Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1965 жылғы 21 желтоқсанда қабылдаған Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенция ережелерін орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны орындауы жөніндегі төртінші және бесінші жинақталған мерзімді баяндама бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны орындауы жөніндегі төртінші және бесінші жинақталған баяндаманы Біріккен Ұлттар Ұйымының Нәсілдік кемсітушілікті жою комитетіне жіберсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 17 шілдедегі
N 701 қаулысымен
бекітілді
Қазақстан Республикасы Нәсілдік кемсітулердің барлық нысандарын жою туралы Халықаралық конвенцияны Қазақстан Республикасының орындауы жөніндегі біріктірілген төртінші және бесінші баяндама Кіріспе
Осы баяндама Нәсілдік кемсітулердің барлық нысандарын жою туралы Халықаралық конвенцияның 9-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленіп, қатысушы-мемлекеттермен ұсынылуға жататын баяндамалардың нысанына және мазмұнына қатысты жалпы басшылыққа алынатын қағидаларға сәйкес құрастырылды.
Баяндаманы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі министрліктердің, құрылымдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қатысуымен дайындады.
Баяндаманы дайындау барысында әлеуметтік сұрау өткізу кезеңінде Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары: "Қазақстан. Салауатты ұрпақ" қоғамдық бірлестігі және "Қазақстан азаматтық одағы" заңды тұлғалар бірлестігі жәрдемдесті.
Баяндамаға Біріккен Ұлттар Ұйымының нәсілдік кемсітулердің барлық нысандарын жою жөніндегі Комитетінің ескертулеріне жауаптар енгізілген. Қазақстан Республикасының негізгі нормативті құқықтық актілерге сараптама жүргізілді. Нәсілдік кемсітулердің барлық нысандарын жою жөніндегі 1965 жылғы 21 желтоқсанда қабылданған және Қазақстан Республикасының 1998 жылы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген Халықаралық конвенцияның ұлттық заңнама алдында басымдығы бар, өйткені Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 3-тармағына сәйкес:
"Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады".
Әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні жүзеге асыру құқығы құзыретіне мынадай мемлекеттік және консультативтік-кеңесші орган ие болады:
1. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия;
2. Әділет министрлігі;
3. Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
4. Ішкі істер министрлігі;
5. Индустрия және сауда министрлігі;
6. Денсаулық сақтау министрлігі;
7. Статистика агенттігі;
8. Бас прокуратура;
9. Білім және ғылым министрлігі;
10. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
11. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
12. Сыртқы істер министрлігі;
13. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық (Қазақстан Республикасындағы Адам құқығы жөніндегі уәкілетті орган).
Жалпы сипаттағы деректер
Қазақстан Республикасының аумағы - 2 724,9 мың шаршы километр.
Қазақстан Республикасының әкімшілік-аймақтық құрылымы 2008 жылғы 1 қаңтарына 10 134 әкімшілік-аймақтық бірлікті құрайды. Оған - 14 облыс, елорда, 1 республикалық маңызы бар қала, 160 аудан, 9 аудан елордада және республикалық маңызы бар қалада, 39 және 45 облыстық және аудандық маңызды бар қалалар, облыстық маңызы бар қалалардағы 5 аудан, 157 кенттік және 2346 ауылдық әкімшіліктер, 163 кент және 7194 ауылдық/селолық елді-мекендер кіреді.
Республикадағы жалпы халықтың тығыздығы бір шаршы километрге 5,6 адамды құрайды.
2008 жылғы 1 қаңтарға ел халқының саны ағымдағы мәліметтерге сәйкес 15 602,6 мың адам, оның ішінде 8 305,1 мыңы қалалық (53,2%), 7 241,6 мың адам ауыл халқы (46,8%). Жыл басымен салыстырғанда адам басы 49,1 мың адамға немесе 0,3% өсті.
Елорда - Астана қаласы.
Республикалық маңызы бар қала - Алматы қаласы.
Аумағы бойынша Қазақстан дүниежүзінде Ресей Федерациясы, Америка Құрама Штаттары, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралиядан кейін 9-орында. Қазақстан Республикасы шекарасының жалпы ұзындығы, көршілес мемлекеттерді қоса алғанда, 12 187 километрді құрайды. Қазақстан құрғақ жерде Қытай Халық Республикасымен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Түркменстанмен, Ресей Федерациясымен шектеседі.
Қазақстанның аумағы батыстан шығысқа қарай 3 000 километр, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1 600 километрге созылып жатыр. Республика аумағында нысапты белдеудің табиғи аймақтары - орманды дала, жартылай шөлейт және шөл орналасқан. Қаңтардың орташа температурасы республиканың солтүстігі пен шығысында -18 С-ден бастап, ал Қазақстанның оңтүстік жағында -3 С-ке дейін жоғарылайды. Шілденің орташа температурасы солтүстікте +19 С-ден бастап, ал оңтүстікте +28 С-ге дейін жоғарылайды.
Қазақстанның аумағы орман далалы, жартылай шөлді, шөлейт - төрт климаттық аймақта орналасқан.
Қазақстанның ең биік нүктесі - Хан-Тәңірі шыңы (7 010 метр), ең төменгісі - Қарагие ойпаты (теңіз деңгейінен 132 метр төмен орналасқан).
Қазақстанның қазіргі таңдағы жан-жануарлар дүниесі сүт қоректілердің 172 түрін, құстардың 490 түрін, бауырымен жорғалаушылардың 51 түрін, қос мекенділердің 12 түрін, балықтардың 100-ден астам түрін құрайды.
Оңтүстік-батыстан бастап Қазақстан аумағы Каспий және Арал теңіздерінің оқшауланған су қоймаларымен шектеседі.
Қазақстан - теңізге шыға алмайтын мемлекеттердің арасында ауданы бойынша бірінші орын алады.
Халқы
Халық саны - 15 602,6 адам.
2008 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының аймақтарында, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарын санамағанда, халық санының өсуі байқалды. Жалпы халық санының максималды өсімі Оңтүстік-Қазақстан облысына - 49 031 адам, Алматы облысына - 22 582 адам, Алматы қаласына - 37 493 адамнан келеді. Ал, оның максималды кемуі - Шығыс-Қазақстан облысында - 7 129 адам және Қостанай облысында - 6 141 адам.
2008 жылдың бірінші тоқсанында АХАЖ органдарының мәліметіне сәйкес 86 927 сәби дүниеге келген, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 9 126 сәбиге өскен. Дүниеге келудің жалпы коэффициенті 1 000 тұрғынға 21,0 сәбиден келеді. Еліміздің аймақтары бойынша туу деңгейі 1 000 тұрғынға шамамен 12,7 - 30,3 сәбиден келеді.
Қазақстан Республикасы халқының ұлттық құрамы
Барлық ұлттар | 15 602 600 адам |
---|---|
Қазақтар |
9336752 |
Орыстар |
3915607 |
Өзбектер |
450855 |
Украиндар |
431157 |
Ұйғырлар |
237288 |
Татарлар |
227472 |
Немістер |
221412 |
Кәрістер |
103159 |
Белорустар |
91739 |
Әзірбайжандар |
88801 |
Түріктер |
87713 |
Дұнгандар |
47617 |
Поляктар |
40422 |
Күрдтер |
38849 |
Шешендер |
36412 |
Тәжіктер |
33404 |
басқалар |
213941 |
2008 жылдың 1 қаңтарындағы халық саны
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Неғұрлым урбанизацияланған қалалар Қарағанды мен Маңғыстау облыстары, мұнда қала тұрғындарының саны 84,7% және 69,4% құрайды. Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында ауыл тұрғындарының саны басым ол жалпы санның - 60,2-69,9%-ін құрайды.
Республикадағы жалпы халықтың санының өсімі 2007 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 175,3 мың адамды құрады, олардың 141,6 мыңы - қала тұрғындары. Осы мерзім ішінде 13 аумақтағы тұрғындардың жалпы санының артқаны байқалады (Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстаннан басқа) басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында және Алматы қаласында, бұл аймақтарға 48,5 мың және 39,1 мың адамнан келеді, ал неғұрлым кему саны - Шығыс Қазақстан облысында байқалады - 6,7 мың адам.
Жалпы елімізде тұрғындардың санының артуы 2007 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 2008 жылдың 1 қаңтарына 174 650 адамға өсіп, 15 620,6 адамды құрайды. Еліміздегі тұрғындар санының көбеюі туу деңгейінің өсуімен байланысты.
Республиканың жасы үлкен тұрғындарының саны 2008 жылдың 1 қаңтарында мынадай сипатта болды: 15 жасқа дейінгі балалар саны - 3729,9 (3691,7) мың адам немесе 24%, жасы 15-тен 65 жас аралығындағы адам саны - 10635,6 (10497,3) мың адам немесе 68,3% (68,2), 65 жастағы және одан үлкен адам саны - 1206,0 (1207,9) мың адам, немесе жалпы санның 7,7% (7,8%) құрады. 2007 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 0 ден 15 жасқа дейінгі балалардың және 15-тен 64 жастағы адамдардың саны 38,2 мың адамға немесе 0,1% артты. 65 жастан үлкен адам саны 1,9 мың адамға азайды немесе 0,2%-ға азайды.
Гендерлік тұрғыдан республикада әйел адамдардың саны артып отыр. 1 000 ер адамға 1 078 әйел адамнан келеді.
2008 жылғы 1 қаңтардағы тұрғындардың жыныстық-жастық
пирамидасы
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Саяси және құқықтық жүйелер
Конституция
Қазіргі қолданыстағы Конституция - тәуелсіз Қазақстанның 17 жыл мерзіміндегі екіншісі. Осының алдындағы Конституция 1993 жылғы 28 қаңтардан 1995 жылғы 30 тамызға дейін қолданылды. 1993 жылға дейін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясы болды. Қолданылып жүрген Конституция 1995 жылғы 30 тамыздағы референдумда қабылданған болатын.
Оған 1998 жылғы 7 қазанында Парламент депутаттары мен Президент өкілдігінің мерзімін ұлғайту жөнінде өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, түзету енгізу нәтижесінде Президенттікке сайлануға және мемлекеттік қызметші лауазымына тұруға жоғарғы жас шектеуі алынып тасталды.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы "Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес Конституцияға тағы да бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, атап айтқанда:
мемлекеттің қоғамдық бірлестіктерді, оның ішінде саяси партияларды қаржыландыруына рұқсат берілді (бұрын бұған конституциялық тыйым бар болатын);
ең ауыр жаза - өлім жазасы берілетін қылмыстардың саны азайтылды;
тұтқындауға санкция беру функциясы енді сотқа берілді (бұрын бұл функцияларды прокуратура органдары атқаратын);
ел Президентінің өкілеттік мерзімі жеті жылдан бес жылға дейін азайтылды;
Президенттің өз міндеттерін атқару кезінде саяси партияларға мүшелігін тоқтата тұруы туралы конституциялық ереже алынып тасталды;
Парламенттің төменгі (Мәжіліс) және жоғары (Сенат) палаталарындағы орындардың саны көбейтілді;
Парламенттің жоғары (Сенат) палатасына Президент тағайындайтын депутаттардың саны көбейтілді;
Парламенттің төменгі палатасы (Мәжіліс) депутатының императивтік мандаты енгізілді, осыған байланысты партиялық тізімі бойынша өзі сайланған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған жағдайда, немесе осы партияның қызметі тоқтатылған жағдайда Мәжіліс депутаты өзінің мандатынан айрылады;
жергілікті өкілетті органдар - мәслихаттардың өкілеттік мерзімі көбейтілді.
Конституция адамның негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік береді ( II бөлім ). Конституцияны Президенттің ұсынысы бойынша Парламент өзгерте және толықтыра алады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясына Президенттің өзінің бастамасымен, Парламенттің немесе Үкіметтің ұсынысымен Президент қабылдаған шешім бойынша өткізілетін республикалық референдуммен өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Егер Президент Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламенттің қарауына берсе, онда жоба республикалық референдумға шығарылмайды. Бұл жағдайда, Парламент шешімі Конституцияда белгіленген тәртіппен қабылданады. Егер Республика Президенті Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Парламенттің ұсынысын кері қайтарса, онда Парламенттің әр палатасы депутаттарының жалпы санының бестен төртінен кем емес көпшілік дауыспен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда Президент бұл заңға қол қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады, бұндай жағдайда егер, республикалық референдумға қатысу құқығы бар Республика азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, өтті деп есептеледі. Егер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың кемінде үштен бірі және астанада дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы дауыс берсе, Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қабылданды деп есептеледі.
Президент
Қазақстанда президенттік басқару нысаны қалыптасқан. Қазақстан Республикасының Президенті 1995 жылдың 28 қыркүйектегі " Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы " Конституциялық заңына сәйкес Республиканың кәмелетке толған азаматтарының жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беруі арқылы бес жыл мерзімге сайланады.
Бір адам қатарынан екі реттен артық Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлана алмайды. Бірақ бұл ереже Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.
Президент мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттарын айқындайды; Парламент сайлауын тағайындайды; референдум өткізу туралы шешім қабылдайды; заңдарға, халықаралық шарттар мен ратификацияланған грамоталарға қол қояды.
Президенттің заң шығаруға бастамашылық құқығы бар.
Президент Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен кеңесулерден кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымын айқындайды, Республиканың Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің ант берулерін қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Үкіметтің, Республика Премьер-Министрінің, облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады.
Президент Парламент Сенатының келісімімен Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорды және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды, оларды қызметінен босатады.
Президент Орталық сайлау комиссиясының Төрағасының және екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды.
Президент Парламент Палаталары төрағаларымен және Премьер-Министрмен кеңескеннен кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады.
Президент Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді.
Президент Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесу органдарын, сондай-ақ Қазақстан халқының Ассамблеясын және Жоғарғы Сот кеңесін құрады.
Президент республика азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерін шешеді, азаматтарға рақымшылық жасайды, мемлекеттік наградалармен марапаттайды, құрметті, жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендер, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді және Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалған өзге де өкілеттіктерді атқарады.
Президенттің Парламент қабылдаған заңдарға тиым салуға құқы бар, Үкіметтің және атқарушы билік органдарының барлық нормативтік актілерінің күшін жоюға немесе тоқтата тұруға құқығы бар, Қазақстан аумағында орындалуға міндетті Жарлықтар мен өкімдер, ал 1995 жылғы Конституцияда көзделген жағдайларда - заң күшіне ие заңдар мен жарлықтар шығара алады.
Президенттің басқа да өкілеттіктері Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы " Қазақстан Республикасының Президенті туралы " Конституциялық Заңында айқындалған.
Президентті Парламент лауазымынан мемлекеттік сатқындық жасаған жағдайында ғана шеттете алады. Бұл мәселе бойынша ақырғы шешім, айыптаудың негізділігі туралы Жоғарғы соттың қорытындысы мен белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталуы туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған кезде, әр палата депутаттарының көпшілік дауысымен (жалпы санының кемінде төрттен үші) қабылданады.
Президент өзінің міндеттерін сырқатқа байланысты жүзеге асыруға тұрақты қабілетсіз болған кезде мерзімінен бұрын қызметінен босатылуы мүмкін.
Парламент
Парламент екі палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенатты әрбір облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және астанадан екі адамнан сайланатын депутаттар құрайды. Сенат депутаттарын жергілікті өкілетті билік органдары - мәслихаттар депутаттары сайлайды. Сенаттың он бес депутатын ұлттық-мәдени және басқа да елеулі қоғамның мүдделерін ескере отырып, Президент тағайындайды.
Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Тоқсан сегіз депутатты сайлау жасырын дауыс беру арқылы жалпыға ортақ, тең және төте дауыс беру негізінде жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Партиялық тізім негізінде депутат мандатын бөліп таратуға дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемінде жеті пайыз дауысын жинаған саяси партиялар жіберіледі. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл, Мәжілісі депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл.
Парламент депутаттарының өкілеттігі орнынан түскен, қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Парламент депутаты Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткенде, оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенде, Қазақстан Республикасында азаматтығын жоғалтқан жағдайларда өз мандатынан айрылады.
Парламент Мәжілісінің депутаты конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған, конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айрылады.
Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламент және Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігі тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайларда тоқтатылады.
Парламент заңдарды қабылдайды, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және күшін жояды.
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Үкіметтің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;
Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы;
соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға Республика Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
Конституцияда Парламентке жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Заң шығару бастамасы құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламент депутаттарына беріледі және ол тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады.
Парламент Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заң баптары бойынша Палаталардың бөлек отырысында мәселелерді алдымен Мәжілісте, кейіннен Сенатта дәйекті қарау жолымен қайталап талқылау мен дауысқа салуды, қарсылық жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Мәжіліс пен Сенат бұрын қабылданған шешімді әр Палатадағы депутаттардың жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен қолдаса, Президент бір айдың ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылықтары ең болмағанда Палаталардың біреуінде еңсерілмесе, заң қабылданбаған немесе Президент ұсынған редакциямен қабылданды деп есептеледі. Бұл орайда, Президенттің конституциялық заңдарға қатысты қарсылықтарын Парламент әр Палатадағы депутаттардың жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік даусымен еңсереді.
Сенат Жоғарғы сот Төрағасын және Республика Жоғарғы сотының судьяларын (Президенттің ұсынуымен) сайлайды және қызметінен босатады, Президенттің Ұлттық Банктің Төрағасын, Бас прокурорды және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім береді.
Сенат Мәжіліс өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, Мәжіліс уақытша болмаған кезеңде конституциялық заңдар мен заңдарды қабылдау жөніндегі функцияларды атқарады.
Парламенттің қарауына енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қабылдау және оларды қарау, Палата депутаттары санының басым көпшілік даусымен Республика Президентінің Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру тек қана Мәжілістің құзыретіне жатады.
Мәжіліс депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің бастамасымен, Мәжіліс депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен Үкіметке сенімсіздік білдіруге құқылы.
Президент Парламент Палаталарының Төрағасымен және Премьер-Министрмен кеңескеннен кейін Парламент пен Мәжілісті тарата алады.
Парламентті ұйымдастыру мен оның қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы " Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы " Конституциялық Заңымен айқындалады.
Үкімет
Үкіметті Қазақстан Республикасының Президенті құрады, ол Президенттің алдында жауапты және Парламентке есеп береді.
Премьер-Министрді Президент Парламент Мәжілісінің келісімімен тағайындайды.
Парламент Үкімет Бағдарламасын тыңдайды және оны мақұлдайды не қабылдамайды.
Үкімет мүшелері Республика заңдарын орындамаған жағдайда, Парламент Палаталарының әр қайсысы дербес, екінші Палатаның қатысуынсыз, есепті тыңдау нәтижелері бойынша, Палата депутаттары санының басым көпшілік даусымен Үкімет мүшелерін қызметінен босату туралы Республика Президентіне мәлімдеме қабылдауға құқылы. Егер Республика Президенті бұндай мәлімдемені қабылдамаса, бірінші мәлімдеме жасалған күннен бастап алты ай өткен соң Үкімет мүшелерін қызметінен босату туралы мәселені Палата депутаттары санының басым көпшілік даусымен Республика Президентіне екінші рет қоюға құқылы. Бұл жағдайда Президент Үкімет мүшесін қызметінен босатады.
Президент өзінің жеке бастамасымен Үкімет өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметінен босатуға құқылы. Премьер-Министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігінің тоқтатылғанын білдіреді.
Үкіметтің құзыреті, оны ұйымдастыру мен қызмет тәртібі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы " Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы " Конституциялық заңымен айқындалады.
Конституциялық Кеңес
Конституциялық Кеңес 1995 жылғы Конституцияға сәйкес құрылды және Президент қол қойғанға дейін Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды; республиканың халықаралық шарттарының Конституцияға сәйкестігін ратификациялауға дейін қарайды; Конституция нормаларына ресми түсінік береді; Республика Президентінің, даулы жағдайда Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің және республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселені шешеді; Парламент пен оның Палаталары қабылдаған қаулылардың республика Конституциясына сәйкестігін қарайды; Конституцияда айқындалған өзге де өкілеттіктерді орындайды.
Конституциялық Кеңес бұл мәселелерді Президенттің, Премьер-Министрдің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің сұрауымен ғана қарайды.
Конституциялық Кеңес адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым келтіреді деп танылған заңдарды немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерді жояды және оларды қолдануға болмайды.
Конституциялық Кеңес өкілеттік мерзімі алты жыл, жеті мүшеден тұрады. Кеңес мүшелерін екі-екіден Сенат пен Мәжіліс, екі мүшесі мен төрағаны Президент тағайындайды.
Соттар мен сот төрелігі
Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Жоғарғы сот пен жергілікті соттар Қазақстан Республикасының соттары болып табылады.
Жоғарғы сот мүшелерін қоспағанда, барлық судьяларды Президент тағайындайды. Жоғарғы сот Қазақстан Республикасының ең жоғары сот органы болып табылады.
Жоғарғы соттың Төрағасы мен Жоғарғы соттың судьяларын Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды.
Соттың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым келтіреді деп танылған заңдарды немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқығы жоқ.
Соттардың және Жоғарғы Сот Кеңесінің мәртебесі, қалыптастыру тәртібі мен олардың жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 20 желтоқсандағы " Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы " Конституциялық заңмен айқындалады.
Прокуратура
Прокуратура заңдардың, Президент Жарлықтарының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, және заңдарда белгіленген шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Республика прокуратурасы төмен тұрған прокурорлар жоғары тұрғандарына және Президент бес жыл мерзімге тағайындайтын Бас прокурорға бағынышты орталықтандырылған бірыңғай жүйені құрайды. Прокуратура тек Президентке ғана есеп береді.
Прокуратураның мәртебесі, ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы " Қазақстан Республикасындағы прокуратура " туралы Конституциялық заңымен айқындалады.
Жергілікті билік органдары
Жергілікті мемлекеттік басқаруды жергілікті өкілетті және атқарушы органдар жүзеге асырады, олар тиісті аумақтағы істің жай-күйі үшін жауапты.
Жергілікті өкілдікті органдар - мәслихаттарды халық жалпыға ортақ, тең және төте сайлау құқығымен бес жыл мерзімге сайлайды.
Мәслихаттардың қарауына: жоспарларды, аумақтың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың орындалуы туралы есептерді бекіту; жергілікті әкімшілік-аумақтық орналасу мәселелерін шешу; жергілікті атқарушы органдар басшыларының мәслихат құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі есептерін қарау, және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктер жатады.
Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және тиісті аумақта атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатының жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы органдардың қарауына: экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу, коммуналдық шаруашылықты басқару; Конституцияда және заңнамада айқындалған өзге де өкілеттіктер жатады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды.
Мәслихат депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасымен әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін. Бұндай жағдайда мәслихат депутаттары жалпы санының басым көпшілігінің даусымен әкімге сенімсіздік білдіруге және оны қызметінен босату туралы тиісінше Президенттің не жоғары тұрған әкімнің алдына мәселе қоюға құқылы. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана әкімдерінің өкілеттіктері жаңадан сайланған Президент өз қызметіне кіріскенде тоқтатылады.
Адам құқықтарын заңнамалық және институционалдық
қамтамасыз ету
Қазақстанда тәуелсіздік алған жылдары ішінде заңнаманы жетілдіру және оны біздің еліміз ратификациялаған адам құқықтары туралы халықаралық құжаттармен сәйкестікке келтіру жөнінде үлкен жұмыс атқарылды. Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия сияқты құқық қорғау мекемелері құрылды.
Адам құқықтары жөніндегі комиссия - әлемде кеңінен тараған ұлттық құқық қорғау мекемелері үлгілерінің біреуі болып табылады. Біздің елімізде бұл орган республика Президентінің Жарлығымен 1997 жылы құрылған болатын.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы Ережеге сәйкес Комиссияның қызметінің негізгі бағыты болып Қазақстанда адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болу конституциялық өкілдігін атқаруда Мемлекет Басшысына көмек көрсету болып табылады. Комиссия адам құқықтары саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру және құқық қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындайды. Комиссияға түсетін жолданулар ең алдымен адам құқықтары туралы жағдайды зерттеуге, заңнамалық базадағы және мемлекеттік органдардың құқық қолдану тәжірибесіндегі кемшіліктерді табу үшін қажет.
Комиссияның негізгі қызметі өзінің аса маңызды функциясы - Қазақстанда адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болуды атқаруда Мемлекет Басшысына көмек көрсету болып табылады.
Консультативтік-кеңесші саяси орган бола отырып, Комиссия мемлекеттік органдармен, соттармен, прокуратурамен, полициямен, сондай-ақ қазақстандықтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау ісінде өзінің табиғи әріптестеріне айналған үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып әрекет етеді.
Адамның құқықтары мен бостандықтары саласындағы мемлекеттік билік органдарының қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырушы органдар жүйесінде омбудсмен институты маңызды орынға ие.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (әрі қарай - Уәкіл) институты қоғамның дамуының, оның демократиялануы мен елдегі адам құқығы идеясының қалыптасуы нәтижесі іспетті болды. Жаңа мемлекеттік органды құру алдында осы институтты таныту, уәкіл институтының мемлекеттік басқаруды жетілдіруге әсерін талдау және жобалау жөнінде сан салалы жұмыс жүргізілді.
Сондай-ақ, 2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 2-бабы 1-тармағына сәйкес азаматтық заңнама ол реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін тануға, мүлікке қол сұқпаушылыққа, келісім бостандығына, адамның жеке ісіне кімнің болса да өздігінен араласуына жол бермеуге, азаматтық құқықтарын кедергісіз жүзеге асыру қажеттігіне, бұзылған құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз етуге, оларды сотпен қорғауға негізделеді.
Азаматтық процессуалдық кодексінің 5-бабына сәйкес азаматтық сот өндірісінің міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қылмыстық кодекстің міндеттері: жеке адам мен азаматтың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін, ұйымдардың меншігін, құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүддесін қылмыстық қол сұғудан қорғау, бейбітшілікті және адам қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстың алдын алу болып табылады.
Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 8-бабы 2-тармағына сәйкес қылмыстық істер жөніндегі заңмен белгіленген өндіріс тәртібі жеке адам мен азаматты негізсіз айыптаудан және соттаудан, құқықтары мен бостандықтарының заңсыз шектелуінен қорғауды қамтамасыз етуге тиіс, кінәсіз жан заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда - оның шұғыл және толық ақталуын, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіптің нығаюына, қылмыстың алдын алуға, құқыққа құрметпен қарауды қалыптастыруға жәрдемдесуге тиіс.
Қазақстан Республикасының қылмыстық-орындаушылық заңнамасының мақсаты әлеуметтік әділетті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандар ғана емес, сонымен қатар өзге адамдардың да жаңа қылмыс жасауының алдын алу болып табылады. Осы мақсаттарға сәйкес қылмыстық-орындаушылық заңнама міндеті жазаны өтеудің тәртібі мен жағдайларын реттеу, сотталғандарды түзеу жолдарын айқындау, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсету болып табылады.
Адам құқықтарын насихаттау және оларды хабардар ету
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы білім беру жөніндегі 2006-2007 жылдарға арналған Ұлттық іс шаралар жоспары (әрі қарай - Ұлттық жоспар) бекітілді.
Қазақстан Республикасы БҰҰ Бас Ассамблеясы ұсынған адам құқықтары саласындағы Бүкілдүниежүзілік бағдарламаның (әрі қарай Бүкілдүниежүзілік бағдарлама) мақсаттарын қолдайды, және адам құқықтары саласындағы білім беру адам құқықтарын жүзеге асыру ісіне үлкен үлес қосады деп атап көрсетеді.
Адам құқықтары жөніндегі комиссияның 2004/71 қарарымен Бүкілдүниежүзілік бағдарламаның бірінші кезеңі (2005-2007 жылдар) шеңберінде бастауыш және орта білім беру жүйесіне баса назар аударылады. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы орта мектептер жүйесіндегі адам құқықтары саласындағы білім беру мәселелері бойынша зерттеу жүргізу және Ұлттық жоспарды әзірлеу жөнінде өзіне міндеттеме алды.
Бұл бағдарламаның адам құқықтары саласындағы білім беру процесіндегі алғашқы бағдарлама емес екенін атап өту керек. Адам құқықтары мәселелері бойынша ағарту саласындағы бастамаларға жәрдемдесу мақсатында БҰҰ 1995-2004 жылдарға арналған Адам құқықтары саласындағы білім берудің он жылдығы сияқты халықаралық іс-шаралардың нақты шеңбері қабылданған болатын, бұл шаралар ұлттық деңгейде адам құқықтары саласындағы білім беру мүддесінде кең ауқымды, тиімді және тұрақты стратегияларды әзірлеуге және жүзеге асыруға жәрдемдесті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық жоспарды әзірлеу барысында сарапшылар мен әлеуметтік ұйымдарды тарта отырып жалпы орта білім беру мектептеріндегі адам құқықтары саласында білім беру жағдайына Ұлттық зерттеу жүргізді.
Осыған орай адам құқығы бойынша білім мониторингіне арналған индикаторлар әзірленген болатын. Олардың арасында: адамның негізгі құқықтары туралы оқушылардың хабардар болу көрсеткіші, адам құқығын оқытуға бөлінетін сағаттардың саны, адам құқықтары жөніндегі оқулықтармен және көмекші құралдармен жабдықталу көрсеткіштері және тағы басқа бар.
Жүргізілген зерттеу жиынтығы орта мектептегі адам құқықтары саласындағы білім беру жөніндегі жалпы жағдайды көруге мүмкіндік берді.
Әртүрлі сыныптарда адам құқықтары саласындағы білім беруге арналған сағаттардың саны айына төрт сағаттан бес сағатқа дейін, бұған қосымша факультативтер, сынып сағаттары, мектептен тыс шаралар өткізіледі.
Сұрау салу нәтижелері оқушылардың (96%) мектепте өз құқықтарын анағұрлым тереңірек зерттеуге ынталы екенін көрсетті. Құқықтары бұзылған жағдайда кімге баруды білетін балалардың пайызы төменгі сыныптардан жоғары сыныптарға қарай көбейеді (43%-тен 58%-ке дейін).
Адам құқықтары мәселелері бойынша балалардың білімін қалыптастыруда және практикалық көмек көрсетуде ата-аналар мен отбасының рөлі зор, өйткені оқушылардың көпшілігі адам құқықтары жөніндегі ақпаратты өз ата-аналарынан алады, және құқықтары бұзылған жағдайда да олар өзінің ата-анасына барады.
Зерттеу нәтижелерін кеңінен талқылау, сондай-ақ әзірленген ұйғарымдар мен ұсыныстар адам құқықтары саласындағы білім беруді жетілдіруге, адам құқықтарын оқытудың маңыздылығын ескере отырып, азаматтану және құқықтық саладағы басқа да пәндерді оқытуды түзеуге жәрдемдеседі. Ұлттық зерттеу жобасын талқылау мақсатында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, ОБСЕ Орталығын қолдау жөнінде бірқатар шаралар өткізілді.
Республикадағы адам құқықтары саласындағы білім беру ахуалын, ондағы оң өзгерістерді атап өту маңызды. Адам құқықтары білім берудің барлық жүйесі шеңберінде және білім берудің барлық деңгейлерінде енгізілуде және іске асырылуда.
Ұлттық жоспар мақсаттар мен басымдықтарды, сондай-ақ жүргізілген ұлттық зерттеу нәтижелері бойынша айқындалған оларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды қамтиды. Ұлттық жоспарда 8 басымдық көзделген, олар адам құқықтары саласындағы білім берудің Бүкілдүниежүзілік бағдарламасында ұсынылған, орта мектепте адам құқықтары саласындағы білім беру компоненттерін ескере отырып қалыптастырылды.
Ұлттық жоспардың мақсаттарына жету қысқа мерзімге 2006-2007 жылдарға арнаған, бұл Бүкілдүниежүзілік бағдарламаның бірінші кезеңін (2006-2007 жылдар) іске асыру қажеттігінен туындайды. Ұлттық жоспарды іске асыру қорытындылары бойынша қол жеткен жетістіктерді бағалау және Бүкілдүниежүзілік бағдарламаның келесі кезеңдерін іске асыру жоспарын әзірлеу жоспарлануда.
Ұлттық жоспардың негізгі мақсаттары: адам құқығы мәдениетін оқытуды жетілдіру, адам құқықтары саласындағы білім берудің негізгі әдістері мен принциптерін жалпы ұғынуға қол жеткізу, ұлттық және халықаралық деңгейдегі адам құқықтары саласындағы білім беруге баса назар аудару, адам құқықтары саласындағы білім беруді дамыту және жетілдіру ісінде барлық мүдделі тараптардың өзара іс-әрекеті мен ықпалдастығын ұлғайту, сондай-ақ адам құқықтары саласында білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларын жетілдіру болып табылады.
Ұлттық жоспардың іс-шараларын іске асыру өзінің құқығын белсенді де сауатты пайдалануға қабілетті оқушының адам құқықтары мәдениетін қалыптастырудан, оқушылардың құқықтану деңгейін арттырудан, балалар арасындағы қылмыстың азаюынан, сондай-ақ құқықтық тұрғыдағы оң құбылыс көріністерінен байқалады. Алайда, адам құқықтары саласындағы білім беруді жүйелі жетілдіру мен оқушыларды адам құқығын құрметтеу рухында тәрбиелеу жөніндегі жұмыс үлкен қиындықтармен байланысты, және оларды ұзақ та мақсатты жұмыс жүргізу арқылы ғана мүмкін болатынын ұмытпау керек.
Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында осы процеске қатысушылардың барлығының: мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес сектордың, сондай-ақ педагогикалық қызметкерлер мен оқушылардың өздерінің де тығыз ынтымақтастығы қажет.
Осылайша, Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы орта білім беру шеңберінде адам құқықтары саласындағы білім беруді жетілдіруге бағытталған бірінші кезектегі, жоспарлы нақты бірқатар әрекеттерді қамтиды. Ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесетін бірқатар іс-шаралар:
2006-2007 жылғы оқу жылынан бастап республика мектептерінде құқықтық пәндер республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарының тізбесіне енгізілді;
2006 жылғы 30 қарашадан 20 желтоқсан аралығында орта жалпы, бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында заңгерлік жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің "Құқықтық білім - оқушыларға" республикалық акциясы мен Адам құқығы, Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы күндеріне арналған басқа да арнаулы іс-шаралар өткізілді;
Білім және ғылым министрлігі веб-сайтында Адам құқықтары бойынша білім беру рубрикасы жасалған;
адам құқықтары саласындағы білім беру мәселелері жөнінде арнаулы материалдар даярланып, мерзімді журналдар мен газеттерде: "Внешкольник Казахстана", "Қазақстан тарихы", "История Казахстана: преподование в вузах и школах", "Учитель Казахстана", "Қазақстан мұғалімі", "Қазақстан мектебі", "Столичное образование" және тағы басқа беттерінде жарияланды.
Білім берудің міндетті мемлекеттік стандарттарына сәйкес жалпы білім беру мектептерінде қоғамдық-құқықтық пәндердің циклы оқытылады: бастауыш сыныптарда - "Ана тілі", "Әлемтану", жоғарғы сыныптарда - "Тарих" (51 сағат), "Қазақстан тарихы" (51 сағат), "Қоғамтану негіздері" (68 сағат), "Құқықтану негіздері" (68 сағат). Халықаралық сайлау жүйелері қоры жасаған "Азаматтануға кіріспе" бағдарламасы бойынша арнайы курстар енгізілуде.
2005-2006 оқу жылынан бастап республика мектептерінде "Гуманитарлық құқықты зерттей отырып" (ГҚЗ) аймақтық жобасы жүзеге асырылуда, оның негізгі міндеттерінің бірі - Халықаралық гуманитарлық құқық (ХГҚ) туралы білімді тарату. Берілген бағдарлама гуманитарлық құқық пен негізгі адам құқықтарының бұзылуларын; шектеуге және алдын алуға бағытталған, оқушылардың дүниеге көзқарасының қалыптасуына жәрдемдеседі, белгілі бір проблеманың түрлі аспектілерін зерттеуге және оны дұрыс талдауға үйретеді. Курсты оқу барысында оқушыларда қазіргі заманғы әлеуметтік және саяси оқиғаларға деген қызығушылық және оларды түсіну дамиды, олар ағымдағы оқиғалар мен гуманитарлық акцияларды халықаралық құқық тұрғысынан бағалауды үйренеді, халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарына қолдау көрсетуі тиіс қоғамдық бірлестіктердің қызметімен танысады.
ХГЗ пилоттық жобасы Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының 30 жалпы білім беру мектептерінде жүзеге асырылуда.
ХГЗ жобасын үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз ету Білім беру жүйесінің ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігін жоғарылату республикалық институтына және педагогикалық кадрлардың біліктілігін жоғарылату облыстық институттарына жүктелген. Қазіргі кезде ХГЗ оқу құралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 15 ақпандағы Білім беру ұйымдарында "2007-2008 жылдары қолдануға рұқсат берілген оқу басылымдарының тізімін бекіту туралы" бұйрығына енді.
Ұлттық жоспардың іс-шараларын іске асыру игі нәтиже беруге тиіс, бұл өзінің құқығын белсенді де сауатты пайдалануға қабілетті оқушының адам құқықтары мәдениетін қалыптастырудан, оқушылардың құқықтану деңгейін арттырудан, балалар арасындағы қылмыстың азаюынан, сондай-ақ құқықтық тұрғыдағы оң құбылыс көріністерінен байқалады. Алайда, адам құқықтары саласындағы білім беруді жүйелі жетілдіру мен оқушыларды адам құқығын құрметтеу рухында тәрбиелеу жөніндегі жұмыс үлкен қиындықтармен байланысты және оларды ұзақ та мақсатты жұмыс жүргізу арқылы ғана мүмкін болатынын ұмытпау керек.
Адам құқығын қорғау туралы
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді, онда адам өмірі мен оның құқықтары және бостандығы жоғары құндылықтар болып табылады.
Адам құқығы бұзылған жағдайда ұлттық заңнамада мынандай жауапкершіліктер түрі қарастырылған:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 3-тармағында конституциялық және басқа да адам және азамат құқығы мен бостандығына қарсы қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған. Олар мына баптарда қарастырылған: 141-бап "Азаматтардың тең құқылығын бұзу", 142-бап "Жеке өмірге қол сұқпауды бұзу", 143-бап "Жазылудың, телефонмен сөйлесу, пошталық, телеграфтық және басқа да хабарлардың құпиялығын заңсыз түрде бұзу", 144-бап "Дәрігерлік құпияны жариялау", 145-бап "Тұрғын үйге қол сұқпаушылықты бұзу", 146-бап "Сайлау құқығын іске асыруды немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіру", 147-бап "Сайлау құжаттарын, референдумның құжаттарын фальсификациялау немесе дауыс санын дұрыс есептемеу", 148-бап "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын бұзу", 149-бап "Ар тазалығы құқығына және діни ұстамдылықты іске асыруға кедергі болу", 150-бап "Қоғамдық бірлестіктердің жұмыстарына кедергі келтіру", 151-бап "Жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, жорықтар мен пикеттерге немесе оларға қатысуға кедергі келтіру", 152-бап "Еңбекті қорғау ережесін бұзу", 153-бап "Көтеріліске қатысуға мәжбүрлеу немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу", 155-бап "Журналистің кәсіби заңды әрекетіне кедергі келтіру".
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі азаматтардың жеке және мүліктік қатынастарды мен мүліктік қатынастарын реттейді. Аталған Кодекстің 144 , 145 , 146-баптарында жеке өмірдің құпиялығын сақтау, өзіндік ерекшелену мен тұрғын үйге қол сұқпаушылық құқықтары қарастырылған.
Азаматтық құқықты қорғау мына жолдар арқылы іске асырылады: құқықты мойындау; құқық бұзылғанға дейінгі ережені қалпына келтіру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына жол беретін әрекеттерді атап көрсету; міндетті нақты орындауды жүктеу; шығынды, тұрақсыздықты орнына келтіру; келісімді дұрыс емес деп тану; моралдық шығынды өтеу; құқықтық қатынастарды тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттік басқару немесе жергілікті өкілетті немесе атқарушы органның актісін тиісті заңнамаға сәйкес келмейді деп тану; азаматқа немесе заңды тұлғадан немесе мемлекеттік органнан азаматқа немесе заңды тұлғаға сатып алу барысында немесе өз құқығын іске асыру барысында кедергі келтірген үшін айыппұл салу, сондай-ақ заңнамалық актілерде көрсетілген басқа да жолдарын қарастыру.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексі адамдардың, тұрғындардың денсаулығына, санитарлық-эпидемиологиялық риясыздығына, қоршаған ортаға, қоғамдық адамгершілікке, жеке меншікке, қоғамдық тәртіпке және қауіпсіздікке зиян келтірілген жағдайда 87, 89-баптар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жағдайы, 87, 89-баптар бойынша - жұмыс беруші немесе лауазымды тұлғаны Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жауапқа тарту қарастырылған. 221-бап - жұмысты қауіпсіз жүргізуге байланысты, 241-бап - экологиялық ластау салдарын жоюдан бас тарту, 323-бапта - санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемияға қарсы заң бұзушылықтар болғанда, 336-бапта - спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келуге байланысты жауапқа тарту мәселелері қарастырылған.
Ұлттық құқықтық жүйенің бір бөлігі ретіндегі халықаралық-құқықтық актілер және адам құқығын мемлекеттік органдардың, сот талқылауы барысындағы соттардың адам құқына байланысты халықаралық құқықтық актілерді қолдануы
Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-бабына сәйкес Республикада қолданылып отырған құқық ол Конституцияның нормалары, оған сәйкес келетін заңдар, халықаралық келісімдер Республиканың басқа да нормативтік құқықтық актілері мен міндеттемелер, сондай-ақ Конституциялық Кеңес пен Республиканың Жоғары Сотының нормативтік қаулылары болып табылады. Конституция жоғары заңдық күшке ие және еліміздің барлық аумақтарында нақты әрекет етеді. Республика бекіткен халықаралық келісімдер оның заңдарының алдында басым және тікелей қолданылады, тек кейбір жағдайлардан басқа уақыттарда, айталық халықаралық келісімді қолдану үшін заң шығару керек болған жағдайдан басқа. Республика қатысатын барлық заңдар, халықаралық келісімдер жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандығы мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оны қолданудың міндетті шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық Кодексінің 1-бабына сәйкес қылмыстық заңнамалар Қазақстан Республикасының Конституциясына, конституциялық заңдарға және жалпы қолдау көрсетілген халықаралық құқықтың принциптер мен нормаларға негізделеді.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13-желтоқсандағы Қылмыстық-процессуалдық Кодексінің 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында қылмыстық іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық заңдармен, және халықаралық құқықтың жалпы қолдау көрсетілген принциптері мен нормаларымен айқындалады. Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері мен басқа да міндеттері, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізуді реттейтін Конституциялық Кеңестің және Қазақстан Республикасының Жоғары Сотының нормативтік қаулылары қылмыстық-процессуалдық құқықтың құрамды бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексінің 3-бабының 8-тармағында Қазақстан Республикасы халықаралық келісімде қатысушы болса, онда басқа ережелер айқындалған, ол Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасынан бөлек, аталған келісімнің ережелері азаматтық қатынастарда қолданылады, тек халықаралық келісімде оны қолдану үшін республика ішінде акті шығаруды талап ететін жағдайлардан басқа.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 2-бабының 3-тармағына сәйкес егер, Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық келісімде, аталған Кодексте көрсетілгеннен басқа да ережелер көрсетілген болса, онда халықаралық келісімнің ережелері қолданылады. Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық келісімдер еңбек қатынастарында тікелей қолданылады, тек қана халықаралық келісім бойынша оны қолдану үшін заң шығару керек болатын жағдайдан басқа.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Азаматтық процессуалдық кодексінің 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық істер бойынша сот өндірісі тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясына және жалпы қолдау көрсетілген халықаралық құқық нормалары мен принциптеріне негізделген конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексімен айқындалады.
Сондай-ақ, 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодекстің 3-бөлімінің 1-бабындағы көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік-деликаттық құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық келісімдер мен Қазақстан Республикасының басқа да міндеттері әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасының құрамды бөлігі болып табылады.
Республиканың бекітілген халықаралық келісімдері оның заңдарының алдында басым болады және нақты түрде қолданылады, кей жағдайларда халықаралық келісімдерді қолдану үшін заң шығаруды керек етпейтін жағдайлардан басқа.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30-мамырдағы "Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері туралы" заңы Қазақстан Республикасында халықаралық келісімдерді тоқтату және өзгерту, келісімге отыру тәртібін реттейді.
Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері Қазақстан Республикасының Конституциясына, жалпы қолданыс тапқан халықаралық принциптер мен нормаларға, халықаралық ережелерге, халықаралық құқық туралы Вена конвенциясына, аталған Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес тоқтатылады, өзгертіледі, келісімдер жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы "Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері, Қазақстан Республикасының Конституциясына, жалпы қолдау көрсетілген халықаралық құқық пен сол халықаралық келісімнің ережесімен, халықаралық келісімдер туралы Вена конвенциясымен аталған Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес келісімдер жүргізіледі, келісім жүргізу тоқтатылады және өзгертіледі.
Жоғарыда көрсетілген заңның 20-бабында Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасында халықаралық келісімдерді орындауды қамтамасыз етуге шаралар қабылдайды деп көрсетілген. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында қолданыстағы әрбір халықаралық келісімді Қазақстан Республикасы міндетті түрде орындау керек деп көрсетілген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық келісім бойынша қабылдаған міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасына қатысты осындай халықаралық келісімдерден шығатын құқықтың орындауын бақылайды және де халықаралық келісімдерге қатысушылардың міндеттерін орындауын бақылайды.
Заңның 21-бабында Қазақстан Республикасында халықаралық келісімдердің орындалуын жалпы түрде бақылауды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүргізеді деп көрсетілген.
Аталған заңның 21-бабында Қазақстан Республикасы немесе оның басқа да қатысушылары халықаралық келісімдерді бұзатын болса, сондай-ақ халықаралық құқықтың нормаларында көрсетілген басқа да жағдайларда мұндай халықаралық келісімнің әрекет етуі тоқтатылуы мүмкін немесе аталған заңның нормаларымен тоқтатылуы мүмкін.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының келіссөздер жүргізу арқылы және жоғары және үкімет аралық деңгейді жүргізіліп қол жеткізілген халықаралық келісімдер мен келісім шарттардың орындалуына бақылау жасауды күшейтуді қамтамасыз ету мақсатында, 1996 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасының Жарлығымен Қазақстан Республикасында кездесулер арқылы және жоғары және үкімет аралық деңгейде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық организациялардың шешімдерін орындаудың мен келіссөздер жүргізу халықаралық келісімдерді, іске асыру Ережесі бекітілді.
Ел экономикасы
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), млн. теңгемен:
2005 жыл - 7 457 063,9
2006 жыл - 10 139 500,0
2007 жыл - 12 763 211,6
2008 жыл - 3 144 011,7 (ЖІӨ 2008 жылдың 1 тоқсанына)
Инфляция
Инфляция деңгейі (өсу санымен), 2005 жылы 7,5%, 2006 жылы 8,4%, 2007 жылы 1,9% құраса, 2008 жылы 1,2% құрады;
Жұмыс істеушілер, жұмыссыздар саны жұмыссыздық деңгейі
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
|
экономикада |
7181,8 |
7261,0 |
7403,5 |
7713,5 |
7800,0 |
Ер адамдар |
3718,5 |
3764,4 |
3808,9 |
3961,2 |
|
Әйел |
3463,3 |
3496,6 |
3594,6 |
3752,3 |
|
Жұмыссыздар |
658,8 |
640,7 |
625,4 |
583,9 |
573,8 |
Оның ішінде |
117,7 |
94,0 |
75,1 |
62,5 |
62,0 |
жұмыссыздар |
8,4 |
8,1 |
7,8 |
7,0 |
6,9 |
Экономика- |
1,5 |
12 |
09 |
0,8 |
0,8 |
Тұрғындардың діни құрамы
Еліміздің тұрғындарының этноконфессионалдық құрамы
Қазақстан көп ұлтты және поликонфессионалды ел болып табылады, барлық тұрғындардың басым көпшілігін қазақтар құрайды - 58,6% және орыстар 26,1%. Басқа этностардың үлесіне республика тұрғындарының 15,3% келеді.
Мәдениет және ақпарат министрлігі тұрақты негізде этносаралық және конфессияаралық мәселелер жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізеді. Соңғы зерттеудің қорытындысы бойынша мынандай нәтижелер алынды:
- елімізде этника аралық келісімді сақтау бойынша ұлттық саясатты сақтау қажеттігі жалғасуда. Бұл саясаттың басты міндеттері болып жатқан ұлттық процестерді толығырақ зерттеуді жалғастыру, қоғамдық, ұлттық өзін-өзі тануды, этномәдени ортаны тануды реттеу, туындайтын проблемаларды оны әрі қарай реттейтін қатынастардағы келісім мен тұрақтылықты сақтау бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу;
- 2007 жылғы сауалнамалармен салыстырғанда жергілікті жерлердегі этника аралық қатынастардың теріс жақтары онша маңызды емес, дәстүрмен бойға сіңген толеранттықтың арқасында, жеке және топтық өзара қарым қатынастардың көп жылдық тәжірибесінің арқасында, проблемалар әдетте жергілікті жерлерде шешіледі және негізінен алғанда қызметтестік пен өзара қарым-қатынастар жасау бетбұрысына әсер ете алмайды.
Қазақстан Республикасында ресми түрде 470 астам ұлттық мәдени орталықтар мен бірлестіктер тіркелген, олардың ішінде ең белсенділері: ұйғыр, неміс, кәріс, украин, орыс орталықтары болып табылады.
Қазақстанда діндік ұстанымға деген толеранттық пен діни сенімге деген ұстамшылдық жоғары деңгейде.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің діндер ісі жөніндегі Комитетінің мәліметтері бойынша 2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 4 001 діни бірлестік пен топтар бар. Олардың 2337 ислам дінінде (Суниттер - 2324, Шейттер - 4, Ахмадия жамағаты - 4).
Православ діни бірлестіктер мен топтар - 281 ұйымды құрайды.
Орыс Православ шіркеуі - 272, Старообрядтық шіркеу - 7.
Католиктік - 82, оның ішінде Римдік-католиктік шіркеу - 78 және Грек-католиктік шіркеу - 4.
Протестанизм - 1189, оның ішінде дәстүрлі протестанттар - 646, пятдесятниктер - 53, пресвитериандықтар - 215, дәстүрлі емес протестанттық бағыттар - 275.
Буддалықтар барлығы - 4, оның ішінде Тибеттік-Буддистік орталық - 1 және вон-буддизм мен басқалары - 3.
Иудаизм - 27 оның ішінде еврейлік қоғамдастықтар - 27.
Дәстүрлі емес діндер саны 50 ұйым, діни қайырымдылық қорлары мен басқа да қоғамдар - 31 бірлестікті құрайды.
Соңғы әлеуметтік зерттеулердің нәтижесінде 92,9% сауалнама алынғандар қандайда бір дінге сенетіндерге деген ешқандай теріс көзқарастарының жоқ екенін айтты. Бұл сан мұсылман мен христиандар арасында бірдей.
Қазақстан мұсылмандары арасында теократиялық мемлекет туралы идея бұрынғыша қолдау алып отырған жоқ. Егер 2006 жылғы зерттеулерде 70% мұсылман өзінің теріс көзқарасын көрсеткен болса, тек 11% теократияны мойындады, ал 2007 жылғы зерттеуде 74% мұсылман қарсы тек 2,5% мұсылман "қолдап отыр". Теріс қарау мен теократиялық мемлекет идеясы христиандық славяндарда көп 86%.
Қазақстанда дінге сенетіндердің қарамағында 3100 мешіт, храм, шоқыну үйлері мен культтық құрылыстар бар. Оның ішінде 2195 мұсылман мешіті, 257 православ шіркеуі, 89 католик костелдер, 10 иудей сенагогы, 546 протестандық шоқыну үйі, 1 буддистік храм бар. Салыстыру үшін 1991 жылы барлығы 25 мешіт болса, 1989 жылы - 62 православ шіркеуі болды. Республикада сегіз жоғары (оның ішінде екі исламдық, бір католик, бір лютериандық, төрт протестандық), алты орта арнайыландырылған және үш жалпы білім беретін рухани мекемелер бар. Діни бірлестіктер 38 мерзімдік басылым шығарады. Дінді дамытудың күрделі орталықтары Астана, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, және Алматы облыстары болып отыр.
Елбасының бастауымен өткен әлемдік және дәстүрлі діндердің басшыларының екі съезі халықаралық маңызы бар оқиға болды.
Қазақстан Республикасындағы тілдік саясат
Республика тәуелсіздік алғаннан бері барлық факторлар Қазақстан Республикасында тұрып жатқан барлық этностардың және этникалық топтардың ұлттық-мәдени қоғамдық-саяси және әлеуметтік процестерін жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар туғыза бастады. Мемлекетімізде елімізде тұрып жатқан барлық этностар мен этностық топтар үшін тіл мен мәдениетті дамытуға бірдей тең жағдайлар туғызуға тиісті шаралар қабылданып отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясында "Азаматтық туралы", " Тіл туралы ", "Қоғамдық бірлестіктер туралы", " Мәдениет туралы ", " Білім туралы " Заңдарында әрбір азаматтың, әрбір этникалық топтың өкілінің ез мәдениетін дамытуға, білім алудағы және тәрбие алуда тілді таңдауда еркіндігі көрсетілген. Республиканың Конституциясының 19-бабына сәйкес барлығына бірдей өз тілі мен мәдениетін еркін қолдануға, қарым-қатынас жасау тілі мен білім алу мен шығармашылықты таңдауда еркіндік берілген. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы Жарлығымен бекітілген "2001-2010 жылдарға арналған тілдерді қолдануды іске асырудың мемлекеттік бағдарламасы" тек қана қазақ тілін дамытып, қайта жандандыруға ғана көңіл бөлмейді сонымен қатар орыс тілінің, этникалық топтардың жалпы мәдени қызметін сақтауға да бағытталған.
Бұл міндетті өз тілінде жалпы білім алу немесе міндетті пән ретінде білім алу арқылы қамтамасыз ету қарастырылған.
Қазақстан Республикасындағы тілдік және этникалық жағдайдың әртүрлілігі полимәдени білім беруді ұйымдастыруда нақты қиындықтардың туындауын болжайды.
Этникалық топтар шоғырланған жерлерде 75 (0,9%) - өзбек, 15 (0,1%) - ұйғыр, 3 (0,03%) - тәжік, 1 (0,01%) - украин тілдерінде сабақ беретін мектептер жұмыс істейді.
Республиканың 126 жалпы білім беретін мектептерінде жеке пән ретінде 15 тіл оқылады; неміс, поляк, кәріс, дүнген, татар, түрік, әзербайжан, күрд, ұйғыр, шешен, грек, армян, иврит, беларус, украин тілдері.
76 жалпы білім беретін мектептерде туған тілдері факультатив ретінде және үйірмелерде оқытылады: неміс, кәріс, иврит, татар, поляк, украин, армян, грек, әзербайжан, шешен, беларус, қарашай-черкес, чуваш, болгар, қазақ, орыс тілдері.
Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының 15-бабының 6-тармағына сәйкес (ГОСО) 10-11 сыныптарда туған тілдері баланың таңдауы бойынша жүргізіледі.
Еліміздің жоғары оқу орындарында 80 астам ұлттардың өкілдері оқып жатыр, студенттердің 60%-ы орыс тілінде білім алуда. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық ұлттық университетінде білім алу ұйғыр, түрік, әзербайжан, кәріс, қытай және неміс тілдерінде жүргізіледі.
Азаматтарды туған тілін оқуға құқығын қамтамасыз етудің міндеттері ұлттық-мәдени бірлестіктерді тарту мен мемлекеттік тілдер саясатын жүзеге асыру арқылы жүргізіледі.
Ұлттық-мәдени бірлестіктер еліміздің барлық аумақтарында жексенбілік мектептер ашты. Демалыс күндердегі мектептердің неміс тілін, кәріс тілін, еврей, татар, және поляк тілдерін үйретуде мүмкіндіктері жеткілікті.
Республикада 196 жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Онда 7000 бала және үлкендер білім алуда және үш ұлттық қайта өрлеу мектебі Өскемен, Петропавл, Павлодар қалаларында жұмыс істеп түр, онда - 1163 оқушы қамтылған. Аталған мектептерде 30 тіл оқылады.
Іс-шаралар жоспарының 4.1 тармағына сәйкес XII сессияда берілген Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмасын іске асыру мақсатында ҰМО (ұлттық мәдени орталықтардың) демалыс күнгі мектептерінде мемлекеттік тілді оқу курстары ұйымдастырылған. Топтар құрылып оқытушылар таңдалып алынды.
Ұлттық-мәдени бірлестіктер тілдік тақырыптар бойынша шараларды белсенді түрде қолдап отыр.
Халықаралық келісімді бекітуге байланысты мемлекеттік саясаттың басымдылығы тілдік құрылым бойынша министрлікте де өз көрінісін тауып отыр. Осы бағыттағы жұмыстар жалғастырыла бермек.
Кеп мәдениетті қоғам құру және оның тұрақтылығын сақтап қалу мәселесі біздің мемлекетіміздің бірден-бір басымдылық мәселелерінің бірі болып табылады.
Осы саладағы мемлекеттік саясатты Министрліктер мына базалық бағыттар бойынша өз есебінен іске асырады:
- ұлтаралық келісім мен этникалық кемсітудің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-үгіт-насихат жүргізу;
- Қазақстанда тұрып жатқан этникалық бірлестіктер арасында этника аралық қарым-қатынас пен этникалық бірегейлікті сақтап қалу жағдайларын туғызу, тілді дамыту, білім беру мен этнос мәдениетін сақтау үшін ұйымдастырушылық-тәжірибелік және зерттеу жұмыстары шараларын жүргізу.
Ұлтаралық тұрақтылықты сақтап қалу тақырыбы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпараттық қызметінде маңызды орын алып отыр.
Аталған тақырып бойынша БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдарында) баспада жарық көретін жылдық көлем А-2 форматта 342 жол (2006 жылмен салыстырғанда 92 жолға артық) және журналдардағы есептік-басылым беттері 80 жол (2006 жылмен салыстырғанда 16 есептік-баспа бетіне артық).
Тәуелсіз телеканалдарда бұл жұмыстардың көлемі - жылына 205 сағат (64 млн. теңге).
Өткен жылы мемлекеттік тапсырысты орындайтын 74 бұқаралық ақпарат құралдарының ұлтаралық келісім бойынша 21-і жұмыс істеді, оның ішінде 12 республикалық газет, 4 ұлттық баспа ("Deutscht Allgemeine Zeityung", "Украінськиі новини", "Уйғур авази", "Коре ильбо"), 4 республикалық телеканал ақпараттық агенттік.
Бұл жерде негізгі міндет ретінде қоғамдық санаға қолда бар этникааралық келісімді сақтап қалудың қажеттілігін түсіндіру және қоғамдық өмірдегі тыныштықты бұзатын мүмкін деген дағдарысты жағдайды болдырмау.
Республикалық телеканалдардың эфирінен арнайыландырылған Қазақстан аумағында тұратын әр түрлі этностардың өмірлері туралы мәдени-ағартушылық бағдарламалар шығып тұрады (ақпараттық-аналитикалық, циклдық, интерактивтік). Олардың негізгілері - "Біз Қазақстан азаматымыз" ("Қазақстан" Ұлттық телеканалы), "Сто народов", "31 канал", "Достық-Дружба" (Қазақ радиосы).
"Қазақстан" Республикалық телерадиокорпорациясының атымен шығатын бағдарламалар Ұлттық мәдени орталықтардың қатысуымен Қазақстанда тұратын этностар тілінде жарық көреді.
"Қазақстан" Ұлттық телеканалының бейнероликтері мен тележурналдары үнемі жарыққа шығып отырады. 3 тақырыптық бейнеролик пен 10 аудиоролик дайындалды, "Хабар" 10 тележурнал дайындады. Аталған өнімнің эфирде берілуінің жалпы саны 528 рет.
Бас редактормен ішкі саяси тұрақтылықты сақтаудың негізгі басты мәселелері бойынша ақпараттық саясатты іске асыру мәселесі бойынша кездесулер жүргізіліп отырады.
Мемлекеттік телеканалдардың эфирінде ҰМО (ұлттық мәдени орталықтардың) басшыларының, ұлттық диаспоралардың қарт адамдарымен, депутаттармен, қоғамдық қайраткерлерінің қатысуымен арнайы жобалар ұйымдастырылып отырады.
Үнемі қоғамдық ортада бейбітшілікті қолдау мен келісімді насихаттау мақсатында баспа беттерінде арнайыландырылған рубрикалар жүргізіледі, олар: "Духовные ценности", "Мемлекеттік мәселе", "Пікір", "Позиция", "Актуально", "Сұхбат", "События".
Осы газеттік рубрикаларда 2008 жылдың 1 тоқсанында 500 материал жарияланды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мақсатты ақпараттық жұмыстарымен қатар аталған тақырып бойынша эфирге шығатын және баспа беттерінде жарияланатын барлық материалдар зерттеліп отырады.
Осыған байланысты БАҚ-ның (бұқаралық ақпарат құралдары) электрондық және басылымдарына ұлтаралық қақтығыстың туындамауына, сондай-ақ басқа да заңнамаға қарсы әрекеттердің туындамауын бақылауға арналған мониторинг жүргізіліп отырылады.
Күн сайын мониторинг нәтижесі бойынша 6 республикалық телеканалдарда, 32 мерзімді баспа беттерінде және 11 веб-сайттарда мәселенің кеңейтіліп қарастырылған түрінде қоғамдық-саяси бағытта "бір күннің ақпараттық-картинасы" жасалады.
Жалпы, мониторинг нәтижесі бойынша республикада БАҚ-ның ұлтаралық келісім мәселесі бойынша жоғарыда аталған ақпараттық саясатты бір деңгейде салмақпен жүргізіп отыратындығын айтып өтуге болады.
Қазақстанның бүгінгі заманғы дамуының негізгі ерекшеліктерінің бірі қоғамдық өмірде діннің рөлінің үнемі артып келе жатқандығы. Оның беделі мен статусы әлеуметтік қызметі сонымен қоса, діни бірлестіктерде дінге сенуші адамдар саны күннен-күнге арта түсуде. Барлықтарыңызға белгілі Қазақстанда планетамыздың діндері арасындағы басым бағыттарының өкілеттері қатысқан әлемдік және дәстүрлі діндердің екі съезі болып өтті. Біздің Президент пен еліміздің Үкіметі әлемдік конфессияның басшыларымен үнемі қарым қатынас жасап отырады. Қазақстан Республикасының 1992 жылғы қабылданған Конституциясы мен Қазақстан Республикасының "Бостандық, діни сенім мен діни бірлестіктер туралы" Заңына сәйкес дінге сенуші адамдар өз дінін еркін түрде қабылдап, өздерінің мемлекет алдындағы құқықтары мен міндеттерін және азаматтық құқықтарын еркін атқаруға қол жеткізді. Республикада 40-тан астам конфессия жұмыс істеп тұр. Қазақстанда ханафитстік мазхаба нысанындағы суниттік ислам басым болып отыр. Орыстың правасловяндық шіркеуі діни бағытта екінші орында тұр.
Республика аумағында сонымен қатар Римдік-католиктік шіркеу де көп уақыттан бері жұмыс істеп келеді (негізінен Евангелиялық христиан баптистер, лютерандар), иудизм, буддизм.
Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап Республикада дәстүрлі емес Свидетели Иеговы, меннониттар, мормоны, мунисттер, баххабиттер, кришнайттар, сайентологтар, бахай, трансценденталдық медитация, және басқалары сияқты діни ағымдар өз жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп отыр. Дінге сенушілердің саны Қазақстан Республикасының "Дінге сену мен діни бірлестіктер бостандығы туралы" Заңы негізінде кімде-кім өзінің қандай дінді ұстанатындығы мен қандай да бір дінге сенетін адамдардың саны туралы мәлімет бермеуге еріктілігі көрсетілуіне байланысты алынған жоқ. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша Республикадағы діни жағдай бойынша Қазақстанда тұратын тұрғындардың дінге сенушілерінің жалпы саны 50%-дан 60%-ға дейін. Алайда, егер адамның дінге сенетіні болып саналатын нақты шарттарды алатын болсақ (мешіттерге мен храмдарға, шіркеуге басқа да діни орындарға неғұрлым жиі баратын, діни дәстүрді орындайтын тағы басқа) онда дінге сенушілердің нақты саны тұрғындардың жалпы санының 15-20%-ын құрайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 149-бабында ар бостандығы мен діни сенім бостандығына кедергі келтірген үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылған.
Қазақстанда дінге сенетін адамдардың олардың этникалық түріне байланысты конфессионалдық ұстанымын жекелеп көрсету үлкен орын алған. Мұсылман қоғамында қазақтардан басқа өзбектер, татарлар, ұйғырлар, әзербайжандар, шешендер тағы басқа этникалық топтар басым.
Орыстың православ шіркеуінде негізінен славян ұлттарын біріктіріп отыр (поляктардан басқа). Олардың ішінен басымдары орыстар, украиндықтар, беларустар.
Римдік-католиктік шіркеудің негізгі этникалық құрамы немістерден және поляктардан тұрады. Украиндықтар да Грек-католиктік шіркеудің ұстанушылары болып табылады.
Протестанизмді негізінен немістер мен поляктар ұстанады. Сонымен қатар шетел миссионерлерінің белсенді әрекеттері протестанизмнің Қазақстанның байырғы тұрғындарының орыстардың, кәрістер мен басқа да ұлттардың осы дінді ұстануына әкеліп соғып отыр.
Республикада Буддизм аз көлемде ғана. Негізінен оны кәріс ұлтының аздаған бөлігі мен қалмақтардың шамалы бөлігі ұстанады.
Иудизмді еврейлер ұстанады.
Нәсілдік кемсітушілікті жою бойынша Комитеттің қорытынды ескертпелері, Қазақстан, СЕRD/С/65/СО/3,10 желтоқсан 2004 жыл
Нәсілдік кемсітушілікті жою бойынша Комитет Қазақстан Республикасының бастапқы - үшінші кезеңді баяндамаларын (СЕRD/С/439/Аdd.2) қарастырып, сондай-ақ оның оң сәттерін белгілей отырып, өзінің қорытынды ескертпелерін қабылдады және оларды алаңдаушылықты тудыратын сұрақтар мен ұсыныстар ретінде тұжырымдады.
Нәсілдік кемсітушілікті жою бойынша Комитеттің белгілеген оң аспектілері
1. Комитет қатысушы - мемлекет деп тұрғындардың жалпы санынан жуықтап алғанда 40%-дан астамын құрайтын түрлі және көлемдері бойынша маңызды қауымдардың ірі саны мекен ететін көп ұлтты ел болып табылатынын атап өтті, сондай-ақ қатысушы-мемлекеттің халықтың этникалық құрамына, басқа да статистикалық мәліметтерге қатысты ақпаратты беру бойынша салынған күштерді жоғары бағалайды.
2. Комитет қатысушы-мемлекеттің құқық қорғаушы органдарды құру және олардың қызметтерін жақсартудағы салынған күштерді жоғары бағалайды.
3. Комитет елдегі экономикалық жағдайдың жақсаруы туралы, оның ішінде жұмыссыздықтың азаюы туралы берілген ақпаратты қанағатпен атап өтеді.
4. Сонымен қатар, Комитет қатысушы-мемлекет босқындарының мәртебелері туралы 1951 жылдың Конвенция мен 1967 жылғы Хаттаманы, сондай-ақ, 1958 жылдың МОТ-ң кемсітушілік туралы Конвенцияны (N 111) (еңбек және жұмыс саласындағы) бекіткенін қанағатпен атап өтті.
Алаңдаушылықты тудыратын мәселелер мен ұсыныстар
1. Комитет қатысушы-мемлекетте нәсілдік кемсітушілік туралы арнайы заңдылықты атап өтті.
Комитет Конвенцияның ережелерін жүзеге асыру үшін қабылданған ережелерге сай нәсілдік кемсітушілікке заңды анықтаманы құрайтын нәсілдік кемсітушілік мәселелері бойынша арнайы ұлттық заңы қатысушы-мемлекеттегі нәсілдік кемсітушілікке қарсы күрестегі пайдалы буын ретінде танылады деп есептейді.
Қазақстанда ұлтаралық, конфессияаралық және нәсіларалық бірлік пен теңдік қағидалары іс жүзінде жүзеге асырылуда. 130-дан астам ұлт пен этнос өкілдерінен тұратын Қазақстанның халқы мемлекеттің этникалық және конфессиялық саясат саласындағы бастамаларын толығымен қолдайды. Мемлекеттің аталған саладағы саясаты Қазақстан тұрғындарының ұлтаралық қатынастарына оң ықпал тигізіп, елдің азаматтық шоғырландыруына бағытталады. Сондықтан да нәсілдік кемсітушілік туралы арнайы Заңды әзірлеу қажеттілігі жоқ деп есептейміз, себебі нәсілдік кемсітушілікті жоюға қатысты қағидалар Қазақстан Республикасының Конституциясында, адам мен азаматтың құқықтарымен байланысты және тиісті нормаларға ие болған көптеген заң актілерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексінде бекітілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының 2-тармағында былай көрсетілген: тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Аталған баптың 2-тармағында көрсетілген кемсітуге болмайтын жағдаяттарға байланысты берілген тізімі жеткіліксіз болғанын белгілеу керек, және бұл жағдай осы бапты қолдануда кең және прогрессивті талқылау мүмкіндігін береді.
Нәсіліне, ұлтына, тіліне байланысты кемсітушіліктерді алдын-алуда Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте ұлттық, нәсілдік, және діни өшпенділік немесе дұшпандылық ниетіне байланысты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау үшін жауапкершілікті күшейтуге әкелетін норманың болуы және бұл осы құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті ауырлататын мән-жай ретінде сараланатыны өте маңызды (62-баптың 5-тармағында).
Нәсілдік және ұлттық астамшылықты насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейтіні жөнінде Конституцияның 20-баптың 3-тармағында көрініс табады.
Конституцияның 5-бабының 3-тармағына сәйкес "Мақсаты немесе іс-әрекеті... әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздылықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне... тыйым салынады".
Іс-әрекеті нәсілдік, ұлттық араздылықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға тыйым салу жөнінде конституциялық ереже " Қоғамдық бірлестіктер туралы " Қазақстан Республикасының Заңында өзінің жалғасын табады (5-бап).
Қазақстан Республикасының "Саяси партиялар туралы" Заңының 5-бабы 8-тармағына сәйкес "...азаматтардың кәсіби, нәсілдік, ұлттық, этникалық және діни көзқарасына байланысты саяси партияларды құруға" тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 13-бабына сәйкес әлеуметтік, нәсілдік, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік, зорлық-зомбылықты насихаттау үшін бұқаралық ақпарат құралдарын қолдануға тыйым салынады.
Сонымен қатар әкімшілік заңнамаларда "нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік және діни араздықты қоздыруға бағытталған, соғысты, тектік-топтық айрықшылықты... насихаттайтын" бұқаралық ақпарат құралдарында баспаға енген ақпарат саласындағы, сондай-ақ Республикаға осындай баспалық өнім мен материалдарды әкелу үшін әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылды ( 343 , 344-баптар ).
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі және оның аймақтық құрылымдары БАҚ-ның республика заңдылығын сақтауға мониторинг өткізеді. Бұзушылық деректерін анықтауда елдің заң актілерімен қарастырылған шаралар қолданады. Егер БАҚ-да жарияланған материалдар одан да ұқыпты тексерісті, сондай-ақ сараптаманы қажет етсе, бұндай ақпарат жедел түрде құқық қорғау органдарына тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" Заңының 4-бабының 8-ші тармағында мәдениет саласындағы іс-әрекетті шектей отырып, нәсілдік және ұлттық астамшылдықты насихаттау мен үгіттеуге тыйым салады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің нормаларына сәйкес: "Әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасаған тұлғалар тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, айналысатын іс-әрекетіне, тұрғылықты жеріне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, заң алдында тең" ( 11-бап "Азаматтардың заң алдындағы теңдігі").
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар туралы тарауға жатқызылған, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік және діни араздылықты қоздыру үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын қылмыс құрамы белгіленген жеке бабын құрайды. Бұл баптың диспозициясы әр түрлі ұлттардың, рулардың, нәсілдердің азаматтардың арасындағы агрессиялық іс-әрекеттер, физикалық қырып-жою немесе қорқытумен, қандайда бір мүлікті жою немесе бұзумен, құқықтарды, жеңілдіктер мен артықшылықтарды шектеу, оқшаулау, айырумен ұштасқан, сонымен бірге егер іс-әрекеттер ұлттық әулиелі заттарды, өмір салтын, жеке нәсілдердің, ұлт немесе елдердің даму тарихын, құрылысын кемсіту мақсатындағы конфликттерді тудыру үшін жауапкершілікті белгілейді.
Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі ұлттық, нәсілдік, және діни өшпенділік немесе дұшпандыққа байланысты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау үшін жауапкершілікті күшейтуге әкелетін норманы қарастырады және, құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті ауырлататын мән-жай ретінде сараланады.
Сайлауға қатысу саяси құқығы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңымен беріледі; нақтырақ айтқанда, осы Заңның 4-бабының 1-бөлімінде жаппай белсенді дауыс беру құқығы Республиканың азаматтарымен тегіне, нәсіліне, ұлты мен тіліне қарамастан жүзеге асырылады. Осы құқықты жүзеге асыруда Республиканың барлық азаматтарына сайлау жолымен Президентті, Парламент Мәжілісінің, Маслихаттың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға қатысу мүмкіндігін бергендіктен, кемсітушіліктің жоқтығы мәселесі ерекше маңызды.
Конституциялық Кеңес республиканың барлық аумағында Конституцияның жоғары тұруын, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауын қамтамасыз етеді, және осыған сәйкес Негізгі Заңның 14-бабының 2-бөлігінде бекітілгендей, нәсіліне, ұлтына, өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Нәсілдік теңдік не кемсітушілік мәселелері жолдаудың пәніне айналуы мүмкіндігіне қарамастан, Конституциялық Кеңес Халықаралық актінің де, ішкі заңдылықтың ережелеріне де қандайда бір бағаны беруден бас тартады.
Дегенмен, БҰҰ-ның Нәсілдік кемсітушілікті жою туралы комитеттің қорытынды ескертпелеріне қатысты Конституциялық Кеңес адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары бойынша ұлттық заңдылық пен институттарды жетілдірудің барлық мүмкіндігінше барлық нысандарын Қазақстан Республикасының Конституциясының ережелерін ескере отырып қолдайтынын атап өту керек.
Осылайша, Конституциялық Кеңес 2006 жылдың 13 шілдесіндегі N 4 нормативтік қаулыда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқық қорғау қызметі әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тәсілдерінің бірі деп көрсеткен. 2003 жылдың 20 маусымында және 2007 жылдың 29 мамырында Республиканың Парламентінде жарияланған Республикадағы конституциялық заңдылықтың жағдайы туралы жолдауларында Конституциялық Кеңес Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің құқық қорғау қызметтерін күшейткені жария етілді.
Сонымен, арнайы Заң әзірленсе, оның нормалары әрекет етуші заң актілеріне қайыра сілтемелі сипатқа ие болады немесе олардың ережелерін қайталайды, ал бұл, өз кезегінде, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеудің жалпы тәртібіне қарама-қайшы болады.
2. Нәсілдік немесе этникалық астамшылықты насихаттауға тыйым салу туралы конституциялық және басқа да ережелерді ескере отырып, Комитет қатысушы-мемлекеттің ішкі заңдылығындағы Конвенцияның 4 а) бабына қатысты қылмыстық заңдылығының нақты ережелерінің жетіспеушілігіне алаңдаушылықты білдіреді.
Комитет қатысушы-мемлекетке Конвенцияның 4 а) бабын толық және барабар жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін XV Комитеттің жалпы ұсыныстарын ескере отырып қабылдауын ұсынады.
Тепе-теңдік қағидасы 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына енген. Республикада конституциялық емес әрекеттер деп, ұлтаралық келісушілікті бұза алатын кез келген іс-әрекеттер таниды (Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 2-бөлігі). Заңдылықтағы нәсілдік белгілері бойынша қандай да бір кемсітушіліктер Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келеді, сондықтан да кемсітушілік ережелерін құрайтын нормативтік актілер заңға қайшы деп есептеледі, және прокуратура органдары бұны шығарған мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлғаға наразылық көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 7-бабына сәйкес әркімнің еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандығын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Ешкімді өзінің еңбек құқықтарын іске асыру кезінде жынысына, жасына, дене кемістіктеріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына, тұратын жеріне, дінге көзқарасына, саяси сеніміне, руға немесе текке-топқа, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты кемсітуге болмайды. Еңбек саласында кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа немесе өзге де орындарға жүгінуге құқылы.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің "Адамның және азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар" атты 3-тарауында теңдік туралы Конституцияның тиісті жағдайын дамытатын "Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу" туралы 141-бабы бар:
1-бөлім. Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық немесе мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасына сенімі, тұрғылықты жері, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына себептерімен немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша тікелей немесе жанама шектеу - айыппұл салынумен немесе үш айға дейінгі мерзімге қамауға алынуына, не бір жылға дейінгі бас бостандығынан айырылынумен жазаланады.
2-бөлім. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бірлестіктің жетекшісі жасаған дәл сол әрекет - айыппұл салуға, қамауға, 1-бөлігінде көрсетілген жазалардан екі есе аса бас бостандығынан айыруға, не белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылынумен жазаланады.
Осы баптың диспозициясы тұлғаның қандай да бір жеке белгілерін емес, азаматтардың нәсілдік және ұлттық қатыстылығына байланысты кез келген шектеулерге жол берілмейтінін қарастырады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар туралы тарауға жатқызылған, жеке бапқа енген ( 164-бап ) әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын қылмыс құрамы белгіленген. Бапта мыналар белгіленген:
1-бөлім. Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, діни араздықты немесе алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін не діни сезімдерін қорлауға бағытталған қасақана іс-әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дінге көзқарасына, тектік-топтық, ұлттық, рулық, немесе нәсілдік қатыстылығы белгілері бойынша олардың айрықшылығын, артықшылығын немесе кемдігін насихаттау, егер осы әрекеттер көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалса - үлкен мөлшеріндегі айыппұл салуға не алты айға дейінгі мерзімге қамауға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2-бөлім. Адамдар тобымен немесе бірнеше рет жасалған, немесе күш көрсетумен не оны қолданамын деп қорқытумен ұштасқан, сол сияқты өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адам не қоғамдық бірлестіктің жетекшісі жасаған нақ сол іс-әрекеттер.
3-бөлім. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер - төрт жылға дейінгі мерзімге белгілі лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз төрт жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бұл баптың диспозициясы әр түрлі ұлттардың, рулардың, нәсілдердің азаматтардың арасындағы агрессиялық іс-әрекеттер, физикалық қырып-жою немесе қорқытумен, қандайда бір мүлікті жою немесе бұзумен, құқықтарды, жеңілдіктер мен артықшылықтарды шектеу, оқшаулау, айырумен ұштасқан, сонымен бірге егер іс-әрекеттер ұлттық әулиелі заттарды, өмір салтын, жеке нәсілдердің, ұлт немесе елдердің даму тарихын, құрылысын кемсіту мақсатындағы конфликттерді тудыру үшін жауапкершілікті белгілейді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337-бабының 2-тармағына сәйкес нәсілдік, ұлттық, рулық төзбеушілікті немесе артықшылықты уағыздайтын немесе оны іс жүзінде жүзеге асыратын немесе оған басшылық жасау түзеу жұмыстарына, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337-бабының 2-тармағына сәйкес жоғары аталған бірлестіктердің қызметіне белсене қатысу айыппұл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады. Егер қоғамдық бірлестікте қабылданатын жарғыда, бағдарламада және басқа да құжаттарда, бірлестіктің мүшелерімен танылатын, өз қызметінде басшылық алынатын ауызша ұжымдық пікірлерде азаматтарға нәсілдік, ұлттық, тектік-топтық, рулық қатыстылығына байланысты кемсітушілік, жағымсыз дұшпандық қатынасы байқалса немесе олардың астамшылығы жарияланса, аталған жауапкершілік қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі, қылмыстық сот өндірісінің тәртібін анықтай отырып, "Заң мен сот алдындағы теңдік бастамаларында сот төрелігін жүзеге асыру" атты 21-бабында былай жазылады: "Қылмыстық сот өндірісі кезінде ешкімді өзінің тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына... байланысты ешқандай кемсітуге болмайды".
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексте және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде нәсілдік кемсітушілікке қатысты қылмыстарға байланысты баптар бар. Кодекстің 82-бабына сәйкес жеке тұлғалардың тілді таңдау құқықтарын шектеу, тілдік белгілері бойынша қандайда бір кемсітушіліктер лауазымды тұлғаларды бестен жиырма айлық есептік көрсеткішіне дейін мөлшерде айыппұлға жазаланады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 347-1-бабына сай кез келген сипаттағы кемсітушілікке негізделген тергеушінің немесе алдын ала анықтауды жүргізуші адамның тарапынан азаптаған адамнан немесе үшінші тұлғадан мәліметтер алуға немесе ол жасаған әрекеттер үшін жазалауға, сондай-ақ қорқыту мен мәжбүрлегені үшін екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейін не еңбек ақының көлеміндей не жазаланғанның басқа табыстарынан екі айдан бес айға дейін кірістен айыру, не белгілі бір лауазымды үш жыл мерзімге дейін босату немесе бес жылға дейін бас бостандығын шектеуге, дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жатады.
3. Тәуелсіздікті алғаннан кейін қатысушы-мемлекет өзінің шекараларын ашқанын танып, Комитет нақты бір этникалық немесе ұлттық топтардың арасындағы жер алудың жоғарғы деңгейін белгілейді.
Комитет қатысушы-мемлекетке келесі кезеңдік баяндамасына жер алу туралы ақпаратты қосуды, оның ішінде бұл созылмалы құбылыстың себептері мен салдары туралы, оның нақты этникалық және ұлттық топтарға ықпал ету туралы ақпаратты қосуды ұсынады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабының 2-тармағында "Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар" деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының "Тұрғындарды көші-қону туралы" Заңының 3-бабында тұрғындарды көші-қонуды реттеуде тегіне, нәсіліне, ұлтына мен тіліне байланысты қандайда бір кемсітуге тыйым салынатындығы айтылады. Осы Заңмен нәсілі мен ұлтына байланысты ізге түсудің құрбаны болған және сол себептен өзінің азаматтығына байланыстылығы елден тыс болуға мәжбүрлі шетел азаматтарға босқындар мәртебесін ие болуын қарастырылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 14-бабы Республика аймағынан шегінен еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралу құқығын бекітеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабының 2-тармағы Республика азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды деп белгілейді.
Қазақстанның егемендігі елдегі этнодемографиялық жағдайының толық трансформациясына әкелді. Қазақстаннан Ресейге және басқа да елдерге кең аумақтық миграциялық үрдістер ақырғы бір жарым жүз жылдықта халықтың жалпы санын едәуір азаюына себеп болды - 16 464 464 адам (1989 жыл жазбасы бойынша) 14 953 126 адамдарға дейін (1999 жыл жазбасы бойынша), яғни 9,1%-дан астам.
Қазақстанның неміс және славян тұрғындарының санының азаюының маңыздылығы болды. Германияға массалық кету нәтижесіне орай (германия үкіметінің бастамасы және көмегімен) немістердің саны 957 518 адамнан 353 441 адамға дейін азайды (кемуі 63,1%). Орыс тұрғындарының саны 6 227 549 адамнан 4 479 618 адамға дейін (28,6%-ға), украиндер - 896 240 адамнан 547 052 адамға дейін (38,9%-ға), татарлар - 327 982 адамнан 248 952 адамға дейін (24,1%-ға), белорустар - 182 601 адамнан 111 926 адамға дейін (38,7%-ға), кәрістер - 103 315 адамнан 99 653 адамға дейін (3,5%-ға), әзірбайжандар - 90 083 адамнан 78 295 адамға дейін (13,1%-ға), поляктар - 59 956 адамнан 47 297 адамға дейін (21,1%-ға) және тағы басқа сандары төмендеді.
Сонымен қатар шешендердің, башқұрттардың, молдавандардың, ингуштардың, мордвалардың, армяндардың, гректердің, қырғыздардың, болгарлардың, лезгиндердің, түрікмендердің және Қазақстанның басқа ұлттардың көпшілігінің саны төмендеді.
Байқалғандай, егемендік жылдары Қазақстан ұлттарының абсолютті көпшілігінің саны азайды. 1989-1999 жылдар аралығында тек қазақтардың 6 534 616 адамнан 7 985 039 адамға дейін (22,1%-ға), өзбектердің - 332 017 адамнан 370 663 адамға дейін (11,6%-ға), ұйғырлардың - 185 301 адамнан 210 339 адамға дейін (13,5%-ға), дұнғандардың - 301 658 адамнан 36 945 адамға (22,4%-ға), курдтардың - 25 425 адамнан 32 764 адамға дейін (28,8%-ға) саны өсті.
Тұрғындар санының азаюының негізгі себептері механикалық себептер мен көші-қон факторлар болғанына көзіміз жетті.
Қазақстан аумағынан жергілікті емес халықтарының кең масштабты көші-қонудың себептеріне, ең алдымен, КСРО-ның құлдырауы мен барлық кеңестік кейінгі кеңістікте билікке этнократикалық тәртіптің келуі болып табылады. Оның нәтижесінде Қазақстаннан жүз мыңға жуық орыс, неміс және басқа да еуропалық елдері кетті.
Көші-қонның себептері перманенті экономикалық дағдарыс, жұмыспен қамтудың азаюы, нарық дағдарысы, адаптацияның қиын өтуі сияқты экономикалық және саяси факторларды жатқызатын авторлардың пікірлері неғұрлым объективті болып табылады.
Бұның барлығы, аналитиктердің ойынша, қазақ емес тұрғындарды мемлекеттік этнократияға бейімделу үрдісіне қиындық туғызатын психологиялық дискомфорт пен терең стресспен күрделенеді.
Қазақстан Республикасының ұлттары бойынша тұрғындардың
сыртқы көші-қонуы (кеткен)
2007 жыл |
2008 жылдың |
|
БАРЛЫҒЫ |
33690 |
16657 |
Қазақтар |
2276 |
1048 |
Орыстар |
22708 |
11265 |
Украиндар |
2774 |
1272 |
Белорустар |
582 |
307 |
Өзбектер |
115 |
54 |
Грузиндер |
20 |
7 |
Әзірбайжандар |
125 |
70 |
Литвалықтардың |
39 |
7 |
Молдовандар |
69 |
51 |
Латыштардың |
3 |
4 |
Қырғыздар |
62 |
23 |
Тәжіктер |
37 |
23 |
Армяндар |
105 |
41 |
Түрікмендер |
6 |
3 |
Эстондар |
20 |
4 |
Балкарлар |
8 |
2 |
Башқұрттар |
98 |
58 |
Буряттар |
5 |
1 |
Аварлар |
13 |
11 |
Даргиндер |
11 |
1 |
Қумықтар |
1 |
1 |
Лақтар |
10 |
5 |
Лезгиндер |
1 |
1 |
Ноғайлар |
1 |
1 |
Рутулецтер |
1 |
1 |
Инғуштар |
59 |
37 |
Кабардиндіктер |
6 |
- |
Қалмақтар |
5 |
6 |
Қарақалпақтар |
25 |
14 |
Қарелдер |
2 |
1 |
Коми |
4 |
4 |
Мариліктер |
39 |
21 |
Мордвалар |
78 |
42 |
Осетиндер |
11 |
4 |
Татарлар |
807 |
397 |
Тувалықтар |
1 |
1 |
Удмурттар |
30 |
12 |
Шешендер |
174 |
90 |
Шуваштар |
54 |
20 |
Сахалар |
1 |
1 |
Адагейліктер |
1 |
- |
Еврейлер |
47 |
21 |
Карашайлықтар |
2 |
2 |
Хакастар |
2 |
- |
Коми пермяктар |
8 |
8 |
Долғандар |
4 |
1 |
Ханттар |
1 |
1 |
Эвенктер |
- |
1 |
Нивхтер |
- |
1 |
Неністер |
9 |
- |
Шуандар |
3 |
1 |
Гагауыздар |
1 |
3 |
Тау еврейлер |
- |
1 |
Орта азияттық еврейлер |
1 |
- |
Цыгандар |
20 |
5 |
Шорстар |
- |
1 |
Американдар |
2 |
- |
Арабтар |
1 |
1 |
Энцтар |
1 |
- |
Крымшықтар |
- |
1 |
Абазиндер |
2 |
1 |
Ассириліктер |
2 |
1 |
Болғарлар |
25 |
18 |
Венгерлер |
- |
1 |
Агулдар |
- |
1 |
Голландықтар |
3 |
- |
Гректер |
46 |
17 |
Дұнғандар |
5 |
2 |
Қытайлықтар |
11 |
5 |
Кәрістер |
201 |
122 |
Қүрдтер |
14 |
6 |
Немістер |
2474 |
1261 |
Перстер |
4 |
3 |
Поляктар |
279 |
183 |
Румындар |
4 |
3 |
Сербтер |
3 |
4 |
Словактар |
- |
1 |
Түріктер |
28 |
12 |
Ұйғырлар |
27 |
25 |
Финдер |
3 |
4 |
Халха монғолдар |
1 |
1 |
Чехтер |
4 |
3 |
Монғолдар |
1 |
- |
Жапондықтар |
1 |
- |
Көрсетілмегендер |
15 |
9 |
4. Қатысушы-мемлекеттегі азшылықтың қатарына байланысты ұсынылған ақпаратты қолдай отырып, Комитет цыгандар сияқты азшылық топтарының кейбіреулерінің жағдайы жөніндегі ақпараттың және олармен адам құқықтарын жүзеге асыру мәселелерінің болмауы туралы өкініш білдірді.
Комитет қатысушы-мемлекетке өзінің келесі баяндамасына азшылық топтардың жағдайы туралы ақпаратты, оның ішінде цыгандарды қосуын ұсынады және, осыған байланысты қатысушы-мемлекетті ромаға (цыган) байланысты кемсітулер туралы XXVII жалпы ұсынысына бет бұрады.
Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің 2008 жылғы 1 қаңтардағы деректер бойынша цыган халқының саны 5 153 құрады.
Жергілікті атқарушы билік органдар олардың талаптарын ескере отырып, олардың жинақталған түрде мекен етулерінің мүмкіндік берді. Барлық ұлттық азшылықтарға, оның ішінде ромаларға байланысты кемсіту іс-әрекеттеріне тыйым салатын шарттар құрылып жатыр.
Денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру сияқты әлеуметтік салалардағы қызметтерге қол жетімдік тең дәрежеде қамтамасыз етіледі.
Республиканың білім беру органдарында қандайда бір ұлтқа, азшылық топтарға, оның ішінде ромаға (цыган), жататынына қарамай, азаматтардың балаларының құқықтарын сөзсіз сақталуына бағытталған, сондай-ақ тегін мектеп білім алуына бағытталған шаралардың кешені қабылданады.
Елдің оқу орындарында білім беру іс-әрекеті халықтың нәсілдік және ұлттық қатыстылық белгілері бойынша шектеу қоймай, әрбір азаматтың интеллектуалды даму, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескеріп барлық деңгейлердегі білім алу қол жетімдігі қағидасын сақталып жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепіл етілген Қазақстан азаматтарының құқықтары сақталады. Әрбір адамның өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудағы теңдігі кепіл етіледі. Барлық деңгейлердегі оқу орындарының білім беру бағдарламаларымен ұлтаралық және нәсіларалық тәрбиенің мәдениетін нығайтуына бағытталған түрлі шаралар қарастырылады және орындалады.
Рома тарапынан нәсілдік және этникалық себептермен қысымдардың жасалуы жөніндегі шағымдар мен арыздар тіркелген жоқ.
Түпкілікті тұрғындармен ассимиляциямен, тұрғын үйлері мен тұрақты жұмыс немесе бизнестің болуына орай, Қазақстанның цыгандары республика азаматтарының барлық құқықтары мен міндеттерін қолдана отырып, қалыпты өмір салтын жүргізетінін айтуға болады.
Осылайша, жалпы ұсыныстарда көрсетілген, ромалардың көшпенді қауымдарының мәселесі Қазақстан Республикасында өзекті деп есептелмейді.
Сонымен қатар тұрмыстық деңгейдегі ұлттық белгілері бойынша кемсітулер мен стигматизацияны алдын алу бойынша кең масштабты түсіндірмелі жұмыс жүргізу қажеттілігі бар. Мысал ретінде Шымкент қаласының "Южный Казахстан" атты облыстық газетінің мемлекеттік ұлттық саясатын насихаттау мен талқылау жөніндегі қызметін атап өтуге болады. Бұл басылымда айына бір рет шығатын Оңтүстік-Қазақстан облысында тұратын ұлттардың өмірі, тұрмыс салты, тарихы, салт-дәстүрлері туралы айтылатын "Шаңырақ" деген арнайы қосымша бар. Бұл материалдардың ішінде М.Лимаренконың Шымкент қаласының тұрғындары - цыгандар туралы "Көшіп жүрген цыгандар тобы Шымкентте қалды" атты мақаласы жарыққа шықты (желтоқсан, 2006).
Республиканың ішкі істер органы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына және қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және басқа да заңға қарсы алдын алу бойынша қызметін нәсілдік негіздегі кемсітулерсіз жүзеге асырады. Ішкі істер органдары өз қызметінде нәсілдік негіздегі зорлық-зомбылық фактілердің жолын кесу және оларды анықтау шараларын қолданады. Есеп кезеңі ішінде ромаға (цыган) қатысты нәсілдік негіздегі зорлық-зомбылық актілері тіркелген жоқ.
Сонымен бірге ромаға қатысты қамау немесе кідіртумен байланысты полицияның күшін заңсыз қолдану фактілері орын алған жоқ. Романы қамау және кідірту қылмыстық іс жүргізу заңдылықпен қарастырылған жалпы негіздерде өтеді.
2007 жылы қылмыс жасағандары үшін цыган ұлтты 5 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың ішінде 2 - наркотикалық заттармен заңсыз айналысуына байланысты, біреуі - зорлауға, ұрлыққа, тонауға байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Осыған ұқсас былтыр - 9 рома (цыган) (наркотикалық заттарды заңсыз сатып алу және сақтау үшін, біреудің мүлкін ұрлау, денсаулыққа ауыр зардаптар келтіргені үшін - 2 тұлға және тонау, алаяқтылық және қарақшылықпен - бір тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасының азаматтарын қызметке алу ІІБ-нің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес нәсілдік белгілері бойынша ешқандай кемсітулерсіз қабылданады. Бірақ та, цыган ұлттарының өкілдері ішкі істер органдарының қызметіне түскен жоқ.
Елдің көші-қонды бақылауды қамтамасыз ететін ішкі істер органдарының қызметіне ромаларды (цыгандарды) әкімшілік жауапкершілікке тарту және елден тысқары шығару фактілері жоқ.
Романың өкілдері "Цыган" атты қоғамдық бірлестік тіркеді, олар өзінің халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамыту бойынша шараларын өткізеді.
Қазақстан халқының Ассамблеясының қолдауымен, "Цыган" қоғамдық бірлестігі республиканың қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысып жүреді. Цыгандардың мәдениет орталығы мемлекеттік мерекелерді өткізуге белсенді қатысады. Осылайша, Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған шараларды өткізуде ұлттық-мәдениетті орталықтармен "Қазақстан-біздің ортақ үйіміз" атты концерт ұйымдастырылды, оған "Цыган" қоғамдық бірлестігі қатысты.
Сонымен қатар мамандардың (ұстаздардың) жоқтығы Ромалардың балаларын цыган тіліне оқыту үшін жексенбі мектептерін ұйымдастыруда айтарлықтай проблема туғызады.
Қазіргі таңда цыгандар ортасында қатынас тілі болып орыс тілі есептеледі және ата-аналардың ниеттері бойынша олардың балалары жалпыға бірдей білім беретін орта мектептерде орыс тілінде білім алады.
Аз халықты мемлекеттік қолдау Этносаралық және конфессияаралық келісімнің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы шегінде жүзеге асырылады.
5. Комитет тілдердің статусы туралы заңнаманың жоқтығын ескертіп отыр, мемлекет-қатысушы шағын топтардың мәдениеті мен білім алу саласындағы қатысуын аз ұсынған. Сондықтан комитет шағын топтардың тілдері білім алудағы көптеген басқа оқушылар контингентінің ішінен алар орны аз екендігіне алаңдап отырғандығын білдіреді.
Комитет қатысушы мемлекетке тілдер статусы туралы заңнама қабылдап және өзінің келесі мерзімдік баяндамасында білім беру саласында этникалық шағын топтардың тілдерін қолдануы туралы толық ақпарат беретінін және этникалық шағын топтар мәдениет пен білім беру саласындағы саясатты қалыптастыруға қалай қатысатындығы туралы ақпаратты қосады.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы " Заңы Қазақстан Республикасында тілдердің қалыптасуына құқықтық негізді белгілейді, мемлекеттік тілді үйреніп, оны дамытуға жасап отырған міндеттері барлық Қазақстан Республикасында қолданылып отырған этникалық топтар үшін бірдей болмақ.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім беру туралы" Заңының 28-бабында білім беру ұйымдардағы тәрбие беру бағдарламалары оқу процесінің құрама бөлігі болып табылды және ол отансүйгіштік, азаматтық, интернационалдық қасиеттерді қалыптастыруға, жоғары морал мен адамгершілікті, сондай-ақ оқушылардың әр түрлі қызығушылықтарын дамытуға бағытталған. Нәсілдік, этникалық, діни, әлеуметтік төзбеушілікке жол бермеуге шақырады және милитариандық басқа да халықаралық құқық пен гуманизм принциптеріне қарсы келетін идеялардың білім беру ошақтарында таралуына жол бермейді.
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беру ұйымдарының өзара бірлестігін білім беру бағдарламаларының және мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының әр түрлі білім беру деңгейлеріндегі ұштастықтарын, және білім беруді басқару жұмыстарының сабақтастықтарын көрсетеді. Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және қоғамдық құндылықтар негізінде ғылым мен тәжірибеге қол жеткізу үшін жеке тұлғаның қалыптасып оның нақтылануына әсер ететін білім алу үшін барлық қажетті жағдайлар жасау болмақ.
Мемлекет республиканың барлық азаматтарына тегін орта білім алуға және алғашқы кәсіби білім алуға кепілдік береді. Тегін орта, кәсіби білім алу, жоғары және жоғары оқу орыннан кейін білім алу ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстан өту арқылы жүргізіледі, егер осы деңгейдегі білімді азамат бірінші рет алып отырған болса (Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңының 8-бабы 2-тармағы).
Қазақстанда этника аралық білім беру 90-жылдардың соңында басталды, онда бір елде тұрып жатқан әр ұлттық әр түрлі халықтық менталитетті генетикалық ерекшелікті ертерек есепке алу басталды. Туған тілді білу - оны сақтап қалудың қажетті жағдайының бірі, және мемлекет Қазақстан халықтарының тілін сақтап қалу мен оқуға оны дамыту бойынша жұмыстар жүргізуге әсер етуге құқылы. Осы мақсатта 1997 жылы Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру концепциясы бекітілді. Аталған концепцияның негізгі идеясы этникалық топтардың ерекшеліктерін сақтап қалуға әсер ете алатын білім беру үлгісін құру және бір мезетте басқа мәдениеттердің құндылықтары мен стандарттарын меңгеру. Бұл жерде этникалық бірегейліктің жойылмауы маңызды және оларға да мемлекеттік құндылықтарды да қабылдау қамтамасыз етілді.
Көп ұлтты мемлекет үшін Конституцияның 7-бабында көрсетілгендей "Мемлекет Қазақстан халықтарының тілін оқу мен зерттеуге оны дамытуға қамқорлық жасауға қолайлы жағдай туғызады".
Қазақстан халықтарының туған тілін оқу мен оны қолданудың жағдайын туғызу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шілдедегі N 3058 өкімімен Қазақстан Республикасы этномәдени білім алу Концепциясы мақұлданды. Аталған концепцияның негізгі идеясы этникалық топтардың ерекшеліктеріне негізделген және басқа мәдениеттің құндылықтарын меңгеруге негізделген білім беру моделін құру болмақ.
Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңының 9-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында ұлттық топтардағы оқу орындарында мүмкіндігіне қарай туған тілдерін үйрету жағдайлары жасалады. Ұлттық топтардың шоғырланған жерлерінде олардың тілдерін оқытуға білім беру орындары мен оны бөлімшелерінде жағдайлар жасалады (сынып, топ, басқа да оқыту орындары).
Республиканың 133 жалпы білім беру мектептерінде 11 ұлттық тіл оқылуда (неміс, поляк, украин, ұйғыр, кәріс, дұнған, шешен, әзербайжан, күрд ) тілдері оқытылуда.
Білім беру орындарына нәсілдік, ұлттық төзбеушілікті оларды ұнатпаушылықты насихаттауға тыйым салынады. (Қазақстан Республикасы "Білім беру туралы" Заңының 28-бабының 3-тармағы).
Қазақстан Республикасының " Мәдениет туралы " Заңымен қандай да болмасын ұлттың өкілінің өз ұлтының мәдениетін дамытуға қатысуына құқылы екендігі танылады және азаматтардың міндетіне қазақ халқының және де Қазақстан халықтарының басқа да ұлттарының тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін сыйлау міндеттілігі көрсетілген. Азаматтардың мәдени өмірге араласуына өз тілі мен мәдениетін қолдануға және театрлар қызметін күнделікті тұрғындарға қызмет көрсетуде пайдалану құқықтары берілген. Ұлттық бағдарына қарамастан театрлар өз жұмыстары арқылы халыққа толық қызмет көрсете алады. Олардың ұлттық құрамы мынандай - 18 қазақ, 15 орыс, 3 біріктірілген (қазақ және орыс), 1 ұйғыр, 1 кәріс, 1 неміс. Театрлардың репертуарлық афишалары қазақ, орыс, неміс, кәріс, ұйғыр, тағы басқа авторлардан тұрады.
Қазақстан - әлемдегі бірден бір көп ұлтты мемлекет, және оған өзінің ішкі саясатын әр түрлі ұлттар мен халықтардың мүддесін ескере отырып жүргізу маңызды болмақ. Осыған сәйкес мемлекеттік саясатта этника аралық қарым-қатынастарды ұлғайтуға көп көңіл бөлінген. Ұлттық саясаттың өз бірлігіндегі принципі қай ұлтқа жататындығында немесе азаматтық негізде құрылған және өте қарапайым: біз біртұтас тәуелсіз Қазақстанның халқымыз.
Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінде істі өндірісіне тілді анықтау бойынша 21-бапта "Қылмыстық іс өндірісіндегі тіл" көрсетілген, онда: "Әкімшілік құқық бұзушылық істерді өндіру мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда орыс және басқа да тілдер қолданылады" деп көрсетілген. Аталған бапқа сәйкес" іске қатысатындар іс бойынша өндіріс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін азаматтарға түсініктеме беруге куәлік етуге, іс материалымен танысуға істі қарау барысында өзі білетін тілде сөйлеуге аудармашының қызметін тегін пайдалануға құқылы екендігі түсіндіріледі".
Оның ішінде Қазақстан Республикасындағы тілдік теңдік "Әкімшілік құқық бұзушылықтар, жеке тұлғаның құқығына қол сұғу" Кодексінде ( 81-бап ) тілдер туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық қарастырылған туралы жауапкершілікке тарту қарастырылған. Бапта оның ішінде "Лауазымды тұлғаның құжатты қабылдаудан, сұрау немесе өтінішті шағымды, сондай-ақ оларды тілді білмеу негізде оны қарамау..." әкімшіліктік жауапкершілікті туғызады. Кодекстің аталған тарауында тілдік ерекшелігіне байланысты кемсіту бойынша әкімшіліктік жауапқа тарту туралы бап енгізілген "Азаматтардың тілін таңдау құқығын шектеу" (82-бап).
Соңғы жылдары республикада қабылданған барлық әлеуметтік бағытталған бағдарламаларда білім беру азаматтарды әлеуметтік бағыттандырудың маңызды да тиімді, олардың қай нәсілге жататын, терісінің түсіне ұлттық және этникалық негізіне қарамастан экономикалық жағдайын көтеретін құралы ретінде қарастырылып отыр.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі ашық және қажет болған жағдайда әрбір адам оны білім берудің формалды шегінде толықтыра алады.
Адамның және азаматтардың бостандығы мәселесі Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасы " Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы " (2002 жыл), "Білім беру туралы" (2007 жыл) басқа да Заңдарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасының азаматы мен адамдарының білім алуға деген құқығының ажырамас бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген ( 30-бап ).
Республикада БҰҰ Конвенциясының бала құқығы ережесінің 30 бабын орындау бойынша шаралар қолданылуда. Қазақстан Республикасы "Білім беру туралы" Заңының 9-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстанда баланың өз тілін қолдануда, мәдениеті мен өз халқының салт-дәстүрін қолданудағы құқығын қамтамасыз ету мақсатында қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік және украин тілдерінде мектептер жұмыс істейді.
Білім беру орындарында жеке пән ретінде 16 туған тіл оқылады (неміс, поляк, украин, кәріс, татар, түрік, шешен, әзірбайжан, күрд, ұйғыр тілдері).
79 жексенбілік мектептерде туған тілін 305 мыңнан астам бала оқиды (2005 жылы - 76 жексенбілік мектептерде бала саны 3 мыңға жуық болды).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы" Заңына сәйкес ( 11-бап 1-тармақ) әрбір бала өз ойын айтуға, ар бостандығына, өзінің қоғамдық белсенділігін арттыруға құқылы.
Әлеуметтік білім беру саласына баланы білім беру ортасындағы дені сау өзімен қатарлас балалар арасына интеграциялау бойынша инновациялық процестер көптеп қолданылуда. Баланың дамуындағы кемшіліктерді реттеу бойынша және кемістіктің алдын алу жұмыстарын жетістікпен жүргізу бойынша жаңашылдық бағыттарды зерттеу, баланы әлеуметтік бағыттандыру мен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында интеграциялау жұмыстары жетілдіріліп отыр.
Әрбір оқушыға саяси-құқықтық пәндер бойынша тиісті көлемде білім беру үшін барлық жағдайларды туғызу жұмыстары жалғастырылуда. Адам құқығы туралы білім беру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне деген сыйлаушылық көзқарасты тәрбиелеу, азаматтық негізін қалыптастыру мектепте білім берудің барлық жүйесіне енгізіледі және барлық жүйеде іске асырылады.
Мемлекеттік жалпы білім берудің стандарттарына сәйкес жалпы білім беретін мектептерде қоғамдық-құқықтық пәндер циклы оқытылады: бастауыш сыныптарда - "Родная речь", "Познание мира", жоғары сыныптарда - "История Казахстана", "Основы обществознания", "Основы правоведения". Одан басқа, Халықаралық Сайлау Жүйесі Қорының "Введение в граждановедение" атты арнайы курсы жүргізіледі.
2005-2006 оқу жылынан бері республиканың мектептерінде аумақтық "Исследуя гуманитарное право" жобасы жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1677 Жарлығымен Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдардағы гендерлік теңдіктің Стратегиясы бекітілді, ол қай жынысқа жататынына қарамастан қоғамның барлық мүшелерінің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстанның ресми статистикасына сәйкес қыздардың бастауыш сыныптарда оқулары жалпылай қамтылған. Одан басқа, Қазақстан жалпы білім беруде гендерлік бастамшылдық елдер қатарына кіреді.
Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік Стратегиясына сәйкес балалар мен жастарды тиісті бағдарламаны жалпы білім беру саласына еріксіз түрде енгізуге байланысты емес, еркін түрде оқыту қарастырылуда.
ЮНЕСЕФ-тің қолдауымен әлеуметтік-психологиялық қызметтің ғылыми-тәжірибелік орталығы "Балалармен жастарға ерікті түрде білім беру" жобасы жүзеге асырылды, 5-10 кластарға арналған оқу бағдарламасы жасалып, жоспар мен оқу-әдістемелік жиынтығы жасалды.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабының 4-тармағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар республикада азаматтарға арналып айқындалған құқықтар мен бостандықтарды қолданады, егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық келісімдермен басқасы көрсетілмеген жағдайда.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын бірақ республика аумағында тұрып жатқан балалар білім алу орнын таңдауға, білім алу тілін және тағы басқа таңдауға құқылы.
2006-2008 жылдарға арналған Жоспардың салалық Бағдарламасының шараларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының көші қон саясаты 2001-2010 жылдарға арнап, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қыркүйектегі N 925 қаулысымен бекітілген, білім алуға, репатрианттардың (оралмандардың) конституциялық құқықты қамтамасыз ету үшін, білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оралмандардың балаларын жалпы білім беретін мектептерде оқытуға байланысты нақты жұмыстар жүргізуде.
Отанына қайтып келген оралмандардың балаларын міндетті түрде жалпы білім беретін мектептерде оқыту мақсатында облыстық білім беру департаменттердің (басқарма) жыл сайынғы есептеріне мектеп жасындағы оралмандардың балалары туралы мәліметтер беру міндеті енгізілді.
2006-2007 жылдарда оқу жылдары республиканың жалпы білім беретін оқу орындарында 47841 оқушы-репатрианттар оқып жатыр, оның ішінде 16518 - бастауыш, 25101 - негізгі 6205 - жалпы білім беретін мектептердің жоғары деңгейлерінде оқиды. Оқушы - репатрианттардың басым көпшілігі: Оңтүстік-Қазақстанда - 8180, Алматыда - 8027, Қарағандыда - 5498, Ақмолада - 6622, Жамбылда - 4685, Павлодар облысында - 1301. Облыстық білім беру департаменттерінің мәліметтері бойынша бүгінгі күні репатрианттардың (47841) мектеп жасындағы балалары білім алуға тартылған, тек қана жасынан мүгедек болып саналатын 17-баладан басқалары.
Республикадағы 1276 оқытушы-репатриант келді, оның 1200 жұмысқа тұрғызылды. Біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылған.
Республиканың жалпы орта білім беретін оқу орындарында жақын және алыс шетелден: Өзбекстаннан, Түркіменстаннан, Тәжікстаннан, Ресейден, Украинадан, Грузиядан, Иран Республикасынан, Қытайдан, Монғолиядан, Түркиядан, Пәкістаннан, Сауд Арабиясынан, Ауғанстаннан келген оралман-оқушыларға арналып - олардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру мен оларды бағыттау мақсатында білім беру бағдарламаларында қосымша сабақтар, кеңестер жүргізіледі, арнайы ауысу бағдарламалары қарастырылған.
Репартианттардың Мұсылман Республикаларынан келген Пәкістаннан, Ауғанстаннан, Ираннан келген жасы үлкен адамдарына арналып кирилицаны, қазақ орыс тілдерін оқыту бойынша курстар ұйымдастырылған.
Оралман-балалармен олардың келген күнінен бастап нақты оқу-тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Мектепте тілді жақсы меңгерту үшін арнайы қосымша түрде курстар жүргізіледі. "Тіл дамыту", "Тіл мәдениеті", "Сөз өнері". Өз қызығушылықтарына байланысты үйірмелер мен қазақ және орыс тілдерін игеруге байланысты факультативтік сабақтар өткізіледі. Кеш түрінде сыныптан тыс жұмыстар, танымдылық ойындар, туған елінің қазақ халқының тарихы мен салт дәстүрі бойынша әңгімелер жүргізіледі. Репатрианттардың балалары мектептің қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысады, көркем өнер үйірмесіне, бақылау-сайыстарға және пәндік олимпиадаларға қатысады, спорттық секцияларға барады.
Оралмандардың балаларына киім кешектер, аяқ киім мен оқу құралдары беріледі. Барлық балаларға тегін оқу құралдары беріліп тегін тамақтандырумен қамтылған.
"Забота" қайырымдылық акциясы шегінде республиканың жалпы білім беретін мектептері жанынан құрылған қорлар, Облыстық Қызыл Жарты ай мен Қызыл крест, аумақтық аз қамтылған отбасыларына арналған қорлар оралмандардың балаларына үнемі мекенжайлық көмектер көрсетіп тұрады.
Алматы қаласында жаппай оқыту Қоры есебінен 232-оқушы оралмандарға 186 мың теңгеге киімдер, аяқ киім, мектеп құралдары алынды, 211 оқушы-оралман тегін тамақпен қамтылған.
Павлодар облысының барлық балаларына оқу құралдары тегін берілген. Олардың демалуы мен денсаулығына Жаппай оқыту Қорынан 803 844 теңге бөлінді. 400 оқушы-оралманға 354840 теңгеге киім кешек, 282 100 теңгеге-аяқ киім, 165 904 теңгеге - оқу құралдары алынды. Облыста дәстүрлі түрде "Оралмандар күні" өткізіліп тұрады.
Техникалық және кәсіби білім беру орындары облыстық білім беру департаменттерімен бірігіп өкілетті органдар арқылы еңбекпен қамту мәселесі бойынша (Жұмыспен қамту және еңбек биржасы) жұмыссыз тұрғындарды қайта даярлауға және қысқа курстар арқылы біліктілігін арттыруға тартып отырады.
Біліктіліктерін арттыру мен қайта даярлаудың білім беру қызметі 45 жоғары оқу орындарында жүргізіледі. Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетте инженер кадрлардың, техникалық пәндер мұғалімдер біліктіліктерін арттырады, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде - біліктілікті арттыру факультеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде - кадрлардың біліктілігін арттырудың аумақтық салааралық институты, С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетте біліктілігін арттыру институты, Қазақстан Бас сәулет-құрылыстық академиясында - Үздіксіз білім беру институты, Қазақ ұлттық аграрлық университетте - жоғары оқу орыннан кейінгі институт және аграрлық саладағы кадрлардың біліктілігін арттыру орындары жұмыс істейді.
Қазақстанда қосымша білім алу қоғамдық бірлестіктерде, үкіметтік емес ұйымдарда, оқыту курстарында, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында жүргізіледі.
"Жалпылай білім алу" принципін жүргізу барлық деңгейлер арқылы және формалды емес сектордың кәсіби білім беруін ұйымдастыру арқылы: өндірісте оқыту, оқыту орталықтарында, курстар мен басқа да құрылымдарда оқыту арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабының 2-тармағына сәйкес өзінің шыққан тегі мен әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жасы мен нәсіліне және жынысына, ұлтына, тіліне немесе дінге деген көзқарасына, сеніміне, тұратын жеріне немесе басқа да жағдайларына қарай ешкім де қандай да болмасын кемсітілмейді.
Солтүстік-Қазақстан облысының Петропавл қаласында N 17 ОМ (орта мектепте) 1989/99 оқу жылында "Ұлттық қайта жаңғыру" орталығы жұмыс істейді, онда сегіз ұлттың балалары әзірбайжан, еврей, поляк, татар, неміс, армян, украин, шешен, ингуш тілдерін оқиды.
Бүгінгі күні Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқып жатқандардың 68 пайызы орыс тілінде білім алып жатыр. Сонымен Қазақстан тек қана заңнамалық деңгейде ғана емес бұндай тілдік жағдайға толығырақ және жақынырақ қарайды, онда республиканың әрбір азаматы Конституцияға сәйкес қарым қатынас жасау тілін таңдауға, тәрбие алу мен білім алу шығармашылық тілін таңдауға құқылы.
6. Комитет этникалық шағын топтардың өкілдері мемлекеттік органдарда аз олар әр түрлі этникалық қоғамдардың тұрғын санының жалпы көлемінен мемлекет-қатысушы құрамында аз екенін атап өтеді.
Комитетте мемлекет-қатысушыға өзінің келесі мерзімдік баяндамасына мемлекеттік органдардағы этникалық өкілеттіктер туралы ақпаратты қосуын және этникалық топтардың осы органдарда жұмыс істеуінің тең мүмкіндігі қарастырылуы туралы ақпаратты қосуын ұсынады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы агенттігі (одан әрі - Агенттік) Комитеттің соңғы нәсілдік кемсітуді жою бойынша ескертуіне мынаны хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 33-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметке үміткерге қойылатын талаптардан тек лауазымдық міндетпен ғана көрінеді және заңмен анықталады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының нормасына сәйкес (12б.4-тармақ) " Мемлекеттік қызмет туралы " Заңында (одан әрі - Заң) мемлекеттік қызметке түсу барысында қандайда бір нәсіліне қарай, жынысы мен ұлтына, тіліне және әлеуметтік шығу тегіне қарай, мүліктік жағдайына, тұратын жері мен дінге көзқарасына қарай және қандайда бір қоғамдық бірлестікке кіруіне немесе басқа да жағдайларына қарай тура немесе жанама шектеулер қойылмайды.
Заңға сәйкес саяси мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік қызметке кіруге тағайындау немесе сайлау арқылы жүргізіледі.
Әкімшілік мемлекеттік лауазымға кіру конкурстық түрде жүргізіледі.
Заңның 14-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік мемлекеттік лауазымға кіру конкурсы Қазақстан Республикасының азаматының құқығын мемлекеттік қызметке алу барлығына тең түрде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының азаматының мемлекеттік қызметке одан өтуге негізгі жағдайы біліктілік талаптардың сәйкес келуімен айқындалады.
Қазақстанның мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы толықтай халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Онда, 2000 жылдың сәуір айында ғылыми-тәжірибелік Алматы қаласы болған "Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның әлеуметтік этникалық топтарының дамуы" атты конференциясында БҰҰ ұлттық аз топтар ісі жөніндегі бас комиссары М. Вандер Стул мырза біздің мемлекеттік қызмет туралы заңнамамыздың Қазақстандағы ұлттық шағын топтардың мүддесіне қаралған позитивтік және демократиялық сипатын ашып берді.
Конференцияның ұсыныстарында республикада "азаматтардың барлығының теңдігін көрсететін Лундттық ұсынысты іске асыруға барлық мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін конституциялық теңдік принципіне негізделген заңнамалық база бар екені, Қазақстан жағдайы бойынша ұлттық шағын топтардың қоғамдық-саяси өмірге араласуы айтылған. Ұлттық шағын топтардың өкілдерінің мемлекеттің қоғамдық жұмысына араласуына мемлекеттік қолдау көрсететіні толыққанды этномәдени дамудың барлық жағдайлары жасалған. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы азаматтардың конституциялық құқықтарға олардың ұлттық негізіне қарамай мемлекеттік қызметке кіруіне жалпылай толық түрде қол жеткізуін қарастырады.
2007 жылғы 1 қаңтардағы статистикалық мәліметтерге сәйкес Қазақстанда тұратын басқа ұлттар жалпы санының ара салмағы 40% құрап отыр. Қазақстанда тұратын 130 ұлттың өкілдері мемлекеттік қызметтерде кең түрде қамтылған.
Бүгінгі күні 2007 жылғы 1 шілде бойынша мемлекеттік қызметте 64 ұлт өкілі жұмыс істейді.
Ұлттық айырмашылықтардағы мемлекеттік қызметтегілер саны
туралы ақпарат
(2007 жылдың 1-шілде бойынша)
N |
Ұлты |
Саяси |
Әкім- |
Барлы- |
% |
1 |
Қазақтар |
2731 |
74810 |
77541 |
81,9 |
2 |
Орыстар |
236 |
11387 |
11623 |
12,3 |
3 |
Украиндар |
84 |
1627 |
1711 |
1,81 |
4 |
Татарлар |
18 |
837 |
855 |
0,9 |
5 |
Немістер |
27 |
520 |
547 |
0,6 |
6 |
Кәрістер |
7 |
465 |
472 |
0,5 |
7 |
Өзбектер |
14 |
444 |
458 |
0,5 |
8 |
Ұйғырлар |
14 |
405 |
419 |
0,4 |
9 |
Белорустар |
11 |
255 |
266 |
0,28 |
10 |
Поляктар |
5 |
149 |
154 |
0,16 |
11 |
Әзірбайжандар |
4 |
79 |
83 |
0,09 |
12 |
Башқұрттар |
2 |
59 |
61 |
0,06 |
13 |
Дұғандар |
3 |
52 |
55 |
0,06 |
14 |
Морвалықтар |
2 |
37 |
39 |
0,04 |
15 |
Шешендер |
2 |
37 |
39 |
0,04 |
16 |
Қырғыздар |
1 |
36 |
37 |
0,04 |
17 |
Ингуштар |
1 |
33 |
34 |
0,04 |
18 |
Армяндар |
3 |
27 |
30 |
0,03 |
19 |
Гректер |
3 |
26 |
29 |
0,03 |
20 |
Молдовандар |
- |
29 |
29 |
0,03 |
21 |
Чуваштар |
1 |
26 |
27 |
0,03 |
22 |
Түріктер |
- |
25 |
25 |
0,03 |
23 |
Болғарлар |
1 |
16 |
17 |
0,02 |
24 |
Күрдтер |
2 |
14 |
16 |
0,02 |
25 |
Балкарлар |
1 |
10 |
11 |
0,01 |
26 |
Қытайлықтар |
- |
11 |
11 |
0,01 |
27 |
Удмурттар |
1 |
9 |
10 |
0,01 |
28 |
Аварлар |
- |
9 |
9 |
0,01 |
29 |
Лезгиндер |
- |
9 |
9 |
0,01 |
30 |
Еврейлер |
- |
8 |
8 |
0,01 |
31 |
Литовтықтар |
1 |
6 |
7 |
0,01 |
32 |
Марийліктер |
- |
7 |
7 |
0,01 |
33 |
Осетиндер |
- |
6 |
6 |
0,01 |
34 |
Тәжіктер |
- |
6 |
6 |
0,01 |
35 |
Крымдық татарлар |
- |
6 |
6 |
0,01 |
36 |
Грузиндер |
- |
5 |
5 |
0,01 |
37 |
Қарақалпақтар |
1 |
4 |
5 |
0,01 |
38 |
Эстондар |
- |
5 |
5 |
0,01 |
39 |
Қалмықтар |
- |
4 |
4 |
0,004 |
40 |
Неністер |
- |
4 |
4 |
0,004 |
41 |
Чехтар |
- |
4 |
4 |
0,004 |
42 |
Даргиндер |
1 |
2 |
3 |
0,003 |
43 |
Латыштар |
- |
3 |
3 |
0,003 |
44 |
Адыгейліктер |
- |
2 |
2 |
0,002 |
45 |
Буряттар |
- |
2 |
2 |
0,002 |
46 |
Венгерлер |
- |
2 |
2 |
0,002 |
47 |
Гагауздар |
- |
9 |
2 |
0,002 |
48 |
Қарашайлықтар |
- |
2 |
2 |
0,002 |
49 |
Құмықтар |
- |
2 |
2 |
0,002 |
50 |
Финдер |
- |
2 |
2 |
0,002 |
51 |
Арабтар |
- |
1 |
1 |
0,001 |
52 |
Итальяндықтар |
1 |
- |
1 |
0,001 |
53 |
Ноғайлар |
- |
1 |
1 |
0,001 |
54 |
Орочилар |
- |
1 |
1 |
0,001 |
55 |
Парсылар |
- |
1 |
1 |
0,001 |
56 |
Румындар |
- |
1 |
1 |
0,001 |
57 |
Сахалар |
- |
1 |
1 |
0,001 |
58 |
Табасарандар |
- |
1 |
1 |
0,001 |
59 |
Татылар |
- |
1 |
1 |
0,001 |
60 |
Турвиндіктер |
- |
1 |
1 |
0,001 |
61 |
Түрікмендер |
- |
1 |
1 |
0,001 |
62 |
Тағы басқа |
- |
3 |
3 |
0,003 |
Барлығы |
3178 |
91540 |
94718 |
100 |
7. Комитет қатысушы мемлекет баяндамасында Қазақстанда еңбек етуші мигранттарды қосқанда үнемі немесе уақытша тұратын азаматтығы жоқ азаматтар туралы ақпараттың болмағандығына өкініш білдіреді.
Қатысушы мемлекеттің жалпы көңілі өзінің азаматтығы жоқ азаматтарға қатысты кемсітуге қатысты жалпы ұсынысына Комитет қатысушы мемлекетке өзінің келесі мерзімдік баяндамасына азаматтығы жоқ азаматтар туралы және олардың өз құқықтарын жүзеге асыруы туралы ақпаратты қосуын ұсынады. Одан басқа, мемлекет-қатысушыны барлық еңбек етуші мигранттар мен олардың отбасыларының құқықтарын қорғаудың Халықаралық конвенциясын бекіту туралы мәселені қарауын ұсынады.
Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ азаматтардың келуінің құқықтық негізін реттеуші 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабының 4-тармағына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ азаматтар Республикада құқықтар мен бостандықты қолданады, және басқа жағдай Конституция мен заңдармен және халықаралық келісімдермен көрсетілмеген болса, азаматтарға арналып бекітілген міндетті мойындайды.
Қазақстандағы Конституцияның аталған ережесін іске асыру ушін 1995 жылы 19 шілдеде Қазақстан Республикасының " Шетелдіктердің құқықтық ережесі туралы " Заңы қабылданды, онда шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келу құқығы мен міндеттері мен онда тұру, оның аумақтарында еркін жүріп тұру мен Қазақстан Республикасына шығу құқықтары мен міндеттері айқындалған.
Оның ішінде Заңның 3-бабында Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер өздерінің ұлттық, әлеуметтік, жыныстық ерекшелігіне білімі мен тіліне, дінге көзқарасы мен айналысатын кәсібіне қарамастан заң алдында тең құқылы деп көрсетілген.
Еңбек кодексінің 5, 6 және 8-баптарына сәйкес әркім еңбекті немесе еңбек етуге ешқандай кемсітусіз таңдауға, өзінің еңбекке қабілеттілігіне еркін қарауға, кәсіп пен шұғылданушылығын еркін таңдауға құқылы. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ азаматтар Қазақстанда еңбек қатынастары саласында тең құқықтарды қолданады.
Мәжбүрлі жұмысқа тыйым салынған.
Қандайда болмасын жұмыс пен қызметке мәжбүрлеу қандайда бір жазалауды көрсетеді, оны орындау ерікті болып саналмайды, тек мына жұмыстарды қоспағанда:
- Қазақстан Республикасында талап етілетін міндетті әскери қызмет;
- азаматтардың қарапайым азаматтық міндеті болып табылатын Қазақстан Республикасы заңдарымен айқындалатын;
- қандайда бір тұлғадан соттың үкімі болып табылатын, жұмыс бақылау арқылы жүргізілетін жағдайда ғана күшіне енетін және оны орындайтын тұлғалар жеке тұлғаларға немесе заңды тұлғаларға берілмейтін жұмыстар;
төтенше жағдайлар мен әскери жағдайлардағы жұмыстар;
ұжымның есесіне қатысты сол ұжымның мүшелері атқаратын және сондықтан ұжым мүшелеріне күнделікті азаматтық міндет болып табылатын, олар мен олардың өкілдері осы жұмыстың мақсаты туралы өз көзқарасын еркін айта алатын жұмыстар.
Еңбек ұжымында жағдайды жақсарту бірнеше бағдарламаларды қабылдауға негіз болды: кедейшілік пен жұмыссыздықпен күресу бойынша (2003-2005 жылдар), әлеуметтік бағдарламаларды одан әрі тереңдету; тұрғындарды еңбекпен қамту (2005-2007).
Еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту, мақсатында қабылданған тұрғындарды еңбекпен қамту Бағдарламасы шегінде басымдылық ретте кәсіби дайындықтан өту, біліктілікті арттыру мен қайта даярлау құқығына мақсатты топтарға кіретіндер ие. Мақсатты топтарға оралмандар кіреді. Қазақстан Республикасының "Тұрғындардың көші қоны туралы" Заңының 29-3-бабының 1.2-тармағына сәйкес оралмандарға жұмысқа тұруға, біліктілігін арттыруға және жаңа кәсіп алуға көмек көрсетіледі.
Қазақстан Республикасында оралмандардың, босқындардың және еріксіз көшкендердің құқықтарын қамтамасыз ететін заңнамалық актілер бар.
Оның ішінде Қазақстан Республикасының "Тұрғындардың көші қоны туралы" Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы көші-қон туралы тұжырымдамасы " мақұлданды. Қазақстан Республикасының көші қон саясатының бекітілген Бағдарламасы бар, ол іске асыру әрекеттерінің Жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Аталған құжаттардың негізінде тиісті орталық және жергілікті атқарушы органдар репатрианттардың босқындар мен еріксіз көшкендердің мүддесін қорғауда ретті түрде жұмыстар жүргізіп отыр. Жыл сайын оралмандардың квоталары өсіп келеді. Квота бойынша көшіп келген оралмандарға үй, бір реттік жәрдемақы беріледі және көліктік шығындары қайтарылады. Одан басқа оралмандар Қазақстан Республикасының 2002 жылы мамырда қабылданған "Тұрғындардың көші қоны туралы" Заңының 29-2-бабында көрсетілген басқа да жеңілдіктерді пайдаланады.
Қарағанды және Оңтүстік-Қазақстан облыстарында оралмандардың құқықтарын қорғау бойынша "Отандастар" атты қоғамдық бірлестік құралған. Осыған ұқсас "Оралман" атты ұйым Солтүстік-Қазақстан облысында жұмыс істеп жатыр.
Қазақстанның БҰҰ "Еңбек етуші мигранттардың барлығы және олардың отбасыларының құқықтарын қорғау туралы" Конвенциясына қосылу (одан әрі Конвенция) бүгінгі күні мына негіздер бойынша мерзімнен бұрынырақ болып тұр.
Қазақстанның Конвенцияға қосылған жағдайында оның кейбір жағдайларын орындау үшін мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындар талап етіледі.
Оның ішінде Конвенцияның 43-бабына (1 тармағына) сәйкес еңбек етуші-мигранттар мемлекеттің азаматтарымен мына жағдайларда бірдей құқықтарды пайдаланады:
Оқу орындарына қабылдану мен басқа да жағдайларға байланысты немесе ережелерге байланысты оқу орындарына тиісті оқу орындарының қызметіне қатысты жүргізілу ретінде;
мекемелер мен кәсіби білім беру мен қайта даярлау оқу орындарына алынуы;
тұрғын үймен қамтамасыз етілу, оның ішінде әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша берілетін және тұрғын үйді мердігерлік беру арқылы ақы төлеуден қорғалуға;
әлеуметтік медициналық қызмет көрсетуге қол жеткізу тиісті бағдарламаларға қатысуын ұсынған жағдайда.
Одан басқа Конвенцияның кейбір нормалары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмейді.
Конвенцияның 51-бабында мыналар көрсетілген:
"Өзіне ақы төленетін жұмысты еркін таңдауға рұқсат етілмеген мемлекеттердегі еңбек етуші-мигранттар заңдық статусы жоқ болып табылмайды және олардың еңбек ету мерзімі тоқтағанға дейін онда тұруға рұқсатынан айырылмайды...";
"Еңбек етуші мигранттар басқа да жалдамалы жұмыстарды іздеуге құқылы, қоғамдық жұмыстарға қатысуға олардың жұмыс істеуге берілген рұқсатының қалған уақытында қайта даярлықтан өтуге құқылы...".
Қазақстан Республикасының "Дінге сену және діни бірлестіктер бостандығы туралы" Заңының 3-бабы дін таңдау бостандығын қарастырады. Бұл азаматтар мен азаматтығы жоқ азаматтарға қандай да болмасын дінге сенуге немесе ешқандай да дінге сенбеу құқығын қарастырады.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, республика аумағында тұрып жатқан балалар білім алу ұйымын таңдауға, білім алу тілі мен басқа да жағдайларды таңдауға құқылы.
8. Комитет кейбір босқындар өз елдеріне олар сол елде қандайда бір адам құқығын бұзушылыққа түсіп қалуы мүмкін деген көзқарастар бойынша елдеріне қайтарылғандығы мәселесіне алаңдаушылығын білдіреді.
Комитет қатысушы-мемлекетке өзінің келесі мерзімдік баяндамасына босқындардың жағдайы туралы, оларды депортациялаудың заңдық негізін және оларға заңдық қорғау мен оларды депортациялау туралы шешімін қайта қарауға заңдық көмек беру туралы ақпараттарды қосуды ұсынады. Сонымен қатар қатысушы-мемлекетті Конвенцияның 5-бабына сәйкес босқындар еліне мәжбүрлі түрде қайтарылмай егер олар адам құқығының өрескел бұзылуына тап болуы мүмкін болғанда ғана қайтарылсын деп ұсынады.
Босқындардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасы "Тұрғындардың көші қоны туралы" Заңымен реттелген және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік актілерімен реттелген. 1998 жылдың желтоқсан айында Қазақстан БҰҰ 1951 жылғы Конвенциясына және оның босқындардың статусына қатысты 1967 жылғы Хаттамасына қосылды.
Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (КоАП РК) 45-бабында әкімшілік жауапқа тарту ретінде шетелдікті немесе азаматтығы жоқ азаматты Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруды қарастырады, КоАП РК 46-бабының 2-тармағына сәйкес: нақты құқықтан айыру лицензиядан айыру немесе оның әрекет етуін тоқтату (арнайы рұқсат етілген) біліктілік аттестация (куәлік), кәсіпкерлік әрекетті немесе оның кейбір түрлерін тоқтату немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетелдіктерді азаматтығы жоқ тұлғаларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік түрде шығарып тастау негізгі және қосымша әкімшіліктік жауапқа тарту болып саналады.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 204 "Тұрғындардың көші қоны туралы" Заңының 1-бабына сәйкес босқын түсінігі мынадай түрде анықталған: "босқындар-шетелдіктер, олар саяси көзқарастары мен әлеуметтік топтың қандай да бір тобына жатуына, нәсіліне байланысты зардаптар шегуі мүмкін, өздері азаматы болып табылатын елдерінен сыртта жүруге мәжбүр және өз елінің қорғауын қолдана алмайды, осындай жағдайлардың салдарынан қорғана алмайды немесе өзінің бұрынғы тұратын жерінен сырттағы елдегі азаматтығы жоқ тұлғалар, олар осындай өз елдеріндегі қорғанушылықтарына байланысты елдеріне қайтып орала алмайды".
Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 19 маусымдағы N 2337 "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Заңының 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында шетелдік деп басқа елдің азаматтығына жататындығын дәлелдей алатын тұлғалар жатады. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғалар және өздерінің басқа мемлекеттің азаматына жататынын дәлелдемеген тұлғалар азаматтығы жоқ тұлға болып табылады.
25-бапқа сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған, әкімшілік және басқа да құқық бұзушылықтар жасаған шетелдіктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей жауапкершілікке тартылады, тек қана Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерінен басқа жағдайларда.
Қазақстан Республикасы босқындар статусы туралы 1951 жылы 28 шілдеде қабылданған Конвенцияға және босқындардың статусына қатысты 1967 жылы 31 қаңтарда қабылданған Хаттамаға қосылды. Конвенцияның және "босқындардың статусына қатысты Хаттаманың" босқындардың статусы туралы 1-бабында "босқын" термині ретінде:
1) 1926 жылғы 12 мамырындағы және 1928 жылғы 30 маусымдағы келісімге сәйкес босқын ретінде танылған немесе 1933 жылғы 28 қарашадағы және 1938 жылғы 10 желтоқсандағы Конвенция мен 1939 жылғы 14 қыркүйектегі Хаттамаға сәйкес немесе босқындар ісі жөніндегі халықаралық ұйымдардың жарғысында көрсетілгендей;
Халықаралық ұйымының босқындар ісі жөнінде берген босқын ретінде танылудан бас тарту туралы қаулысы босқынның статусы аталған тараудың 2-тармағына сәйкес босқын аталуына кедергі болмайды;
2) 1951 жылы 1 қаңтарда болған жағдайларға сәйкес нәсіліне, дінді ұстану, азаматтығы мен қандайда бір әлеуметтік топқа жатуына немесе саяси көзқарастарына қарай құрбан болып қалудан сақтанудың толық негізі бола алады, өз елінің сыртында, өз азаматтығынан алшақта және осы елдің қорғауын қолдана алмайды немесе осындай қорғауды мына себептерге байланысты керек етпейді; немесе нақты бір азаматтығының болмағандығынан өзінің елінің сыртында жүргендіктен өзінің бұрынғы тұрған жерінен қандай да бір оқиғаның салдарынан алшақта жүруіне байланысты, осындай сақтанушылықтардың арқасында еліне қайтқысы келмейді немесе қайта алмайды.
Егер қандай да бір азамат бірнеше елдің азаматы болып табылатын болса "оның қай елдің азаматы" деген сұраққа байланысты ол өзі азаматы болып саналатын қандай да бір елді көрсете алады, бұндай тұлға өзінің азаматтығы бар елден айырылған болып табылмайды, нақты негізделген қауіптен шығатыны себепті, ол өзі азаматы болып саналатын қандайда бір елдің қорғауын қабылдамаса.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы 1965 жылы 21 желтоқсанда қабылданған нәсілдік кемсітушіліктің барлық формасын жою туралы Халықаралық конвенцияға қосылды.
Әлемдік қоғамдастықтың мүшесі ретінде Қазақстан босқындардың мәселелерін шешуде мемлекетіміздің қалыптасып келе жатқан және жүзеге асырылып отырған көші-қон саясатына белсенді түрде араласып отыр. Ол Қазақстанның ұстанған БҰҰ Жалпыға бірдей Декларациясымен бекітілген принциптер мен мақсаттар курсының логикалық жалғаушысы болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының босқындар статусы туралы Конвенцияға және босқындардың статусына қатысты Хаттамасы туралы" 1998 жылғы 15 желтоқсандағы Заңымен бекітілген.
2007 жылғы 1 шілдеде тіркелген босқындар саны 528 адамды құрайды. Босқын статусын алған тұлғалар негізінен Ауғанстаннан келгендер (525 адам). Барлық саннан: 188 бала 16 жаста, 221 әйел адам және 307 ер адам, 322 адам еңбекке жарамды жаста.
Оның ішінде ұлт бойынша:
1. Тәжіктер - 322 адам
2. пуштундар - 106 адам.
3. Хазарлар - 48 дам.
4. Өзбектер - 30 адам.
5. басқа ұлттар - 22 адам.
90 пайызы Алматы қаласында тұрып жатыр, басқалары Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады. 88 адамның жоғары білімі және аяқталмаған жоғары білімі бар, 26 адамның арнайы білімі бар, 38 адам сауатсыз.
Босқын статусы бір жылға беріледі және жыл сайын ұзартылып отырады.
Бүгінгі күні босқын болып табылатын және босқынға жататын тұлғаның құқықтық статусы Қазақстан Республикасының "Тұрғындардың көші қоны туралы" Заңымен , Қазақстан Республикасының Президентінің Заңдық күші бар "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық статусы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Жарлығымен реттеледі.
Босқындардың негізгі бөлігі жұмыспен қамтылған одан басқа олардың кейбіреулеріне УВКБ БҰҰ, Қызыл ай мен қызыл крест тағы басқа халықаралық ұйымдар арқылы көмектер көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Бас Комиссарымен және Көші-қон бойынша халықаралық Ұйыммен, Қызыл ай мен қызыл крестің Халықаралық комитетімен тығыз қарым-қатынас орнатып тұрады, аталған ұйымдардың өткізетін шараларына белсенді түрде қатысып отырады.
Адам құқықтары бойынша Өкілеттің (одан әрі Өкілет) басты бағыттарының бірі босқындардың құқығын орындауды және ұлттық шағын топтардың құқығын орындауды бақылау аталған сала бойынша халықаралық міндеттерді орындаудың қажеттігін жандандыру болмақ.
Тұрғындардың көші-қонын реттейтін маңызды құжаттар Қазақстан Республикасындағы 1997 жылғы 13 желтоқсандағы "Тұрғындардың көші қоны туралы" Заңы, Қазақстан Республикасында 1998 жылы 15 желтоқсанда бекітілген 1951 жылғы 28 шілдедегі "Босқындардың статусы туралы" Конвенциясы және босқындардың статусына қатысты 1967 жылғы 31 қаңтардағы Хаттамасы. Сонымен қатар, Қазақстанда босқындардың құқықтарын қамтамасыз ететін бірнеше бағдарламалық құжаттар бар. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі Қаулысы мен 2001 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының көші-қоны саясатына сәйкес және Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарда арналған Салалық бағдарламасы.
Босқындардың және ұлттық шағын топтардың құқықтарының мәселелері ұлттық нормативтік актілермен, нормаларын сараптаулармен реттелген болса да Өкілетті мекеменің тексерісінде бірнеше қателіктер анықталды. Бүгінгі күні ұлттық заңнама Қазақстан Республикасы шекарасында босқын ретінде танудың өтінішін қарау мүмкіндігі қарастырылмаған, бас сұға іздеп жүрген және шекарадан заңсыз түрде өтіп кеткен тұлғаларға қандай қарым-қатынас жасау мәселесі реттелмеген. Сонымен қатар, жоғарыда аталған халықаралық құжаттарға қосылған ретінде Қазақстан Республикасы өздерін босқын ретінде тануды ұсынатын тұлғаларды қабылдау бойынша өзіне міндеттер қабылдады.
Босқындардың негізгі мәселесі тұрғын үй алу болмақ, себебі оларға Қазақстан Республикасында заңнама талаптарына сәйкес осында тұру мерзімінде төлеуге қабілеттілігін нақтылау қиынырақ. Сонымен қатар, босқындарда тиісті мемлекеттік органдардың көмек көрсететін қызметтері туралы ақпараттың болмауы. Әр түрлі босқындар мәселесімен айналысатын мемлекеттік органдар арасында реттелмеген мәселелер көп.
Босқындар мен оралмандардың проблемаларын Қазақстан Республикасындағы аталған тұрғындардың топтарының мониторингісін жүргізу арқылы шешуге және мемлекеттік билік органдарының білімін арттыруға байланысты Еуропалық УВКБ БҰҰ қаржыландырып отырған "Орталық Азиядағы бас сауғалау жүйесін арттыру мақсатында потенциалдың институционалдық дамуын бекіту бойынша әрекеттері жобасы" және БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Бас Басқармасымен аталған жобаны іске асыруға қол қойылды.
Келісімде Қазақстан Республикасындағы босқындардың құқықтарының бүгінгі күнгі жағдайын неғұрлым әлеуметтік-кіріптарлыққа ұшыраған тұрғындардың көптеген бөлігі тұратын облыстарда мониторинг жүргізу арқылы сараптама жүргізу қарастырылуда. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы оралмандардың құқықтық жағдайын сақтауына сараптама жасалады. Одан басқа жоба Өкілетті орынға баруы мүмкіндігі туралы ақпаратты таратуға бағытталған, себебі бұл жағдайлар босқындардың құқықтарын бұзу, аталған топта тиісті дәрежеде білімінің болмауы мен өз құқықтарын қорғау мүмкіндігінің болмауынан туындап отыр.
Жобаны жүзеге асыру шегінде мақсатты топтар мен Қазақстанның барлық аумақтарындағы мониторингілік зерттеулерге байланысты семинарлар жүргізіледі.
Мерзімдік басылымдардағы баяндамаға босқындардың жағдайы туралы ақпаратты енгізу үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде Қазақстан Республикасының "Босқындар туралы" Заңы қарастырылуда. Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінде, сыртқы істер, әділет, қаржы, білім беру және ғылым, денсаулық сақтау, ішкі істер, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік Комитеті өкілдерінен тұратын жұмысшы топ құрылды.
Аталған жұмысшы топтың құрамына БҰҰ, ОБСЕ және қоғамдық бірлестіктер өкілдері кірді.
9. Қатысушы мемлекет адамдарды сату бойынша мемлекеттік жоспар дайындағанын мойындай отырып, Комитет одан әрі жалғасып отырған әйел адамдар мен балаларды сатудың тәжірибесінің артып отырғандығына алаңдаушылық білдіреді, ол негізінен азаматтығы жоқ тұлғалар мен этникалық шағын топтарға қатысты.
Комитет қатысушы мемлекетке өзінің келесі мерзімдік басылым баяндамасына адамдарды сату туралы ақпаратты енгізуді осындай саудаға қарсы жүргізген жұмыстарын атап көрсетуді ұсынады. Одан басқа, Комитет мемлекет-қатысушыны осындай жағдайға кінәлі адамды жауапкершілікке тарту мақсатында шешім қабылдауға және шұғыл және бұлтартқысыз зерттеулер жүргізудің аса маңызды екенін атап көрсетеді.
Аталған мәселені шешу үшін Үкімет деңгейінде Ведомствоаралық адамдарды заңсыз алып кету мен заңсыз кіргізу оларды сатумен күресу бойынша 2003 жылы 26 қыркүйекте комиссия құрылды. Комиссияның ережесіне сәйкес оның негізгі міндеттері мыналар:
1) осы салада заңсыз адамды алып кету мен енгізу және адам сату жағдайларын сараптау;
2) мына мәселелер бойынша ұсыныстар мен қолдау жасау;
- тұрғындарды адамдарды заңсыз алып кету мен заңсыз кіргізуге
және адамдарды сатуға байланысты ақпараттар беру;
- Қазақстан Республикасының қабылданған заңнамасына сәйкес
адамды заңсыз алып кету енгізу мен адам сату саласындағы
халықаралық-құқықтық құжатына сәйкес жетілдіру;
- Заңсыз алып кету мен енгізу адам сату жағдайларының
құрбандарын қорғау мен оларға көмек көрсету.
Сонымен қатар, Үкімет екінші рет Қазақстан Республикасының Үкіметінің шараларына адамдарды сатуға байланысты қылмыстың алдын алу онымен күрес туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген Жоспарын қабылдады (2006 -2008 жылдар 2006 жылдың 10 сәуірі N 26).
Үкіметтің 2006-2008 жылдарға арналған Жоспары 16 шарадан тұрады: оның ішінде БАҚ арқылы адамдарды сатумен күресу шаралары бойынша ақпарат беру бойынша ақпараттық компаниялар жүргізу; адам сату бойынша адам сатумен байланысты қылмыстар саны; (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 113 , 125 , 128 , 133 , 270 , 271-баптары ).
Қазақстан Республикасының бірінші Жоспарын жүзеге асыру қорытындысы бойынша 2005 жылдың 14 желтоқсанында үшінші тұлғалардың жезөкшелікті қолдануы мен адам сатумен күрес туралы Конвенциясы мен Қорытынды хаттамасы бекітілді.
Ұлттық қауіпсіздік Комитеті мен Қазақстан Республикасының ІІМ және Қазақстан Республикасы экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігімен, Бас Прокуратурамен бірлесіп Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің адамдарды сатуға байланысты статистикалық мәліметтері құқықтық статистика Деректер базасында сақталатын және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының үнемі есебінде болатын, бірнеше баптарының тізімі анықталды.
Тәжірибеде адам сатуды қарастыратын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптары ретінде "Адамдарды сату" туралы 128-бабы және "Жасөспірімдерді сату" туралы 133-баптары саналатын еді. Сондықтан басқа баптарды деректер базасына енгізу олардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128, 133-баптарымен бірлігі тұрғысынан қаралады. Құқықтық және арнайы есепке алу Комитеті Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен 2005 жылдың 17 маусымындағы N 27 өтініштер мен қылмыс туралы, олардың зерттелу нәтижелері және соттық қараулар туралы мәліметтердің бірегей есебін жүргізіп отыр. Арнайы деректер базасын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының "Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығының жобасы жасалды. Бүгінгі күні Құқықтық және арнайы есепке алу Комитеті Төрағасының "адамдарды сатумен байланысты қылмыстарға және оны ұйымдастырған тұлғаларға арнайы деректер базасын құру туралы" бұйрығы бар, ол бүгінгі күні қолданылып отыр.
Бүгінгі күні Ішкі істер министрлігі "Қазақстан Республикасының 1926 жылғы 7 желтоқсандағы құлдық туралы Конвенциясын, 1953 жылғы 7 желтоқсандағы құлдық туралы Конвенцияға қосымша мен өзгертулер енгізудің Хаттамасы және құлдықты жою туралы 1956 жылдың 7 қыркүйегіндегі құл сату мен құлдыққа ұқсас институттар мен салт-дәстүрді жою туралы Конвенциясы туралы" Заң жобасын жасады. Заң жобасы барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді жақын арада Үкіметке беріледі. Қазақстан Республикасының транснационалдық қылмыспен күрес бойынша Конвенциясына қатысуы және оны толықтыратын сыртқы істер Министрлігінің екі Хаттамасы туралы мәселе талқылануда.
Адамдарды сатуға қарсы жұмыстар жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметінің үнемі бақылауында тұр.
Адамдарды сату проблемасын шешу және адамдарды пайдалану жұмыстарының проблемасын шешу заңнамалық негізсіз мүмкін емес. Олардың біреуі - "Адамдарды сатуға қарсылық көрсету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы.
Аталған заң жобасы халықаралық және стандарттық моделді есепке алады және ұлттық: Қылмыстық Кодексті , Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін , Қазақстан Президентінің Заңдық күші бар "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық ережесі туралы" Жарлығын есепке алады. Неғұрлым басты ретінде адам сатудың құрбаны болғандардың құқығын қорғау бөлігіне өзгерістер ұсыну, қылмыс жасағаны үшін жауапкершілігін арттыру, Заңның әрекет ету саласын арттыруды маңызды деп санау керек.
Бүгінгі күні Қазақстан адам құқығын қорғау мен қылмыспен күрес жүргізудің халықаралық дәстүріне қосылды. Аталған бағыттағы неғұрлым алғы шарт ретінде Қазақстанның 2005 жылғы қазанда адамды сатумен күрес және жезөкшелікті үшінші жақтың пайдалануы мен оның Қорытынды хаттамасы болып отыр.
Үкіметтің адамдарды сатумен күрес бойынша жүргізген толыққанды жұмыстары да маңызды. Бүгінгі күні мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметінің адамдарды сату мен оның алдын алу және оны болдырмаудың 2006-2008 жылдарға арналған Жоспары іске асырылуда. Аталған Жоспарда адамдарды сатумен күрес желісі бойынша бірнеше нормативтік құқықтық актілер сараланып, адам сатудың құрбаны болған адамдарды реабилитациялау механизмін құру бойынша ұйымдастыруда мақсатты топтар құру механизмі зардап шеккендерді кризистік орталықтарға жіберу бойынша механизмдері қарастырылды.
Біздің республикамызда бүгінгі күні адамдарды сатумен күресудің бойынша арнайы механизмдер құрылған: жауапты мемлекеттік орган болып Әділет министрлігі айқындалды.
Қазіргі заман жағдайларына байланысты және халықаралық қылмыспен тығыз байланысқан және оның ұйымдасқан формасына байланысты қылмыстардың жаңа түрлерінің, адамды ұрлау, заңсыз сұрап алу, адамды сату қылмыстары тең әсер етуді талап етеді.
Заңсыз көші-қонның каналдарын анықтау мақсатында полиция шекаралық-кеден органдарымен бірлесе отырып шекара мен халықаралық көліктік пайыздардың түйісу станцияларында Қазақстан Республикасы аумағына заңсыз кіргендерді ұстау мақсатында арнайы іс-шаралар өткізуде.
ІІМ мүдделі үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен үнемі өзара әрекеттер ұйымдастырып отырады. Өзара әрекеттестіктің бағыттарының біреуі қылмыстың құрбандарымен жұмыс істейтін құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау органдары қызметкерлерін оқыту болмақ.
Елімізде телефондар жүйесі мен қызу желілер құрылған. Оның ішінде Министрлік пен ішкі істер органдарының аумақтарында, дағдарыстық орталықтарда, қоғамдық бірлестіктерде сенім телефоны құрылған - оның әрекеті адам сатудың құрбандарының құқығын қорғау оларға қауіпсіз тұрғын жай тауып беру, психологиялық және әлеуметтік реабилитация, алғашқы дәрігерлік көмек, заңдық кеңестер беру және басқа да құқықтық көмектер көрсету. Полиция қызметтері өз әрекеттерінде осы сала бойынша (ҮЕҰ) Үкіметтік емес ұйымдармен үнемі байланысып отырды.
Ішкі істер органдары адам сату фактілерінің алдын алу бойынша жұмыстарын белсенді түрде жүргізеді. Шаралар осы салада жұмыс істеп жүрген халықаралық ұйымдармен оның ішінде көші-қон мәселесі бойынша Халықаралық ұйымдармен бірлесіп және Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жүргізіледі. Әрекеттер бірлескен семинарлар өткізу мен адамдарды сатудың алдын алу мен онымен күрес жүргізу бойынша тренингтер өткізу, құрбанды қорғау жұмыстарын бірлесіп жүргізу арқылы өткізіледі. ҮЕҰ қызметкерлері зардап шеккендермен аталған қылмыстық куәларымен, полицияға барғысы келмеген зиян шеккендермен жұмыстарға тартылады.
БАҚ арқылы тұрғындарға әйелдер мен балаларды зорлау мен трафик мәселелері жөнінде кәсіби кеңестер беріледі. Осы мақсатта мемлекеттік бюджеттен тұрғын үйді жалға алу, құжаттарды ауыстыру, анкеталық мәліметтерді өзгерту, жұмыс пен тұратын жерді ауыстыру бойынша жеке басын қорғауды іске асыру жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күні қылмыстық процеске қатысушыларды мемлекеттік қорғау бойынша нақты тәжірибесі жасалған.
Жеңгетайлық пен жезөкшелікті анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көңіл көтеру орындарында (казино, түнгі клуб), қызмет көрсету органдарында (сауна, қонақ үй), азаматтардың демалу орындарында (шипажай, демалыс үйлері) жедел алдын-алу жұмыстары жүргізіледі. Алдын алу шараларының негізгі міндеттері адамды сату, жеңгетайлық пен притондар ұстау, жезөкшелікпен айналысуға тарту, адамды ұрлау мен жыныстық қатынас жасау қызметін үшін бостандығынан айырудың алдын-алу жұмыстары жүргізілуде.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне 2007 жылы заңсыз адам сатуға байланысты қылмыстық істер қозғалды айыптар тағылды.
Барлық мемлекеттік органдарда өз қызметкерлерінің жасаған қылмыстарымен айналысатын ішкі қауіпсіздік департаменттері жұмыс істеп тұр. 2007 жылы аталған бөлімшелер адам сатуға байланысты 2 қылмысты ашты бұл қылмысты құқық қорғау қызметкері жасаған.
1) 2007 жылдың наурызында Алматы қаласының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің және Ішкі істер Министрлігінің өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері Алматы қаласының ішкі істер Департаментінің адамдар трафигімен күрес бөлімінің бастығы И. В. Морозованың ақылы жыныстық қатынас қызметін көрсетуге жеңгетайлық ететін азаматша О.М. Хамбулатоваға қамқорлық еткені жөнінде қылмысты анықтады. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 348-бабы бойынша "айғақты фольсификациялау" және Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша "лауазымдық өкілеттілігін пайдалану" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған іс сотқа қарауға жіберілді.
2) 2007 жылдың маусым айында Ақмола облысы бойынша ішкі істер Департаментінің өзіндік қауіпсіздік Басқармасының қызметкері Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша "лауазымдық өкілеттілігін пайдалану" бойынша Ұйымдасқан қылмыспен күрес Басқармасының шұғыл өкілеті Д.М. Сыздықовқа және А.Ж. Байсалбаевқа қарсы қылмыстық іс қозғалды, олар жеңгетайлықпен айналысатын М.Б.Төлеповқа қамқорлық жасаған.
Сыртқы істер Министрлігі адамдарды заңсыз сату құрбандарының отанына қайтуына көмек көрсетті.
Ішкі істер Министрлігінің мәліметтері бойынша Әділет Министрлігінде берілген 2007 жыл бойынша Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің АҚШ мемлекеттік адамдарды сату Департаментінде дайындаған есебі негізінде мыналар анықталды:
2007 жылдың қаңтарынан қарашасына дейінгі мерзімде 349 қылмыстық іске қатысушыларды қорғау бойынша жұмыстар жүргізілді, олардың 7-адамдарды сату істері.
Аталған істер бойынша адам сатудың 31 құрбанына көмек көрсетілді. "Қылмыстық іске қатысушыны қорғау" бағдарламасын іске асыру үшін мемлекет жыл сайын бюджеттен қаржы бөліп отырады. 2007 жылғы 28 миллион 944 мың теңге бөлінген. Бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі. 2007 жылдың қаңтардан қарашаға дейін 4 миллион 430 мың теңге қылмыстық іске қатысқан тұлғаларды қорғау мен оларды күтуге, сондай-ақ олардың уақытша тұруына тұрғын жай жалдауға жұмсалды. Осы қаржыдан адамдарды сату құрбандарына 649 мың теңге жұмсалды. Ақша қылмыстық іске қатысқан тұлғаларды қорғау мен оларды күтуге, сондай-ақ олардың уақытша тұруына тұрғын жай жалдауға жұмсалды.
Шет елде адамдарды сату қылмысының құрбаны болған Қазақстан азаматына дипломатиялық және елшілік жолмен көмек көрсетіледі. Жыл сайын осыған қаржы республикалық "Қазақстан Республикасының өз елінен шет елге заңсыз әкетілген және адам сату қылмысының құрбаны болған, сондай-ақ шет елде басқа да қылмыстан зардап шегіп форс-мажорлық жағдайларда қалған Қазақстан Республикасының азаматтарына қаржылық көмек көрсету бағдарламасы бойынша жүргізіледі. 2007 жылы мемлекет осы мақсатқа 11 700 мың теңге (шамамен 97 224 АҚШ доллары) бөлді.
2007 жылдың қазанынан бастап Қазақстанның шетелдегі мекемелеріне 28 қазақстандық азаматқа жалпы 3533,5 мың теңгеге (шамамен 29 362 АҚШ доллары) көлемінде көмек көрсетілді.
Адамдарды сатумен күрестің маңызды алғы шарттарының бірі Қазақстан Республикасының халықаралық құжаттарға қосылуы, оның ішінде БҰҰ әйелдерге қатысты барлық кемсітушіліктерді жою Конвенциясына, БҰҰ қылмысты трансұлттық ұйымдастыруға қарсы Конвенциясына және оған қосымша ретіндегі адамдарды сатудың, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу және оны болдырмау Хаттамаға қосылу және босқындарды теңізбен, құрғақ жермен, әуемен заңсыз әкету Хаттамасына қосылу болды.
10. Қатысушы мемлекеттің ұлттық контртеррористік бағдарлама шегіндегі терроризммен күрес жағдайын мойындау, Комитет осы бағдарламаның дискриминация емес принципті түрде әсер етуінің жоқ болуына мазасыздық білдіреді.
Комитет қатысушы мемлекеттің 2002 жылғы 8 наурыздағы өтінішіне көңіл бөлуге шақырады, онда мемлекеттің терроризмге қарсы шараларды қамтамасыз етудегі мемлекеттің міндетін кемсітуді болдырмауды қарастырмауына және нәсіл бойынша, терісінің түсі мен ұлтының немесе этникалық тегінің шығуына байланысты кемсіту бойынша танылмауына және қатысушы мемлекеттің өзінің келесі мерзімдік баяндамасына контртеррористік бағдарламасы туралы ақпаратты қосуын талап етеді.
Қазақстан Республикасында терроризмге қарсылық әрекет көрсету жүйесі қалыптасқан. Қазақстан Республикасының Президенті 2003 жылдың желтоқсанындағы жарғысымен Антитеррористік орталық құруға жарлық берді. Осы жарлықпен Орталық Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қауіпсіздікті арттыру жүйесін нығайту және террористік қауіпті жоюға дайындық, оның ішінде терроризммен, экстремизммен және сепаратизммен күрес жүргізудің Мемлекеттік бағдарламасын іске асыра алады. Сонымен қатар, антитеррористік орталықтың құрамына Ішкі істер, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Әділет, Көлік және коммуникация, Мәдениет және ақпарат, Қаржы министрліктері, Қазақстан Республикасының Президентінің күзет қызметі, Кедендік бақылау Комитеті кіреді. Аталған құрам терроризм ең бірінші әлеуметтік құбылыс ретінде көрінетінін, онымен күресу әр түрлі позицияда жүргізілетінін көрсетеді. Қысқа мерзімде Антитеррористік орталық терроризмге, экстремизмге және сепаратизмге қарсы күрестің жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыруда оған нормативтік базаны, ұйымдастыру және тәжірибелік шаралар енгізді.
Толығымен Парламентте екі жақты немесе көп жақты халықаралық терроризммен экстремизіммен күрестің халықаралық келісімдерінің қырық шақтысы белгіленген. Республика басшылығы одан әрі де халықаралық және ұлтаралық келісімдерді жүргізуді жалғастыра бермек.
1999 жылдан Республикада " Терроризммен күрес " Заңы жұмыс істеп келеді, оның ішінде бұл күресудің маңызды принциптерінің бірі: террористік акті кезінде зардап шеккендердің өмірін, денсаулығын және тұлғалардың құқықтарын қорғау болып анықталды; заңдылықтың сақталуын; жауапқа тартылудың міндетті түрде болатыны; терроризмге қарсы шаралардың кешенді түрде болуын бақылау анықталды. Азаматтардың терроризммен күресті іске асыру барысындағы құқығына, міндетіне және кепілдіктеріне ерекше көңіл бөлінуде.
ҰҚК өзінің құзыры шегінде аумақтық, субераумақтық қызметтестік бойынша жаңа түрдегі қызметтестіктерін дамытуға белсенді түрде қатысып отыр. Арнайы қызметтер мен құқық қорғау органдарымен және халықаралық терроризмге қарсы күрес ұйымдармен тығыз түрде жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік органдардың антитеррористік жаттығулыр жүргізу барысындағы өзара әрекеттерді құру жалғасуда. 2004 жылдың қазан айынан 2006 жылдың қараша айына дейін Қазақстанда сот тәртібімен 13 шетелдік ұйым террористік деп танылды ("Аль-Кайда", Шығыс Түркістанның Ислам партиясы, "Курд халықтық конгрессі" және "Өзбекстанның ислам қозғалысы", "Асбат аль -Ансар", "Братья - мусульмане", "Бос груд", "Жамаат маджехетов Орталық Азия", "Лашкар - и Тайба", "Талибан", "Общество социальных мер". "Аум сенрике", "ШАТ") және 1 экстремистік партия "Хизб-ут-Тахрир" болып аталды.
2006 жылдың 20 сәуірінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен Қазақстанда тыйым салынған "Жаммаат моджехедов Центральной Азии" ұйымы біздің бастамамызбен БҰҰ террористік ұйымдардың ішіндегі ресми түрдегі келісімге келген тізіміне енгізілді.
Бұл превентивтік шара Республиканың құзырлы органдарына құқықтық тұрғыда бола тұра қатал әрі мақсатты түрде осы ұйымдардың қандай да болмасын әрекеттерінің көрінуіне әсер ететінін олардан туындайтын салдарды дер кезінде жоятынын көрсетті. Ақпараттық насихат жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Соңғы мысал ретінде "Тұрғындарды антитеррористік дайындаудың алғашқы дайындығы" атты оқу әдістемелік құрал шығаруы болды.
Қазақстан Республикасының қорғаныс Министрлігі бірнеше оқу-тактикалық жаттығулар жүргізді, оның барысында Қарулы Күштердің басқарушылық құрылымдарының өзара әрекеттестігін жетілдіру жұмыстары, басқа да әскер мен әскери бөлімшелерді жоспарланған әскери-тактикалық жаттығуларға тарту "Каспий террорға қарсы 2005 жыл", "Атомдық террорға қарсы - 2006", "Бейбітшілік сақтау миссиясы 2007". Барлық жаттығулар терроризмге қарсы бағытталған.
Жаттығу жүргізу барысында нәсілшілдік, рулық, немесе терісінің түсіне қарай бөлу мен ұлттық этникалық шығу тегіне қарай бөлу фактілеріне жол берілген жоқ.
Қазақстан Үкіметі терроризммен күресті қолдайды және террористік актілерді мүлдем жоққа шығарады. Қазақстан Шанхай қызметтестік ұйымының мүшесі Қытаймен, Ресеймен, Тәжікстан, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен бірге Кубамен, Солтүстік Кореямен, Ливиямен, Палестина автономиясымен, Судан мен Иранмен дипломатиялық көзқараста.
2002 жылғы түсіністік туралы Меморандум жағдайы бойынша Қазақстан коалициялық күштерге Алматы халықаралық әуежайын ОПС қолдаудың ұшақтары апатты жағдайда ауытқып кеткенінде қолдануға рұқсат береді. 2001 жылдың желтоқсанынан ОПС-ты қолдау бойынша өз әуе кеңестігінен 1100 рет ұшуға рұқсат етті. 2003 жылы Қазақстанның өкілдері АҚШ Мемлекеттік департаментінің ұйымдастырған екі жылдық танысудың 14 курсын өтті. Қазақстан 12 халықаралық хаттаманың 11 халықаралық конвенцияның хаттамаларына қатысады.
Көп ұлтты Қазақстан үшін толеранттықты, дінге шыдамдылықты бейбітшілікті сүюді қалыптастыру, экстремизмнің алдын алу және ксенофобияның алдын алу маңызды болып отыр. Қазақстан қатысушы болып табылатын ғаламданудың қазіргі кездегі процестері шекараның нақты көрінуі елдің қауіпсіздігіне сыртқы теріс қақтығыстың туындауына әсер етеді.
Орталық Азияда Локалды қақтығысты және Ресей аумағындағы діни экстремизм мен терроризмді тарату қаупі психикалық өзін өзі сезінудің катализаторы болуы мүмкін, ішкі тынышсыздықтың, әлеуметтік қақтығыстың әлеуметтік басқа да тынышсыздықты, қазақстандықтардың санасына дескрутивтік процестерді туғызуы мүмкін. Бұл жағдайда мемлекеттік саясаттың бастамдық саясаты ішкі саяси жағдайды, тұрақтылықты сақтау, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді астау, массалық сананы тұрақтандыру және тұрғындардың әлеуметтік топтары көп тұратын жердегі әлеуметтік-психологиялық климат құру болмақ.
Толеранттық сананы қалыптастыру бойынша шаралар жүйесін тиімді түрде құру мен оны қолдану және қазақстандық қоғамдағы экстремизмнің алдын алу оны шешу мемлекеттік органдардың қоғамның кең түрде қолдауын талап ететін міндеттер болмақ.
Бағдарламада толеранттық сананы қалыптастырудың міндеттері мен мақсаттары көрсетілген, экстремизмнің алдын алу сондай-ақ оны іске асырудың негізгі механизмдері көрсетіліп қаржыландыру көздері көрсетілген.
11. Бағдарламаны іске асыру ішкі саяси тұрақтылықты сақтауды Қазақстан Республикасында халықаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға мүмкіндік береді.
Комитет қатысушы мемлекетке сот билігінің тәуелсіздігін бекітуді және басқа да мемлекеттік органдардың әр адамға қандайда бір Конвенция бұзылған жағдайда өз сенімін қорғауды қамтамасыз етуді өзінің келесі мерзімдік баяндамасында басты мақсаттағы қабылданған барлық шаралар туралы толық ақпарат беруін ұсынады.
Сот билігін және тағы басқа мемлекеттік органдардың Тәуелсіз нығайту жөнінде келесіні хабарлаймыз:
Қазақстан Республикасының Конституцияның 82-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды.
Қазақстан Республикасының Конституцияның 82-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды.
Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады.
Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді. ( 75-бап )
Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті. (78-бап)
Қазақстан Республикасының құзырлы органдарының ішінен адам құқығын қорғауға юрисдикцияға ие органдар ретінде Қазақстан Республикасының соттарын айтуға болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 78-бабына сәйкес соттар Конституция бекіткен адам құқығы мен бостандығына нұқсан келтіретін актілерді қабылдамауы керек. Егер сот қолдануға жататын заң немесе қандайда бір нормативтік акт Конституциямен бекітілген адам құқығы мен бостандығына нұқсан келтіретін болса ол іс бойынша өндірісті тоқтатып Конституциялық Кеңеске осы актіні конституцияға жатпайды деп тану ұсынысын беру керек.
Қазақстан Республикасының азаматтардың құқықтары мен бостандығы Конституциясында бекітілген және Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесін да айырып көрсетуге болады, ол Қазақстан Республикасында Конституцияның басымдылығын барлық аумаққа қамтамасыз ететін жоғары орын болып табылады. Республика Конституциясы құрамында Президенттің Парламенттің қабылдаған заңына қол қойғанға дейін қарайды, сонымен қатар Республиканың халықаралық келісімдерін оны бекіткенге дейін қарайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылған заңдар мен халықаралық келісімдерге қол қойылмайды және бекітілмейді. Адамдардың азаматтардың Конституциямен бекітілген құқықтары пен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілер күші жойылып қолданыстан алынады. Конституциялық Кеңестің шешімі оны қабылдағаннан кейін күшіне енеді. Қазақстан Республикасы аумағында жалпы міндетті болып табылады, ол соңғы және қайта қарауға жатпайды.
Қазақстандық заңнамамен заңдық түрде қорғау нәсіліне қарамастан тең түрде жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабында 1995 жылғы 30 тамыздағы әр адамның оның құқықтық субъекті екенін тануды өзінің құқығымен бостандығын сотпен қорғауға, білікті заңдық көмек алуын таниды. Егер осындай жағдайлардағы заңмен көрсетілген заңдық көмек тегін болу керек.
12. Комитет қатысушы мемлекетке нәсілдік кемсіту туралы соттық істердің жоқтығын ескертеді және адам құқықтары бойынша Комиссияның 2000-2001 жылдар тек қана екі шағым алғанын ескертеді.
Комитет шағымның аздығы зардап шеккендердің өз құқықтарынан хабарсыздығының салдары болмауын, олардың қаржылық жағдайының жеткіліксіздігінен олардың полицияларға немесе сот органдарына деген сенімсіздігінен емес екендігін, билікті нәсілдік кемсітуге дұрыс көңіл қоймай отырғандығынан болмауын ескертеді. Комитет үнемі қатысушы мемлекетке ұлттық заңнамаға Конвенцияның бұзушылықтарын тиімді түрде қорғау мен қоғам арасында құқықтық қорғау бойынша қолда бар қаржы туралы ақпаратты таратуды ұсынады.
Конституциялық және басқа да құқықтардың бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3-тармағымен қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған. Осыған байланысты қылмыстық-процессуалдық өндірістің адамның құқығын қорғаудың кейбір функциялары құқық қорғау органдарына өндіруге жүктелген, оған Бас Прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеттері кіреді.
Азаматтық процессуалдық кодексі әрбір азаматтың құқығын "нұқсан келтірілген құқықтарын қорғау мен конституциялық бостандық пен заңмен қорғалатын мүддені құқылы қалпына келтіреді" ("Тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүддесін сотпен қорғау" 8-бап ).
5-бапқа сәйкес мемлекет-қатысушы аталған конвенцияда нәсілдік кемсітушілікті оның барлық нысандарын жоюды және әр адамның, нәсіл ерекшелігіне, түсіне, ұлттық және этникалық топ негізінен қарамастан заң алдындағы тең құқылығын қамтамасыз етуге, негізінен азаматтық құқық пен экономикалық және мәдени салалардағы құқықтарды қамтамасыз етуге міндеттейді.
Аталған норма Қазақстан Республикасындағы Конституцияның 14-бабы шегінде жүзеге асырылады, осыған сәйкес барлығы да заң алдында тең және сот арқылы ешкім де өзінің шығу тегі бойынша, әлеуметтік лауазымдылық, мүліктік, жыныстық және ұлттық, тіліне және дінге көзқарасы бойынша қандайда бір кемсітушілікке ұшырамауы керек, сондай-ақ аталған кодекстің 170-бабында зорлықты болдырмауға шақыруға немесе конституциялық құрылымның өзгеруі немесе Қазақстан Республикасының аумағын күшпен бұзуға жол бермеуге міндеттенеді.
2003-2008 жылдың ортасына дейін статистикалық мәліметтерге сәйкес әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни ұстаным бойынша 222 қылмыс тіркелген, оның 2003 жыл бойынша 9 қылмыс зорлықшылдыққа тартумен байланысты немесе конституциялық құрылымның өзгеруіне байланысты немесе Қазақстан Республикасының аумағын күшпен бұзуға байланысты 2004-2008 жылдың ортасына дейін 16 қылмыс тіркелді, оның 2004 жыл - 10, 2005 жыл - 3, 2006 жыл - 1 және 2008 жыл ортасына дейін - 1.
13. Адам құқықтары бойынша ең бірінші кеңестік функцияны атқаратын Комиссияның жұмыс істеуін ескерте келе сондай-ақ адам құқығы бойынша Өкілеттіліктің жақында ғана тағайындалуына байланысты Комитет олардың тәуелсіздігі мен тиімділігі туралы құжаттардың жоқтығына өкініш білдіреді.
Комитет қатысушы мемлекетке өзінің келесі мерзімдік баяндамасында адам құқығы бойынша Комиссияның және Өкілеттіліктің әрекет ету ролі туралы ақпаратты енгізуін ұсынады. Одан басқа, Комитет қатысушы мемлекетке адам құқығын қорғайтын және осы жұмыстарды қорғайтын мемлекеттік мекемелердің статусына қатысты Принциптерге сәйкес ұлттық тәуелсіз құқық қорғау органын құру туралы мәселені қарастыруға шақырады.
Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 1042 Жарлығымен адам құқықтары бойынша комиссия құрды. Ол Елбасы жанындағы кеңестік отырыстық орган болды. Бүгінгі күні оның құрамында әр түрлі этникалық топтардан тұратын, ұлттармен саяси кәсіби, және қоғамның ведомствалық ерекшелігін көрсететін 22 адам бар.
Комиссияның негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Президенті оның конституциялық статусын адам құқығы мен бостандығының кепілдігін туғызатын және Қазақстан Республикасының азаматтарының конституциялық статусын жүзеге асыруына жағдай жасау;
2) адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ететін жетілдірілген механизм құруға ықпал ету;
3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік бағдарламаларды адам мен азамат құқығын бостандығын қорғаудағы саясатын жүргізуге ықпал ету;
4) сондай-ақ адам құқығын қамтамасыз ету саласында халықаралық қызметтестікті нығайтуға ықпал ету.
Бүгінгі күні Қазақстан жаңа демократиялық қайта өрлеу кезеңінде тұр. 1990 жылдың қазанында жарияланған мемлекеттің егемендігі туралы Декларацияда зайырлы демократиялық мемлекет құру принципі қоғамның экономикасын, саяси, қоғамдық және рухани өмірін қайта құруды, сондай-ақ, тиісті құқықтық базаны қалыптастыруды талап етті.
Адам құқығы саласындағы әрекет етудің формаларының бірі республиканың халықаралық стандарттар мен принциптерге бағытталған республика аумағында адам құқығын қорғау принципін енгізу болмақ.
Бұрын қабылданған Қазақстан Республикасы Заңдары " Діни бірлестіктердің бостандығы туралы " (1993 жыл), " Саяси қуғын сүргін құрбандарын реабилитациялау ", " Азаматтарға психикалық көмек көрсетілген жағдайда оған көмек пен кепіл беру туралы " (1992 жыл), " Тұрғындардың көші қоны туралы " (1997 жыл), басқа да халықаралық құқық қорғау нормаларын қамтыған басқа да заңдар, ол республиканың адам құқығы ісіне маңызды көңіл бөлуі болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстанның халықаралық конвенцияны және келісімді қабылдауына байланысты ұлттық заңнаманы тиісті түрде сәйкестендірудің шараларын жүргізу керек.
Экономикалық реформалаудың қиындықтарына байланысты тұрғындардың өмірі азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз ету деңгейі де жақсармай отыр.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылдарында қоғамдық-саяси тұрақтылық адам құқығы мен бостандығының жалпыға ортақ жағдайын туғызу оны құрметтеу мен іске асыруға сенімді жағдайлар туғызады.
2002 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президентінің "Адам құқықтары жөніндегі лауазымдық Өкілеттікті бекіту туралы" Жарлығымен Қазақстан Республикасының адам құқығы жөніндегі Өкілетті институты құрылды.
Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары бойынша өкілетті институттың статусын сараптау Қазақстанда ерекше арнайыландырылған омбудсмен моделінің бар екендігі туралы айтуға мүмкіндік береді. Қазақстандық моделдің Өкілеттіліктің екі түрлі тағайындалу әдісін синтездеу, адам құқықтары бойынша Өкілеттілік туралы Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген Ережеге сәйкес (одан әрі Ереже) лауазымға Палата Парламенттерінің Комитеттерімен кеңескеннен кейін тағайындалады. Сонымен қазақстандық Конституция бойынша Президенттен шығатын өз билігін алған соң бірде бір билік тармағына кірмейтін Парламентке де Өкілетті атқарушы және заң шығару тармақтарынан тәуелсіз.
Өкілеттіліктің құзыры мен оның статусы Президент Жарлығымен бекітілген. Институттың тәуелсіздігі құқықтық процедуралармен кепілденген: тағайындау және лауазымнан алу тәртібі Өкілеттіліктің (5 Ереже) қызметіне заңсыз араласу, сондай-ақ Ережеде тура көрсетілген тәуелсіздік принциптерімен кепілденеді.
Институттың саяси бірегейлігі Өкілеттіліктің өз өкілеті барысында саяси партияларға және басқа да қоғамдық бірлестіктерге мүшелігін тоқтату, сондай-ақ барлық мемлекеттік органдардың қаралатын мәселелерінің нақты бір аяда ғана қаралуымен, одан басқа саяси маңызды шешімдердің қабылдануға тек саяси маңызды шешімді қабылдауға жауапты: Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттары, Үкімет, Конституциялық Кеңес, Бас Прокурордың, Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасының соттарынан басқа. (18 Ереже). Ол Өкілеттілік әрекет ететін алайда жобаланбайтын заңнаманың аясында түскен шағымды топтың әрекеттерінің Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық талаптарына сәйкес еместігі көзқарасымен бағалауға әкеп соғады. Ол Өкілеттілікті Қазақстан Республикасы адам құқығы мен бостандығына қатысты заңнаманы жетілдіруге ықпал ету мүмкіндігі мен қорғау әдістері мен формаларынан айырмайды, оның жалпы қабылданған халықаралық құқықтар принциптері мен нормаларынан айырмайды (19 Ереже).
Ереженің 21-бабына сәйкес Өкілетте қоғамдық маңызы көп жағдайларда өзінің жолдауын Президентке, Парламентке немесе Үкіметке жіберуге құқылы. Аталған өкілеттілік Өкілеттігі адам құқығына нұқсан келтіретін жағдайда саяси маңызды шешім қабылдауға қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен Өкілеттінің жалпы түрдегі заңнамалық регламенттілігі саяси индифференттігіне қол жеткізіледі.
Өкілеттінің ерекше функциясы адамдардың құқығының бұзылуы бойынша оны қалпына келтіру болып табылады. Сонымен қатар адам құқығын кеңейтуге байланысты бірнеше функциялар бар, олар білім беру әрекеттері, адам құқығы саласында халықаралық қызметтестік, мониторингілік және аналитикалық қызмет олар Париждік принциптермен қарастырылған ұлттық мекеменің функциялар тізіміне сәйкес келмейді.
Өкілеттінің актілері Ереже логикасына сәйкес қарапайым актілерге және әсер ету актілеріне бөлуге болады. Біріншінің санатына сұраулар мен хат жолдаулар кірсе, ал екінші санатқа ұсыныстар кіреді (24 Ереже). Алайда олардың барлығы нақты рекомендациялау сипатында болады. Кейде сұраныста егер адам құқығы бұзылғандығы нақтыланатын болса, бұзылған құқықты қалпына келтіруге нақты нұсқау береді. Париж принципі ұлттық мекеменің императивтік өкілеттігін нұсқамайды. Өкілеттінің Әрекетін Ереженің 30-тармағына сәйкес Ұлттық орталық қамтамасыз етеді, ол ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және басқа да Өкілеттінің Париждік принциптер талаптарына сәйкес Өкілеттінің ұлттық мекеменің әрекетін үзіліссіз қамтамасыз етіп отыратын инфроқұрылымның болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Өкілеттінің әрекеттері халықаралық тәжірибеде қабылданған халықаралық стандарттар нормасына сәйкес келеді.
Нақты азаматтың нұқсан келген құқын қалпына келтіру адам құқығын бұзуға жол берген мемлекеттік мекеменің әрекетінің тәжірибесін қайта қарауға стимулдауында. Өкілеттінің сұраулары мен ұсыныстарынан соң басқа да осындай жағдайларда азаматтарға аталған мемлекеттік органмен өзара қарым қатынас жасау барысындағы өз құқықтарын жүзеге асыруда қосымша күш керек емес. Одан басқа Өкілеттінің араласуы оның нақты бір жағдайды бағалауы қараудан бас тартқан жағдайдың өзінде шағым беруші шағым бойынша толықтай ақпарат алады. Шағымдармен жұмыс жүргізу, азаматтарды қабылдау институттың алғашқы кезектегі жұмыстары, ол мемлекеттік органдардың жұмыстарына мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын көтеруге ықпал етеді.
Осындай шағымды қараудан тыс бағыттардың бірі және мағынасы жағынан адам құқықтары мәселелерімен байланысты бағыттардың бірі ол ағартушылық жұмыстар болып саналады. Өкілетті институты үшін тұрғындарға адамның құқығын өз бетімен қорғауға қажетті білім беру өте маңызды.
Адам құқығын бұзудың алдын алуға бағытталған жұмыстардың екіншісі ол білім беру қызметі. Оқушыларды, студенттерді адам құқығын сыйлау мәдениетіне үйрету жақын арада дұрыс нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін. Аталған жұмыс нақты білім беру әрекеті ретінде және бағдарламалар жасау, оқыту әдістемесін жүргізу, білім беру шараларын өткізу, оның ішінде ең бірінші кезекте оқытушылардың білімін көтеру жұмыстары жүргізіледі.
Өкілеттінің аналитикалық әлеуетінің деңгейін арттыру үшін Эксперттік Консультациялық Кеңес сияқты құрылымдар құру қажет болды. Біріншіге тәжірибесі бар заңгерлер, ғалымдар, адвокаттар, басқа құқық қорғау құрылымдарының өкілдері кірді, екіншісіне - Астана қаласының ҮЕҰ мүшелері кірді. Эксперттік-аналитикалық әрекеттен өкілетті адам құқығын қорғаудағы неғұрлым көп проблема туындап тұрған саласындағы ақпараттарды жүйелеуге мемлекеттік органдардың жұмыстарындағы кемшіліктерді анықтауға еліміздің халықаралық келісімдерде Қазақстанның таныған құқық қорғау стандарттарына ықпал етуге мүмкіндік алады.
Жұмыстың нақты бір бағыттары ретінде халықаралық ұйымдармен, үкіметтік емес сектормен және басқа да азаматтық қоғамды құрайтын органдармен бірігіп қызмет етуі болып табылады.
Халықаралық өзара қызметтестік Өкілетті институтқа шетелде құқық қорғау тәжірибелерін, дәстүрін, құқық қорғау процесіндегі принциптерін қолдануға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні адам құқығы ұлт құқығы категориясы болудан қалды және онымен санаспауға болмайды. Адам құқығы саласында халықаралық стандарттарды қолдану - ол прогрессивтік тәжірибеге бет бұру болмақ және қазіргі заманғы құқық қорғау тәжірибесінің объективтік қажеттілігі. Нақты осы үшін Өкілетті институт халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен жұмыс жасауға көп көңіл бөледі.
Өкілеттінің әрекетінде адам құқығын қорғауды Ережемен нақты түрде көрсетілген басымдылықтар жоқ. Сонымен қатар Қазақстан қосылған халықаралық келісімдердің нормаларын имплентациялау қажеттілігіне байланысты 1979 жылғы әйелдерге қатысты барлық нәсілдік кемсітушіліктерді жою туралы Конвенция, 1984 жылғы жазалау мен көңіл аударудағы адами емес немесе оның ар намысына тиетін қинау мен басқа да қатал жазаларға қарсы Конвенция, 1989 жылғы бала құқығы туралы Конвенциясы, Азаматтық және саяси әлеуметтік, мәдени және экономикалық құқықтар туралы Халықаралық Пакт, сондай-ақ БҰҰ комитеттерінің Қазақстанға қатысты ұсыныстарын ескеру - қызметті арнайыландыруды талап етеді. Республиканың халықаралық міндеттерінде көрсетілген мониторингті сақтауды орындай отырып Өкілетті институтты әлеуметтік-ерекшеленген әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топтардың құқығын қорғау бойынша жұмыстар жүргізудің бес бастамшылдық бағыттарын айқындады: балалар, әйелдер, мүмкіндігі шектелген қарт адамдар, пенитенциялық мекемелерде тұратын сотталғандар. Қоғамның бүгінгі күнгі жағдайы аталған тұрғындар тобы нақты көмекке зәру. Өздерінің құқықтарын әр түрлі себептерге байланысты қорғауға мүмкіндіктері болмай тұрып, олар Өкілеттінің ерекше көңіл бөлетін нысаны болмақ.
14. Комитет мемлекет-қатысушының үкіметтік емес ұйымдарды мерзімдік баяндама дайындауды әзірлеуге тартуды күшейту туралы ақпараттың аздығын ескертеді. Және биліктің азаматтық қоғамның әрекетін шектеуге байланысты өзінің алаңдаушылығын білдіреді, оған нәсілдік кемсітуге қарсы мәселелермен айналысатын ұйымдар да кіреді.
Комитетте азаматтық қоғамның ролінің Конвенцияның толықтай іске асыруының маңызды екенін астын сызып көрсетеді және мемлекет-қатысушыға - адам құқығын кеңейтуге ықпал ететін және нәсілдік кемсітушілікке қарсы азаматтық қоғам ұйымының әрекет етуіне барлық заңдық тәжірибелік әкімшілік бөгеттерді жоюды ұсынады. Одан басқа Комитет келесі мерзімдік баяндаманы дайындау кезінде солармен кеңесуін ұсынады.
Қазақстан Республикасында адам құқығын қорғау мәселесімен бірнеше Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), адам құқығын сақтаудың және заңдылықты сақтаудың Қазақстандық халықаралық бюросы, Қоғамдық "Хартия за права человека", Алматы Хелсинг комитеті, Сөз бостандығын қорғаудың Халықаралық қоры "Әділ сөз". Олар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқығы бойынша Өкілеттілікпен және басқа да бірнеше мемлекеттік құрылымдармен тығыз түрде қызметтеседі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі "үшінші сектордың" өкілдерін адам және азаматтардың құқын қорғау салаларындағы бастамаларына көп шақырады.
15. Комитет мемлекет-қатысушыға Дурбан декларациясының сәйкес келетін ережесін ескеруге және Конвенцияны ішкі құқықтық жүйеде оның ішінде оның 2-7-баптарына қатысты қолданған жағдайда әрекет ету Бағдарламасын ескеруді ұсынады. Сонымен қатар өзінің келесі мерзімдік баяндамасына Дурбандық декларация мен Бағдарламаны ұлттық деңгейде қолдануды жүзеге асырудың тәртібін көрсетуді ұсынады.
Қазақстан Республикасы интенсивті жұмыстар жүргізіп, басқа мемлекеттермен және аумақтық/халықаралық ұйымдармен қызмет жасауды ұлттық деңгейде нақты шаралар қабылдап отыр (Қазақстан БҰҰ Жоғары Комиссарының босқында ісі жөніндегі Басқармасымен және Халықаралық көші қон Ұйымымен, Халықаралық Қызыл ай мен Қызыл крест комитеттерімен) адам құқығын қорғау салаларында тығыз байланысып жұмыстар атқарып отыр (нәсілдік кемсіту, ксенофобия және осыған байланысты шыдамсыздық көрсету, әр түрлі пандемияларға ұшыраған адамдарға деген көзқарас тағы басқа).
Қазақстан Республикасының бейбітшілік қоғамдастығының мүшесі ретінде Қазақстан Республикасы босқындардың мәселелерін мемлекеттің көші қонға қатысты саясатына сәйкес шешеді. Бұл Қазақстанның таңдап алған курсының, БҰҰ Жарғысымен адам құқығының Жалпы Декларациясымен бекітілген дұрыс жалғасы болып табылады, ол Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының босқындар статусы туралы Конвенцияға және босқындардың статусына қатысты Хаттамаға қосылуы туралы" 1998 жылдың 15 желтоқсандағы Заңымен бекітілген.
Босқындардың құқықтық жағдайлары Қазақстан Республикасы "Тұрғындардың көші қоны туралы" Заңымен реттеледі және басқа да Қазақстан Республикасы құқықтық актілерімен реттеледі. Қазақстан БҰҰ 1951 жылғы Конвенциясына және 1967 жылғы босқындарға қатысты Хаттамасына қосылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы 1965 жылы 21 желтоқсанда қабылданған Халықаралық нәсілдік кемсітушіліктің барлық формаларын жоюдың Халықаралық конвенциясына қосылды.
Босқындардың және оралмандардың құқықтарын қорғау проблемасын Қазақстан Республикасы тұрғындарының аталған топтарының мониторингісін жүргізу арқылы шешу және мемлекеттік органдарының білімін арттыруға бағытталған "Орталық Азияда пана жүйесін күшейту мақсатындағы әлеуеттің институционалдық дамуын күшейту бойынша әрекеті" жобасы, БҰҰ ЕСиУВКБ. Қазақстан Республикасында "Босқындар туралы" Заң жобасы талқылану үстінде. Осы мақсатта бірнеше министрліктер мүшесінен құралған және Қазақстан Республикасы ҰҚК мен Бас прокуратурадан тұратын жұмыс тобы құрылған. Аталған жұмыс тобының құрамына БҰҰ, ОБСЕ өкілдері және еліміздің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енгізілген.
Қазақстанда Үкімет деңгейінде адамды заңсыз шығару мен енгізу және адамды сатумен күрес мәселелер бойынша 2003 жылдың 26 қыркүйегінде құрылған комиссиясы жұмыс істейді. Комиссияның жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі болып табылады. Сонымен қатар, Үкімет екінші рет Қазақстан Республикасы Үкіметінің адамдарды сатумен байланысты қылмыстардың алдын алу мен оның алдын алудың екі жылдық Жоспарын қабылдап отыр.
БҰҰ трансұлттық ұйымдасқан қылмысына қарсы Конвенциясына және оны толықтыратын екі Хаттамасына қосылады. Осыған сәйкес заң жобасы талқыланып, Қазақстан Республикасы ІІМ "1926 жылдың 25 қыркүйегіндегі құлдық туралы Конвенциясын, 1953 жылғы 7 желтоқсандағы құлдық туралы Конвенциясына өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға және құлдықты, құл сатуды жою туралы және салт дәстүрлер мен осы саладағы институттарды жою туралы 1956 жылдың 7 қыркүйектегі Қосымша Конвенцияға" қосылу жоспарлануда. Адамдарды сатуға қарсылық бойынша жұмыстар Қазақстан Республикасының Үкіметінің үнемі бақылауында тұр.
Қазақстан азаматының Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік ететін құқығы сақталып отыр. Әр адамның өз құқығы мен бостандығын жолдаудағы теңдігі кепілденген. Барлық деңгейдегі оқу орындарының оқу бағдарламаларында қаралған және ұлт аралық және нәсіл аралық тәрбие беру барысында әр түрлі шаралар өткізу орындалып отыр.
Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңының 3-бап сәйкес білім беру саласындағы мемлекеттің саясатының негізгі принциптері басқалармен қатар, Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының теңдігі, барлық деңгейдегі білім берудің тұрғындардың барлығына бірдей мүмкіндігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының барлық азаматтары этникалық, нәсілдік діни, әлеуметтік шығуына қарамастан білім алуға тең түрде қол жеткізе алады оның ішінде туған тілінде. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы жанында Қазақстан Республикасы аумағында тұрып жатқан Ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істеп тұр. НКЦ жексенбілік мектептер жұмыс істейді, онда тілдер мен мәдениет және туған елінің тарихы оқытылады.
Қазақстан - әлемдегі ең бір көп ұлтты мемлекет оған өзінің ішкі саясатын барлық ұлттар мен халықтардың мүдделерін қамти отырып жүргізу маңызды. Осыған сәйкес мемлекеттік саясатта этникааралық қатынастардың үндестігіне көп көңіл бөлінуде. Ұлттық саясаттың бірігуіндегі принцип ұлттық ерекшеліктерге құралмай азаматтыққа құрылған және өте қарапайым: біз барлығымыз біртұтас тәуелсіз Қазақстанның халқымыз.
16. Сонымен қатар Комитет мемлекет-қатысушыға қоғам арасына өз баяндамасын оның ұсынылған күнінен бастап кең түрде таратуды және сондай түрде осы баяндама бойынша ескертулерді жариялауды ұсынады.
Аталған ескерту есепке алынды. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, министрліктер мен ведомствалар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы, ұлттық мәдени орталықтар, білім беру мекемелері, ғалымдар мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен ұлттық баяндаманы қоғамдастыққа тарату саласында бірнеше шаралар өткізілді.
17. Комитет мемлекет-қатысушы Конвенцияның 14-бабында көрсетілген факультативтік өтініш жасамағандығын ескертеді және осы мәселені қарастыруды ұсынады.
Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі жанындағы Халықаралық гуманитарлық және халықаралық келісімдер бойынша Ведомствааралық Комиссияның адам құқықтары бойынша бесінші хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандардың жою Халықаралық конвенцияның 14-бабына сәйкес Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі Комитеттің құзыретін тану туралы Қазақстан Республикасының өтініші жөніндегі Халықаралық Конвенцияның көрсетілгендей нәсілдік кемсітудің барлық формаларын жою туралы Жарлығын дайындап Үкіметке енгізілуде.
18. Комитет нақты түрде қатысушы мемлекеттен 1992 жылы 15 қаңтарда Бас Ассамблеяның он төртінші Кеңесінде қабылданған оны резолюциялауды 47/111 қолдаған Конвенцияның 8-бап 6-тармағындағы түзетулерді бекітуді ұсынады. Осыған байланысты Комитет Бас Ассамблеяның 57/194 резолюциясына сүйенеді, онда Ассамблея мемлекет-қатысушыны осы түзетудегі ұлттық процедураларды ратификациялауды жеделдетуге шақырады және Бас хатшыны онымен келісетіндіктері туралы шұғыл түрде мәлімдеуін ұсынады. Осындай шақыруды Ассамблея өзінің 58/160 резолюциясында көрсетті.
Мемлекет-қатысушының он төртінші Кеңесінде 1992 жылдың 15 қаңтарындағы Халықаралық Конвенциядағы түзетулерге сәйкес жаңа тармақ 8-баптың 7-тармағы ретінде енгізілді "Аталған Конвенцияға сәйкес бекітілген Бас Ассамблеяның келісімімен БҰҰ қорынан осы жағдайларда Бас Ассамблея бекіткен Комитет Мүшесі сыйақы алады".
Қосымша
"Қазақстанда ұлттық қатыстылығы бойынша адам құқықтарын сақтау мәселесінің жағдайы" тақырыбы бойынша "Қазақстан. Құнарлы ұрпақ" қоғамдық бірлестігімен өткізілген
Социологиялық зерттеудің бағдарламасы
I. Әдістемелік бөлім
І.І. Тақырыптың өзектілігі
Қазіргі таңда, жаһандану кезеңінде әр түрлі нәсілдердің, этностардың және ұлттардың адамдары арасындағы өзара қарым-қатынас мәселесі аса өткір. Нәсілдік, этникалық, ұлттық кемсітушілік мәселесі ешқашан жоғалмай, қандайда бір тарихи уақыт кезеңінде қалыптасқан саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты белгілі бір дәрежеде әрқашанда болған.
XX ғасырдың басы-ортасының қателіктері қайталамас үшін, Біріккен Ұлттар Ұйымы 1963 жылдың 20 қарашада нәсілдік кемсітулердің барлық нысандарын жою туралы Декларацияны жариялады (Бас Ассамблеяның 1904 резолюциясы (XVIII). Ол "барлық дүниежүзіндегі нәсілдік кемсітулердің барлық нысандары мен көріністерін тез ара жою қажеттілігін салтанатты түрде хабарлайды". Дүниежүзілік қауымдастық Бас Ассамблеяның резолюциясымен 2106 (XX) бекітілген 1965 жылдың 21 желтоқсанындағы "Нәсілдік кемсітулердің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны" қабылдады және 1969 жылдың 4 қаңтарында күшіне енді.
Бүкіл дүниежүзіндегі, оның ішіндегі тәуелсіз Қазақстандағы, байқалған мәдениеттердің, тілдердің, және әр түрлі діни нанымдардың бірігуі, ұлттық тұтастылық пен этностың өзгешелігінің жоғалуына әкеле алады, ал бұл, өз кезегінде, қоғамдық ұлтаралық тенденциялардың дамыту себептерінің бірі. Оның нәтижесінде ұлтаралық, этникааралық, нәсіларалық қақтығыстар туындайды.
Азаматтық қоғамды құруға талпынған әрбір тәуелсіз мемлекеттің міндеті - қалыпты отаншылдық пен национализмнің арасындағы шекараны бұзбай, мақсатты жұмысты тұрақты түрде ынталандыру.
Қазақстандық ұқсастықты қалыптастыру және нығайту үшін, этникааралық гармониялық қатынастарды дамыту үшін, Қазақстанда тұратын барлық этникалық топтар мәдениеттерінің өзара әрекеттесуі үшін Қазақстан халықтарының Ассамблеясы, сондай-ақ көптеген ұлттық-мәдениеттік бірлестіктер құрылды.
Бұндай бағыттың өзектілігін Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев белгіледі: "... Ұлтаралық бірлік баршамыздың қауіпсіздігіміздің, тұрақтылығымыздың, Қазақстанның экономикалық және саяси дамуының негізі әрі азаматтық және жалпыұлттық келісушілікті сақтау болып табылады және елдегі бейбітшілік пен тыныштылықты қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының дүниежүзіндегі 50 бәсекеге жарамды елдердің санына кіру үрдісі болып жатқанда бұл бағыттағы жұмыс өзекті...".
1.2. Проблемалық жағдай
Қазіргі тәуелсіз Қазақстанда көптеген ұлттар бірге тату өмір сүре алатын ерекше жағдайда яғни, Қазақстан көпұлтты және көп конфессиялы ел болып табылады. Бірақ тұрақтылықты қолдау үшін заңдылықты жетілдіруге, қабылданған заңдарды жүзеге асыру механизмін жақсартуға бағытталған тұрақты жұмыс, мемлекеттік органдардың үздіксіз түсіндірмелі жұмысы, адам құқықтарын қорғаумен, тілдер мен ұлттық мәдениеттерді дамытумен және тағы басқамен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың іс-әрекеттерінің белсендіруі қажет.
1.3. Зерттеу мақсаты
Қазақстанда адам құқықтары нәсілдік, ұлттық және этникалық белгілері бойынша сақталынатындығын анықтау.
1.4. Зерттеу міндеттері
Қазақстан аумағында этникалық азшылықтарға қатысты нәсілдік кемсітулердің қандайда бір белгілерінің болуын анықтау;
1. Түбірлі ұлттың Қазақстанда тұратын этникалық азшылықтарға толеранттық дәрежесін анықтау;
2. Адамдардың ұлттық белгілері бойынша өздерінің құқықтары мен бостандықтары туралы хабардарлықтарының деңгейін анықтау;
3. Әр түрлі этникалық топтардың құқықтары мен бостандықтары қай облыстарда бұзылатындығын анықтау (ұлттық, этникалық белгілері бойынша).
1.5. Зерттеу пәні
Зерттеу пәні ретінде адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзуын анықтау (ұлттық белгілері бойынша).
1.6 Зерттеу нысандары
Қазақстанның жеті облысының - Қарағанды, Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда, Талдықорған, Ақтөбе облысының тұрғындары.
1.6. Зерттеу гипотезалары
1. Нәсілдік (этникалық, ұлттық негіздегі) сияқты кемсітулер Қазақстанда кездеспейді.
2. Анықталған нәсілдік кемсітулердің фактілері жеке және елдегі жағдайды шынайы көрсете алмайды.
3. Қазақстанда ұлттық белгілері бойынша жабық түрдегі кемсітулер бар.
4. Қазақстанда ұлттық белгілері бойынша (этникалық, нәсілдік белгілері) анық көрініс тапқан кемсітулер кездеседі.
II. Тәсілдік бөлім
2.1. Алғашқы социологиялық ақпаратты жинау әдістері
Социологиялық ақпаратты жинау әдістері - сұрау. Сұраудың түрі-сауалнамалау.
2.2. Зерттеуді өткізу орны, уақыты, құралдардың атауы
Сауалнама Қазақстанның бес аймақтарында (орталық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік аймақтар), 1 - 30 тамызға дейін өткізілді.
Сауалнама: "Қазақстандағы ұлттық белгілері бойынша адам құқықтарын сақтау мәселесінің жағдайы".
2.3. Құралдардың сипаттамасы:
Сұрақтардың барлығы - 30 мазмұны бойынша: мінез-құлқы фактілері туралы - 10
N 5, 7, 8, 9, 11, 12, 13, 14, 15, 19
таным фактілері бойынша - 12
N 3, 4, 6, 10, 16, 17, 18, 20, 21, 22, 23, 24
сауалнамаға жауап берушінің тұлғасы туралы - 6
N 25, 26, 27, 28, 29, 30
нысаны бойынша: жабық - 26
ашық - 4
2.4. Таңдау:
2558 адам (100%) сұралды, олардың ішінен
(25) 963 (37,6%) қазақ
935 (36,5%) орыс
169 (6,6%)украин
58 (2,2%) өзбек
110 (4,3%)неміс
277 (10,8%) басқа ұлттардың өкілдері (әзербайжандар, армяндар, белорустар, грузиндар, дұнғандар, еврейлер, кәрістер, күрдтер, лезгиндар, литвалықтар, молдавандар, мордвалар, поляктар, тәжіктер, түрікмендер, ұйғырлар, цыгандар, шешендер, шуваштар).
46 (1,8%) сауалнамаға жауап бергендер осы бағананы толтырмады.
(26) 949 адам (37%) 18-ден 29-ға дейінгі
518 адам (20,2%) 30-дан 36-ға дейінгі
435 адам (16,9%) 37-ден 45-ке дейінгі
288 адам (11,2%) 46-дан 54-ке дейінгі
184 адам (7,2%) 55-тен - және одан жоғары
184 адам (7,2%) осы бағананы толтырмады.
(27) 1582 сауалнамаға жауап бергендер (31,8%) - әйел адамдар
907 сауалнамаға жауап бергендер (35,4%) - ер адамдар
69 сауалнамаға жауап бергендер (2,7%) осы бағананы толтырмады.
(1 кестені қарау)
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
1 Кесте. Жыныстық-жастық көрсеткіштер
(28) 378 сауалнамаға жауап бергендер (14,8%) орта білімдері бар
916 сауалнамаға жауап бергендер (35,8%) арнайы орта білімдері бар.
1134 сауалнамаға жауап бергендер (44,3%) жоғары білімі бар.
130 сауалнамаға жауап бергендер (5%) осы бағананы толтырмады.
(29) 1980 сауалнамаға жауап бергендер (77,4%) қала тұрғындары (Абай, Ақтау, Алматы, Астана, Есіл, Қарағанды, Қарқаралы, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Пришахтинск, Семей, Степняк, Теміртау, Өскемен, Орал қ.қ.);
544 сауалнамаға жауап бергендер (22%) ауыл және кенттердің тұрғындары (Ақкөл, Бейбітшілік, Гагарина, Егіндібұлақ, Қарабас құрылыс, Жаңа-Арқа, Заря, Мақпал, Марқакөл, Невалық, Приреесная, Еңбекшілер, Топар, Ушаново);
36 сауалнамаға жауап бергендер (1,4%) осы бағананы толтырмады.
(28) 2409 сауалнамаға жауап бергендер 94,1%) Қазақстан Республикасының азаматтары;
49 (1,9%) сауалнамаға жауап бергендер (1,4%) осы бағананы
толтырмады.
Таңдау түрі - зілзала. Байқау бірлігі болып, Қазақстанның бес
аумақтарында мекен ететін адамдардың контингенті.
2.5. Эмпирикалық мәліметтерді өңдеу әдісі
Эмпирикалық мәліметтерді өңдеу әдісі - қол әдісі.
2.5. Зерттеудің тәжірибелік мәні
Осы материал мемлекет саясатының ұлттық мәселелерімен айналысатын мамандар үшін нақты тәжірибелі мәнді.
2.7. Сауалнама
Құрметті сауалнамаға жауап беруші!
Біздің ұйымымыз "Қазақстандағы ұлттық белгілері бойынша адам құқықтарының сақталуы туралы мәселесінің жағдайы" тақырыбына зерттеу жүргізіп отыр. Сізге жауап беруге тиісті сұрақтар ұсынылады. Тиісті жауаптың нұсқамасын дөңгелетуіңізді сұраймыз. Зерттеу анонимді сипатқа ие, алынған мәліметтер жалпылай түрде беріледі. Сізді сауалнамаға қатысқаныңыз үшін алдын ала алғысымызды білдіреміз!.
1. Сіз Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаумен айналысатын ұйымдарды білесіз бе?
А) иә Ә) жоқ Б) жауап беруге қиналып тұрмын.
2. "Иә" болса, бұл қандай ұйымдар?
А) ____________________________________________________
3. Сіздің ойыңызша кемсіту дегеніміз не?
А) _____________________________ Ә) білмеймін.
4. Сіздің көзқарасыңыз бойынша Қазақстанда ұлттық белгілерге байланысты кемсітушілік мәселесі бар ма?
А) иә, бұл мәселе қазіргі кезде өте өткір
Ә) жоқ, біздің мемлекетімізде ондай мәселелер кездескен жоқ.
Б) кемсітулер кездеседі, бірақ олардың кездесетін жағдайлары жекелей, және мен жағдайдың барлығын біле алмаймын
В) олар күнделікті өмірде жабық және тұрақты түрде кездеседі.
Д) жауап беруге қиналып тұрмын.
5. Сізге Қазақстандағы ұлттық белгілері бойынша құқықтарды кемсіту жағдайлары белгілі ме?
А) иә, белгілі, бұл барлық деңгейлерде кездеседі
Ә) жоқ, белгілі емес.
6. Егер Сіз Қазақстан аумағындағы қандайда бір ұлты (этнос, нәсіл) кемсітілді деп санасаңыз, онда қандай екенін көрсетіңіз (егер ондай болса, ұлтын, этносын, нәсілін көрсету)
А) сіздің нұсқауыңыз ________________________
Ә) менің ойымша, бұндай мәселелер Қазақстан үшін өзекті емес.
7. Сіздің құқықтарыңыз бұзылса және кемсітілсе (ұлттық, этникалық, нәсілдік белгілері бойынша), Сіз сотқа жүгінесіз бе?
А) иә, міндетті түрде
Ә) жоқ, бұның қажеті жоқ
Б) иә деп айтқаннан гөрі, жоқ шығар
В) жоқ деп айтқаннан гөрі иә шығар
Д) басқасы __________________________
8. "Жоқ" болса (сотқа жүгінбеген жағдайда), неге?
А) тиісті заңдардың жоқтығы
Ә) бұндай істер іс жүзінде болмайды
Б) мен Қазақстандық сот жүйесіне сенбеймін
В) уақытты бос жібересің, бәрі бір түкте шықпайды.
Д) басқасы ________________________________
9. Сізде достарыңыз бен жақын таныстарыңыз арасында басқа ұлттың (Сіздікі емес) тұлғалары бар ма?
А) иә, әрине Ә) жоқ Б) басқасы ________________
10. Сіз аралас некелерге қалай қарайсыз?
А) оң қараймын Ә) теріс қараймын Б) бейтарап Г) жауап беруге қиналып тұрмын
11. Сіздің балаңыз басқа ұлттың адамымен неке қиса, сіз теріс қарайсыз ба?
А) иә, мен мүлдем теріс боламын
Ә) жоқ, адамның ұлтына мен ешқандай көңіл бөлмеймін
Б) жауап беруге қиналып тұрмын
12. Сіз өзіңіздің балаңызды мемлекеттік тілде үйрететін мектепке бересіз бе?
А) ондай қажеттілік бар
Ә) Жоқ, бұнда қажеттілік жоқ
Б) жауап беруге қиналып тұрмын
В) басқасы _____________________________
13. Сізге мемлекеттік тілді үйрену қол жетімді ме?
А) иә Ә) жоқ Б) бұл сұрақ мені қызықтырмайды
14. Сізге туған тіліңізді үйрену қол жетімді ме (жергілікті тұрғындар еместерге)?
А) иә Ә) жоқ
15. Сіздің ұйымыңызда жергілікті ұлттарға қарағанда, жергілікті емес ұлттардың тұлғаларын жиірек жұмыстан шығарады деп есептейсіз бе?
А) иә Ә) жоқ Б) басқасы__________________________
16. "Иә" болса, сіздің ойыңызша, бұл тек ұлттық белгілері бойынша бола ма әлде мемлекеттік тілді білмегендіктен бе?
А) мемлекеттік тілді білмегендіктен деп есептеймін
Ә) ұлттық белгілері бойынша деп есептеймін
Б) бұл әр түрлі себептерге байланысты және ұлттың бұл жерде ешқандай қатысы жоқ
17. Сіздің көзқарасыңыз бойынша, жергілікті емес ұлттардың өкілдері жергілікті ұлттардың тұлғалары сияқты жоғарғы шенге тұра ала ма?
А) Иә, олардың мүмкіндіктері бірдей.
Ә) Ол бұл шенді тек мемлекеттік тілді білмеген жағдайда ғана ала алмайды
Б) Жоқ, оның мүмкіндіктері аздау
18. Жергілікті емес ұлттардың өкілдерінде жұмысқа тең қол жетімдіктері бар ма?
А) иә, жұмысқа түсу үшін бірдей мүмкіндіктер орнатылды
Ә) жоқ, егер сен жергілікті емес ұлттың тұлғасы болсаң, жұмысқа түсу қиынырақ түседі
Б) жоқ деп айтқаннан гөрі иә шығар
В) иә деп айтқаннан гөрі, жоқ шығар
19. Сіз құқық қорғау органдары тарапынан ұлттық, этникалық негіздегі құқықтарды кемсіткен жағдайларымен кездестіңіз бе?
А) жоқ, бұндай жағдайларды кездестірмедім
Ә) иә, ондай жағдайлар жиі кездеседі
Б) ондай жағдайлар жекелей.
20. Қазақстандағы әр түрлі конфессиялардың көптігі ұлтаралық қатынастарға теріс ықпал етеді ме?
А) иә, көптеген конфессиялардың болуы ұлтаралық қақтығыстардың пайда болуына әкеледі
Ә) керісінше, ұлтаралық төзімділіктің деңгейін жоғарлатуына оң ықпалын тигізеді.
Б) жауап беруге қиналып тұрмын
21. Сіздің қандайда бір дінге бейілділігі кемсітудің себебі бола ала ма?
А) иә Ә) жоқ Б) дінге сенбеймін
22. Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы кепіл етілген құқықтар мен бостандықтардың барлығы сақталады ма?
А) иә
Ә) жоқ, олар жүйелі түрде бұзылады
Б) мен барлық құқықтарымды білмеймін, сондықтан да жауап беруге қиналамын
В) басқасы _______________________
23. Сіз "Нәсілдік кемсітулердің барлық нысандарын жою туралы Халықаралық Конвенциясымен" таныссыз ба?
А) иә, маған таныс
Ә) мен оның бар болуы жөнінде естідім, бірақ оның мазмұнын білмеймін
Б) жоқ, ондай құжат туралы естімедім
24. Сіздің ойыңызша, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын сақтау үшін мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар қандай шаралар қолдану керек?
Ұлты: |
Қазақ |
Орыс |
Украин |
Өзбек |
Неміс |
Жасы: |
18-29 |
30-36 |
37-45 |
46-54 |
55-және |
Жы- |
әйел ад. |
ер ад. |
|||
Бі- |
Орта (мектеп) |
Арнайы |
Жоғарғы (институт, |
||
Тұрғылықты |
Қала- |
Ауыл- |
|||
Азаматтығы: |
Қазақстан |
Қазақстан Республикасы |
III. Аналитикалық бөлім
Алынған мәліметтерді өңдеу:
Бұл зерттеудегі мақсатқа жету сұрақтарына 3 нұсқау берілген. Оларды салыстыруда сауалнамаға жауап берушінің осы мәселеге көзқарасын анықтауға болады: бұл сұрақ бойынша ақпараттандырылуының жағдайы, бұл сұрақ бойынша өз ойы, істің іс жүзіндегі жағдайы. Сонымен қатар, бірнеше тақырыптық бөлімдер ерекшеленді: сауалнамаға жауап берген тұлғасы жөніндегі жалпы мәліметтер, негізгі сұрақпен байланысты мәселелер: жұмысқа тұру, тіл мәселесі, сауалнамаға жауап берушіні мәселе бойынша ақпараттандыру, соттық-құқықтық жүйе, дін мәселелері, жеке сипаттағы сұрақтар.
(3) Кемсіту дегеніміз не? деген сұраққа сауалнамаға жауап берушілердің 60%-ы бұл түсінік туралы өз ұғымдары бар, 27% - кемсіту не екенін білмейді.
Салыстырмалы анализді өткізетін болсақ, онда 31,7%-і сауалнамаға жауап бергендер жоғарғы білімі бар, 19,1%-і арнайы орта білімі бар, 6,9%-і орта білімі бар тұлғалар терминге неғұрлым нақты анықтама бере алды. Осылайша, бұл сұраққа жауап беру тікелей түрде білім деңгейіне байланысты екенін көреміз.
(4) Қазақстанда нәсілдік кемсітушілік бар ма? Деген сұраққа сауалнамаға жауап берушілердің ойлары келісе бөлінді: сұралған 100%- тен 31,9%-і бізде ондай мәселе кездеспейді, 29,5% - кемсітулер бар, бірақ олардың кездесетіні жекелей және көрсеткіш ретінде бола алмайды деп жауап берді. Сонымен қатар, 7,4% сауалнамаға жауап берушілер кемсітулер ашық болмаса да, күнделікті өмірде кездеседі деп жауап берді. 4,5% сауалнамаға жауап берушілер бұл мәселе елде өзекті деген. Осылайша, 61,4% сұралғандар нәсілдік кемсіту мәселесі Қазақстанда жоқ, және жекелей оқиғалар елдегі осы мәселенің шынайы жағдайын көрсетпейді.
(5) Қазақстандағы ұлттық белгілері бойынша кемсітулердің нақты оқиғалары деген сұраққа сауалнамаға жауап берушілердің көбісі (72,5%) ондай оқиғаларды кездестірмедік деді, бірақ 15,5%-і мәселемен қақтығысты немесе таныстардан осы мәселе жөнінде естіді деп жауап берді, 5,6%-і сұраққа жауап беруге қиналды.
(6) Сауалнамаға жауап берушілерді олардың ойынша Қазақстанда нәсілдік белгілері бойынша кемсітілген ұлтты, этносты, нәсілді атауға тиіс ашық сұраққа жауап беруде келесі жауаптардың нұсқаулары алынды: жауап бергендердің 72,3%-і бұндай мәселелер Қазақстан үшін өзекті емес деп есептейді.
Сонымен қатар, Қазақстан аумағында этностардың қандайда бір өкілдері кемсітіледі деген қарама-қайшы ойлар да кездесті. Бұл 8,8% - қазақтар; 3,5% -орыстар; 2,6% - оралмандар; 1,7% - өзбектер; 1,5% - славяндар; 1,4% - "барлығы"; 1,2% - орыс тілді, 1,2% - кавказдар; 0,9% - еуропалық бейнелі тұлғалар; 0,8% - "қазақтардан басқалардың барлығы"; 0,3% - цыгандар (2 кестені көру).
Ұлттық белгілері бойынша кемсітулер
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Сауалнамаға жауап берушілердің екі жоғары көрсетілген сұраққа жауаптары республика тұрғын халқының жартысынан астамы кемсіту белгілерін мүлдем көрмейтінін көрсетеді. Сонымен қатар Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте ұлттық негіздегі қақтығыстардың туындауы міндетті түрде болады. Кесте 2-ден қалыптасқан жағдайдың ұнамағандардың ішінде көбінесе жергілікті тұрғын халқының өкілдер, оның ішінде ауыл жерлерден келгендер (8,8%) мен оралмандар (2,6%), елдің солтүстік аумақтарына ауысқан және мекен ететіндер кездескенін көрсетеді.
(1) Адам құқықтарын қорғауымен айналысатын ұйымдарды білесіз бе деген сұраққа 26,6%-і жауап бергендер біледі деп, 39,6%-і білмейді және 30,2%-і жауап беруге қиналып тұрмын деп жауап берді.
(2) Қазақстан аумағындағы адам құқықтарымен айналысатын нақты қандай ұйымдарды білесіз деген сұраққа жауаптардың бірнеше нұсқаулары ұсынылды, бұл -
- мемлекеттік құрылымдар (ҰҚК, ІІМ, прокуратура, аудандық, облыстық соттар, Қазақстан Республикасы Конституциялық соты, полиция, акиматтар, әділет органдары, терроризм бөлімі, тағы басқа);
- мемлекеттік емес құрылымдар (сауалнамаға жауап берушілердің 7,4%-і әр түрлі үкіметтік емес ұйымдарды атады, олардың ішінде - кәсіпкерлердің ассоциациясы, Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, "Заң және сот әділдігі" адвокаттық конторалары, кәсіподақтар, УК УИС жанындағы адам құқықтары жөніндегі бөлімі, омбудсмен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы, "Невада-Семей" қозғалысы, сондай-ақ адам құқықтарына байланысты мәселелермен айналысатын ұйымдардың жетекшілерінің тектері аталды);
- халықаралық ұйымдар (сұралғандардың 3,7%-і БҰҰ-ын, ОБСЕ-ні, омбудсменді, ЮНЕСКО-ны, Сорос қорын, Грин Пис-ті және тағы басқаны көрсетті).
0,9% - сауалнамаға жауап берушілер Қазақстанда адам құқықтарын қорғауымен "Отан" атты әрекет етпейтін партиясы мен қазіргі "Нұр-Отан" партиясы айналысатынын көрсетті.
Қорытындылай келгенде, сауалнамаға жауап берушілердің 100%-нің тек 0,6% сұралғандары ғана өзінің тұрғылықты жеріндегі адам құқықтарын қорғауымен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілердің тектерін атай алды.
(3) "Нәсілдік кемсітулердің барлық нысандарын жою туралы Халықаралық Конвенциясы" туралы тұрғын халықтың ақпараттануы жөнінде сұраққа 11,1% сұралғандары бұл құжатпен таныс екенін, 35% - оның бар болуы туралы естіді, бірақ оның мазмұнын білмейді деп, 50,3%-і - бұндай құжат туралы білмейміз деп жауап берсе, 3,4% - бұл сұраққа жауап бермеді.
Сауалнамаға оң жауап бергендердің қызметі (11,1%) талқыланатын мәселемен тікелей байланысты екенін белгілеу қажет.
(7) Әрі қарай сауалнамаға жауап берушілерге ұлттық белгілері бойынша құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда олармен жасалатын іс-әрекеттері жөнінде сұрақтар қойылды. Сұралғандар міндетті түрде сотқа жүгінеді - 32,5%; "жоқтан "гөрі "иә" -14,5%, "иәдан" гөрі "жоқ" - 22,3%, бұдан т.к шықпайды деп есептегендіктен, сотқа жүгінбейді - 24,9%.
(8) Олар сотқа неге жүгінбейді деген сұраққа келесі жауаптар алынды: тиісті заңдардың жоқтығы - 4,5%, бұндай істер іс жүзінде кездеспейді - 11,6%, сот жүйесіне сенім жоқ - 7,1%, уақытты (ақшаны, денсаулығын) бос кетіреді - 27,6%.
(19) Әрі қарай мынандай сұрақ қойылды: Сіз ұлттық, этникалық белгілеріне байланысты құқық қорғау органдардың тарапынан құқықтарды кемсіту жағдайларымен кездестіңіз бе: 54,5% сауалнамаға жауап берушілер "жоқ" деп жауап берді; 7,8% - ондай жағдайлар кездеспеді; 35,1% - бұндайлар жекелей түрде кездеседі деп жауап берген.
(22) Қазақстанда Сіздің кепіл етілген құқықтарыңыз бен бостандықтарыңыз сақталады ма деген сұраққа жауаптардың келесі нұсқаулары көрініс тапты (кесте 3 қарау):
Кепіл етілген құқықтар мен бостандықтар сақтала ма?
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
(13) Мемлекеттің тіл саясаты мен мемлекеттік тілдің ролін жоғарлатуына байланысты келесі сұрақтар қойылды: Сізге мемлекеттік тілді үйрену қол жетімді ме? "иә" - 67,9% жауап бергендер, "жоқ" - 19%, "бұл сұрақ қызығушылық тудырмайды" - 11,2%.
Сауалнамаға жауап берушілер өз талқылауларында мемлекеттік тілді оқытудың жоғарғы деңгейінің болуын қалайды, оқытудың жаңа интерактивті әдістерін қолдану қажет деген ойлар айтты.
(14) Туған тіліңізді үйрену Сізге қол жетімді ме деген сұраққа (жергілікті ұлттарға қатысты емес) көбісі - 65,8% - оң, 11,8% - сауалнамаға жауап берушілер "жоқ" деп жауап берді.
(12) Осылайша, сұралғандардың 56,2% -і өзінің баласын мемлекеттік тілдегі оқуындағы мектепке беруге дайын; олардың 27,6% қазақтар, 28,6% жергілікті емес ұлттардың өкілдері, 15,8% сұралғандар мемлекеттік тілде оқытылатын мектептерде білім деңгейінің төмендігіне орай оң жауап беруге қиналды.
(18) Жергілікті емес ұлттардың өкілдері жұмысқа түсулеріне бірдей қол жеткізе ала ма деген сұраққа сауалнамаға жауап берушілердің жартысы (50,6%) - "иә, жұмысқа тұруға тең мүмкіндіктер бар" деп, 17,4% "жоқтан гөрі иә шығар" деп жауап берді, 12,9% - "иәдән гөрі, жоқ шығар", 16% сұралғандары - "сен жергілікті ұлттың адамы болмасаң, жұмысқа түсу қиынырақ түседі" деп жауап берді (кесте 4 қарау).
Жергілікті ұлттардың өкілдері жұмысқа түсулеріне бірдей қол жеткізе алады ма?
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Кесте 4. Жұмысқа бірдей қол жетімдік
(17) Кемсіту белгілері болған қоғамда жұмысқа түсу үрдісі, қандайда бір жоғарғы шенді, лауазымды алу қиынға түседі, ал жергілікті емес тұрғын халқының мәртебелік ұстанымдары мен артықшылықтары бар шендер/лауазымдар іс жүзінде қол жетімсіз. Проблемалық жағдайды анықтау үшін келесі сұрақ қойылды:
Жергілікті емес ұлттардың өкілдері, жергілікті ұлттардай, қандайда бір шенді алуға бірдей мүмкіндіктері бірдей ме? 56,8% сауалнамаға жауап берушілер "мүмкіндіктері бірдей"; 13,9% -і "мүмкіндіктері азырақ" деп жауап берді, бұл көбінесе мемлекеттік қызметке байланысты.
Қазақстанның аумағында жұмыс істейтін халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялары жөнінде сөз қозғалған кезде, бұл ұйымдардың жетекшілері "қазақ" еместерге басымдылық береді. Сонымен қатар 25,9% сауалнамаға жауап берушілер ізденуші мемлекеттік тілді білмесе, ваканттық орнын ала алмайды деп есептейді.
(15) Сіздің ұйымыңызда жергілікті ұлттардан гөрі жергілікті ұлттардың адамдарын жиі жұмыстан шығарады деп есептейсіз бе деген сұраққа - 13,3% сұралғандар "иә" деп жауап берсе, сауалнамаға жауап берушілердің көбісі - 76,9% - бұл нанымды жоққа шығарып, барлығы жетекші мен жұмыскердің кәсіпқойлығына байланысты деп көрсетеді.
(16) Ұлттық белгілеріне байланысты жұмыстан шығару жағдайлары кездеседі деп есептегендердің ішінен (13,3%) сұралғандардың ішінде бұл ұлттық тегіне байланысты (9,7%) және бұл мемлекеттік тілді білмегендіктен болады деп жауап берді, 27% сұралғандары жұмыстан шығарулар орын алса да, әр түрлі себептерге байланысты және бұнда ұлттың ешқандай қатысы жоқ деп есептейді.
(20) Дүниежүзінде қазіргі жанжалдарда негізгі идеологиялық күш салынғандықтан және жанжалдардың катализаторы болып табылғандықтан, Қазақстандағы конфессиялардың (діндердің) көптігі ұлтаралық қатынастарға теріс ықпалын тигізе ме деген сұраққа - тек 8% сұралғандары бір аумақтағы конфессиялар мен діндердің көптігі ұлтаралық араздылығына әкеледі деп жауап берсе, 33%-і керісінше бұл жағдай қоғамдағы жалпы атмосферасына оң ықпалын тигізеді және ұлтаралық төзімділік деңгейінің жоғарлауына әкеледі деп есептейді; 26,9% - бұл сұраққа жауап беруге қиналып тұрмын деп көрсетті.
(21) Сіздің дінге деген бейілділігіңіз қандайда бір дінді кемсітудің себебі бола ала ма деген келесі сұраққа 73,4% -"жоқ" деп, сауалнамаға жауап берушілердің 2,5%-і - "иә" деп жауап берді; 13,7% - дінге сенбейтіндер; 8,1% - жауап бермеді (кесте 5 қарау).
Дінге деген бейілділік қандайда бір дінді кемсітудің себебі бола ала ма?
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Кесте 5. Діни факторы.
(10) Аралас некелерге сауалнамаға жауап беруші қалай қарайды деген сұраққа 47,2% "оң", 16,3% "теріс", 29,8% бейтарапты, 3%-і "жауап беруге қиналып тұрмын" деп жауап берсе, 3,4% бұл сұраққа жауап бермеді. Алынған нәтиже сұралғандардың көбісі (77%) жалпы алғанда ұлтаралық некелерге оң/бейтарапты қарайды.
Аралас некелерге "теріс" қарайтындардың (16,3%) ішінде 10,2% - жергілікті ұлттың өкілдері, 5,9% - жергілікті емес ұлттардың өкілдері.
(11) Тәжірибелі іс-әрекеттерге байланысты балаңыз оның ұлтының адамымен неке қиса деген тексеру сұрағына 22,4% аралас некеге мүлдем қарсы болады деп, 51,8% адамның ұлты бұл жағдайда ешқандай мән бермейді деп жауап берді, 23,5% жауап беруге қиналды, 1,9% бұл сұраққа жауап бермеді.
Аралас некеге мүлдем қарсы болғандардың ішінен (22,4%) - 12,9% - жергілікті ұлттың өкілдері болса, 6,1% - жергілікті емес ұлттардың өкілдері.
Бұл мәселеде ұлттың ешқандай қатысы жоқ деп есептейтейтіндердің ішінен (51,8%) - 15,3% - жергілікті ұлттың өкілдері, 35,6% - жергілікті емес ұлттардың өкілдері (кесте 6 қарау).
Аралас некелерге қарым-қатынасы
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Кесте 6. Аралас некелерге қарым-қатынасы.
(9) Өзінің қарым-қатынас шеңберінде басқа ұлттың (Сіздікі емес) тұлғалары бар ма деген сұраққа көбісі 89,0% "әрине, иә" деп жауап берсе, 8,5% "жоқ" деп жауап берді.
(24) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтар мен бостандықтарын сақтау үшін мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың қолдануға тиесілі шаралар туралы ашық сұрақты өңдеу келесі неғұрлым жиі кездесетін жауаптардың нұсқаулары берілді:
1) екі мемлекеттік тілді - қазақ және орыс тілдерін қабылдау;
2) Мемлекеттік тілді игеруді жеделдетпеу;
3) Мемлекеттік тілді мектептерде тереңдетіп оқытуды бастау;
4) Даулар болмас үшін бір тілді (мыс. қазақ тілін) енгізу;
5) Қазақстан Республикасы Заңы мен Конституциясын қатаң түрде
сақтау, бұзылуда қатаң жазалау, сондай-ақ ұлттық белгілеріне
байланысты жасалған қылмыстар үшін жазалау шараларын қатайту;
6) Кемсітудің барлық жағдайларына жоғарлатылған көңіл беру;
7) Тұрғын халықты құқықтары, бостандықтары мен міндеттері
жөнінде БАҚ арқылы ақпараттандыру жұмыстары, сондай-ақ
жасалған жұмысты мемлекеттік органдардың БАҚ-да, ҮЕҰ-да, тағы
басқада көрсету, бұл тақырыпқа семинарлар, дөңгелек үстелдер
мен конференциялар өткізу;
8) Жергілікті емес тұрғын халықтың мемлекеттік мекемелер мен
Үкіметте, негізгі орындарында, олардың мемлекеттік тілді білу
жағдайында, пайызын арттыру;
9) Төзімділікті тәрбиелеу, жастар арасында этникааралық,
ұлтаралық бірлікті насихаттау;
10) Паспортта/жеке куәлікте "ұлт" деген бөлімді алып тастау;
11) Қос мемлекеттік азаматтықты енгізу;
12) Сыбайлас жемқорлықпен күресу. Пара алу үшін жаза шарасын
күшейту.
59,5% - бұл сұраққа жауап бермеді.
Жүргізілген социологиялық сауалнама келесі нәтижелер жасауға көмектесті:
1. Сұралғандардың 7,4%-ы бұл мәселенің бар болуы жөнінде айтады, осылайша, Қазақстанда нәсілдік (этникалық, ұлттық белгілері бойынша) сияқты кемсітулердің бұндай нысандары жоқ деген гипотеза дәлелденбеді.
2. Сұралғандардың 86,9%-і ұлттық белгілері бойынша қатты өрнектелген кемсітулер мәселесі Қазақстан үшін өзекті емес, сәйкесінше, төртінші гипотеза расталды.
3. Қазақстандағы барлық іс-әрекеттерде ұлттық белгілері бойынша жасырылған кемсітулер бар деген үшінші гипотеза жекелей расталады. Бұл келесі жағдаймен түсіндіріледі: саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсартылуы және осыған байланысты жергілікті тұрғын халықтың отаншылдық және ұлтшылдық сезімдерінің өсуі, төменгі дәрежелі білімдегі ауыл тұрғындары арқылы қала тұрғындарын көбейту, жүргізілетін тіл саясаты қоғамдағы шиеленісудің өсуіне әкеледі, бұл, өз кезегінде ұлтаралық қатынастарда көрініс табады. Сонымен қатар елде ұлттық белгілері бойынша кемсітулермен байланысты жағдайларды шешетін сот жүйесінің механизмі жеткілікті түрде жетілмеген. Тұрғын халқы өзінің құқықтары мен бостандықтары жөнінде аз ақпараттанған, бұл тұрғын халықтың осындай мәселелерді шешудегі белсенділігінің төмен болуында көрініс табады.
4. Сауалнамаға жауап берушілердің кіші пайызы (5,5%) осы мәселемен кездесті немесе бар болғандығы жөнінде таныстардан естіді. Бірақ бұл тұрмыстық, тұлға аралық деңгейде және өмірдегі әр түрлі салаларында кездеседі. Қазақстандағы нәсілдік кемсітулер жекелей кездесетіні және олар елдегі шынайы жағдайын көрсете алмайды деген гипотеза расталады.