"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 тамыздағы N 844 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн атқарушы

жоба  

  Қазақстан Республикасының кейбiр
заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қабылдаған, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық  кодексіне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша), 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж, N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат):
      21-бапта:
      2-тармағындағы "осы Кодекстiң 53-бабында" деген сөздер "осы баптың 4-тармағында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, заңды тұлғалар үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген баптың 4-тармағындағы "әкiмшiге" деген сөз алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат):

      1) 323-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "2. адам денсаулығына зиян келтiруге әкеп соғуы мүмкiн осы баптың бiрiншi бөлігінде көзделген әрекеттер, егер де оларда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса -
      жеке тұлғаларға екi жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын лауазымды тұлғаларға, жеке дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде, iрi бизнес субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қызметiн тоқтату арқылы не онсыз екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеледi.";

      2) 541-баптың бiрiншi бөлігіндегі "318-322," деген цифралардан кейiн "323 (екiншi бөлігінде)" деген цифрлармен толықтырылсын;

      3) 544 және 553-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "544-бап. Өрт сөндiру қызметі органдары

      1. Өрт сөндiру қызметi органдары осы Кодекстiң 249, 277, 284, 312, 313, 334, 460-баптарында көзделген әкiмшілік құқық бұзушылық туралы iстердi қарастырады.
      2. Өрт сөндiру қызметi органдарының атынан iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мыналар құқылы:
      өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы және оның орынбасарлары - жеке адамдарға айлық есептік көрсеткiштiң жиырма беске дейiн, лауазымды адамдарға - елуге дейінгі, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) өрт қауiпсiздiгi саласындағы аумақтық органының уәкілеттi органының басшысы және оның орынбасарлары - жеке адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлетті органның қалаларында, аудандардың аумақтық органның басшысы - жеке адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы;

      553-бап. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлетті орган

      1. Өнеркәсiп қауiпсiздігі саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 89, 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 220, 221, 270, 271, 272 (техникалық қауiпсiздiк бөлігінде), 504-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi органның атынан iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар:
      1) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлетті органның басшысы, басқармалардың, бөлiмдердiң бастықтары және олардың орынбасарлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдары - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға;
      2) өнеркәсiп қауiпсiздігі саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органының басшысы мен оның орынбасарлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға - жүз елуге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға;
      3) өнеркәсiп қауiпсiздiгі саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының мемлекеттiк инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейінгі, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
      3. Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi орындамаумен байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерiн қарауға және әкiмшiлiк жаза беруге мыналар құқылы:
      1) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы және оның орынбасарлары - азаматтар мен лауазымды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткіштiң елуге дейінгі мөлшерiнде айыппұл;
      2) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органның басшысы және оның орынбасарлары - азаматтар мен лауазымды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.".

      3. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексi)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжат; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):

      1) 533-баптың-5-тармағының 3) тармақшасындағы "лицензияның," деген сөз алынып тасталсын;

      2) 534-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тақырыптық салық тексерулерi жылына бiр реттен жиi емес жүргiзiледi.".

      4. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегі Кеден  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 жылғы 25 маусымдағы "Казахстанская правда" газетiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 20 маусымдағы Заңы):
      432-баптағы "кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен" деген сөздер алынып тасталсын;
      459-баптағы "Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргізу тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды." деген сөздер алынып тасталсын.

      5. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы  Жер кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат):

      1) 13-баптың 8) тармақшасы алынып тасталсын;

      2) 43-баптың 3-тармағының үшiншi бөлігіндегі "үш айға дейінгі мерзiмде қаралады" деген сөздерден кейiн ", ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскесiне арналған құқық беру кезiнде үш апталық мерзiмде қаралады" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 44-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Шағын кәсіпкерлiк субъектілерi үшiн қызмет түрiне қарамастан құрылысқа арналған жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ғимараттарға мен (құрылыстарға, имараттарға) қызмет көрсету ретінде белгiленеді.";

      4) 145-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "145-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды
                ұйымдастыру және оны жүзеге асыру тәртібі

      1. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының жер заңнамасын мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды және лауазымды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуларды айқындау және жою, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiру, жер учаскелерiн пайдалану тәртiбiн сақтау, жер кадастрын дұрыс жүргiзу және жер орналастыру мен жердi тиiмдi пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды орындау мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Жердi пайдалану және қорғауды мемлекеттік бақылауды жер ресурстарын басқару саласындағы уәкiлетті орган, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегінде өзге де уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
      3. Жердi пайдалану және қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк органдар:
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті орган;
      санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары;
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкілеттi орган;
      ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлетті орган (бұдан әрi - ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган);
      жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган болып табылады.
      Бұл органдар бiр бiрiнің арасында өзара әрекет жасау үшiн өз функцияларын жүзеге асырады.
      4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген органдар:
      1) өз құзiретіне сәйкес жердi пайдалану және қорғау үшiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      2) жердiң сапалық жай-күйiнiң өзгерiсiн тексеруді және сараптауды ұйымдастырады;
      3) жердiң мақсатты пайдаланылуының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      4) жер заңнамасын бұзуларды жоюға шаралар қабылдайды;
      5) жердi пайдалану және қорғау мәселелерiне қатысты нормативтiк актiлердi дайындауға қатысады;
      6) ауыл шаруашылығының тозған алқаптарын, химиялық, биологиялық, радиоактивтiк және басқа да зиянды заттармен ластанған жерлердi, сондай-ақ одан әрi пайдалану адамның өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiруге, төтенше жағдайларға, апаттарға, тарихи-мәдени мұраның және табиғи ландшафттардың қирауына ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен су көздерiнiң ластануына алып келетін карантиндiк зиянкестермен және өсiмдiк ауруларымен зақымданған жерлердi консервациялау туралы белгіленген тәртiппен ұсыныстар енгізедi;
      7) қала құрылысы және жерге орналастыру құжаттамасына, олардың сапалық жай-күйiн жақсарту бойынша iс-шаралар жүргізiлген мелиорацияланған, жаңартылған және басқа да жерлердi, сондай-ақ жердi қорғау мақсатында салынған объектілердi қабылдау жөнiндегi комиссияның жұмысына қатысады.
      5. Жер ресурстарын басқару саласындағы уәкiлеттi органның функциялары осы кодекстің 147-бабымен айқындалған.
      6. Жер заңнамасын сақтау жоспарлық (уәкілетті орган жоспарлаған және бекiткен) және жоспардан тыс (шағымдар, өтiнiмдер және өтiнiштер бойынша жедел әрекет етудi талап ететiн қалыптасқан жағдайларға сәйкес тағайындалатын) болып бөлiнетiн тексерулер жолымен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік бақылау жерге түгендеу жүргізу, тексеру жердi пайдаланумен байланысты схемалар мен жобаларды әзiрлеу, жердiң мемлекеттiк кадастрын және мониторингін жүргiзу кезiнде де жүзеге асырылады.
      7. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру рәсiмi бақылаушы орган шығаратын тексеруге дейiн құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есеп жүргізу жөнiндегi уәкiлетті органда тiркелетiн шаруашылық субъектiлерi қызметiне тексерулер жүргізу және тексерулер есебiнiң карточкасы туралы ұйғарымнама негiзiнде жүргізiледi.
      Минералдық шикiзат, пайдалы қазбалар және табиғи ресурстарды әзiрлеу, өндiру, қайта өңдеу, ауыл шаруашылық өнiмiн өндiру тұрмыс және өнеркәсiп қалдықтарын қайта өңдеу, кәдеге жарату және көму бойынша қызметтер, гидротехникалық, гидромелиорациялық, мелиорациялық қызмет, құрылыс орындалатын жердi пайдалану және қорғауға, минералдық шикiзатты тасымалдау және оны қайта өңдеу өнiмдерi орналасқан объектiлерге жоспарлық тексеру жүргізу жолымен мемлекеттік бақылау жүргізу жылына бiр реттен жиi емес жүзеге асырылады.
      Қызметтің басқа да түрлерi орындалатын жердi пайдалануға және қорғауға жоспарлық тексеру жүргiзу жолымен мемлекеттiк бақылау екi жылда бiр реттен жиi емес жүзеге асырылады.
      Жоспарлық тексеру жүргізу мерзiмi жиырма жұмыс күнiн құрайды, қажет болған кезде тексеру мерзiмi тағы он жұмыс күнiне ұзартылуы мүмкiн.
      Жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзiмi жоспарлы тексеру жүргiзу мерзiмiнен аспайды.
      Жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргiзу туралы жер учаскесiнiң меншiк иесiне немесе жердi пайдаланушыға тексеру басталғанға дейiн бiр күннен кешіктiрiлмей жазбаша түрде хабарланады.
      8. Тексеру жолымен мемлекеттiк бақылау меншiк иелерiнiң, жердi пайдаланушылардың қатысуымен, ал олар бас тартқан жағдайда бұл туралы тексеру нәтижелерi бойынша жасақталған құжаттарда тиiстi белгі жасалатын оларсыз жүргiзiледi.
      Айқындалған жер заңнамасын бұзулар бұл жұмыстарды жүргізген мамандар қол қоятын далалық тексеру сызбасы қоса берiлетiн актпен ресiмделедi және ол құзыретiне осы мәселенi қарауға жататын органға берiледi.
      9. Айқындалған жер заңнамасын бұзуларды Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде айқындалған тәртiпте олардың функцияларына сәйкес уәкiлеттi органдар қарайды.
      10. Жердi пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың әкiмшілiк жаза қолдану туралы шешiмi осы кодекстiң 148-бабы 3-тармағына сәйкес шағымдалынуы мүмкiн.
      11. Жердi пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттiк инспекторлар жер заңнамасын бұзуды нақты жоюды, сондай-ақ жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың нұсқаулары мен ұйғарымдамаларын орындауларын қадағалайды.".

      6. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі  Орман кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 2003 ж., N 16, 140-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 4-бап мынадай мазмұндағы 58-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "58-1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы тексеру (бұдан әрi - тексеру) - орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын, орман иеленушiлердiң, орман пайдаланушылардың және өзге де шаруашылық субъектiлерiнiң орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы заңнама талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасалатын лауазымды адамның немесе уәкiлетті және/немесе аумақтық органдарын лауазымды адамдарының әрекетi;";

      2) 13-бапта 1-тармақтың 5) тармақшасындағы және 2-тармақтың 3) тармақшасындағы "өcipугe" деген сөзден кейiн "тексерулер жолымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 19-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармағымен толықтырылсын:
      "2-1. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары:
      1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы келеңсiз салдарларды растайтын мемлекеттік орман қорын ғылыми зерттеулер мен мониторинг нәтижелерi бойынша;
      2) қараудың жоспарлы күздiк және көктемдiк ревизиясын жүргізу кезiнде;
      3) жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың тапсырмасы бойынша;
      4) уәкілеттi орган және аумақты органдар бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес;
      5) мемлекеттік орман қорындағы орман өрттерiнiң барлық фактілерi бойынша;
      6) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi мен шағымдарында мазмұндалған фактiлер бойынша;
      7) жоспарлық iс-шаралар нәтижесiнде айқындалған бұзуларды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында жүзеге асырады.";

      4) 21-бапта:
      21-тармақтың 1) тармақшасындағы "қадағалауды" деген сөз "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-5) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "1-1) орман қорының сандық және сапалық өзгерiстерiн, орманның санитарлық ахуалын, ормандағы орман патологиялық жағдайды;
      5-1) кеспеағаш аймағын бөліп беру бойынша жұмыстарды тексерудi;";

      5) мынадай мазмұндағы 21-1 баппен толықтырылсын:
      "21-1. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының тексеру актілерi.
      1. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын анықталған бұзуларға қарай мемлекеттiк бақылаудың нәтижесi бойынша орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті және аумақтық органның лауазымды тұлғалары мынадай актiлер шығарады:
      1) тексерулер жүргiзу нәтижелерi бойынша актi;
      2) әкiмшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама;
      3) нұсқама орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы;
      4) қаулы:
      орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы бұзылған жағдайда кiнәлi адамдарды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы;
      сот шешiмi шығарылғанға дейiн уақытша сақтау үшiн алынған орман ресурстарын, көлiк құралдарын, оларды алу құралдарын алып қою туралы.
      2. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды тұлғаларының тексеру актісiн жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.";

      6) 55-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармағымен толықтырылсын:
      "1-1. Орман орналастыру жобасын әзiрлеген мемлекеттік орман орналастыру ұйымы уәкiлеттi органның тапсырмасы бойынша орман иелерiнiң орман орналастыру жобаларын енгізуiне авторлық қадағалауды жүзеге асырады.
      Авторлық қадағалау кезiнде мыналар айқындалады:
      1) жұмыстардың нақты орындалған көлемдерiнің орман орналастыру жобаларына сәйкестігi;
      2) жүргізiлген орман шаруашылығы iс-шараларының технологиясы мен тиiмдiлігі;
      3) орындалған орман шаруашылығы iс-шараларының орман орналастыру жобаларынан ауытқуларының себептерi мен деңгейi;
      4) жобаланған орман орналастыру iс-шараларының орман шаруашылығын жүргiзудiң мiндеттерi мен бағыттарына және экономикалық шарттарына сәйкестігі;
      5) орман орналастыру материалдарына және басқа да есеп құжаттарына ағымдық өзгерiстердi енгiзудiң сапасы.
      Авторлық қадағалаудың аяқталуы бойынша бiр ай мерзiмде орман орналастыру ұйымы уәкiлеттi және аумақтық органға, облыстық атқару органына және орман иеленушiлерге есеп ұсынады.";

      7) 110-баптың 5) тармақшасындағы "қадағалау" деген сөз "мониторинг" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi  Су кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 17, 141-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 53) және 54) тармақшалармен толықтырылсын:
      "53) мемлекеттік бақылау - заңдылықты сақтауды тексеру, заңнаманы бұзушылық себептерi мен шарттарын анықтау мен жою, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiру, нормативтiк құқықтық актiлердi дәл және бiрдей қолдану және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нормативтiк актiлердiң мiндеттi талаптарын орындау кезiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдар қабылдайтын шаралар жүйесi;
      54) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тексеру - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлетті және/немесе өңiрлiк және аумақтық органдардың лауазымды тұлғасының немесе лауазымды тұлғаларының шаруашылық жүргізетiн субъектiлердiң су қорын пайдалану және қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын қадағалауын айқындау мақсатында жасайтын әрекетi.";

      2) 48-бап мынадай мазмұндағы 2 және 3-тармақтармен толықтырылсын:
      "2. Уәкiлеттi органның мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi басты мiндеттерi:
      1) өз құзыреттерінің шегiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын барлық министрлiктермен, агенттіктермен, ведомстволармен өзара іс-қимыл жасасуды және қызметтерiн үйлестiрудi;
      2) шаруашылық және өзге қызметтің әсер етуiмен сулардың жағдайы және өзгерiстерiн қадағалауды, сондай-ақ су қорғау iс-шараларының орындалуын тексерудi;
      3) су қорын пайдалану және оны есепке алудың белгіленген;
      4) суларды қорғау жөнiндегi мiндеттердi орындауды;
      5) су объектiлерiне зиянды әсер етудiң алдын алуды және жоюды;
      6) барлық заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
      3. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) су шаруашылық құрылыстарын пайдалану ережелерiн, олардың жұмысының белгiленген режимiн сақтауды бақылау;
      2) су пайдаланушылардың және шаруашылық субъектiлерiнiң трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғауды реттейтiн Қазақстан Республикасының су заңнамасын, Қазақстан Республикасы бекiткен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауын инспекторлық тексеру.
      Тексерулер түрлерi:
      жоспарлы тексеру - бақылаушы орган алдын ала жоспарланған заңнамамен белгіленген кезеңдiлiкке сәйкес жүргiзiлетiн тексеру;
      жоспардан тыс - Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi, Бас прокуратурасы, оған уәкiлетті өзге де мемлекеттiк органдардың тапсырмаларымен және сұрауларымен, депутаттық сауалдармен байланысты, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу туралы өтiнiмдер, азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп және апатты ахуал туғызатын жағдайларда заңнаманы бұзушылық белгiлерiн тiкелей анықтай отырып, өтiнiштер бойынша, сондай-ақ жоспарлы iс-шаралар нәтижесiнде айқындалған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында уәкілетті орган жүргiзетiн тексеру;
      кешендi тексеру - уәкілетті орган су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жүргізетiн тексеру;
      қарсы тексеру - үшіншi тұлғаларға қатысты, егер де тексеру жүргiзу кезiнде бақылаушы органдарда көрсетiлген тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алуға қажеттілігі туындаған жағдайда жүргізiлетін тексеру;

      3) 49-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлетті орган және оның бассейндi су шаруашылығы басқармасы мыналарды:
      1) шаруашылық қызметтiң белгіленген режимiндегі және ерекше қорғалатын су объектiлерiндегі су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын қадағалауды;
      2) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келiсiмдердiң шарттары мен талаптарын орындауды;
      3) су объектiлерi бойынша су пайдаланудың және су тартудың белгiленген тәртiптерiн және ережелерiн, лимиттерiн, сондай-ақ суларды пайдалану режимiн сақтауды;
      4) су жинау имараттарын, су шаруашылық жүйелерiн және су сақтау қоймаларын пайдалану ережелерiн қадағалау;
      5) су объектiлерiне жинаған сулар мен оларға құйылған сулар санының алғашқы есепке алынуының дұрыстығын, сулардың сапасын айқындауды, суларды пайдалану және құюды есепке алу үшiн жабдықтар мен аппаратуралардың саны мен жағдайын, су пайдаланушылардың есептiлiктiң белгiленген мерзiмдерiн сақтауын және бұл жабдық пен аппаратураның мемлекеттік аттестатталуын;
      6) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берiлген лицензиялармен және рұқсаттармен белгiленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ суларға зиянды әсер етулерге (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзулар және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды орындауын;
      7) су объектілерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берудiң заңнамада белгiленген тәртiбiнің сақталуын;
      8) су объектiлерінің мемлекеттiк мониторингін жүргізудiң заңнамада белгiленген тәртiбi сақталуын және су объектiлерiн пайдалану мен қорғау бөлігінде жер бетi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алудың жүзеге асырылуын;
      9) белгіленген тәртiппен бекiтiлген жобалық құжаттаманың болуын әрi экономика салалары объектiлерiн салу, қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандырудың және су объектiлерiн, оларды қорғау аймақтары және белдеулерiн пайдалану мен қорғаумен байланысты өзге де қызметтің оларға сәйкес болуын;
      10) су объектiлерiн өз бетiмен пайдалануға, су объектiлерiн қорғау аймақтары және белдеулерiнiң аумақтарында өз бетімен құрылыс салуға жол берiлмеуiн;
      11) суды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы ғылым мен техника жетiстiктерiн, озық тәжiрибенi су тұтынудың үлесiн азайту жөніндегі iс-шараларды кәсiпорындарда мекемелер мен ұйымдарда енгiзудi бақылауды жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлетті орган, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкілетті мемлекеттiк орган, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлетті орган, ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттік орган, фитосанитарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган және жергілiктi атқарушы органдар:
      1) өз құзыретiне сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) су қорының сапалық әрi сандық жай-күйiнiң өзгеруiн тексерудi және сараптама жүргізудi ұйымдастырады;
      3) су заңнамасының бұзылуын жоюға шаралар қабылдайды;
      4) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық құжаттар дайындауға қатысады;
      5) белгіленген талаптар бұзылып жүргізiлген су объектiлерiне сарқынды суларды шектеу, тоқтата тұру және оған тыйым салу, сондай-ақ судың жай-күйіне терiс әсер ететiн жекелеген өндiрiстiк объектiлер, цехтар мен кәсiпорындар қызметiн тоқтату туралы белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгiзедi.";

      4) мынадай мазмұндағы 49-1, 49-2 және 49-3-баптармен толықтырылсын:

      "49-1-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласында
                 мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргiзудiң
                 тәртiбi

      1. Мемлекеттiк бақылау жүргiзушi мемлекеттiк органдардың қызметiн ұйымдастыру, жоспарлау, бiрлесiп атқару және үйлестiру мақсатында 49-бапта көрсетiлген мемлекеттiк органдардың аумақтық органдары алабтың сәйкестi су шаруашылық басқармаларымен бiрлесiп, жыл санын, жоспарланатын жыл алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан бастап уәкiлеттi органға су заңнамасының жеке және заңды тұлғалармен сақталуын тексеру жүргізудiң жылдық жоспарын тиiстi су шаруашылық басқармасына (жоспарлы тексерулер) келiсiмдеуге тапсырады. Қажет болғанда тексеру жүргізудiң жоспарлары түзетiледi.
      Жылдық тексерудiң келiсiлген жоспарлары жоғары тұрған мемлекеттiк органдарға жоспарланған жылдың 15-қаңтарына дейiнгi мерзiмде бекiтуге берiледi.
      Жылдық тексерудiң келiсiлген жоспары, жоспарлы тексерулердi жүргізуге негіз болады.
      2. Жоспардан тыс тексерулерді өткiзуге:
      1) су қорғау заңнамасын бұзушылық фактiлерi;
      2) жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың тапсырмасы;
      3) алабтық кеңестердiң ұсыныстары;
      4) жеке және заңды тұлғалардың шағымдары, жүгiнулерi және мәлiмдемелерi негiз болады.
      Беймәлiм жүгiнулер жоспардан тыс тексеру жүргізуге негiз бола алмайды.
      2. Су қорғау шараларын сақтау және әзiрлеу мәселелерi бойынша қоғамдық ұйымдармен, заңды және жеке тұлғалармен өзара әрекет етудi ұйымдастыру мақсаттарында, уәкiлетті орган:
      1) оларды алабтық кеңестердiң жұмысына қатысуға тартады;
      2) алабтық кеңестердiң мәжiлiстерiнде су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өзектi мәселелердi қарайды.
      Мемлекеттік бақылау сонымен қоса, су объектiлерiн пайдаланумен, су қорының мемлекеттiк кадастры мен мониторингiн жүргiзумен байланысты схемалар мен жобаларды дайындағанда да жүргізiледi;
      3) Бақылау жүргiзушi мемлекеттiк органдары Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекiтiлген тәртiпте бiрлескен кешендi тексерулерді жоспарлауы мүмкiн.
      4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен белгіленбеген тексерудiң өзге түрлерiн жүргiзуге тыйым салынады.
      5. Тексеру, бақылаушы органның тексерудi жүргізу туралы шығарылған нұсқамасының негізiнде жүргізiледi.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеру алдында, уәкiлетті органмен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексеру белгілеу туралы акт жасалады.
      6. Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу туралы нұсқама және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексеру белгiлеу туралы актiнi, тексеру жүргізушi лауазымды тұлға заңды тұлғаның (филиалының немесе өкiлдiгінiң) басшысына немесе өзге лауазымды тұлғасына, жеке кәсiпкерге немесе жеке тұлғаға қызметтiк куәлiктi көрсете отыра табыс етедi.
      Тексерудi, тек қана су заңнамасының сақталуына тексеру туралы нұсқамада немесе тексерудi белгілеу актiсiнде көрсетiлген лауазымды тұлға (тұлғалар) жүргізедi.
      Су заңнамасының сақталуына, тексеру жүргізу туралы бiр нұсқаманың немесе тексерудi белгілеу актiнiң негiзiнде тек ғана бiр тексеру жүргiзуге болады.
      7. Заңды және жеке тұлғаларды тексерудi уәкiлетті орган мiндетті түрде су заңнамасының сақталуын тексеру актiсiн жасау арқылы жүргізiледi.
      Тексеру актiсi тексерiлуші шаруашылық субъектiсi өкiлiнiң қатысуымен жасалуы тиiс.
      Тексеру актiсiнiң кiрiспесiнде тексерiлуші объектiнiң негізгi сипаттамалары, шаруашылық әрекетінiң түрi, рұқсаттық, нормалау және басқа да құжаттарының болуы, бөлiнген лимит көлемi, алынған және қашыртылған сарқынды суларының көлемi, су қорғау шараларының болуы және олардың орындалу барысы, суды айналмалы және қайта пайдалану жүйесiнiң болуы және оның көлемi және басқа да қажеттi деректер көрсетiлуi қажет.
      Жоғарыда аталған деректер көрсетiлгеннен кейiн, Тексеру актісiнде анықталған су заңнамасының және су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы басқа нормативтi актiлердi бұзушылықтар, тиiстi заңнамалық және нормативтiк құжаттардың баптары бойынша көрсетiледi.

      49-2-бап. Су заңнамасын бұзушылықты жою жөнiндегі шараларды
                қабылдау кiнәлiлердi жауапкершілікке тарту

      1. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде лауазымды тұлға су заңнамасын бұзушылықтың алдын алу, анықтау мен жою және кiнәлiлердi жауапкершілiкке тарту шараларын қабылдайды.
      Тексеру барысында су заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, Тексеру актiсiнің негiзiнде мемлекеттiк инспектор (oған берiлген құқықтар шегінде) бұзушылықтың ауырлығына байланысты бұзушыға бiр немесе бiр уақытта бiрнеше әсер ету шараларын қолдану туралы шешiм қабылдайды:
      1) анықталған су ресурстарын пайдалану мен оларды қорғаудың ережелерiн бұзушылықтарды жою жөнiндегi нұсқаманы шығарады;
      2) Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттаманы жасайды;
      3) Әкiмшiлiк жазаға тарту туралы қаулы шығарады;
      4) кiнәлі тұлғаларға су заңнамасын бұзумен келтiрiлген залалдың орынын epiкті түрде толтыруға сот арқылы талап қояды;
      5) су пайдаланушылар өз еркiмен су алғанда, су объектiлерiнде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда су пайдаланушылардың шаруашылық қызметтерiн тоқтата тұру, сонымен қатар белгiленген талаптарды бұзумен жүргізiлетiн сарқынды суларды су объектiлерiне төгудi шектеу, тоқтата тұру және тыйым салу туралы, су объектілерiнiң жай-күйіне керi әсер ететiн өндiрiс объектiлерiнiң цехтары мен кәсiпорындарының қызметiн тоқтату туралы сот органдарына ұсыныс бередi;
      6) су заңнамасын бұзғаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн құқық қорғау органдарына тиiстi материалдарды жiбередi.
      2. Бiр тұлғамен екi немесе одан көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалса, әрбiр әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа жаза дара берiледi.
      3. Қаулы әрбiр құқық бұзушыға жекелеген түрде (заңды, лауазымды және жеке тұлғаға) қабылданып, 3 данадан толтырылады, оның бiр данасы жеке тұлғаға және заңды тұлғаның заңды өкiлiне бiрден тапсырылады. Көрсетiлген тұлғалар болмаған жағдайда, қаулы шығарылған күннен бастап 3 (үш) күн iшiнде оларға қаулы көшiрмесi жiберiледi.
      4. Cу пайдаланушылармен су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы су заңнамасын және басқа да нормативтi құқықтық актiлердi бұзумен жүзеге асырылған шаруашылық және басқа да әрекеттерді шектеу және тоқтата тұру туралы сот органдарына мәлiмдеме белгіленген тәртiпте берiледi.

      49-3-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы
                мемлекеттiк бақылаудың мерзiмдерi мен кезең аралығы

      Тексерудiң ұзақтығы бiр айдан аспауы керек. Арнайы зерттеулердi (сынақтарды), көлемi үлкен тексерулер қосылған сараптамаларды жүргізу қажеттігiмен байланысты ерекше жағдайларда уәкiлеттi органның басшысы немесе оны ауыстырушы тұлға тексеру жүргізудiң мерзiмдерi ұзapуы мүмкiн, бiрақ ол бiр айдан аспауы керек.
      Тексеру жүргiзу мерзiмiнiң барысы уақыт аралығына немесе белгiленбеген уақытқа тексерудiң мерзiмiн тоқтата тұру актiсiн жасау негізiнде, құқықтық статистика органын ескерту арқылы тоқтата тұрылуы мүмкiн. Белгiленбеген уақытқа тоқтата тұрған тексеру уәкiлеттi органмен тексерудi қайта жандандыру туралы актiнi жасау жолымен құқықтық статистика органдарын ескерту арқылы қайта жандандырылады. Тексеру жүргізудiң мерзiмiнiң барысы қайта жандандырылған күннен бастап жалғастырылады.";

      5) 51-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) су қорын пайдалану мен қорғау саласына қатыстарды реттейтiн заңдық және басқа да нормативтік құқықтық актілердiң жобаларын дайындау жөнiнде ұсыныстар енгізедi.";

      6) 53-баптың 1-тармағындағы "ал жер асты сулары бойынша - жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлетті орган" деген сөздер алынып тасталсын.

      8. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі  Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар):
      50-баптың 1-тармағы 11) тармақшасы мынадай абзацпен толықтырылсын:
      "шағын кәсiпкерлік субъектiлерiн қолдау".

      9. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 12 қыркүйектегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 447-құжат; 2001 ж., N 23, 309, 321-құжаттар; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 18, 110-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы жетiншi және сегiзiншi бөлiмдермен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк көліктiк бақылау (бұдан әрі - көлiктiк бақылау) - жеке және заңды тұлғалардың көлiкті қызметтер рыногының жұмыс iстеуiн, олардың сапасын, азаматтардың өмiрi мен денсаулығының, көлік процестерінің қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi реттейтiн Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңнамасын сақтауын тексеру мақсатында уәкілеттi мемлекеттiк орган жүргізетiн іс-шаралар жиынтығы;
      Тексеру - шаруашылық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңнамасын сақтауын айқындау мақсатында жасалатын, бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың iс-қимылы.";

      2) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-бап. Көлiктiк бақылау

      1. Көлiк құралдарын пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңнамасының, қозғалыс қауiпсiздігі мен экология жөніндегі талаптардың сақталуына көлiктiк бақылауды уәкілеттi орган және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады.
      2. Уәкiлеттi орган жүзеге асыратын көлiктi бақылау өзiне:
      1) жолаушылар мен жүктердiң, оның iшiнде қауiптi жүктер ережелерiнiң сақталуын бақылауды;
      2) темiр жол көлiктерiндегі, оның iшiнде магистральдық, стансалық және кiре берiс темiр жолдарындағы қозғалыс қауiпсiздiгін қамтамасыз етуге бақылауды;
      3) темiр жол қозғалыс құрамының мемлекеттік тiркелуiн бақылауды;
      4) кеме жүзу және теңiзде жүзу қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды;
      5) шағын флотты және оларға арналған база-тұрақтарды қауiпсiз пайдаланудың қамтамасыз етiлуiн бақылауды;
      6) кемелер және қадағаланушы объектiлерге техникалық бақылауды;
      7) халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде рұқсат беру жүйесi талаптарының сақталуын бақылауды;
      8) көлiктiк қызмет көрсету саласында лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылауды;
      9) саудалық теңiзде жүзу мақсатында пайдаланатын кемелердiң мемлекеттiк тiркелуiн бақылауды;
      10) теңiз кемелерi мен олардың сыныптамасына техникалық бақылауды;
      11) iшкi су көлiктерiне арналған лоцмандық қызмет және өзге де қызметтің iшкi су жолдарындағы жүзу ережесiнiң сақталуын бақылауды;
      12) техникалық пайдалану ережелерi мен кемелердегі қызмет жарғысының сақталуын бақылауды;
      13) теңiз жолдарының, лоцмандық қызмет және өзге де теңiз қызметтерiнің жай-күйiн бақылауды;
      14) тасымалдаушының оның жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шартын жасасуын бақылауды;
      15) Қазақстан Республикасының кеме қатынасы су жолдарын жеке және заңды тұлғалардың пайдалану мерзiмiн бақылауды;
      16) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының өтуiн бақылауды;
      17) автокөлiк құралдары жүргiзушілерінің жолаушылар мен жүктердi, оның iшiнде қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде белгіленген еңбек және демалыс режимiн сақтауын бақылауды;
      18) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша қозғалуға арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген параметрлерiн сақтауын бақылауды;
      19) жолаушылар мен жүктердi, оның iшiнде қауiптi жүктердi тасымалдау саласындағы автокөлiк құралдарын пайдалану кезiнде шығарындыдағы ластаушы заттар құрамының нормативтердiң сақталуын бақылауды қамтиды.
      3. Уәкiлетті органның лауазымды тұлғасы көліктік бақылауды жүзеге асыру кезiнде нысандық киiм киюi және талап ету бойынша қызметтiк куәлігін көрсетуi тиiс.";

      3) мынадай мазмұндағы 25-1, 25-2 және 25-3-баптармен толықтырылсын:

      "25-1-бап. Көлiктiк бақылау жүргiзудiң мәнi мен мақсаты

      1. Көліктiк бақылау жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын қызметке жүргiзiледi.
      2. Көліктік бақылау жүргiзудiң мақсаты Қазақстан Республикасының пайдалануға беру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және көлiктiң барлық түрлерiндегі тиiмдi қызмет бойынша көлiк саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау болып табылады.
      3. Уәкiлеттi орган орталық және жергілiктi мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бiрлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
      Мемлекеттiк органдар уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлiк саласындағы қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге көлiктiк бақылауды жүзеге асыру бойынша мiндеттердi орындауда жәрдем көрсетуге мiндетті.

      25-2-бап. Тексерулердi жүзеге асырудың кезеңдiлiгi мен
                нысандары

      1. Тексерулердiң нысандары:
      жоспарлы - уәкiлеттi орган алдын ала жоспарлаған, алдыңғы тексерулерге қатысы бойынша заңнамада белгіленген уақыт аралығы ескерiлiп жүргізiлетiн тексеру;
      жоспардан тыс - Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметі, Бас прокуратурасы, оған уәкiлеттi өзге де мемлекеттік органдардың тапсырмаларымен, депутаттық сауалдармен байланысты, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу туралы өтiнiмдер, азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп және апатты ахуал туғызатын жағдайларда заңнаманы бұзушылық белгілерiн тiкелей анықтай отырып, өтiнiштер бойынша, сондай-ақ жоспарлы iс-шаралар нәтижесiнде айқындалған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында уәкілетті орган жүргізетiн тексеру;
      қарсы - шаруашылық субъектiсiнiң шарттық мiндеттемеде не өзге де құқықтық қатынаста болған жеке немесе заңды тұлғаға (филиалға немесе өкiлдiкке) қатысты ұсынылған не алынған қосымша ақпараттың шынайылығын қайта тексеру мақсатында уәкілеттi орган жоспардан тыс тәртiппен жүргiзетін тексеру;
      рейдтiк - бiрнеше шаруашылық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелерi бойынша олардың қызметін бiр мезгілде қамтитын тексеру;
      бiрлескен - Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау мәселелерi бойынша шаруашылық субъектiсiнiң қызметiн бiрнеше бақылаушы органдардың тексеруi.
      2. Тексеру жүргiзу Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының және көлiк кәсiпорнының қызметін кiдiртпеуi тиiс.
      Уәкілетті мемлекеттік орган сол заңды тұлғаның тексеру жүргізгенiне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн тексеруге құқылы.

      25-3-бап. Тексерулер жүргiзудiң мерзiмдерi

      1. Тексерулер жүргiзу мерзiмдерi, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгедей белгіленбесе, акт табысталған сәттен бастап отыз жұмыс күнінен аспауы тиiс.
      2. Құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғаға тексеру жүргізу кезiнде уәкілетті мемлекеттік орган тексеру жүргiзу мерзiмiн 15 жұмыс күнiне дейiн ұзартуы мүмкiн.
      3. Ерекше жағдайларда арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болғанда, сондай-ақ тексерудiң едәуiр көлемдерiмен байланысты мемлекеттік бақылау органының басшысы (не оны алмастыратын тұлға) тексеру жүргізу мерзiмiн құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлға үшiн жиырма жұмыс күнiне дейiнгi мерзiмге және құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлға үшiн отыз жұмыс күнiне дейінгі мерзiмге ұлғайтуы мүмкiн.
      4. Teкcepу жүргiзу мерзiмiн мемлекеттiк орган тоқтату немесе тексеру жүргiзу мерзiмiн жаңалау туралы акт шығару жолымен тасымалдаушыға уәкiлетті мемлекеттiк органның құжаттар беру туралы талаптарын тапсыру және тасымалдаушы тексеру кезiнде сұралған құжаттарды беру сәттерi арасында, сондай-ақ уәкiлетті органның сұрауы бойынша мәлiметтер мен құжаттарды алу сәтіндегі уақыт кезеңiнде құқықтық статистика органын хабардар ету арқылы тоқтатады немесе жаңалайды.
      5. Көлiк саласындағы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде өзгесi көзделмесе, жылына бiр реттен жиi емес тексеруге жатады.".

      10. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат):

      1) 41-баптың төртiншi бөлiмiндегі "инспекциялау (тексеру)" деген сөздер "тексеру" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 44-баптағы:
      атауындағы "Инспекциялау (тексеру)" деген сөздер "тексеру" деген сөзбен ауыстырылсын:
      "инспекциялауды", "инспекция", "инспекциялаушы органға", "инспекциялау", "инспекциялауды" деген сөздер сәйкесiнше "тексерудi", "тексеру", "тексерушi органға", "тексеру", "тексерудi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 48-баптағы 1-тармақтың 1) тармақшасындағы "инспекция" деген сөз "тексеру" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 73-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Тарату комиссиясының қызметін бақылауды және таратылатын қаржылық ұйымдар кредиторларының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган олардың қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте тексередi.".

      11. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):
      мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2, 7-3, 7-4-баптарымен толықтырылсын:

      "7-1-бап. Әуе кеңiстiгiн және авиация қызметін пайдалану
                саласындағы мемлекеттік бақылау мыналарды қамтиды:

      әуе кеңiстiгiн барлық пайдаланушылар үшiн мiндеттi ережелердi, нұсқаулықтарды және әуе кеңiстігін қауiпсiз пайдалануды реттейтiн басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердi орындауды мемлекеттiк бақылау;
      авиациялық персонал денсаулығының жай-күйi мәселесi бойынша белгіленген талаптар мен нормаларды әуе кемелерiн пайдаланушылар мен азаматтық авиацияның өзге де субъектiлерiнiң орындауына мемлекеттiк бақылау;
      азаматтық әуе кемелерiнiң жазғы жарамдылығына мемлекеттік бақылау;
      ұшулардың қауiпсiздiк ережесiн, авиациялық қауiпсiздiк ережесiн және азаматтық авиация саласындағы өзге де нормативтiк құжаттардың сақталуына мемлекеттік бақылау;
      халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыруға мемлекеттік бақылау;
      әуежай ауданында объектiлердi таңбалауды жүзеге асыруға мемлекеттік бақылау;
      әуе кемелерінің жарамдылық нормаларына сәйкестігін мемлекеттiк бақылау;
      жазғы жарамдылық сертификатына эксплуатантқа берiлген талаптарға әуе кемесiнiң жай-күйi сәйкестiгіне мемлекеттік бақылау;
      өз құзiретi шегiнде заңсыз қол сұғушылық актiлерiнен Қазақстан Республикасының азаматтық авиацияны қорғауды қамтамасыз ететiн заңдарды, ережелер мен рәсiмдердi сақтауға мемлекеттік бақылау;
      ұшулардың қауiпсiздiгiн және авиациялық техниканың қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөнiндегi белгіленген талаптардың орындалуына бақылау, авиациялық оқиғалар мен инциденттердiң алдын алу және тергеуге қатысу, өз құзiретi шегінде әуе кемелерiн пайдаланушылардың, әуежайлардың (аэродромдардың) және азаматтық және эксперименттiк авиацияның басқа ұйымдарының, сондай-ақ авиациялық персоналдың қызметiне инспекторлық тексерулердi жүргізу;
      авиация саласындағы сертификаттық талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау;
      ұшулардың қауiпсiздігін қатар төндiруi мүмкiн қызметтi жүзеге асыруға мемлекеттiк бақылау;
      Уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары авиация қызметi саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезiнде формалық киiм-кешектi киюi және талап ету бойынша қызметтік куәлiктердi көрсетуi тиiс.

      7-2-бап. Бақылау жүргiзудiң мәнi мен мақсаты

      Мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн және Қазақстан Республикасы авиациясының қызметiн пайдалану саласындағы заңнамаға сәйкес жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет үшiн жүргiзiледi.
      Мемлекеттiк бақылау жүргiзудiң мақсаты әуe кеңiстігінде қауiпсiз пайдалануды және тиiмдi қызметтi қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн және авиация қызметiн пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау болып табылады.
      Уәкiлетті орган мүдделi мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бақылаудың бiрлескен шараларын қабылдайды, ақпаратты өзара алмасуды қамтамасыз етедi.
      Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн және авиация қызметiн пайдалану саласындағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi орындауда уәкілетті органға жәрдем көрсетедi.

      7-3-бап. Тексерулердi жүзеге асырудың мерзiмдiлігі мен
               түрлерi

      Тексерулердiң түрлерi:
      жоспарлы - бұрынғы тексерулерге қатысты заңнамамен белгіленген уақыт интервалдарын ескере отырып, жүргiзілетiн уәкілетті орган алдын ала жоспарлаған тексеру;
      жоспардан тыс - Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi, Бас прокуратурасы, оған уәкiлеттi өзге де мемлекеттiк органдардың тапсырмаларымен және сұрауларымен, депутаттық сауалдармен байланысты, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу туралы өтiнімдер, азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп және апатты ахуал туғызатын жағдайларда заңнаманы бұзушылық белгiлерiн тiкелей анықтай отырып, өтiнiштер бойынша, сондай-ақ жоспарлы iс-шаралар нәтижесiнде айқындалған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында уәкiлетті орган жүргiзетiн тексеру;
      қарсы - тексерiлетiн шаруашылық жүргiзушi субъектi шарт мiндеттемелерi немесе өзге де құқықтық қарым-қатынастары болған жеке немесе заңды тұлғаға (филиалға немесе өкiлдiкке) қатысты берiлген немесе қосымша ақпаратты алудың растығын қайта тексеру мақсатында жоспардан тыс тәртiппен уәкiлетті орган жүргізетiн тексеру;
      рейдтiк - шаруашылық жүргiзуші субъектiлердiң Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген талаптарын олардың сақтауы мәселесi бойынша бiрнешеуінің қызметін бiр уақытта қамтитын тексеру;
      Тексерудi жүргiзу Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiмен белгiленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігiн және авиация қызметiн пайдалану саласындағы субъектілердiң қызметiн тоқтатуы тиiс емес.
      Уәкілеттi орган заңды тұлғаның өзiне тексеру жүргiзуге қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн тексеруге құқылы.

      7-4-бап. Тексерулер жүргiзу мерзiмi

      Тексерулер жүргiзу мерзiмi егер, өзге Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленбесе, актінi тапсыру сәтiнен бастап отыз жұмыс күнiнен аспауы тиiс.
      Құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғаға тексеру жүргiзу кезiнде тексеру жүргізу мерзiмiн уәкiлетті орган қырық жұмыс күнiне дейiн ұзартуы мүмкiн.
      Ерекше күрделi мәселелердi тексеру кезiнде тексеру жүргізу мерзiмiн уәкiлетті мемлекеттік орган құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлға үшiн елу жұмыс күнiне дейiн және құрылымдық бөлімшесi бар заңды тұлға үшiн алпыс жұмыс күнiне дейiн ұлғайтуы мүмкiн.
      Ерекше күрделілiк мәселелерi Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн және авиация қызметiн пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын тапсырылатын субъектiлерге уәкiлеттi мемлекеттiк органның негіздi жазбаша шешiмiмен расталады.
      Тексеру жүргізу мерзiмi құжаттарды беру туралы уәкiлеттi органның және тексерулердi жүргізу кезiнде субъект сұрау салатын құжаттарды берудiң талаптарын Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігі және авиация қызметiн пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектiге тапсыру сәтi арасындағы уақыт кезеңiне, сондай-ақ, уәкiлетті органның сұрау салуы бойынша мәліметтер мен құжаттарды алу сәтiне тоқтатылады.
      Ерекше жағдайларда арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болғанда, сондай-ақ тексерудiң едәуiр көлемдерiмен байланысты мемлекеттік бақылау органының басшысы (не оны алмастыратын тұлға) тексеру жүргізу мерзiмiн құрылымдық бөлімшесi жоқ заңды тұлға үшін жиырма жұмыс күнiне дейiнгi мерзiмге және құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлға үшiн отыз жұмыс күнiне дейінгі мерзiмге ұлғайтуы мүмкiн.
      Teкceру жүргiзу мерзiмiн мемлекеттiк орган тоқтату немесе тексеру жүргiзу мерзiмiн жаңалау туралы акт шығару жолымен Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігiн пайдалану және авиация қызметi саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектiге уәкiлеттi органның құжаттар беру туралы талаптарын тапсыру және субъект тексеру кезiнде сұралған құжаттарды бepу сәттерi арасында, сондай-ақ уәкiлеттi органның сұрауы бойынша мәлiметтер мен құжаттарды алу сәтіндегі уақыт кезеңiнде құқықтық статистика органын хабардар ету арқылы тоқтатады немесе жаңалайды.
      Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігiн және авиация қызметiн пайдалану саласындағы шағын кәсiпкерлік субъектiлерi егер, Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiмен өзге көзделмесе, жылына кемiнде бiр рет тексеруге жатады.".

      12. "Қазақстан Республикасының Iшкi істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3), 8-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8-1) құрамында есiрткiсi бар заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылау;
      8-2) азаматтық және қызметтiк қаруды және оның оқ-дәрiлерiн мемлекеттік бақылау;
      8-3) күзету қызметiн жүзеге асыратын субъектiлердiң қызметiн, сондай-ақ күзет дабыл құралдарын монтаждауды, орнатуды және техникалық қызмет көрсетудi мемлекеттiк бақылау;
      8-4) шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында болу ережелерiн сақтауын мемлекеттік бақылау.";

      мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-баптармен толықтырылсын:

      "11-1. Қару-жарақ пен оған патрондардың жекелеген түрлерiнiң, азаматтық пиротехникалық заттардың және олардың қолданылуымен жасалған бұйымдардың, жарылғыш заттардың, түрлi-түстi бейнелеудегі көбейту-көшiру техникасының, улы, радиоактивтi, құрамында есiрткi бар, психотропты заттар мен прекурсорлардың, сондай-ақ штемпель-граверлiк кәсiпорындардың айналымы саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметіне мемлекеттiк бақылау.
      1. Қару-жарақ пен оған патрондардың жекелеген түрлерiнiң, азаматтық пиротехникалық заттардың және олардың қолданылуымен жасалған бұйымдардың, жарылғыш заттардың, түрлi-түсті бейнелеудегі көбейту-көшiру техникасының, улы, радиоактивтi, құрамында есiрткi бар, психотропты заттар мен прекурсорлардың, сондай-ақ штемпель-граверлiк кәсiпорындардың айналымы саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметiне мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының заңнама актілерiне сәйкес тексерулер жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
      2. Iшкi iстер органдарының лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын олардың сақтауы мақсатымен тексерулердi жүзеге асырады.
      3. Тексерулер мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) жоспарлы - заңнама актiлерiмен белгіленген уақыт интервалдарын ескере отырып, жүргiзiлетiн iшкi iстер органы алдын ала жоспарлаған тексеру;
      2) жоспардан тыс - Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi, Бас прокуратурасы, оған уәкiлетті өзге де мемлекеттiк органдардың тапсырмаларымен және сұрауларымен, депутаттық сауалдармен байланысты, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу туралы өтінімдер, азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп және апатты ахуал туғызатын жағдайларда заңнаманы бұзушылық белгiлерiн тiкелей анықтай отырып, өтiнiштер бойынша, сондай-ақ жоспарлы iс-шаралар нәтижесiнде айқындалған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында уәкiлеттi орган жүргiзетiн тексеру;
      3) қарсы - жеке немесе заңды тұлғамен шаруашылық жүргiзушi субъект шарт мiндеттемелерi немесе өзге құқықтық қатынастарда болған жеке немесе заңды тұлғаға қатысты берiлген немесе қосымша ақпаратты алудың растығын қайта тексеру мақсатымен жоспардан тыс тәртіппен уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргiзетiн тексеру;
      4) рейдтiк - айналымына бақылауды iшкi iстер органдары жүзеге асыратын құралдар мен заттар айналымы саласындағы нормативтiк-құқықтық актілердiң жекелеген талаптарын олардың сақтау мәселесi бойынша бiрнеше субъектілердiң қызметiн бiр мезгiлде қамтитын тексеру.
      4. Тексерулердi жүргізу үшiн негіздемелер болып мыналар табылады:
      1) iшкi iстер органдарының уәкiлеттi лауазымды тұлғаларының құқық бұзуды жасау фактілерiн тiкелей табуы;
      2) басқа мемлекеттiк органдардан түскен материалдар;
      3) жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
      4) қару-жарақ пен оған патрондардың жекелеген түрлерiнiң, азаматтық пиротехникалық заттардың және олардың қолданылуымен жасалған бұйымдардың, жарылғыш заттардың, түрлі-түсті бейнелеудегi көбейту-көшiру техникасының, улы, радиоактивтi, құрамында есiрткi бар, психотропты заттар мен прекурсорлардың, сондай-ақ штемпель-граверлік кәсiпорындардың айналымы саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi iшкi iстер органдарының жұмыс жоспары.
      5. Қару-жарақ пен оған патрондардың жекелеген түрлерiнiң, азаматтық пиротехникалық заттардың және олардың қолданылуымен жасалған бұйымдардың, жарылғыш заттардың, түрлi-түстi бейнелеудегі көбейту-көшiру техникасының, улы, радиоактивтік құрамында есiрткi бар, психотропты заттар мен прекурсорлардың, сондай-ақ штемпель-граверлік кәсiпорындардың айналымымен байланысты, жедел-алдын алу iс-шараларын жүргізу кезеңiнде iшкi iстер органы жүргізетiн тексерулердi қоспағанда, жеке кәсiпкерлiк қызметінiң субъектiлерi (кәсiпкерлiк субъектiлерi) үш айда кемiнде бiр рет тексерiледi.
      6. Қару-жарақ пен оның патрондарының жекелеген түрлерiнiң, азаматтық пиротехникалық заттардың және олардың қолданылуымен жасалған бұйымдардың, жарылғыш заттардың, түрлі-түсті бейнелеудегi көбейту-көшiру техникасының, улы, радиоактивтi құрамында есiрткi бар, психотропты заттар мен прекурсорлардың, сондай-ақ штемпель-граверлiк кәсiпорындардың айналымы саласындағы кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексерулердi ұйымдастыру мен жүргiзудiң тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған тәртіпте жүзеге асырылады.

      11-2-бап. Жоспардан тыс тексерулер

      Уәкiлетті лауазымды тұлғаның оны жасау сәтiнде тiкелей бұзу және тексерудi тағайындау туралы актiнiң айғағын бекiту үшiн шұғыл iс-қимылдарды жүргiзу қажеттілігі жағдайында келесi жұмыс күнiнен кешіктiрмей Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетiнiң аумақтық органдарына берiледi.".

      13. "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Yкiметінiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 1999 жыл, N 20, 727-құжат; 2001 жыл, N 24, 338-құжат; 2002 жыл, N 12, 116-құжат; 2003 жыл, N 15, 139-құжат; 2003 ж., N 15 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат):
      3-бапта:
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-2) жеке және заңды тұлғалардың шағымына, өтiнiшiне, арызына дереу жауап талап етiлетін жағдайларда, кәсiпорындар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жөнiндегi заңнамасын уәкiлетті органның құзiретiне бөлiнген мәселелерi бойынша сақтауына тексеру жүргiзедi;";

      3-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру жөніндегі заңнамасының орындалуын тексеру мақсатында уәкiлетті орган бухгалтерлік тексерулерді жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi органның ұйғарымда көрсетiлген осы заңнамаға сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын басқа тұлғалар кәсiпкерлер мен ұйымдар лауазымды тұлғалары бухгалтерлік тексерулердің қатысушылары болып табылады. Бухгалтерлiк тексерулер жүргiзу кезiнде кәсiпкерлер мен ұйымдарға тексерiлудегі есептiк кезеңге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.".

      14. "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 18, 368-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 20, 728-құжат; N 23, 931-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; N 14, 112-құжат; N 24, 177-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) мәтiндегi "Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган", "өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлетті орган", "өрт қауiпсiздігі саласындағы уәкiлеттi органның", "өрт қауiпсiздiгі саласындағы уәкiлетті орган" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бапта:
      тоғызыншы абзацтағы "басқару органдарының," деген сөздерден кейiн "өрт сөндiру органының және оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) филиалдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "өpт қауіпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган - өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган).";
      төртiншi абзацта:
      "қадағалауы" деген сөз "бақылауы" деген сөзбен ауыстырылсын, "Мемлекеттік", "арнаулы" деген сөздер алынып тасталсын;

      3) 4-баптың екiншi бөлігіндегі "және бақылайтын" деген сөздер алынып тасталсын;

      4) 2-тараудың атауындағы "мемлекеттік үкiмет органдарының өрт қауiпсiздігі саласындағы өкiлеттiгі" деген сөздер "мемлекеттiк билiк органдарының өрт қауiпсiздігі саласындағы құзыретi";

      5) атауындағы "өкілеттігі" деген сөз "құзыреті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      атауындағы және бiрiнші бөлігіндегi "өрт қауiпсiздігі саласындағы" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші абзацтағы "бiрыңғай" деген сөз алынып тасталсын, "әзiрлейдi" деген сөзден кейiн "және iске асыруды қамтамасыз етедi";
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "өрт пен оның салдарының мемлекеттiк есепке алу тәртiбiн айқындайды;";
      оныншы абзац алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "өрткe қарсы қызмет мiндеттi түрде құрылатын ұйымдардың және объектілердiң тiзбесiн бекiтедi;";

      6) 6-бапта:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Уәкілетті органның құзыреті";

      бiрінші бөлiгi алынып тасталсын;
      екінші бөлігінде:
      3) тармақшадағы "қадағалауын" деген сөз "бақылауын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) өрт қауiпсiздiгi саласындағы сертификациялауды жүзеге асырады;";
      8) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10), 11), 12) тармақтармен толықтырылсын:
      "10) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы өндiрiстi жүзеге асыруды бақылайды;
      11) өрт қауiпсiздігі саласындағы лицензиялауды жүзеге асырады;
      12) Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған осы нормалар мен ережелерi жоқ объектiлер құрылысына өрт қауiпсiздiгінің талаптарын белгілейтiн стандарттардың, нормалардың және ережелердiң жобаларын келiседi.";

      7) 9 және 9-1-баптар мынадай мазмұнда жазылсын:

      "9-бап. Өртке қарсы қызмет органдарының мәртебесi және
              олардың мiндеттерi

      Өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрттiң алдын алуды, өрт қауiпсiздiгі жағдайын және өрт сөндiрудi бақылауды жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.
      Өртке қарсы қызмет органдарының құрамына мыналар кiредi: басқару органы, күштер мен құралдар, оның iшiнде өрттің алдын алу мен оны сөндiрудi ұйымдастыруға, алғашқы кезектегi апаттық-қорғау жұмыстарын жүргізуге арналған өртке қарсы құрамалар, сондай-ақ белгіленген тәртiпте құрылған өрт-техникалық оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелерi.
      Өртке қарсы қызмет органдары сипатын Қазақстан Республикасы Президентi бекiтетін белгілерге ие.

      9-1-бап. Өртке қарсы қызмет органдарының құзыретi

      Өрткe қарсы қызмет органдары:
      1) мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ ұйымдарда, кәсiпорындарда және тұрғын үйлерде өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi орындауларын бақылауды жүзеге асырады;
      2) барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтардың, ұйымдардың орындауына мiндетті өрт қауiпсiздiгі нормалары мен ережелерiн және өрт қауiпсiздiгiнiң мәселелерiн реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
      3) жеке және заңды тұлғаларға өрт қауiпсiздiгін қамтамасыз етумен байланысты жұмыстар мен қызметтердi жүргiзуге лицензиялар бередi;
      4) өрттер мен өрт қауiпсiздiгі ережелерiн бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауларды жүзеге асырады;
      5) заңнамамен белгіленген құзыреттер шегінде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы өндiрiстi жүзеге асырады;
      6) мүдделі мемлекеттік органдармен бiрлесiп ғимараттардың, құрылыстардың және олардың кешендерiнiң, коммуникацияларының құрылысына (кеңейтуге, жаңғыртуға техникалық, қайта қаруландыруға, жаңғыртуға, жаңартуға, күрделі жөндеуге) Қазақстан Республикасының Үкiметі белгiлеген тәртiпте өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiмiне қатысты жобаларды мемлекеттік сараптауды жүргізедi;
      7) жұмылдыру дайындығы және өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн жұмылдыру, бейбiт және әскери уақытта төтенше жағдайлар туындаған кездегі олардың жұмыстарының тұрақтығын көтеру жөніндегі шараларды әзiрлейдi, өртке қарсы қызмет органдарының жұмылдыруға тұрақты дайындығын қамтамасыз етедi;
      8) азаматтарға, кәсiпорындардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды болдырмау және өрттердiң алдын алу жөніндегі iс-шараларды жүргізу туралы нұсқаулар бередi;
      9) елдi мекендердегi және объектілердегi өрт бөлiмшелерiнiң олардың өртке қарсы күреске ведомстволық қатыссыздығына қарамай дайындығын бақылауды жүзеге асырады;
      10) Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын мемлекеттік меншiктiң стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектiлерiн және өмiрмен қамтамасыз ету объектілерiн өрттен қорғау жөнiндегi қызметтi қамтамасыз етеді.
      Ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, агрегаттардың өндiрiстiк учаскелерінің жұмыстарын жартылай немесе толықтай тоқтатуды, ғимараттарда, имараттарда электр желiлерiн, жылыту приборларын пайдалануға және өрт қауiпсiздiгiнiң нормалары мен ережелерiн бұзушылықтар кезiнде, сондай-ақ жобалармен көзделген құрылыс, қайта жаңғырту, кеңейту немесе ұйымның имараттарды, ғимараттарды техникалық қайта жарақтау кезiндегi өрт қауiпсiздігінiң талаптары орындалмағанда жобалармен көзделген субъектiлер жүзеге асыратын өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізуге тыйым салуды өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлетті органның және облыстардағы (республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы) өртке қарсы қызмет аумақтық уәкiлеттi органдарының өтiнiмi бойынша прокурорға жиырма төрт сағат iшiнде жазбаша түрде хабарлама жiберу арқылы сот жүргізедi.
      Субъектiнiң жұмысына тыйым салу немесе жартылай немесе толық тоқтату туралы талап арызды өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган және облыстардағы (республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы) өртке қарсы қызмет аумақтық уәкілетті органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiмен белгiленген тәртiпте және негіздерде сотқа жiбередi.
      Ерекше жағдайларда адамдардың өмiрi мен денсаулығына айқын қауiп төндiрген өртке қарсы нормалар мен ережелердi бұзушылық кезiнде көрсетiлген мерзiмде талап арызды сотқа мiндеттi беру арқылы үш күннен аспайтын мерзiмге субъектінiң қызметіне тыйым салуға немесе тоқтатуға прокурорға жиырма төрт сағат iшiнде мiндеттi түрде жазбаша хабарлау арқылы жол берiледi. Осы ретте уәкiлетті органның және облыстардағы (республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы) аумақтық уәкiлеттi органдарының қызметке тыйым салу немесе тоқтату туралы актiсi сот шешiмiн шығарғанға дейiн жарамды.
      Хабарламаны алған прокурор жүргiзiлген әрекеттердiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда өз қаулысымен тыйым салу - шектеу сипатындағы шараларды қолданбайды немесе жояды.
      Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі өкiлдiктерінің өрт қауiпсiздігін қамтамасыз етудi бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, егер де Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе;";

      8) 9-2 және 9-3-баптар алынып тасталсын;

      9) мынадай мазмұндағы 9-2-1, 9-2-2 және 9-2-3-баптарымен толықтырылсын:

      "9-2-1-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау

      Уәкiлетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдылығының талаптарын шаруашылық субъектiлерiнiң сақтауын айқындау мақсатында жүргізiлетiн тексерулер түрiнде орындалады.
      Мемлекеттiк мекемелердiң және басқа да шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiн тексеру үшiн негіздеме болып табылатын өртке қарсы қызмет органының құжаты тексеру жүргiзу туралы нұсқама болып табылады.
      Тексерулер мынадай түрлерге бөлінедi:
      1) жоспарлы тексеру - заңнамада белгiленген алдыңғы тексерулерге қатысу бойынша уақыт аралықтары ескерiлiп жүргiзiлетiн өртке қарсы қызмет органы алдын ала жоспарлайтын тексеру;
      2) жоспардан тыс - Қазақстан Республикасының Президентi, Yкiметi, Бас прокуратурасы, оған уәкiлетті өзге де мемлекеттiк органдардың тапсырмаларымен және сұрауларымен, депутаттық сауалдармен байланысты, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу туралы өтiнімдер, азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп және апатты ахуал туғызатын жағдайларда заңнаманы бұзушылық белгiлерiн тiкелей анықтай отырып, өтiнiштер бойынша, сондай-ақ жоспарлы iс-шаралар нәтижесiнде айқындалған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында уәкiлеттi орган жүргізетiн тексеру;
      3) қарсы - шаруашылық субъектісi шарттық мiндеттемеде не өзге де құқықтық қатынастарда болған жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ұсынылған ақпараттың шынайылығын қайта тексеру не қосымша ақпарат алу мақсатында өртке қарсы қызмет органы жоспардан тыс тәртiппен жүргізетiн тексеру;
      4) рейдтiк - олардың өрт қауiпсіздігі саласындағы нормативтiк құқықтық актілердiң жекелеген талаптарын сақтау мәселелерi бойынша бiрнеше шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiн бiр уақытта қамтитын тексеру;

      9-2-2-бап. Өрт қауiпсіздігі саласындағы нормативтiк
                 құқықтық актiлердi кәсiпорындар мен ұйымдардың
                 орындауына бақылауды жүзеге асыру тәртiбi

      Өрт қауiпсіздігі саласындағы белгiленген тәртiпте бекiтiлген нормаларды, ережелер мен стандарттарды сақтауды бақылауға тұрғылықты пункттер, сондай-ақ олардың меншiк нысандарына қарамастан барлық кәсiпорындар мен ұйымдар жатады.
      Өртке қарсы қызмет органдары құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлетті органға олардың меншiк нысандарына қарамастан объектілерге жоспарлы тексеру жүргізудiң жылдық жоспарын ұсынады. Әр айдың аяғында тексерулер тағайындау және шаруашылық субъектiлерiнiң қызметін тексеру есебiне карточкаларын жасақтау туралы актiлерiне салыстыру жүргiзедi.
      Жоспардан тыс, қарсы, рейдтiк, тексерулер жүргiзу кезiнде тексеру тағайындау туралы акт шығарылады және тексеру есебiне карточкасы жасақталады және оны шығару күнiне тексерiлетiн объектiнiң тұрғылықты орны бойынша немесе кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыру орны бойынша құқықтық статистиканың уәкiлетті органында тiркеу үшiн ұсынылады.
      Тексеру азаматтардың өмiрiне және денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiне төнген қауiпті дереу жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдаймен туындаған айрықша жағдайларда, мезгiлсiз уақытта тексеру жүргізу кезiнде, сондай-ақ тiкелей оларды жасаудың сәтiнде бұзулар табылған және дәлелдердi бекiту үшiн жедел әрекеттердi жүргiзу қажет болған жағдайларда тексеру тағайындау туралы актi мен ақпараттық есеп құжаттары тексеру жүргiзу басталғаннан кейінгі келесi жұмыс күнi iшiнде құқықтық статистика жөніндегі уәкiлеттi органға ұсынылады.
      Кәсiпорындар мен ұйымдар олардың маңыздылығы мен өрт қауiпсiздiгi деңгейiне қарай 1, 2, 3 және 4-топтарының объектiлерiне бөлiнедi. Аудандағы объектiлер есебiн өртке қарсы қызмет органы жүргізедi.
      1-топтың объектiлерiне: құрылысының жалпы алаңы 3500 шаршы метрден асатын iрi өнеркәсiптiк кәсiпорындар және республикалық ғылыми-зерттеу мекемелерi; электр стансалары; әуежайлар; теңiз сауда порттары;
      театрлар, спорт сарайлары, басқа да мәдени-ойын-сауық мекемелерi, емдеу мекемелерi мен сыйымдылығы 800 және одан да көп қонақ үйлер; жалпы алаңы 2500 шаршы метрден асатын сауда объектілерi; музейлер, картина галерейлерi; жалпы алаңы 2500 шаршы метрден асатын кітапханалар; мұнай базалары мен жалпы сыйымдылығы 2000 текше метрден асатын мұнай өнiмдерiнiң қоймалары; газ қоймалары мен сыйымдылығы 1000 текше метрден асатын газ құю стансалары жатады.
      Бұл объектiлердi өртке қарсы қызмет органдары бес жылда бiр реттен жиi емес кешендi тексередi және жыл сайын кешендi тексеру кезеңiнде айқындалған өрт қауiпсiздігі саласындағы нормаларды, тәртiптер мен стандарттарды бұзулардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
      2-топтың объектiлерiне: бiрiншi топқа енбеген өнеркәсiптiк кәсiпорындар мен ғылыми-зерттеу мекемелерi; балық және өзен порттары; 50 бірліктен астам техника саны бар автокәсіпорындар; темiр жол стансалары, локомативтiк, вагондық, вагон жөндеу, рефрижераторлық, жөндеу-жабдықтау деполары; атқару және өкiлетті органның ғимараттары; ұлттық банк пен екiншi деңгейдегi банктер, аусымда 800 және одан да көп адам оқушылар, студенттер, тыңдаушылар саны бар оқу мекемелерi; бiрiншi топқа енбеген театрлар, спорт сарайлары, басқа да мәдени-ойын-сауық мекемелерi; алаңына қарамастан дiни мекемелер; 1000-нан 2500 шаршы метр жалпы алаңы бар сауда объектiлерi; мұражайлар, картина галереялары мен жалпы алаңы 1000-нан 2500-ге дейiн шаршы метр кiтапханалар, сыйымдылығы 400-ден 800 адам болатын емдеу мекемелерi мен қонақ үйлер; құрылымдарының 1500 шаршы метрден астам жалпы алаңы бар ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы объектiлерi мен құс фабрикалары жатады.
      Бұл объектілердi өртке қарсы қызмет органдары екi жылда бiр рет кешендi тексередi және жыл сайын кешендi тексеру кезеңiнде айқындалған өрт қауiпсіздігі саласындағы нормаларды, тәртiптер мен стандарттарды бұзулардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
      3-топтың объектiлерiне: екiншi топқа енбеген оқу мекемелерi; ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелерi; 50 бiрлiктен астам техника саны бар автокәсiпорындар; 1500 шаршы метрден кем жалпы алаңы бар ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы объектiлерi мен құс фабрикалары; балалар, әкiмшiлiк мекемелерi, жатақханалар, байланыс мекемелерi, коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындары; түтін жою жүйесi, 150 метр және одан да көп алаңы бар тамақтану, ойын мекемелерi, дәрiханалар, почта, байланыстың сөйлесу пункттерi, телеграф, банк бөлiмдерi, көркем шеберханалар, салтанат залдары көзделген тұрғын үйлер; бiрiншi және екiншi топтарға енбеген музейлер, картина галерейлерi, емдеу мекемелерi мен қонақ үйлер, сауда объектiлерi, кiтапханалар жатады.
      Бұл топтың объектiлерiн өртке қарсы қызмет органдары жылына бiр рет тексередi.
      4-топтың объектiлерiне: ашық автотұрақтар мен жеке гараждар; бiр қабатты жер үсті және жер асты гараждары; автомайқұю стансалары, саяжай және бақша шаруашылығы қоғамдары; мына: жеке тұрған, дара және қоршалған тұрғын үйлер; сауда павильондары, жөндеу шеберханалары, дүңгіршіктер, қабылдау пункттерi мен валюта айырбастау пункттерi, тауарларды өткізуге арналған, оның iшiнде рыноктар аумақтарында орналасқан контейнерлер; жеке тұрған және тұрғын үйлер мен құрылыстарға жапсарлас (қабаттас) салынған 150 шаршы метрге дейiнгi алаңы бар сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, тамақтандыру кәсiпорындары, ойын мекемелерi, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерi, дәрiханалар, медициналық кабинеттер, банктер бөлiмдерi, көркемдiк шеберханалары, шеберханалары, салтанат залдары, музейлер, көрмелер, офистер, аудио-бейне жазба және прокат пункттерi, валюта айырбастау пункттерi, диспетчерлiк пункттер мен басқа да ұсақ объектiлерi.
      Бұл топтың объектiлерiн өртке қарсы қызмет объектiлерi жылына бiр рет тексереді.
      Салынып жатқан объектiлердi өртке қарсы қызмет органдары олардың жобалық-сметалық құжаттамасына және орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының өрт қауiпсіздігі талаптарының сәйкестiгіне жалпы негiздерде, бiрақ жылына бiр реттен жиi емес тексеріледi.

      9-2-3-бап. Шағын кәсiпкерлік субъектiлерiнiң өрт қауiпсiздiгi
                 саласындағы нормативтік құқықтық актiлердi
                 орындауын бақылауды жүзеге асырудың тәртiбi

      Өртке қарсы қызмет органының шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнiң қызметiне тексеру жүргізуге негіз болып табылатын құжат тексеру тағайындау туралы акт болып табылады.
      Шағын кәсiпкерлік субъектілерiн тексеру олардың қандай топқа жататындығына қарай басқа объектілер сияқты сондай кезеңдiлiкте тексерiледi.
      Шағын кәсiпкерінің субъектілерiн тексеру ұзақтығы 5 тәулiктен аспауы тиiс.
      Өртке қарсы қызмет органдары шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тек сот тәртiбiмен тыйым салуы немесе тоқтата тұруы мүмкiн. Шаруашылық субъектiсiнiң қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салу немесе тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өрт пайда болуының анық қаупі болған кезде айрықша жағдайларда 3 күннен аспайтын мерзiмге рұқсат берiлуi мүмкiн. Бұл ретте қызметке тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шығарылғанға дейiн күшінде болады.
      Тексеру жүргізу кезiнде өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне тексеру жүргiзу туралы негiздеменi көрсетуге мiндетті.
      Өртке қарсы қызмет органдары лауазымдық тұлғаларының еркiн кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асырудың мүмкiн еместiгiне әкелетiн әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жауапкершiлiкке алып келедi.";

      10) 16-бапта:
      мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiмдермен толықтырылсын:
      "Ел қоныстанған аумақтарда, мемлекеттiк меншiктiң стратегиялық, аса маңызды мемлекеттiк объектiлерiнде және өмiрмен қамтамасыз ету объектiлерiнде өрттердi сөндiрудi мемлекеттiк өрт сөндiру мекемелерi және оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы) филиалдары жүзеге асырады.
      Басқа объектілердегі меншiктілiк нысанына қатыссыз өрттердi сөндiрудi салалық өрт сөндiру қызметтерi немесе ерiктi өртке қарсы құралымдар жүзеге асырады.";
      екiншi бөлiмнiң үшiншi сөйлемi алынып тасталсын;
      жетінші бөлімдегі "Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан аумақтық" және ", мемлекеттік өрт сөндiру мекемелерiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жиырмасыншы баппен толықтырылсын:
      "Өрт сөндiру кезiнде өртке қарсы қызмет қызметкерлерi мыналарға:
      1) өрт сөндiру үшiн өртке қарсы қызметтің күштерi мен құралдарын, көлiк және басқада материалдық-техникалық құралдарды тартуға;
      2) сөндiру және өрттi жою бойынша жұмыстарды жүргізу кезiнде цехтардың және объектiлердiң жұмысын тоқтатады, қажет болғанда қауiптi аймақтан адамдарды және материалдық бағалы заттарды көшiруге нұсқау бередi;
      3) азаматтардың олардың өрт кезiндегі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жекелеген учаскелерге, аумақтарға ғимараттардың үй-жайларына кiрулерiн шектейдi немесе уақытша тоқтатады;
      4) тұрғын үй және өзге де үй-жайларға азаматтардың ұйымдарына, оларға тиесiлі жер учаскелерiне, дипломатиялық иммунитетке ие шетел мемлекеттерiнiң және халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiнен басқа аумақтарға және үй-жайларға өрт кезiнде азаматтардың жеке қауiпсiздiгін қамтамасыз ету, азаматтарды құтқаруға, оттың таралуының алдын алуға және өрттi жоюға бағытталған шараларды қабылдау үшiн бөгетсiз кiруге;
      5) қажет жағдайларда жабық есiктер мен терезелердi, сондай-ақ адамдарды құтқару және өрттi сөндiру үшiн қоршауға алынған конструкцияларды ашуға;
      6) адамдарды құтқару үшiн және аса қажет болғанда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiпте байланыс құралдарын, мүлiктi және өзге де ұйымдастырудың материалдық құралдарын, олардың меншiктілiк нысанына қатыссыз өртті сөндiру және жою кезiнде иесiне залалды, егер ол келтiрiлген болса өтеу арқылы пайдалануға құқылы.";

      11) 21-баптың бiрiншi бөлiмiндегі "атқарушы" деген сөз "уәкiлетті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) 22-баптың екiншi бөлiмiндегі сөйлем алынып тасталсын.

      15. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы N 67-1  Заңына (ҚP Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "17-1) дәрменсiз қарызгердi оңалту, заңды тұлғаны банкрот деп тану және оны жою мониторинг процесi, сондай-ақ жоюдың соттан тыс рәсiмдерi (бұдан әрi - мониторинг) - кредиторлар мүдделерiн қорғау, экономикадағы шаруашылық тәуекелдер деңгейлерiн тиiмсiз өндірiстердi жою немесе қалпына келтiру жолымен төмендету мақсатында төлем қабiлетi жоқ ұйымдардың қаржылық-экономикалық жай-күйiн жүйелік талдау, қаржылық-экономикалық сауықтандыру шараларын уақытында қолдану процесi;";

      2) 10-1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратуды соттан тыс рәсiмiн жүргізудi бақылауды жүзеге асырады, банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын жоятын жою комиссияларының төрағаларын қоспағанда;";

      3) мынадай мазмұндағы 10-2, 10-3 баптармен толықтырылсын:
      "10-2. Бақылаудың мәнi мен мақсаты
      1. Олардың тараптарының банкроттық саласындағы құқықтық актiлерді сақтауы банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) рәсiмiн жүргiзу үшiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратуды соттан тыс рәсiмiнде уәкілетті органды бақылаудың мәнi болып табылады.
      2. Осы Заңмен белгiленген құқықтарды қорғау және тараптардың банкроттық рәсiмiнiң, ондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiнің мiндеттіліктерiн орындауды қамтамасыз ету бақылау мақсаты болып табылады.
      3. Осы баптың мақсаты үшiн банкроттық рәсiмiнiң тарабы, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмi деп кредиторлар, борышкер, меншiк иесi немесе оларға уәкiлеттенген орган, кредиторлар комитетi, конкурстық және оңалтушылық басқарушылар түсiнiледi.
      10-2. Бақылау нысандары
      4. Банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) рәсiмiн жүргiзу үшiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiнде бақылау мынадай нысандары жүзеге асырылады:
      1) банкроттық рәсiмiнде төлем қабiлетсiз борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқаруға лицензиясы бар тұлғалардың тiркеу есебi;
      2) төлем қабiлетсiз және дәрменсiз ұйымдардың мониторингі;
      3) камералдық бақылау;
      4) банкроттық рәсiмiнде, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiнде тараптардың банкроттық саласындағы құқықтық актiлердi сақтауына бақылау;
      5) оңалтушы және конкурстық басқарушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген банкроттық рәсiмiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн сақтауын тексеру.
      Оңалтушы және конкурстық басқарушылардың банкроттық рәсiмiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн сақтауын тексеру шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн бақылау болып табылмайды.
      5. Конкурстық сауда-саттықта конкурстық массаны өткiзу кезiнде ашықтықты, бәсеке қабiлетiн сақтау үшiн бақылау.
      10-3. Оңалтушы және конкурстық басқарушылардың банкроттық рәсiмiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн сақтауын тексеру
      1. Тексеру уәкілетті органның немесе оның аумақтық органдарының нұсқамасы негізiнде үш ай мерзiмi бар тексерiлетiн кезеңде бiр реттен жиi емес жүргiзiледi.
      2. Берiлетiн нұсқамаларда көрсетiлген тексерулердi жүргізудiң мерзiмi нұсқаманы тапсыру сәтiнен бастап он жұмыс күннен аспауы тиiс.
      3. Мынадай деректемелерден тұратын нұсқама тексерудi жүргізу үшiн негiздеме болып табылады:
      1) уәкілеттi органда тiркеу күні мен нөмірi;
      2) нұсқаманы берген уәкілеттi органның атауы;
      3) борышкердiң толық атауы мен тiркеу нөмiрi;
      4) тексерушi тұлғалардың лауазымы, тегi, есімi, әкесінің аты.
      Нұсқамаға уәкiлетті органның немесе оның аумақтық органының бiрiншi басшысы не оны ауыстырушы тұлға қол қоюы және елтаңбалық мөрiмен куәландыруы тиiс.
      4. Бір нұсқаманың негізiнде бiр тексеру ғана жүргізiлуi мүмкiн.
      5. Оңалтушы және конкурстық басқарушы зерттеу үшiн борышкердiң аумағына немесе үй-жайына тексерушi тұлғаларды жiберуге, сондай-ақ кез-келген сұралған ақпаратты беруге мiндетті.
      6. Тексерудiң аяқталуы бойынша тексеру актісiн тiркеудiң арнайы журналында тiркелiп, нөмiрленген, тиелген және уәкiлетті органның немесе оның аумақтық органының мөрiмен бекiтiлген тексеру нәтижелерi туралы акт жасалады.
      7. Банкроттық саласындағы анықталған құқықтық актiлердiң бұзылуы болған кезде тексеру актiсiнде көрсетiлгендердiң негiзiнде уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының банкроттық туралы қолданыстағы заңнамасын бұзуды жоюдың мерзiмiн көрсете отырып, ұсыным шығарады.
      8. Уәкiлетті органның тексерулерге басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерiн тартуға құқығы бар.".

      16. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 213-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 13-14, 171-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 10, 57-құжат; N 23, 137, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы қырық бiрiншi, қырық екiншi, қырық үшiншi, қырық төртiншi, қырық бесiншi, қырық алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "өндiрiстiк экологиялық бақылау - қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтiк-құқықтық талаптарды сақтау үшiн шаруашылық және өзге қызмет барысында қоршаған ортаны ластаудың параметрлерiн өлшеудi және қадағалауды жүргізу жолымен iшкi қадағалау үшiн табиғат пайдаланушылар қабылдайтын және төлейтін шаралар жүйелерi;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау уәкiлеттiк органы - қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттiк орган;
      құқық қолдану - қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мемлекеттік органы табиғатты қорғау талаптарына сәйкес келмейтiн шаруашылық немесе өзге қызметтi түзету немесе тоқтату мақсатында қолданатын шаралар жиынтығы;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы тексеру (бұдан әрi - тексеру) - уәкiлетті және/немесе аумақтық органдардың лауазымдық тұлғасының немесе лауазымдық тұлғаларының қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын, шаруашылық субъектiлерiнiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауын айқындау, табиғи ресурстарды өндiру мен пайдалану мақсатында жасайтын әрекеті;
      жоспарлы тексеру - бақылаушы органның алдын ала жоспарланған, заңнамамен белгiленген кезеңдiлiкке сәйкес жүргізiлетін тексеруi;
      жоспардан тыс тексеру - қалыптасқан шұғыл болған экологиялық жағдайға байланысты тағайындалатын, қоршаған ортаға төнген қауiптi дереу қалпына келтiрудi және арыздарға өтiнiштер мен өтiнiмдерге жауап берудi талап ететiн тексеру;
      кешендiк тексеру - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттік орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы реттеу функцияларын жүзеге асыратын басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесiп табиғи ортаға антропогендiк әсер етудi анықтау және бiр ортадан екiншi ортаға ластанудың ауысуын болдырмау мақсатында жүргізетiн тексеруi;
      қарсы тексеру - егер де тексеру кезiнде бақылаушы органдарда көрсетiлген адамдармен байланысты қосымша ақпарат алуға қажеттiлiк туындаған жағдайда үшiншi адамға қатысты жүргізiлетiн тексеру;
      табиғатты қорғау iс-шаралары - табиғатты пайдаланушылардың меншiктi қаражаты есебiнен iске асырылатын өндiрiстік объектілердегi қоршаған ортаның нормативтiк сапасына қол жеткiзу және сақтау жөніндегі ұйымдық-техникалық шаралар кешенi;";

      2) 3-бап мынадай мазмұндағы он бiрiншi және жиырмасыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiпті түрлерi кезiнде өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүзеге асырудың мiндеттемелерi;
      мемлекеттiк орган қызметінiң қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асыру кезiндегi өзара iс-әрекеті, үйлестiруi, заңдылығы мен жариялылығы;";

      3) 8-бап мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3), 8-4), 17), 18) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік, өндiрiстiк және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi өзге де мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiредi;
      8-2) басқа да мемлекеттiк органдармен, қоғамдық бiрлестіктермен және жеке тұлғалармен қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiнде өзара iс-әрекет жасайды;
      8-3) жүйенi жетiлдiредi және бақылау және құқық қолдану қызметiне тиiмдi әдiстер енгiзедi;
      8-4) қоршаған ортаның жағдайына ықпал ететiн, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелерi жөніндегі кешендi тексерудi ұйымдастыру және жүзеге асыру үшiн қажеттi қызмет туралы ақпараттарды жинауды және талдауды жүзеге асырады;
      17) жер қойнауын қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды, ережелердi және нормаларды сақтауын, келiсiм-шарттық шарттарды қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi жер қойнауын пайдаланудың барлық кезеңдерiнде орындауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      18) Лицензиаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;";

      4) 77-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, болдырмау және табиғи ресурстарды пайдалану және бұзған адамдарды заңнамамен белгiленген тәртiпте жауапкершілікке тарту мақсатында жүзеге асырады;";
      мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3, 1-4 және 1-5-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. Мемлекеттiк бақылау жүйесiндегі құралдардың негізгісi шаруашылық субъектiлерiнiң табиғатты қорғау заңнамасын сақтау мәнiне және жүйеліктi, анықтықты, объективтiлiктi көздейтiн, сондай-ақ қоршаған ортаның өзгеруi сапасына жедел әсер ететiн қызметiн тексерудi жүргiзу болып табылады.
      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
      1) мемлекеттік және ведомстволық статистикалық есептiлік және табиғи ресурстарды есепке алу материалдарын, сондай-ақ кәсiпорындардың, ұйымдардың, шетелдiк заңды және жеке тұлғалардың табиғатты қорғау қызметi туралы деректердi талдау;
      2) шаруашылық субъектiлерiнің табиғатты қорғау заңнамасын, экологиялық талаптарды және қоршаған ортаның нормативтік сапасын сақтауы мен орындауы жөнiндегi жоспарлы тексерудi ұйымдастыру мен жүргiзу;
      3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы едәуiр бұзушылық фактiлерiне құпиялардан басқа, арыздарды, өтiнiштердi және басқа да ресми өтінiш нысандары және табиғи ресурстарды пайдалану, жедел инспекциялық әрекет етудi талап ететін шұғыл экологиялық жағдайлардың себептерiн тексеру және салдарын жою бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізу;
      4) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы функцияларды тексерудi жүзеге асыратын мүдделi мемлекеттік органдармен кешендік тексеру;
      5) үшiнші адамдарға қатысты жүргізiлетiн қарсы тексеру;
      6) заңнаманы сақтауды, экологиялық құқық бұзушылықтардың туындауының алдын алуға бағытталған шараларды қоса алғанда қамтамасыз ету үшiн құқықтық құралдарды пайдалануға негiзделген құқық қолдану.
      Тексерулердiң өзге түрлерiн жүргізуге тыйым салынады.
      1-2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жеке және заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысанына және мыналарды қоса алғандағы меншiктiлік нысанына қатыссыз қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы заңнаманы сақтауы мен орындауы бойынша тексерудi жүргiзедi:
      1) белгiленген экологиялық нормативтердi және шаруашылық және өзге қызметтерге талаптарды, қолданыстағы стандарттарды және техникалық шарттарды сақтау;
      2) мемлекеттік кадастрды және табиғи ресурстарды есепке алуды жүргізудiң дұрыстығы;
      3) рұқсаттарда, лицензияларда, шарттарда және табиғатты пайдалануға арналған келісiм-шарттарда, мемлекеттiк экологиялық сараптамалардың қорытындыларында белгіленген шарттарды сақтау;
      4) атмосфералық ауаны, жер қойнауын, жер және су ресурстарын, сондай-ақ жануар және өсiмдiк әлемiнiң ресурстарын, мемлекеттік табиғи-қорықтық қорлардың объектiлерiн қорғау мен пайдаланудың экологиялық талаптарын орындау;
      5) өндiрiстiк экологиялық бағдарламаларды және табиғатты қорғау iс-шараларын орындау;
      6) шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерi кезiндегi өндiрiстік экологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
      Тексеру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган шығаратын акті-нұсқаманың негізiнде оларды құқықтық статистика органдарында тiркегеннен кейiн, дереу әрекет ету және шаруашылық субъектiсінің басшылығына алдағы тексеру туралы хабарлау қажет болған жағдайларды қоспағанда жүргізiледi.
      1-3. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы заңнаманың талаптарын белгілi болған бұзушылықтарға қатысты мемлекеттік бақылаудың нәтижелерi бойынша әсер етудiң құқықтық шараларын қабылдау мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымдық тұлғалар мынадай актiлер жасайды:
      1) тексеру жүргiзу нәтижесi бойынша aкті;
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттама;
      3) нұсқаулар:
      қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы заңнаманың талаптарын бұзушылықтарды болдырмау туралы;
      шаруашылық қызметке тыйым салу және тоқтату туралы;
      4) әкiмшілік жазаға тарту туралы қаулы.
      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi және аумақтық органдар лауазымды тұлғаларының актiлерi жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін мiндетті болып табылады.
      Шаруашылық субъектiсiнiң басшысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті органға заңнаманың талаптарын бұзушылықтарды болдырмау туралы нұсқауларды орындау туралы нұсқауды орындау мерзiмi аяқталғанына орай 7 күннен кешіктiрмей ақпарат беруi тиiс. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымдық тұлғаларының белгiленген үлгілік нысандағы бланкiлердi қолдануы бланкiлер үшін белгіленген қатаң есептiлiк тәртiбiнде жүзеге асырылады;
      1-4. Мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру рәсiмi қоршаған ортаға терiс әсер етудi төмендетуге және жоюға бағытталған және мемлекеттiк органдармен, табиғатты пайдаланушылармен және қоғаммен тығыз өзара қарым-қатынаста жүзеге асырылатын шаралар кешенiн қамтиды, оның iшiнде:
      қоршаған ортаға басым әсер ететiн табиғатты пайдаланушылардың қызметінiң экологиялық нәтижелілігін бағалауға негiзделген тәсiлдi пайдалану;
      тексерiлетін объектiлер бойынша перспективалық, жылдық жедел жұмыс жоспарларын әзiрлеу;
      бақылау және құқық қолдану жұмыстарын бағалау және жетiлдiру критерийлерiн қолдану;
      заңнаманы сақтауды қамтамасыз етудiң құқықтық құралдарын, экологиялық құқық бұзушылықтардың туындауын болдырмауға бағытталған превентивтік шараларды қоса ала отырып қолдануға негізделген құқық қолдану.";
      2-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау уәкiлеттi органының лауазымды тұлғалары мыналарға құқылы;";
      3-тармақта:
      бiрiншi бөлiмдегі "және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздер алынып тасталсын.

      17. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 215-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат; 338-құжат; 2004 ж., N 10, 57-құжат):

      1) 7-баптың 1-тармағындағы жетіншi абзац алынып тасталсын;

      2) 9-бапта:
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мынадай жағдайларда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      ерекше қорғалатын аумақтар саласындағы уәкiлеттi органды тексерудiң бекiтiлген жоспарына сәйкес;
      жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша;
      табиғи кешендердiң және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи-қорық қорының объектілерiнiң жай-күйiне, қорғау және пайдалану үшiн мониторингтің деректерi бойынша;
      ғылыми зерттеулердi жүргiзу қорытындылары бойынша;
      жеке және заңды тұлғалардың жүгiнулерi, өтiнiштерi мен шағымдары бойынша;
      жоспарлық iс-шаралардың нәтижесiнде анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою туралы талаптарды орындауды бақылау мақсатымен;";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектілерiнiң жай-күйiне, қорғау және пайдалану үшiн мониторингтi жүзеге асырады;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырады.";

      3) 10-баптың жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "мынадай жағдайларда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы күзет қызметiн құрады және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады:
      қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар өзге де орталық органдарды тексерудiң бекiтілген жоспарларына сәйкес;
      жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерi, өтiнiштерi мен шағымдары бойынша;
      жоспарлық тексеру нәтижесiнде анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы талаптарды орындауды бақылау мақсатымен;";

      4) 11-баптың 2-тармағындағы екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мынадай жағдайларда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады:
      облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiліктi өкiлдiк және атқарушы органдарын тексерудiң бекiтiлген жоспарларына сәйкес;
      жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың тапсырмасы бойынша;
      жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерi, өтiнiштерi мен шағымдары бойынша;
      жоспарлық тексеру нәтижесiнде анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы талаптарды орындауды бақылау мақсатымен;";

      5) 25-баптың 1-тармағындағы бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылығын және ветеринарлық мониторингті қамтамасыз ету iндет пен эпизоотиялардың алдын алу мақсатында жануарлардың санын реттеу.";

      6) 22-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау
                 саласындағы мемлекеттiк бақылау";

      7) 80-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "80-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
               мемлекеттік бақылаудың түсiнiгi мен мәнi

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылаудың түсiнiгi мен мәнi
      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау тексерулердi жүргiзу жолымен жүзеге асырылады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы тексеру - осы аумақтарды мемлекеттiк табиғи-қорық қорын пайдаланушылардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнама талаптарын сақтауды айқындау мақсатымен жасалатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың iс-әрекетi.
      3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар олардың құзыретiне жататын мәселелер бойынша басқа да бақылаушы мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды.";

      8) 81-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "иелiгiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар өзге де орталық атқарушы органдар;";

      9) 82-бап алынып тасталсын.

      18. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы  Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат; 2001 ж., N 20, 258-құжат; 2002 ж., N 5, 50-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат; N 13, 74-құжат):

      1) 14-баптың 3-тармағында екiншi бөлігіндегi "нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Заңға тәуелдi нормативтік құқықтық актілердi ресiмдеу мен келiсудi Қазақстан Республикасы Үкiметiмен айқындайды.";

      2) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
      "14-1. Жеке кәсiпкерлiк субъектілерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтік құқықтық актiлердi әзiрлеудiң ерекшелiктерi
      1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын кәсiпкерлiк мәселелерi жөніндегі сараптамалық кеңес арқылы кәсiпкерлердiң аккредиттелген бiрлестіктерінің қарауына жiбередi.
      2. Уәкiлетті орган кәсіпкерлiк мәселелерi жөніндегі сараптамалық кеңестің қорытындысымен келiскен кезде нормативтік құқықтық актінiң жобасына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгізiледi.
      3. Жеке кәсiпкерлік субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына әзiрлеушi мiндеттi түрде олардың жеке кәсiпкерлiк субъектілерінің экономикасына әсер ететiн бағаны қоса бередi.";

      3) 27-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Жоғарғы деңгейдегі нормативтiк құқықтық актiнiң күшi жойылды деп танылған кезде, оны iске асыру үшiн қабылданған төменгi деңгейдегі нормативтік құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылуға тиiс.
      Осы талап сондай-ақ жоғарғы деңгейдегі нормативтiк құқықтық актiден төменгі деңгейдегi нормативтік құқықтық актiлер iске асыру үшін қабылданған жекелеген нормалар алынып тасталған жағдайларда қолданылады.";

      4) 30-бап мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      "нормативтік құқықтық актiлер мәтiндерiнiң белгiленген тәртiпте кейiннен ресми жариялануын сақтауды бақылауды әдiлет органдары жүзеге асырады.";

      5) 36-бапта:
      2-тармақта:
      4) тармақшадағы ", ал әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстілерi - мемлекеттiк тiркеуден кейiн" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) тармақшада "азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты" деген сөздер "әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуге тиiстi," деген сөздермен ауыстырылсын";
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданысқа енуi мерзiмдерi жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен белгіленген талаптармен байланысты қызметтi жүзеге асыруға дайындалу үшiн қажеттi мерзiмдерге сүйенiп белгіленуi тиiс.
      Нормативтік құқықтық актiлердiң қолданысқа енуiнiң тәртібi мен мерзiмдерi жеке кәсіпкерлік субъектiлерiне залал келтiрмеуi тиiс.";

      6) 38-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi бөлігіндегі "ведомствоаралық сипаттағы немесе" деген сөздер алынып тасталсын;

      7) 40-бапта:
      3-тармақтағы "мемлекеттiк тiркеу және (немесе) жариялау" деген сөздер "жариялау" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 43-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң тұрақты мониторингiн жүргізу;";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдаған және (немесе) әзiрлеуші болып табылатын уәкiлеттi органдар - өздерi қабылдаған немесе әзiрлеушi болып табылатын заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлерге қатысты.";

      9) 43-1-баппен толықтырылсын:

      "43-1 бап. Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң
                 мониторингi

      1. Уәкiлетті органдар бiр-бiрiне қайшы келетiн және ескiрген құқықтық нормаларды анықтау үшiн өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушi болып табылатын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актілердiң тұрақты мониторингін жүзеге асыруға және заңнамалық актiлерге сәйкес келтiру жөнiндегi өзгерiстер және/немесе толықтырулар және оларды күшiн жойды деп тану шараларын уақтылы қабылдауға мiндеттi.
      Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң мониторингiн жүргізу ережесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.";

      10) 44-баптың 4-тармағындағы "нормативтік" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын.

      19. "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 142-құжат):
      мынадай мазмұндағы 18-5, 18-6 және 18-7-баптарымен толықтырылсын:

      "18-5-бап. Табиғи монополия субъектiлерiн тексеру

      1. Уәкiлетті орган жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiн тексеру жоспарлы және жоспардан тыс болуы мүмкiн.
      2. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн жоспарлы тексерудi уәкiлетті мемлекеттiк орган жылына бiр реттен жиi емес жүргiзедi. Шағын кәсiпкерлiк субъектілерi болып табылмайтын табиғи монополиялар субъектiлерінің қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлы тексерудi уәкiлетті орган үш жылда бip реттен жиi емес жүргiзедi.
      3. Жыл сайын уәкiлетті органның басшысы бекiтетiн уәкiлеттi органның жұмыс жоспары жоспарлы тексеру жүргiзуге негiз болып табылады. Жоспар тексерулер жүргізетiндерге қатысты табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тiзбесiн және олардың жүргізу кезеңiн қамтуы тиiс.
      4. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу туралы фактiлерi туралы жоспардан тыс тексерулер жүргізуге мыналар негіз болады:
      1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтiнiшi;
      2) мемлекеттік органдардың ақпараты;
      3) құқық қорғау органдарының хабарламалары;
      4) қоғамдық ұйымдардың өтiнiмдерi;
      5) басқа мемлекеттік органдармен бiрлескен тексерулер;
      6) уәкiлетті органның өз бастамасы;
      7) бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары.
      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген негіздер туындаған күннен бастап он жұмыс күннен кешіктірмей, уәкiлетті орган:
      1) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының бұзылу фактiлерiне тексеру жүргізу туралы шешiм қабылдайды;
      2) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының бұзылу фактiлерiне тексеру жүргiзуден бас тартады.

      18-6-бап. Табиғи монополия субъектілерiне тексеру жүргізу
                тәртiбi

      1. Табиғи монополиялар субъектілерiн тексеру уәкiлетті орган тексеру жүргізу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн жүргiзiледi. Уәкiлетті органның тексеру жүргізу туралы шешiмi:
      1) уәкiлеттi органның атауын, тексеру тағайындау жөнінде өкiлеттi бар адамның тегін, атын, әкесінің атын және лауазымы мен оның қолын;
      2) тексерулер тағайындау туралы актiнiң уәкiлеттi органның журналы бойынша күнi мен тiркеу нөмiрiн;
      3) тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адамның тегі мен атын, әкесiнiң атын;
      4) табиғи монополия субъектiсінің атауын, тұрған жерiн және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн;
      5) тексеру түрiн;
      6) тексеру мәселелерiн;
      7) тексеру жүргізу мерзiмiн;
      8) тексеру тағайындаудың негiзiн;
      9) табиғи монополия субъектiсінің құжаттарын белгiлi бiр уақыт мерзiмiнде зерделеу қажет болған жағдайда тексерiлетiн кезеңдi;
      10) шағын кәсiпкерлік субъектiлерiнiң қызметін өткен жылғы (өткен жыл деп тексеру жүргізу сәтiндегі күнтiзбелік жыл ұғынылады) жүргiзiлген тексерулердi;
      11) негізгi мiндеттер мен мақсаттарды, табиғи монополия субъектiсiне тексеру жүргізудi көрсете отырып, тексеру бағдарламасын, табиғи монополия субъектісiн тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер тiзбесi мен жағдаяттар аясын қамтиды.
      2. Уәкiлетті органның тексеру жүргiзу туралы шешiмiне басшы қол қояды және уәкілетті органның мөрiмен расталады.
      3. Тексеру жүргiзу кезiнде уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасы табиғи монополиялар субъектiсiнiң басшысына немесе оны ауыстырушыға тексеру жүргiзу туралы уәкiлетті органның шешiмiн және қызметтік куәлiгін көрсетедi.
      4. Тексеру жүргiзу туралы шешiм және қызметтік куәлiк көрсетiлген кезде табиғи монополиялар субъектiсi уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасын өздерiнiң қарамағындағы аумаққа немесе үй-жайға жiберуге және тексерiлетiн табиғи монополиялар субъектісінің лауазымды адамдарынан, басшылары мен басқа да қызметкерлерiнен тексеру жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратқа, құжаттарға сұрау салу және оларды алу мен тексеру барысында пайда болатын мәселелер бойынша ауызша және жазба түрде түсiндiру мүмкiндiгiмен қамтамасыз етуге мiндеттi.
      5. Табиғи монополиялар субъектiлерiне тексеру жүргiзетiн уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасының тиiсті аумаққа немесе үй-жайға енуiне кедергi жасалған және ақпараттарды, құжаттарды және түсiнiктемелердi бермеу кезiнде белгiленген тәртiппен әкiмшілік өндiрiс қозғалады.
      6. Табиғи монополия субъектiсiне тексеру жүргізу мерзiмi алда тұрған жұмыстардың және қойылған мiндеттердiң көлемiн ескере отырып белгiленедi, бiрақ 30 күнтiзбелік күннен аспауы тиiс.
      Жағдаяттарды қосымша тексеру қажет болған жағдайда мерзiм уәкiлеттi органның шешiмiмен 30 күнтiзбелiк күнге ұзартылуы мүмкiн.
      Табиғи монополия субъектісiн тексеру мерзiмiн ұзартуды тексерудi жүзеге асыратын уәкiлетті органның басшысы жүргізедi.
      7. Тексеру табиғи монополия субъектiлерiн тексеру қорытындылары туралы анықтаманы жасақтаумен аяқталады.
      Тексеру қорытындылары туралы анықтамаға табиғи монополия субъектісiн тексерудi жүзеге асыратын лауазымды тұлға және тексерiлетiн табиғи монополия субъектiсiнің басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды.
      8. Табиғи монополия субъектiсiн тексеретiн басшы немесе оны алмастыратын тұлға тексеру қорытындысына қоса берiлетiн ерекше пiкiрлерiн жазбаша түрде бiлдiруге құқылы.
      9. Тексерiлген табиғи монополия субъектiсiнiң басшысы немесе оны алмастыратын тұлға тексеру қорытындысы туралы анықтамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, табиғи монополия субъектiсiн тексерудi жүзеге асыратын лауазымды тұлға тексеру қорытындысы туралы анықтамаға тиiсті жазба енгізедi.
      10. Тексеру қорытындылары туралы анықтаманың екiншi данасы табиғи монополия субъектiсiн тексеру аяқталған соң қол қойғызып алу арқылы табиғи монополия субъектiсiнiң басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға, ал олар болмаған жағдайда - тексерiлген табиғи монополия субъектiсiнiң кеңсесiне, анықтаманы қабылдап алған табиғи монополиялар субъектiсi қызметкерiнiң тегiн және лауазымын көрсете отырып, қол қойғызу арқылы тапсырылады. Тексеру қорытындысы туралы анықтаманы беру не кеңсеге тапсыру мүмкiн болмаған кезде тексеру қорытындысы туралы анықтама табиғи монополия субъектiсiне тапсырыстық хатпен оны тапсырғандығын пошталық растаумен жiберiледi.
      11. Табиғи монополия субъектiсiн тексерудiң нәтижелерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте шағымдалуы мүмкiн.

      18-7-бап. Табиғи монополия субъектісiн тексеру нәтижелерi
                бойынша уәкiлетті органның шешiмi

      Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiн тексеру қорытындылары туралы анықтаманы қарау нәтижелері бойынша:
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіздердiң жоқтығы туралы қорытынды жасақтайды;
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қозғайды;
      3) табиғи монополия субъектісiне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы анықталған фактiлерiн жою туралы нұсқама шығарады;
      4) материалдарды қылмыстық іс қозғау туралы мәселенi қарау үшiн құқық қорғау органдарына бередi;
      5) материалдарды қарау және тиiстi шараларды қабылдау үшiн өзге де мемлекеттік органдарға бередi.".

      20. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 16, 220-құжат; 2001 жылғы N 23, 318-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
      11-бапта:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Уәкілеттi органның асыл тұқымды мал шаруашылығы
               жөніндегі мемлекеттік инспекторы.";
      1-тармақтағы "мемлекеттік", "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тексеру жүргiзу мерзiмi 20 жұмыс күнiн құрайды, қажет болған кезде тексеру мерзiмi тағы да 10 жұмыс күнiне ұлғайтылуы мүмкiн.".

      21. "Heкe және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 23, 430-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2000 ж., N 23, 142-құжат):
      мынадай мазмұндағы 100-1-баппен толықтырылсын:

      "100-1-бап. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының ата-аналарының қарауынсыз қалған балаларды ұстаудың, тәрбиелеудiң, бiлiм берудiң жағдайын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi
      Бақылауды ата-аналарының қарауынсыз қалған балалардың Қазақстан Республикасының Конституциясында осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiнде көзделген құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қорғаншылық және қамқорлық органдары жүзеге асырады.
      Ата-аналарының қарауынсыз қалған балалардың құқықтарын iске асыруға бағытталған заңды және жеке тұлғалардың қызметi бақылау объектiсi болып табылады.
      Бақылаудың түрлерi:
      1) тексерулер (жоспарлы, жоспардан тыс);
      2) ведомстволық статистикалық қадағалау;
      3) заңды және жеке тұлғалардың есептiліктерi.
      Ведомстволық статистикалық қадағалаулардың кезеңдiлiгi мен нысандарын уәкілеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi:
      Жоспарлы тексерулер қорғаншылық және қамқоршылық органы бекiткен кестеге сәйкес кемiнде жылына бiр рет кезеңдiлiкпен жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi, Бас прокуратурасы, оған уәкiлетті өзге де мемлекеттік органдардың тапсырмаларымен және сұрауларымен, депутаттық сауалдармен байланысты, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу туралы өтiнiмдер, азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп және апатты ахуал туғызатын жағдайларда заңнаманы бұзушылық белгілерiн тiкелей анықтай отырып, өтiнiштер бойынша, сондай-ақ жоспарлы iс-шаралар нәтижесiнде айқындалған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында уәкілетті орган жүргізетiн жоспардан тыс тексерулер;
      Тексерулер жүргiзу мерзiмдерi бес күннен аспауы тиiс.
      Ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар бағып-қағуға берiлген заңды және жеке тұлғалар қорғаншылық және қамқоршылық органы бекiткен мерзiмдерде және нысанда қорғаншылық және қамқоршылық органына оларды ұстау, тәрбиелеу және білім беру жағдайлары туралы есептiлiктi бередi.
      Бақылау барысында ата-аналарының қарауынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауда бұзушылық фактiлерiн анықтаған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы ата-аналарының қарауынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қабылдайды.".

      22. "Тауарлардың импорты жағдайында Iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 24, 446-құжат; 1991 ж., N 21, 763-құжат; 2005 жылғы 22 маусымдағы "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 23 маусымдағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Taуap импорты кезiнде iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 маусымдағы  Заңы ):
      5-баптың 1-тармағындағы "бақылау" деген сөз "мониторинг" деген сөзбен ауыстырылсын.

      23. "Өсiмдiктердiң карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 2-3, 34-құжат; N 23, 931-құжат; 2002 ж., N 4, 30-құжат, 2003 ж., N 15, 121-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) карантиндiк режим - осы Заңға сәйкес карантиндiк аймақтарда карантиндiк объектiлердiң ошағын оқшауландыру және жоюға бағытталған мемлекеттiк органдар, ұйымдар, мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар қызметiнiң құқықтық режимi;";
      9-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-2) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлетті орган - Қазақстан Республикасының аумағында өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк реттеудi және мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын шекарадағы шекара пункттерi мен бекеттерi бар мемлекеттік орган және оның аумақтық органдары;";

      2) 4-баптың 1) тармақшасы "және мүлiктiң сақталуы" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
      "6-1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің құзiретi Қазақстан Республикасының Yкiметі:
      1) өсiмдiктердiң карантинi саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
      2) өсiмдiктердiң карантині саласындағы салалық (секторалдық) бағдарламаларды бекiтедi;
      3) Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектiлерден қорғау жөніндегі ереженi бекітедi;
      4) күресуi бюджеттік қаражаттың есебiнен жүзеге асырылатын карантиндiк объектілердiң тiзбесiн бекiтедi;
      5) екi және одан да көп облыстардың аумағында уәкiлеттi органның ұсынымы бойынша карантиндiк режимдi енгiзумен немесе оны жоюмен карантиндiк аймақты белгiлеу туралы шешiм қабылдайды.".

      4) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Уәкiлеттi органның құзiретi

      1. Уәкiлеттi орган:
      1) өсiмдiктердiң карантинi саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлейдi және iске асырады;
      2) оларға қатысты өсiмдiктердiң карантинi бойынша мемлекеттiк iс-шаралар белгіленетiн және жүзеге асырылатын Карантиндiк объектiлердiң тiзбесiн айқындайды;
      3) Қазақстан Республикасындағы және басқа да елдердегi карантиндiк объектiлердiң болуы және таралуы, олармен күрес бойынша шаралар мен iс-шаралар туралы дерекқорды құрады және ақпаратты мүдделi тұлғаларға бередi;
      4) өсiмдiктердiң карантинi саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулердi жүргiзудi ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды;
      5) Өсiмдiктердiң карантинi жөніндегі мемлекеттiк инспекторлар туралы ереженi бекiтедi;
      6) зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге жатпайтын, жұқпалы карантиндiк объектiлердiң карантиндiк өнiмiн (жүктерiн) алып қою және жою жөнiндегi ереженi бекiтедi;
      7) өз құзiретi шегінде өсiмдiктердiң карантинi бойынша нормативтiк-құқықтық актiлердi бекiтедi;
      8) карантиндiк iс-шараларды жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсiлдерiн реттейтiн әдiстердi, әдiстеменi, нұсқаманы бекiтедi;
      9) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесiп, халықаралық нормалардың талаптары мен нұсқамаларын ескере отырып, фитосанитарлық тәуекелдi бағалаудың ғылыми қағидаттары негізiнде карантиндiк шараларды әзiрлейдi;
      10) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттік инспектордың лауазымын иеленуге біліктілiк талаптарын белгiлейдi;
      11) карантиндiк объектiлердiң ошақтарын анықтау, оқшауландыру, жою және карантиндік өнімді зарарсыздандыру жөніндегі iс-шараларды жүргізуді ұйымдастырады;
      12) карантиндiк өнiмнiң транзит шарттарын айқындайды;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiпте карантиндiк объектілердiң таралу ошағын оқшауландыру және жою үшiн пестицидтердi (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөнiндегi жұмыстар мен қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырады және өткiзедi;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртiппен карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын оқшауландыру және жою үшiн пестицидтердiң (улы химикаттардың) қорын құрады;
      15) Қазақстан Республикасының аумағында карантиндiк объектiлердiң таралу ошағын оқшауландыру және жою үшiн бюджеттiк қаражаттың есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) бөледi;
      16) өсiмдiктердiң карантинi бойынша шекара пункттерi мен посттарында әкелiнетін карантиндiк өнiмдi тұрақты бастапқы карантиндiк қарауды, қажет болған кезде, үлгiлердiң, көлiк құралдарының, қол жүгiнiң және багаждың үлгiсiмен олардың зертханалық сараптамасын, әкелiнетiн және транзиттік карантиндiк өнiмге арналған карантиндiк құжаттарға тексеру жүргiзеді;
      17) соңғы пункттердегі әкелiнетiн карантиндiк өнiмнiң түсуiнде осы өнiмнiң тұрақты қайталама карантиндiк қарауын, қажеттiлiк кезiнде, аумақтың және оның шығу орнының, жеткiзу пунктiн, сондай-ақ карантиндiк объектiлерден бос немесе аздаған таралуымен аймақтың фитосанитарлық сипаттамасын ескере отырып, үлгiлерiн iрiктеумен олардың зертханалық сараптамасын, карантиндiк құжаттарға тексеру жүргiзедi;
      18) әкетiлетiн карантиндiк өнiмдi түсiру орындарында тұрақты карантиндiк қарауды, қажет болған кезде кезiнде үлгiлерiн iрiктей отырып, зертханалық сараптаманы және фитосанитарлық сертификаттауды жүргiзедi;
      19) әкетiлетiн және транзиттік карантиндiк өнiм өсiмдiктерiнiң карантинi бойынша шекара пункттерi мен посттарында карантиндiк құжаттарды ресiмдеудiң болуы мен дұрыстығына тұрақты тексеру жүргiзедi;
      20) карантиндiк өнiмдерді тұрақты қарауды, қажет болған кезде, үлгілерiн iрiктей отырып, олардың зертханалық сараптамасын, республиканың рыноктары мен сауда жасайтын кәсiпорындарында карантиндiк құжаттарды тексерудi жүргізедi;
      21) ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың, рыноктардың, өсiмдiк тектес өнiмдi өсiретiн, дайындайтын, жинақтайтын, қайта өңдейтiн және өткiзетін шаруа (фермер), қосалқы және саяжай шаруашылықтарының, ауыл шаруашылығы, орман, су және басқа да мақсаттағы жерлердiң аумақтары мен үй-жайларына тұрақты бақылау iрiктеу зерттеулерiн жүргізеді;
      22) карантиндiк объектілердiң таралу ошағын анықтау, оқшаулау және жою жөнiндегi іс-шараларды уақытылы және тиiмдi жүргізу жөнiндегi жұмыс барысына тұрақты бақылау жүргізедi;
      23) Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөніндегі заңнамасын айқындалған бұзушылықтарды жою, карантиндiк өнiмдi, сондай-ақ көлiк құралдарын зарарсыздандыру жөнiндегі iс-шараларды орындау туралы нұсқаманы бередi және олардың орындалуын бақылайды;
      24) карантиндiк объектiлермен және бөгде түрлермен жасырын зақымданудың болуына жерсiндiру-карантиндiк көшеттіктерде импорттық егу және отырғызу материалын тексеру жөнiндегi іс-шарларды ұйымдастырады және бақылайды;
      25) фитосанитарлық, карантиндiк сертификаттарды және карантиндiк өнiмге арналған импорттық карантиндiк рұқсат етулердi бередi;
      26) Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергілiкті атқарушы органдарға карантиндiк режимдi енгізумен немесе оны жоюмен карантиндiк аймақты белгiлеу туралы ұсыныс енгізедi, сондай-ақ осы аймақтарда мiндеттi iс-шараларды жүргiзудiң тәртiбiн әзiрлейдi және ұсынады;
      27) карантиндiк аймақтарда мiндетті iс-шаралардың орындалуына тұрақты бақылауды жүргізедi;
      28) өсiмдiктердiң карантинi саласында жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес халықаралық нормалар мен талаптарды орындауды қамтамасыз етедi;
      29) Республиканың мүдделерiн халықаралық ұйымдардағы өсiмдiктер карантинi мәселесi бойынша бiлдiредi.
      2. Тиiстi уәкiлеттi органның басшысы Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттік инспекторы, ал оның орынбасары - Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттік инспекторының орынбасары болып табылады.
      Уәкiлетті органның облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдарының басшылары тиiстi облыстар мен қалалардың өсiмдiктер карантинi жөнiндегі бас мемлекеттік инспекторлар болып табылады.
      Өсiмдiктер карантинi бойынша бақылауды тiкелей жүзеге асыратын уәкiлетті органның және оның аумақтық органдарының өзге де лауазымды тұлғалары өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспекторы болып табылады.
      3. Уәкілетті орган өз қызметiн шекара, кеден, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасасу арқылы жүзеге асырады.
      4. Оның құзiретi шегiнде қабылданған уәкiлеттi органның шешiмi лауазымды тұлғалардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндетті болып табылады.
      5. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары оған жүктелген мiндеттердi шешуде уәкiлетті органға жәрдем көрсетуге мiндеттi.".

      5) 7-1-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктерде импорттық егу және отырғызу материалындағы жасырын зақымдануды анықтайды.";
      2-тармақта:
      бiрiншi абзац "өсiмдiктер карантинiн қамтамсыз ету жөнiндегi" деген сөздермен толықтырылсын;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) карантиндiк объектiлердiң ошағын анықтайды және олардың таралу шекарасын айқындайды;";

      6) 9-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) уәкілетті органның ұсынымы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндік режимдi енгiзе немесе оны жоя отырып карантиндiк аймақты белгiлеу туралы шешімдi қабылдайды.";

      7) 10-бап мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiмдермен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының аумағына карантиндiк объектiлердi әкелудiң алдын алу олардың таралуының бар ошақтарын уақтылы анықтау, оқшаулау және жою мақсатымен карантиндiк өнiмдi тұрақты карантиндiк қарау, үлгiлерiн ала отырып, бақылау iрiктеу зерттеулерiне олардың зертханалық сараптамасын, карантиндiк құжаттарға тексеру жүргізу және карантиндiк iс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру өсiмдiк және азық-түлiк ресурстарын қорғауға, карантиндiк объектiлермен күреске бюджет қаражаттарының болжанбаған шығыстарын болдырмауға, сондай-ақ отандық өнiмнiң бәсеке қабiлеттiлігін арттыруға бағытталған.
      Өсiмдiктер карантинiн мемлекеттiк бақылау мен карантиндiк шараларды жүргiзу адамдардың өсiмдiк карантинi бойынша бақылау объектiсiне жатқызылған мүлігін сақтауға бағытталған және тексеру тағайындау туралы актi шығарусыз жүзеге асырылады.";

      8) 12-баптың 5) тармақшасындағы "саяжай қожалықтарының" деген сөздер "рыноктарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 13-бапта:
      атауындағы "әкелу мен әкету" деген сөздер "әкелу әкету, транзит, iшкi мемлекеттік тасымал, қарау және зарарсыздандыру"  деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiмдермен толықтырылсын:
      "жеке және заңды тұлғалар импорттық карантиндiк рұқсаттарды алу үшiн әкелуге дейiн 30 күннен кешiктiрмей немесе карантиндiк өнiмдi Қазақстан Республикасы арқылы транзитті жүзеге асыруға дейiн 5 күн iшiнде уәкiлеттi органға мынадай мәлiметтерi бар өтiнiм бередi:
      1) Қазақстан Республикасына карантиндiк өнiмдi әкелудiң (транзитi) мақсаты және әкелiнетiн жүктiң буып-түю тәсiлi мен қаттау түрiн көрсете отырып, әрбiр түрi бойынша жеке оның саны;
      2) өнiмдi пайдаланудың мақсаты мен орны (мекен-жай, ал транзиттiк жүктер үшiн - бағыт және жеткiзу елi);
      3) карантиндiк өнiмдер импорты немесе транзит болжанатын экспорттаушы елдердiң атауы, сондай-ақ карантиндiк өнiмдердi шығаратын елдердiң атауы;
      4) карантиндiк өнiмнiң ықтимал келу мерзiмдерi немесе транзиттік тасымалдың мерзiмдерi;
      5) ол арқылы Қазақстан Республикасына карантиндік өнiм әкелiнетiн шекара пунктiнiң (постының) атауы.
      Карантиндiк өнiмдi әкелуге (транзитке) импорттық карантиндiк рұқсат алуға өтінімде өтiнiш беруші өз есебiнен карантиндiк шараларды орындауға кепiлдiк бередi.
      Импорттық карантиндiк өнiм Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жабық немесе изотермикалық, ақаусыз және пломбаланған контейнерлерде, герметикалық қораптарда, вагондарда, автофургондарда, авторефрижераторларда және басқа да көлiк құралдарында тасымалданады.
      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктердiң, консульдық мекемелердiң, халықаралық ұйымдар өкiлдiктерiнің, сондай-ақ артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланушы тұлғалардың карантиндiк өнiмдi әкелуi Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүргізiледi.".

      4-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiмдермен толықтырылсын:
      "Жеке және заңды тұлғалар фитосанитарлық сертификатты алу үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi аумақтық органдарға мынадай мәлiметтердi көрсете отырып, жүкті тиеп-жөнелтудiң болжамды мерзiмiне дейiн 15 күн бұрын өтiнім бередi:
      1) карантиндiк өнiмдердiң атауы және оның саны;
      2) импортқа шығарушы елдiң атауы және карантиндік өнiм жеткiзiлетiн мекен-жай;
      3) импорттық карантиндiк рұқсатта немесе экспортталатын карантиндiк өнiмге арналған шартта көрсетiлген импортқа шығарушы елдiң өсiмдiктер карантинi бойынша ұлттық қызметтің өсiмдiктер карантинi саласындағы талабы;
      4) карантиндiк өнiмдi түсiру мерзiмдерi мен орны;
      5) ол арқылы жүктi әкелу болжанатын импортқа шығарушы ел шекара пунктiнің атауы.
      Әкелiнетiн карантиндiк өнiмнiң карантиндiк жай-күйiн өсiмдiктердiң карантинi жөнiндегi мемлекеттік инспекторлар жүктi түсiрудiң бастапқы орындарында және қайтадан, экспорттық партияларды қайта түсiру (қалыптастыру) кезiнде теңiз және өзен порттарында (айлақтарында), темiр жол станцияларында, әуежайларда, почта байланысы кәсiпорындарында, рыноктарда, автовокзалдарда (автостансаларда) және өзге де объектiлерде белгiлейдi. Шекара пунктi мен посттарында қайта түсiрусiз әкету кезiнде тек түсiру орнынан берiлген фитосанитарлық сертификатты дұрыс ресiмдеуге бақылау жүзеге асырылады.
      Фитосанитарлық сертификатты карантиндiк объектiлердiң болуына карантиндiк өнiмдi тексерген өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспектор бередi және белгіленген үлгідегі жеке қолымен және мөрiмен (мөртаңбасымен) куәландырады. Фитосанитарлық сертификат карантиндiк өнiмнiң әрбiр партиясына берiледi және оның карантиндiк жай-күйiн куәландыруы, жүргiзiлген зарарсыздандыру, осы өнiмдi жеткiзу жөніндегі басқа да қосымша карантиндiк талаптарды орындау туралы мәлiметi болуы тиiс.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Карантиндiк өнiмдi облысаралық тасымалдау уәкiлетті орган аумақтық органдарының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор беретін карантиндiк сертификаттардың болуы кезiнде жүзеге асырылады.
      Карантиндiк сертификатты алу үшiн жеке және заңды тұлғалар өсiмдiктер карантинi жөніндегі аумақтық органға өтінiм бередi, сондай-ақ жүкті жiберудiң болжамды мерзiмнен 5 күн бұрын өсiмдiктер карантинi жөніндегi мемлекеттік инспекторға карантиндiк жай-күйдi айқындау үшiн өнiмдi бередi.
      Өтінімде карантиндiк өнiмнiң атауы, жету пунктi және пайдалану мақсаты көрсетiледi.
      Барар жолда немесе жету пунктiнде карантиндiк өнiмдi қайта басқа мекен-жайға жiберу аумағында бұл операциялар жүзеге асырылатын өсiмдiктердiң карантинi жөніндегі аумақтық органның рұқсатымен жүргізiледi.
      Барар жолда Қазақстан Республикасының карантиндiк аймағынан әкетілген карантинге жатқызылған өнiмдi қайта басқа мекен-жайға жiберуге тыйым салынады.
      Әкелiнетiн карантиндiк өнiм жүктiң жету пунктiнде карантиндiк қайта қарауға жатады.".

      5-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiмдермен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн карантиндiк өнiм, карантинге жатқызылатын өнiм ауыстырылатын көлiк өсiмдiктер карантинi бойынша бақылауға және қажеттiлік кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзудiң шекара пункттерiнде карантиндiк қарауға, сондай-ақ тиiстi актiлердi ресiмдеумен жүктi жеткiзу орны бойынша карантиндiк қарауға жатады.
      Шекара пунктi мен посттың өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттiк инспекторы жүктердiң иесiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөніндегі қолданыстағы заңнамасын түсiндiредi, импорттық карантиндiк рұқсат етудiң және экспорттаушы ел ұлттық карантиндiк қызметiнiң фитосанитарлық сертификатының болуын тексередi, көлiктiң, карантиндiк өнiмге (жүкке), ыдысқа сыртқы қарау жүргізедi. Карантиндiк өнiмнен үлгiлердi iрiктеудi, карантиндiк зиянкестердi, өсiмдiктер мен арамшөптердiң ауруларын анықтау мақсатында оларды сол жерде зерттеу жүргізедi. Қажет болған кезде үлгілер мен объектiлер Республикалық карантиндiк зертханаға карантиндiк түрлерге объектiлердiң түрлiк тиiстiлігін растауға берiледi.
      Егер, жүкті тасымалдаушы карантиндiк бақылау үшiн карантиндiк өнiмдi көрсетуден бас тартқан жағдайда, онда осы өнiм оның иесiне қаражаттың есебiнен экспорттаушы елге қайтаруға жатады, ол туралы өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттiк инспектор Қазақстан Республикасының аумақтық, шекара және кеден органдарын хабардар етедi.
      Карантиндiк объектілер табылған карантиндi өнiм карантиндiк арамшөптерден тазартуға, зарарсыздандыруға немесе техникалық қайта өңдеуге жатады. Карантиндiк өнiмдi зарарсыздандырумен, тазартумен немесе қайта өңдеумен байланысты шығыстарды жүктердiң иелерi төлейдi.
      Ерекше ғылыми немесе өзге де құндылықты бiлдiретiн карантиндiк объектiлер жұққан тұқымдар мен отырғызу материалы олардың иелерiнің өтінімi бойынша жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктерге тексеру үшiн берiлуi мүмкiн. Карантиндiк объектiлермен жұғуды жоюдан кейiн тұқымдар мен отырғызу материалы олардың иесiне қайтарылады.
      Карантиндiк өнiмдi алып қоюды (оның iшiнде, почталық жiберілімдерден, қол жүгiнен және багаждан) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттік инспектор жүзеге асырады, ол туралы алып қою актiсi жасалады.
      Карантиндiк өнiмге карантиндiк қарауды өткiзуден және қажеттi карантиндiк iс-шараларды жүргiзуден кейiн өсiмдіктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор iлеспелi тауар-көлiк құжаттарына жету пунктiне әкелуге немесе транзитке рұқсат бере отырып, карантиндiк бақылаудан өту туралы белгiленген үлгiдегi мөртаңба қояды және жүк иесiне карантиндiк қараудың актісiн бередi.
      Шекарадағы карантиндiк өнiмi бар (жүктерi) жүк операцияларын (басқа көлiк құралымен әкелiнетiн жүктi қайта тиеп-түсiрудi) өсiмдiктер карантинi бойынша бақылауды және мiндетті карантиндiк бақылауды жүргізуден кейiн өсiмдiктер карантинi бойынша мемлекеттiк инспектордың рұқсат етуi бойынша жүк иелерi жүргізедi.
      Әкелiнетін карантиндiк өнiм (жүктер), сондай-ақ өсiмдiктер карантинi жөніндегі шекара пункттерi мен бекеттерiндегi карантиндiк бақылаудан өткен көлiк құралдары карантинге жатқызылған өнiмнiң жiберiлуiнiң соңғы жету пунктiнде карантиндiк қарауға жатады.
      Карантиндiк өнiмдi және көлiк құралдарын қарауды, жүктiң жету пунктiнде тaлдaу мен сараптауға үлгiлердi iрiктеудi кейiннен зиянкестердiң түрлiк құрамын, өсiмдiктер мен арамшөптердiң ауруларын анықтауға сараптау жүргізе отырып, аумақтық органның өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор жүзеге асырады, олардың нәтижелерi бойынша осы өнiмдi пайдаланудың шарттары туралы жазбасы бар қарау актiсi жасалады. Карантиндiк өнiмдi талдауға және объектiлердiң түрлiк құрамын сараптаудың қажеттілiгi кезiнде жабдықталған зертханасы бар ұйымдар және өсiмдiктердiң карантинi бойынша бiлiктi кадрлар тартылуы мүмкiн.".

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Зарарсыздандыруға зарарсыздандыру өнiмi импорттық карантиндiк рұқсатпен көзделген карантиндiк объектiлер жұққан көлiк құралдары мен карантиндiк өнiм, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторының нұсқамасы бойынша карантиндiк қатынастағы көлiк құралдары мен карантиндiк әлеуеттi қауiптi өнiмдер жатады.
      Импорттық карантиндiк рұқсатпен көзделген, сондай-ақ шекара пункттерi және шекарада посттары бар уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының өсiмдiктер карантинi жөнiңдегi мемлекеттiк инспекторларының нұсқамалары бойынша, карантиндiк қараудың нәтижесi негізiнде карантиндiк өнiмдi зарарсыздандыру өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың фумигация отрядтармен шарт негiзiнде жүктердiң иелерi жүргізедi.
      Шекара пункттерi мен посттарындағы карантиндiк өнiмдi карантиндiк объектілердiң анықтауы кезiнде зарарсыздандыру жөнiндегі жұмыстар фумигациялық камераларда, штабелдерде, кемелер мен баржалардың трюмдерiнде, вагондарда, контейнерлерде және көлiктiң басқа да түрлерiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде жүргізіледi.
      Импорттық карантиндiк өнiмдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының карантиндiк аймағынан әкелiнетiн өнiмдi тасымалдаудан кейiн көлiк құралдарының барлық түрлерi өсiмдiктердiң карантинi жөніндегі мемлекеттік инспекторлар айқындаған жерлерде фумигацияның қажеттiлігі жағдайында қалдықтарды жоюмен мiндеттi тазартуға жатады.
      Фумигацияға көлiк құралдары мен жүктердi дайындауды фумигациялық отрядтар мамандарының басшылығымен жүктердiң немесе көлiк ұйымдарының иелерi орындайды.
      Шетелдiк мемлекеттердегi карантиндiк өнiмге зарарсыздандыру жүргізу кезiнде әкелiнетiн өнiмдi фумиганттардың қалдық санын ұстап тұруға фумигациялық отрядтардың мамандары тексередi.".

      13) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:

      "13-1-бап. Карантиндік объектілердi анықтау тәртiбi

      1. Карантиндiк объектілердi уақтылы анықтау олардың таралу ошақтарының шекарасын айқындау мақсатында жер және орман алқаптары, ауыл шаруашылығы, әсемдiк, дәрiлiк және басқа да дақылдардың егiстерi мен отырғызылымдары, ғимараттар, үймереттер, контейнерлер, қоймалар, өзге де объектiлер және карантиндік өнiмдi шығарумен, қайта өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткiзумен байланысты кәсiпорындардың аумақтары және карантиндік объектiлердiң жұғу және таралу көзi болуы мүмкiн өзге де объектілер жүйелiк зерттеуге жатады.
      Бұл жұмыстарды орындауды уәкiлетті органның және оның аумақтық органдарының өсiмдіктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспекторларының нұсқамалары бойынша жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ шарт негізiнде өсiмдiктердiң карантинiн қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар қамтамасыз етедi.
      2. Зерттеулер нәтижелерi, сондай-ақ бұл ретте, анықталған зиянкестер, өсiмдiктер мен арамшөптер ауруларының қоздырғыштары осы объектiлердiң карантиндік түрлерге тиiстілігін айқындау және растау үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға жiберiледi. Объектiлер айқындалмаған жағдайда, өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттік инспекторлар оларды Республикалық карантиндiк зертханаға карантиндiк түрлердiң тиiстілігiне растауға жiбередi.
      Аумақтық органдардың өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттік инспекторлары аталған объектiлерге бақылау зерттеулерiн жүргізедi. Зерттеулер нәтижелерi, өсiмдiктер карантинi бойынша бақылау жүргізу туралы актімен ресiмделедi.".

      14) 14-баптың 2-тармағының екiншi бөлiмiндегi "қайтарылуға," деген сөздерден кейiн "тазартуға " деген сөздермен толықтырылсын.

      24. "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 18, 111-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 28-3) тармақшамен толықтырылсын:
      "28-3) тексеру - бiлiм беру және лицензиялық ережелер саласындағы заңнаманы бiлiм беру ұйымдарының сақтауын айқындау мақсатында жасалатын бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкiлетті органның iс-әрекетi;";

      2) 12-баптың 8-тармағы мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "бiлiм беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтамау.";

      3) 31-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) және 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5-1) бастапқы кәсiби және орта кәсiби бiлiмнiң негiзгi және қосымша бағдарламаларын, мамандандырылған және арнайы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      6-1) бiлiм беру қызметiн, бастапқы кәсiби және орта кәсiби бiлiмнiң негізгі және қосымша бағдарламаларын, мамандандырылған және арнайы бiлiм бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың мемлекеттік аттестациясын, сондай-ақ балалар жасөспірiмдер спорт мектептерiн лицензиялауды жүзеге асырады;";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) бастапқы жалпы, негiзгi жалпы немесе орта жалпы, бастапқы кәсiби, орта кәсіби бiлiм берудiң негiзгі және қосымша бағдарламаларын, мамандандырылған және арнайы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) мамандандырылған және арнайы бiлiм берудi қоспағанда, бастапқы жалпы, негiзгі жалпы немесе орта жалпы бiлiм берудiң бiлiм бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының (ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан), сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      4) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-бап. Бiлiм беру жүйесiндегі мемлекеттiк бақылау

      1. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттік бақылау мемлекеттің бiлiм алуға азаматтардың құқығын қамтамасыз етуге және меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан негізгі және қосымша бiлiм бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың олардың бiлiм қызметiнiң Қазақстан Республикасының бiлiм беру, мемлекеттік жалпы бiлiм стандарттары саласындағы заңнама талаптарына бiлiм қызметiн лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін сақтауға бағытталған және оны уәкiлетті орган жүзеге асырады.
      2. Бiлiм беру жүйесiндегі мемлекеттiк бақылаудың объектiлерi мыналар болып табылады:
      1) негізгі және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметi;
      2) оқитындардың тиiстi бiлiм беру бағдарламаларын игеру деңгейi.
      3. Мемлекеттік бақылаудың негізгi түрлерi болып мыналар табылады:
      1) аралық мемлекеттік бақылау;
      2) бiлiм алушылардың қорытынды мемлекеттiк аттестация;
      3) бiрыңғай ұлттық тестiлеу;
      4) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау;
      5) бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу;
      6) лицензиялау ережелерiнiң сақталуын бақылау;
      7) білiм беру ұйымының Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасын сақтауын бақылау.
      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк бақылаудың түрлерi мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
      1) ауызша;
      2) жазбаша;
      3) кешендi тестілеу;
      4) тестілеу;
      5) тексерулер;
      6) ведомстволық статистикалық бақылаулар.
      Мемлекеттiк бақылауды жүргiзу кезiнде көрсетiлген үлгiлер бiрге жүргізiлуi мүмкiн.";

      5) 35-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-1-бап. Аралық мемлекеттік бақылау

      1. Аралық мемлекеттік бақылау мыналарда:
      1) тиiсті сатыдағы бiлiм беру бағдарламаларының мазмұнын бiлiм алушылардың меңгергенін тексеру мақсатында жалпы орта бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында;
      2) бiлiм алушылардың кәсiптік жоғары бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндетті бiлім беру стандартының жалпы бiлiм беру және базалық тәртiптерiнiң циклына кiретiн жекелеген тәртiптердi игергенiн олар екiншi курсты бiтiргеннен кейiн (медициналық оқу орындарында - үшiншi курсты бiтiргеннен кейiн) тексеру мақсатында кәсіптік жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
      2. Аралық мемлекеттiк бақылау оқытудың барлық нысандары бойынша бiлiм алушылар үшiн меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру ұйымдарында жүргізiледi.
      3. Орта жалпы бiлiм берудiң бастауыш және негізгi сатысына арналған аралық мемлекеттік бақылау бiлiм алушылар бiлiм алатын бiлiм беру ұйымдарының базасында жүргiзiледi. Жоғары кәсiби бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың аралық мемлекеттiк бақылауы уәкiлетті орган белгілеген жоғарғы оқу орындарының базасында жүргізiледi. Мұндай жоғары оқу орындарының тiзбесi аралық мемлекеттік бақылау жүргізiлгенге бiр айға дейiн кешiктiрмей бiлiм беру ұйымдарына мәлiметке жiберiледi.
      4. Базасында аралық мемлекеттiк бақылау жүргізiлетiн әрбiр бiлiм беру ұйымдарының жанынан мемлекеттік және апелляциялық комиссия құрылады.
      5. Мемлекеттік комиссияның негізгі мiндеттерi бiлiм беру ұйымдарында аралық мемлекеттік бақылауды дайындау және өткiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестiру болып табылады.
      Алға қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн мемлекеттік
комиссия:
      1) аралық мемлекеттік бақылау бойынша ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсiндiрме жұмысын жүргізедi;
      2) уәкiлетті органның тапсырмасы бойынша аралық мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырушылық-технологиялық сүйемелдеудi жүзеге асыратын ұйымдармен бiрлесiп, аралық мемлекеттiк бақылау рәсiмдерiне жататын бiлiм алушылардың дерекқорын құрады;
      3) аралық мемлекеттiк бақылауды өткiзу үшiн қажетті жағдайлар жасайды;
      4) аралық мемлекеттiк бақылаудан өту үшiн тiркелген барлық бiлiм алушылардың келуiн бақылайды;
      5) аудиториялар бойынша кезекшi ретiнде жұмыстар үшiн оқытушылардың кандидатурасын ұсынады;
      6) аудиториялар бойынша кезекшiлерге нұсқама жүргізедi;
      7) апелляциялық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
      8) аралық мемлекеттік бақылау өткiзудiң белгiленген тәртiбiнiң сақталуын, ақпараттық қауiпсiздiк режимiн қамтамасыз етудi бақылайды.
      9) аралық мемлекеттiк бақылаудың нәтижелерiн бiлiм алушыларға мәлiмдейдi;
      10) жоғары кәсiби бiлiм беретiн ұйымдарда аралық мемлекеттiк бақылау сертификаттарын берудi ұйымдастырады;
      11) аралық мемлекеттiк бақылаудың нәтижелерiмен бiрге сыныптар (топтар) бойынша ведомостары қоса берiлген анықтаманы құрастырады және уәкiлеттi органның тапсырмасы бойынша аралық мемлекеттік бақылауды ұйымдастырушылық-технологиялық сүйемелдеудi жүзеге асыратын ұйымдарға бередi;
      12) аралық мемлекеттiк бақылауды өткiзу қорытындылары туралы есептi құрастырады және уәкiлеттi органға тапсырады.
      Оған жүктелген негізгi мiндеттердi iске асыру үшiн мемлекеттiк комиссияның мыналарға:
      1) өз құзiретi шегінде аралық мемлекеттік бақылауды өткiзудi ұйымдастыруға;
      2) аралық мемлекеттiк бақылау мәселелерi және мемлекеттiк комиссиялардың жұмыстарының тиiмдiлігін арттыру жөнiнде уәкiлетті органға ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
      Мемлекеттік комиссияның Төрағасы базасында аралық мемлекеттік бақылау жүргізiлетiн білім беру ұйымының бастығы болып табылады.
      Жоғары кәсiби бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдары үшiн мемлекеттiк комиссияның құрамын аралық мемлекеттiк бақылау өткiзу кезеңiне уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Жалпы орта бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдары үшiн мемлекеттiк комиссияның құрамын аралық мемлекеттiк бақылау өткiзу кезеңiне облыстардың, республикалық маңызды қалалардың, астананың жергілiктi атқарушы органдары бекiтедi.
      Мемлекеттік комиссияның құрамына бiлiм алушылары аралық мемлекеттік бақылау рәсiмдерiнен өтетiн бiлiм беру ұйымдарының өкiлдерi, қоғамның, құқық қорғау органдарының, бұқаралық ақпараттық құралдарының өкiлдерi енгiзiледi.
      Мемлекеттiк комиссия оның төрағасы бекiткен жоспарға сәйкес жұмыс iстейдi.
      Мемлекеттiк комиссияның хатшысы жұмыс жоспарын, мәжiлiстiң күн тәртiбiн құрады комиссия мүшелерiнiң өзара iс-қимыл жасасуын ұйымдастырады және iс жүргізуге жауап бередi.
      Мемлекеттiк комиссияның мәжiлiсi, егер де оған оның мүшелерiнiң жалпы санының 2/3-астамы қатысса өткiзiлдi деп есептеледi.
      Мемлекеттiк комиссияның шешiмi комиссия мүшелерiнiң мәжiлiстерiне қатысқандар санының дауыстарының көпшiлiгімен қабылданады және комиссияның барлық мүшелерi қол қоятын мәжiлiс хаттамасымен ресiмделедi. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының шешушi дауысқа құқығы бар.
      6. Апелляциялық комиссия бiлiм беру ұйымдарының орташа жалпы бiлiм пәндерi және жоғарғы кәсiби бiлiм беру тәртiптерi бойынша педагогтерiнен құрылады.
      Жоғарғы кәсiби бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымы үшiн апелляциялық комиссияның төрағасын уәкiлетті орган бекiтедi.
      Орташа кәсiби бiлiм беретін бiлiм беру ұйымының апелляциялық комиссиясының төрағасын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органы бекiтедi.
      Апелляциялық комиссияның құрамын мемлекеттік комиссияның төрағасы бекiтедi.
      Апелляциялық комиссия аралық мемлекеттік бақылаудың нәтижелерiмен келiспеген бiлiм алушылардың өтінімдерiн қабылдайды және қарайды.
      Апелляциялық комиссияның шешiмi комиссияның тізiмдiк құрамы дауыстарының көпшілігiмен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда апелляциялық комиссияның төрағасының шешушi дауысқа құқығы бар.
      Апелляциялық комиссияның шешiмi барлық комиссия мүшелерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi және оны мемлекеттік комиссияның төрағасы бекiтедi.
      7. Аралық мемлекеттiк бақылау уәкiлеттi орган бекiткен және стандарттау және сертификаттау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген технологиялар бойынша кешендi тестілеу түрiнде жүргізiледi.
      8. Уәкілетті орган аралық мемлекеттiк бақылауды жүргізу мерзiмдерiн, орташа жалпы бiлiм беру және жоғары кәсiби бiлiм беру тәртiптерiн аралық мемлекеттiк бақылау пәндерiнiң тiзбесiн айқындайды.
      9. Бiлiм алушылардың аралық мемлекеттiк бақылауды тапсыруларының нәтижелерi, егер де ол уәкілеттi орган белгiлеген өту деңгейiнен кем емес балдар санын жинаса, орташа жалпы бiлiм беру ұйымдарында "игердi" деген, жоғары кәсiби білiм беру ұйымдарында "сынақтан өттi" деген белгiмен бағаланады.
      10. Аралық мемлекеттік бақылау нәтижелерiнiң негізiнде жоғарғы кәсiби білім беретiн ұйымдарда бiлiм алушыларға нысанын уәкiлетті орган бекiтетін сертификат бередi.
      11. Аралық мемлекеттік бақылаудың нәтижелерiмен келiспейтiн бiлiм алушылар апелляцияға бере алады. Апелляцияға өтiнiм аралық мемлекеттік бақылаудың нәтижелерi хабарланғаннан кейiн келесi күнi сағат 13-кe дейiн апелляциялық комиссияға тапсырылады. Өтінiмдi апелляциялық комиссия апелляция тапсырылғаннан кейiн тәулiк iшiнде қарайды.
      12. Аралық мемлекеттік бақылаудан өтпеген бiлiм алушылардың уәкілетті орган белгiлеген тәртiпте аралық мемлекеттік бақылаудан қайтадан өтуге құқығы бар.
      Қайталама аралық мемлекеттiк бақылауға аралық мемлекеттiк бақылау тапсырмаған, аралық мемлекеттiк бақылау тапсыруға ауруына байланысты немесе басқа да дәлелдi себеппен келе алмаған, тиiстi құжаттық растамасы бар бiлiм алушылар қатысады. Бiлiм алушылардың қайталама аралық мемлекеттiк бақылауы уәкiлетті орган белгiлеген мерзiмде бiр рет өткiзiледi.
      Мемлекеттiк бiлім беру гранттарына ие, аралық мемлекеттік бақылаудан екiншi рет өтпеген студенттер - мемлекеттiк бiлiм беру гранты бойынша оқуын жалғастырудан айрылады және ақылы негiзде қайтадан оқу курсына қалулары мүмкiн.
      Екiншi рет аралық мемлекеттiк бақылаудан өтпеген ақылы бөлiм студенттерi ақылы негiзде қайтадан оқу курсына қалулары мүмкiн.";

      6) мынадай мазмұндағы 35-2, 35-3, 35-4, 35-5, 35-6 баптармен толықтырылсын:

      "35-2 бап. Бiрыңғай ұлттық тестілеу

      1. Бiрыңғай ұлттық тестілеу ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының орта кәсiби бiлім немесе жоғарғы кәсiби бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына түсуге ниет қойған жалпы орта бiлiм берудiң жоғары сатысында бiлiм алушылар үшiн жыл сайын жүзеге асырылады.
      Бiрыңғай ұлттық тестiлеудi тапсыруға жалпы орта бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын игерген бiлiм беру ұйымдарының барлық бiтiрушiлерi ерiктi негiзде жiберiледi.
      Ерекше үлгiдегi аттестатты және "Алтын белгі" белгiсiн, үздiк аттестатты алуға үмiткерлерi, ағымдағы жылдың оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарының және олимпиадаларының жүлдегерлерi үшiн бiрыңғай ұлттық тесті тапсыру мiндетті.
      Бiрыңғай ұлттық тест тапсыруға қатыспаған шетелдерде мектеп оқушыларымен халықаралық алмасу желiсi бойынша бiлiм алатын бiлiм берудiң жалпы бiлiм беру ұйымдарының бiтiрушiлерiн, өзбек, ұйғыр және тәжiк тiлдерiнде оқытылатын мектептердiң бiтiрушiлерiн, республикалық музыка мектеп-интернаттарын бiтiрушiлерiн жиынтықты мемлекеттік аттестаттау тоқсандық, жылдық және емтихан бағаларының негiзiнде бiлiм беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
      Ағымдағы жылда жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадаға қатысушылар осы олимпиадаларға дайындық және қатысу мерзiмдерi бiрыңғай ұлттық тестiнi өткiзу мерзiмiне сәйкес келген кезде бiрыңғай ұлттық тестiлеуден босатылады.
      2. Бiрыңғай ұлттық тестiлеу төрт пән: үш мiндетті - қазақ немесе орыс тiлi (оқыту тiлi), математика Қазақстан тарихы және таңдаған мамандық бойынша бiр пән бойынша өткiзiледi.
      Шығармашылық мамандығын таңдап алған бiтiрушiлер үшiн төртiншi пән еркiн таңдалады. Орта кәсiби және жоғары кәсiби бiлiм беру ұйымдарына қабылдау кезiнде бұндай бiтірушiлер үшiн олардың таңдап алған бiлiм беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары өткiзетiн шығармашылық емтихандары белгіленетін болады.
      3. Бiрыңғай ұлттық тестілеудi жүргiзу технологиясын уәкiлеттi орган бекiтедi.
      4. Бiрыңғай ұлттық тестілеу тiзбесiн уәкiлеттi орган бекiтетiн тестiлеудi жүргізу пункттерінің базасында өткізiледi.
      Бiрыңғай ұлттық тестiлеуге қатысуға арналған өтiнiштер 1-наурыздан 30-сәуiрге дейінгі мерзiмде қабылданады. Бiтiрушiлердiң өтiнiштер бланкiлерiн толтыруы олар оқитын жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында жүргiзiледi.
      Бiрыңғай ұлттық тестiлеу 10-нан 15-шілдеге дейiн тестілеу пункттерiнде жүргізiледi.
      Бiрыңғай ұлттық тестілеу жалпы бiлiм беру пәндерi бағдарламасының негізiнде әзiрленген тестік тапсырмалар көмегiмен жүргізiледi.
      Бiрыңғай ұлттық тестілеудiң нәтижелерi конкурстық комиссия үшiн балдық жүйе бойынша және жалпы орта бiлiм туралы аттестатты алу үшiн бес балдық жүйе бойынша бағаланады. Балдарды бағаға ауыстыруды уәкiлеттi орган белгiлеген шәкiлге сәйкес мемлекеттiк комиссия жүргiзедi.
      5. Бiрыңғай ұлттық тестiлеудi ұйымдастыру және жүргізу үшiн тестілеудi жүргізудiң әрбiр пунктiнде мемлекеттік комиссия құрылады.
      Мемлекеттік комиссияның құрамына жергіліктi үкiметтiк және атқарушы билiк органдарының өкiлдерi, бiлiм берудi басқару органдарының, бiлiм беру ұйымдарының басшылары, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi, сондай-ақ бiлiм беру ұйымдарының бiлiктi қызметкерлерінің iшiнен тағайындалған хатшы енгiзiледi.
      Мемлекеттік комиссияның Төрағасы болып базасында тестілеу пунктi құрылған ұйымның басшысы тағайындалады.
      Бiрыңғай ұлттық тестілеудi жүргізу кезеңiне мемлекеттiк комиссияның құрамын облыстардың, республикалық маңызды қалалардың, астананың бiлiм беру жоғары оқу орындары мен департаменттерiнiң ұсынуы бойынша бiрiңғай ұлттық тестілеу басталғанға дейiн екi айда уәкiлетті орган бекiтедi.
      Облыс, қала, аудандардың бiтiрушiлерi үшiн бiрыңғай ұлттық тестiлеудi дайындау және жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестiру мемлекеттік комиссияның негізгі мiндеттерi болып табылады.
      Алға қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн мемлекеттiк комиссия:
      1) халықтар арасында бiрыңғай ұлттық тестiлеу бойынша ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсiндiрме жұмысын өткiзедi;
      2) бiрыңғай ұлттық тестiлеудi дайындау және жүргізу барысында уәкiлеттi органның тапсырмасы бойынша бiрыңғай ұлттық тестiлеудi ұйымдастырушылық-технологиялық сүйемелдеудi жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарымен, сондай-ақ түрлi деңгейдегi бiлiм берудi басқару органдарымен, бiлiм беру ұйымдарымен өзара iс-әрекеттi қамтамасыз етедi;
      3) бiрыңғай ұлттық тестiлеуге қатысуға бiтірушiлердiң өтiнiштерiн қабылдауды ұйымдастырады;
      4) бiрыңғай ұлттық тестілеу пәндерi бойынша бiтiрушiлердiң консультацияларын өткiзудi ұйымдастырады;
      5) бiтiрушiлердiң бiрыңғай ұлттық тестiлеуiн өткiзу үшiн қажеттi жағдайлар жасайды;
      6) бiрыңғай ұлттық тестілеу аяқталғаннан кейiн дұрыс жауаптардың кодтарын iлiп қояды және тестiлеудiң нәтижелерiн хабарлайды;
      7) бiрыңғай ұлттық тестiлеу бойынша апелляциялық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
      8) бiрыңғай ұлттық тестiлеудiң сертификаттарын берудi ұйымдастырады.
      Оған жүктелген негiзгi мiндеттердi iске асыру үшiн мемлекеттiк комиссия бiрыңғай ұлттық тестілеудi жүргізудi ұйымдастыруды өз кұзiретi шегінде жүзеге асыруға құқығы бар.
      Мемлекеттiк комиссия оның төрағасы бекiткен жоспарға сәйкес жұмыс iстейдi.
      Мемлекеттік комиссияның хатшысы жұмыс жоспарын, мәжiлiстiң күн тәртiбiн құрады, комиссия мүшелерiнiң өзара iс-қимыл жасасуын ұйымдастырады және iс жүргiзуге жауап бередi.
      Мемлекеттік комиссияның мәжiлiсi, егер де оған оның мүшелерiнiң жалпы санының 2/3-астамы қатысса өткiзiлдi деп есептеледi.
      Мемлекеттiк комиссияның шешiмi комиссия мүшелерiнiң мәжiлiстерiне қатысқандар санының дауыстарының қарапайым көпшiлiгімен қабылданады және комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қоятын мәжiлiс хаттамасымен ресiмделедi. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының шешушi дауысқа құқығы бар.
      6. Бiрыңғай талаптарды сақтауды және тестiк тапсырмаларды бағалау кезiнде даулы мәселелердi шешудi қамтамасыз ету, бiрыңғай ұлттық тестiлеуге қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында тестiлеудi жүргiзудi әрбiр пунктiнде апелляциялық комиссия құрылады.
      Апелляциялық комиссиясының төрағасын уәкiлеттi орган, ал оның құрамын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілiкті атқарушы органдары бекiтедi. Апелляциялық комиссияның құрамына мемлекеттiк комиссияның мүшелерi кiрмеуi керек.
      Апелляциялық комиссия тестiлеуге қатысушылардың өтiнiмдерiн қабылдайды және қарайды, жинаған балдардың сәйкестiгін тексередi, балдарды қосу туралы шешiм қабылдайды және апелляцияға өтiнiш бiлдiрген тестiлеуге қатысушыға апелляцияның қорытындысы туралы хабарлайды.
      Апелляцияға өтiнiштер апелляциялық комиссияға тестiлеудiң нәтижелерiн хабарлағаннан кейiн келесi күнi 13 сағатқа дейiн ұсынылады және апелляциялық комиссия бiр тәулiк iшiнде қарайды. Өтінiшті арнайы бланкте комиссия төрағасының атына тестілеуге қатысушының жеке өзi бередi. Өтінiм берушiнiң өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжаттары, бiрыңғай ұлттық тестілеуге рұқсаты болуы керек.
      Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы, ол болмағанда - апелляциялық комиссия төрағасының орынбасары басқарады.
      Апелляциялық комиссияның шешiмi комиссияның тізiмдiк құрамының көпшiлiк дауыстарымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссияның төрағасының шешушi дауысқа құқығы бар. Комиссияның жұмысы төраға және комиссияның барлық мүшелерi қол қоятын хаттамалармен ресiмделедi.
      7. Бiрыңғай ұлттық тестiлеу мен оның технологияларын жүргiзудiң белгіленген тәртiбiн сақтауды бақылауды тестілеу пункттерiне жiберiлген уәкiлетті орган өкiлi жүзеге асырады.
      8. Бiрыңғай ұлттық тестiлеу тапсырған бітірушiлерге:
      1) бiрыңғай ұлттық тестілеу нәтижелерi туралы белгіленген үлгідегі сертификат;
      2) орташа жалпы бiлiм туралы аттестат берiледi.
      Бiрыңғай ұлттық тестiлеудiң нәтижелерi туралы сертификатты мемлекеттік комиссия толтырады және бiрыңғай ұлттық тестiлеудi тапсырған күннен бастап үш күн iшiнде тестілеу пунктi бередi. Сертификатқа бiрыңғай ұлттық тестілеу шеңберiнде әрбiр пән бойынша балдар қойылады.
      Сертификат мемлекеттік комиссия төрағасының, уәкiлеттi орган төрағасының қолымен куәландырылады және базасында тестілеу пунктi ұйымдастырылған жоғарғы оқу орнының немесе бiлiм беру басқармасының жергiлiктi органының мөрi басылады.
      Орташа жалпы бiлiм туралы аттестатты бітірушiлер бiрыңғай ұлттық тестiлеу тапсыру сәтінде бiлiм алған бiлiм беру ұйымы бередi. Бiрыңғай ұлттық тестiлеу шеңберiнде тапсырылған жалпы бiлiм беру пәндерi бойынша аттестатқа мемлекеттік комиссияның шешiмiне сәйкес бiрыңғай ұлттық тестiлеуде алынған бағалар қойылады.

      35-3-бап. Бiлiм берудi ұйымдастыруды мемлекеттік аттестаттау

      1. Бiлiм берудi ұйымдастыруды мемлекеттiк аттестаттауды олардың ведомстволық бағыныстығына және меншіктілiк нысанына қатыссыз уәкiлеттi орган олардың құзыреттерiне сәйкес жоспарлық тәртiпте бес жылда бiр рет өткiзедi.
      2. Бiлiм берудi ұйымдастыру филиалдарын мемлекеттiк аттестаттау бiлiм берудi ұйымдастыру құрамында, бiлiм берудi ұйымдастыру үшiн көзделген тәртiпте жүргiзiледi.
      3. Бiлiм берудi ұйымдастыруды мемлекеттiк аттестаттаудың негізгi қағидаттары Жан-жақтылық, мiндеттілiк мерзiмдiк және жариялылық болып табылады.
      4. Бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасы бiлiм беру саласындағы заңнамасының талаптарын, бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндетті стандарттарын және бiлiктiлiк талаптарын орындауын бақылау мақсатында мемлекеттiк аттестаттау бiлiм берудi ұйымдастыру бойынша жалпы және мамандық пен кәсiп бөлігінде жүзеге асырылады.
      5. Бiрiншi мемлекеттiк аттестаттау қайта құрылған:
      1) бастауыш жалпы, негiзгi жалпы, орташа жалпы бiлiм беру бағдарламаларды iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында төрт жыл сайын;
      2) бастауыш кәсiби, орташа кәсiби, жоғары кәсiби және жоғарғы оқу орнынан кейiнгі кәсiби бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында сәйкес деңгейдегi мамандарды бiрiншi шығарғаннан бiр жыл кешіктірмей;
      3) мектепке дейiнгі және мектептен кейiнгі ұйымдарда төрт жыл сайын өткізiледi.
      6. Аралық мемлекеттік бақылаудан өтпеген бiлiм алушылардың саны уәкiлеттi орган белгiлеген шектiк саннан асатын бiлiм беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға жатады.
      7. Бiлiм берудi ұйымдастыруды аттестаттауды жүргізу кезiнде мыналар:
      1) бiлiм беру ұйымдарының сәйкес деңгейде бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндетті стандарттарын орындауы;
      2) бiлiм беру ұйымдарының өз қызметiнде бiлiм беру саласындағы нормативтік құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауы айқындалады;
      Аттестаттауды жүргiзу кезiнде зерделеу объектілерi мыналар болып табылады:
      1) білім беру бағдарламаларының және олардың бағаларының тiзбесi;
      2) iске асырылатын бағдарламаларды нормативтік қамтамасыз ету;
      3) оқу және тәрбие процесi;
      4) бiлiм мен тәрбиенiң мазмұны, әдiсi және технологиясы;
      5) кадрлар бiліктілігіне талаптар;
      6) ақпараттық-әдiстемелiк қамтамасыз ету;
      7) білім берудi ұйымдастыруға талап (кадр құрамы, материалдық-техникалық және әлеуметтiк база, қаржылық-экономикалық тұрақтылық, бiлiм берудiң техникалық құралы, ақпараттық-кiтапханалық база, ғылыми-зерттеу және өндiрiстiк база, педагогикалық кадрларды және жоғарғы ғылыми біліктілiк кадрларын даярлауға арналған базалар, өндiрiстiк тәжiрибенi өткiзуге арналған базалар);
      8) жұмыстардың бағыттары (әкiмшiлiк-ұйымдық жұмыс, әдiстемелiк жұмыс, оқу-әдiстемелiк жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмысы, тәрбиелiк жұмыс, жоғары ғылыми бiлiктілiк кадрларын даярлау және ғылыми-педагогикалық кадрларды қайта даярлау, халықаралық ынтымақтастық, бiтiрушiлердi жұмысқа тұрғызу бойынша тұтынушылармен жұмыс жасауды ұйымдастыру қызметi, кәсiби бағдарлық жұмыс);
      Аттестациялық комиссияның құрамын тиiстi уәкiлетті орган бекiтедi.
      9) бiлiм алушыларды даярлау сапасын басқару жүйесi болып табылады.
      8. Мемлекеттiк аттестацияны жүргiзу үшiн уәкiлетті орган олардың құзыреттерiне сәйкес аттестациялық комиссия құрады.
      9. Аттестациялық комиссияның құрамына мыналар енгізiледi:
      1) бiлiм беру саласындағы тиiстi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi;
      2) қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдардың, сондай-ақ олардың құзыретiнің күшiнде мүдделi орташа кәсiби, жоғары кәсiби және жоғары оқу орынынан кейiнгi кәсiби бiлiм беретiн білiм беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялауды жүргiзу кезiндегi орталық атқарушы органдардың өкiлдерi;
      3) Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарының өкiлдерi және жетекшi педагогикалық жұмыскерлер.
      10. Аттестациялық комиссия уәкiлетті орган бекiткен бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау кестесiне сәйкес әрбiр бiлiм бepу ұйымы үшiн 10 күннен аспайтын мерзiмде мемлекеттік аттестациялауды жүргiзедi.
      Уәкілеттi орган аталған мерзiмдi аттестациялық комиссияның дәлелденген өтiнiмiнiң негізiнде ұзартуға, бiрақ үш күннен асырмауға құқылы.
      11. Мемлекеттік аттестациялаудың кестелерi бiлiм беру ұйымына аттестациялау басталғанға дейiн үш ай қалғанда жеткiзiледi.
      Мемлекеттік аттестациялаудың бекiтiлген кестелерiне өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзiлген жағдайда бiлiм беру ұйымдары осы тармақтың бiрiншi абзацында белгіленген мерзiмдерде хабардар етiлуi тиiс.
      12. Мемлекеттiк аттестациялау кестелерiне сәйкес мемлекеттік аттестациялауға жататын бiлiм беру ұйымдары мемлекеттік аттестациялау басталғанға дейiн бiр айдан кешiктiрмей уәкiлеттi органға құжаттарды береді.
      13. Бiлім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттауды жүргiзудiң шығындары бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      14. Аттестациялық комиссияның шешiмдерi, олар шыққаннан кейiн он күннен кешіктiрiлмей тиiстi уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтуге жатады.
      15. Аттестациялық комиссия мынадай дәлелденген шешiмдер қабылдауға құқылы:
      1) аттестатталсын;
      2) аттестатталмасын.
      "Аттестатталсын" шешімi, егер:
      1) бiлiм беру қызметi Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының талаптарына, бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндетті стандарттары мен бiліктілік талаптарына сәйкес болса;
      2) бiлiм алушылар олардың бiлiмiн тексерудiң (кешендi тестiлеу, жазбаша бақылау жұмыстары, сондай-ақ бақылаудың өзге де нысандары) нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган нормативтi белгiлеген өту деңгейiнен жоғары бағалар алған болса қабылданады.
      "Аттестатталмасын" шешiмi бiлiм беру ұйымы аттестаттаудың көрсетiлген шарттарының кемiнде бiреуiн орындамаған жағдайда қабылданады.
      Аттестациялық комиссияның шешiмi уәкiлеттi органның қайта қарауына жатпайды.
      16. Бастауыш кәсiби, орташа кәсiби, жоғарғы кәсiби және жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсiби бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын, олардың бiлiм берудiң тиiсті деңгейiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндетті стандарттарын орындамағандығы туралы және бiлiктiлiк талаптарына сәйкессіздігін куәландыратын бiлім беру ұйымдарын аттестацияламау фактiсi бiлiм беру ұйымының аттестацияланбаған мамандықтары (кәсiптерi) бойынша лицензияларын алып қоюға және бiлiм беру ұйымының алып қойылған лицензияларын лицензиярға қайтарғанға дейiн лицензияларының әрекетiн тоқтату үшін негiздеме болып табылады.
      Екi немесе одан да көп жылдар iшiнде нақты мамандық (кәсiп) бойынша бiлiм алушылардың болмауы бiлiм беру ұйымының осы мамандық (кәсiп) бойынша лицензиясын алып қоюға негіз болады.
      17. Бiлім алушылар болмаған жағдайда аттестациялық комиссия бiлiм беру ұйымының осы мамандық (кәсiп) бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігiне бiлiм беру қызметін тексерудi жүзеге асырады.
      18. Аттестациялық комиссияның шешiмi заңнамамен белгiленген тәртiпте шағымдалуы мүмкiн.
      19. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс жасайтын шетелдiк және халықаралық бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ олардың филиалдарын мемлекеттік аттестациялау Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдары үшiн белгiленген шарттарда және тәртiпте жүзеге асырылады, егер де Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе.

      35-4-бап. Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу

      1. Бiлім бері ұйымдарын аккредиттеу (бұдан әрi - аккредиттеу) мемлекеттік аттестаттау негiзiндегі олардың өтiнімдерi, бiлiм беру ұйымдарын аккредитациялық органдар бекiткен үлгiсi мен түрi бойынша кредиттеу үшiн сапа көрсеткiштерiн бағалаудың тiзбесi мен критерийлерi бойынша жүзеге асырылады.
      2. Бiлiм беру ұйымын аккредиттеу барлық мүдделi тұлғаларға бiлiм беру бағдарламалары мен процестерiнiң сапасы, сондай-ақ болашақта мұнан да жоғары сапаға қол жеткiзу үшiн тиiмдi тетiктердiң бар болуын растаулар туралы жан-жақты ақпараттар беру мақсатында жүргiзiледi.
      Білім беру ұйымдарын аккредиттеу мамандандырылған және конституционалды болады.
      3. Бiлiм беру ұйымын аккредиттеу оның қаражаты есебiнен жүргізiледi.
      4. Аккредиттеуден білiм беру қызметiн жүргізу құқығына лицензияға сәйкес бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi - бiлiм беру ұйымдары) өтеді.
      5. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған бiлiм берудiң халықаралық және шетелдiк ұйымдары немесе олардың филиалдары Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарына қандай болса, дәл сондай шарттар мен тәртiпте аккредиттеуден өтедi.
      6. Аккредиттеу органының қажет болғанда бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу мәселелерiн ұжымдық және жариялы түрде қарау үшiн консультативтiк-кеңесшi орган құруға құқығы бар.
      7. Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеуді алу үшiн мынадай материалдар қажет:
      1) аккредиттеу органы бекiткен нысандағы өтiнім;
      2) білiм беру қызметін жүргізу құқығына лицензияның көшiрмесi;
      3) мемлекеттік аттестациялау нәтижелерiнiң қорытындысы;
      4) бiлiм беру ұйымының қызметін кешендi бағалау үшiн аккредиттелген орган бекiткен нысан бойынша ақпарат.
      8. Бiлiм беру ұйымдарының материалдарын қарауды және шешiм қабылдауды аккредиттеу органы алты айдан асырмай жүргізедi.
      9. Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу кезiнде бағалауға мынадай көрсеткiштер тартылады:
      1) оқу, оқу-әдiстемелiк, ғылыми-техникалық және қаржылық-шаруашылық қызмет;
      2) әкiмшiлiк-басқару персоналының қызметi;
      3) материалдық-техникалық және әлеуметтік қамтамасыз ету;
      4) кадрлық әлеует және ғылыми кадрларды даярлау жөнiндегi жұмыстың жай-күйi.
      10. Бiлiм беру ұйымдары берген білім беру ұйымдарын тексеру құжаттарын, материалдарын қараудың нәтижелерi бойынша аккредиттеу органы мынадай шешiмдер қабылдайды:
      1) бiлiм беру ұйымын немесе бiлiм беру бағдарламаларын аккредиттеу;
      2) бiлiм беру ұйымын немесе бiлiм беру бағдарламаларын аккредиттеуден бас тарту.
      11. Аккредиттеуден бас тарту үшiн:
      1) 7-баптың тармағына сәйкес талап етілген барлық құжаттарды бермеу;
      2) дұрыс емес мәліметтер беру;
      3) құрылтайшылық құжаттарда көрсетiлген бiлiм беру ұйымының үлгiсi мен түрi бiлiм беру ұйымын аккредиттеу үшiн негізгі көрсеткiштердi бағалаудың тiзбесi мен критерийлерiне сәйкес емес;
      4) мемлекеттiк аттестациялық комиссияның "аттестатталмасын" деген шешiмі бар.
      Бiлiм беру ұйымы көрсетiлген кедергілердi жойған кезде аккредиттеу туралы өтiнiм жалпы негізде қаралады.
      Аккредиттеуден бас тартқан кезде өтiнiм берушiге аккредиттеу үшiн белгiленген мерзiмде жазбаша түрде дәлелденген жауап берiледi.
      12. Куәлiк бланкiсiнiң нысанын және оған қосымшаның нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібiн аккредиттеу органы белгілейдi.
      13. Аккредиттеу әрекетiн тоқтату немесе оны алып қою үшiн мыналар негіз болып табылады:
      1) ұйымның тиiстi өтінім беруi;
      2) бiлiм беру қызметін жүргізу құқығына лицензияның әрекетiн тоқтату немесе алып қою;
      3) аккредиттеу кезінде көрсеткiштердiң жазылғаннан төмен болуы;
      4) бiлiм беру ұйымының дұрыс емес жалған ақпарат беруi.

      35-5-бап. Бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының
                бiлiм беру және лицензиялық ережелерi туралы
                заңнаманы сақтауына бақылау.

      1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру және лицензиялық ережелер туралы заңнаманы сақтауын бақылау сапалы бiлiм алуға азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету және негiзгі және қосымша бiлiм бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бiлiм беру, білiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттары саласындағы заңнама талаптарын және лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын сақтауын тексеру нысанында жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасының бiлiм беру заңнамасын және лицензиялық ережелерiн сақтауды тексерудi уәкiлетті орган жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының бiлiм беру заңнамасын және лицензиялық ережесiн сақтауын тексеруге олардың меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бiлiм берудiң барлық органдары жатады.
      4. Тексеру мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) жоспарлық - бұрынғы тексерулерге қатысты заңнамамен белгiленген уақыт интервалдарын ескере отырып, өткiзiлетін уәкiлеттi орган алдын ала жоспарлаған тексеру;
      2) жоспардан тыс - оған өзге де өкiлеттi органдардың тапсырмалары мен сұрауларына депутаттық сауалдарына байланысты, беймәлiмдердi қоспағанда, өтінімдер және заңнаманы бұзушылық белгiлерi тiкелей айқындалған өзге де ақпарат бойынша, сондай-ақ, жоспарлы тексеру нәтижесiнде айқындалған бұзушылықтарды жою туралы талаптың орындалуын бақылау мақсатында жүргiзiлетiн тексеру;
      3) қарсы - егер, бақылаушы органдарда тексерулер жүргізу кезiнде аталған тұлғалармен байланысты қосымша ақпаратты алуда қажеттiлiк туындаған жағдайда үшiншi тұлғаларға қатысты өткiзiлетiн тексеру.
      5. Жоспарлы тексеру екi жылда бір рет өткiзiледi.
      6. Бiлiм беру мен ғылымның халықаралық және шетелдiк ұйымдары немесе Қазақстан Республикасының аумағында құрылған олардың филиалдары Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдары сияқты тәртiпте тексерiледi.
      7. Бiлiм беру ұйымдарын тексеру тексерудi өткiзу туралы уәкiлетті органның шешiмi негiзiнде өткiзiледi.
      8. Тексерудi жүргізу үшiн комиссия құрылады. Комиссия құрамын, өткiзу мерзiмiн, тексеру объектiсiн, мәнiн уәкiлетті орган бекiтедi. Тексеруге бiлiм және ғылым ұйымдарының мамандары тартылуы мүмкiн.
      9. Тексерулердiң ұзақтығы 7 күннен аспауы тиiс. Тексеру өткiзудiң дәлелдi негіздерi болған кезде 10 күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкін. Бiлiм берудiң тексерiлетiн ұйымы тексеру басталғанға дейiнгi 2 күннен кешіктiрмей алдағы тексеру туралы ескертілуі тиіс.
      10. Тексерушi тұлғалар тексерулердi жүргiзу уақытында кез-келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру мәніне жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқығы бар.
      11. Комиссия бiлiктiлiк талаптарына бiлiм беру қызметiнiң шарттарына сәйкестігін айқындау мақсатымен мыналарды зерттейдi: құрылтай құжаттары, оқу-материалдық база, кiтапханалық қор, тамақтандыру және медициналық қызмет көрсету пункттерiнің қамтамасыз етiлуi, практика базасының болуы, оқытушылардың сапалық құрамы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындаудың жай-күйi (жоғары оқу орындарында), материалдық активтердiң болуын растайтын қаржы құжаттары, оқитындардың контингентi, оның iшiнде, мамандықтар (кәсiптер бойынша) бойынша және оқыту нысандары бойынша көрсеткiштер, оқу жоспары пәндерiнiң оқу жүктемесiнiң көлемiне сәйкес педагогикалық жүктемені жоспарлауға және бөлуге талдау жүргізу.
      12. Бiлiктiлiк талаптарына оқытушылардың сапалық және сандық құрамының сәйкестігі базалық бiлiм беру мамандығы және оқытушыларды ғылыми дайындаудың шифры бойынша айқындалады.
      13. Комиссия оқу процессiн ақпараттық-әдiстемелiк және кiтапханалық қамтамасыз етудi зерделеу үшiн мыналарды айқындайды:
      1) бiлiм беру ұйымының компьютерлiк-ақпараттық базасының болуы және жай-күйi;
      2) кiтапхана қорының білім беру ұйымының кiтапхана қорларын қалыптастыруға қойылатын сандық және сапалық сипаттамаларына сәйкестiгі;
      3) электронды және магниттік тасығыштардағы оқу және оқу-әдiстемелiк әдебиет қорының болуы.
      14. Бiлiм беру ұйымының жалпы және оқу алаңдарын айқындау кезiнде құқық белгiлейтiн құжаттардың тиiстiлігі мен дұрыстығы және олардың бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi талаптарының мазмұны (бiлiм беру ұйымының тиiстi түрiне сәйкес келетiн) мен талаптарына және олардың қолданыстағы санитарлық ережелер құрылғыларына сәйкестігі белгiленедi.
      15. Заңды тұлғалардың лицензиясыз бiлiм беру қызметін жүзеге асыру фактiсi анықталған кезде, сондай-ақ, қажетті құжаттарды, материалдарды, қызмет, статистикалық және өзге де мәлiметтер туралы ақпаратты беруден бас тартуда, тексеру жүргiзу үшiн енуден бас тарту немесе өзге кедергi келтiру не терiс ақпаратты беруде көрiнiс берген тексеру жүргiзуге кедергі келтiру жағдайында заңнамада белгiленген тәртіпте әкiмшілік өндiрiс қозғалады.
      16. Тексеру тексерудiң қорытындысы туралы анықтаманы жасаумен аяқталады. Тексерудiң қорытындысы туралы анықтамаға жазылған фактiлердiң анықтығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi қоса берiледi.
      17. Комиссия әзiрлеген тексеру қорытындысы туралы анықтамамен өз қолы мен ұйымның мөрiн қоятын тексерiлетiн ұйымының басшысы танысуы тиiс. Бұл ретте, ол тұтастай алғанда немесе жекелеген позициялар бойынша тексеру нәтижелерiмен келiспеу туралы жазбаны жасауға құқылы.
      Бiлiм беру ұйымының басшысы анықтамаға қол қоюға бас тартқан немесе басшының не оның мiндетiн атқарушы тұлғаның қолын алу мүмкiндiгi жоқ болған жағдайда комиссия төрағасы анықтамада тиiстi жазбаны жүргізедi.
      Анықтаманың бiр данасы тексерiлетiн ұйымда қалады.
      18. Тексеру қорытындысы туралы анықтаманы қарау нәтижелерi бойынша бiлiктiлiк талаптарын сақтамау фактiлерi болған және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасын бұзушылық кезiнде уәкiлеттi орган мынадай:
      1) бiлiм беру ұйымы лицензиясының күшiн тоқтата тұру туралы;
      2) бiлiм беру ұйымынан лицензияны қайтарып алу туралы;
      3) мемлекеттiк емес ұйымдарды тiркеу туралы куәлiктiң күшiн тоқтата тұру туралы;
      4) мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлiктiң күшін тоқтату туралы;
      5) ғылыми ұйымдардың кезектен тыс аттестаттауын жүргiзу туралы шешiм қабылдайды.

      35-6-бап. Бiлiм беру жүйелерiнiң басқару органдарын ақпараттық
                қамтамасыз ету

      1. Қазақстан Республикасында бiлiм беру жүйелерiнiң басқару органдарын толық, анық, салыстырмалы ақпараттармен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында бiлiм берудi тиiмдi басқару мүмкiндiгiмен қамтамасыз ететiн бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесi құрылады және қолданылады.
      2. Бiлім берудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесi өзiне белгiленген көрсеткiштер бойынша бiлiм беру жүйесiндегі есепке алу деректерiн, бiлiм беру саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарынан, бiлiм берудi басқарудың жергілiктi мемлекеттiк органдарынан, олардың өз функцияларын жүзеге асыру кезiнде бiлiм беру ұйымдарынан алынған бiлiм беру мониторингiнің деректерi мен өзге де деректердi қамтиды.".

      25. "Демпингке қарсы шаралар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 19, 654-құжат):
      5-баптың атауындағы "бақылау" деген сөз "peттeу" деген сөзбен ауыстырылсын.

      26. "Дене тәрбиесі және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы  Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1065-құжат; 2003 ж., N 15, 129-құжат):
      мынадай мазмұндағы 24-2-баппен толықтырылсын:

      "24-2-бап. Мемлекеттiк бақылау

      1. Спорт объектілерiн пайдалану, техникалық қызмет көрсету жөнiндегi стандарттарды, ережелердi және нормаларды сақтау мәнiне тексерулердi жүргізу арқылы уәкiлеттi орган мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
      2. Шағымдар, өтінiштер және мәлiмсiз өтiнiмдердi қоспағанда, ресми хабарламалардың басқа да нысандары, сондай-ақ уәкiлетті органның лауазымды тұлғалары берген нұсқамаларды орындау мен заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған iс-шараларды жүргiзу мемлекеттiк бақылауды жүргiзудiң негіздемесi болып табылады.
      3. Шағын кәсiпкерлік субъектiлерiн тексеру жылына кемiнде бiр рет жүргізiледi.".

      27. "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат, 2004 ж., N 11-12, 66-құжат):

      1) 43-баптың 14) тармақшасындағы "инспекциялау (тексеру)" деген сөздер "тексеру" сөзiмен ауыстырылсын;

      2) 44-бапта:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Тексеру";
      1-тармақтағы "инспекциялау (тексеру)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiпте" деген сөздермен ауыстырылсын.

      28. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат; 2004 ж., N 2, 10-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат):
      мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:

      "22-1-бап. Бақылау халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманы
                 сақтау жөнiндегi тексерулер, олардың түрлерi мен
                 нысандары арқылы жүзеге асырылады

      1. Тексерулер мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) жоспарлы тексеру - заңнамада белгіленген алдыңғы тексерулерге қатысу бойынша уақыт аралықтары ескерiлiп жүргiзiлетiн орталық атқарушы орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi алдын ала жоспарлайтын тексеру;
      2) жоспардан тыс - уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметінiң, Бас прокуратурасының, осыған уәкiлеттi өзге де мемлекеттiк органдардың өтiнiштер, өтiнiмдер, арыздар, хабарламалар және жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылықтар туралы өзге де ақпараттар бойынша тапсырмаларымен немесе сұрауларымен, заңнаманы бұзушылық белгiлерiн тiкелей анықтаумен байланысты, азаматтардың денсаулығы мен өмiрiне қауiптер төнген жағдайда және апатты жағдайларда, сондай-ақ анықталған жоспарлы iс-шара нәтижелерiн бұзушылықтарды болдырмау туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында жүргізетiн тексеру;
      бiрлескен - орталық атқарушы орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi, басқа бақылаушы органмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелерi бойынша кешендi жүргізiлетiн тексеру.
      2. Бiр жеке немесе заңды тұлғаға қатысты тексеру кемiнде жылына бiр рет, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге көзделмесе, шетелдiк жұмыс күштерiн тартуға рұқсаттарда айтылған шарттарды орындау жөнiндегi тексерулердi қоспағанда, шағын кәсiпкердiң субъектiсiн үш жылда кемiнде бiр рет жүргiзiледi.
      3. Жоспардан тыс тексерудi орталық атқарушы орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерi азаматтардың немесе заңды тұлғалардың, оның iшiнде халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың мiндеттi талаптарын жеке және заңды тұлғалардың бұзушылықтарын, сондай-ақ мұндай бұзушылық белгілерінің болуы туралы куәландыратын құжаттармен және өзге де дәлелдермен расталатын ақпаратты алуға мемлекеттік органдардың шағымдары мен өтiнiштерi түскен жағдайда жүргiзiледi.
      Мәлімсiз өтiнiмдер жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн негіз бола алмайды.
      4. Тексеру ұзақтығы отыз күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс. Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болғанда, сондай-ақ тексерудiң айтарлықтай көлемiне байланысты айрықша жағдайларда мемлекеттiк бақылау органының басшысы (не оны ауыстыратын тұлға) тексеру жүргiзу мерзiмiн құрылымдық бөлiмшелерi жоқ заңды тұлғалар үшiн жиырма жұмыс күнiне дейiн және құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғалар үшiн отыз жұмыс күнiне дейiн мерзiмге ұзартуы мүмкiн.".

      29. "Туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 13-14, 175-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; 2003 ж., N 23, 168-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 11-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарына туристік қызметтiң субъектiлерiнiң қызметін ұйымдастырумен байланысты әдiстемелiк және консультативтік көмек көрсетедi;";

      2) мынадай мазмұндағы 28-1-баппен толықтырылсын:

      "28-1-бап. 1. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы
заңнамасының және тексерулер және (немесе) құжаттарға сұрау салу жолымен туризм саласындағы кәсіпкерлiк қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың туристік қызмет саласындағы нормативтік-құқықтық актiлерiн орындауына бақылауды жүзеге асырады.
      2. Tуристік қызмет субъектiлерiн тексеру жоспарлыққа (жоспарланған және тиiстi мемлекеттiк орган бекiткен) және жоспардан тысқа (шағымдар, өтiнiштер бойынша жедел әсер етудi талап ететiн қалыптасқан жағдайға сәйкес тағайындалған) бөлiнедi.
      3. Жоспарлық тексерулер жылына кемiнде бiр рет жүргізiледi.".

      30. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 243-құжат):

      1) 19-баптың 6) тармақшасындағы "сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың," деген сөздер алынып тасталсын;

      2) 31-бапта:
      2-тармақтың 3) тармақшасындағы "азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлетті орталық атқарушы орган" деген сөздер "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ алынып тасталсын;

      3) мынадай мазмұндағы 31-1-бабымен толықтырылсын:

      "31-1-бап. Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру тәртiбi

      Шағын кәсiпкерлік субъектiлерiн тексеру, объектінi пайдалануға берудi, төтенше жағдайларды пайда болуын, қылмыстық iс қозғауды, шағын кәсiпкерлік субъектісiнің өз өтiнiшiн, мәлiмсiздердi қоспағанда жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтiнiшiн қоспағанда үш жылда бiр реттен жиi емес жүзеге асырылады.
      Жоспарланған тексеру мерзiмдерi туралы хабарлама тапсырыс берушiге (меншiк иесiне), авторлық қадағалау тобы мен құрылыстың осы объектiсi бойынша мердiгерге (бас мердiгерге) тексеру басталғанға дейiн 2 күннен кешiктiрiлмей жiберiледi.
      Тапсырыс беруші (меншiк иесi) мен мердiгер (бас мердiгер) сәулет-құрылыс бақылауының мемлекеттік органы немесе мемлекеттiк құрылыс инспекторы сұратқан осы құрылыс бойынша жобалық және атқару техникалық құжаттамасын, сондай-ақ тиiстi жобалар жөнiндегi сараптама қорытындысын ұсынады.
      Сәулет-құрылыс бақылаудың мемлекеттік органы (мемлекеттiк құрылыс инспекторы) құрылысты инспекциялау барысында:
      1) бекiтiлген жобалық (жоба-сметалық) құжаттаманың, жоба сараптамасының оң қорытындысының, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарының өндiрiсiне тиiстi рұқсаттың болуын;
      2) лицензияланатын сәулет-қала құрылысы қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияның болуын;
      3) орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаж жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдары (өнiмдер, конструкциялар) және жабдықтардың бекiтілген жобалық шешiмдерге және мемлекеттік (мемлекетаралық), оның iшiнде өтпе және қоршама конструкциялардың мықтылығын, табандылығын және ғимараттың (құрылыстың) пайдалану сипаттарын қамтамасыз ету жөніндегі нормативтерге сәйкестігін;
      4) өндiрiстік бақылау меншігінің барлық түрлерi мен нысандарындағы мердiгердiң (бас мердiгердiң) құрылыс сапасын (кiрiс, операциялық, қабылдау зертханалық, геодезиялық тағы басқа) ұйымдастыруы мен жүзеге асыруын;
      5) атқарушы құжаттаманың уақытылы және дұрыс ресiмделуiн белгілейдi.
      Құрылыс сапасына жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша жұмысы тексерiлген мердiгерге (бac мердiгерге), сондай-ақ тапсырыс берушiге (меншiк иесiне) берiлетiн уәкілетті мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша айқындалған ақаулар сипаттала отырып, анықтама және объектiлер ведомосi жасақталады.
      Сәулет-құрылыс бақылауы мемлекеттiк органдарының немесе мемлекеттік құрылыс инспекторларының ұйғарымына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.";

      4) 32-баптың 4-тармағында:
      2) тармақшадағы "жүзеге асыратын" деген сөздерден кейiн "осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшадағы "жеке тұлғалар" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жататын заңды тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын.

      31. "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 315-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 18, 110-құжат; 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 296-297 "Казахстанская правда" газетiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттіктердiң ара жiгiн ажырату және бюджеттiк қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы  Заңы ):

      1) 1-тарауда:
      1-бап мынадай мазмұндағы 2-1, 28-1 тармақшаларымен толықтырылсын:
      "2-1) мемлекеттік көліктi бақылау (бұдан әрi - көлiктік бақылау) - заңды және жеке тұлғалардың темiр жол көлiгi саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкiлеттi орган жүргізетiн iс-шаралар жиынтығы;
      28-1) тексеру - шаруашылық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының темiр жол саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасалатын бақылау функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттiк органдардың әрекетi;";

      2) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 31), 32) тармақшаларымен толықтырылсын:
      31) заңды және жеке тұлғалардың темiр жол көлiгінiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауын мемлекеттiк бақылау;
      32) көлiк қызметтерiн көрсету саласындағы лицензиялық ережелердiң сақтамауын мемлекеттiк бақылау;

      3) 9-тарау мынадай мазмұндағы 66-1, 66-2 баптарымен толықтырылсын:

      "66-1-бап. Тасымалдаушылардың уәкiлетті орган белгілеген жолаушыларды, багаж бен жүк багаждарды тасымалдау ережелерiн сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережелерi мыналарды айқындайды:
      1) жолаушылардың поездарда жүрiп-тұру ережесiн сақтауын;
      2) қол жүгі мен багажды тасымалдаудың тәртiбi мен шарттарын сақтауды;
      3) тасымалдаушылардың жүк багажын тасымалдау тәртiбiн сақтауын;
      4) жолда жүру құжаттарының (билеттердiң) сатылуын ұйымдастыру, мерзiмiн ұзарту және билет кассаларының жұмыс тәртiбiн сақтауды;
      5) тасымалдаушылардың жолаушы вагондарының белгiленген санаттарын, оның iшiнде жайлылық деңгейi бойынша сақтауын;
      6) жолаушы поездары мен вокзалдарда жолаушыларға көрсетілетiн шұғыл медициналық жәрдем көрсетудi қоса алғанда, мiндеттi қызметтер көрсету тiзбесiнiң сақталуын;
      7) жолаушылардың поезд жағдайларының өзгерiсi, төсек керек-жарақтарының берiлуi мен поездардағы басқа да қызметтердiң тәртiбi мен шарттарының сақталуын;
      8) тасымалдаушылардың багажды, жүк багажын қабылдау және беру шарттары мен тәртiбiн;
      9) тасымал құжаттарының белгіленген нысанын және олардың ресiмделу тәртiбiнiң сақталуын;
      10) тасымалдаушылардың тасымалдауға рұқсат етілетiн жануарларды тасымалдау тәртiбiн, оларды тасымалдау шарттарын сақтауды;
      11) тасымалдаушылардың багажды және жол жүру жолында жүк-багажды беру тәртiбiн сақтау;
      12) тасымалдаушылардың багажды және жүк-багажды сақтау, ұстап тұру, беру тәртiбiн сақтау;
      13) тасымалдаушылардың қауiптi заттарды тасымалдау шарттарын сақтау;
      14) пайдаланылмаған жол жүру құжаттарының төлемдерiн қайтару тәртiбiн сақтау;
      15) кәмелетке толмаған балалардың жол жүру ережелерiн сақтау;
      16) бақылаушы органдар лауазымды тұлғаларының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды анықтауы және жолын кесуi;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге шарттарды сақтау.

      66-2-бап. Жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау
                ережелерiн тексеру тәртiбi

      1. Тасымалдаушыларды Жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережелерiн сақтаулары бойынша тексерудi уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары қызметтік куәлiктерiн және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тексеру жүргізуге нұсқамаларды (тапсырмаларды) көрсете отырып жүзеге асырады;
      2. Тексерудiң аяқталуы бойынша тексеру актiсi жасалады бұзушылықтар анықталғанда оларды жою туралы нұсқаулар берiледi.";

      4) мынадай мазмұндағы 10-1-тараумен толықтырылсын:
 
        "10-1-тарау. Темiр жол көлiгі саласындағы көлiктiк бақылауды
                   жүзеге асыру

      88-1-бап. Көлiктiк бақылауды жүргізудiң мәнi мен мақсаты

      1. Көліктiк бақылау жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын темiр жол көлiгi саласындағы қызметiне жүргiзiледi.
      2. Көліктiк бақылауды жүргiзу мақсаты Қазақстан Республикасының темiр жол көлігi саласындағы заңнамасының темiр жол көлігіндегі қауiпсiз пайдалану және тиiмдi қызмет бойынша талаптарын сақтау болып табылады.
      3. Уәкілеттi орган орталық және жергілiктi мемлекеттік органдармен өзара iс-әрекет жасасады, бақылаудың бiрлескен шараларын қабылдайды, ақпаратпен өзара алмасуды қамтамасыз етедi.
      Мемлекеттік органдар уәкiлеттi органға темiр жол көлігі саласындағы қауiпсiздiкті қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көліктiк бақылауды жүзеге асыру бойынша мiндеттердi орындауына жәрдем көрсетуге мiндеттi.

      88-2-бап. Тексеру жүргiзудiң кезеңдігі және түрлерi

      1. Тексеру түрлерi:
      жоспарлы - уәкiлетті органның алдағы тексеруге қатысты заңнамамен белгiленген уақытша интервалдарды ескерiп жүргізетiн алдын ала жоспарланған тексеруi;
      жоспардан тыс - уәкiлетті орган Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметінің, Бас прокуратурасының, осыған уәкiлетті өзге де мемлекеттік органдардың өтiнiштер, өтінімдер, арыздар, хабарламалар және жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылықтар туралы өзге де ақпараттар бойынша тапсырмаларымен немесе сұрауларымен, заңнаманы бұзушылық белгілерiн тiкелей анықтаумен байланысты азаматтардың денсаулығы мен өмiрiне қауiптер төнген жағдайда және апатты жағдайларда, сондай-ақ анықталған жоспарлы iс-шара нәтижелерiн бұзушылықтарды болдырмау туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында жүргiзетiн тексеру;
      қарсы - уәкілетті орган жоспардан тыс тәртiпте тексерiлетiн шаруашылық субъект шарттық мiндеттемеде не өзге де құқықтық қатынастарда болған жеке немесе заңды тұлғаларға (филиалдарға немесе өкiлдiктерге) қатысты берiлген не алынған қосымша ақпараттың растығын қайта тексеру мақсатында жүргізетiн тексеруi;
      рейдтiк - бiрнеше шаруашылық субъектiлерінің қызметтерiн бiр уақытта қамтитын олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелерi жөніндегі тексеру.
      Тексеру тексеру тағайындау туралы актiнiң негiзiнде жүргiзiледi және нәтижелерi тексеру жүргiзу туралы актiмен ресiмделедi. Қажет болғанда анықталған бұзушылықтарды болдырмауға нұсқаулар берiледi.
      2. Тексеру жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен белгiленген жағдайлардан басқа, тасымалдаушының және көлiктiк кәсiпорынның қызметiн тоқтатуға тиiстi емес.
      Уәкiлеттi орган заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiн заңды тұлғаның өзiн тексерудi жүргiзуге қатыссыз тексеруге құқылы.

      88-3. Тексеру жүргiзу мерзiмдерi

      1. Тексеру жүргізу мерзiмi егер де Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгесi көзделмеген болса, актінi тапсырған сәттен бастап отыз жұмыс күндерiнен аспауы тиiс.
      2. Құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғаны тексерудi жүргiзу кезiндегi тексеру жүргізу мерзімін уәкілетті орган қырық жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкiн.
      3. Ерекше күрделi мәселелердi тексеру кезiнде тексеру жүргізу мерзiмiн уәкiлетті орган құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлға үшiн елу жұмыс күнiне дейiн және құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлға үшiн алпыс жұмыс күнiне дейiн ұлғайтуы мүмкiн. Ерекше күрделi мәселелер уәкiлеттi органның тасымалдаушыға және көлiктiк кәсiпорынға берiлетiн негiзделген жазбаша шешiмiмен расталады.
      4. Тексеру жүргізу мерзiмi тасымалдаушыға уәкiлеттi органның құжаттарды беру туралы талаптарын тапсырған және тасымалдаушы тексеру жүргiзу кезiнде сұралған құжаттарды берген сәттер арасындағы кезеңде, сондай-ақ уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мәлiметтер мен құжаттарды алу сәтiнде тоқтатылады.
      5. Темiр жол саласындағы шағын кәсiпкерлiк субъектiсi егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгесi көзделмеген болса, жылына бiр реттен жиi емес тексеруге жатады.

      88-4. Қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн уәкілеттi орган мыналарға құқылы:
      1) жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты, материалдарды, уәкiлетті органның құзыретiне кiретiн барлық мәселелер бойынша анықтамалық деректердi сұрауға;
      2) темiр жол көлiгiндегi тасымалдаушылық және басқа қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың қызметiн мыналарға қатысты тексеру:
      3) темiр жол желілерiнiң және темiр жол кiрме жолдарының станциялық және магистралдық жолдарын ұстау;
      4) жылжымалы құрамды ұстау, пайдалану және жөндеу;
      5) жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдаудың белгiленген ережелерiн, сондай-ақ жүктердi тасымалдау ережелерiн сақтау;
      6) темiр жол көлігіндегі қозғалыстың қауiпсiздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық құралдарды ұстау, пайдалану және жөндеу;
      7) жасанды құрылыстарды, сондай-ақ темiр жол өткелдерiн ұстау, пайдалану және жөндеу;
      8) біліктiлік талаптарын және лицензиялаудың белгiленген нормалары мен ережелерiн сақтауды тексередi;
      9) өз құзыретiнiң шегiнде тексеру нәтижелерi бойынша акт жасайды және көлiктiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актiлердiң стандарттарын және нормаларының талаптарын анықталған бұзушылықтарды болдырмау туралы нұсқаулар енгізедi;
      10) хаттамалар жасайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша өндiрiсті жүзеге асырады;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiпте және жағдайда заңды тұлғаларды әкiмшiлiк ұстауды көлiк құралын ұстауды жүзеге асырады, жеке қарау шығуды және заңды тұлғада болған заттарды қарау шығуды, көлiк құралын қарап шығуды жүргізедi;
      12) өз құзыретiнiң шегiнде заңды тұлғаға тиесiлi аумақты, үй-жайды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiсті құжаттарды жүргізедi;
      13) уәкiлетті органның құзыретiне енгiзiлген мәселелер жөнiндегi сараптамасына қатысу үшiн тиiстi мамандарды тарту;
      14) мемлекеттік органдарға көлiк оқиғаларының, көлiктi пайдалану ережелерiн бұзушылықтардың алдын алу жөнiндегi шаралар туралы ұсыныс енгізу;
      15) магистралдық темiр жол желiлерiнiң объектiлерiн, темiр жол жолдарын және жылжымалы құрамды, сондай-ақ жай-күйi қозғалыстың қауiпсiздігіне және қоршаған ортаны қорғаудың белгіленген талаптарына жауап бермейтiн жолаушыларды, жүктердi және қауiптi жүктердi тасымалдау кезiндегі пайдалануды уақытша тоқтатады және тоқтатады.

      88-5-бап. Актiлердiң нысандары

      Тексеру жүргiзуге актiлердiң нысандарын, қозғалыс қауiпсiздiгiн бұзушылықтар жағдайларын есепке алу бойынша қажетті есепке алу құжаттарын тексерудi жүргізу нәтижелерiн ресiмдеудi, анықталған бұзушылықтарды болдырмауға нұсқауларды уәкiлеттi орган белгiлейдi.".

      32. "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 2, 16-құжат; 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 296-297 "Казахстанская правда" газетiнде жарияланылған "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және бюджеттiк қатынастар деңгейлерiнiң арасындағы өкiлеттiктердi бөлу мәселелерi жөнiндегi кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13 Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 4-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 16)-49) тармақтармен толықтырылсын:
      "16) теңiзде жүрудi қамтамасыз етудi бақылау уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi болып табылатын Порттың теңiз әкiмшiлігі арқылы жүзеге асырылады;
      17) шетел мемлекетiнiң туымен жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру;
      18) уәкiлетті органның аумақтық органдарының пайдалануда, қысқы тоқтап тұруда, жөндеуде тұрған теңiз кемелерiн, сондай-ақ құрылып жатқан кемелердi қарап шығуларын жүргiзудi бақылау;
      19) Порт теңiз әкiмшiлiгі жүргізетiн теңiз кемелерiн топтастыруды, тексерудi және апат жағдайларын есепке алуды бақылауды жүзеге асыру;
      20) кеме экипаждарын жасақтауға қойылатын талаптарды қадағалауды бақылау;
      21) кеменiң атауы (немесе атаудан бас тарту) туралы уәкiлеттi органға берiлген құжаттардың негізiнде шешiм қабылдау, бұл туралы Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында тиiстi жазба жасалады, қабылданған шешiм туралы құжат келiп түскен күннен бастап отыз күн iшiнде кеменiң меншiктi иесiне хабарлайды.
      22) Қазақстан Республикасының кеме құрылысы мен кеме жөндеу кәсiпорындарын техникалық қадағалауды және куәландыруды жүргiзу;
      23) теңiз порттарының, жағалаудағы объектiлердiң, гидротехникалық құрылыстардың, жасанды аралдардың қызметiн бақылауды жүзеге асыру;
      24) Мемлекеттік кеме реестрiн, Бербоут-Чартер тiлiмiн және кеме кiтабын жүргiзудi бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады;
      25) Қазақстан Республикасының теңiз порттарының арасындағы мәлiметтердегi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңи құқығындағы жүк тиеу портынан (пункттан) жүк түсiру портына дейiнгi тасымалдау мен буксирлеудi бақылауды жүзеге асыру;
      26) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен су көлігіндегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимыл жасасу;
      27) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртiпте теңiз порттарын жобалауға, құруға және қайта құруға келiсiм беру;
      28) кемеде кеме құжаттарының бар-жоғын тексеру;
      29) кемелерге кеме құжаттарын және мемлекеттік борт нөмiрлерiн беру;
      30) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттiк тiркеуге жататын кеменiң командалық құрамының адамдарын дипломдауды, сондай-ақ теңiзшiлерге паспорттар берудi бақылау;
      31) шағын өлшемдi кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру;
      32) заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының су көлiгінiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлерiн, халықаралық шарттарын сақтауын, оларды бұзушылықтарды анықтау және оның жолын кесу бойынша шаралар қабылдауды мемлекеттік бақылау;
      33) уәкiлетті органның аумақтық органдары сауда мақсатында теңiзде жүзу мақсатында пайдаланатын кемелердi мемлекеттiк тiркеудi мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      34) бiлiктi органдардың теңiз кемелерiн және оларды топтастыруды техникалық бақылауды жүргізудi мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      35) кемелер iшкi су жолдарында пайдаланатын байланыс саласындағы ережелердi, нормаларды және стандарттарды орындауды мемлекеттiк бақылау;
      36) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру шартын тасымалдаушының жасасуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      37) заңды және жеке тұлғалардан қажеттi ақпараттарды, материалдарды, уәкiлетті органның құзыретіне енетiн барлық мәселелер бойынша анықтамалық деректердi сұрауға;
      38) су көлiгiнде тасымалдық және басқада қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың олардың заңнаманың ережелерiн сақтауына қатысты қызметiн тексеру;
      39) бiлiктiлiк талаптарын және белгiленген нормаларды және лицензиялау ережелерiн сақтауды тексеру;
      40) өз құзыретiнiң шегiнде тексеру нәтижелерi туралы актiлер жасайды және анықталған су көлiгінiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың және нормалардың талаптарын бұзушылықтарды болдырмау туралы нұсқаулар енгiзу;
      41) хаттамалар жасайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша өндiрiстi жүзеге асырады;
      42) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiпте және жағдайда теңiз және шағын өлшемдi кемелердi әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыру, теңiз және шағын өлшемдi кемелердi тексерудi жүргiзеді;
      43) заңды тұлғаға тиесiлi әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы немесе тiкелей объектісi болған, әкiмшiлiк бұзушылық жасаған жерде не заңды тұлғаға тиесiлі аумақты, үй-жайды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге мүлiктi және заттарды қарап шығуды жүргiзу кезiнде табылған құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлікті және заттарды алуды жүзеге асыру;
      44) өз құзыретiнiң шегiнде заңды тұлғаға тиесiлi аумақты, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап шығуды жүргiзу;
      45) өз құзыретiнiң шегінде әкiмшiлiк бұзушылық жасау құралы немесе тiкелей объектiлер болған заңды тұлғаға тиесiлi тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiкте тұтқынға алу;
      46) уәкiлеттiк органның құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаға қатысу үшiн тиiстi мамандарды тарту;
      47) мемлекеттік органдарға көлiк оқиғаларының, су көлiгiн пайдалану ережелерiн бұзушылықтардың алдын алу жөнiндегi шаралар туралы ұсыныс енгiзедi;
      48) кеме жүргізушілерiн даярлау жөнiнде курстар ұйымдастыру.";

      2) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Кеме құжаттарының нысандарының тiзбесiн, жүргізу тәртiбiн, сондай-ақ әзiрлеу мен бекітудi уәкiлетті орган айқындайды;
      Кеме мынадай кеме құжаттарына ие болуы тиiс:
      1) Теңiз кемесiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуiне құқығы туралы куәлiк;
      2) кемедегi меншiктілік құқық туралы куәлiк;
      3) жүзуге жарамдылық туралы куәлiк;
      4) жолаушылық куәлiк (жолаушылар кемелерi үшiн);
      5) өлшеу куәлiгi;
      6) жүк маркасы туралы куәлiк;
      7) мұнаймен ластаудың алдын алу туралы куәлiк;
      8) ағын сулармен ластанудың алдын алу туралы куәлiк;
      9) күл-қоқыспен ластанудың алдын алу туралы куәлiк;
      10) біліктілік куәлiгi;
      11) кеме радиостанцияларының лицензиясы және радиожурнал (егер де кемеде кеме радиостанциясы бар болса);
      12) кеме рөлi;
      13) кеме журналы;
      14) машина журналы (механикалық қозғалтқышы бар кемелер үшiн);
      15) санитарлық журнал;
      16) ағын сулармен күресу операцияларының журналы;
      17) күл-қоқыспен операциялар журналы;
      18) мұнай танкерi болып табылмайтын кемелер үшiн мұнай операцияларының журналы;
      19) мұнай танкерлерi үшін мұнай операцияларының журналы;
      20) жүзу құқығы туралы кемелік санитарлық куәлiк;
      21) кеме билетi (кемелердің кейбiр санаттары үшiн);
      22) Бербоут-Чартер шарттарында жалға алынған шетелдiк теңiз кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлiк;
      23) кеменiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығы туралы уақытша куәлік;
      24) кемеге (құрылып жатқан кемеге) құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
      25) кеме тiзiлiмiнiң анкетасы;
      26) қысқы тоқтауда тұрған кемелердi орналастыру жоспары және нығайту тәсiлдерi;
      27) апаттық жағдайды тексеру туралы акт (апаттық жағдайды тексеру кезiнде);
      28) кеменi куәландыру туралы;
      29) кеме құрылысы және кеме жөндеу зауыттарын тану туралы куәлiк;
      30) кемелердi және порттық құрылыстарды сақтау жөнiндегi халықаралық талаптарға сәйкес кемелердi қорғау жөнiндегi құжаттар;
      31) кеме жүргiзушiлерінің, кеме электрлi механиктерiнiң, кеме радио мамандарының және кеме механиктерiнiң дипломдары;
      32) кеме командасы адамдарының бiлiктiлік куәлігі;
      33) командалық құрам және кеме командаларының адамдары үшiн арнайы куәлiктер, теңiзге батып кеткен мүлiктi көтеруге, портта құрылыс гидротехникалық және өзге жұмыстарды жүргiзуге арналған рұқсат ету құжаттарының нысаны.".

      33. "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы N 302  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 5, 54-құжат; 2004 жылғы 28 желтоқсандағы "Казахстанская правда" газетiнде және 2004 жылғы 30 желтоқсандағы "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару және бюджеттік қатынастар деңгейлерiнiң арасындағы өкiлеттіктердi бөлу мәселелерi жөніндегі кейбiр заңнамалық актілеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13 Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 1-бап:
      мынадай мазмұндағы 19) және 20)-тармақшалармен толықтырылсын:
      "19) уәкiлетті орган - қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      20) жоспарлы тексерiс - заңнамада белгіленген кезеңге сәйкес жүргізiлетiн бақылаушы органның алдын ала жоспарлаған тексерiсi.";

      2) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:
      Тексерулер түрлерi:
      жоспарлы тексерiс - заңнамамен белгiленген мерзiмдiлiкке сәйкес жүргiзiлетiн, бақылаушы орган алдын-ала жоспарлаған тексерiс;
      жоспардан тыс тексерiс - жоспардан тыс - уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметінiң, Бас прокуратурасының, осыған уәкілеттi өзге де мемлекеттiк органдардың өтiнiштер, өтінімдер, арыздар, хабарламалар және жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылықтар туралы өзге де ақпараттар бойынша тапсырмаларымен немесе сұрауларымен, заңнаманы бұзушылық белгілерiн тікелей анықтаумен байланысты, азаматтардың денсаулығы мен өмiрiне қауiптер төнген жағдайда және апатты жағдайларда, сондай-ақ анықталған жоспарлы iс-шара нәтижелерiн бұзушылықтарды болдырмау туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында жүргiзетiн тексеру;
      кешендi тексерiс - табиғат ортасына антропогендiк iс-әрекеттің дәрежесін анықтау және бiр ортадан басқа ортаға ластанудың таралуын болдырмау мақсатында қоршаған ортаны және табиғат ресурстарын қорғау саласында реттеушi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк бақылаудың уәкiлеттi органдары жүргiзетін тексерiс;
      қарсы тексерiс - егер тексеріс жүргізу кезiнде аталған адамдарға байланысты бақылаушы органдарда қосымша ақпарат алу қажеттiлігі туындаған жағдайда үшінші адамға қатысты жүргізiлетiн тексерiс.
      Осы заңмен белгіленбеген тексерiстiң өзге түрлерiн жүргiзуге тиым салынады.".

      34. "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 жылғы 7 қаңтарда "Казахстанская правда" газетiнiң N 4 және 2004 жылғы 8 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетiнiң N 4 жарияланған):

     1) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:

      "22-1-бап. Зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы
                 тексерудi ұйымдастыру тәртiбi

      1. Зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы тексерудi жүргізудi ұйымдастыру осы заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Тексеру жүргiзу тәртiбi мен мерзiмдерi Жеке кәсiпкерлiк туралы Заңмен реттеледi.
      3. Тексеру түрлерi:
      1) жоспарлы - алдағы тексеруге қатысты заңнамамен белгiленген уақытша интервалдарды ескере отырып жүргiзiлетiн әдiлет органының алдын ала жоспарланған тексеруi;
      2) жоспардан тыс - жеке, заңды тұлғалар мен мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерiн бұзушылықтар туралы келiп түскен өтiнiштермен және өзге ақпараттармен байланысты тағайындалатын тексеру;
      3) рейдтiк - бiрнеше субъектiлердiң қызметін олардың зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актiлердiң жекелеген талаптарын сақтауы мәселелерi бойынша бiр уақытта қамтитын тексеру;
      4) қарсы - берiлген не тексерiлетiн субъект шарттық мiндеттемеде не өзге құқықтық қатынастарда болған жеке немесе заңды тұлғаға қатысты алынған қосымша ақпараттың дұрыстығын қайта тексеру мақсатында уәкiлетті орган жоспардан тыс жүргізетін тексеру;
      Осы Заңмен белгіленбеген тексеру түрлерiн жүргізуге тыйым салынады.
      4. Бiр тексерiлетiн субъектiге қатысты жоспарлы тексеру жылына кемiнде бiр реттен жүргізiлуi мүмкiн.
      Жоспардан тыс тексеру жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi, арыздары мен ақпараттары бойынша, сондай-ақ зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдаланатын субъектiлерге қатысты уәкiлеттi органға келiп түскен мемлекеттiк орган құзыретiнiң шеңберiндегі тапсырмалар бойынша жүргiзiледi;
      5. Тексеру жүргізуге мыналар негiздеме болып табылады:
      1) әдiлет органдарының уәкiлеттік лауазымдық тұлғасының құқық бұзушылық жасау фактісiн тiкелей анықтауы;
      2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа мемлекеттiк органдардан келiп түскен материалдар;
      3) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiмдерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәлімет;
      4) әдiлет органдарының зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы жұмысының жоспары.
      6. Уәкiлеттi лауазымды тұлға бұзушылықты тiкелей оны жасау сәтiнде тапқан жағдайда және дәлелдемелердi бекiту үшiн кезек күттiрмейтiн әрекеттердi жүргiзу қажет болғанда тексеру тағайындау туралы актi келесi жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетiнiң аумақтық органдарына берiледi.";

      2) 23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) нормативтiк-құқықтық актiлердiң мәтiндерiн одан кейiнгі ресми жариялау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәнiне баспа басылымдарының қызметiне бақылауды жүзеге асыру.";
      мынадай мазмұндағы 24-7-бабымен толықтырылсын:
      "24-7. Нормативтiк-құқықтық актiлердiң мәтiндерiн одан кейiнгi ресми жариялау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырудың түрлерi мен тәртiбi.";
      1. Нормативтiк-құқықтық актiлердiң мәтіндерiн одан кейiнгi ресми жариялау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәнiне бақылауды баспа басылымдарының қызметiне тексеру жүргiзу жолымен әдiлет органдары жүзеге асырады.
      Баспа басылымдарының қызметiн тексеру мынадай болуы мүмкiн:
      1) жоспарлы - алдағы тексеруге қатысты заңнамамен белгiленген уақытша интервалдарды ескере отырып жүргізiлетiн алдын ала жоспарланған тексеру;
      2) жоспардан тыс - Қазақстан Республикасының Президентi, Yкiметi, Бас прокуратурасы, оған уәкiлетті өзге де мемлекеттік органдардың тапсырмалары немесе сұрау салуларымен, депутаттық сауалдармен байланысты, азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп және апатты ахуал туғызатын жағдайларда заң бұзушылықтар белгiсiн тiкелей анықтай отырып, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу туралы өтінiмдер, өтініштер, шағымдар, хабарламалар мен өзге де ақпараттар бойынша, сондай-ақ жоспарлы iс-шаралар нәтижесiнде айқындалған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында уәкiлеттi орган жүргiзетiн тексеру;
      2. Жоспарлы тексерулердi жүргiзу жөнiндегi әдiлет органдарының жұмыс жоспарларын Әдiлет министрi, аумақтық әдiлет органдарының басшылары бекiтедi. Жоспар оларға қатысты тексеру жүргiзу және оларды жүргiзу кезеңі жоспарланатын баспа басылымдарының тiзбесiнен тұруы тиiс.
      3. Баспа басылымдарының қызметiн тексеру тексерiстердi тағайындау туралы актi негiзiнде жүргізіледi. Тексерiстердi тағайындау туралы актi мыналардан тұруы тиiс:
      1) мемлекеттiк органның атауы, тексерiстердi тағайындау жөнiндегi өкiлеттiктерге ие тұлғаның тегi және аты-жөнi, лауазымы және оның қолы;
      2) бақылаушы органның журналы бойынша тексерiстердi тағайындау туралы актiнiң күнi мен тiркеу нөмiрi;
      3) тексерiстердi жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның тегi және аты-жөнi;
      4) баспа басылымдарының атауы, орналасқан жерi және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      5) тексерiс түрi;
      6) тексерiс мәселесi;
      7) тексерiстi жүргiзу мерзiмi;
      8) тексерiстi тағайындау негiздемесi.
      4. Teкcepiсті тағайындау туралы әдiлет органдарының актiсiн басшы қол қояды және мемлекеттiк органның мөрiмен куәландырылады. Тексерiстi тағайындау туралы актi құқықтық статистика және арнайы есептер саласындағы статистикалық қызметті өз құзiреті шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттік органда мiндеттi тәртiппен тiркеледi.
      5. Тексерiстi жүргiзу үшiн әдiлет органдарының лауазымды тұлғасы тексерiстi тағайындау туралы актіні және қызметтiк куәлiктi баспа басылымының басшысына көрсетуге мiндетті. Оған қатысты тексерiс жүргізу болжанатын субъектiнiң аталған құжаттарын көpceту кезiнде оларға тиесілі аумаққа немесе үй-жайға әдiлет органының лауазымды тұлғасын жiберуге және тексерiстi жүргiзу үшiн қажетті ақпарат пен құжаттарды алудың мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге міндетті.
      6. Тексерiсті жүргiзу мерзiмi алдағы жұмыстың көлемiн ескере отырып белгiленедi және отыз күнтiзбелік күннен аспауы тиiс.
      7. Тексерiс нәтижелерi бойынша екi данада баспа басылымдарының қызметiн тексеру нәтижелерi туралы актi жасалады.
      Нормативтік-құқықтық актiлердiң мәтіндерiн одан кейінгі ресми жариялау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу анықталған жағдайда әдiлет органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары туралы iстi қозғайды.

      35. "Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуiрдегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 7-8, 77-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) мәтіндегі "және қадағалау" және "және қадағалаудың" деген сөздер алынып тасталсын;

      2) 1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) өнеркәсiптік қауiпсiздiк саласындағы уәкiлетті орган - өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлетті орган).";

      3) 4-баптың 1-тармағындағы 4) тармақшадағы "бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ" деген сөздер "және" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 6-бапта:
      атауындағы "өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы" деген сөздер алынып тасталсын;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асыруды қамтамасыз етедi;";
      2) тармақшадағы "қабылдайды" деген сөз "бекiтедi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
      "апаттың себебiне зерттеу жүргізу тәртiбiн белгілейдi;
      екi немесе бiрнеше әкiмшілiк аумақтық бiрлiктерде арнайы бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкiлетті органның ведомстволарының жанында аумақтық органдарды құрады.";

      5) 7-бапта:
      атауындағы және бiрiншi абзацтағы "мемлекеттік" және "өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы" деген сөздер алынып тасталсын;
      1) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1) өнеркәсiптік қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз етедi;";
      1) тармақша 1-1) тармақшасы деп саналсын;
      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық ұйымдарындағы қауiптi  объектiлердегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      3) өнеркәсiп қауiпсiздігі саласында, оның iшiнде мамандандырылған мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарту арқылы салааралық нормативтiк құқықтық актiлер әзірлейтін, көрсетілген нормативтік құқықтық актілердi бекiтедi немесе келiседi;";
      мынадай мазмұндағы 15), 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
      "15) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк бойынша қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiн кәсiби оқытудың тәртiбi мен мерзiмiн айқындайды;
      16) мүдделi орталық мемлекеттік органдармен бiрге олардың құзiретi шегінде апаттардың себебiне зерттеу жүргізедi;
      17) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы халық пен ұйымдарды хабарландырудың тәртiбiн белгілейдi.";

      6) 11-баптың 9), 11), 13) және 15) тармақшаларындағы "мемлекеттiк", "өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы" деген сөздер алынып тасталсын;

      7) 12-баптың екiншi бөлігі және 14-баптың 2-тармағы алынып тасталсын;

      8) 5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы бақылау және
                оны жүзеге асырудың тәртiбi

      15-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк
              бақылау

      1. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау қауiптi өндiрiстік объектiлерiн пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсiптік қауiпсiздiк талаптарын орындауын тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.
      2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау дербестiк және қадағаланатын ұйымдардан тәуелсiздiк қағидаттарында жүзеге асырылады.
      3. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның, оның аумақтық органдарының мемлекеттік инспекторлары өз лауазымдық міндеттерiн атқару кезiнде:
      1) қауіпті өндiрiстік объектiлердi пайдаланатын ұйымдарға баруға;
      2) қауiптi өндiрiстік объектiлердi пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын орындауын тексеру үшiн қажетті құжаттармен танысуға;
      3) қауiптi өндiрiстiк объектiлерiн пайдаланатын ұйымдардың пайдалануға арналған лицензиялардың шарттарын орындауын тексерудi жүзеге асыруға;
      4) қауiптi өндiрiстiң объектiлерiндегi оқиғаларға техникалық тергеу жүргізудiң дұрыстығын тексерудi, сондай-ақ мұндай тергеулер нәтижелерi бойынша қабылданған шаралардың жеткiлiктiлiгін тексерудi жүзеге асыруға;
      5) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланатын ұйымдарға айқындалған өнеркәсiп қауiпсiздiк талаптарын бұзуларды жою туралы ұйғарым беруге;
      6) өз құзiретi шегінде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында, оның iшiнде қауiптi өндiрiстiк объектiлердегі ғимараттар мен құрылыстарға және қауiптi өндiрiстiк объектiлерiнде қолданылатын техникалық қондырғыларға өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын жүзеге асыру қажеттілiгі туралы нұсқаулар беруге;
      7) қауіпті өндiрiстiк объектілердi пайдаланатын ұйымдарға өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын бұза отырып жүргізiлетiн жұмыстарды тоқтата тұру туралы ұйғарым беруге, қажеттілік кезiнде қауiптi өндiрiстiк объектiлердi, көрсетiлген объектілердегі үй-жайларды немесе қауiптi өндiрiстік объектілерiнде қолданылатын техникалық қондырғыларды мөрлеуге, ал қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiрген жағдайда адамдарды жұмыс орындарынан шығару туралы нұсқау беруге;
      8) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе оның аумақтық органының, басқа да мемлекеттік органдардың алдына өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы қызметтің белгілi бiр түрiн жүзеге асыруға арналған лицензияның күшiн шектеу немесе тоқтата тұру туралы, сондай-ақ өнеркәсіптік қауiпсiздiк талаптары бұзылған жағдайда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайларда көрсетілген лицензияларды мерзiмiнен бұрын қайтарып алу туралы мәселе қоюға;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын бұзуға кiнәлi адамдарды әкiмшiлiк жауапкершiлікке тартуға, сондай-ақ көрсетілген адамдарды қылмыстық жауапкершiлікке тарту туралы материалдарды құқық қорғау органдарына жiберуге;
      10) белгiленген тәртiппен соттар немесе төрелiк сотта өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын бұзу салдарынан басқа адамдардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу туралы қуынымдар бойынша өнеркәсiптік қауiпсiздiк саласындағы уәкiлетті мемлекеттiк органның немесе аумақтық органның өкiлi болып сөз алуға;
      5. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлетті мемлекеттiк органның және оның аумақтық органының мемлекеттiк инспекторлары:
      1) Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсіздігі жөнiндегi заңнамасы талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;
      2) Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiгі жөнiндегi заңнамасы талаптарының сақталуы бойынша уақытылы және сапалы тексерулер жүргiзуге;
      3) ұйымдардың басшыларына, лауазымды тұлғаларына оларды жою жөніндегі шаралар қабылдау үшiн айқындалған Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөнiндегi заңнамасын бұзулар туралы хабарлауға, кiнәлi адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;
      4) ұйымдардың Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiгi жөнiндегi заңнамасын сақтаудың жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштердi жинауды, жинап-қорытуды, жүйелеудi және талдауды жүзеге асыруға;
      5) Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсіздігі жөнiндегi заңнамасы мәселелерi бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргізуге;
      6) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында бақылауды жүзеге асыру кезiнде азаматтармен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасауға;
      7) уәкілеттi органға және басқа да мемлекеттiк органдарға өз құзiретi шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактiлерi туралы хабарлауға;
      8) Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк шаралары жөнiндегі заңнамасын бұзу фактiлерi туралы, оның iшiнде жекелеген өндiрiстердi, цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындары мен жабдықтарды пайдалануды тоқтата тұру (тыйым салу) кезiнде материалдарды дайындауға және құқық қорғау органдарына жiберуге;
      9) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелері бойынша азаматтардың, ұйымдардың шағымдарын, өтiнiштерi мен ұсыныстарын уақытылы қарауға;
      10) өнеркәсіптiк қауiпсiздiк саласында қажетті дайындығының болуына;
      6. Анықталған Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы заңнамасының талаптарын бұзуларға қарай мемлекеттiк бақылау нәтижелерi бойынша әсер етудiң құқықтық шараларын қабылдау мақсатында мемлекеттік инспекторлар мынадай актілер қойылады:
      1) мыналар:
      Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк саласындағы заңнама талаптарын бұзуларды жою туралы;
      жарақат алу қауіпі және апатты жағдайлардың пайда болуын болдырмау үшiн қауiптi өндiрiстiк объектiлерде және жабдықтарда, сондай-ақ өндiрiстiк процестерде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөніндегі алдын алу жұмыстарын өткiзу;
      көрсетiлген мерзiмде сотқа қуыным өтiнiшiн мiндеттi түрде көрсете отырып, үш күннен аспайтын мерзiмге қызметкердiң және жақын тұратын халықтың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төнген жағдайда сот шешiмiнсiз қауіпті өндірістердің, цехтардың, учаскелердiң, жұмыс орындарының және жабдықтардың пайдаланылуына тыйым салу және тоқтата тұру туралы ұйғарымдар;
      2) Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы заңнамасы бұзылған жағдайда әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы қаулы.
      Актi нысандарын, олардың жасақтау тәртiбi мен берiлуiн уәкiлеттi орган бекiтедi. Мемлекеттiк инспекторлардың актiлерiн лауазымды адамдар, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндетті.".

      36. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi "Өсiмдiктердi қорғау туралы"  Заңына (Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Жаршысы, 2002 жыл, N 13-14, 140-құжат; 2004 жыл, N 17, 98-құжат; 2004 жылғы 28 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражігін ажырату және бюджеттiк қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы"  Заңы ):

      1) 14-бап мынадай мазмұндағы 3-1 тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1. Адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғауға және мемлекеттiк ветеринарлық бақылауға жататын мүлiгiн сақтауға бағытталған мемлекеттiк ветеринариялық бақылау тексеру тағайындау туралы акті шығарусыз жүзеге асырылады.";

      2) 6-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "22-1) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру:
      фитосанитарлық бақылау объектiлерiнде фитосанитарлық жағдайды;
      пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтауды, тасымалдауды және қолдануды;
      фитосанитарлық есеп пен есеп берудi жүргiзу және ұсынуды;
      пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiрiстiк сынақтарды жүргiзудi;
      пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (қалдықсақтағыш) жай-күйiн;
      лицензиялық ережелердiң сақталуын;";
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Уәкілеттi органның тиiсті құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы Қазақстан Республикасының өсiмдіктерiн қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспектор болып табылады.
      Уәкілетті органның тиiстi аумақтық құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары Қазақстан Республикасының тиістi әкiмшiлік-аумақтық бiрлiктерiнiң өсiмдiктерiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор болып табылады.
      Уәкілеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің фитосанитарлық бақылауды тiкелей орындайтын басқа лауазымдық тұлғалары өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор болып табылады.";

      3) 3, 4-тараулар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi талаптар

      11-бап. Фитосанитарлық мониторинг және фитосанитарлық
              iс-шаралар

      Қолайлы фитосанитарлық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметi мемлекеттік фитосанитарлық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитарлық мониторинг жүргiзуге, зиянды және аса қауiптi зиянды организмдер зияндылықтың шегінен артық мөлшерде таралуы анықталғанда фитосанитарлық iс-шаралар жүргiзуге мiндетті.

      12-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау
              және қолдану

      1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану пестицидтердiң (улы химикаттардың) адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерінің болмауын қамтамасыз ететiн жағдайларда жүргiзiлуi тиiс.
      2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану жағдайларына қойылатын мiндетті талаптарды мемлекеттік экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және көлiктiк бақылау органдарымен келiсiм бойынша уәкілеттi орган белгілейдi.

      13-бап. Фитосанитарлық есеп және есептiлiк

      1. Қызметi мемлекеттiк фитосанитарлық бақылау объектілерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитарлық есеп жүргізедi және уәкiлетті органға фитосанитарлық есептiлiк тапсырады.
      2. Фитосанитарлық есептiліктiң түрлерiн, нысандарын және оларды тапсырудың мерзiмдерiн уәкiлеттi орган айқындайды.

      14-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттік тiркеу

      Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тiркеу тiркеулiк және өндiрiстiк сынақтардың нәтижесiнде мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келiсе отырып уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүргізiледi.
      Мемлекеттiк тiркеуден өткен пестицидтер (улы химикаттар) қолдануға рұқсат етiледi және уәкiлетті орган жүргізетін пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiне енгiзiледi.
      Мемлекеттік тiркеуден өтпеген пестицидтердi (улы химикаттарды), сондай-ақ пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру үшiн бастапқы компоненттердi, тiркеу өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулер үшiн әкелiнетiн тәжiрибелiк үлгілердi қоспағанда пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiруге, әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткiзуге және қолдануға тыйым салынады. Тiркеулiк, өндiрiстiк сынақтар мен ғылыми зерттеулер үшiн әкелінетін пестицидтердiң (улы химикаттардың) мөлшерiн уәкiлетті орган айқындайды.

      14-1-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру

      1. Тыйым салынған, жарамсыздыққа келген пестицидтер және олардың ыдыстары залалсыздандырылуға жатады. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртiбiн уәкiлетті орган мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келiсе отырып айқындайды.
      2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру үшiн арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) пайдаланылады.
      3. Арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) салуға, сондай-ақ пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруға рұқсатты мемлекеттiк экологиялық бақылау органы бередi.
      4. Аймақтарда арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) орналастырудың орындылығын және олардың санын жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары уәкiлеттi органмен және мемлекеттік экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келiсе отырып айқындайды.

      14-2-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметті лицензиялау

      1. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерiн болғызбау мақсатында:
      1) тiркеу, өндіру сынақтары мен ғылыми зерттеулерге арналған тәжiрибелік үлгiлердi қоспағанда, пестицидтер (улы химикаттар) мен оларды өндiруге арналған бастапқы компоненттердi әкелу;
      2) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), сату және қолдану жөнiндегі қызмет лицензиялануға жатады.
      2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), сату және қолдану жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленедi.
      3. Лицензиат өзiнiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметiнiң нәтижесi бойынша пестицидтердiң (улы химикаттардың) келiп түсуi мен жұмсалуын есепке алуды жүргізедi және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiпте уәкiлетті органға фитосанитарлық есептiлiктi ұсынады.

      14-3-бап. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы

      1. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы дегенiмiз пестицидтердiң (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгiлi бiр көлемi және ол уәкiлетті органның қарауындағы (билігіндегi) мемлекеттiк меншiк болып табылады.
      2. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тосыннан жаппай таралуын жоюға арналған және қалыптасатын фитосанитарлық ахуалды ескере отырып, фитосанитарлық мониторинг негізiнде бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтер (улы химикаттар) көлемiнен қалыптасады.
      3. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) түрлерi бойынша запастың нормативiн және оларды пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган белгілейдi.

      14-4-бап. Фитосанитарлық нормативтер

      1. Фитосанитарлық нормативтер фитосанитарлық ахуалды өсiмдiк шаруашылығы өнiмiне, ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектiлерге қауiпсiздiгi тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштердiң жол берiлетін сан және (немесе) сапа жөнiндегi мәнін айқындайды.
      2. Фитосанитарлық нормативтер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiлетiн зерттеулер негізiнде белгіленедi.
      3. Фитосанитарлық нормативтер фитосанитарлық iс-шаралар көлемiн объективтi және негiздегі жоспарлауды жүргiзу, сондай-ақ зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң жаппай көбею, таралу және оларды жою мүмкiндiгін болжау үшін негiз болып табылады.
      4. Фитосанитарлық нормативтер өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды жүргізуi үшін негiз болып табылады.

      14-5-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi
                және өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мамандарды
                даярлау мен олардың біліктiлігін арттыру жөнiндегi
                қызметтi үйлестіру

      1. Уәкiлетті орган өсiмдiктердi қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды, фитосанитарлық iс-шараларды жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсiлдерiн реттейтiн зерттеулер нәтижесiнде әзiрленген әдiстердi, әдiстемелердi, ұсыныстарды бекiтедi.
      2. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мамандарды даярлау мен олардың бiлiктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламалары (оқу бағдарламалары) уәкiлеттi органмен келiсiлуге тиiс.

      14-6-бап. Қызметi мемлекеттiк фитосанитарлық бақылау
                объектiлерiмен байланысты жеке және заңды
                тұлғалардың мiндеттерi.

      Қызметi мемлекеттік фитосанитарлық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар:
      1) фитосанитарлық мониторинг және фитосанитарлық iс-шаралар жүргiзуге және зиянды организмдердiң зияндылықтың экономикалық шегінен артық мөлшерде дамуы мен таралуына жол бермеуге;
      2) пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтаудың, тасымалдаудың, және қолданудың ережесiн сақтауға;
      3) фитосанитарлық есеп жүргiзуге және уәкiлетті органға есептiлiк тапсыруға;
      4) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеулiк және өндiрiстiк сынақтарын Ережеге сәйкес жүргізуге;
      5) пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруға және арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi жағдайда ұстауға;
      6) қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын талаптарды сақтауға;
      7) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасына сәйкес өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың нұсқамаларын орындауға;
      8) өсiмдiктердi қорғау жөніндегі инспекторларға олардың Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасын орындауын жәрдемдесуге мiндетті.

      4-тарау. Мемлекеттік фитосанитарлық бақылау

      15-бап. Мемлекеттiк фитосанитарлық бақылауға жататын
              объектiлер

      Мыналар мемлекеттiк фитосанитарлық бақылауға жататын объектiлер болып табылады:
      1) ауыл шаруашылық бағыттағы объектiлер, автомобиль жолдарының, темiр жолдардың бөлу жолақтары және қорғау аймақтары мен зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердiң мекендеу орны болып табылатын басқа да аумақтар, сондай-ақ өсiмдiк шаруашылығының өнiмдерi;
      2) зиянды және аса қауiптi зиянды организмдер;
      3) арнаулы техника және фитосанитарлық iс-шараларды жүргізу үшін пайдаланылатын пестицидтер (улы химикаттар);
      4) арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер);

      16-бап. Мемлекеттiк фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыратын
              лауазымды тұлғалар

      1. Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды тиiсті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң өсімдiктердi қорғау жөнiндегі мемлекеттiк инспекторлары жүзеге асырады.
      2. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың:
      1) Жеке және заңды тұлғалардың фитосанитарлық бақылау объектiлерiне олардың Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасын сақтауын тексеру мақсатында, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте кедергiсiз баруға;
      2) анықталған Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы жеке және заңды тұлғаларға ұйғарым шығаруға;
      3) ерекше жағдайларда, сот шешiмiнсiз үш күннен аспайтын мерзiмге, көрсетiлген мерзiмде сотқа талап арызын мiндеттi түрде ұсынумен, жеке кәсiпкерлердiң және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу немесе уақытша тоқтатуға. Бұл ретте қызметке тыйым салу немесе уақытша тоқтату туралы актiнің сот шешімi шығарылғанға дейiн қолданыста болады;
      4) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасы бұзылған жағдайда жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға құқығы бар.
      3. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте шағым жасалады.

      17-бап. Мемлекеттік фитосанитарлық бақылаудың мiндеттерi

      Мемлекеттiк фитосанитарлық бақылау мыналарды:
      1) фитосанитарлық объектілердiң фитосанитарлық жай-күйiн бақылауды;
      2) пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтауды, тасымалдауды және қолдануды бақылауды;
      3) фитосанитарлық есептi және есеп берудi жүргізу мен ұсынуды бақылауды;
      4) пестицидтерге (улы химикаттарға) тiркеулiк және өндiрiстiк сынақ жүргiзудi бақылауды;
      5) пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру мен арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйін бақылауды;
      6) лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылауды қарастырады.

      18-бап. Фитосанитарлық бақылау объектiлерiндегi фитосанитарлық
              жағдайды бақылау

      1. Фитосанитарлық бақылау объектiлерiндегi фитосанитарлық жағдайды бақылау ауыл шаруашылық бағыттағы объектiлерде, автомобиль жолдарының, темiр жолдардың бөлу жолақтары мен қорғалу аймақтарында және зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң мекендеу орны болып табылатын басқа аумақтарда, сондай-ақ өсiмдiк шаруашылығының өнiмдерiнде зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң бар болуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Фитосанитарлық бақылау объектiлерiндегi фитосанитарлық жағдайды бақылау зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердiң даму және таралуының оңтайлы мерзiмдерiнде жүргізiледi, бұл өсiмдiктердi қорғау саласында қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдардың ақпараттарының негізiнде анықталады.

      19-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау тасымалдау
              және қолдануды бақылау

      Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдануды бақылау пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану шарттарының технология мен қауiпсiздiктiң мiндеттi талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу кезеңiнде жүзеге асырылады.

      19-1-бап. Фитосанитарлық есеп және есеп берудi жүргізу мен
                ұсынуды бақылау

      Фитосанитарлық есеп және есеп берудi жүргізу мен ұсынуды бақылау ұдайы фитосанитарлық есеп ұсынудың толықтылығы мен уақытылылығын тексеру үшiн жүзеге асырылады.

      19-2-бап. Пестицидтерге (улы химикаттарға) тiркеулiк және
                өндiрiстiк сынақ жүргiзудi бақылау

      1. Пестицидтерге (улы химикаттарға) тiркеулiк және өндiрiстiк сынақ жүргiзудi бақылау әдiстемелік бабына келгендiгiн анықтауға жүргізiледi.
      2. Тiркеулік және өндiрiстiк сынақтарды жүргізу тәртiбiн мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының келiсiмi бойынша уәкілетті орган белгілейдi.

      19-3-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру
                және арнаулы сақтау орындарының
                (қалдықсақтауыштардың) жай-күйiн бақылау

      1. Пестициттердi залалсыздандыруды бақылау фитосанитарлық бақылауға жататын объектiлерде тыйым салынған, жарамсыз жағдайға келген пестицидтердi және пестицидтердiң ыдыстарын, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiн анықтау үшiн жүзеге асырылады.
      2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) тиiстi жағдайда ұсталу шарттарының тәртiбiн мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының келiсiмi бойынша уәкiлеттi орган анықтайды.

      19-4-бап. Лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау

      Лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылау лицензияланған қызметтi жүзеге асыру кезеңiнде, лицензияланушы мен ол жүзеге асыратын лицензияланған қызметтің лицензияда қарастырылған талаптарға сәйкестiгiн анықтау үшiн жүргізiледi.

      19-5-бап. Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды аяқтау нысаны

      1. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру нәтижесi бойынша мыналарды көрсету арқылы акт жасайды.
      2. Тексеру актiсi үш данада (Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөніндегі заңнамасын бұзу анықталған жағдайда - төрт данада) жасалады және тексеру жүргiзген тиiсті аумақтың өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттік инспекторы қол қояды.
      Бiрiншi дана құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептердi жүргізу жөнiндегi уәкілеттi мемлекеттiк органға және оның аумақтық органдарына тапсырылады, екiншi дана қолхат алу арқылы тексерiлген жеке немесе заңды тұлғаға берiледi, үшiншi дана өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттік инспекторда қалады, ал төртiншi дана мемлекеттiк инспектордың ұйғарымы орындалмаған жағдайда, сотқа талап ұсыну үшін, тиісті аумақтық өсiмдiктердi қорғау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторға жолданады.
      Тексерілуші актiнi қабылдаудан бас тартқан жағдайда, ол почта арқылы жолданады.
      3. Тексеру актiсi арнаулы тiркеу журналында тiркеледi, ол нөмiрленген, бау тағылған тиелген және уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң мөрiмен бекiтiлген болуы тиiс.
      4. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөніндегі заңнамасын бұзу анықталған жағдайда, өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор тексеру нәтижесі бойынша, өз құзiретiнiң шегінде, анықталған бұзушылықтардың сипаттамасына байланысты, бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасайды, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулы немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды және сотқа талап жолдайды.
      6. Қандай да бiр анықталған бұзушылық болмаған жағдайда, тексеру актісiне тиiсті белгi қойылады.".

      37. "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 15, 148-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):

      1) 14-бап мынадай мазмұндағы 3-1 тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1. Адамдардың өмiрi мен денсаулығына және олардың мүлкiн сақтауға бағытталған мемлекеттік ветеринариялық бақылау тексеру тағайындау туралы акті шығарусыз жүзеге асырылады.";

      2) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Қазақстан Республикасындағы ветеринария
                 саласындағы мемлекеттiк бақылауды
                 жүзеге асыру тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындауды тексеру мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық бақылау мыналарға:
      1) рыноктарда - жануарларды, жануар етінен жасалған азық-түлiктi және шикiзаты, ветеринариялық препараттарды, жемдердi және жемдiк қоспаларды сату орындарын қоса алғанда арнайы жабдықталған сауда орындарында;
      2) жануарларды, жануар етiнен жасалған азық-түлiктi және шикiзатты өндiру, дайындау (сұрыптау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi ұйымдарда;
      3) мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыратын тұлғаларда:
      емдеу-алдын алу ветеринарлық;
      ветеринарлық мақсаттағы препараттарды өндiру және сату;
      жем қоспаларын, оның ішінде дәстүрлі емес, жануарлар үшiн минералды-дәрумендiк жемдiк заттарды өндiру және сату;
      ветеринарлық мақсаттар үшiн дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, зоогигиеналық құралдарды және зооветеринарлық мақсаттағы атрибуттарды сату;
      жануар шаруашылығы объектілерiн дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау;
      рыноктардағы ветеринарлық-санитарлық сараптама;
      зертханалық-диагностикалық қызмет;
      4) мемлекеттік монополияға жатқызылған функцияларды жүзеге асыру мақсатында жасалған республикалық мемлекеттік кәсiпорындар;
      Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен тiзбеге енген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы;
      тiркеу сынақтары, ветеринарлық препараттарды, жемдер мен жем қоспаларын апробациялау, сондай-ақ ветеринарлық препараттардың серияларын (партияларын) оларды рекламациялау кезiнде бақылау;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге енгізiлген жануарлардың аса қауiпті жұқпалы ауруларының ошақтарын жою;
      мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық бақылау посттындағы көлiк құралдарын зарарсыздандыру;
      Ветеринарлық препараттардың республикалық қорын сақтау;
      5) шекаралық және кедендік пункттерде (мемлекеттік шекара арқылы өткiзу пункттерiнде) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы мемлекеттiк ветеринарлық бақылаудың бақылауындағы жүктердi ауыстыру кезiнде;
      6) мемлекеттік ветеринарлық бақылаудың бақылауындағы жүктердi тасымалдау (ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде;
      7) жануарлар ауруларының қоздырғыштарын беру факторлары болуы мүмкiн көлiк құралының барлық түрлерiне, ыдыстардың, орау материалдарының барлық түрлерi бойынша;
      8) тасымалдау (ауыстыру) бағыттары өтетiн мал айдау трассаларда, бағыттарда, жаю аумақтарында және жануарларды суаратын жерлерде;
      9) аумақтарда, өндiрiстiк үй-жайларда және мемлекеттiк ветеринарлық бақылаудың бақылауындағы жүктердi өсiретін, сақтайтын, қайта өңдейтiн, сататын және пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметi;
      10) мемлекеттiк ветеринарлық бақылау объектiлерiн орналастыру, салу, жаңғырту және пайдалануға беру кезiндегi, мемлекеттiк ветеринарлық бақылаудың бақылауындағы жүктердi ұстаумен, бөлумен, пайдаланумен, өндiрумен, дайындаумен (сұрыптаумен), сақтаумен, қайта өңдеумен және сатумен байланысты, сондай-ақ оларды тасымалдау кезiнде зоогигиеналық және ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) талаптарды сақтау бойынша жүзеге асырылады.
      2. Осы баптың 1-тармағындағы 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетiлген объектiлердi мемлекеттік ветеринариялық бақылауды тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринарлық инспекторлары мемлекеттiк ветеринарлық бақылаудың бақылауындағы жүктердi ветеринарлық-санитарлық тексеру жолымен, олардың iлеспе ветеринарлық құжаттарға сәйкестiгiн қоса алғанда тексеру түрiнде жүзеге асырылады.
      3. Жануар етiнен жасалған азық-түлiктi және шикiзатты өндiру, дайындау (сұрыптау), сақтау, пайдалану, қайта өңдеу және сату жөнiндегi рыноктарда, ұйымдарда шекаралық және кедендiк пункттерде (мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы мемлекеттiк ветеринарлық бақылаудың бақылауындағы жүктердi ауыстыру кезiнде жануарлардың жұқпалы ауруларының белең алуын болдырмау жөнiндегi ветеринарлық-санитарлық ережелердiң және нормативтердiң талаптарын орындауды мемлекеттiк ветеринариялық бақылау, жануар етінен жасалған азық-түлiктiң және шикiзаттың ветеринарлық-санитарлық қауiпсiздігін және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауiптi және экзотикалық ауруларының келуiнен және таралуынан қорғауды қамтамасыз ету күн сайын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасымен белгіленген тәртiпте жүзеге асырылады.
      4. Жеке және заңды тұлғалардың қызметiндегі Қазақстан Республикасының ветеринарлық заңнамасының сақталуы жөніндегі тексерудi жүргізу заңнамамен белгіленген тәртiпте жылына бiр реттен жиi емес тәртiпте ветеринария саласындағы уәкiлетті органның және аумақтық бөлімшелерінің ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органдар ветеринарлық бөлiмшелерi басшыларының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
      5. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауды тексеру нәтижелерi бойынша тексерушi мемлекеттiк ветеринарлық инспектор тиiсті мемлекеттік органдардың объектiлерiн мемлекеттік ветеринариялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлiмшелерiнiң ветеринарлық инспекторларын қоспағанда мыналарды көрсете отырып тексеру актісiн жасайды.
      6. Мемлекеттік ветеринарлық инспектор Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда тексеру нәтижелерi бойынша өз құзiретiнiң шегінде белгілi болған бұзушылықтардың сипатына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы нұсқау, қаулы жасайды.
      7. Егер тексеру аяқталуы бойынша қандай да бiр бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, онда бұл тексеру актiсiнде тиiсті жазба жасалады.
      8. Тексеру актiсiне тексеру барысында алынған құжаттардың қажеттi көшiрмелерi және басқа материалдар қоса берiледi.
      9. Тексеру актiсi үш (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда төрт) данада жасалады және оған тексерудi жүргізген тиiстi аумақтық мемлекеттiк ветеринарлық инспекторы қол қояды.
      Актінiң бiрiншi данасын тексерушi мемлекеттік ветеринарлық инспектор құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органға және оның аумақтық органдарына, ал екiншi данасын тексерiлген адамға қолхат алу арқылы тапсырылады, үшiншiсi тексерушi мемлекеттiк ветеринарлық инспекторда қалады, ал төртiншiсi сотқа талап арыз беру үшiн тиiсті аумақтық ветеринарлық инспекторына берiледi. Тексерiлген адам актiнi қабылдаудан бас тартқан кезде актiнiң данасы почтамен жiберiледi.
      10. Тексеру актісi ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган аумақтық бөлiмшесiнiң, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ветеринарлық бөлiмшелерiнiң мөрiмен бекiтiлуi, нөмiрленуi, бау тағылуы тиiс тексеру актілерiн тiркеудiң арнайы журналында тiркеледi.".

      38. "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 16, 152-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
      8-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша "және олардың орындалуы туралы есеп берулердi тыңдайды" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша алынып тасталсын.

      39. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 17, 154-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат):
      52-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "52-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы
               заңының сақталуына бақылау

      1. Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы туралы заңнаманы сақтауды бақылау баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге бағытталған және уәкілетті мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiмен айқындалған құзiрет шегінде жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген және Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде белгіленген баланың құқықтарын iске асыруға бағытталған заңды және жеке тұлғалардың қызметi бақылау объектiсi болып табылады.
      3. Бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
      1) ведомстволық статистикалық бақылаулар;
      2) тексерулер (жоспарлық, жоспардан тыс).
      4. Ведомстволық статистикалық бақылаулардың мерзiмдiлігін уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлейдi.
      Жоспарлық тексерулер уәкілеттi мемлекеттік органдар бекiтетiн кестеге сәйкес жылына кем дегенде бiр рет мерзiмдiлiкпен жүзеге асырылады.
      Жоспардан тыс тексерулер баланың қорғалатын құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу қатерiн жедел жоюды талап ететiн жағдайларда, сондай-ақ мүдделi тұлғалардың шағымдары, өтiнiштерi мен жүгінулерiнде жазылған расталған фактілер бойынша жүзеге асырылады.
      Тексерулердi жүргiзу мерзiмi бес күннен аспауы тиiс.
      5. Қазақстан Республикасындағы адам құқығы жөнiндегi уәкiлеттi баланың құқығы мен еркiндiгінiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады және өз құзiретi шегiнде баланың бұзылған құқықтары мен еркiндiгiн қалпына келтiру жөніндегі шараларды өз құзiретi шегінде қабылдайды.".

      40. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 21, 176-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):

      1) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:

      "10-1-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердiң
                 лауазымды адамдарының санитарлық-эпидемиологиялық
                 бақылау объектiлерiне тексерулер жүргiзуi

      1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердiң лауазымды тұлғалары санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектiлерiне мынадай бақылау түрлерiн жүргізедi:
      1) жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты заңнамамен белгіленген уақыт арақашықтығын есепке алып жүргізiлетiн алдын ала жоспарланған тексеру;
      2) жоспардан тыс - қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдаймен байланысты, жүгiнуге, өтiнімге дереу әрекет қылуды және халықтың денсаулығына төнген қауіпті жоюды талап ететiн, сондай-ақ нұсқауларды орындау мақсатында тағайындалатын тексеру.
      2. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектiсiн тексеру жүргізу мерзiмi 30 күнтiзбелiк күндерден аспауы тиiс.
      3. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектiсiне тексеру жүргізуге мыналар:
      1) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мемлекеттiк органының жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы заңнаманың нормаларын сақтау бойынша жүргiзiлген тексеру;
      2) жоспарлы немесе жоспардан тыс жүргізiлген тексерулер барысында анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнiндегi нұсқауларды орындау;
      3) объектiнiң қызметiмен байланысты, халықтың денсаулығына және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығына қауiп төндiруi және жұқпалы, паразитарлық, кәсiби аурулар мен уланулар салдарына әкелуi мүмкiн апатты жағдайлар;
      4) халық арасында жұқпалы, паразитарлық, кәсiби аурулар мен уланулардың туындауы және таралуы;      
      5) топтық және жаппай жұқпалы, паразитарлық, кәсiби, оның iшiнде шыққан жерi белгiсiз аурулар мен уланулардың туындауы және таралуы;
      6) объектiнi пайдаланумен байланысты жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерi негiздеме бола алады.
      4. 10-баптың 1-тармағының 2 және 3 абзацтарында санамаланған санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды тұлғалары санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектiлерiн тексерудi осы баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген негiздемелер бойынша жүргізедi.
      5. 10-бап 1-тармағының 4, 5 және 6 абзацтарында санамаланған санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды тұлғалары санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектiлерiн тексерудi осы баптың 3-тармағында көзделген негiздемелер бойынша жүргiзедi.";

      2) 11-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерiне жылына бiр рет, объектінің эпидемиологиялық маңыздылығына қарай тоқсанына бір рет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы заңнамасының орындалуын тексеру мақсатында шағын және орта кәсiпкердiң субъектiлерi болып табылмайтын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектiлерiне кедергісiз баруға (қызметтiк куәлiктi көрсету бойынша).";
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiммен толықтырылсын:
      "эпидемиялар, жұқпалы аурулар мен тағамнан улану, сондай-ақ халықтың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн төтенше жағдайлар жаппай пайда болған жағдайда алдын ала хабарлаусыз және тексеру жүргiзу басталғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнiң iшiнде құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептердi жүргiзу жөніндегі уәкілеттi органға тексеру тағайындау туралы актiнi құқықтық статистика органына беретін тексеру тағайындау туралы актiнi құқықтық статистика органдарында тіркемей-ақ объектілерге кезектен тыс тексеру жүргізiледi;";

      3) 13-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес" деген сөздерден кейiн ", халықтың, сондай-ақ шаруашылық жасайтын қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнiмдердi әкелуге, өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салулар, шикiзаттың жаңа түрлерiн, өнiмдерiн, технологиялық жабдықты, процестердi өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салулар, олар адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiптi деп танылған жағдайда зарарсыздандыру;";

      4) 22-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама анық жарамсыз тамақ өнiмдерi, азық-түлiк шикiзаты болған жағдайда жүргiзiлмейдi.".

         41. "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 3, 16-құжат; 2004 ж. N 23, 142-құжат):

      1) 9-баптың 2-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мыналарды қамтитын тұқым шаруашылығы субъектiлерiн аттестаттау:
      уәкiлеттi орган бекiткен бiліктiлiк талаптарына сәйкес жүргiзiлетін тұқым шаруашылығы субъектілерiн алғашқы аттестаттау;
      аттестация жарамдылығы мерзiмiнiң аяқталуына байланысты тұқым шаруашылығы субъектілерiн қайта аттестаттау:
      бiрегей тұқымдарды өндiрушілер үшiн - бес жылда бip рет;
      элиталық тұқым өсiру шаруашылығы үшiн - екi жылда бiр рет;
      тұқым өсiру шаруашылықтары үшiн - үш жылда бiр рет;
      тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертханалар үшiн - үш жылда бiр рет;
      өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары үшiн - үш жылда бiр рет;
      тұқым өсiру шаруашылығы субъектiлерiн бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiк мәнiне тұрақты аттестаттық жыл сайын тексеру;
      тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң ресми өтiнiштерi (құпияларын қоспағанда);";
      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерi қызметiн олардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі мәнiне уәкiлеттi орган белгiлеген бақылау;
      4) тұқымдарды өндiрудi, дайындауды, сақтауды, сатуды, тасымалдауды және пайдалануды бақылау;";
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын мемлекеттiк сынауды бақылау.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Сұрыптық және тұқымдық бақылау мыналарды қамтиды:
      1) мынадай кезеңдерде тұқым шаруашылығы ережелерiн және нормаларын сақтау мәнiне тұқымдарды өндiру, сұрыптау, сақтау, iске асыру және пайдалану жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруды бақылау:
      тұқым себу;
      ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн вегетациялау;
      жинау тұқым себу;
      тұқым сақтау;
      сату (тұқымдардың сатуға дайындалған және сатылған партияларын тексеру, оның iшiнде экспортқа және импорт бойынша келiп түскендердi олардың сапасының растаушы құжаттарға сәйкестігі);
      2) тұқым сапасы жөнiндегi аттестатталған зертханалардың сорттық және себу сапаларын сараптауды жүргiзуiн, олардың тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттарды сақтауын бақылауы:
      жылына екі рет тұқым сапасын сараптау кезеңiнде, сондай-ақ тұқым сапасын сараптау бойынша мемлекеттiк сатып алу қызметтерiн жүзеге асыру кезiндегі бақылау тәртiбiнде;
      тұқым өндiрушілерге ескертулер бiлдiрiлген, сондай-ақ тұқым сапасын тексеру жөнiндегi аттестатталған зертханалар берген тұқымның сорттық және себу сапасын зерттеулердің нәтижелерiне келiспеген жағдайда;
      3) сұрыптық егістердi сынауды жүргізудi бақылау:
      аттестатталған өткiзушiлер жұмысын сынау кезеңiндегі, сондай-ақ тұқым өндiрушiлердiң осы Заңның 14-бабының 2-тармағының нормаларын сақтау мәнiне тексеру;
      4) тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актілердi, стандарттарды және өзге де нормативтiк құжаттарды сақтауын бақылау.".

      42. "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 10, 52-құжат; 2004 ж. N 23, 142-құжат):
      20-баптың 2-тармағындағы ", сондай-ақ бұл талаптардың сақталуын бақылау тәртiбiн" деген сөздер алынып тасталсын.

      43. "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасының Парламентi Жаршысы, 2003 ж., N 11, 70-құжат; 2004 ж. N 23, 142-құжат):
      7-бап мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      "7-бап. Сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы
              мемлекеттiк бақылау

      1. Сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымдық тұлғасы денсаулық сақтау субъектілерiнiң сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актiлердi сақтауын белгілеу мақсатында жүзеге асырады.
      2. Сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіпте халыққа медициналық көмек беруді жүзеге асыратын объектілердi Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлетті орган бекiткен белгіленген стандарттарға сәйкес медициналық көмек беру туралы заңнамасының нормаларын орындауды тексеру мақсатында кедергiлерсiз барып тұруға (қызметтiк куәлiк көрсету бойынша);
      2) денсаулық сақтау субъектiлерiне Қазақстан Республикасының сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды болдырмау туралы нұсқаулар беруге;
      3) денсаулық сақтау объектiлерiнен халыққа медициналық көмек көрсету мәселелерi жөнiнде қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға;
      4) сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы бақылауды жүргiзу үшiн қажетті құжаттардың көшiрмелерiн түсiруге;
      5) лицензиялар мен медициналық қызметтi жүзеге асыруға арналған аккредитация туралы куәлiктiң күшiн тоқтату және қайтарып алу туралы ұсыныстар бередi;
      6) әкiмшiлiк бұзушылықтар туралы істердi қарайды және Қазақстан Республикасының сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жаза беруге құқылы.
      2. Сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған шешiмдер денсаулық сақтау субъектiлерiнің орындауы үшiн мiндеттi болып табылады және жоғарғы тұрған орган немесе сот тәртiбiнде шағымданылуы мүмкiн.".

      44. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; 2004 ж. N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат):
      108-баптың 2-тармағы алынып тасталсын.

      45. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат):

      1) 9-бапта:
      1-тармақтың 8) тармақшасында ", тексеру жүргiзудiң тәртiбiн айқындайды" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақтың бiрiншi абзацында "инспекциялау (тексеру)" деген сөздер "тексеру" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 13-1 баппен толықтырылсын:

      "13-1-бап. Қаржы ұйымдарын, бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, кредиттiк бюролардың, бағалы қағаздардың, кредиттiк бюролардың эмитенттерін, банктердiң тарату комиссияларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, жинақтаушы зейнетақы қорларын тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу тәртібiнiң ерекшелiктерi
      1. Қаржы ұйымдарын, бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, кредиттік бюроларды, бағалы қағаздардың, кредиттiк бюролардың эмитенттерiн, банктердiң тарату комиссияларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, жинақтаушы зейнетақы қорларын (бұдан әрi - ұйымдар) тексерудi уәкiлетті орган дербес не басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдарды тарту арқылы жүргізедi.
      2. Ұйымдардың қызметтерiн тексеру мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) кешендiк - уәкiлеттi органның тексеру жоспарына сәйкес жылына бiр реттен жиi емес;
      2) таңдаулы - жеке және заңды тұлғалардың өтiнiмдерiне байланысты ұйымдар қызметiнiң жекелеген мәселелерi бойынша, сондай-ақ уәкiлетті орган бақылау және функцияларын орындау шеңберiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнiң талаптарын бұзушылықтарды анықтаған жағдайда;
      рейдтiк - бiр уақытта бiрнеше ұйымдардың олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы мәселелерi жөнiндегi қызметін қамтитын тексеру.
      3. Уәкiлеттi орган ұйымға болатын тексеру туралы жазбаша хабарлайды.
      Уәкiлетті органға болатын тексеру туралы хабарламада тексеру жүргізудiң басында тексерiлетiн ұйымның тексеру тобына беруге мiндетті құжаттардың тiзбесi көрсетiледi.
      Хабарламаның екi данасы ұйымға берiледi, оның бiрiн ұйымның хабарламаны алғандығы туралы бeлгі қойып ұйым уәкiлеттi органға қайтарады.
      Тексеру жүргiзу алдын ала хабарлаусыз да болуы мүмкiн (кенеттен тексеру).
      4. Ұйым тексеру басталғаннан кейiн келесi күннен кешіктiрмей тексеру тобының жетекшiсiнiң атына мынадай деректерден тұратын хат жазады:
      1) тексеру жүргізудi қамтамасыз етуге жауапты басшы туралы және оны ауыстыратын адам туралы;
      2) ұйымның қажетті құжаттарды (мәлiметтердi) әзiрлеуге, оларды уақытында тексеру тобына беруге және тексеру тобынан аралық есептердi алуға жауапты мамандары туралы.
      5. Уәкілетті орган қажет болғанда қосымша тапсырмамен тексеру жүргiзу мерзiмiн ұзартуы мүмкiн, бұл жөнiнде ұйымға жазбаша хабарлама жiберiледi.
      Хабарламаның екi данасы ұйымға берiледi, оның бiрiн ұйымның хабарламаны алғандығы туралы белгі қойып ұйым уәкiлеттi органға қайтарады.
      6. Ұйым тексеру тобына уәкiлетті орган тексеруге берген тапсырмаларда көрсетiлген мәселелер бойынша жәрдем көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды тұлғадан және қызметкерлерден жауап алу мүмкiндігін және тексерудi орындау үшін қажеттi кез келген ақпарат көзiне қол жетiмдiлiктi қамтамасыз етуге мiндеттi.
      7. Ұйым тексеру тобына жұмыс үшiн үй-жай және өз әкiмшiлiк ғимараттарына кiруге рұқсат бередi, өз қызметкерлерiнiң тексеру тобы мүшелерiнiң сұрақтарына түсiнiктемелер (ауызша және жазбаша) беруiн, ұйымның қызметiне қатысты ақпараттарға, оның iшiнде автоматтандырылған жүйелерге және деректер базасына қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi, тексеру тобына қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн түсiрулерiне мүмкiндiк бередi, сондай-ақ тексеру тобына тексерудi уақытылы аяқтауға жәрдем көрсетедi.
      8. Тексеру тобы ұйымға қарау үшін беретiн аралық есептер жасауы мүмкін.
      Аралық есептерге инспекциялық топтың орындаушысы мен басшысы қол қояды.
      9. Аралық есептiң мазмұнында ескертулер бар болған жағдайда ұйым аралық есептi алған күннен төрт жұмыс күнi аяқталысымен өздерiнiң жазбаша келiспеушiлiктерiн бередi.
      Аралық есептерде жазылған қорытындылар алдын ала болып табылады және ұйымдардан алынған келiспеушілiктердi және қосымша, оның ішінде үшiншi адамнан алынған ақпараттарды есепке ала отырып тексеру нәтижелерi туралы жиынтық есепте қайта қаралуы мүмкiн.
      10. Тексеру тобы ұйымнан барлық қажеттi құжатты, оның iшiнде олардың көшiрмелерiн тексеру нәтижелерi туралы аралық және жиынтық есепке қосу үшiн алады.
      Инспекциялық топтың басшысы ұйымның басшысына көрсетiлген мерзiмдерде орындалуы тиiс жазбаша сұраулар жiбередi.
      11. Тексеру тобының мүшелерi тексеру жүргізу кезiнде ұйымнан алған құжаттардың сақталуын және олардағы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етедi.
      12. Тексеру аяқталғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күн iшiнде ұйымның бiрiншi басшысының атына тексеру басшысы және оның тiкелей басшысы қол қойған тексеру нәтижелерi туралы қорытынды есептiң екi данасы жiберiледi.
      13. Бiрiншi басшы (орынбасар) не ұйымды тексерудi жүргiзудi қамтамасыз етуге жауапты басшы тексеру нәтижелерi туралы қорытынды есептiң бiрiнші данасын қабылдап алады, есептiң екiншi данасының әрбiр парағына қол қояды, оның соңғы парағына лауазымын, тегін, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып, алған күнi туралы белгi қояды және тексеру нәтижелерi туралы қорытынды есептi алғаннан кейiнгі келесi күннен кешiктiрмей оны уәкiлеттi органға жiбередi. Тексеру нәтижелерi туралы қорытынды есепте жазылған тексеру нәтижелерiн ұйым атқарушы және басқа ұйымның басқару органдарына мәлiмет үшiн жеткізедi.
      14. Тексеру нәтижелерi туралы қорытынды есепте жазылған тексеру нәтижелері бойынша келіспеушiлiктер болған кезде ұйым тексеру нәтижелерi туралы қорытынды есептi алған күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде оларды уәкiлетті органға жазбаша түрде бередi.
      15. Тексеру нәтижелерi туралы қорытынды есепте жазылған ұйымның тексеру нәтижелерi уәкілетті орган бiрiншi басшысының немесе оның орынбасарының, уәкiлетті орган бөлiмшесi басшысының немесе оның орынбасарының төрағалық етуiмен өткiзiлетiн мәжiлiсте ұйым басшыларын шақыру арқылы қаралуы мүмкiн.
      16. Мәжiлiс нәтижелерi мәжiлiс төрағасы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi және қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелiк күн iшiнде ұйым басшысына танысуға жiберiледi. Ұйымның келiспеушiлігі болған жағдайда мәжiлiс хаттамасын алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға жазбаша түрде бередi.
      Уәкілеттi орган ұйымның хаттамаға келiспеушілiгiмен келiспеген кезде соңғы шешiмдi уәкiлетті органның бiрiншi басшысы немесе оның орынбасары қабылдайды.
      17. Тексеру нәтижелерi уәкiлеттi орган өз функцияларын орындауы мақсатында қоса пайдалануға жатады.
      18. Тексеру нәтижелерi туралы қорытынды есептi ұйым оның қаржылық жағдайын растау үшiн жарнамалық немесе өзге мақсатта пайдалана алмайды, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайлардан басқа үшiншi тұлғаға уәкiлетті органның келiсiмiнсiз берiлмейдi.
      19. Ұйым тексеру нәтижелерi туралы қорытынды есепте келтiрiлген мәлiметтермен бiрге уәкілеттi органға берген қаржылық және өзге есептiлiктердiң құжаттық деректерiнде әртүрлiлiк болған кезде, ұйым көрсетiлген уәкілетті орган бойынша өз есептiлiгiн қорытынды есептiң нәтижелерiне, оның iшiнде алдыңғы есеп күндерiне сәйкестiкке келтiредi.
      20. Ұйым уәкілеттi орган белгiлеген мерзiмде жоспарланған шараларымен және тексеру кезiнде анықталған бұзушылықтар мен кемшiлiктердi жою бойынша жауапты орындаушыларымен iс-шаралар жоспарын келiсуге ұсынады.
      Уәкiлетті органмен iс-шаралар жоспарын келiскеннен кейiн ұйым бұзушылықтар мен кемшiлiктердi жою туралы есептердi не iс-шаралар жоспары бойынша өздерiне алған мiндеттердiң орындалмау себептерi туралы түсiнiктер бередi.
      21. Ұйым құжаттарды, ақпараттарды инспекциялық сұрауларда көрсетілген мерзiмдерде беруден бас тартқан, олар осы баптың 8, 11-тармақтарында көрсетiлген шарттарын орындамаған жағдайда, тексерудi тапсырмада белгiленген мерзiмдерде осының салдарынан жүргізуге мүмкiндiк болмағанда тексеру тексеру басшысының шешiмi бойынша бұл жөнiнде уәкілетті органның бiрiншi басшысын немесе оның орынбасарын жазбаша хабардар еткеннен кейiн тоқтатылуы мүмкiн.
      22. Уәкілеттi органның қызметкерлерiне ұйымның қызметiн тексеру барысында алынған мәлiметтердi жариялауға не үшiншi адамға беруге тыйым салынады.
      23. Тексерудi жүзеге асыратын тұлғалар ұйым қызметiн тексеру барысында алынған және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi жариялауға жауапкершiлiкте болады.".

      46. "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегі  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 15, 134-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) және 20-1) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "8-1) мемлекеттiк көліктiк бақылау (бұдан әрi - көлiктiк бақылау) - жеке және заңды тұлғалардың автомобиль көлiгі саласындағы заңнама талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкiлетті орган жүргізетiн iс-шаралардың жиынтығы;";
      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "20-1) тексеру - шаруашылық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының автомобиль көлiк саласындағы заңнама талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасалатын бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың әрекетi;";

      15-бап алынып тасталсын;

      2) мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:

      "2-1-тарау. Автомобиль көлігі саласындағы көлiктiк
                  бақылауды жүзеге асыру

      19-1-бап. Көлiктiк бақылау жүргiзудiң мәнi мен мақсаты

      1. Көліктiк бақылау Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызметке жүргiзiледi.
      2. Көліктік бақылау жүргізудiң мақсаты Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасының пайдалану қауiпсiздігін және қызмет тиiмдiлігін қамтамасыз ету бойынша талаптарын сақтау болып табылады.
      3. Уәкiлеттi орган орталық және жергілiктi мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бiрлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуын қамтамасыз етедi.
      Мемлекеттік органдар уәкiлетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлiктi бақылау саласындағы қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге көлiктiк бақылауды жүзеге асыру бойынша мiндеттердi орындауда жәрдем көрсетуге мiндетті.

      19-2-бап. Автомобиль көлігі саласындағы көлiктiк бақылау
                түрлерi

      1. Көлiктiк бақылау мына түрлерге бөлiнедi:
      1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының өтуiн бақылау;
      2) автомобиль көлiгіндегi шаруашылық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының автомобиль көлігi саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасы бекiткен, автомобиль көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын халықаралық шарттарды, сондай-ақ автокөлiк қызметтерiн көрсету саласындағы лицензиялық ережелердi сақтауына инспекторлық тексерулер.
      Тексеру түрлерi:
      жоспарлы - уәкілетті орган алдын ала жоспарлаған, алдыңғы тексерулерге қатысы бойынша заңнамада белгіленген уақыт аралығы ескерiлiп жүргiзiлетiн тексеру;
      жоспардан тыс - Қазақстан Республикасының Президенті, Үкiметi, Бас прокуратурасы, оған уәкiлеттi өзге де мемлекеттік органдардың тапсырмалары немесе сұрау салуларымен, депутаттық сауалдармен байланысты, азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп және апатты ахуал туғызатын жағдайларда заң бұзушылықтар белгiсiн тiкелей анықтай отырып, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу туралы өтiнiмдер, өтiнiштер, шағымдар, хабарламалар мен өзге де ақпараттар бойынша, сондай-ақ жоспарлы iс-шаралар нәтижесiнде айқындалған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында уәкiлетті орган жүргізетiн тексеру;
      қарсы - шаруашылық субъектісiнiң шарттық мiндеттемеде не өзге де құқықтық қатынаста болған жеке немесе заңды тұлғаға (филиалға немесе өкiлдiкке) қатысты ұсынылған не алынған қосымша ақпараттың шынайылығын қайта тексеру мақсатында уәкiлетті орган жоспардан тыс жүргізiлетін тексеру;
      рейдтiк - бiрнеше шаруашылық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелерi бойынша олардың қызметiн бiр мезгілде қамтитын тексеру;
      3) уәкiлетті органның лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңнамасын сақтауын рейдтiк тексерудi жүзеге асыруы.
      Тексеру жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының және көлiк кәсiпорнының қызметін тоқтатпауы тиiс.
      Уәкiлетті мемлекеттiк орган сол заңды тұлғаның тексеру жүргізгенiне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн тексеруге құқылы.

      19-3-бап. Көліктiк бақылау жүргiзудiң мерзiмдерi мен
                кезеңдiлігі

      Жүргізiлетiн бақылауының түрлерi бойынша автомобиль көлiгi саласындағы көлiктiк бақылау мынадай мерзiмдер мен кезеңдерде:
      1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруын тұрақты бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде, және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарында жүзеге асырылады.
      2) автомобиль көлігіндегі шаруашылық субъектiлерiн инспекторлық тексерулер жоспарлы тексерулердiң бекiтiлген кестесiне сәйкес жүргізiледi.
      Тексерулер жүргiзу мерзiмдерi:
      1. Тексерулердi жүргізу мерзiмдерi акт табысталған сәттен бастап отыз жұмыс күнiнен аспауы тиiс.
      2. Құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғаға тексеру жүргізу кезiнде уәкiлеттi мемлекеттік орган тексеру жүргізу мерзiмiн он жұмыс күнiне дейiн ұзартуы мүмкін.
      3. Ерекше күрделi мәселелердi тексеру кезiнде уәкiлеттi орган тексеру жүргiзу мерзiмiн құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлғалар үшiн жиырма жұмыс күнiне дейiн және құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлға үшiн алпыс жұмыс күніне дейiн ұлғайтуы мүмкiн.
      4. Тексеру жүргізу мерзiмiн уәкiлетті мемлекеттiк орган тасымалдаушыға құжаттарды табыс ету туралы талаптары табыс етiлген және сатып алушы тексеру жүргiзiлу кезiнде сұралған құжаттарды ұсыну сәттерi арасындағы, сондай-ақ уәкiлетті органның сұрау салуы бойынша мәлiметтер мен құжаттарды алу сәтiндегi уақыт кезеңiнде құқықтық статистика органын хабардар ете отырып, тексеру жүргізу мерзiмiн тоқтату немесе жаңғырту туралы акт шығару жолымен тоқтатылады және жаңғыртылады.
      5. Автомобиль көлiгі саласындағы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгесi көзделмесе жылына бiр реттен жиi емес тексеруге жатады.
      3) автомобиль көлігіндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың бiрлескен рейдтiк тексерулерi айына бiр реттен артық емес, тексерулердiң бекiтiлген жоспарына сәйкес жүргізiледi.

      19-4-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк
                құралдарының жүрiп-тұруын көлiктiк бақылау

      1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруын тұрақты бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде, Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында, қалалардың немесе өзге де тұрғылықты пункттердiң шекаралары шегіндегі автомобиль жолдарында жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерi мен көлiктiк бақылау посттары күрделi ғимараттармен және құрылыстармен жабдықталуы, деректердi жинау, беру және шоғырландыру үшiн техникалық бақылау, байланыс, қазiргі заманғы телекоммуникациялық және компьютерлiк жабдықтармен жарақталуы тиiс. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерi мен Қазақстан Республикасының аумағында көлiктiк бақылау посттары қажет болған жағдайда шлагбаумдармен жабдықталады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнің және Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау посттарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      19-5-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк
                құралдарының жүрiп-тұруын көлiктi бақылау
                жүргізудiң нысандары

      1. Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезiнде рұқсат беру жүйесiнiң талаптарын орындауды көлiктi бақылау посттарда мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына арналған рұқсат беру құжаттарының болуын;
      2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша бөлiнбейтiн жүктi тасымалдайтын iрi ауқымды және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының қозғалысына арнайы рұқсаттың болуын;
      3) халықаралық қатынастары үшiн белгiленген жүру бағытына сәйкестігін;
      4) рұқсатсыз жүйе әрекет ететiн мемлекеттерде тiркелген автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кiрудiң тiркеу талондарының болуын;
      5) автокөлiк құралдары кiрген кезде өткiзу пункттерiнде берiлетiн бақылаудан өту талондарының болуын тексеру арқылы жүргiзiледi.
      2. Лицензиялық заңнаманы орындауға көлiктiк бақылау лицензиялардың болуын және жолаушылар мен жүктердi тасымалдау бойынша лицензиялауға жататын заңды және жеке тұлғалар қызметiнiң лицензиялық нормалары мен ережелерінің талаптарын орындауды тексеру жолымен жүргізiледі.
      3. Тасымалдаушылардың автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң еңбегi мен посттарда демалу режимiн ақтауын көлiктi бақылау жүргiзушiнiң еңбегi мен демалысы режимiнiң бақылау құрылғысының (тахография) болуын және оны пайдалануды тексеру, сондай-ақ экипаждың еңбек және демалыс режимiн бақылаудың тiркеу парақтарын жүргiзу жолымен жүргізiледi.
      4. Көлiк құралдарының нақты салмақ және ауқым өлшемдерiн тексеру және Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген рұқсат етiлген өлшемдерден асуы көлемiн айқындау жолымен iрi ауқымды және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүрiп-тұруын көлiктi бақылау стационарлық типтегі салмақ өлшегiш жабдығын немесе көшпелі ұтқыр салмақтарды, өлшеу құралдары мен ауқым рамкаларын қолданумен жүргізiледi.

      19-6-бап. Тексеруге жататын негiзгі мәселелер

      1. Шаруашылық субъектілерiне тексеру жүргізу кезiнде уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасы құрылтай құжаттарымен және мына:
      1) өндiрiстiк мақсаттағы негiзгi қорларды (автокөлiк құралдары, ашық және жабық (жылы) тұрақтар, жөндеу және техникалық қызмет көрсету үй-жайлары, көмекшi цехтар) иелену (жал, лизинг) құқығын растайтын;
      2) мамандар мен жүргізушiлердiң кәсiптiк бiлiктiлiгiн растайтын;
      3) мынадай:
      жолаушыларды автобустармен және микроавтобустармен тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдарын жүргiзушiлер үшiн 21 жастан астам;
      балалардың ұйымдасқан топтарын тасымалдауды жүзеге асыратын жүргiзушiлер үшiн 25 жастан астам және 5 жылдан астам жүргiзушiлiк жұмыс өтілі;
      барынша көп салмағы 7,5 тоннадан аспайтын көлiк құралдары үшiн 18 жастан астам жасты растайтын;
      4) белгiленген бағыт бойынша тұрақты жолаушы тасымалын жүзеге асыру үшiн қажеттi (куәлiк, қозғалыс кестесi, бағыттар схемасы, автовокзалдармен, автостансалармен шарттар, паспорттар, келiсiм-шарттар, лицензиялар);
      5) қауiптi жүктердi тасымалдауға (тиiстi уәкiлеттi орган берген нақты қауiптi жүкпен қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия (рұқсат), қауiптi жүктi тасымалдау бағытының бланкiсi, апаттық карточкалар, жүргiзушiлер мен мамандарды даярлау туралы куәлiк, жүргізушiнi қауiптi жүктердi тасымалдауға жiберу туралы куәлiк, автокөлiк құралын қауiптi жүктi тасымалдауға рұқсат);
      6) тиiстi автокөлiк құралдарына арналған лицензиялар мен есеп құжаттарының (лицензиялық карточкалар) бар екенiн және олардың жүзеге асыратын қызмет түрiне сәйкестiгiн растайтын;
      7) автокөлiк құралдарына арналған:
      алдын ала техникалық байқау туралы белгiсi бар техникалық паспорттар;
      жол парақтары мен белгіленген нысандағы тауар-көлiктiк құжаттары, билеттiк-есеп парақтары мен оларды есептеу журналы құжаттарымен танысады.
      2. Тексеру жүргiзу кезiнде қажетті құжаттарды болуы мен олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi айқындалады.
      3. Автомобиль көлігіндегі шаруашылық субъектілерiне тексеру жүргізу кезiнде өз құзiретi шегiнде тексерудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасы:
      1) жылжымалы құрамның, жөндеу және өндiрiстiк базаның, техникалық құралдардың, тиеу-түсiру тетiктерiнiң, бақылау-өлшеу аппаратураларының жабдықталған қызметтік үй-жайдың (меншiктi жөндеу және өндiрiстiк базасы жоқ және басқа кәсiпорындармен тиiсті жұмыс түрлерiн орындауға шарт жасасқан кәсiпорындар жатпайды) болуы мен жай-күйiн, сондай-ақ автомобиль көлігіндегi шаруашылық субъектiлерiнiң экологиялық талаптар мен жол қауiпсiздiгi бойынша талаптардың нормаларын сақтауын;
      2) автокөлiк құралдарын техникалық пайдаланылуының белгіленген талаптарға сәйкестiгін;
      3) автокөлiк құралдарын рейд алдында байқау және жүргiзушiлердi рейд алдында (аусым алдында) медициналық байқау жүргiзуге арналған қызметтердiң және бiлiктi қызметшiлердiң не мұндай қызметтi жүзеге асыратын тиiстi ұйымдармен шарттардың болуы мен сәйкестiгін;
      4) жолаушылар мен багажды тасымалдауды немесе автовокзалдар (автостансалар) жүйесiндегі жұмыстарды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының Жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерiнiң талаптарын орындауды;
      5) автомобиль көлiктерiнiң жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде белгіленген талаптарды, оның iшiнде автокөлiк құралдарының салмақтық және ауқымдық өлшемдерi жөнiндегi талаптарды орындауды;
      6) Қазақстан Республикасына халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде, жолаушыларды, багаждар мен жүктердi халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезiнде рұқсат беру жүйесiн қолдану жөніндегі ережелердiң талаптарын орындауды;
      7) жүргізушілердің белгiленген еңбек және демалыс режимiн сақтауы, оның iшiнде жүргiзушiлердiң еңбегi мен демалысының режимiн тiркеудiң бақылау қондырғыларымен (тахографтармен) жабдықталуға жататын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тасымалдардың түрлерiн жүзеге асыратын автобустарда, жүк, оның iшiнде мамандандырылған (жүктердiң белгіленген бiр түрлерiн тасымалдауға арналған) автомобильдерде тахографтардың болуын;
      8) автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерi, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруы талаптарының және жүргiзушiлер мен қауiптi жүктi тасымалдайтын автокөлiк құралдарына қойылатын бiлiктілiк талаптарының орындалуын;
      9) автокөлiк құралдарын тасымалдау кезiнде көрсетiлген мемлекеттiк органдардың қорытындысы талап етілетiн жолаушыларды және тамақ өнiмдерiн, сондай-ақ жүктердi халықаралық тасымалдауға жiберуге санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы болуы жөнiндегi талаптарды орындауды;
      10) бақылау-өткiзу пункттерiнде қажетті құжаттама мен құралдардың болуын;
      11) автокөлiк құралдарының тұрақ орындарын, сақталу және өрт қауiпсiздігімен қамтамасыз ету шарттарын;
      12) жүргізушi құрамы үшiн жол-көлiк оқиғалары мен жол қозғалысы ережелерiн бұзу туралы ақпараттың әдiсiн және жеделдiгiн, жүргізiлген нұсқаманы, жол-көлiк оқиғаларының алдын алу жөніндегі iс-шаралар жоспарын тiркеу жөніндегі журналдың болуын тексередi.

      19-7-бап. Көліктiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегі уәкiлеттi
                органның құзыреті

      Уәкiлетті органның лауазымды тұлғасы мынадай бақылау және атқару функцияларын жүзеге асырады:
      1) заңды және жеке тұлғалардың автомобиль көлiгi саласындағы заңнамасы, автомобиль көлiгінiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарды сақтауын мемлекеттік бақылау, оларды бұзуларды тыю жөніндегі шараларды айқындау және қабылдау;
      2) автокөлік қызметтерiн көрсету саласындағы лицензиялық ережелердiң сақталуын мемлекеттік бақылау;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастыру кезiнде рұқсат беру жүйесi талаптарының атқарылуын мемлекеттік бақылау;
      4) тасымалдаушылардың жолаушылар мен багаждарды тасымалдау ережесiн сақтауын бақылау, автобус салондарында жүк тасымалдауға жол бермеу;
      5) тасымалдаушылардың халықаралық қатынастарда тез бұзылатын жүктердi тасымалдауды орындайтын қозғалмалы құрамға қойылатын талаптарды сақтауын бақылау;
      6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруын, оның iшiнде отандық және шетелдiк тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген ауқымдық және салмақтық өлшемдерiн сақтауын мемлекеттiк бақылау;
      7) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары мен шетел мемлекеттерi тасымалдаушыларының автомобиль көлігі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау;
      8) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары мен шетел мемлекеттерi тасымалдаушыларының автокөлiк құралдары жүргізушiлерiнiң еңбегі мен демалысы режимiн сақтауын мемлекеттік бақылау;
      9) автокөлiк құралдары жабдығының халықаралық шарттар талаптарына, автокөлiк құралдарындағы тахографтардың болуы мен ақаусыздығы, сондай-ақ орнатылған жанар май бактарының дайындаушы зауыт талаптарына сәйкестiгі бөлiгiнде экипировкаға сәйкестігін бақылау;
      10) халықаралық және облысаралық қатынастағы тұрақты автомобиль жолаушылар тасымалына рұқсаттың болуын тексеру, қозғалыс бағыты мен кестесiн сақтауды, сондай-ақ жолаушылар мен багажды тұрақты емес автомобиль тасымалы кезiнде жолаушылар тiзiмiнiң болуын бақылау;
      11) шетелдiк тасымалдаушылардың республика аумағы бойынша каботаждық тасымалды жүзеге асыруын айқындау және жолын кесу;
      12) шетелдiк көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына белгiленбеген өткiзу пункттерi арқылы кiруi фактiсiн айқындау;
      13) шетелдiк автокөлiк құралдарының уақытша кiруiн тiркеу және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалы саласындағы рұқсатсыз жүйе әрекет ететiн мемлекеттерде тiркелген автокөлiк құралдарының республика аумағына енуiне тiркеу талондарын беру;
      14) "Салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  кодексiн (Салық кодексiн) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiткен ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруы үшiн алымдар алуды қамтамасыз ету бөлiгiнде орындау;
      15) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының  кодексiн орындау, бұзуларды айқындау және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасақтау;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын автокөлiк қызметтерiн көрсету саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау;
      17) шетелдiк мемлекеттердiң тасымалдаушыларын Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруына рұқсатты және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шетелдiк мемлекет аумағы бойынша жүрiп-тұруына рұқсат беру;
      18) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және iрi ауқымды көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп-тұруына арнайы рұқсат беру;
      19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын кесiп өту кезiнде отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының бақылаудан өту талоның беру;
      20) халықаралық қатынаста және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргізушiлерiн даярлау бойынша курстар ұйымдастыру;
      21) халықаралық қатынаста және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдауға жүргізушiге рұқсат беру туралы куәлiк беру;
      22) транзиттік әлеуеттi қолдану туралы ақпаратты жинау, автокөлiк құралдары қозғалысының жиiлігін есепке алу, белгiленген нысандағы есеп беру құжаттары түрiнде жинақталған ақпаратты берудi ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      23) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен автомобиль көлiктерiнде және автожолдарда қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзара іс-қимыл жасау.

      19-8-бап. Уәкiлетті органның лауазымды тұлғаларының құқықтары
                мен мiндеттерi

      1. Уәкiлетті органның лауазымды тұлғалары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте және жағдайларда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында, қалалардың немесе өзге де тұрғылықты пункттердiң шекаралары шегіндегi автомобиль жолдарында тоқтатуға;
      2) олар халықаралық автомобиль тасымалдарын орындау жолаушылар мен багаждарды, жүктердi, оның iшiнде iрi ауқымды және ауыр салмақты, сондай-ақ қауiпті жүктердi Қазақстан Республикасының аумағына тасымалдау кезiнде отандық тасымалдаушылар және шетелдiк мемлекеттердiң тасымалдаушылары қолданатын автокөлiк құралдарын байқауға;
      3) тасымалдаушылар автомобиль көлігі саласындағы субъектiлердiң арасындағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу айқындалған жағдайда айқындалған бұзуларды жойғанға дейiн автокөлiк құралдарының одан әрi қозғалуын кiдiртуге;
      4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде, Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарында, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында, қалалардың немесе өзге де тұрғылықты пункттердiң шекаралары шегiндегі автомобиль жолдарында бақылауды жүзеге асыру кезiнде шлагбаум қолдануға;
      5) автомобиль құралдарындағы шаруашылық субъектілерiне инспекторлық тексерулер жүргiзуге және автомобиль көлiгi туралы заңнаманың бұзылғаны туралы актiлер жасақтауға, бұзуларды жою туралы орындалуға мiндетті ұйғарымдар беруге;
      6) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасақтауға, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша өндiрiстi жүзеге асыруға;
      7) автомобиль көлiгi саласындағы қатынастарды реттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актi жобаларын әзiрлеу жөнiндегi ұсыныстарды енгізуге;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiпте және жағдайларда көлiк құралдарын әкiмшiлiк ұстау мен байқауды жүзеге асыруға;
      9) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған орында не аумаққа, үй-жайға, көлiк құралдарына, тауарларға өзге де мүлiктер мен заңды тұлғаның иелігiндегi заттарға байқау жүргiзу кезiнде табылған әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тiкелей объектiсi болып табылатын құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктер мен заттарды алып қоюды жүзеге асыруға;
      10) жүргiзушiлердi автокөлiк құралдарын басқарудан аластатуға және оларды мастық жай-күйiн медициналық куәландыруға жiберуге;
      11) өз құзiретi шегінде заңды тұлғаның иелiгіндегі аумаққа, үй-жайға, тауарларға, өзге де мүлiкке, сондай-ақ тиiстi құжаттарға байқау жүргізуге;
      12) шетелдiк ұйымдармен оның құзiретіне кiретiн мәселелер бойынша сыртқы экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға құқылы.
      2. Уәкiлетті органның лауазымды тұлғасы:
      1) автокөлiк құралдарының қызметi мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтінiмдерiн қарауға және олар бойынша тиiстi шараларды қабылдауға;
      2) автомобиль көлігі саласындағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
      3. Уәкілеттi органның лауазымды тұлғалары мемлекеттiк көлiктік бақылауды жүзеге асыру кезiнде қызметтік киiм киюi, нөмiрлiк омырау белгiсiнiң болуы және талап ету бойынша қызметтiк куәлiгін көрсетуi тиiс. Қызметтiк киiмнiң, нөмiрлiк омырау белгілерiнiң, қызметтік куәлiктiң үлгiлерiн уәкілетті орган бекiтедi.

      19-9-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша рұқсат ету
                құжаттарын беру тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiру (шығу), халықаралық қатынастардағы жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарын Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттi сапарға рұқсат беру - рұқсат беру құжатының негізiнде жүргiзiледi.
      2. Егер мемлекетпен шетелдiк автокөлiк құралдарын тiркеуге Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдары саласында рұқсатсыз жүйе әрекетте болса, осы шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруы Қазақстан Республикасының аумағына кiру кезiнде көлiктiк бақылау посттарында берiлетін шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кiруiн тiркеу талоны негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Үшiншi елдiң аумағында тұрған шығу пункттінен Қазақстан Республикасының аумағындағы бару пунктіне дейiн немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы шығу пунктiнен үшiншi елдiң аумағындағы бару пунктіне дейiн жолаушыларды және (немесе) жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдiк автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруы шетелдiк тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) үшiншi елге (елден) тасымалдауды орындауға рұқсат - рұқсат беру құжаты негізiнде рұқсат етiледi.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк саласындағы уәкiлеттi орган шетелдiк мемлекеттердiң құзiреттi органдарымен рұқсат беру құжаттарының бланкiлерiмен тепе-тең айырбас жүргізуi мүмкiн.
      5. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық қатынастардың транзитiндегі тасымалды жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұру рұқсатына сұрау салған жағдайда көлiк саласындағы уәкiлетті орган Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн мұндай рұқсатты бередi.
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк рейстен керi бағытқа баратын шетелдiк жүк автокөлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына жолшыбай тиелуi кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн көлiк саласындағы уәкiлеттi орган беретiн Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға құқықты куәландыру үшiн жүріп-тұруға қосымша рұқсаттың болуы қажет.

      19-10-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдiк
                 автокөлiк құралдарының жүрiп-тұру тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасы мен шетелдiк мемлекеттер арасында жүктердi, жолаушыларды және багажды халықаралық автомобиль тасымалы өткiзудiң халықаралық автомобиль пункттерi арқылы жүзеге асырылуы тиiс.
      Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшiн қажеттi Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық шарттарына сәйкес рұқсат беру және басқа да құжаттары автокөлiк құралдарының жүргізушілерiнде болуы тиiс және уәкiлетті мемлекеттiк органның лауазымды тұлғаларының талабы бойынша көрсетiледi.
      2. Шетелдiк автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екi пункті арасында жолаушылар мен жүктердi тасуына жол берiлмейдi.
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жолаушыларды транзиттік тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарына Қазақстан Республикасының аумағында жолаушыларды отырғызу және (немесе) түсiрудi жүргiзуге тыйым салынады.
      Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылар өз мемлекетiнiң тiркеу және айыру белгілерi бар автокөлiк құралдарын пайдалануы тиiс.
      Бұл ретте тiркемелер немесе жартылай тiркемелерде басқа мемлекеттiк тiркеу және айырма белгiсi болуы мүмкiн.

      19-11-бап. Отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан
                 Республикасының аумағынан шығу және оларға
                 шетелдiк рұқсаттарды беру тәртiбi

      1. Отандық автокөлiк құралдары рұқсат беру бланкiлерiмен алмасу жүргізiлген шетелдiк мемлекеттерге баруы кезiнде тасымалдаушы бұрын берiлген өтiнiш негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметі белгiлеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн көлiк саласындағы уәкiлетті орган беретiн тиiстi шетелдiк рұқсат беру құжаттарын ала алады.
      Әрбiр автокөлiк құралына жеке рұқсат беру құжаты берiледi.
      2. Пайдаланылған шетелдiк рұқсат беру құжаты бұрын оларды берген органға қайтарылуға жатқызылады.
      3. Тасымалдаушының оған берiлген шетелдiк рұқсат беру құжаттарын басқа тасымалдаушыға беруiне жол берiлмейдi.
      Егер шетелдiк рұқсат беру құжаттарының саны тасымалдаушылар берген өтiнiмдердiң жалпы санынан аз болған жағдайда шетелдiк рұқсат беру құжаттарының бланкiлерiн тасымалдаушылар арасында бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізiледi.
      Жауапты тасымалдаушыға мәлiмденгеннен тыс шетелдiк рұқсат беру құжаттарын беру басқа отандық тасымалдаушылардың олар мәлiмдеген осы түрдiң шетелдiк рұқсат беру құжаттарынан бас тартқан жағдайда жүргізiлуi мүмкін.
      Отандық тасымалдаушылардың жолаушыларды және багажды жүйелiк халықаралық тасымалдауға рұқсат беру құжаттарын беру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жағдайларына сәйкес жүзеге асырылады.

      19-12-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық
                 және шетелдiк iрi ауқымды және (немесе) ауыр
                 салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына
                 арналған арнайы рұқсаттарды беру
                 тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдiк iрi ауқымды және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына ауыр салмақты және (немесе) iрi ауқымды автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына арнайы рұқсат беру - рұқсат беру құжатының (бұдан әрi - арнайы рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Арнайы рұқсатты көлiк саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн бередi.
      3. Егер жүгі бар немесе жүксiз автокөлiк құралдары Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша қозғалуға арналған Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерiнен ауқымы, салмағы және (немесе) осьтік жүктемесi бойынша артық болса арнайы рұқсат тасымалдау кезiнде олардың мақсатын өзгертпей, тым көп шығындарсыз немесе олардың бұзылу тәуекелiнсiз екi немесе одан да көп бөлiктерге бөлiнбейтiн жүктердiң осы автокөлiк құралымен тасымалдау жағдайында ғана берiледi.
      Тасымалдаудың бөлiнетін жүгі бар iрi ауқымды және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп-тұруы айқындалған жағдайда оны Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша қозғалуға арналған Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерiне сәйкес келтiру және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы төленсе тасымалдаушы автокөлiк құралынан жүкті түсiрудi жүргiзетін арнайы рұқсатты бермей-ақ жаңартылуы мүмкiн.

      19-13-бап. Уәкiлеттi органның басқа да мемлекеттiк
                 органдармен өзара iс-қимылы

      1. Уәкiлетті органның лауазымды тұлғалары өз қызметiн белгіленген құзiретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, барлығының теңдігі мен әрбiр мемлекеттік бақылау органының дербестігі негiзiнде басқа мемлекеттік органдармен үйлесiмдi және өзара iс-қимылда жүзеге асырады.
      2. Уәкілеттi органның лауазымды тұлғаларының жүргізушiлермен, жолаушылармен, жүкті алып жүрушiлермен, мемлекеттiк органдардың, шетелдiк мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың өкiлдерiмен өзара қарым-қатынас заңдылықты қатаң сақтауға, өз қызметтік мiндеттерiн нақты орындауға, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесуге, басқа адамдарға тiлектес және сыйластық қатынастарға негiзделуi тиiс.".

      47. "Туроператордың және турагенттiктiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 31 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 24, 179-құжат):
      5-бапта:
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген оның құзiретi шегіндегі туристiк қызметi саласындағы уәкiлетті орган" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Туроператордың және турагенттiктiң жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды туроператордың және (немесе) турагенттің мiндетті сақтандыру шартын жасауын растайтын құжаттарға сұрау салу жолымен облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) атқарушы орган жүзеге асырады. 30 күн iшiнде туроператордың және (немесе) турагенттiң сұрау салынатын құжаттарын бермеуi кезiнде тексерудi жүзеге асыру рәсiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарды сақтай отырып, тексеру жүргізiледi.".

      48. "Дәрiлiк заттар туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 қаңтардағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 2, 8-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) 10-баптың 1-тармағы 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) дәрiлік заттардың үлгiсiн алып қоюға жатқызылған фармацевтикалық қызмет субъектісінің қаражаты есебiнен сараптама жүргізу үшiн бұл өнiмнiң құны өтелмейтiн, жеткiлiктi және қажетті көлемнен аспайтын санда дәрiлiк заттардың үлгiлерi алынсын;";

      2) 14-бапта:
      атауындағы "түрлерi" деген сөз алынып тасталсын;
      1-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "фармацевтік қызметтің мынадай түрлерi" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 14-1-бабымен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Дәрiлiк заттар айналымы саласындағы мемлекеттік
                 бақылау

      1. Мемлекеттік бақылауды дәрiлiк заттар айналымы саласындағы субъектілердiң Қазақстан Республикасында дәрiлiк заттар айналымын реттейтiн нормативтiк құқықтық актілердiң, стандарттардың, ережелер мен нормалардың сақтауын белгiлеу мақсатында уәкiлеттi органның лауазымды адамдары жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік бақылау:
      1) дәрiлік заттардың қауiпсiздiгін, тиiмдiлігін және сапасын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ мәлімсiз өтiнiштердi қоспағанда, оның iшiнде халықтың денсаулығы мен ұлттық қауiпсiздiкке қауіптi дереу жоюды талап ететін шағымдар, өтiнiштер және ресми хабарламалардың басқа да нысандары бойынша тексерулер;
      2) бұзуларды жоюға және уәкiлеттi органның лауазымды адамы берген нұсқаманы орындауға бағытталған iс-шараларды жүргізу жолымен жүзеге асырады.
      Бақылаушы орган шешiм қабылдау үшiн қажетті қосымша ақпарат алу мақсатында үшіншi тұлғаға қатысты тексеру жүргiзуге рұқсат етiледi.".

      49. "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Жаршысы, 2004 жыл, N 5, 26-құжат):

      1) 5-баптың 1-тармағындағы "өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздер "облыстың, ауданның (қаланың) жергілiктi атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:

      "5-1-бап. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндетті сақтандыру
                саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
                тәртiбi

      Облыстың, ауданның (қаланың) жергілiктi атқарушы органы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында:
      1) агенттен өсiмдiк шаруашылығында мiндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылардың атауы мен тиiстi аумақтағы сақтандырылған алаңдары көрсетiлген тiзбесiн сұрайды;
      2) өсiмдiк шаруашылығында мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылар тiзбесiне кiрмеген өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге сақтандыру шартының жасалғанын растау қажеттілігін туралы ескерту жолдайды;
      3) өсімдік шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi бiр ай iшiнде caқтандыру шартының жасалғанын растамаған жағдайда, осы өндiрушiге тексеру белгiлеу туралы ұйғарым шығарады;
      әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк тәртiптік жаза қолданады;";

      3) 10-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiмiнiң үшiншi абзацы ", өтiнiш жасалған күннен бастап бiр күндiк мерзiмде сақтанушыға тегiн берiлетiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      50. "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi N 544-II  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 6, 44-құжат):

      1) 8-баптың 2) тармақшасындағы "қызметiне бақылау" деген сөздер "қызметті реттеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-бап. Сауда қызметiн жүзеге асыруға бақылау

      1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметiн жүзеге асыруға бақылауды мемлекеттік органдар өз құзiретi шегінде жүргiзедi және сауда қызметінiң субъектілерiне қойылатын талаптарды, нормативтік құқықтық актiлердi сауда қызметі субъектiлерiнің сақтауын белгілеу мақсатымен сауда қызметінiң субъектiсiнен тексеру, құжаттарға сұрау салу жолымен жүргiзедi.
      2. Сауда қызметiнiң субъектiлерiн тексеру жоспарлық (жоспарланған және тиісті мемлекеттік орган бекiткен) және жоспардан тыс (шағымдар, өтiнiштер бойынша жедел әсер етудi талап ететін туындаған жағдайға сәйкес тағайындалған) тексеруге бөлiнедi.
      3. Жоспарлық тексерулер жылына кемiнде бiр рет жүргiзiледi.".

      51. "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 14, 81-құжат):
      8-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы "байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық жүргізушi субъектiлерге тексеру жүргiзу тәртiбiн," деген сөздер алынып тасталсын.

      52. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 15, 87-құжат):

      1) 4-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "инспекциялау (тексеру)" деген сөздер алынып тасталсын;

      2) 5-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "және инспекциялаудың" деген сөздер алынып тасталсын.

      53. "Iшкi су көлігi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 15, 88-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 4-1), 12-1) және 16-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4-1) мемлекеттiк көлiктiк бақылау (бұдан әрi - көліктiк бақылау) - уәкiлетті органның заңды және жеке тұлғалардың iшкi су көлігі саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауларын тексеру мақсатында жүргізетiн iс-шараларының жиынтығы;";
      "12-1) қарап шығу - уәкiлеттi органның объектiні қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестік мәнiне тексеруi;";
      "16-1) тексеру - бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының, шаруашылық субъектiлерiнiң iшкi су көлiгі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын әрекетi;";

      2) 7-баптағы "және қадағалауды", "және қадағалау" деген сөздер алынып тасталсын;

      3) 9-бап:
      1-тармақта 18) тармақшадағы "қадағалауды" деген сөз "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақтың 6) тармақшасындағы "қадағалауды" деген сөз "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:

      "10-1-бап. Көлiктiк бақылауды жүргізудiң мәнi мен мақсаты

      1. Көлiктік бақылау заңды және жеке тұлғалардың iшкi су көлiгi саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын қызметіне жүргізiледi.
      2. Көліктік бақылауды жүргізудiң мақсаты iшкi су көлiгі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының қауiпсiз пайдалануды және iшкi су көлігінде тиiмдi қызметті қамтамасыз ету бойынша талаптарын сақтау болып табылады.
      3. Уәкiлеттi орган орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасасады, бақылаудың бiрлескен шараларын қабылдайды, ақпаратпен өзара алмасуды қамтамасыз етедi.
      Мемлекеттік органдар уәкiлетті органға iшкi су көлiгі саласындағы қауiпсiздiкті қамтамасыз етуге көлiктiк бақылауды жүзеге асыру бойынша мiндеттердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындауына жәрдем көрсетуге мiндеттi.";

      5) 16-баптағы "қадағалау", "қадағалауға" деген сөздер "бақылау", "бақылауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Кемелердi пайдалану қауiпсiздiгiн бақылау

      Iшкi су жолдарында iшкi суда жүзiп жүрген өздiгiнен жүзетiн және өздігінен жүзбейтiн кемелердiң, iшкi су жолдарында пайдаланылатын жолаушылар, серуендiк, спорттық және құйып тасымалдау кемелерiнiң, паромда өткелдер мен басқа да жүзу объектiлерiнiң, оның iшiнде шағын өлшемдi флоттық пайдаланылу қауiпсiздiгiн, олардың қозғалтқыштарының түрiне, бас қозғалтқыштарының қуатына және мұндай кемелердiң сыйымдылығына қарамастан, бақылауды уәкiлетті органның аумақтық бөлімшелерi:
      1) уәкiлетті орган бекiткен ережелерге сәйкес iшкi су жолдарында кемелер ұшыраған көлiк оқиғаларын тексеру, сыныптау және есепке алуды жүргізу;
      2) кеме қатынасының су жолдарын және навигациялық жабдықтау құралдарын тиiсiнше күтiп ұстауды бақылау;
      3) кемелердiң (оның iшiнде шағын өлшемдi), салдардың және iшкi су жолдарында орналасқан өзге де жүзбелi объектiлер мен құрылғылардың уәкілеттi орган белгілеген кеме қатынасы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету талаптарына сай болуын қарап шығуды жүргiзу;
      4) кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына сай келмейтiн кемелердi (оның iшiнде шағын өлшемдi), салдарды және өзге де жүзу объектілерін ұстап алу;
      5) кеме қатынасы қауiпсiздiгiне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, жүктердiң сақталуына қатер төнген кезде кемелердiң (оның iшiнде шағын өлшемдi), салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң қозғалысын тоқтата тұру және оған тыйым салу;
      6) кеме иелерiнiң, кеме экипаждарының мүшелерiнiң, iшкi су жолдарындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың ішкi су көлігі туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кемелердi пайдалану қауiпсiздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауын бақылау;
      7) кемелердi (оның iшінде шағын өлшемдi) мемлекеттiк тiркеу және кемелердi мемлекеттiк тiркеу және оған құқықтар ережелерiне сәйкес жүзеге асырылатын тиiстi құжаттарды беру;
      8) уәкiлеттi орган бекiткен кемелердiң командалық құрамының адамдарын аттестаттау ережелерiне сәйкес жүргiзiлетiн кемелердiң командалық құрамының адамдарын аттестаттау. Кемелердiң командалық құрамының адамдарын аттестаттау әрбiр кейiнгi үш жылдың аяқталуы бойынша жүргiзiледi. Тиiсті мамандық бойынша оқу орнын кезектi аттестаттау жылында аяқтаған, сондай-ақ сол жылы дипломдаудан өткен адамдар аттестаттаудан босатылады;
      9) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен кемелердiң экипаждары мүшелерін дипломдау ережелеріне сәйкес жүргізiлетін кемелердiң командалық құрамының адамдарын дипломдау. Дипломдауға тиiстi бiлiмi бар, аумақтық бөлiмшеге мынадай құжаттарды берген адамдар жiберiледi:
      1) еркiн нысандағы өтiнім;
      2) жеке куәлiгi немесе паспорт;
      3) жоғарғы немесе орташа кәсiби бiлiмi туралы құжат (диплом);
      4) жүзу өтiлiн растайтын құжат;
      5) медициналық комиссияның денсаулық жағдайы бойынша кемедегi жұмысқа жарамдылығы туралы қорытындысы.
      Дипломдауды жүргізу туралы өтiнiмдi аумақтық бөлiмше отыз күн iшiнде қарайды.
      Берiлген құжаттар кемелер экипаждарының мүшелерiн дипломдау ережелерiнің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бұл жөнiнде құжаттарды берген сәттен бастап жетi күннен кешiктiрмей құжаттарды берген адамға хабарлайды;
      10) анықталған iшкі су жолдарындағы кеме қатынасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндетті болып табылатын iшкi су көлігінiң (оның iшiнде шағын өлшемдi) жұмыс iстеуiн айқындайтын заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;
      11) Қазақстан Республикасының кеме қатынасының су жолдарын жеке және заңды тұлғалардың пайдалану мерзiмдерiн бақылау;
      12) тасымалдаушының азаматтар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершіліктi мiндетті сақтандыру шартын тасымалдаушының жасасуын бақылау;
      13) жеке және заңды тұлғалардың iшкi су көлiгі қызметiн жүзеге асыру кезiндегi лицензиялық ережелерiн сақтауын бақылау;
      14) кемелердi, оның iшiнде шағын өлшемдi және база-тұрақтарды техникалық бақылауды жүргiзу;
      15) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың талаптарын бақылауды жүзеге асыру;
      16) шағын өлшемдi кемелердiң мемлекеттік борттық нөмiрлерге ие болуы;
      17) тұрақты мекен жайы өзгерген, құрал-жабдықтары (иесiнiң) өзгерген, қайта жабдықтау салдарынан кеменiң техникалық деректерi өзгерген және басқа жағдайларда шағын өлшемдi кемелердi қайта тiркеудi жүргізу;
      18) шағын өлшемдi кемелердiң кеме жүргізушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды ұйымдастыру, олардың аттестациясын жүзеге асыру;
      19) шағын өлшемдi кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру;
      20) шағын өлшемдi кемелер үшiн база-тұрақтарды мемлекеттiк есепке алуды және пайдалануға рұқсаттар берудi жүргізу;
      21) тиiстi мамандарды шағын өлшемдi көлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамаларға қатысуға тарту;
      22) шағын өлшемдi кемелердiң алкогольдiк, есiрткілік және уытты мас күйiнде болған кеме жүргізушiлерiн басқарудан шеттету және оларды медициналық куәландыруға жiберу;
      23) заңнамаға сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша өндiрiсті жүзеге асыру;
      24) паромды өткелдердi мемлекеттiк тiркеудi, есепке алуды, сондай-ақ пайдалануға жарамдылығына техникалық куәландыруды жүргізу арқылы жүзеге асыру.";

      7) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:

      "17-1-бап. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң
                 кемелерiн қарап шығуды жүргiзуi

      1. Кемелердi қарап шығу кеменiң (оның мемлекеттiк тiркелген орнына қатыссыз) және экипаждың кемелердi пайдаланудың қауiпсiздігін реттейтiн Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн анықтау мақсатында жүргiзiледi. Кемелердi қарап шығу капитанның немесе бiрiншi штурманның (капитанның аға көмекшiсiнiң) және шағын өлшемдi кеменiң кеме жүргізушiсiнiң қатысуымен тұрақта, дәл сондай кiретiн жерде жүргiзiлуi мүмкін.
      Iшкi суларда жүзетiн кемелердi қарап шығу навигацияаралық кезеңнен кейiн, ал жүзу кемелерiн (өзен - теңiз) - теңiзге пайдалануға берiлгеннен кейiн, олар iшкi су жолдарына кiргеннен кейiн жүргізiледi.
      Кемелердi бақылау қарап шығу навигация кезеңiнде бiр жарым-екi айдан жиi емес немесе көлiк оқиғасы болған кезде жүргiзiледi.
      2. Өздігінен жүзетін кемелердi байқау кезiнде мыналар тексеруге жатады:
      1) осы Заңның 23-бабында көрсетiлген кеме құжаттары (болуы, жарамдылық мерзiмдерi, оларды жүргiзу тәртiбi);
      2) кеменi пайдалану режимi мен экипаждың жұмысы туралы кеме иесiнiң штаттық кестесi мен бұйрығы (немесе басқа құжат);
      3) тиiстi су бассейніндегі радиобайланысты ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулар;
      4) кеменiң тоқтап тұруы туралы капитанға ақпарат;
      5) iшкi су жолдарының навигациялық карталары;
      6) вахталық, штурмалық, жалпы кеме қызметтi ұйымдастыру, адамдарды құтқару және кеменiң өмiршеңдігі күрес жөнiндегi кеме ішi құжаттары (саны, жүргiзу сапасы):
      вахталар кестесi;
      дабылдар бойынша кесте және экипаж мүшелерiнiң жеке карточкалары;
      ауа-райы болжамдарының журналы (тігіндi орам);
      жол ақпараттарының және кеме жүргізушiсiнiң хабарламаларының журналы;
      магниттiк компастың девиацияларының кестесi;
      кеменiң маневрлендiрiлген элементтерiнiң кестесi;
      адамның борт артына құлауы кезiндегі маневрлеу схемасы;
      радиолокациондық станцияның көлеңкелi секторларының схемасы;
      7) мемлекеттік тудың, құбырлардағы маркалардың саны мен жай-күйi, кеменiң атауы (нөмiрi) және борттардағы тiркеу нөмiрлерi, корпустағы жүк маркiлерi;
      8) кеменiң (құрамның) жүзу ауданының разряды мен жағдайына, құрамдарды жұмыс iстетудiң және жолдар габариттерiнiң үлгiлiк схемаларына сәйкестігі;
      9) жолаушылар сыйымдылығы және жүк көтергіштік, ауладағы борттың биiктігi (жүк маркасы бойынша) нормаларын сақтау, кеменi басқару орнынан қалыпты көру жағдайын қамтамасыз ету;
      10) жарықтық, көру және дыбыс дабылының саны мен әрекетi;
      11) навигациялық, штурмандық және электрлi радио навигациялық приборлардың Өзендiк кеме қызметi нормалары бойынша саны мен iс-әрекетi;
      12) Кеме қызметi регистрiнiң нормаларына ұжымдық және жеке құтқару құралдары, пиротехникалар, апаттық жабдықтау (таңдаулы) санының сәйкестігі. Олардың маркировкаларының, орналасуы мен сақталуының дұрыстығы;
      13) экипаждың штаттық кестеге және iшкi және аралас (өзен - теңiз) жүзу көліктік кемелер экипажының минималды құрамы туралы ережеге сәйкес жасақтануы;
      14) командалық және қатардағы құрамда тиiсті лауазымдарға орналасу құқығына дипломдардың (бiлiктiлiк куәлiктерiнiң), дипломдарға қосымша бақылау талондарының, аттестаттау туралы анықтамаларының болуы;
      15) ағымдағы және алдыңғы рейстерде (вахталық журналдағы жазбалар бойынша) құрамдардың жұмыс iстеуiнiң үлгілiк схемаларын, жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтергiштік нормаларын, аудан және жүзу шарттары бойынша шектеулердi және тiркеу құжаттарында көрсетiлген басқа талаптарды, вахталарды өткiзу режимiн, оқу дабылдарын және басқару құрылғысы iстен шыққандағы iс-әрекет бойынша жаттығулар жүргiзудiң кезеңдiгін сақтауы;
      16) экипаж мүшелерiнiң басқару құрылғысы істен шыққан кезде дабыл бойынша (бiрнеше адамнан жауап алу арқылы) iс-әрекет етудi бiлуi мен игеруi (таңдаулы тексерiледi).
      Экипаждың жеткiлікті дайындығына күмән туған кезде дабылдар жүргізу туралы нұсқаулар берiледi. "Шлюпка" немесе "борт артында адам бap" дабылдары кезiнде шлюпканы (шлюпкаларды) мiндетті түрде суға тастау қажет;
      17) ағымдағы навигациядағы аумақтық бөлiмшелер қызметкерлерiнiң нұсқамаларын орындауы тексерiледi.
      3. Қарап шығу нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкерi анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың тiзбесiн және ескертулердi қалыпқа келтiру мерзiмдерiн көрсете отырып акт жасайды. Кеме құжаттары болмағанда және жүзу қауiпсiздігіне қауiп төнген жағдайларда уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкерi кеменiң капитаны кеме иесiне хабарлайтын кеменiң (құрамның) жылжуына тыйым салу туралы шешiм қабылдайды.
      Қарап шығу актісi екi данада жасалады және оған уәкiлетті органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкерi және капитан (нeмece капитанның аға көмекшiсi) қол қояды. Капитан (капитанның аға көмекшiсi) қол қоюдан бас тартқан жағдайда актiде бiлдiрiлген бас тартудың себептерi көрсетiле отырып жазба жасалады.
      Актінiң бiрiншi данасы кемеде, екiншiсi - уәкiлеттiк органның аумақтық бөлiмшесiнде кеме iсiнде сақталады.
      Уәкiлетті орган аумақтық бөлiмшесiнiң кеменi қарап шығуды жүргiзген қызметкерлерi белгіленген тәртiпте кеменi қарап шығу жөніндегі актiдегi жазбалардың дұрыстығына жауапкершілiкте болады.";

      7) 18-баптағы, 19-баптың 3-тармағындағы, 20-баптың 8-тармағындағы "қадағалау" деген сөз "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында тiркелген және ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде, олардың нысандарын, оларды беру және жүргізу тәртiбiн уәкiлетті орган белгілейтін мынадай кеме құжаттары болуы тиiс:
      1) кеменiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туымен жүзуi құқығын және кемеге меншiктiлiк құқығын растайтын кеме куәлігі;
      2) шетелдiк кемеге (жалға алынған шетел кемелерiнiң тізiлiмiнде тiркелген кемелер үшiн) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туымен жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлiк;
      3) кеменiң жүзуге жарамдылығы туралы, оның класы немесе топтастырылған куәлігі көрсетілген куәлiгі;
      4) кеме журналы (вахталық журнал) (өздігінен жүзетiн кемелер үшiн);
      5) кеме рөлi (өздігінен жүзетiн кемелер үшiн) - кеме капитаны құрастырған кеме экипажы мүшелерiнiң тiзiмi;
      6) радиожурнал (eгep де кемеде кеме радиостанциясы бар болса);
      7) кеме станциясының рұқсаты (eгep де кемеде кеме радиостанциясы бар болса);
      8) машина журналы (механикалық қозғағышы бар кемелер үшiн);
      9) кеменi қарап шығудың бiрыңғай кiтабы;
      10) санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды және кемеге санитарлық паспорт;
      11) өрт қауiпсiздігі куәлігі (байқау актiсi);
      12) кеменiң мұнаймен, сарқынды сулармен және күл-қоқыспен ластануын болдырмау туралы куәлiк;
      13) кеме экипажының минималды құрамы туралы куәлiк.";

      9) 24-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын;

      10) 45-баптың 5, 7-тармағындағы "қадағалау" деген сөз "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 46-баптың 1-тармағындағы "және қадағалауға" деген сөздер алынып тасталсын.

      54. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 жылғы N 18, 107-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "25-1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тексеру (одан әрi - тексеру) - жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауын анықтау мақсатында жасалатын жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамның немесе уәкiлетті және/немесе аумақтық органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекетi;";

      2) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      15-1) жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңның талаптарын сақтауын мақсатында қызметiн тексередi;

      3) 27-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) Осы Заңның 49-бабына сәйкес жүргізiлетiн жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауына мемлекеттiк бақылау мақсатында тексерудi жүзеге асыруға кедергi жасамау.";

      4) 49-бапта:

      1-тармақ "ережелер мен нормаларды сақтауы мақсатында" деген сөзден кейiн "тексеру жүргiзу жолымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды уәкiлетті орган және оның аумақтық органдары:
      1) тексерудiң жылдық жоспары бойынша;
      2) жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың тапсырмасына сәйкес;
      3) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi, арыздары, шағымдары және хабардары бойынша;
      4) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы келеңсiз зардаптары растайтын жануарлар дүниесiн ғылыми зерттеу және мониторинг нәтижелерi бойынша;
      5) жоспарлы iс-шаралар нәтижесiнде анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiндегi талаптардың орындалуын бақылау мақсатында жүзеге асырады.";

      5) 53-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "1-1) тексеру актiсi;".

       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi, 2006 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлетiн 3 және 7-тармақтарды қоспағанда.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады