Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 20 қазандағы № 128 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 11-бабының 17-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2021 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
В. Назаренко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 20 қазандағы
№ 128 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 51 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына су көлігімен әкелу болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпаратты ұсыну тәртібінде:

      а) 5-тармақтың "д" тармақшасы "кейінгі келу" деген сөздерден кейін "(болған жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) 6-тармақта:

      "б" тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "б) алдын ала ақпарат Одақтың кедендік аумағында мүше мемлекеттің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы уәкілетті органының халықаралық тасымалдың көлік құралдары мен адамдарға санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бақылау) жүргізуге қатысты бөлігінде шешім қабылдауын талап ететін кедендік операцияларды жасау үшін берілген жағдайда:

      осы Тәртіптің 5-тармағында көрсетілген мәліметтер;

      теңіз медициналық-санитариялық декларациясына сәйкес ұсынылатын мәліметтер не портта еркін практикаға рұқсат ету (шектеу) туралы және халықаралық тасымалдау көлік құралын санитариялық айлақта (санитариялық рейдте) орналастыру қажеттілігі (қажеттіліктің болмауы) туралы мәліметтер;";

      "г" тармақша "(Еуразиялық экономикалық комиссияның транзиттік декларацияны толтыру тәртібін белгілейтін актісінің ережелерін ескере отырып)" деген сөздермен толықтырылсын;

      в) 10-тармақ мынадай мазмұндағы "е" тармақшамен толықтырылсын:

      "е) кеме мүше мемлекеттің ішкі теңіз суларында, аумақтық теңізінде, айрықша экономикалық аймағында және құрлықтық шельфінде алынған (ауланған) және (немесе) өндірілген теңіз кәсібі өнімін жеткізуді жүзеге асырғанда.";

      г) 14-тармақ "құжаттау" деген сөзден кейін "жалпы" деген сөзбен толықтырылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 56 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына автомобиль көлігімен әкелу болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпаратты ұсыну тәртібінде:

      а) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Алдын ала ақпарат тауарлар Одақтың кедендік аумағына келгенге дейін, бірақ кеден органына тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабарлауға дейін 2 сағаттан кешіктірмей ұсынылады.";

      б) 5-тармақ мынадай мазмұндағы "э" және "ю" тармақшалармен толықтырылсын:

      "э) көлік құралының (тартқыштың) типі мен моделі, тіркеменің (тіркемелердің) және (немесе) жартылай тіркеменің типі, маркасы және моделі (бар болған жағдайда);

      ю) жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда).";

      в) 6-тармақта:

      үшінші абзацта ", Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы" деген сөздер "және Қырғыз Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Ресей Федерациясы үшін Кодекстің 11-бабының 2-тармағы 1-тармақшасында көзделген мақсаттарда ұсынылатын алдын ала ақпарат осы Тәртіптің 5-тармағының "а" – "ф" және "щ" – "ю" тармақшаларында көзделген мәліметтерді қамтиды.";

      г) 7-тармақта:

      "б" тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "б) алдын ала ақпарат Кодекстің 88-бабына сәйкес келу туралы хабарламаға байланысты кедендік операцияларды жасау үшін ұсынылған жағдайда – осы Тәртіптің 5-тармағының "а" – "ж" және "л" – "х" тармақшаларында көзделген мәліметтер;";

      мынадай мазмұндағы "б1" тармақшамен толықтырылсын:

      "б1) алдын ала ақпарат Кодекстің 278-бабының 4-тармағына сәйкес халықаралық тасымалдау көлік құралын декларациялаумен байланысты кедендік операцияларды жасау үшін ұсынылған жағдайда – осы Тәртіптің "а" – "д" және "з" – "к", "о", "с", "э" және "ю" тармақшаларында көзделген мәліметтер;";

      "в" тармақша "(Еуразиялық экономикалық комиссияның транзиттік декларацияны толтыру тәртібін белгілейтін актісінің ережелерін ескере отырып)" деген сөздермен толықтырылсын;

      д) 15-тармақ "құжаттандыру" деген сөзден кейін "жалпы" деген сөзбен толықтырылсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 57 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелу болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпаратты ұсыну тәртібінде:

      а) 4-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "4. Алдын ала ақпарат тауарлар Одақтың кедендік аумағына келгенге дейін, бірақ кеден органына тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабарлауға дейін 2 сағаттан кешіктірмей ұсынылады.

      Алдын ала ақпарат осы Тәртіптің 12-тармағына сәйкес оны кейін түзетуге тәуелсіз кеден органы тіркеген сәттен бастап ұсынылды деп есептеледі.";

      б) 6-тармақта:

      "а" тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "а) алдын ала ақпарат Кодекстің 88-бабына сәйкес тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабарлаумен байланысты кедендік операцияларды жасау үшін ұсынылған жағдайда:

      Армения Республикасы үшін:

      осы Тәртіптің 5-тармағында көрсетілген мәліметтер;

      кемінде алғашқы 6 белгі деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың кодтары;

      тауарлар қаптамаларының түрлері;

      Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы үшін – осы Тәртіптің 5-тармағында көрсетілген мәліметтер;";

      "б" тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "халықаралық тасымалдау көлік құралының типі;";

      "ж" тармақшада "Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 289 шешімімен бекітілген Транзиттік декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулықтың" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық комиссияның транзиттік декларацияны толтыру тәртібін белгілейтін актісінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) 15-тармақ "құжаттандыру" деген сөзден кейін "жалпы" деген сөзбен толықтырылсын.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 62 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелу болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпаратты ұсыну тәртібінде:

      а) 4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Алдын ала ақпарат тауарлар Одақтың кедендік аумағына келгенге дейін, бірақ кеден органына тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабарлауға дейін 2 сағаттан кешіктірмей ұсынылады.";

      б) 5-тармақ мынадай мазмұндағы "ж" тармақшамен толықтырылсын:

      "ж) Ресей Федерациясы үшін – Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) үшінші тараппен (бар болған жағдайда) халықаралық шартына сәйкес белгіленген тауарлар мен көлік құралдарын сәйкестендіргіш.";

      в) 6-тармақта:

      "а" тармақшаның сегізінші абзацында "Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет)" деген сөздер "мүше мемлекеттің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "б" тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "халықаралық тасымалдау көлік құралының типі;

      халықаралық тасымалдау көлік құралының маркасы (бар болған жағдайда);

      халықаралық тасымалдау көлік құралының моделі (бар болған жағдайда);";

      "в" тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "алдын ала ақпарат мүше мемлекеттің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы уәкілетті органының Одақтың кедендік шекарасында халықаралық тасымалдау көлік құралдарын және адамдарды санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) қатысты бөлігінде шешім қабылдауын талап ететін кедендік операцияларды жасау үшін ұсынылған жағдайда:";

      "д" тармақша "(Еуразиялық экономикалық комиссияның транзиттік декларацияны толтыру тәртібін белгілейтін актісінің ережелерін ескере отырып)" деген сөздермен толықтырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады