Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 974 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10, 11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 60, 63, 69-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      50-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына, тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органына дереу жазбаша түрде хабарлауға міндетті.».
      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 7, 36-құжат; № 13, 62, 64-құжаттар; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76, 78-құжаттар; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 60-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 64-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тергеуші - өз құзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам: арнайы прокурор, ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі, экономикалық тергеулер қызметінің тергеушісі.»;
      2) 65-баптың екінші бөлігінің 4) және 5) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің;
      5) экономикалық тергеулер қызметінің;»;
      3) 123-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Құжаттар жазбаша да, өзге нысанда да көрсетілген мәліметтерді қамтуы мүмкін. Құжаттарға, сонымен бірге осы Кодекстің 125-бабында көзделген тәртіппен алынған, талап етілген немесе табыс етілген тергеуге дейінгі тексерулердің материалдары (түсініктеме және басқа да көрсетулер, түгендеулер, тексерулер актілері, анықтамалар, салықтық тексерулер актілері, мемлекеттік кірістер органдарының қорытындылары), сондай-ақ компьютерлік ақпаратты қамтитын материалдар, фото және кино суреттер, дыбыс және бейне жазбалар да жатады.»;
      3) 191-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қылмыстық істер бойынша алдын-ала тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, экономикалық тергеулер қызметінің, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда прокурорлар жүргізеді.»;
      4) 192-бапта:
      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-103-баптарында, 107-бабында (екінші бөлігінде), 112, 113,114-баптарында, 116-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 117-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 120-122, 124, 125-баптарында, 126-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 127-бабында, 128-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 131-бабында, 132-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 132-1 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 133, 138, 138-1-баптарында, 141-бабында (екінші бөлігінде), 142-бабында (екінші бөлігінде), 143-бабында, 145-бабында (үшінші бөлігінде), 146-153, 155, 174-баптарында, 175-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 178-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 179, 180-баптарында, 181-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 183-1-бабында, 185-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 186-бабында (екінші бөлігінде), 187-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 224, 227-2 - 227-10, 229-баптарында, 230-бабында (екінші бөлігінде), 232, 234, 237, 241, 242, 242-1, 245, 245-1, 246, 246-1-баптарында, 251-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 252-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 254-бабында (екінші бөлігінде), 255-бабында (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 257-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 259-бабында (1-1, екінші, 2-1, үшінші және төртінші бөліктерінде), 260-бабында, 261-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 263-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 264, 267-269-баптарында, 270-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 271-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 273-1-бабында, 275-бабында (екінші бөлігінде), 275-1-бабында (екінші бөлігінде), 277-286-баптарында, 287-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 288-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 289-бабында, 292-бабында (екінші бөлігінде), 294, 295-баптарында, 298-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 299-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 300-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 301-бабында, 302-бабында (екінші бөлігінде), 303-305, 319, 319-1-баптарында, 320-бабында (екінші бөлігінде), 321-322-баптарында, 327-бабында (үшінші бөлігінде), 330-2-бабында (екінші бөлігінде), 335, 338-1-баптарында, 339-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 340, 341, 343-баптарында, 358-бабында (екінші бөлігінде), 360-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 361-бабында, 362-бабында (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 367-бабында (төртінші бөлігінде), 368-бабында (екінші бөлігінде), 369-бабында (екінші бөлігінде), 370-бабында (үшінші бөлігінде), 360-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 373-бабында (екінші бөлігінде), 374-бабында (екінші бөлігінде), 377-бабында (екінші бөлігінде), 381-бабында (екінші бөлігінде), 382-бабында (бірінші бөлігінде), 390-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 391-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 392, 393-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 177-бабының екінші бөлігінің 2) тармағында көзделген тәртіппен қозғалған қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді ішкі істер органдарының тергеушілері жүргізеді.
      3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабында (үшінші бөліктің г) тармағында), 177-бабында (үшінші бөліктің г) тармағында), 177-1-бабында (үшінші бөліктің б) тармағында), 192-бабында (екінші бөліктің в) тармағында), 193-бабында (үшінші бөліктің а) тармағында), 209-бабында (үшінші бөліктің а) тармағында), 226-1-бабында (үшінші бөліктің б) тармағында), 269-1-бабында (үшінші бөліктің в) тармағында), 307, 308, 310-315-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушілері жүргізеді.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабында (екінші бөлігінде), 191-бабында, 192-бабында (бірінші бөлігінде, екінші бөлігінің а), б) тармақтарында, үшінші бөлігінде), 192-1, 194-196,199-205-3, 206-баптарында, 209-бабында (екінші бөлігінде, үшінші бөлігінің б) тармағында), 213-бабында, 214-бабында (екінші бөлігінде), 215-220-баптарында, 221-бабында (екінші бөлігінде), 222-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 222-1-бабында, 226-бабында (екінші бөлігінде), 226-1-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің а) тармағында), 231-бабында, 269-1-бабында (бірінші, екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің а) және б) тармақтарында) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді экономикалық тергеулер қызметінің тергеушілері жүргізеді.»;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309, 316, 345, 346, 347-баптарында, 348-бабында (1-1, 1-2, екінші бөліктерінде), 350, 363-1-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді қылмыстық іс қозғаған ішкі істер органы немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-1, 344, 363-1-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді осы органның қызметкері болып табылмайтын адамға қатысты қылмыстық істі қозғаған ішкі істер немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары жүргізеді.»;
      4-3 және 4-4-бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 193-бабында (бірінші, екінші бөліктерінде, үшінші бөліктің б) және в) тармақтарында), 235, 235-1, 235-2, 235-3, 235-4-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді қылмыстық істі қозғаған ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеулер қызметі жүргізеді.
      4-4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 233-3-бабында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді қылмыстық істі қозғаған ұлттық қауіпсіздік немесе экономикалық тергеулер қызметі жүргізеді.»;
      мынадай мазмұндағы 4-5, 4-6 және 4-7-тармақтармен толықтырылсын:
      «4-5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 142-бабында (үшінші бөлігінде), 176-бабында (екінші бөлігінде, үшінші бөліктің б) тармағында, төртінші бөліктерінде), 177-бабында (екінші, үшінші бөліктің б) тармағы, төртінші бөліктерінде), 177-1-бабында (екінші бөлігінде, үшінші бөліктің а) және в) тармақтарында), 182-бабында (екінші бөлігінде), 183-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 184, 184-1, 207, 228-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді қылмыстық іс қозғаған ішкі істер органы немесе экономикалық тергеулер қызметі жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабында (төртінші бөлігінде) немесе 177-бабында (төртінші бөлігінде) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу, егер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176 (үшінші бөлігінің г) тармағы) әлде 177 (үшінші бөлігінің г) тармағы) баптарымен көзделген алдын ала тергеумен байланысты болса, алдын ала тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізуі мүмкін.
      4-6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 348-бабында (бірінші және үшінші бөліктерінде), 349, 351, 352, 353, 354, 355, 356, 357, 363, 364, 365-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді қылмыстық іс қозғаған ішкі істер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеулер қызмет органдары жүргізеді.
      4-7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380, 380-1, 380-2-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді қылмыстық іс қозғаған ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі органдары жүргізеді.»;
      5) 285-бапта:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Экономикалық тергеулер қызмет анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 (бірінші бөлігінде), 198, 208, 209 (бірінші бөлігінде), 214 (бірінші бөлігінде), 221 (бірінші бөлігінде), 222 (бірінші бөлігінде), 226 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жүргізеді.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-1-бабында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жүргізеді.»;
      8-1 және 8-4-бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176 (бірінші бөлігінде), 177 (бірінші бөлігінде), 177-1 (бірінші бөлігінде), 182 (бірінші бөлігінде), 183 (бірінші бөлігінде), 250 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды қылмыстық іс қозғаған ішкі істер органы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеулер қызметі жүргізеді.
      8-4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 325-бабында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды, егер олар күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі Заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы тікелей бағытталған болса, қылмыстық істі қозғаған ішкі істер органы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеулер қызметі немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жүргізеді.»;
      8-2 және 9-бөліктер алып тасталсын.
      3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат):
      178-2-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен кірістері және салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында да және одан тыс жерлерде орналасқан мүлкі туралы декларация тапсыруға міндетті. Көрсетілген декларация жазаның қалған өтелмеген бөлігі өткенге дейін тапсырылады.
      Бұл ретте, аталған тұлғалар ішкі істер органына мемлекеттік кірістер органының декларацияны алғаны туралы анықтамасын тапсырады.».
      4. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат, № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1,9-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      938-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жоғалтылған табыстың (кірістің) құрамына негізгі жұмыс орны бойынша да, сондай-ақ қоса атқаратын жұмысы бойынша да, еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар бойынша еңбекке ақы төлеудің жеке табыс салығы салынатын барлық түрлері кіреді. Бір жолғы сипаттағы төлемдер (пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақылар, жұмыстан босатылған кездегі шығу жәрдемақысы және т.б.) есептелмейді. Уақытша еңбекке қабілетсіздік және жүктілік пен босануға байланысты демалыс кезеңі үшін төленген жәрдемақы есептеледі. Кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірістер, сондай-ақ авторлық қаламақы жоғалтылған табыстың құрамына кіреді, бұл орайда кәсіпкерлік қызметтен алынатын кіріс салық органы деректерінің негізінде енгізіледі.
      Табыстың (кірістің) барлық түрлері салықтар ұсталғанға дейін есептелген сомаларда ескеріледі.».
      5. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 11, 67-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 135-бапта:
      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекет мүдделеріне орай, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу, асыраушысының жарақат алуымен немесе денсаулықтың өзгедей зақымдануымен немесе қайтыс болуымен келтірілген зиянды өтеу туралы талап қою бойынша жауапкердің болған жері белгісіз болған жағдайда сот жауапкерді ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеулер қызметі арқылы іздестіру жариялауға міндетті. Соттың жауапкерді іздестіруді жариялауы істі қарауға кедергі болмайды.
      Іздестіру шаралары барысында жауапкердің жүрген жері анықталған кезде оған сотқа шақыру туралы соттың шақыру қағазы табыс етіледі.
      3. Жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығындарды өндіріп алу іздеу шараларын ұйымдастыратын органының мәлімдеуі бойынша сот бұйрығын беру жолымен жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «4. Жауапкерлерді іздестіру мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен экономикалық тергеулер қызметінің өзара іс-қимыл тәртібі мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның және мемлекеттік кірістер органының бірлескен актісімен айқындалады.»;
      2) 140-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) егер жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығындарды өндіріп алу туралы талаптарды іздеу шараларын ұйымдастыратын органдары мәлімдеген болса;».
      6. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжаттар; № 8, 45-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-бап; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжаттар; № 21, 97-құжаттар; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128; 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжат; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 11, 60, 65-құжаттар; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      555, 570-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
      219, 355, 570-1-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «219-бап. Салық органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау
      355-бап. Прокуратура, ішкі істер (полиция), ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу қызметі және әскери полиция, мемлекеттік кірістер органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қызметкерінің нұсқамаларын орындамау немесе заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбау
      570-1-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет»;
      мынадай мазмұндағы 570-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «570-2-бап. Мемлекеттік кірістер органдары»;
      2) 35-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әскери қызметшілер мен әскери жиында жүрген әскери міндеттілер, осы Кодекстің 512-1 - 512-5-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық үшін тәртіптік жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Прокурорлар, ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, арнаулы мемлекеттік органдардың және экономикалық тергеулер қызметінің қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық үшін тиісті органдарда қызмет өтеу тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жауаптылықта болады.»;
      3) 216-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдар, қор биржалары лауазымды адамдарының салық заңдарында көзделген міндеттерді:
      салық төлеушілердің - заңды тұлғалардың (заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың) банк шоттарын ашқаны туралы салық органдарына хабарламау, салық төлеушілердің өздерінің банк шоттарынан салық сипатындағы міндетті төлемдер сомаларын, оларға салық органдары берген және оны есепке қою фактісін растайтын құжатты табыс етпей, республикалық және жергілікті бюджеттерге аударуға төлемдер тапсырмасын жүзеге асыру;
      банк шоттарында клиенттің ақшасы клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін жеткілікті болған кезде салық төлеушілердің өздерінің банк шотынан бюджетке төленетін салықтар, басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар сомаларын аударуға (төлеуге) төлемдік тапсырмаларды бірінші кезекте орындамау;
      банкке немесе бюджет жүйесінің кассалық атқарылуын жүзеге асыратын басқа ұйымға салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінен аудармау (есепке жатқызбау), уақтылы аудармау (банк шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күнінен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізгеннен кейінгі күні) не төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу;
      банк шоттарында клиенттің ақшасы клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін жеткілікті болған кезде салық органдарының салық төлеушілерден белгіленген мерзімде енгізілмеген салық және басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар сомаларын бюджетке алу жөніндегі инкассолық тапсырмаларын (өкімдерін) бірінші кезекте орындамау;
      салық органдарының қызметкерлерін банк шоттары бойынша, салық төлеушілердің - заңды тұлғалардың (заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың) осы шоттарда ақшасының бар-жоғы жөнінде жасалған (жасалатын) операцияларды, сондай-ақ нақты жеке тұлғалардың операцияларын және шоттарда, салымдарда ақшасы бар-жоғын тексеруге жіберуден бас тарту немесе осы тексерулерді жүзеге асыруда өзгеше кедергі жасау;
      салық органдарының заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және адвокаттардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі өкімдерін орындамау, салық заңдарын бұзушылықтың анықталған жағдайларын жою туралы талаптарды орындамау, салық қызметі органдарына және олардың лауазымды адамдарына қаржылық есептілікті, есептер мен салықты және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді есептеумен және төлеумен, бағалар және тарифтер белгілеумен және қолданумен байланысты басқа да құжаттарды тапсырмау немесе тапсырудан бас тарту;
      салық органдарының сауал салулары бойынша белгілі бір кезеңде банк шоттары бойынша жасалған операциялар туралы, салық төлеушілердің осы шоттарда ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтерді табыс етпеу;
      банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, қор биржаларының лауазымды адамдарының салық қызметі органдарының сауал салулары бойынша салық төлеушілердің алдағы жыл ішіндегі қаржы операциялары туралы және уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан мен мерзім бойынша есептелген сыйақы (мүдде) туралы мәліметтерді табыс етпеу;
      аталған банкте ашылған банк шоты бар, салық органдары инкассалық өкім немесе салық төлеушінің банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған клиентіне жаңа банк шотын ашу;
      әрекетсіз салық төлеушіге банк шотын ашу түрінде орындамауы, -
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      4) 217-баптың бірінші бөлігінің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «өз клиентіне оның осы банкте соңғы ашқан банк шотына салық органдарының салық төлеушінің банк шоттары бойынша инкассалық өкімдері немесе шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдері қойылған немесе инкассалық өкімдері қойылған болса, жаңа банк шотын ашу;»;
      5) 219-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «219-бап. Салық органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау»;
      бірінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық төлеушінің салық органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы, -
      жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Салық төлеуші кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайдан басқа) салық тексеруін жүргізуші салық органы лауазымды адамының келіп кіруіне заңсыз кедергі келтіру, -
      жеке кәсіпкерлерге және лауазымды адамдарға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      6) 355-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «355-бап. Прокуратура, ішкі істер (полиция), ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу қызметі және әскери полиция, мемлекеттік кірістер органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қызметкерінің нұсқамаларын орындамау немесе заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбау
      1. Өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде прокуратура, ішкі істер (полиция), ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу қызметі және әскери полиция, мемлекеттік кірістер органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қызметкерінің нұсқауларын және (немесе) басқа заңды талаптарын орындамау -
      лауазымды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Прокуратура, ішкі істер (полиция), ұлттық қауіпсіздік органдары, қаржы және әскери полиция, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу қызметі және әскери полиция, мемлекеттік кірістер органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қызметкерінің өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбау, сол сияқты тіл тигізу не зорлық іс-әрекет жасау қатерін төндіру -
      айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.»;
      7) 358-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Салық органдарына табыс ету үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мәліметтерді жергілікті атқарушы органдардың және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың табыс етпеуі, уақтылы, анық немесе толық табыс етпеуі -
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      8) 541-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестірілген әкімшілік соттардың судьялары осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80 - 84-1-баптарында, 85-бабында (төртінші және бесінші бөліктерінде), 85-1-бабында (екінші бөлігінде), 85-2-бабында (екінші бөлігінде), 85-3, 86, 86-1-баптарында, 87-бабында (2-1 және 2-2-бөліктерінде), 86-2-бабында, 87-бабында (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 87-2, 87-3, 87-4, 87-5, 95 - 110-1, 122-баптарында, 124-бабында (бірінші бөлігінде), 127, 129, 130, 135-1, 136 - 13-6-3-баптарында, 140-бабында (екінші бөлігінде), 141-1, 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 147-баптарында, 147-1-бабында (екінші бөлігінде), 147-6-бабында (2-1-бөлігінде), 147-10-бабында (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші бөліктерінде), 147-11-бабында (жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 147-12, 147-13, 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-2, 156, 157, 157-1, 158, 158-3, 158-4, 158-5, 159-баптарында, 161-бабында (бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 162-бабында, 163-бабында (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және он үшінші бөліктерінде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6-баптарында, 167-1-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 168-1, 168-3, 168-5, 168-8-баптарында, 175-бабында (екінші бөлігінде) (жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 176-бабында (үшінші бөлігінде), 177-3, 177-4, 177-5-баптарында, 179-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде), 179-1, 183, 184, 184-1, 185, 187-баптарында, 188-бабында (екінші бөлігінде), 190, 192, 200, 202, 203, 206-2, 208-1, 209-баптарында, 213-бабында (төртінші - алтыншы бөліктерінде), 214, 219-6-баптарында, 219-8-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 222-226, 228-229, 230-1, 230-2-баптарында, 231-бабында (екінші бөлігінде), 232, 233, 234-1-баптарында, 235-бабында (екінші бөлігінде), 235-1-бабында (төртінші бөлігінде), 237, 237-1, 240-2-баптарында, 246-бабында (екінші бөлігінде), 275-1-бабында, 278-бабында (бірінші бөлігінде), 283-бабында (бірінші, үшінші бөліктерінде), 298-бабында (екінші, үшінші бөліктерінде), 298-1-бабында (екінші бөлігінде), 302-бабында (үшінші бөлігінде), 303-бабында (екінші бөлігінде), 304-бабында (екінші бөлігінде), 305-бабында (екінші бөлігінде), 306-бабында (екінші бөлігінде), 306-1-бабында (үшінші бөлігінде), 306-2-бабында, 306-3-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 308-бабында, 309-1-бабында (жетінші, сегізінші бөліктерінде), 309-2-бабында (төртінші бөлігінде), 309-4-бабында (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде), 309-5-бабында, 310-1-бабында (1-1 және екінші бөліктерінде), 311-1-бабында (жетінші бөлігінде), 314, 315, 316-баптарында, 317-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 317-1, 317-2-баптарында, 317-4-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 318, 319, 319-1-баптарында, 320-бабында (бірінші және 1-1-бөліктерінде), 321-бабында, 322-бабында (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 323-бабында (екінші бөлігінде), 324-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 324-1, 324-2, 326-баптарында, 327-бабында (бірінші бөлігінде), 328-бабында, 328-2-бабында (екінші бөлігінде), 330-бабында, 330-1-бабында (екінші бөлігінде), 332-бабында (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 335-бабында, 336-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 336-1-бабында (үшінші бөлігінде), 336-2-бабында (үшінші бөлігінде), 338-бабында (бірінші бөлігінде), 338-1, 339, 340, 341-1, 342 - 344, 346 - 357, 357-1-баптарында, 357-2-бабында (екінші бөлігінде), 357-3, 357-4, 357-5, 357-6-баптарында, 357-7-бабында (екінші бөлігінде), 362, 362-1, 363, 365, 366, 367, 368, 368-1-баптарында, 369-бабында (екінші бөлігінде), 370-бабында (екінші бөлігінде), 371-бабында (екінші бөлігінде), 372 - 376-баптарында, 380-бабында (екінші бөлігінде), 380-2, 381-1-баптарында, 386-бабында (үшінші бөлігінде), 388, 388-1, 389-1-баптарында, 390-бабында (екінші бөлігінде), 391-бабында (екінші бөлігінде), 391-1-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 393-бабында, 394-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 394-1-бабында, 396-бабында (төртінші бөлігінде), 400-1, 400-2-баптарында, 405-бабында (бірінші бөлігінде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426 - 430, 433, 442-баптарында, 443-бабында (бесінші бөлігінде), 445-бабында, 453-бабында (екінші бөлігінде), 454-бабында (бірінші - үшінші бөліктерінде), 461-бабында (3-1-бөлігінде), 463-3-бабында (үшінші бөлігінде), 464-1-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде), 464-2-бабында (екінші бөлігінде), 464-3-бабында (екінші - төртінші бөліктерінде), 465-бабында (екінші бөлігінде), 466-бабында (екінші бөлігінде), 467-бабында, 468-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде), 468-1, 468-2-баптарында, 469-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 471-бабында (бірінші, екінші, төртінші - он бірінші бөліктерінде), 473-бабында (үшінші бөлігінде), 474-1, 474-2-баптарында, 477-бабында (үшінші бөлігінде), 484-бабында, 492-бабында (екінші бөлігінде), 494-бабында (екінші бөлігінде), 494-1-бабында (үшінші және бесінші бөліктерінде), 496-бабында (екінші бөлігінде), 501, 512-1 - 512-5, 513 - 518, 520 - 524, 528 - 537-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.»;
      9) 555, 570-баптар алып тасталсын;
      10) 570-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «570-1-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
      «1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы Кодекстің 358-1, 359, 360, 361-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы мен оның орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының, аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің арнаулы бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.»;
      11) мынадай мазмұндағы 570-2-баппен толықтырылсын.
      «570-2-бап. Мемлекеттік кірістер органы
      1. Мемлекеттік кірістер органы осы Кодекстің 88 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 88-1 (екінші, 2-1, үшінші бөліктерінде), 140 (бірінші бөлігінде), 141, 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 161-1, 161-2, 163 (бірінші, екінші, бесінші және он екінші бөліктерінде), 164, 166, 169-1, 176 (бірінші бөлігінде), 205, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 207, 208, 210, 211, 213 (бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде), 215, 216, 217, 218, 218-1, 219, 357-2 (бірінші бөлігінде), 358, 358-1, 359, 360, 400, 401, 402, 403, 404, 405 (екінші және үшінші бөліктерінде), 406, 407, 409-1, 411, 412, 425, 431, 434, 434-1, 435, 438, 438-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Мемлекеттік кірістер органы осы Кодекстің 175 (екінші бөлігінде), 220, 240 (бірінші бөлігінде), 247, 294 (бірінші бөлігінде), 323 (бірінші бөлігінде), 447 (екінші және үшінші бөліктерінде), 447-1 (бірінші бөлігінде), 447-2, 447-3, 460 (автомобиль көлігінде әкімшілік құқық бұзушылық бойынша), 461 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, 6-1, сегізінші бөліктерінде), 463 (екінші, үшінші және 3-1 бөліктерінде), 467-1, 470 (үшінші бөліктерінде), 477 (төртінші бөлігінде) баптарында көзделген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалғанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мемлекеттік кірістер органының басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.»;
      12) 584-баптың ескертуінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Кодексте тиісінше хабарлау (хабардар ету) деп Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген адамдарға салық органы электрондық тәсілмен жіберген хабарлама танылады.»;
      13) 619-баптың бірінші бөлігінің 5-1) және 5-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-1) кәсіпкерлік қызмет, сауда және қаржы, салық салу, кеден ісі саласында құқық бұзушылық жасалғанда - экономикалық тергеулер қызметінің қызметкерлері;
      5-2) белгіленген басқару тәртібіне және мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын құқық бұзушылық жасалғанда, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасалғанда - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері;»;
      14) 620-бапта:
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) кәсіпкерлік қызмет, сауда және қаржы, салық салу, кеден ісі салаларындағы құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің ведомстволық бағыныстылығына сәйкес - мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары;»;
      9-1) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9-2-тармақшамен толықтырылсын:
      «9-2) белгіленген басқару тәртібіне және мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын құқық бұзушылықты, сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасаған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің ведомстволық бағыныстылығына сәйкес - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымды адамдары;»;
      11) тармақша алып тасталсын;
      15) 634-баптың 2-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізілген тексерудің нәтижесі осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болып табылады.
      Осы бөлік «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3, 4-тармақтарында және 12-бабының 3-тармағында көзделген салаларда, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде және салық органдары бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асырған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.»;
      16) 636-баптың 1-тармағында:
      отыз үшінші және отыз төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің (151, 151-1, 158-4, 206-2, 275-1, 355, 356, 357-3, 514, 514-3, 515, 516, 516-1, 517, 518, 519, 521, 522, 529, 533, 533-1, 534, 535, 537-1-баптар);
      мемлекеттік кірістер органдарының (136-3, 140 (екінші бөлік), 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 151-1, 154, 154-1, 155, 155-2, 156, 157, 158-4, 159 (үшінші және төртінші бөліктер), 162, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және он үшінші бөліктер), 179 (бірінші және екінші бөліктер) 179-1, 200, 203, 208-1, 209, 213 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер), 214, 275-1, 306-2, 355, 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлік), 357-5, 374 (бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы бөліктер), 400-1, 400-2, 405 (бірінші бөлік), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426-430, 433, 514, 515, 516, 516-1, 517, 518, 519, 521, 522, 529-баптар), сондай-ақ осы Кодекстің 323 (екінші бөлігі), 357-1, 461-баптарында (3-1-бөлігі) көзделген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша;»;
      отыз бесінші абзац алып тасталсын;
      17) 639-баптың 1-2-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-2. Мемлекеттік кірістер органдары олар бойынша істерді қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде, егер тұлға (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаны басқару функцияларын жүзеге асыратын тұлға) әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса және қолданылған жазаға келіссе, сондай-ақ осы Кодекстің 710-1-бабына сәйкес айыппұл төлесе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.»;
      18) 701-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының екінші бағытына қатысушы адамға салық берешегін төлеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаған жағдайда мұндай адамға әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарған мемлекеттік кірістер органы мұндай адамның айыппұл түрінде 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім шығарған күн аралығында жиналып қалған салық берешегіне қатысты өз қаулысының орындалу мерзімін осындай шешімде көрсетілген мерзімге кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды.»;
      19) 708-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттік кірістер органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық бойынша, сондай-ақ дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға қатысты салық салу саласындағы өзге де әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік кірістер органдары орындайды.»;
      20) 709-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік кірістер органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық бойынша, сондай-ақ салық салу саласындағы өзге де әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік кірістер органдары орындайды.»;
      21) 710-1-баптың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органы жіберген (тапсырған) мемлекеттік кірістер органына келу туралы алынған хабардар ету және (немесе) хабарлама негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды төлеумен келіскен тұлға хабардар ету немесе хабарлама алынған (тапсырылған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде айыппұлды төлейді.».
      7. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      115-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, жол полициясы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кеден органдары, шекаралық, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін қоспағанда, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары бойынан бөлінген жер белдеулерінің шегінде ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар төсеуге тыйым салынады.».
      8. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж.., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат):
      1) 37-баптың 1-тармағының 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-1) мемлекеттік кірістер органына ұсынғанға дейін жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша салық есептілігін растайды;»;
      2) 66-баптың 10-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) салық органында есепте қойылғаны туралы куәліктің немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесін ұсынады.».
      9. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат, № 12, 82-құжат, 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      172-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «172-бап. Қоршаған ортаны ластау көздері бар табиғат пайдаланушылар туралы мәліметтер беру
      Салық қызметі органдарының талап етуі бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жылына кемінде бір рет қоршаған ортаны ластау көздері бар табиғат пайдаланушылардың орналасқан жері бойынша мәліметтерді беруге міндетті.».
      10. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар, № 11, 67-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      256-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте, экономикалық тергеулер қызметінде, мемлекеттік өртке қарсы қызметте, прокуратура органдарында қызметте тұрған, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметі н жүзеге асыратын адамдар жатады.».
      11. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 53-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар:
      Қазақстан Республикасы Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету;
      Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің жұмыс істеуі;
      облыстық бюджеттен қаржыландырылатын сайлауларды қоспағанда, референдумдар мен сайлаулар өткізу;
      республикалық деңгейде мемлекеттік жоспарлау;
      мемлекеттік кірістер органдарының қызметі;
      республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және жергілікті бюджеттердің кассалық қызмет көрсетуі, бюджеттік есепке алуды жүргізу және бюджеттердің атқарылуы бойынша есептілікті жасау;
      республикалық меншікті басқару;
      оңалту рәсімін, банкроттық рәсімін жүргізуді және банкроттық рәсімін қозғамастан борышкерді таратуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негіздер бойынша сот шешімімен тарату рәсімдерін жүргізуді ұйымдастыру;
      мемлекеттік сатып алудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру;
      мемлекеттік қаржы бақылауы және қаржы мониторингі;
      мемлекеттің сыртқы саяси қызметі;
      іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу;
      мемлекеттік статистика органдарының статистикалық қызметі;
      мемлекеттік қызметтің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру;
      ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әртүрлі қызмет салалары мен аяларында мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау;
      саяси партиялардың қызметін қаржыландыру;»;
      2) 94-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бірыңғай бюджет сыныптамасының бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды мемлекеттік кірістер органдарының төлем тапсырмалары негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Мемлекеттік кірістер органдары әкімшілік ететін, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды қоспағанда, бюджетке түсетін салықтық емес түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға арналған төлем тапсырмасы оларды алуға жауапты уәкілетті органдардың қорытындысы негізінде жасалады.
      Мемлекеттік кірістер органдары әкімшілік ететін, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды қоспағанда, бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган артық (қате) төленген сомаларды бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға қорытынды жасайды және оны мемлекеттік кірістер органына ұсынады.
      Осы қорытындылардың анықтығын және олардың ұсынылу негізділігін уәкілетті органдардың басшылары қамтамасыз етеді.»;
      3) 98-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Инкассолық өкім соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына, бұйрықтарына сәйкес берілген, сондай-ақ пайда болған салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жағдайларда пайда болған берешекті өтеуге байланысты атқарушылық парақты немесе бұйрықты республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектісінің мәжбүрлі түрде орындауына негіз болып табылатын құжатты білдіреді. Инкассолық өкім республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеме және квазимемлекеттік сектор субъектісі төлемінің негізділігін растайтын құжат болып табылады.
      Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының инкассолық өкімдерін қоспағанда, инкассолық өкім сот шешімі (үкімі, ұйғарымы, қаулысы) бойынша берілген атқару парағы немесе бұйрық немесе ақша өндіріп алу туралы сот бұйрығы негізінде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да негіздер бойынша жасалады.
      2. Инкассолық өкім ұсынылатын, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің және квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызмет көрсетілу орны бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне инкассолық өкім беріледі.
      Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының инкассолық өкімдерін қоспағанда, инкассолық өкім оны жасауға негіз болып табылған атқару парағының немесе бұйрықтың түпнұсқасы не осы құжаттың әрбір беті соттың елтаңбалық мөрімен куәландырылған көшірмесі қоса тіркеліп беріледі.».
      12. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15,120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114; 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат, № 8, 44, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) барлық мәтін бойынша «салық қызметінің органдары», «салық қызметі органдарының», «салық қызметі органдарына», «салық қызметі органын», «салық қызметі органдарымен», «салық қызметі органына», «салық қызметі органымен» деген. сөздер тиісінше «салық органдары», «салық органдарын», «салық органдарына», «салық органдары», «салық органдарымен», «салық органына», «салық органымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) мазмұнында:
      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-тарау. Салық органдары. Салық органдарының басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы»;
      18-баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-бап. Салық органдарының міндеттері мен жүйесі»;
      22, 688-баптардың атаулары алып тасталсын;
      3) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 43-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «43-1) мемлекеттік кірістер органы - өз құзыреті шегінде салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кеден ісін іске асыруды, қылмыстар мен құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі өкілеттікті жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді атқаратын мемлекеттік орган;»;
      4) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-тарау. Салық органдары. Салық органдарының басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы»
      5) 18-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-бап. Салық органдарының міндеті мен жүйесі»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының салық органдары өз құзыреті шегінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді атқаратын мемлекеттік кірістер органдары (бұдан әрі - салық органдары) болып табылады.
      Салық органдарының жүйесі уәкілетті органнан және облыстар, Астана және Алматы қалалары, аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінен, сондай-ақ ауданаралық аумақтық бөлімшелерінен тұрады. Арнайы экономикалық аймақтарды құрған жағдайда осы аймақтардың аумағында уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері құрылуы мүмкін.
      Салық органдарының уәкілетті орган бекіткен кодтары бар.»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      6) 22, 688-баптар алып тасталсын.
      13. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 60-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әскери-дәрігерлік сараптама денсаулық жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы, ішкі істер органдарындағы, қылмыстық-атқару жүйесіндегі өртке қарсы қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі, прокуратура органдарындағы, мемлекеттік кірістер органдарындағы, экономикалық тергеулер қызметіндегі қызметке (бұдан әрі - әскери қызмет немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет) жарамдылықты белгілеу үшін, сондай-ақ азаматтардың әскери қызметті немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметті және әскери жиындарды өткерумен (міндеттерді орындаумен) байланысты ауруының, мертігуінің (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) (бұдан әрі - мертігу) және қайтыс болуының себепті байланыстарын айқындау үшін жүргізіледі.»;
      2) 62-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының қаулылары немесе нұсқамалары және жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өз құзыреттері шегінде жүргізеді.»;
      3) 80-3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Кодекстің 80-бабының 3 және 4-тармақтарында, 80-2-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарына мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі көрсетіліп, әкелінетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың әрқайсысының мемлекеттік тіркелуі туралы уәкілетті орган растаған мәліметтер ұсынылуға тиіс.»;
      4) 149-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік қадағалауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары жүргізеді.».
      14. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 60-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      15-баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-бап. Кеден ісі саласындағы құқық қорғау қызметі»;
      19-баптың және 8-бөлімнің атаулары алып тасталсын;
      2) 4-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 16-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «16-2) мемлекеттік кірістер органы - өз құзыреті шегінде бюджетке салықтардың, кедендік баждар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасында кеден ісін, қылмыстар мен құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу өкілеттіктерін іске асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;».
      33) тармақша алып тасталсын;
      3) 6-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының кеден органдары (бұдан әрі - кеден органдары) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасындағы кеден ісін іске асыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік кірістер органдары болып табылады.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) кедендердің, кеден бекеттерінің және Кеден одағының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдары нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етіледі.
      Нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Нысанды киімді (погонсыз) киюге құқылы кеден органдарының лауазымды адамдарының тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін кеденді іс саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
      4) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-бап. Кедендік іс саласындағы құқық қорғау қызметі
      1. Мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеулер қызметі (бұдан әрі - экономикалық тергеулер қызметі) - Кеден ісі саласындағы қылмыстық іс-әрекеттерді тергеуді жүзеге асырады.
      2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізеді және адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тартады.»;
      5) 19-бап пен 8-тарау алып тасталсын.
      15. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      267-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «267-бап. Азаматтың атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы хабарланатын мемлекеттік органдардың тізбесі
      Азаматтың аты, әкесінің аты, тегі ауыстырылған жағдайда, бұл туралы хабарлама бір апта мерзімде азаматтың тұрақты тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, прокуратура органдарына, жергілікті әскери басқару органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне, мемлекеттік кірістер органына, сондай-ақ тууды мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органға жіберіледі.».
      16. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17,155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 1,2-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат) 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда». газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      6-баптың 1-тармағында:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет;»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) экономикалық тергеулер қызметі.».
      17. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат, № 12, 82-құжат, 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 16-бапта:
      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік кірістер органдары Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде қызметін тоқтататын заңды тұлға жөнінде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер береді не мұндай заңды тұлға Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартады.»;
      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заңды тұлғаны тарату тәртібінің бұзылуы анықталған кезде, сондай-ақ таратылатын заңды тұлғаның есептік тіркеуден шығарылмаған филиалдары (өкілдіктері) болған, салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған не мұндай заңды тұлға Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайларда, тіркеуші орган заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.»;
      2) 16-1-бапта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік кірістер органдары Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде шетелдік заңды тұлғаның қызметін тоқтататын филиалы (өкілдігі) жөнінде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер береді не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартады.»;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) қызметін тоқтатудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртібінің бұзылуы анықталған кезде, сондай-ақ шетелдік заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайларда, тіркеуші орган филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарудан бас тарту туралы шешім шығарады.».
      18. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж. № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжаттар; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж. № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 60-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 14 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 48-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) кредиторлардың, мемлекеттік кірістер органдарының талаптары, оның ішінде даусыз (акцептсіз) тәртіппен қанағаттандыруға жататын талаптары бойынша банктің банк шоттарынан ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ банк мүлкінен өтеу үшін өндіріп алуға жол берілмейді;»;
      2) 50-бапта:
      1) 4-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) банктердің дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға, резидент еместі қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне банк шоттарының ашылғаны туралы мемлекеттік кірістер органдарын міндетті түрде хабардар етуі;»;
      6-тармақта:
      г) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «г) мемлекеттік кірістер органдары мыналарға:
      тексерілетін заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне қатысты салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
      дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаға қатысты салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
      заңды тұлғаға, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салықтық міндеттемесін орындаудың ерекшелігі қолданылатын дара кәсіпкерге қатысты;
      тұрғылықты жерінде іс жүзінде болмауы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген табыс ету мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін салық есептілігін табыс етпеген, Қазақстан Республикасы салық заңнамасында көзделген осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысына адвокатқа қатысты;
      әрекетсіз заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа қатысты;
      прокурордың санкциясымен клиенттердің экспорттық және (немесе) импорттық операциялары бойынша;»;
      д) тармақша алып тасталсын:
      6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      6-1. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар мемлекеттік кірістер органдарына, мыналарға:
      заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
      мемлекеттік қызметке не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты қызметке кандидат болып табылатын адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
      өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде мемлекеттік лауазымдағы адамға және осы кезеңде оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
      жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты беріледі.
      Осы тармақта және осы баптың 6-тармағының д) тармақшасында көзделген мәліметтер уәкілетті органмен келісім бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша мемлекеттік кірістер органының сауал салуы негізінде беріледі.»;
      3) 51-баптың 1-тармағында:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заңды тұлғалардың, оның құрылымдық бөлімшелерінің, дара кәсіпкердің, жеке нотариустың және адвокаттың банк шоттарындағы (корреспонденттік шоттардан басқа) барлық шығыс операциялары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларда, мемлекеттік кірістер органдарының өкімдері бойынша, тоқтатыла тұруы мүмкін, ал өндіріп алу Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негіздер бойынша ғана жүргізілуі мүмкін болады.
      төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте мемлекеттік кірістер органдарының өкімдері қағаз жеткізгіште немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық түрде банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
      Қағаз жеткізгіште жіберілетін өкімге мемлекеттік кірістер органдарының бірінші басшысы қол қойып және мөрімен куәландыруы тиіс.»;
      4) 54-1-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) кірістер мен мүлкі туралы мәліметтерді, банктің ірі қатысушысы мемлекеттік кірістер органдарына беретін жеке табыс салығы бойынша декларацияның көшірмесін егер ол бар болса, беруге тиіс.».
      19. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 10, 52-құжат, № 11, 60-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      31-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Нотариустың және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының салық заңдарын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.».
      20. «Шаруа немесе фермер қожалығы туралы» 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 26-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 26-құжат; № 24, 178-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж,, № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат):
      2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бірлескен кәсіпкерлікке негізделген шаруа немесе фермер қожалығын тіркеген кезде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік шаруа немесе фермер қожалығының басшысына беріледі. Куәлікке мемлекеттік кірістер органының тиісті аумақтық бөлімшесінің басшысы куәландырған шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің тізімі қоса беріледі.».
      21. «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат, № 11, 60-құжат):
      14-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бастамашы ақша жөнелтушінің банкіне, мемлекеттік кірістер органдарының инкассолық әкімдері табыс етілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген нормалар негізінде осы өндіріп алудың негізділігін растайтын атқарушы құжаттардың түпнұсқаларын не олардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, инкассалық өкім табыс етеді. Құжаттардың түпнұсқаларын не олардың көшірмелерін қоса тіркеу қажеттігі туралы талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
      Мемлекеттік кірістер органдарының міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алуға инкассолық өкімдері пайдасына берешек өндіріліп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерімен қоса банктерге табыс етіледі.»;
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ақша жөнелтушінің банк шотында ақша жеткіліксіз болған кезде мемлекеттік кірістер органдарының салық берешегін өндіріп алу туралы, жеке сот орындаушыларының және атқарушылық іс жүргізу органдарының атқару құжаттары бойынша инкассолық өкімін орындау мұндай шотқа ақшаның түсуіне қарай жүргізіледі.».
      22. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж, № 5, 116-құжат; 2001 ж, № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжат; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 60-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты анықтауды, жолын кесуді, алдын алуды және олардың жасалуына айыпты адамдарды жауапқа тартуды өз құзыреті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, мемлекеттік кірістер мен әскери полиция органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады.»;
      2) 9-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген міндеттерді атқаруға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына:»;
      2 және 2-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік лауазым атқаратын адам өз өкілеттігін орындау кезеңінде жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына. салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырып отырады.
      2-1. Жағымсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырып отырады.»;
      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған адамдардың жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына:»;
      3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1. Осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында аталған адамдардың жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларациялар табыс етіп отырады.»;
      3-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-2. Арнаулы мемлекеттік органда қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелері тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына декларация мен осы баптың 3-тармағында аталған мәліметтерді табыс етеді.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың 1, 2-тармақтарында аталған адамдар тиісінше өздері лауазым атқаруға үміткер органға немесе жұмыс істейтін жері бойынша осы баптың 1-3-1-тармақтарында көрсетілген мәлімдемелер мен мәліметтерді алғандығы туралы мемлекеттік кірістер органынан анықтама әкеліп тапсырады.»;
      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Мемлекеттік кірістер органына келіп түсетін, осы бапта көзделген мәліметтер қызметтік құпия болып табылады. Оларды жария ету, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, кінәлі адамды жұмыстан босатуға әкеп соғады. Бұл мәліметтер осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған органдардың, сондай-ақ соттың сұратуы бойынша ғана заңда белгіленген тәртіппен табыс етіледі.»;
      3) 13-баптың 1-тармағының 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамның немесе оған теңестірілген адамның шотына келіп түскен, аталған адам білмейтін ақша қаражаты, сондай-ақ оның осы тармақшаның бірінші абзацы бұзыла отырып, тиісті міндеттерін атқаруына байланысты алған қаражаты ол анықталғаннан кейін екі аптадан аспайтын мерзім ішінде тиісті мемлекеттік кірістер органына мұндай қаражат түсуінің мән-жайы туралы түсініктеме табыс етіле отырып, республикалық бюджетке аударылуға тиіс;»;
      4) 18-баптың 2, 3, 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз көрсетілген қызметтің құнын төлеуден бас тартылған жағдайларда прокурордың, мемлекеттік кірістер органдарының не заңмен бұған уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың талап-арызы бойынша соттың шешімімен мемлекет кірісіне өндіріп алу жүзеге асырылады. Аталған органдар құқық бұзушыға тиесілі мүлікті сот шешім шығарғанға дейін сақтау жөнінде шаралар қолданады.
      3. Егер мемлекеттік міндеттерді атқаратын адам немесе оған теңестірілген адам жасалған сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылығы үшін қызметінен босатылғаннан кейін, тиісті міндеттерді атқарудан осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарды орындаудан бас тартса, мұндай босату туралы шешім қабылдаған лауазымды адам немесе орган кінәлі адамның тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына заңсыз алынған кірістер туралы хабарлама жібереді.
      4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда прокурор, мемлекеттік кірістер органдары не заңмен бұған уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың мемлекетке заңсыз алынған мүлікті қайтару немесе оның құнын немесе заңсыз көрсетілген қызметтердің құнын төлеу бойынша міндеттері туындаған кезден бастап бір айдан кешіктірмей заңсыз алынған мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру және (немесе) заңсыз көрсетілген қызметтердің құнын өндіріп алу туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.».
      23. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде арнаулы мемлекеттік мұрағат құрылуы мүмкін.».
      24. «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1998 ж., № 24, 446-құжат; 1999 ж., № 21, 763-құжат; 2005 ж., № 11, 40-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат, 2013 ж., № 15, 81-құжат):
      1) 1-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «уақытша қорғау шаралары - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде мемлекеттік кірістер органдары қорғау баждары түрінде қолданатын алдын ала қорғау шаралары;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қорғау баждары - ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарларды отандық өндірушілерге елеулі залал келтіруі немесе оны келтіру қаупін туғызуы мүмкін мөлшер мен жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына қандай да болсын тауар жеткізіп берілген жағдайларда мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кеден бажының ставкасынан тыс баждар;»;
      2) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Уақытша қорғау шараларын өздеріне қатысты іс қарау жүргізілетін тауар үшін оларды енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының негізінде мемлекеттік кірістер органдары қолданады.»;
      3) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғау баждарын енгізу туралы қаулысының негізінде мемлекеттік. кірістер органдары оларды ісі қаралған, әкелінген тауардың бәрінен өндіріп алады. Қорғау баждары кеден баждарына, салықтарға және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерге қарамастан өндіріліп алынады және бюджетке есептелуге жатады.».
      25. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат, 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      20-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) экономикалық тергеу қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаруды кейіннен ішкі істер органдарына тапсыра отырып;».
      26. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат, 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Уәкілетті орган өз қызметін шекаралық, құқық қорғау органдары, мемлекеттік кіріс органдары және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.»;
      2) 10-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде өсімдіктер карантині жөніндегі қадағалауды жүргізу үшін мемлекеттік кірістер органдарына өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар іссапарға жіберіледі.
      Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде осы Заңның 7-бабы 1-тармағының 16) және 19) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын өсімдіктер карантині жөніндегі бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарына іссапарға жіберілген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жүзеге асырады.»;
      3) 13-баптың 5-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакция жазылсын:
      «Егер тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалау жүргізу үшін көрсетуден бас тартса, онда өнім оның иесінің қаражаты есебінен экспорттаушы елге қайтаруға жатады, ол туралы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін, Қазақстан Республикасының шекара органдары және мемлекеттік кірістер органдарын хабардар етеді.».
      27. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжат; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 10, 52-құжат):
      14-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) нақты адамдардың қылмыстық-атқару жүйесінің, экономикалық тергеулер қызметіне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, сондай-ақ ішкі істер органдары жедел бөлімшелерінің кадрлық құрамына қатыстылығын ашатын мәліметтер;».
      28. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 жылғы 10 шілдеде № 133 «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128-құжат, 130; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 32-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «судьялар, адвокаттар, әділет органдарының қызметкерлері, ішкі істер органдарының, прокуратураның, салық (қаржы) полициясының, кеден органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері, ішкі әскерлердің әскери қызметшілері, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери полициясы мен тәртіп бөлімдерінің әскери қызметшілері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері болып табылатын немесе болған адамдар;»;
      2) 33-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Күзетте ұстау орындарында табылған және иесі анықталмаған ақша, бағалы қағаздар мен бағалы заттар алып қойылады, ол туралы хаттама жасалып, белгіленген тәртіппен сату және оларды іске асыру құзыретіне кіретін уәкілетті органға беріледі.».
      29. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж, № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      7-бапта:
      14) тармақ алып тасталсын;
      15) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) экономикалық тергеулер қызметі террористік қылмыстар жасаудың құралдары ретінде пайдаланылуы мүмкін қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және өзге де заттарды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізуді анықтау және оның жолын кесу жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ терроризмді қаржыландыру көздерін, арналары мен тәсілдерін алдын алу, анықтау, жолын кесуді жүзеге асырады;».
      30. «Субсидиялар және өтем шаралары туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 732-құжат; 2006 ж., № 1, 3-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 15, 81-құжат):
      1) 25-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Уақытша өтем шараларын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары өз аумағына еркін айналысқа шығарылған шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған импорттық тауар берушілерге олар ресми жарияланғаннан соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданады. Кепілді ақша депозиттері түрінде өндіріп алу тәртібін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органы белгілейді.»;
      2) 32-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өтем бажын енгізу туралы шешімінің негізінде мемлекеттік кірістер органдары оны, баға бойынша міндеттемесі қабылданған өнім берушілердің тауарын қоспағанда, барлық әкелінетін, істі қарау жүргізілген тауардан өндіріп алады.»;
      3) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «40-бап. Мемлекеттік кірістер органдарының шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған тауар импортының есебін алуы
      1. Істі қарау басталғаннан кейін уәкілетті органның өтініші бойынша мемлекеттік кірістер органдары өтем шаралары осы импортқа одан әрі қолданыла алатын болуы үшін шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған тауар импортының есебін жүргізеді.
      2. Мемлекеттік кірістер органдары өздеріне қатысты істі қарау өткізіліп жатқан шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған тауарлар импортының көлемі туралы ақпаратты уәкілетті органға ай сайын хабарлап отыруға тиіс.».
      31. «Демпингке қарсы шаралары туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 654-құжат; 2006 ж., № 1, 3-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 15, 81-құжат):
      1) 30-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік кірістер органдары демпингке қарсы уақытша шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің оларды тиесілі ақша сомаларын депозитке енгізу арқылы демпингке қарсы уақытша баж нысанында және (немесе) Қазақстан Республикасы банкінің кепілдігі түрінде қолдану туралы шешімі күшіне енгізілгеннен кейін оның аумағына еркін айналысқа жіберілген немесе шығарылған демпингтік тауар импортына қолданады. Бұл орайда демпингке қарсы уақытша шараларды қолдану нысанын өнім берушінің өзі таңдап алады. Демпингке қарсы уақытша баж Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалатын тәртіппен өндіріліп алынады.»;
      2) 32-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің демпингке қарсы баж енгізу туралы шешімінің негізінде мемлекеттік кірістер органдары, баға бойынша міндеттемелер қабылдаған өнім берушілердің тауарын қоспағанда, оны демпингке қарсы ісін қарау жүргізілген барлық әкелінетін тауарлардан алып отырады.»;
      3) 42-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Демпингтік тауар импорты бойынша істі қарау басталғаннан кейін уәкілетті органның өтінішімен мемлекеттік кірістер органдары бұдан әрі сол импортқа демпингке қарсы шаралардың қолданылуы мүмкін болуы үшін демпингтік тауар импортының есебін жүргізеді.
      3. Мемлекеттік кірістер органдары өздеріне қатысты іс қарау жүргізіліп жатқан демпингтік тауар импорты туралы мәліметтерді уәкілетті органға ай сайын хабарлап отыруға тиіс.».
      32. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж, № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжат; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат;. 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Азамат мемлекеттік қызметке кіру кезінде мемлекеттік кірістер органдарына табыстары және өзіне меншік құқығымен тиесілі, салық салу объектілері болып табылатын мүлкі туралы декларацияны табыс етуге міндетті.».
      33. «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 241-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 73-құжат, 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      2-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру ұлттық қауіпсіздік, әділет, ішкі істер, әскери басқару органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне және экономикалық тергеулер қызметіне жүктеледі.».
      34. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат, № 10, 52-құжат; № 11, 60-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 40-баптың 2-тармағы 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) өтініш берушінің мемлекеттік кірістер органына есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;»;
      2) 69-баптың 2-тармағы 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) кредиторлардың, мемлекеттік кірістер органдарының талаптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоттарынан ақша өндіріп алуына, оның ішінде даусыз (акцептсіз) тәртіппен қанағаттандыруға жататын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне арналған айналымға жол берілмейді;»;
      3) 74-1-баптың 2-тармағы 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының мемлекеттік кірістер органдарына ұсынатын жеке табыс салығы бойынша декларацияның көшірмесін қамтитын есептілікті табыс етуге тиіс.».
      35. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13; 53 құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат, 2014 ж., № 11, 67-құжат):
      41-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарына және коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға және мемлекеттік кірістер органдарына, құрылтайшыларға және өзге де тұлғаларға өз қызметі туралы ақпарат береді.
      Шет мемлекеттер, халықаралық және шетелдік ұйымдар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өтеусіз негізде беретін қаражат есебінен қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына осы қаражатты пайдалану туралы есепті ұсынады.».
      36. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат, № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат, 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат):
      1) 12-3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Астық экспорттаушы астықты кеден одағының кедендік шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарына уәкілетті органның мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындау туралы растауын табыс етуге міндетті.»;
      2) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «22-бап. Астық қабылдау кәсіпорны қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау
      Астық қабылдау кәсіпорындары жылдық балансты және пайда мен залал туралы есепті, оның мемлекеттік кірістер органдарына тапсырылатын мерзімі келгеннен кейін күнтізбелік бір ай ішінде, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген нысан бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.».
      37. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 11, 64-құжат):
      21-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Уәкілетті органдар мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен, мемлекеттік кірістер органдарымен, ішкі істер органдарымен, республикалық және аймақтық деңгейдегі басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен әр тараптың өз міндеттерін орындауы үшін қажет болатын есепті құжаттама мен мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтемсіз негізде алмасады.».
      38. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат;. № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат, № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 25-3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиялары жұмыстарының жылдық жоспары облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен, оның ішінде олардың әкімшілік-аумақтық бірлігінде есепті жылдағы атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті облыстың құрамына кіретін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен қаржыландырылатын бақылау объектілерін, сондай-ақ жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылы түсуін қамтамасыз ететін мемлекеттік кірістер органдарын қамтуға тиіс.»;
      2) 27-баптың 1-тармағының 22-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «22-4) салық төлеушінің тіркеу есебіне алу орны бойынша мемлекеттік кірістер органының облыстық, республикалық маңызы бар қала, Астана бюджетке толық көлемінде келіп түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;»;
      3) 31-баптың 1-тармағының 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша мемлекеттік кірістер органының аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджетке толық көлемінде келіп түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;».
      39. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат, № 10, 52-құжат, № 12, 82-құжат):
      9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, жол полициясы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекара, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бекеттерді қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойынан бөлінген белдеу шегінде ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар төсеуге тыйым салынады.».
      40. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат):
      1) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік кірістер органдары, шекара, ветеринария, фитосанитария органдары және басқа органдар теміржол станциясы аумағындағы өз қызметтерін теміржол станциясының жұмыс режимінде жүзеге асырады.»;
      2) 37-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кедендік бақылаудағы жүктің барар жерін өзгерту тиісті мемлекеттік кірістер органының келісімі болған кезде жүргізіледі.
      Кедендік бақылаудағы жүкті тасымалдау адамдардың денсаулығы мен өміріне, жүру қауіпсіздігіне, экологиялық қауіпсіздікке, жүктің сақталуы мен сапалық жай-күйіне қатер төндірген жағдайда жүктің барар жерін өзгерту, кеден органын белгіленген мерзімде міндетті түрде хабардар ете отырып, олардың келісімінсіз жүзеге асырылады.»;
      3) 41-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Кедендік тексеріп қарау мақсатында орналасуы мемлекеттік кірістер органдарымен келісілген кірме жолдарда жүкті, жүк-багажды вагондарға, контейнерлерге тиеуді, сондай-ақ олардан түсіруді тасымал процесіне қатысушылар жүзеге асыруы мүмкін.
      Тасымалдау процесіне қатысушылардың тауарларды тиеуге (түсіруге), зақымдалған буманы жөндеуге, буманы ашуға, буып-түюге немесе қайта буып-түюге, сондай-ақ вагондарды, контейнерлерді беруге және алып кетуге, санитарлық паспорттар беруге, жүктерді, контейнерлерді сақтауға байланысты шығыстары және мемлекеттік кірістер органдарының не өзге де мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының бастамасы немесе нұсқауы бойынша осы жұмыстарды орындауға байланысты туындаған басқа да шығыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген мөлшерде жүк жөнелтушілер, жүк алушылар есебінен өтеледі.»;
      4) 43-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жүк жөнелтуші жүкті тасымалдауға ұсынған кезде тасымалдаушыға әрбір жөнелтілім үшін теміржол көлігі жүк құжатын, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қажетті жағдайларда өзге де құжаттарды (сертификатты, лицензияны, ветеринариялық сертификатты, кедендік декларацияларды) тапсыруға міндетті.
      Кедендік декларация электрондық құжат түрінде ресімделген жағдайда, кеден органы тасымалдаушыға мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, тауарларды шығару туралы электрондық хабарламаны жібереді.»;
      5) 46-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Вагондар, контейнерлер кедендік тексеру үшін ашылған жағдайда, оларды жаңа бекіту-пломбалау құрылғыларымен пломбалауды мемлекеттік кірістер органдары тасымалдау ережелеріне сәйкес, қолдануға рұқсат етілген бекіту-пломбалау құрылғыларының түрлерімен жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік кірістер органдары қолданған бекіту-пломбалау құрылғылары жүк жөнелтуші мен тасымалдаушының бекіту-пломбалау құрылғыларына теңестіріледі.»;
      6) 55-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушінің, экспедитордың кінәсінен жүкті тасымалдауға кедергілер туындағаны (мемлекеттік кіріс және өзге де мемлекеттік органдардың кідіртуі) және мұндай жүкті одан әрі тасымалдау үшін басқа тасымалдаушыларға тапсыру мүмкін еместігі туралы жасалған шартқа сәйкес, дереу телеграф арқылы немесе өзге тәсілмен жүк жөнелтушіні немесе экспедиторды хабардар етуге міндетті.
      Жүк жөнелтуші, сондай-ақ экспедитор, егер шартта оған осындай міндеттемелер жүктелген болса, жүк тасымалдауға кедергілерді жою жөнінде шаралар қолдануға міндетті.»;
      7) 70-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағында аталған сақтаудың шекті мерзімі аяқталысымен, тасымалдаушы багаж бен жүк-багажды уәкілетті мемлекеттік органдардың (мемлекеттік кіріс және өзге де) билігіне береді. Осы кезден бастап жолаушы, жөнелтуші, алушы оларға құнын өтеу немесе багажды, жүк-багажды алу мәселесі бойынша өтініш жасауға құқылы.»;
      8) 79-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жүк жөнелтуші, жүк алушы, экспедитор Қазақстан Республикасы заңдарының тауарлар экспортына, импортына, транзитіне арналған құжаттарды ресімдеу жөніндегі талаптарын бұзғаны, оның салдары мемлекеттік кіріс, шекара немесе бақылау жасау түрлерінің басқа да органдарының вагондар мен контейнерлерді кідіртіп қоюына әкеп соққаны үшін тасымалдаушының пайдасына вагондарды, контейнерлерді пайдалану ақысы мөлшерінде айыппұл алынады.».
      41. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 7, 37-құжат, № 10, 52-құжат):
      1) 33-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Теңіз портының иесі тиісті мемлекеттік органдардың (көлік, мемлекеттік кіріс, шекара органдарының, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық және басқа да органдардың) лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруы үшін теңіз портына келетін кемелерге кіруін қамтамасыз етуге міндетті.»;
      2) 39-баптың 2-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) мемлекеттік (мемлекеттік кірістер органдары, шекаралық, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық, ветеринариялық және басқа) органдардың теңіз порты аумағында орналасатын жерін белгілеуді;»;
      3) 42-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тиісті мемлекеттік органдардың (мемлекеттік кірістер органдары, шекара органдарының, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық және басқа да органдардың) нұсқамасы болғанда;».
      42. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      14-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарына іссапарға жіберілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады.».
      43. 2002 жылғы 15 шілдедегі «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 6-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      1) 12-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары;»;
      2) 15-баптың 2) тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдер мен көлемде өзінің қаржылық қызметі туралы есеп табыс етуге міндетті.».
      44. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 6, 46-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат, № 12, 82-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат):
      1) 17-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешім туралы хабарламаны уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына жібереді.»;
      2) 19-баптың бірінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органының анықтамалары болған жағдайда қабылдайды және тіркейді.»;
      3) 21-1-баптың 8-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тиісті шаралар қабылдау үшін мемлекеттік кірістер органдарына және қажет болған жағдайда өзге де мемлекеттік органдарға;
      2) мемлекеттік заттай грант оларға сәйкес берілген инвестициялық келісімшарттар бойынша мемлекеттік кірістер органдарына, мемлекеттік мүлікті және (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.».
      45. «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 11, 60-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасының нормаларын Дүниежүзілік пошта одағы актілерінің нормаларымен біріздендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1-баптың 52) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «52) халықаралық пошта алмасу орны - кіріс және шығыс халықаралық пошта жөнелтілімдерін өңдеу жүзеге асырылатын, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары көрсетілген жөнелтілімдерге кедендік бақылау жүргізетін, пошта операторының өндірістік объектісі;».
      46. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат, 2014 ж., № 1, 1-құжат, 4-құжат):
      1) 10-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жеке сәйкестендіру нөмірі негізінде әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдердің есебін жүзеге асыруға және аптасына бір рет мемлекеттік кірістер органдарымен бірге әлеуметтік аударымдардың түсуіне тексеру жүргізуге;»;
      2) 13-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) есептелген және аударылған әлеуметтік аударымдар бойынша мемлекеттік кірістер органдарына есептер беруге міндетті.»;
      3) 17-баптың 1, 2 және 2-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Уақтылы аударылмаған әлеуметтік аударымдар сомаларын мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады немесе оларды төлеуші мерзімі өткен әр күн үшін (Қорға төлеген күнді қоса) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2,5 еселенген ресми ставкасы мөлшерінде есептелген өсімпұлмен қоса Қордың шотына аударуға тиіс.
      2. Әлеуметтік аударымдар толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары жиналып қалған берешек шегіндегі ақшаны төлеушінің банк шоттарынан өндіріп алуға құқылы.
      Әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен төлеушіге хабарлама жіберіле отырып, мемлекеттік кірістер органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.
      Егер әлеуметтік аударымдар бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын болса, мұндай хабарлама жіберілмейді.
      Төлеуші әлеуметтік аударымдар жүргізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімдерде мемлекеттік кірістер органына табыс етуге міндетті.
      Клиентке қойылатын талаптардың бәрін қанағаттандыру үшін банк шоттарына ақшасы болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда банк клиенттің ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен жүргізеді.
      Төлеушінің банк шоттарында ұлттық валютада ақшасы болмаған жағдайда әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өндіріп алу мемлекеттік кірістер органдары ұлттық валютада қойған инкассалық өкімдердің негізінде төлеушінің банк шоттарындағы шетел валютасымен жүргізіледі.
      2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген хабарламаны берген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеуші міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы төлеушінің банк шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
      Мемлекеттік кірістер органдарының өкімі бойынша банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлеушілердің банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы жарналары мен салық берешегін аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.
      Мемлекеттік кірістер органының банк шоттары және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін осындай өкім шығарған салық органы банк шоттары және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.»;
      4) 23-1-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін қосымша:
      дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      мемлекеттік кірістер органдары берген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салыстыру актісі қоса беріледі.».
      47. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат, 2013 ж., № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      6-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарына жүктеледі.».
      48. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын мемлекеттік бақылауды кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.»;
      2) 18-1-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) өтініш берушіні мемлекеттік кірістер органында есепке қою туралы куәліктің көшірмесі;».
      49. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж,, № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат, № 10, 52-құжат, № 11, 60-құжат):
      43-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) тексерілетін тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік кірістер органдарына;».
      50. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасының нормаларын Дүниежүзілік пошта одағы актілерінің нормаларымен біріздендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 19-4-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде автокөлік құралдарының жүріп-тұруына көліктік бақылауды мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.»;
      2) 19-7-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 8), 9), 11), 15), 20) және 21) тармақшаларында көзделгендерді қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобильдік өткізу пункттерінде бақылау функцияларын мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.»;
      3) 19-11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Арнайы рұқсатты қозғалыс маршруты белгіленгеннен және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган немесе мемлекеттік кірістер органдары береді.».
      51. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11, 65-құжаттар):
      11-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың 2-тармағында айқындалған уәкілетті органдар мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда орналастыруға берілген рұқсат құжаттары туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.».
      52. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат, № 12, 82-құжат):
      15-1-баптың 6-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тендерлік өтінімдерді берген күнге үш айдан аспайтын мерзімде салық берешегінің жоқтығы туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасын ұсынған әлеуетті инвесторлар қатысады.».
      53. «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 3-құжат; № 13, 53-құжат, 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      7-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Экономикалық тергеу қызметі экстремизмді қаржыландыру көздерінің, арналары мен тәсілдерінің алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді жүзеге асырады.».
      54. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат):
      1) 12-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы бап талаптарының орындалуын және валюталық қаражаттың қайтарылмауының негізділігін бақылауды мемлекеттік кірістер органдарымен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, оның ішінде өзара ақпарат алмасу жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.»;
      2) 18-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жеке тұлғаның жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асатын қолма-қол шетел және (немесе) қолма-қол ұлттық валютасын (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетуі, Кеден одағының кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа әкелінетін немесе әкетілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органында міндетті түрде кедендік декларациялануға жатады.
      Кедендік декларациялау өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығу тегі және мақсаты туралы мәліметтер көрсетілген, әкелінетін немесе әкетілетін қолма-қол шетел валютасының, қолма-қол ұлттық валютаның және жол чектерінің бүкіл сомасына жазбаша нысанда кедендік декларация беру арқылы жүзеге асырылады.
      4. Жеке тұлғаның ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді (жол чектерінен басқа) Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетуі, Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа әкелінетін немесе әкетілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органында міндетті түрде кедендік декларациялануға жатады.».
      55. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат, № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      27-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу кезінде мәлімделген орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органында (бұдан әрі - тіркеуші орган) дара кәсіпкер ретінде есепке қою болып табылады.»;
      4-1-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік кірістер органы, егер:».
      56. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; № 12, 84-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат, № 16, 83-құжат):
      42-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) өтініш берушінің мемлекеттік кірістер органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі;».
      57. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат, № 21-22, 115-құжат, 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      9-баптың 8-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын;
      шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері болып табылатын;
      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 191-бабының 8-тармағына сәйкес өзінің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агенті арқылы қызметің жүзеге асыратын;
      филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын;
      Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін иеленуші;
      резидент-банктерде ағымдағы шоттар ашатын резидент емес заңды тұлғаларды салық төлеуші ретінде мемлекеттік кірістер органында тіркеу кезінде жүзеге асырылады.».
      58. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):
      9-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мемлекеттік кірістер органының сұратуы бойынша бір ай мерзімде арнайы экономикалық аймақ аумағына әкелінген тауарлар мен жабдықтардың құрылыс процесінде пайдаланылу фактісін растайтын құжаттарды береді;».
      59. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат):
      9-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Өнімнің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуіне бақылау жасауды мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.».
      60. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 11, 80-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 2-бапта:
      17) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) мәмілелер мониторингі бойынша есептілік - трансферттік бағаларды қолдана отырып есепті кезең ішінде жасалған мәмілені қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіп пен нысанға сәйкес мәмілеге қатысушы жыл сайын мемлекеттік кірістер органдарына ұсынатын мәмілелер бойынша деректер;»;
      29) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29) уәкілетті органдар - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары;»;
      2) 7-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) мәміле бағасын қолданудың дұрыстығын негіздейтін және мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін басқа да деректерді қамтиды.»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы баптың 1), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында аталған ақпарат осы Заңмен реттелетін мәмілелер жасалған кезде мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін осындай шарттар мен деректер болған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарына беріледі.»;
      3) 9-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексеру және мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу тәртібі мен мерзімдерінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалады.»;
      4) 10-баптың 8-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармаққа сәйкес салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге жасалатын түзету әрбір мәміле бойынша жеке-жеке, осы баптың 9-тармағында көзделген шарттарды сақтай отырып, тиісті есептер қоса беріле отырып, мемлекеттік кірістер органдарына табыс етілетін тиісті салық есептілігінде көрсетілуге тиіс.»;
      5) 13-баптың 8-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) шағым жасалған салық кезеңіне - салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) шағым берудің қалпына келтірілген мерзімі ескеріле отырып, хабарлама бойынша шағымды қарау нәтижелері жөніндегі жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органы шығарған шешімге шағымды беру және қарау мерзімі кезеңінде жол берілмейді.»;
      6) 14-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қызметтің осы саласы үшін рентабельділік Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика органдары, мемлекеттік кірістер органдары деректерінің және басқа да ақпарат көздерінің негізінде айқындалады.».
      61. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат, 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 39-баптың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «18) осы Заңда көзделген өкілеттігін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан, мемлекеттік кірістер органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді сұратады және алады;»;
      2) 47-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Нарық субъектілері, олардың бірлестіктері мен басшылары, мемлекеттік органдар, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік кірістер органдары, олардың лауазымды адамдары монополияға қарсы органның осы Заңда көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті дәйекті құжаттарды, жазбаша және ауызша түсіндірмелерді және өзге де ақпаратты, оның ішінде коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты монополияға қарсы органның талап етуі бойынша беруге міндетті.».
      62. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат, 2014 ж., № 11, 60-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 13-баптың 1-1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тіркелімінің жүйесіндегі және жеке шоттар бойынша номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді, сондай-ақ осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген, терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымдар мен жеке тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операцияларын қаржы мониторингі субъектілері сот шешімі, салық және (немесе) кеден органдарының инкассолық өкімдері, мемлекеттік кірістер органының иелік ету шектелген мүлікті өндіріп алу туралы қаулылары негізінде, сондай-ақ ұйым немесе жеке тұлға осы Заңда көзделген тәртіппен жоғарыда көрсетілген тізбеден шығарылғаннан кейін жүзеге асыруы мүмкін.»;
      2) 18-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Кеден одағының кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан жүзеге асырылатын Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, декларацияланған мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырып, кейіннен оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген белгіленген мерзімде міндетті түрде уәкілетті органға ұсынады.».
      63. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «45-бап. Борышкерге іздеу салу
      1. Борышкердің болатын жері белгісіз болған кезде сот орындаушысы ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі, экономикалық тергеулер қызметі арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұсыныспен атқарушылық құжат орындалатын жердегі сотқа жүгінуге міндетті. Борышкерге іздеу салу жарияланған және оның өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады.
      Борышкердің орналасқан жері белгілі болған немесе оның мүлкі анықталған кезде атқарушылық іс жүргізу қайта жаңғыртылады.
      2. Борышкерге іздеу салуды соттың ұйғарымы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі, экономикалық тергеулер қызметі жүзеге асырады.
      Борышкерлерді іздестіру жөніндегі мәселелер бойынша жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен және экономикалық тергеулер қызметі өзара іс-қимылдың тәртібі мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік органының және мемлекеттік кірістер органының бірлескен актісімен анықталады.
      3. Борышкерге іздеу салу жөніндегі шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатады және борышкерден жергілікті бюджетке сот арқылы өндіріп алынуға тиіс.
      Борышкерге іздеу салу жөніндегі шығыстар іздеу салуды жүзеге асыратын органындарының өтініші негізінде айқындалады.»;
      2) 169-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жеке сот орындаушысының салық заңнамасын сақтауын бақылауды мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.».
      64. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; 2014 жылғы 9 шілдедегі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік органның құзыреті
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік орган:
      1) сыбайлас жемқорлықтың қауіп-қатері туралы халықтың хабардарлығын арттырады;
      2) қоғамның санасында сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтуға бағытталған азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
      65. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №. 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 24-баптың бірінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) бақылау-кассалық машиналар орналастырылған жерде тұтынушының бақылау (тауарлық) чегін алу қажеттігі туралы және бақылау-кассалық машиналарын қолдану тәртібі бұзылған жағдайда оның мемлекеттік кірістер органына (тиісті мемлекеттік кірістер органының телефон нөмірін көрсетіп) жүгіну құқығы туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат орналастыруға;»;
      2) 33-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сатушы (дайындаушы, орындаушы) бақылау-кассалық машиналары тұрған жерде тұтынушының бақылау (тауарлық) чегін алу қажеттігі және бақылау-кассалық машиналарын қолданудың тәртібі бұзылған жағдайда оның мемлекеттік кірістер органына жүгіну құқығы туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат орналастырады.».
      66. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат):
      1) 37-баптың 2-тармағы 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) жер қойнауын пайдалану құқығын не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алушы туралы мәліметтерді:
      заңды тұлғалар үшін - сатып алушының атауын, оның орналасқан жерін, мемлекеттік тиесілігін, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және салық органдарында тіркелуі туралы мәліметтерді, басшылары мен олардың өкілеттіктері туралы мәліметтерді, қатысу үлестерінің (акциялар пакеттерінің) мөлшері көрсетіле отырып, қатысушылар туралы мәліметтерді, бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетіле отырып, заңды тұлғаның мұндай қағаздарының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы айналымы туралы мәліметтерді, сатып алушының еншілес ұйымдары туралы мәліметтерді;
      жеке тұлғалар үшін - сатып алушының тегі мен атын, заңды мекенжайын, азаматтығын, жеке басын куәландыратын құжаттары, мемлекеттік кірістер органдарында тіркелуі не кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуінің болуы не болмауы туралы мәліметтерді, сатып алушы қатысушысы (акционері) болып табылатын заңды тұлғалар туралы мәліметтерді;»;
      2) 48-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) заңды тұлғалар үшін - өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, мемлекеттік тиесілігі, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және мемлекеттік кірістер органдарында тіркелуі туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы үлестерінің мөлшері (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) көрсетіле отырып, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетіле отырып, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында заңды тұлғаның осындай қағаздарының айналымы туралы мәліметтер, өтінім берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтер;
      2) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі мен аты, заңды мекенжайы, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттары туралы, өтінім берушінің мемлекеттік кірістер органдарында тіркелуі туралы, өтінім берушінің кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуі туралы мәліметтер;»;
      3) 58-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) заңды тұлғалар үшін - өтініш берушінің атауын, оның орналасқан жерін, мемлекеттік тиесілігін, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және мемлекеттік кірістер органдарында тіркелуі туралы мәліметтерді, жарғылық капиталдағы үлестерінің мөлшері (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) көрсетіле отырып, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтерді, бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетіле отырып, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында заңды тұлғаның осындай қағаздарының айналымы туралы мәліметтерді, өтінім берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтерді;
      2) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің аты мен тегін, заңды мекен-жайын, азаматтығын, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттары туралы, өтініш берушінің мемлекеттік кірістер органдарында тіркелуі туралы, өтініш берушінің кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуі туралы мәліметтерді;».
      67. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      7) және 7-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) құқық қорғау органы - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін, өз құзыретіне сәйкес қылмыстылыққа және өзге де құқық бұзушылықта қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыратын, заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдау, құқық бұзушылықты анықтау, алдын алу, жолын кесу, тергеу, қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін атқару жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган (мемлекеттік органның бөлімшесі);
      7-1) құқық қорғау органының басшысы - құқық қорғау органының қызметкерлері мен жұмыскерлері, уәкілетті басшылар бағынысында болатын құқық қорғау органының бірінші басшысы;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) құқық қорғау органының қызметкері (бұдан әрі - қызметкер) - құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасынан арнаулы атақ немесе сыныптық шен не біліктілік сынып берілген Қазақстан Республикасының азаматы;»;
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) уәкілетті басшы - құқық қорғау органының аумақтық немесе оған теңестірілген мамандандырылған бөлімшесінің басшысы, құқық қорғау органы мекемесінің, ведомствосының басшысы;»;
      мынадай мазмұндағы 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
      «21) экономикалық тергеулер қызметі - экономикалық және қаржылық қылмыстарды алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелері;
      22) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет - сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының жедел-тергеу бөлімшелері;»;
      2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-бап. Құқық қорғау органдары
      Құқық қорғау органдарына өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік өртке қарсы қызметі, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының жедел-тергеу бөлімшелері және экономикалық тергеулер қызметі жатады.»;
      3) 6-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын азаматтар қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуді әскери-дәрігерлік комиссияларда міндетті түрде өтеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке түсетін азаматтар полиграфологиялық зерттеуді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының тиісті бөлімшелерінде өтеді.»;
      4) 6-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Азамат және оның зайыбы (жұбайы) құқық қорғау қызметіне тұрған кезде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына табыстары және мүлкі туралы декларацияны табыс етуге міндетті.»;
      5) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сынақ мерзімі оның құқық қорғау қызметінде атқарып жүрген лауазымына сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленеді. Сынақ мерзімі кезеңінде арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілмейді, біліктілік сынып белгіленбейді.»;
      6) 13-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) құқық қорғау органдарына бірінші рет қызметке тұрған, арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілген, біліктілік сынып белгіленген адамдар;»;
      7) 16-баптың 1-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) қызметкер өзінің өкілеттіктерін орындау кезеңінде жыл сайын, сондай-ақ құқық қорғау қызметінен теріс себептер бойынша шығарылған адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен үш жыл бойы тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік кірістер органына табысы мен мүлкі туралы декларация табыс етуге міндетті.»;
      8) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қызметкерлерге олардың жеке басын және өкілеттіктерін растайтын қызметтік куәліктер және жетондар беріледі.
      Жетондар прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтердің жедел-тергеу бөлімшелерінің және экономикалық тергеулер қызметтерінің қызметкерлеріне берілмейді.
      Қызметтік куәліктің сипаттамасын және жетондардың үлгілерін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.»;
      9) 21-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қызметкердің құқық қорғау қызметін өткеретін құқық қорғау органына байланысты оның құқық қорғау қызметіне қатыстылығын көрсету мақсатында қызметкерлердің арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері бойынша нысанды киім және айырым белгілері белгіленеді.
      2. Арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілген не біліктілік сынып белгіленген қызметкерлер нысанды киіммен тегін қамтамасыз етіледі.»;
      10) 22-баптың 3-тармағының 3) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
      11) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
      «22-1-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен экономикалық тергеулер қызметі органдары қызметкерлерінің біліктілік сыныптары
      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері үшін келесі біліктілік сыныптар мен онда еңбек сіңіру мерзімдері белгіленеді:
      1) орта басшы құрам:
      6-санатты біліктілік сынып - бір жыл;
      5-санатты біліктілік сынып - үш жыл;
      4-санатты біліктілік сынып - төрт жыл;
      2) аға басшы құрам:
      3-санатты біліктілік сынып - бес жыл;
      2-санатты біліктілік сынып - жеті жыл.
      Біліктілік сыныпта еңбек сіңіру мерзімінде 1-санат белгіленбейді.
      Белгілеу реттілігіне қарай біліктілік сыныптары алғашқы және кезекті болып бөлінеді.
      6-сыныпты біліктілік сынып бірінші біліктілік сынып болып табылады.
      Кезекті біліктілік сыныптар алдынғы біліктілік сыныптарда болу мерзімі өткеннен кейін тізбектелген тәртіпте белгіленеді.
      2. Бір құқық қорғау органдарынан басқасына ауысқан, сондай-ақ бұрын құқық қорғау және арнайы органдарда қызмет өткерген қызметкерлерге, әскери қызметшілерге, сыныптық шені, арнайы немесе әскери атақтары бар қызметкерлерге біліктілік сыныптар мен әскери атақтарды, арнайы және әскери атақтарды теңестіру келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
      6-санатты біліктілік сынып - лейтенант, 3-сыныпты заңгер;
      5-санатты біліктілік сынып - аға лейтенант, 2-сыныпты заңгер;
      4-санатты біліктілік сынып - капитан, 1-сыныпты заңгер;
      2) аға басшы құрам:
      3-санатты біліктілік сынып - майор, кіші әділет кеңесшісі;
      2-санатты біліктілік сынып - подполковник, әділет кеңесшісі;
      1-санатты біліктілік сынып - полковник, аға әділет кеңесшісі.
      3. Біліктілік сыныпта болу мерзімі қызметкерге тиісті біліктілік сынып берілген күннен бастап есептеледі. Бұл мерзімге лауазымдарда іс жүзінде қызмет өткерген уақыты, сондай-ақ қызметкердің құқық қорғау органының қарамағында болған кезеңі кіреді. Қызметкерге кезекті біліктілік сыныпты белгілеуге ұсыну негізсіз кешіктірілген жағдайда тиісті біліктілік сынып алдында болған біліктілік сыныпта болу мерзімі өткеннен кейін келесі күннен бастап белгіленеді.
      4. Біліктілік сыныптарды құқық қорғау органының басшысы белгілейді.»;
      12) 36-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) құқық қорғау қызметін өткеру және арнайы атақтар, сыныптық шендер немесе біліктілік сыныптар беру реттілігі.»;
      13) 64-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қызметкерлердің ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және арнаулы атағы немесе сыныптық шені және біліктілік сынып үшін берілетін қосымша ақыдан тұрады.»;
      14) 82-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеулер қызметінің қызметкерлері қызметте мынадай шекті жасқа:
      1) 3-санатты біліктілік сыныпта - қырық сегіз жасқа;
      2) 2-санатты біліктілік сыныпта - елу жасқа;
      3) 1-санатты біліктілік сыныпта - елу бес жасқа дейін бола алады.».
      68. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; №. 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 60, 67-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртібінің ерекшеліктері, оларды жүргізу, ұзарту және тоқтата тұру мерзімдері тексерулерді тағайындау, олардың нәтижелері мен аяқталуы туралы актіні ресімдеу Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалады.»;
      2) 16-баптың 3-тармағы үшінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебіне қою;»;
      3) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы талаптардың сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулерін, мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жүзеге асыратын үстеме тексерулерді қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда міндетті түрде тіркеледі.
      Тексерулерді тағайындау туралы актіні тіркеу есепке алу сипатында болады және тәуекелдерді басқарудың ведомстволық жүйелерін қалыптастыру мен жетілдіру үшін пайдаланылады.
      Тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеудің болуы осындай тексерудің заңдылығына дәлелдеме болып табылмайды.
      Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы талаптардың сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулерін, мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын үстеме тексерулерді тағайындау туралы актілер жөніндегі жалпы мәліметтер жеке кәсіпкерлік субъектілері бөлінісінде тоқсан сайын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға беріледі.»;
      5) 20-баптың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізудің, ұзартудың және тоқтата тұрудың тәртібі мен мерзімдерінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалады.».
      69. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Заңы):
      1) 16-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Хабарламада мұнай өнімдерін өндірушінің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушінің немесе бөлшек сауда арқылы өткізушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе толық атауы, сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік кірістер органының атауы, хабарламаның берілген күні, хабарламаны жіберу үшін негіздеме, шағым жасау тәртібі көрсетіледі.».
      70. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат):
      1) 10-бапта:
      2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) тіркеу есебіне қою орны бойынша мемлекеттік кірістер органынан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болуы немесе болмауы туралы анықтама;»;
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер заңды тұлға құжаттарды берген кезде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуде жоқ екендігі туралы анықтаманың көшірмесі ұсынылады.»;
      2) 11-бапта:
      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде бұл туралы мемлекеттік кірістер органдарына хабарлайды.
      6. Мемлекеттік кірістер органдары арнайы экономикалық аймақтың басқару органының қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу туралы хабарламасын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын есепке алуды жүзеге асырады.»;
      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы мемлекеттік кірістер органдарына қызметті жүзеге асыру туралы шартты тоқтату туралы хабарлайды.»;
      3) 12-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) дара кәсіпкерді және заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының аумағындағы тиісті тіркеу органы (әділет, мемлекеттік кірістер органы және статистика органы) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеуге тиіс.»;
      4) 14-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы өтінім тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінімді берген адамға, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ өзінің әрекет ету аймағында орналасқан мемлекеттік кірістер органына осы адамға арнайы экономикалық аймақтың аумағында қосалқы қызметті жүзеге асыруға рұқсат берілгені туралы хабарлайды.»;
      5) 26-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағында кедендік бақылауды кеден одағының кедендік заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.».
      71. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 60-құжат; 2014 жылғы 9 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 9-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік орган, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, экономикалық тергеулер қызметі жатады.»;
      2) 15-баптың 1-тармағында:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік орган - сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтың, адамның және азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органы;»;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) қаржы саласындағы уәкілетті орган - қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қолданатын, салық, кеден және бюджет заңнамаларының сақталуын, мемлекеттік мүліктің ұтымды пайдаланылуын және сақталуын, және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қызмет саласында адамның және азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын, орталық атқарушы орган;».
      72. «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат):
      7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өнімді магистральдық құбырмен өткізуді кедендік реттеуді жүзеге асырады.».
      73. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 60-құжат):
      21-баптың 4-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) мемлекеттік кірістер органдарына: тексерілетін тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша нұсқама негізінде;».
      74. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 60-құжат):
      1) 4-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және біліктілік сыныптары белгіленген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға беріледі.»;
      2) 10-баптың 1-тармағы 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және біліктілік сыныптар белгіленген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға беріледі.»;
      3) 24-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есебіне жазылған өсімпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.»;
      4) 28-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Нақты төлем жасалған және қызметкер табыс алған жағдайда агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады немесе оларды әрбір мерзімін өткізіп алған күнге (Орталыққа төлейтін күнді қоса алғанда) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есебіне жазылған өсімпұлмен бірге міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің пайдасына агенттер аударуға тиіс.»;
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегіндегі ақшаны агенттердің банк шоттарынан өндіріп алуға құқылы.»;
      3-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Агент хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органына өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімдерін, сондай-ақ өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын қызметкерлердің тізімдерін ұсынуға міндетті.
      Агенттердің банк шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кірістер органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.»;
      4-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімінің күшін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей органы Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді жояды.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімінің күшін шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы баптың 2-тармағында көзделген хабарламаны тапсырған күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен агенттің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Мемлекеттік кірістер органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында агенттің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі туындаған күннен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген берешегі бар агенттердің тізімдерін жариялайды.»;
      5) 57-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мемлекеттік кірістер органдарына - тексерілетін тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша;»;
      6) 64-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «64-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алу құқығы
      1. Әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген, соның ішінде біліктілік сыныптар белгіленген қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу, біліктілік сыныптар берілген және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған мына:
      1) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптар беріліп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметте кемінде жиырма бес жыл еңбек сіңірген, қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекті жасына толған;
      2) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптар беріліп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметте кемінде жиырма бес жыл еңбек сіңірген, штаттың қысқартылуына байланысты, өзінің еркі бойынша және денсаулық жағдайына байланысты қызметтен шығарылған;
      3) офицерлердің, прапорщиктердің (мичмандардың), арнаулы атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптар берілген арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдарының, сондай-ақ әскери қызметті келісімшарт бойынша өткеріп жүрген, әскери қызметте және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беріліп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекті жасына толуына, штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен шығарылған, жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, олардың кемінде он екі жылы мен алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет құрайтын адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
      2. Қызметтен шығарылған және 1998 жылғы 1 қаңтарға он және одан да көп жыл еңбек сіңірген әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген, соның ішінде біліктілік сыныптар белгіленген қызметкерлеріне, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға, осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы болмаған кезде Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері осы Заңға сәйкес жалпы негіздерде тағайындалады.
      3. Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптар алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлерді әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен, біліктілік сынып бере отырып, мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде зейнетақы төлеу лауазымға тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
      4. Құқық қорғау органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, экономикалық тергеулер қызметінің мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптар алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған қызметкерлерінің осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарда әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бойынша тіркелген, осы санаттағы адамдар үшін әскери және құқық қорғау қызметтерінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толған кезде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.»;
      7) 68-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Әскери қызметшілер арасынан, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және Қазақстан Республикасының ішкі істер, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті, прокуратура, Кеден комитеті, Төтенше жағдайлар комитеті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, экономикалық тергеулер қызметінің қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп қолданылатын арнаулы мемлекеттік органдардың және прокуратура органдарының, ішкі істер органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет және Әділет министрлігінің бұрынғы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының, қаржы полициясы және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері қайта төлене бастаған кезде немесе Орталықтан төленетін зейнетақыны еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы етіп қайта тағайындаған жағдайда зейнетақылар еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезге айқындалған мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу есепке алынып төленеді.»;
      8) 74-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. 28-баптың 4-тармағының қолданысы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. Тоқтата тұру кезеңінде көрсетілген тармақ мынадай редакцияда қолданылады:
      «4. Мемлекеттік кірістер органдарының өкімі бойынша, егер агент міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндіріп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін ұсынбаса және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болса, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар агенттердің банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен салық берешегін аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орындауға міндетті.
      Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімінің күшін шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.».
      75. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат, 2014 ж., № 7, 37-құжат):
      1) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ерекше жағдайларда техникалық, мәжбүрлі түрде қонуларды және гуманитарлық рейстерді орындауға, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді орындауға байланысты халықаралық ұшуларды орындау кезінде әуе кемелерінің қонуы мен ұшып көтерілуі халықаралық болып табылмайтын әуежайлардан немесе әуеайлақтардан жүргізіледі. Көрсетілген ұшулар Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, мемлекеттік кірістер және өзге де мемлекеттік органдармен келісім бойынша азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдар беретін уақытша рұқсат болған кезде орындалады.»;
      2) 19-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Мемлекеттік шекара арқылы көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу мемлекеттік кірістер және өзге де бақылаушы органдардың Қазақстан Республикасына көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету құқығына рұқсат беру белгілері болған кезде жүзеге асырылады.»;
      3) 32-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды ресімдеумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметшілерінің, мемлекеттік кірістер және өзге де органдар, көлік ұйымдары қызметкерлерінің өткізу пункттеріне кіруі:»;
      4) 33 бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өткізу пунктінде қызметін өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарымен және өзге де органдармен, сондай-ақ көлік ұйымдарымен келісім бойынша:»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жолаушылардың өткізу пунктінен кетуі немесе оған келуі кезінде шетелге бара жатқан көлік құралдарына оларды отырғызу (түсіру) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің рұқсатымен жүзеге асырылады, ал жүктер мен тауарларды тиеу (түсіру) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының рұқсатымен жүргізіледі.»;
      5) 34-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды белгіленген және арнайы жабдықталған орындарда тексеріп қарауды (тәуліктің кез келген уақытында, қажет болған жағдайда көлік ұйымы белгілеген көлік құралының кету уақытына қарамастан, оның ішінде қайтадан тексеріп қарауды) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүргізеді.»;
      3-тармақ мынадай редакция жазылсын:
      «3. Арнайы рұқсаттамалары ресімделіп, пломба салынған (мөрленген) вагондар, контейнерлер, автомобильдер, трюмдер және көлік құралдарының өзге де үй-жайлары, сондай-ақ жүктер мен тауарлар, егер орамасы, мөрлері, пломбалары бүлінген болса, сондай-ақ оларда бөгде адамның жасырыну белгілері бар болса, тексеріп қарау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарымен бірлескен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің талабы бойынша ашылады.»;
      6) 35-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Белгіленген үлгідегі рұқсаттамалары бар, бірақ қызметті ұйымдастырумен және бақылаумен айналыспайтын, сондай-ақ адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды ресімдеу және оларға қызмет көрсету бойынша ауысымда жүрмеген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне, мемлекеттік кірістер және өзге де органдардың, көлік ұйымдарының қызметкерлеріне өткізу пункттерінің аумағында болуға тыйым салынады.»;
      7) 36-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) өткізу пункттерінде болған кезде пломба салынған (мөрленген) вагондарды, контейнерлерді, автомобильдерді, трюмдерді және көлік құралдарының өзге де үй-жайларын, сондай-ақ жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің талабы бойынша тексеріп қарау үшін ашуға міндетті. Мемлекеттік кірістер органдарының бөлімшелері бар өткізу пункттерінде ашу олардың өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі;»;
      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Өткізу пунктінде қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер және өзге де органдардың, көлік ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін:»;
      8) 57-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «57-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының құзыреті»;
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары:»;
      9) 67-баптың 1-тармағының 33) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «33) мемлекеттік кірістер органдары жоқ өткізу пункттерінде радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, радиациялық бақылауды автоматты түрде немесе қолмен тексеру режимінде жүзеге асыруға;».
      76. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат):
      29-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ұлттық палата міндетті мүшелік жарна бойынша есептеуді жүзеге асыру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен мемлекеттік кірістер органдары берген мәліметтердің негізінде жыл сайын 1 шілдеге дейінгі мерзімде кәсіпкерлік субъектілеріне есеп шотын ұсынады.».
      77. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 60-құжат):
      17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жылжымайтын мүліктің нақты объектісі жөніндегі ақпарат және жеке немесе заңды тұлғаның өзінде бар жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары туралы жинақталған деректер, сондай-ақ мүлікті иеліктен шығару жөніндегі құжаттардың тіркеуші орган куәландырған көшірмелері құқық иесінің (уәкілетті өкілдің) сұрау салуы бойынша, іс жүргізіліп жатқан қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша адвокаттардың, құқық қорғау, сот органдарының, іс жүргізіліп жатқан атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес мемлекеттік кірістер және басқа да мемлекеттік органдардың, нотариустардың, мұрагерлердің, тексеру жүргізу шеңберінде оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның, оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлі түрде таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының), қамқоршылық және қорғаншылық органдардың дәлелді сұрау салуы бойынша беріледі.».
      78. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат):
      1) 38-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Борышкерді банкрот деп тану туралы кредитордың өтінішін сотқа беру құқығына салықтарға және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты - мемлекеттік кірістер және өзге де уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелер бойынша кредитор-жеке және заңды тұлғалар ие болады.»;
      2) 50-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есептемегенде, өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін борышкер олардың алдында жауаптылықта болатын азаматтарға төлемдерді қоспағанда, соттардың, аралық соттардың, мемлекеттік кірістер органдарының, сондай-ақ меншік иелерінің (құрылтайшылардың, қатысушылардың) немесе борышкер органдарының оның мүлкіне қатысты бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) кредиторлардың, мемлекеттік кірістер органы мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыратын өзге де уәкілетті мемлекеттік органның талаптары, оның ішінде даусыз (акцептісіз) тәртіппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша борышкердің банктік шоттарынан ақша өндіріп алуға, сондай-ақ борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;»;
      3) 68-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есептемегенде, төлеу мерзімі оңалту рәсімі қолданылғаннан кейін басталған, өмірге немесе денсаулыққа зиян келтіргені үшін борышкер жауаптылықта болатын азаматтарға төленетін төлемдерді қоспағанда, соттардың, аралық соттардың, мемлекеттік кірістер органдарының, сондай-ақ борышкер мүлкі меншік иелерінің (олар уәкілеттік берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) оның мүлкіне қатысты қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;
      4) оңалту рәсімі қолданылған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріндегі салық есептілігіне сәйкес салық төлеуші есептеген, салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органы есепке жазған салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төленеді.»;
      4) 77-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өткен салық кезеңдері және оңалту рәсімі қолданылған салық кезеңі үшін салық есептілігіне сәйкес салық төлеуші есептеген, салықтық тексерулер нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органы есепке жазған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелер туындаған кезде, кредиторлар талаптарының тізіліміне, сондай-ақ оңалту жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.»;
      5) 89-баптың 2-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде банкроттың банктік шоттарын жабуға, салық төлеуші куәлігінің және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің бланкілерін (олар бар болған кезде) мемлекеттік кірістер органына тапсыруға, банкроттың мөрін жоюға;»;
      6) 100-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әкімшілік шығыстарға салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органы банкроттық рәсімі қолданылған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін есептеген, салық төлеушінің салықтық есептілікке сәйкес есептеген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жатады.»;
      7) 112-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар банкротты заңды тұлғалардың тіркелімінен алып тастау туралы бұйрықтарды сотқа және уәкілетті органға, сондай-ақ банкроттың орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жібереді.».
      8) 118-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде банкроттың банктік шоттарын жабуға және салық төлеуші куәлігінің және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің бланкілерін (олар болған жағдайда) мемлекеттік кірістер органына тапсыруға міндетті.»;
      9) 123-баптың екінші бөлігін мынадай редакцияда жазылсын:
      «Борышкер кредитордың, мемлекеттік кірістер және өзге де уәкілетті мемлекеттік органның немесе прокурордың өтінішіне берген пікірінде өзінің дәрменсіздігін таныған жағдайда, қосымша құжаттарды ұсыну міндетті емес.».
      79. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат):
      96-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) банктен немесе оның филиалынан алынған анықтаманың және салық берешегінің жоқ екендігі туралы мемлекеттік кірістер органы анықтамасының болуымен расталған салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің, сондай-ақ сауда қызметінің субъектісіне қызмет көрсететін банк алдында берешегінің жоқ екендігі көрсетілген төлем қабілеттілігі;».
      80. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 38-баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жолдарды салуға, реконструкциялауға, күрделі жөндеуге, жөндеуге және күтіп-ұстауға, сондай-ақ жол сервисі, жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін орналастыруға байланысты емес жұмыстарды орындауға;
      2) жолға күтім жасауға, оны салуға, реконструкциялауға, күрделі жөндеуге, жөндеуге және күтіп-ұстауға арналмаған және жол сервисі, жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау бекеттеріне, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттеріне жатпайтын үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды және басқа да объектілерді орналастыруға;»;
      2) 39-баптың 3-тармағының 4) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жол қызметінің, сыртқы (көрнекі) жарнаманың, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау бекеттерінің, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің нұсқағыштарын қоспағанда, бұру жолағында жол жүрісіне жатпайтын белгілер, нұсқағыштар орнатуға;».
      81. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 68-құжат):
      1) 7-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мүлікті (ақшадан басқа) жария ету комиссияға, мемлекеттік кірістер органына жария ету субъектілері мынадай құжаттарды:»;
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған мүлік бойынша (ақшадан басқа) - жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына;»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Өтінішті комиссия, мемлекеттік кірістер органы өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.»;
      8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Осы Заңда белгіленген талаптар сақталған жағдайда, комиссия, мемлекеттік кірістер органы осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзімде:»;
      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Комиссия, мемлекеттік кірістер органы мүлікті жария етуден бас тартуды осы Заңның 2 немесе 3-баптарында көзделген талаптар сақталмаған кезде шешім қабылдау арқылы жүзеге асырады.
      10. Мүлік (ақшадан басқа) комиссияның, мемлекеттік кірістер органының жария ету туралы шешім шығарған күнінен бастап жария етілді деп есептеледі.»;
      2) 9-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған мүлікті жария ететін жария ету субъектілері мемлекеттік кірістер органына осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тізбесіне қосымша мынадай құжаттарды:»;
      3) 10-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті жария ететін жария ету субъектілері мемлекеттік кірістер органына осы Заңның 7-бабының 1-тармағында және осы баптың 1-тармағында айқындалған құжаттар тізбесіне қосымша мынадай құжаттарды:»;
      4) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-бап. Шағым жасау тәртібі
      Комиссияның, мемлекеттік кірістер органының шешімдеріне, сондай-ақ мүлікті жария етуді өткізу кезіндегі өзге де әрекеттерге (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.».
      2-бап. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 60-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Заңы) күші жойылды деп танылсын.
      3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады