"Ауыл шаруашылығы субъектiлерiне жергiлiктi деңгейде бюджеттiк несие беру Ережесiн бекiту" туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкiмiнiң 2002 жылғы 8 қазандағы N 492 шешiмi. Атырау облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 13 қарашада N 1195 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2009 жылғы 30 наурыздағы N 15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2009.03.30 N 15 шешімімен.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 ақпандағы N 175 "Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар Жоспарын бекiту туралы" қаулысын орындау үшiн және облыс әкiмиятының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 8 "2001-2005 жылдардағы ауылды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың Облыстық Бағдарламасы және оны жүзеге асыру шаралар жоспары туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында шешім етемін:
      1. Ауыл шаруашылығы субъектiлерiне "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелеу" бағдарламасы бойынша жергiлiктi деңгейде бюджеттiк несие беру Ережесi (жалғанды).
      2. "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерді несиелеу" бағдарламасының әкiмгерi болып облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Қ. Арыстанов) белгiленсiн. (алға қарай - бағдарлама әкімгері).
      3. Бағдарлама әкiмгері - бөлінген несиелік қаржылардың мақсатты жұмсалуын және тиімді пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Облыстық қаржы басқармасы (Б.Жантемiров) бағдарлама әкiмгерiнiң өтiнiмдерiне сәйкес "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi несиелеу" бағдарламасын 2002 жылға облыстық бюджетте қаралған қаржы шегiнде қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      5. Облыс әкiмінiң 2001 жылғы 5 маусымдағы N 207 "2001 жылы ауыл шаруашылығы субъектiлерiне жергiлiктi деңгейде бюджеттік несие беру Ережелерін бекiту туралы" және 2001 жылғы 25 сәуiрдегі N 160 "Атырау облысында бюджеттiк несиелеудi жүзеге асыру туралы" шешiмдерiнiң күшi жойылды деп есептелсiн.
      6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Қ. Ищановқа жүктелсiн.

      Облыс әкімі

"Бекітілген"      
Облыс әкімінің 2002 жылдың
08.10.2002 ж. N 492 шешімімен

Ауыл шаруашылығы субъектiлерiне жергiлiктi деңгейде
бюджеттiк несиелер беру Ережесi

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-1 "Бюджет жүйесi туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" қаулыларына сәйкес әзірленген және 10 1 257 82 00 "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерді несиелеу" бағдарламасы бойынша бюджеттiк несиелер беру тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.

1. Жалпы шарттар

      1. Осы Ережеде мынадай түсініктер пайдаланылады:
      несие берушi - жергiлiктi атқарушы орган;
      бюджеттiк несие - мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық жағдайларында облыстық бюджеттен несие берушілер ұсынатын ақшалар;
      заемшы - банк-заемшы немесе түпкi заемшы;
      банк-заемшы - ұлттық Банктің тізбесінде көрсетілген және банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар, түпкі заемшыларды одан әрі несиелеу үшін бюджеттік несие алатын екiншi деңгейдегi банк;
      түпкi заемшы - банк-заемшы арқылы бюджеттiк несие алатын заңды немесе жеке тұлға - ауыл шаруашылығы субъектiсi;
      бағдарлама әкiмгерi - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы;
      бюджеттiк несие бойынша берешек - белгiлi бiр күнге бюджеттiк несиенi өтеу және оған қызмет көрсету кестесiне сәйкес түпкі заемшының төлемеген төлемдер сомасы.
      Қайтарымды негізде бюджеттен жеке және заңды тұлғаларды (бұдан әрі - несие алушылар) қаржыландыру үшін тағайындалған бюджеттік бағдарламалар бойынша төртінші топтық міндеттемелерін тіркеу үшін облыс әкімінің шешімі негізінде банктер - қатысушылар:
      несие беруші және банк-заемшы;
      банк-заемшы және түпкi заемшы арасындағы конкурстың нәтижелері бойынша шарт жасалады.
      Бюджеттік несие беру оларды түпкі заемшыға кейіннен бере отырып банк-заемшыға бюджеттік несие беру жолымен жүзеге асырылады.
      Жергілікті атқарушы органдар несиелерін банк-заемшыға беру жөніндегі рәсімдер осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      Жергілікті бюджет ақшаларының есебінен бюджеттік несиелер беру туралы шарттар (келісімдер) жасасу жергілікті атқарушы орган атынан әкім немесе оның ауыстырушысы жүзеге асырады.
      несие беруші мен несие алушы арасындағы шарттар мыналар:
      шарт бойынша міндеттеменің қатысушылары - несие беруші және несие алушы;
      толық атауы, салық төлеушінің тіркеу номері (СТН) және тараптардың мекен-жайы;
      бюджеттік бағдарламаның атауы;
      шарт жасасудың мақсаты;
      ақшалай міндеттеменің (несиенің) мөлшері;
      несие валютасы;
      несие беру нысаны;
      сыйақы ставкасы;
      борыштың негізгі сомасын өтеу мерзімі;
      борыштың негізгі сомасын өтеу және сыйақы кестесі;
      несие алушының міндеттемені мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндігі туралы;
      несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету;
      борыштың негізгі сомасын өтеу және сыйақы төлеу жөніндегі жеңілдік кезеңінің болуы (болмауы);
      несиені қамтамасыз ету (кепіл түрі);
      тараптардың шарт талаптарын орындау жауапкершілігі;
      тараптар шарт талаптарын орындамаған кездегі іс-әрекеттер және екінші тараппен айыппұл мен шарттардың өсімін есепке алуы ескеріледі.
      Бұл ретте:
      бюджеттік бағдарламаның атауы, шарт жасасудың мақсаты, ақшалай міндеттемелердің (несиенің) мөлшері төлқұжатқа сәйкес көрсетіледі;
      несие валютасы ұлттық валютада айқындалады;
      несие беру нысаны төлемдерді жүзеге асыру тәсіліне және тәртібіне тәуелді болады;
      бюджеттік несиелер сыйақының тіркелмеген (құбылмалы) және тіркелген ставкасымен берілуі мүмкін;
      ұлттық валютадағы сыйақының ставкасы бюджеттік кредит мерзіміне тең өтеуге дейінгі мерзіммен бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама рыногіндегі операциялар қорытындысы бойынша алдыңғы тоқсанда қалыптасқан қаржы министрлігі ұлттық валютада айналысқа шығарған мемлекеттік орта мерзімді индекстелмейтін бағалы қағаздар бойынша табыстылықтың өлшенген ставкасына тең.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімиятының 27.02.2004 N 20 шешімімен.
      2. Бюджеттiк несиелендiру жергiлiктi атқарушы тұлғаның тиiстi жылға қабылдаған жергiлiктi бюджеттiң орындалуының құрамдас бөлiгi болып табылады және банк-заемшыға берiлген бюджеттiк несиенi кейiннен түпкi заемшыға беру жолымен жүзеге асырылады.
      3. Бюджеттiк несиелеудiң мiндеттi шарты бөлiнген несие қаржылардың тиiмдi және мақсатты пайдаланылуында несиенiң мезгiлiнде қайтарылуын қамтамасыз ету, несие тәуекелiнiң туындауын ең төменгi деңгейде келтiру болып табылатын несие берушiнiң мүддесiн қорғау.

2. Бюджеттiк несиелендiрудiң бағыттары

      4. Бюджеттiк несиелер мақсатты болып табылады және 101257900 "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерді несиелеу" Бағдарламасында көзделген тиiстi қаржы жылына облыстық Мәслихаттың шешiмiмен бекiтiлген бағыттар және сомалар шегiнде берiледi.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімиятының 27.02.2004 N 20 шешімімен.
      5. Бюджеттiк несиелендiрудiң басым бағыттары мыналар:
      1) көтерме-сауда дайындау желілерін және өңдеу-ұқсату кәсіпорындарын дамыту;
      2) лизингтік негізде ауылшаруашылығы техникасын сатып алу, машина-технологиялық стансасын және сервистiк пункттерді дамыту;
      3) өнiмдiлiгi жоғары ауыл шаруашылығы малдарын сатып алу және дамыту, малды қолдан ұрықтандыру пункттерін құру;
      4) түйе шаруашылығын және шұбат өндірісін дамыту;
      5) жылыжай шаруашылығын дамыту.

3. Бюджеттiк несиелердiң түрлерi мен нысандары

      6. Бюджеттiк несиелендiру процесiнде, мыналар арасында несиелiк келiсiмдер жасалады:
      1) несие берушi мен банк-заемшы арасында;
      2) банк-заемшы мен түпкi заемшы арасында.
      7. Бюджеттiк несиелер берiлу нысанына қарай мыналарға бөлінеді:
      1) бюджеттік несиенің барлық сомасының түпкi заемшының есепшотына бiр жолғы аударылатын немесе оның төлем құжаттарын бір жолғы өтеу арқылы берілетін мерзімді жедел несиелер;
      2) несиелік желілер - аудару кестесіне сәйкес заемшының шотына бюджеттік несие сомасын кезеңдік аудару арқылы берілетін несие не оның төлем құжаттарын біржолғы төлеу болып бөлінеді.
      8. Беру мерзiмiне қарай бюджеттiк несиелер мыналарға бөлiнедi:
      1) қысқа мерзiмдiк - 1 жылға дейiнгi мерзiмдегi несиелер;
      2) орташа мерзiмдi - 1 жылдан артық, бiрақ 3 жылдан аспайтын мерзiмдегi несиелер;
      3) заң мерзiмдiк несие - 3 жылдан артық мерзiмдегi несиелер.
      9. Бюджеттiк несие конкурстық негiзде таңдалған банк-заемшыға ұлттық валютамен белгіленген бағамен жылдық 0,01 пайыз сыйақы белгiленген мөлшерлемесiмен берiледi.
      Бағдарлама әкімгерінің шешімі бойынша конкурс осы Ережеде анықталған бюджеттік несиелеудің жеке бағыттарда түрлі мерзімде өткізілуі мүмкін.
      10. Бюджеттiк несиелендiрудiң негiзгi шарттары:
      1) несиелердi бюджеттiк бағдарламада көзделген мақсаттарға бағыттау;
      2) қарыз алушылардың бюджеттiк несиелеу кезiнде қойылатын талаптарды сақтауы;
      3) несие берудiң бюджеттiк несиелеу үшiн белгiленген нысанын пайдалану;
      4) несиелердiң қайтарылуын қамтамасыз ету.
      11. Басым бағыттары бойынша бюджеттiк несиелер мына мерзiмдерге берiледi:
      1) көтерме-сауда дайындау желілерін дамытуға - 2 жылға;
      2) ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды дамытуға - 4 жылға;
      3) ауыл шаруашылығы малдарын қолдан ұрықтандыру пункттерiн құруға - 3 жылға;
      4) бар шаруашылықтарды кеңейту және құру үшiн өнiмдi мал сатып алу мен өсіруге - 3 жылға;
      5) шұбат өндірісін, түйе шаруашылығын дамытуға - 4 жылға;
      6) теплица шаруашылығын дамытуға - 3 жылға;
      7) лизингiлiк негiзде ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға  - 7 жылға;
      8) машина-технологиялық стансалары мен сервистiк қызметтер көрсету пункттерiн дамытуға - 5 жылға.
      12. Лизингiлiк негiзде несие беру мiндеттi түрде Қазақстан Республикасының "Қаржы лизингі туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 наурыздағы N 289 "Лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етудi несиелендiру" Ережелерін бекiту туралы" қаулыларына сәйкес жүргiзiледi және оның мынадай ерекшелiктерi белгiленедi:
      1) лизингтiң құнын мерзiмiнен бұрын ішінара өтеген жағдайда, екi жақ арасында кепiлдiк келiсiм-шарты өтелген қайтарым сомасының есебімен қайтадан жасалуы мүмкiн;
      2) лизингiлiк несиенiң берiлуi түпкi заемшының, оның қаржылық тұрақтылығы және жаңадан алатын несие сомасын өтеуге кепiлдiк мүлкiмен қамтамасыз етiлген жағдайда, лизингтiң каникул мерзiмi iшiнде 82 "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi несиелеу" бағдарламасы бойынша басқа несиелер түрлерiн алуына кедергi болмайды;
      3) лизингiлiк несиенi бөлу кезiнде пайда болған ерекше жағдайлар банк-заемшы мен түпкi заемшы арасындағы несие келiсiм шартында көрсетiлуi қажет.

4. Банк-заемшыға бюджеттiк несие беру тәртiбi мен шарттары

      13. Бағдарлама әкімгері банк-заемшыға қойылатын талаптарды анықтайды.
      Банк-заемшыға қойылатын негізгі талаптар:
      1) республикалық және жергілікті бюджет есебінен бұрын алынған несиелер бойынша қарыздардың болмауы;
      2) конкурс алдында соңғы үш айдың ішінде Қазақстан Республикасы ұлттық Банкінің пруденциялық нормативтерінің сақталуы;
      3) Қазақстан Республикасы ұлттық Банкі белгілеген жарғылық және жеке капиталының төменгі мөлшер шегінің сақталуы;
      4) бюджеттік несиені мезгілінде қайтарудың тиісінше қамтамасыз  етілуі.
      14. Бағдарлама әкімгері екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған Қазақстан ұлттық Банкі берген лицензиясы бар ұйымдар (бұдан әрі - қатысушы-банктер) бойынша сұрауды "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелеу" бюджеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде несиелерді алу үшін олардың арасында конкурс өткізу үшін қойылатын талаптарды қоса Қазақстан Республикасының ұлттық Банкіне жолдайды.
      15. Бағдарлама әкімгері тізбеге сәйкес өтініш білдірген мерзімін көрсете отырып бюджеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде олардың несие алулары үшін Қазақстан Республикасы ұлттық Банкінің оң қорытындысы бар қатысушы-банктер арасында конкурс жариялайды.
      16. Бағдарлама әкімгері белгілеген конкурс өткізу мерзімінде қатысушы-банктер конкурстың шарттарына сәйкестігін растайтын және бюджеттік несиелерді алу мен бюджеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде түпкі заемшыға олардың несие беруін жүзеге асыру шарттары бойынша ұсыныстары бар құжаттарды қоса конкурсқа қатысу үшін өтініш береді.
      17. Конкурсқа қатысуға жіберілген қатынасушы-банктер ішінен банк-заемшылар құжаттарын қарау және іріктеу үшін бағдарлама әкімгері конкурстық комиссия құрады.
      Конкурстық комиссия бюджеттік бағдарламаның орындалуын және бюджеттік қаражаттың үнемделуін қамтамасыз ететін жеткілікті несиелендіру мақсатында қатысушы-банктер өтініштерін қарайды және оларды:
      1) бюджеттік несиелендіруге байланысты шығынның ең төмендігі деңгейiне;
      2) сапаны қамтамасыз ету (көлем, нысан, өтімділік);
      3) банктердің қарыз портфелінің сапасы;
      4) банктің жеке қаражатының көлемі;
      5) банктердің несиелендіру саласындағы жұмыс тәжірибесіне негіздей отырып іріктейді.
      18. Бағдарлама әкімгері конкурстық қорытындысы бойынша белгіленген тәртіппен банк-заемшыны анықтау, іске асырылудағы бюджеттік бағдарламаның оның қатысу шарты және деңгейі туралы облыс әкімиятының қаулысының жобасын ұсынады.
      19. Облыс әкімиятының қаулысы негізінде жергілікті атқарушы орган несие беруші банк-заемшымен бірігіп, қажет жағдайда бюджеттік бағдарлама әкімгерінің қатысуымен бюджеттік несиелеу бағыты бойынша бекiтілген жылдық сома шегiнде несиелік келісімдер мен онымен байланысты құжаттардың (кепіл, кепiлдiк туралы шарт, төлемдердің кестесi және басқалар) жасалуын жүргізеді.
      Несие беруші теріс шешім қабылдаған жағдайда бағдарлама әкімгері қайта конкурс өткізуді ұйымдастырады.
      20. Жасалған несиелiк келiсiм-шарты, келiсiм жасалған күннен бастап үш күн iшiнде несие беруші және бағдарлама әкімгерімен тiркеуге жатады. Жергілікті бюджеттi нақтылау нәтижесiнде жылдық несие сомасы өзгерген жағдайда, сонымен бiрге келiсiм шарттың мерзiмiн ұзарту қажеттiлiгi туындағанда, екi жақтың келiсiмi бойынша несие келісімге қосымша келiсiм-шарт жасалуы мүмкiн, ол да белгіленген тәртiпте тiркеуге жатады.
      21. Несиелік шарттар және несие беруші мен банк-заемшы арасындағы міндеттемелер тіркелгеннен кейін төлемдер төлеу несие берушінің банк-заемшылардан қаражат алу туралы өтінімі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдесіндегі N 832 қаулысының 11 қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарлама әкімгерінің өтінімі негізінде жүзеге асырылады.
      22. Банк-заемшы  несие берушiнiң алдында толық жауапкершiлiкте болады және түпкi заемшымен өзара есептесу жағдайына қарамастан бекiтiлген Банктiң корреспонденттiк есеп-шотына қаржы түсу кестесіне сәйкес жобаны несиелеуде қарыз қоры ретiнде пайдаланылатын бюджеттiк қаржының қайтарылымына өзінің кепілін береді.
      Банк-заемшы бас банкiсiмен келісiлген мөлшерлемесiмен, жобаны қаржыландыруға өзiнiң несиелiк қорлары үлесiн қосымша беруге құқылы.
      23. Тараптардың бюджеттік  несиелендіру  кезінде туындаған барлық даулары мен пікір қайшылықтары жасалған несиелік шарттардың талаптарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
      24. - алынып тасталды - Атырау облысы әкімиятының 27.02.2004 N 20 шешімімен.
      25. Несие келiсiм шарты бұзылған жағдайда бағдарлама әкiмгерi несие берушiнiң келiсiмiмен игерілмеген бюджеттiк қаржыны қайта бөледi, сол кезде банк-заемшымен қосымша келiсiм жасалуы тиіс.
      26. Банк-заемшы мен түпкi заемшы арасындағы несие келiсiм шарты тiркелгеннен кейiн, облыстық қаржы басқармасы бағдарлама әкiмгерiнің сұранысы негiзiнде бюджеттiк есеп-шоттан, қазынашылық басқармадағы бағдарлама әкiмгерiнің есеп-шотына тиiстi қарыз сомасын аударады, бұдан соң қаржыны бағдарлама әкiмгерi банк-заемшының есеп-шотына аударады.
      27. Несиелiк келiсiм шартта мiндеттi түрде мыналардың ескерiлуi тиiс:
      1) несие берудiң нысандары;
      2) берiлетiн несие сомасы;
      3) несие берудiң мерзiмдерi;
      4) несие беру мен оның өтемi жөнiндегi басқа шарттар мен мiндеттемелер;
      5) несиенiң қайтарылуын қамтамасыз ету жолдары;
      6) банк-заемшының түпкi заемшыны несиелеу шарттары;
      7) сыйақы мөлшерлемесi және оны есептеу тәртiбi;
      8) тараптар құқықтары мен мiндеттерi;
      9) келiсiм шарт талаптары орындалмаған жағдайдағы ықпал-шаралар;
      10) келiспеушiлiктi шешу тәртiбi;
      11) келiсiм шарттық қолданылу мерзiмi;
      12) бағдарлама әкiмшiсiмен келiсiлген несиенi өтеу кестесi.
      Ескерту. Шешім 27-тармақпен толықтырылды - Атырау облысы әкімиятының 27.02.2004 N 20 шешімімен.

5. Банк-заемшының түпкi заемшыға бюджеттiк несиелер беру тәртiбi мен шарттары

      28. Банк-заемшының түпкi заемшыға несие берушiнiң несие қорларынан бюджеттiк несие беруі қолданылып жүрген заңнамаға, несие берушiмен жасалған несие шарттарына және банк-заемшының iшкi несие саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
      29. Банк-заемшы түпкi заемшылардың төлем қабілеттiлiгiне және бюджеттiк несиенi өтемеу тәуекелiнiң дәрежесiне, жобаның техникалық-экономикалық және қаржылық көрсеткiштерiне талдау жасайды, несиенi өтеу көздерiнiң болуына және несиенi өтеудi қамтамасыз етуге тексеру жүргiзу жолымен түпкi заемшының несие ұсыныстарына сараптама жүргiзедi.
      30. Несие ұсыныстарын сараптау нәтижелерiнiң негiзiнде банк-заемшы бағдарлама әкiмгерiнің келiсiмi бойынша түпкi заемшыларды несиелендiру туралы шешiм қабылдайды, олармен несиелiк шарттар мен бюджеттiк несиелерге байланысты басқа да құжаттар жасасады.
      31. Банк-заемшы мен ақырғы заемшылар арасындағы кредиттік келісім-шарттар және кепілдік келісім шарттар банк-заемшының оң қорытындысынан кейін үш күн ішінде жасалынады.
      Кепілдік келісім-шарт жасалған соң банк-заемшы кепілдік мүлікті жылжымайтын және жылжитын мүліктің тіркелуін жүзеге асыратын органдарда тіркеуден өткізеді.
      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімиятының 27.02.2004 N 20 шешімімен.
      32. Несие шарттарын және оларға байланысты құжаттарды жасасқаннан кейiн банк-заемшы түпкi заемшының атына несие шарттарына сәйкес бюджеттiк несиелер сомасы есепке алынатын қарыз шоттарын ашады. Көрсетiлген шоттан түпкi заемшының есеп шотына ақша аудару не оның төлем құжаттарын төлеу жолымен несие беру жүргiзiледi.
      33. Банк-заемшы түпкi заемшыға несие ресурстарын бередi:
      1) кредитті банк-заемшы және түпкі заемшымен жасалған кредиттік келісім шартта көрсетілген жеңілдетілген (каникулдың) кезеңі өткеннен кейін тоқсан сайын тең үлесте өтеуі шартымен. Сонымен қатар жеңілдетілген кезеңнің ұзақтығы кредит мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспауы тиіс;
      2) Қолданып жүрген Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес кепiлдiкпен қамтамасыз етiлгенде.
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімиятының 27.02.2004 N 20 шешімімен.
      34. Несие алушының жылжымайтын жеке және айналымдағы мүлiктерi, (тұрғын үйлер, сақтандырылған ауыл шаруашылығы малдары, жарамды ауыл шаруашылығы техникасы, байқаудан өткен жарамды жағдайдағы автокөлiк құралдары) сақтандырылған болашақта алынатын өнiмдермен егiстiк жерлер кепiлдiк мүлкi бола алады.
      35. Несие беру сәтiндегi кепiлдiк мүлiктiң құны несие сомасынан кем дегенде 1,5 есе артық болуға тиiс.
      36. Бюджеттiк несиені алушы түпкi заемшылар облыста жұмыссыздық және кедейлiкпен белсенді күресу нысандарын жүзеге асыру мақсатында тіркелген жұмыссыздар қатарынан қызметкерлерді жалға алуды несие өтінімінде көздеуге мiндеттi. Аталған тармақтың орындалуын бақылау бағдарлама әкімгеріне, аудандар мен қала әкiмдерiне жүктеледi.
      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімиятының 27.02.2004 N 20 шешімімен.

6. Жобаларды қабылдау, қарау, құптау және несие ресурстарын бөлу тәртiбi

      37. Аудандар (қала) әкiмдерi ауыл шаруашылығы субъектiлерiмен тиісті комиссияларға ұсынған бизнес-жоспарларын қарап, комиссияның оң қорытындысын алып, iрiктелген бизнес-жоспарды аудан (қала) әкімі қол қойған қолдау хат пен салалық қорытынды қоса бағдарлама әкiмшiсiне қарауға жiбередi.
      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімиятының 27.02.2004 N 20 шешімімен.
      38. Жеңiлдетілген кредиттеуге рұқсат алу үшiн ауыл шаруашылығы субъектiлерi аудандық (қалалық) әкiмиятының комиссиясына мынадай құжаттар тапсырады:
      1. Кредит беру туралы арыз;
      2. Бизнес-жоспар;
      3. Кепiлдiк мүлiктiң баршылығы және оның жағдайы туралы анықтама.
      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімиятының 27.02.2004 N 20 шешімімен.
      39. Бюджеттiк несие алу үшiн ауыл шаруашылығы субъектiлерi банк-заемшыға төмендегi құжат пакеттерiн тапсырады:
      1) бизнес-жоспар;
      2) бағдарлама әкiмгерiнiң сараптамалық қорытындысы;
      3) салық органынан бюджетке салық және басқада төлемдер үшін бережақтары жоқтығы туралы анықтама;
      4) несиелендiруге қызмет көрсететiн банктен және бюджеттiк қаражатпен байланысты басқа да ұйымдардан несиелiк бережақтары жоқтығы туралы анықтама;
      5) "Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлiк орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан берілген кепілдік мүліктің бағалау акті.
      40. Аудан (қала) әкiмияттарынан келiп түскен бизнес-жоспарлар мен оған қоса берілген құжаттама бағдарлама әкiмшiсiмен түскен күннен бастап бес күн мерзiмiнде қаралады, олар оң баға алған кезде салалық тұжырымдамамен қоса банк-заемшыға берiледi. Банк-заемшы, өз кезеңінде, бағдарлама әкімшісінен материалдарды алғаннан кейiн он бес күнтізбелік күн iшiнде ұсынылған бизнес-жоспарларды кредиттеу немесе  бас тарту жөнiнде шешiм қабылдауға және бағдарлама әкiмшiсiне, сонымен қатар, несие сұраушыға қорытындысын хабарлауға тиісті. <*>
      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімиятының 27.02.2004 N 20 шешімімен.
      41. Банк-заемшы кредит беру туралы шешiм қабылдағаннан кейiн оларды қаржыландыру үшiн банк-заемшы кредиттеу комитетiнің оң бағасын алған бизнес-жоспарлар тiзiмiн бағдарлама әкiмшiсiне ұсынуға мiндеттi.
      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімиятының 27.02.2004 N 20 шешімімен.
      42. Тиісті жылдың 15 қарашасына дейiн игеру мерзімімен әр аудан үшін бюджеттiк қаржының лимитi белгіленеді. Қала және аудан әкімияттарының бағдарлама әкімгеріне ұсынатын бизнес-жобасы осы Ереженің 5 тармағында анықталған ауыл шаруашылығын дамытудың басым бағыттарына сәйкес болуға тиісті.
      43. Жекелеген жобалар (бизнес-жоспарлар) конкурстық iрiктеуден өтпеген және жекеленген аудандарға бөлiнген несие лимитiнiң тиiстi 2002 жылдың 1 желтоқсанына дейiнгі мерзімде игерiлмеген жағдайда, лимиттiң қалдық мөлшерi бағдарлама әкiмгерiмен қосымша жобалар тапсырған басқа аудандарға немесе қалаға бөлiнiп беруге жатады.

7. Бюджеттiк несиенi өтеудiң және оған қызмет көрсетудiң тәртiбi

      44. Негiзгi борышты өтеу және есептелген сыйақыны төлеу заемшы тарапынан жасалған несие шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      Бұл ретте төлемдердiң мынадай кезеңi белгiленедi:
      1) есептелген айыппұлдар мен өсiмақылар;
      2) есептелген сыйақы;
      3) негiзгi борышты өтеу.
      45. Банк-заемшы несиелік келісімнің шарттарын бұзған жағдайда, сонымен қатар бағдарлама әкімгерінің ұсынысы бойынша банк-заемшы несие келісіміндегі бекітілген мерзімде бюджет қаржысын игермеген жағдайда, несие беруші несиелік шартты мерзімінен тыс бұзуға және есептелген сыйақылармен және айыппұлдармен бірге несиенің іс жүзінде ұсынылатын сомасын қайтаруға құқылы.
      46. Несиелік шартын бұзбаған жағдайда бюджеттік несиенің мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған кезде несие беруші несиелік шартта айтылған мөлшерде айыппұл сала отырып несиенің заңсыз пайдаланылған сомасын қарызгерден өндіріп алуға құқылы.
      47. Заемшы несиелік келісімде белгіленген мерзімде негізгі борышты өтемеген немесе бюджеттік несие бойынша сыйақыны төлемеген жағдайда жинақталған берешектерге несие келісімінде ескертілген айыппұл пайызы есептеледі.
      48. Заемшы бюджеттiк несие бойынша берешектер пайда болған және оны несие келісім шарттарымен анықталған мерзiм iшiнде өтелмеген жағдайда не банк-заемшы (түпкі заемшы жағдайында) берешектерді қайтаруды қамтамасыз ететiн мынадай шаралар қолданады:
      1) заңдарда белгіленген тәртіппен гарантқа заемшының берешектерін өтеудегі міндеттемелерін орындауы туралы құжаттарды жіберу;
      2) қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес кепіл туралы шарт негізінде заемшының кепілдікке салған мүлкін сату;
      3) заемшының талаптарын несие берушінің немесе банк-заемшының пайдасына кеңшілік еткен өтеу талаптарын басқа тұлғаға төлеуге ұсыну;
      4) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы" Заңына сәйкес соттың заемшыны банкрот деп жариялауға дейiн сот тәртiбiнде өндiрiп алуды жүзеге асыру шараларын қолданады.
      49. Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен берiлген несие банк-заемшы жергiлiктi бюджетке негiзгi борыштық сомасын қайтарған және сыйақылар мен айыппұлдарды қоса алғанда осы несиелерге байланысты басқа ілеспе төлемдерді толық көлемде төленген жағдайда өтелген болып есептеледі.
      50. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен берілген несиені қайта құрудағы өзгерістер:
      1) сыйақы ставкалары;
      2) несиені өтеудің немесе кезекті төлемнің мерзімі;
      3) несие валютасы облыс әкімиятының қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
      Бұл орайда, несие валютасы, несиені өтеудің немесе кезекті төлемнің мерзімін, сондай-ақ сыйақылардың ставкасын өзгерту тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы Мәслихат шешімімен бекітілген бюджеттің кіріс бөлігінің мөлшеріне ықпал етпеуі тиіс.

8. Бюджеттiк несиелердi есепке алу және оны бақылау

      51. Несие берушi және бағдарлама әкiмгерi бюджеттiк несиелердiң мақсатты пайдалануына, уақытылы қайтарылуына және несиелiк келiсiм-шарттардың талабының орындалуына бақылауды жүзеге асырады.
      52. Сондай-ақ, қала және аудандар әкiмдерi де, бюджеттік несиелердiң мақсатты пайдалануына және уақытылы қайтарылуына бақылауды жүзеге асырады.
      53. Несие берушi бюджеттiк қаржыларды банк-заемшыға бөлудi бағдарлама әкiмгерi арқылы жүзеге асырады. Егер несиелiк ресурстар ретiнде қаржыландырылатын бюджеттiк қаржыларды банк-заемшы, тиiстi банктiк операциялардан кейiн, 15 күн iшiнде игермеген жағдайда, ол қаржы қаржыландыру лимитiн қалпына келтiруге несие берушiге керi қайтарылуға жатады.
      54. - алынып тасталды - Атырау облысы әкімиятының 27.02.2004 N 20 шешімімен.
      55. Несие беру шартында (келісімінде) бөлiнген несиелік қаржыны түпкi заемшылар уақытында алмаған жағдайда, банк-заемшыға жауапкершiлiк жүктелетiнi анықталуы тиіс.
      56. Несие берушi және банк-заемшының өзара жасасқан келiсiм шартына сәйкес белгiленген көлемде және тәртiппен бюджеттiк қаржыларды игеру жөнiндегi есеп берiлуi қамтамасыз етiледi.
      57. Бағдарлама әкiмгерi бақылау мақсатында банк-заемшыдағы бюджеттiк несиелерге байланысты қажеттi ақпарат талап етуге құқылы.
      58. Несие берушi бақылау мақсатында бағдарлама әкiмгерi мен банк-заемшыдан бюджеттiк несиелерге байланысты қажеттi ақпарат талап етуге құқылы.
      59. Жергiлiктi бюджеттерден берiлген барлық бюджеттiк несиелер Қазақстан Республикасының қаржы Министрлiгi белгiленген нысандар бойынша және мерзiмдерде бағдарлама әкiмгерiнiң бюджеттiк несиелердi iс жүзiнде беру, оларға қызмет көрсету және өтеу туралы тұрақты есептестік негiзінде орталықтандырылған есепке алуына жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады