Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет
кодексiне
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. Мыналардың:
14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қызметтік қолдану үшін
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
14-ҚОСЫМША
РҚАО-ның ескертуі. "Қызметтік қолдану үшін" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
15-ҚOCЫMШA
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2007 жылға арналған
"Елдiң қоғамдық тәртiп саласындағы саяси мүдделерiн қамтамасыз ету"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 7330 мың теңге (жетi миллион үш жүз отыз мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Т.А. Төлеубаев туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 25 маусымдағы N 608 қаулысы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: халықаралық және трансұлтты қылмысқа қарсы күрес.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты дамыту және бiр ақпараттық кеңiстiк құру мақсатында Интерполмен байланыс ұстауды қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық әлемдегi қылмыстық полицияның ұлттық органдары арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейiне байланысты болатын халықаралық қылмыспен ең тиiмдi күрес жүргiзудi қамтамасыз ету үшiн, әсiресе оның ұйымдастырылған түрлерiмен, оның iшiнде ылаңкестiк және есiрткi бизнесiне қарсы тиiмдi күрес жүргізу үшiн ақпараттық қамтамасыз ету. Интерполдың басқа да қатысушы-мемлекеттерiнің өкілдерімен халықаралық қылмыс мәселелерi бойынша жедел ынтымақтастық құру.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағдарлама коды |
Кіші бағдарлама коды |
Бағдарламаның (кiші бағдарламаның) атауы |
Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар |
Iске асыру мерзiмi |
Жауапты орындаушылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
002 |
|
Елдiң қоғамдық тәртiп саласындағы саяси мүдделерiн қамтамасыз ету |
Халықаралық қылмыспен тиімдi
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: Интерпол каналдары бойынша халықаралық iздеуге жар салған адамдар саны - жыл бойы 500 адамнан кем емес; Интерпол тарапы бойынша халықаралық іздеуде болған адамдардың ұсталған саны - жыл бойы 25 адамнан кем емес.
Түпкi нәтиже: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарын тергеу, жедел, ғылыми-практикалық және анықтама-аналитикалық ақпаратпен қамтамасыз ету; Интерполдың мүшелерi болып табылатын шет ел мемлекеттерiнің құқық қорғау органдарына жiберiлген сұратулар мен ақпаратты жеткізудi қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының қылмыстық iстер және экстрадициялар бойынша құқықтық көмек туралы келiсiм-шарт жасалмаған мемлекеттермен мәселелердi шешу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Интерполдың Бас Хатшылығында Қазақстан Республикасының өкiлiн ұстау үшiн бөлiнген лимит шегiнде шығындалатын шығыстар.
Уақтылығы: ақпаратпен уақтылы қамтамасыз етiп отыру, Интерполдың басқа қатысушы-мемлекеттерiнің өкiлдерiмен халықаралық қылмыс мәселелерi бойынша жедел ынтымақтастық құру.
Сапасы: жедел-iздестiру қызметi саласында халықаралық ынтымақтастықты бекiту.
Қызметтік қолдану үшін
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
16-ҚOCЫMШA
РҚАО-ның ескертуі. "Қызметтік қолдану үшін" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.07.13.
N 597
, 2007.11.06.
N 1052
2007.12.29.
N 1393
Қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
17-ҚOCЫMШA
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
"Арнайы және әскери тасымалдар"
деген 004 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 140 442 мың теңге (бір жүз қырық миллион төрт жүз қырық екі мың теңге).
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.
N 597
қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы
Заңы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: министрлiктің және әскери бөлiмдердің жеке құрамының әскери және арнайы жүктерi, арнайы контингенттерiнің қозғалысын тәулiктiк бақылауға алуды, эшелондардың және басқа да есептегi бiрлiктердің тез жүруiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: министрлiктің және әскери бөлiмдердiң жеке құрамының арнайы контингентi мен арнайы жүктерiн тасымалдау бойынша жоспарланған iс-шараларды бұзуға жол бермеу, азаматтардың қауiпсiздiктерiн қамтамасыз ету үшiн темiржол көлiгiмен әскери және арнайы тасымалдауларды ұйымдастыру және жедел басқару; арнайы контингенттi жазасын өтеу орындарына тасымалдау жөнiндегi соттардың қаулыларын орындау.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағдарлама коды |
Кіші бағдар-лама коды |
Бағдарламаның (кiші бағдарламаның) атауы |
Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар |
Iске асыру мерзiмi |
Жауапты орындаушылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
004 |
|
Арнайы және әскери
|
Арнайы контингент пен арнайы жүктердi және тағы басқа да тасымалдарды тасымалдау бойынша көлiк қызметтерiн төлеу. Арнайы әскери тасымалдар қызметтерi үшiн
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi,Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң ішкi әскерлер комитетi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң Iшкi әскерлер комитетiнiң бөлiмдерiн қосу. |
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13. N 597 , 2007.11.06. N 1052 қаулысымен.
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: арнайы контингенттi, жүктердi және басқа да тасымалдарды тасымалдау бойынша атқарылатын рейстер саны - 372 рейс; вагон саны - 14.
Түпкi нәтиже: арнайы контингенттi және арнайы жүктердi тасымалдауды тәулiк бақылауды орындау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бiр арнайы вагонды бiр тәулiкке жалға алу бағасы - 28,3 мың теңге.
Уақтылығы: мемлекеттiк әскери тасымалдаулар қозғалысы орындалуына қауiпсiздiк графигiн орындау, арнайы контингенттің қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес жеткiзiлуiн қамтамасыз ету.
Сапасы: арнайы контингент пен жүктердің белгiленген орнына жеткізiлуi.
Қызметтік қолдану үшін
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
18-ҚOCЫMШA
РҚАО-ның ескертуі. "Қызметтік қолдану үшін" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.
Қызметтік қолдану үшін
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
19-ҚOCЫMШA
РҚАО-ның ескертуі. "Қызметтік қолдану үшін" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
20-ҚOCЫMШA
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
"Мәлiметтер берудiң спутниктiк желiсi мен телефонияны жаңғырту және дамыту"
деген 008 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 103188 мың теңге (бiр жүз үш миллион бiр жүз сексен сегiз мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасында 2006-2008 жылдарға арналған Телекоммуникация саласын дамытудың бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2006 жылғы 7 маусымдағы N 519
қаулысы
Iс-шаралар жоспарының 2.4-тармағының 2.4.2-тармақшасы; 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Бюджеттiк
кодексi
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: "KAZSAT" спутнигiн пайдалана отырып, мәлiметтердi берудiң және телефонияның қазiргi заманғы, бас тарта алатын, бiр орталықтан басқарылатын жүйесiн құру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: қалалық, аудандық, желiлiк органдарды мәлiметтердi берудің және телефонияның мультисервистi жүйесiн құру үшiн қазiргi заманға сай спутниктiк байланыс желiлерiне қосу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағдарлама коды |
Кіші бағдарлама коды |
Бағдарламаның (кiші бағдарламаның) атауы |
Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар |
Iске асыру мерзiмi |
Жауапты орындаушылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
008 |
|
Мәлiметтер берудiң спутниктiк желiсi мен телефонияны жаңғырту және дамыту |
Қолданыстағы спутниктiк стансаларды "Kazsat" ұлттық спутнигіне қайта бейiмдеу (құрылғыларды сатып алу, монтаждау және орнату). |
Наурыз-желтоқсан |
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тура нәтиже: IIМ-нің корпоративтiк спутниктiк жүйесiн "Kazsat" ұлттық спутнигiне көшiру.
Соңғы нәтиже: iшкi iстер органдарының аумақтық бөлiмшелерiнде 51 спутниктiк терминалды жетiлдiру, спутниктiк байланыстың сапасын жақсарту және IIМ-нiң бөлiмшелерiн жедел басқаруды көтеру.
Уақтылығы: тиiсiнше шарттар мерзiмдерiне сәйкес тауарлар мен қызмет көрсетулердi жеткiзу.
Сапасы: бекiтiлген техникалық тапсырысқа сәйкес.
Қызметтік қолдану үшін
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
21-ҚOCЫMШA
РҚАО-ның ескертуі. "Қызметтік қолдану үшін" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.
Ескерту. 21-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.19.
N 1238
Қаулысымен.
Қызметтік қолдану үшін
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
22-ҚOCЫMШA
РҚАО-ның ескертуі. "Қызметтік қолдану үшін" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
23-ҚOCЫMШA
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
"Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау"
деген 011 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 122 415 мың теңге (бір жүз жиырма екі миллион төрт жүз он бес мың теңге).
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.
N 597
қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің iшкi әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңының
19-бабы
; "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының
5-1-бабы
; "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қызметiне алғаш рет түскен адамдары мен қызметкерлерiн кәсiби даярлау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 16 мамырдағы N 847
қаулысы
; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi iшкi әскерлерiнің әскери қызметшiлерiн Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында оқытуға және ұстауға арналған Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Ресей Федерациясының қорғаныс министрлiгiмен 2003 жылғы 6 маусымдағы N 335/5/14 келiсiм-шарты.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: iшкi iстер органдары қызметкерлерiнің бiлiктiлiктерiн арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: iшкi iстер органдары қызметкерлерi мен iшкi әскерлердің әскери қызметшілерінің теориялық білімдері мен практикалық біліктіліктерінің деңгейiн максималды түрде көтеру; Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарына қызметке үмiткерлердi алғашқы дайындықтан өткiзу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
011 |
|
Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау |
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң училищесiн 94 бiрлiк штаттық сан шегiнде ұстау. Қызметкерлердің бiлiм деңгейiн максималды түрде көтеру үшін және iшкi iстер органдарының қызметiне алғаш рет түсетiн үмiткерлердi алғашқы арнайы оқыту үшiн. Арнайы жарақтар мен материалдарын, көшiргiш аппаратын сатып алу. Қазақстан Республикасы Iшкi министрлiгiнiң училищесiнде күрделi жөндеу жүргізу, қызметкерлердің білiм деңгейiн максималды көтеру және iшкi iстер органдары қызметiне үміткерлерiнің алғашқы дайындығын жүргізу үшiн Ресей Федерациясының оқу орындарында білiктiлiк көтеру, елден тыс шет елдерге қызметтiк iссапарлар. |
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң училищесi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ішкі әскерлер комитеті |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: бiлiктiлiк арттыру курстарынан өткен қызметкерлер саны - 450 бiрлiк; қайта даярлау курстарынан өткендер саны - 50 бiрлiк; iшкi iстер органдары қызметiне үмiткерлердiң алғашқы арнайы оқуынан өткендер саны - 600 бiрлік; Ресей Федерациясының және алыс шетелдердiң оқу орындарында және орталықтарында курстарын өткен iшкi iстер органдары қызметiне үміткерлер саны 50 бiрлiктен артық емес; Ресей Федерациясының оқу орындарында бiлiктiлiк арттыру курстарынан өткен әскери қызметшiлер саны - 96 бiрлiк. Арнайы жарақтарды, көшiргiш аппараттарын сатып алу.
Түпкi нәтиже: iшкi iстер органдарын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің училищесiнде бiлiктiлiк арттыру, қайта даярлау және алғашқы арнайы оқу курстарын өткен қызметкерлермен қамтамасыз ету 1,6 пайызға; iшкi iстер органдарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында бiлiктiлiк арттыру курстарынан өткен қызметкерлермен қамтамасыз ету 0,2 пайызға; iшкi iстер органдарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында білiктiлiк арттыру курстарын өткен әскери қызметшiлермен қамтамасыз ету 0,6 пайызға; жаңа үлгiдегi киiм-кешекпен қамтамасыз ету - жалпы қажеттiлiктен 80 пайызға; арнайы жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз ету - жалпы қажеттiлiктен 74 пайызға; активтермен қамтамасыз ету - жалпы қажеттiлiктен 63,2 пайызға.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жылына бiр оқушыға кететiн орташа шығындар - 110,2 мың теңге; Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында өтетiн бiр қызметкерге кететiн орташа шығындар - 354,0 мың теңге; Ресей Федерациясының оқу орындарында өтетiн бiр әскери қызметшіге кететiн орташа шығындар - 117,7 мың теңге; 1 қызметкерге кететiн орташа шығындар - 697,3 мың теңге.
Уақтылығы: iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен қызметiне үмiткерлердi бiлiктiлiк арттыру курстарында, қайта даярлау және алғашқы арнайы оқу курстарында өкiмдемеге сәйкес өз уақытында оқыту.
Сапасы: алғашқы арнайы оқу курстары түлектерiнiң бiлiктiлiк талаптарына сай болуы; iшкi iстер органдарының бiлiктiлiк арттыру және қайта даярлау курстарын бiтiрген қызметкерлер бiлiмiмен қанағаттануы; iшкi iстер органдарының бiлiктiлiк арттыру және қайта даярлау курстарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердiң оқу орындарында бiтiрген қызметкерлер бiлiмiмен қанағаттануы; iшкi әскерлердің бiлiктілiк арттыру және қайта даярлау курстарын Ресей Федерациясының оқу орындарында бiтiрген қызметкерлер бiлiмiмен қанағаттануы.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
24-ҚOCЫMШA
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
"Жоғары кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлау"
деген 012 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 2086876 мың теңге (екі миллиард сексен алты миллион сегіз жүз жетпіс алты мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.
N 1052
қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің iшкi әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңының
19-бабы
; "Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының
5-1-бабы
; "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы
Заңы
; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi iшкi әскерлерiнiң Жоғары әскери училищесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 18 наурыздағы N 349
қаулысы
; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Академиясы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 1 маусымдағы N 675
қаулысы
; "Құқық қорғау органдары үшiн кадрлар даярлауды, құқық қорғау органдарының қызметiн және үкiметтiк байланыс әскерлерi әскери қызметшілерiн әлеуметтiк қорғауды қаржыландыруға байланысты жекелеген мәселелер" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 1427
қаулысы
; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi iшкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерiн Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында оқытуға және ұстауға арналған Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігiмен 2003 жылғы 6 маусымдағы келiсiм-шарты; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ресей Федерациясы Iшкi iстер министрлiгiнiң Волгоград академиясымен Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн даярлау жөнiндегi 2005 жылғы 8 қыркүйектегi N 270 келiсiм-шарты; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Ресей Федерациясы Iшкi iстер министрлiгiнің Омбы академиясымен Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн даярлау жөнiндегi 2005 жылғы 1 қазандағы N 255 келiсiм-шарты; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігiнің Ресей Федерациясы Iшкi iстер министрлiгінің Мәскеу университетiмен Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн даярлау жөнiндегi 2005 жылғы 4 қазандағы N 191 келiсiм-шарты; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Ресей Федерациясы Iшкi iстер министрлiгінің Академиясымен Қазақстан Республикасы iшкi істер органдарының қызметкерлерiн даярлау жөнiндегi 2005 жылғы 5 қазандағы N 264 келiсiм-шарты.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: iшкi iстер органдарының жүйесi үшін жоғары кәсіптік білiмi бар мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: сапалы жоғары кәсiби бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
012 |
|
Жоғары кәсiптік бiлiмдi мамандар даярлау |
|
|
|
2 |
|
021 |
1997-1998 жылдардағы әскери қызметшiлерге үстемақы төлеу |
1997-1998 жылдар аралығындағы әскери қызметшiлерге сыйақы төлеу. |
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi iшкi әскерлерiнiң Жоғары әскери училищесi. |
3 |
|
100 |
Жоғары кәсiби бiлiмдi мамандар даярлау |
Қазақстан Республикасы IIМ жоғарғы оқу орындарын ұстаудың штаттық санының шегi 1717 бiрлік, сандық лимит кезiнде 1770 бiрлік, оның iшiнде:
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, ҚазақстанРеспубликасы Iшкi iстер министрлiгінің Iшкi әскерлер комитетi, ҚазақстанРеспубликасы Iшкi iстер министрлiгі iшкi әскерлерінің Жоғары әскери училищeci, ҚазақстанРеспубликасы Iшкi істер министрлігінің Академиясы, Қазақстан Республикасы Ішкі iстер министрлiгiнiң Бәрiмбек Бейсенов атындағы Қарағандызаң институты. |
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.
N 1052
қаулысымен.
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тікелей нәтиже: күндiзгi оқу бөлiмiнде оқитындар саны - 2 889 бiрлiк; сырттай оқу бөлiмiнде оқитындар саны - 1 651 бiрлік; алғашқы арнайы оқу оқитындар саны - 300 бiрлік; Ресей Федерациясының IIМ оқу орындарында оқитын қызметкерлер саны - 220 бiрлiк; Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарында оқитын әскери қызметшiлердiң саны - 43 бiрлiктер; күндiзгi оқу бөлiмi бойынша курсанттарды шығару - 419 бiрлік, оның iшiнде үздiк - 60 бiрлік; 1997-1998 жылдар үшiн сыйақы алуы керек әскери қызметшiлер саны - 50 адам; арнайы құрылғылар, ас үй жарақтарын, бағдарламалық қамтамасыз етудi, есептеуiш техникаларын сатып алу.
Түпкi нәтиже: Iшкi iстер органдарын жоғары кәсiби бiлiмi бар мамандармен қамтамасыз ету 32,2 пайызға; iшкi әскерлердi жоғары кәсiби бiлiмi бар мамандармен қамтамасыз ету - 17,0 пайыз; жаңа үлгiдегi киiм-кешекпен қамтамасыз ету - жалпы қажеттiлiктен 80,0 пайызға; арнайы жарақпен және материалдармен қамтамасыз ету - жалпы қажеттiлiктен - 75,3 пайызға; активтермен қамтамасыз ету - жалпы қажеттiлiктен 55,4 пайызға.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Жылына бiр оқушыға кететiн шығын - 701,7 мың теңге; Ресей Федерациясының IIМ оқу орындарында оқитын 1 қызметкерге кететiн шығын - 910,1 мың теңге; Ресей Федерациясының оқу орындарында оқитын 1 әскери қызметшiге кететiн шығын - 220,9 мың теңге; жылына бiр қызметкерге кететiн шығын - 758,2 мың теңге.
Уақтылығы: қабылдау жоспарына сәйкес күндiзгi және сырттай оқу бөлiмi бойынша iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен әскери қызметшілерiн өз уақытында оқыту.
Сапасы: жалпы оқитындар санынан оқудан шығарылғандардың үлесi - 1,7 пайызға; жалпы оқитындар санынан жоғары оқу орнын үздiк бiтiрген, жоғары кәсiби бiлiмi бар түлектердің үлесi - 8,0 пайызға.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.
N 1052
қаулысымен.
Қызметтiк қолдану үшiн
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
25-ҚOCЫMШA
РҚАО-ның ескертуі. "Қызметтік қолдану үшін" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
26-ҚOCЫMШA
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
"Әскери қызметшiлердi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн және олардың отбасы мүшелерiн емдеу"
деген 014 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 1 343 325 мың теңге (бір миллиард үш жүз қырық үш миллион үш жүз жиырма бес мың теңге).
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.
N 597
қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының
32-бабы
; "Өрт қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының
10-1-бабы
; "Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарында қызмет ету туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 6 қыркүйектегi N 1642 Жарлығының
128-бөлiмi
; "Iшкi iстер органдарының тиiстi мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерi және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелеріне, сондай-ақ әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi зейнеткерлерiне медициналық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2005 жылғы 27 қыркүйектегi N 957
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: уақтылы және бiлiктi медициналық қызмет көрсету жолымен iшкi iстер органдары қызметкерлерiнің қызметтiк мiндеттерiн атқаруын жақсарту, әскери қызметшілерiне, құқық қорғау органдары қызметкерлерi мен зейнеткерлерiне медициналық куәландыру жүргiзу.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: науқастану деңгейiн төмендету, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, iшкi әскерлердің әскери қызметшiлерiне, зейнеткерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне және iшкi істер органдарының, iшкi әскерлердің зейнеткерлерiне, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесiнің, өртке қарсы қызметтің, қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне және зейнеткерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне, оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына кешендi, білiктi, мамандандырылған, консультативтiк-диагностикалық, профилактикалық және стационарлық көмек көрсету; құқық қорғау органдарында денсаулық жағдайы, физикалық және психикалық дамуы бойынша қызметке жарамдылығын анықтау; науқасына байланысты өзiнің қызметтiк мiндеттерiн орындамайтын әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң санын азайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
014 |
|
Әскери қызметшiлердi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн және олардың отбасы мүшелерiн
|
Әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелерiне медициналық көмек көрсету үшін iшкi iстер органдарының емханасы бар орталық госпиталiн, аумақтық госпитальдерiн және емханаларын 2014 бiрлік штаттық сан шегiнде ұстау. Емханасы бар госпитальдердің қызметiн азық-түлiкпен, дәрі-дәрмекпен, вакциналармен, медициналық мақсаттағы өзге де құралдармен, төсек-орынмен, арнайы киiмдермен, тауар-материалдық бағалы заттармен, жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету, емханасы бар госпитальдер ғимараттарында ағымдық және күрделi жөндеу жүргізу.
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінің Емханасы бар орталық госпиталi, ішкі істер органдарының аумақтық госпитальдерi мен емханалары |
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.06. N 1052 қаулысымен.
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: әскери қызметшiлердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерiнің, кәсiби байқаудан өтетiндер саны - 69 609 адам; амбулаторлық қабылдауда болған және өткен адамдар саны - 1 404 201 науқас; стационарда емделген жағдайлар саны - 11 776 науқас; куәландырылғандардың саны - жылына 47 000 қызметкер; мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде медициналық қызметтер ұсыну - 28200 кереует-күнiне; медициналық құрал-жабдықтар сатып алу.
Түпкi нәтиже: әскери қызметшiлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiнің, олардың отбасы мүшелерi мен зейнеткерлерінiң арасындағы науқас ауру пайызын төмендету 2-5 пайызға медициналық мекемелердің медициналық жарақтармен қамтамасыз етiлу деңгейi жалпы қажеттiлiктен 68 пайызға.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: науқастың ауруханада болуының орташа ұзақтығы - 13,2 күн, кереуеттің жылдық орташа толық болуы - 265 күн, бiр науқасты емдеуге кететiн орташа шығындар, кереует-күн - 2,0 мың теңге, емханаға бiр рет баруға кететiн орташа шығындар - 187 теңге; бiр кереует-күннің орташа құны (мемлекеттiк тапсырыс) - 2,8 мың теңге; бiр медициналық қызметкерге жұмсалатын жылдық орташа шығындар - 594,4 мың теңге.
Уақтылығы: дер кезiнде бiлiктi медициналық көмек көрсету, жабдықтар жеткiзу кестесiне сәйкес медициналық жабдықтар жеткiзу.
Сапасы: әскери қызметшiлердi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн алдын ала қарауды қамту деңгейi; науқастардың көрсетілген медициналық көмекке қанағаттануы, медициналық көмек көрсету бойынша науқастардың шағымдарының болмауы.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
27-ҚOCЫMШA
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
"Жүргiзушi куәлiктерiн, көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу үшiн қажет құжаттарды және нөмiр белгiлерiн дайындау"
деген 016 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 4 283 598 мың теңге (төрт миллиард екі жүз сексен үш миллион бес жүз тоқсан сегіз мың теңге).
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.
N 597
қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының
2-4-баптары
; "Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының
18-19-баптары
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: жол қозғалысына қатысуға азаматтарға және көлiк құралдарына рұқсат берудi қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: жол-көлiк қозғалысының ережесiн бұзуға жол берiлген кезде оларды максималды түрде анықтау мақсатында автокөлiктер құралдары мен көлiк құралдарының иелерiн есепке алу; азаматтарды тiркеу құжаттарымен, көлiк құралдарына мемлекеттiк тiркеу нөмiрлік белгілерiмен және жүргiзушi куәлiктерiмен максималды түрде қамтамасыз ету (бұдан әрi - ККTК, МТНБ және ЖК).
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
016 |
|
Жүргiзушi куәлiктерiн, көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу үшiн қажет құжаттарды және нөмiр белгiлерiн дайындау |
Келiсiм-шарттарға сәйкес жүргізушi куәлiктерiн, көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды және нөмiр белгiлерiн дайындау мiндеттемелерiн орындау. Өткен жылдардың кредиторлық берешегін өтеу. |
Жыл бойы |
ҚазақстанРеспубликасы Iшкi iстер министрлiгi, облыстардағы, Алматы және Астана қалаларындағы Iшкi
|
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13. N 597 қаулысымен.
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тура нәтиже: мемлекеттiк тiркеу нөмiр белгiлерiнiң жиынтықтар саны - 700 000 кем емес; көлiк құралдарын тiркеу туралы куәлiк бiрлiгiнің саны - 680 000 кем емес; бiрлiктерiнің саны - 410 000 кем емес; транзиттiк нөмiрлер белгiсiнің жиынтық саны - 5 000 кем емес.
Соңғы нәтиже: автокөлiк құралдарының иелерiн арнайы өнiммен қамтамасыз ету процентi.
Қаржы-экономикалық нәтиже: мемлекеттiк тiркеу нөмiр белгiлерiнің бiр жиынтығын дайындауға жұмсалатын шығындар - 2420,76 теңге; көлiк құралдарын тiркеу туралы куәлiк бiрлiгiн дайындауға жұмсалатын шығын - 1080,53 теңге; мемлекеттiк транзиттiк тiркеу нөмiрлер белгiсiнің бiр бiрлiгін дайындауға кететiн шығын - 297,39 теңге; 1 бiрлiк жүргiзушi куәлiктерiн дайындауға кететiн шығын - 1287,06 теңге.
Уақытылығы: белгiленген нормаға сәйкес автокөлiктер иелерiн арнайы өнiммен қамтамасыз ету.
Сапасы: жүргiзушi куәлiгiн, мемлекеттiк тiркеу нөмiр белгiсiн және көлiк құралдарын тiркеу туралы куәлiктерiн алу кезiнде азаматтарға жасалатын қызмет.
Қызметтiк қолдану үшiн
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
28-ҚOCЫMШA
РҚАО-ның ескертуі. "Қызметтік қолдану үшін" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
29-ҚOCЫMШA
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
"Қазақстан Республикасына келетiн шетелдiк азаматтарды көшi-қон карточкаларымен қамтамасыз ету"
деген 018 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 6000 мың теңге (алты миллион теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының
5-1-бабы
; "Қазақстан Республикасына шетелдiк азаматтардың келуiн реттейтiн кейбiр мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттiң қаражаты
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: саяси және экономикалық тұрақтылықты, сондай-ақ қоғамдық тәртiптi Қазақстан Республикасы аумағына уақытша кiретiн шетелдiк азаматтарды нақты есепке алу жолымен қамтамасыз ету, оның iшiнде заңсыз көшiп-қонуды болдырмауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: Қазақстан Республикасына уақытша келетiн шетелдiк адамдарды көшi-қон карточкаларымен және бланкiлерiмен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
018 |
|
Қазақстан Республикасына келетiн шетелдiк азаматтарды көшi-қон карточкаларымен қамтамасыз ету |
Көші-қон карточкаларын
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: 5 тәулiктен астам уақытқа елге кiрген, көші-қон карточкаларымен қамтамасыз етiлген шетелдiктер саны - 2 000 000 адам, 5 тәулiкке дейiнгi уақытқа елге кiрген, көшi-қон карточкаларымен қамтамасыз етiлген шетелдiктер саны - 3 000 000 адам, дайындалатын көшi-қон карточкаларының саны 5 000 000 бiрлiктен кем емес.
Түпкi нәтиже: Қазақстан Республикасы аумағына келетiн шетел азаматтарын көшi-қон карточкаларымен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 көші-қон карточкасын дайындауға кететiн шығын - 1 теңге.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасы аумағына келетiн шетел азаматтарын өз уақытында тiркеу.
Сапасы: шетел азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағына кiру және тұру ережелерiн сақтауы.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
30-ҚOCЫMШA
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
"Астана қаласы бюджетiне "Астана - есiрткiсiз қала" өңiрлiк бағдарламасын iске асыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 019 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 281 154 мың теңге (екі жүз сексен бір миллион бір жүз елу төрт мың теңге).
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.
N 597
қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджеттiк
кодексi
; "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1678
жарлығы
, "Астана-есiрткiсiз қала" 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы" Астана қаласы Мәслихатының 2006 жылғы 19 қазандағы N 295/38-III шешiмi.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: есiрткiнің таралуын анықтау және тоқтату, Астана қаласында есiрткіге тәуелдi адамдардың санын төмендету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi:
есiрткi құралдарының заңсыз айналымына қарсы әрекет механизмiн есiрткi құралдарын анықтаудың жылжымалы құралдарын пайдалану көмегiмен жетiлдiру.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
019 |
|
Астана қаласы бюджетiне "Астана - есiрткiсiз қала" өңiрлiк бағдарламасын iске асыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер |
Есiрткi құралдарын анықтаудың жылжымалы құралдарын алу (мобильдік, рентгендiк қарау комплексi)
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөнiндегi комитетi, Астана қаласының Әкiмшiлiгi, Астана қаласының IIД |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: Есiрткi құралдарын анықтаудың жылжымалы құралдарын алу (мобильдiк, рентгендiк қарау комплексi).
Түпкi нәтиже: есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы тұру және де олардың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс таралуының алдын алу және жою, басқа да мемлекеттерге таралуына жол бермеу; Астана қаласында есiрткiге тәуелдi адамдардың санын төмендету.
Уақтылығы: заңсыз айналымнан есiрткi заттарын уақытында алу.
Сапасы: елiмізде есiрткi жағдайын тұрақтандыру, қоғамның қауіпсіздігіне дейінгi минималды деңгейде есiрткiнің таралуын тоқтату.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
31-ҚOCЫMШA
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2007 жылға арналған
"Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес"
деген 104 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 184036 мың теңге (бiр жүз сексен төрт миллион отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы
Заңы
; "Қазақстан Республикасының нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1678 қаулысы; "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 5 сәуiрдегi N 240
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: есiрткiлердi пайдаланудың өсуiн тоқтату үшін және заңсыз айналымын тоқтатуға жағдайлар жасау, қоғам үшiн есiрткiнің таралу деңгейiн минималды қауiпсiздiк шектеу, Қазақстан Республикасы нашақорлыққа және есiрткi бизнесiнің одан әрi таралуына қарсы мемлекеттiк және қоғамдық iс-қимыл жүйесiнің толық ауқымды тиiмдiлiгiн қалыптастыру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: Қазақстан Республикасында есiрткiге қарсы қызмет субъектiлерiнің арақатынасты одан әрi дамыту; есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимылдар тетiгін нығайту; есiрткiге қарсы насихатты жетiлдiру; "Рубеж-Наркотики" есірткi қамалдарын құру.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
104 |
|
Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес |
Есiрткi бизнесiне қарсы насихатты нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес проблемаларына арналған журналдар шығару, конкурстар мен жарыстар өткізу, есiрткi қылмысына қарсы күрестiң өзектi проблемалары бойынша кофе-брейктер ұйымдастырумен, іссапар шығыстарын төлеумен дөңгелек үстелдер, семинарлар өткiзу, кеңсе және өзге де тауарларды, кәдесыйлар мен ескерткiш сыйлықтарды сатып алу, әдiстемелiк жиынтықтар шығару, баспаханалық, жарнамалық өнiмдер дайындау, бейнероликтер, телерадио бағдарламалар шығару және тарату, ақпараттық, насихаттау және кеңес жұмыстарын өткізу үшiн бейнефильмдер, деректi фильмдер және қоғамдық есiрткi иммунитетiн қалыптастыру мақсатында бейнекассеталар және дисктер шығару. Iс-шаралар жүргізу кезiнде автокөлiк құралдарын жалға алу. Есiрткi, психотропты заттар мен прекурсорлардың анықтау тесттерiн, анықтамалық-әдiстемелiк әдебиетiн дайындау, нашақорлықтың алдын алу сабақтарын жүргiзетiн мамандардың қызметiн төлеу. Кинологиялық қызметтердi материалдық-техникалық жарақтау, оның iшiнде қызметтiк иттер үшiн витаминдiк препараттарын, жабдықтарын, есiрткi заттарының имитаторларын, радиостансаларын сатып алу.
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөнiндегi комитетi |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: Нашақорлықпен күрес халықаралық күнiне арналған акциялар жүргiзу, 18000 данада журналдар шығару; спорттық-қауымдық iс-шаралар өткізу; семинарлар, дөңгелек үстелдер, конкурстар жүргізу; он телебағдарламалар шығару және жiберу; төрт деректi фильмдер дайындау, есiрткiге қарсы тақырыпқа төрт бейнероликтер дайындау, кинологиялық қызметтер мен есiрткiмен күрес бойынша арнайы бөлiмшелердi материалдық-техникалық жарақтау.
Түпкi нәтиже: елдегi наркожағдайды тұрақтылату, заңсыз есiрткi, психотропты заттар және прекурсорлар айналымына қарсы тұру, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының аумағына енгiзiлуiн және басқа елдерге таралуын алдын алу және болдырмау; заңсыз есiрткi айналымының деңгейiн төмендету және олармен байланысты қылмысты нейтралдау. Қоғамның есiрткiге қарсы иммунитетiн қалыптастыру мақсатында есiрткiге қарсы iс-шаралар жүргiзу, заңсыз есiрткi, психотропты және прекурсорлардың алдын алу шаралары мен операциялар жүргiзу.
Уақытылығы: халыққа уақытылы және тұрақты профилактика жұмыстарын жүргiзу.
Сапасы: есiрткiнi қолданатын адамдардың санын анықтау, олардың санын қысқарту, сонымен байланысты қылмыстардың санын қысқарту. Қоғамға қауiпсiздiк деңгейiне дейiн есiрткiнің таралуын қысқарту.
Қызметтік қолдану үшін
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
32-ҚOCЫMШA
РҚАО-ның ескертуі. "Қызметтік қолдану үшін" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.