МАЗМҰНЫ
Ескерту. ҚР 1997.12.13 N 209 Заңының 4-7-баптарын қараңыз. Ескерту. Мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - VIII" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 8" деген цифрлармен ауыстырылды - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), бүкіл мәтін бойынша "еңбек заңдарында", "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен", "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына", "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында", "еңбек туралы заңдарға", "еңбек туралы заңда" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында", "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен", "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылды - 2007.05.15 N 253, бүкіл мәтін бойынша әскери комиссариатқа" деген сөздер "жергілікті әскери басқару органына" деген сөздермен ауыстырылды - 2007.05.22 N 255 Заңдарымен. ЖАЛПЫ БӨЛIМ |
59-бап. Мемлекеттік сот орындаушысының мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкiмiн атқару жөнiндегi iс-әрекетi Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Мемлекеттік сот орындаушысы атқару парағын алған соң дереу тiзiмде көрсетiлген мүлiктiң бар-жоғын тексередi, тәркiлеуге жататын басқа мүлiктi анықтайды, сөйтiп оны тiзiмге кiргiзедi. Егер мүлiктiң тiзiмi жүргiзiлмеген болса, Мемлекеттік сот орындаушысы сотталушының тәркiленуге жататын мүлкiн анықтауға шара қолданады, сөйтiп оны тапқан жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сол мүлiктiң тiзiмiн жасайды. 2. Тiзiмде әрбiр заттың толық және дәл атауы, оның айырым белгiлерi, соның iшiнде түсi, мөлшерi, тозу дәрежесi мен жеке сипаттамасы көрсетiледi. Тiзiмделген заттар сүргiленедi, мөрленедi және сақтауға берiледi, бұл туралы тiзiмге белгi соғылады. 3. Мемлекеттік сот орындаушысы тәркiленуге жататын және тiзiмге алынған мүлiктi сақтауға қажеттi шаралар қолданады. 4. Алып тасталды - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 5. Сотталушының ортақ және бiрлескен меншiктегi үлесiн мемлекеттік сот орындаушысының ұсынуы бойынша сот азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен анықтайды. Ескерту. 59-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 60-бап. Тәркiленген мүлiктi уәкiлеттi мемлекеттiк органға беру 1. Сотталушының тәркiленген мүлкiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған қойылатын барлық талаптар қанағаттандырылғаннан кейiн жүргiзiледi. Тәркiленген мүлiк есебiнен қанағаттандыруға жататын талаптар жөнiнде мемлекет оны сатудан немесе одан әрі пайдаланудан алынған қаражат шегiнде жауап бередi.2. Тәркiленген мүлiктi уәкiлеттi мемлекеттiк органға беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Ескерту. 60-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2000.06.23 N 57, 2001.12.24 N 276, 2006.06.22 N 147 Заңдарымен. 61-бап. Тәркiленуге жататын мүлiкке байланысты үшiншi тұлғалардың мiндеттерi 1. Өзiнде сот үкiмiмен тәркiленуге жататын мүлiк бар ұйымдар мен азаматтар бұл туралы сотқа немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлауға мiндеттi.2. Аталған мүлiктiң жасырылуына, бүлiнуiне немесе ұрлануына кiнәлiлер заңға сәйкес жауапқа тартылады. Ескерту. 61-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2000.06.23 N 57, 2001.12.24 N 276 Заңдарымен. 62-бап. Үкiмдi атқарудан кейiн анықталған мүлiктi тәркiлеу Үкiм барлық мүлiктi тәркiлеу бөлiгiнде атқарылып, бiрақ айыптау үкiмiн атқарудың заңмен белгiленген өтеу мерзiмдерi бiткенге дейiн сотталушының оған үкiм шығарылғанға дейiн немесе үкiм шығарылғаннан кейiн ол тәркiлеуге жататын қаражатқа сатып алған тәркiленбеген мүлкi табылған жағдайларда, үкiм шығарған сот немесе үкiмдi атқару орны бойынша сот, егер мүлiк заң бойынша тәркiленуi мүмкiн болса, мемлекеттік сот орындаушысының ұсынуымен табылған мүлiктi тәркiлеудi атқаруға жiберу туралы қаулы шығарады.Ескерту. 62-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 3 БӨЛIМ. ҚАМАУ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ АТҚАРУЕскерту. 3-бөлім алып тасталды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.4 БӨЛIМ. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ АТҚАРУ 11-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ АТҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРI 68-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны атқару орындары 1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар сотталғанға дейiн өздерi тұрған облыстың аумағындағы Қазақстан Республикасының түзеу мекемелерiнде жазасын өтейдi.2. Сотталғанға дейiн тұрған жерi бойынша тиiстi түрдегi түзеу мекемесi болмаған жағдайда, сондай-ақ сотталғандардың денсаулығының жай-күйіне байланысты немесе олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшiн қылмыстық атқару жүйесінің уәкілетті органының нұсқауы бойынша олар жазасын өтеу үшін басқа облыстың тиісті түзеу мекемесiне жіберіледі. 3. Түзеу мекемесінде құқық тәртібін сақтау үшін қылмыстық атқару жүйесі уәкілетті органының нұсқауы бойынша сотталғандарды құлыпталатын үй-жайларда бөлек ұстауды қамтамасыз еткен жағдайда олар жазасын өтеу үшін басқа облыстың қылмыстық атқару жүйесінің тиісті мекемесіне жіберіледі не осы Кодекстің 69-бабында көзделген жазасын өтеу орны бойынша оқшауланған учаскенің құлыпталатын үй-жайларына ауыстырылады. Басқа мекемелерге жіберілген не осы баптың 3-тармағына сәйкес жазасын өтеу орны бойынша ауыстырылған сотталғандарға сот тағайындаған түзеу колониясының түрі үшін осы Кодексте белгіленген жағдайлар қолданылады. 4. Қылмыстарды өте қауiптi қайталау жағдайында сотталғандар, өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар, жазаны түрмеде өтеуге сотталғандар, өлiмге кесу түріндегі жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдар, сотталған әйелдер, сотталған кәмелетке толмағандар жазасын өтеу үшiн орналасқан жерi бойынша тиiстi түзеу мекемелерiне жiберiледi. 5. Бас бостандығынан айыруға сотталған, Қазақстан Республикасының түзеу мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан шетелдіктер жазаларын одан әрі өтеу үшін өздері азаматтары (боданы) болып табылатын мемлекеттерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен жіберілуі мүмкін. Ескерту. 68-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 69-бап. Түзеу мекемелерiнiң түрлерi 1. Түзеу колониялары, тәрбиелеу колониялары, түрмелер түзеу мекемелерi болып табылады. Тергеушiлiк оқшаулау орындары шаруашылықтық қызмет көрсету жөнiндегi жұмысты орындауға қалдырылған (осы Кодекстiң 72-бабы), сондай-ақ түзеу мекемесінде құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін жіберілген және осы Кодекстің 68-бабының тәртібімен ауыстырылған сотталғандарға қатысты түзеу мекемелерiнiң мiндетiн атқарады.2. Түзеу колониялары кәмелетке толған бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жазасын өтеуіне арналған. Олар колония-қоныстар, жалпы, қатаң және айрықша режимдегі колониялар болып бөлінеді. Сотталған адамдар құлыпталатын үй-жайларда тұратын бір түзеу колониясында әртүрлі режим түрлері бар оқшауланған учаскелер жасалуы мүмкін. 3. Колония-қоныстарда абайсызда жасаған қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталғандар және қасақана қылмыс жасағаны үшін бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар, сондай-ақ сотталғандардың осы Кодекстiң 73-бабының 2-тармағы негiзiнде және сонда белгiленген тәртiп бойынша жалпы және қатаң режимдегi түзеу колонияларынан ауыстырылғандары жазасын өтейдi. 4. Жалпы режимдегi түзеу колонияларында әдейi жасаған кiшiгiрiм немесе орта ауырлықтағы қылмыстар және ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бір жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығын шектеу алты айға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдар жазасын өтейдi. 5. Қатаң режимдегi түзеу колонияларында аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған, сондай-ақ сотталушы бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген болса, қылмыстар қайталанған жағдайда сотталған еркектер мен қылмыстар аса қауiптi қайталанған жағдайда әйелдер жазасын өтейдi. 6. Айрықша режимдегi түзеу колонияларында қылмыстар аса қауiптi қайталанған жағдайда еркектер, өмiр бойы бас бостандығынан айырылғандар, сондай-ақ өлiмге кесу түрiндегi жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен бас бостандығынан айыруға ауыстырылып сотталғандар жазасын өтейдi. 7. Мәжбүрлеп және міндетті емдеудi жүзеге асыратын түзеу мекемелерiнде осы Кодекстiң 16-бабының 1 және 4-тармақтарында аталып өткен сотталғандар жазасын өтейдi. 8. Түрмелерде ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшiн, қылмыстар аса қауiптi қайталанған жағдайда бес жылдан астам мерзiмге сотталған, сондай-ақ жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзып, түзеу колонияларынан ауыстырылған және (немесе) осы Кодекстің 68-бабының 3-тармағына сәйкес жіберілген адамдар жазасын өтейдi, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторий енгізілгенге дейін немесе мораторий қолданылған уақытта өздеріне қатысты өлім жазасы туралы үкім күшіне енген адамдар ұсталады. 9. Тәрбиелеу колонияларында бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмағандар, сондай-ақ жиырма жасқа жеткенге дейiн тәрбиелеу колонияларында қалдырылған сотталғандар жазасын өтейдi. Ескерту. Осы Кодекстің баптарында құлыпталатын үй-жайлар деп онда болуы жазалау шараларына байланысты емес, алты адамға дейін бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстауға арналған камера, құлыпқа жабылған үй-жай түсіндіріледі. Ескерту. 69-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2004.03.10 N 529, 2007.03.26 N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.29 N 502-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 70-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жазасын өтеуге жiберу 1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар тергеу изоляторларының әкiмшiлiгi соттың үкiмi заңды күшiне енгенi туралы хабарламаны алған күннен бастап он күннен кешiктiрiлмей жазасын өтеуге жiберiледi. Осы мерзiм iшiнде сотталған адамның туыстарымен немесе өзге адамдармен қысқа мерзiмдi кездесуге құқығы бар. Сотталған адамдарды түзеу мекемелерiне жiберу тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.2. Тергеушiлiк оқшаулау орнының әкiмшiлiгi сотталушының қалауы бойынша туыстарының бiрiн не заңды өкiлiн оның жазасын өтеу үшiн қайда жiберiлiп отырғаны туралы хабардар етуге мiндеттi. Ескерту. 70-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.29 N 25, 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 71-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру 1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын өтеу орнына жiберiледi және бiр жазасын өтеу орнынан екiншiсiне айдап апару арқылы ауыстырылады.2. Сотталғандарды айдап апару арқылы орнын ауыстыру ұстау ережелерi сақтала отырып: еркектер әйелдерден бөлек, кәмелетке толмағандар - ересектерден бөлек; өлiм жазасына кесiлгендер - сотталғандардың басқа санаттарынан бөлек; бiр қылмыстық iс бойынша өтушi тергелiп-сотталғандар - бөлек-бөлек, туберкулезбен ауыратындар немесе соз ауруынан емделудiң толық курсынан өтпегендер, жүйкесi ауыратындар - бiр-бiрiнен бөлек және денi саулардан бөлек, қажет болған жағдайда дәрiгердiң қорытындысы бойынша медицина қызметкерлерiнiң ерiп жүруiмен жүзеге асырылады. 3. Сотталғандарды айдап апару арқылы орнын ауыстыру кезiнде олар қажеттi тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз етiледi. 4. Сотталғандарды орнын ауыстыру кезiнде оларды мекеме (жөнелтушi орган) маусымдық киiммен, аяқ киiммен, сондай-ақ жолдағы бүкiл кезеңде сотталғандар үшiн белгiленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етедi. 5. Сотталғандардың орнын ауыстыру мемлекет есебiнен жүзеге асырылады. 6. Сотталған адамдардың орын ауыстыру тәртібі қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады. 7. Сотталған адамды жазаны өтеу орнына жiберу немесе жазасын өтейтiн бiр орыннан екiншiсiне ауыстыру кезiнде оның жеке шотындағы ақшалары сотталған адам жiберiлген не ауыстырылған мекемедегі оның жеке шотына аударылады. Ескерту. 71-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.03.26 N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 72-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды тергеушiлiк оқшаулау орнында немесе түрмеде қалдыру 1. Жазасын өтеу жалпы режимдегi түзеу колониясына тағайындалған, бес жылдан аспайтын мерзiмге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар ерекше жағдайларда өздерiнiң келiсiмiмен шаруашылық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн тергеушiлiк оқшаулау орнында немесе түрмеде қалдырылуы мүмкiн.2. Сотталғандарды шаруашылық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн қалдыру сотталушының жазбаша келiсiмi болған жағдайда тергеушiлiк оқшаулау орны немесе түрме бастығының қаулысымен жүргiзiледi. 3. Тергеушiлiк оқшаулау орнында немесе түрмеде шаруашылық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн қалдырылған сотталғандар жалпы режимдегi түзеу колониялары үшiн осы Кодексте көзделген жағдайларда өзге адамдардан оқшау ұсталады. 4. Басқа адам жасаған қылмыс туралы iс бойынша тергеу iс-әрекетiн жүргiзу қажет болған жағдайда жазасын түзеу колониясында немесе тәрбиелеу колониясында өтеумен бас бостандығынан айыруға сотталушы Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында белгiленген мерзiмге тергеушiлiк оқшаулау орнында немесе түрмеде қалдырылуы мүмкiн. 5. Басқа адам жасаған қылмыс туралы iс бойынша сот қарауына қатысу қажет болған жағдайда сотталушы соттың қаулысы бойынша iстi сотта қарау уақытында тергеушiлiк оқшаулау орнында немесе түрмеде қалдырылуы мүмкiн. 6. Егер сотталушы басқа iс бойынша қылмыстық жауапқа тартылып, ол жөнiнде қамауға алу түрiнде тыйым салу шарасы таңдап алынған болса, оны тергеушiлiк оқшаулау орнында ұстау мерзiмдерi Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарына сәйкес белгiленедi. 7. Сотталушы түзеу мекемесiнен тергеушiлiк оқшаулау орнына немесе түрмеге осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында аталған негiздер бойынша, сондай-ақ түзеу мекемесінде құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін және осы Кодекстің 68-бабының тәртібімен ауыстырылуы мүмкiн. 8. Түзеу мекемесінде құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін және осы Кодекстің 68-бабының тәртібімен тергеушілік оқшаулау орындарына ауыстырылған сотталғандар тергеушілік оқшаулау орнында қамауда отырған және шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған адамдардан оқшау, осы Кодексте түзеу мекемелері үшін көзделген жағдайларда құлыпталатын камераларда ұсталады. Ескерту. 72-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 73-бап. Түзеу мекемесiнiң түрiн өзгерту 1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға мiнез-құлқына және еңбекке көзқарасына қарай түзеу мекемесiнiң түрi өзгертiлуi мүмкiн.2. Өзiн жақсы жағынан көрсеткен сотталғандар жазасын одан әрi өтеу үшiн: сотталғандар түрмеде сот үкiмi бойынша тағайындалған мерзiмiнiң кемiнде жартысын өтегеннен кейiн түрмеден түзеу колониясына; ұстаудың жеңiлдетiлген жағдайларындағы сотталғандар ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар жасағаны үшiн жаза мерзiмiнiң кемiнде төрттен бiрiн, ауыр қылмыстар жасағаны үшiн жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн өтегеннен кейiн, ал бас бостандығын айыруды өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған және жазаның өтелмей қалған кезеңiнде жаңа қылмыстар жасаған сотталғандар жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екiсiн өтегеннен кейiн жалпы және қатаң режимдегi түзеу колонияларынан колония-қонысқа ауыстырылуы мүмкiн. 3. Мыналар: қылмыстардың аса қауiптi қайталануы жағдайында сотталғандар; аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн сотталғандар; өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар, сондай-ақ өмiр бойы бас бостандығынан айыру кешiрiм жасау тәртiбiмен белгiлi бiр мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылып сотталғандар; өлiм жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен бас бостандығынан айыруға ауыстырылып сотталғандар; мiндеттi емделуден өтпеген, сондай-ақ жабық үлгiдегi медицина мекемелерiнде арнайы емдеудi талап ететiн сотталғандар; колония-қонысқа ауыстыруға жазбаша түрде келiсiм бермеген сотталғандар колония-қонысқа көшiрiлуге жатпайды. 4. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушылар болып табылатын сотталғандар: колония-қоныстан бұрын сот айқындаған түрдегi түзеу колониясына; сот үкiмi бойынша өздерi жiберiлген колония-қоныстан жалпы режимдегi түзеу колониясына; жалпы, қатаң және айрықша режимдегi түзеу колонияларынан түрмеге өздерi жiберiлген режим түрiндегi түзеу колониясында жазаның қалған мерзiмiн өтеуге үш жылдан аспайтын мерзiмге түрмеге ауыстырылуы мүмкiн. 5. Түзеу мекемесiнiң түрiн өзгертудi түзеу мекемесi бастығының ұсынуы негiзiнде сот жүзеге асырады. Ескерту. 73-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.12.21 N 363, 2007.03.26 N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 74-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды түзеу мекемелерiне қабылдау 1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды түзеу мекемелерiне Iшкi тәртiп ережелерiнде белгiленген тәртiппен түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiгi қабылдайды.2. Түзеу мекемелерiне келген сотталғандар он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге карантин бөлiмшесiне орналастырылады. Сотталғандар карантин бөлiмшесiнде болған кезеңiнде әдеттегi жазаны өтеу жағдайларында болады. 75-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды түзеу мекемелерiнде бөлек ұстау 1. Түзеу мекемелерiнде бас бостандығынан айыруға сотталған еркектер мен әйелдердi, кәмелетке толмағандар мен ересектердi бөлек ұстау белгiленедi.2. Осы баптың 5-тармағында көрсетiлген адамдарды қоспағанда, бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген сотталғандардан бөлек ұсталады. Бiр түзеу мекемесiнде бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған әйелдер бұл жазаны бұрын өтеген әйелдерден бөлек ұсталуы мүмкiн. Қылмыстар аса қауiптi қайталанған жағдайда сотталғандар; өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар; өмiр бойы бас бостандығынан айыру кешiрiм жасау тәртiбiмен белгiлi бiр мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылып сотталғандар; өлiм жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандар басқа сотталғандардан оқшау, сондай-ақ бөлек ұсталады. 3. Сотталған бұрынғы сот және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi бөлек түзеу мекемелерiнде ұсталады. Бұл мекемелерге өзге де сотталғандар жiберiлуi мүмкiн. 4. Сотталғандарды бөлек ұстаудың осы бапта белгiленген талаптары мәжбүрлеп және мiндеттi емдеудi жүзеге асыру мекемелерiне, сондай-ақ балалар үйлерi бар түзеу мекемелерiне қолданылмайды. Сотталғандар аталған мекемелерге жiберiледi, сот тағайындаған колонияның түрi үшiн заңмен белгiленген жағдайларда ұсталады. 5. Әртүрлi жұқпалы аурулармен ауырған сотталғандар жеке-жеке және денi сау сотталғандардан бөлек ұсталады. Емдеу-профилактикалық мекемелерiнде (ауруханаларда, арнайы психиатриялық және туберкулездi емдеу ауруханаларында) сотталған ер адамдар сот белгiлеген режим түрiне қарамастан бiрге ұсталады. Туберкулездi емдеу ауруханаларында және емдеу құқығы бар түзеу мекемелерiнде сотталған адамдарды бөлек ұстау медициналық айғақтамалармен айқындалады. Ескерту. 75-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.03.26. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 76-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бүкiл жаза мерзiмiн бiр түзеу мекемесiнде өтеуi 1. Бас бостандығынан айыруға сотталушы жазаның бүкiл мерзiмiн, әдетте, бiр түзеу колониясында, түрмеде немесе тәрбиелеу колониясында өтеуге тиiс.2. Сотталушыны жазасын одан әрi өтеу үшiн бiр колониядан сондай түрдегi басқа колонияға көшiруге ол ауырған жағдайда не оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн, түзеу мекемесiн қайта ұйымдастыру немесе тарату кезiнде, өндiрiске қажет болған жағдайда сотталушының келiсiмiмен, сондай-ақ сотталушының сол түзеу мекемесiнде одан әрi болуына кедергi жасайтын өзге де ерекше мән-жайлар кезiнде жол берiледi. 12-тарау. ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРIНДЕГI РЕЖИМ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ 77-бап. Түзеу мекемелерiндегi режимнiң негiзгi талаптары 1. Түзеу мекемелерiндегi режим - сотталғандарды күзету мен оқшаулауды қамтамасыз ететiн заңда және заңға сәйкес нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген жазаны атқару мен өтеу тәртiбi; оларды ұдайы қадағалау; өздерiне жүктелген мiндеттердi атқару; олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыру; сотталғандар мен қызметкерлердiң қауiпсiздiгi; сотталғандардың түрлi санаттарын бөлек ұстау; сот тағайындаған түзеу мекемесiнiң түрiне қарай ұстаудың түрлi жағдайлары; жазаны өтеу шарттарын өзгерту.2. Режим сотталғандарды түзеудiң басқа құралдарын қолдануға жағдайлар жасайды. 3. Түзеу мекемелерiнде қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн Ішкi тәртiп қағидалары қолданылады. 4. Түзеу мекемелерiнде сотталғандар нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалатын белгiленген үлгiдегi киiмдi киiп жүредi. 5. Сотталғандар, олардың заттары мен киiм-кешегi, сондай-ақ түзеу мекемесiнiң үй-жайы тiнтiледi және тексерiледi. Жеке тiнтудi сотталғандармен бiр жыныстағы адамдар жүргiзедi. Тұрғын үй-жайды оларда сотталғандар болған кезде тiнтуге кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайда жол берiледi. 6. Түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi мекеменiң аумағындағы және оған жапсарлас режимдiк талаптар белгiленген аумақтардағы адамдарға, олардың заттарына, көлiк құралдарына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ тiзбесi Қазақстан Республикасының заңдарымен және түзеу мекемелерiнiң Iшкi тәртiп ережелерiмен белгiленетiн тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға құқылы. 6-1. Түзеу мекемесіне іргелес жатқан аумақтың шекарасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары оның әкімшілігімен келісім бойынша белгілейді. Түзеу мекемесіне іргелес аумақтағы жерді пайдалану режимін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары оның әкімшілігімен келісім бойынша белгілейді. 7. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының түзеу мекемелеріндегі сотталған адамдарға қадағалауды және тексерулер жүргізуді жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыру тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды. 8. Сотталғандардың өзiнде болуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердiң тiзбесi түзеу мекемелерiнiң Iшкi тәртiп ережелерiмен белгiленедi. Сотталғандардың ақшаны, бағалы қағаздар мен бағалы заттарды, сондай-ақ тiзбеде көрсетiлмеген нәрселердi өзiнде сақтауына жол берiлмейдi. 9. Сотталғандардан табылған ақшаны, бағалы қағаздар мен өзге де бағалы заттарды, сондай-ақ түзеу мекемесінің аумағынан табылған, олардың кімге тиесілі екенін анықтау мүмкін болмаған ақшаны, бағалы қағаздар мен өзге де бағалы заттарды түзеу мекемелерiнiң ішкi тәртiп қағидаларына сәйкес түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi алып қояды және соттың шешімі бойынша мемлекеттің кірісіне айналуға тиіс. Сотталғандардан алынған, сондай-ақ түзеу мекемесінің аумағынан табылған, заңнамамен тыйым салынған өзге де заттар мен құжаттар сақтауға өткiзiледi не соттың шешiмi бойынша жойып жiберiледi. 10. Сотталғандардың белгiленген тәртiппен сатып алған бағалы қағаздарын сақтауды түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi қамтамасыз етедi. Ескерту. 77-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.16 N 244, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)), 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 78-бап. Қадағалау мен бақылаудың техникалық құралдары 1. Түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiгi қашып шығу мен басқа қылмыстардың, жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзудың алдын алу, сотталғандардың мiнез-құлқы туралы қажеттi ақпарат алу үшiн дыбыстық-бейнелiк (бейнелік қадағалау жүйесі), электронды және өзге де техникалық құралдарды пайдалануға құқылы.2. Түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiгi сотталғандарға қадағалау мен бақылаудың бiр мезгiлде қорғау мiндетiн атқаратын, бұзылған жағдайда сотталғандардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiруi ықтимал техникалық құралдары қолданылатыны туралы хабарлауға мiндеттi. 3. Қадағалаудың, бақылаудың және күзеттің инженерлік-техникалық құралдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды, оларды пайдалану тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді. Ескерту. 78-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 79-бап. Түзеу мекемелерiндегi жедел-iздестiру қызметi 1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес түзеу мекемелерiнде жедел-iздестiру қызметi жүзеге асырылады, оның мiндетi мыналар болып табылады:жазаларды атқарудың тәртiбi мен ережелерiн, сотталғандардың, түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерi мен өзге де адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; түзеу мекемелерiндегi әзiрленiп жатқан және жасалмақшы қылмыстар мен жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзуды анықтау, ашу, жолын кесу және алдын алу; түзеу мекемелерiнен қашып кеткен сотталғандарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыруды өтеуден жалтарып жүрген сотталғандарды белгiленген тәртiппен iздестiру; сотталғандардың түзеу мекемесiне келгенге дейiн жасаған қылмыстарын анықтау мен ашуға жәрдемдесу. 2. Жедел-iздестiру жұмысын түзеу мекемелерiнiң оралымды қызметтерi жүзеге асырады. 80-бап. Түзеу мекемелерiндегi айрықша жағдайлар режимi 1. Табиғи апат, түзеу мекемесi орналасқан ауданға төтенше, ерекше жағдай немесе соғыс жағдайы енгiзiлген, сотталғандардың топтасып бағынбаушылығы жағдайларында, сондай-ақ жаппай тәртiпсiздiктер кезiнде түзеу мекемесiнде ерекше жағдайлар режимi енгiзiлуi мүмкiн.2. Ерекше жағдайлар режимi қолданылған кезеңде түзеу мекемесiнде сотталғандардың осы Кодексте көзделген кейбiр құқықтарының жүзеге асырылуы тоқтатыла тұруы, күзет пен қадағалаудың күшейтiлген нұсқасы, объектiлерге жiберудiң ерекше тәртiбi енгiзiлуi, күн тәртiбiнiң өзгертiлуi, өндiрiстiк, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени-ағартушылық, медициналық-санитариялық және өзге қызметтердiң жұмысы шектелуi мүмкiн. 3. Ерекше жағдайлар режимі қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен келiсілген шешiмi бойынша отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге енгiзiледi. Ерекше жағдайлар режимін енгізу тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді. Айрықша реттерде ерекше жағдайлар режимiнiң қолданылу уақыты осы бапта айқындалған тәртiппен қосымша отыз тәулiкке ұзартылуы мүмкiн. Ескерту. 80-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.16. N 244, 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 81-бап. Қауiпсiздiк шаралары және оларды қолдану негiздерi 1. Егер сотталғандар түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерiне қарсылық көрсетсе, олардың заңды талаптарына қасақана бағынбаса, бой бермеушiлiк танытса, жаппай тәртiпсiздiктерге, аманаттар басып алуға қатысса немесе осы секiлдi өзге де iс-әрекеттер жасаса, азаматтарға шабуыл жасаса, сондай-ақ түзеу мекемелерiнен қашып шығу немесе қашқандарды ұстау кезiнде сотталғандарға аталған құқыққа қарсы әрекеттердi тыю, сондай-ақ бұл адамдардың айналасындағыларға немесе өздерiне өздерi зиян келтiруiне жол бермеу мақсатында дене күшi, арнаулы құралдар мен қару қолданылады.2. Осы баптың 1-тармағында аталған қауiпсiздiк шараларын қолдану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 3. Өмiрiне нақты қатер төнгенi туралы деректер түскен сотталушылардың сазайын тарттырудан қорғау қажет болған жағдайда мұндай адамдарды жалпы негiздерде бiр айға дейiнгi мерзiмде жеке камераларда ұстауға рұқсат етiледi. 13-тарау. ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРIНДЕ ЖАЗАНЫ ӨТЕУ ЖАҒДАЙЛАРЫ 82-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу жағдайлары 1. Жалпы немесе қатаң режимдегi бiр түзеу колониясының, сондай-ақ тәрбиелеу колониясының шектерiнде сотталғандар жазаны өтеудiң дағдылы, қатаң, жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларында болуы мүмкiн.2. Ерекше режимдегi түзеу колониясында сотталғандар жазаны өтеудiң дағдылы, қатаң және жеңiлдетiлген жағдайларында болуы мүмкiн. 3. Түрмеде ұсталатын сотталғандар үшiн режимнiң жалпы және қатаң түрлерi белгiленедi. 4. Сотталғандарды осы Кодекстiң 116, 118, 120, 123, 126-баптарында аталған негiздер бойынша бiр жағдайдан екiншiсiне ауыстыру түзеу мекемесi комиссиясының шешiмiмен жүргiзiледi, оның жұмысына облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлдерi қатыса алады. Түзеу мекемесiнiң комиссиясы түрмеде отырған сотталғандарды режимнiң жалпы түрiнен қатаң және қатаңынан жалпы режимге ауыстыру туралы мәселенi де шешедi. Тәрбиелеу колонияларында сотталған адамдарды бiр жағдайдан екiншi жағдайға ауыстыру осы кодекстiң 128-бабына сәйкес жүргiзiледi. 5. Сотталушы түзеу колониясындағы жазаны өтеудiң қатаң жағдайларына немесе түрмедегi режимнiң қатаң түрiне ауыстыруға келiспеген жағдайда ол ауыстыру туралы заңда белгiленген тәртiппен шағым жасауға құқылы. Ескерту. 82-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.03.26. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 83-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажет заттарды сатып алуы 1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажет заттарды жазасын өтеу кезеңiнде тапқан ақшасына, сондай-ақ алатын зейнетақылары мен әлеуметтiк жәрдемақыларының есебiнен шектеу қоюсыз қолма-қол есеп айырыспай сатып алуына болады.2. Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген адамдарды қоспағанда, сотталған адамдардың жұмсауына рұқсат етiлетiн ақшаның жалпы сомасы, олардың жазасын өтеу кезiнде тапқанын қоспағанда, осы Кодекстiң 117, 119, 121, 127, 129-баптарымен реттеледi. 3. Рұқсат етiлген ақша сомасы ағымдағы айда жұмсалмаған жағдайда сотталғандардың тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды жұмсалмаған сомаға кейiнгi айларда сатып алуына болады. 4. Жүктi әйелдердiң, жанында балалары бар әйелдердiң, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектер мен емдеу түзеу мекемелерiнде ұсталатын сотталған адамдардың тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттың есебiнен шектеусiз сатып алуына болады. 5. алып тасталды 6. Сотталғандарға сатуға тыйым салынған тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттардың тiзбесi және олардың саны түзеу мекемелерiнiң Iшкi тәртiп ережелерiмен белгiленедi. Ескерту. 83-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363, 2007.03.26. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 84-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың кездесулерi 1. Сотталғандарға түзеу мекемесiнiң аумағында ұзақтығы екi сағаттан төрт сағатқа дейiн қысқа мерзiмдi, ұзақтығы бiр тәулiктен үш тәулiкке дейiн ұзақ кездесулер берiледi. Осы Кодексте көзделген жағдайларда сотталғандарға түзеу мекемесiнен тыс тұру арқылы ұзақтығы бес тәулiк болатын ұзақ мерзiмдi кездесулер берiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда кездесудiң тәртiбi мен өтетiн жерiн түзеу мекемесiнiң бастығы белгiлейдi.2. Туған-туыстарымен немесе өзге адамдармен қысқа мерзiмдi кездесулер түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi өкiлiнiң қатысуымен берiледi. Ұзақ кездесулер жұбайымен /зайыбымен/ және жақын туыстарымен /ата-аналар, балалар, асырап алғандар, асырап алынғандар, ағалы-iнiлiлер, апалы-сiңлiлер, атасы, әжесi, немерелерi/, ерекше жағдайларда түзеу мекемесi бастығының рұқсаты бойынша өзге адамдармен бiрге тұру құқығымен берiледi. 3. Сотталған адамдарға өздерiнiң өтiнiшi бойынша ұзақ кездесудi қысқа мерзiмдiсiмен, ал тәрбиелеу колонияларында мекемеден тыс бiрге тұрумен ұзақ кездесудi колониядан тысқары шығатын қысқа мерзiмдiсiмен ауыстыруға рұқсат етiледi. Ауыстыру тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi. 4. Сотталғандарға заң көмегін алу үшін олардың санына, ұзақтығына шек қойылмай және олардың құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда, олардың арызы бойынша адвокаттармен кездесуге рұқсат беріледі. Ескерту. 84-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.16 N 244, 2007.03.26 N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 230-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 85-бап. Сотталғандардың посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдер алуы 1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға түзеу мекемелерiнде осы Кодекстiң 117, 119, 121, 123, 129-баптарында белгiленген мөлшерде посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдер алуға рұқсат етiледi. Бiр посылканың немесе бандерольдың ең жоғары салмағы почта ережелерiмен айқындалады. Бiр сәлемдеменiң салмағы бiр посылкаға белгiленген салмақтан аспауға тиiс.2. Ауру сотталғандардың, I және II топтағы мүгедектердiң, жүктi сотталған әйелдер мен балалары түзеу мекемесiнiң балалар үйлерiнде жүрген сотталған әйелдердiң мөлшерi мен түр-түрi медициналық қорытындыда белгiленген қосымша посылкалар мен сәлемдемелер алуына болады. 3. Сотталғандардың медициналық қорытындыға сәйкес алатын дәрiлiк заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдары осы баптың 1-тармағында айқындалған посылкалардың, сәлемдемелер мен бандерольдердiң санына қосылмайды. Олар сол сотталғандарды емдеу үшiн түзеу мекемесiнiң медициналық бөлiмiне жiберiледi. 4. Посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдер тексерiледi. 5. Сотталған адамдардың посылкаларды, сәлемдемелер мен бандерольдердi алу тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды. 6. Сотталғандар түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен посылкалар мен бандерольдер жөнелте алады. Ескерту. 85-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.16 N 244 Заңымен, 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 86-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың хат алысуы, ақша аударымдарын жiберуi мен алуы 1. Сотталғандарға хаттар мен жеделхаттарды санына шек қоймай өз есебiнен алуға және жiберуге рұқсат етiледi.2. Сотталған адамдардың жiберетін және алатын хат-хабарына қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын тәртіппен цензура қолданылады. 3. Туыстар болып табылмайтын, бас бостандығынан айыру орындарында ұсталушы сотталғандардың арасында хат алысуға түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен жол берiледi. 4. Сотталғандар ақша аударымдарын алуға, сондай-ақ жақын туыстарына, ал әкiмшiлiктiң рұқсатымен ақша аударымын өзге адамдарға жiберуге құқылы. Ескерту. 86-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.03.26 N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 87-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың телефон арқылы сөйлесуi 1. Сотталған адамның телефон арқылы әр сөйлескенде ұзақтығы он бec минутқа дейiн сөйлесуге құқығы бар. Телефон арқылы сөйлесу ақысы сотталғандардың немесе олардың жұбайының (зайыбының) жақын туыстарының жеке қаражатынан төленедi.2. (алып тасталды) 3. Қатаң ұстау жағдайындағы сотталғандарға, сондай-ақ жазалау шарасын айыптылық, тәртiптiк оқшаулау орындарында, камералық үлгiдегi үй-жайларда және жалғыз адамдық камераларда өтеушiлерге телефон арқылы сөйлесуге ерекше жеке жағдайлар кезiнде ғана рұқсат етiлуi мүмкiн. 4. Түзеу мекемелерiнде ұсталатын сотталғандардың арасында телефон арқылы сөйлесуге тыйым салынады. 5. Сотталған адамдардың телефон арқылы сөйлесулерін түзеу мекемелерінің қызметкерлері бақылайды. Қылмыстық-атқару жүйесінің сотталған адамдардың телефон арқылы сөйлесулерін бақылау жөніндегі қызметін ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. Ескерту. 87-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.12.21 N 363, 2007.03.26 N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен. 88-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың әдебиеттер және жазу керек-жарағын сатып алуы мен сақтауы 1. Сотталғандардың бандерольдарда, посылкалар мен сәлемдемелерде жазу керек-жарақтарын алуына, сауда желiсi арқылы әдебиеттер сатып алуына, сондай-ақ жеке шотындағы қаражат есебiнен газеттер мен журналдарға шек қоюсыз жазылуға рұқсат етiледi.2. Сотталғандарға конституциялық құрылысты күштеп өзгертудi, Республиканың тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, дiни, әлеуметтiк және рулық артықшылықты, сондай-ақ қаталдық пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттайтын басылымдарды, сондай-ақ әдепсiздiк сипаттағы басылымдарды алуға, сатып алуға, оларға жазылуға, сақтауға және таратуға тыйым салынады. 3. Сауда желiсi арқылы сатып алынатын әдебиет сотталушы алуға құқылы посылкалар мен бандерольдардың санына кiрмейдi. 4. Сотталушыға өзiнде он данадан аспайтын кiтап пен журнал ұстауына рұқсат етiледi. 5. Саны осы баптың 4-тармағында аталған мөлшерден артық әдебиеттi сотталушы сақтауға өткiзедi не оның келiсiмiмен түзеу мекемесi кiтапханасының пайдаланылуына берiледi. 89-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың сейiлдеуi 1. Жабылатын үй-жайларда, айыптылық оқшаулау орындарында, тәртiптiк оқшаулау орындарында, камералық үлгiдегi үй-жайларда, жалпы және жалғыз адамдық камераларда бас бостандығынан айыруды өтеушi сотталғандардың, егер олар ашық жерде жұмыс iстемейтiн болса, ұзақтығы осы Кодекстiң 114, 117, 119, 121, 123, 127-баптарымен белгiленген уақытта сейiлдеуге құқығы бар.2. Сотталғандардың сейiлдеуi күндiзгi уақытта түзеу мекемесi аумағының арнайы жабдықталған бөлiгiнде өткiзiледi. Сейiлдеу сотталғандар түзеу мекемелерiнiң Iшкi тәртiп ережелерiн бұзған жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. 90-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың кинофильмдер мен телехабарлар көруi, радиохабарлар тыңдауы 1. Жазасын түрмеде өтеушiлердi қоспағанда, бас бостандығынан айыруға сотталғандарға, сондай-ақ айыптылық оқшаулау орындарына, камералық үлгiдегi үй-жайларға және жалғыз адамдық камераларға көшiрiлген сотталғандарға аптасына кемiнде бiр рет кинофильмдер көрсетiледi.2. Айыптылық оқшаулау орындарына, камералық үлгiдегi үй-жайларға және жалғыз адамдық камераларға көшiрiлгендердi қоспағанда, сотталғандарға күн тәртiбiмен түнгi демалыс үшiн бөлiнген уақыттан басқа жұмыстан бос сағаттарда телехабарлар көруге рұқсат етiледi. 3. Сотталғандар мен сотталушылар топтарының өз қаражаттарының есебiнен сауда желiсi арқылы теледидар қабылдағыштары мен радиоқабылдағыштар сатып алуына немесе оларды туған-туыстарынан және өзге адамдардан алуына болады. 4. Сотталғандарға күн тәртiбiмен түнгi демалысқа бөлiнген уақыттан басқа жұмыстан бос сағаттарда радиохабарлар тыңдауға рұқсат етiледi. Тұрғын үй-жайлар, тәрбие жұмысы бөлмелерi, демалыс бөлмелерi, жұмыс үй-жайлары, айыптылық оқшаулау камералары, камералық үлгiдегi үй-жайлар, жалғыз адамдық камералар түзеу мекемесiнiң қаражаты есебiнен радионүктелермен жабдықталады. 91-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың айдауылсыз немесе қосып ертпей жүруi 1. Бас бостандығынан айыруды түзеу және тәрбиелеу колонияларында өтеушi, сондай-ақ тергеушiлiк оқшаулау орындары мен түрмелерде шаруашылық қызмет көрсету жөнiндегi жұмысқа қалдырылған, өзiн жақсы жағынан көрсеткен сотталғандарға, егер бұл олардың орындайтын жұмысының сипаты бойынша қажет болса, күзетiлетiн аумақтан тыс жерде айдауылсыз немесе қосып ертпей жүруiне рұқсат етiлуi мүмкiн.2. Қайталап аса қауiптi қылмыс жасап сотталғандарға; өлiм жазасы түрiндегi жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандарға; өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарға; белгiлi бiр түзеу мекемесiнде кемiнде алты ай болған сотталғандарға; жазалары алынбаған немесе өтелмеген сотталғандарға; аса ауыр қылмыстары үшiн сотталғандарға; сотталған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға; ұстаудың қатаң жағдайларындағы сотталғандарға; жазасын өтеу кезеңiнде қасақана жасаған қылмыстары үшiн сотталғандарға; алкоголизмнен, уытқұмарлықтан, нашақорлықтан, туберкулезден немесе соз ауруынан емделудiң толық курсынан өтпеген сотталғандарға күзетiлетiн аумақ шегiнен айдауылсыз немесе қосып ертпей жүруге жол берiлмейдi. Ескерту. 91-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.03.26. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 92-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға айдауылсыз немесе қосып ертпей жүру құқығын беру тәртiбi 1. Сотталушыға түзеу мекемесiнiң аумағынан тысқары айдауылсыз немесе қосып ертпей жүру құқығы түзеу мекемесi бастығының дәлелдi қаулысымен берiледi.2. Айдауылсыз немесе қосып ертпей жүру құқығын пайдаланушы сотталғандар бөлек тұрғын үй-жайларда орналастырылуға тиiс. Оларға түзеу мекемесiнiң шегiнен тысқары, бiрақ облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының келiсiмiмен түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi белгiлеген шекте жатақханаларда тұруға рұқсат етiлуi мүмкiн. 3. Түзеу мекемесiнiң шегiнен тыс жерде айдауылсыз немесе қосып ертпей жүруге рұқсат берiлген сотталғандардың iс-қылығы түзеу мекемесiнiң Iшкi тәртiп ережелерiмен реттеледi. 4. Сотталушы iс-қылық ережелерiн бұзған жағдайда не жұмысының сипаты өзгерген кезде айдауылсыз немесе қосып ертпей жүрудiң түзеу мекемесi бастығының қаулысымен күшi жойылады. Ескерту. 92-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 93-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың түзеу мекемелерiнiң шегiнен тысқары жол жүруi 1. Түзеу және тәрбиелеу колонияларында ұсталатын сотталғандарға, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсету жөнiндегi жұмысты жүргiзу үшiн белгiленген тәртiппен тергеушiлiк оқшаулау орындары мен түрмелерде қалдырылған сотталғандарға түзеу мекемелерiнiң шегiнен тысқары: ерекше жеке жағдайларға байланысты (жақын туысының өлуi немесе науқастың өмiрiне қатер төндiрiп ауыр сырқаттануы; сотталушыға немесе оның отбасына елеулi материалдық залал келтiрген табиғи зiлзала); сондай-ақ босатылғаннан кейiнгi еңбек және тұрмыстық жайласу мәселелерiн алдын ала шешу үшiн бару-қайту жолына қажет (бес тәулiктен аспайтын) уақытты есептемегенде, жетi тәулiктен аспайтын мерзiмге - қысқа мерзiмдi; жыл сайынғы ақылы демалыс уақытында, ал жұмыс iстемейтiн адамдарға заңға сәйкес демалыс мерзiмiне тең мерзiмге - ұзақ мерзiмдi жол жүруiне рұқсат етiлуi мүмкiн.2. Түзеу колонияларының балалар үйлерiнде балалары бар сотталған әйелдерге балаларын туған-туыстарына не балалар үйiне орналастыру үшiн бару-қайту жолына қажет уақытты есептемегенде, түзеу мекемелерiнiң шегiнен тысқары жетi тәулiкке дейiнгi мерзiмге қысқа мерзiмдi жол жүруге, түзеу колониясынан тыс жерде кәмелетке толмаған мүгедек балалары бар сотталған әйелдерге олармен кездесуi үшiн жылына дәл сондай мерзiмге бiр рет қысқа мерзiмдi жол жүруге рұқсат етiлуi мүмкiн. 3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған негiздер бойынша жол жүруге аса қауiптi қайталап қылмыс жасап сотталғандарға; өлiмге кесу түрiндегi жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға; өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарға; есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын, психикасының бұзылуынан зардап шегушi деп танылғандарға; алкоголизмнен, уытқұмарлықтан, нашақорлықтан, туберкулезден, соз ауруынан емделудi аяқтамағандарға рұқсат берiлмейдi. 4. Есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын, психикасының бұзылуынан зардап шегушi сотталғандарға, I және II топтардағы мүгедектер болып табылатын және денсаулық жағдайына қарай үнемi күтiмдi қажет етушi сотталғандарға, сондай-ақ кәмелетке толмаған сотталғандарға түзеу мекемесiнiң шегiнен тысқары жол жүруге туысының ерiп жүруiмен немесе өзге адамның ерiп жүруiмен рұқсат етiледi. 5. Сотталушының ерекше жеке жағдайларға байланысты қысқа мерзiмдi жол жүруi туралы өтiнiшi бiр тәулiктен кешiктiрiлмей қаралуға тиiс. Қысқа мерзiмдi жол жүруге арналған рұқсатты сотталушының жеке басы мен мiнез-құлқын ескере отырып, түзеу мекемесiнiң бастығы бередi. 6. Сотталушының түзеу мекемесiнiң шегiнен тыс болған уақыты жазаны өтеу мерзiмiне есептеледi. 7. Сотталушының бас бостандығынан айыру орнынан тыс жолының шығындары оның жеке шотында бар қаражатынан төленедi не өзге адамдар төлейдi. Сотталушының түзеу мекемесiнен тыс болған уақыты үшiн оған табыс есептелмейдi. 8. Сотталушының белгiленген мерзiмде қайтып оралуын қиындататын күтпеген жағдайлар туындаған ретте сотталушының болған жерiндегi iшкi iстер органы бастығының дәлелдi қаулысымен түзеу мекемесiне оралу мерзiмi түзеу мекемесi әкiмшiлiгiне қабылданған шешiм туралы мiндеттi түрде шұғыл мәлiмденiп, бес тәулiкке дейiн ұзартылуы мүмкiн. 9. Сотталғандарға бас бостандығынан айыру орнынан тыс қысқа мерзiмдi жол жүрудiң тәртiбi түзеу мекемелерiнiң Iшкi тәртiп ережелерiмен белгiленедi. 10. Сотталушы түзеу мекемесiне белгiленген мерзiмде оралудан жалтарған кезде оны жазасын өтеу орнына айдап апару немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн болған жерi бойынша прокурордың санкциясымен оны отыз тәулiктен аспайтын мерзiмге iшкi iстер органы ұстауға тиiс. 11. Сотталғандардың басқа мемлекеттiң аумағына жол жүруiне тиiстi мемлекеттермен келiсiмдерде көзделген тәртiп пен жағдайларда рұқсат етiледi. Ескерту. 93-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.03.26. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 94-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру әлеуметтiк және зейнетақымен қамтамасыз ету 1. Еңбекпен айналысушы бас бостандығынан айыруға сотталғандар мiндеттi мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға жатады, ал әйелдер жүктiлiгi мен тууы бойынша жалпы негiздерде жәрдемақылармен қамтамасыз етiледi.2. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әлеуметтiк және зейнетақымен қамтамасыз етiлуге құқығы бар. 3. Бас бостандығынан айыруға дейiн зейнетақы тағайындалған, сондай-ақ жазасын өтеу кезiнде еңбек қабiлетiн жоғалтқан адамдарды әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. 4. Сотталғандардың зейнетақылары мен жәрдемақыларынан ұсталынып қалады. Зейнетақылар мен жәрдемақылардан ұстап қалудың негiзi, түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ ұсталып қалғанның бәрiне қарамастан сотталушының жеке шотына есептелетiн зейнетақылар мен жәрдемақылардың ең төменгi процентi осы Кодекстiң 103-бабымен белгiленедi. 5. Бас бостандығынан айыруды түзеу мекемелерiнде өтеушi сотталғандар жөнiнде ерiктi медициналық сақтандырудың қолданылуы түзеу мекемелерiнде болу мерзiмi аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады. 95-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етiлуi 1. Бiр сотталушыға шаққандағы тұрғын алаңның нормасы түзеу колонияларында - екi шаршы метрден, түрмелерде - екi жарым шаршы метрден, әйелдердi ұстауға арналған колонияларда - үш шаршы метрден, тәрбиелеу колонияларында - үш жарым шаршы метрден, мәжбүрлеп түзеудi жүзеге асыратын түзеу мекемелерiнде үш шаршы метрден кем болмауы керек.2. Сотталғандарға жеке жатын орындары мен төсектiк керек-жарақтар берiледi. Олар жынысы және климат жағдайлары ескерiлiп, маусымдық киiммен, iш киiммен және аяқкиiммен қамтамасыз етiледi. 3. Сотталғандарды тамақпен және материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Сотталған адамдар мемлекет есебiнен тамақпен, киiммен және бiрiншi кезекте қажеттi заттармен қамтамасыз етiледi. Сотталғандарды еңбекке тартушы кәсiпорындардың қаражаты есебiнен оларға белгiленген нормадан тыс қосымша тамақтандыру ұйымдастырылуы мүмкiн. 4. алып тасталды 5. Жүктi әйелдерге, бала емiзушi аналарға, кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ аурулар мен I және II топтағы мүгедектерге жақсартылған тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасалады және тамақтың көтерiңкi нормасы белгiленедi. 6. алып тасталды 7. Тамақ өнiмдерiн және бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға жұмсауға рұқсат етiлетiн, осы Кодекстiң 83, 117, 119, 121, 127, 129-баптарында белгiленген ақша сомасынан тыс сотталғандардың жеке шоттарындағы қаражаттан түзеу мекемелерiнде пайдалануға рұқсат етiлген аяқкиiм мен киiмдi, оның iшiнде спорттық киiмдi қосымша сатып алуына, қосымша емдеу-профилактикалық және өздерiнiң қалауы бойынша нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген өзге де қосымша қызметтерге ақы төлеп, медициналық көрсету бойынша қажеттi диеталық тамақ алуына болады. Ескерту. 95-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.03.26. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 96-бап. Сотталған жүктi әйелдердi, бала емiзушi сотталған аналарды және балалары бар сотталған әйелдердi материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етудiң ерекшелiктерi 1. Балалары бар сотталған әйелдер жазасын өтеп жатқан түзеу мекемелерiнде балалар үйлерi ұйымдастырылуы мүмкiн. Түзеу мекемелерiнiң балалар үйлерiнде балалардың қалыпты тұруы мен дамуы үшiн қажеттi жағдайлар қамтамасыз етiледi. Сотталған әйелдер түзеу мекемелерiндегi балалар үйлерiне өздерiнiң үш жасқа дейiнгi балаларын орналастырып, олармен жұмыстан бос уақытында шек қоюсыз бiрге бола алады. Оларға балаларымен бiрге тұруға рұқсат берiлуi мүмкiн.2. Сотталған әйелдердiң келiсiмiмен олардың балалары туған-туыстарына немесе қорғаншы және қамқоршы органдардың шешiмi бойынша өзге адамдарға берiлуi не балалары үш жасқа толған соң тиiстi балалар мекемелерiне жiберiлуi мүмкiн. 3. Егер түзеу мекемесiнiң балалар үйiндегi бала үш жасқа толса, ал анасының жазасын өтеу мерзiмiнiң аяқталуына бiр жылдан аспайтын уақыт қалса, емдеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi баланың балалар үйiнде болу уақытын анасының жазасын өтеу мерзiмi аяқталған күнге дейiн ұзарта алады. 4. Сотталған жүктi әйелдер мен бала емiзушi сотталған аналардың саны мен түр-түрi медициналық қорытындыда айқындалған қосымша азық-түлiк посылкалары мен сәлемдемелерiн алуына болады. Сотталған жүктi әйелдер, сотталған әйелдер тууы уақытында және туғаннан кейiнгi кезеңде мамандандырылған көмек алуға құқылы. 97-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз етiлуi 1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар жүргiзу және медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады және берiледi.2. Қылмыстық-атқару жүйесiнде сотталған адамдарға медициналық қызмет көрсету үшiн емдеу-профилактика мекемелерi (ауруханалар, арнаулы психиатрия және туберкулездi емдеу ауруханалары; медициналық бөлiмдер, медициналық пункттер), ал туберкулезбен ауыратын сотталған адамдарды ұстау және емханада емдеу үшiн емдеу құқығындағы түзеу мекемелерi ұйымдастырылады. Алкогольге салынумен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын сотталған адамдарды мәжбүрлеп емдеу түзеу колонияларының медициналық бөлiмiнде жүзеге асырылуы мүмкін. 3. Түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi сотталғандардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететiн, белгiленген санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптардың орындалуы үшiн жауапты болады. 4. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар жеке және жалпы гигиена ережелерiн, санитария талаптарын орындауға мiндеттi. 5. Сотталған адамдарға медициналық көмек көрсету, санитариялық қадағалауды ұйымдастыру мен жүргiзу, денсаулық сақтау органдарының емдеу-профилактикалық және санитариялық-профилактикалық мекемелерiн пайдалану және осы мақсаттар үшiн олардың медицина қызметкерлерiн тарту тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган мен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 6. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнде жазасын өтеп жүрген шетелдiк қайтыс болған жағдайда мекеменiң әкiмшiлiгi бас бостандығынан айыру орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, сондай-ақ қайтыс болған адам азаматы болып табылатын мемлекеттiң елшiлiгiне немесе өзге өкiлдiгiне дереу жазбаша түрде хабарлайды. Ескерту. 97-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2001.07.16 N 244, 2002.12.21 N 363, 2007.03.26 N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 98-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың материалдық жауаптылығы 1. Жазасын өтеу уақытында мемлекетке, түзеу мекемесiне немесе заңды және жеке тұлғаларға материалдық залал келтiрген жағдайда сотталғандар заңда белгiленген тәртiппен материалдық жауапты болады.2. Сотталушы мемлекетке, түзеу мекемесiне келтiрген залалын, қашып шығушыны тыюға, сондай-ақ өзiнiң денсаулығына қасақана зиян келтiрiлген жағдайда өзiн емдеуге байланысты қосымша шығындарды өтеуге тиiс. 3. Келтiрiлген материалдық залал үшiн дұрыс ұсталмаған сома сотталушының жеке шотына есептелiп, оған қайтарылуға жатады. 14-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГI, КӘСIПТIК БIЛIМI ЖӘНЕ КӘСIПТIК ДАЯРЛЫҒЫ 99-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегi 1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бәрi түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi белгiлеген орындар мен жұмыстарда еңбек етуге мiндеттi. Сотталғандар өздерiн тиiстi күзетпен және оқшаулаумен қамтамасыз еткен жағдайда түзеу мекемелерiнiң кәсiпорындарында, мемлекеттiк кәсiпорындарда немесе өзге де меншiк нысанындағы кәсiпорындарда жұмысқа тартылады. Сотталғандар дербес еңбек қызметiмен айналысуға құқылы.2. Сотталғандарға еңбек жанжалдарын шешу мақсатында жұмысты тоқтатуға тыйым салынады. Жұмыстан бас тарту немесе жұмысты тоқтату жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушылық болып табылады және жазалау мен материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғуы мүмкiн. 3. Түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiгi сотталғандарды жынысын, жасын, еңбекке қабiлетi мен мүмкiндiгiнше мамандығын ескере отырып, еңбекке орналастырады. 4. Сотталған еркектер мен әйелдер, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектер еңбекке Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тартылады. 5. Жазасын түрмеде өтеушi сотталғандардың еңбегi түрме аумағында ғана ұйымдастырылады. 6. Сотталғандар тартылатын өндiрiстiк қызмет оларды оқшаулау мен күзету талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылады және түзеу мекемелерiнiң негiзгi мiндетiн - сотталғандарды түзеудi орындауына кедергi келтiрмеуге тиiс. 7. Сотталғандарды пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар мен қызметтер тiзбесi түзеу мекемелерiнiң Iшкi тәртiп ережелерiмен белгiленедi. 8. Түзеу мекемелерiнiң ұйымдарында еркiн жалданатын инженер-техника қызметкерлер мен бiлiктi жұмысшылардың еңбегiн пайдалануға жұмыс iстеушi сотталғандар санының 15 процентiне дейiнгi шекте жол берiледi. 100-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар еңбегiнiң жағдайлары 1. Түзеу мекемелерiнде жазасын өтеушi адамдар үшiн апталық жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген нормадан аспауы керек. Жұмыстың (ауысымның) басталу және аяқталу уақыты әкiмшiлiк белгiлейтiн ауысымдылық кестесiмен айқындалады. Сотталғандар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi жұмыстан босатылады.2. Сотталғандарды демалыс және мереке күндерi жұмысқа тарту қажет болған кезде оларға ай iшiнде басқа күндерi демалыс берiледi. 3. Сотталғандардың орындайтын жұмысының сипаты ескерiлiп, тәрбиелеу колонияларын қоспағанда, жұмыс уақытын жинақтап есептеуге жол берiледi. Есептi кезеңдегi жұмыс уақытының орташа ұзақтығы заңмен белгiленген күн сайынғы жұмыс ұзақтығынан аспауға тиiс. 4. Тәрбиелеу колонияларында жазасын өтеушi сотталғандардың жұмыс күнiнiң ұзақтығы, оларға апта сайынғы демалыс күндерiнiң, сондай-ақ өндiрiстен қол үзбей жалпы бiлiм беретiн мектепте үлгерiмдi оқушы адамдарға жеңiлдiктердiң берiлуi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгiленедi. 5. Сотталғандардың ақы төленетiн еңбекке тартылу уақыты олардың еңбек стажына есептеледi. Жұмыс iстелген уақыттың есебiн жүргiзу жазаны атқарушы мекеменiң әкiмшiлiгiне жүктеледi және ол күнтiзбелiк жылдың қорытындысы бойынша жүргiзiледi. Сотталушы белгiленген тапсырмаларды атқарудан ұдайы жалтарған жағдайда уақыттың тиiстi кезеңi жазаны атқарушы мекеме әкiмшiлiгiнiң ұсынысы бойынша сот шешiмiмен оның жалпы еңбек стажынан алынып тасталады. 6. Сотталған адамдардың ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына құқығы бар. Демалыстар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес түзеу мекемесінің шегінен тысқары шығатындай немесе шықпайтындай етіп беріледі. 7. Сотталған адамдарға: 1) ауыр жұмыстарға, зиянды (аса зиянды) және (немесе) еңбек жағдайлары қауіпті жұмыстарға қамтылғандарға ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн; 2) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік он бес күн ақы төленетін қосымша жыл сайынғы еңбек демалыстары беріледі. 8. Сотталғандардың еңбегi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгiленген еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы және өндiрiстiк санитария ережелерiн сақтай отырып ұйымдастырылады. Ескерту. 100-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен. 101-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегiне ақы төлеу 1. Сотталғандардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбегiне ақы төленуге құқығы бар.2. Жұмыс уақытының сол кезеңге белгiленген нормасын толық iстеген және өздерiнiң еңбек мiндеттерiн (еңбек нормаларын) орындаған сотталғандардың айлық жалақысы белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен төмен болмауы керек. 3. Толық емес жұмыс күнiнде немесе толық емес жұмыс аптасында еңбекке ақы төлеу жұмыс iстеген уақытқа пропорциялы түрде немесе iстелген жұмысқа қарай жүргiзiледi. 102-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды еңбегiне ақы төленбейтiн жұмыстарға тарту 1. Сотталғандар тек түзеу мекемелерiн және оларға жапсарлас аумақтарды көркейту жөнiндегi, сондай-ақ мәдени-тұрмыстық жағдайларды жақсарту жөнiндегi жұмыстарға ғана еңбегiне ақы төленбей тартылады. Аталған жұмыстардан бас тарту осы Кодекстiң 111-бабында көзделген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.2. Сотталғандар бұл жұмыстарға әдетте жұмыс уақытынан тыс кезде кезектiлiк тәртiбiмен тартылады және оның ұзақтығы аптасына екi сағаттан аспауға тиiс. Сотталғандардың қалауы бойынша жұмыстың ұзақтығы арттырылуы мүмкiн. Ескерту. 102-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.03.26. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 103-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың кiрiсiнен ұстап қалу Сотталған адамдардың жалақысынан, зейнетақысынан, жәрдемақысынан және өзге де кiрiстерiнен атқару парақтары немесе басқа да атқару құжаттары бойынша сомаларды ұстап қалу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.Түзеу мекемелерiнде сотталған адамдардың жеке шотына ұстап қалғаннан кейiн оларға есептелген жалақының, зейнетақының немесе өзге де кiрiстерiнiң кемiнде елу процентi аударылады. Ескерту. 103-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.03.26. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 104-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға кәсiптiк бiлiм беру және оларды кәсiптiк даярлау 1. Түзеу мекемелерiнде кәсiбi (мамандығы) жоқ сотталғандарды сол мекемеде немесе босанған соң сотталушы жұмыс iстей алатын техникалық және кәсіптік бiлiм беру немесе кәсiптiк даярлау жүзеге асырылады.2. Жұмыс iстеуге тiлек бiлдiрген I және II топтағы мүгедектер, 60 жастан асқан еркектер мен 55 жастан асқан әйелдер кәсiптiк даярлауға тартылуы мүмкiн. 3. Сотталғандардың кәсiптiк бiлiм алу мен кәсiптiк даярлауға көзқарасы олардың түзелу дәрежесiн анықтау кезiнде ескерiледi. 4. Сотталған адамдарға кәсiптiк бiлiм беруді және оларды кәсiптiк даярлауды ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті органмен келiсiм бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады. Ескерту. 104-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244, 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 15-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРҒА ТӘРБИЕЛIК ЫҚПАЛ ЕТУ 105-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысы 1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысы оларды түзеуге, сотталғандардың қоғамдық пайдалы қызметпен айналысуға ұмтылысын, еңбекке адал көзқарасын қалыптастыруға, заңдардың талаптарын және қоғамда қабылданған басқа да мiнез-құлық ережелерiн сақтауға, сотталғандардың бiлiмiн, олардың бiлiм және мәдени деңгейiн арттыруға және одан әрi дамытуға бағытталған.2. Сотталғандардың жүргiзiлген тәрбие шараларына қатысуы олардың түзелу дәрежесiн анықтау кезiнде, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезiнде ескерiледi. 3. Түзеу мекемесiнiң күн тәртiбiнде сотталғандардың қатысуы мiндеттi тәрбие шаралары көзделуi мүмкiн. 4. Сотталған адамдармен тәрбие жұмысы түзеу мекемесiнiң түрi, жазалау мерзiмi, ұстау жағдайлары, олардың жеке басының дара ерекшелiктерi және олардың жасаған қылмыстарының мән-жайлары ескерiле отырып, қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілейтін тәртіппен саралап жүргiзiледi. Ескерту. 105-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 106-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысының негiзгi бағыттары, нысандары мен әдiстерi 1. Түзеу мекемелерiнде адамгершiлiк, құқықтық, еңбек, дене тәрбиесi, сондай-ақ оның сотталғандарды түзеу мақсатына жетуге жағдай тудыратын басқа түрлерi жүргiзiледi.2. Сотталған адамдармен тәрбие жұмысы қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен психологиялық-педагогикалық әдiстер негiзiнде дара, топтық және жаппай нысандарда ұйымдастырылады. Ескерту. 106-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 107-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың өздiгiнен қызмет ету ұйымдары 1. Сотталғандардың өзiн-өзi басқару элементтерiн дамыту мақсатында түзеу мекемелерiнде сотталғандардың өздiгiнен қызмет ету ұйымдары ерiктi негiзде құрылады, олар түзеу мекемелерi әкiмшiлiгiнiң бақылауымен жұмыс iстейдi.2. Сотталғандардың өздiгiнен қызмет ету ұйымдарына қатысуы түзелу дәрежесiн анықтау кезiнде ескерiледi. 3. Өздiгiнен қызмет ету ұйымдарының мiндеттерi мыналар болып табылады: қоғамға пайдалы бастамаларды ынталандыру және сотталғандардың түзелуiне ықпал жасау; еңбектi, тұрмысты және бос уақытты ұйымдастыру мәселелерiн шешуге қатысу; тәртiп пен реттiлiктi қолдауда әкiмшiлiкке жәрдемдесу, сотталғандар арасында салауатты өзара қатынасты қалыптастыру; сотталғандарға және олардың туған-туысқандарына әлеуметтiк көмек көрсету. 4. Сотталғандардың өздiгiнен қызмет ету ұйымдарының мүшелерi қосымша жеңiлдiктер мен артықшылықтарды пайдаланбайды. Өздiгiнен қызмет ету ұйымдары мен олардың мүшелерi түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң өкiлеттiктерiне ие бола алмайды. 5. Сотталған адамдардың өздiгiнен қызмет ету ұйымдарын құру мен олардың жұмысының тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды. 6. Түзеу мекемелерiнде өзiн жақсы көрсеткен сотталғандардың арасынан мекеме ұжымдары мен топтарының кеңестерi құрылады. Түзеу мекемелерiнде қызметi жазаны атқарудың мақсатына, тәртiбi мен ережелерiне қайшы келмесе, сотталғандардың өзге де өздiгiнен қызмет ету ұйымдары құрылуы мүмкiн. 7. Түрмелерде және камералық үлгiдегi үй-жайларда ұсталатын сотталғандар арасында өздiгiнен қызмет ету ұйымдары құрылмайды. Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.16 N 244, 2007.03.26. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 108-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм алуын ұйымдастыру 1. Түзеу мекемелерiнде 30 жасқа толмаған сотталғандардың мiндеттi бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм алуы ұйымдастырылады.2. Отыз жастан асқан сотталғандар мен I және II топтағы мүгедектер бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiмдi өздерiнiң қалауы бойынша алады. 3. Емтихан тапсыру үшiн оқушылар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан босатылады. 4. Сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм алуға ұмтылысы көтермеленедi және олардың түзелу дәрежесiн анықтау кезiнде ескерiледi. 5. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруды өтеушi сотталғандар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуға тартылмайды. Оларға өздiгiнен бiлiмiн көтеру үшiн жазаны өтеудiң тәртiбi мен ережелерiне қайшы келмейтiн жағдайлар жасалады. 6. Мектептердiң педагогикалық ұжымдары тәрбие жұмысында түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгiне көмек көрсетедi. 7. Сотталған адамдардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм алуын ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті органмен келiсiм бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады. Ескерту. 108-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.16 N 244, 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 109-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қолданылатын көтермелеу шаралары 1. Сотталғандарға жақсы мiнез-құлқы, еңбекке, оқуға адал қарағаны, өзiне-өзi қызмет ету ұйымдарының жұмысына және тәрбие шараларына белсене қатысқаны үшiн мынадай көтермелеу шаралары қолданылуы мүмкiн:алғыс жариялау; сыйлықпен марапаттау; сыйақы беру; қосымша посылка немесе сәлемдеме алуға рұқсат беру; қосымша қысқа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кездесуге рұқсат беру; жүктi әйелдердi, жанында балалары бар әйелдердi, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектер мен емдеу түзеу мекемелерiнде ұсталатын сотталған адамдарды қоспағанда, мереке күндерi тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi сомада қосымша ақша жұмсауға рұқсат беру; бұрын қолданылған жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау. 2. Колония-қоныстарда жазасын өтеушi сотталғандарға, осы баптың 1-тармағында аталған көтермелеу шараларынан басқа, демалыс және мереке күндерiн колония-қоныстың шегiнен тыс жерде өткiзуге рұқсат беру түрiнде көтермелеу шарасы қолданылуы мүмкiн. 3. Жақсы мiнездемелi сотталғандарға осы Кодекстiң 73-бабының 2-тармағында және 82-бабының 4-тармағында көзделген шаралар да қолданылуы мүмкiн. 4. Құқық бұзбайтын мiнез-құлқы, еңбекке (оқуға) адал қарағаны, көркемөнерпаздар ұйымдарының жұмысына және тәрбиелiк iс-шараларға белсендi қатысқаны, жәбiрленушiнiң денсаулығы мен мүлкiне, мемлекетке келтiрген залалды өтеу жөнiнде шаралар қолданғаны үшiн, сот тағайындаған жазаны толық өтеудi қажет етпейтiн сотталған адамдарды сот жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуы, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiмен ауыстыруға ұсынуы мүмкiн. 5. Жақсы мiнездемелi сотталғандар жөнiнде кешiрiм жасау туралы өтiнiш қозғалуы мүмкiн. Ескерту. 109-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.03.26. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 110-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға көтермелеу шараларын қолдану тәртiбi 1. Алғыс түрiндегi көтермелеу ауызша немесе жазбаша, қалған көтермелеу - тек жазбаша қолданылады.2. Сотталғандарға көтермелеу ретiнде жыл iшiнде қосымша төрт посылкаға немесе сәлемдемеге дейiн алуға рұқсат етiлуi және қосымша төрт қысқа мерзiмдi немесе ұзақ кездесулер берiлуi мүмкiн. 3. Бұрын қолданылған жазаны мерзiмiнен бұрын алуға осы Кодекстiң 111-бабының 1-тармағында аталған жазаларды өтей бастаған күнiнен үш айдан ерте жол берiлмейдi. Бұрын қолданылған жазаны мерзiмiнен бұрын алу жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушылар деп танылған сотталған адамдарға қолданылмайды. Ескерту. 110-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.03.26. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 111-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қолданылатын жазалау шаралары 1. Сотталғандарға жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкiн:ескерту немесе сөгiс; екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерiнде тәртiптiк айыппұл; түзеу колонияларында немесе түрмелерде ұсталатын сотталғандарды он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге айыптылық оқшаулау орнына шығару; жалпы және қатаң режимдегi түзеу колонияларында ұсталатын, жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушы сотталған еркектердi камералық үлгiдегi үй-жайларға, ал қатаң режимдегi колонияларда - алты айға дейiнгi мерзiмге жалғыз адамдық камераларға ауыстыру; жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушы сотталған әйелдердi үш айға дейiнгi мерзiмге камералық үлгiдегi үй-жайларға ауыстыру. 2. Бас бостандығынан айыруды колония-қоныстарда өтеушi сотталғандарға жатақханалардан тыс тұру құқығының күшiн жою және жұмыстан бос уақытта отыз күнге дейiн мерзiмге жатақхана шегiнен шығуға тыйым салу түрiндегi жаза қолданылуы мүмкiн. 3. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушылар болып табылатын сотталғандарға осы Кодекстiң 73-бабының 4-тармағында және 82-бабының 4-тармағында көзделген шаралар да қолданылуы мүмкiн. 112-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзуы 1. Сотталған адамның еңбекақы төленбейтін жұмыстан негізсіз бас тартуы; алкогольді, есірткілерді, басқа да есеңгірететін заттарды пайдалануы; ұсақ бұзақылық; түзеу мекемесі әкімшілігінің өкілдерін қорқытуы немесе оларды қорлауы не оларға бағынбауы, соның ішінде өзіне қандай да бір қасақана жарақат салумен ұштасқан оларға бағынбауы; түзеу мекемелерінде пайдалануға рұқсат етілмеген нәрселерді жасауы, сақтауы немесе беруі (алуы); құмар ойындарға қатысуы; сот тағайындаған міндетті емделуден жалтаруы; емдеу-профилактикалық мекемесінің ішкі тәртіп ережелерін бұзуы; ереуілдер немесе өзге де топтасып бағынбауларды ұйымдастыруы, сол сияқты оларға белсене қатысуы; жыныстық сипаттағы лайықсыз іс-әрекеттерді жасауы; осы бапта көрсетілген бұзушылықтарды жасауға бағытталған сотталған адамдар топтарын ұйымдастыруы немесе оларға белсене қатысуы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жазаны өтеудің белгіленген тәртібін әдейі бұзуы болып табылады.2. Алты ай iшiнде айыптық, тәртiптiк оқшаулау орнына, камералық үлгiдегi үй-жайларға не жалғыз адамдық камераға шығару түрiндегi жазаға тартылған сотталушының жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн өзге қайталап бұзушылығы қасақана бұзушылық деп танылуы мүмкiн. 3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған бұзушылықтарды жасаған сотталушы өзiне осы Кодекстiң 111-бабының 1-тармағында және 132-бабында көзделген сотталған адамдарды айып изоляторына, тәртiп изоляторына орналастыру не сотталған еркектердi камералық үлгідегi үй-жайларға немесе жалғыз адамдық камераларға көшiру, сотталған әйелдердi камералық үлгідегі үй-жайларға көшiру сияқты жазалау шаралары тағайындалған жағдайда жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушы деп танылады. 4. Сотталушы түзеу мекемесi бастығының қаулысымен, айып салумен бiрге тағайындалған жазаны өтеудiң тәртiбiн қасақана бұзушы деп танылады. Ескерту. 112-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.12.21 N 363, 2007.03.26 N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен. 113-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға жазалау шараларын қолдану тәртiбi 1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға жазалау шараларын қолдану кезiнде тәртiп бұзуды жасаудың мән-жайы, сотталушының жеке басы және бұрынғы мiнез-құлқы ескерiледi. Қолданылатын жаза әрекеттiң ауырлығы мен сипатына сәйкес болуға тиiс. Жаза әрекет анықталған күннен бастап он тәулiктен кешiктiрiлмей, ал тексеру жүргiзiлген болса - оның аяқталған күнiнен бастап, бiрақ әрекет жасалған күннен үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады. Жаза әдетте, дереу орындалады және тек ерекше жағдайларда ғана - оны қолданған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей орындалады. Бiр тәртiп бұзушылық үшiн бiрнеше жаза қолдануға тыйым салынады.2. Ескерту немесе сөгiс түрiндегi жаза ауызша немесе жазбаша, ал қалған жазалар - тек жазбаша қолданылады. Жаза түзеу мекемесi бастығының немесе оның орнындағы адамның қаулысымен қолданылады. 3. Тәртiптiк айыппұл түрiндегi жаза осы Кодекстiң 112-бабының 1-тармағында келтiрiлген жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн ғана қолданылады. Қаулы сотталушыға қол қойдырылып жарияланады. Айыппұлдың өндiрiп алынған сомасы республикалық бюджетке аударылады. 4. Сотталушыны камералық үлгiдегi үй-жайға және жалғыз адамдық камераға көшiру онда ұстаудың мерзiмi көрсетiлiп жүргiзiледi. Сотталған адамдарды айып изоляторына, тәртiп изоляторына орналастыру не камералық үлгідегі үй-жайға немесе жалғыз адамдық камераларға ауыстыру оларды айып, тәртiп изоляторында, камералық үлгідегі үй-жайда немесе жалғыз адамдық камерада ұстау мүмкіндiгіне жасалған медициналық куәландырудан кейiн жүргiзiледi. 5. Камералық үлгiдегi үй-жайға көшiрiлген сотталушыға камералық үлгiдегi үй-жайға көшiруден басқа жазаның барлық шаралары қолданылуы мүмкiн. 6. Колонияның балалар үйiнде емiзулi балалары бар әйелдер, жүктiлiгi және тууы бойынша жұмыстан босатылған әйелдер айыптық оқшаулау орнына және камералық үлгiдегi үй-жайларға көшiрiлмейдi. 7. Егер сотталушы тәртiптiк жазаны өтеу күнiнен бастап алты ай iшiнде жаңа жазаға тартылмайтын болса, ол жазасы жоқ деп саналады, ал жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушы деп танылған сотталған адам олай деп саналмайды. Ескерту. 113-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363, 2007.03.26. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 114-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айыптық оқшаулау орындарында, камералық үлгiдегi үй-жайларда және жалғыз адамдық камераларда ұстау ережелерi 1. Айыптық оқшаулау орнына көшiрiлген бас бостандығынан айыруға сотталғандарға кездесуге, телефон арқылы сөйлесуге, тамақ өнiмдерiн сатып алуына, посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдар алуға тыйым салынады. Олардың күн сайын ұзақтығы бiр сағат сейiлдеуге құқығы бар.2. Жазалау тәртiбiмен камералық үлгiдегi үй-жайға немесе жалғыз адамдық камераларға көшiрiлген сотталғандардың: ай сайын тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға бас бостандығын өтеу кезеңiнде тапқан қаражатынан төрт айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде жұмсауға; алты ай iшiнде бiр посылка немесе сәлемдеме мен бiр бандероль алуға; ұзақтығы бiр жарым сағаттық күн сайынғы сейiлдеудi пайдалануға; қажеттi медициналық көмек алуға; түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен алты айдың iшiнде бiр қысқа мерзiмдi кездесуге құқығы бар. 3. Айыптық оқшаулау орнына шығарылған, камералық үлгiдегi үй-жайға немесе жалғыз адамдық камераларға көшiрiлген сотталғандар басқа сотталғандардан бөлек жұмыс iстейдi. 4. Сотталғандар айыптық оқшаулау орындарынан, камералық үлгiдегi үй-жайлардан немесе жалғыз адамдық камералардан қылмыстық атқару жүйесiнiң емдеу-профилактикалық мекемелерiне, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының емдеу-профилактикалық мекемелерiне көшiрiлген жағдайда олардың аталған емдеу мекемелерiнде болу мерзiмi жазаның өтеу мерзiмiне есептеледi. Ескерту. 114-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.03.26. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 115-бап. Түзеу мекемелерiнiң бас бостандығынан айыруға сотталғандарға көтермелеу және жазалау шараларын қолданатын лауазымды адамдары 1. Осы Кодекстiң 109 және 111-баптарында атап өтiлген көтермелеу және жазалау шараларын қолдану құқығын түзеу мекемелерiнiң бастықтары немесе олардың орнындағы адамдар пайдаланады.2. Топ бастықтарының мынадай көтермелеу шараларын қолдануға құқығы бар: алғыс жариялау; жылына қосымша бiр посылка немесе сәлемдеме алуға рұқсат ету; тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға қосымша ақша жұмсауға рұқсат ету; топ бастығының бұрын қолданған жазасын мерзiмiнен бұрын алу. 3. Топ бастықтарының мынадай жазалау шараларын қолдануға құқығы бар: ескерту немесе сөгiс. 16-тарау. АЛУАН ТҮРЛI ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРIНДЕГI ЖАЗАЛАРДЫ АТҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI 116-бап. Жалпы режимдегi түзеу колониялары 1. Жалпы режимдегi түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда осы түзеу мекемесiне келген сотталғандар, сондай-ақ жазасын өтеудiң қатаң және жеңiлдетiлген жағдайларынан көшiрiлген сотталғандар жазасын өтейдi.2. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жазасы болмаған және дағдылы жағдайларда жаза мерзiмiнiң кемiнде алты айын өтегенi бойынша еңбекке адал қараған жағдайда сотталушы жеңiлдетiлген жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн. 3. Өзiнiң түзелгенiн дәлелдеген және тағайындалған жаза мерзiмiнiң жартысын жеңiлдетiлген жағдайларда кемiнде үш айын өтеген сотталғандар жеңiлдiктi жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн. 4. Дағдылы, жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларда жазасын өтеушi сотталған адамдар - жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушылар қатаң жағдайға көшiрiлуi мүмкiн. Жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларда жазасын өтеушi сотталған адамдар - жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзушылар дағдылы жағдайға көшiрiледi. 5. Бас бостандығынан айыру орындарында әдейi жасаған қылмысы үшiн сотталған адамдар да бастапқы кезеңде қатаң жағдайларда ұсталады. 6. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына көшiру жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жазасы болмаған кезде алты айдан ерте жүргiзiлмейдi. 7. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына, дағдылы жағдайларынан жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларына қайта көшiру осы баптың 2, 3 және 6-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 8. Жалпы режимдегi басқа түзеу колониясынан ауыстырылған сотталғандар жазасын өздерiне ауыстырылғанға дейiн белгiленген жағдайларда өтейдi. Ескерту. 116-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363, 2007.03.26. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 117-бап. Жалпы режимдегi түзеу колонияларында жазаны өтеудiң жағдайлары 1. Жазасын жалпы режимдегi түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда өтеушi сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға:тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын төрт айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға; жыл iшiнде төрт қысқа мерзiмдi және төрт ұзақ уақыт кездесуге; жыл iшiнде алты посылка немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға рұқсат етiледi. 2. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеушi сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға: тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын сегiз есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға; жыл iшiнде алты қысқа мерзiмдi және алты ұзақ уақыт кездесуге; жыл iшiнде он екi посылка немесе сәлемдеме және он екi бандероль алуға рұқсат етiледi. 3. Жазасын жеңiлдiктi жағдайларда өтеушi сотталғандарға бостандықтағы өмiрге ойдағыдай бейiмделуi мақсатында түзеу колониясы бастығының қаулысымен түзеу колониясы шегiнен тыс қадағалауда арнаулы жатақханаларда тұруға рұқсат етiледi. Олар түзеу мекемесiне iргелес аумақтар шекаралары шегiнде еркiн жүрiп-тұра алады, туған-туыстарымен кездесу құқықтары шектелмейдi. 4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеушi сотталғандар жабық үй-жайларда тұрады. Оларға: тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға ай сайын бас бостандығынан айыруды өтеу кезеңiнде тапқан қаражатын ғана жұмсауға; жыл iшiнде екi қысқа мерзiмдi және екi ұзақ уақыт кездесуге; жыл iшiнде үш посылка немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға; ұзақтығы бiр жарым сағаттық күн сайынғы сейiлдеудi пайдалануға рұқсат етiледi. Ескерту. 117-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363, 2007.03.26. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 118-бап. Қатаң режимдегi түзеу колониялары 1. Қатаң режимдегi түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда осы түзеу мекемесiне келген сотталғандар, сондай-ақ жазаны өтеудiң қатаң және жеңiлдетiлген жағдайларынан көшiрiлген сотталғандар жазасын өтейдi.2. Сотталғандар жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жазасы болмаған және дағдылы жағдайларда жаза мерзiмiнiң кемiнде тоғыз айын өтеу бойынша еңбекке адал қараған жағдайда жеңiлдетiлген жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн. 3. Өзiнiң түзелгенiн дәлелдеген және тағайындаған жаза мерзiмiнiң үштен екiсi мен кемiнде үш айын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеген сотталғандар жеңiлдiктi жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн. 4. Дағдылы, жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларда жазасын өтеушi сотталған адамдар - жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушылар қатаң жағдайға көшiрiлуi мүмкiн. Жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларда жазасын өтеушi сотталған адамдар - жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзушылар дағдылы жағдайға көшiрiледi. 5. Бас бостандығынан айыру орындарында әдейi жасаған қылмыстары үшiн сотталған адамдар да бастапқы кезеңде қатаң жағдайларда ұсталады. 6. Ұстаудың қатаң жағдайларын дағдылы жағдайларға көшiру жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жазалары болмаған кезде тоғыз айдан ерте жүргiзiлмейдi. 7. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына немесе дағдылы жағдайларынан жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларына көшiру осы баптың 2, 3 және 6-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 8. Қатаң режимдегi басқа түзеу колониясынан ауыстырылған сотталғандар жазаларын өздерiне көшiрiлгенге дейiн белгiленген жағдайларда өтейдi. Ескерту. 118-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363 Заңымен. 119-бап. Қатаң режимдегi түзеу колонияларындағы жазаны өтеудiң жағдайлары 1. Қатаң режимдегi түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда жазасын өтеушi сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға:тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға; жыл iшiнде үш қысқа мерзiмдi және үш ұзақ уақыт кездесуге; жыл iшiнде төрт посылка немесе сәлемдеме және төрт бандероль алуға рұқсат етiледi. 2. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеушi сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға: тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын жетi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға; жыл iшiнде төрт қысқа мерзiмдi және төрт ұзақ уақыт кездесуге; жыл iшiнде алты посылка немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға рұқсат етiледi. 3. Жазасын жеңiлдiктi жағдайларда өтеушi сотталғандарға түзеу колониясы бастығының қаулысымен түзеу колониясының шегiнен тыс жерде қадағалауда арнаулы жатақханаларда тұруға рұқсат етiледi. Олар түзеу мекемесiне іргелес аумақтар шекаралары шегiнде еркiн жүрiп-тұра алады, туған-туысқандарымен кездесу құқығы шектелмейдi. 4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеушi сотталғандар жабылатын үй-жайларда тұрады. Оларға: тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға ай сайын бас бостандығынан айыруды өтеу кезеңiнде еңбекпен тапқан қаражатын ғана жұмсауға; жыл iшiнде екi қысқа мерзiмдi және бiр ұзақ уақыт кездесуге; жыл iшiнде екi посылка немесе сәлемдеме және екi бандероль алуға; ұзақтығы бiр жарым сағат күн сайынғы сейiлдеудi пайдалануға рұқсат етiледi. Ескерту. 119-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.03.26. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 120-бап. Айрықша режимдегi түзеу колониялары 1. Айрықша режимдегi түзеу колонияларындағы дағдылы жағдайларда осы түзеу мекемесiне келген сотталғандар, сондай-ақ қатаң және жеңiлдетiлген жағдайлардан көшiрiлген сотталғандар жазасын өтейдi.2. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жазасы болмаған, еңбекке адал қараған жағдайда дағдылы жағдайларда жаза мерзiмiнiң кемiнде бiр жылын өтеуi бойынша сотталғандар жеңiлдетiлген жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн. 3. Дағдылы және жеңiлдетiлген жағдайларда жазасын өтеушi сотталған адамдар - жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушылар қатаң жағдайға көшiрiлуi мүмкiн. Жеңiлдетiлген жағдайда жазасын өтеушi сотталған адамдар - жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзушылар дағдылы жағдайға көшiрiледi. <*> 4. Бас бостандығынан айыру орындарында әдейi жасаған қылмыстары үшiн сотталған адамдар мен аса ауыр қылмыстары үшiн сотталғандар бастапқы кезеңде қатаң жағдайларда ұсталады. 5. Қатаң жағдайлардан дағдылы жағдайларға көшiру жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жазасы болмаған жағдайда бiр жылдан ерте жүргiзiлмейдi. 6. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына немесе дағдылы жағдайларынан жеңiлдетiлген жағдайларына қайта көшiру осы баптың 2 және 5-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 7. Жалпы режимдегi басқа түзеу колониясынан ауыстырылған сотталғандар жазасын өздерiне ауыстырылғанға дейiн белгiленген жағдайларда өтейдi. Ескерту. 120-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363 Заңымен. 121-бап. Ерекше режимдегi түзеу колонияларында жазаны өтеудiң жағдайлары 1. Ерекше режимдегi түзеу колонияларында дағдылы жағдайларда жазасын өтеушi сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға:тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға; жыл iшiнде екi қысқа мерзiмдi және екi ұзақ уақыт кездесуге; жыл iшiнде үш посылка немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға рұқсат етiледi. 2. Ұстаудың жеңiлдетiлген жағдайларында жазасын өтеушi сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға: тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға; жыл iшiнде үш қысқа мерзiмдi және үш ұзақ уақыт кездесуге; жыл iшiнде төрт посылка немесе сәлемдеме және төрт бандероль алуға рұқсат етiледi. 3. Ұстаудың қатаң жағдайларында жазасын өтеушi сотталғандар камералық үлгiдегi үй-жайларда тұрады. Оларға: тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға бас бостандығынан айыруды өтеу кезеңiнде тапқан қаражатын ай сайын жұмсауға; жыл iшiнде екi қысқа мерзiмдi кездесуге; жыл iшiнде бiр посылка немесе сәлемдеме және бiр бандероль алуға; ұзақтығы бiр жарым сағаттық күн сайын сейiлдеуге рұқсат етiледi. Ескерту. 121-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.03.26. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 122-бап. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруды өтеушi сотталғандарға арналған ерекше режимдегi түзеу колониялары Ерекше режимдегi түзеу колонияларында өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар, сондай-ақ кешiрiм жасау тәртiбiмен өлiм жазасы өмiр бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылып сотталғандар жазасын басқа сотталғандардан бөлек өтейдi.123-бап. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруды өтеушi сотталғандарға арналған ерекше режимдегi түзеу колонияларында бас бостандығынан айыруды өтеудiң жағдайлары 1. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар, әдетте, камераларға екi адамнан артық орналастырылмайды. Сотталғандардың өтiнiшiмен және өзге де қажеттi жағдайларда түзеу колониясы бастығының қаулысы бойынша сотталғандардың жеке басының қауiпсiздiгiне қатер төнген жағдайда олар жалғыз адамдық камераларда ұсталуы мүмкiн. Аталған сотталғандардың еңбегi сотталғандарды камераларда ұстаудың талаптары ескерiле отырып ұйымдастырылады.2. Сотталғандардың ұзақтығы бiр жарым сағаттық күн сайынғы сейiлдеуге құқығы бар. Сотталушының мiнез-құлқы үлгiлi және мүмкiндiк болған жағдайда сейiлдеу уақыты екi сағатқа дейiн арттырылуы мүмкiн. 3. Түзеу колониясына келген бойда барлық сотталғандар жазаны өтеудiң қатаң жағдайларында орналастырылады. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан жазаны өтеудiң дағдылы жағдайларына көшiру жазаны өтеудiң қатаң жағдайларында кемiнде он жылын өтеуi бойынша осы Кодекстiң 120-бабының 5-тармағында аталған негiздер бойынша жүргiзiледi. 4. Сотталғандар жазаны өтеудiң дағдылы жағдайларында кемiнде 10 жылын өтеуi бойынша осы Кодекстiң 120-бабының 2-тармағында аталған негiздер бойынша жеңiлдетiлген жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн. 5. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушылар деп танылған, жазасын дағдылы және жеңiлдетiлген жағдайларда өтеушi сотталғандар жазаны өтеудiң қатаң жағдайларына көшiрiледi. Жазаны өтеудiң дағдылы не жеңiлдетiлген жағдайларына қайта көшiру осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген тәртiппен жүргiзiледi. 6. Сотталғандардың дағдылы, жеңiлдетiлген және қатаң жағдайларда жазаны өтеудiң тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға қаражат жұмсауына, кездесулердiң саны мен түрiне, посылкалардың, сәлемдемелер мен бандерольдардың санына қатысты бөлiгiндегi тәртiбi осы Кодекстiң 121-бабымен белгiленедi. 124-бап. Колония-қоныстар 1. Абайсызда жасаған қылмыстары үшiн сотталған адамдар және қасақана қылмыс жасағаны үшін бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар колония-қоныстарда жазасын өтейдi; жақсы мiнездемелi сотталғандарға арналған колония-қоныстарда осы Кодекстiң 73-бабында көзделген тәртiппен жалпы және қатаң режимдердегi колониялардан ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейдi.2. Колония-қоныстардың екi түрiнде де дәл сол жағдайларда бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын өтейдi. 3. Сотталған еркектер мен сотталған әйелдер бiр колония-қоныста ұсталуы мүмкiн. Қатысып қылмыс жасап сотталғандар бас бостандығынан айыруды, әдетте, бөлек өтейдi. Ескерту. 124-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.03.26 N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 125-бап. Колония-қоныстарда бас бостандығынан айыруды өтеудiң жағдайлары 1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар колония-қоныстарда:күзетсiз, бiрақ колония-қоныс әкiмшiлiгiнiң қадағалауында болады; түзеу мекемесiнiң iшкi тәртiбi ережелерiмен ұйқыға бөлiнген уақыттан басқа кезде колония-қоныс аумағы шегiнде еркiн жүрiп-тұру құқығын пайдаланады; колония-қоныс әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен eгep олардың орындайтын жұмысының сипаты бойынша не оқуына байланысты қажет болса, түзеу мекемесiне iргелес аумақ шекаралары шегiнде қадағалаусыз жүрiп-тұра алады; азаматтық киiм киiп жүре алады; өзiнде ақша мен бағалы заттар ұстай алады; ақшаны шек қоюсыз пайдаланады; посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдар алады; санына шек қойылмай кездесе алады; әдетте өздерiне арналған жатақханаларда тұрады. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзуға жол бермеген және отбасы бар сотталғандарға колония-қоныс бастығының қаулысы бойынша түзеу мекемесiне iргелес аумақта, не колония-қоныс орналасқан елдi мекен шегiнде жалға алған немесе өзiнiң тұрғын алаңында отбасымен тұруына рұқсат етiлуi мүмкiн. Аталған сотталғандар тiркелу үшiн колония-қонысқа айына төрт ретке дейiн келуге мiндеттi. Тiркелу кезеңi колония-қоныс бастығының қаулысымен белгiленедi. Сотталғандар тұратын тұрғын үй-жайларда колония-қоныс әкiмшiлiгiнiң өкiлi кез келген уақытта бола алады; сотталушының жеке басын куәландыратын белгiленген үлгiдегi құжаты болады. Сотталушының жеке басының куәлiгi, төлқұжаты мен басқа да жеке құжаттары олардың жеке iстерiнде сақталады. 2. Сотталғандарға тiзбесi түзеу мекемелерiнiң Iшкi тәртiп ережелерiмен белгiленген нәрселер мен заттарды колония-қоныс аумағына әкелуге, пайдалануға және сақтауға тыйым салынады. 3. Еңбек шартын жасасу мен тоқтатуды және басқа жұмысқа көшіруді қоспағанда, сотталғандардың еңбегi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi. Сотталған адаммен еңбек шартын жасасуды, тоқтатуды және оны басқа жұмысқа ауыстыруды жұмыс берушi колония-қоныс әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен жүзеге асыра алады. 3-1. Колония-қоныс әкiмшiлiгi сотталған адамдарды түзеу мекемесiнiң кәсiпорындарына жұмысқа орналастырады. Ондай мүмкiндiк болмаған жағдайда, сотталған адам әкiмшiлiктiң рұқсатымен колония-қоныс шегiнен тыс, бiрақ колония-қоныс орналасқан тиiстi облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегiнде орналасқан ұйымдарға колония-қоныс әкiмшiлiгi мен жұмыс берушi арасындағы шарттардың негiзiнде және сотталған адамдарды тиiсiнше қадағалауды қамтамасыз ету жағдайында жұмысқа орналастырылуы мүмкiн. Сотталған адамдар дара еңбек қызметiмен айналыса алады. Колония-қоныс әкiмшiлiгi мынадай жағдайларда: қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары тұрған органдарының жазбаша нұсқауы бойынша; оны босату кезiнде; төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген кезде; сотталған адам жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзғанда; жұмыс берушi шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағанда сотталған адамды жұмыс объектiсiнен шақыртып алуға мiндеттi. 4. Сотталғандарға колония-қоныс орналасқан тиiстi облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағының шегiнде орналасқан жоғары және орта білімнен кейінгі ұйымдарда сырттай оқуға рұқсат етiледi. Ескерту. 125-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.03.26. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.15. N 253, 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 126-бап. Түрмелер 1. Түрмелерде жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн түрмеде өтеумен бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталғандар, сондай-ақ жалпы, қатаң және ерекше режимдердегi түзеу колонияларында жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн үш жылға дейiнгi мерзiмге түрмеге көшiрiлген сотталғандар, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторий енгізілгенге дейін немесе мораторий қолданылған уақытта өздеріне қатысты өлім жазасы туралы үкім күшіне енген адамдар ұсталады. Түрмелерде сондай-ақ осы Кодекстiң 72-бабында көрсетiлген негiздер бойынша сондағы сотталғандар ұсталуы мүмкiн.2. Түрмелерде жалпы және қатаң режимдер белгiленедi. 3. Қатаң режимде осы түзеу мекемесiне келiп түскен сотталғандар мен жалпы режимнен көшiрiлген сотталғандар ұсталады. 4. Сотталған жүктi әйелдер мен жанында жас балалары бар сотталған әйелдердi, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектер болып табылатын сотталғандарды қатаң режимде ұстауға болмайды. 5. Қатаң режимге жазалау мерзiмiнiң кемiнде бiр жылын өтеуi бойынша сотталғандар жалпы режимге көшiрiлуi мүмкiн. 6. Жалпы режимде жазасын өтеушi, жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушылар деп танылған сотталғандар қатаң режимге көшiрiледi. Жалпы режимге қайта көшiру осы баптың 5-тармағында көзделген тәртiппен жүргiзiлуi мүмкiн. Ескерту. 126-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.03.10. N 529 Заңымен. 127-бап. Түрмелерде бас бостандығынан айыруды өтеудiң жағдайлары 1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар түрмелерде жабылатын жалпы камераларда ұсталады. Сотталғандар қажет болған жағдайларда түрме бастығының дәлелдi қаулысы бойынша және прокурордың келiсiмiмен жалғыз адамдық камераларда ұсталуы мүмкiн.2. Сотталғандарды камералар бойынша орналастыру осы Кодекстiң 75-бабында көзделген талаптар сақтала отырып жүргiзiледi. Өлім жазасын орындауға мораторий енгізілгенге дейін немесе мораторий қолданылған уақытта өздеріне қатысты өлім жазасы туралы үкім күшіне енген адамдар басқа сотталғандардан оқшау, жалғыз адамдық камераларда ұсталады. Сонымен бiрге жалпы және қатаң режимдегi сотталғандар бөлек ұсталады. Бiр түзеу мекемесiнен екiншiсiне ауыстырылған сотталғандар, шаруашылық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн түрмеде қалдырылған сотталғандар басқа сотталғандардан оқшау және бөлек ұсталады. 3. Түрмелерде ұсталатын сотталғандардың сейiлдеуi камера бойынша күндiзгi уақытта арнайы жабдықталған түрме аумағы бөлiгiнiң ашық ауласында жүргiзiледi. Сотталғанның сейiлдеуi ол iшкi тәртiп ережелерiн бұзған жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. 4. Жалпы режимде жазасын өтеушi сотталғандарға: тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға; жыл iшiнде екi қысқа мерзiмдi кездесуге және екi ұзақ уақыт кездесуге; жыл iшiнде екi посылка немесе сәлемдеме және екi бандероль алуға; ұзақтығы бiр жарым сағаттық сейiлдеудi пайдалануға рұқсат етiледi. 5. Жазасын қатаң режимде өтеушi сотталғандарға: тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға; жыл iшiнде екi қысқа мерзiмдi кездесуге; жыл iшiнде бiр посылка мен бiр бандероль алуға; ұзақтығы бiр сағаттық сейiлдеудi пайдалануға рұқсат етiледi. Ескерту. 127-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.03.10. N 529, 2007.03.26. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 17-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ӨТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI 128-бап. Тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеу тәртiбi 1. Тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеудiң дағдылы, жеңiлдетiлген, жеңiлдiктi және қатаң жағдайлары белгiленедi.2. Тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеудiң дағдылы жағдайларына тәрбиелеу колонияларына келген сотталғандар, сондай-ақ жазаны өтеудiң қатаң, жеңiлдетiлген немесе жеңiлдiктi жағдайларынан көшiрiлген сотталғандар жазасын өтейдi. 3. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жазасы болмаған және еңбек пен оқуға адал қараған кезiнде сотталғандар: бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны алғаш рет өтеушi еркек жынысты адамдар, сондай-ақ әйел жынысты сотталған адамдардың барлық санаты - дағдылы жағдайларда жаза мерзiмiнiң кемiнде үш айын өтеуi бойынша; бұрын бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеген еркек жынысты адамдар - дағдылы жағдайларда жаза мерзiмiнiң кемiнде алты айын өтеуi бойынша дағдылы жағдайлардан жеңiлдетiлген жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн. 4. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеушi, жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушылар деп танылған сотталғандар дағдылы жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн. Жеңiлдетiлген жағдайларға қайта көшiру осы баптың 3-тармағында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 5. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеушi сотталғандар шартты-мерзiмiнен бұрын босатылуға әзiрленуi үшiн жеңiлдiктi жағдайларға көшiрiледi. 6. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушылар деп танылған жазасын жеңiлдiктi жағдайларда өтеушi сотталғандар жеңiлдетiлген немесе дағдылы жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн. Жеңiлдiктi жағдайларға қайта көшiру жеңiлдетiлген жағдайларға оралғаннан кейiн алты айдан ерте жүргiзiлмейдi. 7. Жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушылар деп танылған сотталғандар дағдылы және жеңiлдетiлген жағдайлардан үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қатаң жағдайларға көшiрiлуi мүмкiн. 8. Бас бостандығынан айыру орындарында әдейi жасаған қылмыстары үшiн сотталғандар жазаның алғашқы алты айын қатаң жағдайларда өтейдi, бұдан соң жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жазасы болмаған кезде олар дағдылы жағдайларға көшiрiледi. 9. Сотталғандарды жазаны өтеудiң бiр жағдайынан екiншiсiне көшiрудi колонияның оқу-тәрбие кеңесiнiң ұсынуы бойынша колония бастығы жүргiзедi, бұған топ тәрбиешiлерi кеңесiнiң ұсынуы бойынша жүргiзiлетiн дағдылы жағдайдан жеңiлдетiлген жағдайға көшiру қосылмайды. 129-бап. Тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеудiң жағдайлары 1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеушi сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға:тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын жеті айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға; жыл iшiнде сегіз қысқа мерзiмдi және төрт ұзақ уақыт кездесуге; жыл iшiнде он посылка немесе сәлемдеме және он бандероль алуға рұқсат етiледi. 2. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеушi сотталғандар жатақханаларда немесе құлыпталатын үй-жайларда тұрады. Оларға: тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын он екі айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға; жыл iшiнде он бес қысқа мерзiмдi және алты ұзақ уақыт кездесуге рұқсат етiледi. Тәрбиелеу колониясы әкiмшiлiгiнiң рұқсаты бойынша ұзақ уақыт кездесулердi тәрбиелеу колониясынан тыс жерде өткiзуге болады; жыл iшiнде он төрт посылка немесе сәлемдеме және он төрт бандероль алуға рұқсат етiледi. 3. Жазасын жеңiлдiктi жағдайларда өтеушi сотталғандар әдетте күзетсiз, бiрақ қадағаланып, тәрбиелеу колонияларынан тыс жерлерде жақсартылған тұрғын үй-жайларда тұрады. Оларға: тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға жеке шоттарындағы қаражатты шектеусiз жұмсауға; ақшаны пайдалануға; посылкаларды, сәлемдемелер мен бандерольдарды шектеусiз алуға; шектеусiз қысқа мерзiмдi кездесулерге, сондай-ақ жыл iшiнде колониядан тыс тұрып алты ұзақ уақыт кездесуге; азаматтық үлгiдегi киiм мен аяқ киiмдi пайдалануға рұқсат етiледi. 4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеушi сотталғандар оқудан немесе жұмыстан бос уақытында жабылатын оқшауланған тұрғын үй-жайларда тұрады. Оларға: тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттан ай сайын төрт айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға; жыл iшiнде алты қысқа мерзімді және екі ұзақ уақыт кездесуге; жыл iшiнде алты посылка немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға рұқсат етiледi. Ескерту. 129-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.03.26 N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 130-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тәрбиелеу колонияларында қолданылатын көтермелеу шаралары Жақсы мiнез-құлқы, оқу мен еңбекке адал қарағаны, өздiгiнен қызмет ету ұйымдарының жұмысына және тәрбиелiк шараларға белсене қатысқаны үшiн осы Кодекстiң 109-бабында көзделгендермен қатар сотталғандарға мынадай көтермелеу шаралары қолданылады:колония қызметкерлерi ертiп жүрiп, тәрбиелеу колониясынан тыс жердегi мәдени ойын-сауық және спорт шараларына бару құқығын беру; ата-аналары немесе басқа жақын туыстары ертiп жүрiп, колониядан тыс жерге шығу құқығын беру; тәртiптiк оқшаулау орнынан мерзiмiнен бұрын босату. 131-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тәрбиелеу колонияларында көтермелеу шараларын қолданудың ерекшелiктерi 1. Көтермелеу ретiнде колония қызметкерлерi ертiп жүрiп, тәрбиелеу колониясынан тыс жердегi мәдени ойын-сауық және спорт шараларына бару немесе ата-аналары немесе басқа жақын туыстары ертiп жүрiп, колониядан тыс жерге шығу құқығы берiлген сотталғандарға өздерiне тиесiлi азаматтық үлгiдегi киiм берiледi.2. Көтермелеу ретiнде түнгi уақытта өткiзiлетiн мәдени ойын-сауық, спорт және өзге де шараларға баруға жол берiлмейдi. 3. Колониядан тыс жерге шығудың ұзақтығын колонияның бастығы белгiлейдi, бiрақ бұл сегiз сағаттан аспауы керек. 132-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тәрбиелеу колонияларында қолданылатын жазалау шаралары Жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн сотталғандарға осы Кодекстiң 111-бабында көзделгендермен қатар мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкiн:бiр ай бойы кинофильмдер көру құқығынан айыру; оқуға шығарып, жетi тәулiкке дейiнгi мерзiмге тәртiптiк оқшаулау орнына орналастыру. 133-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тәрбиелеу колонияларында жазалау шараларын қолданудың тәртiбi 1. Тәртiптiк оқшаулау орнына шығарылған сотталғандарға ұзақ уақыт кездесулерге, телефон арқылы сөйлесуге, тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға, посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдар алуға, стол ойындарын пайдалануға және темекi тартуға тыйым салынады. Олар ұзақтығы екi сағаттық күн сайынғы сейiлдеудi пайдалануға құқылы.2. Тәртiптiк оқшаулау орнына шығарылған сотталғандарға тәртiптiк оқшаулау орнынан шығарудан басқа барлық жазалау шараларын қолдануға болады. 3. Сотталушыны тәртiптiк оқшаулау орнынан мерзiмiнен бұрын босатуды көтермелеу шарасы ретiнде осы жазалауды қолданған адам шешедi, сондай-ақ медициналық көрсеткiштер бойынша шешiледi. 134-бап. Сотталғандарға көтермелеу және жазалау шараларын қолданушы тәрбиелеу колониясының лауазымды адамдары 1. Көтермелеу және жазалау шараларын қолдану құқығын тәрбиелеу колониясының бастығы немесе оның орнындағы адам толық көлемiнде пайдаланады.2. Топтардың бастықтары мынадай көтермелеу шараларын қолдануға құқылы: алғыс жариялау; тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға қосымша ақша жұмсауға рұқсат ету; топ бастығының бұрын қолданған жазасын мерзiмiнен бұрын алу. 3. Бөлiмшелердiң тәрбиешiлерi мынадай көтермелеу шараларын қолдануға құқылы: алғыс жариялау; бөлiмше тәрбиешiсiнiң бұрын қолданған жазасын мерзiмiнен бұрын алу. 4. Топтардың бастықтары мынадай жазалау шараларын қолдануға құқылы: ескерту немесе сөгiс; бiр ай бойы кинофильмдер көру құқығынан айыру. 5. Бөлiмшелердiң тәрбиешiлерi мынадай жазалау шараларын қолдануға құқылы: ескерту немесе сөгiс. Ескерту. 134-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.03.26. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 135-бап. Кәмелетке толған, бас бостандығынан айыруға сотталғандарды тәрбиелеу колонияларында қалдыру 1. 18 жасқа толған, бас бостандығынан айыруға сотталғандар, әдетте, тәрбиелеу колонияларында қалдырылады, бiрақ олар әрi дегенде 20 жасқа толғанға дейiн болады.2. 18 жасқа толған және тәрбиелеу колонияларында қалдырылған сотталғандарға сотталған кәмелетке толмағандар үшiн жазаны өтеудiң жағдайлары, тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормалары қолданылады. 18 жасқа толған адамдардың еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгiленедi. 3. 18 жасқа толған сотталғандарды тәрбиелеу колониясында қалдыруды колония бастығының ұсынысы бойынша сот жүргiзедi. 136-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды тәрбиелеу колонияларынан түзеу колонияларына ауыстыру 1. 18 жасқа толған, өзiн терiс жағынан көрсеткен сотталғандар жазаларын одан әрi өтеу үшiн тәрбиелеу колониясынан жалпы режимдегi түзеу колониясына ауыстырылуы мүмкiн.2. 18 жасқа толған сотталушыны түзеу колониясына ауыстыру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен сот қабылдайды. 3. 20 жасқа толған барлық сотталғандар жазаларын одан әрi өтеу үшiн тәрбиелеу колониясы бастығының қаулысымен тәрбиелеу колониясынан жалпы режимдегi түзеу колониясына ауыстырылады. 137-бап. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру 1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды түзеу және оларды өз бетiнше өмiр сүруге даярлау мақсатында сотталғандардың бойында заңды бұзбау мiнез-құлқын, еңбек пен оқуға адал қарауды қалыптастыруға, кәсiптiк даярлауға, бiлiмi мен мәдени деңгейiн көтеруге бағытталған бiрыңғай оқу-тәрбие процесi ұйымдастырылады.2. Тәрбие жұмысы әрбiр сотталушының жеке басының дара ерекшелiктерi мен бостандықта өмiрге ойдағыдай үйренiсуi ескерiле отырып жүргiзiледi. 3. Сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм алуы мен кәсiптiк даярлануы тәрбиелеу колониясының кешкi мектептерi мен кәсiпорындары негiзiнде жүзеге асырылады. Ескерту. 137-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) 138-бап. Тәрбиелеу колонияларының жұмысына қоғамдық бiрлестiктердiң қатысуы 1. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру және мекеменiң материалдық-техникалық базасын нығайту iсiне, сотталғандарды әлеуметтiк қорғау, босатылатындарды еңбекке және тұрмыста жайғастыру мәселелерiн шешуде колония әкiмшiлiгiне көмек көрсету үшiн тәрбиелеу колониясының жанынан мемлекеттiк кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтардың өкiлдерiнен қамқоршылық кеңесi құрылады. Қамқоршылық кеңесiн ұйымдастыру мен оның қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ережемен регламенттеледi.2. Сотталғандарға тәрбие ықпалының тиiмдiлiгiн арттыру және колония әкiмшiлiгiне көмек көрсету мақсатында тәрбиелеу колониясында топтардың жанынан сотталғандардың ата-аналары мен басқа да жақын туыстарынан ата-аналар комитетi құрылуы мүмкiн. Ата-аналар комитеттерiнiң қызметi тәрбиелеу колониясының бастығы бекiтетiн ережемен реттеледi. 5 БӨЛIМ. СОТТАЛҒАН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШIЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША ШЕКТЕУ, ГАУПТВАХТАДА ҰСТАУ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАЛАРДЫ АТҚАРУ Ескерту. 5-бөлімнің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 18-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША ШЕКТЕУ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ АТҚАРУ 139-бап. Әскери қызмет бойынша шектеу түрiндегi жазаны атқарудың тәртiбi мен ережелерi 1. Соттың үкiмiне сәйкес әскери бөлiмнiң командирi соттан үкiмнiң көшiрмесi мен оны атқару туралы өкiм келiп түскен соң үш күннен кешiктiрмей бұйрық шығарады, онда сотталған әскери қызметшi қандай негiзде және қандай мерзiм iшiнде лауазымды өсiруге және әскери атақ беруге ұсынылмайтыны, кезектi әскери атақ беру үшiн еңбек сiңiрген жылдарына қандай мерзiм есептелмейтiнi түсiндiрiледi. Сонымен бiрге сот үкiмiне сәйкес сотталған әскери қызметшiнiң ақшалай үлесiнен әскери қызмет бойынша шектеудi өтеу кезеңiнде тиiстi бюджетке қандай мөлшер ұсталып қалатыны көрсетiледi. Бұйрық әскери бөлiмде жарияланады, сотталған әскери қызметшiнiң назарына жеткiзiледi және атқаруға қабылданады.2. Үкiмнiң келiп түскенi туралы, тиiстi бұйрықтың шығарылғаны туралы және оның атқарылуға қабылданғаны туралы әскери бөлiмнiң командирi үкiмдi шығарған сотқа үш күн мерзiмде хабарлайды. Бұйрықтың көшiрмесi сотқа жiберiледi. 140-бап. Сотталған әскери қызметшiнiң ақшалай үлесiнен ұстап қалу Сотталған әскери қызметшiнiң ақшалай үлесiнен соттың үкiмiмен белгiленген ұстап қалу лауазымдық айлықақысынан, әскери атағы бойынша үстемеақысынан, ай сайынғы және өзге үстемеақылары мен басқа да қосымша ақша төлемдерiнен есептеледi.141-бап. Сотталған әскери қызметшiнiң қызметiн өзгерту 1. Әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған әскери қызметшiнiң жазаны атқару тәртiбiнде соттың үкiмiмен белгiленген мерзiм iшiнде лауазымын жоғарылатуға болмайды.2. Егер жасаған қылмысының сипаты мен өзге де мән-жайлар ескерiле отырып, сотталған әскери қызметшiнi бағыныштыларға басшылық етуге байланысты қызметте қалдыру мүмкiн болмаса, ол әскери бөлiмнiң тиiстi командирiнiң шешiмi бойынша әскери бөлiмнiң iшiнде де, басқа бөлiмге ауыстырылуына байланысты да басқа лауазымға ауыстырылады, бұл туралы үкiмдi шығарған сотқа хабарланады. 142-бап. Сотталған әскери қызметшiмен тәрбие жұмысы Сотталған әскери қызметшiмен әскери бөлiмнiң командирi жасаған қылмысының сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiн, сотталған әскери қызметшiнiң жеке басын, сондай-ақ оның мiнез-құлқы мен әскери қызметке көзқарасын ескере отырып тәрбие жұмысын жүргiзедi.143-бап. Әскери қызмет бойынша шектеу түрiндегi жазаны атқарудың тоқтатылуы Соттың үкiмiмен және әскери бөлiм бойынша жарияланған бұйрықпен белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн үш күннен кешiктiрмей әскери бөлiмнiң командирi әскери қызмет бойынша шектеу түрiндегi жазаның атқарылуын тоқтату туралы оның тоқтатылатын күнi көрсетiлген бұйрық шығарады. Бұйрықтың көшiрмесi үкiмдi шығарған сотқа жiберiледi.144-бап. Әскери қызметтен босатылатын сотталған әскери қызметшiнi әскери қызмет бойынша шектеу түрiндегi жазадан босату немесе оны ауыстыру Соттың үкiмiмен белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн сотталған әскери қызметшi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша әскери қызметтен босатылуы мүмкiн.Бұл жағдайда әскери бөлiм командирi сотқа жазаның өтелмей қалған бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсағырақ түрiмен ауыстыру туралы не жазадан босату туралы ұсыныс жолдайды. 19-тарау. СОТТАЛҒАН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШIЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ГАУПТВАХТАДА ҰСТАУДЫ АТҚАРУ Ескерту. 19-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 145-бап. Әскери қызметшiлердiң гауптвахтада ұстауды өтеу орындары Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Гауптвахтада ұстауға сотталған әскери қызметшiлер жазаны гаупвахтада өтейдi. Офицерлер, сержанттық, старшиналық және қатардағы құрамдардың әскери қызметшiлерi өзге негiздер бойынша гаупвахтада ұсталатын әскери қызметшiлерден бөлек және жеке ұсталады. Ескерту. 145-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.22 N 255, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 146-бап. Сотталғандарды гаупвахтаға жiберу тәртiбi Гауптвахтада ұстауға сотталған әскери қызметшiлер жазаны өтеу үшiн үкiмдi атқару туралы соттың өкiмi алынғаннан кейiн әскери жарғыларда белгiленген тәртiппен үш күн мерзiмде гаупвахтаға жiберiлуге тиiс.Ескерту. 146-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 147-бап. Сотталғандарды гауптвахтада ұстау тәртібі мен шарттары 1. Гауптвахтада ұстауға сотталғандар құлыпталатын жалпы камераларда қатаң оқшаулау жағдайында жазасын өтейді. Еркектер мен әйелдер бөлек орналастырылады. Гауптвахтада ұстау түріндегі жазаны орындау жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібі әскери жарғыларда айқындалады. Гауптвахтада ұстауға сотталғандардың айдауылсыз жүруіне тыйым салынады.2. Гауптвахтада ұстау түріндегі жазаға сотталғандарға: өздерінің жеке шоттарындағы қаражатын ай сайын үш айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға; бірінші кезекте қажетті заттар мен маусымдық киім-кешек салынған посылкалар, сәлемдемелер, бандерольдер алуға; адвокаттармен кездесуге; ұзақтығы кемінде бір жарым сағат болатын күнделікті серуен жасауға рұқсат етіледі. Сотталғандарды әскери оқыту әскери қызметші жауынгерлік қызметін өткеріп жүрген уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейтін арнайы бағдарлама бойынша ұйымдастырылып, жүргізіледі. Сабақтарды өткізу үшін қажетті оқу-материалдық база жасалады. 3. Ерекше жеке мән-жайлар кезінде гауптвахтада ұстауға сотталғандарға жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен телефон арқылы сөйлесуге рұқсат етілуі мүмкін. Ескерту. 147-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 148-бап. Сотталғандарға қолданылатын көтермелеу және жазалау шаралары 1. Сотталғандарға үлгiлi мiнез-құлқы үшiн алғыс немесе бұрын қолданылған жазаны мерзiмiнен бұрын алу түрiнде көтермелеу шаралары қолданылады.2. Жазаны өтеу тәртiбiн бұзғаны үшiн сотталушыға сөгiс немесе он тәулiкке дейiнгi мерзiмге жалғыз адамдық камераға көшiру түрiндегi жаза қолданылуы мүмкiн. 3. Көтермелеу және жазалау шараларын қолдану құқығын гарнизонның бастығы пайдаланады. Ескерту. 148-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.22. N 255 Заңымен. 149-бап. Сотталған әскери қызметшiлердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi 1. Гауптвахтада ұстау түрiндегi жазаны өтеу уақыты әскери қызметтiң жалпы мерзiмiне және кезектi әскери атақ беруге арналған еңбек сiңiрген жылдарына есептелмейдi.2. Жазаны өтеу уақытында сотталушыны кезектi әскери атақ беруге, жоғары қызметке тағайындауға, жаңа қызмет орнына ауыстыруға және әскери қызметтен босатуға ұсынуға болмайды, бұған денсаулығы бойынша қызметке жарамсыз деп танылған жағдайлар қосылмайды. 3. Гауптвахтада ұстауға сотталған әскери қызметшiлерге жазасын өтеу уақытында ақшалай үлес төленбейдi. Ескерту. 149-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 20-тарау. ТӘРТIПТIК ӘСКЕРИ БӨЛIМДЕ ҰСТАУ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ АТҚАРУДЫҢ ТӘРТIБI МЕН ЖАҒДАЙЛАРЫ 150-164-баптар. Ескерту. 20-тарау алып тасталды - ҚР-ның 2009.07.10. N 177-IV Заңымен.6 БӨЛIМ. ӨЛIМ ЖАЗАСЫ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ 21-тарау. ӨЛIМ ЖАЗАСЫ ТҮРIНДЕГI ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУДЫҢ ТӘРТIБI МЕН ЖАҒДАЙЛАРЫ 165-бап. Жалпы ережелер 1. Өлiм жазасына сотталған адамды ұстаудың жағдайы оны күшейтiлген күзетпен және жалғыз адамдық камерада оқшаулаумен қамтамасыз етiлуге тиiс.2. Сотталушы кешiрiм жасау туралы өтiнiш берген жағдайда үкiмнiң орындалуы Қазақстан Республикасының Президентi шешiм қабылдағанға дейiн тоқтатыла тұрады. 3. Сотталушы кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруден бас тартқан жағдайда тергеушiлiк оқшаулау орнының әкiмшiлiгi прокурордың қатысуымен тиiстi акт жасайды. <*> 4. Сот үкiмiнiң заңды күшiне енуi, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының қадағалау тәртiбiмен соттың үкiмiне қарсылық жасау үшiн негiздердiң жоқтығы туралы және iстi қадағалау тәртiбiмен қарау үшiн негiздердiң жоқтығы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының қорытындылары, сондай-ақ кешiрiм жасау туралы өтiнiштiң қабылданбағаны туралы хабарлама немесе сотталушының кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруден бас тартқаны туралы акт өлiм жазасы түрiндегi жазаны орындау үшiн негiз болып табылады. 5. Өлiм жазасы туралы үкiм ол күшiне енген кезден бастап ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан соң ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін орындалады. Ескерту. 165-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363, 2004.03.10. N 529 Заңдарымен. 166-бап. Өлiм жазасына сотталған адамның құқықтық жағдайы 1. Үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн сотталушының заңда белгiленген тәртiппен кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруге құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген жағдайда, сотталғанның мораторий енгізілгенге дейін не ол қолданылған уақытта өтініш бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, мораторийдің күші жойылғаннан кейін де бір жыл ішінде кешірім жасау туралы өтінішпен жүгінуге құқығы бар.2. Ол: заңда көзделген тәртiппен қажеттi азаматтық-құқықтық және неке-отбасылық қатынастарды ресiмдеуге; заң көмегiн алуға және олардың құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда, ұзақтығы мен санына шек қойылмай адвокатпен кездесуге; қажеттi медициналық көмек алуға; хаттарды шек қойылмай алуға және жiберуге; зайыбымен, жақын туыстарымен ай сайын бiр қысқа мерзiмдi кездесуге; дiн қызметшiсiмен кездесуге; күн сайын ұзақтығы отыз минут болатын сейiлдеудi пайдалануға; тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға қатаң режимдегi түзеу колониясында ұсталатын сотталғандар үшiн көзделген мөлшерде ақша жұмсауға құқылы. 3. Өздерi жөнiндегi сот үкiмi заңды күшiне енген, бiрақ кешiрiм жасау мәселесi шешiлмеген не кешiрiм жасау туралы өтiнiшi қанағаттандырылған өлiм жазасына сотталғандар жазасын одан әрi өтеу үшiн түзеу мекемесiне жiберiлгенге дейiн осы Кодекстiң 123-бабында көзделген жағдайларда ұсталады. 4. Өздерi жөнiндегi кешiрiм жасау туралы өтiнiш қабылданбаған өлiм жазасына сотталғандар үкiмдi орындау үшiн тиiстi мекемелерге жiберiлгенге дейiн осы Кодекстiң 127-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда ұсталады. Ескерту. 166-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.03.16 N 163, 2004.03.10 N 529, 2009.12.11 N 230-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 167-бап. Өлiм жазасын орындау тәртiбi 1. Өлiм жазасы жария етпей ату жолымен орындалады. Бiрнеше адамға қатысты өлiм жазасын орындау әрбiреуiне қатысты жеке және өзгелерi жоқта орындалады.2. Өлiм жазасын орындау кезiнде прокурор, өлiм жазасы атқарылатын мекеменiң өкiлi және дәрiгер болады. 3. Сотталушының өлгенiн дәрiгер куәландырады. Сот үкiмiнiң орындалғаны туралы хаттама жасалады, оған осы баптың 2-тармағында аталған адамдар қол қояды. 4. Жазаны атқарған органның әкiмшiлiгi үкiм шығарған сотқа, сондай-ақ сотталған адамның зайыбына немесе жақын туыстарының бiрiне өлiм жазасының атқарылғаны туралы хабарлауға мiндеттi. Өлiктiң жерленген жерi туралы туыстарына жерленген кезден екi жыл өткен соң хабарланады. 5. Азаматтық хал актiлерiн жазу органына әкiмшiлiк белгiлеген үлгiде хабарлама жiбередi және туыстарына олардың өлуi туралы куәлiктi қайдан алуына болатын орынды хабарлайды. Ескерту. 167-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен. 7 БӨЛIМ. ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН БОСАТУ. ЖАЗАСЫН ӨТЕУДЕН БОСАТЫЛҒАН СОТТАЛҒАНДАРҒА КӨМЕК ЖӘНЕ ОЛАРҒА БАҚЫЛАУ ЖАСАУ 22-тарау. ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН БОСАТУ 168-бап. Жазаны өтеуден босатудың негiздерi Жазаны өтеуден босатудың негiздерi мыналар болып табылады:сот үкiмi бойынша тағайындалған жаза мерзiмiн өтеу; iс бойынша ақтау үкiмi шығарылған немесе iс жүргiзудiң қысқартылуына байланысты сот үкiмi күшiнiң жойылуы; жазаны өтеуден шартты-мерзiмiнен бұрын босату; жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiмен ауыстыру; кешiрiм жасау немесе рақымшылық жасау; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін тізбеде көзделген, сотталған адамның мүгедектігі немесе сырқаты; заңда көзделген өзге де негiздер. Ескерту. 168-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.03.26 N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 169-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға ұсыну тәртiбi 1. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.1-1. Сотталған заңда белгiленген жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн өтеген кезде жазаны орындайтын орган бес күн мерзімде жазбаша түрде сотталғанға жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы мәселені қарау немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазалаудың неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру үшін сотқа өтініш беру құқығының туындағаны туралы хабарлауға міндетті. 2. Кешiрiм жасауға ұсынылатын сотталушы жөнiнде жазаны атқарушы мекеме немесе орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тиiстi өтiнiш енгiзедi. 3. Сотталғанның жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы, жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiмен ауыстыру туралы және кешiрiм жасау туралы өтінішіне жазаны орындайтын орган оның жазасын өтеу кезіндегі жеке басын, мінез-құлқын, еңбек пен оқуға қатынасын сипаттайтын деректерді қоса береді. 4. Рақымшылық жасауды қолдану тәртiбiн рақымшылық жасау туралы актiнi шығарушы орган белгiлейдi. 5. Жүйке бұзылуы салдарынан жазаны өтеуден босату туралы ұсынысты сотқа жазаны атқарушы мекеменiң немесе органның бастығы енгiзедi. Ұсыныспен бiрге медициналық комиссияның қорытындысы және сотталушының жеке iсi жолданады. 6. Ауыр сырқатқа байланысты жазаны өтеуден босату туралы ұсынысты сотқа жазаны атқарушы мекеменiң немесе органның бастығы енгiзедi. Ұсыныспен бiрге сотқа медициналық немесе медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиясының қорытындысы мен сотталушының жеке iсi жолданады. Ұсыныста сотталушының жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқын сипаттайтын деректер болуға тиiс. 7. Қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту немесе бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаға сотталған адамдар I және II топтағы мүгедек деп танылған жағдайда жазаны атқарушы мекеме немесе орган оны жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын босату туралы ұсыныс енгiзедi. 8. Қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту немесе бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаға сотталған әйелдердiң жүктiлiгi анықталған жағдайда жазаны атқарушы мекеменiң немесе органның бастығы сотқа жүктiлiгi мен тууы бойынша демалыс берген күннен бастап оның жазасын өтеуiн кейiнге қалдыру туралы ұсыныс енгiзедi. 9. Сотталған жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiмен ауыстыру туралы өтініш бергеннен кейін он күннің ішінде, жазаны орындайтын орган осы баптың үшінші бөлігінде аталған материалдарды және сотталғанның жеке ісін қоса бере отырып, оны сотқа жіберуге, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорды жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. 10. алып тасталды 11. Сот шартты-мерзiмiнен бұрын босатудан, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жұмсағырақ түрiмен ауыстырудан бас тартқан жағдайда, осы негiздердiң кез келгенi бойынша қайта өтініш енгiзу бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап алты айдан ерте орын алмауы керек. 12. Шартты-мерзiмiнен бұрын босатылғандар, сондай-ақ бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаға сотталғандар, егер олар заңда көзделген жағдайларда түзеу мекемелерiне жiберiлген болса, жазаны өтеуден шартты-мерзiмiнен бұрын босатуға немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жұмсағына ауыстыруды шартты-мерзiмiнен бұрын босатудан бас тарту туралы сот шешiмi шығарылған күннен бастап ерте дегенде бiр жыл өткен соң қайта ұсынуға болады. Ескерту. 169-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2007.03.26 N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 170-бап. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды шартты-мерзiмiнен бұрын босатуға ұсынудың ерекшелiктерi 1. Өмiр бойы бас бостандығынан айырудан шартты-мерзiмiнен босату сотталушының алдыңғы үш жылдың iшiнде жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушылығы болмаған жағдайда ғана қолданылады.2. Өмiр бойы бас бостандығынан өтеу кезеңiнде жаңадан ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған сотталғандар шартты-мерзiмнен бұрын босатуға ұсынылмайды. 3. Сот сотталушыны шартты-мерзiмнен бұрын босатудан бас тартқан жағдайда сот бас тарту туралы шешiм қабылдаған күннен бастап ерте дегенде үш жыл өткен соң қайталап ұсыныс енгiзу орын алуы мүмкiн. 171-бап. Жүктi әйелдер және жас балалары бар әйелдер және жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектер жөнiнде жазаның атқарылу мерзiмiн кейiнге қалдыру 1. Түзеу колониясында жазасын өтеушi жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге және жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектерге сот тиiсiнше бес жылға дейінгі, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан аспайтын мерзімге жазаның атқарылуын кейiнге қалдыруы мүмкiн.2. Жазаның атқарылуын кейiнге қалдыру жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бес жылдан артық мерзiмге сотталған адамдарға қолданылмайды. 3. Түзеу колониясының әкiмшiлiгi сотқа сотталған адамға жазаны қолдануды кейiнге қалдыру туралы ұсыныс немесе оның тиiстi өтiнiшiн жолдайды. Оған қылмыстық-атқару инспекциясы жасаған сотталған адамның мiнездемесi, сотталған адамды және баланы қабылдауға, оларға тұрғын үй беруге және тұруы үшiн қажеттi жағдайлар жасауға келiскен туысқандарының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актiсi, жүктiлiгi туралы медициналық қорытынды не баласының бар екендiгi туралы анықтама, сондай-ақ сотталған адамның жеке iсi қоса тiркеледi. 4. Түзеу колониясының әкiмшiлiгi сотталған адам жөнiнде жазаның атқарылуын кейiнге қалдыру туралы сот қаулысын алған соң оны босатады. Сотталған адамнан өзiнiң тұратын жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясына барып жеткен күнiнен бастап үш күн мерзiмде баруы туралы қолхат алынады. 5. Сотталған адам тұратын жерiне мемлекет есебiнен өзi барады. 6. Босатылған күнiнде сотталған адамның тұратын жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясына босатылған күнi көрсетiлiп, жазаның атқарылу мерзiмiн кейiнге қалдыру туралы сот ұйғарымының көшiрмесi жiберiледi. 7. Қылмыстық-атқару инспекциясы сотталған адам келген соң үш тәулiк iшiнде оны есепке алуға, босатылған орны бойынша түзеу колониясынан жеке iсiн сұратуға мiндеттi және бұдан әрi оның жүрiс-тұрысын бақылауды жүзеге асырады. Ескерту. 171-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2002.12.21 N 363, 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 172-бап. Жазасын атқаруды кейiнге қалдыру ережелерiн сақтамаудың салдары Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.1. Сотталған адам, осы Кодекстiң 171-бабында көрсетiлгенiндей, босаған күнiнен бастап екi апта мерзiмде келмеген жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясы белгiленген тәртiппен iздеу жариялайды. 2. Қоғамдық тәртiптi бұзуға жол берген, өзiне жазаны атқаруды кейiнге қалдыру қолданылған сотталған адам, егер өзi жөнiнде мерзiмiн кейiнге қалдыру кезеңiнде әкiмшiлiк жазалары не тәртiптiлiк немесе қоғамдық ықпал ету шаралары қолданылған болса, не егер бұл адам баланы тәрбиелеуден немесе оны күтiп-бағудан жалтарса, қылмыстық атқару инспекциясы жазбаша ескерту жасайды. 3. Егер сотталған адам баласынан бас тартса, не жасырынса немесе баланы тәрбиелеуден, немесе қылмыстық-атқару инспекциясы шығарған екi мәрте жазбаша ескертуден кейiн қоғамдық тәртiптi бұзуды жалғастырса, инспекция сотқа оның тұрғылықты жерi бойынша жазаны атқаруды кейiнге қалдырудың күшiн жою және сотталған адамды сот үкiмiмен тағайындалған жазаны өтеуге жiберу туралы ұсыныс енгiзедi. Ұсынысқа жазаны атқаруды кейiнге қалдыру туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi қоса тiркеледi. 4. Жазаны өтеуді кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан кейiн немесе бала өлген жағдайда не жүктiлiк үзiлген ретте қылмыстық-атқару инспекциясы сотталған адамның тұратын жерi бойынша оның мiнез-құлқын ескере отырып, сотталған адамды жазасының қалған бөлiгiн өтеуден босату туралы не жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жұмсағымен ауыстыру туралы, не оны түзеу мекемесiне жiберу туралы сотқа ұсыныс жолдайды. Ескерту. 172-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.12.21 N 363, 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 173-бап. Жазаны өтеудiң тоқтатылуы және босату тәртiбi 1. Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту, бас бостандығын шектеу, гауптвахтада ұстау, бас бостандығынан айыру, сондай-ақ әскери қызмет бойынша шектеу түрiндегi жазаны өтеу заңға сәйкес жазаның мерзiмiне енгiзiлуi мүмкiн өзгерiстер ескерiле отырып, жаза мерзiмiнiң соңғы күнiнде тоқтатылады.2. Гауптвахтада ұстауға және бас бостандығынан айыруға сотталғандар жаза мерзiмiнiң соңғы күнiнiң бiрiншi жартысында босатылады. Егер жаза мерзiмi демалыс немесе мереке күнi бiтетiн болса, сотталушы жазаны өтеуден демалыс алдындағы немесе мереке алдындағы күнi босатылады. Жазаның мерзiмi айлармен есептелген жағдайда ол соңғы айдың тиiстi күнiнде, ал егер бұл айда тиiстi күн болмаса - сол айдың соңғы күнiмен бiтедi. 3. Сотталушыға босатылған кезде оған тиесiлi заттары мен құндылықтары, оның жеке шотында сақтаулы ақшасы мен жеке құжаттары, сондай-ақ жазасын өтегенi туралы немесе жазадан босатылғаны туралы құжат берiледi. 4. Гауптвахтада ұстауға немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазадан босатылатын сотталушы адамның жеке iсiнде сақтаулы тұрған төлқұжаты немесе жеке басының куәлiгi, еңбек кiтапшасы мен зейнеткерлiк куәлiгi, сондай-ақ өзге де жеке құжаттары оған босатылған кезде қолына берiледi. Сотталушының жеке iсiнде төлқұжаты, жеке басының куәлiгi, еңбек кiтапшасы мен зейнеткерлiк куәлiгi болмаған жағдайда жазаны атқарушы мекеменiң әкiмшiлiгi олардың алынуына алдын-ала шаралар қолданады. 5. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босату тиiстi құжаттар түскен күнi, ал егер құжаттар жұмыс күнi аяқталған соң алынса - келесi күнi таңертең жүргiзiледi. 6. Қылмыстық-атқару инспекциясы түзеу жұмыстары түрiндегi жазаның аяқталған күнiнде, ал бұл жазадан басқа негiздер бойынша босатылған жағдайда тиiстi құжаттарды алған соң келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей сотталушы жазасын өтеп жатқан кәсiпорынның, мекеменiң немесе ұйымның әкiмшiлiгiне оның жалақысынан ұсталып қалатындарды тоқтатуды ұсынуға мiндеттi. Сотталушыға жазасын өтегенi туралы құжат берiледi. 7. Ақтау негiздерi бойынша қылмыстық iстiң қысқартылуына, ақтау үкiмiнiң шығарылуына байланысты үкiмнiң күшi жойылуы себептi жазаны өтеуден босатылған адамға жазаны атқарушы органның бастығы оның мүлiк, еңбек, тұрғын үй және айрылған өзге де құқықтарын қалпына келтiру құқығын түсiндiредi. Босату туралы құжатта сотталушыға мемлекет атынан ресми кешiрiм сұратылады. Ескерту. 173-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.10 N 177-IV, 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 174-бап. Сотталған әскери қызметшiлердi жазасын өтеуден босату 1. Әскери қызмет бойынша шектеудi, гауптвахтада ұстауды өтеушi сотталған әскери қызметшiлер жазаны одан әрi өтеуден оларды әскери қызметке жарамсыз ететiн ауру болған жағдайда босатылады. Жазаның өтелмеген бөлiгi оларға жазаның неғұрлым жұмсағырақ түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.2. Әскери қызметтен өту кезiнде жазаны өтеушi сотталған әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әскери қызметтен босату үшiн өзге де негiздер туындаған жағдайда жазадан сот жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiмен ауыстырып немесе онсыз белгiленген тәртiппен мерзiмiнен бұрын босатуы мүмкiн. Ескерту. 174-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 175-бап. Жазасын өтеген адамдардың құқықтық жағдайы Жазасын өтеген адамдар соттылығы бар адамдар үшiн көзделген шектеулермен Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген мiндеттердi орындап, құқықтарды пайдаланады. Мұндай шектеулер тек заңда ғана көзделуi мүмкiн.23-тарау. ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН БОСАТЫЛАТЫН СОТТАЛҒАНДАРҒА КӨМЕК ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫЛАУ Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 176-бап. Жазаны атқарушы мекемелер әкiмшiлiгiнiң босатылатын сотталғандарды еңбекке және тұрмыста орналастыру жөнiндегi мiндеттерi 1. Жазаны атқарушы мекеменiң әкiмшiлiгi бас бостандығынан айыру мерзiмi бiткенге дейiн алты айдан кешiктiрмей, сотталушы таңдап алған тұрғылықты жерi бойынша республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына оның алдағы уақытта босатылатыны, оның тұрғын үйiнiң бар-жоқтығы, оның еңбек қабiлетi мен алған мамандығы туралы хабарлайды.2. Сотталушыны босатуға әзiрлеу мақсатында онымен жiтi тәрбие жұмысы жүргiзiледi, оған құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi. 3. I және II топтағы мүгедектердi, сондай-ақ 60 жастан асқан еркектер мен 55 жастан асқан әйелдердi олардың өтiнiшi мен жазаны атқарушы мекеменiң ұсынуы бойынша әлеуметтiк қорғау органдары мүгедектер мен қарттар үйiне жiбередi. Ескерту. 176-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 177-бап. Жазаны өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек көрсету 1. Гауптвахтада ұстау немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаларды өтеуден босатылатын адамдар тұратын жерлерiне немесе жұмысына дейiн тегiн жолақымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жолда жүргенде азық-түлiкпен немесе ақшамен қамтамасыз етiледi.2. Қажеттi маусымдық киiмi, аяқкиiмi мен оларды сатып алуға қаражаты болмаған жағдайда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын адамдар мемлекеттiк қаражат есебiнен киiммен және аяқкиiммен қамтамасыз етiледi. Оларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде бiр жолғы ақшалай жәрдемақы берiлуi мүмкiн. 3. Жазадан босатылатын адамдарды тамақпен, киiммен, аяқкиiммен қамтамасыз етудi, бiр жолғы ақшалай жәрдемақы берудi, сондай-ақ жолына ақы төлеудi жазаны атқарушы мекеме жүзеге асырады. 4. I және II топтағы мүгедектердi, жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдердi, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден босату кезiнде жазаны атқарушы мекеменiң әкiмшiлiгi олардың туыстарын не өзге адамдарды алдын ала хабардар етедi. 5. Түзеу мекемелерiнен босатылатын, денсаулық жағдайы бойынша ұдайы күтiмге мұқтаж адамдар, сондай-ақ он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар тұратын жерiне туыстарына немесе алып кетуге келген өзге адамға не түзеу мекемесi қызметкерiне ертiп жiберiледi. Ескерту. 177-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.03.26 N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 178-бап. Жазаны өтеуден босатылған адамдарға жұмысқа орналасуда және тұрмысын жайластыруда, әлеуметтiк көмектiң басқа түрлерiн көрсетуде жәрдемдесу Аудан (облыстық маңызы бар қала), республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiгi жазаны өтеуден босатылған адамдарға жұмысқа орналасуда және тұрмысын жайластыруда, сондай-ақ әлеуметтiк көмектiң басқа түрлерiн көрсетуде жәрдемдеседi.Ескерту. 178-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 178-1-бап. Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның жүрiс-тұрысын бақылау 1. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның жүрiс-тұрысын бақылауды босатылған адамның тұрғылықты жерi бойынша Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгі айқындайтын тәртiппен - iшкi iстер органдары, ал әскери қызметшiлерге қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi айқындайтын тәртiппен әскери бөлiмдер мен мекемелердiң командованиесi (бұдан әрi - уәкiлетті органдар) жүзеге асырады.Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды тиісінше бақылауды қамтамасыз ету және олардың орналасқан жері туралы ақпарат алу үшін ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі түрлерін айқындайтын электрондық байқау құралдарын пайдалануға құқылы. Оларды қолдану тәртібін және ішкі істер органдарының қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындайды. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген органдар шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамдарды жазасының өтелмеген қалған бөлiгi iшiнде жеке есепке алуды жүзеге асырады, оларға жүктелген мiндеттердiң орындалуын бақылайды. 3. Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адам бақылаудан жалтарған жағдайда уәкiлеттi орган оның тұратын жерiн және жалтару себептерiн анықтау бойынша бастапқы iс-шараларды жүргiзедi. 4. Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның осы Кодекстiң 178-2-бабында көрсетiлген мiндеттердiң бiрiн дәлелдi себепсiз екi реттен артық орындамауы оның мiндеттердi орындаудан қасақана жалтаруы болып табылады. 5. Егер, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолданылған адам жазасының өтелмеген қалған бөлiгi iшiнде бiрнеше мәрте әкiмшiлiк құқық бұзушылық не сол үшiн оған әкiмшiлiк қамау қолданылған құқық бұзушылық жасаса немесе мiндеттердi орындаудан қасақана жалтарса, уәкiлеттi орган сотқа шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшiн жою және жазасының өтелмеген қалған бөлiгiн атқару туралы ұсыным енгiзедi. Ескерту. 178-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.03.26. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 178-2-бап. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамдардың мiндеттерi 1. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамдар:1) тұрғылықты жерiндегi iшкi iстер органдарында белгiленген тәртiппен тiркеуден өтуге; 2) iшкi iстер органдары белгiлеген уақытта тұрғылықты жерiнен кетпеуге; 3) iшкi iстер органдарын жазбаша хабардар етпей тұрғылықты жерiн, жұмыс және оқу орнын ауыстырмауға; 4) жұмыстан және оқудан бос уақытта iшкi iстер органдары белгiлеген жерлерге бармауға; 5) iшкi iстер органдарының жазбаша рұқсатынсыз басқа жерлерге шықпауға; 6) жәбiрленушiнiң денсаулығына, мүлкiне келтiрген залалды немесе мемлекетке келтiрген материалдық залалды өтеу жөнiнде шаралар қолдануға; 7) iшкi iстер органдарының талабы бойынша шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның жүрiс-тұрысын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi түсiнiктер мен өзге де құжаттарды беруге; 8) iшкi iстер органдарына шақырту бойынша келуге мiндеттi. Дәлелдi себептерсiз келмеген кезде, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адам күштеп әкелiнуi мүмкiн; 9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органына табыстары және салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, оның шегінен тыс жерлердегi де мүлкi туралы декларацияны табыс етуге мiндеттi. Көрсетiлген декларация жазаның қалған өтелмеген бөлiгi өткенге дейiн табыс етіледі. Бұл ретте, көрсетілген адамдар iшкi iстер органына мемлекеттік кіріс органының декларацияны алғаны туралы анықтамасын ұсынады. 2. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамға сот оның түзелуiне септiгiн тигiзетiн басқа да мiндеттердi орындауды: 1) алкоголизмге салынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан емделу курсынан өтудi; 2) жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулардан емделу курсынан өтудi; 3) отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктей алады. 3. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған әскери қызметшiлердiң мiндеттерi Қазақстан Республикасының әскери қызмет туралы заңдарымен белгiленедi. Ескерту. 178-2-баппен толықтырылды - ҚР 2007.03.26 N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 N 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптың 12) тармақшасынан қараңыз) Заңдарымен. 179-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, аса қауiптi қайталап жасаған қылмысы үшiн, сондай-ақ экстремизмнiң белгілерi бар қылмыстары үшін, ауыр және аса ауыр қылмыстары үшiн жазаларын өтеушi немесе қасақана жасаған қылмыстары үшiн бас бостандығынан айыруға екi және одан да көп рет сотталған адамдарға, егер олардың жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқы өздерiнiң түзелу жолына қасақана түскiсi келмейтiндiгiн және қоғам үшiн қауiптi болып қала беретiндiгiн дәлелдесе, әкiмшiлiк қадағалау тағайындалады.Ескерту. 179-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 67 (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 180-бап. Iшкi iстер органдарының әкiмшiлiк қадағалауын белгiлеу қажет адамдар жөнiндегi материалдарды әзiрлеу және ресiмдеу 1. Түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi жазалау мерзiмi аяқталуына дейiн бiр айдан кешiктiрмей iшкi iстер органдарының әкiмшiлiк қадағалауын тағайындау қажет адамдарды анықтайды.2. Түзеу мекемесiнiң бастығы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын осы Кодекстiң 179-бабында аталған адамдар жөнiнде әкiмшiлiк қадағалау тағайындау туралы сотқа ұсыныс жолдайды. 3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босату алдында әкiмшiлiк қадағалау тағайындалған адамдар жөнiнде түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi қадағалауға алынушының өзi таңдаған тұратын жерi бойынша iшкi iстер органына сотталушының барып жететiн уақытын көрсете отырып, әкiмшiлiк қадағалау тағайындау туралы судьяның қаулысын жiбередi. 180-1-бап. Туберкулездiң төңiрегiндегiлерге қауiп туғызатын, жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарды қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнен босату 1. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнен босатылатын, туберкулездiң төңiрегiндегiлерге қауiп туғызатын, жұқпалы түрiмен ауыратын, ерікті емделуден жазбаша түрде бас тартқан адамдар босатылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәжбүрлеп емделуге жатады.2. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнiң әкiмшiлiгi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген адамдарға қатысты жаза мерзiмi аяқталардан кемiнде бiр ай бұрын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәжбүрлеп емдеудi тағайындау туралы мекеменiң орналасқан жерi бойынша сотқа ұсыныс жiбередi. 3. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын, сот шешiмiмен мәжбүрлеп емдеу белгiленген адамдарды қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнен босату туралы хабарлама туберкулездi емдейтiн мамандандырылған емдеу-профилактикалық ұйымына және мекеменiң орналасқан жерi бойынша iшкi iстер органдарына жiберiледi. Ескерту. 180-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.03.26 N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 8 БӨЛIМ. ШАРТТЫ СОТТАЛҒАН АДАМДАРҒА БАҚЫЛАУ ЖАСАУ 24-тарау. ШАРТТЫ СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ЖҮРIС-ТҰРЫСЫНА БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 181-бап. Шартты түрде сотталған әскери қызметшілердің жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру тәртібі 1. Сынақ мерзімі ішінде шартты түрде сотталған әскери қызметшілердің жүріс-тұрысына бақылауды олардың әскери бөлімдерінің командованиесі жүзеге асырады.2. Шартты түрде сотталғандар әскери бөлімдердің командованиесіне өзінің жүріс-тұрысы туралы есеп беруге, сот жүктеген міндеттерді орындауға, айына екі рет тіркелу үшін келуге міндетті. Дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда шартты түрде сотталған адам мәжбүрлеп келтiрiлуi мүмкiн. Ескерту. 181-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 182-бап. Шартты түрде сотталған адамдардың жүріс-тұрысын пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртiбi 1. Пробациялық бақылау – бұл сынақ мерзімі кезеңінде әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсете отырып, шартты түрде сотталғандарға сот жүктеген міндеттердің орындалуына және олардың жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің жұмысы.2. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі пробациялық бақылауда тұрған шартты түрде сотталған адамды есепке қойған кезде: 1) сотталған адамның денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылғандығын, тұрғылықты жерінің бар-жоғын анықтай отырып, жеке басын зерделейді, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды; 2) әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртібін түсіндіреді, сондай-ақ тіркелу үшін қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне келу күндерін белгілейді; 3) сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау тәртібін бұзғаны үшін жауапқа тарту тәртібін түсіндіреді. Қылмыстық атқару инспекциясының пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 3. Шартты түрде сотталған адамның жеке басын және тіршілік жағдайын зерделеу нәтижесі бойынша қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасайды. 4. Білім алуға, мамандық меңгеруге, жұмысқа орналасуға, сондай-ақ құқықтық көмекпен қамтамасыз етуге жәрдем беру шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің негізгі бағыттары болып табылады. 5. Жеке әзірленген бағдарламаға сәйкес шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес және өзге де ұйымдар жәрдем береді. 6. Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 7. Шартты түрде сотталған адамға қосымша жаза ретiнде белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда, қылмыстық-атқару инспекциясы осы Кодекстiң 24-29-баптарында көзделген іс-шараларды толық көлемде жүзеге асырады. 8. Шартты түрде сотталған адамдар қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің алдында өзiнiң жүрiс-тұрысы туралы есеп беруге, сот жүктеген міндеттерді орындауға, тіркелу үшін қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне айына екі рет, ал күшейтілген пробациялық бақылау кезінде төрт рет, сондай-ақ шақыру бойынша келуге мiндеттi. Дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда шартты түрде сотталған адам мәжбүрлеп келтiрiлуi мүмкiн. 9. Тиісті пробациялық бақылауды қамтамасыз ету және сотталған адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат алу үшін қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі түрлерін айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің пробациялық бақылауды жүзеге асыру кезінде оларды қолдану тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 10. Шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі оның орналасқан жерi мен жалтару себептерiн анықтау бойынша алғашқы іс-шараларды жүргізеді. Ескерту. 182-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 183-бап. Сынақ мерзімінің және пробациялық бақылау мерзімінің есептелуі 1. Сынақ мерзiмi және пробациялық бақылау мерзімі сот үкімі заңды күшіне енген кезден бастап есептеледі.2. Сынақ мерзiмi бiткен соң шартты түрде сотталған адамның жүрiс-тұрысына пробациялық бақылау тоқтатылады және ол қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебiнен шығарылады. 3. Сотталған адамды мiндеттi әскери қызметке шақырған жағдайда жергілікті әскери басқару органына үкiмнiң көшiрмесi, ал қажет болған жағдайларда қызмет өткеретін орны бойынша шартты түрде сотталған адамның жүрiс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру үшін талап етілетін өзге де құжаттар жiберiледi. Әскери бөлiмнiң командованиесi он күн мерзiмде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне шартты түрде сотталған адамды есепке қойғаны, қызмет аяқталған соң – оның әскери бөлiмнен кеткенi туралы хабарлауға мiндеттi. 4. Сынақ мерзімінің өтуі соттың шартты түрде сотталған адамды іздестіруді жариялау туралы қаулысы шыққан кезден бастап тоқтатылады және сот шешімі бойынша қайта басталады. Ескерту. 183-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 184-бап. Шартты түрде сотталған адамдардың жауапкершілігі 1. Шартты түрде сотталған адам өзіне сол үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған, қоғамдық тәртiп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға қол сұғатын және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған, электрондық бақылау құралдарын қасақана зақымдаған (бүлдірген), дәлелсіз себептермен тіркелуге келмеген, сотталушыға сот жүктеген міндеттерді орындамаған, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің рұқсатынсыз тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі сынақ мерзімін ұзарту және күшейтілген пробациялық бақылау белгілеу, бірақ бiр жылдан аспайтын уақытқа белгілеу туралы сотқа ұсыным енгiзедi, сондай-ақ шартты түрде соттаудың күшiн жою мүмкiндiгi туралы жазбаша нысанда ескерту шығарады.2. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі жеткілікті негіздер болған жағдайда сотқа сынақ мерзімін ұзарту және бір жылға дейін күшейтілген пробациялық бақылау белгілеу туралы ұсыным жібереді. 3. Шартты түрде сотталған адам осы баптың 1-тармағында көрсетілген бұзушылықтарды сынақ мерзімі ішінде қайталап жасаған, заңды талапқа бағынбаған, сол сияқты шартты түрде сотталған адамның жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыратын орган қызметкерлерін қорлаған не оларға қатысты зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін жасаймын деп қорқытқан жағдайда не егер сотталған адам бақылаудан жасырынса, сотқа шартты түрде соттаудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы ұсыным жіберіледі. 4. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне тiркелу үшiн келмеген кезден бастап он бес күннен астам уақыт iшiнде орналасқан жерi анықталмаған шартты түрде сотталған адам бақылаудан жасырынған адам деп танылады. 5. Шартты түрде сотталған адам электрондық бақылау құралдарын зақымдаған (бүлдірген) жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі тиісті акт жасайды. Электрондық бақылау құралдарын қасақана зақымдаған (бүлдірген) жағдайда сотталған адамдар заңда белгіленген тәртіппен материалдық жауапқа тартылады. Ескерту. 184-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Қазақстан Республикасының Президентi |
Сот үкiмi бойынша тәркiленуге жатпайтын мүлiктерСотталушы мен оның асырауындағы адамдар үшiн қажеттi, оған жеке меншiк құқығында тиесiлi немесе оның ортақ меншiктегi үлесi болып табылатын мынадай мүлiк түрлерi мен нәрселер тәркiленуге жатпайды: |
2. Тәркiленуге жатпайтын үй мен шаруашылық құрылыстары орналасқан жер учаскелерi, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылық жүргiзуге қажеттi жер учаскелерi. 3. Негiзгi кәсiбi ауыл шаруашылығы болып табылатын адамдарда - шаруашылық құрылыстары мен саны оның отбасының қажеттерiн қанағаттандыруға қажеттi үй малы, сондай-ақ малға арналған жемшөп. 4. Кезектi ауыл шаруашылық дақылдарын егуге қажеттi тұқым. 5. Үй жабдығы заттары, керек-жарақтар, киiмдер: а) киiлiп жүрген киiм, аяқкиiм, iшкиiм, қолданылатын көрпе-төсек, ас үй және асхана заттары. Мех және басқа қымбат киiм-кешек, асхана сервизi, қымбат металдардан жасалған, сондай-ақ көркемдiк жағынан құнды нәрселер тәркiленуi мүмкiн; б) сотталушы мен оның отбасы мүшелерi үшiн қажетi шамалы жиhаз; в) балалардың барлық керек-жарақтары. 6. Сотталушы мен оның отбасы мүшелерi үшiн, егер сотталушының негiзгi кәсiбi ауыл шаруашылығы болса, жаңа өнiмге дейiн қажеттi мөлшердегi азық-түлiк, ал қалған жағдайларда - азық-түлiк өнiмдерi мен жалпы сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшердегi ақша. 7. Ас дайындауға және отбасының тұрғын-жайын жылытуға арналған отын. 8. Сотталушының кәсiптiк iсiн жалғастыруға қажеттi мүкаммал (оның iшiнде оқулықтар мен кiтаптар), бұған сотталушы тиiстi қызметпен айналысу құқығынан айырылған немесе мүкаммал оның қылмыс жасауы үшiн пайдаланылған жағдайлар қосылмайды. 9. Мүгедектердiң жүрiп-тұруына арнайы арналған көлiк құралдары. 10. Сотталушы марапатталған халықаралық, мемлекеттiк және өзге де сыйлықтар. |