Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 мамырдағы N 416 Қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті болып;

      2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті болып;

      3) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті болып;

      4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті болып;

      5) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті болып;

      6) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті болып;

      7) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;

      8) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне "Ядролық технологиялар паркі", "Достық Энерго" акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттерін және "Қазақстан келісім-шарт агенттігі" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің 50 %-ын иелену және пайдалану құқығын берсін.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі осы қаулыны іске асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 мамырдағы
№ 416 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің қайта аталатын аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан өңіраралық аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Өскемен қаласындағы "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті болып;

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан өңіраралық аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Ақтөбе қаласындағы "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті болып;

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстік Қазақстан өңіраралық аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Көкшетау қаласындағы "Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті болып;

      4. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан өңіраралық аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Қарағанды қаласындағы "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті болып;

      5. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан өңіраралық аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Алматы қаласындағы "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті болып.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 мамырдағы
№ 416 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің қайта аталатын аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті болып.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті болып.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті болып.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті болып.

      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа Технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті болып.

      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті болып.

      7. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті болып.

      8. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті болып.

      9. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті болып.

      10. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті болып.

      11. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті болып.

      12. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті болып.

      13. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті болып.

      14. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті болып.

      15. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті болып.

      16. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті болып.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 мамырдағы
№ 416 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) индустрия және елді индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, машина жасау, химия, фармацевтика, жеңіл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндірісі, инвестицияларды мемлекеттік қолдау, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі және химия өнімінің қауіпсіздігі; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату, экспорттық бақылау; техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету; электр энергетикасы; көмірсутегі шикізатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын ұдайы өндіру, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдік балшық бөлігінде мемлекеттік басқару; көмір өнеркәсібі; атом энергетикасын пайдалану, жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау, энергия үнемдеу саласында басшылық етуді, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді (бұдан әрі - реттелетін салалар) жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

      Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Инвестиция комитеті, Өнеркәсіп комитеті, Техникалық реттеу және метрология комитеті, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті, Атом энергетикасы комитеті, Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті.

      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Министрліктің штат санының лимитін Министрдің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      7. Министрліктің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, "Транспорт Тауэр" ғимараты.

      8. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі" мемлекеттік мекемесі.

      9. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      11. Министрлікке Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары

      12. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) индустрия және елді индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, машина жасау, химия, фармацевтика, жеңіл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндірісі, инвестицияларды мемлекеттік қолдау, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі және химия өнімінің қауіпсіздігі, арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеу және оларды тарату, экспорттық бақылау, техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету, электр энергетикасы, қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшық бөлігінде жер қойнауын пайдалану, көмір өнеркәсібі, мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын ұдайы өндіру, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдік балшық бөлігінде мемлекеттік басқару, атом энергетикасын пайдалану, жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау, энергия үнемдеу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      2) Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      3) ғылыми-технологиялық әзірлемелерді енгізу (ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану) және жоғары технологиялық өндірістерді қалыптастыру негізінде ел экономикасын дамыту үшін жағдайлар жасау;

      4) ұйымдық және экономикалық, оның ішінде мемлекеттік инновациялық саясатты іске асыру үшін инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін шарттарды құру жолымен инновациялық қызметті ынталандыру;

      5) экономиканы дамыту және қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістерді құру, жұмыс істеп тұрған өндірістерді ұлғайту мен жаңартуға инвестицияларды ынталандыру үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау;

      6) инвестициялық жобаларды іске асыру және мониторингі жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;

      7) экономиканы әртараптандыру және үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту үдерістерін үйлестіруді жүзеге асыру;

      8) реттелетін салаларда мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;

      9) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

      13. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;

      2) реттелетін салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      3) өз құзыреті шегінде реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, келіседі және бекітеді;

      4) реттелетін салаларда бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және келіседі;

      5) реттелетін салаларда мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді, оның ішінде реттелетін салаларда мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың орындалуын үйлестіреді;

      6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне инновациялық қызметтің басым бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;

      7) инновациялық гранттарды бөледі;

      8) инновациялық гранттар есебінен жүзеге асырылатын инновациялық жобалардың іске асырылу мониторингін және олардың орындалу тиімділігін бағалауды жүргізеді;

      9) Қазақстан Республикасының инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасының орындалуын, оның ішінде инновациялық дамыту шаралары кешенінің орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      10) өзге мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылмаған жоғары технологиялы сервистік индустрияны дамыту саясатын әзірлейді;

      11) арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем сомасын келіседі;

      12) арнайы экономикалық аймақ туралы тұжырымдаманы, экономикалық негіздемені және ереже жобасын жасау жөніндегі талаптарды белгілейді;

      13) Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақтарды мерзімінен бұрын тарату туралы ұсыныстар енгізеді;

      14) оператор компанияны айқындайды;

      15) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесіп, экспорттық бақылау жүйесі өнімінің номенклатурасын (тізімін) әзірлейді;

      16) кепілдемелік міндеттемелер (түпкілікті пайдаланушының сертификаттары) береді;

      17) өнімдер транзитіне рұқсаттар береді;

      18) өтінім берушіге және мүдделі мемлекеттік органдарға тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпараттарды экспорттық бақылауға жататын өнімдерге жатқызу туралы қорытындылар береді;

      19) өнімдерді Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс қайта өңдеуге рұқсаттар береді;

      20) кепілдемелік міндеттемелерге (түпкілікті пайдаланушының сертификаттарына) сүйене отырып, Қазақстан Республикасынан шығарылатын өнімнің кері экспортына рұқсаттар береді;

      21) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (өтінім берушілерге) "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген тізбелердің қолданысына түспейтін өнімдермен, зияткерлік қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелерді жүзеге асыруға белгіленген тәртіппен лицензия береді;

      22) белгіленген құзырет шегінде Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс өнімдердің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін және қайта өңделуін бақылауды жүзеге асырады;

      23) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесіп, экспорттық бақылау жүйесінің экспорттық бақылауға жататын өнімдерін тиеу алдындағы кезеңде және түпкілікті пайдалануда қажет болғанда тексеруді жүзеге асырады;

      24) "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін машиналар мен жабдықтарды айқындау мақсатында тұтыну нарығы мониторингін және оларды сатуға жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеуді жүзеге асырады;

      25) өз құзыреті шегінде "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Заңда белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      26) "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін машиналар мен жабдықтардың өндірісін, өткізілуі мен нарықтағы айналымын тоқтата тұру туралы нұсқамалар береді;

      27) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу және химиялық өнімді техникалық реттеу саласында ұсыныстар дайындау үшін сараптамалық кеңестерді құрады;

      28) "Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" Заңның және химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін химиялық өнімді айқындау мақсатында тұтыну нарығы мониторингін жүргізеді және оларды сатуға жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлейді;

      29) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық құжаттаманы келіседі;

      30) Қазақстан Республикасының аумағында химиялық өнімдерді тіркейді және оның есебін жүргізеді;

      31) өз құзыреті шегінде "Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" Заңда белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      32) химиялық өнімдердің өтініш берушінің (өндірушінің, жеткізушінің, импорттаушының) ұсынған ақпараттары негізінде адамның денсаулығы мен өміріне, қоршаған орта үшін қатерін бағалауды тексереді;

      33) "Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін химиялық өнімдердің өміршеңдігінің бір немесе бірнеше процестерін тоқтата тұру туралы нұсқамалар береді;

      34) офсеттік саясатты іске асыруға әдістемелік басшылық пен бақылауды жүзеге асырады;

      35) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын ұйымдар мен органдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жөніндегі шараларды әзірлеуді жүзеге асырады;

      36) мемлекеттік органдардың қазақстандық қамту мәселелері бойынша қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      37) бірлесіп бекітілген нысандар негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы, Мұнай және газ министрліктері тұрақты негізде ұсынатын қазақстандық қамту жөніндегі жалпы ақпаратты жинақтау мен талдауды қамтамасыз етеді;

      38) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту мониторингін және тиісті ұйымдар ұсынатын өткізілген, өткізілетін әрі келесі жылға жоспарланған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпаратты талдауды жүзеге асырады;

      39) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы қазақстандық қамту мониторингін жүзеге асырады;

      40) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің, оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      41) қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

      42) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекеттік қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы қазақстандық қамтуды бақылауды жүзеге асырады және жолсыздықтар анықталған жағдайда шаралар қабылдайды;

      43) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларымен Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу тәртібін, шарттары мен үлгі нысанын айқындайды;

      44) белгіленген нысанда Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларымен Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасады;

      45) электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері техникалық талаптарының орындалуын қадағалауды жүзеге асырады;

      46) электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың электр мен жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануды және олардың техникалық жай-күйін қадағалауды жүзеге асырады;

      47) объектілер мен жабдықтардың қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындығын бағалау жөніндегі электр энергетикасы кәсіпорындары комиссияларының жұмысына қатысады;

      48) министрліктердің, ведомстволар мен ұйымдардың тиісті қызметтерін энергияны үнемдеу бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету бөлігінде бақылау мен үйлестіруді жүзеге асырады;

      49) отын-энергетикалық ресурстардың тиімді пайдаланылуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      50) энергия үнемдеудің бағдарламаларын, нормативтік-әдістемелік актілерін, құқықтық және экономикалық тетіктерін әзірлеуді ұйымдастырады;

      51) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылған электр көздерін пайдалану объектілерін электр тарататын ұйымдардың электр немесе жылу желілеріне қосуға бақылауды жүзеге асырады;

      52) отын-энергетикалық ресурстардың шығыс нормативтерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      53) Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесін бірнеше бөлікке бөлінуге, тұтынушыларды электр және жылу энергиясы бойынша жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың бұзылуына әкеп соқтырған электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жұмысындағы ірі технологиялық бұзылуларды тексерудің есебін жүргізеді;

      54) электр энергетикасы туралы заңнаманы бұзушылықтар айқындалған жағдайда, электр энергетикасы объектілерінің басшыларына белгіленген үлгідегі нұсқамалар береді;

      55) мыналарды:

      электр және жылу энергиясының сапасы бойынша техникалық шарттар талаптарының сақталуын;

      өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын пайдалану ережесінің сақталуын;

      электр және жылу энергиясын өндіру, тарату, тұтыну режимдерінің ұтымды және үнемді пайдаланылуын, оңтайландырылуын;

      күзгі-қысқы жағдайларда электр станцияларының, электр және жылу желілерінің жұмысқа дайындығын мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады;

      56) электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының жай-күйін мерзімдік тексеруді жүзеге асырады;

      57) электр және энергия қондырғыларын пайдаланудың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін энергия үнемдеу мақсатында электр және жылу энергиясын өндіру, беру және таратуды және оларды сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының техникалық пайдалануға беру және қауіпсіздік ережесін білуін біліктілік тексеруді ұйымдастырады;

      58) энергетикалық объектілерде қауіпсіз және ұтымды өндіріс, электр және жылу энергиясын беру, бөлу және пайдалану, жылу үнемдеу саясатын орындау, заңды тұлғалардың энергетикалық тиімділігін тексеру жөнінде энергетикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастырады;

      59) электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;

      60) бақылауға алынған энергиялық жабдықтарды тексеру, энергетикалық ұйымдарға кешенді тексеру және электр станцияларының, электр және жылу жүйелерінің энергетикалық жабдықтарының жұмысында техникалық жөнсіздіктерге тексеру жүргізу кезінде сарапшыларды тартады;

      61) тиісті мемлекеттік органдарға авариялардың, жазатайым оқиғаның болуына себепші және өзге де электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарын өрескел бұзған жауапты тұлғаларды тәртіптік жазаға тарту туралы ұйымдардың иелеріне ұсыныс енгізеді немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдар жібереді;

      62) электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну (желілер бойынша 0,4 кВт электр энергиясын беру мен тұтынудан басқа) және ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардың жылу энергиясын өндіруі саласында, техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы, жабдықтың пайдалану сипаттамасы, энергия өндіретін, энергия беретін, энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың (жылу желілерінен және белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан кем қазандықтардан басқа) технологиялық мұқтаждықтарына электр энергиясы мен жылу энергиясын жұмсау нормалары саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін (техникалық регламенттерді қоспағанда) әзірлейді және бекітеді;

      63) объектілерді жобалау, салу, пайдалану және техникалық қауіпсіздігі, жабдықтардың пайдалану және техника-экономикалық сипаттамалары, табиғи монополиялар субъектілері болып табылмайтын энергия өндіруші ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына арналған электр және жылу энергиясының шығыс нормалары салаларындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;

      64) инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы бекітеді;

      65) энергия өндіруші ұйымдармен келісімдер және инвестициялық шарттар жасасады;

      66) энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерде көзделген инвестициялық міндеттемелерді және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламаларды орындауына мониторинг жүргізеді;

      67) энергия өндіруші ұйымдар тобын құрады;

      68) жеке тариф есептік тарифтен жоғары болып бекітілетін жағдайда инвестициялық бағдарламаның құнын көтеруді келіседі;

      69) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп бекітеді;

      70) инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарды белгілейді;

      71) электр энергиясын орталықтандырылған сауда нарығының операторын және жүйелік операторын айқындайды;

      72) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесімен электр байланысы жоқ өңірлер үшін электр энергиясы көтерме сауда нарығының жұмыс істеу және ұйымдастырылу ерекшеліктерін айқындайды;

      73) қосарлас (шунттаушы) электр желілері мен қосалқы станцияларды жобалау мен салуды келіседі;

      74) меншік нысандарына қарамастан, электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін сатып алу-сату, жалға немесе сенімгерлік басқаруға беруді келіседі;

      75) заттай мәндегі ұлттық отын-энергетикалық теңгерімді әзірлейді;

      76) энергия үнемдеу саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады;

      77) Энергия үнемдеу сараптамасы туралы ережені әзірлейді;

      78) энергия үнемдеу мен жаңартылған энергия ресурстарын пайдалануды ынталандырудың нормативтік-әдістемелік, құқықтық және экономикалық тетіктерін әзірлейді;

      79) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілерді орналастыру жоспарын (бағдарламасын) бекітеді;

      80) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асырады;

      81) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілер салу жобаларын келіседі;

      82) техникалық пайдалану және электр энергетикасы объектілерінің қауіпсіздік техникасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;

      83) жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асырады;

      84) "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңес құрады;

      85) "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парағының, тәуекел деңгейін бағалау өлшемдерінің, жыл сайынғы тексеру жоспарларының нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      86) инвестицияларды мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады;

      87) белгіленген тәртіппен мемлекеттік заттай гранттарды беру туралы шешімдерді қабылдайды;

      88) инвестициялық преференциялар беру туралы шешім қабылдайды;

      89) инвестициялық преференциялар беруге өтінімдер қабылдайды және тіркейді;

      90) инвестициялық преференциялар беруге келісімшарттар жасасады, тіркейді және оларды бұзады;

      91) инвестициялық преференцияларды беруге арналған келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      92) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін қалыптастыруға қатысады;

      93) стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі стандарттар мен нормативтік құжаттарды, стандарттар мен олар туралы ақпараттардың каталогтары мен нұсқауларын басып шығару және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;

      94) мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің жұмысын жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құжаттарды келіседі;

      95) ішкі айналымға арналған тауарлардың шығу тегі туралы сертификатты береді;

      96) техникалық реттеу саласындағы заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      97) өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды бекітеді;

      98) өлшем құралдарының үлгісін бекіту туралы шешім қабылдайды;

      99) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      100) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметіне жыл сайын тексеру жүргізу арқылы тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      101) әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген тәртіппен аккредиттеу аттестатын тоқтата тұру, алып қою мәселелерін реттейді;

      102) Техника-экономикалық ақпараттарды мемлекеттік сыныптаушылардың тізілімін жүргізеді;

      103) Қазақстан Республикасында техника-экономикалық ақпаратты сыныптау мен кодтау жүйесін құру және оның жұмыс істеуін бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      104) жобалар мен техникалық регламенттердің техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және "Техникалық реттеу туралы" Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестігін талдауды және сараптама жүргізуді ұйымдастырады;

      105) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттермен және техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;

      106) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;

      107) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;

      108) Ақпараттық орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      109) сәйкестікті растау, тауардың шыққан елін айқындау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттауды ұйымдастырады, сондай-ақ оларды кәсіптік даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырады;

      110) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестіреді;

      111) техникалық регламенттермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады;

      112) мемлекеттік стандарттар мен техника-экономикалық ақпараттарды сыныптаушыларды әзірлеуді, келісуді, есепке алуды, бекітуді, сараптауды, өзгертуді, күшін жоюды және қолданысқа енгізуді ұйымдастырады;

      113) мемлекеттік, халықаралық, өңірлік стандарттарды, шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелер мен ұсынымдарды ресми басылымдарда басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды;

      114) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады;

      115) сәйкестікті растау саласындағы шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшін апелляциялық комиссия құрады;

      116) басқа ұйымдар шығарған сәйкестікті растау мәселелері бойынша, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің талаптарына жауап бермейтін болса, құжаттардың күшін жою туралы ұсыныстар дайындайды;

      117) өнімдерді таңбалауды бақылауды жүзеге асырады;

      118) зертханааралық салыстырмалы сынау (салыстыру) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      119) Қазақстан Республикасының метрологиялық қызмет жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;

      120) шама бірлігінің мемлекеттік эталондарын бекітеді;

      121) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға жол берілуі мүмкін бірліктердің халықаралық жүйесіне кірмейтін шамаларды айқындайды;

      122) метрология саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;

      123) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарының сыныптамасын белгілейді;

      124) өлшем құралдарына, әдістері мен нәтижелеріне, өлшем құралдарын тексеру әдістемелеріне жалпы метрологиялық талаптарды айқындайды;

      125) өлшем құралдарын тексеру және калибрлеу нәтижелерін салыстыруды ұйымдастырады;

      126) өлшем бірліктерін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;

      127) мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асырады;

      128) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану мәселелері жөніндегі заңнамалық актілерін әзірлеу және өзгерту жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;

      129) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті регламенттейтін нормалар мен ережелерді әзірлейді, белгілейді және қабылдайды;

      130) радиациялық қауіпсіздікке, табиғи қорғанысқа және аварияға қарсы жоспарлауға, ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерін есепке алуға және бақылауға қатысты нормалар мен ережелерді әзірлейді және келіседі;

      131) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;

      132) атом энергиясын пайдалану саласындағы нормалар мен ережелердің сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;

      133) атом энергиясы саласында өз өкілеттіктерін орындауға байланысты инспекциялар жүргізеді;

      134) Қазақстан Республикасының аумағында радиациялық жағдайды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      135) ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерін мемлекеттік есепке алу мен бақылауды жүзеге асырады;

      136) радиациялық қауіпсіздікті бағалау нәтижелерін бекітеді;

      137) ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды табиғи жағынан қорғаудың қамтамасыз етілуін қадағалауды жүзеге асырады;

      138) ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін құрады;

      139) коммерциялық мақсаттарда беруді, сатуды немесе сатып алуды немесе коммерциялық сипаты жоқ беруді қамтитын атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортын бақылауды жүзеге асырады;

      140) радиациялық қауіпсіздік нормалары мен ережелерінің, лицензиялар шарттарының сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;

      141) радиациялық қорғау жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді;

      142) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      143) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында, оның ішінде халықтың сәуле алу мөлшерін бақылау мен есепке алуда мемлекеттік басқарудың бірыңғай жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      144) ядролық материалдар мен басқа иондаушы сәуле көздерінің экспортын, импортын, тасымалдануын, транзитін және олардың орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады;

      145) конкурсқа, оның ішінде қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшық бөлігінде ұлттық компанияның үлестік қатысуымен шығарылатын блоктардың тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар дайындайды;

      146) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жер қойнауын пайдалану салаларындағы, оның ішінде қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшық бөлігіндегі келісімшарттардың орындалу барысы туралы есеп береді;

      147) мемлекеттік статистикалық есептілік нысандарын әзірлейді және мемлекеттік статистика саласындағы құзыретті органмен келісім бойынша отын-энергетикалық ресурстарды өндіру мен тұтынудың көлемі мен номенклатурасы және меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін оларды пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері туралы мемлекеттік статистикалық есептіліктің енгізілуін қамтамасыз етеді;

      148) жер қойнауын пайдалану және оларды өндірушілер бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді, сондай-ақ осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін әзірлейді;

      149) өз қызметі барысында жер қойнауын пайдалану саласындағы, оның ішінде қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшық бөлігіндегі келісімшарттардың жасалуы мен орындалуы бойынша Қазақстан Республикасы мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      150) жер қойнауын пайдалануға, оның ішінде қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшық бөлігіндегі құқық беруге арналған келісімшарттарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді;

      151) қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын береді;

      152) өндіруші салалар, оның ішінде қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшық бөлігіндегі қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруды жүзеге асырады;

      153) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлемінде жер асты өндірістік-техникалық суларын барлау және өндіру құқығын береді;

      154) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшықтар бөлігінде операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалар ұсынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жүргізілген, жүргізілетін және есепті кезеңнен кейінгі келесі жылға жоспарланатын сатып алу туралы ақпарат жинауды және талдауды жүзеге асырады;

      155) геологиялық және тау-кен бөлінісін дайындайды және береді;

      156) барлауды немесе өндіруді жүзеге асыруға арналған жұмыс бағдарламаларын келіседі;

      157) жылдық жұмыс бағдарламасына мердігер ұсынған өзгерістерді келіседі;

      158) жылдық жұмыс бағдарламаларын келіседі;

      159) барлауды немесе өндіруді жүзеге асыруға арналған жылдық жұмыс бағдарламасын келіседі;

      160) жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар талаптарын орындауына мониторингті жүзеге асырады;

      161) жер қойнауын пайдаланушылардың және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардың сатып алуында жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық қамту жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерінің қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшықтар бөлігінде мониторингін және оларды бақылауды жүзеге асырады, оның ішінде жолсыздықтар анықталған жағдайда шаралар қабылдайды;

      162) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;

      163) жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттардың талаптарын, оның ішінде жұмыс бағдарламасын орындауын қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшықтар бөлігінде бақылауды жүзеге асырады;

      164) жер қойнауын пайдаланушының қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      165) тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарларын (жобаларын) бекітеді;

      166) көмірсутек шикізатын қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіру бойынша кен орындарын игеру жобаларын бекітеді;

      167) пайдалы қазбалардың қорларына, пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелері туралы геологиялық және экономикалық ақпаратқа, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу және мониторингі бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманы ұйымдастырады және жүргізеді, пайдалы қазбалардың қорларын бекітеді;

      168) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімін, кен орындарының және пайдалы қазбалардың білінулері, қауіпті геологиялық процестердің мемлекеттік кадастрларын жасауды ұйымдастырады және жүргізеді;

      169) тарихи шығындардың мөлшерін, жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттың құнын және алу шартын айқындайды;

      170) жер қойнауы геологиялық ақпаратының республикалық және аумақтың қорларын ұйымдастырады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      171) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын және кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты бөлігінде жер қойнауын пайдаланудың белгіленген тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      172) жер қойнауын зерделеу және пайдалану мониторингін жүзеге асырады;

      173) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асырады;

      174) жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды бақылауды жүзеге асырады;

      175) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу жөніндегі операцияларды жүргізуге қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшықтар бөлігінде шарттар жасайды;

      176) келісімшарт негізінде жер қойнауын пайдаланушыға берілген жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруді келіседі;

      177) жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген зиянның мөлшерін анықтайды;

      178) жер қойнауын зерделеу мен пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      179) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі бойынша ақпарат береді;

      180) техногендік минералдық тізілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізеді;

      181) тарату қорының, оның ішінде қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшық бөлігіндегі қаражатты пайдалануға рұқсат береді;

      182) жер асты суларын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырады;

      183) барлау және (немесе) өңдеумен байланысты емес, жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған құқықты ұсынады;

      184) жер асты суларының мемлекеттік су кадастрын жүргізуді жүзеге асырады;

      185) су бетіндегі су объектілері жоқ, бірақ ауыз су ретінде жер асты суларының жеткілікті қоры бар аумақта ауыз су және шаруашылық сулармен қамтумен байланысты емес мақсаттар үшін ауыз су ретінде жер асты суларын пайдалануға рұқсатты келіседі;

      186) су объектілерінде, су қорғау аймақтарында және жолақтарында кәсіпорындар мен басқа да ғимараттарды орналастыру, жобалау, салу, қайта жаңарту және пайдалануға енгізу шарттарын келіседі;

      187) бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын өткізуге жобалық құжаттаманы, жер асты су объектілері арқылы коммуникация құрылыстарының жобаларын келіседі;

      188) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;

      189) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеттерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырады;

      190) өз қызметі саласында республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асырады;

      191) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      192) Министрлік қызметінің бағыттары бойынша оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асырады.

3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      14. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.

      Министрдің орынбасарлары (вице-министрлер) болады, оларды Министрдің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және босатады.

      15. Министр басшылықты жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

      16. Министр:

      1) реттелетін саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;

      2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды;

      3) вице-министрлердің біріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің

      басшылығына және Премьер-Министрі Кеңесінің Басшысына жіберілген

      құжаттарға қол қою бойынша өкілеттіктерді жүктейді;

      4) ведомстволардың өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету құзыреттілігін және тәртібін айқындайды;

      5) өз қызметінде оның бақылауында болатын ведомстволар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      6) жауапты хатшының келісімі бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      7) ведомстволар актілерінің қолданылуын толық немесе ішінара тоқтатады немесе тоқтата тұрады;

      8) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;

      9) Министрлікті Қазақстан Республикасының Парламентінде,

      мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда білдіреді;

      10) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;

      11) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;

      12) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;

      13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      17. Министрлік қабылдайтын шешімдер Министрдің немесе оны

      алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді.

      18. Министрлік аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.

      19. Үкімет, Министр отставкаға шыққан жағдайда жауапты хатшының өкілеттігі тоқтатылмайды.

      20. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.

      21. Жауапты хатшы:

      1) Министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;

      2) Министрлік аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3) Министрлік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      4) Министрдің келісімінен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің, ведомстволардың құрылымын және штат санын бекітеді;

      5) Министрдің келісімінен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;

      7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;

      8) Министрдің келісімінен кейін Министрлік департаменттері мен басқармалары басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      9) комитеттердің басшыларын тағайындау үшін ұсынылатын комитеттер басшыларының орынбасарларын Министрдің тағайындауын келіседі;

      10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      11) Министрмен келісім бойынша Министрлік қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

      12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      13) Министрліктің Республика Президенті, Республика Үкіметі және Министр бекіткен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      14) органның жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;

      15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;

      16) Министрдің келісімінен кейін мемлекеттік органды қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;

      17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;

      18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;

      19) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;

      20) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Министрлік атынан өкілдік етеді;

      21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      22. Жауапты хатшының мыналарға:

      1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;

      2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

      3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқығы бар.

      23. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы үшін жауапты болады.

      24. Министрліктің Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның саны мен дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының ішінен Министр бекітеді.

      25. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері, лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері, олардың қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттігі Министрлік жұмысының регламентімен және Министрмен келіскеннен кейін жауапты хатшы бекітетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.

4. Министрліктің мүлкі

      26. Министрлік жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болады. Министрлік мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және айналым құралының негізгі қорынан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге мүлік есебінен қалыптасады.

      27. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      28. Егер заңда өзгеше белгіленбесе, Министрліктің оған бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      29. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан

      Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 мамырдағы
№ 416 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" РМК.

      2. "Уранкеніштарату" РМК.

      3. "Қазақстанэнерго" ұлттық электр энергетикалық жүйесі" РМК.

      4. "Қарағандышахтатарату" РМК.

Акционерлік қоғамдар

      1. "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" АҚ.

      2. "Ұлттық инновациялық қор" АҚ.

      3. "КАZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ.

      4. "Ядролық технологиялар паркі" АҚ.

      5. "Достық Энерго" АҚ.

      6. "Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме

      орталығы" ЖАҚ.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 мамырдағы
N 416 қаулысына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.

      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.

      7. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

      8. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.

      9. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті.

      10. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.

      11. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.

      12. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.

      13. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.

      14. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.

      15. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.

      16. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 мамырдағы
№ 416 қаулысына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі

      1. "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы" ММ.

      2. "Геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" РМК.

      3. "Мамандандырылған гравиметриялық кәсіпорын" РМК.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 мамырдағы
N 416 қаулысына
7-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі

      "Қазэнергосараптама" акционерлік қоғамы.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 мамырдағы
№ 416 қаулысына
8-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Өскемен қаласындағы "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті;

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Ақтебе қаласындағы "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті;

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Көкшетау қаласындағы "Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті;

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Қарағанды қаласындағы "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті;

      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Алматы қаласындағы "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 мамырдағы
№ 416 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне";

      реттік нөмірі 237-20-жол алынып тасталсын;

      реттік нөмірі 237-33-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "237-33. "КАZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамы";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 237-44, 237-45-жолдармен толықтырылсын:

      "237-44. "Ядролық технологиялар паркі" АҚ

      237-45. "Достық Энерго" АҚ;

      "Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетіне" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетіне";

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне";

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне".

      3. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 38, 515-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" және "Акционерлік қоғамдар" деген бөлімдер алынып тасталсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады