Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Өнімді алып қою туралы қаулының нысанын және өнімді айналысқа шығаруға тыйым салу туралы қаулының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 333-НҚ бұйрығының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2025 жылғы 19 наурыздағы № 113-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 наурызда № 35845 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. "Өнімді алып қою туралы қаулының нысанын және өнімді айналысқа шығаруға тыйым салу туралы қаулының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 333-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22766 болып тіркелген) күші жойылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
А. Нусупов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи ресурстар

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 19 наурыздағы
№ 113-НҚ Бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" және "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету, өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат нысанын және типті бекіту белгісінің нысанын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 931 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18110 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" және "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында:

      1-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" және "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 21) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" және "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібін айқындайды.";

      26-тармақтың екінші бөлігі келесідей редакцияда жазылсын:

      ""Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес келтірілген.";

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

      "26-1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісім береді.";

      28-тармақтың екінші бөлігі келесідей редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезінде, электрондық сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      31-тармақтың екінші бөлігі келесідей редакцияда жазылсын:

      ""Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес келтірілген.";

      мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:

      "31-1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісім береді.";

      33-тармақтың екінші бөлігі келесідей редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезінде, мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      35-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "35. Көрсетілетін қызметті беруші "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі және "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада реттік нөмірі 9-жол келесідей редакцияда жазылсын:

      "

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      ";

      көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшасында реттік нөмірі 9-жол келесідей редакцияда жазылсын:

      ".

      2. "Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу" және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 932 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18108 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе келесідей редакцияда жазылсын:

      ""Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      2-тармақ келесідей мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жіберу;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу қағидаларында:

      1-тармақтың бірінші бөлігі келесідей редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Өлшемдерді орындау әдістемелерін (бұдан әрі – ӨОӘ) және референттік ӨОӘ әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде (бұдан әрі – МӨЖ тізілімі) тіркеу және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсетудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 13) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ӨОӘ және референтті ӨОӘ әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және тіркеу және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.";

      44-тармақтың екінші бөлігі келесідей редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес келтірілген.";

      мынадай мазмұндағы 44-1-тармақпен толықтырылсын:

      "44-1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісім береді.";

      46-тармақтың екінші бөлігі келесідей редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезінде, электрондық сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      47-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "47. Көрсетілетін қызметті беруші "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:

      реттік нөмірлері 7, 8, 9 және 10-жолдар келесідей редакцияда жазылсын:

      "

7

Жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады), тәулік бойы жұмыс істейді.
2) көрсетілетін қызметті беруші – Кодекске және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www. beta. egov. kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметті алу үшін порталда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын толтырады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

      ".

      3. "Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету" және "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 933 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18106 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе келесідей редакцияда жазылсын:

      ""Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      2-тармақ келесідей мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жіберу;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету" және "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларында:

      1-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету" және "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 23) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және стандартты үлгінің типін бекіту және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде (бұдан әрі – ҚР МӨЖ тізілімі) тіркеу және "Шетелдік шығарылымның стандартты үлгісін пайдалануға рұқсат" және "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.";

      13-тармақтың екінші бөлігі келесідей редакцияда жазылсын:

      ""Шетелдік шығарылымның стандартты үлгісін пайдалануға рұқсат" мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес келтірілген.";

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісім береді.";

      15-тармақтың екінші бөлігі келесідей редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі - Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезінде, мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      18-тармақтың екінші бөлігі келесідей редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес келтірілген.";

      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісім береді.";

      20-тармақтың екінші бөлігі келесідей редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезінде, электрондық сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      22-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "22. Көрсетілетін қызметті беруші "Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің және "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

      тақырып келесідей редакцияда жазылсын:

      ""Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі";

      реттік нөмірі 4-жол келесідей редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      ";

      реттік нөмірлері 7, 8 және 9-жолдар келесідей редакцияда жазылсын:

      "

7

Жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады), тәулік бойы жұмыс істейді;
2) көрсетілетін қызметті беруші – Кодекске және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www.beta.egov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес шетелдік шығарылымның стандартты үлгісін қолдану үшін куәлік алу анықтамасының электрондық көшірме нысаны.
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы қызмет көрсетушіге беріледі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      ";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:

      тақырып келесідей редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі";

      реттік нөмірі 4-жол келесідей редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      ";

      реттік нөмірлері 7, 8 және 9-жолдар келесідей редакцияда жазылсын:

      "

7

Жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады), тәулік бойы жұмыс істейді;
2) көрсетілетін қызметті беруші – Кодекске және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www. beta. egov. kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік стандарт үлгісін бекіту туралы сертификат алу үшін анықтаманың электронды көшірме нысаны.
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы қызмет көрсетушіге беріледі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      ".

      4. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20667 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе келесідей редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      2-тармақ келесідей мазмұндағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "1-1) мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жіберу;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      1-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 11-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру тәртібін айқындайды.";

      6-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес келтірілген.";

      13- тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "13. Көрсетілетін қызметті беруші "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

      тақырып келесідей редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі";

      реттік нөмірі 4-жол келесідей редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      ";

      реттік нөмірлері 6, 7, 8 және 9-жолдар келесідей редакцияда жазылсын:

      "

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 4-тармағына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым:
1) қызметтің осы түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеуге лицензиялық алым 1 АЕК құрайды.
Төлем екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18:30 дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің интернет-ресурсында: www.beta.egov.kz, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін Порталда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптары нысанына сәйкес мәліметтерді толтырады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;
5) қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініші көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салған;
7) қызмет алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда.

      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады