары жанындағы жекеменшік білім беру ұйымдарының, халықаралық мектептердің, оқу-сауықтыру орталықтарының ресми түрде ұсынылған өтінімдері негізінде жүзеге асырылады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Тізбесін Заңның 5-бабы 71) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.";

      Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадаларға мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылардың құрамын қалыптастыру қағидаларына қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың (ғылыми жарыстардың) халықаралық конкурстарына қатысушылардың құрамын қалыптастыру үшін кандидаттарға өтінім кандидаттарға өтінім

      _______________________________________________________________

      (облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармасының, дербес, республикалық білім беру ұйымының, жоғары оқу орны жанындағы жекеменшік білім беру ұйымының, халықаралық мектептің, оқу-сауықтыру орталығының атауы)

      қатысушылар құрамын қалыптастыру үшін ______________________________

      (халықаралық ғылыми жобалар конкурсының (ғылыми жарыстардың) атауы))".

      6. "Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13110 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 100) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 100) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және экстернат нысанында оқыту мен негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Экстернат нысанында оқу:

      негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында:

      1) денсаулығы туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы бар білім алушыға;

      2) уақытша шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары болып табылатын білім алушыларға;

      3) барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" деген бағалар алған білім алушыларға;

      мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары):

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 181 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18896 болып тіркелген) бекітілген жеңімпаздарының мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуына рұқсат етілетін халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың тізбесіне сәйкес халықаралық, республикалық конкурстардың және фестивальдардың жеңімпаздарына.";

      6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға және мүгедектігі бар білім алушыларға экстернат нысанында білім беру оқытудың барлық кезеңінде ұсынылады.

      7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқу екінші және одан жоғары курстардың "үздік" оқитын білім алушыларына бір академиялық кезеңде, бірақ бір оқу жылынан аспайтын кезеңде ұсынылады.

      8. Экстернат нысанында білім алу Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген)сәйкес жүзеге асырылады.";

      осы Қағидаларға 4-қосымша осы тізбеге қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.

      7. "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 29) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртібін, сондай-ақ "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" және "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібін айқындайды.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. "Дарын" орталығы, облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары өткізетін республикалық олимпиадаларға қатысу туралы дипломның облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірдей балл жинаған жағдайда мамандандырылған білім беру ұйымына қабылдау кезінде басымдыққа ие болады.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. 8-11-сыныптарда орын босаған жағдайда мамандандырылған білім беру ұйымы конкурстық іріктеуді дербес жүргізеді, бірақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 23890 болып тіркелген) Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес бекітілген оқушылар санынан аспайды.".

      8. "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 20317 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      9. "Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 шiлдедегi № 326 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28848 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 73) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      10. "Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 333 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28915 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 74) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      11. "Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 шiлдедегi № 347 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29030 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 75) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      12. "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген):

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінiң үлгілік қағидаларында:

      3-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) әлеуметтік оңалту – арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағанды құқықтық, әлеуметтік, физикалық, психикалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық қалпына келтіруге бағытталған кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің органдары мен мекемелері жүзеге асыратын шаралар кешені;";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Білім беру ұйымдары оқу процесін "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген), "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29767 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.

      Білім беру ұйымдары, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.";

      160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "160. Арнаулы білім беру ұйымы өзінің жарғысын Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі, "Білім туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдары және осы Қағидалар негізінде әзірлейді.";

      168-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "168. Арнаулы білім беру ұйымындағы кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін көрсету арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.";

      174-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "174. Кәмелетке толмағандарды арнаулы ұйымдарға жеткізу ювеналдық полиция қызметкерлерінің ілесіп жүруімен Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары немесе Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтары арқылы жүзеге асырылады.";

      207-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "207. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы өзінің жарғысын Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі, "Білім туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдары және осы Қағидалар негізінде әзірлейді.";

      213-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "213. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымындағы кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін көрсету арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      15-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ТжКБ ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын "Білім туралы" Заңның 5-бабы 12) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.";

      17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына және "Білім туралы" Заңның 5-бабының 29) тармақшасына сәйкес белгіленеді.";

      30 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ білім беру ұйымдарындағы педагогтер саны және педагогтер лауазымдарының тізбесі "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 1-тармағына сәйкес айқындалады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      12-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. ОБК ұйымдарға оқуға қабылдау тәртібі "Білім туралы" Заңның 5-бабы 29) тармақшасына сәйкес ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленеді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. ОБҚ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ОБҚ ұйымдарындағы педагогтер санын және педагогтер лауазымдарының тізбесі "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 1-тармағына сәйкес айқындалады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мамандандырылған білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – "Бiлiм туралы" Заң) 5-бабы 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Бiлiм туралы" Заң) 5-бабы 30) тармақшасына және "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және арнайы білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Арнайы білім беру ұйымдарына мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, түзету-дамыту бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын, психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары жатады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі -Білім туралы" Заң) 5-бабы 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін реттейді.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер – арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей қатысуға мүмкіндіктерін жасауға бағытталған қызметтер кешені;

      2-тармақтың 3), 4) және 5)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адам (отбасы) – Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабында көзделген, адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын негіздер бойынша осындай деп танылған адам (отбасы);

      4) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтары-қызметі арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждықтың алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асырумен байланысты заңды тұлғаларға тұрақты немесе уақытша (күндізгі) болу, сондай-ақ ақпараттық, консультациялық, делдалдық қызметтер көрсету арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін білім беру органдарының қарамағындағы ұйымдар;

      5) кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары – ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, уақтылы орналастырылуы мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн балаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қабылдауды және уақытша бағып-ұстауды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы ұйым.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары (бұдан әрі – Ұйым) – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, қараусыз және панасыз қалған балаларға, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға тұрғылықты орын бере отырып, тәрбиелеу, білім алу үшін қолайлы жағдайлар жасалатын білім беру жүйесінің ұйымдары Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес көрсетілетін қызметтер.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ұйым өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Білім туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы" (бұдан әрі – "Бала құқықтары туралы" Заң) заңдарға, осы Қағидаларға және ұйымның жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

      7. Ұйым тәрбиеленушілердің психофизиологиялық ерекшеліктеріне, денсаулықты сақтау, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау талаптарына сәйкес тәрбие бағдарламасын дербес әзірлейді.";

      8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету;";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы қызметінің тәртібі";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында күнтізбелік жыл ішінде: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық қызметтер түріндегі арнаулы әлеуметтік қызметтерді үш жастан он сегіз жасқа дейінгі:

      1) жетім балалар;

      2) ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, ата-аналарының хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-аналарының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-аналары өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемесінен алудан бас тартқан кезде, оларды уақтылы орналастыру мүмкін болмаған, сондай-ақ олардың өміріне немесе денсаулығына тікелей қатер төнген кезде орган ата-анасынан (олардың бірінен) немесе қамқорлығында болған басқа да адамдардан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған өзге де жағдайларда іріктеп алынған балалар;

      3) ата-аналарын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балалар;

      4) арнайы білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар;

      5) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалар алады.";

      31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері осы Қағидалардың 29-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандар арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағанды арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына қабылдау туралы актінің негізінде орналастырылады, бұл туралы арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының әкімшілігі жиырма төрт сағат ішінде Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына жазбаша хабарлайды.

      32. Кәмелетке толмағандарды одан әрі бағып-ұстау не орналастыру туралы мәселені шешу үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының қызметкерлері үш жұмыс күні ішінде қадағалаусыз, панасыз қалу не зорлық-зомбылық, баланың өмірі мен денсаулығына қатыгезбен қарау белгілерінің болуын негіздейтін органдарға ақпарат жібереді.";

      34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Тәрбиеленушіні арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығынан басқа ұйымға ауыстыруды Білім басқармасы психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының қолдаухаты негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте білім басқармасы ауыстыру туралы тиісті бұйрық дайындайды.

      35. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін шығару арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша, ол болмаған кезде – арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы әкімшілігінің шешімі бойынша жүргізіледі.

      36. Кәмелетке толмағандар кәмелетке толғанға дейін отбасына тәрбиелеуге орналастыру мүмкін болмаған жағдайда оларға көмек көрсету және оларды одан әрі орналастыру мәселелерін шешу үшін алты айдан аспайтын мерзімде арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында болады.

      37. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына келіп түскен сәттен бастап алты ай ішінде жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала мәртебесі белгіленген кезде арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына тұрақты тұруға қабылдау осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес белгіленген құжаттар тізбесі негізінде кейіннен отбасына орналастырылғанға дейін жүзеге асырылады.

      38. Тәрбиеленушіні арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығынан ауыстырған (шығарған) кезде жеке істер тәрбиеленуші тұратын және оқитын ұйымның өкіліне беріледі, ол туралы журналға тиісті жазба жазылады.

      39. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында қызметтер (бөлімдер) ұйымдастырылады):

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды психологиялық және құқықтық қолдау және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының түлектерін интернаттан кейінгі сүйемелдеу қызметі (бөлімі);

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды отбасылық орналастыруға жәрдемдесу және асырап алушы ата-аналарды сүйемелдеу қызметі (бөлімі).

      40. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды психологиялық және құқықтық қолдау қызметінің (бөлімінің) міндеттері:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалардың жеке және зияткерлік дамуына жәрдемдесу, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;

      2) тез дамып келе жатқан ақпараттық қоғам жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға, олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық көмек көрсету;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж әрбір балаға оның жеке басын психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде көзқарасты дараландыруға ықпал ету;

      4) психологиялық диагностика жүргізу және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж тәрбиеленушілер мен балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

      5) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалардың психологиялық қиындықтары мен проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

      6) ата-аналар мен орталық қызметкерлеріне психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмысының оңтайлы әдістерін таңдауда консультациялық көмек көрсету;

      7) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қабылдаушы отбасылардағы өмірге психологиялық даярлауды жүзеге асыру.

      41. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін отбасылық орналастыруға жәрдемдесу және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының түлектерін интернаттан кейінгі сүйемелдеу және асырап алушы ата-аналарды сүйемелдеу қызметінің (бөлімінің) міндеттері:

      1) баланы отбасына қайтару мақсатында арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалардың туған отбасыларымен жұмыс жүргізуді жүзеге асыру;

      2) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлауды жүзеге асыру;

      3) отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқықтарын іске асыру үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды ата-ана қамқорлығынан айырылуының нақты мән-жайларын анықтау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;

      4) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға және қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтарға консультациялық көмек көрсету;

      5) жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдаған отбасыларға психологиялық, консультациялық және өзге де көмек көрсету;

      6) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қабылдаушы отбасына орналастыру бойынша органдармен жұмысты жүзеге асыру;

      7) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың түлектеріне дербес өмірге бейімделуге жәрдем көрсету;

      8) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар түлектерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға жәрдемдесу;

      9) өзін-өзі қамтамасыз ету проблемаларын шешуде, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждықтың алдын алу мүмкіндіктерін іске асыруда қолдау;

      10) еңбекқорлықты, салауатты өмір салтын, мінез-құлық мәдениетін, заңға бағыну дағдыларын қалыптастыру.

      42. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында қажеттілікке қарай басқа да қызметтер (бөлімдер) құрылады.

      43. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы қызметі арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждықтың алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асырумен байланысты заңды тұлғаларға ақпараттық, консультациялық, делдалдық қызметтер көрсетеді.";

      68-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалар.";

      Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына 1-қосымшада тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәмелетке толмағанды арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына орналастыру туралы акт";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - "Білім туралы" Заң) 5-бабы 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.";

      29-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Балалар музыка мектептерінде, балалар көркемөнер мектептерінде және өнер мектептерінде оқу-тәрбие процесі "Білім туралы" Заңның 5-бабы 17) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) 5-бабы 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және ересектерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.".

  Өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
қосымша
  Экстернат нысанында оқыту
және "Негізгі орта, жалпы орта
білім беру ұйымдарында
экстернат нысанында оқуға
рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
4-қосымша
  Кімге:_____________ басшысы
Жергілікті атқарушы органның
атауы
Кімнен:_____________________
Т.А.Ә. (бар болса) және толық
жеке сәйкестендіру нөмірі/
Нысан

Экстернат нысанында оқытуға рұқсат беруге өтініш

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағы 24-4) , 3-тармақ, 25-7) тармақшаларына, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес

      _______________________________________________________

      оқушының Т.А.Ә. (бар болса), туған күні (білім беру ұйымының атауын, сыныбын көрсету)

      білім беру ұйымында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беруді сұраймын.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын ақпараттық жүйелердегі құпия мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      "_____" ____________ 20___ ж.

      Мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады