Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 43 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 қаңтарда № 31811 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2023 жылғы 27 қаңтардағы
№ 43 Бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығына" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10332 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және жүк көтергіш механизмдерді жөндеуді, жаңартуды және пайдалануды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.";

      4-тармақтың 78) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "78) технологиялық регламент – мекеменің (ұйымның) жүргізілетін жұмыс түрінің қауіпсіздігін қамтамассыз ету шаралары мен тізбегін қамтушы ішкі нормативті құжаты.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Жүк көтергіш механизмдерді есепке қою Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығымен бекітілген "Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларына" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24574 болып тіркелген) сайкес жүргізіледі.

      Есепке (тіркеуге) қойылғаннан кейін жүк көтергіш механизм мынадай ақпарат жазылған тақтайшамен жабдықталады:

      жүк көтергіштігі;

      зауыттық (сәйкестендіру) нөмірі;

      есепке алу (тіркеу) нөмірі;

      техникалық куәландыру түрлері және оларды өткізу мерзімдері.";

      50, 51, 54, 57 және 58-тармақтары алып тасталсын;

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Жүк көтергіш крандар мынадай жағдайларда есептен шығарылуы тиіс:

      есептен шығарылғанда және қайта монтаждағанда;

      кранды басқа заңды немесе жеке тұлғаға бергенде;

      кранды тіркелмейтіндер тобына ауыстыру кезінде.";

      72 және 78-тармақтар алып тасталсын;

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Өндірістік бақылау және қадағалау, техникалық қызмет көрсету жүйесін құру тәртібі";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Иелері немесе пайдаланатын ұйым басшылары жүк көтергіш крандарды, алмалы-салмалы жүк қармау құрылғыларды, ыдыстарды, кран жолдарын ақаусыз күйде ұстайды және тиісті куәландыруды, қарауды, жөндеуді, қадағалауды және қызмет көрсетуді ұйымдастыру жолымен жұмыстардың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етеді.

      Бұл мақсаттарда ұйымдарда өндірістік бақылау және қадағалау жүйесін құру бойынша іс-шаралар жүргізіледі:

      жүк көтергіш механизмдерді, алмалы-салмалы жүк қармау құрылғылары мен ыдыстарды қауіпсіз пайдалануды қадағалайтын инженерлік-техникалық жұмыскерді, жүк көтергіш крандарды ақаусыз күйде ұстауға жауапты инженерлік-техникалық жұмыскерді, жүктерді тасымалдау бойынша кранның қауіпсіз жұмыс істеуіне жауапты адамды (адамдарды) тағайындау;

      жүк көтергіш крандарды, кран жолдарын, алмалы-салмалы жүк қармау құрылғылары мен ыдыстарды ақаусыз күйде ұстауды қамтамасыз ететін үздіксіз қарау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртібін белгілеу және жөндеу қызметін құру;

      жауапты адамдар және қызмет көрсететін персонал үшін нұсқаулықтар, жүкті тиеу және түсіру, жинақтау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін технологиялық регламенттер, және жүк көтергіш крандарды қауіпсіз пайдалану бойынша басқа да технологиялық регламенттерді әзірлеу;

      инженерлік-техникалық қызметкерлерді жүк көтергіш крандарды қауіпсіз пайдалану бойынша қағидалармен, нормативтік актілермен, персоналды технологиялық регламентпен қамтамасыз ету;

      инженерлік-техникалық қызметкерлердің осы Қағидаларды, персоналдың технологиялық регламентті орындауын қамтамасыз ету.";

      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Жүк көтергіш крандарды қауіпсіз пайдалануға өндірістік қадағалауды жүзеге асыру үшін ұйымда инженерлік-техникалық жұмыскер тағайындалады.

      Қадағалау қызметі құрамын және оның құрылымын пайдалану мөлшерін және жағдайларын ескере отырып, жүк көтергіш крандарды пайдаланушы ұйым иесі немесе басшысы анықтайды.";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Иесі немесе пайдаланушы ұйым басшысы жүк көтергіш крандарды ақаусыз күйде ұстауға жауапкершілікті сәйкес біліктілігі бар, кранға қызмет көрсететін персонал (ілмектеушілерден басқа) болатын инженерлік-техникалық жұмыскерге, емтихан комиссиясы оның осы Қағидалар бойынша білімін тексергеннен кейін және оған тиісті куәлікті және технологиялық регламентті бергеннен кейін жүктейді.

      Жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрық номері және күні, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), куәлік нөмірі және қолы жүк көтергіш кран паспортына жазылады.

      Аталған мәліметтер әр жаңа жауапты тұлға тағайындалғаннан кейін паспортқа енгізіледі.

      Жауапты тұлға демалыста, іссапарда болғанда, ауырғанда немесе басқа да болмаған жағдайларда оның міндеттерін орындау бұйрықпен (өкіммен) тиісті біліктілігі бар және осы Қағидалар бойынша білімін тексеруден өткен, қызметі бойынша оны алмастыратын адамға жүктеледі.

      Иесі немесе пайдаланатын ұйым басшысы жауапты тұлғаның жүктелген міндеттерін орындауы үшін жағдай жасайды.";

      98, 101, 102, 103 және 109-тармақтары алып тасталсын;

      110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "110. Жабдыққа қызмет көрсету бойынша міндеттер жүктелген тұлғалар (кран машинистері, олардың көмекшілері, электромонтерлар, слесарьлар) олардың жұмысын қарау және тексеру жолымен оларға бекітілген жабдықты қадағалайды және оны ақаусыз күйде ұстайды.

      Кран машинистері жүк көтергіш крандарды жұмысты бастар алдында қарауды жүргізеді, бұл үшін технологиялық регламентте оны жүргізуге тиісті уақыт белгіленеді.

      Краншылар қарау және тексеру нәтижелерін вахта журналына жазады, оның нысаны осы Қағидаларға "Вахта журналының нысаны" деген 14-қосымшасында келтіріледі.

      Ілмектеушілер алмалы-салмалы жүк қармау құрылғыларын және ыдыстарды оларды жұмыста қолданар алдында қарайды.";

      119-тармақ алып тасталсын;

      136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "136. Көтергішті ақаусыз қалыпта ұстау үшін оны ақаусыз қалыпта техникалық күтіп ұстауға жауапты тұлға тағайындалады.

      Көтергішті ақаусыз қалыпта техникалық күтіп ұстау үшін жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрық нөмірі мен күні, оның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) мен қолы көтергіштің паспортында көрсетіледі.

      Бұл мәліметтер көтергіштің паспортына оны өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде немесе әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде орналасса, жергілікті атқарушы органға есепке (тіркеуге) қойғанға дейін және әрдайым жаңадан жауапты тұлға тағайындалғаннан кейін енгізіледі.

      Жауапты тұлға болмаған кезеңде (іссапар, науқастануы және т.б.) оның міндеті бұйрықпен (өкіммен) лауазымы бойынша оны алмастыратын басқа маманға жүктеледі.";

      146 және 147-тармақтар алып тасталсын;

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Жүк көтергіш крандар";

      152, 153, 154 және 155-тармақтары алып тасталсын;

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Жүк көтергіш крандар құрылғысы және оны орнату";

      348-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "348. Жүк арбада жүруге тек жөндеуші қызметкерлерге ғана рұқсат етіледі. Жөндеу жұмыстары бойынша наряд–рұқсатнаманың формасы Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 344 бұйрығымен бекітілген "Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану қағидаларына" сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21151 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану қағидалары).";

      368-тармақ алып тасталсын;

      406-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "406. Нормативті қызмет уақыты өтелген крандарды техникалық куәландыру сараптау ұйымы тексергеннен кейін жүргізіледі.";

      411-тармақ алып тасталсын;

      413-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "413. Алмалы-салмалы жүк қармау құрылғылары мен ыдыстарды пайдалану үрдісінде мерзімдік тексерлер келесі мерзімдерде жүргізіледі:

      траверстер, қышқыштар және басқа да қармақтар, ыдыстар – әр ай сайын;

      ілмектер (жиі пайдаланылатындарды қоспағанда) – он күн сайын;

      жиі пайдаланылатын жүк қармауыш құрылғылар – жұмысқа берілер алдында.

      Арқан және ыдыстарды тексеру – тексерудің әдісі мен ретін, арқанның жарамсыздығының критерияларын, кездескен ақауларды жою әдісін анықтайтын технологиялық регламентке сәйкес өткізіледі. Технологиялық регламент осы Қағидалардың "Жүк көтергіш крандарды жарамсыз ету нормалары" деген 8-қосымшада және "Жүк қармауыш құрылғыларды жарамсыз ету нормалары" деген 17-қосымшада келтірілген ұсынымдарға сәйкес әзірленеді. Тексеру барысында анықталған алынатын жүк қармауыш құрылғылардың ақауларын жұмыстан шығарылып, жойылады.

      Ал жүк қармау құрылғылары мен ыдыстарды тексеру нәтижесі есепке алу кітабына енгізіледі.";

      414 және 421-тармақтары алып тасталсын;

      433-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "433. Өзі жүретін жебелі крандармен жұмыс өндірісі көтеретін жылжымалы кран бөлігінен 30 м жақын арақашықтықта, сондай-ақ жүктен тік жазықтыққа дейін пайда болатын кескін жерге жақын сымның электр беру ауа сызығы 42 Вольт күшіндегі және одан жоғары, қауіпсіз жұмыс шарттарын анықтайтын наряд–рұқсатнаманың формасы Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Жүк таситын, жолаушыларды тасымалдайтын лифтілер";

      438-тармақ алып тасталсын;

      441-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "441. Паспорт, нұсқаулық және басқа қолданылатын құжаттар, лифтімен ұсынылатын, мемлекеттік тілде және (немесе) ұлтаралық қарым қатынас тілінде беріледі.";

      442-тармақ алып тасталсын;

      694-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "694. Ауыспалы тоқтың электр жетегі электр қозғалтқшты қуаттау кезінде басқарушы түрлендіргіштен келесі талаптарды қанағаттандырады:

      электр қозғалтқышты өшіру механикалық тежеуді салумен жүзеге асады;

      электр қозғалтқыштың басты тоғының шынжыры кі дербес электр магнитті құрылғымен ажыратылады, бір мерзігле өшірілген кезде түрлендіргіштен электр қозғалтқышқа қуат легі толықтай блокталады деген шартпен бір электр магнитті құрылғының барлық сымдарының бірдей ажыратылуының болуына жол беріледі;

      электр қозғалтқышты өшіру түрлендіргіш ақаулық яғни, жіберу кезінде түрліндергіш қуат легін өткізбеген жағдайда өшіріледі;

      механикалық тежеуді алып тастау тек кабинаны ұстап қалуға қажетті сәтін қамтамасыз ететін элетр қозғалтқыш (қозғалтқыш) тоғының шамасында жүзеге асады;

      кабинаның әрбір тоқтауы механикалық тежеу арқылы жүзеге асады. Осы Қағидалардың 451-тармағында қарастырылған шекте кабина осы деңгейде электрқозғағыш сәтімен тұрақталған жағдайда отырғызу алаңы деңгейінде тоқтаған жағдайда механикалық тежеу қоймауға жол беріледі;

      кабинаның отырғызу алаңының деңгейінде болған кезде механикалық тежегіш ақауы болған жағдайда электроқозғағыш және түрлендіргіш қосулы қалады және кабинаны отырғызу алаңының деңгейінде ұстап қалу (электрлік тежеу) қамтамасыз етіледі. Лифтінің жүкарбасы екі дербес тежегішпен немесе осы Қағидалардың 585-тармағында қарастырылған бір тежегіштің екі дербес тежегіш жүйесімен жабдықталған жағдайда бұл электрлік тежеу қажет етілмейді;

      кабинаның қозғалыс кезінде қауіпсіздік сөндіргіші жарамсызданған жағдайда электр қозғалтқыштың электрлік тежелуі, түрлендіргіш пен механикалық тежегішті салу тоқтатылады. Механикалық тежегіш ақаулы жағдайда электр қозғалтқыш жылдамдығы төмендетіледі және әрі қарай тоқтатылып және кабинаны электр қозғалтқыш сәтімен тұрақталған отырғызу алаңы деңгейінде сақтап қалады. Бұл жағдайда есіктердің автоматты жетегі өшіріледі және лифт жұмысы ақау жойылғанша тоқтатылады. Егер лифт жүкарбасы екі дербес тежегішпен немесе осы Қағидалардың 585-тармағында қарастырылған бір тежегіштің екі дербес тежегіш жүйесімен жабдықталған жағдайда электржетектің аталған жұмыс режимі (жылдамдықты азайту және әрі қарай тоқтату) талап етілмейді;

      қуаттаушы электрқозғалтқыш түрлендіргішін алыстан сөндіру механикалық тежегішті салғаннан кейін ғана мүмкін болады;

      электр қозғалтқыштың қалып шынжыры ажыратылған жағдайда электр қозғалтқыш якорінен қысымды және механикалық тежеуді салудан автоматты түрде алу қамтамасыз етіледі;

      егер электр жетек жүйесі кабинаны электр қозғалтқыш сәтімен тұрақталған отырғызу алаңы деңгейінде сақтап қалуды қарастырса, түрлендіргіш пен электрқозғағыш арасында қорғаныш және сөндіргіш немесе басқа да ажыратқыш құрылғыларды қосуға жол берілмейді.";

      695-тармақ алып тасталсын;

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Гидравликалық лифтілер";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Көтергіштер (мұнаралар)";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Көтергіш құрылғысы";

      15, 19 және 24-қосымшалары алып тасталсын;

      2. "Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 360 бұйрығына" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10251 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде жұмыстарды жүргізу үшін ұйым жобалау шешімдерін, дайындаушының нұсқаулықтарын ескере отырып, жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету жөніндегі технологиялық регламентті (бұдан әрі – Технологиялық регламент) әзірлейді және бекітеді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Компрессорлық қондырғыларға қойылатын қауіпсіздік талаптары";

      30 және 31-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Компрессорлық станцияның электр жабдығы, электр аппаратурасы, басқару және энергиямен жабдықтау жүйесінің электр тізбектері, компрессорлық станцияның жерге тұйықтау құрылғылары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) "Электр қондырғыларын орнату қағидаларының" (бұдан әрі – Электр қондырғыларын орнату қағидалары) талаптарына сәйкес орындалады.";

      31. Компрессорлық станцияның аумағына және оның барлық құрылыстарына жол жабыны бар кірме жолдар орналастырылады.";

      33-тармақ алып тасталсын;

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге Заңның 79-бабына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлаудан және қайта даярлаудан өткен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 468 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24533 болып тіркелген) "Дәнекерлеушілерді және дәнекерлеу өндірісінің мамандарын аттестаттау қағидаларында" белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өткен дәнекерлеушілер жіберіледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Компрессорлық станция ғимаратына қойылатын талаптар";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Компрессорлық станцияның үй-жайында ашық от жағуға жол берілмейді. Компрессорлық станцияның үй-жайында, құбырларда, май-ылғал бөлгіштерде және ауа-газ жинағыштарда ашық от пен электр дәнекерлеуді қолдана отырып монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізу Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 344 бұйрығымен бекітілген "Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану қағидаларына" сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21151 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану қағидалары). сәйкес рәсімделген рұқсат-наряд бойынша жүзеге асырылады.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Компрессорларды орналастыруға және орнатуға қойылатын талаптар";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Ауаны жинауға (соруға) және тазартуға қойылатын талап";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Бақылау-өлшеу құралдары және сақтандыру құрылғылары (клапандары)";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Компрессорларды майлауға қойылатын талап";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Компрессорлық қондырғыларды суытуға қойылатын талап";

      162-тармақ алып тасталсын;

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Май ылғал айырғыштарға, бекіту және реттеу арматурасына қойылатын талап";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Ауа жинағыштарға және газ жинағыштарға қойылатын талап";

      197-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "197. Ауа жинағыштардағы, газ жинағыштардағы және құбырлардағы май мен май шөгінділерінің тұтануын болдырмау үшін, статикалық электр зарядын тудыратын ұсақталған шаң мен тоты бар ауаны немесе инертті газды сору кезінде электр қондырғыларын орнату ережелеріне сәйкес жерге қосу орнатылады.";

      199-тармақ алып тасталсын;

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Сығылған ауаны кептіру қондырғылары";

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Құбыр өткізгіштер және цех ішілік айдау құбыр өткізгіштері";

      13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. Техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру";

      14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-тарау. Құбыр өткізгіштерді (ауа құбырлары, газ құбырлары) және ыдыстарды техникалық куәландыру";

      237-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "237. Ыдыстар мен құбыржолдар оларды пайдалану процесінде мынадай техникалық куәландырудан өтеді:

      1) сыртқы тексеру;

      2) ішкі тексеру (пайдалану процесінде);

      3) гидравликалық сынау.

      Техникалық куәландырудың көлемі, әдістері мен кезеңділігі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүргізіледі.";

      15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-тарау. Компрессорлық қондырғылар жабдықтарын жөндеу";

      286 және 287-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "286. Ыдысты ішкі тексеру, тазалау немесе жөндеу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.";

      287. Ыдыс ішіндегі жұмыстар тек компрессорлық қондырғының жарамды күйіне жауапты инженерлік-техникалық қызметкердің рұқсаты бойынша, қызметкерлерге жұмысты қауіпсіз жүргізу ережелері туралы нұсқау бергеннен кейін ғана жүргізіледі.

      Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану қағидаларына сәйкес рәсімделген рұқсат-наряд бойынша жүзеге асырылады.";

      288 және 289-тармақтары алып тасталсын;

      16-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-тарау. Техникалық құжаттама";

      294-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "294. Әрбір компрессорлық станция немесе біртекті компрессорлық қондырғылар тобы Техникалық құжаттамамен жабдықталуы тиіс:

      1) компрессордың паспорты;

      2) компрессорды монтаждау және пайдалану жөніндегі дайындаушының нұсқауы;

      3) компрессорлық қондырғының әрбір ыдысына төлқұжат (май-ылғал бөлгіш, ауа жинағыш, газ жинағыш және қысыммен жұмыс істейтін басқа да сыйымдылықтар).

      Ыдыстың паспортына қоса тіркеледі:

      монтаждау сапасы туралы куәлік;

      әрбір бекіту және реттеуші органға (вентиль, Ысырма, кран, кері клапан), соңғы және аралық тоңазытқыштарға, ыдыстарға (май ылғал бөлгіштерге, ауа жинағыштарға, газ жинағыштарға), бақылау-өлшеу аспаптарына, сақтандыру клапандарына орнату орны мен берілген нөмірі көрсетілген құбырлардың (Сығылған ауа, инертті газ, салқындатқыш су, май) атқару схемасы, ауа өлшегіштер, газ өлшегіштер, автоматты басқару құралдары. Диаграммада қысым көзі, жұмыс ортасы, оның параметрлері көрсетілуі керек. Құбырлардың атқару схемасын ұйымның техникалық басшысы бекітуі және машина залында көрнекті жерде ілінуі тиіс;

      өткізу қабілеттілігін есептей отырып, әрбір қауіпсіздік клапанына төлқұжат;

      4) құбыржолдардың паспорты;

      5) компрессорлық қондырғыларды монтаждау, пайдалану, қызмет көрсету, техникалық куәландыру және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізудің технологиялық регламенттері;

      6) сақтандыру клапандарына тексеру, жөндеу, реттеу және пломбалау жүргізу туралы акт;

      7) компрессорлық қондырғының жұмысын есепке алу журналы;

      8) компрессорлық қондырғыны жөндеуді есепке алу журналы, оған дәнекерленген тігістерді тексеру нәтижелері де енгізіледі;

      9) манометрлерді мерзімді бақылау тексерулерінің журналы;

      10) компрессорлық май шығынын есепке алу журналы;

      11) паспорттар-компрессорлық майларға арналған сертификаттар және олардың зертханалық талдауларының нәтижелері;

      12) компрессорлық қондырғының жерге тұйықтау құрылғысының паспорты;

      13) жерге тұйықтау құрылғысының кедергі шамасын өлшеу, компрессорлық станцияның найзағайдан қорғау құрылғыларының жай-күйін тексеру хаттамалары;

      14) компрессорлық қондырғыларды профилактикалық тексеру, жоспарлы-алдын алу және күрделі жөндеу кестелері.";

      3. "Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығына" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15986 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарының:

      3-тармақтың 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) мамандандырылған ұйым – газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестатталған ұйым.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Ауыл шаруашылығы және әлеуметтік инфрақұрылымдық ұйымдарының газбен жабдықтау жүйелерін қауіпсіз пайдалану мамандандырылған ұйымдармен шарт жасасу арқылы қамтамасыз етіледі.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Пайдаланудағы жерасты газ құбырлары арнайы аспаптардың көмегімен техникалық тексеруге тартылады, соның ішінде "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес өлшем құралдарымен және әдістерімен (немесе әдістемесімен).";

      54 және 55-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік инфрақұрылым объектілердің газ реттеу пункттері мен газ реттеу қондырғылары, сондай-ақ бас (аралық) газ реттеу пункттерінің жұмыс режимі жобаға сәйкес белгіленеді.

      55. Қалалық газ реттеу пункттер жабдығын ретке келтіру параметрлерін газбен жабдықтау жүйелерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін ұйымының техникалық басшысымен белгілейді. Бұл ретте тұрмыстық тұтынушыларға арналған газдың реттегіштен кейінгі ең жоғары қысымы су бағананын 0,003 МегаПаскалдан аспайды. Сақтандырғыш шығару клапандары, оның ішінде қысымды реттегіштерге орнатылған клапандар реттегіштен кейін ең жоғарғы жұмыс қысымы 15 %-дан астам болғанда газдың шығуын қамтамасыз етеді, сақтандырғыш бекіту клапандардың ең жоғарғы іске қосылу шегі реттегіштен кейін газдың ең жоғарғы қысымының 25%-ынан аспайды.

      Өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы ұйымдардың және әлеуметтік инфрақұрылым объектілердің газ реттеу пункттер, шкафты газ реттеу пункттер, газ реттеу қондырғылар жабдықтарын, газ пайдалану қондырғыларын, сондай-ақ аралық газ реттеу пункттер ретке келтіру параметрлері жобада белгіленеді және іске қосу-ретке келтіру жұмыстары кезінде нақтыланады.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Газ реттеу пункттері ғимаратының сыртында немесе газ реттеу қондырғы қоршауының өлшем бойынша көрінетін жерде "ОТ ҚАУІПТІ – ГАЗ" деген ескерту жазуы қойылады.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Газ реттеу пункттерінің және газ реттеу қондырғыларының техникалық жай-күйін тексеру кезінде:

      1) аспаптар бойынша реттегішке дейін және одан кейін газ қысымын, сүзгідегі, қысымның, үй-жайдағы ауа температурасының ауытқуын тексеру;

      2) сақтандырғыш-бекіту клапанының балғашасының дұрыс тұруын және тетіктер ілінісуінің мықтылығын бақылау;

      3) тіркейтін аспаптардың картограммаларын ауыстыру;

      4) электр жарығының, желдеткіштің, жылу жүйесінің жай-күйі мен жұмысын тексеру, негізгі және қосалқы үй-жайларды бөліп тұратын қабырғалардың жарықтары мен тығыздығының бұзылуын көзбен анықтау;

      5) ғимаратты сыртынан және ішінен тексеру жүргізіледі. Үй-жай мен жабдық ластанудан тазартылады.

      6) манометрлердің түзулігін тексеру.";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Сақтандырғыш клапандардың іске қосылуы параметрлерін ретке келтіру және тексеру олардың жұмысының жоғарғы шегі белгіленген деңгейден аспайтын жағдайда қысым реттегішінің көмегімен жүзеге асырылады.";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Сақтандырғыш бекіту клапандарының жарамдылығы жолымен тексеріледі:

      сақтандырғыш клапандарының пайдалану нұсқаулығында бекітілген аралықта жабдықты пайдалану кезінде оларды қысқа ашу арқылы тексеріледі, бірақ айына кемінде бір рет;

      стендте реттеу және клапандардың қысқа ашуы көзделмеген клапандарға әзірлеушімен көрсетілген мерзімде жолымен тексеріледі.

      Мәжбүрлеп ашу үшін құрылғысы жоқ сақтандыру клапандары үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығымен бекітілген "Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 тіркелді) 201-тармағын қолдану.

      Клапандарды ретке келтіру параметрлерін тексеру, оларды реттеу арнайы стендіде немесе жерде арнайы құрылғының көмегімен жүргізіледі. Тексеру кезеңділігі резервуарлардың сақтандырғыш бекіту клапандары үшін – алты айда кемінде бір рет, қалғандары үшін – ағымдағы жөндеуді жүргізу кезінде, алайда жылына кемінде бір рет. Клапандар сынаудан кейін пломбаланады, тексеру қорытындылары журналда көрсетіледі.

      Жөндеу немесе тексеру үшін алынатын клапанның орнына жарамды сақтандырғыш бекіту клапаны орнатылады.";

      107 және 108-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. Көлік құралы газ толтыру станциясының, газ толтыру пунктінің аумағына кірер алдында оның түтін шығаратын құбырына ұшқын сөндіргіштер орнатылады, ал стационарлық автомобильді газ құю станциясының резервуарлық паркінің қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарға сұйытылған мұнай газды төгу-құю бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін арналған арнайы көлік құралдың (автоцистернаның) түтін шығаратын құбырына ұшқын сөндіргіштер орнатылады.

      108. Газ толтыру станциясы аумағында бір уақытта болатын теміржол цистерналарының саны жобада көзделген төгу бекеттерінің санын асырмайды.";

      114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "114. Теміржол және автомобиль цистерналарында төгу-құю операциялары газ толтыру станциясы бастығының, ал мереке және демалыс күндері – газ толтыру станция бойынша жауапты кезекшінің жазбаша түрдегі рұқсатымен орындалады.";

      141-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "141. Жергілікті сорғылармен қамтамасыз етілетін, арнайы жабдықталған бекеттерде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) 16-қосымшасы 1-кестесіне сәйкес "А" санатты үй-жайларда жұмыс жүргізу жағдайында өңдеуден өтпеген баллондардағы бекіту қондырғыларын ауыстыруға жол беріледі. Ауыстыру операциясы 5 минут ішінде аяқталады.";

      147-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "147. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігі қағидаларының" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) талаптарын сақтау шартымен айрықша жағдайларда ғана ашық отты, ұшқын шығаруды қолдана отырып, жөндеу жұмыстарын (от жұмыстары) жүргізуге жол беріледі.";

      161-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "161. Резервуарлық және топтық баллонды қондырғылардың реттегішінен кейінгі сұйытылған мұнай газының жоғарғы жұмыс қысымы 0,004 МегаПаскальдан аспайды.

      Қондырғылардың сақтандырғыш бекіту және айыру клапандары тиісiнше 1,15 және 1,25 ең жоғарғы жұмыс қысымына реттеледі.";

      204-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "204. Газ толтырылған баллондарға арналған қоймалардың Қазақстан Республикасы Денсаулық министрінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № ҚР ДСМ-13 бұйрығымен бекітілген "Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26806 тіркелген) сәйкес табиғи немесе жасанды желдеткіші болады.";

      209 және 210-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "209. Сұйытылған мұнай газды және/немесе сұйытылған табиғи газды резервуарларға төгер алдында қондырғылардың, автоцистерналардың жабдығы және резеңке маталы түтіктері тексеріледі. Ақаулар анықталғанда, резервуарларды куәландырудың кезекті мерзімі өтіп кеткенде, оларда қалдық қысым 0,05 мегаПаскальдан төмен болғанда және қондырғыларда бастапқы өрт сөндіру құралдары болмағанда сұйытылған мұнай газыны төгуге тыйым салынады.

      210. Сұйытылған мұнай газымен және/немесе сұйытылған табиғи газымен автоцистерналары мен резервуарлар төгу-құю кезеңінде сұйық және бу фазасы бойынша резеңке маталы түтіктермен біріктіріледі. Автоцистерналар мен түтіктер төгер алдында жерге тұйықталады. Автоцистерналарды жерге тұйықтау қондырғыларынан ағытуға тек вентильдер жабылып, штуцерлер ағытылғанда ғана жол беріледі.";

      237-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "237. Тұрмыстық газ плиталарын тұрғын үй-жайлардан тыс жазғы ас бөлмелерде немесе қалқа астында орналастыруға жол беріледі. Жазғы ас бөлменің биіктігі мен көлемі, желкөзі бар терезесінің болуы Талаптардың 234 және 235-тармақтарының талаптарына сәйкес болады. Плитаны қалқаның астына орнатқанда қыздырғыш желдің соғуынан сақтандырылады.";

      277-тармақ алып тасталсын;

      288-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "288. Жылыту пештері мен жүйелердің түтін және желдету арналары мен басқа да элементтері тікелей пайдалану алдында (жылыту маусымына дейін), сондай-ақ жану өнімдерін шығаруды қиындата түсетін тартпа азайған кезде күйеден тазартылады.";

      329-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "329. Салыстырып тексеру аралығымен міндетті мерзімдік салыстырып тексеруге мынадай жұмыс өлшеу құралдары жатады:

      1) тарту-тегеурін өлшегіштер, манометрлер (көрсетуші, өздігінен жазатын, қашықтықтан;

      2) сұйытылған мұнай газының баллондарды бақылап өлшеу үшін пайдаланылатын салмақ өлшеу аспаптары, эталлон-гірлер;

      3) өздігінен жазатын термометрлер;

      4) көрсетуші термометрлер;

      5) қысым, температура, қысымның ауытқуын түрлендіргіштер.

      Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының талаптарына сәйкес өлшеу зертханалары жүргізеді.

      Жоғарыда келтірілген бақылау-өлшеу аспаптары күрделі жөнделгеннен кейін де салыстырып тексеруге тартылады.";

      422-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "422. Әлеуметтік инфрақұрылымдық объектілердің, тұрғын үйлердің ішкі газ құбырларын және газ жабдықтарын бақылаулық сығымдау 0,005 МегаПаскаль қысымымен жүргізіледі. Қысымның түсуі 5 минутта 0,0002 МегаПаскальдан аспайды.";

      433-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "433. Жұмыс істеп тұрған газ құбырларында, оларға газ құбырларын қосу және жөндеу кезінде дәнекерлеу немесе газбен кесу газдың 0,0004-0,0015 МегаПаскаль қысымымен жүргізіледі. Аталған қысымның болуы барлық жұмыстардың орындалу уақыты ішінде тексерілуге тиіс. Қысым 0,0004 МегаПаскальдан төмен түскенде және 0,0015 МегаПаскальдан асқанда кесуді немесе дәнекерлеуді тоқтатады.";

      452-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "452. Тиек арматурасының сальниктерін толтыру, орта және жоғары қысымды сыртқы газ құбырларында конденсаторлар жинаушылардың бұранда қосылыстарын бөлшектеу газ қысымы 0,1 мегаПаскальдан артық болмаған жағдайда жол беріледі.";

      458-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "458. Газ құбырларында тазалауға, (метал сүмбімен), еріткіштерді құюға немесе бу беру жолымен мұз, шайыр, нафталинді және басқа да тығындарды жоюға газ құбырындағы газ қысымы 0,005 МегаПаскальдан аспаған жағдайда жол беріледі. Газ құбырын жылыту үшін ашық отты қолдануға жол берілмейді.";

      476-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "476. Авариялық бригадалары бар әрбір ұйымында персоналдың іс-қимылы бағаланатын оқу-жаттығу сабақтары өтеді:

      1) әр тақырып бойынша, әр бригада үшін аварияларды оқшаулау және жою жоспары бойынша – 6 айда кемінде 1 рет;

      2) әртүрлі мақсаттағы қызметтердің өзара іс-қимыл жоспарлары бойынша – жылына кемінде 1 рет.

      Оқу-жаттығу сабақтары іс жүзіндегі жағдайларға барынша жақын жағдайларда арнайы жабдықталған полигондарда (жұмыс орындарда), оқу-жаттығу бөлмесінде жүргізіледі.

      Жүргізілген оқу-жаттығу сабақтары журналда тіркеледі.".

      4. "Жолаушылар аспалы арқан жолдарын орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 476 бұйрығына" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24565 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушылар аспалы арқан жолдарын орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларында:

      130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "130. Жолаушылар аспалы арқан жолдарын пайдаланатын ұйыммен:

      жолаушылар аспалы арқан жолдарының жарамды жай-күйі мен қауіпсіз пайдаланылуы үшін жауапты тұлға тағайындалады;

      жобалық құжаттамаға сәйкес жолаушылар аспалы арқан жолын басқару және оған қызмет көрсету үшін қажетті мөлшерде қызметкерлердің болуын қамтамасыз етіледі;

      пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жолаушылар аспалы арқан жолдарын мерзімді тексеру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, техникалық куәландыру тәртібін белгілейді және оларды орындауды қамтамасыз етіледі;

      жолаушылар аспалы арқан жолдарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды жүзеге асыруға, жолаушылар аспалы арқан жолдарының жарамды жай-күйі мен қауіпсіз пайдаланылуына жауапты адамдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілермен, ал персоналды – технологиялық регламенттермен қамтамасыз етіледі.".

      5. "Мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 477 бұйрығына" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24567 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалану қағидаларында:

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Көтергіш платформаны пайдаланатын ұйыммен:

      көтергіш платформаны пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар тағайындалады;

      көтергіш платформаны жарамды жай-күйі мен қауіпсіз пайдалануы үшін жауапты тұлғалар тағайындалады;

      қызмет көрсету және жөндеу үшін персонал тағайындалады;

      көтергіш платформалардың жабдықтары орналасқан үй-жайлар мен шкафтардың кілттерін сақтау және беруді есепке алу тәртібін қамтамасыз етеді;

      көтергіш платформаларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды жүзеге асыруға, көтергіш платформалардың жарамды жай-күйі мен қауіпсіз пайдаланылуына жауапты тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілермен, ал персоналды – технологиялық регламенттермен қамтамасыз етеді;

      көтергіш платформаларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды жүзеге асыруға, көтергіш платформалардың жарамды жай-күйі және қауіпсіз пайдаланылуына жауапты тұлғалардың осы Қағидалардың талаптарын, ал персоналдың технологиялық регламенттерді орындауын қамтамасыз етеді.";

      6. "Көлбеу рельсті-арқанды көтергіштерді (фуникулерлерді) орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 478 бұйрығына" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24571 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлбеу рельсті-арқанды көтергіштерді (фуникулерлерді) орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларында:

      107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. Фуникулерді пайдаланатын ұйыммен:

      фуникулердің жарамды жай-күйі мен қауіпсіз пайдаланылуы үшін жауапты адам тағайындалады;

      жобалық құжаттамаға сәйкес фуникулерді басқару және оған қызмет көрсету үшін қажетті мөлшерде қызметкерлердің болуы қамтамасыз етіледі;

      пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес фуникулерлерді мерзімді қарау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, техникалық куәландыру тәртібі белгіленеді және оларды орындау қамтамасыз етіледі;

      фуникулерлерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды жүзеге асыруға, фуникулердің жарамды жай-күйі мен қауіпсіз пайдаланылуына жауапты адамдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілермен, ал персоналды – технологиялық регламенттермен қамтамасыз етеді;

      фуникулерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалардың фуникулердің жарамды жай-күйі және қауіпсіз пайдаланылуы үшін осы Қағидалардың талаптарын, ал персоналдың технологиялық регламенттерді орындауын қамтамасыз етіледі.";

      113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "113. Фуникулерді пайдалануға мынадай кезде жол берілмейді:

      техникалық куәландыру мерзімі өткен;

      фуникулерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және (немесе) жобалау құжаттамасында көзделген регламенттік жұмыстарды орындамау;

      жабдықтың, қауіпсіздік аспаптарының немесе электр бұғаттағыштарының ақаулары;

      дабыл және байланыс ақаулары;

      ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттарға сәйкес арқандарды жарамсыз ету нормаларына сәйкес арқандардың тозуы;

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі 332 бұйрығымен бекітілген Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидаларына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында білімін тексеруден өткен жұмыскерлер болмағанда;

      паспортта және фуникулерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықта айтылған қолайсыз ауа райы жағдайлары.".

      7. "Эскалаторларды орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 479 бұйрығына" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24568 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Эскалаторларды орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларында:

      156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "156. Эскалаторды пайдаланатын ұйым:

      эскалаторды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар тағайындайды;

      эскалаторларды жарамды күйде ұстауға және оларды қауіпсіз пайдалануға жауапты тұлғалар тағайындайды;

      эскалаторларды басқару, оларға қызмет көрсету және жөндеу үшін қызметкерлерді тағайындайды;

      эскалатордағы жолаушыларды көзбен шолып бақылауды жүзеге асыру үшін персоналды тағайындайды;

      эскалаторды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды жүзеге асыруға, эскалатордың жарамды жай-күйі мен қауіпсіз пайдаланылуына жауапты адамдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілермен, ал персоналды-технологиялық регламенттермен қамтамасыз етеді;

      эскалаторларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалардың эскалаторлардың жарамды жай – күйі мен қауіпсіз пайдаланылуы үшін осы Қағидалардың талаптарын, ал персоналдың технологиялық регламенттерді орындауын қамтамасыз етеді.".

      8. "Жүк аспалы арқан жолдарын орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 482 бұйрығына" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24572 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүк аспалы арқан жолдарын орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларында:

      106 және 107-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "106. Жүк аспалы арқан жолдарын пайдаланатын ұйыммен:

      жүк аспалы арқан жолдарының жарамды жай-күйі мен қауіпсіз пайдаланылуы үшін жауапты тұлға тағайындалады;

      жобалық құжаттамаға сәйкес аспалы жүк арқан жолды басқару және оған қызмет көрсету үшін қажетті мөлшерде қызметкерлердің болуы қамтамасыз етіледі; пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүк аспалы арқан жолдарды мерзімді тексеру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, техникалық куәландыру тәртібі белгіленеді және оларды орындау қамтамасыз етіледі;

      жүк аспалы арқан жолдарының жұмыс және ауысымдарды беру журналдары, жабдықты жоспарлы тексеру нәтижелерін тіркеу журналы, жоспарлы техникалық қызмет көрсету нәтижелерін тіркеу журналы, жабдықты жоспарлы тексеру графигі, жоспарлы техникалық қызмет көрсету графигі әзірленеді;

      жүк аспалы арқан жолдарының инженерлік-техникалық қызметкерлері лауазымдық нұсқаулықтармен және жүк аспалы арқан жолын қауіпсіз пайдалану жөніндегі басшылық нұсқаулармен, жүк аспалы арқан жолдарына қызмет көрсететін қызметкерлер пайдаланушы ұйымның өкімімен (бұйрығымен) бекітілген технологиялық регламенттермен қамтамасыз етіледі.

      107. Жүк аспалы арқан жолдарды пайдалануға жол берілмейді:

      техникалық куәландыру мерзімі өткен;

      жүк аспалы арқан жолын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және (немесе) жобалау құжаттамасында көзделген регламенттік жұмыстардың орындалмауы;

      қауіпсіздік, дабыл беру және телефон байланысы аспаптары мен құрылғыларының, сондай-ақ қорғау құрылыстарының ақаулары;

      металл конструкциялардың есептік элементтерінде және тораптарда жарықтардың болуы;

      ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттарға сәйкес арқандарды жарамсыз ету нормаларына сәйкес арқандардың тозуы;

      тежегіш ақаулары;

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 332 бұйрығымен бекітілген Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидаларына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында білімін тексеруден өткен жұмыскерлер жоқ;

      паспортта және жүк аспалы арқан жолды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта айтылған қолайсыз ауа райы жағдайлары.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады