Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 21 қарашадағы N 1673 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қоса берілiп отырған Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Yкiметi бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.

      3. Орталық және жергілiктi атқарушы орындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi шараларды қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi жылына екi рет, 25 маусымнан және 25 желтоқсаннан кешiктiрмей, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      5. "Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 3308 Жарлығының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 508-бет).

      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшілiгіне жүктелсін.

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2005 жылғы 21 қарашадағы
N 1673 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН      

ШЕТЕЛДЕ ТҰРАТЫН ОТАНДАСТАРДЫ ҚОЛДАУДЫҢ
2005-2007 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

АСТАНА, 2005 жыл

МАЗМҰНЫ

1.   Паспорты
2.   Кiрiспе
3.   Проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
4.   Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
5.   Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетіктерi
5.1. Шетелде тұратын отандастарды қолдау мәселелерi бойынша
     нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру
5.2. Шетелде тұратын отандастармен тығыз экономикалық
      қарым-қатынастар орнату үшiн жағдай жасау
5.3. Шетелде тұратын отандастармен тұрақты негiзде мәдени-
     гуманитарлық байланыстарды ұстау үшiн жағдай жасау
5.4. Шетелде тұратын отандастарды ақпараттық қамтамасыз ету
5.5. Шетелде тұратын отандастарды Қазақстан Республикасының
     оқу орындарында бiлiм алуға дайындау үшiн жағдай жасау
5.6.   Шетелдiк қазақ диаспорасының бiрiгуiне ықпал ету
6.   Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
7.   Бағдарламаны iске асырудан күтілетiн нәтижелер және оның
     индикаторлары

1. Паспорты

Атауы                 Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың
                      2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк
                      бағдарламасы

Әзiрлеу үшiн          Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы
негiздеме             5 қыркүйектегі N 903 қаулысымен бекiтiлген
                      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006
                      жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру
                      жөнiндегі iс-шаралар жоспары

Негізгі әзiрлеушi     Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және
                      спорт министрлiгі

Мақсаты               Бiртұтас қазақ ұлтының құрамдас бөлiгі ретiнде
                      шетелде тұратын отандастарды әлеуметтiк-
                      экономикалық құқықтық қорғау мен қолдаудың
                      мемлекеттік жүйесiн жасау

Мiндеттерi            Шетелде тұратын отандастарды қолдау мәселелерi
                      бойынша нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
                      шетелде тұратын отандастармен тығыз
                      экономикалық қарым-қатынастар орнату үшiн
                      жағдай жасау;
                      шетелде тұратын отандастармен тұрақты негiзде
                      мәдени-гуманитарлық байланыстарды ұстау үшiн
                      жағдай жасау;
                      шетелде тұратын отандастарды ақпараттық
                      қамтамасыз ету;
                      шетелде тұратын отандастарды Қазақстан
                      Республикасының оқу орындарында бiлiм алуға
                      дайындау үшін жағдай жасау;
                      шетелдiк қазақ диаспорасының бiрiгуiне ықпал
                      ету

Iске асыру            2005-2007 жылдар
мерзiмi

Қажетті               Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету
ресурстар және        республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге
оларды                асырылады.
қаржыландыру          Республикалық бюджеттен қаржыландырудың жалпы
көздерi               көлемi - 1789773 мың теңге, оның iшiнде 2005
                      жылы - 591589 мың теңге; 2006 жылы - 594418
                      мың теңге;
                      2007 жылы - 603766 мың теңге.
                      Бағдарламаны 2005-2007 жылдары қаржыландыру
                      үшiн қажетті бюджет қаражатының көлемi тиiстi
                      қаржы жылына арналған республикалық бюджетті
                      қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады

Бағдарламаны          Бағдарламаны iске асырудан күтілетiн оң
iске асырудан         нәтижелер шетелде тұратын отандастармен
күтiлетiн             жан-жақты байланысты дамыту және нығайту үшiн
нәтижелер және        қажеттi жағдай жасау.
оның                  Бағдарламаны iске асыру барысында:
индикаторлары           1) шетелдегi қазақ диаспораларымен өзара
                      iс-қимыл мәселелерi бойынша мемлекетаралық
                      байланыстарды реттеудiң құқықтық негіздерiн
                      жетілдiру (2006-2007 жылдар);
                        2) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен
                      азаматтық алудың оңайлатылған тәртiбi туралы
                      халықаралық шарттардың жобаларын әзiрлеу
                      (2006 жылдың екiншi жартысы);
                        3) шетелде тұратын отандастар қатарынан
                      бизнес өкiлдерiн Қазақстан экономикасына
                      тарту үшiн қажеттi құқықтық және
                      ұйымдастырушылық жағдайлар қалыптастыру
                      (2006-2007 жылдар);
                        4) әлеуметтiк зерттеулер жүргiзу: 2006 жылы
                      - екi, 2007 жылы - үш зерттеу;
                        5) әлеуметтiк зерттеулердiң нәтижелерiн
                      ескере отырып "Шетелде тұратын отандастардың
                      жағдайы және оларды қолдау жөнiндегi
                      шаралардың iске асырылуы" деген тақырыпта жыл
                      сайынғы талдамалық баяндамалар дайындау;
                        6) шетелде тұратын отандастарға қазақ ұлттық
                      мәдениет орталықтарының жұмысын ұйымдастыруға
                      жәрдем көрсету (2005-2007 жылдар);
                        7) мынадай:
                        Еуропа елдерiнде тұратын қазақ диаспорасының
                      жастар өкiлдерi үшiн өнер және спорт (2005
                      және 2007 жылдар),
                        шетелде тұратын отандастардың халық
                      шығармашылығы (2006-2007 жылдар),
                        қазақ диаспорасы өкiлдерiнiң қатысуымен
                      ақындардың халықаралық мүшайрасы
                      фестивальдарын (2005-2007 жылдар);
                        8) таяу және алыс шет елдерде Қазақ
                      әдебиетi мен мәдениетiнiң күндерiн өткiзу
                      (2006-2007 жылдар);
                        9) "Caspionet" спутниктiк арнасының хабар
                      таратуын қамтамасыз ету, Интернетте қазақ
                      тілiндегi www.otandastar.kz wеb-порталын құру
                      (2007 жыл), отандастарымыз тұратын елдерде
                      "Туған тiл" мамандандырылған альманахын
                      шығару мен таратуды ұйымдастыру (2005-2007
                      жылдар);
                        10) таяу және алыс шет елдердегі қазақ
                      мектептерiнiң оқулықтармен, оқу-әдiстемелiк
                      құралдармен қамтамасыз етілуiн жақсарту
                      (2005-2007 жылдар);
                        11) шетелде тұратын отандастармен өзара iс-
                      қимыл мәселелерi бойынша жыл сайын он ғылыми-
                      практикалық конференция, семинар және
                      "дөңгелек үстел") отырыстарын өткiзу;
                        12) Қазақтардың дүниежүзiлiк III құрылтайын
                      (2005 жылы), кiшi құрылтайын (2006 жылы)
                      өткiзу жоспарланады.

2. Кiрiспе

      Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспарының 6.5.10-тармағына сәйкес әзiрлендi.
      Бағдарламада шетелде тұратын отандастарды қолдаудың стратегиялық мақсаттары мен мiндеттерi айқындалған, сондай-ақ оларды iске асырудың негізгі бағыттары мен тетiктерi белгiленген.
      Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың құқықтық негiзi Қазақстан Республикасының Конституциясында , "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы" 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Конституциялық заңда , "Көшi-қон туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында , "Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459 Жарлығында , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 қазандағы N 1371 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы көшi-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттер арасындағы азаматтықты ауыстыруға және ұлттық диаспораларды дамытуға қатысты қолданыстағы халықаралық келiсiмдерде қамтылған.
      1996 жылдан 2000 жылға дейiнгi кезеңде шетелде тұратын отандастарды қолдау Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 3308 Жарлығымен бекiтілген Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды. Бағдарлама iс-шаралар кешенiмен ұсынылды және алты негiзгi бөлiмнен тұрды: ғылыми қамтамасыз ету, нормативтiк құқықтық база, бiлiм бepу, мәдениет, туризм және спорт, кiтап шығару және бұқаралық ақпарат құралдары мәселелерi, ұйымдастыру шаралары.
      Бағдарламаға сәйкес көші-қон процестерiн реттейтiн бiрқатар маңызды құжаттар әзiрленiп, тиiстi мемлекеттердiң қарауына ұсынылды, "Көшi-қон туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және шетелдегi отандастарымызды қолдау мәселелерi бойынша басқа да нормативтiк құқықтық актiлер қабылданды.
      Қазақ диаспорасының тарихи отанымен білiм беру және мәдениет саласындағы рухани байланысы мәселелерi практикалық тұрғыда шешiлiп отырады. Таяу және алыс шет елдердегi қазақ диаспораларымен тұрақты байланыс орнату және оны қолдау жөнiнде үлкен ұйымдастыру жұмысы жүргiзiлдi.
      Шетелде тұратын отандастарымызбен өзара iс-қимылдың көп қырлы мәселелерi талқыланған Қазақтардың дүниежүзілiк, сондай-ақ кiшi құрылтайлары Қазақстанда және шетелде өткiзiлдi.
      Алайда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 3308 Жарлығымен бекiтілген Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттiк бағдарламасының iске асырылуын бақылау жүктелген Ұлттық саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитеттің қайта ұйымдастырылуымен байланысты, онда көзделген iс-шараларды жүзеге асырудың iс-қимылын дәйектi үйлестiру қамтамасыз етілмедi.
      Сондықтан, бүгiнгi таңда бұл салада жинақталған тәжiрибе мен орын алып отырған проблемаларды ескере отырып жасалған, шетелде тұратын отандастарды қолдаудың жаңа бағдарламасын қабылдау қажеттілiгi пiсiп-жетіледi.
      Осы Бағдарлама шеңберiнде шетелде тұратын отандастардың ұлттық-мәдени, рухани және тiлдiк қажеттілiктерiн қанағаттандыру, олардың тарихи отанына қайтып оралуына жәрдемдесу жөнiндегi қызметті жүзеге асыру көзделедi.

3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау

      Анағұрлым дамыған әлемдiк диаспоралар қалыптастыру, оларға мәдени-гуманитарлық, бiлiм беру салаларында қолдау көрсету, олардың тарихи отанына оралуына жәрдемдесу мақсатында шетелде тұратын отандастармен жан-жақты байланыс орнату дәстүрi әлемдiк практикада ежелден орын алған. Мысал ретiнде бүкіл әлемдегi, оның iшiнде Қазақстанда тұратын өз отандастарымен тығыз байланыс жасап отырған Германия, Польша, Израиль, Оңтүстiк Корея, Армения сияқты мемлекеттердiң тәжiрибесiн келтiруге болады.
      Ресей Федерациясында отандастарға қолдау көрсету мәселелерi мақсаты адам мен азаматтың өзiнiң азаматтық, саяси, әлеуметтiк, экономикалық және мәдени құқықтарын жүзеге асыруына, ұлттық ерекшелiктерiн сақтауға қолдау көрсету болып табылатын "Ресей Федерациясының шетелдегi отандастарына қатысты мемлекеттік саясат туралы" Федералдық заңының деңгейiнде реттеледi.
      Бiздiң елiмiзде жасалған нормативтiк құқықтық база, бiлiм беру саласында шетелде тұратын отандастарымызды қолдаудың жолға қойылған жүйесi, атап айтқанда, жоғарғы оқу орындарына түсуге арналған квоталарды ұлғайту, сондай-ақ отандастардың тарихи отанына оралуына арналған квоталарды жыл сайын ұлғайтуға бағытталған мемлекеттiң көшi-қон саясаты аталмыш проблеманың мықты жақтары болып табылады. "Кәсіптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу кезiнде адамдардың жекелеген санаттары үшiн қабылдау квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысына сәйкес шетелде тұратын отандастарға арналған квоталар бекiтiлген бiлiм беру тапсырысының 2 процентiн құрайды. Сондай-ақ, оқытуға бөлiнген шығыстар да ұлғайтылды. Егер олар 2003 жылы 1 студентке 97,9 мың теңгенi құраса, ал 2004 жылы 120,5 мың теңгенi құрады. Жыл сайын мемлекеттiк тапсырыста Қазақстанның жоғары оқу орындарының дайындық бөлiмдерiнде қазақ диаспорасының өкiлдерiн оқыту үшiн орындар бөлiнедi.
      Бүгiнгi таңда әлемнiң қырықтан астам елiнде тұратын қазақ диаспорасының өкілдерi қазақ ұлты өкiлдерiнiң жалпы санының үштен бiрiн немесе 4,5 млн. адамды құрайды. Олардың басым көпшiлiгi Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде шоғырланған.
      Соңғы статистикалық деректер бойынша Өзбекстанда - 1,5 миллион, Қытайда - 1,3 миллион, Ресейде - 900 мың, Түркiменстанда - 100 мың, Монғолияда - 80 мың, Қырғызстанда - 45 мың қазақ тұрады. Бiршама қазақтар Түркияда, Иранда және Ауғанстанда жинақы шоғырланған. Бiрқатар Батыс Еуропа елдерiнде де қазақ диаспорасы бар.
      Шетелде тұратын қазақтар бiртұтас қазақ ұлтының құрамдас бөлiгi болып табылады. Олар ана тiлiнде сөйлейдi, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтайды, Қазақстанды өзiнiң тарихи отаны деп санайды. Кейбiр елдерде қазақтар жинақы орналасқан жерлерде қазақ диаспорасы өкiлдерiнiң ана тiлiнде білім алу, ұлттық мәдениет пен дәстүрдi дамыту мүмкiндiгiне ие, бұл оларға шетелде қазақ мәдениетiнiң, әдебиетi мен өнерiнiң бай қорын қалыптастыруға жағдай жасады.
      Осыған қарамастан, соңғы кезде шетелде тұратын отандастарымыздың ұлттық-рухани, мәдени жағдайына байланысты көптеген проблемалар туындады. Олардың бiрi - қазақтардың өздерi тұратын елдердiң этникалық ортасына сiңуi салдарынан ана тілiнен, салт-дәстүрiнен, ұлттық жаратылысынан ажырау қаупi. Нәтижесiнде миллиондаған этникалық қазақтар ассимиляцияға ұшырауы және қазақ ұлты үшiн жоғалуы мүмкiн.
      Өздерi тұратын елдердiң бiлiм беру жүйесiне және әрқайсында қабылданған графикаға байланысты қазақ мектептерiнде оқитын қазақ диаспорасының өкілдерi әр түрлi жазуды қолданады. Осыған орай, бiр елде тұратын қазақтар екiншi елде тұратын қазақтардың ауызша сөздерiн ұққанымен, онда қалыптасқан жазбаны қабылдай алмайды. Мысалы, Қытайдағы қазақ диаспорасы apaб әлiпбиiне негiзделген жазбаны пайдаланады. Монғолия мен Ресейде тұратын қазақтар кириллицаны қолданып, еуропалық қазақтар латин жазуына негiзделген әлiпбидi пайдаланады, Өзбекстан мен Түркiменстан латин жазуының ұлттық түрлерiне көшкен. Иран мен Ауғанстандағы қазақ жазбасының өзiндiк ерекшелiктерi бар. Бұдан басқа, қазақ тілінiң грамматикасы мен қазақ әдебиетiнiң тарихы әр елде әр түрлi оқытылуда. Соның салдарынан, шетелдерде қазақ мектептерiн бiтiрушi, саны жыл сайын азайып келе жатқан түлектер республикамыздың оқу орындарына түсе алмайды, сондай-ақ олар тұратын елдердегi оқу орындарына түсуде қиындықтарға кездеседi.
      Бұрын Қазақстанда шығарылған қазақ тiлiндегi оқулықтар, көркем әдебиет, газеттер мен журналдар шетелде, әсiресе, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнде тұратын отандастарымыздың мекенжайына кедергiсiз жеткiзiлетiн. Соңғы уақытта бұл процесс толық дерлiк тоқтап қалды.
      Шетелде тұратын отандастардың қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткiзу мүмкiндiгi шектеулi. "Шалқар" газетiнiң шетелде таратылу аясы барынша тарылды, бiр кездерi әлемнiң көптеген елдерiнде хабар тарататын "Шалқар" радиобағдарламасының қызметі қалпына келтiрілгенiне қарамастан, өзiнiң бұрынғы деңгейiне жете алмады.
      Көршi Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерiнiң шекаралас аумақтарындағы отандастарымыз тұратын аудандарда Қазақ радиосының, атап айтқанда "Шалқар" мамандандырылған радиобағдарламасының мемлекеттiк тілдегі бағдарламаларының таралуы, қазақ диаспорасы жинақы орналасқан жерлерде "Қазақ елi" газетiн, "Алтын бесiк" журналын тұрақты шығару мен тарату бұл саладағы проблемалы мәселелер күйiнде қалып отыр.
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерi аумағында, әсiресе қазақ диаспорасының өкiлдерi жинақы орналасқан жерлерде қазақстандық басылымдарды, соның iшiнде ресми баспасөздi тарату мәселесi әлi де өзектiлiгiн жойған жоқ.
      Қазақ диаспорасының өкілдерiнде Қазақстанға кiру, шекаралардан өту кезiнде белгілi бiр қиындықтар туындайды.
      Отандастар тұратын мемлекеттермен, сондай-ақ ол мемлекеттердiң Қазақстан Республикасындағы елшiлiктерiмен тығыз ынтымақтастық орнату жөнiндегi қызмет жетiлдiре түсудi талап етедi.
      Дегенмен, көптеген қиыншылықтарға қарамастан қазақ диаспорасының өкілдерi мен оралмандардың мүдделерiн қорғау жөнiндегi дәйектi жұмысты жүзеге асыру жалғастырылуда. Елiмiзге тұрақты тұру үшiн келетiн отандастарға Қазақстан Республикасының азаматтығын беру жөнiнде жеңiлдiктер белгіленген. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 мамырдағы Заңымен "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Көшi-қон полициясы департаментiнiң ақпаратына сәйкес 2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн 242449 адам Қазақстанның азаматтығын алды. Қазақстан Республикасы Президентінiң Жарлығымен бекiтiлетiн оралмандардың көшiп келу квотасы жылдан жылға өсуде. Сөйтiп, 2000 жылы 500 отбасына, 2001 жылы - 600, 2002 жылы - 2655 отбасына, 2003 жылы 5000 отбасына, 2004 жылы 10000 отбасына квота бекiтілiп отыр. "Оралмандардың 2005-2007 жылдарға арналған көшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1508 Жарлығымен оралмандардың 2005-2007 жылдарға арналған көшiп келу квотасы әрбiр күнтiзбелiк жылға 15000 отбасына дейiнгi санда белгіленген.
      Оралмандардың Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрғылықты жерiне бейiмделуiне бағытталған iс-шаралардың тиiмділiгiн анықтау мақсатында оралмандардың экономикалық, әлеуметтiк-мәдени және қоғамдық ықпалдастығының кешендi мониторингiн жүргiзу қажет.
      Қазақстанда бiлiм алуға ниет білдiрушi қазақ диаспорасы қатарынан жастар өкiлдерiнiң саны жыл сайын өсiп келедi. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң мәлiметi бойынша, 2002 жылы қазақ диаспорасы өкiлдерi мен оралмандар үшiн Қазақстан Республикасының барлық өңiрлерiнде 10 жоғары оқу орнында қосымша дайындық бөлiмдерi ашылды. Қазiргi уақытта елiмiздiң 15 жоғары оқу орынында дайындық бөлiмшелерi жұмыс iстеуде.
      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсілген және 2002 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген (мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 1873) Қазақ диаспорасы өкiлдерiн Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқуға iрiктеу және жiберу тәртiбi, шарттары туралы ережесi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2002 жылғы 23 сәуiрдегi N 334 бұйрығымен бекiтiлген.
      Шетелдегi қазақ диаспорасы өкiлдерi үшiн қазақстандық баспасөздiң қол жетiмділігi мәселесiн iшiнара шешуге "Caspionet" спутниктiк телеарнасының мүмкiндiктерi ықпал етедi. Қазiргi уақытта телеарна Еуропа, Орта Азия, Орта Шығыс және Солтүстiк Африка елдерiнде қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде хабар таратуды жүзеге асырып келедi.
      Бұдан басқа, "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында "KAZSAT" байланыс және хабар таратудың қазақстандық спутнигiн жасау жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiм жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1351 қаулысына сәйкес осы Келiсiмге қол қойылды, оның көмегiмен қазақ диаспорасы жинақы орналасқан жерлерде қазақстандық хабар таратушылардың бағдарламаларын қабылдауға арналған цифрлық стандартты эфирлiк қабылдағыштарын орнату мүмкiн болады. Сондай-ақ, бейнелiк-насихаттау сипатындағы қазақстандық теле-, радиобағдарламаларды, көркем және деректі фильмдердi, сериалдарды, өзге де бейнеөнiмдердi тарату жөнiндегi шаралар кешенi iске асырылады.
      Қазiргi таңда 11 елде қазақ ұлттық-мәдениет орталықтары жұмыс iстейдi. Олардың iшiнде Өзбекстандағы, Қырғызстандағы қазақ мәдениет орталықтары, Моңғолиядағы Баян-Өлгей өңiрлiк қоғамы Қазақстанмен тығыз байланыста жұмыс iстеп келедi.
      Қазақ мәдениет орталықтарының денi Ресейде шоғырланған. Қазақстанмен шекаралас Ресей өңiрлерiнiң барлығында (Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор, Қорған, Омбы, Новосiбiр, Түмен және Челябi облыстары, Алтай Республикасы және Алтай өңiрi), Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург қалаларында, сондай-ақ Татарстан, Башқұртстан, Caxa және Қалмақ республикаларында қазақ ұлттық-мәдениет орталықтары бар. Сондай-ақ Стамбулдағы (Түркия) қазақтар қоғамы, Лондон (Ұлыбритания) қазақтарының қауымдастығы, Кельндегi (Германия) қазақ мәдениет орталығы қазақ мәдениетiн насихаттауға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруда. Австрия, Швеция, Венгрия, Украина сияқты мемлекеттерде кiшi қазақ мәдениет орталықтары жұмыс iстейдi.
      Ресейде, Қытайда, Түркияда және Еуропа елдерiнде тұратын қазақтардың Қазақстанда кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануға, сондай-ақ өз инвестицияларын Қазақстан экономикасының перспективалы салаларына салуға мүмкiндiктерi бар. Шетелдегi өз отандастарының экономикалық және қаржылық әлеуетiн өзiнiң дамуы үшiн жемiстi пайдаланып отырған Қытайдың тәжiрибесiн атап өту керек.
      Дүниежүзi қазақтары қауымдастығы отандастармен жұмыс iстеуде бiршама тәжiрибе жинақтады. Қауымдастық өзi құрылған күннен бepгi он жылдың iшiнде шетелде тұратын отандастармен қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында қарым-қатынас орнатуға бағытталған кең iс-шаралар кешенiн iске асырды. Қауымдастықтың шетелдiк мемлекеттiк ұйымдармен және қоғамдық бiрлестіктермен тiкелей жұмыс iстеуге толық мүмкiндiктерi бар.

4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

      Осы Бағдарламаның мақсаты - бiртұтас қазақ ұлтының құрамдас бөлiгi ретiнде шетелде тұратын отандастарды олардың сұраныстарын ескере отырып, әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық қорғау, қолдау жөнiнде мемлекеттiк жүйе құру болып табылады.
      Қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:
      1) шетелде тұратын отандастарды қолдау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
      2) шетелде тұратын отандастармен тығыз экономикалық қарым-қатынас орнату үшiн жағдай жасау;
      3) шетелде тұратын отандастармен тұрақты негiзде мәдени-гуманитарлық байланыстарды ұстау үшiн жағдай жасау;
      4) шетелде тұратын отандастарды ақпараттық қамтамасыз ету;
      5) шетелде тұратын отандастарды Қазақстан Республикасының оқу орындарында бiлiм алуға дайындау үшiн жағдай жасау;
      6) шетелдiк қазақ диаспорасының бiрiгуiне ықпал ету.

5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi

5.1. Шетелде тұратын отандастарды қолдау мәселелерi бойынша
нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру

      Шетелде тұратын отандастарға қолдау көрсетудi құқықтық реттеудi жетілдiру шетелдiк отандастардың саяси, мәдени-ағартушылық, көшi-қон, азаматтық, әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешуге, олармен экономикалық және мәдени-рухани байланыстарды кеңейтуге бағытталатын болады.
      Осыған байланысты мынадай iс-шараларды жүргiзу көзделедi:
      1) нормативтiк құқықтық актілерге шетелде тұратын отандастарды қолдау көрсетуге қатысты бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
      2) көшi-қон процестерiн реттеу, таяу және алыс шет мемлекеттермен қазақ диаспораларының мәселелерi бойынша екi жақты қарым-қатынастарды одан әрi дамыту жөнiндегі нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру;
      3) Тәуелсiз мемлекеттер достастығы елдерiмен азаматтық алу тәртiбiн оңайлату;
      4) республиканың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында шетелдік қазақ диаспораларының экономикалық әлеуетiн қазақстандық экономикаға пайдалану мәселелерiн құқықтық реттеу.

5.2. Шетелде тұратын отандастармен тығыз экономикалық
қарым-қатынастар орнату үшiн жағдай жасау

      Шетелде тұратын отандастармен экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту мақсатында:
      1) шетелде тұратын отандастардың экономикалық әлеуетiне, олардың тұратын елдерiндегi әлеуметтiк ұтқырлығы мен кәсiби қызметiнiң көрсеткiштерiне талдау жүргiзу;
      2) кейбiр экономикалық дамыған елдердiң өздерiнiң шетелдiк отандастарымен экономикалық ынтымақтастығы бойынша тәжiрибесiн зерделеу және пайдалану;
      3) қазақстандық кәсiпкерлер мен шетелде тұратын отандастар қатарындағы бизнесмендер арасында қарым-қатынастар орнатуға ықпал ету;
      4) шетелде тұратын отандастардың экономикалық әлеуетi мен инвестициялық мүдделерiн ескере отырып, олардың капиталдарын
қатыстырып, бiрлескен кәсiпорындар құруға ықпал ету қажет.

5.3. Шетелде тұратын отандастармен тұрақты негізде
мәдени-гуманитарлық байланыстарды ұстау үшiн жағдай жасау

      Шетелдiк қазақ мәдениетi - бүкіл қазақ халқының жалпыұлттық мәдениетiнiң ажырамас бөлiгi екенiн ескере отырып, шетелде тұратын отандастарымыздың мәдени және рухани сұранысын қанағаттандыруға қажеттi жағдай жасау мақсатында, Бағдарламада:
      1) жүйелi ғылыми негiзде қазақ диаспорасының олардың тұрып жатқан елiндегi қалыптасу тарихын, дәстүрi мен әдет-ғұрпын, мәдениет, өнер саласындағы жетiстiктерiн жан-жақты зерделеу;
      2) қазақ диаспорасының ұлттық-мәдени қажеттiлiктерiн қанағаттандыру саласындағы құқығын бұзу фактiлерiнiң мониторингiн жүргiзу;
      3) шетелде тұратын отандастардың этникалық болмысын сақтау және оларды тұрып жатқан елiнiң этникалық ортасына қазақ халқының өкiлi ретiнде белсендi сiңуi үшiн жағдай жасау;
      4) шетелде тұратын отандастардың ғылыми, мәдениет және шығармашылық ұйымдарымен тұрақты қарым-қатынас ұстау;
      5) тұрып жатқан елдерiнде ана тілiн, Қазақстан тарихын оқып үйрену, ұлттық дәстүрлерге және мәдениетке қамту үшiн қажеттi жағдай жасауға ықпал ету;
      6) қазақ диаспорасы өкілдерiнiң шығармашылық әлеуетін дамытуға және оларды қазақтардың жалпыұлттық мәдениетiне кiрiктiрудi күшейтуге, мәдени байланыстарды жан-жақты дамытуға бағытталған фестивальдар, ақындар сайыстарын (мүшайра) және басқа да iс-шаралар ұйымдастыру;
      7) қазақ диаспорасына отандастарымыз тұратын мемлекеттердiң Қазақстан Республикасымен мәдени және экономикалық байланысын кеңейту мен нығайтуға қосатын үлесiн ұлғайтуға бағытталған iс-шараларды өткiзуiне ықпал ету көзделедi.

5.4. Шетелде тұратын отандастарды ақпараттық қамтамасыз ету

      Отандастарға ақпараттық қолдау көрсету, сондай-ақ оларды мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде баспа өнiмдерiмен қамтамасыз ету үшiн мынадай шараларды iске асыруды көздеу қажет:
      1) шетелде тұратын отандастардың қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткiзуi үшiн ұйымдастыру-техникалық және құқықтық жағдайлар жасау;
      2) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң аумағында, әсiресе қазақ диаспорасы тығыз орналасқан жерлерде, қазақ тіліндегі баспа өнiмдерiн тарату мәселелерiн мемлекетаралық деңгейде реттеу;
      3) перспективада Азия-Тынық мұхит өңiрi елдерiн қамти отырып, "Caspionet" спутниктiк телеарнасының хабар таратуын кеңейту;
      4) дүниежүзiлiк желiде қазақ тiлiндегi "www.otandastar.kz" web-порталын құру;
      5) шетелде тұратын отандастарға бағдарланған арнайы баспа өнiмдерiн шығаруды әзiрлеу және оларды тарату.

5.5. Шетелде тұратын отандастарды Қазақстан Республикасының
оқу орындарында бiлiм алуға дайындау үшiн жағдай жасау

      Бұл бағытты iске асыру шегiнде мынадай iс-шараларды жүзеге асыру қажет:
      1) қазақ диаспорасы өкiлдерiнiң қатарынан дарынды балаларды iрiктеу және оларды әр түрлi үлгiдегi оқу орындарының интернаттарында (гимназияларда, лицейлерде, колледждерде және басқаларда) оқыту;
      2) қазақ диаспорасына бiлiм беру саласында жәрдемдесу мәселелерi бойынша семинарлар өткiзу, ұсыныстар, әдiстемелiк әдебиеттер әзiрлey, жұмыс тәжiрибесiмен алмасу;
      3) шет елдердегi қазақ мектептерiне оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк құралдармен қамтамасыз етуге көмек көрсету.

5.6. Шетелдiк қазақ диаспорасының бiрiгуiне ықпал ету

      Бұл мақсатты iске асыру:
      1) шетелде тұратын отандастармен өзара iс-қимыл мәселелерi бойынша қазақтардың дүниежүзілiк және кiшi құрылтайларын және басқа да ұйымдастыру iс-шараларын өткiзудi;
      2) қазақ диаспорасын дамыту, шетелдегi отандастарға қолдау көрсету мәселелерi бойынша симпозиумдар, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, "дөңгелек үстел" отырыстарын өткiзудi;
      3) әртүрлi елдерде тұратын қазақ диаспоралары арасында қарым-қатынасты жолға қоюға ықпал етудi;
      4) Қазақстан Республикасының қазiргi заңнамасы шеңберiнде, қазақ диаспорасы өкiлдерiнiң, оның iшiнде дарынды жастардың (зияткерлiк, мәдени, спорт салалары және т.б.) Қазақстанға көшуi жөнiндегі практикалық мәселелердi жедел шешудi көздейдi.

6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi

      Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемi - 1789773 мың теңге, оның iшiнде 2005 жылы - 591589 мың теңге, 2006 жылы - 594418 мың теңге, 2007 жылы - 603766 мың теңгенi құрайды.
      Бағдарламаны 2005-2007 жылдары iске асыру үшiн қажеттi бюджет қаражатының көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.

7. Бағдарламаны iске асырудан күтілетін нәтижелер және оның
индикаторлары

      Бағдарламаны iске асыру шетелде тұратын отандастармен жан-жақты байланысты дамыту және нығайту үшiн қажеттi жағдай жасауға мүмкiндiк бередi.
      Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде:
      1) шетелдегi қазақ диаспораларымен өзара iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша мемлекетаралық байланыстарды реттеудiң құқықтық негiздерi жетілдiріледi (2006-2007 жылдар);
      2) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен азаматтық алудың оңайлатылған тәртiбi туралы халықаралық шарттардың жобалары әзiрленедi (2006 жылдың екiншi жартысы);
      3) шетелде тұратын отандастар қатарындағы бизнес өкiлдерiнiң Қазақстан экономикасына тартылуы үшiн қажеттi құқықтық және ұйымдастырушылық жағдай қалыптастырылады (2006-2007 жылдар);
      4) әлеуметтiк зерттеулер жүргiзілетiн болады: 2006 жылы - екi, 2007 жылы - үш зерттеу;
      5) әлеуметтiк зерттеулердiң нәтижелерiн ескере отырып, жыл сайын "Шетелде тұратын отандастардың жағдайы және оларды қолдау iс-шараларының жүзеге асырылуы" атты тақырыпқа талдаулық баяндамалар әзiрленеді;
      6) шетелде тұратын отандастарға қазақ ұлттық мәдени орталықтарының жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетіледi (2005-2007 жылдар);
      7) мынадай:
      Еуропа елдерiнде тұратын қазақ диаспорасының жастар өкiлдерi үшiн өнер және спорт (2005-2007 жылдар),
     шетелде тұратын отандастардың халық шығармашылығы (2006-2007 жылдар),
      қазақ диаспорасы өкілдерiнiң қатысуымен ақындардың халықаралық мүшайрасы (2005-2007 жылдар) фестивальдары өткiзiледi;
      8) таяу және алыс шет елдердегi қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң күндерi өткiзiледi (2006 -2007 жылдар);
      9) "Caspionet" спутниктiк арнасының хабар таратуы қамтамасыз етiледi, ғаламдық Интернет желiсiнде қазақ тiлiндегi www.otandastar.kz wеb-порталы құрылады (2007 жылы), отандастарымыз тұратын елдерде "Туған тіл" мамандандырылған альманахын шығару ұйымдастырылып, тарату қамтамасыз етiледi (2005-2007 жылдар);
      10) таяу және алыс шетелдегi қазақ мектептерiн оқулықтармен, оқу-әдiстемелiк құралдарымен қамтамасыз ету жақсартылады;
      11) жыл сайын шетелде тұратын отандастармен өзара iс-қимыл мәселелерi бойынша 10 ғылыми-практикалық конференция, семинар және "дөңгелек үстел" отырыстары өткiзіледi;
      12) Қазақтардың дүниежүзілiк III құрылтайы (2005 жылы), кiшi құрылтайы (2006 жылы) өткiзілетiн болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады