Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1235 қаулысына
369-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2006 жылға арналған
"Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi
органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны : 325931 мың теңге (үш жүз жиырма бес миллион тоғыз жүз отыз бiр мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.07.31. N 470б қаулысымен.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңының 9-бабы ; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджеттік кодексi ; "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 8, 18, 21-24-баптары ; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы ; "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 шiлдедегi N 724 қаулысы ; "Қызмет телефондары мен мемлекеттiк органдарының аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 қазандағы N 1217 қаулысы ; "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 қаулысы ; "Мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 13 қарашадағы N 1706 қаулысы ; "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тiркеудің, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудің ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 6 қазандағы N 1293 қаулысы ; "Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн радиосәуле шығаратын құралдардың деректерiн есепке алудың бiрыңғай жүйесiн құру бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 114 қаулысы ; "Бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға электроэнергия, жылу, ыстық пен суық су және тағы басқа коммуналдық қызметтердi қолданудың нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 2 қарашадағы
N 1118 қаулысы ; "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288 қаулысы ; "Мемлекеттiк бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1428 қаулысы .
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасында ақпараттандыру және байланыс саласының дамуын және жетiлдiруiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : ұлттық ақпараттық инфрақұрылымы мен байланыс және ақпараттандыру саласының дамуын және жетiлдiруiн қамтамасыз ету;
ақпараттандыру және байланыс саласындағы нормативтiк құқықтық негiзiн жетiлдiру;
өз құзыретi шегiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау;
байланыс және ақпараттандыру саласындағы және радиожиiлiк өрiсiн пайдаланудағы жеке және заңды тұлғалардың қызметiне мемлекеттiк техникалық бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету;
радиожиiлiк өрiсінің мониторингінің толық түрде қызмет ететiн жүйесінің құрылуы;
мемлекеттiк органдардың ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттiк регистрiн сүйемелдеу;
ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің қызметiн техникалық қолдау.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :
N |
Бағ- |
Кіші бағ- |
Кіші |
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі |
Іске асыру мер- |
Жауапты |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
Ақпарат- |
||||
2 |
001 |
Орталық |
66 бiрлiк мөлшерiндегi |
Жыл |
Қазақ- |
|
3 |
002 |
Аумақтық |
113 бiрлік мөлшеріндегi штат |
Жыл |
Қазақ- |
|
4 |
007 |
Мемле- |
Мемлекеттiк және |
2006 |
Қазақ- |
|
5 |
009 |
Мемле- |
Қостанай облысы үшін |
2006 |
Қазақ- |
|
6 |
017 |
Ақпа- |
Компьютерлiк есептеу |
Жыл |
Қазақ- |
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.31. N 470б қаулысымен.
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: ақпараттандыру және байланыс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру - 2 тақырып бойынша нормативтiк құқықтық құжаттар әзiрлеу; мемлекеттiк тiлдi оқыту - 38 адам; ағылшын тiлдi оқыту - 18 адам; ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің кідiрiссiз жұмыс iстеуiн ұйымдастыру - 100%-ға орындау;
Агенттiктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдары үшiн жиһаздар, шкаф-сейфтерiн және ұйымдастыру техникасын сатып алу;
лицензиялық заңдардың орындалмауын және радиожиілік өрiс пен радиоэлектрондық құралдармен заңсыз қызмет атқаратын пайдаланушыларды жедел түрде анықтау және оған жол бермеу - 100%-ға орындау.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасында ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің тиiмдi және кідiрiссiз қызмет етуiн қамтамасыз ету; Агенттiктің мамандарын мемлекеттiк тiлге оқыту қажеттiлiктерiн 21,2%-ға орындау;
Агенттiктің мамандарын ағылшын тiлге оқыту қажеттiлiктерiн 10%-ға орындау;
Агенттiктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарын жиһаздармен қамту пайызы - 60% (Қазiргi уақытта Агенттiк ҚР Көлiк және коммуникация министрлiгінің жиһаздарын қолданады), шкаф-сейфтерiмен - 50%, ұйымдастыру техникасымен - 44%.
Қаржы-экономикалық нәтижесi:
орталық аппаратының 1 штат бiрлiгiне кететiн орташа шығыны 1359,9 мың теңге, аумақтық органның 1 штат бiрлiгiне - 831 мың теңге құрайды;
Агенттiктiң 1 маманын мемлекеттiк тiлге оқытуға кететiн орташа шығын - 10 315 мың теңге;
Агенттiктің 1 маманын ағылшын тiлге оқытуға кететiн орташа шығын - 17111 мың теңге;
Радиобақылау жабдығының 1 бiрлiгiне - 5750 мың теңге.
Уақтылығы: жасасқан келiсiм-шарттарға және бекiтiлген қаржыландыру жоспарларға сәйкес iс-шаралардың уақытылы орындалуы.
Сапасы: мемлекеттiк тiлге оқыту курстарын өткеннен кейiн iс-жүргiзудi мемлекеттiк тiлде жүргізген мемлекеттiк қызметкерлер үлесi 55%-ды құрайды;
ағылшын тiлге оқыту курстарын өткеннен кейiн iс жүргізудi ағылшын тiлде жүргiзген мемлекеттiк қызметкерлер үлесi 27%-ды құрайды;
ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің кідiрiссiз жұмыс iстеуiн ұйымдастыру - 100%-ды құрайды;
лицензиялық заңдардың орындалмауын және радиожиілік өрiс пен радиоэлектрондық құралдармен заңсыз қызмет атқаратын пайдаланушыларды жедел түрде анықтау және оған жол бермеу деңгейi - 100%-ды құрайды;
жоспарланған нормативтiк-құқықтық құжаттарды бекiтуi - 100%-ды құрайды.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1235 қаулысына
369-1-қосымша
Ескерту. Қаулы 369-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.31. N 470б қаулысымен.
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2006 жылға арналған
002 "Электрондық үкiметтi" қалыптастыру шеңберiнде
мемлекеттiк меншiкке қатысу" деген республикалық
бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1425000 мың теңге (бiр миллиард төрт жүз жиырма бес миллион теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасында "электронды үкiметтi" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471 Жарлығы ; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы ; "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 4 сәуiрдегi N 492 қаулысы ; "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 44 қаулысы ; "Қазақстан Республикасында "электронды үкiметтi" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1286 қаулысы .
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: KAZSAT спутнигi базасында мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнiң өзара әрекет етуi үшiн бiрыңғай көлiктiк ортаны қалыптастыру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Алматы, Өскемен, Шығыс Қазақстан облысының 19 аудан орталықтары мен қалаларын қамтитын телекоммуникациялық инфрақұрылым құру. Алматы, Өскемен қалаларында қалалық талшықтық-оптикалық сақина құру. Ақпараттық құрылымның Астана қаласындағы мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасының пилоттық аймағымен ықпалдасуы.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
N п/п № |
Бағдарлама коды |
Кіші бағдарлама коды |
Кіші бағдарламалардың атауы |
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар |
Іске асыру |
Жауапты орындаушылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
002 |
"Электрондық үкімет" қалыптастыру шеңберінде мемлекеттік меншікке қатысу |
||||
2 |
100 |
Мемлекеттік органдардың біріңғай көлік ортасының спутниктік сегментін құру |
"KazSatNet" АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру |
Жыл ішінде |
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Тiкелей нәтиже: Астана қаласында деректер берудiң орталық жер станциясының жерсерiктiк желiсiн, Алматы қаласындағы, Өскемендегi, Павлодар облысының 4 аудандарындағы, 19 орталық аудандар мен Шығыс Қазақстан облысы қалаларындағы мемлекеттiк органдардың ЕТС ГО-ға жердегi жерсерiктiк станциялары мен желiнiң қолжетiмдiлiгiн қосатын, ЕТС ГО жерсерiктiк сегментiнiң пилотты аймақ жобасын iске асыру үшiн АО "KazSatNet" кәсiпорнын құру.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1235 қаулысына
370-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2006 жылға арналған
"Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қолданбалы
ғылыми зерттеулер"
деген 003 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны : 29313 мың теңге (жиырма тоғыз миллион үш жүз он үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы ; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы ; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471 Жарлығы ; "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 4 сәуiрдегi N 492 қаулысы ; "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 44 қаулысы ; "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1286 қаулысы ; "Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламасын құру мен iске асырудың кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 ақпандағы N 145 қаулысы .
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : Қазақстанның бәсекелестiк экономикасын одан әрi құрудың негізгi жағдайларының бiрi ретiнде инфо-коммуникациялық сектордың озып дамуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу, саланың нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру және дамыту; саланың инновациялық-технологиялық базасының дамуын және техникалық базамен қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасындағы инфо-коммуникациялық саланың дамуын ғылыми және бiлiм берумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылу тенденциясын және осы заманғы жағдайын талдау; радиожиілік спектрдi бөлудi жетiлдiру; Қазақстан Республикасында инфо-коммуникациялық технологиялардың даму тенденциясын және жағдайын және оның әлемдiк қауымдастығына кiру жолдарын талдау.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :
N |
Бағ- |
Кіші бағ- |
Кіші |
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі |
Іске асыру мер- |
Жауапты |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
003 |
Ақпарат- |
1. Ақпараттандыру және |
Жыл |
Қазақ- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: барлығы 6 ғылыми-зерттеу есеп беру әзiрленедi, оның iшiнде: байланыс саласында - 3, мемлекеттік қадағалау және лицензиялау саласында - 2, ақпараттандыру саласында - 1.
Соңғы нәтиже:
Байланыс саласында:
телекоммуникация және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудің ғылыми-әдістемелiк және нормативтiк базасы жақсарады; республикада телекоммуникация желiлерiн цифрлеудің экономикалық және техникалық жағынан тиiмдi деңгейi, сонымен қатар инфо-коммуникациялық саланың ғылыми-бiлiм потенциалының деңгейi анықталады;
мемлекеттiк бақылау және лицензиялау саласында:
Қазақстан Республикасында радиожиілік өрiсiн пайдалану тиiмдiлiгi жоғарылайды;
ақпараттандыру саласында:
Қазақстан Республикасында әлеуметтiк-экономикалық салада алдыңғы қатарлы ақпараттандыру-коммуникациялық технологияларды қолданудың мүмкiндiктерi мен даму перспективалары анықталады.
Қаржы-экономикалық тиiмділігi: қолданбалы ғылыми зерттеулердің 1 тақырып бойынша орташа құны 3771 мың теңгенi;
мемлекеттiк бақылау және лицензиялау саласында - 5 500 мың теңгенi, ақпараттандыру саласында - 7 000 мың теңгенi құрайды.
Уақыттылығы: қаржыландыру жоспарына сәйкес.
Сапасы: телефондық қондырғылардың, берiлетiн рұқсат қағаздар мен лицензиялардың, сонымен қатар ақпараттық ресурстардың саны көбейедi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1235 қаулысына
371-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2006 жылға арналған
"Байланыс пен хабар таратудың ұлттық спутниктiк жүйесiн дамыту"
деген 004 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны : 1680000 мың теңге (бiр миллиард алты жүз сексен миллион теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.07.31. N 470б қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : жоқ.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : ғарыштық аппараттарды және байланыстың мониторинг жүйесiн басқаруда қатысатын жоғарғы біліктi мамандарды тарту арқылы байланыс пен хабар таратудың ұлттық спутниктiк жүйесiн дамытуды қолдау, байланыс және телехабарларын тарату инфрақұрылымын жедел дамыту, қатынау қиын аудандарды байланыспен қамтамасыз ету, байланыс пен телехабарларын таратудың халықаралық спутниктiк жүйелерiмен үйлесiмдiлiк, Қазақстан Республикасының жер үстi байланыс инфрақұрылымымен келiсудi, спутниктiк байланыстың жаңа технологияларын енгiзу.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.31. N 470б қаулысымен.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : жер үстi басқару кешенi мамандары үшiн тұрғын үй-тұрмыс жағдайларын жасау, "Kazsat-2" байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшыру жөнiндегi бастапқы жұмыстарды қамтамасыз ету.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.31. N 470б қаулысымен.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :
N |
Бағ- |
Кіші бағ- |
Кіші |
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі |
Іске асыру мер- |
Жауапты |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
004 |
Байланыс |
Ғарыштық аппараттарды |
Жыл бойы |
Қазақ- |
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.31. N 470б қаулысымен.
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: жоғары бiлiктi мамандар үшiн 2,0 мың шаршы метр тұрғын-үй iске қосылады, "Kazsat-2" байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасауға және ұшыруға арналған келiсiм-шарт жасалады және нобайлық жобасын әзiрлеу басталатын болады.
Соңғы нәтиже: Ғарыштық аппараттарды және байланыстың мониторинг жүйесiн басқарудың жердегi кешенінің мамандарын тұрғын-үймен қамтамасыз ету 50%-ды құрайды; байланыс және хабар тарату ұлттық спутниктiк жүйесiн дамыту Қазақстанға ғарыштық байланыс қызметтерiнiң әлемдiк нарығына шығуға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ, "Кателко" АҚ, "Астел" АҚ, "Қазтранском" АҚ, "Жарық" ЖШС, "Нұрсат" АҚ, "TNS Plus" АҚ, "Sa-Telcom" ЖШС, "Арна" АҚ телекоммуникациялық байланыс арналарын қорғанысты күшейту үшiн ақпаратты қорғау құралдарын енгiзе отырып, ұлттық ғарыш аппараттарына көшiруге, ұлттық және ақпараттық қауiпсiздiк проблемаларын шешуге мүмкiндiк бередi.
Қаржы-экономикалық тиiмділігi: тұрғын-үй кешенінің 1 шаршы метрiне кететiн шығын - 51,4 мың теңге; техника-экономикалық негiздемесiне сәйкес хабар тарату байланыс спутнигiн пайдаланудың барлық мерзiмi iшiнде жобаның бюджеттiк тиiмдiлiгi 125 %-ды, экономикалық тиiмдiлiгi 129 %-ды құрауға тиiс.
Уақтылығы: жұмыстардың кестесiне сәйкес тұрғын-үй жайларын пайдалануға дайындығы 100% құрайды; Kazsat-2" байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасауға және ұшыруға арналған келiсiм-шартта айқындалған жасау және ұшыру кезеңдерiне сәйкес.
Сапасы: Ғарыштық аппараттарды және байланыстың мониторинг жүйесiн басқарудың жердегi кешенiнiң тұрғын-үй кешенінің сапасымен қанағаттандырылған мамандардың пайызы 100% құрайдыҚазақстан Республикасының аумағын бiрыңғай спутникпен қамту қабылдау нүктелерiн барынша азайтуға байланысты кiдiру уақытын қысқартуға мүмкiндiк бередi.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.31. N 470б қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1235 қаулысына
372-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2006 жылға арналған
"Радиожиiлiк өрiсiнiң және радиоэлектрондық құралдардың
мониторинг жүйесiн техникалық сүйемелдеу"
деген 006 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны : 168284 мың теңге (бiр жүз алпыс сегіз миллион екi жүз сексен төрт мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Өлшеулердiң бiркелкiлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 7 маусымдағы Заңы ; "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 5 шiлдедегi Заңы ; "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшырудың кейбiр мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылдың 30 желтоқсандағы N 1355 қаулысы .
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : радиожиiлiк спектрi мониторингi жүйесi қызметінің үзіліссіз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : радиобақылау және радиоөлшегiш жабдықтарын, арнайыкөлік, сондай-ақ радиобақылау пунктiлерiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :
N |
Бағ- |
Кіші бағ- |
Кіші |
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі |
Іске асыру мер- |
Жауапты |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
006 |
Радио- |
Радиожиiлік спектрi |
Жыл |
Қазақ- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесiмділігi республикалық орталығы" акционерлiк қоғамымен 18 тұрақты радиобақылау пунктiлерiн (ТРБП) техникалық қамтамасыз ету; өлшеу құралдарын тексеруден өткiзу және инженерлiк-техникалық қамтамасыз ету.
Соңғы нәтиже: радиожиiлік спектрi мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингi жүйесi қызметiнiң нақтылы жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиiмділігi: 18 ТРБП қамтамасыз ету үшін кететін орташа шығын - 36 274 мың теңге, өлшеу құралдарын тексеруден өткізуге - 2 000 мың теңге, жылына мониторинглеу жүйесін инженерлiк-техникалық қамтамасыз етуге - 130010 мың теңге.
Уақыттылығы: жасасқан шарттарға сәйкес.
Сапасы: радиожиілік спектрi мен радиоэлектрондық құралдардың мониторинг жүйесiнiң қызметiн пайдаланушылардың жұмыс сапалығымен қанағаттандырылуы.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1235 қаулысына
373-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2006 жылға арналған
"Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердiң
жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету"
деген 010 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны : 269459 мың теңге (екi жүз алпыс тоғыз миллион төрт жүз елу тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5, 7-баптары ; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы ; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Yкiметінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы" 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 44 қаулысы .
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасында "электрондық үкiметтi" қалыптастырудың шеңберiнде ведомстволық және ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымында бiрiктірiлетiн мемлекеттiк ақпараттық жүйелерiн сүйемелдеу және техникалық жүйесiне бағдарламалық-аппараттық құралдармен қызмет көрсетудi жүзеге асыру, мемлекеттiк ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi қалыптастыруды, дамытуды және сүйемелдеудi ұйымдастыру-техникалық қолдауды жүзеге асыру, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың өзара iс-қимылының жүйесiн және бiрыңғай коммуникациялық ортаны құру және техникалық қолдау, мемлекеттiк ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзудi техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды орындау.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :
N |
Бағ- |
Кіші бағ- |
Кіші |
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі |
Іске асыру мер- |
Жауапты |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
010 |
Ведомст- |
1. Мемлекеттiк |
Жыл |
Қазақ- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тiкелей нәтиже:
1. Сүйемелдеу (ЭҚАБЖ басқару).
63 мемлекеттік органдарда iс-жүргізудің үзіліссіз жұмысын қолдау мақсатында мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бiрыңғай жүйесiн (басқару) сүйемелдеу.
2. Мемлекеттiк органдардың ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiн Мемлекеттiк тiркелiмiн сүйемелдеу.
Тiркелген өнiмдердің жалпы саны:
1) ДҚ, БӨ, Веб-сайттары, деректердi беру желiсі - 550 бiрлiк;
2) ақпараттық есептеу құралдары (АЕҚ) - 78000 бiрлік.
3. Жүйелердің сараптауды сүйемелдеу, оның ішінде сынақ зертханасын.
Тестіленген құжаттардың жалпы саны (бiрлiк) - 18 бiрлiк.
4. Бағдарламалық кодтар депозитарийін және нормативтiк техникалық құжаттарды сүйемелдеу.
Бағдарламалық өнiмдi сертификаттау, мемлекеттiк тiркелiмнiң жұмысына нормативтiк құжат.
Документтер мен кодтар - 127 бiрлiк.
5. "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк деректер қорының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуiн сүйемелдеу.
АЖАЖ-ның 35 бөлiмдерiнде "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк деректер қорының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуiн пайдалану.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметi мен мемлекеттiк органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу (мемлекеттiк органдардың саны):
1) мемлекеттiк органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнің Веб-сайтын сүйемелдеу;
2) Қазақстан Республикасы Үкiметінің Веб-сайтын дамыту;
3) 4 мемлекеттiк органдарда сайттарды құру мен дамыту.
7. Интернет-ресурстардың мониторингi:
1) Қазақстандағы Интернеттi пайдаланушылар аудиториясының саны мен құрылымын зерделеу;
2) Қазақстанда Интернет қызметтерiне сұраныстар мен пайдаланушылар аудиториясының санының динамикасын болжамдау.
8. Жабдықтарды, операциялық жүйелердi және деректер қорын жүйелiк-техникалық қызмет көрсету.
Жабдықтардың үзіліссіз жұмысы мен базалық бағдарламалық қамтамасыз ету қызметтерiне 128 серверлер болжануда.
9. Телекоммуникациялық қызметтер (қосылған ақпараттық жүйелердiң саны):
1) интернетке бөлiнген арналарды қосу - 4;
2) бөлiнген арналарға қосу - 3;
3) VPDN қызметiне қосу - 434.
Соңғы нәтиже:
1. Сүйемелдеу (ЭҚАБЖ басқару).
Тiркеу құжаттарына уақытында және жедел қол жетiмдiлiктi 67% қамтамасыз ету.
2. Мемлекеттiк органдардың ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің Мемлекеттiк тiркелiмiн сүйемелдеу.
ДҚ, БӨ, Веб-сайты, деректердi беру желiсi және ақпараттық есептеу құралдарын (АЕҚ) сүйемелдеу мен өзектiлеу мемлекеттiк органдардың жалпы санынан 84% жүргiзiледi.
3. Жүйелердi, сараптауды сүйемелдеу, оның iшiнде сынақ зертханасын. Мемлекеттiк тiркелiмдегi (барлығы - 180 бiрлiк) жалпы санынан ақпараттық жүйенi сынау процентi - 10.
4. Бағдарламалық кодтар депозитарийiн және нормативтiк техникалық құжаттарды сүйемелдеу.
Мемлекеттiк ұйымдардың 40-тан 80% құрайды.
5. "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк деректер қорының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуiн сүйемелдеу:
16,3 % мемлекеттiк органдарды, ведомстволарды Қазақстан Республикасында тұратын және уақытша тұратын халықтар туралы өзектiленген және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметi мен мемлекеттiк органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу.
Мемлекеттiк органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметінің Веб-сайтын сүйемелдеу. Мемлекеттiк органдардың заңнамалық сипаттағы ақпараттық хабарламалары мен құжаттарына қол жеткізу мүмкiндiгi - 4%.
7. Интернет - ресурстардың мониторингi.
Интернет - ресурстарының жүргізiлген iс-шараларының мониторингінің деректерiн пайдаланудың өсуiн ескере отырып (жылына 2 рет) осы iс-шараның құны жарты жылда 1025 млн. теңгенi құрайды. Iс-шараның бiр жылғы құны 2050 млн. теңге.
8. Жабдықтарды, операциялық жүйелердi және деректер қорын жүйелiк-техникалық қызмет көрсету.
Операциялық жүйелердi және деректер қорының жұмыс істеуi үшiн жағдайларды сақтау жабдықтардың жұмыс істей алмау қаупiн төмендету 90%.
9. Телекоммуникациялық қызметтер (қосылған ақпараттық жүйелердің саны).
Уақытты үнемдеу, шығынды төмендету.
Уақтылығы: бекiтiлген графиктерге сәйкес iс-шаралар белгiленген мерзiмде жүзеге асырылатын болады.
Сапасы:
1. Сүйемелдеу (ЭҚАБЖ басқару).
Электрондық құжат айналымының бiрыңғай жүйесiнің сапалы және қол жетiмдi бағдарламалық қамтамасыз етуiне мемлекеттiк органдарды 90% қанағаттандырады.
2. Мемлекеттiк органдардың ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің Мемлекеттiк тiркелiмiн сүйемелдеу:
1) ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерi туралы ақпаратты 100 % жүйелеу (АР мен АЖ)
2) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi бiрегейлендiрудi ұйымдастыру үшін АР мен АЖ әзiрлеушiлерiне 100% ақпаратты ұсыну.
3. Жүйелерді, сараптауды сүйемелдеу, оның ішінде сынақ зертханасын.
Бағдарламалық құралдар мен деректер қорының сапасын 100% бағалау.
4. Бағдарламалық кодтар депозитарийiн және нормативтiк техникалық құжаттарды сүйемелдеу.
Мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк ақпараттық-телекоммуникациялық құжаттары мен кодтарының депозитарийiн 100% сақтау.
5. "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк деректер қорының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуiн сүйемелдеу:
1) Мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына жүгiнген кездегi уақытын қысқарту және халыққа көрсетiлетiн ақпараттық қызметтi 100% жақсарту;
2) Мемлекеттік органдарды және халықтың арнайы категориядағы есебiмен айналысатындарды Қазақстан Республикасына уақытша келгендердi және тұратын халықтар туралы өзектiленген және шынайы ақпараттар туралы қамтамасыз ету.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметi мен мемлекеттiк органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу (мемлекеттiк органдардың саны).
Әрбiр мемлекеттiк органды 100% ақпаратының ашықтығы мен қол жетiмділігi.
7. Интернет-ресурстардың мониторингi.
Интернет саласын дамыту туралы талдау есебiмен 100 % қанағаттандыру.
8. Жабдықтарды, операциялық жүйелердi және деректер қорын жүйелiк-техникалық қызмет көрсету.
Техникалық жабдықтар мен базалық бағдарламалық қамтамасыз етудің үздіксiз 100% жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
9. Телекоммуникациялық қызметтер (қосылған ақпараттық жүйелердің саны).
Ақпараттық жүйелердің жұмыс iстеуiне қажеттi телекоммуникациялық ресурстардағы қажеттiлiктi 100% қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1235 қаулысына
374-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2006 жылға арналған
"Байланыс және хабар таратудың ғарыштық аппараттарын
басқаруды қамтамасыз ету"
деген 012 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны : 549451 мың теңге (бec жүз қырық тоғыз миллион төрт жүз елу бiр мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.07.31. N 470б қаулысымен.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы ; "Байланыс және хабар таратудың ұлттық геостационарлық спутниктi құру және ұшыру туралы кейбiр мәселелер" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1355 қаулысы .
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : байланыс және хабар тарату ұлттық спутник жүйесінің қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi : қазақстандық спутниктің орбиталды позициясын басқа елдермен - Байланыстың халықаралық электркеңесінің мүшелерiмен халықаралық координациялау жөнiндегi жұмыстар жүргiзу;
байланыс және хабар таратудың ұлттық геостационарлық спутниктің, жердегi ғарыштық инфрақұрылымының сақтандыруын қамтамасыз ету, ғарыштық инфрақұрылымын басқарудың жердегi кешенiнiң қызметiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаның iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :
N |
Бағ- |
Кіші бағ- |
Кіші |
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі |
Іске асыру мер- |
Жауапты |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
012 |
Байланыс |
Қазақстандық |
Жыл |
Қазақ- |
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.31. N 470б қаулысымен.
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тiкелей нәтиже:
1) жиілік-орбиталды жоспарларды таңдау, негiздеу және талдау, КАZSАТ жүйесінің жиiлiлiк иеленудi халықаралық координациялау;
Тапсырушының Байланыс әкiмшілігіне және тiкелей Тапсырушыға тапсыру үшiн жоспарлы және жоспардан тыс жиілік белдеулерінің халықаралық тапсырыс құжаттарының жобаларын дайындау, өңдеу және әзiрлеу, Зерттеу комиссияларда сәйкес жиiлiк белдеулердi регламентациялаудың проблемаларын шешу кезiнде ұсыныстарды өңдеу және негiздеу; координацияға ақпараттық-талдау қамтамасыз етудi жүргiзу; жүйенің жиілік иеленудi халықаралық координациялау және тiркеу жөнiнде есеп берулердi жүйелi түрде дайындау және тапсыру; арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудi өңдеу (модификация);
2) Байланыс және хабар таратудың ұлттық геостационарлық спутниктi, жердегi ғарыштық инфрақұрылымын сақтандыру;
3) "Метеостанция-2" мүлiктiк кешенiн ағымдық ұстау;
4) спутниктiк байланыстың 2 арнасын жалдау.
Соңғы нәтиже: байланыс және хабар таратудың ұлттық спутниктiк жүйесiнiң сенiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижесi: қолданыстағы заңдарға сәйкес мемлекеттiк сатып алуларды жүргiзу.
Уақтылығы: бекiтiлген қаржыландыру жоспарымен сәйкес.
Сапасы: қазақстандық спутниктің меншік орбиталды позициясын халықаралық құқықтық қорғауды қамтамасыз ету;
сақтандыру жағдайы келген кезде қорғауды қамтамасыз ету, "Метеостанция-2" мүлiктiк кешенінің тиесiлі қызмет етуiн қамтамасыз ету.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.31. N 470б қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1235 қаулысына
375-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2006 жылға арналған
"Почта-жинақтау жүйесiн дамыту"
деген 013 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 900000 мың теңге (тоғыз жүз миллион теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы N 1015 қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасы Үкiметiнің "2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының дамыту бағдарламасын бекiту туралы" 2004 жылғы 20 қазандағы N 1077 қаулысы .
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : халыққа және экономиканың нақты секторына жоғары сапалы деңгейде почта және қаржылық қызметтердің кең спектрiне еркiн қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге қабiлеттi, тиiмдi почта-жинақтау жүйесiн қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi : ауылдық және қалалық жерде 80 өндiрiстiк объектілер көлемiнде филиалдық почта-жинақтау жүйесiн капиталдық және техникалық жарақтандыру; ауылдық жерде 15 ауылдық байланыс бөлiмшелерiн салу арқылы меншіктiк филиалдық жүйе құру; ауылдық жерде почта байланыс бөлiмшелерінің операциялық залдарын 37 комплект көлемiнде өндiрiстiк жиһаздармен жабдықтау.
Ескерту. 5-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.31. N 470б , 2006 жылғы 23 қазандағы N 1015 қаулыларымен.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :
N |
Бағ- |
Кіші бағ- |
Кіші |
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі |
Іске асыру мер- |
Жауапты |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
013 |
Почта- |
Ауылдық жерде және қалаларда почта инфрақұрылымын дамыту үшiн "Қазпочта" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту. |
2006 жылдың 1-тоқсаны |
Қазақ- |
Ескерту. 6-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.31. N 470б , 2006 жылғы 23 қазандағы N 1015 қаулыларымен.
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: 44 аудандық тораптар және 36 қалалық почта байланысы бөлiмшелер ғимараттарын күрделi жөндеуден өткізу; 15 ауылдық почта байланысы бөлiмшелерінің құрылысын салу, почта салу және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi техникалық нығайту талаптарына сәйкестiкке келтiру; ауылдық почта байланысы бөлiмшелерiн 37 комплект көлемiнде өндiрiстiк жиһаздармен жабдықтау.
Соңғы нәтиже: 95 жаңадан жарақтандырылған почта байланысы бөлiмшелерiнде компьютерлiк және банктік жабдықтардың бiрыңғай инфо-коммуникациялық кеңiстiкте технологиялық қызметтерге нақты уақыт режимiнде пайдаланушылардың еркiн қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн базалық алғы шарттарды құру.
Қаржы-экономикалық нәтижесi: көрсетiлетiн қызметтердің спектрiн кеңейту почта-жинақтау жүйесінің жалпы табысын 5-8 % өсiруге, және сәйкесiнше Қоғам жұмыскерлерінің еңбек ақысының 7-9% өсуiне, бюджеттің салықтық түсiмдерiн 3-5% өсуiне ықпал етедi.
Уақтылығы: жасалған келiсiм-шарттар мен құрылыс кестелерiне сәйкес. Сапасы: нақты уақыт режимiнде қаржылық қызметтер көрсету, пайдаланушылардың Интернетке бағытталған қызметтерге қолжетуi, жаңадан жарақтандырылған почта-жинақтау жүйесінің 95 бөлiмшелерiнде көрсетiлетiн қызметтердің спектрiн 10%-ға кеңейту.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.31. N 470б , 2006 жылғы 23 қазандағы N 1015 қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1235 қаулысына
376-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2006 жылға арналған
"Ауылдағы байланыс операторларының әмбебап байланыс
қызметтерiн ұсыну жөнiндегi залалдарына өтемақы"
деген 017 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны : 3268183 мың теңге (үш миллиард екi жүз алпыс сегiз миллион бiр жүз сексен үш мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.07.31. N 470б қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : 2004 жылғы 5 шiлдедегi "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабы ; "Халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсететiн байланыс операторларының шығындарын өтеу үшiн телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 7 қазандағы N 1039 қаулысы .
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : ауылдық елдi мекендерде телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiне және ақпараттық ресурстарға халықтың қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : ауылдық елдi мекендерде қызмет көрсететiн байланыс операторларының шығынсыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, оның iшiнде ауылдық елдi мекендердi 2006 жылы телефондандыру бойынша.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :
N |
Бағ- |
Кіші бағ- |
Кіші |
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі |
Іске асыру мер- |
Жауапты |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
017 |
Ауылдағы |
Субсидиялау ережесiне |
Жыл |
Қазақ- |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтиже: телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсетушi ауылдық байланыс операторлары шығындарының өтемақысы 3268183 мың теңге көлемiнде.
Соңғы нәтиже: жалпы саны 7660 ауылдық елдi мекендерден 5257 телефондандырылған ауылдық елдi мекендерде (саны 50 адам және одан жоғары) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiне халықтың үздiксіз қолжетiмділігiн қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижесi: ауылдық 1 абонентке шаққанда шығатын шығын есебiнен төленген субсидияның көлемi жылына 6948 теңге.
Уақтылығы: жасасқан шарттарға сәйкес уақытылы субсидияларды төлеу. Сапасы: телекоммуникацияның әмбебап қызмет көрсету сапасымен ауылдық абоненттердің қанағаттануы.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.31. N 470б қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1235 қаулысына
377-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттерiне қалалық телекоммуникациялық желiлердiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк төлем тарифтерiнiң көтерiлуiн өтеуге берiлетiн
ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 018 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны : 73387 мың теңге (жетпiс үш миллион үш жүз сексен жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабы ; "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңының 34-бабы ; "Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тарифтерiн ребаланстау жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы N 884 қаулысы ; "Телекоммуникацияның қалалық желiлерiнің абоненттерi болып табылатын әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн төлем тарифтерiн өтеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегi N 949 қаулысы .
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : телекоммуникация қызметтерінің тарифтерiн жоғарылату жағдайында телекоммуникациялық қалалық желiлерінің абоненттерi болып табылатын аз қамтылған азаматтарды әлеуметтiк қорғау.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абонентi болып табылатын әлеуметтiк жағынан қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк төлем тарифтерінің жоғарылауын өтеу ережесiне сәйкес осы қызметтерге тарифтер жоғарылаған жағдайда әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерінің төлемақысын өтеуге төлемдердi қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :
N |
Бағ- |
Кіші бағ- |
Кіші |
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі |
Іске асыру мер- |
Жауапты |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
018 |
Облыстық |
Облыстық бюджеттерге, |
Жыл |
Қазақ- |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтиже: 63040 телекоммуникациялық қалалық желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға компенсация төлеудi қамтамасыз ету.
Соңғы нәтиже: тұрғын үй қатынастары саласында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қорғауын қажеттi деңгейде ұстау.
Қаржы-экономикалық тиiмділігi: қалалық телекоммуникация желiлерінің әлеуметтiк қорғалатын 1 абонентiне шаққанда шығатын шығын - айына 97 теңге және соған сәйкес, жылына 1164 теңге.
Уақыттылығы: қаржыландыру жоспарына сәйкес мақсатты ағымды трансферттер аудару.
Сапасы: абоненттiк төлемдерге тарифтi көтеру бөлiмiнде қалалық телекоммуникациялық желілердiң абоненттерi болып табылатын әлеуметтiк қорғалған азаматтардың қажеттiлiгiн қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1235 қаулысына
378-ҚОСЫМША
Ескерту. 378-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.30. N 470H қаулысымен.
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2006 жылға арналған
""Электрондық үкiмет" құру"
деген 112 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны : 2790034 мың теңге (екi миллиард жетi жүз тоқсан миллион отыз төрт мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.07.31. N 470б қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы ;
"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5, 7-баптары ; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Үкiметінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы" 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 44 қаулысы ; Қазақстан Республикасы Yкiметінің "Салық төлеушiлердің және салық салу объектiлерінің тiзілімiн ендiру туралы" 2002 жылғы 31 наурыздағы N 308с қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасын бекіту туралы" 2003 жылғы 11 маусымдағы N 565 қаулысы .
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламасының мақсаты : Азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге жылдам әрi сапалы қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңiнен қолдану жолымен мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлiгін арттыру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайында жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн нормативтiк құқықтық және әдiснамалық база құру; мемлекеттiк органдардың электрондық қызмет көрсетулерiн қалыптастыру және дамыту;
"электрондық үкiметтің" қызмет көрсетулерiне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздiктi жою және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бiлiм деңгейiн көтеру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;
электрондық-үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру және мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру;
"электрондық үкiметтің" ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :
N |
Бағ- |
Кіші бағ- |
Кіші |
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі |
Іске асыру мер- |
Жауапты |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
112 |
"Элек- |
||||
2 |
100 |
Мемле- |
"Жеке тұлғалар" |
Жыл |
Қазақ- |
|
3 |
101 |
Мемле- |
1. Электрондық құжат |
Жыл |
Қазақ- |
|
4 |
102 |
Мемле- |
1. Қазақстан Респуб- |
Жыл |
Қазақ- |
|
5 |
104 |
"Элек- |
1. "Электрондық |
Жыл |
Қазақ- |
|
6 |
105 |
Қол |
Электрондық қызметке |
Жыл |
Қазақ- |
|
7 |
106 |
"Gouver- |
Мемлекеттік органдардың |
Жыл |
Қазақ- |
|
8 |
108 |
Қазақстан |
Ұлттық сәйкестендiру |
Жыл |
Қазақ- |
|
9 |
109 |
"Элек- |
"Электрондық үкiмет" |
Жыл |
Қазақ- |
|
10 |
110 |
"Мемле- |
"Электрондық- |
Жыл |
Қазақ- |
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.31. N 470б , N 470г қаулысымен.
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже:
1. мемлекеттiк деректер қорын құру:
1) "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк деректер қорын дамыту:
2006 жылғы 4-тоқсанда Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетінің халықты құжаттандыру және тiркеу бөлiмдерiн қосу;
2006 жылғы 4-тоқсанда мемлекеттік органдарға жеке тұлғалардың мәлiметтерiн ұсынуы;
2) "Заңды тұлға" мемлекеттiк деректер қорын құру:
"Заңды тұлға" мемлекеттiк деректер қорын жеткізушiлер мен тұтынушыларды 7 мемлекеттік органдардың ведомстволық ақпараттық жүйелерiмен ЗТ МДҚ бiрiктiру;
үздіксіз қоректендiру көзi мен дискалық массивтi сатып алу есебiмен жүйенің тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететiн ЗТ МДҚ аппараттық қуатын көбейту;
3) "Мекен жай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiн құру (МЖТ АЖ):
мемлекеттiк органдардың ведомстволық ақпараттық жүйелерiмен МЖТ АЖ бiрегейлендiру;
2006 жылғы 4-тоқсанда МЖТ АЖ-не 187-нен кем емес мемлекеттiк қызметкерлердi қосу;
4) "Жылжымайтын мүлiк тізiлiмi" (ЖМТ МДҚ) мемлекеттiк деректер қорының ақпараттық жүйесiн құру:
ЖМТ МДҚ, "ЖТ", "ЗТ" МДҚ, "Мекен-жай тiркелiмi" АЖ жеткiзушi және тұтынушы 4 мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерiмен бiрегейлендiру;
ЖМТ МДҚ жүйесiне кемiнде 167 жұмыс орнын қосу.
2. Мемлекеттiк органдардың электрондық құжат айналымының бiрыңғай жүйесiн құру:
1) "Электрондық үкiметтің" интернет-порталымен ЭҚАБЖ бiрiктiру;
2) ЭҚАБЖ iс-жүргiзуiн 7 мемлекеттiк органдарда пайдалануға көшу;
3) ЭҚАБЖ-ғы жұмыстар жөнiнде мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн оқыту;
4) ЭҚАБЖ пайдаланушыларды оқыту.
3. Мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру:
1) Қазақстан Республикасы "электрондық үкiметтің" порталы мен шлюзiн дамыту;
Консалтингалық iс-шараларды жүргiзу;
Қазақстан Республикасы "электрондық үкiметтің" порталы 2-шi кезегiн әзiрлеу, Қазақстан Республикасы "электрондық үкiметтің" порталы мен шлюзiн 2-шi кезегiн құру үшiн тұжырымдаманы, техникалық-экономикалық негiздеменi, техникалық тапсырманы техникалық-жұмыстық жобаны әзiрлеу;
2) мемлекеттiк органдар үшiн Куәландырушы орталықты дамыту:
мемлекеттiк органдар yшiн Куәландырушы орталықты құрудың 2-шi кезеңiн iске асыру;
лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу;
техникалық құралдарды сатып алу;
куәландырушы орталықтың түбiрiн құру:
лицензияланған қамтамасыз етудi сатып алу;
техникалық құралдарды сатып алу;
консалтингалық қызметтер;
жобаны басқару;
3) серверлiк орталықты техникалық жабдықтау:
техникалық құралдарды сатып алу;
4) КZ доменін басқару орталығын технологиялық жарақтандыру:
техникалық құралдарды сатып алу.
4. "Электрондық үкiметтің" құзырет орталығын құру:
I-шi кезеңiн iске асыру:
1) "Электрондық үкiметтің" құзырет орталығын құру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу;
2) талдау, әдiстемелік, анықтамалық және зерттеу жұмыстарын қалыптастыру және ұйымдастыру;
3) "Электрондық үкiметтің" құзырет орталығының веб-сайтын әзiрлеу; 4) "Электрондық үкiметті" қалыптастырудың бағдарламасының орындалуына қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету.
5. "Электрондық үкiмет" өзара iс-қимылының негізінде халықты оқыту және оларға қол жеткізу пункттерінің желiсiн құру.
1-шi кезеңiн iске асыру:
1) Қоғамдық қол жеткiзу желiсiн құру бойынша алдын ала жұмыстар;
2) Қазақстанның 2 қаласында қоғамдық қол жеткiзу пункттерінің пилотын құру:
техникалық құралдарды сатып алу;
бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу.
6. "Gouvernement to Gouvernement", "Gouvernement to Consumer" ұсынылатын қызметтер жүйесінің кешенiн құру.
Мемлекеттiк органдардың Интранет-порталының 1-шi кезеңiн iске асыру:
1) алдын ала жоба, Интранет-порталдың тұжырымдамасы, Интранет-порталды iске асыруға техникалық-экономиялық негiздеме мен техникалық тапсырма;
2) мемлекеттiк органдарының Интранет-порталының пилотын қосқанда, техникалық-жұмыстық жобаны әзiрлеу;
3) техникалық жабдықтарды сатып алу;
4) лицензияланған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу.
"Халыққа қызмет көрсету орталығы үшiн бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу.
Рұқсат беру құжаттарын есепке алу (лицензиялау) саласында Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң ақпараттық жүйесiн құру:
1) ақпараттық жүйелердi құру;
2) техникалық жабдық сатып алу;
3) бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу.
7. Қазақстан Республикасының ұлттық сәйкестендiру жүйесінің ашық
кiлттерінің инфрақұрылымын құру.
Ұлттық сәйкестендiру жүйесінің ашық кiлттерінің инфрақұрылымын құрудың 1-ші кезеңiн iске асыру, алдын ала жұмыстарын жүргiзу, зерттеулерiн өткiзу, куәләндiрушi орталықтың прототипiн (үлгiсiн) (КО ҰСЖ) құру, оның iшiнде:
1) ғылыми зерттеулiк жұмыстарды жүргiзу; зерттеуді, техникалық-экономикалық негiздеменi, техникалық тапсырманы әзiрлеудi қосқанда;
2) жоба бойынша консалтингалық қызметтер;
3) жобаны басқару;
4) техникалық жобаны әзiрлеу (жүйенің прототипiн құру).
8. "Электрондық үкiметтің" инфрақұрылымын қорғау жүйесiн құру:
1) "Электрондық үкiметтің" ақпараттық қауіпсiздiгінің инфрақұрылымының тұжырымдамасын әзiрлеу, "Электрондық үкiметтің" ақпаратын техникалық қорғау жүйесiн құру үшiн техникалық тапсырма мен техникалық-жұмыс жобасын әзiрлеудi қосқанда;
2) "Электрондық-үкiмет" құру шеңберiнде ақпаратты қорғау саласында халықаралық стандарттарды қабылдау және/немесе ұлттық стандарттарды әзiрлеу;
3) "Оpen source" технологиялық базасындағы ұлттық операциялық жүйесiн қорғауды құру жөнiндегi iс-шараларды өткiзу, техникалық-жұмыс жобасын әзiрлеу (тұжырымдама, техникалық тапсырма).
9. "Мемлекеттiк қызметтер тізiмi" ақпараттық жүйесiн әзiрлеу.
"Электрондық-үкiметтің" ақпараттық-әдiстемелiк консалтингалық
жүйесінің 1-шi кезеңiн iске асыру:
1) ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгiзу негiзiнде мемлекеттiк басқарудың жүйесiн модернизациялау жөніндегi әкiмшілік рәсiмдерінің реинжинирлігін жүргізу тетiктерiн әзiрлеу және ұсыныстарды өңдеу мақсатында мемлекеттiк көрсетілетiн қызметтердiң регламенттерiн зерттеу;
2) ғылымдық ақпараттық қоғамда бiрiктiру жолымен және Қазақстанда
ақпараттық-коммуникациялар технологияларының ағымдағы жағдайын
талдау арқылы "электрондық үкіметтің" қалыптастырудың ақпараттық-әдiстемелiк базасын әзiрлеу.
Соңғы нәтиже:
1. Мемлекеттiк деректер қорын құру:
1) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорын құру:
азаматтарды құжаттандыру мен тiркеу уақыты - 60 күннен 10 күнге
қысқарады, қаралатын құжаттардың саны 25-тен 75-ке дейiн көбейедi;
туылған балаға бiр рет берiлетiн жәрдемақы мен өтiнiштердi қабылдау арасындағы уақыттың кезеңi 30 күннен 3 күнге дейiн қысқарады;
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi
комитетінің халықты құжаттандыру және тiркеу бөлiмдерінің қызметкерлерінің 486 жұмыс орны жабдықпен қамтамасыз етіледi;
2) "Заңды тұлғалар" мемлекеттiк деректер қорын құру:
Заңды тұлғалар бойынша шынайы және толық ақпаратпен мемлекеттік
органдардың қызметкерлерiн қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың сұранымдар/жауаптарды өңдеу мүмкіндігiмен 7 мемлекеттік органдардың қызметкерлерiн "Заңды тұлғалар" мемлекеттiк деректер қорына қосу; ЗТ МДҚ аппаратының қуатын көбейту есебiмен ЗТ МДҚ ақпараттық жобаға қатысушы мемлекеттiк органдардың ақпараттық қызметінің сапасы жақсарады және сұраныстарды өңдеудiң жылдамдығы артады;
3) "Мекен-жай тiркелiмі" мемлекеттiк деректер қорын құру:
мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн шынайы және толық адрестiк
ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк органдардың ведомстволық
ақпараттық жүйелерiнде (нен) сұранымдар /өтінімдi өңдеу мүмкiндігімен 96 мо* қызметкерлерiн МЖТ АЖ қосу;
бiрiктiрiлген ведомстволық ақпараттық жүйелерде адрестiк өзектiлiгін дәрежесiн көбейту;
аумақтық орналасуда уақыты шектеусiз нағыз масштабта жобаға
қатысушылар үшiн өзектiленген адрестiк ақпаратқа қол жеткiзу;
4) "Жылжымайтын мүлiк тізiлiмi" мемлекеттiк деректер қорын құру:
мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн шынайы және толық адрестiк
ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк органдардың ведомстволық
ақпараттық жүйелерiнде (нен) сұранымдар /өтiнiмдi өңдеу мүмкiндiгiмен 4 мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн "Жылжымайтын
мүлiк тiзiлiмі" мемлекеттiк деректер қорына қосу;
ЖМТ МДҚ-ның жүйелерінің "ЗТ" "ЖТ" МДҚ-мен МЖТ АЖ мен МАЖ
жүйелерiмен өзара iс-қимылы;
жылжымайтын мүлiктің мемлекеттiк бiрыңғай автоматтандырылған есебiн
жүзеге асыру МРК "Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталықтың" 5
облыстарында, Астана қаласында және 80 аудандық филиалдарында ЖМТ
МДҚ бiрыңғай қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуiне көшу;
аппараттық платформаны дамыту;
бағдарламалық платформаны дамыту.
2. Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бiрыңғай
жүйесiн құру:
кем дегенде 280 мемлекеттiк қызметкерлердi ЕҚАБЖ-не қосу және
қағазсыз технологияларға көшу;
ЭҚАБЖ оқытылатын бағдарламалық қамтамасыз етуiн пайдалану есебiнен
мемлекеттiк органдарда ЕҚАБЖ жұмысын өздігінен дайындалу жаңадан
келген қызметкерлердің ЭҚАБЖ 100 қамтамасыз ету;
"Электрондық үкiмет" Интернет-порталы арқылы жүгiнген азаматтарды ЕҚАБЖ 100 қол жетiмдiлiгiн ұсыну;
1280 ЭҚАБЖ пайдаланушыларды (мемлекеттік қызметшілерді) оқыту.
3. Мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру:
1) Қазақстан Республикасының "электрондық үкiмет" порталы мен
шлюзінің 2-кезегiн iске асыру;
анықтамалық-ақпараттық контенiн жариялау және бiрыңғай iздеу жүйесінің тетiгiн құру арқылы мемлекеттiк органдардың "электрондық қызметiне" азаматтар мен ұйымдардың қол жетiмдiлiгiн 30% астамын ұйымдастыру;
2) Мемлекеттiк органдар үшiн куәландырушы орталықты құрудың 2-кезеңiн iске асыру:
ЭҚАБЖ-де жұмыс iстейтiн 23-мемлекеттiк органдарда Куәландырушы
орталықтың қызметiн тираждау;
3) Серверлiк орталықты технологиялық жабдықтау:
салынып жатқан ғимараттың серверлер жайларында "электрондық үкiмет" жүйелерінің мынадай базалық аппараттық бағдарламалық кешенiн орналастыру жоспарлануда: ЭҚАБЖ, МО БКО, ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ, ЖМТ МДҚ, куәландырушы орталық, серверлер орталығы оның ішінде мемлекеттiк органдар резервтерi. "Электрондық үкiмет" барлық жүйелерiнiң есептеу жабдықтарын басқару бiр жерден басқару жүзеге асырылатын болады. Ақпараттық қауiпсiздiктің талаптарын қамтамасыз ету;
4) толыққанды КZ доменін басқару орталығын құру.
4. "Электрондық үкiмет" құзырет орталығын құру:
1) Бизнес пен азаматтарға мемлекеттік қызметтi ұсыну үшін "электрондық үкiметтің" ақпараттық технологияларын жоғарылатуды қолдау - 10%;
2) "Электрондық үкiмет" шеңберiнде халыққа көрсетiлетiн сервистiк қызметiн қолдау - 10%;
3) "Электрондық үкiмет" қалыптастырудың ғылыми-әдiстемелiктi, ақпараттық-талдауды қолдау, компьютерлiк бiлiктілiктi жоғарылатуға семинарлар мен курстарды ұйымдастыру - 12%;
4) "Электрондық үкiмет" әр-түрлi аспектiлерi жөнiндегі ақпаратты
тарату жүйесiн құру, ноу-хау кеңестерiн ұсыну - 10%;
5) Ақпараттық қоғамды дамыту саласында жұмыс iстейтiндермен шетел
ұйымдарымен партнерлiк контактiлерiн белгiлеуде жәрдем ету - 5%.
5. "Электрондық үкiмет" өзара iс-қимылының негiзiнде халықты оқыту
және оларға қол жеткiзу пункттерінің желiсiн құру:
1) қоғамдық қол жеткiзу пункттерiн құруға тұжырымдама әзiрлендi және базасы мен әдiсi анықталды;
2) қазақстанның 2 қаласында қоғамдық қол жеткізудің пункттерінің
универсалдық желiсiн құру;
3) (2-шi кезеңiн iске асыру үшiн) қызмет спектрiн және халықтық
қажеттілігiн қоғамдық пункттердің жұмысының сапасына талдау жүргiзу.
6. "Gouvernement to Gouvernement", "Gouvernement to Consumer" қызметтердi ұсыну жүйесінің кешенiн құру:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметінің және мемлекеттiк органдардың қызметi туралы мемлекеттiк қызметкерлердiң ақпараттандыруын 80% дейiн көтеру;
2) iшкi және сыртқы бизнес процестерінің ақпараттық ресурстарын пайдалану кезiнде еңбекшығыны 50% дейiн қысқартылады. Мемлекеттiк органдардың қызметкерлерінің коллективтiк жұмысы үшiн жағдайларын жақсартуды құру - 50%;
3) жаңадан келген қызметкерлердi оқытуға және үйренуiне, жұмысының ақпараттарына қол жетiмдiлiгiн алу уақыты 50% дейiн қысқартылады;
4) ақпаратты жинау мен өңдеудің уақытының шығыны 70% дейiн қысқартылады.
5) Халыққа қызмет көрсету орталығы үшiн бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу;
6) "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсететiн мемлекеттiк органдардың халыққа қызмет көрсетуiнiң тиiмдiлiгiн 80%-ға дейiн арттыру.
7. Қазақстан Республикасы ұлттық сәйкестендiру жүйесінің ашық кiлттерінің инфрақұрылымын құру:
1) Ұлттық сәйкестендiру жүйесінің ашық кiлттерінің инфрақұрылымына
құжаттар әзiрлендi;
2) Ұлттық сәйкестендiру жүйесінің ашық кiлттерінің инфрақұрылымының жүйесiнiң прототипi құрылды.
8. "Электрондық үкiмет" инфрақұрылымын қорғау жүйесiн құру:
мемлекеттiк органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерінің
қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету үшiн үлгілік жоба шешiмдерiн әзiрлеу,
"Электрондық үкiмет" инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктердiң ақпараттарын заңсыз қол жетiмдiлiктен қорғауды ұйымдастыру әдiстемелiк қамтамасыз етудi әзiрлеу.
9. "Мемлекеттік қызмет тізiмi" ақпараттық жүйесiн құру:
консалтингалық қызметтер көрсетiлген кезде "электрондық үкiмет" бағдарламасын қалыптастыру шеңберiнде ақпараттық инфрақұрылымды көрсетуге қатысу үлесi - 1,5%.
Қаржы-экономикалық нәтижесi:
1. Мемлекеттік деректер қорын құру
1) "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк деректер қорын құру:
ЖТ МДҚ техникалық экономикалық негiздемесiне сәйкес тiркеу рәсiмдерiне кететiн уақыттың шығыны есебiнен ЖТ МДҚ енгізу кезінде экономикалық тиiмділік 344 062 мың теңге/4= бiр жылда 86 015,5 мың теңгенi құрайды. Бланктердi пайдалануды қысқартқаннан экономикалық пайда 31512 мың теңге/4=7878 мың теңге бiр жылда Салық төлеушінің куәлiгi ретiнде ЖСН құжат (ЖСН азаматтың сәйкестендiру СТН) есебiнен экономикалық шығындар анықталады және әлеуметтiк қорғау құжаты сияқты;
2) "Заңды тұлғалар" мемлекеттiк деректер қорын құру:
техникалық экономикалық негiздiң жобасына сәйкес ЗТ МДҚ құру
техникалық позициямен қажеттi және тиiмдi iс-шаралар болып
табылады. ЗТ МДҚ енгiзуден экономикалық тиiмдiлiк заңды тұлғаларды
тiркеу туралы құжаттардың пакетiн әзiрлеу және берудің уақытын
қысқартумен белгiленедi. "бiр терезеден" үрдiсi бойынша заңды тұлғаларды тiркелген рәсiмдерiнде құжаттарды өңдеу 10 күннен кем болмайды. Осы деректердi өңдеу кезiнде шығындардың сомасы 321926 мың теңгенi құрайды.
ЗТ МДҚ енгiзу кезiнде тiркеу екi есеге қысқарады, шығынның сомасы 160 963 мың теңгенi құрайды.
Заңды тұлғалардың экономиясы заңды тұлғалар үшiн шығатын пакеттердің бланкiсінің санын қысқарту 30*25000= 750 мың теңгенi құрайды.
Әдiлетминi ТҚК қызметкерлерінің жұмыс уақытын үнемдеу реинжиниринг рәсiмi кезiнде өңдеу (Веб-сайтты пайдаланушылар үшiн ақпаратты қолмен енгiзу заңды тұлға туралы берiлетiн толтыру нысандары - ақпараттың электрондық көшiрмесi - ұсынуымен ауысуы мүмкін) 0,5 сағ*25000 =12500 сағат немесе Әділетминi ТҚК бiр қызметкерінің жұмыс уақыты 6 жылға немесе 6*322080=2 миллионға жуық құрайды;
3) "Мекен-жай тiркелiмi" ақпараттық жүйенің мемлекеттiк деректер қорын құру:
МЖТ АЖ енгізу кезiнде МЖТ АЖ техникалық-экономикалық негіздеменің
жобасына сәйкес бiр мемлекеттiк органда экономикалық тиiмділік бiржылға 7105 мың теңгенi құрайтын болады.
96 мемлекеттік органдар үшін экономикалық тиiмділік 96*7105 мың= 682080 мың теңгенi құрайтын болады;
4) "Жылжымайтын мүлiк тiзiмi" (ЖМТ МДҚ) мемлекеттiк деректер қорын құру.
"Жылжымайтын мүлiк тізілімі" (ЖМТ МДҚ) мемлекеттiк деректер қорын құру техникалық позициядан қажеттi және тиiмдi iс-шаралар болып табылады. ЖМТ МДҚ енгiзуден техникалық-экономикалық негiздемеге сәйкес экономикалық тиiмдiлiк жеке меншiк құқығы тiркелмеген жылжымайтын мүлiктi сату, инвестициялық қызметтi кеңейту, жалға беру төлемi, салық төлемдерiнен түскен кiрiстердің өсуiнде басты образбен анықталады. Салық төлемдерiнен бюджетке 40 000 млн. теңге түседi. ЖМТ МДҚ енгізу кезiнде салық түсiмдерi 200 млн. теңгеге, жалдау төлемдерi - 160 млн. теңге, инвестиция - 225 млн. теңгеге өседi. Сонымен, жылдық экономикалық тиiмділік ЖМТ МДҚ-нан 357,0078 млн. теңгенi құрайды.
2. Мемлекеттiк органдардың электрондық құжат айналымының бiрыңғай жүйесiн құру.
ЭҚАБЖ енгізу кезінде ЭҚАБЖ-ның техникалық-экономикалық негіздеменің жобасына сәйкес бiр мемлекеттік органда экономикалық тиiмділік мемлекеттiк органның қызметкерлерінің орташа бiр айлық жалақысына сәйкес бiр қызметкерге есепте жылына үнемдеу кемінде 47 238 мың теңгенi құрайтын болады ("Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің макроэкономикалық көрсеткiштердің негiзiн дамыту") 2006 жылғы бiр тоқсанға нағыз жұмысының экономикалық тиiмділігінің қосындысы 7 мемлекеттiк органдарда ЭҚАБЖ-де iс-жүргiзуде жұмысшылардың 40 адамдай орташа саны әрқайсысы 47238/4*7*40= 330666 теңгенi құрайды.
3. Мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру:
1) Қазақстан Республикасы "электрондық үкiмет" порталы мен шлюзінің 2-шi кезегiн iске асыру:
мемлекеттiк органдардың "электрондық қызмет" iске асырудан экономикалық тиiмдiлiк 30%, анықтамалық-ақпараттық контенiн жариялау және бiрыңғай iздеу жүйесiнiң тетiгiн құру арқылы мемлекеттiк органдардың "электрондық қызмет" жылына 15580610 теңгенi құрайды;
"электрондық үкiмет" порталында азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге қолжетiмділігін iске асырудан экономикалық тиiмділігiн бiр жылға 1661931 теңгенi құрайды;
жобаның жалпы тиiмдiлiгi бiр жылда - 51 727 628 теңгенi құрайды;
жобаның стратегиялық тиiмділігiнен экономикалық тиiмділігi 200% және жылына 34 485 085 теңгенi құрайды.
Жобаның жалпы тиiмдiлiгi бiр жылда - 51727628 теңгенi құрайды.
2) Мемлекеттiк органдар үшiн куәландырушы орталықты құрудың 2-шi кезеңiн iске асыру.
Куәландырушы орталықты қосқан кезде техникалық экономикалық негiздемесiне сәйкес құжаттарды жеткiзу мен өңдеуге уақыт 1459 минутке қысқартылады, арнайы байланыс құралдарымен құжаттарды жеткiзу бойынша қағаз алмасудың уақыт 5280 мин, құжаттарды өңдеуге 210 минутке қысқарады. ЭЦҚ енгiзу кезiнде бiр пайдаланушыға экономикалық пайда 37 683 теңгенi бiр мемлекеттiк орган үшiн ЭЦҚ пайдалану есебiмен жылына экономия 7147000 теңгенi құрайтын болады. Шығыстардың өзге де түрлерi бойынша материалдық шығындар (факстық қағаз, ел бойынша ведомствоаралық пошталық жеткізу, қала iшiнде ведомствоаралық пошталық жеткiзу және т.б.) қаражаттың
1 363 550 теңгенi үнемдеудi болжайды. Сонымен болжамды экономикалық тиiмділік бiр жылға 195 742 650 теңгенi құрайды.
3) Сервер орталығын техникалық жабдықтау.
Экономикалық тиiмділік "электрондық үкiмет" жүйесінің iске асырылатын жобаларының экономикалық тиiмділігi серверлiк орталықтың ғимаратын пайдалануға енгізуден тiкелей байланысты болады. Сервер орталығы болып табылатын орталық звеномен елдің ақпараттық жобаларын енгiзуден:
құжаттардың ақпараттық алмасуының құпиялылығын арттыру есебiмен кішкене қаржылық шығынының қаупiнен, электрондық цифрлық қолтаңба мен салттық мөрлердi ауыстыру, персоналдың жауапкершiлiгiн арттырудан қосымша экономикалық пайда болады.
4) "Электрондық үкiмет" құзырет орталығын құру.
Экономикалық тиiмдiлiктi бағалау "электрондық үкiмет" қалыптастыру
шеңберiнде Iс-шаралар жоспарын орындаудың сапалы көрсеткiштерiмен анықталады.
Жоба бойынша шығынды бағалау және қауiп мүмкiндiгiн бағалаудың балын анықтау әдiсi негiзiнде есеп жүргiзiлдi.
Жобаға қауiптің орташа баллы 19,7% құрайды. Осы жобаға қауіптiң әсерiн мынадай:
- бас персоналға;
- материалдарына;
- ғылыми-зерттеу жұмысына;
- жабдықты сатып алуға шығындар қаралды.
Аз ғана баллдық бағалау жобаны енгiзудiң қажеттiгiн куәландырады.
5. "Электрондық үкiмет өзара iс-қимылының негiзiнде оларға қол жеткiзу пункттерiнiң желiсiн құру және халықты оқыту:
1) "Электрондық үкiмет" порталындағы мемлекеттің "электрондық қызметтерге" азаматтардың қол жетiмдiгiн iске асыруынан экономикалық тиiмділік жылына 1000 000 теңгенi құрайды;
2) Қоғамдық қол жеткiзу пункттерi арқылы "Электрондық үкiмет" порталындағы мемлекеттің "электрондық қызметтерге" бүкiл Қазақстанда қоғамдық қол жеткiзу желiлерi құрылғаннан кейiн жүгiнушiлердің 40%-дай пайдалана алады, ол жылына 400 000 теңгенi құрайды;
3) жобаның стратегиялық тиімділігi экономикалық тиiмдiлiгiнен 200%-на кем болды және жылына 800 000 теңге құрайды.
Бүкiл жобаның тиiмділігi жылына 800 000 теңгенi құрайды.
6. "Gouvernement to Gouvernement", "Gouvernement to Consumer" ұсынылатын қызметтер жүйесінің кешенiн құру:
Интернет-порталды 1-шi мемлекеттiк органға енгізуiнен экономикалық тиiмділігi келесiні құрайды:
Ақпаратты іздеуiне уақыттық шығындары 80%-ға дейiн (күнiне 10 минутке) кем болып экономикалық тиiмділігi жылына 568181,82 теңгенi құрайды;
Жинау, талдау және есеп-қисапты қалыптастыру уақыттық шығындарын 50%-ға (күнiне 30 минутке) кем болып жылына 1 704 545 теңге құрайды.
1-шi мемлекеттiк органның қорытынды тиiмдiлiгi 2 272 726,82 теңге құрайды.
7. Қазақстан Республикасының ұлттық сәйкестендiру жүйесінің ашық кілттерінің инфрақұрылымын құру.
САК ҰСЖ iске асыру пайдаланушылардың аутентификациялау, және де электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы электрондық түрде құжатты заңға келiстiру үшiн талаптарды е-қызметтi iске асыру үшiн мiндеттi негізi болып есептеледi.
8. "Электрондық үкiмет" инфрақұрылымының қорғау жүйесiн құру.
Жобаны iске асыру кезiнде тұжырымдаманың және саясат қауiпсiздiгінің талаптарына сәйкес болуы ақпараттың қорын және ақпараттың жүйесiн қорғауды ұйымдастыру керектi деңгейде мемлекеттiк органдарға қызмет көрсету жағдай жасалынады.
9. "Мемлекеттiк қызметтердің тізiмі".
Әдiстемелік құжаттар және стандарттар және т.б. iздеу: қолмен
өңдеу 1 сағат, автоматтандырылған жұмыс - 0,2 сағат;
Қолмен дайындау - 3 сағат, автоматтандырылған - 0,9 сағат;
Қолмен беру - 4 сағат, автоматтандырылған - 0,5 сағат.
Сонымен қолмен жұмыс iстеу - 8 сағат, автоматтандырылған - 1,6 сағат.
Құжатты автоматтандырылғанмен жұмыс iстеу уақыты 5 есе (8/1,6) кем
неғұрлым құжатты қолмен, бәрi 80%-ға аз уақыт талап етедi.
Қолмен жұмыс iстеу:
8 сағат*22 күн*12 ай = 2112 сағат/жыл; сонда 0,2*(8 сағат*22 күн*12 ай) = 422,4 сағат/жыл құрайды - құжаттарды автоматтандырылғанмен жұмыс iстету жылына уақыттың 0,8*(8 сағат*22 күн*12 ай) = 1689,6 сағат/жыл талап етедi.
Уақтылығы:
Бекiтiлген кестелерге сәйкес iс-шараны орындау белгiленген мерзiмге сәйкес жүзеге асырылады.
Сапасы:
1. Мемлекеттiк деректер қорын құру:
1) "Жеке тұлға" мемлекеттiк деректер қорын құру:
бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандырудың деңгейi - 60%;
уақытында тiркеу және тұрғындарды құжаттандыру жөнiндегi азаматтардың қанағаттандыру деңгейi - 60%.
2) "Заңды тұлға" мемлекеттiк деректер қорын құру:
заңды тұлғаларды, филиалдарды, өкiлеттердi және жеке кәсiпкерлердің бiрiккен құқық қызметiн (ЖКб) БСН 3-мемлекеттiк органда меншiгін берудi автоматтық тiркеудi қамтамасыз ету;
ЗТ МДҚ ақпараттың тұтынушыларын мемлекеттiк органдардың ақпараттық ведомстволық жүйесінің сұраныстармен жұмыс iстеп 4- мемлекеттік органдағы, Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалардың, филиалдардың және өкiлеттерiн тiркеу ақпараты туралы жұмысты одан да жетiлдiрудi қамтамасыз ету.
3) "Мекенжай тiркелiмі" АЖ мемлекеттiк деректер қорын құру:
адрестiк ресурстарды қалыптастыру саласында жұмыс атқарып жатқан мемлекеттiк органдардың 50%-ын қанағаттандыру;
МЖТ АЖ-дегi мекенжай мәлiметтерінің 100%-дық өзектілігi.
4) "Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" АЖ мемлекеттiк деректер қорын құру
"Жылжымайтын мүлiк тiзiлiмі" мемлекеттiк деректер қорының бағдарламалық қамтамасыз етуiн пайдаланушыларды 60% қанағаттандыру;
Әртүрлi мақсаттарды шешу үшiн осы ақпаратты пайдалынған уәкiлеттi мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың жылжымайтын мүлiкке құқығын және жағдайын талдауын, және де қызметінің тиiмділігiн арттыру.
жақсарту:
толық форматтық-қисап ақпаратын қадағалауды iске асырудағы жылжымайтын мүлiк объектiлерiн есепке алу және оларға құқығын бақылау сапасын; аралас мемлекеттiк деректер қорының негізгi мәлiметтерiн тексеру мүмкiндiгiн; талдау салыстыру және толық тексеру, есептеу және жылда "кесiлiмiнде" және "бөлiктерiнде" әртүрлi ақпаратты шығару, жылдағы динамикасында және де график, диаграмма және т.б. түрiнде ақпаратты рәсiмдеу жағдайы үшiн талдау және ақпаратын беру сапасы шығарылымын және жылжымалы көрсеткiштердің және олардың құқықтарын терең талдау жағдайын қамтамасыз ету есебiнен күнделiктi жұмысты атқаруды бос болу, қадағалау-есептеу және құзыреттi органдардың және басқа мүдделi ұйымдардың жұмысын ұйымдастыруды көтеру үшiн мамандардың жұмысының сапасы.
2. Мемлекеттiк органдардың электрондық құжат айналымының бiрыңғай жүйесiн құру:
1) ЕҚАБЖ жөнiндегi үйрету бағдарламасын мемлекеттiк органдарда ЭҚАБЖ пайдаланушылардың 100%-ын қанағаттандыру;
2) сапалы басқару шешiмдерінің қабылдануын және жеделдiгін арттыру, сондай-ақ, 63 мемлекеттiк органдарда ЭҚАБЖ қызметкерлерiмен пайдаланушыларды өзектiленген iс-жүргiзудi өзектiлеудi толық қамтамасыз ету есебiмен мемлекеттiк басқарудың тиiмділігiн арттыру;
3) ЭҚАБЖ-дегi "электрондық үкiмет" Интернет-портал арқылы жүгiнген азаматтардың сұраныстарын қарамаудың болмағаны;
4) мемлекеттік қызметшілер жұмысының жеделдігін арттыру.
3. Мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру:
1) Қазақстан Республикасы "электрондық үкiмет" порталы мен шлюзінің 2-шi кезегiн iске асыру.
"Электрондық үкiмет" порталы тұтынушылардың қызметке қанағаттануының жоғарылағанын қамтамасыз етедi, жалпы қабылданған тетiктерiнен көрсетiлген қызметтердiң жеделдігі, ыңғайлы мен сапасын қамтамасыз ете отырып қанағаттандырудың өсуi - 40%-дан асады.
2) Мемлекеттiк органдар үшiн куәландырылған орталықтың 2-шi кезеңiн құруды iске асыру.
Куәландырушы орталықты пайдаланушылар куәландырушы орталықтың жұмысының сапасына 100%-ға қанағат болуы.
3) Серверлiк орталықты технологиямен жабдықтау.
Сервер орталығы 7 күндiк аптада тәулiктегi 24 сағатта пайдаланылады.
4) КZ доменін басқару орталығының сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
4. "Электрондық үкiмет" құзыретiн орталығын құру:
1) Азаматтар мен бизнеске мемлекеттiк қызметтi ұсынуға уақыттың 80%-ға азаюы.
2) "Электрондық үкiмет" қалыптастыру шеңберiнде оқытылатын бағдарламаны оқыту мен кеңестер берудi Орталық құзыретiмен пайдаланушылардың 20%-ға қанағаттандыру.
5. "Электрондық үкiмет өзара iс-қимылының негiзiнде оларға қол жеткiзу пункттерiнiң желiсiн құру және халықты оқыту.
"Электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы қызметке жүгiнген азаматтардың 80%-ға қанағаттануы.
6. "Government to Consumer" қызметтерiн көрсетудiң кешендi, жүйесiн құру. Азаматтарды "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсететiн мемлекеттiк органдардың қызметтерiмен 100 % қанағаттандыру.
7. Қазақстан Республикасының ұлттық сәйкестендiру жүйесiнің ашық кiлттерiнiң инфрақұрылымын құру. 2006 жылы сапалы нәтижеге жетпейдi.
8. "Электрондық үкiмет" инфрақұрылымының қорғау жүйесiн құру:
Ақпараттық инфрақұрылымды қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды iске асыру ақпараттық ресурстарды қорғау саласында бiрыңғай саясат жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Қорғау жүйесiнің ролi "электрондық үкiмет" дамыту шамасы бойынша жарияланған ақпаратты ұсыну деңгейiнен транзакциялық қызметтердi ұсыну деңгейiне дейiн жоғарылайтын болады, дербес ақпараттарды алу, төлемдердi және басқаларын жүзеге асыру.
9. "Мемлекеттiк қызметтердің тізiмi" ақпараттық жүйесiн құру. Консалтингтiк қызметтер көрсету үшiн 100%-ға азаматтардың жүгiнуiн қанағаттандыру.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.10.26. N 470г қаулысымен.