"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 13 ақпандағы № 27-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 13 ақпандағы
№ 27-ө өкімімен   
бекітілген      

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару
жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2009 жылғы 10 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

Р/с
Атауы Актінің нысаны Жауапты орындаушылар Орындау мерзімі
1 2 3 4 5

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 639 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне сыныптық біліктілік беру және демалыс беру мәселелерін реттеу бөлігінде)

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2010 жылғы ақпан

2

Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларында қамау түріндегі жазаны орындау және жазасын қамау түрінде өтеп жатқан адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Уәкілетті органның бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы ақпан

3

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Уәкілетті органның бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы ақпан

4

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 150 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Уәкілетті органның бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы ақпан

5

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 154 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Уәкілетті органның бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы ақпан

6

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 10 маусымдағы № 110 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Уәкілетті органның бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы ақпан

7

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Уәкілетті органның бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы ақпан

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады