"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 1013 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 9, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат, № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; 2013 жылғы 5 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 121-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, сот тәртіп бұзушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуге бастамашылық жасау үшін материалдарды прокурорға жібереді.»;
      2) 208-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер ұсынған дәлелдемесі жалған деп танылған адамның іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, сот материалдарды сотқа дейінгі тергеу жүргізуге бастамашылық жасау үшін прокурорға жібереді.».
      2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2013 жылғы 5 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне. төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      638-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Салықтық тексеру сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жүргізілген жағдайда өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан салық төлеушіні салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарлама мұндай қылмыстық істі қарау аяқталғаннан кейін шығарылады.
      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазуды немесе олардың есептелген, есепке жазылған, сомасын қайта қарау бөлігінде талап қою мерзіміне салықтық тексеру аяқталған күннен бастап қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейінгі кезең енгізілмейді.
      Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері аталған сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жүргізілген салықтық тексеру қамтыған мәселелерге ғана қолданылады.».
      3. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2013 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдары):
      1) 63-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда
жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түбегейлі шешім шығарылғанға дейін өтініш берушіге, құрылтайшыларға, акциялардың бақылау пакеті бар акционерлерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231, 233, 282-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізу фактілері болған;»;
      2) 490-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда
жазылсын:
      «6) кеден органының лауазымды адамына қатысты қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылуы негіз болып табылады.».
      4. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы
20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат;
1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат):
      1) 17-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ұлттық қауіпсіздікке, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін құқыққа қарсы әрекетті жүзеге асырса;»;
      2) 20-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер шығу туралы өтініш берген адамға оның әрекеті күдікті ретінде сараланғаны туралы жарияланса не ол заңды күшіне енген соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе немесе ол адамның Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға жол берілмейді.».;
      3) 34-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініштер жөніндегі қорытындыларда азаматтардың немесе кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделерімен байланысты өтініш берушінің мемлекет алдындағы орындалмаған міндеттемелері немесе оның мүліктік міндеттемелері туралы, оның қылмыстық қудалануы, соттылығы не оның заңды күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеуі туралы не осы адамның азаматтықтан шығуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келетіні туралы нақты мәліметтер хабарланады.».
      5. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 2, 8-құжат; № 14, 72-құжат):
      26-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған адамдардың; бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың күзеттен қашуының жолын кесу үшін, сондай-ақ олардың күшпен босану әрекеттерінің жолын кесу үшін;».
      6. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі
Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
      1) 1-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) арнаулы техникалық құралдар - жедел-іздестіру іс-шаралармен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында ақпаратты табу және оны құжаттау үшін арнаулы функциялары, бағдарламалық қамтамасыз етуі мен конструкциялық ерекшеліктері бар құрылғылар, аппаратура, құралдар, жабдық;»;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) сөйлесулерді жасырын тыңдау және жазып алу - бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, тексерілетін адамның, күдіктінің сөздік ақпаратын жасырын бақылау және оның мазмұнын материалдық жеткізгіште тіркеу;»;
      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) телефон және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөйлесулерді тыңдау және жазып алу - егер тексерілетін адам, күдікті үшінші адамның телефонын немесе өзге де сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәліметтер болса немесе егер үшінші адам телефонды және басқа да сөйлесу құрылғысын пайдаланып, тексерілетін адамға, күдіктіге арналған не басқа адамдарға беру үшін тексерілетін адамнан, күдіктіден ақпарат алады деген жөнінде мәліметтер болса, тексерілетін адамның, күдіктінің не үшінші адам сөздік ақпаратын жасырын бақылау және оның мазмұнын материалдық жеткізгіште тіркеу;»;
      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «23) штаттағы жасырын қызметкер - лауазымдық міндеттеріне жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін астыртын түрде жүргізу кіретін жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның қызметкері;»;
      24) тармақшадағы «жүйесі.» деген сөз «жүйесі;» деген сөзбен
ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
      «25) жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері - осы Заңның 2-бабында тізбеленген міндеттерді шешу үшін алынған мәліметтер, құжаттар, құралдар не материалдар.»;
      2) 2-баптың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «- қылмыстарды анықтау, алдын алу және жолын кесу;»;
      5-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қылмыс жасағаны үшін кінәсі заңда белгіленген тәртіппен дәлелденбеген, сондай-ақ оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілмеген адамдарға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алынған материалдар тиісті жедел есепке алу ісі тоқтатылған кезден бастап бір жыл сақталып, содан соң жойылады. Өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталмаған адамдардың телефон арқылы және өзге де сөйлесулерін тыңдау нәтижесінде алынған фонограммалар мен басқа да материалдар тиісті жедел есепке алу ісі тоқтатылған кезден бастап алты ай ішінде жойылады, ол жөнінде хаттама жасалады. Прокурордың санкциясы негізінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін көрсететін материалдар жойылатын күннен үш ай бұрын ол жөнінде тиісті прокурор хабардар етіледі.»;
      4) 7-бапта:
      б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «б) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, оның алдын алуды және жолын кесуді қамтамасыз етуге, олардың нәтижелерін қылмыстық процесте пайдалану үшін тіркеуге, өздері тергейтін қылмыстық істер бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы тергеушінің жазбаша тапсырмаларын орындауға;»;
      д) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «д) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде, сондай-ақ қылмыстық процесте пайдалану үшін жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін бейнелейтін материалдарды беру кезінде құпиялылықты қамтамасыз ету және ақпарат көздерін құпиясыздандыруға жол бермеу жөніндегі қажетті шараларды қолдануға міндетті.»;
      5) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бап. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың құқықтары Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органдардың:
      1) өз құзыреті шегінде осы Заңның 11-бабында тізбеленген жедел-іздестіру іс-шараларын жария және жасырын, сондай-ақ тергеушінің тапсырмасы бойынша Қылмыстық іс жүргізу кодексінде айқындалған жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге;
      2) жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін жедел есепке алуларды және ақпараттық жүйелерді құруға және пайдалануға;
      3) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттері барысында жазбаша немесе ауызша шарт бойынша жеке және заңды тұлғалардың, әскери бөлімдердің тұрғын үй-жайлары мен тұрғын емес үй-жайларын, көлік құралдарын, сондай-ақ өзге де мүлкін, залал келтірілген жағдайда оны, сондай-ақ шығыстарды иелеріне жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың есебінен өтей отырып пайдалануға;
      4) астыртын ұйымдар құру мақсатында жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың қызметкерлерін, бөлімшелерінің, ұйымдарының, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін, сондай-ақ құпия көмекшілердің жеке басын құпияландыратын құжаттарды пайдалануға;
      5) қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы білімі бар лауазымды адамдар мен мамандардың көмегін пайдалануға;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, басқа ұйымдардан жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар ақпаратты өтеусіз алуға және пайдалануға;
      7) Қазақстан Республикасының аумағында жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға құқығы бар басқа да органдармен келісім бойынша жекелеген іс-шаралар жүргізу үшін осы органдардың күші мен қаражатын тартуға;
      8) осы Заңның 11-бабында көзделген жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мақсатында ғана тәуліктің кез келген уақытында ұйымдардың аумағына және үй-жайларына, ал күзетті әскери жарғыларға сәйкес әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметшілері жүзеге асыратын әскери бөлімдер мен басқа да режимдік объектілердің аумағына - олардың басшыларының не құрамында режимдік объектілері немесе әскери бөлімдері бар орталық органдар басшыларының келісімімен кедергісіз кіруге;
      9) заңда белгіленген тәртіппен және мерзімде отырып, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді растайтын материалдарды қосабере тіркеуге құқығы бар.»;
      6) 10-баптың 1-тармағында:
      а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «а) сотқа дейінгі тергеу материалдарының болуы;»;
      в-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «в-1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, оның бірінші орынбасарының не орынбасарларының, облыс прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың қаулылары, сондай-ақ прокурордың жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында берген жазбаша нұсқаулары;»;
      7) 11-баптың 2-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда
жазылсын:
      «16) ұсталған адамдарды жеке тексеруді, оларда болатын қылмыстық әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды алып қоюды, сондай-ақ тұрғын жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексеруді, көлік құралдарын тексеруді қарауды куәгерлердің қатысуымен жүзеге асыру.
      Терроризмге қарсы операцияны жүзеге асыру барысында жеке тексеру және жеке тұлғадағы заттарды тексеру, көлік құралдарын, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып тексеру куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін;»;
      8) 12-бапта:
      4-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) егер тексерілетін адам үшінші адамның телефонын немесе өзге де сөйлесу құрылғысын пайдаланды деген мәліметтер болса немесе үшінші адам телефонды және басқа да сөйлесу құрылғыларын пайдаланып, тексерілетін адам үшін не тексерілетін адамнан басқа адамдарға беру үшін ақпаратты алды деген жөніндегі мәліметтер болса, тексерілетін адамға не үшінші адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 232-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген қылмыстарды анықтау, алдын алу және оның жолын кесу және оның мазмұнын материалдық жеткізгіште тіркеу мақсатында;
      2) тергеуден, анықтаудан, соттан жасырынып жүрген және Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 232-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан жалтарып жүрген адамдарды, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды іздестіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін прокурордың санкциясымен ғана жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 232-бабының төртінші бөлігінде көзделген қылмыстарды, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстарды анықтау, оның алдын алу және жолын кесу мақсатында тексерілетін адамдарға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары прокурордың санкциясымен жүргізіледі.
      Осындай іс-шараларды жүргізуге санкцияны жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның бірінші орынбасары не орынбасарлары, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар береді.
      Осы Заңның 6-бабында тізбеленген барлық органдардың міндеттерді шешуі мүддесінде байланыс желісін пайдалануға байланысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын техникалық жағынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары жүзеге асырады, бұл үшін оларға қажетті күштер мен қаражаттар бөлінеді.
      Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін және күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі Қазақстан Республикасының аумағында байланыс қызметтері мен құралдарын беретін жеке және заңды тұлғалардың стационарлық аппаратурасына және байланыс желілеріне қосылуды болдырғызбайтын телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруға құқылы.
      Барлау ақпаратын алу мақсатында байланыс желілерін пайдалануға байланысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын техникалық жағынан сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Кейінге қалдыруға болмайтын ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстардың жасалуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті орган басшыларының біреуінің дәлелді қаулысы негізінде, прокурорды хабардар ете отырып және кейіннен, қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде санкция ала отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге жол беріледі.
      Белгіленген мерзімде прокурордың санкциясын алмаған кезде арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасы дереу тоқтатылуға жатады.
      Судьяға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары прокурордың санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.»;
      9) 25-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде құқыққа қарсы іс-әрекеттерге жол берген қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуге, тәртіптік іс жүргізуге бастамашылық жасайды;».
      7. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат):
      20-5-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қылмыстық іс қысқартылған жағдайда, бірақ адамның әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық тәртіптік теріс қылық белгілері болған кезде, тәртіптік жаза қылмыстық істі қысқарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей қолданылады.».
      8. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 8-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2013 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 2-бапта:
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) мемлекеттік және өзге де объектілерді, жеке тұлғаларды күзету, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды айдауылмен алып жүру, кепілге алынған адамдарды босатуға қатысу;»;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) мемлекеттік және өзге де объектілерді күзету, күзетпен ұсталатын  және сотталған адамдарды айдауылмен алып жүру, кепілге алынған адамдарды босатуға қатысу;»;
      2) 4-2-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері мыналар: қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын алу және жолын кесу, қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде анықтау мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және күзетпен ұсталатын адамдар, оның ішінде белгілі бір тұратын жері, құжаттары жоқ адамдар ұсталатын орындарда құқық тәртібін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді жүзеге асыру, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік қадағалау және бақылау жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі істер органдарына жүктелген лицензиялау мен рұқсат ету қызметін жүзеге асыру болып табылады.»;
      3) 5-1-бапта:
      1-тармақтың 34) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «34) Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды күзетуін және айдауылмен алып жүруін бақылауды жүзеге асырады;»;
      2-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) ішкі істер органдары ұстаған, күзетпен ұстайтын адамдарды айдауылмен алып жүруді қамтамасыз етеді;»;
      3-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталған адамдарды, сондай-ақ оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған адамдарды заңға сәйкес қамау және ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
      6) ұсталған және күзетпен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүруді жүзеге асырады;»;
      4) 10-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оны анықтауға және жолын кесуге, ішкі істер органдары жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде, ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларында заңнамада белгіленген режимді сақтап тұруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруға құқығы бар ішкі істер органдарының бөлімшелері мен қызметкерлерінің тізбесін Ішкі істер министрі белгілейді;»;
      5) 11-баптың 1-тармағында:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) азаматтарды іс жүргізудегі қылмыстық істер бойынша ішкі істер органдарына шақыруға, олардан түсініктемелер, құжаттар, олардың көшірмелерін, заттарды алуға, жауап алуға, сондай-ақ шақырғанда келуден дәлелсіз себеппен жалтарған адамдарды мәжбүрлеп алып келуге;»;
      10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) әкімшілік және қылмыстық істер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қажетті зерттеулер жүргізуге;
      11) іс жүргізудегі істер бойынша мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұйымдарда ақпарат пен материалдарды кедергісіз және өтеусіз алуға;»;
      33-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «33-1) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталған адамдарды, сондай-ақ сотталған адамдарды және өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған адамдарды оқшаулау жағдайында ұстау үшін уақытша ұстау изоляторлары болуға;».
      9. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 10-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда
жазылсын:
      «4) өз өкілеттігі мерзімі ішінде қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр не аса ауыр қылмыс жасаған жағдайлардан басқа, Сенаттың келісімінсіз қамауға алуға және күзетпен ұстауға, ұсталуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларына, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.»;
      2) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қалалардың, аудандардың және оларға теңестірілген прокурорлардың қарамағында қадағалау салалары бойынша орынбасарлары, аға прокурорлары және прокурорлары болады.»;
      3) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Заңның бұзылу сипатына қарай прокурор қылмыстық іс бойынша, тәртіптік іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудегі қозғау туралы қаулылар шығарады.»;
      4) 21-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Прокурор:»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) күдіктіні, айыпталушыны қызметтен шеттетуге;»;
      5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-1) жақындауға тыйым салуға;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Көрсетілген іс-әрекеттерді жасауға санкцияны (келісімді) не оны беруден бас тартуды прокурор санкцияны сұрауға негіз болған материалдарды зерделегеннен кейін лауазымды адамның қаулысына қарармен және қол қоюмен жиырма төрт сағаттың ішінде ресімдейді.»;
      5) 22-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қылмыстық істерді тергеуге байланысты анықтау және тергеу органдарына;»;
      6) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «35-бап. Прокурордың жедел-іздестіру қызметінде және жасырын тергеу әрекеттерде заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттігі Жедел-іздестіру қызметіне және жасырын тергеу әрекеттеріне қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
      1) жедел-іздестіру қызметін және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдарда жасырын негізде қызмет ететін немесе қызмет еткен құпия көмекшілердің және штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтерден басқа, жедел-іздестіру қызметінің қысқартылған немесе іс жүргізуінде жатқан істерін, қылмыстық істерді, материалдарды, құжаттарды және жедел-іздестіру қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің барысы және нәтижелері туралы басқа да қажетті мәліметтерді алады;
      2) арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін, оның ішінде байланыс желісінде жүзеге асырудың заңдылығын тексеруді жүргізеді;
      3) жедел-іздестіру қызметін және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарын іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар мен өтініштерді қарайды;
      4) Конституцияға, заңдарға және Республика Президентінің актілеріне қайшы келетін жедел-іздестіру қызметін және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдар шығаратын жедел-іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін ұйымдастыру мен өткізу тактикасын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге наразылық білдіреді;
      5) жедел-іздестіру қызметін және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде заңның, адамның және азаматтың құқықтарының бұзылғаны анықталған жағдайда өзінің қаулысымен жедел-іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін тоқтатады;
      6) жедел-іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастайды немесе тәртіптік іс қозғайды;
      7) жедел-іздестіру қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған бұзушылық фактілері бойынша осы Заңда көзделген прокурорлық қадағалаудың басқа да актілерін шығарады;
      8) заңсыз ұсталған адамдарды босатады;
      9) қажет болған кезде жедел-іздестіру қызметін және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың басшыларынан заң бұзушылықты жою мақсатында өздеріне бағынысты органдарда тексеру жүргізуді талап етеді;
      10) заңнамада белгіленген жағдайларда жедел-іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге санкция береді.»;
      7) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «38-бап. Прокурордың анықтау мен тергеудің заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктері
      1. Анықтау мен тергеудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
      1) анықтау мен тергеу органдарынан қылмыстық істерді, құжаттарды, материалдарды және жедел-іздестіру қызметі, анықтау, тергеу барысындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өзге де мәліметтерді тексеру үшін алады;
      2) жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініштер мен хабарламаларды қабылдау, тіркеу, шешу кезінде заңдылықтың сақталуын тексереді;
      3) қылмыстық қудалау органының күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстауды немесе үй қамағына алуды санкциялау туралы өтінішхатын тергейтін судьяның алдында қолдайды не қолдаудан бас тартады, кепілге қоюды, жақындауға тыйым салуды, қызметінен шеттетуді санкциялайды;
      4) қажет болған жағдайларда сотқа дейінгі тергеуді бастайды және жүргізеді, сотқа дейінгі тергеуді жүргізу туралы нұсқаулар береді;
      5) тергеушілер мен анықтауды жүргізген адамдардың заңсыз қаулыларын күшін жояды;
      6) егер сотқа дейінгі тергеу барысында процеске қатысушылар мен басқа да азаматтардың құқықтарының бұзылуына, тергеудің заңсыз әдістеріне жол берілсе, кінәлі адамдардың жауаптылығы туралы мәселе қояды;
      7) сотқа дейінгі тергеу толық болмаған, сондай-ақ заңдылықтың бұзылуына жол берілгені белгілі болған жағдайларда, қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтарады не оны толық көлемде немесе нақты адамдарға қатысты қысқартылады;
      8) айыптау актісін, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітеді, қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жібереді;
      9) қажет болған жағдайда тергеу бөлімшелері мен анықтау органдарының басшыларынан заңның оларға бағынысты органдарда бұзылуын жою, қылмыстық құқық бұзушылықтың толық ашылуын қамтамасыз ету мақсатында тексеру жүргізуді талап етеді;
      10) анықтау жүргізуші адамның, тергеушінің, анықтау мен тергеу органдары басшыларының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қарайды;
      11) бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған адамдарды күзетпен ұстаудың заңнамада белгіленген тәртібі мен шарттарының сақталуын тексереді;
      12) заңда белгіленген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
      2. Прокурордың өз құзыреті шегіндегі нұсқаулары анықтау мен тергеуді жүргізетін адам үшін міндетті.»;
      8) 41-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) әкімшілік құқық бұзушылық үшін мәжбүрлеу және ықпал ету шараларының заңдылығы мен негізділігін тексеруге;»;
      9) 44-баптың 1), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда
жазылсын:
      «1) адамның құқықтары, күзетпен ұсталатындар мен сотталған адамдарға ізгілікпен қарау туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен халықаралық шарттарының дәл және бірізді қолданылуын талап етуге;»;
      «4) ұсталғандардан, күзетпен ұсталатындардан, сотталған адамдардан және мәжбүрлеу сипатындағы шараларға ұшыраған адамдардан жауап алуға;
      5) осы адамдарды ұстауға, күзетпен ұстауға, жазасын өтеуге, сондай-ақ өзге мәжбүрлеу сипатындағы шараларды ұшырауына негіз болған құжаттарды талап етуге;»;
      10) 46 және 47-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «46-бап. Қылмыстық қудалау жөніндегі өкілеттіктер
      Қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
      1) сотқа дейінгі тергеуді бастауға, оны анықтау немесе тергеу органына тергеу жүргізу үшін беруге не оны өз іс жүргізуіне қабылдауға құқылы;
      2) тергеу, тергеу-жедел тобын басқарады, қылмыстық істі іс жүргізуге қабылдайды және алдын ала тергеу жүргізеді;
      3) тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысады;
      4) Заңда көзделген жағдайларда жедел-іздестіру қызметін, сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамдардың іс-әрекеттері мен шешімдерін санкциялауға құқылы;
      5) қылмыстық қудалаудан иммунитетке және артықшылықтарға ие адамдарды қол сұқпаушылықтан айыруға және қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім алу үшін ұсыныс енгізуге құқылы;
      6) іс жүргізу келісіміне бастамашылық етеді және жасайды, жасалған іс жүргізу келісімінің нысанасы болып табылатын қылмыстарды ашу мен тергеуді ұйымдастыруға шаралар қолданады;
      7) заңда көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды тоқтатады;
      8) қылмыстық істі сотқа жібереді;
      9) заңда белгіленген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
      47-бап. Істі сотқа жіберу
      1. Прокурор айыптау актісімен не қылмыстық теріс қылық туралы хаттамамен келіп түскен қылмыстық істі зерделеу кезінде анықтау мен тергеу органдарының заңнама талаптарын сақтауын және істі сотқа жіберу үшін негіздердің жеткілікті екендігін тексеруге міндетті.
      2. Қылмыстық істің сотта қаралуына жеткілікті негіздер болған кезде прокурор айыптау актісін не қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітеді және істі сотқа жібереді.
      3. Істі сотқа жіберген кезде прокурор:
      1) оның бөлігіндегі, оның ішінде Заңда көзделген негіздер бойынша адамға қатысты қылмыстық істі қысқартуға;
      2) айыптау актісінен жекелеген айыптау тармақтарын алып тастауға, сондай-ақ онша ауыр емес қылмыс туралы Заңды қолдануға;
      3) бұлтартпау шарасын таңдауға, өзгертуге немесе оның күшін жоюға;
      4) заңда белгіленген өзге де әрекеттерді орындауға құқылы.».
      10. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат):
      13-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған немесе ұлттық қауіпсіздік органдары қылмыс жасады деген күдікпен ұстаған адамдарды уақытша ұстау изоляторлары, ұстауға алынған тергеу изоляторлары бар болуға. Жекелеген жағдайларда, ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісімі бойынша - құқық қорғау органдары мен соттар ұстаған және күзетпен ұстауына ұшыраған, сондай-ақ сотталған адамдарды ұстау үшін пайдаланылады;».
      11. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72-құжат; № 14, 75-құжат; 2013 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      118-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) заңсыз сотталу салдарынан тұрғын үйінен айырылған Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1, 2, 5, 6, 7 және 8-тармақтары негізінде қылмыстық істің қысқартылуына байланысты үкімнің күшін жоюы салдарынан жазаны өтеуден босатылған адамдарға, бұрынғы тұрғын үйін қайтару мүмкіндігі болмаған кезде, егер тұрғын үй беру туралы талап ақталғаннан кейін бір жылдың ішінде мәлімделсе;».
      12. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат):
      6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сот приставы лауазымына бұрын сотталған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен және құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адамдар тағайындала алмайды.».
      13. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат):
      1) 7-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мынадай қасақана қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының және 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан шығарылған;
      мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан босатылған немесе адвокаттар алқасынан теріс себептер бойынша босатылған;
      адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған;
      осы Заңның 12-бабының 3-тармағында және 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адам да осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы адвокат бола алмайды.»;
      2) 12-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген немесе қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;»;
      3) 14-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Адвокаттың ұсталғандарды, күзетпен ұсталғандарды және жазасын өтеп жатқандарды ұстау орындарына кіруі белгіленген өткізу режиміне сәйкес жүзеге асырылады.».
      14. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат, № 14, 72-құжат):
      13-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сотқа дейінгі тергеу тоқтатылған жағдайда, бірақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылықтардың немесе тәртіптік теріс қылық белгілері болған кезде жаза осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімде тағайындалады.».
      15. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102 -құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат, № 10-11, 56-құжат):
      18-7-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін материалдарды құқық қорғау органдарына береді;».
      16. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24,152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат):
      1) 2-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) тергеу изоляторы - өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілген және айыпталған адамдарды, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстар орындау үшін қалдырылған не түзеу мекемесінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жіберілген және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 68-бабының тәртібімен ауыстырылған сотталған адамдарды ұстауға арналған арнаулы мекеме;»;
      2) 5-баптың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қылмыс жасағаны үшін өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған күдіктілерді және айыпталушыларды тергеу изоляторына орналастыру судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады;
      2) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталғандарды уақытша ұстау изоляторына орналастыру тергеуші не анықтаушы толтырған ұстау хаттамасы бойынша жүзеге асырылады.
      Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталған адамдарды уақытша ұстау изоляторына орналастыру шалғайлығына немесе тиісті жол қатынасының болмауына байланысты тергеу изоляторына жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
      Кәмелетке толмаған күдіктіні өмір сүру және тәрбие жағдайы бойынша бүрынғы тұрғылықты жерінде қалдыру мүмкін болмаған жағдайларда ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 542-бабының тәртібімен арнаулы мекемеге орналастырылуы мүмкін;»;
      3) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілер және айыпталушылар, заңнамада көзделген негіздер бойынша сараптама тағайындау қажет болған жағдайда, сондай-ақ оларға медициналық көмек көрсету жағдайында осы Заңның 23-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен медициналық мекемелерге орналастырылады.»;
      15-баптың 2-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) күдіктілер мен айыпталушылардың газеттер мен журналдарға жазылуын жүргізу;».
      17. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 13, 91-құжат; № 20-21, 123-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 14, 75-құжат):
      1) 10-баптың 4-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 6-4) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-4) өзіне қатысты мемлекеттік қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;»;
      7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-1) немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотталған немесе ауыр Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) қылмыстық топтың құрамында;
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның ең төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыстар туралы өзіне қатысты қысқартқан адамды қабылдауға болмайды.».
      2) 26-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1. Мыналар:
      сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын жұмыстан босатылған адамды, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттік қызметке қабылдау;
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның ең төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін қудалау органы немесе сот қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыстар туралы өзіне қатысты қылмыстық істі қылмыстық қысқартқан адамды мемлекеттік қызметке қабылдау саяси мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.».
      3) 27-баптың 1-тармағының 7-2) және 7-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын жұмыстан босатылған адамды, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау;
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның ең төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыстар туралы өзіне қатысты қылмыстық істі қысқартқан адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау;
      7-3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3, 4, 9, 10 және 12 тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық істің қысқартылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның ең төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін қылмыстық қуғындау органының немесе соттың қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыстар туралы қылмыстық істі қысқартуы;»;
      2) 28-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сотқа дейінгі тергеу не қылмыстық іс қысқартылған жағдайда, бірақ адамның әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық тәртіптік теріс қылық белгілері болған кезде тәртіптік жаза сотқа дейінгі тергеуді не қылмыстық істі қысқарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей қолданылады.»;
      18. «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 241-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 73-құжат, 2010 ж., № 15, 71-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы заңнамасы
      1. Қазақстан Республикасының қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
      3. Осы Заңның 2-бабында көрсетілген органдар Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісім бойынша, өз құзыреті шегінде осы Заңның негізінде қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.»;
      2) 3-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қылмыстардың алдын алуға немесе оларды ашуға жәрдемдесетін адамдарға қатысты зорлықтың немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де әрекеттердің жасалуының нақты қаупі төнген жағдайда оларға қатысты мемлекеттік қорғау шаралары қолданылуы мүмкін.»;
      3) 21-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-2-бап. Күзетпен ұсталатын немесе жазасын өтеу орнындағы қорғалатын адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету Күзетпен ұсталатын немесе қамауға алу не бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу орындарындағы қорғалатын адамның қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қамтамасыз етіледі.»;
      4) 23-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Соттан басқа, қылмыстық процесті жүргізуші орган қауіпсіздік шараларының қабылдануына қарамастан, осыған негіздер болған жағдайларда қылмыстық процеске қатысушы адамға қатысты қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттің жасалу қаупінің пайда болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуге міндетті.».
      19. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат, 2013 ж., № 1, 2-құжат):
      1) 10-баптың 6-тармағында:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның ең төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін қылмыстық жауаптылықтан босатылған;»;
      2) мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3, 4, 9, 10 және 12 тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;»;
      15-2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың басшылары, қызметкерлері, жеке тұлғалар психикалық ауруына байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмайтын, заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ не Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның ең төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін қылмыстық жауаптылықтан босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс».
      20. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 51-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 9, 49-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат, 2010 ж., № 24, 143-құжат, 2013 ж., № 14, 75-құжат):
      9-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Бұрын сотталған адамдар немесе қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша босатылған адамдар дипломатиялық қызмет органдарына қабылданбайды.».
      21. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат, № 8, 64-құжат, 2013 ж., № 14, 72-құжат):
      1) 8-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру, қылмыстық процесте пайдалану үшін олардың нәтижелерін тіркеу арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды және жолын кесуді қамтамасыз етуге, тергеушінің жазбаша тапсырмалары мен прокурордың нұсқауларын, сондай-ақ өздерінің іс жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу туралы соттың қаулыларын орындауға;»;
      2) 9-баптың 1-тармағы:
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сотқа дейінгі іс жүргізуде қажетті зерттеулерді жүргізуге;»;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы полициясы органдарына жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді құруға және пайдалануға, сотқа дейінгі іс жүргізуде ғылыми-техникалық зерттеулерді ұйымдастыруға және жүргізуге;».
      22. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат, № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжат, № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат, 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2013 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      63-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласындағы немесе коммерциялық немесе өзге де ұйымдар қызметінің мүдделеріне қарсы қылмыстарды жасағаны үшін сот кінәлі деп таныған, сондай-ақ көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3, 4, 9, 10 және 12 тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған қоғамның лауазымды адамдары заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелген немесе алып тасталған не қылмыстық жауаптылықтан босатылған күннен бастап бес жылдың ішінде қоғамның лауазымды адамдары, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің өкілі міндеттерін орындай алмайды.».
      23. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж, № 14, 75-құжат):
      12-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ұсталған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды;».
      24. «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж, № 18, 104-құжат; 2011 ж, № 11, 102-құжат):
      5-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың және сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар, сондай-ақ наркологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрған не соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі адамдардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуына жол берілмейді.».
      25. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат, № 24, 149-құжат, 152-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар):
      1) 14-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа толмағанына байланысты сотқа дейінгі тергеуді қысқарту туралы оларға қатысты қаулы шығарылғаннан кейін қоғамға қауіпті әрекетті қайтадан жасаса;»;
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағанды ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы ұсынысты ішкі істер органдары көрсетілген кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарылғаннан кейін отыз тәуліктің ішінде сотқа жолдайды.».
      2) 19-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде, оның ішінде рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылған;».
      26. «Аралық соттар туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 24, 151-құжат; 2009 ж., № 9-10, 47-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 жылғы 4 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2013 жылғы 5 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      11-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) алынбаған немесе өтелмеген соттылығы бар не өзіне қатысты күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған адам;».
      27. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат, 2012 ж., № 4, 32-құжат):
      1) 9-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) қылмыстық процесті жүргізетін органдардың жазбаша талаптары бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу үшін күзетпен ұсталатындарды айдауылмен алып жүруді қамтамасыз етуге міндетті.»;
      2) 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Әскери полиция органдарының қызметіне:
      1) өздеріне қатысты қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ мемлекеттік органдардан теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған адамдар;
      2) бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдар қабылданбайды.».
      28. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат, № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2013 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      11-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Құқық қорғау органдары прокурордың санкциясы, сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде тергеу органдарының қаулысы негізінде не соттың қаулысы негізінде және кәсіпкерлік субъектісінен де, мемлекеттік органдардан да қажетті ақпараты, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сұратады және алады.».
      29. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат, № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат, № 14, 75-құжат):
      39-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) шарттың орындалуына байланысты тапсырыс берушінің және (немесе) өнім берушінің лауазымды адамына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген жағдайда жұмыстар бойынша шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде жол беріледі.».
      30. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2008 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 20, 80-құжат; 2010 ж., № 24, 153-құжат, 2012 ж., № 5, 39-құжат):
      2-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) Қазақстан Республикасының Президентіне судьяны күзетпен ұстауға не үй қамағына алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен әкімшілік жаза қолдануға, судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келісім беру туралы мәселені шешу үшін қорытынды ұсынады;»;
      31. «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 17-18, 70-құжат, 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):
      17-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қылмыс жасағаны үшін Ассамблея мүшесіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;».
      32. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат, № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат, № 14, 75-құжат):
      27-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін материалдарды құқық қорғау органдарына береді;».
      33. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 1-2, 3-құжат; 2013 ж., № 13, 64-құжат):
      1) 12-баптың 8-тармағының екінші абзацының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қасақана қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;»;
      2) 16-баптың 3-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда
жазылсын:
      «адам қасақана қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;».
      34. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27 құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; 2013 жылғы 5 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      143-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанда;».
      35. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; 2013 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      29-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тексерілетін субъекті қылмыстық істі тергеуге байланысты мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.».
      36. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34-құжат; № 14, 75-құжат):
      6-баптың 2-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) өзіне қатысты қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) бұрын сотталған не қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адам қабылданбайды.»;
      2) 38-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген немесе қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған жағдайда қызметкер осы Заңда белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады.»;
      3) 57-баптың 11 және 12-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Қызметкерге қатысты қызметтік тергеу не сотқа дейінгі тергеу жүргізілген немесе сот қараған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жағдайларда, кінәлінің ауырғанына байланысты жұмыста болмауы немесе демалыста, іссапарда болуы уақытын есептемегенде, тиісінше тергеудің аяқталуы, қылмыстық істі немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы іс жүргізу шешімі қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей тәртіптік жаза қолданылады.
      12. Сотқа дейінгі тергеу қысқартылған жағдайларда, бірақ қызметкердің іс-әрекетінде тәртіптік теріс қылық, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған кезде жаза сотқа дейінгі тергеуді қысқарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері болған кезде үш айдан кешіктірілмей қолданылады.»;
      4) 80-баптың 1-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) соттың қылмыс жасағаны үшін айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне, қылмыс туралы қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3, 4, 9, 10 және 12 тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қысқартылуына байланысты;».
      37. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат):
      56-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталған не күдікті, айыпталушы ретінде жауапқа тартылған болса, не оған қатысты күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылса - іс бойынша шешім шығарылған немесе сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін;»;
      38. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат, № 14, 72-құжат):
      7-баптың 2-тармағы:
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;»;
      9), 10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған;
      10) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері және апа-сіңлілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;
      11) жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері және апа-сіңлілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) не жұбайы (зайыбы) немесе оның жақын туыстары ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған;»;
      3) 33-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қызметкерге қатысты күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылуына не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасын қолдануға байланысты қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанда дейін уәкілетті басшының қарамағында болу;»;
      3) 49-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) осы Заңның 33-бабының 4-тармағы 4) тармақшасында айқындалған мән-жайларды қоспағанда, уәкілетті басшының қарамағында толық алты айға дейін болған кезде, қызметкердің бар тәжірибесі мен білімін қолдану мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ ұсынылған лауазымнан бір рет бас тартқан кезде;»;
      4) 51-баптың 14 тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі немесе қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының және 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылуы;»;
      5) 68-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қылмыстық іс тоқтатылған жағдайларда, бірақ қызметкердің әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болғанда, жаза қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей, ал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері болғанда, үш айдан кешіктірілмей тағайындалады.»;
      39. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 16, 127-құжат):
      1) 6-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған адамдардың; бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың күзеттен қашуының жолын кесу жағдайында, сондай-ақ оларды күштеп босатылуға жасалған әрекеттерінің жолын кесуге;»;
      2) 21-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) әскери қызметшіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуге байланысты командирдің (бастықтың) қарамағында болған жағдайда қылмыстық іс бойынша шешім шығарылғанға дейін;»;
      3) 26-баптың 1-тармағы 13) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «қылмыс жасағаны үшін соттық айыптау, оның ішінде шартты түрде айыптау үкімінің заңды күшіне енуі;
      қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылуы;»;
      4) 38-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      «7-1) қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;».
      2-бап. Осы Заң 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады