БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Ғиният |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары оқу министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдиниет және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгiнің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 60 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10943 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және eceпке алу қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Ұйым персоналының жеке сәулелену дозасын есепке алуды кейіннен қызметкердің жеке есепке алу карточкасына енгiзе отырып, ұйымның деретер қорына тіркеу жолымен, ұйымның (бақылау) радиациялық қауiпсiздiгі үшiн жауапты адам жүзеге асырады. Ұйым персоналының жеке сәулелену дозасын бақылау және есепке алу деректерi 50 жыл бойы сақталады. Қызметкердің жеке сәулелену дозасы туралы мәлiметтердің көшiрмесi, ол радиоактивті заттар мен басқа да иондаушы сәулелендіру көздерiн қолданатын ұйымға басқа жұмыс орнына ауысқан жағдайда, жаңа жұмыс орнына берiледi.
Ұйымға iссапарға жiберiлген адамдардың жеке сәулелену дозалары туралы деректер олардың тұрақты жұмыс орнына жiберiледi және ұйымның деректер қорында тiркеледi.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Азаматтардың (пациенттердің) дозалық жүктемелерін айқындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасымен бекітілетін санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің (бұдан әрі – нормалау құжаттары) талаптарына сәйкес жүргізіледі.".
2. "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
198-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"198. Ас блогы мен жабдықтың құрылғысы, күтіп-ұстау, шикізат пен дайын өнімге, тамақтану жағдайларына қойылатын талаптар "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына сәйкес көзделеді.";
199, 200, 201, 202, 203, 204, 205 және 206, 208-тармақтар алынып тасталсын.
3. "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары мен мерзімділігі және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
Ауысым алдындағы медициналық куәландыруды талап ететін кәсіптердің тізімінде:
реттік нөмірі 29-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
29. | өзен кемелерінің экипаждары (капитандар мен олардың көмекшілері, штурмандар, механиктер, матростар, мотористар, электриктер, радио мамандары) | жұмыс ауысымының алдында 1 сағат ішінде |
".
4. "Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты беру нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № ҚР ДСМ-182/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21606 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпарат беру нысаны осы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. "Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-234/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21736 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізудің мақсаты объектінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілетін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігін анықтау, өндірістің адам және тіршілік ету ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын бақылауды қамтамасыз ету, технологиялық процестердің мүмкін болатын бұзушылықтарын, шикізат пен өнімнің қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес келмеуін, зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырланудан және жұмыс орындарында физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті деңгейлерден арутын анықтау және зиянды факторлардың халықтың және жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына әсер ету тәуекелдерін төмендету жөнінде қажетті іс-шараларды әзірлеу болып табылады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу аудиттелетін субъектіге және өзге де ұйымдарда жүргізіледі. Ақпараттың құрамына:
1) аудиттелетін субъектінің қызметіне қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің талаптары;
2) өндірістік бақылау жүргізу бойынша есептілік, жұмыс орындарын аттестаттау жөніндегі актілер мен хаттамалар;
3) соңғы үш жылдағы зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер хаттамаларының көшірмелері (бар болса);
4) аудиттелетін субъектінің қызметіне байланысты азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің өтініштері туралы мәліметтер кіреді.
Объектіні неғұрлым тиімді және толық бағалау үшін аудиттелетін субъект Кодекстің 50-бабы 2-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.".
6. "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Cанитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайданылады:
1) ағзадағы немесе тіндегі доза (бұдан әрі – DT) – адам денесінің белгілі бір ағзасындағы немесе тініндегі орташа сіңірілген доза:
мұнда: mT – ағзаның немесе тіннің массасы;
D – dm массасының элементіндегі сіңірілген доза;
2) авариялық сәулелену – ядролық немесе радиациялық авария нәтижесіндегі сәулелену;
3) араласу – сәулелену ықтималдығын не сәулелену дозасын немесе сәулеленудің қолайсыз салдарларын төмендетуге бағытталған іс-қимыл;
4) араласу деңгейі (бұдан әрі – АД) – созылмалы немесе авариялық сәулелену ахуалдарының пайда болу жағдайларында қорғаныш немесе авариядан кейінгі шаралар қабылданатын, қол жеткізілген кезде жол берілмейтін дозалар шамасы;
5) арнайы контейнер – өздігінен ашуға болмайтын жүктерді аралық қайта тиемей, қаптамаланған немесе қаптамаланбаған жүктерді көліктің бір немесе бірнеше түрімен тасымалдауды жеңілдету үшін құрастырылған, көп рет қолдану мақсатында қатты және берік жасалатын көлік жабдығы. Арнайы контейнерлер ретінде үлкен жүк контейнерлері және көліктік қаптама жиынтықтары болуы мүмкін;6) әлеуетті сәулелену – радиациялық авария нәтижесінде пайда болуы мүмкін сәулелену;
7) байқау аймағы – радиациялық бақылау жүргізілетін санитариялық-қорғаныш аймағынан тыс аумақ;
8) бақылау деңгейі – радиациялық қауіпсіздіктің қол жеткізілген деңгейін бекіту, персонал мен халықтың сәулеленуін, қоршаған ортаның радиоактивті ластануын одан әрі төмендеуді қамтамасыз ету мақсатында жедел радиациялық бақылау үшін белгіленетін дозаның, доза қуатының, радиоактивті ластанудың және басқаларының бақыланатын шамасының мәні;
9) эквивалентті доза (бұдан әрі – HT,R) – сәулеленудің осы түрі үшін тиісті өлшеу коэффициентіне көбейтілген ағзадағы немесе тіндегі сіңірілген доза, WR:
мұнда: DT,R – ағзадағы немесе тіндегі Т орташа сіңірілген доза, ал WR – R сәуле шығару үшін өлшеу коэффициенті;
Осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген әртүрлі өлшеу коэффициенттерімен әртүрлі сәуле шығару түрлерінің әсер етуі кезінде эквивалентті доза сәуле шығарудың осы түрлері үшін эквивалентті дозалардың жиынтығы ретінде айқындалады.
Эквивалентті дозаның бірлігі Зиверт (бұдан әрі – Зв) болып табылады;
10) белсенділік (бұдан әрі – А) – уақыттың осы сәтінде осы энергетикалық жағдайдағы радионуклидтің қандай да бір мөлшерінің радиоактивтілік шамасы:
мұнда: dN – dt уақыт аралығында болатын, осы энергетикалық жағдайдан кенеттен ядролық түрге айналудың күтілетін саны. Белсенділік бірлігі Беккерель (бұдан әрі – Бк) болып табылады. Бұрын пайдаланылған жүйеден тыс белсенділік бірлігі кюри (бұдан әрі – Ки) 3,7x1010 Бк құрайды;
11) дезактивация – қандай да бір беткейден немесе қандай да бір ортадан радиоактивті ластануды жою немесе төмендету;
12) детерминирленген сәулелену әсерлері – иондаушы сәулелендіру тудырған, оларға қатысты одан төмен болғанда әсер болмайтын, ал одан жоғары болғанда әсердің ауырлығы дозаға байланысты болатын шектің болуы болжанатын, клиникалық анықталатын зиянды биологиялық әсерлер;
13) доза қуаты – уақыт бірлігі (секунд, минут, сағат) ішіндегі сәуле шығару дозасы;
14) доза шегі (бұдан әрі – ДШ) – қалыпты жұмыс жағдайларында жоғарыламауы тиіс жылдық тиімді немесе эквивалентті техногендік сәулелену дозасының шамасы. Жылдық доза шегін сақтау детерминирленген әсерлердің пайда болуының алдын алады, бұл ретте стохастикалық әсердің ықтималдығы қолайлы деңгейде сақталады;
15) жол берілмейтін доза – қорғау іс-шараларымен жол берілмейтін радиациялық авария салдарынан болжанатын доза;
16) жоспарланатын арттырылған сәулелену – радиациялық авариялар дамуының немесе оның салдарларын ескерту мақсатында белгіленген негізгі дозалар шегінен артатын дозаларда персоналдың жоспарланатын сәулеленуі;
17) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындаған кезде қызметкердің тұрақты немесе уақытша болатын орны;
18) жұмыстар сыныбы – нуклидтердің радиоуыттылығына және белсенділігіне байланысты радиациялық қауіпсіздік бойынша талаптарды айқындайтын, персонал үшін әлеуетті қауіптілік дәрежесі бойынша ашық иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыстардың сипаттамасы;
19) жылдық тиімді (эквивалентті) доза – күнтізбелік жыл ішінде алынған сыртқы сәулеленудің тиімді (эквивалентті) дозасының және осы жыл ішінде ағзаға радионуклидтердің түсуіне негізделген ішкі сәулеленудің күтілетін тиімді (эквивалентті) дозасының жиынтығы. Жылдық тиімді дозаның бірлігі – Зиверт (Зв);
20) жылдық түсу шегі (бұдан әрі – ЖТШ) – монофакторлық әсер кезінде шартты адамның жылдық дозаның тиісті шегіне тең күтілетін дозамен сәулеленуіне әкеп соғатын бір жыл ішінде нақты радионуклидтің ағзаға түсуінің рұқсат етілген деңгейі;
21) иондаушы сәулелендіру көзі (бұдан әрі – сәулелендіру көзі) – радиоактивті заттар, радиоактивті заттары бар аппараттар немесе құрылғы, сонымен қатар иондаушы сәуле шығаратын немесе иондаушы сәуле шығаруға қабілетті электрлі-физикалық аппараттар немесе құрылғы;
22) иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеу – иондаушы сәулелендіру көздерін дайындаумен, жеткізумен, алумен, иеленумен, сақтаумен, пайдаланумен, берумен, қайта өңдеумен немесе көмумен, импорттаумен, экспорттаумен, тасымалдаумен, техникалық қызмет көрсетумен байланысты қызмет;
23) иондаушы сәулелендіруді генерациялайтын құрылғы (көз) – иондаушы сәулелендіру зарядталған бөлшектер жылдамдығының өзгеруі, олардың аннигиляциясы немесе ядролық реакциясы есебінен туындайтын электрлі-физикалық құрылғы (рентген аппараты, жылдамдатқыш, генератор және басқалар);
24) иондаушы сәулелендірудің ашық көзі – оны пайдалану кезінде оның құрамындағы радионуклидтердің қоршаған ортаға түсуі ықтимал сәуле шығару көзі;
25) иондаушы жабық сәулелендіру көзі – бұл құрылғысы оған есептелген қолдану және тозу жағдайларында оның құрамындағы радионуклидтердің қоршаған ортаға түсуін болдырмайтын сәулелендіру көзі;
26) кәсіптік сәулелену – персоналдың техногендік иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеу процесінде сәулеленуі;
27) квота – нақты техногендік сәулелену көзінен халықтың сәулеленуін шектеу үшін белгіленген доза шегінің бір бөлігі және сәулелену жолдары (сыртқы, сумен, тамақпен және ауамен келіп түсуі);
28) көму – пайдаланылған ядролық отынды немесе радиоактивті қалдықтарды алып қою ниетінсіз оларды көму пунктіне орналастыру;
29) маңыздылығы ең аз белсенділік (бұдан әрі – МАБ) – иондаушы сәулелену көзі артқан кезде есепке алуға және бақылауға жататын ашық немесе жабық иондаушы сәулелендіру көзінің белсенділігі;
30) маңыздылығы ең аз үлесті белсенділік (бұдан әрі – МАҮБ) – иондаушы сәулелендіру көзі артқан кезде есепке алуға және бақылауға жататын ашық иондаушы сәулелендіру көзінің үлестік белсенділігі. Жабық сәулелендіру көздері үшін олармен жұмыс істеуге рұқсат алу қажеттілігі туралы шешім МАБ есепке алынбастан, оның белсенділігін МАҮБ-пен салыстыру жолымен айқындалады. МАҮБ өлшем бірлігі граммға беккерель Бк/г;
31) медициналық сәулелену – медициналық тексеру немесе емдеу кезіндегі пациенттердің сәулеленуі;
32) персонал – иондаушы сәулелендіру көздерімен тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін ("А" тобы) немесе жұмыс жағдайлары бойынша олардың әсері аясында болатын ("Б" тобы) жеке тұлғалар;
33) радиациялық авария – адамдардың белгіленген нормалардан артық сәулеленуіне немесе қоршаған ортаның радиоактивті ластануына әкеліп соғатын немесе әкеліп соғуы мүмкін радиоактивті өнімдердің және (немесе) иондаушы сәулелендіру жобада көзделген дұрыс пайдалану шекараларынан тыс шығуы болған атом энергиясын пайдаланатын объектіні қауіпсіз пайдалану шектерінің бұзылуы;
34) радиациялық авария аймағы – радиациялық авария фактісі белгілі болған аумақ;
35) радиациялық бақылау – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес объектідегі, қоршаған ортадағы радиациялық жағдай туралы және адамдардың сәулелену деңгейлері туралы ақпарат алу (дозиметрлік және радиометрлік бақылауды қамтиды);
36) радиациялық қауіптілік санаты – атом энергиясы пайдаланылатын объектімен жұмыс істеген кезде немесе ықтимал авария жағдайларында халық және (немесе) қоршаған орта үшін оның радиациялық қауіптілік дәрежесі бойынша атом энергиясы пайдаланылатын объектінің сипаттамасы;
37) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – персонал мен халықтың сәулелену деңгейлерін төмендетуге бағытталған ұйымдастыру, технологиялық, техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және медициналық-профилактикалық іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
38) радиациялық объект – иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеу жүзеге асырылатын объект немесе объектінің құрылымдық бөлімшесі;
39) радиациялық объектінің радиациялық-гигиеналық паспорты – ұйымда радиациялық қауіпсіздік жағдайын сипаттайтын және оны жақсарту бойынша ұсынымдар қамтылған құжат;
40) радиоактивті зат – құрамында радионуклидтер бар кез келген агрегаттық күйдегі табиғи немесе техногенді кез келген материалдар;
41) радиоактивті қалдықтар – құрамында алып қою деңгейінен жоғары радионуклидтер бар, одан әрі пайдаланылуы көзделмейтін радиоактивті заттар, ядролық материалдар немесе радионуклид көздері;
42) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу – радиоактивті қалдықтарды жинаумен, тасымалдаумен, қайта өңдеумен, сақтаумен және (немесе) көмумен байланысты барлық қызмет түрлері;
43) радиоактивтік ластану – радиоактивті заттардың материалдың үстіңгі бетінде, ішінде, ауада, адамның денесінде немесе басқа жерде "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29012 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-71 бұйрығымен (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-71 бұйрығы) және осы Санитариялық қағидалармен белгіленген деңгейлерден асатын мөлшерде болуы;
44) радиоактивтік заттармен жұмыс – радиациялық бақылауды қоса алғанда, жұмыс орнында радиоактивті заттармен жұмыс істеудің кез келген түрлері;
45) санитариялық өткізгіш – киім, аяқ киім ауыстыруға, персоналды санитариялық өңдеуге, персоналдың тері жабынының, жеке қорғаныш құралдарының, арнайы және жеке киімінің радиоактивті ластануын бақылауға арналған жабдықтар мен үй-жайлар кешені;
46) санитариялық шлюз – қосымша жеке қорғаныш құралдарының алдын ала дезактивациялауға және ауыстыруға арналған радиациялық объекті аймақтарының арасындағы үй-жай;
47) сәулелену – иондаушы сәулелендіру адамға әсері;
48) стохастикалық сәулелену әсерлері – иондаушы сәулелендіруден туындайтын, пайда болуының дозалық шегі жоқ, пайда болу ықтималдығы дозаға барабар және көріну ауырлығы дозаға тәуелді болмайтын зиянды биологиялық әсерлер;
49) сындарлы топ – сәулелену көзінің барынша көп радиациялық әсеріне ұшырайтын бір немесе бірнеше белгілері (жынысы, жасы, әлеуметтік немесе кәсіптік жағдайлары, тұратын жері, тамақтану рационы) бойынша бір текті халық арасынан шыққан адамдар тобы (кемінде он адам);
50) сіңірілген доза (бұдан әрі – D) – затқа берілген иондаушы сәулелендіруден энергиясының шамасы:
мұнда:
– элементарлық көлемдегі затқа иондаушы сәулелендіру арқылы берілген орташа энергия, ал dm – осы көлемдегі заттың массасы. Энергия кез келген белгілі бір көлем бойынша орташалануы мүмкін және бұл жағдайда, орташа доза көлемге берілген, осы көлемнің массасына бөлінген толық энергияға тең болады. Халықаралық бірліктер жүйесіндегі бірліктерде сіңірілген доза килограммға бөлінген джоульмен (Дж/кг) өлшенеді және грей деген (бұдан әрі – Гp) арнайы атауы бар. Бұрын қолданылған жүйеден тыс рад бірлігі 0,01 Гр тең;
51) табиғи сәулелену көзі – ҚР ДСМ № 71 бұйрығы және осы Санитариялық қағидалар қолданылатын, шығу тегі табиғи иондаушы сәулелендіру көзі;
52) табиғи радионуклидтер – уран-238 және торий-232 қатарларының радиоактивті элементтері;
53) тәуекел – сәулелену нәтижесінде адамда немесе оның ұрпағында қандай да бір зиянды салдарлардың пайда болу ықтималдығы;
54) техногендік сәулелену – пациенттердің медициналық сәулеленуін қоспағанда, қалыпты, сондай-ақ авариялық жағдайлардағы техногендік көздерден сәулелену;
55) техногендік сәулелену көзі – оны пайдалы қолдану үшін арнайы құрылған немесе осы қызметтің жанама өнімі болып табылатын иондаушы сәулелендіру көзі;
56) тиімді доза (бұдан әрі – Е) – олардың радио сезімталдығын ескере отырып, адамның бүкіл денесінің және оның жекелеген ағзалары мен тіндерінің сәулеленуінің кейінгі салдарларының пайда болу тәуекелінің өлшемі ретінде қолданылатын шама. Ол осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген ағзалар мен тіндердегі эквивалентті дозаның тиісті өлшенетін коэффициенттерге қосындысын білдіреді:
мұнда: HT - ағзадағы немесе тіндегі T эквивалентті доза, ал WT - ағза немесе тін Т үшін өлшейтін коэффициент. Тиімді доза бірлігі – Зиверт (Зв);
57) ұжымдық тиімді доза – сәулеленудің стохастикалық әсері туындауының ұжымдық тәуекелінің өлшемі, ол жеке тиімді дозалар жиынтығына тең. Ұжымдық тиімді доза бірлігі – адам-зиверт (бұдан әрі – а-Зв);
58) үлестік (көлемдік) белсенділік – заттағы радионуклидтің А белсенділігінің заттың массасына m (көлеміне V) қатынасы:
Үлестік белсенділік бірлігі – килограммға беккерель (бұдан әрі – Бк/кг). Көлемдік белсенділік бірлігі – текше метрге беккерель (бұдан әрі – Бк/м3);
59) үстіңгі беттің алынбайтын ластануы (бекітілген) – байланыс кезінде басқа заттарға берілмейтін және дезактивациялау кезінде жойылмайтын радиоактивті заттар;
60) үстіңгі беттің алынатын ластануы (бекітілмеген) – байланыс кезінде басқа заттарға берілетін және дезактивациялау кезінде кетірілетін радиоактивті заттар;
61) халық – иондаушы сәулелендіру көздерінен тыс жерлерде жұмыс істейтін персоналды қоса алғанда барлық адамдар;
62) халықтың радиациялық қауіпсіздігі – адамдардың қазіргі немесе келешек ұрпағының денсаулығына қауіпті иондаушы сәулелендіру әсерінен қорғалу жағдайы;
63) ішкі сәулелену кезінде күтілетін эквивалентті (бұдан әрі –
) немесе тиімді
доза – ағзаға радиоактивті заттар түскеннен кейін өткен уақыт t ішіндегі доза:
мұнда: tо – түсу сәті, ал HT(t) – T ағзада немесе тінде t уақыт сәтіне эквивалентті дозаның қуаты.
айқындалмаған кезде оны ересектер үшін 50 жасқа тең және балалар үшін 70 жасқа тең деп қабылдау керек;
64) D-шамасы – жоғарылаған кезде детерминирленген әсерлер анықталатын және радиоактивті көз қауіпті болып есептелетін жеке радионуклидтерге арналған белсенділіктің шекті мәні. Қауіптілік санаты № ҚР ДСМ-71 бұйрығында келтірілген;
65) 222Rn және 220Rn – радон изотоптарының еншілес өнімдерінің эквивалентті тепе-тең көлемдік белсенділігі (бұдан әрі – ЭТКБ) – 218 Po (RaA); 214Pb (RaB); 214Bі (RaC); 212Pb(ThB); 212Bі (ThC) – радон изотоптарының қысқа мерзімдік еншілес өнімдерінің көлемдік белсенділігінің таразыланған жиынтығы, сәйкесінше:
мұнда, ARa , ATn - радон изотоптарының еншілес өнімдерінің көлемдік белсенділігі.";
5-тармақта 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жұмыс орнында ашық радионуклид көздерінің үлестік белсенділігі МАҮБ-дан аз болса немесе сәулеленудің ашық радионуклид көзінің белсенділігі № ҚР ДСМ-71 бұйрықта келтірілген МАБ-нен аз болса, бұл ретте жекелеген радионуклидтердің белсенділігі олардың кестелік мәндеріне қатынасының жиынтығы 1-ден аз болса;
5) ұйымда ашық радионуклид көздерінің жалпы белсенділігі МАБ-нен 10 есе артық болмаса немесе әртүрлі радионуклидтер белсенділігінің № ҚР ДСМ-71 бұйрықта келтірілген олардың кестелік мәндеріне қатынасының жиынтығы 1-ден артық болмаса.";
.";
6-тармақ алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Персоналдың, халықтың және қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігі егер радиациялық қауіпсіздіктің негізгі қағидаттары (негіздеу, оңтайландыру, нормалау) және "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Заңымен, № ҚР ДСМ-71 бұйрықпен және осы Санитариялық қағидалармен белгіленген талаптар сақталған болса, қамтамасыз етілді деп саналады.
Негіздеу қағидаты жаңа сәулелену көздері мен радиациялық объектілерді жобалау кезінде, лицензиялар беру, сәулелену көздерін пайдалануға нормативтік техникалық құжаттаманы бекіту кезінде, сондай-ақ оларды пайдалану шарттары өзгерген кезде қолданылады. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі қағидаттарын іс жүзінде іске асыру осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада келтірілген тәсілдерге сәйкес орындалады.
Радиациялық авариялар кезінде негіздеу қағидаты сәулелену көздері мен сәулелену жағдайларына емес, керісінше қорғау іс-шараларына жатады. Пайда шамасы ретінде осы іс-шарамен жол берілмеген дозаны бағалау қажет. Сәулелену көздерін бақылауды қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар міндетті түрде жүргізіледі.
Оңтайландыру қағидаты осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сәулелену көздерін қалыпты пайдалану жағдайларында қолданылады.
Радиациялық авариялар жағдайларында доза шектерінің орнына араласудың неғұрлым жоғары деңгейлері қолданылатын жағдайларда оңтайландыру қағидаты жол берілмейтін сәулелену дозасын және араласуға байланысты залалды ескере отырып, қорғау іс-шарасына қолданылады.
Нормалау қағидатын адамдардың сәулелену деңгейіне байланысты болатын барлық жеке және заңды тұлғалар қамтамасыз етеді және барлық сәулелену көзінен азаматтардың сәулелену дозаларының № ҚР ДСМ-71 бұйрықпен белгіленген жеке шектерден асырмауды көздейді.
№ ҚР ДСМ-71 бұйрықпен регламенттелген тиімді және эквивалентті сәулелену дозаларын бақылау үшін дозалардың негізгі шектерінен пайда болатын туындылар болып табылатын дозалардың: доза қуатының, радионуклидтердің организмге жылдық түсуінің және басқа да көрсеткіштердің монофакторлық әсерінің жол берілетін деңгейі ( түсу жолдары немесе сыртқы сәулеленудің бір түріне байланысты бір радионуклид үшін ) енгізіледі.
Техногендік сәулелену кезіндегі туынды нормативтер монофакторлық әсерлерге есептелген және олардың әрқайсысы дозаның бүкіл шегін аяқтайды, оларды пайдалану барлық бақылаудағы шамалардың олардың жол берілген мәндеріне қатынасының жиынтығын бірліктен асырмау шартына негізделеді.
Халық үшін белгіленген доза шегін тек бір техногендік сәулелену көзіне немесе олардың шектелген санына пайдаланудың алдын алу үшін негізгі техногендік сәулелену көздеріне квоталар қолданылады.
Квоталар мәндерін негіздеу радиациялық объектілер жобаларында қамтылуы тиіс. Халықтың жекелеген техногендік сәулелену көздерінен сәулеленуіне квоталарды белгілеу жөніндегі нұсқаулық осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшада келтірілген.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Радиациялық объектінің радиациялық-гигиеналық паспорттарында келтірілген деректерге талдау жүргізу оларды № ҚР ДСМ-71 бұйрығының, осы Санитариялық қағидалардың талаптарымен және алдыңғы жылдардың деректерімен салыстыру арқылы жүргізу керек.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Персоналдың радиациялық қауіпсіздігі:
1) радиациялық бақылауды ұйымдастырумен;
2) сәулелену көздерімен жұмыс істеу қағидаларын білумен және оларды сақтауымен;
3) сәулелену көздерін есепке алуды және бақылауды ұйымдастырумен;
4) жеке қорғаныш құралдарын пайдаланумен;
5) жасы, жынысы, денсаулық жағдайы, деңгейі, алдыңғы сәулелену деңгейі және басқа да көрсеткіштері бойынша сәулелену көздерімен жұмыс істеуге рұқсат беруді шектеулермен;
6) № ҚР ДСМ-71 бұйрығының және осы Санитариялық қағидалардың талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларын жасаумен;
7) жүкті әйелді жүктілігі туралы ақпаратты алған күннен бастап жүктілік және бала емізу кезеңінде сәулелену көздерімен байланысы жоқ жұмысқа ауыстырумен;
8) қорғаныш кедергілерінің, экрандардың және сәулелену көздерінен арақашықтығының жеткіліктілігімен, сондай-ақ сәулелену көздерімен жұмыс істеу уақытын шектеумен;
9) радиациялық объектідегі радиациялық факторлардың бақылау деңгейлерін сақтаумен;
10) радиациялық жағдай туралы ақпарат жүйесін ұйымдастырумен;
11) авариялар қаупі төнген және туындаған жағдайда жоғары сәулеленуді жоспарлау кезінде персоналды қорғау жөніндегі тиімді іс-шараларды өткізумен қамтамасыз етіледі.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Байқау аймағында радиоактивті заттар авариялық шығарылған жағдайда радиациялық объект әкімшілігі № ҚР ДСМ-71 бұйрыққа және осы Санитариялық қағидаларға сәйкес қорғау іс-шаралары кешені жүргізіледі.";
44-тармақта 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) сыртқы иондаушы сәуле шығару қоғауды жобалау кезінде пайдаланылатын эквивалентті доза қуаты і № ҚР ДСМ-71 бұйрықта келтірілген;";
87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"87. Көлік құралдары бетінің радиоактивті ластануға жол берілетін деңгейлері № ҚР ДСМ-71 бұйрықта келтірілген.";
89-тармақта 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) V санатына радиациялық әсері қауіп төндірмейтін және денсаулыққа неғұрлым зиян келтірмейтінсәулеленудің жабық көздері жатады (0,01 ≥ A/Doc> МЗА) .
Жабық радионуклид көздерінің қауіптілік санатының шектері мөлшерсіз нормаланған A/Doc қатынасын енгізумен айқындалады, мұнда A – жабық радионуклидтің ағымдағы белсенділігі, Doc– шекті белсенділік. Жабық көздер үшін қауіптілік санатын анықтауға арналған белсенділіктің шекті мәні № ҚР ДСМ-71 бұйрықта көрсетілген.
Егер радионуклидттер бірдей бірнеше радионуклид көздері бір радиозотопты аспапта (сәулелегіш құрылғыда) болатын болса, олардың жиынтық белсенділігі бір көздің белсенділігі болып есептеледі. Осы радионуклид көзінің санаты № ҚР ДСМ-71 бұйрыққа сәйкес A/D -мөлшері қатынасы бойынша айқындалады.
Егер әртүрлі радионуклидттерімен радионуклид көздері бар радиозотопты аспапта немесе сәулелегіш құрылғыда болатын болса, A/D -шамасы қатынасының сомасын мынадай формуламен есептеу қажет:
мұнда Ai,n – n радионуклид көзінің жеке i белсенділігі, Dn – № ҚР ДСМ-71 бұйрықта көрсетілген n радионуклидіне арналған мән. Қауіптілік санаты № ҚР ДСМ-71 бұйрыққа сәйкес A/Doc жиынтық қатынасы бойынша айқындалады.";
102 және 103-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"102. Радионуклидтер ішкі сәулеленудің әлеуетті көздері ретінде МАБ-ға байланысты радиациялық қауіптілік дәрежесі бойынша төрт топқа бөлінеді:
1) А тобы – МАБ 103 Бк радионуклидтер;
2) Б тобы – МАБ104 Бк және 105 Бк радионуклидтер;
3) В тобы – МАБ 106 Бк және 107 Бк радионуклидтер;
4) Г тобы – МАБ 108 Бк және одан артық радионуклидтер.
Радионуклидтің радиациялық қауіптілік тобына тиістілігі № ҚР ДСМ-71 бұйрықта келтірілген оның МАБ сәйкес белгіленеді. Осы қосымшада келтірілмеген, жартылай ыдырау кезеңі кемінде 24 сағат қысқа мерзімдік радионуклидтер Г тобына жатады.
103. Ашық сәулелену көздері пайдаланылатын барлық жұмыстар үш сыныпқа бөлінеді. Ашық сәулелену көздерімен жүргізілетін жұмыстар сыныбы оның МАҮБ радионуклидтің меншікті белсенділігі асқан жағдайда радионуклидтің радиациялық қауіптілік тобына және оның жұмыс орнындағы белсенділігіне байланысты № ҚР ДСМ-71 бұйрыққа сәйкес белгіленеді. Сұйықтықтармен қарапайым операциялар жүргізу кезінде (буламай, айдамай, барботажсыз және басқа да) жұмыс орнында радионуклидтердің белсенділігін 10 есе ұлғайтуға рұқсат етіледі. Генераторлардан медициналық мақсаттағы қысқа мерзімдік радионуклидтерді өндіру (элюирлеу) және өлшеп орау бойынша қарапайым операциялар кезінде радионуклидтердің белсенділігін жұмыс орнында 20 есе ұлғайтуға жол беріледі. Жұмыстардың сыныбы еншілес радионуклидтің бір мезгілде барынша шайылатын (элюирленетін) белсенділігі бойынша анықталады. Уран және оның қосындыларын қайта өңдейтін кәсіпорындар үшін жұмыс сыныбы өндіріс сипатына байланысты анықталады және арнайы қағидалармен регламенттеледі. Ашық сәулелену көзін сақтау кезінде радионуклидтердің белсенділігін 100 есе ұлғайтуға рұқсат етіледі.";
164, 165, 166 және 167-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"164. № ҚР ДСМ-71 бұйрықта келтірілген мәндерден кем техногендік радионуклидтердің меншікті белсенділігі кезінде, арнайы жұмыс істеуін талап ететін деңгейлерге дейін радионуклидтердің шоғырлануына әкеп соғатын пайдалануды қоспағанда, кез келген материалдарды, шикізатты, бұйымдарды және өнімдерді (басқа азық-түлік шикізатын, тамақ өнімдерін, ауыз су және жануарларға арналған жем) пайдалануға ешқандай шектеулер енгізілмейді.
165. Техногендік радионуклидтердің меншікті белсенділігі бар шикізат, материалдар, бұйымдар мен өнімдер № ҚР ДСМ-71 бұйрықта келтірілген мәндерден МАҮБ мәндеріне дейін (бірнеше техногендік радионуклидтер болған жағдайда материалдағы барлық техногендік радионуклидтердің үлестік белсенділігінің қатынастар жиынтығы МАҮБ мәндеріне олар үшін бірден аз болуы тиіс) және осы Санитариялық қағидалардың 162-тармағының талаптарын сақтаған кезде шектеліп пайдаланылады. Одан әрі осы шикізаттан, материалдардан немесе бұйымдардан өндірілген өнім радиациялық бақылауға жатады.
166. Құрамында шығу тегі табиғи радиоактивті заттар бар құрылыс материалдары мен тыңайтқыштарын пайдалану кезінде № ҚР ДСМ-71 бұйрық талаптарының сақталуы қамтамасыз етіледі.
167. Осы Санитариялық қағидалардың 162-тармағында келтірілген деңгейлерден жоғары радиоактивті заттармен ластанған одан әрі пайдалануға арналған материалдар, бұйымдар мен өнімдер № ҚР ДСМ-71 бұйрықта көрсетілген деңгейлерге дейін дезактивациялауға жатады.
Дезактивациялауды шикізатта, материалдарда, бұйымдар мен өнімдерде ластану деңгейі оларды одан әрі қолдануды қамтамасыз ететін жол берілген деңгейлерге дейін төмендетілуі мүмкін жағдайларда жүргізу керек.";
171-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"171. Металдарды және осы металдардан жасалған бұйымдарды алдын ала қайта балқытудан немесе өзге де қайта өңдеуден кейін шектеусіз пайдалану үшін негізгі ұзақ мерзімді радионуклидтердің жол берілген үлестік белсенділіктің сандық мәндері № ҚР ДСМ-71 бұйрықта келтірілген. Металда жекелеген радионуклидтердің үлестік белсенділік мәндерінің радионуклид қоспасы болған кезде Qi мына қатынасты қанағаттандыруы тиіс:
мұнда Qi – металдағы i радионуклидінің үлестік белсенділігі; ДУАi – i радионуклидінің жол берілген үлестік белсенділігі.";
174-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"174. Қалдықтарды радиоактивтілерге жатқызу өлшемшарттары, оларды жіктеу, сондай-ақ радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге қойылатын талаптар "Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29292 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығына сәйкес белгіленеді.";
176-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"176. Радиоактивті қалдықтарды объектіден мамандандырылған ұйымға өңдеуге, ұзақ уақыт сақтауға және (немесе) көмуге беру арнайы қаптамаларда (контейнерлерде) жүргізіледі.
Қаптаманың (контейнердің) беттеріндегі радиоактивті ластану деңгейлері № ҚР ДСМ-71 бұйрығында келтірілген мәндерден аспауы тиіс.";
188-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"188. Персоналдың сәулелену дозаларын жеке бақылау нәтижелері 50 жыл бойы сақталады. Жеке бақылау жүргізу кезінде жылдық тиімді және эквивалентті дозалардың, соңғы 5 жылдағы тиімді дозаның, сондай-ақ бүкіл кәсіптік қызмет кезеңі ішінде жинақталған жиынтық дозаның есебі жүргізіледі. Персоналдың жеке сәулелену дозаларының деректері "Иондаушы сәулеленудің техногендік көздерін қалыпты пайдалану жағдайларында персонал адамдарының сәулелену дозалары туралы мәліметтер" № 1-ДОЗ нысаны бойынша және "Радиациялық авариялар немесе жоспарланатын көтеріңкі сәулелену жағдайларында персонал адамдарының, сондай-ақ халық арасынан авариялық сәулеленуге ұшыраған адамдарының сәулелену дозалары туралы мәліметтер" № 2-ДОЗ нысаны бойынша ресімделеді және осы Санитариялық қағидаларға 12-қосымшада көрсетілген №1 ДОЗ нысанын және № 2 ДОЗ нысанын жүргізу және толтыру тәртібіне сәйкес аумақтық бөлімшелерге ұсынылады.";
193-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"193. Радиациялық бақылаудың нәтижелері дозалар шектерінің мәндерімен және бақылау деңгейлерімен салыстырылады. Бақылау деңгейлері жоғарылаған кезде радиациялық объектінің әкімшілігі талдау жүргізеді. Персонал үшін № ҚР ДСМ-71 бұйрықта белгіленген дозалар шектерінен немесе халықтың сәулелену квоталарынан арту жағдайлары туралы радиациялық объектінің әкімшілігі аумақтық бөлімшені ол туралы (жазбаша түрде) хабардар етеді.";
228-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"228. Техногендік сәулелену көздерімен жұмыстар жүргізілмейтін объектілерде жұмыскерлердің өндірістік жағдайларда табиғи сәулелену деңгейлері № ҚРДСМ-71 бұйрықта келтірілген мәндерден аспауы тиіс. Жұмыс ұзақтығы өзгерген, радиациялық әсер деңгейін айқындайтын өндірістік шаңдағы радионуклидтердің радиоактивті тепе-теңдігі бұзылған кезде объектінің әкімшілігі радиациялық әсерді бақылау деңгейлерін белгілейді.";
233-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"233. № ҚР ДСМ-71 бұйрықта белгіленгеннен (5 мЗв/жыл) артуы анықталған жағдайда, радиациялық объектінің әкімшілігі жұмыскерлердің сәулеленуін төмендету бойынша шаралар қабылдайды. № ҚР ДСМ-71 бұйрықта көрсетілген нормативті сақтау мүмкін болмаған кезде объектіде тиісті жұмыскерлерді жұмыс жағдайлары бойынша техногендік сәулелену көздерімен жұмыс істейтін персоналға теңестіруге жол беріледі. Қабылданған шешім туралы объект әкімшілігі аумақтық бөлімшелерді (жазбаша түрде) хабардар етеді. Еңбек жағдайлары бойынша техногендік сәулелену көздерімен жұмыс істейтін персоналға теңестірілген адамдарға "А" тобының персоналы үшін белгіленген радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық талаптар қолданылады.";
254-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"254. Аварияны жою кезінде персоналдың жоспарланатын жоғары сәулеленуін регламенттеу № ҚР ДСМ-71 бұйрықта айқындалады. Жоспарланатын жоғары сәулеленуге авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына қатысатын радиациялық объектінің персоналы және авариялық-құтқару қызметтері мен жасақтарының мамандары үшін жол беріледі.";
257-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"257. Көлемді аумақтардың радиоактивті ластануына әкеліп соққан радионуклидтердің қоршаған ортаға шығарылуымен болған радиациялық авариялар кезінде халықты қорғау № ҚР ДСМ-71 бұйрықта келтірілген шешімдерді қабылдау үшін өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырылады.";
көрсетілген Санитариялық қағидаларға 3-қосымшамен бекітілген Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі қағидаттарын практикалық іске асыруда:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Оңтайландыру қағидатын іске асыру негіздеу қағидаты сияқты халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведмоствосы бекітетін арнайы әдістемелік нұсқаулар бойынша, ал олар басылып шыққанға дейін – негіздеуші құжаттардың радиациялық-гигиеналық сараптамасын өткізу арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте № ҚР ДСМ-71 бұйрыққа сәйкес тиімді дозаны бір адам-Зв төмендететін қорғауды жетілдіру үшін ең аз шығын болып бір жылдық жанға шаққандағы ұлттық табысқа (халықаралық ұсынымдарда қабылданған альфа шамасы) тең шығын саналады.";
көрсетілген Санитариялық қағидаларға 4-қосымшада бекітілген Жекелеген техногендік сәулелену көздерінен халықтың сәулеленуіне квоталар белгілеу бойынша нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Квоталар белгілеудің мақсаты бірнеше радиациялық объектілерден сәулеленуге ұшырайтын халық үшін № ҚР ДСМ-71 бұйрықта белгіленген халықтың техногендік сәулелену дозасының шегінен (1 мЗв/жыл) асыруға жол бермеу және оңтайландыру қағидатына сәйкес халықтың техногендік көздерден сәулеленуін төмендету болып табылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Әртүрлі сәулелену көздерінің квоталар жиынтығы № ҚР ДСМ-71 бұйрықта келтірілген халықтың сәулелену дозасының шегінен аспауы тиіс. Халық үшін дозаның шегі мен квоталар жиынтығы арасындағы айырмашылық шамасы халықтың техногендік сәулелену көздерінен радиациялық қауіпсіздігінің дәрежесін сипаттайтын резерв ретінде қарастырылуы тиіс.";
көрсетілген Санитариялық қағидаларға 7-қосымшамен бекітілген Жобалау және пайдалану кезінде радиациялық объектілердің әлеуетті радиациялық қауіптілігі санаттарын анықтау жөніндегі өлшемшарттарда:
Ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"<1> Ең жоғары радиациялық авариялар кезінде радиациялық объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағынан тыс жерде халық әлеуетті сәулеленудің 1,0 мЗв астам тиімді дозасын алуы мүмкін болған жағдайда объектіге Ісанат беріледі.
<2> Радиациялық объектілер I санатқа жатпайтын, бірақ радиациялық объектілер орналасқан алаңмен сәйкес келмейтін оның санитариялық-қорғаныш аймағында болған жағдайда, ең жоғары радиациялық авария кезінде радиациялық объектілерде болуға жол берілетін сәулеленетін адамдар санаттарының ең болмағанда біреуі үшін № ҚР ДСМ-71 бұйрықта көрсетілген шектерден жоғары әлеуетті сәулеленудің тиімді дозасын алуға мүмкін объектіге II санат беріледі.
<3> Радиациялық объектілер І санатқа не ІІ санатқа жатқызылмаған жағдайда және оны ядролық материалдармен және (немесе) сәулелену көздерімен тікелей жұмыс істеу жүзеге асырылатын үй-жайлардан тыс орналастыру алаңында, ең жоғары радиациялық авариялар кезінде, радиациялық объектілерде белгіленген келу тәртібімен болуына жол берілетін сәулеленуге ұшырайтын адамдар санатының ең болмағанда біреуінің № ҚР ДСМ-71 бұйрықта көрсетілген шектерден жоғары әлеуетті сәулеленудің тиімді дозасы алынуы мүмкін объектіге ІІІ санат беріледі.
<4> Барлық қалған жағдайларда радиациялық объектілерге әлеуетті радиациялық қауіптіліктің IV санаты беріледі.";
көрсетілген Санитариялық қағидаларға 12-қосымшамен бекітілген "Иондаушы сәуле шығарудың техногендік көздерін қалыпты пайдалану жағдайларында персонал адамдарының сәулелену дозалары туралы мәліметтер" № 1-ДОЗ нысанын және "Радиациялық авария немесе жоспарланатын көтеріңкі сәулелену жағдайларында персонал адамдарының, сондай-ақ авариялық сәулеленуге ұшыраған халық адамдарының сәулелену дозалары туралы мәліметтер" № 2-ДОЗ нысанын жүргізу мен толтыру тәртібінде:
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. 10-бағанда сәулелену көзінің әсеріне ұшыраған ағзаның немесе тіннің түріне сәйкес Санитариялық қағидаларға осы қосымшаға 5-кесте бойынша анықталатын кодтар көрсетіледі. Бұл ретте доза шегі № ҚР ДСМ-71 бұйрықта айқындалған ағзалар (тіндер) үшін ғана мәліметтер енгізіледі.";
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. 10-бағанда сәулелену көзі әсеріне ұшыраған ағзаның немесе тіннің түріне сәйкес Санитариялық қағидаларға қосымшаның 5-кестесі бойынша кодтар көрсетіледі. Бұл ретте, доза шегі № ҚР ДСМ-71 бұйрықта айқындалған ағзалар (тіндер) үшін ғана мәліметтер енгізіледі.".
7. "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 100-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 100-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қалдықтарды сақтау орнынан (алаңынан) тұрғын аумаққа дейін, өндірістік және коммуналдық мақсаттағы объектілерге дейінгі СҚА өлшемдері "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығының (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-2 бұйрығы) белгіленген талаптарымен айқындалады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қалдықтарды жинау (уақытша жинау) көлемі және (немесе) мерзімі Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 320-бабы ережелерінің талаптарына сәйкес келеді.
Сұйық және газ түріндегі қалдықтар тұмшаланған ыдыста сақталады. Қалдықтардың жиналуына қарай өндірістік объект аумағынан шығарылады немесе оны залалсыздандыруды өндірістік объектіде жүргізеді.";
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"70. Денсаулық сақтау объектілерінде МҚ-ны уақытша сақтауға арналған үй-жайлар "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығына сәйкес көзделеді.";
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"76. Екі камералы пештер (инсинераторлар) № ҚР ДСМ-2 бұйрығының талаптары ескеріле отырып орналастырылады.
Мамандандырылған қондырғылары жоқ объектілер мен елді мекендер аумағында медициналық қалдықтарды жағуға жол берілмейді.";
86 және 87-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"86. Б, В, Г сыныптарының МҚ-ын тасымалдау "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22066 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығының (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-5 бұйрығы) талаптарына сәйкес дезинфекциялық жеңіл өңделетін су өткізбейтін жабық шанақпен жабдықталған көлік құралында жүзеге асырылады.
87. Қауіпті қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралын күтіп-ұстау № ҚР ДСМ-5 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.";
89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"89. Инфекциялық емес науқастардың операциялық (ағзалар, тіндер) органикалық қалдықтары "Зираттарға мен жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24066 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 бұйрығына сәйкес зираттардың арнайы бөлінген орындарында көмілуге жатады.";
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"99. ҚТҚ полигондарының, қоқыс үйінділерінің СҚА өлшемі мен оларды көгалдандыру № ҚР ДСМ-2 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.";
114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"114. Радиоактивті қалдықтарды орналастыру және көму "Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29292 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.";
133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"133. Карьерлерді және басқа да жасанды жасалған қуыстарды қауіпті емес қалдықтарды, ҚТҚ-ны және өндірістік объектінің қауіптіліктің 3 және 4-сыныбындағы қалдықтарды пайдалана отырып, жабуға жол беріледі. Сондай-ақ көму үшін № ҚР ДСМ-2 бұйрығына сәйкес СҚА-ны анықтай отырып, белгіленген жерлерді пайдалануға жол беріледі.
Қалдықтардың кез келген түрлерін пайдалану кезінде олардың морфологиялық және физикалық-химиялық құрамын анықтайды. Тамақ қалдықтарының, өсімдіктен алынатын қалдықтардың жалпы мөлшері 15%-дан аспайды. Қалдықтарды орналастыруға арналған негіз ҚТҚ полигондарын жобалау, пайдалану және қалпына келтіру бойынша белгіленген тәртіп талаптарына сәйкес келеді.";
138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"138. Ағызу станцияларының СҚА өлшемі № ҚР ДСМ-2 бұйрығына сәйкес белгіленеді.";
144-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"144. Ассенизация өрістері, иіс шығару өрістері № ҚР ДСМ-2 бұйрығына сәйкес қашықтықта орналастырылады.".
8. "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22066 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қабылданған сыныптамаға сәйкес қауіптіліктің 1-сыныбындағы зиянды (өте қауіпті) заттардың конструкциялық және әрлеу материалдарынан вагонның ішкі кеңістігінің ауасына көшуіне жол берілмейді.
Материалдардан бөлінетін заттардың құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық қағидаларда, гигиеналық нормативтерде (бұдан әрі – нормалау құжаттарында) белгіленген рұқсат етілген шекті шоғырланудан (бұдан әрі – РЕШШ) аспайды.";
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Жолаушылар вагондарының қоғамдық тамақтану объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын талаптар "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына сәйкес көзделеді.";
91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 136, 137, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 144, 145, 146, 147 және 148 және 258-тармақтар алынып тасталсын;
9. "Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22673 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі ҚР ДСМ-36 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңнамасында өндіруге және қайта өңдеуге өзге де талаптар белгіленген тамақ өнімдерін қоспағанда, тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге (бұдан әрі – объектілер) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Объектілерді салуға жер учаскесін таңдау, жобалау, реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу, қайта жоспарлау, кеңейту, жөндеу және пайдалануға беру "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) сәйкес айқындалады, Кодекстің 46-бабына, Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына (бұдан әрі – нормалау құжаттары) және осы Санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.";
13-тармақта 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әкімшілік үй-жайлардың ғимараттары, бақылау-өткізу пункті және жеңіл көліктің тұрағына арналған алаң орналастырылатын әкімшілік (бар болса);";
36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Объектілердің ғимараттарынан тыс жерлерде, сыртқы суды бұру желілеріне немесе жергілікті тазарту құрылыстарына түскенге дейін өндірістік сарқынды сулардың шығарылымдарында механикалық тазалау үшін құрамында майы бар сарқынды суларды жергілікті тазалауға арналған қондырғылар (май аулағыштар) көзделеді.
37. Өндірістік үй-жайлар едені еңіс төгу траптарымен және шайынды суларды жинауға арналған торлармен жабдықталады. Технологиялық жабдық пен машиналардың пайдаланылған суын ағызуға арналған құбырлар гидравликалық ысырмалар (сифондар) құрылғысы бар ішкі суды бұру жүйелеріне қосылады. Жабдықтан сдыу бұру жүйесіне сарқынды суларды ағызу жабық тәсілмен жүргізіледі.
Жағымсыз иісі жоқ және зиянды газдар мен бу шығармайтын өндірістік сарқынды суларды, егер бұл технологиялық қажеттіліктен туындаса, жалпы гидравликалық ысырма құрылғысы бар ашық өздігінен ағатын науалар бойынша ағызуға жол беріледі.";
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Үй-жайлардағы жұмыс орындарындағы, жабдық жанындағы микроклиматтың, физикалық факторлардың (жарық, шу, діріл, электромагниттік және инфрақызыл сәулелену, инфра және ультрадыбыс, иондаушы және иондамайтын сәулелену) рұқсат етілген деңгейлері, жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың, елді мекендердің, қоршаған ортаның (топырақтың) атмосфералық ауасындағы ластаушы заттардың құрамы "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) Қазақстан Республипкасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығына, "Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарындағы атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29011 болып тіркелген) Қазақстан Республипкасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығына, "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22595 болып тіркелген) Қазақстан Республипкасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № ҚР ДСМ-32 бұйрығына және нормалау құжаттарына сәйкес қамтамасыз етіледі.".
10. "Вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы ҚР ДСМ-44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22869 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Инфекцияның таралу тәуекелін анықтау, төмендету мақсатында ВВГ және СВГ маркерлеріне мыналар тексерілуге жатады:
1) пациенттер: жоспарлы және шұғыл операциялық араласулар үшін стационарларға емдеуге жатқызуға түскен кезде, гемодиализ, гематология, онкология, транспланттау, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;
2) гемодиализ, гематология және транспланттау бөлімшелерінің пациенттері бір айдан астам стационарда болған кезде – ай сайын;
3) жүкті әйелдер бір рет есепке қою кезінде;
4) пациенттер, амбулаториялық жағдайларда бет-жақ сүйек операцияларын (тістер имплантациясы) жүргізу алдында.";
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Медициналық бақылаудың ұзақтығы контингентке байланысты және:
1) АИТВ инфекциясын жұқтырған аналардан туған балалар үшін – он сегіз ай;
2) ауруханаішілік ошақтағы байланыста болған адамдар үшін – егер пациент медициналық ұйымнан шыққаннан кейін үш айдан астам уақыт өтсе, ошақтағы адамдар байланыста болғандар ретінде АИТВ инфекциясының болуына бір реттік тексеруден өтеді және теріс нәтиже болғанда бақылау тоқтатылады;
3) инфекция жұқтырылған материалдың немесе биологиялық субстраттардың зақымдалған немесе зақымдалмаған теріге, сілемейлі қабықтарға түсуіне байланысты авариялық жағдай, жарақаттар (дезинфекциялық өңдеуден өтпеген медициналық аспаппен тері жабынын шаншып алу, кесу) болған жағдайда медицина қызметкерлері үшін – авариядан кейін үш ай;
4) донорлық биоматериалдың реципиенттері үшін – үш ай деп белгіленеді. АИТВ инфекциясына ИФТ, ИХЛА, ЭХЛА теріс нәтижесі болғанда – гемотрансфузиядан, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды трансплантаттаудан және оны ауыстырып салғаннан кейін бір айдан және үш айдан соң бақылаудан алынады;
5) АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдардың серонегативті жыныстық серіктестері және есірткіні бірлесіп енгізу бойынша байланыста болған адамдар үшін бақылау мерзімі шектелмейді. АИТВ инфекциясына тексерілу жиілігі – жылына екі реттен сиретпей.";
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"64. Қан компоненттері мен препараттарының, жыныстық, феталдық, дің жасушаларының инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай адамдар:
1) АИТВ инфекциясына оң нәтижесі бар адамдар – өмір бойы;
2) қан компоненттері мен препараттарын құюды, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын алған адамдар – бір жыл мерзімге донорлыққа жіберілмейді.";
93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"93. Ауруды анықтау, емдеуді ұйымдастыру мақсатында реципиенттерді ВВГ, СВГ және АИТВ-инфекциясының маркерлеріне тексеру мынадай мерзімдерде жүргізіледі:
1) гемотрансфузия, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды транспланттау және ауыстырып салу жүргізу алдында және жүргізілгеннен кейін алты айдан соң реципиент ауруды анықтау, емдеуді ұйымдастыру мақсатында ВВГ, СВГ және АИТВ инфекциясы маркерлеріне тексерілуге жатады;
2) гемотрансфузия, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды транспланттау және ауыстырып салу жүргізу алдында және жүргізілгеннен кейін үш айдан соң реципиент ауруды анықтау, емдеуді ұйымдастыру мақсатында ВВГ, СВГ және АИТВ инфекциясы маркерлеріне тексерілуге жатады.".
11. "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22833 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ -47 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) аймаққа бөлу – тәуекел дәрежесіне байланысты денсаулық сақтау ұйымдарының аражігін ажырату;
2) ауыр жіті респираторлық инфекциялар (бұдан әрі – АЖРИ) – алдыңғы күнтізбелік он күн ішінде пайда болған, анамнезінде жоғары температурамен немесе ≥ 38 Цельсий градус (бұдан әрі – C) қызбамен, жөтелмен сипатталатын және дереу емдеуге жатқызуды қажет ететін ауру;
3) әлеуметтік қашықтық – адамдар арасында инфекция жұқытыру тәуекелін төмендетуді қамтамасыз ететін 1,5 метр деңгейдегі қашықтық;
4) байланыста болған адам – инфекция қоздырғышының көзімен байланыстағы және (немесе) байланыста болған адам;
5) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілеріндегі шектеу іс-шаралары – топқа қабылдауды және бір топтан екінші топқа ауысуды тоқтату, оқушылардың күні бойы кабнеттер бойынша жүріп-тұруын болдырмауды, көпшілік, ойын-сауық және спорт іс-шараларын шектеуді, науқасты уақтылы оқшаулауды, маска кию режимін енгізуді, санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтуді және жеке гигиенаны сақтауды көздейтін инфекциялық немесе паразиттік аурудың таралуын болдырмауға бағытталған шаралар;
6) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер – "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 37-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (көліктегі) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшысы айқындайтын олардың орынбасарлары;
7) бұқаралық іс-шара – бірге тұратын адамдар санын қоспағанда, 10 астам адам қатысатын ойын-сауық, спорт, діни және отбасылық іс-шаралар (үйде өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және кез келген осыған ұқсас іс-шаралар), көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де іс-шаралардың түрлері;
8) желшешек – қызбамен, интоксикациямен және дақты-везикулезді бөртпелермен сипатталатын жіті инфекциялық ауру;
9) жедел эпидемиологиялық талдау – тұрақты тенденцияны емес, пайда болатын өршулерді (эпидемияларды) анықтауға арналған эпидемиялық процес жағдайының және даму тенденциясын динамикалық бағалау;
10) жіті респираторлық вирустық инфекциялар (бұдан әрі – ЖРВИ) – ауа-тамшы жолымен берілетін және тыныс алу (респираторлық) жолдарының сілемейлі қабығын зақымдаумен қоса жүретін тұмау, парагрипп, аденовирустар және респираторлық-синцитиалдық вирустар тудыратын жұқпалылығы жоғары аурулардың тобы;
11) инкубациялық кезең – инфекция қоздырғышы организмге түскен сәттен бастап аурудың алғашқы симптомдары пайда болғанға дейінгі уақыттың бөлігі;
12) инфекциялық немесе паразиттік ауру ошағы (бұдан әрі – ошақ) – инфекция қоздырғышы науқастан сезімтал адамдарға беріле алатын шектерде оны қоршаған аумағы бар, инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқастың болатын орны;
13) реконвалесцент – аурудан сауығу сатысындағы науқас адам;
14) ретроспективті эпидемиологиялық талдау – эпидемияға қарсы іс-шараларды перспективалық жоспарлауды негіздеу мақсатында алдағы ұзақ уақыт аралығындағы инфекциялық сырқаттанушылықтың деңгейін, құрылымы мен динамикасын талдау;
15) санация – организмді сауықтыру бойынша мақсатқа бағытталған емдеу-профилактикалық шараларын жүргізу;
16) скарлатина – ұсақ бөртпелермен (экзантемамен), қызбамен, жалпы интоксикациямен, жіті тонзилит көріністері болатын жіті инфекциялық ауру;
17) стационарлық жағдайлардағы шектеу іс-шаралары – медицина қызметкерлері мен пациенттердің жүріп-тұруының ерекше режимін, науқастарды уақтылы оқшаулауды, маска кию режимін енгізуді, дезинфекциялық-стерильдеу режимін күшейтуді және жеке гигиенаны сақтауды көздейтін, инфекциялық және паразиттік аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған шаралар;
18) сүзгі – емханада ұйымдастырылатын, міндеті пациенттерді емханаға кіреберісте екі негізгі ағынға: инфекциялық ауруға күдігі бар адамдарға (жоғары температура, этиологиясы белгісіз бөртпе, диспепсиялық бұзылыстар және инфекциялық аурулардың белгілері) және дені сау немесе әртүрлі функционалдық ауытқулары бар адамдарға бөлу болып табылады;
19) "таңертеңгілік сүзгі" – білім беру ұйымдарында аңқаны тексеріп-қарап, термометрия жүргізе отырып, ата-аналардан ЖРВИ мен тұмаудың белгілері мен симптомдарының болуын сұрау арқылы балаларды қабылдау;
20) тұмау тәрізді аурулар (бұдан әрі – ТТА) – алдыңғы күнтізбелік жеті күн ішінде пайда болған, ≥38 °C қызбамен және жөтелмен сипатталатын жіті респираторлық вирусты аурулар жағдайлары;
21) тұмауды шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау (бұдан әрі – ШЭҚ) жөніндегі аймақтық вирусологиялық зертхана – ТТА-ны, АЖРИ-ны және тұмауды ШЭҚ жүйесіне қатысатын вирусологиялық зертханаларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетуді, сондай-ақ сапаны сырттай бақылауды қамтамасыз ету мақсатында үлгілерді қайта тестілеуді жүзеге асыратын вирусологиялық зертхана;
22) шолғыншы орталықтар – ТТА-ны, АЖРИ-ды және тұмауды шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесі жүзеге асырылатын медициналық ұйымдар;
23) шолғыншы өңірлер – ТТА-ны, АЖРИ-ды және тұмауды шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесі енгізілген және жүргізілетін әкімшілік аумақтар;
24) шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау – Қазақстан республикасында тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық және вирусологиялық сипаттамаларын, тұмаудың экономикалық залалын әлем елдерінің деректерімен салыстыруға мүмкіндік беретін, ТТА туралы ақпаратты және репрезентативті топтардағы ТТА және АЖРИ-мен ауыратын науқастардың материалының үлгілерін жүйелі түрде жинау;
25) COVID-19 коронавирус инфекциясы (бұдан әрі – COVID-19) коронавирустар тұқымдасынан шыққан вирустың жаңа түрінен туындаған инфекциялық ауру.";
53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Жеке қорғаныш құралдарын дұрыс пайдалану мақсатында маскалар әрбір 3 сағатта уақтылы ауыстыруға жатады.
54. Бес жасқа дейінгі балаларды, қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу жағдайларын және әлеуметтік қашықтықты сақтаған жеке, топтық спортпен шұғылданатын адамдарды қоспағанда қоғамдық орындарда халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте медициналық немесе матадан тігілген маскаларды кию міндетті болып табылады.";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. COVID-19 ауыратын науақспен байланыста болған адамдар:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының талаптарына сәйкес үйде оқшаулауға;
2) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының талаптарына сәйкес COVID-19-ға медициналық қарап-тексеру және зертханалық зерттеп-қарауға жатады.";
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Денсаулық сақтау субъектілері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған мобильді (мониторингтік) топтардың ақпаратының негізінде осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес COVID-19 таралуының туындау немесе туындау қаупі жағдайлары туралы ақпаратты аумақтық бөлімшеге жібереді.";
көрсетілген Санитариялық қағидаларға 2-қосымша осы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
12. Құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және іске қосу, пайдалану кезінде еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23075 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-49 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және іске қосу, пайдалану кезінде еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және іске қосу, пайдалану кезінде еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және іске қосу, пайдалану кезінде еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Автокөлік құралының құрылыс алаңынан қалалық аумаққа шығатын жерде тұндырғы мен су жинауға арналған ыдыс бар суды бұру жүйесі ұйымдастырылған қатты жабыны бар доңғалақтарды жуу пунктімен жабдықталады.";
86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"86. Объектілерді салу, реконструкциялау, қайта бейіндеу және жөндеу үшін қолдануға рұқсат етілген құрылыс және әрлеу материалдары қолданылады.";
149-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"149. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде құрылыс объектілері мен ұйымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22833 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен белгілінеді.";
150-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"150. Сырқаттанушылықтың тұрақты өсуі кезінде "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 38 және 104-баптарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (көлікте) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен құрылыс объектілері мен ұйымының (кәсіпкерлік) қызметіне шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізіледі және орындалуға жатады.";
151, 152, 153, 154, 155, 156, 157, 158, 159 және 160-тармақтар алынып тасталсын.
13. "Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіруге, өткізуге және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23184 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № ҚР ДСМ-53 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіруге, өткізуге және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіруге, өткізуге және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіру объектілерінің жер учаскесін таңдауға, жобалауға, жаңасын салуға, қолданыстағы объектілерді реконструкциялауға, қайта жабдықтауға, қайта жобалауға және кеңейтуге, жөндеуге және пайдалануға енгізуге, сумен жабдықтау, суды бұру, жылумен жабдықтау, жарықтандыру, желдету және ауа баптау жүйелеріне, парфюмерлік-косметикалық өнімді өндіруге, сақтауға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. ПКӨ өндіру бойынша объектілердің жер учаскесін таңдау, оларды жобалау, жаңасын салу және қолданыстағысын реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жобалау және кеңейту, ПКӨ өндіру бойынша объектілерді жөндеу және пайдалануға енгізу Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43, 44, 44-1, 48-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптары), КО ТР 009/2011 сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптары ескеріле отырып айқындалады.
ПКӨ өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабының 2-тармағына және 3-қосымшаның 30-тармағына сәйкес эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектінің қызметінің (пайдаланылуының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарламамен қызметтің басталғаны және тоқтатылғаны туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне хабардар етеді.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Үй-жайды ішкі әрлеу үшін Еуразиялық экономикалық одақ өнімін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелген ылғалды жинауға және дезинфекциялау құралдарымен өңдеуге жеңіл материалдар пайдаланылады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. ПКӨ өндіру бойынша объектіде "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Норматвитік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-15 бұйрығының сәйкес бекітілген адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерінің талаптарына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес табиғи және жасанды жарық көзделеді.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. ПКӨ өндіру бойынша объектінің ғимараттарында желдету және ауаны баптау жүйелері көзделеді. Ғимараттарды желдету және ауа баптау жүйелерін жобалау Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілген санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.".
14. "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23416 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № ҚР ДСМ-58 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
10-тармақ алып тасталсын.
15. "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және объектінің құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, реконструкциялауға, пайдалануға, сумен жабдықтауға, суды бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауа баптауға, жөндеуге және күтіп-ұстауға, тәрбиелеу мен оқыту, тұру, тамақтану жағдайларына, өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына, балаларды медициналық қамтамасыз етуге, меншік нысанына қарамастан балалар толық, толық емес, тәулік бойы болатын барлық түрдегі мектепке дейінгі ұйымдардағы (бұдан әрі – МДҰ) және сәбилер үйлеріндегі персоналды медициналық тексеріп-қарауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Объектілердің құрылысына жер учаскесі "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына сәйкес жерүсті суларын бұруды қамтамасыз ететін еңістері бар көлік магистралдарынан қашықтықта бөлінеді және тұрғын шағын аудандардың аумақтарында, санитариялық-қорғаныш аймақтарынан тыс орналастырылады.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Объектілер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілген санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің (бұдан әрі – нормалау құжаттары) белгіленген талаптарына сәйкес қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.";
100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"100. Ас блогының және жабдықтардың құрылғысы, шикі және дайын өнімге, тамақтану жағдайларына қойылатын талаптар "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына сәйкес көзделеді.";
141-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"141. Инфекциялық ауруларды әкелу және тарату қаупі төнген кезде объектілерде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ете отырып, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізіледі.";
101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118,142, 143, 144, 145, 146, 147-тармақтары алынып тастылсын;
6, 7 және 8-қосымшалар алынып тасталсын.
16. "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға және кеңейтуге, жөндеуге және пайдалануға беруге, күтіп-ұстау мен пайдалануға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына, өндірістік бақылауды жүргізуге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге, сумен жабдықтауға, суды бұруға, жылумен жабдықтауға, желдетуге, ауаны ауабаптауға және өндірістік мақсаттағы ғимараттардағы және құрылыстардағы өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратуға, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды айқындайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жаңа объектілерді тұрғызуды және (немесе) қолданыстағы объектілерді Өзгертуді (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, реконструкциялауды, реставрациялауды, күрделі жөндеуді) қоса алғанда, құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттаманың құрамы "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес айқындалады.";
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жаңа объектілерді рекреациялық аумақтарда, сумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғау аймақтарында, суды қорғау және су қоймасы маңындағы аймақтарда, курорттардың қорғау аймақтарында орналастыру Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (бұдан әрі – "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.
9. Жекелеген ғимараттар мен құрылыстар объектінің алаңында желдету және кондиционерлеу жүйелерімен ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған ауа алу орындарында сыртқы ауадағы зиянды заттардың құрамы "Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарындағы атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекттік тіркеу тізілімінде № 29011 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-70 бұйрығы) сәйкес өндірістік үй-жайлардың жұмыс аймағы үшін РЕШШ-нің 30%-нан аспайтындай етіп орналастырылады.";
13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Құрылыс салудан және жолдан бос объектілердің аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығының (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-2 бұйрығы) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
14. Өнеркәсіптік объектінің СҚА аумағында № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен көзделген объектілерді салуға жол берілмейді.
15. Зиянды химиялық заттар мен физикалық факторлардың көздері болып табылатын технологиялық қондырғыларды, құрылғыларды, агрегаттар мен жабдықтарды жұмыс орындарында "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығы (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-15 бұйрығы) және № ҚР ДСМ-70 бұйрығы сақталған жағдайда ашық алаңдарда орналастыруға жол беріледі.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Монтаждауға (демонтаждауға), жабдықтарға қызмет көрсетуге және жөндеуге байланысты еңбек операцияларын орындау кезінде жұмыс аймағының ең аз өлшері (жабдықтан жұмыс аймағының шекарасына дейін) 1,2 метрді құрайды.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Персоналдың жұмыс орындарындағы жарықтандыру көрсеткіштері № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес көзделеді.";
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Радиожиілік диапазонындағы ЭМӨ көзімен жұмыс істеуге арналған өндірістік үй-жайларды ағынды желілерде, сонымен бірге жеке желілерде орналастыруды қоса алғанда, жалпы үй-жайларда да орналастыруға жол беріледі. Егер қондырғыларда жұмыс істеуге және оларға қызмет көрсетуге байланысты емес персоналдың жұмыс орындарындағы ЭМӨ деңгейлері "Радиотехникалық объектілерге қойылатын талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26974 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығына сәйкес рұқсат етілген шекті деңгейден (бұдан әрі – РЕШД) аспаса, ЭМӨ көздерін жалпы үй-жайларда орналастыру көзделеді. Көрсетілген жағдайды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда ЭМӨ көздері бар қондырғылар бөлек үй-жайларда орналастырылады.";
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"68. Персоналдың жұмыс орындарындағы лазерлік сәулелену деңгейі № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес РЕШД шегінде көзделеді.";
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"70. Шу параметрлерін № ҚР ДСМ-15 бұйрығында белгіленген РЕШД-ға жеткізу мүмкін болмаған кезде:
1) стационарлық жабдық үшін дыбыстан оқшауланған кабиналар құруды, процесті қашықтықтан басқаруды көздеу;
2) қол аспабы үшін басқа жұмысшыларға шудың әсерін болдырмайтын жұмыс орындарын орналастыруды көздеу керек.";
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"72. Персоналдың жұмыс орындарындағы шу, діріл, ультра- және инфрақызыл деңгейі № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес келеді.";
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"77. Персоналдың жұмыс орындарындағы жарықтандыру көрсеткіштері № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес көзделеді.";
83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"83. Өндірістік объектілерде істен шыққан жабдықты сақтауға арналған ашық (жабық) учаскелер (үй-жайлар) көзделеді.";
86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"86. Инфра және ультрадыбыс, шу, жалпы және жергілікті діріл, иондалған және иондалмаған сәулелену көздері болып табылатын жабдықтардың жанындағы жұмыс орындарында № ҚР ДСМ-15 бұйрығына, "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық талаптарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29012 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-71 бұйрығына сәйкес РЕШД-ден асыруға жол берілмейді.";
88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"88. Жұмыс орындарындағы өндірістік көздерден шығатын ультракүлгін сәулеленудің (бұдан әрі – УК) рұқсат етілген деңгейлері: ұзын толқынды УК-А – 400-315 нм, орта толқынды УК-В – 315-280 нм, қысқа толқынды УК-С – 280-200 нм аялары үшін сәулеленудің спектрлік құрамын ескере отырып қабылданады және № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес РЕШД-ге сәйкес болуы керек.
Сәулелену қарқындылығының гигиеналық нормативтері жұмысшыларға оның әсер ету ұзақтығын ескере отырып белгіленген. Бұл ретте, сәулеленуден қорғайтын арнайы киімнің, бас киімнің болуы және көзді қорғайтын құралдарды пайдалану міндетті шарт болып табылады.";
96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"96. Объектілерде жұмыс аймағы ауасындағы негізгі зиянды заттардың болуын өндірістік (ведомстволық) бақылау № ҚР ДСМ-70 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Жұмыс аймағы ауасындағы негізгі зиянды заттардың болуын өндірістік (ведомстволық) бақылауды жұмыс аймағы ауасындағы зертханалық өндірістік бақылауға жататын негізгі зиянды заттар тізбесіне сәйкес жүргізу қажет және технологиялық процестің жекелеген сатыларында жұмыс аймағы ауасында бөлінетін заттарға сүйене отырып толықтырылады.";
123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"123. Тізімдік құрамы 50-ден 300 адамға дейінгі объектілерде "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығына сәйкес медициналық пункт, 300 адамнан астам объектілерде фельдшерлік немесе дәрігерлік денсаулық сақтау пункттері, сондай-ақ сауықтыру кешендері көзделеді.";
132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"132. Психологиялық жүктеме бөлмесіне нұсқаушы-әдіскерге арналған қосалқы бөлме және киім ауыстыруға арналған кіреберіс кіреді, оның мөлшері бір адамға кемінде 0,5 м2 есебінен отыратын орындардың санына байланысты болады. Бөлмелер шулы цехтарға тікелей жақын орналасқан кезде кіру екі есіктің дыбыс оқшаулағышы бар тамбур түрінде көзделеді.";
158-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"158. Өндірістік объектілердегі асүй блогының үй-жайлары және тамақ өнімдерін өндіру, азық-түлік шикізатын сақтау "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына сәйкес көзделеді.";
160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"160. Басқару пульттері үй-жайларын, краншылардың кабиналарын және басқа да оқшауланған үй-жайларды қоса алғанда өндірістік ғимараттардағы, үй-жайлардағы және құрылыстардағы жылумен жабдықтау, желдету және ауа баптау жүйелері тұрақты және уақытша жұмыс орындарының жұмыс аймағындағы еңбек ету уақытында № ҚР ДСМ-15 бұйрығына және № ҚР ДСМ-70 бұйрығына сәйкес температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, зиянды заттардың болуы, иондау көрсеткіштері бойынша ауа ортасының нормативтік параметрлерін қамтамасыз ету қажеттілігін есепке ала отырып жабдықталады.";
165-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"165. Бірқатар заттардың организмге бір бағытта әсер етуі туралы деректер бар болғанда жалпы алмасатын желдетуді есептеу № ҚР ДСМ-15 бұйрығына және № ҚР ДСМ-70 бұйрығына сәйкес әрбір затты бөлек оның РЕШШ-не дейін ерітуге қажетті ауа шығынын қосу жолымен жүргізіледі.";
167-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"167. Желдету және ауаны баптау жүйелерінің қабылдағыш саңылаулары және табиғи ауа келетін желдеткішке арналған саңылаулар арқылы ғимараттар мен құрылыстардың ішіне түсетін ауадағы зиянды заттардың шоғырлануы № ҚР ДСМ-70 бұйрығына сәйкес жұмыс аймағының ауасы үшін РЕШД-ден 30 % аспайды.";
171-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"171. Егер көршілес үй-жайларда жағымсыз иісі бар заттар болмаса және санитариялық талаптарға сәйкес жұмыс аймағының ауасындағы рұқсат етілген шекті шоғырлану № ҚР ДСМ-70 бұйрығына сәйкес 30%-дан аспаса, одан ұйымдастырылмаған ауаның келуіне жол беріледі.";
177 және 178 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"177. Желдетуге, ауамен жылумен жабдықтауға және ауаны баптауға арналған ауаның рециркуляциясы № ҚР ДСМ-70 бұйрығына сәйкес ауасында ауру қоздырғыш бактериялар, вирустар немесе грибоктар бар, сондай-ақ айқын білінетін жағымсыз иіс бар немесе қауіптілігі 1 және 2-сыныптардағы зиянды заттар бар үй-жайларда көзделмейді.
178. № ҚР ДСМ-70 бұйрығына сәйкес қауіптілігі 3 және 4-сыныптардағы бір зиянды заттан артығын бөлмейтін үй-жайларда ауаның рециркуляциясына жол беріледі.";
182-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"182. Өндірістік және қосалқы үй-жайлар жылумен жабдықтау жүйесімен, оның ішінде жылумен жабдықтаудың дербес көздерімен (қазандықтармен) жабдықталады.";
199-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"199. № ҚР ДСМ-70 бұйрығына сәйкес жергілікті сорғы жүйелерінен және құрамында зиянды заттар бар өндірістік үй-жайлардың жалпы алмасу желдеткішінен атмосфералық ауаға шығарылатын ауа санитариялық талаптарға сәйкес атмосфералық ауада тазартылады және сейіледі.";
226 және 227-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"226. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22833 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен белгіленеді.
227. Сырқаттанушылықтың тұрақты өсуі кезінде "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 38 және 104-баптарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (көлікте) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен коммуналдық мақсаттағы объектілердің (кәсіпкерлік) қызметіне шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізіледі және орындалуға жатады.";
200 және 228-тармақтар алынып тасталсын;
5 және 6-қосымшалар алынып тастылсын.
17. "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23856 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ-73 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына, "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне (бұдан әрі – объектілер) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Объектіні салу үшін жер учаскесін таңдау, жобалау, жаңасын салу, қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу, қайта жоспарлау және кеңейту, жөндеу және пайдалануға беру "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес айқындалады (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер), Кодекстің 46-бабына, Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық қағидаларға, гигиеналық нормативтерге (бұдан әрі – нормалау құжаттары) және осы Санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жобалау, реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу және реконструкциялау кезінде объектілер жеке тұрған ғимаратта да, тұрғын үйлер мен өзге де мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас, ішіне салынған, ішіне-жапсарлас салынған ғимараттарда да орналастырылады.
Сауданы ұйымдастыруға зиянды әсер және адамның денсаулығымен өмір сүру ортасы факторларының адамға зиянды әсері болмаған жағдайда "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-2) сәйкес өнеркәсіптік және өзге де объектілердің аумағында объектілерді орналастыруға жол беріледі.
7. Тамақ өнімдерінің көтерме, көтерме-бөлшек саудасының стационарлық сауда объектілерін (көтерме азық-түлік базарлары, көкөніс және жеміс-жидек қоймалары, тамақ өнімдері қоймалары) орналастыру № ҚР ДСМ-2 бұйрықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Объектілерді жобалау, реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу, қайта жоспарлау және кеңейту кезінде барлық үй-жайлар және (немесе) бөлімшелер, учаскелер, аймақтар азық-түлік (тамақ) шикізаты мен тамақ өнімдерінің, персонал мен келушілердің қарама-қарсы немесе тоғыспалы ағындарын болдырмайтын тамақ өнімдері операцияларының ағынын ескере отырып орналастырылады. Үй-жайлардың (бөлімшелердің) әрбір тобы жеке блокқа біріктіріледі: тамақ өнімдерін тиеу, қойма, сату алдындағы дайындау, әкімшілік-тұрмыстық, қосалқы, сауда.
Заманауи форматтағы сауда объектілеріндегі (сауда-ойын-сауық орталықтарындағы, сауда орталықтарындағы және өзге де сауда объектілеріндегі) фуд-корттарды, фуд-кортқа келушілер мен олардың персоналына арналған санитариялық топартарды қоғамдық ғимараттарға, қоғамдық тамақтану және сауда объектілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына, "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына және осы Санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Фуд-корттарға келушілер мен олардың персоналы үшін жеке гигиенаны сақтау үшін жағдайлар жасалады: антисептикалық құралдармен (эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша, шектеу іс-шараларын енгізу кезеңіне) жуу, дезинфекциялау (өңдеу), қолды сүрту және (немесе) кептіру үшін жағдайлар жасалады.";
111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"111. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу жүзеге асырылады және "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22833 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығына сәйкес шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы объектілеріне, оның ішінде қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілеріне, сауда объектілеріндегі фуд-корттарға қойылатын талаптардың сақталуы қамтамасыз етіледі.
Сырқаттанушылықтың тұрақты өсуі кезінде "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 38 және 104-баптарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (көлікте) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен объектілердің (кәсіпкерлік) қызметіне шектеу іс-шаралары, оның ішінде қызметке карантин енгізіледі және орындалуға жатады.";
3 және 4-қосымшалар алынып тасталсын.
18. "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Жылыту кезеңінде ауаның температурасы "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-15 бұйрығы) сәйкес айқындалады.";
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Білім беру объектілерін жасанды жарықтандыру көрсеткіштері № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес көзделеді.";
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Желдету және ауа баптау жүйелерін пайдалану кезінде № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптары сақталады.";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Объектілерде нормалау құжаттарына сәйкес үй-жайлардың оңтайлы микроклиматтық жағдайлары (температура, ауа қозғалысының жылдамдығы және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы) № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес қамтамасыз етіледі.";
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"66. Тазалауды жүргізу үшін дайындаушының қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес қолдануға рұқсат етілген жуу, дезинфекциялау құралдары пайдаланылады.
Дезинфекциялау ерітінділерін ерітіндінің дайындалған күнін көрсете отырып, таңбаланған сыйымдылықтарда дайындайды. Дезинфекциялау және жуу құралдары және олардың жұмысшы ерітінділері білім алушылар мен тәрбиешілердің қолы жетпейтін орындарда сақталады.";
101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"101. Ас блогы мен жабдықтың құрылысы, күтіп-ұстау, шикізат пен дайын өнімге, тамақтану жағдайларына қойылатын талаптар "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына сәйкес көзделеді.";
146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"146. Объектілердің медицина қызметкерлері мен әкімшілігі:
1) объектілердегі қызметкерлердің профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан уақтылы өтуін есепке алуды және осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 1-нысанына сәйкес деректерді ас блогы жұмыскерлерін тексеріп-қарау нәтижелері журналына тіркеу арқылы ас блогы жұмыскерлерінің денсаулығына күн сайын бақылау жүргізеді;
2) жыл сайын және сұрау салу бойынша сырқаттанушылық, профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды өткізу, денсаулық жағдайы бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілерді бөлу (денсаулық топтары), дене бітімінің дамуы, диспансерлік бақылау және жүргізілген сауықтыру топтары бойынша ақпаратты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады;
3) он күн сайын осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 2-нысанына сәйкес оны кейіннен түзете отырып және тамақ өнімдері нормаларының орындалуын бақылау тізімдемесін жүргізе отырып, күнтізбелік 10 күнге негізгі өнімдер бойынша тәуліктік нормалардың орындалуына талдау жүргізеді.";
102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 145, 147 және 148-тармақтар алынып тасталсын;
7 және 8-қосымшалар алынып тасталсын;
көрсетілген Санитариялық қағидаларға 9-қосымша осы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
19. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 289-қосымшамен бекітілген полимеразды тізбекті реакция нәтижесінің нысаны осы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
20. "Желдету мен ауаны баптау жүйелерін дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24230 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-95 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Желдету мен ауаны баптау жүйелерін дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Желдету мен ауаны баптау жүйелеріне, оларды тазалау мен дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және желдету мен ауаны баптау жүйелерін дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тексерілетін үй-жайдың ауаны желдету және баптау жүйелері:
1) "Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 20 шілдедегі № 152-НҚ бұйрығына сәйкес (ҚР ҚН 1.02-03-2022 "Құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы) микроклиматы параметрлеріне және жұмыс аймағының ауасының жай-күйі әсер ететін өндіріс технологиясының және орнатылған жабдықтың сәйкестігі бөлігінде бекітілген жоба бойынша;
2) жобалау сипаттамалары арқылы (ауытқушылығы 10 пайыздан (бұдан әрі - %) аспайтын төлқұжат деректеріне сәйкес);
3) "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен және "Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарындағы атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29011 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығымен (бұдан әрі – Гигиеналық нормативтер) белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс істейді.";
61 және 62-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Дезинфекциялау құралдарын сақтау, тасымалдау және қолдану "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-68 бұйрығының (бұдан әрі – ҚР ДСМ-68 бұйрығы) талаптарына сәйкес келеді.
62. Желдету және баптау жүйелерін және ауа өткізгіштерді дезинфекциялау үшін ҚР ДСМ-68 бұйрығына сәйкес қауіптіліктің 3 және 4-сыныптарындағы дезинфекциялау құралдарын пайдалануға жол беріледі.".
21. "Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24530 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-98 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және:
1) объектілерді салу үшін жер учаскесін таңдау, жобалау, жаңасын салу, реконструкциялау, қолданыстағы объектілерді қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және кеңейту, жөндеу, пайдалануға енгізу, күтіп-ұстау мен пайдалану;
2) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу кезінде көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Көлік объектілерінде дезинфекция, дезинсекция және дератизация іс-шаралары "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-68 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Көлік объектілерінде "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-15 бұйрығы) сәйкес табиғи және (немесе) жасанды жарықтандыру көзделеді.
Пайдаланылатын люминисцентті шамдар, құрамында сынабы бар құралдар мен жабдықтар сақтау және тасымалдау кезінде олардың тұтастығының бұзылуын болдырмайтын, тығыз жабылатын ыдыстарда тасымалданады және сақталады.
Құрамында сынабы бар қалдықтарды сақтайтын үй-жайларда температура +18 С аспайды, бақылау үшін термометрлер орнатылады.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Көлік объектілерінде № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес шу, діріл, инфрақызыл деңгейі қамтамасыз етіледі.";
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Вагон жуатын машина болмаған жағдайда жуу қауіпсіздік ережесін сақталған жолаушылар вагондарының сыртын және арнайы киім қолданылған жағдайда қолмен жуылады. Жуу арнайы бөлінген орында жүргізіледі. Сарқынды суды тазарту мен ағызу қолдануға рұқсат етілген жуу құралдарымен тұндырғышта жүргізіледі.";
80 және 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"80. Жолаушылар автобустарын қыс мезгілінде жуу жабық үй-жайда, жаз мезгілінде жуу құралдарын қолдана отырып, қолдануға рұқсат етілген жуу құралдарымен су келтіріліп жабдықталған алаңда жүргізіледі.
81. АТБ аумағында АХЖ жүргізу кезінде авиахимиялық аппаратураға техникалық қызмет көрсету және жөндеу цехы, АХЖ-мен айналысатын авиахимиялық аппаратураны және әуе кемелерін газсыздандыру және жуу үшін алаңдар көзделеді.";
85 және 86-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"85. Әуе кемелерінің сыртын жуу қолдануға рұқсат етілген жуу құралдарымен арнайы сұйықтықтарды, қалдықтарды (шайындыларды) жинауға және шығаруға арналған құрылғылармен немесе дренаждық жүйемен жабдықталған алаңдарда жүргізіледі.
86. Теңіз және өзен порттарында (бұдан әрі – порт) изоляторы бар медициналық пункт, санитариялық-карантиндік пункттің үй-жайы (халықаралық порттарда) көзделеді.";
92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"92. Теміржол вокзалдарындағы бөлмелерінің құрамына санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар және медициналық пункт, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аса инфекциялық және аса қауіпті (карантиндік) аурулардың пайда болу және таралу жағдайында эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге арналған үй-жай көзделеді.";
105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"105. Аэровокзалдар үй-жайларының құрамына:
1) АББ, изоляторы бар медициналық пункт, жолаушыларға арналған санитариялық тораптар;
2) санитариялық-карантиндік пункт;
3) персоналға арналған санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, мүкәммалды, жабдықты және шағын механизация құралдарын сақтауға арналған қойма үй-жайлары;
4) дәріхана дүңгіршектері.";
118-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"118. Жолаушы аудандары, айлақтары, учаскелері бар теңіз және өзен порттарында:
1) АББ, изоляторы бар медициналық пунктті, жолаушыларға арналған санитариялық тораптарды;
2) персоналға арналған санитариялық-тұрмыстық үй-жайды, мүкәммалды, жабдықты және кіші механизация құралдарын сақтауға арналған қоймаларды қоса алғанда, теңіз және өзен жолаушылар вокзалдары (бұдан әрі – вокзалдар), павильондар көзделеді.";
132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"132. Борттық тамақтану объектілерін пайдалану, күтіп-ұстау, шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптар, борттық тамақтануды ұйымдастыру кезіндегі тамақтану жағдайлары "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына сәйкес көзделеді.";
175-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"175. АЖҚС және АГҚС санитариялық-қорғаныш аймағы "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-2 бұйрығы) белгіленген талаптарына сәйкес АЖҚС және АГҚС құрылысы немесе реконструкциялау жобасымен бір уақытта әзірленетін абаттандыру және көгалдандыру жобасына сәйкес абаттандырылады және көгалдандырылады.";
179-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"179. АЖҚС, АГҚС кешенге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі ең аз қашықтық № ҚР ДСМ-2 бұйрығына сәйкес келеді.";
186-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"186. АЖҚС және АГҚС аумағында өндірістік жауын-шашын және тұрмыстық су бұру жүйесі жабдықталады. Суды бұру желілеріне қосылу мүмкін болмаған жағдайда "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28925 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығына сәйкес санитариялық тораптар көзделеді.";
мынадай мазмұндағы 19-параграфпен толықтырылсын:
"19-параграф. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
248-1. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде көлік құралдары мен жолаушыларға қызмет көрсету объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22833 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен белгіленеді.
248-2. Сырқаттанушылықтың тұрақты өсуі кезінде "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 38 және 104-баптарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің (көлікте) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен көлік құралдары мен жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге (кәсіпкерлік) қызметіне шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізіледі және орындалуға жатады.";
77, 78, 97, 133, 134, 135, 136, 137, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 144, 145, 146, 147, 148, 149, 150, 151, 152, 153, 154, 155, 156, 157, 158, 159, 160, 161, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169, 249, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 262, 263, 264, 265, 266, 267, 268, 269, 270, 271-тармақтар алынып тасталсын;
6-қосымша алып тасталсын.
22. "Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26806 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № ҚР ДСМ-13 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген "Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тарамығының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетуге, медициналық қамтамасыз етуге, жаңадан салынып жатқан, реконструкцияланатын және пайдаланылатын қара металлургия объектілеріне өндірістік бақылау жүргізуге, жылумен жабдықтауға, желдетуге, ауа баптауға, сумен жабдықтауға, суды бұруға, атмосфералық ауаға, күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
Осы Санитариялық қағидалар мынадай: коксты химиялық, агломерат және теміркенді шекемтастар, домна, ферроқорыту, болат балқыту, илек, құбыр, метиз, темір ұнтағы, отқа беріктету, екінші реттегі қара металдарды қайта өңдеу, металлургиялық пештер мен агрегаттарды жөндеу қара металлургия объектілеріне қолданылады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кран кабиналарында, басқару орындарында, есептеу машиналары орналасқан залдарда, операторлық типтегі жұмыстарды орындау кезінде, сондай-ақ жұмысшылар уақытша демалатын орындарда температураның, салыстырмалы ылғалдылықтың және ауа қозғалысы жылдамдығының нормаларын "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығына (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-15 бұйрығы) сәйкес ауаның қозғалыс жылдамдығы, салыстырмалы ылғалдылығы және температура нормаларын сақтау қажет.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Жұмыс орындарындағы дыбыстық қысым, шу және діріл деңгейлері № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес келеді.";
118-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"118. Табиғи радиоактивті элементтері бар шихтаны дайындау "Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29292 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығына және "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығына сәйкес радиациялық заттармен жұмыс істеу қағидаларында көзделген шараларды сақтай отырып, оқшауланған үй-жайларда жүзеге асырылады.";
255-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"255. Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың құрамы осы Санитариялық қағидаларға 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес бақыланады.
Қара металлургия объектілерін желдету және жылумен жабдықтау осы Санитариялық қағидалардың және "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талапта" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.
Адамдар тұрақты немесе ұзақ (2 сағаттан астам) болатын барлық өндірістік үй-жайлардағы ауа ортасының параметрлері № ҚР ДСМ-15 бұйрығына және "Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарындағы атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29011 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығына сәйкес келеді.";
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген "Көмір өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Көмір өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және объектілерді салу үшін жер учаскесін таңдауға, өндірістік үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, күтіп-ұстауға және пайдалануға, еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетуге, медициналық қамтамасыз етуге және тамақтануға, сумен жабдықтауға, суды бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге және ауа баптауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына және көмір өнеркәсібі объектілерін өндірістік бақылауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды анықтайды.";
65 және 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Физикалық фактор көздерімен жұмыс істеу кезінде жұмыс аймағы ауасындағы шаңның құрамы, шу мен дірілдің деңгейлері "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-15 бұйрығы) сәйкес РЕШШ және РЕШД-ге сәйкес келеді.
66. "Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарындағы атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29011 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-70 бұйрығы) сәйкес бекітілетін технологиялық процестерді қашықтықтан басқаруға арналған тұрақты жұмыс орындары шудан және дірілден оқшаулайтын, микроклиматтың, ауадағы шаң және уытты заттар мөлшерінің рұқсат етілген параметрлерін қамтамасыз ететін кабиналарда орналастырылады.";
103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"103. Тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптар "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 (бұдан әрі – ҚР ДСМ-16 бұйрығы) бұйрығымен айқындалады.";
135-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"135. Желдету жабдықтарын, ауаны тазарту құрылғыларын таңдау, сондай-ақ жабындарды жобалау кезінде шығатын шаңның бөліну параметрлерінің ерекшеліктері ескерілуі және саңылаулар арқылы сорылып шығатын ауа орнын толтыратын аспирациялық ауаның 10%-дық қоры көзделеді.
Жұмыс орындарында № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес жұмысшыларға температураның, ылғалдылықтың және ауаның қозғалыс жылдамдығының жол берілетін үйлесімінің талаптарын қамтамасыз ете отырып, ауаны баптау жүйесі қолданылады.";
154-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"154. Физикалық факторлардың жұмыскерлер денсаулығына зиянды әсерінің РЕШД-ы № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес келеді.";
156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"156. Тұрақты жұмыс орындарындағы жерасты өндірістерінде микроклимат параметрлері № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес келеді.";
159 және 160-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"159. Пайдалы қазбаларда, оларды қайта өңдеу өнімдерінде, сондай-ақ тау жыныстары мен күлдің (оның ішінде жерасты сулары, технологиялық) құрамында айқын шаң радиациялық факторға негіз болатын табиғи-радиобелсенді заттардың қоспалары болған кезде "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығына (бұдан әрі – ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығы) сәйкес санитариялық-қорғаныш және бақыланатын аймақтар шегінде өндірістік үй-жайларда, кәсіпорын аумағында радиациялық жағдайға дозиметрлік бақылауды жүзеге асырады.
160. СҚА аумағындағы және шекарасындағы атмосфералық ауадағы зиянды заттардың құрамы № ҚР ДСМ-70 бұйрығына сәйкес келеді.";
104, 123, 124, 125, 126-тармақтар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада бекітілген "Түсті металлургия және тау-кен өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Түсті металлургия объектілеріне және тау-кен өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және түсті металлургияның жаңа кәсіпорындарын жобалау, қолданыстағыларын реконструкциялау және пайдалану кезінде міндетті және пайдалы кен қазбаларын өндірумен және байытумен, саз балшықты, фторлы тұзды, элетродты массаны, техникалық көміртегін, алғашқы алюминийді, қайталама алюминийді, мыс, никель, қорғасын, мырыш, кобальт, вольфрам, магний және оның қорытпаларын, титан, молибден өндірумен және өңдеумен айналысатын түсті металлургияның өндірістік және тау-кен өнеркәсібі объектілеріне (шахталар, кен орындары, карьерлер, ашық таулы кендердің разрездері, байыту фабрикалары және түсті металлургияның өндірістік және тау-кен өнеркәсібі объектілері), алтын шығаратын фабрикаларға (бұдан әрі – АШФ), платина және платиноидтар, қалайы және оның қорытпаларын сирек кездесетін және жер жынысында сирек кездесетін металдар (бұдан әрі – СКМ) өндірістеріне, сондай-ақ қосалқы ғимараттар мен құрылыстарға қолданылады.
Санитариялық қағидалар түсті металлургия және тау-кен өнеркәсібі объектілерінде жер учаскесін таңдауға, өндірістік үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, жабдыққа, күтіп-ұстауға және пайдалануға, еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетуге, суды бұруға, өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға және көмуге және өндірістік бақылауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемі, тау-кен өндіру өнеркәсібі алаңдарының жабдығы мен абаттандырылуы, ғимараттар мен құрылыстардың арақашықтығы "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-2 бұйрығы) сәйкес келеді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Кенішті және кенішті емес пайдалы қазбаларды өндіру және байыту бойынша айналысатын кәсіпорындарда санитариялық зертханалары Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарына сәйкес келеді.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Сынап буы ауаға таралатын үй-жайлар "Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарындағы атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29011 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығының (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-70 бұйрығы) талаптарына сәйкес келеді.";
108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"108. Жерасты кен өндіру кезінде "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 (бұдан әрі – ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығы) бұйрығында белгіленген радиациялық қауіпсізөдік талаптары сақталады.";
142-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"142. ІЖҚ көліктерден шыққан газды тазалау жүйесі желдеткішке қосылғанда ҚР ДСМ-70 бұйрығына сәйкес рұқсат етілген шекті шоғырлануға (бұдан әрі – РЕШШ) дейін төмендетуді қамтамасыз етеді.";
185-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"185. Фабрикалардың өндірістік ғимараттары мен құрылыстарының көлемді-жоспарлау және конструкциялау шешімдері "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.";
187-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"187. Өндірістік ғимараттарды желдету және жылыту Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттары талаптарына сәйкес жобаланады.
Кен байыту фабрикаларының адамдар үнемі немесе ұзақ уақыт (2 сағаттан артық) болатын өндірістік үй-жайлардағы ауа ортасының параметрлері "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-15 бұйрығы) сәйкес келеді.";
196-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"196. Едәуір жылу бөлетін көздер болып табылатын (оның ішінде кептіру, күйдіру пештері) өндірістік жабдықтардың, беттерінің № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына сәйкес бетінің температурасын қамтамасыз ететін жылу оқшаулағышы болады.";
205-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"205. Фабрикалар мен қоймаларда орналастырылған крандардың кабиналарындағы және микроклимат көрсеткіштері № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына жауап береді.";
305 және 306-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"305. Қауіпті жүктерді автомобиль көліктерімен тасымалдау "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22066 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
306. Радиоактивті заттарды автомобиль көліктерімен тасымалдау ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";
314-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"314. Радиоактивті изотоптары бар технологиялық бақылау құралдары мен жабдықтарын жөндеу "Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29292 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығының талаптарына сәйкес орындалады.";
319, 320, 321, 322-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"319. Жұмысшылардың денсаулығына физикалық факторлардың зиянды әсері РЕШД-ы № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.
320. Өндірістік үй-жайлардағы жұмыс орындарында шудың деңгейі ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.
Шудың баламалы деңгейі 80 децибелден (бұдан әрі – дБА) асатын цехтарда (бөлімдерде) шу деңгейі 40 дБА-дан аспайтын демалыс бөлмелері көзделеді.
321. Жұмысшыларға жалпы діріл жүктемесінің РЕШД мәндері № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.
322. Жұмысшыларға жергілікті діріл күштемесінің РЕШД мәндері № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.";
330-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"330. Түсті металлургия мен тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындары объектілеріндегі өндірістік (ведомстволық) бақылау және жұмыс орындарының ауасындағы зиянды заттардың болуы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттары талаптарына сәйкес келеді.";
332-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"332. Қоршаған орта объектілерінде және жұмыс аумағының ауасында зиянды заттардың құрамы № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.";
338-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"338. Пайдалы қазбаларда, олардың өңделген өнімдерінде, сондай-ақ қоршаушы жыныста және күлде (оның ішінде жерасты сулары, технологиялық) айқын шаң-радиациялық фактор болып табылатын табиғи-радиоактивті заттардың қоспалары болған жағдайда № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес өндірістік үй-жайлардағы, кәсіпорындар аумақтарындағы СҚА шегіндегі және бақыланатын аймақтардағы радиациялық жағдайды дозиметрлік бақылау жүзеге асырылады.";
344-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"344. Қосалқы ғимараттар мен үй-жайлардың орналасуы және жабдықтары Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарының талаптарына сәйкес көзделеді.";
361-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"361. Жерасты учаскелері ашық жерлерде кен игеретін тау жұмысшыларына аз уақытқа дем алатын, жылынатын және салқынданатын, сондай-ақ көлікті күткен кезде атмосфералық жауын-шашыннан қорғанатын үй-жайлар көзделеді. Ауа температурасы +22-25С шегінде ұсталады. Ауа қозғалысының жылдамдығы 0,2 м/с аспайды. Үй-жайларда ауыз су және ыстық шайға арналған қондырғылар орнатылады. Үй-жайларда қол мен аяқты жергілікті жылытатын қондырғылар көзделеді.";
362-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"362. Тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптар "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 26866 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен айқындалады.";
403-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"403. Қалдықтарды сақтайтын және қоқыс жинайтын жердің пайдаланылуын бақылау "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 21934 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";
364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 381, 382, 383, 384, 385, 386, 387, 388, 389, 390, 391, 392 және 393-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшамен бекітілген "Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық кағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және қызметі мұнай операцияларын жүзеге асыратын объектілер мен құрылыстарды, сондай-ақ мұнай операцияларымен (жасанды аралдармен, эстакадалармен, бұрғылау платформалармен, дамбалармен жүзгіш бұрғылау қондырғылармен (бұдан әрі – ЖБҚ) және басқа операциялармен) байланысты өзге де теңіз құрылыстарын жобалаумен, реконструкциялаумен, пайдаланумен байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналған.
Санитариялық қағидалар мұнай операцияларын жүзеге асыратын өндірістік, тұрғын және қоғамдық үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды салу үшін жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, сумен жабдықтауға, суды бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге және ауа баптауға, еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетуге, медициналық қамтамасыз етуге, адамға әсер ететін физикалық және химиялық факторлардың көздеріне, күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мұнай оперцияларын жүзеге асыратын кен орындары мен өндірістік объектілер аумағының шекарасынан санитариялық-қорғаныш аймағының (бұдан әрі – СҚА) көлемі "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 26447 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығының талаптарына сәйкес айқындалады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Өндірістік объектілердегі жылыту, желдету және ауаны баптау жүйелерінің жобалары мен пайдалану жай-күйі Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Радиоактивті заттарды қолдана отырып ұңғымаларды зерттеу және ұңғымаларды кейіннен сынау жөніндегі жұмыстар "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.";
74 және 75-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"74. Объектілерде жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттарды өндірістік (ведомстволық) бақылау және олардың құрамы "Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарындағы атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29011 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығының (бұдан әрі – ҚР ДСМ-70 бұйрығы) талаптарына сәйкес келеді.
75. Жұмыс істеушілердің денсаулығына физикалық факторлардың зиянды әсерінің рұқсат етілетін шекті деңгейлері (бұдан әрі – РШД) "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығының (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-15 бұйрығы) талаптарына сәйкес келеді.";
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"79. Жұмыскерлер Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес келетін ауыз сумен қамтамасыз етіледі.";
83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"83. Жұмыстарды жүргізудің вахталық-экспедициялық әдісімен жұмыс істейтін адамдардың тұруына арналған жатақханалар (вахталық кенттер, уақытша лагерьлер, тұрғын жүзу кешендері), сондай-ақ вахталық кенттерде тұрмыстық қызмет көрсету объектілері (шаштараздар, кір жуатын орындар, бассейндер, сауналар) "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28525 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығының және "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28925 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.
Ереже үлгілік модульдік блоктарға және жылжымалы вагон-жатақханаларға қолданылады. Тұрғын үй-жайлардағы орындар саны жобада көзделгеннен аспайды.";
85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"85. Тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптар "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-16 бұйрығы) айқындалады.";
86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"86. Жүріп-тұру сипатында жұмыс істейтіндер мен жабдықталмаған объектілерде (мұнара монтаждау бригадаларының, ұңғымаларды ағымдағы және күрделі жөндеу бригадаларының жұмысшылары) жұмыс істейтіндер үшін биодәретханалар көзделеді.";
145 және 146-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"145. Жылу сәулесінің қарқындылығы, жұмыс орындарындағы жабдықтар мен қоршаулардың қыздырылған беттерінің температурасы № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.
146. Орташа жиілік (бұдан әрі – ОЖ), жоғары жиілік (бұдан әрі – ӨЖЖ) диапазондарының радиожиілік байланыс құралдары, ультражоғары жиілік және радиолокаторлар тудыратын электромагниттік өрістердің (бұдан әрі – ЭМӨ) деңгейлері № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.";
150-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"150. Радиоактивті заттар қолданылатын және иондаушы сәулелену көздері бар мұнай операцияларымен байланысты теңіз құрылыстарында "Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29292 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығының талаптары сақталады.";
174-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"174. Қоғамдық тамақтану объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын талаптар № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен айқындалады.";
175, 176, 177, 178, 179, 180, 181, 182, 183, 184, 185, 186, 187, 188, 189, 190, 191, 192, 193, 194, 195, 196, 197, 198, 199, 200, 201 және 202-тармақтар алынып тасталсын;
7-қосымша алып тасталсын.
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшамен бекітілген Химиялық өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Химиялық өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және химия өнеркәсіп объектілеріндегі өндірістік үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды салуға жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, пайдалануға беруге, күтіп-ұстауға және пайдалануға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге және ауа баптауға, адамға әсер ететін физикалық факторлар көздерімен жұмыс істеу жағдайларына, еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Химия өнеркәсібі кәсіпорындарының СҚА өлшемі "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығының (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-2 бұйрығы) талаптарына сәйкес белгіленеді.
7. Шлам, шлак үйінділері мен негізгі өндірістік ғимараттар арасындағы СҚА өлшемі № ҚР ДСМ-2 бұйрығының талаптарына сәйкес белгіленеді. Үйінділер өндірістік ғимараттарға қатысты желдің негізгі бағытының ық жағында орналасады.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Жылжымалы крандардың кабиналарында өндірістік үй-жайлардың айналасындағы ауада зиянды заттардың құрамы жұмыс аймағына арналған РЕШШ жоғары болмаса қосымша өңдемей-ақ пайдалануға рұқсат етіледі, ал микроклимат параметрлері "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) Қазақстан Республипкасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығының (бұдан әрі –№ ҚР ДСМ-15 бұйрығы) талаптарына сәйкес келеді.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Егер шу параметрлерін № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына жеткізу мүмкін болмаған жағдайда:
1) стационарлық жабдықтар үшін дыбыс оқшаулау кабиналарын көздеу, процестерді қашықтықтан басқару;
2) қол саймандары үшін жұмысшыларға шу әсер етпейтіндей жұмыс орындарын орналастыруды көздеу.";
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"68. Ауа құбырлары, газ тарту арналар, тазарту құрылғылары шаң мен шламды жою үшін мерзімді тазартуға жатады.
Тазалау кезеңділігі Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерде белгіленген мерзімдерде, еркін нысанда тиісті акті жасала отырып жүзеге асырылады.";
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74. Өндірістік үй-жайлардың жұмыс орындарындағы шу мен дірілдің деңгейлері № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.
Еңбек шарттары жағдайларына бақылау технологиялық процестің, оның өзгеру, әртүрлі жұмыстардың нақты орындалу шарттарын, жабдықты жөндеу, сауықтыру іс-шараларын енгізу ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Өндірістік факторларды өлшеу қолданыстағы әдістемелер бойынша орындалады.";
120-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"120. Реагенттерді төгу орындары "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (бұдан әрі - № 55 бұйрығы) сәйкес тәулік бойы жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететін жарылу қаупі жоқ жарықпен жабдықталады, өрт сөндіру құралдарымен жарақталады.";
123, 124 және 125-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"123. Қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22066 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
124. Радиоактивті заттарды автомобиль көлігімен тасымалдау "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
125. Қауіпті жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары тасымалданатын жүктің қауіптілік класына қарай төмендегідей жиынтықталады:
1) бастапқы өрт сөндіру құралдары (өртсөндіргіш, шанц саймандары бар жиынтық, шелектер, киіз, құрғақ құм салынған жәшіктер және № 55 бұйрығына сәйкес құралдар);
2) тері мен көз ЖҚҚ (резеңке етіктер, резеңке қолғаптар, резеңкеленген алжапқыштар, қышқылға төзімді костюмдер, қорғаныш көзілдіріктері, газтұтқыр);
3) авариялық жағдайға арналған саймандар мен керек-жарақ ("Кіруге тыйым салынады" және "Авариялық тоқтату" деген белгілері бар, сырғанаудан қорғайтын тағандар, авария орнын қоршауға арналған жіп немесе тростар, бейтараптандырушы ерітінділері бар канистралар);
4) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишалары;
5) радиоактивті заттарды тасымалдау кезінде – қосымша:
радиациялық қауіптілікті ескертетін төрт белгісі бар респиратор және ескі шүберектері бар пластикалық пакеттер.".
23. "Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26974 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
"1. Осы "Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және радиотехникалық объектілерге (бұдан әрі – РТО) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.";
19, 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Шеңберлік сәуле шығарулың РЭҚ антенналары СҚА, ҚША және биологиялық қауіпті аймақты (бұдан әрі – БҚА) есептеу нәтижелеріне қарамастан, тұрғын үй, қоғамдық және әкімшілік ғимараттардың терезелері, балкондары, лоджиялары бар қабырғаларына орналастыруды қоспағанда, ғимараттардың негізгі қабырғаларына (кірпіштен, темір-бетоннан жасалған) немесе адамдар болатын үй-жайлармен шектеспейтін негізгі емес қабырғаларғаары СҚА, ҚША және биологиялық қауіпті аймақты (бұдан әрі – БҚА) еслары орналастырылады. Антеннадан терезеге, балкондарға, лоджияға дейінгі қашықтық 3 м және одан жоғарыны құрайды.
ҚША-ға жер бетінен 2 м-ден жоғары биіктікте ЭМӨ деңгейлері РШД-ден асатын аумақ жатады. ҚША-ның сыртқы шекарасы болашақтағы құрылыстың тұрғын ғимараттарының ең жоғары биіктігі бойынша, электрлі магниттік өрістің деңгейлері РШД-ден аспайтын жоғарғы қабат деңгейінде айқындалады.
СҚА-ға сыртқы шекарасында ЭМӨ деңгейлері жер бетінен 2 метр биіктікте РШД-ге тең радиотехникалық объектіге жапсарлас орналасқан аумақ жатады.
БҚА-ға шекарасындағы электрлі магниттік өрістің деңгейі РШД тең радиотаратқыш антенналардың айналасында пайда болатын аймақ жатады.
Бағытталған сәулелену антенналарына тар секторда сәулеленуге арналған таратушы құралдар (спутниктік, радиорелелік байланыс антенналары) жатады.
20. Шеңберлік және секторлық сәулеленудің РЭҚ антенналарын, сондай-ақ спутниктік байланыс станцияларының антенналарын адамдардың болуына арналған ғимараттардың (өндірістік, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар) шатырында мынадай шарттардың біреуі сақталған жағдайда орналастыруға рұқсат етіледі:
1) жоғарғы қабаттың темір-бетон жабынының болуы;
2) металл шатырдың болуы;
3) техникалық қабаттың болуы.
21. Ғимараттар мен құрылыстардың ішінде тек осыған арнайы арналған ішкі (indoor) (индор) антенналарды орнатуға жол беріледі.".
24. "Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 28086 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және паразиттік аурулардың (трихинеллез, тениаринхоз, тениоз, описторхоз, дифиллоботриоз, эхинококкоз, альвеококкоз, токсокароз, энтеробиоз, гименолепидоз, аскаридоз, трихоцефалез, безгек, лямблиоз, токсоплазмоз, вирустық кене энцефалиті, Лайм ауруы, лейшманиоздар, қышыма, дерматомикоздар, педикулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Энтеробиоз және гименолепидоз ауруларының профилактикасы мақсатында эпидемиологиялық және клиникалық көрсетімдер бойынша медициналық ұйымдар:
1) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына баратын балаларға – бару және топтан топқа ауысу кезінде, ұзақ уақыт (күнтізбелік он және одан да астам) қатыспаған кезде, одан әрі жылына бір рет;
2) медициналық қарап-тексеру кезінде халықтың декреттелген топтарына;
3) медициналық ұйымдардың пациенттеріне;
4) энтеробиозбен және гименолепидозбен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарға;
5) судағы спорт түрі бойынша спорт топтарына баратын адамдарға – спорттық секцияларға баруы кезінде және одан әрі жылына бір рет зерттеп-қарау жүргізеді.";
113-тармақта 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) білім беру және әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерінде педикулездің үш және одан көп жағдайлары анықталған кезде ошақты эпидемиологиялық зерттеп-қарау жүргізіледі;".
25. "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік ттіркеу тізімінде № 28525 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және әкімшілік және тұрғын ғимараттарға (жатақханаларға) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Әкімшілік және (немесе) тұрғын ғимараттарды (жатақханаларды) салу үшін жер учаскесін таңдау, жобалау, жаңасын салу, қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және кеңейту, жөндеу және пайдалануға беру, күтіп-ұстау мен пайдалану Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің (бұдан әрі – нормалау құжаттары) талаптарына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарына сәйкес айқындалады.";
Әкімшілік ғимараттарға мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің басқарушы аппаратының жұмысы үшін орта құрудың ортақ сәулеттік міндетімен біріктірілген құрылыс, оның ішінде кеңселер жатады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қоғамдық және (немесе) тұрғын ғимараттарды жобалау, реконструкциялау, орналастыру және бағдарлау кезінде гигиеналық нормативтерге сәйкес үздіксіз инсоляция сақталады:
1) тұрғын ғимараттардағы, жаңадан салынатын және қоныстану аумақтарын қайта жоспарлау кезінде гигиеналық инсоляцияның ұзақтығы әрбір есептелген тұрғын бөлмесі үшін жеке:
- 1-3 бөлмелі пәтерлердің кемінде бір тұрғын бөлмесінде;
- 4 немесе одан да көп бөлмелі пәтерлердің кемінде екі тұрғын бөлмесінде қамтамасыз етілуге тиіс;
- жатақханада тұрғын бөлмелердің 60 пайызын құрайды;
2) солтүстік аймақ үшін (58° – 48° солтүстік ендік географиялық ендіктер ауқымында) 22 наурыз бен 22 қыркүйек аралығында күніне кемінде 2,5 сағат;
- оңтүстік аймақ үшін (солтүстік ендіктен 48° оңтүстігіне қарай) 22 ақпан мен 22 қазан аралығында күніне кемінде 2 сағат қамтамасыз етілуге тиіс;
1) және 2) тармақшалары бойынша ескертпе:
Көп қабатты (тоғыз және одан да көп қабат) құрылыс және тығыз орналасқан құрылыс жағдайларында кезеңдердің бірі кемінде 1 сағат болуы тиіс, тұрғын және (немесе) қоғамдық ғимараттарды инсоляциялау бір реттік үзілуіне жол беріледі. Бұл жағдайда есептелген үй-жайды жиынтық инсоляциялау ұзақтығы 0,5 сағатқа ұлғаюы тиіс.
3) үздіксіз инсоляцияның 3 сағаттық ұзақтығы мектепке дейінгі ұйымдардың ойын және топтық бөлмелерінде, мектеп-интернаттардың жатын үй-жайларында, тұрғын ғимараттардың балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарының ойын құрылғылары, мектепке дейінгі ұйымдардың топтық алаңдары, спорт аймағы, жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттардың демалыс аймақтары аумақтарында қамтамасыз етіледі;
4) жылдың ыстық кезінде үй-жайларда инсоляцияның артық жылулық әсерін шектеу ғимараттың тиісті жоспарлануымен және бағдарымен; күннен қорғау құрылғыларын қолдана отырып аумақтарды абаттандырумен, қажет болған жағдайда ауа баптау және ішкі салқындату жүйелерімен қамтамасыз етіледі;
5) аумақты инсоляцияның жылулық әсерінен шектеу арнайы көлеңкелеу құрылғысымен және оңтайлы көгалдандырумен ғимараттан көлеңкелеу арқылы қамтамасыз етіледі;
6) Мектепке дейінгі, жалпы білім беретін ұйымдардың және мектеп-интернаттардың сыныптарында, оқу үй-жайларында инсоляцияның ұзақтығы үзіліссіз, мынаны:
солтүстік аймақта 2,0 сағат (солтүстік ендікте 48° солтүстікте) және одан артықты;
оңтүстік аймақта 1,5 сағат (солтүстік ендікте 48° оңтүстікте) және одан артықты құрайды.
Инсоляция дегеніміз қоғамдық және тұрғын ғимараттардың ішкі үй-жайларына, тұрғын үй құрылысы аумағына тікелей күн сәулесінің тура түсуі.
Инсоляция осы ғимараттар мен үй-жайларға қойылатын технологиялық талаптар бойынша болуы жол берілмейтін қоғамдық ғимараттардың жеке үй-жайларын қоспағанда, инсоляция тұрғын үй құрылысы аумағында, адамдар үнемі болатын барлық қоғамдық және тұрғын ғимараттарында болады".
26. "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 28977 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шiлдедегi № ҚР ДСМ-68 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан барлық субъектілер үшін дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Дезқұралдар өндірумен айналысатын және дезинфекция қызметін көрсететін ұйымдардың объектілеріне арналған санитариялық-қорғаныш аймағы "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығының талаптарына сәйкес белгіленеді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Дезқұралдарды сақтауға және беруге арналған зертханалар мен үй-жайлар Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) бекіткен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес тиімділігі жұмыс аймағының ауасында шекті рұқсат етілетін шоғырланудан аспайтын зиянды заттардың болуын қамтамасыз ететін әрбір үй-жай үшін дербес сыртқа тарту-ішке сору желдеткішімен қамтамасыз етіледі.";
144-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"144. Кеміргіштермен байланысты инфекциялық ауру пайда болған кезде дератизациялық іс-шаралар шұғыл профилактика типі бойынша жүргізіледі: улы тағамдық қармақжемнің құрамында жіті әсер ететін ратицидтер қолданылады. Қармақжем негізі ретінде аттрактанттар (өсімдік майы, қант) бар дақылдың және жарманың қоспасы және (немесе) кеміргіштерге арналған басқа да тартымды тамақ өнімдері қолданылады. Дақылдың 100 салмақтық бөлігіне аттрактанттардың 3 салмақтық бөлігін қосады.".
27. "Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29092 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне (бұдан әрі – объектілер) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Объектілердің құрылысына жер учаскесін таңдау, жобалау, жаңасын салу, реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және жұмыс істеп тұрған объектілерді кеңейту, қайта бейіндеу және пайдалануға беру "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарына сәйкес айқындалады, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 46-бабына, Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық қағидаларға, гигиеналық нормативтерге, техникалық регламенттерге (бұдан әрі – нормалау құжаттары) және осы Санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Объектілерді кәрізденбеген және (немесе) ішінара кәріздендірілген жерде орналастыру кезінде орталықтандырылған суды бұру жүйесі болмаған кезде дербес (жергілікті) суды бұру жүйелері, оның ішінде санитариялық-аулалық қондырғыларды орнату көзделеді.
Санитариялық-аулалық қондырғылар (бұдан әрі – САҚ) – бұл орталықтандырылған суды бұрумен байланысты емес, объектінің аумағында орналасқан, жерүсті бөлігі және жерасты су өткізбейтін сыйымдылығы (шұңқыры) бар дәретхана.
Сарқынды суларды, оның ішінде САҚ-тан қабылдау объектінің аумағының шаруашылық аймағында орналасқан, тазалау уақтылы жүргізілетін гидравликалық ысырмалары (сифондары) бар қақпақтармен жарақтандырылған, жалпы немесе бөлек жерасты су өткізбейтін сыйымдылықтарға (шұңқырларға, септиктерге) жүзеге асырылады.
Сарқынды суларды ашық су айдындарына және іргелес аумаққа, сондай-ақ сіңіргіш құдықтарды орнатуға жол берілмейді.
САҚ-ты жинауды қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, жұмыс режимін ескере отырып күн сайын жүргізеді.";
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"80. Балалардың шомылуы күнтізбелік жеті күнде кемінде бір рет жүргізіледі. Бір жатын орынға (кемінде екі) төсек жабдығы жиынтығының болуы көзделеді.";
104 және 105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"104. Шатырлы (киіз үй) үлгідегі балаларды сауықтыру объектілері – бұл жазғы демалыс кезеңінде табиғи жағдайда ұйымдастырылатын, балалар мен жасөспірімдерді орналастыру және оларға қызмет көрсету үшін шатырларды (киіз үйлерді) пайдалана отырып демалу түрі іске асырылатын балаларды сауықтыру объектілері.
105. Объектілерде тамақтандыруды ұйымдастыру № ҚР ДСМ-16 бұйрығының және осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";
117 және 118-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"117. Персонал (медицина қызметкерлері, техникалық персонал) таза арнайы киіммен, сондай-ақ жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі. Персоналдың арнайы киімінің жиынтығы мен нысанын субъект экономикалық қызметтің әртүрлі ұйымдарының қызметкерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормаларына, эпидемиологиялық көрсеткіштерге және осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түріне байланысты белгілейді.
Үй-жайларды жинау үшін жеке арнайы киім көзделеді. Арнайы киімді ауыстыру күн сайын және ластануына қарай жүзеге асырылады.
118. Объектілердің персоналы (медицина қызметкерлері, техникалық персонал) қолының тазалығын қадағалайды, таза арнайы киім мен аяқ киім киеді, объектіден шыққан кезде және дәретханаға барар алдында арнайы киімді шешеді, жұмыс басталар алдында және дәретханаға барғаннан кейін, сондай-ақ жұмыстағы әрбір үзілістен және ластанған заттармен жанасқаннан кейін қолдарын сабынмен жуады.";
123-тармақта 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаның 1-нысанына сәйкес міндетті медициналық қарап-тексеру объектілері персоналының уақтылы өтуін есепке алуды жүргізу және ас блогы персоналының денсаулығын күн сайынғы бақылауды ас блогы персоналын қарап-тексеру нәтижелері журналында деректерді тіркей отырып жүргізу;
6) осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаның 2-нысанына сәйкес тамақ өнімдері нормаларының орындалуын бақылау ведомосын кейіннен түзете және жүргізе отырып, тамақ өнімдерінің негізгі түрлері бойынша тәуліктік нормалардың орындалуына талдау жүргізу;";
6-қосымша осы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113 және 114-тармақтар алынып тасталсын;
5-қосымша алып тасталсын.
28. "Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29292 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Санитариялық-қорғаныш аймағы мен қадағалау аймағының өлшемі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 46-бабына және осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес радонның және оның еншілес өнімдерінің атмосфераға рұқсат етілген шығарындыларын есептеу негізінде белгіленеді.
Техникалық спирт негізінде радон концентратын дайындау кезінде немесе сорғыш патроны бар радон концентратын дайындайтын қондырғыны жабдықтау кезінде бірлестікті радон зертханалары өндіріс ғимараттарынан 30 м және тұрғын үй ғимараттарынан 50 м қашықтықта орналастырылады.";
674-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"674. Сақтау (көму) бойынша қызметке атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның лицензиясы бар объектілерді қоспағанда егер қалдықтардың ай сайынғы түзілуі 50 литр (килограмм) және одан азды құраса, объектіде РАҚ-ты сақтау мерзімі 1 және одан аз айды құрайды.";
680-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"680. Жұмыстарды жүргізудің радиациялық қауіпсіздігі қамтамасыз етілген кезде кейіннен МҰ немесе РҚКП-ға тасымалдау үшін ыдыстарға сала отырып, объектіде ірі көлемді жабдықты бөлшектеуге немесе кесуге рұқсат етіледі.";
706-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"706. Жерүсті қорымын орналастыру кезінде санитариялық-қорғаныш аймағы сақталады. Қорым сыйымдылығының табаны кемінде 10 м және қорым табанынан жерасты суларының деңгейі кемінде 4 м тереңдікте орналастырылады.";
793-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"793. 5 мЗв тиімді дозасына сәйкес келетін радиациялық факторлардың орташа жылдық мәндері олардың әрқайсысының жеке әсер етуі кезінде жұмыс ұзақтығы жылына 2000 сағат және жұмыскерлердің орташа тыныс алу жылдамдығы сағатына 1,2 текше метр (бұдан әрі – м3/сағ.) болғанда:
1) жұмыс орнындағы гамма-сәулеленудің тиімді дозасының қуаты – 2,5 мкЗв/сағ;
2) тыныс алу аймағының ауасындағы радонның эквивалентті тепе-тең көлемдік белсенділігі (бұдан әрі – ЭТКБ) – текше метрге 310 Беккерель (бұдан әрі – Бк/м3);
3) тыныс алу аймағының ауасындағы торонның эквиваленттік тепе-тең көлемдік белсенділігі – 68 Бк/м3;
4) өз қатарындағы мүшелермен радиоактивті тепе-теңдікте уран-238-дің өндірістік шаңдағы меншікті белсенділігі килограммға 40/f килоБеккерель (бұдан әрі – кБк/кг), мұндағы f – жұмыскерлердің тыныс алу аймағындағы ауаның орташа жылдық жалпы шаңдануы, текше метрге миллиграмм (бұдан әрі – мг/м3);
5) өз қатарындағы мүшелермен радиоактивті тепе-теңдікте торий-232-нің өндірістік шаңдағы меншікті белсенділігі 27/f кБк/кг, мұндағы f – жұмыскерлердің тыныс алу аймағындағы ауаның орташа жылдық жалпы шаңдануы, мг/м3 құрайды.
Жұмыс орындарында бір мезгілде бірнеше радиациялық факторлар әсер еткен кезде әсер ететін факторлар шамаларының жоғарыда көрсетілген мәндерге қатынасының жиынтығы 1 және одан кемді құрайды;
6) жұмыскерлер дозалардың шектері мен бақылау деңгейлерінің мәндерінен ерекшеленетін жағдайларда сәулеленген кезде осы жағдайларда жұмысты жалғастыру туралы шешімдер жан-жақты медициналық қарап-терсеру жүргізу негізінде қабылданады.";
көрсетілген Санитариялық қағидаларға 8-қосымшамен бекітілген еңбек жағдайларын бақылау жөніндегі жұмыстардың тізбесінде:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Жұмыс орындарында РҚА деңгейін төмендету бойынша қорғау шараларын қабылдау үшін өлшмшарттарды (әрекет ету деңгейлері) және осы шаралардың сипатын ұйымның әкімшілігі кейіннен радиациялық өлшемдердің нәтижелері негізінде РБ бойынша ГН-ге сәйкестігін растай отырып, РБ қамтамасыз етудің қол жеткізілген жай-күйі мен қалыптасқан тәжірибесін негізге ала отырып, объектіні пайдалану процесінде белгілейді.".
Нысан
20___ жылғы _________________ жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпарат
№ р/с | Аудиттелетін субъекті туралы жалпы ақпарат (объекті мен субъектінің деректемелері және атауы) | Санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізу үшін негіз (өтініш және шарт) | Аудиттелетін субъектіні (объектіні) тексеру, арнайы зерттеулер, оның қызметкерлеріне сауалнама жүргізу нәтижелері | Объектінің санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін жақсарту жөніндегі ұсынымдардың тізбесі | Аудиттелетін субъектінің (объектінің) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актідлер талаптарына сәкестігі (сәйкес еместігі) туралы қорытынды |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
_______________________________________________________________
(Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
__________________________________________________________________________
(Ақпаратты жасауға жауапты адамның тегі, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Жасалған күні 20 ___ жылғы "__" _____
Ескертпе. Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген аудиторлар жыл сайын есепті жылдан кейін оныншы қаңтарға қарай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне тапсырады.";
_____________________________________________________________ (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің атауы)
COVID-19 пайда болуы немесе таралуының туындау қаупі жағдайлары туралы ақпарат
№ ______ | 20__ жылғы "____" __________ |
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
2. Субъектінің (объектінің) ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі), БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі))
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
3. Субъектінің (объектінің) орналасқан жерінің мекенжайы,
байланыстары)_______________________________________________________
4. Бұзушылықтың сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
5. Фото, бейне материалдар _______парақта ________________________
6. Ақпаратты жіберген жергілікті атқарушы органның атауы,
№ _______ және күні _____ мобильді (мониторингтік) топты құру туралы өкімдер (шешімдер)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
7. Мобильді (мониторингтік) топтың ақпаратын жіберу күні
____________________________________________________________________
8. Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, (бар болса), қолы
____________________________________________________________________";
Ас блогы жұмыскерлерін тексеріп-қарау нәтижелері
1-нысан | |||||||||||||||||||
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Лауазымы | айы / күндері | ||||||||||||||||
1* | 2 | 3 | 4 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15… 30 | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
Ескертпе: *дені сау, науқас, жұмыстан шеттетілді, санация жүргізілді, еңбек демалысы, демалыс
_________ жылғы ___ айына тамақ өнімдері нормаларының орындалуын бақылау ведомосы
2-нысан | |||||||||||
№ | Тамақ өнімінің атауы | Тамақ өнімінің бір адамға граммен алғандығы г (брутто) нормасы* | Бір адамға күндер бойынша (барлығы) бруттода, граммен алғанда іс жүзінде өнім берілді және (немесе) тамақтанатындар саны | 10 күнде 1 адамға бруттомен алғанда барлығы тамақ өнімі берілді | Орташа алғанда 1 адамға күніне | % (+/-)-да нормадан ауытқу | |||||
1 | 2 | 3 | ... | 10 | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | |
Ескертпе: ______________________________________________________";
Нысанның БҚСЖ бойынша коды | ||
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы "___" _________ №_______ бұйрығымен бекітілген №289/е нысанды медициналық құжаттама | |
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органының және мекеменің атауы |
Медицинская документация Форма № 289/у |
Полимераздық тізбектеу реакциясы НӘТИЖЕСІ
РЕЗУЛЬТАТ полимеразной цепной реакции
Сынама нөмірі ___ (жылғы) _____ № ____ № ___ от_____ (г.) Номер пробы
1. Тексерушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
(Фамилия, имя, отчество обследуемого (при наличии))
_______________________________________________________________
2. ЖСН ( ИИН)
_______________________________________________________________
3. Жасы (Возраст)
_______________________________________________________________
4. Үй мекенжайы (Домашний адрес)
_______________________________________________________________
5. Жұмыс орны (Место работы)
_______________________________________________________________
6. Байланыс телефоны (Контактный телефон)
_______________________________________________________________
7. Үлгіні жіберген мекеменің атауы
_______________________________________________________________
(Наименование организации направившего образец)
8. Сынаманың атауы (Наименование пробы)
_______________________________________________________________
9. Материалды жеткізу күні жәнеу ақыты (Дата и время доставки материала)
_______________________________________________________________
10. Сынама алынған күні, уақыты (Дата и время забора)
_______________________________________________________________
11. Тасымалдау жағдайы (Условия транспортировки)
_______________________________________________________________
12. Тексеру мақсаты (Цель обследования)
_______________________________________________________________
13. Зерттеу нәтижелері (Результаты исследований): ПЦР на /указать вид инфекции
________________________________
Зерттеу жүргiзген маманның Т.А.Ә. (болған жағдайда)
(Ф.И.О. (при наличии), специалиста проводившего исследование)
_________________________________________________________
Қолы
_________________________________________________________
(Подпись)
Зертхана меңгерушісінің Т.А.Ә. (болған жағдайда)
(Ф.И.О. (при наличии), заведующего лабораторией)
__________________________________________________________
Қолы_____________________________________________________
(Подпись)
Мөр орны (болған жағдайда)
Место печати (при наличии)
2 данада толтырылады (составляется в 2-х экземплярах)
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 102-бабының 3-тармағына сәйкес инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын адамдар, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулармен ауырады деп күдік туғызатын адамдар, бактерия таратушылар оқшаулануға және (немесе) емделуге, ал олармен қарым-қатынаста болған адамдар - медициналық байқауға алынуға және қажет болған кезде оқшаулануға және (немесе) емделуге жатады.
В соответствии с пунктом 3 статьи 102 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" лица, больные инфекционными и паразитарными заболеваниями, а также лица с подозрением на инфекционное и паразитарное заболевания, бактерионосители подлежат изоляции и (или) лечению, а находившиеся в контакте с ними лица – медицинскому наблюдению и при необходимости изоляции и (или) лечению.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
ПТР әдісімен COVID-19 тестінің оң нәтижесі бар адамдар күнтізбелік 14 күнге үйде оқшаулануға (үй карантині) жатады.
COVID-19-ға полимеразды тізбекті реакцияның оң нәтижесі болған жағдайда, полимеразды тізбекті реакцияның нақты нәтижесін алу Сізді:
1) COVID-19-дың эпидемиялық тәуекелі жоғары адам ретінде үйде оқшаулану режимін (үй карантині) міндетті түрде сақтау туралы;
2) отбасының/үй шаруашылығындағы кез келген мүшесінде температура немесе өзін жәйсыз сезіну белгілері пайда болған кезде дереу COVID-19 бойынша колл-орталығына жүгіну немесе карантин туралы хабардар етіп және өтініштің себебін көрсете отырып, жедел жәрдем шақыру қажеттілігі туралы;
3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылықтың болуы туралы хабардар етудің расталғаны болып табылады.
ВНИМАНИЕ:
Лица, с положительным результатом теста на COVID-19 методом ПЦР подлежат изоляции на дому (домашний карантин) на 14 календарных дней.
В случае положительного результата полимеразной цепной реакции на COVID-19 получение настоящего результата полимеразной цепной реакции является подтверждением информирования Вас:
1) об обязательном соблюдении режима изоляции на дому (домашний карантин) как лицо с высоким эпидемическим риском COVID-19;
2) о необходимости при появлении температуры или признаков недомогания у любого члена семьи/домохозяйства незамедлительно обратиться в колл-центр по COVID-19 или вызвать скорую помощь, уведомив о карантине и указав причину обращения;
3) о наличии административной ответственности в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" за нарушение требований законодательства в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения.";
Ас блогы жұмыскерлерін тексеру нәтижелерінің журналы
1-нысан
р/с № | Жұмыскердің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | Лауазымы | Отбасында ЖІИ болмауы туралы жұмыскердің қолы | Терінің іріңді ауруларын тексеру | ЖРВИ, баспаның болуын тексеру | Медицина қызметкерінің қолы | Ескертпе* |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Ескертпе: * жазба: дені сау, науқас, жұмыстан шектетілді, санацияланды, еңбек демалысы, демалыс
_____ жылғы _____ айдағы тамақ өнімдері нормаларының орындалуын бақылау тізімдемесі
2-нысан
р/с № | Өнімнің атауы | Өнімнің 1 адамға граммен шаққандағы нормасы * (брутто) | Бір адамға күндер бойынша (барлығы) бруттода іс жүзінде берілген өнімдер, бір адамға г/ тамақтанатын адамдар саны | Бруттода 1 адамға 10 күнде берілген барлық азық-түлік | Орташа есеппен 10 күн ішінде | % (+/-) –да нормадан ауытқу | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |||||||||
".