"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 7 ақпандағы № 38-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған, қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жиынтық ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2025 жылғы 7 ақпандағы
№ 38-ө өкімімен
бекітілді

Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

 

Құқықтық актінің атауы

Құқықтық актінің нысаны
 

Орындауға жауапты мемлекеттік орган
 

Орындау мерзімі

Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты адам


1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Әділетмині

2025
жылғы наурыз

Л.Қ. Мерсалимова

2.

"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Әділетмині

2025
жылғы наурыз

Л.Қ. Мерсалимова

3.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі

МАМ

2025 жылғы наурыз

А.А. Құрманова

4.

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2025 жылғы наурыз

Л.Қ. Мерсалимова

5.

"Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 395 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МАМ

2025 жылғы наурыз

Қ.Ж. Ысқақов

6.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2025 жылғы наурыз

Л.Қ. Мерсалимова

7.

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2025 жылғы наурыз

Т.С.
Сұлтанғазиев

8.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЦДИАӨМ

2025 жылғы наурыз

Р.А. Коняшкин

9.

"Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰҚК (келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

Б.Т. Рахымбердиев

10.

"Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МАМ

2025 жылғы наурыз

А.А. Құрманова

11.

"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҒЖБМ

2025 жылғы наурыз

Д.Р. Щеглова

12.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2025 жылғы наурыз

Л.Қ. Мерсалимова

13.

"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МАМ

2025 жылғы наурыз

А.А. Құрманова

14.

"Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілеріндегі қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда, деректерге талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 111/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2025 жылғы наурыз

Д.А. Мун

15.

"Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпаратпен толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 114/НҚ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2025 жылғы наурыз

Р.А. Коняшкин

16.

"Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 66, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 138/НҚ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 4 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 133 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бірлескен бұйрығы

МАМ
МҚІА (келісу бойынша), ЦДИАӨМ, БП ҚСЖжАЕ (келісу бойынша)

2025 жылғы наурыз

А.А. Құрманова
С.С. Мүксімов, Р.А. Коняшкин, М.К. Құсайынов

17.

"Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 144 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2025 жылғы наурыз

А.А. Құрманова

18.

"Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 145 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2025 жылғы наурыз

А.А. Құрманова

19.

"Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2025 жылғы наурыз

А.А. Құрманова

20.

"Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 153 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2025 жылғы наурыз

А.А. Құрманова

21.

"Ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 849 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2025 жылғы наурыз

Л.Қ. Мерсалимова

22.

"Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 246-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2025 жылғы наурыз

А.А. Құрманова

23.

"Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 258-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2025 жылғы наурыз

А.А. Құрманова

24.

"Ақпарат иеленушілердің отырыстарына қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 605-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2025 жылғы наурыз

А.А. Құрманова

25.

"Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 606-НҚ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2025 жылғы наурыз

А.А. Құрманова

26.

"Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2025 жылғы наурыз

А.А. Құрманова

27.

"Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 206 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2025 жылғы наурыз

А.С. Биахметов

28.

Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпаратпен толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2025 жылғы наурыз

А.А. Құрманова

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;

      БП ҚСжАЕК – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті;

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі;

      ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі;

      МҚІА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;

      ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады