1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, оларды заңсыз алып жүру, ұстау, жасау немесе өткізу, атыс қаруларын ұқыпсыз ұстау туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" 1995 жылғы 21 шілдедегі № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 5; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 7-тармақтағы "сарапшы" деген сөз "сарапшының немесе маманның" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. Соттар ҚК-нің 287-бабына Ескертуде көзделген өз еркiмен қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын тапсыруды Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 254-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларда осы заттарды тінту алдында ерікті түрде беруден ажыратқаны жөн.
ҚПК-нің 254-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларда тінту алдында осы заттарды ерікті түрде беру өз еркімен тапсыру болып табылмайды және ҚК-нің 287-бабына Ескертудің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатуға әкеп соқпайды, бірақ сот ҚК-нің 53-бабы екінші бөлігінің негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететін мән-жай ретiнде тануы мүмкiн.
Егер тінту жүргізу кезінде адам тінтілетін жерден тыс жерде (басқа аумақта, өзге адамдарда және т.б.) сақталған оның өзі көрсетпейінше табу мүмкін болмайтын ҚК-нің 287-бабында көзделген қару мен өзге де заттардың өзінде бар екендігін мәлімдесе, онда аталған әрекеттер ерікті түрде тапсыру деп танылады және адам ҚК-нің 287-бабына Ескертуге сәйкес осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Тінту процесінде бастапқы заттар табылмаған жағдайда, бірақ тінту аяқталғаннан кейін адам тінту кезінде табылмаған осы заттардың тұрған жерін көрсетсе және олар кейін сол жерден алынса, онда адамның мұндай әрекеттерін де ерікті түрде тапсыру деп тану қажет.
Заттарды ерікті түрде беру және ерікті түрде тапсыру туралы жоғарыда аталған түсіндірмелер жеке тінтуді, алу мен қарап-тексеруді жүргізу жағдайларына да қолданылады.";
3) 19-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы санаттағы істер бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың қарулары және (немесе) құралдары және заттай дәлелдемелер деп танылған қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға тиесілі автомобильдерді, мотоциклдерді және өзге де көлік құралдарын ҚПК-нің 118-бабы үшінші бөлігінің 1) тармағының талаптарына сәйкес сот ҚК-нің 48-бабының негізінде мемлекеттің меншігіне тәркілеуге тиіс.";
2. "Есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты істер бойынша заңнаманы қолдану туралы" 1998 жылғы 14 мамырдағы № 3 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 2; 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 19; 2003 жылғы 11 шілдедегі № 7; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 3-1-тармақтың екінші абзацындағы "ҚК-нің 296-бабының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 296-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 9-5-тармақпен толықтырылсын:
"9-5. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда тергеу судьясының санкциялануына жататын тұрғын үй-жайға тінту, алу, қарап-тексеру және өзге де тергеу әрекеттерін жүргізу ерекше мән-жайлар болған кезде қатаң түрде ҚПК-нің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
Тергеу әрекеттерін ҚПК-де белгіленген жалпы тәртіппен жүргізу кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына орны толмас ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін не іздестіріліп жатқан адамның жасырынуы, қылмыс іздерін жоюы мүмкін деп нақты қауіптенетін және (немесе) алып қоюға жататын объектінің табылуы кешіктірілуге байланысты жоғалуы, бұзылуы немесе қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкін және т.б. жағдайлар кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүзеге асыру үшін негіз беретін ерекше мән-жайлар болып танылады.";
3) 20-тармақта:
бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК)" деген сөздер "ҚПК-нің" деген сөзбен ауыстрылсын;
төртінші абзацтағы "екінші бөлігі 4) тармағының" деген сөздер алып тасталсын;
3. "Қазақстан Республикасында сот билігі туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы" 1998 жылғы 14 мамырдағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 8; 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5; 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2; 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 2-тармақ алып тасталсын;
2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде судья тәуелсіз, Конституцияға және заңға ғана бағынысты болуға, объективтілік пен бейтараптылықты сақтауға, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидатының іске асырылуын қамтамасыз етуге тиіс.
Судья өзі қараған немесе іс жүргізуіндегі сот істеріне мәні бойынша қандай да бір түсініктемелер беруге және өз пікірін білдіруге міндетті емес.
Сот тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидатына сәйкес сот отырысында тараптардың тең мүмкіндігін және тараптардың өз процестік міндеттерін орындауы және өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайларды жасауға міндетті.";
3) 4-тармақта:
екінші абзацтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Араласудың мұндай түрлеріне, атап айтқанда сот процесінің нақты тарабының пайдасына соттың (судьяның) шешім қабылдауы туралы адамның тікелей нұсқауы немесе жанама өтініші және соттың іс бойынша объективті және бейтарап сот төрелігін жүзеге асыруына кедергі келтіру мақсатында басқа да қасақана жасалған әрекеттер жатқызылуы мүмкін.";
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"Мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 407-бабының бірінші, үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Соттың үй-жайларында, сот ғимараттарына іргелес аумақтарда және өзге де қоғамдық орындарда сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері бойынша жиналыстарды, митингілерді, демонстрацияларды, шерулерді, пикеттерді не өзге де жария іс-шараларды Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 488-бабында көзделген құқық бұзушылық ретінде саралануға жатады.";
4) мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. "Қазақстан Республикасы Судьялар одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің (бұдан әрі – Судьялар одағы) Жарғысына сәйкес оның қызметінің нысанасы мен негізгі мақсаты басқалармен қатар судьялар қоғамдастығының мүдделерін қорғау, судьялар мәртебесін және олардың тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесу болып табылады.
Осыған байланысты Судьялар одағына судья жүгінген жағдайда Судьялар одағы Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 58-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес өзінің уәкілетті адамдары арқылы судьяның өкілі болуға және оның мүддесі үшін ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы талап қоюларды сотқа беруге құқылы.";
5) 6-тармақтың екінші және үшінші абзацтарындағы "органдардағы", "органдардың" деген сөздер тиісінше "және өзге де органдар мен ұйымдардағы", "және өзге де органдар мен ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заңның 9, 14, 20 және 21-баптарына сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізу соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының ерекше өкілеттіктеріне жатқызылғандықтан, басқа судьялардың азаматтарды қабылдауды жүргізуге құқығы жоқ.
Соттар төрағаларының және сот алқалары төрағаларының азаматтарды жеке қабылдауы жергілікті соттарда, Жоғарғы Сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте соттың заңнаманы сақтау мәселелері және қаралып отырған іс бойынша болжанатын нәтижелер, жасалған сот актілері және оларды қайта қарау, яғни соттың нақты істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері талқылауға жатпайды.";
7) 7-тармақта:
"әкімшілік" деген сөз "заңда көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 430-бабы (бұдан әрі – ҚК)" деген сөздер "ҚК-нің 430-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 9-тармақтың бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК)" деген сөздер "ӘҚБтК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Сот істі қарау, оның ішінде бейнебайланыс (онлайн) режимінде қарау кезінде тәртіпті бұзу немесе сотты құрметтемеушілік болған жағдайда тікелей осы сот отырысында өзінің қаулысымен (ұйғарымымен) адамға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 18-тарауында, АПК-нің 188-бабында, ҚПК-нің 346-бабында көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Қылмыстық немесе азаматтық іс бойынша сот талқылауы барысында процеске қатысып отырған адамның тарапынан сотқа құрмет көрсетпеу фактісі анықталған кезде сот ӘҚБтК-нің 684-бабының үшінші бөлігіне сәйкес кінәлі адамды ӘҚБтК-нің 653-бабында көзделген әкішілік жауаптылыққа тартуға құқылы. Сот (судья) мұндай әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауды тиісінше АПК-нің 120-бабында немесе ҚПК-нің 346-бабының бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүргізеді.
Соттың (судьяның) тікелей сот отырысының залында бұзушыға процестік мәжбүрлеу немесе әкімшілік жаза шараларын қолдану жөніндегі әрекеттері сот отырысының хаттамасында көрсетілуге тиіс. Апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттардың аталған әрекеттері сот отырысының хаттамасында мұндай хаттама заңға сәйкес жүргізілетін жағдайларда ғана тіркеледі.
Соттың ӘҚБтК-нің 653-бабы бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы шешімі жеке уәжді қаулы түрінде қосымша ресімделеді.
Сот отырысынан тыс жасалған сотты құрметтемеушілік үшін әкімшілік жазаларды сот ӘҚБтК-нің 684-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген ӘҚБтК-нің нормаларына сәйкес жалпы тәртіппен қолданады.";
4. "Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы" 1999 жылғы 9 шілдедегі № 8 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 18; 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 10; 2010 жылғы 25 маусымдағы № 7; 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 4; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 13-тармақтағы "ата-анасы," деген сөздерден кейін "балалары," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 16-тармақтағы "бірінші бөлігінде" деген сөздер "екінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 21-тармақта "ҚК-тiң 87-бабында" деген сөздер "ҚК-нің 93-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 25-тармақтың екінші абзацындағы үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаулыда ісі қаралған адамның қорғаушысы, заңды өкілі немесе жақын туысы, жәбірленуші және оның өкілі қаулыға апелляциялық тәртіппен шағым жасай алатыны, сондай-ақ ҚПК-нің 48-тарауында жазылған қағидалар бойынша прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін екендігі көрсетілуге тиіс.";
5. "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабын қолдану жөнiндегi сот практикасы туралы" 2001 жылғы 21 маусымдағы № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 6; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 9-2-тармақтағы "ҚК-нің 68-бабы төртінші бөлігінің" деген сөздер "ҚК-нің 68-бабы екінші және үшінші бөліктерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Тараптардың татуласуына байланысты адам қылмыстық жауаптылықтан босатылған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің ескіруі, ҚК-нің 71-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы қылмысты жасаған кезден бастап ҚК-нің 71-бабының бірінші бөлігінің қағидалары бойынша есептеледі.";
3) 12-тармақтағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
4) 15-тармақтағы "69-бабының бірінші бөлігінде," деген сөздер алып тасталсын;
6. "Қорғану құқығын реттейтін қылмыстық процестік заңнаманы қолдану практикасы туралы" 2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 26 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 9; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі – Конституция) 13-бабында және 16-бабының 3-тармағында танылған және оған кепілдік берілген және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 26-бабында көзделген қылмыстық процесс қағидаттарының бірі болып табылатын қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның және ақталғанның қорғалуға құқығы бар.";
2) 4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаушы ретінде адвокат қатысады, сондай-ақ тек адвокатпен қатар қорғаушылар ретінде іске қатысуға құқығы бар ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамдар жіберілуі мүмкін.";
3) 11-тармақта:
бірінші абзацтағы "ол ұсталған сәттен немесе оған бұлтартпау шарасы қолданылған уақыттан" деген сөздер "ҚПК-нің 64-бабының бірінші бөлігінде көзделген қандай да бір әрекетті жүргізу сәтінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтың бірінші сөйлеміндегі "қаулы" деген сөз "ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамды қорғаушы ретінде жіберу туралы қаулы, ал адвокатқа қатысты – іске кіріскен адвокатты қорғаушы ретінде тану туралы қаулы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 12-тармақтағы "адамды қорғаушы ретінде іске қатысуға жіберген" деген сөздер "адвокат қорғаушы ретінде іске қатысуға кіріскен" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 14-тармақтағы "танысып" деген сөз "таныстырылуы тиіс, оны" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 15-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ҚПК-нің 67-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды.";
үшінші абзацтағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
төртінші абзацтағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
7) 16-тармақтың екінші абзацындағы "байланысты" деген сөзден кейін "қорғануға құқығы бар куәнің," деген сөздермен толықтырылсын;
8) 18-тармақтағы "құқық бұзушылықтың мәні басты сот талқылауында дәлелдемелердің заңда көрсетілген тәртіппен алынғандығына" деген сөздер "бұзушылықтың мәні басты сот талқылауында дәлелдемелердің жол берілетіндігі мен анықтығын" деген сөздермен ауыстырылсын;
7. "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" 2003 жылғы 11 шілдедегі № 8 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 14; 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 12; 2007 жылғы 11 мамырдағы № 3; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2017 жылғы 29 маусымдағы № 6; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 13-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кіру белгісі кінәлі адам үй-жайға, қоймаға немесе көлік құралына кірмей-ақ техникалық құралдар мен өзге де құрылғыларды пайдаланып ұрланатын заттарды алған кезде де орын алады.";
2) 14-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Материалдық құндылықтарды тұрақты немесе уақытша сақтау үшін бөлінген, қоршаумен немесе техникалық құралдармен арнайы жабдықталған не күзетпен қамтамасыз етілген құрылыстар, ерекше құрылғылар, аумақ орындары немесе учаскелері (мысалы, мүлікті сақтауға арналған немесе осы мақсаттарда пайдаланылатын контейнерлер, сейфтер, қоймалар, жүктері бар күзетілетін теміржол платформалары, қоршаумен қоршалған үйлердің аулалары және өзге де қоршалған немесе қоршалмаған күзетілетін учаскелер және т.б.) қойма деп түсініледі. Сақтауға арналмаған, бірақ осы мақсаттарда пайдаланылатын сыйымдылықтар, аумақтың (акваторияның) учаскелері (мысалы, күзетілмейтін не оларға кіруге кедергі келтіретін құрылғылары жоқ үйлердің қоршалмаған аулалары, автомашиналардың ашық шанақтары, платформалар және жартылай вагондар) "қойма" ұғымына жатпайды.";
мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Күзетте тұрған немесе кіруге кедергі келтіретін құрылғысы бар көлік құралының кез келген жабық бөлігіне (салонға, жүксалғышқа, жабық шанаққа, капотқа және т. б.) кіру көлік құралына кіру деп танылады.
Көлік құралына заңсыз кірумен жасалған ұрлық іс-әрекетті дербес саралау белгісі болып табылады және "қоймаға заңсыз кіріп жасалған ұрлық" белгісімен қамтылмайды.
Көлік құралына кірумен жасалған тонау немесе қарақшылық тиісінше ҚК-нің 191-бабының үшінші бөлігінің 3) тармағына немесе 192-бабының үшінші бөлігінің 4) тармағына сәйкес "қоймаға заңсыз кірумен жасалған іс-әрекет" белгісімен саралануға жатады.
3) 18-тармақың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Иемдену - бұл кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін өзінің пайдасына немесе үшінші тұлғалардың пайдасына айналдыру арқылы құқыққа қарсы өтеусіз ұстап қалудан көрінетін жымқыру түрі болып табылады. Талан-таражға салу сол бір мүлікті құқыққа қарсы өтеусіз тұтыну немесе оны тұтыну үшін басқа адамдардың иелігіне беру (сату, айырбастау, сыйға тарту және т.б.) түсініледі.";
8. "Соттардың кейбір экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы" 2004 жылғы 18 маусымдағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 22; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 3-тармақтағы "жетінші тарауына" деген сөздер "сегізінші тарауына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-тармақтағы "шығынның" деген сөз "экологиялық залалдың" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-тармақта:
"шығынды" "залал" деген сөздер тиісінше "экологиялық залалды", "экологиялық залал" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қоршаған ортаның бұзылған экологиялық жай-күйін қалпына келтіруді" деген сөздер "экологиялық залалды жоюды немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіруді" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 15, 16, 17-тармақтардағы "зиянның", "залал", "зиян" деген сөздер тиісінше "экологиялық залалдың", "экологиялық залал", "экологиялық залал" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 18-тармақта:
"зиян келтіру" деген сөздер "экологиялық залал келтіру" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші абзацтарда:
"зиян келтіруді", "осындай зиян келтіруді" деген сөздер "экологиялық залал келтіруді" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін" деген сөздер "экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта ", 337-бабы бесінші бөлігінің 2-тармағы" деген сөздер алып тасталсын;
6) 22-тармақта:
"материалдық шығынды", "зиян келтіруші", "зиян еңсерілмейтін күштің" деген сөздер тиісінше "материалдық залалды", "экологиялық зиян келтіруші", "экологиялық зиян еңсерілмейтін күштің" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "келтірілген шығынның" деген сөздер "келтірілген экологиялық залалдың" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 23-тармақтың бірінші абзацындағы:
"ЭК-нің 321, 322-баптарына" деген сөздер "ЭК-нің бесінші бөліміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қоршаған ортаның бұзылған жағдайын қалпына келтіруге" деген сөздер "экологиялық залалды жоюға немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіруге" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 24, 25, 28-тармақтардағы "келтірілген шығынның", "зиян тікелей", "шығынды", "келтірілген зиянның", "шыққан шығынның" деген сөздер тиісінше "келтірілген экологиялық залалдың", "экологиялық зиян тікелей", "экологиялық залалды", "келтірілген экологиялық зиянның", "экологиялық залалдың" деген сөздермен ауыстырылсын;
9. "Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың кейбір мәселелері туралы" 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 1; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 8-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер тараптар қажетті құжаттарды өздерінің ұсынуына мүмкіндіктері болмауына байланысты сотқа оларды алуға көмектесу жөнінде өтінішхат мәлімдесе, онда сот өтінішхатты қанағаттандыруға немесе қанағаттандырудан бас тартуға құқылы. Мәлімделген өтінішхат бойынша соттың шешіміне жеке шағым келтірілмейді. Өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартумен келіспеу туралы апелляциялық шағымда немесе прокурордың апелляциялық сатыдағы сотқа берген өтінішхатында көрсетілуі мүмкін.";
2) 9-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Жекеше айыптау істері бойынша жәбірленуші (жекеше айыптаушы) не айыпталушы аудио- және (немесе) бейнежазба жүргізу арқылы алған нақты деректер қатыстылығы, жол берілетіндігі және анықтығы тұрғысынан сот оларды бағалағаннан кейін іс бойынша дәлелдемелер деп танылуы мүмкін.";
3) 10-тармақта:
бірінші абзацта:
"айыпталушының" деген сөз "күдіктінің және айыпталушының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бекіту" деген сөз "зерттеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Егер сотқа дейінгі іс жүргізу барысында адвокат шақыру және өзіне қарсы айғақ бермеу құқығымен таныспаған күдіктінің айғақтары адвокат болмаған кезде берілсе, онда бұл айғақтарға дәлелдемелер ретінде жол берілмейді деп танылады.";
4) 16-тармақта:
бірінші абзацтағы орыс тіліндегі сөздер өзгереді, мемлекеттік тілдегі сөздер өзгермейді;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"Егер істе сол бір мәселелер бойынша әртүрлі тұжырымдары бар сарапшылардың бірнеше қорытындысы болса, сот олардың әрқайсысын іс бойынша басқа дәлелдемелермен жиынтығында бағалағаны жөн. Мұндай жағдайларда қажет болған кезде жаңа (қосымша немесе қайталама) сараптама тағайындалуы мүмкін. Сот актісінде сот істі шешу кезінде сол немесе басқа сараптамалық қорытындыны назарға алатыны жөнінде негіздерді келтіруі міндетті.";
5) мынадай мазмұндағы 16-1 және 16-2-тармақтармен толықтырылсын:
"16-1. Қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар нақты деректер істің басқа материалдарымен қатар маманның қорытындысымен де анықталады.
ҚПК-нің 80-бабына сәйкес маман ретінде іске мүдделі емес арнайы білімі бар адам тартылуы мүмкін.
Маман ретінде тартылған, зерттелетін мәселелерде тиісті құзыреті жоқ адамның қорытындысы жол берілмейтін дәлелдеме болып табылады.
16-2. Қылмыстық істер бойынша сарапшының не маманның қорытынды беруі үшін қатысуы іс бойынша тиісті зерттеулер жүргізуге сарапшының, маманның құзыреттілігі туралы деректер көрсетілген қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысының негізінде жүргізіледі.
Қылмыстық процеске қатысушылар сараптаманы не маманды тарту туралы қаулымен танысқан кезде ҚПК-нің 92-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағының және 93-бабы бірінші бөлігінің 4) тармағының негізінде сарапшыға, маманға олардың құзыретті еместігі негіздері бойынша қарсылық білдіруді мәлімдеуге құқылы. Мәлімделген қарсылық білдіруді қарау нәтижелері бойынша қылмыстық процесті жүргізетін орган оны қанағаттандыру не қабылдамау туралы қаулы шығарады. Мәлімделген қарсылықты қабылдамау уәжді болуы тиіс.
Егер қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысында сарапшы туралы мәліметтер көрсетілмесе, онда сот сараптамасы органының басшысы сарапшыны таңдағаннан кейін сараптаманы тағайындаған адам процеске қатысушыларды онымен таныстыруға және процеске қатысушыларға таңдалған сарапшыға қарсылық білдіру құқығын түсіндіруге міндетті.";
6) 17-тармақтың бірінші абзацындағы "қаулысымен" деген сөзден кейін "(қылмыстық теріс қылық туралы хаттамамен)" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 18-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі өткеннен кейін іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген (іздестіру іс-шараларының материалдарын және жасырын тергеу әрекеттерін (бұдан әрі – ЖТӘ), сондай-ақ осы мерзімдерді үзуге негіздер болып табылған халықаралық құқықтық көмекті алуға байланысты процестік әрекеттердің нәтижелерін және сот сараптамаларын қоспағанда), айыпталушының іс материалдарымен танысқан, іс айыптау актісімен прокурорда болған кезеңде алынған нақты деректер жол берілмейтін дәлелдемелер деп танылады.";
8) 20-тармақтағы "өтілшілері," деген сөз "тағылымдамадан өтушілері, құқық қорғау органдарында практикадан өтетін студенттер," деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 21-тармақта:
екінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
"Процеске қатысушы немесе өзге де адам ҚПК-нің 122-бабының төртінші бөлігіне сәйкес құжат ретінде қылмыстық іске қоса тіркеу үшін ұсынған аудиожазбаны не бейнежазбаны сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлға ҚПК-нің 125-бабының қағидалары бойынша қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде оның анықтығы, қатыстылығы және жол берілетіндігі тұрғысынан зерттеуі және бағалауы тиіс. Аудиожазба не бейнежазба дәлелдеме деп танылған жағдайда қылмыстық іске қоса тіркеледі, ол туралы хаттама (қаулы) толтырылады.
Қылмыстық қудалау органының қызметкері заңда белгіленбеген тәртіппен алған материалдар (заңнамада белгіленген талаптарды бұза отырып, өз бетінше жасырын аудио -, бейнежазбаны жүргізу және т.б.) іс материалдарына қоса тігілуі және жол берілетін дәлелдемелер деп танылуы мүмкін емес.";
үшінші абзац бесінші абзац болып саналсын;
10) 22-тармақта:
бірінші абзацтағы "Республикасы" деген сөз "Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі № 154-ХІІІ" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац алып тасталсын;
төртінші абзацтағы ", сондай-ақ ҚПК-нің 232-бабының төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілмеген істер бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
алтыншы абзацтағы "Судья, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған не қылмыстық құқық бұзушылық жасау үстінде ұсталған жағдайларды қоспағанда, прокурордың" деген сөздер "Прокурордың" деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы "ҚПК-нің 210, 216 және 212-баптарының" деген сөздер "ҚПК-нің 182, 210, 212 және 216-баптарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 23-тармақтың бірінші абзацындағы "материалдар қылмыстық іс жүргізу заңдарымен көзделген іс жүргізу нысанына келтірілуі, тексерілуі және дәлелдемелер ретінде бағалануы тиіс." деген сөздер "және ҚПК-нің 120-бабының екінші бөлігіне сәйкес құжаттар болып табылатын материалдар тексерілуі және дәлелдемелер ретінде бағалануы мүмкін." деген сөздермен ауыстырылсын;
12) мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
"23-1. ЖТӘ қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде ғана жүргізіледі. Сотқа дейінгі іс жүргізу басталғанға дейін ЖТӘ жүргізуге жол берілмейді.
ҚПК-нің 231-бабының 1) тармағында көзделген ЖТӘ-ні жүргізу (адамды немесе орынды жасырын аудио-және (немесе) бейнебақылау) қатаң ҚПК-нің 242-бабына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. ЖТӘ-нің осы түрін жүргізу кезінде қылмыстық әрекетті имитациялайтын мінез-құлыққа не басқа адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасауға көндіруге (арандатуға) жол берілмейді. Бұл ретте жасырын енгізу және (немесе) қылмыстық әрекетті имитациялау түріндегі ЖТӘ-ні көздейтін ҚПК-нің 231-бабының 10) тармағы және 251-бабы Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 292-VI Заңымен ҚПК-ден алып тасталғанын ескеру қажет.";
13) 24-тармақтың үшінші абзацындағы "сот шағым уәждерін" деген сөздер "бірінші және апелляциялық сатыларының соттары арыздар дәлелдерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
10. "Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлерiн тағайындау жөнiндегi сот практикасы туралы" 2006 жылғы 23 маусымдағы № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 2-тармақта:
төртінші абзацтағы "қылмыспен келтірілген" деген сөздердің алдынан "ҚК-нің 366-бабының 1-1, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде, 367-бабының екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде, 368-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзацтағы "қасақана қылмыс" деген сөздердің алдынан "ҚК-нің 366-бабының 1-1, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде, 367-бабының екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде, 368-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Әйелдерге қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу:
ҚК-нің 46-бабы бесінші бөлігінің 1) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қасақана қылмыстар (ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр) жасағаны үшін екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған, бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтемегендерге;
қылмыстардың қайталануы кезінде, егер бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін ол нақты бас бостандығынан айыру жазасын өтемесе;
ҚК-нің 366-бабының 1-1, екінші және үшінші бөліктерінде, 367-бабының екінші және үшінші бөліктерінде, 368-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталғандарға;
айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айырумен ауыстырылған жағдайларда тағайындалады.
Әйелдерге қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу:
ҚК-нің 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген күш қолданумен байланысты емес қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ ҚК-нің 15-тарауында көзделген қылмыстар үшін сотталған, қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген әйелдерді қоспағанда, қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны бұрын өтеген, бас бостандығынан айыруға сотталғандарға;
кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасаған адамдарды қоспағанда, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталғандарға;
оның бұрын қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтегеніне қарамастан, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде тағайындалады.";
3) 4-тармақта:
төртінші абзацтағы "тағайындалады." деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасаған адамдарды қоспағанда, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тағайындалады.";
11. "Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралы" 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 8 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 5-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Басты сот талқылауы барысында прокурор ҚПК-нің 340-бабы бесінші бөлігінің талаптарын сақтай отырып, жаңа айыптау актісін жасау арқылы айыпталушының қылмысты тиісінше қайталап жасағанын көрсетіп, айыптауды толықтыруға құқылы.";
екінші және үшінші абзацтар тиісінше үшінші және төртінші абзацтар болып саналсын;
2) 9-тармақтағы "сынақ мерзімі" деген сөздер "пробациялық бақылау мерзімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 17-тармақтағы "6, 7, 8-тармақтарында" деген сөздер "6, 6-1, 7, 8-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 24-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Егер айыптау актісінде заңда көзделген негіздер болған кезде кінәні ауырлататын мән-жай ретінде айыпталушының қылмыстық құқық бұзушылықты тиісінше қайталап жасағаны көрсетілмесе және прокурор бұл бұзушылықты жаңа айыптау актісін жасау арқылы жоймаса, онда сот үкімде құқық бұзушылықтың қайталанып жасалғаны туралы көрсетуге құқылы емес, бірақ тиісті шаралар қабылдау үшін жіберілген бұзушылық туралы жоғары тұрған прокурордың назарына жекеше қаулымен жеткізуге міндетті.";
12. "Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жасалған шағымдарды соттардың қарауы туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 106-бабы)" 2012 жылғы 27 маусымдағы № 3 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 2-тармақтағы бірінші сөйлем "әсер етсе," деген сөздерден кейін "сол сияқты олардың қорғаушылары, өкілдері" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-тармақта:
екінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"ҚПК-нің 153-бабының төртінші бөлігіне сәйкес тергеу судьясы санкцияламаған сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының бұлтартпау шараларын қолдану/қолданбау, олардың күшін жою немесе оларды өзгерту туралы қаулыларына шағым жасау ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен жүргізіледі. Басқа жағдайларда бұл мәселені қарау тергеу судьясының қаулыларын қайта қарауға өкілеттіктері бар соттың құзыреттілігіне жатқызылған";
3) 11-тармақтағы екінші абзац алып тасталсын;
4) мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Тергеу судьясының қаулысымен тергеушінің, анықтаушының, прокурордың сол бір шешіміне немесе әрекеттеріне бірнеше шағым бір іс жүргізуге біріктірілуі мүмкін.
Бірнеше шағым бір іс жүргізуге біріктірілген жағдайда қарау мерзімі соңғы шағым түскен күннен бастап есептеледі.";
5) 29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының адамның құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың заңмен қорғалатын мүдделерін заңсыз шектеуге немесе өзге де бұзушылықтарға әкеп соққан әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) және (немесе) шешімдерінің заңсыздығы фактісі анықталған кезде тергеу судьясы шағымды қарау қорытындысы бойынша ҚПК-нің 56-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес заң бұзушылыққа жол берген адамдардың жауаптылығы туралы мәселені шешу үшін жекеше қаулы шығаруға міндетті.
Шағымды ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен қарау нәтижесі бойынша шығарылған тергеу судьясының заңды күшіне енген немесе дереу орындалуға жататын сот актісін орындамаған жағдайда заң бұзушылығын жою жүктелген лауазымды адам заңда көзделген тәртіппен жауаптылыққа тартылуға жатады.";
13. "Алқабилерді қатыстырып қылмыстық істерді қарауды реттейтін заңнаманы соттардың қолдану практикасы туралы" 2012 жылғы 23 тамыздағы № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 4; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 1-тармақта:
бірінші абзацта:
"өлім жазасы немесе" деген сөздер алып тасталсын;
"ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар" деген сөздерден кейін ", кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы аса ауыр қылмыстар туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацта:
"әскери қылмыстар" деген сөздерден кейін "және" деген шылау алып тасталсын;
"жасалған қылмыстар туралы" деген сөздерден кейін ", кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы аса ауыр қылмыстар туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
14. "Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 13; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6; 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 4-тармақтағы "айыптау актісін" деген сөздерден кейін ", жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 7-тармақтағы "өлім жазасын немесе", "немесе өлім жазасы" деген сөздер алып тасталсын;
3) 8-тармақта:
", 47" деген цифрлар алып тасталсын;
"және өлiм жазасын тағайындауға", "өлім жазасы мен" деген сөздер алып тасталсын;
15. "Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы" 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 2-тармақтың бесінші абзацындағы "ҚК-нің 72-бабына" деген сөздер "ҚК-нің 72 және 73-баптарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Бұл ретте сотталған адам өтеген жаза мерзімін және сотталған адам шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған мерзімді не жазаны неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру мерзімін арифметикалық есептеуді қылмыстардың жиынтығы не үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындалған түпкілікті жазаны негізге ала отырып жүргізу қажет.";
3) 14-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"ҚК-нің 72 және 73-баптарының ережелерін қолданған кезде адамдар белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жазадан босатылмайды.";
4) 16-тармақтағы "мүгедек" деген сөздер "мүгедектігі бар адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
16. "Сот төрелігіне қол жеткізу құқығы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот актілерін қайта қарау бойынша өкілеттіктері туралы" 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 1:
1) 3-тармақтағы "1998 жылғы 5 маусымдағы № 3/2," деген сөздер алып тасталсын;
2) 4-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Конституцияның 81-бабына сәйкес Жоғарғы Сот жергілікті және басқа да соттардың соттылығына жататын азаматтық, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген жағдайларда өзінің соттылығына жататын сот істерін қарайды және сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер береді.";
үшінші абзацтағы "заңды күшіне енген сот актілерін" деген сөздер "төмен тұрған соттардың сот актілерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-тармақта:
бірінші абзацтағы "заңды күшіне енген сот актілерін" деген сөздер "кассациялық тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 485-бабы 2-бөлігінің 3) тармақшасы)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабы алтыншы бөлігінің 3) тармақшасы; Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 851-бабы бесінші бөлігінің 3) тармақшасы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "АПК-нің 438-бабы 6-бөлігінің 1), 2) тармақшалары" деген сөздерден кейін ", ӘРПК-нің 169-бабы алтыншы бөлігінің 1), 2) тармақшалары; ӘҚБтК-нің 851-бабы бесінші бөлігінің 1), 2) тармақшалары" деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзацтағы "азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтар не" деген сөздер алып тасталсын;
алтыншы абзацтағы "өлім жазасына немесе" деген сөздер алып тасталсын;
сегізінші абзац алып тасталсын;
17. "Алаяқтық туралы істер бойынша сот практикасы туралы" 2017 жылғы 29 маусымдағы № 6:
1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Айыптау актісінде және сот үкімінде қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасын сипаттау кезінде жасалған іс-әрекеттің объективті және субъективті жақтарын ескере отырып, алаяқтық жасалған тәсіл нақтылануы тиіс.";
2) 8-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
"Ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларға қатысты жасалған алаяқтық кінәліге немесе оның нұсқауы бойынша басқа адамдарға ақшалай қаражат және (немесе) жеке деректері аударылған сәттен бастап аяқталды деп танылады.
Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып алаяқтықтың жасалған орны деп ақшалай қаражатты аударатын жәбірленушінің тұрған жерін санаған жөн.";
18. "Қылмыстық істі сот отырысына дайындау барысында қылмыстық-процестік заңнама нормаларын қолданудың кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 10:
1) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған сәттен адамды айыпталушы деп тану бөлігінде процестік шешімдерді тексеру кезінде соттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 88-VII Заңының 2-бабы 4) тармақшасының ережелерін негізге алғаны жөн, осы мәселелер бойынша жаңа ережелер:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергейтін аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.";
2) 23-тармақта:
23-тармақтағы үшінші, төртінші, бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"осы нормативтік қаулының 2-1-тармағының түсіндірмелері ескеріле отырып, прокурор айыптау актісіне келісім білдірмесе не осы актіні жасаған тұлға оған қол қоймаса;";
"осы нормативтік қаулының 2-1-тармағының түсіндірмелері ескеріле отырып, айыпталушы сотқа берілмесе;";
"осы нормативтік қаулының 2-1-тармағының түсіндірмелері ескеріле отырып, сотқа беру туралы қаулыда айып тағылған және айыптау актісі жасалған адамдар толық көрсетілмесе және қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы болмаса;";
3) мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
"25-1. Соттың қылмыстық істі алдын ала тыңдаудан прокурорға қайтару туралы қаулысына ҚПК-нің 323-бабының тәртібімен апелляциялық сатыдағы сотқа жекеше шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.
Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда ҚПК-нің 323-бабының тәртібімен істі прокурорға қайтару туралы процеске қатысушылардың өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдыру туралы соттың шешіміне жеке шағымдануға болмайды. Соттың мұндай шешіміне қарсылықтар апелляциялық шағымдарда, прокурордың сот үкіміне келтірілген өтінішхаттарында жазылуы мүмкін.";
19. "Қылмыстық істерді бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы" 2018 жылғы 29 қарашадағы № 17:
1) 1-тармақта:
екінші абзацтағы "тағайындалып, қосымша жаза қолданылмайды." деген сөздер "және ҚК-нің айып тағылған бабының санкциясында көзделген белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі міндетті қосымша жаза, егер ҚК бабының санкциясында осы құқықтан айырудың белгілі бір (нақты) мерзімі белгіленсе, тағайындалады." деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "немесе қосымша жазаның тағайындалуы міндетті болса" деген сөздер алып тасталсын;
2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Істі бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы мәселе сотқа дейінгі сатыда шешіледі.
Сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адам күдіктіге, жәбірленушіге, азаматтық талап қоюшыға, азаматтық жауапкерге (олардың өкілдеріне) заңда көзделген процестік құқықтарын, оның ішінде бұйрықтық іс жүргізу тәртібін қолдануға құқығын түсіндіреді.
Күдіктіге:
оның қандай қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін күдіктелетіні және кінәлілігі қандай дәлелдемелермен расталатыны;
азаматтық талап қоюдың мәлімделгені туралы;
мүліктік залалды және (немесе) моральдық зиянды өтеу туралы талаптардың, ҚК-нің 98-1, 98-2-баптарында көзделген Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемдердің, процестік шығындардың сомасы (мөлшері) туралы;
сот айыптау үкімін шығарған кезде айыппұл түріндегі негізгі жаза тағайындалғаны, оның мөлшері, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалғаны туралы;
айыппұлды орындау және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру тәртібі туралы;
сотталғанды бұйрықтық іс жүргізу үкімімен ҚК-нің 79-бабының екінші бөлігінде және үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген негіздермен соттылығы жоқ деп тану туралы;
үкімді қайта қарау тәртібі туралы;
бұйрықтық іс жүргізу бойынша маңызы бар басқа да мәселелер туралы түсіндірілуі тиіс.
Сонымен қатар күдіктіге, жәбірленушіге, азаматтық талап қоюшыға және азаматтық жауапкерге (олардың өкілдеріне) бұйрықтық іс жүргізудің ерекшеліктері мен құқықтық салдарлары түсіндіріледі, күдіктінің әрекеттерінің саралануы, қолдағы бар дәлелдемелер туралы, олардың азаматтық талап қоюды мәлемдеуге құқығы туралы хабарланады.";
Сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын тұлға күдіктінің, жәбірленушінің, азаматтық талап қоюшының және азаматтық жауапкердің (олардың өкілдерінің) дәлелдемелерді зерттеусіз және олардың сотқа қатысуынсыз істі қарауға келісетін-келіспейтінін анықтауға міндетті.
Процеске қатысушыларға құқықтары түсіндірілгені туралы хаттама толтырылады.";
3) 10-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық теріс қылық туралы және онша ауыр емес қылмыс туралы іс ҚПК-нің 629-3-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам шығарған бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулымен бірге анықтау органының бастығына берілуге тиіс, ол қаулыны келіскеннен кейін қаулыны бекіту және істі сотқа жолдау үшін прокурорға жібереді.";
үшінші және төртінші абзацтар алып тасталсын;
4) 13-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"істі прокурорға қайтару туралы;";
төртінші абзац алып тасталсын;
5) 14-тармақта:
екінші абзацтағы "сотқа дейінгі іс жүргізетін органға немесе" деген сөздер алып тасталсын;
6) 17-тармақтағы төртінші абзац алып тасталсын;
7) 21-тармақта:
бірінші абзацтағы "немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы" деген сөздер алып тасталсын;
үшінші абзацта:
"ордердің, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап –" деген сөздер алып тасталсын;
"ордер немесе" деген сөздер алып тасталсын;
"жазбаша хабарлама" деген сөздерден кейін "және адвокат куәлігінің көшірмесін" деген сөздермен толықтырылсын;
20. "Бұлтартпау шараларын санкциялаудың кейбір мәселелері туралы" 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 7-тармақта:
алтыншы абзацтағы "сатып алудың және т.б." деген сөздер "сатып алудың, тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығудың, әскери есептен шығудың, шет мемлекет азаматтығы болуының, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері, жұмысы, отбасы болмауының, шетелде табыс көзі, қаржылық (мүліктік) ресурстар болуының және т.б." деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"адамға қылмыстық топтың немесе қылмыстық қоғамдастықтың құрамында қылмыс жасады деп күдік келтіру (айыптау) ҚК-нің 3-бабының тиісті тармақтарында және "Соттардың бандитизм және қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыса отырып, басқа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы № 2 нормативтік қаулысының 11-тармағында белгіленген осы қылмыстардың барлық белгілері нақты дәлелдермен расталуға тиіс";
2) 10-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші сөйлемдермен толықтырылсын:
"Сот күдік келтірудің негізділігін тексеру кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы ұсынған дәлелдемелердің анықтығын және адамға қатысты негізді күдік келтіру үшін олардың жеткіліктілігін анықтайды. Күдік келтірудің негізділігін тексеру іс материалындағы қылмыс оқиғасы сипатталуының және оны саралау кезінде ҚК-нің Ерекше бөлігінің қолданылған бабына сәйкестігін тексеруді де қамтиды.";
3) 11, 13-тармақтардағы "мемлекеттік" деген сөз "Мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 15-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Күдіктіні күзетпен ұстау мерзімінің аяқталуы оны ұзарту үшін негіз болып табылмайды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы күзетпен ұстау мерзімін ұзарту үшін негіздерді растайтын дәлелдемелерді сотқа ұсынуға міндетті.";
5) 21-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Күдікті (айыпталушы) сот ісін жүргізуге кедергі келтіреді немесе тергеуден және соттан бой тасалайды не қылмыстық әрекетті жалғастырады деген тұжырымдар жеткілікті дәлелдемелермен тіркелуі және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өтінішхатында, сонымен қатар ҚПК-нің 148-бабы тоғызыншы бөлігінің 3) немесе 4) тармақтарында көзделген негіздер бойынша күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеу судьясының қаулысында тиісті түрде уәжделуі тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы |
А. Мерғалиев |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, жалпы отырыс хатшысы |
Г. Әлмағамбетова |