ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1) 33-баптың 1-тармағы алтыншы бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кепiлге беру кезінде, сондай-ақ кепіл беруші (борышкер) өз міндеттемелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәсілдермен орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кепіл нысанасын өткізген кезде немесе ол кепіл ұстаушы – екінші деңгейдегі банкке өткен кезде, оның ішінде кепіл беруші кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мақсатында кепіл нысанасын өткізген кезде, кепіл ұстаушы – екінші деңгейдегі банк өзіне өткен кепіл нысанасын өз талаптарын қанағаттандыру есебіне кейіннен өткізген кезде, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен банкроттық немесе оңалту рәсімдерін жүргізу барысында кредиторға, оның ішінде кепілді кредиторға оның талаптарын қанағаттандыру немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын іске асыру есебіне, сондай-ақ шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ретiнде, акционерлiк қоғамның акцияларын төлеуге немесе өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде беру кезiнде;";
2) 44-баптың 8-тармағының бірінші бөлігі "жерлерін" деген сөзден кейін ", балық өсіру шаруашылықтарын орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жерлерді" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 48-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 5-3) тармақшамен толықтырылсын:
"5-3) күрделі құрылыссыз балық шаруашылығын жүргізу мақсатында, бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскеге іргелес жатқан жер учаскелерінде балық өсіру объектілерін және оларға қызмет көрсету жөніндегі коммуникацияларды орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға;";
14-1) тармақша алып тасталсын;
4) 49-2-баптың 1-тармағы "егу мақсатында," деген сөздерден кейін "балық шаруашылығын жүргізу," деген сөздермен толықтырылсын;
5) 64-баптың 1-тармағының 5) тармақшасында:
"жердi аймақтарға" деген сөздер "жер учаскесіне тиісті құқықтар тоқтатылғанға, оның ішінде "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауына сәйкес тиісті құқықтар тоқтатылғанға дейін жерді аймақтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"үйлер (құрылыстар, ғимараттар) салу" деген сөздер "ғимараттар, (құрылыстар, құрылысжайлар) салу, ғимараттарды (құрылыстарды, құрылысжайларды) кеңейтуді немесе реконструкциялауды жүргізу" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 97-баптың 3-тармағында:
екінші бөлікте:
"қоспағанда," деген сөзден кейін "аквашаруашылықпен қоса," деген сөздермен толықтырылсын;
"мал шаруашылығы кешендерін салуға, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстарға және шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарға" деген сөздер "мал шаруашылығы кешендерін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстар мен шаруашылық-тұрмыстық қора-жайлар, сондай-ақ аквашаруашылық объектілерін салуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік "жер учаскелерінде" деген сөздерден кейін "аквашаруашылықты қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
7) 98-бапта:
"ауданның", "аудан" деген сөздерден кейін тиісінше "(облыстық маңызы бар қаланың)", "(облыстық маңызы бар қала)" деген сөздермен толықтырылсын;
"ауыл және су шаруашылығының аудандық органдарымен" деген сөздер "аудандық ауыл шарашылығы органымен (облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы органымен)" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацта:
"Ауданның" деген сөзден кейін "(облыстық маңызы бар қаланың)" деген сөздермен толықтырылсын;
"санамаланған органдардың" деген сөздер "көрсетілген органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац "(облыстық маңызы бар қаланың атқарушы органына)" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзацтағы "облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен" деген сөздер "облыстық ауыл шаруашылығы органымен және су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі тиісті бассейндік инспекциямен" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтағы "ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi" деген сөздер "агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 127-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі "өзге де" деген сөздер алып тасталсын;
9) 145-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау:
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау;
осы Кодекске және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.".
2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне:
1) 3-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
2) 13-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
5) тармақшадағы "тексерулер арқылы" деген сөздер алып тасталсын;
бірінші абзацтағы "тексерулер арқылы" деген сөздер алып тасталсын;
он бірінші абзацтағы "коммуникациялар тарту" деген сөздер "коммуникацияларды, электр беру желілерін, байланыс желілерін тарту" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-5) тармақшадағы "мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің" деген сөздер "мемлекеттік орман қоры учаскелерінде табиғи-климаттық факторлар, ормандардың зиянкестермен және аурулармен зақымдануы салдарынан болған зардаптарды жою кезінде орман орналастыру материалдарында айқындалмаған санитариялық және өзгедей ағаш кесудің" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-13) тармақша алып тасталсын;
3) 14-баптың 2) тармақшасындағы "аумақтық бөлімшелермен" деген сөздер "уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер)" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 18-бапта:
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) орман орналастыру материалдарына сәйкес, орман иелену құқығымен берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің жыл сайынғы көлемін қалыптастырады және бекітеді.
Орман мекемесі аумақтық бөлімшемен келісу бойынша ағаш кесудің жыл сайынғы көлемін бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) орман иелену құқығымен берілген, орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтажы; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілері үшін учаскелер береді.";
5) 19-1-баптың 7-тармағында:
"қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне" деген сөздер "қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"прокуратура органдары мен өзге де құқық қорғау органдарының тапсырмалары" деген сөздер "прокурордың және өзге де құқық қорғау органдарының талаптары" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мемлекеттік органдардың өтініштері" деген сөздерден кейін ", жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын бұзушылықтардың жойылуын бақылау" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 19-2-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"19-2-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Кодекске сәйкес жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.";
2-тармақтағы "Тексерілетін субъектілердің" деген сөздер "Бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтармен толықтырылсын:
"4. Осы Кодекстің 19-1-бабының 5-тармағында көрсетілген талаптардың бұзылуы жедел ден қою шаралары мен олардың түрлерін қолдануға негіз болып табылады.
5. Уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамы жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын бұзушылық анықталған кезде бұзушылық жасалған жерде қадағалау актісін ресімдейді және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне табыс етеді.
6. Уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамы қадағалау актісін ресімдегеннен кейін жедел ден қою шарасын тікелей қолдануды жүзеге асырады.
7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
8. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды қадағалау актісінде көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
9. Уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдары жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдайды.
10. Тексеру нәтижелері туралы актілерде және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген талаптарды бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
11. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтардың жойылғанын осы Кодекстің 19-1-бабына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде растаған жағдайда қадағалау актісінің қолданысы тоқтатылады.
12. Бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдармен (қажет болған кезде) қоса беруге міндетті.
13. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
14. Қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою үшін мыналар:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) жедел ден қою шараларын осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша қолдану;
3) уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшенің өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы негіз болып табылады.
15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.";
7) 21-бапта:
"барлық түрлерiн тексерудi" деген сөздер "барлық түрін" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бақылауды" деген сөз "мемлекеттік бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша уақытша сақтау үшін алынған орман ресурстарын, көлік құралдарын, оларды алу құралдарын алып қою туралы қаулылар шығару;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша заңсыз алынған орман ресурстарын, көлік құралдарын және құқық бұзушылық жасау құралы болып табылған өзге де заттарды алып қою, олардың сақталуын қамтамасыз ету құқығы бар.";
2-тармақтың 9) тармақшасы "коммуникацияларды" деген сөзден кейін ", электр беру желілерін, байланыс желілерін" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 24-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен балық шаруашылығын жүргізу;";
9) 27-бапта:
"уәкiлеттi органға орман қорының мемлекеттiк есебiн" деген сөздер "орман қорын мемлекеттiк есепке алуды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жүргiзу үшiн қажеттi материалдарды табыс етуге" деген сөздер ", ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізуге қажетті ақпаратты беруге" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "қолдануға;" деген сөз "қабылдауға міндетті." деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақша алып тасталсын;
10) 31-бапта:
"аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ балық шаруашылығын жүргізу, оның ішінде мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі су объектілерінде жүргізу үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
"аңшылық шаруашылығын" деген сөздерден кейін "және балық шаруашылығын" деген сөздермен толықтырылсын;
1-2-тармақтың 3) тармақшасы "аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ балық шаруашылығын жүргізу, оның ішінде мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі су объектілерінде жүргізу үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстары орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қаражаты, өндiрiстiк қуаттары және тиiстi бiлiктiлiкке ие мамандары бар орман пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға мынадай мақсатта:
басты мақсатта пайдаланылатын ағаш кесу (сүрек дайындау) үшін – 10 жылдан 15 жылға дейін;
сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсат үшін – 10 жылдан 49 жылға дейін;
жанама орман пайдалану, шайыр мен ағаш шырындарын дайындау үшін – 10 жылдан 15 жылға дейін;
аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін – 10 жылдан 49 жылға дейін;
ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін – 10 жылдан 49 жылға дейін;
ағаш және бұта тұқымдас көшеттік материалдар мен арнаулы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін 10 жылдан 49 жылға дейін беріледі.";
11) 36-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "уәкілетті орган бекіткен" деген сөздер "осы Кодекске сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 40-баптың 1-тармағының 4) және 6) тармақшаларындағы "(екi және одан да көп рет)" деген сөздер "(күнтізбелік жыл ішінде екi және одан да көп рет)" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 47-баптың 3-тармағындағы ", қажетiне қарай уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен белгiленуi мүмкiн" деген сөздер "уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен белгiленеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 51-баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен теміржолдарды, магистральдық құбыржолдарды салуға;";
6) тармақшадағы "жайластыруға байланысты ғана жол беріледі." деген сөздер "жайластыруға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылысжайларын орналастырудың мүмкін болатын басқа нұсқалары болмаған кезде осындай құрылысжайларды салуға және олардың жұмыс істеуіне байланысты ғана жол беріледі.";
15) 54-баптың 1-тармағында:
"коммуникациялар" деген сөз "коммуникацияларды, электр беру желілерін, байланыс желілерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
"уәкiлеттi органмен" деген сөздер "аумақтық бөлімшемен" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 88-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "аңшылық шаруашылығының қажетi үшін" деген сөздер "аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін, сондай-ақ балық шаруашылығын жүргізу, оның ішінде мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі су объектілерінде жүргізу үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 93-бапта:
2-тармақтағы "уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша ғана" деген сөздер "осы Кодекске сәйкес айқындалған тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
"Мемлекеттiк" деген сөзден кейін "өңірлік" деген сөзбен толықтырылсын және "өңiрлiк табиғи парктердің" деген сөздер "табиғи парктердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мемлекеттiк табиғи резерваттардың" деген сөздер "мемлекеттiк өңірлік табиғи резерваттардың, мемлекеттік табиғи қаумалдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi органның рұқсатымен" деген сөздер "осы Кодекске сәйкес айқындалған тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 94-баптың 2 және 3-тармақтарындағы "оны уәкiлеттi орган бекiтедi" деген сөздер "осы Кодекске сәйкес айқындалған тәртіппен бекiтіледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 95-баптың 2-тармағындағы "уәкiлеттi орган бекiтедi" деген сөздер "осы Кодекске сәйкес айқындалған тәртіппен бекiтіледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 102-2-баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтарындағы "аңшылық шаруашылығы мұқтаждықтары;", "аңшылық шаруашылығы мұқтаждары;" деген сөздер тиісінше "аңшылық шаруашылығының мұқтажы; балық шаруашылығын жүргізу;", "аңшылық шаруашылығының мұқтажы; балық шаруашылығын жүргізу;" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
"3-3) балық өсіру объектілері – техникалық персоналдың болуына және уылдырықты инкубациялау жабдықтарына және балық жіберу үшін балық шабақтарын өсіру жабдықтарына, балық өсіру шаруашылығын күзетуге, балық азықтарын, кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құрал-сайман түрлерін, сондай-ақ тор қоршамаларды сақтауға арналған күрделі емес құрылысжайлар (мобильді кешен, бір шатыр астындағы немесе жеке тұрған контейнер тәріздес құрылыстар);";
2) 48-баптың 4-тармағы "тексеру және" деген сөздерден кейін "мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 125-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін," деген сөздер "кәсіпшілік балық өсіру объектілерін, балық өсіру шаруашылықтары мен олардың коммуникацияларын орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты балық өсіру объектілерін, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын," деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
209-баптың 1-тармағындағы "тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін" деген сөздер "тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру үшін, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылысжайларын салу мен реконструкциялауды қаржыландыру үшін" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне:
1) 98-баптың бесінші және алтыншы бөліктері алып тасталсын;
2) 202-бап алып тасталсын;
3) 281-баптың 2-1-бөлігінің бірінші абзацындағы ", темекі бұйымдарының дербес" деген сөздер "дербес" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 283-1-бапта:
тақырыптағы және үшінші бөліктің бірінші абзацындағы "темекі бұйымдарының," деген сөздер алып тасталсын;
бесінші бөліктегі және алтыншы бөліктің екінші абзацындағы "темекі бұйымдарының," және "темекі бұйымдары," деген сөздер алып тасталсын;
5) 733-баптың бірінші бөлігіндегі "202," деген цифрлар алып тасталсын;
6) 741-баптың бірінші бөлігінің 9) тармақшасы "кеден заңнамасында" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде" деген сөздермен толықтырылсын.
6. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 19-бап "Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын" деген сөздерден кейін ", мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобаларын" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 25-баптың 3-тармағындағы "электрондық анықтама нысанында" деген сөздер "электрондық нысанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 61-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы "нормативтік құқықтық актілердің жобаларын" деген сөздерден кейін ", мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобаларын" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 64-бапта:
1-тармақтың төртінші абзацы және 6-тармақ "нормативтік құқықтық актілердің жобаларына", "нормативтiк құқықтық актілердің жобалары" деген сөздерден кейін тиісінше ", мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобаларына", ", мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобалары" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөлік "нормативтік құқықтық актінің жобасын" деген сөздерден кейін ", мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобаларын" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің бірінші сөйлемі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Егер сараптама кеңесі мүшелерінің бірі сараптама кеңесінің отырысын өткізуді талап ететін болса, мұндай отырысты өткізу міндетті болып табылады. Сараптама кеңесі отырысының қорытындысы кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына сараптама кеңестері туралы үлгілік ережеде айқындалған тәртіппен жіберілуі мүмкін.";
5) 79-3-баптың 1) тармақшасында:
алтыншы абзацтағы "он екі" деген сөздер "алпыс" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды;";
6) 79-4-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі "1 ақпаннан" деген сөздер "1 наурыздан" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 80-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы тараудың күші Қазақстан Республикасының қаржы, салық және кеден заңнамасы саласындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге, қаржыұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың қызметіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және реттегіш құралдарға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына имплементтелген немесе имплементтеу жоспарланатын халықаралық шарттардың талаптарына қолданылмайды.";
8) 81-1-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "қолданыстағыларын" деген сөз "қолданыстағы реттегіш құралдарды, талаптарды және (немесе) реттеушілік актілерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қолданыстағы реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың" деген сөздер "қолданыстағы реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың, сондай-ақ қолданыстағы реттеушілік актілердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларына" деген сөздер "реттеушілік әсерге талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 82-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларында" деген сөздер "реттеушілік әсерге талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "арнаулы валюталық режим" деген сөздер "төлем балансын қорғау жөніндегі шараларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 83-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Реттеушілік әсерді талдау реттегіш құрал және (немесе) талап енгізілгенге, реттеу қатаңдатылғанға дейін, сондай-ақ қолданыстағы реттеушілік актілер бойынша жүргізіледі.
Қолданыстағы реттеушілік актілерді талдау кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімінде белгіленген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдардың осы Кодекстің 83-1-бабының қолданыстағы реттеушілік актілерді қайта қарау бөлігіндегі ережелерін орындамауы туралы ақпарат кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылады.";
11) 83-1-бапта:
1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі (бұдан әрі – талаптар тізілімі) деп экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша кәсіпкерлік қызмет түрлері бөлінісінде реттеушілік актілердің жалпыға бірдей қолжетімді дерекқоры түсініледі.
Осы баптың мақсаттары үшін реттеушілік актілер деп қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптар қамтылатын өзге де құжаттар түсініледі.
Егер реттеушілік актіде кәсіпкерлік қызметтің саналуан түріне қойылатын орындалуы міндетті талаптар қамтылатын болса, мұндай акт қызметтің әрбір түріне арналған талаптар тізіліміне енгізілуге жатады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің ережелері кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларында енгізудің өзге тәртібі көзделген реттеушілік актілерге қолданылмайды.
Талаптар тізілімі:
1) талаптардың осы Кодексте көзделген оларды қалыптастыру шарттарына және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің қызметті жүзеге асыруы үшін міндетті талаптардың түбегейлі тізбесі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету міндеттерін шешеді.
2. Талаптар тізіліміне Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын қоспағанда, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес қызметті жүзеге асыруы кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптар қамтылатын реттеушілік актілер енгізіледі.
Талаптар тізіліміне реттеушілік актілер олардың тиімділігін бағалау, оның ішінде мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізу және осы Кодексте көзделген міндетті талаптарды қалыптастыру шарттарына және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкестігі тұрғысынан оларға кейіннен талдау жүргізу үшін енгізіледі.
3. Реттеушілік актілер оларды кәсіпкерлік қызметтің тиісті түрлерін реттеу кезінде қолданатын реттеуші мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға берілетін ұсынуы бойынша талаптар тізіліміне енгізіледі.
Реттеуші мемлекеттік органдар ұсынуда кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша реттеушілік актілерге кейіннен талдау жүргізу мерзімдерін айқындайды.
4. Реттеушілік актілерді талдау реттеушілік әсерге талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
6-тармақтың үшінші бөлігіндегі "тартуға негіз болып табылмайды" деген сөздер "тартуды болғызбауға негіз болып табылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 85-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы "реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын" деген сөздер "реттеушілік әсерге талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) мынадай мазмұндағы 85-1 және 85-2-баптармен толықтырылсын:
"85-1-бап. Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Кәсiпкерлiк субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң заңдылығы мен тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
2. Кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган:
осы Кодекстiң 138 және 139-баптарында көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға қатысты кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметi салаларында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтау тұрғысынан;
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттар беруді, қызметті немесе әрекетті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға қатысты "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес рұқсаттар беру, қызметті немесе әрекетті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдау тәртібін сақтау тұрғысынан;
талаптар тізіліміне кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды қамтитын реттеушілік актілерді енгізуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға қатысты осы Кодекстiң 85-2-бабына сәйкес кәсiпкерлiк субъектiлерiн қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
3. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету кезінде талаптардың сақталуы тұрғысынан жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты осы Кодекстің 13-тарауының талаптарына сәйкес жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.
4. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және оның құрылымына кіретін ұйымдарға және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруында болатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.
85-2-бап. Кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі
1. Кәсiпкерлiк субъектiлерiн қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау осы бапқа сәйкес мерзiмдiк, жоспардан тыс тексерулер және қашықтан бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Мерзімдік тексеру кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы бекіткен мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарлары негізінде тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірілмей және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 маусымына дейін жүргізіледі.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарында:
1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
4) тексеру нысанасы;
5) тексеруді жүргізу мерзімдері;
6) жоспарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы қамтылады.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспары мерзімдік тексеруді жүргізу туралы хабарлама болып табылады және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан және ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 маусымынан кешіктірілмей орналастырылады.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тексерілетін мемлекеттік орган таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгертілген, мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктер қайта бөлінген, сондай-ақ табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар мен оларға байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайлар басталған кезде тексеру ұзартылуы не тоқтатыла тұруы мүмкін.
Мерзімдік тексерулер жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ алға қойылған міндеттер ескеріліп белгіленеді және он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартыла отырып, он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Мерзімдік тексеруді жүргізу тоқтатыла тұрған кезде мерзімдік тексеруді жүргізу мерзімі үзіледі және мерзімдік тексеру қайта басталған кезден бастап жалғасады.
Мерзімдік тексеруді жүргізу мерзімі тек бір рет ұзартылуы мүмкін. Ұзарту кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті лауазымды адамының шешімімен жүзеге асырылады. Мерзімдік тексеруді жүргізу мерзімін ұзарту тексерілетін мемлекеттік органды хабардар ете отырып, мерзімдік тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган мерзімдік тексерудің мерзімін ұзарту туралы хабарламаны тексерілетін мемлекеттік органға табыс ету туралы хабарламамен бірге мерзімі ұзартылардан бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.
3. Тексеру бару арқылы, тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүзеге асырылады, онда:
1) актінің нөмірі мен күні;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) тексеруді жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер;
5) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
7) тексеру түрі;
8) тексеруді жүргізу мерзімі;
9) тексеруді жүргізу негіздері;
10) тексерілетін кезең;
11) тексерлетін мемлекеттік органның осы баптың 22-тармағында көзделген құқықтары мен міндеттері;
12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
13) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы көрсетіледі.
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті лауазымды адамы тексерулерді тағайындау, ұзарту, тоқтата тұру және қайта бастау туралы актілерге қол қояды.
Тексеруді тағайындау туралы актіні мемлекеттік органға табыс ету күні тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
4. Мемлекеттік органдарды мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларына қосу үшін мынадай ақпарат көздерінің бірі пайдаланылады:
1) мемлекеттік органдар ұсынатын, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері;
2) мемлекеттік органдарды алдыңғы тексерулердің нәтижелері;
3) қашықтан бақылаудың нәтижелері;
4) расталған жолданымдардың болуы;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында осы Кодекстің 129, 136 және 137-баптарына сәйкес мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі болмаған кезде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелері.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын қалыптастыру үшін мемлекеттік органдарды талдау және іріктеу кезінде алдыңғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғандағы деректер пайдаланылуы мүмкін.
5. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметi салаларында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiнің сақталуы тұрғысынан тексеру кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген қызметi салаларында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын:
бұзушылық орын алған кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулердің және бару арқылы профилактикалық бақылаудың неғұрлым көп саны бар;
бұзушылық орын алмаған кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулердің және бару арқылы профилактикалық бақылаудың неғұрлым көп саны бар;
өздеріне қатысты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексеру жүзеге асырылатын бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) ең аз жол берілетін шекті саны мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың белгілі бір саласында осындай бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс болатын, автоматты режимде тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда, мемлекеттік органдарға қатысты жүзеге асырылады.
6. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес рұқсаттарды беру, қызметтi немесе әрекеттi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау тәртiбiнің сақталуы тұрғысынан тексеру рұқсаттарды беруді, қызметтi немесе әрекеттi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын:
кәсіпкерлік субъектілеріне рұқсаттарды беруден бас тартудың неғұрлым көп саны бар;
рұқсаттар беруді, қызметтi немесе әрекеттi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асыруы кезінде мемлекеттік органдарға кәсіпкерлік субъектілері жолданымдарының неғұрлым көп саны бар мемлекеттiк органдарға қатысты жүргiзiледi.
7. Талаптар тізіліміне реттеушілік актілерді енгізу жөніндегі талаптардың сақталуы тұрғысынан тексеру осы Кодекстің 83-1-бабында көзделген талаптар бұзылған кезде мемлекеттік органдарға қатысты жүргізіледі.
8. Жоспардан тыс тексеруге:
1) тексерудің және (немесе) қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласындағы талаптарды бұзудың нақты фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
3) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не зиян келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша прокурордың талаптары;
4) кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
5) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасы негіз болып табылады.
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган тексерілетін мемлекеттік органға тексеруді жүргізу нысанасын көрсете отырып, жоспардан тыс тексеруді жүргізудің басталғаны туралы тексеру басталардан кемінде бір тәулік бұрын хабар беруге міндетті.
9. Жоспардан тыс тексеруді жүргізу мерзімі он жұмыс күніне дейін ұзартыла отырып, он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жоспардан тыс тексеруді жүргізу мерзімі тек бір рет ұзартылуы мүмкін. Ұзарту кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті лауазымды адамының шешімімен жүзеге асырылады. Жоспардан тыс тексеруді жүргізу мерзімін ұзарту тексерілетін мемлекеттік органды хабардар ете отырып, жоспардан тыс тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жоспардан тыс тексерудің мерзімін ұзарту туралы хабарламаны тексерілетін мемлекеттік органға табыс ету туралы хабарламамен бірге мерзімі ұзартылардан бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.
10. Анонимді жолданымдар берілген жағдайда, жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді. Тексерілетін мемлекеттік органдарға қатысты анықталған және жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған фактілер мен мән-жайлар жоспардан тыс тексеруге жатады.
11. Қашықтан бақылау:
1) тексерілетін мемлекеттік органның қызметін мониторингтеу;
2) қашықтан бақылау нысанасына қатысты қажетті ақпаратты беру туралы сұрау салу;
3) қашықтан бақылау нысанасына қатысты қажетті ақпаратты алу мақсатында тексерілетін мемлекеттік органның басшысын не оның уәкілетті адамын шақыру арқылы жүргізіледі.
12. Қашықтан бақылау:
кәсіпкерлік субъектілерінің осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген қызметі салаларында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды;
рұқсаттар беруді, қызметтi немесе әрекеттi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды;
талаптар тізілімін қалыптастыру және жүргізу талаптарын сақтауды жүзеге асыратын тексерілетін мемлекеттік органдардың қызметін мониторингтеу арқылы жылына бір рет жүргізіледі.
Қашықтан бақылауды жүргізу мерзімі он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қашықтан бақылауды жүргізу аяқталған күні тексерілетін мемлекеттік органға қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытынды жіберіледі (бұзушылықтар болған кезде).
13. Қашықтан бақылау бармай жүргізіледі, қажет болған кезде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін көрсететін жеткілікті деректерді жинау үшін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қажетті ақпаратты беру туралы сұрау салу жібереді не қажетті ақпаратты алу мақсатында тексерілетін мемлекеттік органның басшысын не оның уәкілетті адамын шақыруды жүзеге асырады.
Қашықтан бақылаудың нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытынды жасалады, онда:
1) қорытындының жасалған күні, нөмірі мен орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
4) қашықтан бақылауды жүргізу негізі мен нысанасы;
5) қашықтан бақылауды жүргізу кезеңі мен мерзімдері;
6) анықталған бұзушылықтар және талаптарды орындау мен бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау мерзімін көрсете отырып, оларды жою туралы талаптар көрсетіледі.
Бұл ретте анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарды орындау мерзімі қорытынды табыс етілген күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрайды;
7) қашықтан бақылауды жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы көрсетіледі.
Қашықтан бақылаудың нәтижелері бойынша қорытындының бір данасы тексерілетін мемлекеттік органға табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не тексерілетін мемлекеттік органның электрондық пошта мекенжайы бойынша электрондық құжат арқылы немесе өзге де қолжетімді тәсілмен жіберіледі. Екінші данасы кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органда қалады, үшінші данасы мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға электрондық нысанда тапсырылады.
Тексерілетін мемлекеттік орган қашықтан бақылаудың нәтижелері бойынша ескертулері және (немесе) қарсылықтары болған жағдайда, оларды жазбаша түрде баяндайды және қашықтан бақылаудың нәтижелері бойынша қорытынды табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган тексерілетін мемлекеттік органның ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын қарауға және он жұмыс күні ішінде уәжді жауап беруге тиіс.
14. Тексерудің нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы қорытынды жасалады, онда:
1) қорытындының жасалған күні, нөмірі мен орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің (бар болса, мерзімін ұзарту туралы қосымша актінің) күні мен нөмірі;
4) тексеруді жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер олар жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) және лауазымдары;
5) тексеруді жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер;
6) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
7) тексеру нысанасы;
8) тексеру түрі;
9) тексеруді жүргізу мерзімі және кезеңі;
10) тексерудiң нәтижелерi, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәлiметтер;
11) талаптарды орындау және бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау мерзімін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уәкілетті адамының, сондай-ақ тексеруді жүргізу кезiнде болған адамдардың қорытындымен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәлiметтер, олардың қолтаңбасы немесе қол қоюдан бас тартуы туралы жазба;
13) тексеруді жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбасы көрсетіледі.
Тексеру нәтижелері туралы қорытындыға, бар болса, тексерудің нәтижелеріне байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарды орындау мерзімі тексеру нәтижелері туралы қорытынды табыс етілген күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрайды.
15. Тексеру нәтижелері туралы қорытындының бірінші данасы мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға электрондық нысанда тапсырылады, екінші данасы тексерілетін мемлекеттік органға (басшысына не оның уәкілетті адамына) танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және басқа да әрекеттер жасау үшін қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етіледі, үшінші данасы кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органда қалады.
Тексерілетін мемлекеттік орган тексерудің нәтижелері бойынша ескертулері және (немесе) қарсылықтары болған жағдайда, оларды жазбаша түрде баяндайды және тексеру нәтижелері туралы қорытынды табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Тексеруді жүргізген лауазымды адам тексеру нәтижелері туралы қорытындыға тиісті жазба жасайды.
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган тексерілетін мемлекеттік органның ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын қарауға және он жұмыс күн ішінде уәжді жауап беруге тиіс.
16. Тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылық болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы қорытындыға тиісті жазба жасалады.
17. Тексерілетін мемлекеттік органға тексерудi тағайындау туралы актiде (бар болса, мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетiлген тексерудi аяқтау мерзiмiнен кешiктiрмей, тексеру нәтижелерi туралы қорытынды табыс етілген күн тексеру мерзiмiнiң аяқталуы деп есептеледi.
18. Тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар тексерілетін мемлекеттік органдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
Тексерілетін мемлекеттік орган тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген мерзім ішінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Тексерілетін мемлекеттік орган тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаған немесе толық ұсынбаған жағдайда, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган осы баптың 8-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындайды.
Тексерілетін мемлекеттік орган анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынылған ақпаратқа бұзушылықты жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді. Мұндай жағдайда жоспардан тыс тексеруді жүргізу талап етілмейді.
19. Егер тексерулер немесе қашықтан бақылау осы бапта белгіленген тексерулерді немесе қашықтан бақылауды жүргізу жөніндегі талаптарды бұза отырып жүргізілсе, олар жарамсыз деп танылады.
20. Тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүзеге асыру кезінде тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, тексерілетін мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жоғары тұрған лауазымды адамға не сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
21. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарының тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүргізу кезінде:
1) тексерілетін мемлекеттік орган белгілеген рұқсаттамалық және объектішілік режим талаптарын сақтай отырып, тексеру нысанасына сәйкес тексерілетін мемлекеттік органның аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нәтижелерi туралы қорытындыға қоса тігу үшiн қағаз және электрондық жеткiзгiштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшiрмелерiн алуға, сондай-ақ тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткiзуге;
3) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға;
4) аудио-, фото- және бейнетүсiрiлiмді жүзеге асыруға құқығы бар.
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға;
2) тексеруді немесе қашықтан бақылауды осы бапта белгіленген тәртіп негізінде және соған қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін мемлекеттік органның белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) тексерілетін мемлекеттік органның не оның уәкілетті өкілінің тексеруді жүргізу кезінде болуына кедергі келтірмеуге, тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірме беруге;
5) тексерілетін мемлекеттік органға тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нысанасына жататын қажетті ақпаратты беруге;
6) тексерілетін мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болса, мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде) немесе қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындыда (болған кезде) көрсетілген тексеру немесе қашықтан бақылау аяқталған мерзімнен кешіктірмей, тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындыны табыс етуге;
7) тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы әрі толық көлемде орындауға міндетті.
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның тексеруді жүргізу үшін келген лауазымды адамдары тексерілетін мемлекеттік органға:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлікті (сәйкестендіру картасын) көрсетуге міндетті.
22. Тексерілетін мемлекеттік органдар не олардың уәкілетті өкілдері тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүргізу кезінде:
1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның тексеруді жүргізу үшін келген лауазымды адамдарын:
тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болса, мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген, осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
осы баптың 21-тармағының үшінші бөлігінде көзделген құжаттар болмаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) егер құжаттар мен мәліметтер жүргізілетін тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда, үш жұмыс күнінен кешіктірмей кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге;
4) тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындыға, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
5) кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының заңға негізделмеген, тексерілетін мемлекеттік органның қызметін шектейтін тыйымдарын орындамауға;
6) тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүзеге асыру процесін, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамының тексеру немесе қашықтан бақылау шеңберінде жасайтын жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.
Тексерілетін мемлекеттік органдар не олардың уәкілетті өкілдері тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүргізу кезінде:
1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарының тексерілетін мемлекеттік органның аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы, коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі заңнамасының талаптарын сақтай отырып, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарына қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындыға қоса тігу үшін ұсынуға, сондай-ақ тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;
3) тексеру басталған күні тексеруді тағайындау туралы актіні және тексеру немесе қашықтан бақылау аяқталған күні жүргізілген тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындыны алғаны туралы белгі қоюға;
4) егер осы Кодексте не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
5) басшының не оның уәкілетті адамының тексеру тағайындалған мерзімдерде тексерілетін мемлекеттік орган тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
23. Егер тексеруді және (немесе) қашықтан бақылауды жүргізу нәтижесінде тексерілетін мемлекеттік органның осы Кодекстің 7, 13, 29 және 30-тарауларында белгіленген талаптарды және Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да талаптарын бұзу фактісі анықталатын болса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректер болған кезде кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның лауазымды адамдары өкілеттіктері шегiнде, бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдайды.
24. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласындағы мемлекеттік бақылаудың қорытындылары бойынша кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің заңдылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында:
кәсіпкерлік субъектілерінің осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген қызметі салаларында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
рұқсаттарды беру, қызметтi немесе әрекеттi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдау;
талаптар тізілімін жүргізу кезінде кәсіпкерлік қызметті реттеу бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсынымдарды қажет болған кезде тұжырымдайды.";
14) 86-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін" деген сөздер "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер жүргізу графиктерін және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 90-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;
16) 90-6-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) конгломераттар қызметін талдауды және мониторингтеуді жүзеге асырады;";
17) 93-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қаржылай емес қолдау.";
18) 94-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мемлекеттік және инвестициялық гранттар беру;";
мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"8-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы лизингіне ішінара кепілдік беру;
8-2) эмитенттердің облигациялары, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне және "Астана" халықаралық қаржы орталығы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген "жасыл" облигациялар бойынша ішінара кепілдік беру;";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай және мүліктік қолдау тәртібін, нысандарын, мөлшерін және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";
19) 95-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жеке кәсіпкерлік субъектілері екінші деңгейдегі банктерден және өзге де заңды тұлғалардан кредиттер, микрокредиттер, лизинг алған кезде олардың міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесін, сондай-ақ эмитенттердің облигациялары, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне және "Астана" халықаралық қаржы орталығы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген "жасыл" облигациялар бойынша кепілдік беру жүйесін құру;";
20) 96-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"96-бап. Қаржылай емес қолдау
1. Қаржылай емес қолдау жеке кәсіпкерлік субъектілері мен олардың жұмыскерлерінің бәсекеге қабілетті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) шығаруына және еңбек өнімділігін арттыруына мүмкіндік беретін кәсіби деңгейін арттыру, қолайлы және бәсекелес кәсіпкерлік орта құру, кәсіпкерлік бастама мен кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру мақсатында жүзеге асырылады.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай емес қолдау кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік және өзге де бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен:
1) жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша оқу семинар-тренингтері мен ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру;
2) шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастыру;
3) жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру практикасы, жаңа технологиялар нарығы туралы әдістемелік оқу құралдарын, ақпараттық бюллетеньдерді тарату;
4) кәсіби деңгейде түсіндірмелер, ұсынымдар және консультациялардың өзге де нысандарын ұсыну;
5) басқарушылық, қаржылық, заңдық, кадрлық, технологиялық және өзге де мәселелерді шешу үшін түрлі сала мамандарынан, оның ішінде тәлімгерлік форматында сараптамалық практикалық көмек көрсету;
6) шетелдік озық технологиялардың трансфертіне жәрдемдесу;
7) отандық тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) экспортқа ілгерілету кезінде сервистік-ақпараттық қолдау;
8) жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқытуды ұйымдастыру үшін мамандарды даярлау;
9) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың жұмыста пайдалануы үшін талдамалық ақпаратты (анықтамалықтарды, статистикалық жинақтарды, анықтамаларды, ақпараттық хаттарды, есептерді, баяндамаларды және өзге де материалдарды) дайындау және тарату;
10) жергілікті және оқшау ресурстардан алынған тауарларды (өнімді) айқындау және оларды ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға одан әрі ілгерілетуге жәрдемдесу;
11) кәсіпкерлікті танымал ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
12) кәсіпкерлер, сондай-ақ мүдделі тұлғалар арасындағы ынтымақтастықты жолға қоюға жәрдем көрсету арқылы жүзеге асырылады.
3. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржылай емес қолдауды жүзеге асыру мақсатында өзінің интернет-ресурсында мынадай ақпаратты:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдауға бағытталған мемлекеттік және өзге де бағдарламалар және олардың іске асырылуы туралы;
2) экономикалық қызмет түрлері бойынша сыныптай отырып, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің саны туралы;
3) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдау инфрақұрылымын құратын ұйымдар туралы, осындай ұйымдардың жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа қолдау көрсету шарттары мен тәртібі туралы;
4) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары туралы;
5) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымына жүргізілген талдау нәтижелері туралы;
6) жеке кәсіпкерліктің дамуы мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттары, нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобалары туралы;
7) жеке кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа қажетті, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де ақпаратты орналастырады.
4. Мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын, мемлекеттік қаржылай емес қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика саласын (салаларын), мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсету үшін тартылатын заңды тұлғаны (тұлғаларды) және мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды тиісті салалардың уәкілетті органдары кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
5. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";
21) 97-бапта:
бірінші бөлікте:
"жеке кəсіпкерлікті" деген сөздер "жеке кəсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жеке кəсіпкерліктің" деген сөздер "жеке кəсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
"Жеке кәсіпкерлікті" деген сөздер "Жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кәсіпкерлікті қолдау" деген сөздер "кәсіпкерлерге қызмет көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 99-баптың 2-2) тармақшасы "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларын" деген сөздерден кейін ", мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобаларын" деген сөздермен толықтырылсын;
23) 117-бапта:
1-тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктері алып тасталсын;
"шарттар жасасу кезінде" деген сөздер "жасалған шартта" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Шекті сауда үстемеақысын қолдану тәртібін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сауда қызметін реттеу саласындағы, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органдар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру кезінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетуді көздейді.";
24) 129-бапта:
2-тармақтағы "және 14" деген сөздер ", 13, 14 және 16" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) жолаушылар пойыздарында, оның ішінде жолаушылар пойыздарын қалыптастыру пункттерінде жолаушыларды, багажды, жүк-багажын және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларының сақталуын мемлекеттік бақылауға;";
9-тармақтың бірінші абзацы және 2) тармақшасы "мемлекеттік бақылау", "мемлекеттік бақылауды" деген сөздерден кейін тиісінше ", санитариялық-карантиндік бақылау", ", санитариялық-карантиндік бақылауды" деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтағы "бақылау мен қадағалауды" деген сөздер "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші және екінші бөліктердегі "11) тармақшасында" деген сөздер "10) және 11) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бақылау және қадағалау органдары мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органды осы баптың 16-тармағында көзделген жүргізілген мемлекеттік бақылау нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен хабардар етеді.";
бірінші бөліктегі "және 14" деген сөздер ", 13, 14 және 16" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Егер Қазақстан Республикасының заңдарында осы баптың 16-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік бақылау регламенттелмеген болса, онда бұл жағдайда мемлекеттік бақылау осы тарауда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
"18-1. Осы бап шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, осы Кодекстің 135, 136 және 153-баптарына сәйкес жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.
Осы баптың 4-тармағының 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген талаптарға қатысты осындай шаралар қолданылуы мүмкін.";
19-тармақтың бірінші бөлігіндегі "және 14" деген сөздер ", 13, 14 және 16" деген сөздермен ауыстырылсын және "болмаса" деген сөзден кейін "(осы баптың 17-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармақ "енгізу үшін" деген сөздерден кейін "және бақылау мақсатында сатып алу мен тергеп-тексеру енгізілген жағдайларда," деген сөздермен толықтырылсын;
25) 136-бапта:
1-тармақтағы "бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша" деген сөздер "мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелерi бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) бұзушылық (бұзушылықтар) жойылған жағдайда қадағалау актісінің (нұсқаманың, актінің, қаулының) қолданысын тоқтату, сондай-ақ көрсетілген актіні жарамсыз деп тану негіздерін қамтиды.";
мынадай мазмұндағы екінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"Бұл ретте қадағалау актісін ресімдеу тәртібі осы Кодекстің 153-бабында белгіленеді.";
"Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеру парағын қалыптастыру көзделмесе, жедел ден қою шараларын қолдану мақсатында талаптардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Қадағалау актісін (нұсқаманы, актіні, қаулыны) ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында оның қолданылу мерзімі белгіленеді (қажет болған кезде).
Қадағалау актісінің қолданылу мерзімі бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған талапты әрбір нақты бұзушылық бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болған талаптарды бірнеше бұзушылық анықталған жағдайда, нормативтік құқықтық актілердің талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада, өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алудың және (немесе) тергеп-тексерудің нәтижесі туралы актіде осындай бұзушылықтарды жоюдың жалпы мерзімі көрсетіледі, ол ресімделген қадағалау актісіне сәйкес жедел ден қою шарасын қолданудың неғұрлым көп мерзіміне сәйкес келеді.";
4-тармақ "органдары" деген сөзден кейін "сотқа жүгінбей қадағалау актісін (нұсқаманы, актіні, қаулыны) ресімдеу арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
26) 137-баптың 7-тармағында:
бірінші бөліктегі "Профилактикалық бақылау немесе тексеру" деген сөздер "Бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Бақылау және қадағалау органы бақылау жүргізу барысында жедел ден қою шарасын (шараларын) қолдануға негіз болып табылатын талапты бұзу фактісін анықтаған кезде жедел ден қою шарасын (шараларын) қолдану туралы қадағалау актісін (нұсқаманы, актіні, қаулыны) ресімдейді.";
27) 138-баптың 69), 86), 107) және 116) тармақшалары алып тасталсын;
28) 141-бапта:
6-тармақ "қағидалары" деген сөзден кейін ", тексеру парақтарының нысаны" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың үшінші бөлігі "қағидаларына" деген сөзден кейін ", тексеру парақтарының нысанына" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың үшінші бөлігі "қағидаларына" деген сөзден кейін ", тексеру парақтарының нысанына" деген сөздермен толықтырылсын;
29) 144-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "141-бабының 4-тармағында" деген сөздер "141-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
"Талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу графигі тексерулер жүргізілген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде жариялау үшін жіберіледі.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексерулер жүргізу графигі "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде тексерулер жүргізілген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде жарияланады.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болмаған кезде графикті реттеуші мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы бекітеді.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау;";
2) тармақшадағы "талаптарға сәйкестігін тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған елеулі және болмашы бұзушылықтарды" деген сөздер "тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын бұзушылықтардың жойылуын бақылау;";
"қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің" деген сөздер "қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"прокуратура органдарының тапсырмалары" деген сөздер "прокурордың талаптары" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы "қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің" деген сөздер "қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен" деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 144-1-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бақылау және қадағалау органында автоматты режимде тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болған кезде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды талдау нәтижелері осы ақпараттық жүйеде ескеріледі.";
31) 144-2-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бақылау және қадағалау органында тәуекелдерді бағалау мен басқарудың автоматтандырылған жүйесі қамтылған ақпараттық жүйе болған кезде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдері міндетті түрде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде орналастырылады.";
3-тармақтағы "реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында және өзге де цифрлық платформаларда қауіпсіздік режимін қамтамасыз ете отырып" деген сөздер "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың екінші бөлігіндегі "бақылау қорытындылары бойынша" деген сөздер "бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның қорытындылары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ережелері" деген сөзден кейін "осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің және 5-тармағының талаптарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
"шекті жол берілетін бөлшек сауда бағалары" деген сөздер "шекті сауда үстемеақысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 144-3-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бақылау мақсатында сатып алуды өткізу тәртібі:
1) бақылау мақсатында сатып алуды өткізу туралы шешім қабылдау негіздерін;
2) мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар ете отырып, бақылау және қадағалау органы басшысының бақылау мақсатында сатып алуды өткізу туралы шешімін;
3) бақылау мақсатында сатып алуды өткізу қажет болатын өнім атауын, сондай-ақ оны өткізу мерзімдерін айқындауды;
4) сатып алынған өнімге зерттеу жүргізу тәртібін;
5) бақылау мақсатында сатып алуды өткізу нәтижелерін ресімдеуді қамтиды.";
2 және 4-тармақтардағы "нормативтік техникалық құжаттарда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Бақылау және қадағалау органдары мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органды бақылау мақсатында сатып алудың қорытындылары туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен хабардар етеді.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бақылау мақсатында сатып алуды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар бақылау нысанасы болып табылады. Бұл ретте жедел ден қою шаралары тексеру парақтарында белгіленген талаптарды бұзушылықтарға қатысты ғана қолданылады.";
33) 144-4-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бақылау және қадағалау органдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептері мен шарттарын анықтау, оларға жол берген бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау жөніндегі қызметі, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдауы тергеп-тексеру деп түсініледі.
Тергеп-тексеру бақылаудың дербес нысаны болып табылады, оны жүзеге асыру осы бапта және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған.";
3-тармақтың 6) тармақшасындағы "нормативтік техникалық құжаттарда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) тергеп-тексеруді жүргізу туралы шешімді ресімдеу тәртібі мен мыналар:
шешімнің шығарылған күні, уақыты мен орны;
шешім шығарған адам көрсетілетін мазмұнын;";
7-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
"Бақылау және қадағалау органдары мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органды тергеп-тексеру қорытындылары туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен хабардар етеді.
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептерін анықтау және көрсетілген талаптарды бұзуға жол берген бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау үшін тергеп-тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар бақылау нысанасы болып табылады. Бұл ретте жедел ден қою шаралары тексеру парақтарында белгіленген талаптарды бұзушылықтарға қатысты ғана қолданылады.";
34) 146-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Кодекстің 129-бабының 15-тармағына, 144-бабының 8-тармағына, 146-бабының 3-тармағына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы акт оны бақылау субъектісі (объектісі) тұрған жердегі мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық органына ұсыну, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну арқылы жоспардан тыс тексеру басталған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркеледі.";
35) 149-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі "тексеру" деген сөзден кейін ", тергеп-тексеру" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары іріктеп алған өнім үлгілерін зертханалық зерттеуге жұмсалатын шығыстар бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.";
36) 151-баптың 6) тармақшасындағы "3)" деген цифр "2-1), 3)" деген цифрлармен ауыстырылсын;
37) 152-бапта:
7-тармақтың төртінші бөлігі "қадағалау органына" деген сөздерден кейін "жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзушылықтарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
"мерзімі өткеннен кейін" деген сөздер "мерзімі ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"осы нұсқамада белгіленген мерзім ішінде," деген сөздер алып тасталсын;
14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бақылау және қадағалау органы осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы жөніндегі ақпарат ұсынылмаған немесе бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, осы Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға құқылы.";
бірінші бөлікте:
"нұсқамада көрсетілген" деген сөздерден кейін "мерзімдерде" деген сөзбен толықтырылсын;
"мерзімінен бұрын" деген сөздер алып тасталсын;
"анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты" деген сөздер "бұзушылықтарды жою тәртібі мен тәсілдерін мұқият сипаттап, анықталған бұзушылықтарды жою туралы түбегейлі ақпаратты" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі "1) және 2) тармақшаларына" деген сөздер "2) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
38) 153-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"153-бап. Бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының бақылауды жүзеге асыру кезiнде анықталған бұзушылық фактiлерi бойынша қолданатын шаралары
1. Егер бақылау мен қадағалауды жүргізу нәтижесінде бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзу фактiсi анықталатын болса, бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы (лауазымды адамдары) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкiлеттiктері шегiнде анықталған бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, адамдардың өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне ықтимал зиян келтiрудi болғызбау бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға, сондай-ақ бұзушылыққа жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа тарту жөнiндегі шараларды қабылдауға мiндеттi.
Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты осы Кодекстің 136-бабына сәйкес жедел ден қою шараларын қабылдау кезінде қадағалау актісін ресімдейді.
2. Қадағалау актісінде мыналар көрсетіледі:
1) жедел ден қою шарасының түрі;
2) актінінің жасалған күні, уақыты мен орны;
3) мемлекеттік органның атауы;
4) актіні жасайтын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) бақылау мен қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісінің актіні ресімдеу кезінде болған өкілінің лауазымы;
6) жедел ден қою шарасын қолдану негізі;
7) жедел ден қою шарасының қолданылу мерзімі (қажет болған кезде);
8) актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы мәліметтер (күні және бақылау мен қадағалау субъектісі басшысының немесе бақылау мен қадағалау субъектісі өкілінің қолтаңбасы);
9) актіні ресімдеген лауазымды адамның қолтаңбасы;
10) бақылау және қадағалау органы басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолтаңбасы.
3. Қадағалау актісі бақылау мен қадағалау субъектісіне мынадай тәсілдердің бірімен:
1) қолын қойғызу арқылы қолма-қол;
2) табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) бақылау мен қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына электрондық тәсілмен табыс етіледі.
Қадағалау актісіне жедел ден қою шараларының нысанасына жататын техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото- және бейнеаппаратураның жазбалары (олар болған кезде) қоса берілуі мүмкін.";
39) 155-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацы алып тасталсын;
40) 169-1-бапта:
бірінші абзац "сұрау салу бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшадағы "жыл сайынғы сатып алу жоспарын тиісті интернет-ресурста орналастыру жағдайын қоспағанда, оны бекітілген күнінен бастап бір айдан кешіктірмей" деген сөздер "тиісті интернет-ресурста орналастыру жағдайын қоспағанда, жыл сайынғы сатып алу жоспарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "есептік тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын" деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтағы "өткізілген сатып алу туралы ақпаратты монополияға қарсы орган бекіткен нысан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын" деген сөздер "монополияға қарсы органның сұрау салуы бойынша және ол бекітетін нысан бойынша өткізілген сатып алу туралы ақпаратты" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "өткізілген сауда-саттық туралы ақпаратты есептік тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын" деген сөздер "сұрау салу бойынша өткізілген сауда-саттық туралы ақпаратты" деген сөздермен ауыстырылсын;
41) мынадай мазмұндағы 172-1-баппен толықтырылсын:
"172-1-бап. Конгломерат
1. Банк холдингтерін, банктерді және олардың еншілес ұйымдарын, сондай-ақ электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығын қоспағанда, тиісті және сабақтас тауар нарықтарында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі (тұлғалар тобы) осы Кодекстің мақсаттары үшін конгломерат деп түсініледі.
Тиісті тауар нарығында өткізілетін басқа тауарды пайдаланбай тауарды өткізу мүмкін болмайтын тауар нарығы сабақтас тауар нарығы болып табылады.
2. Монополияға қарсы орган конгломераттардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді.
3. Конгломераттардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу қағидаларын монополияға қарсы орган бекітеді.";
42) 191-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"191-1-бап. Тауар сатушыны (берушіні) ауыстыруға кедергі жасау
Шартты бұзу кезінде тұтынушыға шарт жасасу кезінде бұрын көзделмеген немесе болған талаптардан артық талаптар қою тауар сатушыны (берушіні) ауыстыруға кедергі жасау болып табылады.";
43) 194-баптың 7-тармағының төртінші бөлігі алып тасталсын;
44) 199-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Хабарламаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шағым жасау осы баптың 2-1-тармағында көзделген мерзімнің өтуін тоқтата тұрмайды.";
45) 201-бапта:
1-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) нарық субъектiсiнiң (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының аумағындағы негiзгi өндiрiстiк құралдарын (өнеркәсіптік мақсаты жоқ жер учаскелері мен ғимараттарды (құрылыстарды, құрылысжайларды) және олардың кешендерін, үй-жайларын, құрылысы аяқталмаған объектілерін қоспағанда) және (немесе) материалдық емес активтерiн, егер мәмiленiң (өзара байланысты мәмiлелердiң) нысанасын құрайтын осындай мүлiктiң баланстық құны мүлiктi иелiктен шығаратын немесе беретiн нарық субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құралдары мен материалдық емес активтерiнiң баланстық құнының жиырма пайызынан асатын болса, меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы, оның iшiнде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебiне меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген талап нарық субъектісі (тұлғалар тобы) өзінің бастапқы жарғылық капиталына құрылтайшылардың салымдары нәтижесінде негізгі өндірістік құралдарды және (немесе) материалдық емес активтерді меншігіне, иеленуге және пайдалануға алатын жағдайларға, сондай-ақ нәтижесінде құрылатын нарық субъектісі беру актісі, бөлу балансы негізінде осындай мүлікті алатын нарық субъектілері қайта ұйымдастырылған жағдайда қолданылмайды;
4) нарық субъектiсiнiң өзі кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiне орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруіне мүмкiндiк беретiн (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарт, бiрлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негiзiнде) құқықтарды иемденуі.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген талап жеке-дара шешім қабылдауға, қабылданатын шешімдерге шешуші әсер етуге, қабылданатын шешімдерді артықшылықпен бақылауға мүмкіндік беретін құқықтарды (кәсіпкерлік қызметтің басым, негізгі шарттарын, бағыттарын, түрлерін, даму стратегиясын және ағымдағы операциялық қызметке жатпайтын өзге де мәселелерді айқындау құқықтарын қоса алғанда) иемдену жағдайларына, сондай-ақ осындай құқықтары бар өзге де тұлғалар болмаған кездегі осыған ұқсас жағдайларға қолданылады
Осы тармақша нарық субъектісінің басқару және (немесе) бақылау органдарының шешімдер қабылдауына кедергі келтіруге, нарық субъектісінің басқару және (немесе) бақылау органдарына кандидаттарды жеке-дара тағайындауға (номинациялауға) мүмкіндік беретін иемденілетін құқықтарға (оның ішінде құрылтай құжаттарында тікелей көрсетілген вето, бұғаттау құқығына) да қолданылады, бұл ретте өзге тұлғаларда аталған құқықтардың болмауы шарт;";
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "дауыс беруге қатыспауы шартымен жүзеге асырылатын болса, нарық субъектiсiнiң акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерiн, пайларын) қаржы ұйымдарының сатып алуы" деген сөздер "дауыс беру құқығына ие болмауы шартымен жүзеге асырылатын болса, нарық субъектiсiнiң акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерiн, пайларын) қаржы ұйымдарының сатып алуы, нарық субъектісінің акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін, пайларын) дауыс беру құқығынсыз қаржы ұйымдарының пайдасына (кепіл ұстаушылар ретінде) кепілге беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктегі ", 2) және 3)" деген сөздер "және 2)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "4) және" деген сөздер "3), 4) және" деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 203-бапта:
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылған" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын;
47) 204-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) бекітілген жарғы немесе оның жобасы;";
5) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) тікелей қайта ұйымдастырылатын нарық субъектілерінің әрқайсысы бойынша мыналар көрсетіледі:";
6) тармақша алып тасталсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мәміле жасалғанын растайтын шарттың (өзге де құжаттың) нысанасы, тараптар, мәміле жасау үшін негізгі шарттар, сондай-ақ мәміленің құны (бағасы) туралы сатып алушы немесе сатып алушының уәкілетті адамы қол қойған еркін нысандағы хат түрінде ұсынылатын мәліметтер;";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi және оның тікелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектілері өндiретiн, өткiзетiн, экспорттайтын және импорттайтын тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндіруді, өткізуді, экспорттауды және Қазақстан Республикасына импорттауды жүзеге асыратын сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн әрбiр нарық субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:";
алтыншы абзацта:
"нарық субъектiсi" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ оның тікелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектілері" деген сөздермен толықтырылсын;
"немесе өткiзетiн" деген сөздер ", өткiзетiн, экспорттайтын және импорттайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшадағы "немесе өткiзетiн" деген сөздер ", өткiзетiн, экспорттайтын және импорттайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
48) 205-бапта:
1-тармақтағы "күнтiзбелiк он күн" деген сөздер "бес жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты қарау мерзiмi өтінішхат қарауға қабылданған кезден бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиiс.
Бұл ретте осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тоқтатыла тұру мерзімдері ескеріле отырып, экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қараудың жалпы мерзімі он екі айдан аспауға тиіс.";
5-тармақтың екінші бөлігінде:
"тауарларды" деген сөзден кейін "не сабақтас тауар нарықтарындағы тауарларды" деген сөздермен толықтырылсын;
"жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда" деген сөздер "жүзеге асырса және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болса" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Нарық субъектісі және (немесе) мемлекеттік органдар қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейін экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтiнiшхатты қарау автоматты түрде қайта басталады, бұл туралы монополияға қарсы орган өтiнiшхат берген тұлғаны үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.";
49) 206-баптың бірінші бөлігіндегі "4) және" деген сөздер "3), 4) және" деген сөздермен ауыстырылсын;
50) 207-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мәміле жасалғанын растайтын шарттың (өзге де құжаттың) нысанасы, тараптар, мәміле жасау үшін негізгі шарттар, сондай-ақ мәміленің құны (бағасы) туралы сатып алушы немесе сатып алушының уәкілетті адамы қол қойған еркін нысандағы хат түрінде ұсынылатын мәліметтер;";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi және оның тікелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектілері өндiретiн, өткiзетiн, экспорттайтын және импорттайтын тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндіруді, өткізуді, экспорттауды және Қазақстан Республикасына импорттауды жүзеге асыратын сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн әрбiр нарық субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:";
алтыншы абзацта:
"нарық субъектiсi" деген сөздерден кейін "және оның тікелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектілері" деген сөздермен толықтырылсын;
"немесе өткiзетiн" деген сөздер ", өткiзетiн, экспорттайтын және импорттайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшадағы "немесе өткiзетiн" деген сөздер ", өткiзетiн, экспорттайтын және импорттайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын айқындайтын әрбір нарық субъектісі бойынша айрықша мыналар көрсетіледі:";
бірінші абзацтағы "осы тұлға кiретiн тұлғалар тобы" деген сөздер "осындай нарық субъектісінің тікелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектілері" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "нарық субъектiсi мен тұлғалар тобы өндiретiн және өткiзетiн" деген сөздер "нарық субъектiсi (субъектілері) өндіретін, өткізетін, экспорттайтын және Қазақстан Республикасына импорттайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Монополияға қарсы органға осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны (өтінішхатты) жіберу (беру) үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі:
1) мәміле жасалғанын растайтын шарттың (өзге де құжаттың) нысанасы, тараптар, мәміле жасау үшін негізгі шарттар, сондай-ақ мәміленің құны (бағасы) туралы сатып алушы немесе сатып алушының уәкілетті адамы қол қойған еркін нысандағы хат түрінде ұсынылатын мәліметтер;
2) өзіне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектісі шығару үшін сатып алынатын мүлікті пайдаланған тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндіруді, өткізуді, экспорттауды және Қазақстан Республикасына импорттауды жүзеге асыратын сатып алушы бойынша және сатып алушымен бір тұлғалар тобына кіретін әрбір нарық субъектісі бойынша мыналар көрсетіледі:
жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері мен заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және жарғылық капиталға қатысу үлесi;
акцияларының түрлерi;
сатып алынатын мүлік пайдаланыла отырып өндірілетін сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндіру және өткізу, экспорттау және Қазақстан Республикасына импорттау көлемі;
3) баланстық құнын көрсете отырып, мәміле нысанасын құрайтын мүліктің тізбесі;
4) тауар түрлерiн көрсете отырып, алынатын мүлiктің қандай тауарларды шығару үшiн пайдаланылғаны және пайдаланылатыны туралы мәлiметтер.";
51) 216-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Тергеп-тексеруді жүргізу туралы бұйрыққа Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шағым жасау оның қолданылуын тоқтата тұрмайды.";
52) 221-бапта:
үшінші бөлік "барлық құқығы" деген сөздерден кейін "жұмыс күндері" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының осы бапта көзделген әрекеттеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.";
53) 224-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Осы баптың 1-1 және 2-тармақтарында көрсетілген ережелер монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгілеу, ұстап тұру белгілері бойынша, сондай-ақ бағаларды (тарифтерді), жеңілдіктерді, үстемеақыларды (қосымша ақыларды) және (немесе) үстеме бағаларды белгілеу немесе ұстап тұру, сауда-саттықта бағаларды көтеру, төмендету немесе ұстап тұру бөлігінде картель белгілері бойынша Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеруді жүргізу жағдайларында қолданылмайды.";
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Тергеп-тексеру нәтижелерi бойынша қорытындыға қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей оның көшірмесі тергеп-тексеру объектiсiне табыс етіледі немесе хабарламасы бар хатпен жiберiледi.";
5-1-тармақ алып тасталсын;
6-тармақтағы "Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрық күшіне енген" деген сөздер "Монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыға қол қойған" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ алып тасталсын;
54) 284-бапта:
бірінші бөліктегі "құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндiрiстер" деген сөздер "тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерін қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа өндірістерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
екінші абзацта:
"жаңа өндірістерді" деген сөздер "егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа өндірістерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
үшінші абзацта:
"жұмыс істеп тұрған өндірістерді" деген сөздер "егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеп тұрған өндірістерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
үшінші бөліктегі "жаңа өндірістерді", "жұмыс істеп тұрған өндірістерді" деген сөздер тиісінше "тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа өндірістерін", "тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеп тұрған өндірістерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
55) 286-баптың 5-тармағының 2) тармақшасында:
үшінші бөлік "инвестицияларының мөлшері" деген сөздерден кейін ", егер осы тармақшаның төртінші бөлігінде өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жаңа қонақүйлер салу, жұмыс істеп тұрған қонақүйлерді кеңейту және (немесе) жаңарту (реконструкциялау) кезінде заңды тұлға инвестицияларының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір миллион еселенген мөлшерін құрауға тиіс. Бұл ретте осы бөліктің талабы, егер жаңа қонақүйлер салу, жұмыс істеп тұрған қонақүйлерді кеңейту және (немесе) жаңарту (реконструкциялау) бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келсе:
жоба республикалық маңызы бар қалалар мен астанадан тыс жерде іске асырылса;
ұсынылатын қызметтер халықаралық стандарттарға сәйкес "үш", "төрт", "бес" жұлдыз санаттарына сай келсе;
он және одан да көп шет елде кем дегенде мың қонақ үйі бар халықаралық қонақ үй желісімен кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) немесе франшиза шарты жасалса, қолданылады.".
7. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
1) 16-бапта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық немесе салааралық үлгілік немесе үлгілік нормалар мен нормативтерді немесе ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау тәртібін белгілейді;";
мынадай мазмұндағы 41-10) тармақшамен толықтырылсын:
"41-10) қызметтің тиісті салаларындағы мемлекеттік органдармен келісу бойынша қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық немесе салааралық үлгілік немесе үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлейді және бекітеді;";
2) 23-баптың 2-тармағының 23) тармақшасы алып тасталсын;
3) 101-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Еңбекті нормалауды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік кепілдік:
еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді;
мемлекеттік органдардың техникалық (ғылыми) тұрғыдан негізделген, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық немесе салааралық үлгілік немесе үлгілік нормалар мен нормативтерді немесе ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етуін;
жұмыс берушілердің еңбек нормаларын әзірлеуді, енгізуді, ауыстыруды және қайта қарауды қамтамасыз етуін мемлекеттік бақылауды қамтиды.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Еңбек (уақыт, өндірім, еңбек сыйымдылығы, қызмет көрсету, сан) нормалары еңбек шығындарының өлшемі болып табылады және тиісті біліктілігі бар жұмыскер үшін техниканың, технологияның, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қол жеткізілген деңгейіне сәйкес белгіленеді.";
2 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жұмыс беруші жаңа еңбек нормаларын әзірлеуді, енгізуді, қолданыстағыларын ауыстыруды және қайта қарауды еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді ескере отырып, жұмыскерлер өкілдерімен келісу бойынша жүргізеді.";
"7. Қызметтің тиісті салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдар ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен, онымен келісу бойынша бекітеді.";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін ауыстыруды және қайта қарауды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен оларды бекіткен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.";
4) 123-баптың 6-тармағының бірінші бөлігіндегі "қалыпты жұмыс істеу және оларға сеніп тапсырылған мүліктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін" деген сөздер "сеніп тапсырылған мүліктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін оларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 182-баптың 2-тармағының 13) тармақшасы алып тасталсын;
6) 183-баптың 7-тармағындағы "оның нәтижелері" деген сөздер "өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 190-бапта:
8-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
13-тармақ "байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары" деген сөздерден кейін "электрондық түрде немесе қағаз түрінде" деген сөздермен толықтырылсын.
8. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 10-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кеден органдарының жұмыскерлері погонсыз нысанды киіммен қамтамасыз етіледі.";
2) 40-баптың 5-тармағында:
"кеден органдары" деген сөздерден кейін ", декларанттар және өзге де тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
", егер декларант оларды ұсына алатын жағдайда," деген сөздер алып тасталсын;
"декларант және өзге тұлғалар ұсынған" деген сөздер алып тасталсын және "көшірмесін" деген сөзден кейін "(олар болған кезде)" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 44-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі "бес" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 66-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына ақпаратты өңдеу жабдықтарына арналған бағдарламалық қамтылымды қамтитын ақпарат жеткізгіштерді әкелу кезінде кедендік құнды айқындау Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімінде айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына өзге де ақпарат жеткізгіштерді (қағаз, электрондық немесе басқа) оларда қамтылған ақпаратпен бірге әкелген кезде кедендік құнға ақпараттың құны кірмеуге тиіс, бұл орайда оның нақты төленген немесе төленуге жататын бағадан бөлек болуы және құжаттамамен расталуы шарт.
Бұл ретте тауарлардың осындай санатының кедендік құнын айқындау осы Кодекстің 67-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.";
5) 73-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) әкетілетін тауарларды тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге арналған шығыстар;";
6) 89-баптың 4-тармағының 1) тармақшасындағы "тауарларды кедендік декларациялау және шығару аяқталған" деген сөздер "кедендік декларация тіркелген" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 98-баптың 5-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кеден органы:
осы Кодекстің 195-бабында көзделген жағдайларда – өтініш тіркелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
өзге жағдайларда көрсетілген өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркейді немесе оны тіркеуден бас тартады.";
екінші бөлік алып тасталсын;
8) 99-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеден органы:
осы Кодекстің 195-бабында көзделген жағдайларда – өтініш тіркелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
өзге жағдайларда көрсетілген өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде банктік кепілдік шартын тіркейді немесе оны тіркеуден бас тартады.";
9) 100-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеден органы:
осы Кодекстің 195-бабында көзделген жағдайларда – өтініш тіркелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
өзге жағдайларда көрсетілген өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде кепілгерлік шартын тіркейді немесе оны тіркеуден бас тартады.";
10) 114-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктегі "Ақшаны алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебіне бюджетке аудару және (немесе) кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотынан төлеушінің банктік шотына қайтару" деген сөздер "Ақшаны кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотынан төлеушінің банктік шотына алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебіне бюджетке аудару" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Ақшаны уақытша орналастыру шотынан кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету сомасын қайтару кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, төлеушінің қамтамасыз ету сомасын қайтару жөніндегі өтініші алынған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.";
11) 143-баптың 3-тармағының 1) тармақшасындағы "тауарларды кедендік декларациялау және шығару аяқталған" деген сөздер "кедендік декларация тіркелген" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 167-баптың 2) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
13) 169-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "бірнеше рет бұзу" деген сөздер "екі және одан да көп рет бұзу" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 189-баптың 1-тармағы 2) тармақшасындағы "мүмкін болмайтын жағдайларда тауарларға арналған уақытша декларация беру арқылы уақытша кедендік декларациялауға жол беріледі." деген сөздер "мүмкін болмайтын;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) тауарларды құбыржол көлігімен өткізу кезінде олар бір еркін қоймадан әкетілген және осы тауарлар басқа еркін қоймаға одан әрі әкелінген жағдайларда, тауарларға арналған уақытша декларация беру арқылы уақытша кедендік декларациялауға жол беріледі.";
15) 198-баптың 8-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
16) 248-баптың 2-тармағының 15) тармақшасы алып тасталсын;
17) 261-баптың 2-тармағының 13) тармақшасы алып тасталсын;
18) 273-баптың 2-тармағының 14) тармақшасы алып тасталсын;
19) 287-баптың 10-тармағының 1) тармақшасында:
бірінші бөлікте:
"мүмкіндігі туралы мемлекеттік экологиялық сараптама" деген сөздер "мәселесі құзыретіне кіретін уәкілетті органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бұл ретте осы тармақшаның мақсаттары үшін тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою мәселесі құзыретіне кіретін уәкілетті органдар берген құжат қорытынды болып табылады. Мұндай құжатты беру осы Кодекстің 330-бабының 1) тармақшасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.";
екінші бөліктегі "Мемлекеттік экологиялық сараптаманың" деген сөздер "Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою мәселесі құзыретіне кіретін уәкілетті органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
"мүмкіндігі туралы мемлекеттік экологиялық сараптама" деген сөздер "мәселесі құзыретіне кіретін уәкілетті органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктегі "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдерінен құратын комиссияның қатысуымен және декларанттың қатысуымен" деген сөздер "тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою мәселесі құзыретіне кіретін уәкілетті органдардың өкілдерінен құратын комиссияның қатысуымен, декларанттың және (немесе) кеден органының басшысы немесе оны алмастыратын адам айқындайтын өзге де тұлғалардың қатысуымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөліктегі "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне" деген сөздер "тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мәселе құзыретіне кіретін уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 296-баптың 7-тармағының 1) тармақшасында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар өздерінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтса және өздері арналғандай түрде пайдалануға жарамсыз болса, оның ішінде қалдықтар тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мәселе құзыретіне кіретін уәкілетті органдардың қорытындысы болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осылай көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою үшін еркін қойма аумағынан әкетілсе немесе еркін қойма аумағында қалдырылса, кедендік рәсімдермен орналастырылмай аяқталады. Бұл ретте еркін қойма кедендік рәсімінің қолданысы көмілген, залалсыздандырылған, кәдеге жаратылған немесе өзге де тәсілдермен жойылған тауарлардың көлеміне сәйкес келетін және тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мәселесі құзыретіне кіретін уәкілетті органдардың көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою тәсілі мен орны көрсетілетін қорытындысын беру жолымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың бір бөлігіне қатысты аяқталады. Бұл ретте осы тармақшаның мақсаттары үшін тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою мәселесі құзыретіне кіретін уәкілетті органдар берген құжат қорытынды болып табылады. Мұндай құжатты беру осы Кодекстің 330-бабының 1) тармақшасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.";
екінші бөліктегі "Мемлекеттік экологиялық сараптаманың" деген сөздер "Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мәселе құзыретіне кіретін уәкілетті органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
"көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысында осындай мерзімдер болса, онда" деген сөздер "егер қорытындыда осындай мерзімдер көрсетілген болса, тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мәселе құзыретіне кіретін уәкілетті органдардың қорытындысында" деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
бесінші бөліктегі "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдерінен құратын комиссияның және декларанттың қатысуымен" деген сөздер "тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мәселе құзыретіне кіретін уәкілетті органның өкілдерінен құратын комиссияның қатысуымен және декларанттың және (немесе) кеден органының басшысы немесе оны алмастыратын адам айқындайтын өзге де тұлғалардың қатысуымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөліктегі "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне" деген сөздер "тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою мәселесі құзыретіне кіретін уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 330-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мәселе құзыретіне кіретін уәкілетті органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін қорытындысының болуы, онда жою тәсілі мен орны көрсетіледі. Кедендік жою рәсімімен орналастырылатын тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мәселе құзыретіне кіретін уәкілетті органдардың қорытындысын беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тауарлар авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан қайтарымсыз жоғалған жағдайларда, тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мәселе құзыретіне кіретін уәкілетті органдардың қорытындысы талап етілмейді. Мұндай тауарларды кедендік жою рәсімімен орналастыру үшін авария немесе еңсерілмейтін күштің әсерінен тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін растайтын құжаттар ұсынылуға тиіс.
Уәкілетті орган мұндай қорытындыны беру тәртібін тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою мүмкіндігі туралы шешім қабылдау құзыретіне кіретін уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді;";
22) 331-баптың 1-тармағындағы "тауарларды жою мүмкіндігі туралы мемлекеттік экологиялық сараптаманың" деген сөздер "тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мәселе құзыретіне кіретін уәкілетті органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 418-баптың 21-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Көшпелі кедендік тексеру актісінің нысанын уәкілетті орган бекітеді.";
24) 509-баптың 4-тармағының төртінші бөлігінде:
"Ашық типтегі кеден қоймасы үй-жайының" деген сөздер "Ашық типтегі кеден қоймасы аумағының (үй-жайының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Кеден қоймасы үй-жайының" деген сөздер "Ашық типтегі кеден қоймасы аумағының (үй-жайының)" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 67-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салалардағы мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";
2) 72-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру кезінде ысырапты есепке алу тау-кен жұмыстарының жоспарына қосымша болып табылатын кен орындарын әзірлеудің техникалық жобаларында көзделген нормаланатын ысыраптар туралы деректер негізінде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кен орындарын әзірлеудің техникалық жобалары жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен оның бекітуіне жатады.
Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган нормаланатын ысыраптар туралы деректері бар кен орнын әзірлеудің техникалық жобасы және негіздеуші құжаттар ұсынылғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыға нормаланатын ысыраптар мөлшері бойынша негізделген қарсылық жіберуге құқылы. Осындай қарсылық көрсетілген мерзімде жіберілген жағдайда нормаланатын ысыраптарды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган ұқсас жобалар бойынша нормаланатын ысыраптар туралы қолда бар деректер негізінде не бұрын ұсынылған мәліметтерге сүйене отырып, дербес айқындайды.";
3) 96-баптың 3-тармағының 4-1) тармақшасындағы "нотариус куәландырған" деген сөздер алып тасталсын;
4) 147-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жер қойнауын пайдаланушылар шикі газды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету мақсатында көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларын әзірлеуге міндетті. Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген оң қорытынды алынған базалық жобалау құжатының сараптамалары немесе әзірлеменің талдауы негізінде әзірленеді.
Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламалары шикі газды қайта өңдеуді дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының ұсынымдарын ескере отырып, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның бекітуіне жатады және олар әр үш жыл сайын жаңартылып отыруға тиіс.
Шикі газды қайта өңдеуді дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамын және ол туралы ережені көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Жер қойнауын пайдаланушы шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларының орындалуы туралы есептерді көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша және мерзімдерде осы органға жыл сайын жіберуге тиіс.".
10. 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағында:
182) тармақша алып тасталсын;
200) тармақшадағы "медициналық бұйымдардың" деген сөздер "медициналық мақсаттағы бұйымдардың, Бірыңғай дистрибьютормен жасалған ұзақ мерзімді беру шарттары шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, тірі организмнен тыс (in vitro) диагностикалауға арналған медициналық бұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
245) тармақшадағы "медициналық бұйымның" деген сөздер "медициналық мақсаттағы бұйымның, Бірыңғай дистрибьютормен жасалған ұзақ мерзімді беру шарттары шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, тірі организмнен тыс (in vitro) диагностикалауға арналған медициналық бұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
246) тармақшадағы "медициналық бұйымның" деген сөздер "медициналық мақсаттағы бұйымның, Бірыңғай дистрибьютормен жасалған ұзақ мерзімді беру шарттары шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, тірі организмнен тыс (in vitro) диагностикалауға арналған медициналық бұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-баптың 14) тармақшасындағы "медициналық бұйымдарға" деген сөздер "медициналық мақсаттағы бұйымдарға, Бірыңғай дистрибьютормен жасалған ұзақ мерзімді беру шарттары шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, тірі организмнен тыс (in vitro) диагностикалауға арналған медициналық бұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-бапта:
11) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"11) медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
"15) медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;";
16) тармақшадағы "көрсетілетін қызметтерге (көмекке) тәуелсіз сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге" деген сөздер "көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу бойынша тәуелсіз сарапшылар қызметтерін көрсетуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
"22-1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;";
2) 9-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3), 5-4), 18-1) және 24-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін, оның қолданылу шарттарын және осы шараның қолданылу мерзімін айқындайды (қажет болған кезде).
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;
5-2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
5-3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулерді жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
5-4) мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың) жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";
"18-1) халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларға сәйкес теңіз кемесін санитариялық бақылаудан босату туралы не теңіз кемесінің санитариялық бақылаудан өтуі туралы куәлік береді;";
"24-1) техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) алып қоюды және кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
5) 10-баптың 2) тармақшасындағы "бақылау мен қадағалауды" деген сөздер "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 20-баптың 5) тармақшасындағы "профилактикалық бақылау" деген сөздер "рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсаттық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 28-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау осы Кодекске және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында көзделеді.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау осы Кодекске және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көзделеді.";
8) 30-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілері (объектілері) үш топқа бөлінеді:
1) тәуекелі жоғары;
2) тәуекелі орташа;
3) тәуекелі төмен.";
екінші бөліктегі "мәні жоғары және болмашы объектілердің тізбесін" деген сөздер "тәуекелі жоғары, орташа және төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесін" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау объектілеріне қатысты бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.";
9) 32-баптың 1-тармағында:
1) тармақша "сарапшыларды" деген сөзден кейін "және (немесе) бейінді мамандарды" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша "сарапшыларды" деген сөзден кейін "және (немесе) бейінді мамандарды" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 34-баптың 1-тармағындағы "камералдық бақылау түрінде" деген сөздер алып тасталсын;
11) мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:
"34-1-бап. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-тексеру
1. Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
2. Осы Кодекстің 31-бабының 1-тармағында көзделген лауазымды адамдар тергеп-тексеруді осы Кодекске, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізеді.
3. Арнаулы ғылыми білімі мен дағдылары бар тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандар, басқа мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары, консультанттары мен сарапшылары дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге және бағалауға жәрдем көрсету үшін тергеп-тексеруді жүргізуге тартылуы мүмкін.
4. Бақылау субъектілері тергеп-тексеру шеңберінде мыналарды:
1) тергеп-тексеру жағдайына қатысты құжаттарды және (немесе) материалдарды, оның ішінде архивтік құжаттарды және (немесе) материалдарды, түсініктемелерді жазбаша түрде және электрондық нысанда ұсынуды, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруді;
2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың немесе комиссия мүшелерінің тергеп-тексеру нысанасына жататын объектінің аумағына (әкімшілік ғимараттарға, құрылысқа, құрылысжайға, үй-жайға және басқа да объектілерге) кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
5. Тергеп-тексеруді жүргізу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептері анықталады, тергеп-тексеруді жүргізуге негіз болған Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына жол берген бақылау субъектілері (объектілері) айқындалады.
6. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексерудің нәтижелері туралы акт жасалады, онда анықталған бұзушылықтар, оларды жою жөніндегі нұсқаулар, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетіледі.
Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оларды орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып айқындалады, бірақ ол тергеп-тексерудің нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кем болмауға тиіс.
7. Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою үшін қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда, өзіне тергеп-тексерудің нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
8. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау субъектісі анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен адамдарды жауаптылыққа тарту жөніндегі шаралар қабылданады.
9. Бақылау субъектісі тергеп-тексерудің нәтижелері туралы актіде көрсетілген анықталған бұзушылықтарды мерзімінен бұрын жойған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынылған ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат ұсынылған жағдайда, сондай-ақ ол тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде белгіленген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
10. Тергеп-тексеруді жүргізу негіздерінің болмауы және лауазымды адамның немесе комиссия мүшелерінің медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүргізу тәртібін сақтамауы жоғары тұрған бас мемлекеттік медициналық инспектордың тергеп-тексеруді тағайындау, оның мерзімдерін ұзарту және нәтижелері туралы актіні жарамсыз деп тануы және (немесе) оның күшін жоюы үшін негіз болып табылады.
11. Мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары тергеп-тексеру аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
12. Тергеп-тексерудің нәтижелері туралы актіге шағым жасау тергеп-тексеру актісінің және онда көрсетілген іс-шаралардың орындалуын тоқтата тұрмайды.";
12) 35-баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде:
1) тармақша "сарапшыларды" деген сөзден кейін "және (немесе) бейінді мамандарды" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша "сарапшылар" деген сөзден кейін "және (немесе) бейінді мамандар" деген сөздермен толықтырылсын;
13) 36-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау, өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу және тергеп-тексеру нысанындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау осы Кодекске және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 4-2 және 4-3-тармақтармен толықтырылсын:
"4-2. Мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың) жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау:
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексеру;
2) осы Кодекске, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
4-3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша қоғамдық қауіпті зардаптардың басталуын болғызбау мақсатында осы Кодексте және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тәртіппен жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.";
14) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"38-бап. Лауазымды адамдардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары
1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабының 1-тармағында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген құқықтарынан бөлек, мыналарға:
1) осы Кодекске сәйкес жедел ден қою шараларын қолдануға;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин белгілеуге;
3) санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуді талап етуге;
4) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сараптама объектісінің қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерін бағалауды зерделеуге қажетті материалдарды сұратуға, табиғи орта құрамдастарының сынамаларын іріктеуді, өлшеуді жүргізуге, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде өнімді (тауарды) сатып алуды қоспағанда, осы өнімнің (тауардың) құнын өтеместен, сараптама жүргізуге жеткілікті және оған қажетті көлемнен аспайтын мөлшерде өнімнің (тауардың), шикізаттың сынамаларын (үлгілерін) іріктеуді жүргізуге;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелерін қозғайтын құқықтық актілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келтіру туралы талап қоюға;
6) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы радиациялық бақылауды жүзеге асыруға;
7) санитариялық-қорғаныш аймақтарын: жұмыс істеп тұрған объектілер үшін алдын ала (есептік) санитариялық-қорғаныш аймақтарын, белгіленген (түбегейлі) өлшемдерін белгілеуге және олардың өлшемдерін өзгертуге;
8) жеке немесе заңды тұлғалар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгінуге;
9) халықтың инфекциялық, паразиттік және кәсіптік аурулары, уланулары кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен мамандарды тарту қағидаларына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға тартуға;
10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеруді жүзеге асыруға;
11) мемлекеттік бақылау шеңберінде сыртқы орта объектілерінен сынамалар іріктеуді және зертханалық және аспаптық зерттеулер мен өлшеулер, адамдарға зерттеп-қарау жүргізуді ұйымдастыруға;
12) мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға;
13) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыруға;
14) халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларға сәйкес теңіз кемесін санитариялық бақылаудан босату не теңіз кемесінің санитариялық бақылаудан өтуі туралы куәлік беруге;
15) уақытша санитарлық шараларды енгізуге құқығы бар.
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде шешімдер қабылдау үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің анықталған бұзушылықтарына қарай мынадай актілерді шығарады:
1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді және (немесе) тергеп-тексеруді тағайындау, олардың мерзімдерін ұзарту және нәтижелері туралы актілер;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқама;
3) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің:
санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу;
осы Кодекстің 19-бабында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжатының қолданысын тоқтата тұру;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу туралы қаулылары;
4) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің:
бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне (процестерге, әрекеттерге) тыйым салу;
техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) өткізуден алып қою және кері қайтарып алу;
бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, өткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жөніндегі қызметін немесе оның жекелеген түрлерін (процестерді, әрекеттерді) тоқтата тұру;
адамдарды жұмыстан уақытша шеттету;
адамдарды емдеуге жатқызуға жіберуді ұйымдастыру туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулылары;
5) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы қаулысы;
6) өнімді (тауарды) сатып алу актісі;
7) өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алуды тағайындау және оның нәтижелері туралы актілер;
8) халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларға сәйкес теңіз кемесін санитариялық бақылаудан босату не теңіз кемесінің санитариялық бақылаудан өтуі туралы куәлік.
3. Техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) әкелуге тыйым салу уақытша санитариялық шара болып табылады.
Уақытша санитарлық шара мынадай:
1) тиісті халықаралық ұйымдардан, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден немесе үшінші елдерден адамның өмірі, денсаулығы және мекендеу ортасы үшін қауіпті, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінуіне және айналымына жол бермеу бойынша қабылданатын санитариялық шаралар туралы ақпарат алынған;
2) техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнім (тауар) анықталған жағдайларда қолданылады.";
15) мынадай мазмұндағы 42-1-баппен толықтырылсын:
"42-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі
1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау және қадағалау органдарының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін қызметі, өнімі (тауары), жұмысы, көрсетілетін қызметі анықталған жағдайларда, жедел ден қою шаралары қолданылады.
2. Тексеруді, профилактикалық бақылауды, тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оларды жүргізу нәтижелері бойынша қолданылатын, бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) әсер етудің осы бапта көзделген тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.
Тексеруді, тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оларды жүргізу нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда, әкімшілік іс жүргізуді қозғамай, жедел ден қою шаралары қолданылады.
3. Жедел ден қою шаралары мынадай түрлерді:
1) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, өткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жөніндегі қызметін немесе оның жекелеген түрлерін (процестерді, әрекеттерді) тоқтата тұруды;
2) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне (процестерге, әрекеттерге) тыйым салуды;
3) техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) өткізуден алып қоюды және кері қайтарып алуды;
4) адамдарды жұмыстан уақытша шеттетуді;
5) адамдарды емдеуге жатқызуға жіберуді ұйымдастыруды қамтиды.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептерін анықтау және көрсетілген талаптардың бұзылуына жол берген бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау үшін тергеп-тексеруді жүргізу кезінде, сондай-ақ бақылау мақсатында сатып алу кезінде жедел ден қою шаралары тексеру парақтарында белгіленген талаптарды бұзушылықтарға қатысты ғана қолданылады.
5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау және қадағалау органы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзу фактісі анықталған кезде осы Кодекстің 38-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген қаулы нысанында қадағалау актісін ресімдейді.
Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделеді және бақылау мен қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
6. Қадағалау актісін қолма-қол табыс ету кезінде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі және актіні қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазба жүзеге асырылады. Қадағалау актісі бақылау мен қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.
7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
8. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзушылық бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру, өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу, тергеп-тексеру нәтижелері туралы актілерде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарда, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
9. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу, тергеп-тексеру нәтижелері туралы актілерде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
10. Бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада, өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу, тергеп-тексеру нәтижелері туралы актілерде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарда көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
11. Осы баптың 10-тармағына сәйкес, жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат ұсынылған жағдайда немесе профилактикалық бақылауды, тексеруді немесе тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) олардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін олардың жойылуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптардың анықталған бұзушылықтарының жойылғанын растаған жағдайда, қадағалау актісінің қолданысы тоқтатылады.
12. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
13. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
14. Жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның қадағалау актілерін жарамсыз деп тануы және олардың күшін жоюы үшін мыналар негіз болып табылады:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) жедел ден қою шарасын осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша қолдану;
3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау және қадағалау органдарының өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.
15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.";
16) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"43-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мақсатында сатып алу
1. Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) өткізуді анықтау және оның жолын кесу мақсатында, бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпестен жүзеге асырылады.
Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу осы Кодекске, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер тізбесіне енгізілген өнім (тауар) бақылау мақсатында сатып алуға жатады.
3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алуды жүргізеді және ол сатып алынған өнімнің (тауардың) тізбесі және бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы туралы ақпаратты қамтитын төлем құжатымен (бақылау-касса машинасының чегімен немесе тауар чегімен), тауарларға ілеспе жүкқұжатпен және өнімді (тауарды) сатып алу актісімен расталады.
Бақылау мақсатында сатып алу барысында сатып алынған өнім (тауар) санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаға жіберіледі.
4. Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы акт жасалады, онда анықталған бұзушылықтар (олар болған кезде), оларды жою жөніндегі нұсқаулар, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетіледі.
Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алуды жүргізу кезінде бұзушылықтар болмаған жағдайда, оның нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
5. Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнім (тауар) анықталған кезде өнімді (тауарды) өткізуден алып қою және кері қайтарып алу түріндегі жедел ден қою шарасы қолданылады.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген негіз болған кезде тергеп-тексеру жүргізіледі.
6. Осы баптың ережелерін және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру тәртібін сақтамау өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алуды тағайындау және оның нәтижелері туралы актілерді жарамсыз деп тану және олардың күшін жою үшін негіз болып табылады.
7. Техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) тұтынуға және өткізуге байланысты ықтимал тәуекелдер туралы халықты хабардар ету үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның интернет-ресурсында сәйкес келмейтін өнімнің (тауардың) тізілімі орналастырылады.";
17) 44-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау ақпараттық жүйелерден алынған деректерді, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтерді камералдық бақылау және мониторингтеу арқылы оларды талдау және салыстыру негізінде жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Бақылау мен қадағалау субъектісі осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.";
8-тармақ "орындамау" деген сөзден кейін "және анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбау" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
"10. Мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың) жарнамасы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.";
18) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"45-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылауды жүргізу тәсілдері
1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылауды жүргізу тәсілдері мыналар болып табылады:
1) камералдық бақылау;
2) санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелерінің мониторингі;
3) өндірістік бақылау нәтижелерінің мониторингі;
4) хабарламалар мен рұқсаттардың мониторингі;
5) мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнім (тауарлар) жарнамасының мониторингі;
6) есепке алу мен есептік құжаттаманың мониторингі;
7) санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг.
2. Камералдық бақылау сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, олар әкелетін өнім және әкелінетін өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі құжаттар туралы, өнімге сынақ жүргізуге, оның сәйкестігін растауға немесе өнімнің сәйкестігі туралы декларацияны тіркеуге, сәйкестікті растау нәтижелерін тануға жүгінген кәсіпкерлік субъектілері туралы, сынақ нәтижелері, сәйкестікті растау жөніндегі органдар туралы, сондай-ақ кеден органдары, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға ұсынатын, өнім сәйкестігінің дәлелдемелері ретінде ұсынылған өзге де құжаттарда қамтылған мәліметтерді зерделеу мен талдау негізінде жүзеге асырылады.
Камералдық бақылауды жүзеге асыруға қажетті мәліметтер тізбесін, сондай-ақ оларды кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның ұсыну тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.
Кеден органдары сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, олар әкелетін өнім және әкелінетін өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі құжаттар туралы мәліметтерді ұсынады.
Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган өнімге сынақ жүргізуге, оның сәйкестігін растауға немесе өнімнің сәйкестігі туралы декларацияны тіркеуге, сәйкестікті растау нәтижелерін тануға жүгінген кәсіпкерлік субъектілері туралы, сынақ нәтижелері туралы, сондай-ақ өнім сәйкестігінің дәлелдемелері ретінде ұсынылған өзге де құжаттарда қамтылған, сәйкестікті растау жөніндегі органдар туралы мәліметтерді ұсынады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган камералдық бақылау нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтердің және (немесе) техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылық анықталған кезде, оның ішінде әкелінген өнім (тауар) мен әкелінген өнімге (тауарға) сәйкестікті растау жөнінде берілген, тіркелген, танылған құжаттар арасындағы мәліметтерді салыстырып талдау негізінде камералдық бақылау субъектілеріне қатысты мынадай шаралар қабылдайды:
1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға және өнімге сынақ жүргізуге, оның сәйкестігін растауға немесе өнімнің сәйкестігі туралы декларацияны тіркеуге, сәйкестікті растау нәтижелерін тануға жүгінген, өнімді (тауарды) Қазақстан Республикасының аумағына әкелумен және (немесе) өткізумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жібереді, бұл ретте оларды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріледі;
2) сәйкестікті растау жөніндегі органдарға, сынақ зертханаларына (орталықтарына) қатысты – техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы фактілері көрсетілген ақпарат оларды жою бойынша шаралар қабылдау үшін жіберіледі;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты – мемлекеттік кірістер органдарына Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес шаралар қабылдау туралы хабарлама жіберіледі.
3. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелерінің мониторингі:
1) жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы берілген ақпаратқа;
2) объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы ұсынылған аудиторлық қорытындыларға жүргізіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелерінің мониторингі шеңберінде объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы аудиторлық қорытындының толық толтырылуына талдау жүргізіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелерінің мониторингі жарты жылда бір рет жүргізіледі.
4. Өндірістік бақылау нәтижелерінің мониторингі эпидемиялық мәні бар объектілерде жүргізілген өндірістік бақылау нәтижелері туралы және тексерулердің, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілетін мәліметтерге негізделеді.
Бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өндірістік бақылау нәтижелері бойынша ішкі есепке алуды жүргізеді, мерзімдік есептерді қалыптастырады және ұсынады.
Өндірістік бақылау нәтижелерінің мониторингі жарты жылда бір рет жүргізіледі.
5. Хабарламалар мен рұқсаттардың мониторингі рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдарын, тексерулердің және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың, тергеп-тексерулердің нәтижелерін талдау негізінде жүргізіледі.
Хабарламалар мен рұқсаттардың мониторингі жарты жылда кемінде бір рет жүргізіледі.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне рұқсаттың немесе хабарламаның болмауы анықталған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне (процестерге, әрекеттерге) тыйым салу түрінде жедел ден қою шарасы қолданылады.
6. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының жай-күйін байқаудың, оларды талдаудың, бағалау мен болжаудың, сондай-ақ халықтың денсаулық жағдайы мен мекендеу ортасы факторларының әсер етуі арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды айқындаудың мемлекеттік жүйесі болып табылады.
Талдау, бағалау мен болжау – инфекциялық, инфекциялық емес және паразиттік ауруларды қоздырғыштардың немесе таратушылардың ену және таралу ықтималдығын, сондай-ақ қоршаған орта факторларының халықтың денсаулық жағлайына жағымсыз әсерін және осыған байланысты ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарларды негіздеп бағалау.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде табиғи орта құрамдастарындағы (су, топырақ, атмосфералық ауа) сынамаларды іріктеу тоқсанына кемінде бір рет жүргізіледі.
7. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнім (тауарлар) жарнамасының мониторингі мемлекеттік тіркеуге жататын өнімге қатысты жүргізіледі.
Жарнама мониторингінің объектісі:
1) теле-, радиоарналар;
2) мерзімді баспа басылымдары;
3) интернет-ресурстар мен желілік басылымдар;
4) сыртқы (көрнекі) жарнама болып табылады.
Жарнама мониторингін жүргізу мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың) жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын, сондай-ақ оның Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтердің болуын тексеруден тұрады.
Қазақстан Республикасының жарнама саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда:
1) жарнама берушіге және (немесе) жарнама таратушыға осы Кодекстің 44-бабына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жіберіледі;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне өнімді (тауарды) өткізуден алып қою және кері қайтарып алу түріндегі жедел ден қою шарасы қолданылады;
3) бұзушы туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жіберіледі.
8. Бақылау мен қадағалау субъектісі ұсынған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есептік құжаттаманың мониторингі олардың уақтылы ұсынылуын және (немесе) анықтығын салыстыруды және талдауды қамтиды.
9. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын субъектінің (объектінің) қызметі туралы мәліметтерді қамтитын мәліметтер бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін ақпарат көзі болып табылады.";
19) мынадай мазмұндағы 45-1-баппен толықтырылсын:
"45-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексерулер
1. Тергеп-тексерулер Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабы 3-тармағының 1) – 4) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
2. Осы Кодекстің 37-бабының 1-тармағында көзделген лауазымды адамдар тергеп-тексерулерді осы Кодекске, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулерді жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізеді.
3. Бақылау мен қадағалау субъектілері тергеп-тексеру шеңберінде мыналарды:
1) талап етілуі бақылау мен қадағалау субъектісінің ішкі құжаттарында көзделген арнаулы киім мен жеке-дара қорғану құралдарын лауазымды адамға немесе комиссия мүшелеріне, тартылған сарапшылар мен мамандарға беруді;
2) тергеп-тексеруге қатысты құжаттарды және (немесе) материалдарды, оның ішінде архивтік құжаттарды және (немесе) материалдарды, түсініктемелерді жазбаша және (немесе) ауызша нысанда беруді;
3) объектіге зерттеп-қарау; өнімнің (тауардың), шикізаттың, табиғи орта құрамдастарының сынамаларын (үлгілерін) іріктеу; тұлғаларды зерттеп-қарау жүргізу; зертханалық және аспаптық зерттеулер, өлшеуді жүргізу үшін кедергісіз мүмкіндік беруді;
4) лауазымды адамдардың, комиссия мүшелерінің, тартылған сарапшылар мен мамандардың тергеп-тексеру нысанасына жататын объектінің аумағына (тұрғын және әкімшілік ғимараттарға, құрылыстарға, құрылысжайларға, үй-жайларға және басқа да объектілерге) кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
4. Тергеп-тексеру шеңберінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімнің (тауардың), шикізаттың, табиғи орта құрамдастарының сынамаларын (үлгілерін) іріктеу; тұлғаларды зерттеп-қарау; зертханалық және аспаптық зерттеулер, өлшеу жүргізу жүзеге асырылуы мүмкін.
5. Тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша осы Кодекстің 42-1-бабында көзделген негіздер болған кезде жедел ден қою шаралары қолданылады, сондай-ақ санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуі, осы Кодекске сәйкес шектеу іс-шаралары енгізілуі мүмкін.
6. Тергеп-тексеруді жүргізу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылық себептері анықталады, тергеп-тексеруді жүргізуге негіз болған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылыққа жол берген бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) айқындалады.
7. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт жасалады, онда анықталған бұзушылықтар, оларды жою жөніндегі нұсқаулар, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетіледі.
Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып айқындалады, бірақ ол тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кем болмауы керек.
8. Бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою үшін қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда, өзіне тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, тергеп-тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
9. Тергеп-тексеру қорытындыларына шағым жасау тергеп-тексеру нәтижелері туралы актінің орындалуын тоқта тұрмайды.
10. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
11. Бақылау мен қадағалау субъектісі тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген анықталған бұзушылықтарды мерзімінен бұрын немесе тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген мерзімдерде жойылған жағдайда, тергеп-тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат беруге міндетті.
Бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы берілген ақпаратқа бұзушылықты жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді (қажет болған кезде).
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат ұсынылған жағдайда, сондай-ақ ол тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде белгіленген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
12. Осы баптың ережелерін және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеруді жүргізу тәртібін сақтамау тергеп-тексеруді тағайындау, оның мерзімдерін ұзарту және нәтижелері туралы актілерді жарамсыз деп тану және (немесе) олардың күшін жою үшін негіз болып табылады.
13. Мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары тергеп-тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органының интернет-ресурсында тергеп-тексеру аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде жарияланады.";
20) 46-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Осы Кодекстің 37-бабының 1-тармағында көзделген лауазымды адамдар санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімнің (тауардың) сынамаларын (үлгілерін) іріктеуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.";
21) 52-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы "осы Кодекске" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне" деген сөздермен толықтырылсын;
22) 55-баптың 10-тармағының 2) тармақшасындағы "дәрілік затқа" деген сөздер "дәрілік зат пен медициналық бұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 56-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың) жарнамасы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.";
2-тармақтағы "тағамға биологиялық белсенді қоспалардың", "тағамға биологиялық белсенді қоспалармен" деген сөздер тиісінше "мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың)", "мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өніммен (тауарлармен)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "тағамға биологиялық белсенді қоспалардың" деген сөздер "мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы "тағамға биологиялық белсенді қоспалардың" деген сөздер "мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақшадағы "тағамға биологиялық белсенді қоспаларды" деген сөздер "мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімді (тауарларды)" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 77-баптың 1-тармағының 15) тармақшасы "сарапшыларды" деген сөзден кейін "және (немесе) бейінді мамандарды" деген сөздермен толықтырылсын;
25) 85-баптың 10-тармағындағы "мен тергеп-тексеру" деген сөздер ", есепке алу мен есептілігін жүргізу" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 95-баптың 1-тармағында:
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"28) халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастыруға және жүргізуге;";
29) тармақшадағы "жүргізуге қойылатын талаптарды қамтиды." деген сөздер "жүргізуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:
"30) көпшілікті тамақтандыру объектілерінде жекелеген тағамдардың, азық-түлік пен өнімнің (тауарлардың) дайындалуы мен өткізілуіне тыйым салуға қойылатын талаптарды қамтиды.";
27) 102-баптың 3-тармағындағы "Инфекциялық" деген сөз "Айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 104-баптың 6-1-тармағының сегізінші бөлігі алып тасталсын;
29) 105-бапта:
"улану" деген сөзден кейін ", иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер" деген сөздермен толықтырылсын;
"және тергеп-тексеру" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Инфекциялық және паразиттік аурулар және (немесе) улану, халықты иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер оқиғалары тергеп-тексеруге жатады.";
"және тергеп-тексеру" деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5 және 6-тармақтар алып тасталсын;
30) 106-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"106-бап. Кәсіптік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын тіркеу";
"оқиғалары" деген сөзден кейін ", оның ішінде жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғаннан кейін" деген сөздермен толықтырылсын;
"жері бойынша" деген сөздерден кейін "кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін" деген сөздермен толықтырылсын;
"оқиғалары" деген сөзден кейін "уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;
"мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында" деген сөздер "денсаулық сақтау ұйымында" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және санитариялық-эпидемиологиялық" деген сөздер ", сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ "оқиғалары" деген сөзден кейін ", оның ішінде жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғаннан кейін" деген сөздермен толықтырылсын;
5, 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтар алып тасталсын;
31) 114-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг объектіге бару арқылы (үлгілерді іріктеу, зертханалық және аспаптық зерттеулер (өлшеулер) жүргізу үшін) және бармай жүргізілуі мүмкін.";
32) 221-бапта:
6-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беруді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ұлттық және ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары медициналық колледждер аккредиттелген медициналық ұйымдар базасында жүзеге асырады. Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін уәкілетті орган бекітеді.";
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекет жүз пайыз қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының және олардың еншілес ұйымдарының медицина, ғылыми және педагог кадрларының мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен біліктілігін арттыруға құқығы бар.";
33) 234-бап алып тасталсын;
34) 245-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бағаларды мемлекеттік реттеу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен:
1) бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесіне енгізілген, Қазақстан Республикасында тіркелген және айналыстағы көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған дәрілік заттарға;
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға;
3) Бірыңғай дистрибьютормен жасалған ұзақ мерзімді беру шарттары шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, тірі организмнен тыс (in vitro) диагностикалауға арналған медициналық бұйымдарға жүзеге асырылады.
Көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесін уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша жартыжылдықта бір реттен жиілетпей, жартыжылдықтың үшінші айының онынан кешіктірмей бекітеді.";
"немесе медициналық бұйымның" деген сөздер ", медициналық мақсаттағы бұйымның, сондай-ақ Бірыңғай дистрибьютормен жасалған ұзақ мерзімді беру шарты шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, тірі организмнен тыс (in vitro) диагностикалауға арналған медициналық бұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
"медициналық бұйымның техникалық" деген сөздер "медициналық мақсаттағы бұйымның техникалық" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "Шекті" деген сөз "Дәрілік заттардың шекті" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "мониторингті және" деген сөздер алып тасталсын;
35) 276-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "2023" деген цифрлар "2026" деген цифрлармен ауыстырылсын.
11. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
1) 41-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"I және II санаттардағы объектілерге жатқызылған қалдықтарды сұрыптау, өңдеу жөніндегі, оның ішінде залалсыздандыру, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызмет үшін қалдықтардың жинақталу лимиттері жабдықтың жобалық қуаты негізінде немесе қалдықтардың әрбір нақты жинақтау орны үшін белгіленеді.";
2) 43-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "күкіртті жер бетінде ашық сақтау үшін жабдықталған әрбір арнаулы алаң (күкірт картасы)" деген сөздер "бірыңғай инфрақұрылыммен біріктірілген және күкіртті жер бетінде ашық сақтау үшін жабдықталған арнаулы алаң – күкірт карталары" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 109-баптың 2-тармағындағы "алған кезде" деген сөздер "алған күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 165-баптың 6-тармағы "тексеру және" деген сөздерден кейін "бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 174-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "және қадағалау", "мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
6) 206-баптың 3-тармағындағы "Жекелеген" деген сөз "Тиісті" деген сөзбен ауыстырылып, "атмосфералық ауаны қорғау саласында" деген сөздерден кейін "автомобиль көлігін пайдаланудың жекелеген мәселелерін реттеуді көздейтін атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын және III санаттағы объектілерге қойылатын экологиялық талаптарды, сондай-ақ шығарындылар деңгейі төмен аймақтарды ұйымдастыру мәселелерін, арнайы экологиялық талаптардың бұзылуын анықтауды қамтитын" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 207-баптың 4-тармағындағы "Газ тазарту" деген сөздер "Тиісті экологиялық рұқсаттардың шарттарында көзделген газ тазарту" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 222-баптың 9-тармағының бірінші бөлігіндегі "есепке алу журналдарын" деген сөздер "есепке алуды" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 259-бапта:
3-тармақтағы ", сондай-ақ жануарлар түрлері бойынша дара нұсқаларының ең көп саны" деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерге жатқызылған жануарларды еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда ұстайтын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының шегінде осы жануарларды сатып алуға, өткізуге және айырбастауға құқығы бар.
Мәміле жасалған жағдайда жеке және заңды тұлғалар бес жұмыс күні ішінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға жасалған мәміле туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Хабарлама тиісті мәміленің күні мен нөмірі көрсетіле отырып, жазбаша түрде жіберіледі.";
10) 291-бапта:
4-тармақтағы "квоталау субъектісі" деген сөздер "көміртегі бірліктерінің сауда жүйесінің операторы" деген сөздермен ауыстырылып, "мемлекеттік тізілімінде" деген сөздерден кейін "автоматты түрде" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтағы "соңғы есепті жылы бойынша есептілікті ұсыну мерзімі аяқталған күннен кейінгі тоқсан жұмыс күнімен шектеледі" деген сөздер "соңғы есепті жылынан кейінгі жылдың бірінші қазанында аяқталады" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 293-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Квоталау субъектісі Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары қолданылған бірінші жылдың он бесінші сәуіріне дейін парниктік газдардың шығарылуы мен сіңірілуі саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларына сәйкес мемлекеттік көміртегі кадастрындағы мониторинг жоспарының валидацияланған электрондық нысанын толтырады.
Мониторинг жоспарының электрондық нысаны осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде толтырылмаған жағдайда, көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі квоталау субъектісінің шоты бес жұмыс күні ішінде көрсетілген талаптар орындалғанға дейін бұғаттауға жатады.";
12) 294-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
"бірінші" деген сөз "он бесінші" деген сөздермен ауыстырылсын;
"есептің" деген сөзден кейін "верификацияланған" деген сөзбен толықтырылсын;
13) 295-бапта:
бірінші бөліктегі "1 сәуірінен ерте емес, бірақ 1 қазанынан" деген сөздер "он бесінші сәуірінен ерте емес, бірақ бірінші тамызынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "1 сәуірінен ерте емес, бірақ 1 маусымынан" деген сөздер "он бесінші сәуірінен ерте емес, бірақ бірінші шілдесінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші қыркүйегіне дейін қосымша көміртегі квотасын алу үшін квоталау субъектісі ұсынған құжаттарды қарайды.";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Квоталау субъектісі бес жұмыс күні ішінде пысықталған құжаттарды ұсынады.";
екінші бөліктегі "осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде" деген сөздер "алған кезден бастап он бес жұмыс күні ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 319-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтарында қалдықтардың пайда болуын болғызбау, оларды бөлек жинау, қайтадан пайдалануға дайындау, қайта өңдеу, кәдеге жарату және жою (құрту және (немесе) көму) жөніндегі қызметті реттеу және ұйымдастыру ерекшеліктерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеуі мүмкін.";
15) 333-баптың 2-тармағындағы "жоғалтуы мүмкін" деген сөздер "жоғалтатын" деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 337-баптың 6-тармағы "сұрыптау" деген сөзден кейін "; меншікті қауіпті емес қалдықтарын қалпына келтіру және (немесе) жою" деген сөздермен толықтырылсын;
17) 353-баптың 3-тармағы "пайдалану" деген сөзден кейін "қоқыс газын түзуге қабілетті емес қауіпті қалдықтарды көму жүргізілетін полигондарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
18) 359-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "Қоршаған" деген сөз "Экологиялық рұқсатта лимиттер белгілеу және қоршаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 360-баптың 1-тармағы "операторы" деген сөзден кейін "осы Кодекстің 335-бабының 1-тармағында көзделген қағидаларға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
20) 368-бапта:
тақырыптағы, 1, 2 және 3-тармақтардағы "Тұрмыстық қатты" деген сөздер "Коммуналдық" деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы және 1) тармақшадағы "Тұрмыстық қатты", "тұрмыстық қатты" деген сөздер тиісінше "Коммуналдық", "коммуналдық" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу" деген сөздер "коммуналдық қалдықтарды басқару" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тұрмыстық қатты" деген сөздер "коммуналдық" деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "Тұрмыстық қатты" деген сөздер "Коммуналдық" деген сөзбен ауыстырылсын;
21) 369-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.";
22) 418-бап мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
"20. Осы Кодекстің 319-бабының 5-тармағы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін Алматы және Астана қалаларының аумағында ғана қолданылады деп белгіленсін.";
23) 1-қосымшада:
1-бөлімнің 2.5-тармағы "бүлінген жерлерді" деген сөздер "осы бөлімде көрсетілген бүлінген жерлерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-бөлімнің 2.10-тармағы "бүлінген жерлерді" деген сөздер "осы бөлімде көрсетілген бүлінген жерлерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 2-қосымшаның 1-бөлімінің 2.2-тармағы "шойын" деген сөзден кейін ", ферроқорытпалар" деген сөзбен толықтырылсын.
12. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:
1) 251-баптың 3-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 6,95 пайызды;";
2) 258-баптың 4-тармағында:
"және бармай" деген сөздер алып тасталсын;
"жоспардан тыс" деген сөздер алып тасталсын.
13. "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
11-баптың бірінші бөлігіндегі "прокуратура органдарының тапсырмалары" деген сөздер "прокурордың талаптары" деген сөздермен ауыстырылсын.
14. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:
25-1-бап алып тасталсын.
15. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
56-баптың бірінші бөлігінің 8) тармақшасындағы "арнайы валюталық режим" деген сөздер "төлем балансын қорғау жөніндегі шаралар" деген сөздермен ауыстырылсын.
16. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-2-бапта:
1-тармақ "кодексіне сәйкес" деген сөздерден кейін "жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында" деген сөздермен толықтырылсын;
2 және 3-тармақтар алып тасталсын;
2) 6-баптың бірінші бөлігіндегі "қазақ және орыс тiлдерiнде жасалған және екі данада" деген сөздер "қазақ және орыс тiлдерiнде электрондық нұсқада" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-2-баптың төртінші бөлігіндегі "екі данада" деген сөздер "электрондық нұсқада" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 14-баптың үшінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар электрондық нұсқадағы құрылтай құжаты не құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні ұсынылады.
Саяси партиялар мен діни бірлестіктер енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар құрылтай құжаттарының екі данасын не саяси партиялар мен діни бірлестіктердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтінін ұсынады;";
5) 14-1-баптың бесінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) заңды тұлғаның мөрімен бекемделген, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар электрондық нұсқадағы құрылтай құжаты не құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні ұсынылады.
Саяси партиялар мен діни бірлестіктер енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар құрылтай құжаттарының екі данасын не саяси партиялар мен діни бірлестіктердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтінін ұсынады;";
6) 16-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы алып тасталсын.
17. "Шаруашылық серіктестіктері туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
4-баптың 8-тармағының үшінші бөлігіндегі "бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы" деген сөздер "орталық депозитарий" деген сөздермен ауыстырылсын.
18. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 20-бапта:
жетінші бөлік "банктің атқарушы органының мүшесіне" деген сөздерден кейін "не банктің бас бухгалтерінің міндеттерін атқару банктің бас бухгалтерінің орынбасарына" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
"Уәкілетті органмен келісілген кандидатураның болмауына байланысты осы тармақтың жетінші бөлігінде аталған тұлғаларға банктің атқарушы органы басшысының не банктің бас бухгалтерінің міндеттерін атқаруды (уақытша болмаған адамды алмастыруды) жиынтығында қатарынан он екі ай ішінде күнтізбелік бір жүз сексен күннен артық жүктеуге жол берілмейді.";
мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
"16. Осы баптың 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларын қоспағанда, осы баптың талаптары банктің акцияларын тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылдайтын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті-банк холдингінің акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылдайтын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы аталған банктің акцияларын жанама иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылдайтын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі болатын) банк холдингтеріне қолданылмайды.";
2) 48-баптың 1-тармағында:
12) тармақша "заңды тұлғаның" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаның" деген сөздермен толықтырылсын;
"заңды тұлғаның" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаның" деген сөздермен толықтырылсын;
"жүзеге асыру" деген сөздерден кейін "және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан бақылау мен қадағалау жүргізуге кедергі келтіруі;";
3) 50-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Егер банктік шоттың иесі жеке тұлға болса, осы жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы анықтамалар оның бар, соның ішінде кәсіпкерлік қызметке байланысты шоттары бойынша банкке беріледі.".
19. "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
24-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "өзге де" деген сөздер алып тасталсын.
20. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
33-баптың 2-тармағының бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тапсырыстың авторлық шартында тапсырыс берушінің авторға аванс төлеуі көзделуі мүмкін.".
21. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 10-3-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "қадағалау", "қадағалауды" деген сөздер тиісінше "бақылау және қадағалау", "бақылауды және қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 41-1-бапта:
тақырыптағы "қадағалау" деген сөз "бақылау және қадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
"қадағалау" деген сөз "бақылау және қадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тексерулер және профилактикалық бақылау" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулер және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3) 41-2-бапта:
тақырыптағы "қадағалауды" деген сөз "бақылауды және қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "бар-жоғына тексеру" деген сөздер "бар-жоғы бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы "тағайындау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады." деген сөздер "тағайындау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) жоспардан тыс тексерулер жүргізу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады.".
22. "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 25-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) орталық мемлекеттік органдарда және олардың ведомстволарында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";
4) тармақша алып тасталсын;
2) 25-2-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының және қаладағы аудан әкімі аппараттарының, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";
3) тармақша алып тасталсын;
3) 25-4-бап алып тасталсын;
4) 5-тарау мынадай мазмұндағы 25-6-баппен толықтырылсын:
"25-6-бап. Тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі
1. Тексерулер нысанындағы мемлекеттік бақылауды тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы жүргізеді.
Осы Заңның 25-бабының 3) тармақшасында және 25-2-бабының 2) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдар тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілері (бұдан әрі – тексерілетін субъектілер) болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қатысты тексеру "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады.
Тексерулер мерзімді және жоспардан тыс болып бөлінеді.
Тексерулер тексерілетін субъектіге бару арқылы жүргізіледі.
2. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекіткен өлшемшарт, сондай-ақ мынадай ақпарат көздері:
1) алдыңғы тексерулердің нәтижелері;
2) есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;
3) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын талдау нәтижелері тексерілетін субъектіні мерзімді тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарына енгізуге негіз болып табылады.
Мерзімді тексерулер тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі бекіткен мерзімді тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына сәйкес жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Мерзімді тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспары мерзімді тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей және ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымынан кешіктірілмей бекітіледі және мерзімді тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 маусымына дейінгі мерзімде интернет-ресурстарда орналастырылады.
Мерзімді тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспары мыналарды қамтиды:
1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексерілетін субъектінің атауы;
4) тексерілетін субъектінің (объектінің) тұрған жері;
5) тексеру жүргізу мерзімдері;
6) жоспарға қол қоюға уәкілетті адамның қолтаңбасы.
Бақылау субъектісі таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген немесе бақылау субъектілері арасындағы өкілеттіктер қайта бөлінген жағдайларда, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар және соларға байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда төтенше жағдай режимі енгізілген жағдайда мерзімді тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген жағдайлар басталған кезде мерзімді тексеру ұзартылуы не тоқтатыла тұруы мүмкін.
3. Жоспардан тыс тексеру:
1) жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен, Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарын бұзу туралы расталған жолданымдар болған кезде;
2) тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуына бақылау жүргізу мақсатында;
3) прокурордың тапсырмасы бойынша жүргізіледі.
Анонимді жолданымдар болған жағдайларда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді. Жоспардан тыс тексеруге тексерілетін субъектілерге қатысты анықталған және жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған фактілер мен мән-жайлар жатады.
4. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының лауазымды адамының тексеру жүргізу кезінде:
1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексеру нысанасына сәйкес тексерілетін субъектінің (объектінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) құжаттарды (мәліметтерді) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін алуға, сондай-ақ тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;
3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
5. Тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізу кезінде:
1) мынадай:
тексеруді тағайындау туралы актіде (мерзімді ұзарту туралы қосымша акт болған кезде онда) көрсетілген, осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін мерзімдерден асып кеткен не олар өтіп кеткен;
осы баптың 8-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайларда, тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамын тексеруге жібермеуге;
2) тексеру нәтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
6. Тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізу кезінде:
1) тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының лауазымды адамының тексерілетін субъектінің (объектінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының лауазымды адамына құжаттарды (мәліметтерді) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін ұсынуға, сондай-ақ тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;
3) тексеруді тағайындау туралы, тексеру аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы актіні алғаны туралы белгі қоюға міндетті.
7. Тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде тексеру жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
5) тексерілетін субъектінің атауы, оның тұрған жері;
6) тексеру нысанасы;
7) тексеру түрі;
8) тексеру жүргізу мерзімі;
9) тексеру жүргізу негіздері;
10) тексерілетін кезең;
11) тексерілетін субъект басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
12) актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолтаңбасы.
Тексеру жүргізу кезінде тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тексерілетін субъектіге тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын тексеру жүргізудің нысанасын көрсете отырып, тексеру жүргізудің басталатыны туралы хабарлауға міндетті.
Тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актіні табыс ету күні тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.
8. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тексеруге келген лауазымды адамдары тексерілетін субъектіге:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлікті (сәйкестендіру картасын);
3) қажет болған жағдайда құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын көрсетуге міндетті.
9. Тексеру жүргізу мерзімі тексеру нысанасын, сондай-ақ алдағы жұмыстардың көлемін ескере отырып белгіленеді және он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тексеру жүргізу мерзімі тек бір рет он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Ұзарту тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы басшылығының шешімімен жүзеге асырылады.
Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту тексерілетін субъектіні хабардар ете отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі.
Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлама мерзімін ұзартудан бір жұмыс күні бұрын тексерілетін субъектіге табыс етілгені туралы хабарламамен бірге табыс етіледі.
10. Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар тексеру нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актінің электрондық нысандағы бірінші данасы өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберіледі, екінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және басқа да әрекеттер жасау үшін тексерілетін субъектіге (басшыға не оның уәкілетті адамына) қағаз жеткізгіште қолын қойғызып немесе электрондық нысанда табыс етіледі, үшінші данасы тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органда немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында қалады.
11. Тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) соның негізінде тексеру жүргізілген тексеруді тағайындау туралы актінің (бар болса, мерзімді ұзарту туралы қосымша актінің) күні мен нөмірі;
4) тексеруді жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
6) тексерілетін субъектінің атауы, оның тұрған жері;
7) тексеру жүргізу мерзімі мен кезеңі;
8) тексерудің түрі мен нысанасы;
9) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар және олардың сипаты туралы мәліметтер;
10) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы ұсынымдар;
11) актімен танысу немесе танысудан бас тарту туралы, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдар туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба;
12) тексеруді жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы.
Тексеру нәтижелері туралы актіге олар болған кезде тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттар және олардың көшірмелері қоса беріледі.
12. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тексерілетін субъект оларды тексеру нәтижелері туралы актіні алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде баяндайды. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі қойылады.
Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тексерілетін субъектінің тексеру нәтижелері туралы ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын қарауға және он бес жұмыс күні ішінде уәжді жауап беруге тиіс.
Тексеру нәтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам және тексерілетін субъектінің басшысы не оның уәкілетті өкілі қол қояды.
Тексерілетін субъект бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.
13. Тексерілетін субъектіге тексеру нәтижелері туралы актіні тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болса, мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей табыс етілген күн тексеру жүргізу мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
14. Тексеру нәтижелері туралы актіні орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен асырылмай айқындалады.
15. Тексеру нәтижелері туралы актіні орындау мерзімдерін айқындау кезінде:
1) тексерілетін субъектіде бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық мүмкіндіктердің бар-жоғы;
2) мемлекеттік органдардан міндетті қорытындылар, келісулер және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа да құжаттар алу мерзімдері көрсетіледі.
16. Тексеру нәтижелері туралы актіде белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіде белгіленген мерзім ішінде тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты беруге міндетті.
Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат берілмеген немесе толық ұсынылмаған жағдайда тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындайды.
Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ұсынылған ақпаратқа тексерілетін субъект бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді (егер тексеру нәтижелері туралы актіде материалды беру туралы көрсетілсе). Бұл жағдайда жоспардан тыс тексеру жүргізу талап етілмейді.
17. Тексеруді жүзеге асыру кезінде тексерілетін субъектінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін субъект тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамға не сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
18. Егер тексеру жүргізу нәтижесінде тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу фактісі анықталса, әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының лауазымды адамдары өкілеттіктері шегінде бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.".
23. "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6-баптың 2-тармағындағы "өзге де" деген сөз алып тасталсын.
24. "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
4-бап мынадай мазмұндағы 9-38) тармақшамен толықтырылсын:
"9-38) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Алматы қаласында экологиялық ахуалды, атмосфералық ауаның сапасын жақсартуды және қалдықтарды басқаруды қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындайды;".
25. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";
2) 16-2-бапта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасы "базаға" деген сөзден кейін "(асыл тұқымды тұқымдық жануарларды күтіп-ұстауға арналған үй-жайға, асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын төменгi температурада мұздатуға және сақтауға арналған зертханаға, ветеринариялық-санитариялық тексеру өткізетін орынға, карантиндік үй-жайға, изоляторға, зертханалық және криогендiк жабдыққа)" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
3) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша "криогендiк жабдықтардың" деген сөздерден кейін "(Дьюар ыдысының), еріткіш термостаттың, су моншасының, микроскоптың, жылыту үстелінің, мұздатқыштың, асыл тұқымды материалды буып-түюге және таңбалауға арналған жабдықтардың" деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша "базаға" деген сөзден кейін "(стационарлық биоқоймалары бар өндiрiстiк үй-жайларға, зертханалық және криогендiк жабдыққа)" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша "базаның" деген сөзден кейін "(Дьюар ыдысының), еріткіш термостаттың, су моншасының, микроскоптың, жылыту үстелінің)" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың 4) тармақшасы "криогендiк жабдықтардың" деген сөздерден кейін "(Дьюар ыдысының), еріткіш термостаттың, су моншасының, микроскоптың, жылыту үстелінің, шприц-катетердің" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың 4) тармақшасы "технологиялық жабдықтардың" деген сөздерден кейін "(Дьюар ыдысының), еріткіш термостаттың, жылыту үстелінің, микроскоптың, шприцтің" деген сөздермен толықтырылсын.
26. "Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері (қызметкерлері) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нысанында жүзеге асырады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу тәртібі осы Заңның 6-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады.";
6) тармақшадағы "кемшіліктерді" деген сөз "бұзушылықтарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) тармақша алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
"6-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу тәртібі
1. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын тексеру бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы жүргізіледі.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру:
1) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралар;
2) өтініш берушінің берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылау (бұдан әрі – өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру);
3) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
4) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында белгіленген талаптарды нақты бұзушылық фактілері бойынша жолданымдары негізінде жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде:
1) осы баптың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексеру нысанасына сәйкес бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) құжаттарды (мәліметтерді) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алуға, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;
3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
4. Бақылау субъектілері бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеру жүргізу үшін келген қызметкерін (қызметкерлерін) мынадай:
осы баптың 9-тармағында көзделген құжаттар болмаған;
бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген, осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен жағдайларда тексеруге жібермеуге;
өздерінің мүдделері мен құқықтарын білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) тексеру шеңберінде жүргізетін жекелеген әрекеттерін ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) қызметіне кедергі келтірмей аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуді жүзеге асыруы мақсатында үшінші тұлғаларды тексеруге қатысу үшін тартуға;
2) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
5. Бақылау субъектілері бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) құжаттарды (мәліметтерді) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкеріне (қызметкерлеріне) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін және мемлекеттік құпиялар және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпия туралы талаптарды сақтай отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы ұсынуға;
3) тексеру аяқталған күні бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
4) тексеру жүргізу кезеңінде бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тексерілетін құжаттарына (мәліметтеріне) өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
5) тексеру жүргізуге келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүзеге асырылады.
7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, бақылау субъектілерін алдын ала хабардар етпестен және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен келесі жұмыс күні ішінде өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға ұсына отырып жүргізіледі.
8. Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру бақылау субъектілерін алдын ала хабардар етпестен және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіні өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркеместен жүргізіледі.
9. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері (қызметкерлері) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру кезінде:
1) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті.
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) Қазақстан Республикасы ішкі істер органының тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) болған жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
5) өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, объектілердің тізбесі, аумақтың учаскесі;
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
7) тексеру жүргізу мерзімі;
8) тексеру жүргізу негіздері, оның ішінде Қазақстан Республикасының міндетті талаптары тексерілуге жататын нормативтік құқықтық актілері;
9) тексерілетін кезең;
10) бақылау субъектісінің осы бапта көзделген құқықтары мен міндеттері;
11) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген қызметкерінің қолтаңбасы, Қазақстан Республикасының ішкі істер органының мөрі;
12) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны туралы немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.
11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы акт тексеруді тағайындаған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулерді тіркеу журналында тіркеледі.
12. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу мерзімін Қазақстан Республикасы ішкі істер органының басшысы не оны алмастыратын адам күрделі және (немесе) ұзақ сараптамалар жүргізу қажет болған жағдайда ғана тек бір рет ұзарта алады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді ұзарту мерзімі сараптама нәтижелері алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.
14. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу мерзімін ұзарту тексеруді ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні, нөмірі және ұзартудың себебі көрсетіледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру мерзімін ұзарту туралы хабарлама бақылау субъектісіне мерзім ұзартылардан бір жұмыс күні бұрын табыс ету туралы хабарламамен бірге табыс етіледі.
15. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы акт бақылау субъектісіне не оның уәкілетті адамына табыс етілген күн бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
16. Бақылау субъектісінің не оның уәкілетті адамының бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартуы не бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізуге қажетті материалдар мен мәліметтерді ұсынбауы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) бақылау объектісіне кіруіне кедергі болмайды.
17. Қазақстан Республикасы ішкі істер органының тексеруді жүзеге асыратын қызметкері (қызметкерлері) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы акт және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына тапсырылады, екінші данасы бақылау субъектісінде (объектісінде) түпнұсқада болатын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен бірге қағаз жеткізгіште қолын қойғызып немесе электрондық нысанда бақылау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына) танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және басқа да әрекеттер жасау үшін беріледі, үшінші данасы Қазақстан Республикасының тексеру жүргізген ішкі істер органдарында қалады.
18. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, нөмірі, уақыты және орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеру жүргізген қызметкерінің (қызметкерлерінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
6) өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, объектілердің тізбесі, аумақтың учаскесі;
7) тексеру жүргізілген күн, орын және кезең;
8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
9) бақылау субъектісінің немесе оның уәкілетті адамының актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы, сондай-ақ жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ескертулердің және (немесе) қарсылықтардың бар-жоғы туралы белгі;
10) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеру жүргізген қызметкерінің (қызметкерлерінің) қолтаңбасы.
19. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
20. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары өткізілетін жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру қорытындылары бойынша бақылау субъектісінің (объектісінің) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында белгіленген міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау фактілерін анықтаған жағдайларда Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері (қызметкерлері) өкілеттіктері шегінде бақылау субъектісін (объектісін) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдайды.
21. Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеру аяқталғаннан кейін бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етіледі.
22. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен асырылмай айқындалады.
Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада айқындалған мерзім аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нұсқаманы берген ішкі істер органына бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты жіберуге міндетті.
23. Егер анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуы бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу нәтижесінде бақылау субъектісінің (объектісінің) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында белгіленген міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау фактілері анықталса, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері (қызметкерлері) өкілеттіктері шегінде бақылау субъектісін (объектісін) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдайды.
24. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада мыналар көрсетіледі:
1) нұсқаманың жасалған күні, уақыты және орны;
2) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеруді жүргізген қызметкерінің (қызметкерлерінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
3) өзіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу тағайындалған бақылау субъектісінің атауы, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде қатысқан уәкілетті адамның лауазымы (бар болған кезде);
4) тұрған жері көрсетіле отырып, бақылау объектісі;
5) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актінің күні мен нөмірі;
6) анықталған бұзушылықтардың тізбесі және анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі көрсетіле отырып, оларды жою туралы талаптар;
7) бақылау субъектісінің немесе оның уәкілетті адамының нұсқамамен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
8) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеру жүргізген қызметкерінің (қызметкерлерінің) қолтаңбасы.
25. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, бақылау субъектісі оларды жазбаша түрде баяндайды және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіні және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының тексеруді жүргізген ішкі істер органына жібереді.
26. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары бақылау субъектісінің бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға, әкімшілік ықпал ету шараларына ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын қарауға және отыз жұмыс күні ішінде қабылданған шаралар туралы уәжді жауап беруге тиіс.
27. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіні және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы қабылдаудан бас тартылған жағдайда хаттама жасалады, оған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеруді жүзеге асырған қызметкері, бақылау субъектісінің басшысы не оның уәкілетті өкілі қол қояды.
28. Бақылау субъектісі бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы.
29. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіні және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болса, тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей бақылау субъектісіне табыс ету күні бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
30. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіге және (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен жоғары тұрған әкімшілік органға, лауазымды адамға шағым жасалуы мүмкін.
31. Жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам немесе сот жарамсыз деп таныған бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы акт және (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау субъектісінің (объектісінің) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында белгіленген талаптарды бұзуының дәлелі бола алмайды.
32. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды бұзушылықтарға:
1) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;
2) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
3) Қазақстан Республикасы ішкі істер органының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау;
4) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізудің осы бапта көзделген мерзімін бұзу жатады.".
27. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "аудиттен басқа" деген сөздер алып тасталсын;
2) 7-1-баптың 2-тармағы "тексеру және" деген сөздерден кейін "бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 11-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы "осы өзгерiстер туралы" деген сөздерден кейін "он бес жұмыс күні ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 13-баптың 3-тармағындағы "Аттестаттаудан" деген сөз "Аттестаттау бойынша емтиханнан" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 13-1-бапта:
6-тармақтағы "үштен бірін" деген сөздер "үштен бірінен аспайтынын" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың бірінші бөлігінде:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) кәсіби кеңестің атқарушы органдарына ұсынылған кандидатураларды бекіту;";
8) тармақшадағы "сапаны бақылау жөніндегі комитет" деген сөздер "кәсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Сапаны бақылау жөніндегі комитет" деген сөздер "Кәсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
"алқалы орган" деген сөздерден кейін ", басқарма бекіткен өзге де органдар" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 13-2-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"13-2-бап. Кәсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитеті";
1-тармақта:
"Сапаны бақылау жөніндегі комитеттің" деген сөздер "Кәсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
", сондай-ақ" деген сөз "және/немесе" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзац "Сапаны бақылау жөніндегі комитеттің" деген сөздер "Кәсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша алып тасталсын;
7) 14-баптың 4-тармағындағы "бекіткен" деген сөз "шығарған" деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 16-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі "уәкілетті органға" деген сөздерден кейін "лицензияны электрондық нысанда ресімдеу жағдайларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
9) 19-баптың 2-тармағының бесінші бөлігінде:
"сапаны бақылау жөніндегі комитетте" деген сөздер "кәсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитетінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кәсіби ұйымдарда" деген сөздер "кәсіби ұйымның жұмыс органында" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 21-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "жүргізілуіне," деген сөз "жүргізілуіне немесе" деген сөздермен ауыстырылсын.
28. "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 18-1-баптағы "тексеру және" деген сөздер "жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 22-баптың 3-тармағы "сатып алу," деген сөздерден кейін "уақытша және" деген сөздермен толықтырылсын.
29. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 29-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы "қару" деген сөзден кейін "мен оның патрондарының" деген сөздермен толықтырылсын;
"қызметтік қару" деген сөздерден кейін "мен оның патрондарының" деген сөздермен толықтырылсын;
"бақылау" деген сөз "мемлекеттік бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 30-бапта:
бірінші бөліктегі "ішкі істер органдары жүзеге асырады" деген сөздер "ішкі істер органдары тексерулер нысанында жүргізеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Тексеру жүргізу тәртібі осы Заңның 30-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Тексеру:
1) тексеруді тағайындау туралы акт;
2) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау негізінде жүзеге асырылады.";
бірінші абзацтағы "Азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың" деген сөздер "Ішкі істер органдарының тексеру жүргізуге уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Заңның 30-1-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексеру нысанасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) Қазақстан Республикасының аумағында қаруды әзірлеу, жасау, жөндеу, оның саудасы, коллекциялау, экспонатқа қою, сақтау, пайдалану және жою орындарында оны қарап-тексеруді жүргізуге;";
2) тармақша "қоспағанда," деген сөзден кейін "осы Заңның 7-бабына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) құжаттарды (мәліметтерді) тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін алуға, сондай-ақ тексеру нысанасына сәйкес және мемлекеттік құпиялар және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпия туралы талаптарды сақтай отырып, автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;";
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-1) аудио-, фото- және бейнетүсіруді жүзеге асыруға;
6-2) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға;";
3-тармақ "қару" деген сөзден кейін "мен оның патрондарының" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы "айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың лауазымды адамдары ведомстволық есепке алуды жүргізуге және тексеруді тағайындау және оның нәтижелері туралы актілерді толтыруға міндетті" деген сөздер "мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті органдардың лауазымды адамдары тексеруді тағайындау және оның нәтижелері туралы жасалған актілерді ведомстволық есепке алуды жүргізеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
"6. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізу кезінде:
1) мынадай:
осы Заңның 30-1-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттар болмаған;
осы Заңның 30-1-бабында белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдерден асып кеткен не өтіп кеткен жағдайларда тексеру жүргізу үшін келген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті органдардың лауазымды адамдарын тексеруге жібермеуге;
2) өздерінің мүдделері мен құқықтарын білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті органның лауазымды адамының тексеру шеңберінде жүргізілетін жекелеген әрекеттерін азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті орган лауазымды адамының қызметіне кедергі келтірмей аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуді жүзеге асыруы мақсатында үшінші тұлғаларды тексеруге қатысу үшін тартуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелері туралы актіге шағым жасауға құқылы.
7. Бақылау субъектісі тексеру жүргізу кезінде:
1) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті органдардың лауазымды адамдарының бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті органдардың лауазымды адамына тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін мемлекеттік құпиялар және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпия туралы талаптарды сақтай отырып қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін ұсынуға;
3) тексеру аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың алынғаны туралы белгі қоюға;
4) тексеру жүргізу кезеңінде бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) тексерілетін құжаттарына (мәліметтеріне) өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
5) тексеру жүргізу үшін келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.";
3) мынадай мазмұндағы 30-1-баппен толықтырылсын:
"30-1-бап. Тексеру жүргізу тәртібі
1. Тексеру тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүзеге асырылады.
2. Ішкі істер органдарының тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдары азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілерін (объектілерін) тексерген кезде:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлігін ұсынады.
Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің нөмірі мен күні;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) ішкі істер органдарының тексеру жүргізуге уәкілетті адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
5) бақылау субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, объектілердің тізбесі, аумақтың учаскесі;
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
7) тексеру жүргізу мерзімі;
8) тексеру жүргізу негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексеруге жататын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
9) тексерілетін кезең;
10) бақылау субъектісінің осы Заңның 30-бабының 6 және 7-тармақтарында көзделген құқықтары мен міндеттері;
11) ішкі істер органдарының актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген лауазымды адамының қолтаңбасы, ішкі істер органының мөрі;
12) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.
3. Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемін, қойылған міндеттерді ескере отырып белгіленеді және бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
4. Тексеру жүргізу мерзімін Қазақстан Республикасы ішкі істер органының басшысы не оны алмастыратын адам күрделі және (немесе) ұзақ мерзімді сараптамалар жүргізу, халықаралық шарттар шеңберінде шетелдік мемлекеттік органдардан ақпарат алу және өзіне қатысты тексеру жүргізілетін адамның тұрған жерін анықтау қажет болған жағдайда ғана тек бір рет ұзарта алады.
Тексеруді ұзарту мерзімі сараптама нәтижелерін, шетелдік мемлекеттік органдардан ақпаратты алған және адамның тұрған жері анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тексеру жүргізу мерзімін ұзарту бақылау субъектісін хабардар ете отырып, тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні, нөмірі және ұзартудың себебі көрсетіледі.
Уәкілетті орган тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны тапсырғаны туралы хабарламамен бірге ұзартуға дейін бір жұмыс күні бұрын бақылау субъектісіне табыс етеді.
5. Бақылау субъектісіне не оның уәкілетті адамына тексеруді тағайындау туралы акті табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
6. Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған не ішкі істер органының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адамының бақылау объектісіне кіруіне кедергі келтірілген, тексеру жүргізу үшін қажетті материалдар мен мәліметтер ұсынылмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қабылданады.
7. Тексеру нәтижелері бойынша ішкі істер органының тексеруді жүзеге асыратын қызметкері (қызметкерлері) тексеру нәтижелері туралы акт және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.
Бақылау субъектісінде (объектісінде) түпнұсқада бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, тексеру нәтижелері туралы актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың бірінші данасы қосымшаларының көшірмелерімен бірге қағаз жеткізгіште қолын қойғызып немесе электрондық нысанда бақылау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына) танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және басқа да әрекеттер жасау үшін беріледі, екінші данасы ішкі істер органдарында қалады.
8. Тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні, нөмірі, уақыты және жасалған орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) ішкі істер органының тексеруді жүргізген лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) мемлекеттік органдардың, ведмостволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
6) бақылау субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, объектілердің тізбесі, аумақтың учаскесі;
7) тексеруді жүргізу күні, орны және кезеңі;
8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
9) бақылау субъектісінің немесе оның уәкілетті адамының тексеру нәтижелері туралы актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы, сондай-ақ жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ескертулердің және (немесе) қарсылықтардың бар-жоғы туралы белгі;
10) ішкі істер органының тексеруді жүргізген лауазымды адамының қолтаңбасы.
9. Тексеру жүргізу кезінде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
10. Тексеру қорытындысы бойынша бақылау субъектісінің азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы белгіленген міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау фактілері анықталған жағдайларда, ішкі істер органының тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамы өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген анықталған бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне ықтимал зиян келтіруді болғызбау жөніндегі шараларды, сондай-ақ бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөніндегі шараларды қабылдайды.
11. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада мыналар көрсетіледі:
1) нұсқаманың күні, уақыты және жасалған орны;
2) ішкі істер органының тексеруді жүргізген лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
3) бақылау субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексеру жүргізу кезінде қатысқан бақылау субъектісі өкілінің лауазымы (бар болған кезде);
4) тұрған жерін көрсете отырып, бақылау объектісі;
5) тексеру нәтижелері туралы актінің күні мен нөмірі;
6) анықталған бұзушылықтардың тізбесі және анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі көрсетіле отырып, оларды жою туралы талаптар;
7) бақылау субъектісінің немесе оның уәкілетті өкілінің нұсқамамен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
8) ішкі істер органының тексеруді жүргізген лауазымды адамының қолтаңбасы.
12. Тексеру нәтижелері туралы актіні және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған ішкі істер органдарының тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамы және бақылау субъектісі (заңды тұлғаның басшысы) не оның уәкілетті өкілі қол қояды. Бақылау субъектісі не оның уәкілетті өкілі бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.
13. Тексеру нәтижелері туралы акті бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
14. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен асырылмай айқындалады.
Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат берілмеген жағдайда ішкі істер органының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адамы қайтадан тексеру тағайындайды.
15. Егер қайтадан тексеру жүргізу нәтижесінде бақылау субъектісінің азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласында белгіленген міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау фактілері анықталатын болса, ішкі істер органының тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамы өкілеттіктері шегінде бақылау субъектісін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
16. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда бақылау субъектісі не оның өкілі оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге немесе анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады.
Ішкі істер органдары тексеру нәтижелері туралы актіге немесе анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға, әкімшілік әсер ету шараларына ескертулерді және (немесе) қарсылықтарды қарауға және он бес жұмыс күні ішінде қабылданған шаралар туралы уәжді жауап беруге тиіс.
17. Тексеру нәтижелері туралы актіге және (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
18. Жоғары тұрған мемлекеттік орган не сот жарамсыз деп таныған тексеру нәтижелері туралы акт және (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау субъектісінің азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласында белгіленген талаптарды бұзуының дәлелі бола алмайды.
19. Тексерулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзуларға:
1) тексеру жүргізуге негіздердің болмауы;
2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
3) ішкі істер органының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексеруді тағайындау;
4) осы бапта көзделген тексеру жүргізу мерзімін бұзу жатады.".
30. "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 8) тармақшасы алып тасталсын;
2) 7-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзуға қатысты осы шараның қолданыс мерзімін көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) айқындайды.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;
5-2) өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;";
32) тармақшадағы "және карантиндік" деген сөздер алып тасталсын;
3) 7-4-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) мыналар:
көлік құралын тоқтату және карантинге жатқызылған өнімді және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерін ұстау;
карантинге жатқызылған өнімді (оның ішінде пошта жөнелтілімдерінен, қол жүгінен және багаждан) алып қою немесе карантинге жатқызылған өнімді қайтару;
қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру;
қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы қаулы шығару;";
6) тармақшадағы "карантиндік не" деген сөздер алып тасталсын;
4) 8-бапта:
1) тармақшадағы "не карантиндік" деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшадағы "тартуға;" деген сөз "тартуға құқығы бар." деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақша алып тасталсын;
5) 9-2-бапта:
1-тармақтағы "мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
"мен қадағалау" деген сөздерден кейін ", тергеп-тексеру" деген сөзбен толықтырылсын;
"мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
6) 10-бапта:
3-1-тармақ алып тасталсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацында:
"бақылау мен қадағалауды" деген сөздер "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
екінші, үшінші, төртінші және жетінші бөліктердегі "және қадағалау", "мен қадағалаудың", "мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
тоғызыншы бөліктегі "мен қадағалау", "мен қадағалауды" деген сөздер алып тасталсын;
оныншы бөліктегі "бақылау мен қадағалаудың" деген сөздер "бақылаудың" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
"10-1-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі
1. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша карантиндік объектілер мен карантинге жатқызылған өнімдегі бөтен текті түрлер анықталған жағдайларда Қазақстан Республикасының өсімдік ресурстарына және өсімдіктен алынатын өнімге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін жедел ден қою шараларын қолданады.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 4) және 7) тармақшаларына, 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау;
2) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексеру, тергеп-тексеру шеңберінде қолданылатын осы бапта көзделген бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) әсер ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.
3. Жедел ден қою шараларына мыналар жатады:
көлік құралын тоқтату және карантинге жатқызылған өнімді және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерін ұстау;
карантинге жатқызылған өнімді (оның ішінде пошта жөнелтілімдерінен, қол жүгінен және багаждан) алып қою немесе карантинге жатқызылған өнімді қайтару;
қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру;
қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу.
4. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 4) және 7) тармақшаларына, 9-тармағының 2) тармақшасына және 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
5. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзу фактісі анықталған кезде осы Заңның 7-4-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасында көзделген қаулы нысанында қадағалау актісін ресімдейді.
Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделіп, бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
6. Мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша қадағалау актісі ресімделгеннен кейін Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағы 4) және 7) тармақшаларының, 9-тармағы 2) тармақшасының негізінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор жедел ден қою шарасын тікелей қолдануды жүзеге асырады.
7. Қадағалау актісі қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда оған тиісті жазба жасалады және қадағалау актісін қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазу жүзеге асырылады.
Қадағалау актісі бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша оның тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.
8. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
9. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзушылық бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) жоспардан тыс тексеру, тергеп-тексеру нәтижелері туралы актілерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
10. Бақылау және қадағалау субъектісі тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде, Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюға міндетті.
11. Тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда, осы баптың 12-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
12. Жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
13. Тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Қадағалау актісінің қолданылуы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.
14. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
15. Қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою үшін мыналар негіз болып табылады:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шараларын қолдану;
3) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.
16. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.";
8) 12-1-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
бірінші және екінші бөліктер алып тасталсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
төртінші бөлік алып тасталсын;
3-тармақтың бесінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;
9) 13-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы "немесе карантиндік" деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы ", фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімге арналған карантиндік сертификаттары болған" деген сөздер алып тасталсын;
4-1-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтың үшінші бөлігіндегі ", карантиндік сертификаттың" деген сөздер алып тасталсын.
31. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 12-баптың 33) тармақшасында:
"300 мың адамнан астам тұрғындары бар қалаларды сумен жабдықтаудың," деген сөздер алып тасталсын;
"және (немесе) оларды сумен жабдықтайтын су құбырларының бас ғимараттарының орналасу" деген сөздер алып тасталсын;
2) 26-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі "Бірлескен және басқа да", "бірлескен және басқа да" деген сөздер тиісінше "Бірлескен құпия", "бірлескен құпия" деген сөздермен ауыстырылсын.
32. "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) есепке алатын бақылау аспаптары – электр энергиясының іркіліссіз қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы нақты уақыт режимінде этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілу көлемдері туралы, ондағы этил спиртінің (шарап ашыту өнімінен басқа) шоғырлануы туралы, этил спиртінің (сыра қайнату өнімінен басқа) қалдықтары және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын өндірілген алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру және арақтарды, айрықша арақтарды және тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды өндіру кезінде тұтынылатын электр энергиясының көлемдері туралы деректердің автоматтандырылған берілуін қамтамасыз ететін аспаптар;";
11) тармақшадағы "тек қана" деген сөздер алып тасталсын;
25) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған" деген сөздер "конкурстық негізде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен айқындалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-баптың 2-тармағының 1-2) тармақшасындағы "этил спирті" деген сөздер "конкурстық негізде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен этил спирті" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 10-баптың 3-тармағындағы "Еркін" деген сөз "Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес құрылатын еркін" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 15-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Лицензия құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.".
33. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
18-1-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша шешім қабылданғанға дейін;".
34. "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
29-баптың 3-тармағы "өтінімге" деген сөзден кейін "уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік органдар берген" деген сөздермен толықтырылсын.
35. "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 12-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне стандарттар тізбесіне енгізілген өлшемдерді орындау әдістемелері метрологиялық аттестаттауға және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуге жатпайды.";
2) 21-баптағы "тексеру" деген сөз "қамтамасыз ету" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 24-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді мемлекеттік метрологиялық бақылау жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";
бірінші бөліктегі "Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерге" деген сөздер "Бақылау субъектісіне (объектісіне)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші, үшінші, төртінші, жетінші, тоғызыншы және оныншы бөліктердегі "бақылау субъектісіне", "Бақылау субъектісіне" деген сөздер тиісінше "бақылау субъектісіне (объектісіне)", "Бақылау субъектісіне (объектісіне)" деген сөздермен ауыстырылсын.
36. "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
10-1-баптың 1-1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) меншік құқығында не жалға алу шартымен атыс даярлығы бойынша сабақтар жүргізу үшін атыс тирінің;".
37. "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-3-бап "тексеру және" деген сөздерден кейін "бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 9-5-бап алып тасталсын;
3) 14-бап 3) тармақшадағы "өтеуге міндетті." деген сөздер "өтеуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) астықты қабылдауды кезек тәртібімен жүзеге асыруға міндетті, бұл ретте басымдыққа тыйым салынады.";
4) 19-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Астық қабылдау кәсiпорындарының:";
5) 33-1-бап алып тасталсын.
38. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
31-баптың 1-тармағының 30-1) тармақшасындағы "қадағалау" деген сөз "бақылау мен қадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын.
39. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
28-1-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.".
40. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
4-1) тармақшаның төртінші абзацы "берушінің атынан" деген сөздерден кейін "жобаларды басқару," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:
"32-1) құрылыс объектісі – құрылыс қызметінің түпкі нәтижесі болып табылатын ғимарат, құрылыс және олардың кешендері, коммуникациялары;";
47-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"47-1) сараптама қорытындысы – мемлекеттік сараптама ұйымының, сараптама ұйымының немесе айрықша индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымының объектілерді салу жобасының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жобалау үшін бастапқы құжаттардың және рұқсат беру құжаттарының (материалдардың, деректердің) шарттарына қабылданған шешімдердің сәйкестігіне (сәйкессіздігіне) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу, сондай-ақ қабылданған шешімдер мен есеп-қисаптарда қала құрылысы регламенттерінің және техникалық регламенттердің талаптарын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың сметалық нормалары мен ережелерін сақтау нәтижесі болып табылатын құжаты;";
мынадай мазмұндағы 47-2) тармақшамен толықтырылсын:
"47-2) сараптама ұйымдарының палатасы (бұдан әрі – палата) – мемлекеттік сараптама ұйымын қоспағанда, құрылыс объектілерін жобалау саласында сараптама қызметін жүзеге асыратын, аккредиттелген сараптама ұйымдарының кемінде үшеуінен заңды тұлғалар құратын бірыңғай коммерциялық емес ұйым;";
2) 12-бапта:
"қоса алғанда)" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ғимараттарды (құрылыстарды, құрылысжайларды) кеңейту және реконструкциялау үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Егер жер учаскесі елді мекендердің жаңа бас жоспарын бекітуге немесе бекітілген бас жоспарға не егжей-тегжейлі жоспарлау немесе оларды дамыту мен салу схемасының жобасына өзгерістер енгізуге байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға жататын болса, меншік иесі немесе жер пайдаланушы осы жер учаскесін жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін алып қойылғанға дейін елді мекендердің жаңа бас жоспары бекітілгенге немесе бекітілген бас жоспарға не егжей-тегжейлі жоспарлау немесе оларды дамыту мен салу схемасының жобасына өзгерістер енгізілгенге дейін қолданыста болған қала құрылысы талаптарына сәйкес нысаналы мақсаты бойынша пайдаланады.";
3) 17-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының немесе құрылыс салу жобаларының елді мекеннің бекітілген бас жоспарынан ауытқуы және оған сәйкес келмеуі;";
"4-2) құрылыс-монтаждау жұмыстары барысында бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынан ауытқу;";
бірінші бөліктегі "нормалар мен талаптардың" деген сөздер "Қазақстан Республикасы заңнамасы, сондай-ақ қала құрылысы регламенттері мен техникалық регламенттер талаптарының, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік "әсер ететін" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ қала құрылысы регламенттері мен техникалық регламенттердің талаптарын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
"Азаматтық істер, әкімшілік істер, қылмыстық істер, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде құрылыстың есептік немесе сметалық құнының негізділігін және (немесе) дұрыстығын бұзу тиісінше Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен сот сараптамасымен расталады.
Сот сараптамасы құрылыстың есептік немесе сметалық құнының негізсіз көтерілгендігін растаған жағдайда жобалау құжаттамасын (жобалау-сметалық құжаттаманы) әзірлеген және жобаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізген адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.";
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ қала құрылысы регламенттерінің және техникалық регламенттердің талаптары, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелері бұзылып келісілген және берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасы, келісілген эскиздік жоба, сондай-ақ жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кері қайтарып алынуға не күшін жоюға жатады.";
4) 20-бапта:
12-3) тармақша "органдарға" деген сөзден кейін "және палатаға" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-5) және 23-31) тармақшалармен толықтырылсын:
"12-5) мемлекеттік инспекторлардың құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы актісінің нысанын бекіту;";
"23-31) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып айқындау (қажет болған кезде) жатады.
Оларды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;";
5) 27-4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Сараптама ұйымдары құрылыс жобаларының сапасына талдау және бағалау жүргізген кезде инженерлік ізденістердің өзектілігін және осы нәтижелерді жасаудың қолданыстағы нормаларға, оның ішінде инженерлік-геологиялық ізденістер өндірісінің толықтығына, құрамына, көлеміне, әдістері мен технологияларына сәйкестігін тексеруге міндетті.";
6) 31-бапта:
1) тармақшадағы "және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау" деген сөздер "істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1) тармақша "бақылау" деген сөзден кейін "және қадағалау" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік қадағалау мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының осы Заңның 31-3-бабында көзделген жедел ден қою шараларын қолдану құқығымен Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын қадағалау субъектілерінің сақтауын әкімшілік іс жүргізуді қозғамай тексеру жөніндегі қызметі болып табылады.
Мыналар:
1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметі;
2) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті жеке және заңды тұлғалар қадағалау субъектілері болып табылады.";
7) 31-1-бапта:
1) тармақшадағы "ұлттық стандарттар мен техникалық талаптарға" деген сөздер "ұлттық стандарттарға, техникалық регламенттер мен басқа да нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген нұсқамалар орындалмаған жағдайда құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды (нұсқама береді).";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";
8 және 9-тармақтар алып тасталсын;
8) 31-2-бапта:
тақырыптағы "мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
"мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
бірінші бөліктің бірінші абзацында:
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
"мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөлікте орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
бірінші бөліктегі "мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
9) мынадай мазмұндағы 31-3-баппен толықтырылсын:
"31-3-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және (немесе) оның нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін қызметі, жұмысы, көрсететін қызметтері анықталған жағдайларда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының жергілікті атқарушы органы жедел ден қою шараларын қолданады.
2. Осы бапта түрлері көзделген тексеру және (немесе) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу барысында және (немесе) нәтижелері бойынша қолданылатын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) әсер ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.
3. Жедел ден қою шарасы мынадай түрлерді қамтиды:
1) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру;
2) қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру;
3) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын және (немесе) мемлекеттік нормативтерді бұза отырып жүзеге асырылатын қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу.
4. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының жергілікті атқарушы органы құрылысты "бір терезе" қағидаты бойынша жүргізуді ұйымдастыру үшін ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік нормативтердің жол берілген бұзушылықтарын және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуларды белгілеу кезінде де жедел ден қою шараларын қолданады.
6. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының жергілікті атқарушы органы тексеруді және (немесе) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзу фактісін анықтаған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны ресімдейді.
Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделіп, бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
7. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба жасалады және жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазба жүзеге асырылады. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.
8. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
9. Тексеруді және (немесе) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптардың бұзылуы тексеру және (немесе) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актіде, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
10. Бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюға міндетті.
11. Тексеру және (немесе) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықты жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының қолданылуы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының жергілікті атқарушы органы жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде тоқтатылады.
12. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
13. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда, осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
14. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген тексеру және (немесе) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрмайды.
15. Жедел ден қою шараларын қолдану және оның күшін жою туралы қаулыны жарамсыз деп тану үшін мыналар негіз болып табылады:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шарасын қолдану;
3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының жергілікті атқарушы органының өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.
16. Жедел ден қою шарасын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.";
10) 32-баптың 2-1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлерге аталған қызмет түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдарда қоса атқаратын жұмыс істеуге жол берілмейді.";
11) 33-бапта:
3-тармақтың 5) және 6) тармақшалары "бақылауды" деген сөзден кейін "және қадағалауды" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың бірінші бөлігі "бақылауды" деген сөзден кейін "және қадағалауды" деген сөздермен толықтырылсын;
12) 34-1-баптың 5-тармағының 7) тармақшасы:
"нұсқауды" деген сөзден кейін "белгіленген мерзімдерде" деген сөздермен толықтырылсын;
"сондай-ақ" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдау үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
13) 53-баптың 1-тармағындағы "Ерекше жағдайларда" деген сөздер "Қауіпті өндірістік объектілер болмаған кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 60-баптың 2-тармағында:
4-1) тармақша ", балық шаруашылығын жүргізу үшін балық өсіру объектілерін салуды" деген сөздермен толықтырылсын;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) реконструкциядан кейін екі қабаттан аспайтын, қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, екі қабаттан аспайтын жеке тұрғын үйлерді реконструкциялауды;";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, тірек конструкциялары мен қоршау (сыртқы), инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың қандай да бір өзгерістерімен байланысты емес, сәулет-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапаны нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) кезінде эскиздік жобаларды республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келісу талап етілмейді.";
15) 74-баптың 5-тармағының екінші бөлігіндегі "2-тармағының" деген сөздер "2-тармағы бірінші бөлігінің, екінші бөлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
41. "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
5-2-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы тоғызыншы абзацтағы "концессионердің арнаулы автокөлік құралдары;" деген сөздер "концессионердің;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
"жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның арнаулы автокөлік құралдары;".
42. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 3-тармағында:
мынадай мазмұндағы 23-1), 23-2) және 42-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"23-1) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін айқындау жатады.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;
23-2) сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қадағалау актілерінің нысандарын бекіту;";
"42-1) жүзу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жүктердің сақталуына төнген қатер болған кезде шағын көлемді кемелердің қозғалысын (оларды пайдалануды) тоқтата тұру және оған тыйым салу;";
55-32), 55-33) және 55-34) тармақшалар алып тасталсын;
2) 8-6-бапта:
екінші бөліктегі "шағын көлемді кемені пайдалану қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларда, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы шағын көлемді кеменің (құрамның) жүзуіне тыйым салады, бұл туралы кеме жүргізуші кеме иесіне хабар береді" деген сөздер "жүзу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жүктердің сақталуына қатер төндіретін жағдайларда, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы осы баптың 3-тармағында көзделген жедел ден қою шараларын қабылдайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"Жедел ден қою шарасы қолданылған кезде қадағалау актісі ресімделеді.
Аумақтық бөлімшенің шағын көлемді кемені қарап-тексеруді жүргізген лауазымды адамдары шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісіндегі, нұсқамадағы және қадағалау актісіндегі жазбалардың дұрыстығына жауапты болады.";
мынадай мазмұндағы 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Жүзу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жүктердің сақталуына төнген қатер болған кезде шағын көлемді кемелердің қозғалысын (оларды пайдалануды) тоқтата тұру және оған тыйым салу осы бапта көзделген жедел ден қою шараларына жатады.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, осы бапқа сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
5. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде шағын көлемді кемені қарап-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша қадағалау актісін ресімдейді.
Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделіп, бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
6. Қадағалау актісі қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба жасалады және қадағалау актісін қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазу жүзеге асырылады.
Қадағалау актісі бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.
7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
8. Шағын көлемді кемені қарап-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісінде, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
9. Бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюға міндетті.
10. Шағын көлемді кемені қарап-тексеру нәтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау бойынша шағын көлемді кемені жоспардан тыс қарап-тексеру жүргізіледі.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес шағын көлемді кемені жоспардан тыс қарап-тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда қадағалау актісінің қолданылуы тоқтатылады.
11. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, шағын көлемді кемені жоспардан тыс қарап-тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
12. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда, осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес шағын көлемді кемені жоспардан тыс қарап-тексеру жүргізіледі.
13. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген шағын көлемді кемені қарап-тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған лауазымды адамға, мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
14. Қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою үшін мыналар негіз болып табылады:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) осы шараға сай келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шарасын қолдану;
3) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.
15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.";
3) 13-баптың 2 және 3-тармақтары алып тасталсын;
4) 39-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
"Порттың теңіз әкімшілігі мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік бақылау мен қадағалау Кәсіпкерлік кодекске және осы Заңға сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Порттың теңіз әкімшілігі мемлекеттік бақылау мен қадағалауды іске асыру барысында осы Заңға сәйкес жедел ден қою шараларын қолдана алады.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген мемлекеттік бақылау кемені осы Заңның 41 және 41-1-баптарына сәйкес қарап-тексеру арқылы жүзеге асырылады.";
2-тармақтың 15) тармақшасындағы "жүргізуді жүзеге асырады." деген сөздер "жүргізуді;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) осы Заңда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануды жүзеге асырады.";
5) 41-бапта:
тақырып "кемелерді" деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың бірінші абзацы "кемелерге" деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
6) 41-1-бапта:
тақырып "портында" деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың бірінші абзацы "кемелерге" деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
7) мынадай мазмұндағы 41-2-баппен толықтырылсын:
"41-2-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі
1. Егер бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі теңізде жүзу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жүктердің сақталуына тікелей қатер төндірсе, порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамдары жедел ден қою шараларын қолданады.
2. Тексеру жүргізуді, бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша қолданылатын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) әсер ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады, олардың түрлері осы бапта көзделген.
3. Жедел ден қою шараларына порт құрылысжайын (айлағын) пайдалануды тоқтата тұру жатады.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
5. Порттың теңіз әкімшілігі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптардың бұзылуын анықтаған кезде қадағалау актісін ресімдейді.
Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделіп, бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
6. Қадағалау актісі қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда оған тиісті жазба жасалады және қадағалау актісін қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазу жүзеге асырылады.
Қадағалау актісі бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.
7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
8. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
9. Бақылау және қадағалау субъектісі Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюға міндетті.
10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Порттың теңіз әкімшілігі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда, қадағалау актісінің қолданылуы тоқтатылады.
11. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
12. Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда, осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
13. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
14. Қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою үшін мыналар негіз болып табылады:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) осы шараға сай келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шарасын қолдану;
3) порттың теңіз әкімшілігінің өзінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.
15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберіледі.";
8) 43-1-бапта:
тақырыптағы "бақылау мен қадағалауды" деген сөздер "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
"бақылау мен қадағалауды" деген сөздер "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3-тармақтағы "бақылау мен қадағалаудың", "бақылау мен қадағалау" деген сөздер тиісінше "бақылаудың", "бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бақылау мен қадағалау" деген сөздер "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5 және 8-тармақтардағы "бақылау мен қадағалау" деген сөздер "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;
"бақылау мен қадағалау", "бақылау мен қадағалауды" деген сөздер тиісінше "бақылау", "бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тоқсандық" деген сөз "жартыжылдық" деген сөзбен ауыстырылсын;
11-тармақтағы "бақылау мен қадағалау" деген сөздер "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын.
43. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 18-баптың 1-1) тармақшасында:
"шығаруды, мемлекеттік тіркеуді және олардың күшін жоюды" деген сөздер "шығару, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою мәселелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бақылау жасау" деген сөздер "мемлекеттік бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 22-1-баптағы "тексеру және профилактикалық бақылау" деген сөздер "жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 22-2 және 23-1-баптармен толықтырылсын:
"22-2-бап. Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығару, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы саласындағы мемлекеттік бақылау
Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығару, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары лауазымды адамдарының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығару, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнамасы) бұзушылықтарға жол бермеуі мақсатында жүзеге асырылады.
Осы Заңның 18-бабының 1-1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау субъектілері (бұдан әрі – бақылау субъектілері) болып табылады.
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қатысты мемлекеттік бақылау жүргізілмейді.";
"23-1-бап. Мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі
1. Мемлекеттік бақылауды әділет органдары жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүргізеді. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер бару арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы Заңның 18-бабының 1-1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдарда, аумақтық әділет органдары – жергілікті атқарушы және өкілді органдарда, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асырады.
2. Бақылау субъектілерін жоспарлы тексерулердің кезеңділігі әділет органының бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) бекітетін жоспарлы тексерулер жүргізу жоспарына сәйкес үш жылда бір реттен аспауға тиіс.
Жоспардан тыс тексерулер әділет органдарының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнамасын бұзушылықтар тікелей анықталған, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан осындай бұзушылықтар туралы ақпарат алынған кезде немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша жүргізіледі.
Әділет органы бақылау субъектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталғаны туралы ол басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып хабарлайды.
3. Әділет органының бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) тексеру жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей бақылау субъектілеріне жоспарлы тексерулер жүргізу жоспарларын бекітеді.
Жоспарлы тексерулер жүргізу жоспарлары мыналарды қамтиды:
жоспарды бекіту туралы актінің күні мен нөмірі;
бақылау субъектілерінің атауы, олардың тұрған жері;
тексеру нысанасы;
тексерулер жүргізу мерзімдері;
жоспарға қол қоюға уәкілетті адамның қолтаңбасы.
Жоспарлы тексерулер жүргізу жоспары жоспарлы тексеру жүргізу туралы хабарлама болып табылады және тексеру жүргізу жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.
4. Жоспарлы тексерулер жүргізу жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бақылау субъектісі қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген немесе бақылау субъектілері арасындағы өкілеттіктер қайта бөлінген жағдайларда жүзеге асырылады.
5. Тексерулер жүргізу кезінде тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адам Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, осы Заңды және "Құқықтық актілер туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
6. Тексеру:
1) лауазымды адамның "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осындай тіркеуге ұсынбау фактілерін анықтау және болғызбау;
2) осы Заңның 18-бабының 1-1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының күші жойылған, сот жарамсыз деп таныған не қолданысы тоқтатыла тұрған, сондай-ақ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпеген не белгіленген тәртіппен жарияланбаған нормативтік құқықтық актілерді заңсыз қолдану фактілерін анықтау және болғызбау;
3) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласында сапаны қамтамасыз ету және заңдылық режимін күшейту бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсаттарында жүргізіледі.
7. Тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде тексеру жүргізіледі. Тексеруді тағайындау туралы актіге әділет органының бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) қол қояды.
8. Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері;
5) тағайындалған тексерудің нысанасы;
6) тексерудің түрі;
7) тексеру жүргізу мерзімі;
8) тексеру жүргізу негіздері;
9) тексерілетін кезең;
10) бақылау субъектісі басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
11) актілерге қол қоюға уәкілетті адамның қолтаңбасы және әділет органының мөрі.
9. Бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы акті табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.
Әділет органының тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамы бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы актіні, қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсетеді.
10. Тексеру мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, қойылған міндеттер және тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдардың құрамы ескеріле отырып белгіленеді, бірақ отыз жұмыс күнінен аспайды.
11. Тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адам бақылау субъектісінің бірінші басшысына (не оның міндетін атқарушы адамға) танысу үшін тексеруді тағайындау туралы актіні көрсетеді.
Олар болмаған жағдайда тексеруді тағайындау туралы актімен бақылау субъектісінің бірінші басшысының орынбасары не аппарат басшысы (бар болған кезде) танысады.
12. Бақылау субъектісінің лауазымды адамының тексеру жүргізуге кедергі келтіруі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылыққа алып келеді.
13. Мемлекеттік құпияларды құрайтын актілерді қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезеңде шығарылған актілер тексеруге жатады.
14. Тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамның:
тексеруді тағайындау туралы актіге сәйкес бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға;
бақылау субъектілерінен тексерулерді жүзеге асыру үшін қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға;
бақылау субъектісінің әкімшілік жауаптылыққа тартылатын лауазымды адамының әділет органы бірінші басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) атына түсініктемелерін сұратуға құқығы бар.
15. Тексеру жүргізу кезінде тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адам:
1) бақылау субъектісіне қатысты объективті емес және біржақты түсінікке жол бермейді;
2) мемлекеттік тіркеуге жататын актілерді іріктеуді жүзеге асырады;
3) актілерді мемлекеттік тіркеу қажеттілігі немесе қажеттілігінің жоқтығы туралы мәселелерді шешеді.
16. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізу кезінде:
1) тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамды мынадай:
тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген, осы баптың 10-тармағында белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
тексеру мерзімдерін осы баптың 18-тармағында белгіленген мерзімнен артық ұзартқан;
осы баптың 9-тармағының екінші бөлігінде көзделген құжаттар болмаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелері туралы актіге шағым жасауға құқылы.
17. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізу кезінде:
1) тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамның бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамның жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге;
3) тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдарға тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезең ішінде бақылау субъектісі шығарған актілерді және тексеру нысанасына сәйкес өзге де құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуға міндетті.
18. Тексерілетін кезеңнің көлемі едәуір болған кезде тексеру бір рет күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
19. Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей, ұзарту себептері көрсетіле отырып, әділет органы бірінші басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) актісімен жүзеге асырылады.
20. Тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адам бақылау субъектісінің бірінші басшысына (не оның міндетін атқарушы адамға) танысу үшін тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы актіні көрсетеді.
Бақылау субъектісін тексеру мерзімін ұзарту туралы хабардар ету тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімі аяқталғанға дейін бір күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
21. Тексеру нәтижелері бойынша тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адам тексеруді тағайындау туралы актіде (не тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы актіде) көрсетілген тексеру мерзімі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тексеру нәтижелері туралы актіні анықталған бұзушылықтар болған жағдайда оларды жою және жұмысты жақсарту бойынша нұсқаулармен бірге үш данада жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актіде әртүрлі кестелер мен анықтамалық деректер болмауға тиіс, бұл мәліметтер жеке қосымшамен ресімделеді.
Тексеру нәтижелері туралы акт болған кезде оған тексеру нәтижелерімен байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері, сондай-ақ бақылау субъектілерінің лауазымды адамдарының анықталған бұзушылықтарға қатысты түсініктемелері қоса беріледі.
22. Тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тапсырылады, екінші данасы қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда бақылау субъектісінің бірінші басшысына не оның уәкілетті адамына танысу және қол қою үшін беріледі, үшінші данасы әділет органында қалады.
23. Тексеру нәтижелері туралы актілерде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні мен орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер олар жеке басты куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) және лауазымы;
5) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері;
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
7) тексерудің түрі;
8) тексеру жүргізу кезеңі;
9) тексеру нәтижелері, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер;
10) талаптарды орындау мерзімі көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
11) бақылау субъектісінің бірінші басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер;
12) тексеруді жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы.
24. Тексеру нәтижелері туралы актіге бақылау субъектісінің бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) тарапынан қарсылықтар немесе ескертулер болған кезде оларға ескертпе жасалады және дәлелді жазбаша түсініктемелер мен ескертулер қоса беріледі.
Бақылау субъектісі тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, акт табыс етілген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қарсылықты жіберуге құқылы.
25. Әділет органының лауазымды адамы бақылау субъектісінің тексеру нәтижелері туралы актіге ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын қарауға және отыз жұмыс күні ішінде уәжді жауап беруге тиіс.
26. Тексеру нәтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда хаттама жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам және бақылау субъектісінің бірінші басшысы (не оның міндетін атқаратын адам) қол қояды.
Бақылау субъектісінің бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы.
27. Тексеру барысында жасалғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адам Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды.
28. Бақылау субъектісінің бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) тексеру нәтижелері туралы актіге қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бақылау субъектісі тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген бұзушылықтарды жоюға тиіс.
Тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі тексеру нәтижелері туралы актіде белгіленген мерзім ішінде әділет органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті. Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынылған ақпаратқа бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді.
29. Бақылау субъектісі тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды осы баптың 28-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, әділет органы осы Заңның 14-бабына сәйкес бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізеді.
30. Егер тексерулерді әділет органы осы бапта белгіленген тексерулер жүргізу жөніндегі талаптарды бұза отырып жүргізсе, олар жарамсыз деп танылады.".
44. "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – мемлекеттік фитосанитариялық бақылау) – уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар қызметін Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру және байқау жөніндегі қызметі;";
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 5-3) тармақшамен толықтырылсын:
"5-3) өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;";
3) 14-1-баптың 2-тармағы "сақтау орындары (көмiндiлер)" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ оларды кәдеге жаратуға және жоюға арналған арнаулы техникалық ғимараттар" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 15-баптың 3) тармақшасы "пестицидтер" деген сөзден кейін "мен олардың ыдыстары, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстары" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 15-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";
2-тармақ "профилактикалық бақылау" деген сөздерден кейін "және тергеп-тексеру" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 19-6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"19-6-бап. Пестицидтердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Пестицидтерді сақтау, өткізу, қолдану, залалсыздандыру және орамасын таңбалау кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын міндетті талаптар өсімдіктерді (пестицидтерді) қорғау құралдарының қауіпсіздігі туралы техникалық регламентте белгіленеді.";
7) 19-7, 19-8 және 19-9-баптар алып тасталсын.
45. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
9) тармақшадағы "тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы," деген сөздер алып тасталсын;
29-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"29-1) жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері – өндірудің (жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндірудің, дайындаудың (мал союдың), сақтаудың, қайта өңдеудің) технологиялық циклінің екі және одан да көп процесін (сатысын) жүзеге асыру қызметіне кіретін өндіріс объектілері (ұйымдары);";
мынадай мазмұндағы 29-2) тармақшамен толықтырылсын:
"29-2) жануарларды карантиндеу – диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық дауалау жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды оқшаулап ұстау;";
38-1) және 42-2) тармақшалар алып тасталсын;
2) 8-бап мынадай мазмұндағы 46-32) және 46-33) тармақшалармен толықтырылсын:
"46-32) ветеринария саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-33) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) айқындау кіреді.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;";
3) 14-бапта:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық қадағалау осы Заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";
"мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";
4) 14-1-бапта:
3-тармақтағы "тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау" деген сөздер "тергеп-тексеру, тексеру және профилактикалық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1-тармақтың бірінші абзацындағы "мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
"3-2. Тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы қабылдайды.
Облыс аумағында орналасқан екі және одан да көп аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық бөлімшесінің басшысы қабылдайды.
Екі және одан да көп облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағын қамтитын тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің басшылары қабылдайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары және Еуразиялық экономикалық одақтың жануарлардың жұқпалы ауруларының өршуіне, таралуына жол бермеу, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының басқа мемлекеттерден әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі құқығын құрайтын актілер талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау осы Заңға сәйкес:
1) тірі жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өткізетін сауда базарларында;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде және (немесе) жеткізу орындарында, кедендік тазартуды аяқтау орындарында, сондай-ақ ветеринариялық бақылау бекеттерінде;
3) карантиндік аймақтарда және қолайсыз пункттерде, жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша ошақтарда күн сайын жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау олардың аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған және (немесе) оны қолайсыз аймаққа жатқызған жағдайларды қоспағанда, жылына кемінде екі рет жүзеге асырылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау осы Заңда айқындалған тәртіппен жылына кемінде екі рет бару арқылы жүргізіледі.";
7-тармақтың екінші бөлігінде:
"өзге де нысандарының" деген сөздер алып тасталсын;
"жеке кәсіпкерлік" деген сөздер "бақылау және қадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацында:
"бақылау мен қадағалауды" деген сөздер "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
екінші бөліктегі "бармай профилактикалық бақылау және қадағалау" деген сөздер "бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі "бақылау мен қадағалаудың", "бақылау мен қадағалау" деген сөздер тиісінше "бақылаудың", "бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлікте:
"бақылау мен қадағалауды" деген сөздер "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
"тоқсан сайын" деген сөздер "ай сайын" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші және жетінші бөліктердегі "мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
тоғызыншы бөліктегі "бақылау мен қадағалауды" деген сөздер "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелерін уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері есепке алуға тиіс.";
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық қадағалау уәкілетті орган ведомствосының, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің осы Заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жедел ден қою шараларын қолдануға бағытталған қызметі болып табылады.";
5) мынадай мазмұндағы 14-2-баппен толықтырылсын:
"14-2-бап. Ветеринария саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар адамдардың өмірі мен денсаулығына, жануарлардың өмірі мен саулығына, қоршаған ортаға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайларда жедел ден қою шараларын қолданады.
2. Осы бапта көзделген, тексеруді, бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және тергеп-тексеруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 4) және 7) тармақшаларына, 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүргізуді жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша қолданылатын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) әсер ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.
3. Жедел ден қою шараларына мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес келмейтін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, (орын ауыстыруға), өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді қайтару;
2) ветеринария саласындағы рұқсат беру құжатының қолданысын тоқтата тұру, одан айыру (оны кері қайтарып алу), тоқтату;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу, оларды тоқтата тұру;
4) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою;
5) көлік құралын тоқтату және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстау.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 4) және 7) тармақшаларына, 9-тармағының 2) тармақшасына және 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылу себептерін анықтау және көрсетілген талаптардың бұзылуына жол берген бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау үшін тергеп-тексеру жүргізу кезінде жедел ден қою шаралары тексеру парақтарында белгіленген талаптардың бұзылуына қатысты ғана қолданылады.
5. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қадағалау актісін ресімдейді.
Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделіп, бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
6. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағы 4) және 7) тармақшаларының, 9-тармағы 2) тармақшасының негізінде мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша қадағалау актісі ресімделгеннен кейін ветеринариялық-санитариялық инспектор жедел ден қою шарасын қолдануды тікелей жүзеге асырады.
7. Қадағалау актісі қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба жасалады және қадағалау актісін қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазу жүзеге асырылады.
Қадағалау актісі бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.
8. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
9. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру, тергеп-тексеру нәтижелері туралы актілерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
10. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды тергеп-тексеру актісінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
11. Тергеп-тексеру актісінде, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетілген талаптарды бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Қадағалау актісінің қолданысы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.
12. Жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
13. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада, тергеп-тексеру актісінде көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда, осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
14. Жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда бақылау және қадағалау субъектісі қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
15. Қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою үшін мыналар негіз болып табылады:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шараларын қолдану;
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.
16. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.";
6) 20-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде және (немесе) жеткізу орындарында, кедендік тазартуды аяқтау орындарында, сондай-ақ ветеринариялық бақылау бекеттерінде міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.";
2-тармақ "қағидалар" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын актілер" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
"9. Құжаттық бақылау орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауіпсіздігін; орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді әкелуге (әкетуге) немесе транзиттеуге рұқсаттардың болуын; ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларға сәйкестігін, шектеулер мен тыйымдардың болмауын растайтын құжаттарды тексеруден тұрады.
Физикалық бақылау орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді жете тексеруді (қарап-тексеруді); орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларға, ашып көрсетілген құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігін, оның ішінде ілеспе құжаттарда көрсетілмеген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің болуын жоққа шығару және үйлеспейтін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің бірлесіп орын ауыстыруын болғызбау мақсатында тексеруді; көлік құралының орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау үшін қажетті белгіленген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігін бақылауды; орын ауыстыру (тасымалдау) шарттары мен режимін бақылауды; ораманың және таңбалаудың белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауды қамтиды. Жете тексеру (қарап-тексеру) нәтижелері бойынша тиісті акт жасалады.
Зертханалық бақылау орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді жете тексеру (қарап-тексеру) кезінде көрінетін органолептикалық өзгерістер анықталған және жануарлардың жұқпалы ауруларын жоққа шығару жағдайларында зерттеулер жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
Көрсетілген бақылау түрлерін жүзеге асыру нәтижелері бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге қатысты: рұқсат беру (өткізу) туралы; қозғалысты тоқтата тұру туралы; әкелуге тыйым салу туралы; қайтару туралы шешімдердің бірі қабылданады.
10. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден әкелу кезін қоса алғанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импорты кезінде оның түпкілікті межелі пунктінде сынамалар алуды және ветеринариялық-санитариялық сараптаманы қоса алғанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні толық жете тексере отырып, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізіледі.";
7) 23-бапта:
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының және Еуразиялық экономикалық одақтың, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, осы Заңды, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтай отырып, импорттаушы елдердің құқығын құрайтын актілердің талаптарын сақтау тұрғысынан жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
"7. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларға сәйкестігін; экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға және қағидаларға сәйкестігін; Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринарлық есепке алу есебін жүргізуді және ұсынуды; ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді; дезинфекция, дератизация, дезинсекция жүргізуді ұйымдастыруды; жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіріп-өсіру, дайындау (мал сою), сақтау, қайта өңдеу және өткізу кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларды, техникалық регламенттерді сақтауды; биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратуды және (немесе) жоюды растайтын құжаттарды тексеруден тұрады.
Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу туралы шешімді осы Заңның 14-1-бабының 5-1-тармағына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы қабылдайды.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша осы Заңға, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес құжаттар жасалады, сондай-ақ осы Заңға сәйкес жедел ден қою шаралары қабылданады.
Бақылау және қадағалау субъектілері құжаттарда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, табыс етілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесіне қарсылық жіберуге құқылы.
8. Экспорттаушыларды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау импорттаушы елдің ветеринариялық заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Экспорттаушылар болып табылатын, жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өсіріп-өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері импорттаушы елдердің талаптарын сақтау тұрғысынан оларды алдын ала хабардар етпестен, жылына кемінде екі рет инспекциялауға, осы объектінің орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерінің қауіпсіздігін мониторингтеуге жатады. Мониторинг Қазақстан Республикасының заңнамасына және импорттаушы елдердің талаптарына сәйкес жүргізіледі және зертханалық мониторингті, клиникалық мониторингті (тек жануарларды әкеткен кезде), ветеринариялық құжаттарды ресімдеудің дұрыстығына және айналымдағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді таңбалаудың дұрыстығына мониторингті қамтуға тиіс.
Инспекциялау аяқталғаннан кейін экспорттаушы болып табылатын, жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінің басшылығына анықталған сәйкессіздіктер туралы мәліметтер және мерзімдерін көрсете отырып, оларды түзету жөнінде шаралар қабылдау бойынша ұсынымдар беріледі.
Субъектілер ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсыным табыс етілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік ведомствосының аумақтық бөлімшесіне қарсылық жіберуге құқылы.
Инспекциялауды жүзеге асырған мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор инспекциялау аяқталғаннан кейін жүргізілген инспекциялау туралы есепті қалыптастырады.";
8) 24-2-баптың 1-тармағы "жағдайларда" деген сөзден кейін "техникалық регламенттердің, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының және Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілердің талаптарын сақтай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
9) 24-4-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде техникалық регламенттерге, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес оларды қолдану технологиясының талаптары ескерілуге тиіс.
2-тармақтағы "қалдықтары және ветеринариялық препараттардың құрамдас бөлiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында" деген сөздер "және ветеринариялық препараттар құрамдас бөлiктерiнің қалдықтары техникалық регламенттерде, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 24-5-баптың 2-тармағының 1) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Заңның, техникалық регламенттердің, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының және Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілердің талаптарына сәйкес келмейтін;";
"6) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерде, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерде көзделген мәлiметтермен таңбаланбаған не оларға қатысты осындай ақпараты жоқ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ішкі сауда объектісіне шығаруға болмайды.".
46. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:
39-1-бап. Балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімнің таратылуын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін мемлекеттік бақылау
1. Балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімнің таратылуын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін мемлекеттік бақылау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімнің таратылуын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ішкі істер органдары) лауазымды адамдары бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы жүзеге асырады.
3. Тексеру бұзушылықтардың жолын кесу және (немесе) олардың жасалу мән-жайларын анықтау қажеттілігімен (демалыс, мереке күндері немесе тәуліктің түнгі уақытында) байланысты болатын жағдайларды қоспағанда, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру бақылау субъектісінің (объектісінің) ішкі еңбек тәртібі қағидаларында белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
4. Балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді тарату фактілері бойынша, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібі бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу:
1) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарынан белгілі болған бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
2) ішкі істер органдары жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралар;
3) ішкі істер органдары қызметкерлерінің бұзушылықты тікелей көріп-білуі негізінде жүзеге асырылады.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру бақылау субъектілерін (объектілерін) алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен жүргізіледі.
6. Ішкі істер органдары лауазымды адамдарының бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде:
1) бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы талаптарын сақтай отырып, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру материалдарына қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға;
3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағыныстағы және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар.
7. Ішкі істер органдарының лауазымды адамдары бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде:
1) қызметтік куәлікті көрсетуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
3) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезеңінде бақылау субъектілерінің (объектілерінің) белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) бақылау субъектісіне не оның уәкілетті өкіліне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде қатысуға кедергі келтірмеуге, тексеру нысанына жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
5) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде бақылау субъектісіне тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты ұсынуға міндетті.
8. Бақылау субъектілері:
1) егер мәліметтер жүргізілетін бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нысанасына немесе тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезеңдерге жатпаса, оларды ұсынбауға;
2) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
3) қызметтік куәлігі болмаған жағдайда, тексеру жүргізу үшін келген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерін (қызметкерлерін) тексеруге жібермеуге;
4) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ оның қызметіне кедергі келтірместен ішкі істер органдары лауазымды адамының жекелеген іс-әрекеттерін аудио-, фото- және бейнетүсіруді жүзеге асыруы мақсатында тексеруге қатысуға үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.
9. Бақылау субъектілері:
1) ішкі істер органдары лауазымды адамдарының бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу үшін өз аумағына және үй-жайларға кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы талаптарын сақтай отырып, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру материалдарына қоса тіркеу үшін ішкі істер органдарының лауазымды адамдарына қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін ұсынуға;
3) тексеру аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы актіні алғандығы туралы белгі қоюға міндетті.
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері бойынша балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімнің таралу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін бұзу фактісі расталған кезде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы акт жасалады, бақылау субъектісіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тапсырылады, екінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін бақылау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) қолын қойғыза отырып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда беріледі, үшіншісі ішкі істер органдарында қалады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы акті табыс етілген күннен бастап бұзушылықты жою мерзімі есептеледі.
12. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы акт мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – актіде алынғандығы туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен – ішкі істер органы, егер бақылау субъектісі бұрын мұндай мекенжайды ұсынған болса, бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемін, қойылған міндеттерді ескере отырып белгіленеді және бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
14. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мән-жайларды ескере отырып, бірақ табыс етілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен асырылмай айқындалады.
15. Бақылау субъектісі қабылдаған шаралар туралы хабарламаған және (немесе) анықталған бузушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдамаған жағдайда, ішкі істер органдарының лауазымды адамы өкілеттіктері шегінде бақылау субъектісін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
16. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) ішкі істер органдарының бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізген лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
3) бақылау субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде қатысқан уәкілетті адамның лауазымы (бар болған кезде);
4) тұрған жері көрсетілген бақылау объектісі;
5) анықталған бұзушылықтардың тізбесі және анықталған бұзушылықтарды жою мерзімін көрсете отырып, оларды жою туралы талаптар;
6) бақылау субъектісінің немесе оның уәкілетті адамының актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
7) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізген ішкі істер органдарының лауазымды адамының қолтаңбасы.
17. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актінің бақылау субъектісіне табыс етілген күні бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.";
2) 52-бапта:
3-тармақтағы "тексеру" деген сөз "жоспардан тыс тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "түрлі ақпарат көздерінен" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзге де ашық дереккөздерден, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
8 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша бақылау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәсілін міндетті түрде түсіндіре отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай, бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным (бұдан әрі – ұсыным) жасалады.";
"13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізудің еселілігі – ай сайын, 25-і күнінен кешіктірмей, айына бір реттен асырылмайды.".
47. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдарға қатысты Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Осы тармақтың талабы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның құрылымына кіретін ұйымдарға және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қолданылмайды.";
2-тармақ алып тасталсын;
2) 2-тарау мынадай мазмұндағы 5-4-баппен толықтырылсын:
"5-4-бап. Мемлекеттік органдарға қатысты Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі
1. Мемлекеттік органдарға (бұдан әрі – бақылау субъектілері) қатысты Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган тексеру нысанында жүргізеді.
Тексерулер мерзімдік және жоспардан тыс деп бөлінеді.
Бақылау субъектілеріне қатысты мерзімдік тексеру мынадай ақпарат көздеріне сәйкес жүзеге асырылады:
1) алдыңғы тексерулердің нәтижелері;
2) есептілік пен мәліметтерді мониторингтеудің нәтижелері;
3) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын талдаудың нәтижелері;
4) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мәліметтері.
2. Мерзімдік тексерулер ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы бекіткен мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарына сәйкес жылына бір реттен жиі емес кезеңділікпен жүргізіледі.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган тексеру жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарын бекітеді.
Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспары ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында тексерулер жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей орналастырылады.
Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарында мыналар қамтылады:
1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) бақылау субъектісінің атауы;
4) бақылау субъектісінің (объектісінің) тұрған жері;
5) тексеру жүргізу мерзімдері;
6) тексерудің нысанасы;
7) жоспарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бақылау субъектісі таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген немесе өкілеттіктері бақылау субъектілері арасында қайта бөлінген жағдайларда жүзеге асырылады.
3. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган тағайындайтын тексеру:
1) бақылау субъектісіне Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы туралы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен, расталған жолданымдар болған;
2) құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жеке және заңды тұлғалар жүгінген;
3) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің нақты фактілері бойынша не нұқсан келтіру қатері туралы прокурор талап еткен;
4) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ жойылмауы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуының нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдар жүгінген;
5) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы болған;
6) тексеру нәтижелері туралы актінің орындалуына бақылау жүргізу қажет болған жағдайларда жоспардан тыс тексеру болып табылады.
4. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:
1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексерудің нысанасына сәйкес бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті алуға;
3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
5. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын:
осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болған кезде мерзімдерді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
осы баптың 8-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) тексеру нәтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
6. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің және тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына ол аяқталған күні белгі жасауға міндетті.
7. Тексеру тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
5) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері.
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі тексерілген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы мен тұрған жері көрсетіледі;
6) тексерудің нысанасы;
7) тексеру түрі;
8) тексеру жүргізу мерзімі;
9) тексеру жүргізу негіздері;
10) тексерілетін кезең;
11) бақылау субъектісінің құқықтары мен міндеттері;
12) бақылау субъектісі басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
13) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Тексеру жүргізу кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, ол басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын бақылау субъектісін тексеру жүргізудің басталатыны туралы хабардар етуге міндетті.
Бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
8. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның объектіге тексеруге келген лауазымды адамдары бақылау субъектісіне:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын;
3) қажет болған кезде – құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын көрсетуге міндетті.
9. Тексеру жүргізу мерзімі тексерудің нысанасы, сондай-ақ алдағы жұмыстардың көлемі ескеріле отырып белгіленеді және он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тексеру жүргізу мерзімі тек бір рет он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Ұзарту ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган басшысының шешімімен жүзеге асырылады.
Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту бақылау субъектісін хабардар ете отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы акт бұйрығының күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі.
Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган табыс етілгені туралы хабарламамен бақылау субъектісіне ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.
10. Тексеру нәтижелері бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдары тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыретi шегiнде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органға, екінші данасы, бақылау субъектісінде түпнұсқасы бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен қағаз жеткізгіште қол қойғыза отырып немесе электрондық нысанда анықталған бұзушылықтармен танысу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау және басқа да әрекеттер үшін бақылау субъектісіне (басшыға не оның уәкілетті адамына) табыс етіледі, үшінші данасы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органда қалады.
11. Тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің (мерзімді ұзарту туралы қосымша акт болған кезде оның) күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
6) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері;
7) тексерудің нысанасы;
8) тексеру түрі;
9) тексеруді жүргізу мерзімі мен кезеңі;
10) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар және олардың сипаты туралы мәліметтер;
11) орындалу мерзімі көрсетілген Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
12) бақылау субъектісі басшысының не оның уәкілетті адамының, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба;
13) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбасы.
Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттар (олар болған кезде) және олардың көшірмелері қоса беріледі.
12. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, бақылау субъектісі оларды жазбаша түрде жазады. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі жасалады.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектісінің тексеру нәтижелері туралы актіге ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын он бес жұмыс күні ішінде қарауға және уәжді жауап беруге тиіс.
Тексеру нәтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар және бақылау субъектісінің басшысы не оның уәкілетті өкілі қол қояды.
Бақылау субъектісі бас тарту себебі туралы жазбаша түсіндірме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.
13. Тексеру нәтижелері туралы акт бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
14. Тексеру нәтижелері туралы актіні орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.
15. Тексеру нәтижелері туралы актінің орындалу мерзімдерін айқындау кезінде:
1) бақылау субъектісінде бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық мүмкіндіктердің болуы;
2) мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндетті қорытындыларды, келісулерді және басқа да құжаттарды алу мерзімдері ескеріледі.
16. Тексеру нәтижелері туралы актіде белгіленген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі тексеру нәтижелері туралы актіде белгіленген мерзім ішінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға растайтын құжаттармен бірге анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат ұсынылмаған жағдайда, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган осы баптың 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.
17. Тексеруді жүзеге асыру кезінде бақылау субъектісінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда бақылау субъектісі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.";
3) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам осы заңды тұлғаның жұмыскеріне немесе өзі тағайындаған адамға электрондық құжатқа қол қоюға өкілеттіктер беруге құқылы. Бұл ретте әрбір қызметкер тіркеу куәлігін және өз атына алынған электрондық цифрлық қолтаңбаның өзіне сәйкес келетін жабық кілтін пайдаланады.";
4) 17-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "ашық кiлттердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сақтауға" деген сөздер "электрондық құжатпен бірге электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру үшін ашық кілтті сақтауға және беруге" деген сөздермен ауыстырылсын.
48. "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ "тексеру және" деген сөздерден кейін "бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 13-баптың 2-1-тармағындағы "Техникалық регламенттердiң" деген сөздер "Тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттардың және стандарттау жөніндегі өзге де құжаттардың" деген сөздермен ауыстырылсын.
49. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
19-2-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің автомобиль көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бақылау.".
50. "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 1-1) және 5-1) тармақшалары алып тасталсын;
2) 5-баптың 5-5) тармақшасы алып тасталсын;
3) 11-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Темекі өнімдерінің айналымы кезінде міндетті түрде тауарларды әкелу туралы хабарлама және қабылдау (беру) актісі ресімделеді.
Тауарларды әкелу туралы хабарламаны және қабылдау (беру) актісін ресімдеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Тауарларды әкелу туралы хабарламасы және қабылдау (беру) актісі жоқ, сондай-ақ темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және олардың қадағалану қағидалары бұзылған темекі өнімдерінің айналымына және орнын ауыстыруына тыйым салынады.";
3-тармақ алып тасталсын.
51. "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 1-тармағындағы "арнаулы білімсіз немесе арнайы құралдарды қолданбай" деген сөздер алып тасталсын;
2) 8-баптың 1-тармағының бесінші бөлігі алып тасталсын;
3) 11-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі ", оның ішінде нұсқағыштарды" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшадағы "арнайы бөлінген орындарда орналастырылатын" деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақша алып тасталсын;
5), 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) автожанармай құю станцияларына, автогаз құю станцияларына, газ толтыру пункттеріне, газ толтыру станцияларына, автогаз толтыру компрессорлық станцияларына кірген жерде орналастырылатын мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газының түрлері, мұнай өнімдерінің және сұйытылған мұнай газының бағалары, сатушының атауы мен логотипі туралы ақпарат;";
"7) ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақтың қоршауына кірер жолда, сондай-ақ айырбастау пункттері ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылысжайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын, қолма-қол шетел валютасын және алтынды теңгемен сатып алу және (немесе) сату бағамдары туралы мәліметтер бар ақпарат;
8) сырттан көзбен көру үшін сөрелер мен терезелерді ішкі безендіру жатпайды.";
4) 13-баптың 3-тармағындағы "тағамға биологиялық активті қоспаларды" деген сөздер "мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың және қадағалаудың бақылауындағы өнімді (тауарларды)" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 17-бапта:
2-тармақ 3) тармақшадағы "қорғау болып табылады." деген сөздер "қорғау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
4) адамдардың өмірі мен денсаулығының және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";
4-тармақтың бірінші бөлігі "Заңға" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 18-бапта:
бірінші бөлікте:
", жарнама жасаушы және жарнама таратушы" деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
екінші бөлік алып тасталсын;
7) 19-бапта:
1-тармақ "дереу" деген сөзден кейін ", бірақ күнтізбелік үш күннен кешіктірмей" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жөнсіз сыртқы (көрнекі) жарнаманы теріске шығару сыртқы (көрнекі) жарнаманың сол объектісінде сол сипаттамалар мен ұзақтық өлшемдерін пайдалана отырып, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.";
3-тармақ "уәкiлетті органның" деген сөздер "мемлекеттік бақылау және қадағалау органының" деген сөздермен ауыстырылсын.
52. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
2) 7-бапта:
12) тармақшадағы "беретін" деген сөз "интернет-ресурста орналастыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) және 15) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 15-11) тармақшамен толықтырылсын:
"15-11) өз құзыреті шегінде ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәртібін бекітеді және оларды көрсетеді;";
3) 8-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
4) 9-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды және тауар берушінің талап етуі бойынша тараптардың келісімімен шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленетін азық-түлік тауарларын беру шарты жасалатын жағдайларды" деген сөздер "Тауар берушінің талап етуі бойынша тараптардың келісімімен шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленетін азық-түлік тауарларын беру шарты жасалатын жағдайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
5) 10-бапта:
2-7-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сауда объектісінің мамандандырылуын оның меншік иесі айқындайды.";
6) 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында айқындалады.";
7) 3-1-тарау мынадай мазмұндағы 14-3-баппен толықтырылсын:
"14-3-бап. Ішкі сауда субъектілерін мемлекеттік қолдау
Ішкі сауда субъектілері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануға құқылы.";
8) 31-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Өндіруші немесе өткізуші Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келмейтін өнімді анықтаған және оны өткізуден өз еркімен қайтарып алған жағдайларда, бақылау және қадағалау органдары мұндай өндірушілерге немесе өткізушілерге қатысты шаралар қолданбайды.";
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы "2 және 3-тармақтарын" деген сөздер "2-тармағын" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 33-2-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі "жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары" деген сөздер "шекті сауда үстемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және оның лауазымды адамдары өздеріне қатысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізілетін мемлекеттік бақылау субъектілерінің бекітілген тізімі негізінде жүзеге асырады.";
5-тармақтағы "жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары" деген сөздер "шекті сауда үстемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Уәкілетті орган мемлекеттік кіріс органдарынан алынған мәліметтер негізінде өздеріне қатысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізілетін мемлекеттік бақылау субъектілерінің тізімін қалыптастырады.";
екінші бөліктегі "жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары" деген сөздер "шекті сауда үстемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары" деген сөздер "шекті сауда үстемесі" деген сөздермен ауыстырылсын.
53. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру, радиобақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және радиобақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Тексеру және радиобақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Радиобақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.".
54. "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 5) тармақшасындағы "жасау" деген сөз "мен қадағалауды жүзеге асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылауды іске асыру барысында уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері осы Заңға сәйкес жедел ден қою шараларын қолдануы мүмкін.";
3) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
"7-1-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі
1. Егер бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қауіпсіз пайдалануға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жүктердің сақталуына тікелей қатер төндірсе, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлері жедел ден қою шараларын қолданады.
2. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) қарап-тексеруді (тексеруді), бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оларды жүргізу нәтижелері бойынша қолданылатын әсер ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады, олардың түрлері осы бапта көзделген.
3. Жедел ден қою шараларына кемені (оның ішінде шағын көлемді кемені) пайдалану қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жүктердің сақталуына төнген қатер болған кезде кемелердің (оның ішінде шағын көлемді кемелердің), салдардың және өзге де жүзу объектілерінің қозғалысын (пайдаланылуын) тоқтата тұру және оған тыйым салу жатады.
4. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына және (немесе) осы Заңның 17-1-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
5. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қадағалау актісін ресімдейді.
Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделіп, бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
6. Қадағалау актісі қолма-қол табыс етілен кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі және қадағалау актісін қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазу жүзеге асырылады.
Қадағалау актісі бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар хатпен жіберіледі.
7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
8. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актіде және (немесе) кемені (шағын көлемді кемені) қарап-тексеру актісінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
9. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) кемені (шағын көлемді кемені) қарап-тексеру нәтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру (қарап-тексеру) жүргізіледі.
Қадағалау актісінің қолданысы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру (қарап-тексеру) нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.
11. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру (қарап-текеру) нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
12. Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда, осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру (қарап-тексеру) жүргізіледі.
13. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
14. Қадағалау актісін жарамсыз деп тануға және оның күшін жоюға мыналар негіз болып табылады:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) осы шараға сай келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шарасын қолдану;
3) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.
15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайлы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.";
4) 9-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) тексеру парағына енгізілген талаптар арасынан бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындау, сондай-ақ нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) айқындау жатады.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;";
3) тармақша "кемелердi" деген сөзден кейін "(оның ішінде шағын көлемді кемелерді)" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша "кемелердiң" деген сөзден кейін "(оның ішінде шағын көлемді кемелердің)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) кемелердің командалық құрамының адамдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларына сәйкес жүргізілетін аттестаттау;";
5) 13-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) кеме қатынасының қауiпсiздiгiн, оның iшiнде навигациялық жабдықтар құралдарының көрiнiп тұруын қамтамасыз ету, навигациялық жабдықтардың жағалау құралдарын орнату және олардың көрiнiп тұруын қамтамасыз ету үшiн ағаштарды кесу жұмыстарын жүргiзу үшiн, сондай-ақ өзен арналары учаскелерiн суретке түсiру кезiнде геодезиялық негiздеме үшiн жағалау белдеуiнде және оның шегiнен тысқары жерлерде өскен ағаштар мен бұталарды кесiп тастауға;";
6) 15-2-бап алып тасталсын;
7) 15-3-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
8) 15-4-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
9) 17-баптың 7), 8) және 9) тармақшалары алып тасталсын;
10) 17-1-бапта:
4) тармақшаның алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтары алып тасталсын;
14) тармақша алып тасталсын;
бірінші бөліктегі "кеменің (құрамның) қозғалысына тыйым салу туралы шешім қабылдайды, бұл жөнінде кеменің капитаны кеме иесіне хабарлайды" деген сөздер "осы Заңның 7-1-бабының 3-тармағында көзделген жедел ден қою шараларын қабылдайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
"Жедел ден қою шарасы қолданылған кезде осы шараның қолданылу мерзімі (қажет болған жағдайда) көрсетілген қадағалау актісі ресімделеді, оның нысанын уәкілетті орган айқындайды.";
"Қадағалау актісі екі данада жасалады, оған аумақтық бөлімшенің жұмыскері мен капитан (бірінші штурман немесе капитанның аға көмекшісі) қол қояды. Капитан (бірінші штурман немесе капитанның аға көмекшісі) қол қоюдан бас тартқан жағдайда, қадағалау актісінде бас тартудың мәлімделген уәждері көрсетіле отырып, жазба жасалады.
Қадағалау актісінің бірінші данасы – кемеде, екінші данасы аумақтық бөлімшеде кеме ісінде сақталады.";
төртінші бөлік "актісіндегі" деген сөзден кейін ", нұсқамадағы және қадағалау актісіндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөліктегі "шағын көлемді кемені пайдалану қауіпсіздігіне қатер төнетін жағдайларда аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы шағын көлемді кеменің (құрамның) жүзуіне тыйым салады, бұл туралы кеме жүргізуші кеме иесіне хабар береді" деген сөздер "жүзу қауіпсіздігіне қатер төнетін жағдайларда аумақтық бөлімшенің жұмыскері осы Заңның 7-1-бабының 2-тармағында көзделген жедел ден қою шараларын қабылдайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
"Жедел ден қою шаралары қолданылған кезде осы шараның қолданылу мерзімі (қажет болған жағдайда) көрсетілген қадағалау актісі ресімделеді, оның нысанын уәкілетті орган айқындайды.";
"Қадағалау актісі екі данада жасалады, оған аумақтық бөлімшенің жұмыскері мен кеме жүргізуші қол қояды. Кеме жүргізуші қадағалау актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мәлімделген уәждері көрсетіле отырып, жазба жасалады.
Қадағалау актісінің бірінші данасы – кеме иесінде, екінші данасы аумақтық бөлімшеде сақталады.
Шағын көлемді кемеге қарап-тексеру жүргізген аумақтық бөлімшенің жұмыскерлері шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісіндегі, нұсқамадағы және қадағалау актісіндегі жазбалардың анықтығына жауапты болады.";
11) 17-2-бапта:
тақырыптағы "мен қадағалауды" деген сөздер алып тасталсын;
"бақылау мен қадағалауды" деген сөздер "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3-тармақтағы "бақылау мен қадағалаудың" деген сөздер "бақылаудың" деген сөзбен ауыстырылып, "мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
"мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5 және 8-тармақтардағы "мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
"мен қадағалау нәтижелері" деген сөздер "нәтижелері" деген сөзбен ауыстырылсын;
"тоқсандық" деген сөз "жартыжылдық" деген сөзбен ауыстырылсын;
"мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
12) 22-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Меншік иесі кемеге атау береді және оны өзгертеді.
Тұйық бассейнде, аралас бассейндерде және аралас "өзен-теңіз" жүзу бассейндерінде пайдаланылатын кемелерге бірдей атау беруге жол берілмейді.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Меншік иесі тіркелген кеме кепілдерінің кепіл ұстаушыларын кеме атауының өзгергені туралы дереу хабардар етеді.";
13) 23-бапта:
1-тармақтың 9) тармақшасы алып тасталсын;
1-1-тармақтың 1) тармақшасындағы "билеті;" деген сөз "билеті болуға тиіс." деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасы алып тасталсын;
14) 25-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
15) 34-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Кемелердiң командалық құрамының адамдарын аттестаттау әрбiр келесі бес жыл өткен соң жүргiзiледi. Тиiстi мамандық бойынша оқу орнын кезектi аттестаттау жылында бітірген, сондай-ақ сол жылы диплом алған адамдар аттестаттаудан босатылады.";
16) 59-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қауіпті жүкті жөнелтуші (жүк жөнелтуші) жүкті қозғалыс қауіпсіздігі, жүк пен кеменің сақталуы қамтамасыз етілетіндей етіп тасымалдауға дайындауға міндетті, қауіпті жүктерді тасымалдауды орындайтын тасымалдаушы оларды тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өзінде авариялық жағдайлар мен олардың зардаптарын жою үшін қажетті құралдары мен мобильді бөлімшелері (оның ішінде шарт бойынша) болуға міндетті.
Қауiптi жүктердi тасымалдау процесінде авариялық жағдай туындаған кезде тасымалдаушы көрсетілген бөлiмшелердiң оқиға болған жерге дереу жiберiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.".
55. "Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
7-1-баптағы "мемлекеттік қадағалауды" деген сөздер "мемлекеттік бақылау мен қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын.
56. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 70-48) тармақшамен толықтырылсын:
"70-48) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес энергия беруші ұйымдардың электрмен жабдықтауының сенімділік көрсеткіштері туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады;";
2) 6-1-баптың 3-тармағында:
бірінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
1) тармақшадағы "ай сайынғы" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшадағы "материалдарды талдау жолымен жүргізіледі." деген сөздер "материалдарды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, электрондық ақпараттық ресурстардан алынған ақпаратты, электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау арқылы жүргізіледі.";
3) 12-баптың 7-тармағы "асырмауға" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштері туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 13-бап мынадай мазмұндағы 6-3 және 15-тармақтармен толықтырылсын:
"6-3. Электр желілеріне технологиялық қосуды жүзеге асыру үшін энергия беруші ұйымдар кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу шарттарын жасасуға міндетті. Шарт энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосылу құнына (шығындар тізбесі) ақы төлеу жүргізілгеннен кейін жасалған деп есептеледі.";
"15. Энергия беруші ұйымның энергиямен жабдықтаушы ұйымды таңдауда тұтынушыға кедергі жасауына және шектеуіне тыйым салынады.";
5) 15-1-баптың 3-тармағында:
екінші бөлік алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Сараптама қорытындылары мемлекеттік тілде және қажет болған кезде орыс тілінде ұсынылады.".
57. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
74) тармақшадағы "шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру қызметі" деген сөздер "аңшылық шаруашылығы субъектісі" деген сөздермен ауыстырылсын;
80) тармақша алып тасталсын;
2) 9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 5-1) және 26-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) айқындайды.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;";
"26-1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері бойынша сотқа талап қою дайындайды және ұсынады;";
30-1) және 36) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 47-3) және 47-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"47-3) балық өнімдерін қайта өңдеуді субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
47-4) балық шаруашылығы субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
62) тармақшадағы ", мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс" деген сөздер алып тасталсын;
65-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 65-2) тармақшамен толықтырылсын:
"65-2) балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру қағидаларын, инвесторға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;";
77-5) және 77-7) тармақшалар алып тасталсын;
77-10) тармақшадағы "кәсіпшілік" деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 77-16), 77-17) және 77-18) тармақшалармен толықтырылсын:
"77-16) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру және (немесе) қайта бекітіп беру жөнінде шешімдер қабылдайды;
77-17) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (аквашаруашылықты) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөнінде шешімдер қабылдайды;
77-18) балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы шешімдер қабылдайды;";
3) 10-баптың 2-тармағында:
3) тармақша алып тасталсын;
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1) жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiтедi;".
"алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн" деген сөздер "алқаптарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және балық шаруашылықтарының" деген сөздер "шаруашылығының" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-15) және 5-16) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-15) балық өнімдерін қайта өңдеуді субсидиялауды жүзеге асырады;
5-16) балық шаруашылығы субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асырады;";
4) 14-баптың 3-тармағының 8) тармақшасындағы "аймақтарында" деген сөз "аймақтары мен өсімді молайту учаскелерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 19-бап мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
"2-3. Мемлекеттік тапсырысты орындайтын өсімді молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындары балық шаруашылығы субъектілерімен өсімді молайту мақсатында аулау жөнінде қызметтер көрсетуге шарттар жасасуға құқылы.";
6) 21-баптың 1-тармағы "субъектілері" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 22-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "жыл сайын" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ "есебінен" деген сөзден кейін "жыл сайын" деген сөзбен толықтырылсын;
"алқаптар мен балық шаруашылығы жергілікті маңызы бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелерiндегi" деген сөздер "алқаптардағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бекітіп берілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі балық ресурстары мен басқа да су жануарларының жай-күйін бағалау олар бекітіліп берілген жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен үш жылда бір рет жүзеге асырылады.";
8) 27-бапта:
8) тармақшадағы "кәсіпшілік" деген сөз алып тасталсын;
9) тармақшадағы "мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен бірге", "кәсіпшілік" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
3) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) дүлей зілзалалардың еңсерілмейтін салдарынан ластану жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Экология кодексінде көзделген экологиялық талаптарды сақтау арқылы жануарлар мекендейтін ортаның нашарлауына жол бермеуге;";
7) тармақшадағы "жануарлар дүниесiнің" деген сөздер "аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін жануарлар дүниесiнің" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) уәкілетті органға мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес әкімшілік деректерді ұсынуға;";
8) тармақша "санының" деген сөзден кейін "табиғи ауытқудан тыс" деген сөздермен толықтырылсын;
"шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыруға" деген сөздер "аңшылық" деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
"шаруашылығы" деген сөз "шаруашылықтары" деген сөзбен ауыстырылсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) ғылыми ұсынымдар негізінде бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізуге;"
"адамдарға олардың ауызша және жазбаша" деген сөздер "тұлғаларға олардың ауызша, жазбаша немесе электрондық" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бойынша" деген сөзден кейін "қағаз немесе электрондық түрде" деген сөздермен толықтырылсын;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"24) бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне ғылыми ұйымның ұсынымдары негізінде балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес балық жіберуді жүргізуге міндетті.".
25) тармақша алып тасталсын;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) дүлей зілзалалардың еңсерілмейтін салдарынан ластану жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Экология кодексінде көзделген экологиялық талаптарды сақтау арқылы жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;".
9) 29-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі "мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың екінші бөлігі "ретінде" деген сөзден кейін "немесе көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығында ихтиофаунаны алмастыру үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 30-бапта:
4) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының", "заңдарының" деген сөздер тиісінше "аңшылық шаруашылығын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының", "заңнамасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) балық шаруашылығын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптары жүйелі түрде өрескел бұзылған жағдайларда тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын өрескел бұзуға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде балық ресурстарына залал келтірген бұзушылықтар жатады;";
11) 34-баптың 6-тармағының екінші бөлігі "мақсаттары үшін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын жүргізу кезінде ғылыми ұсынымдар негізінде ихтиофаунаны алмастыру мақсатында" деген сөздермен толықтырылсын;
12) 37-бапта:
1-тармақтағы "алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн" деген сөздер "алқаптарды бекітіп беру туралы шешімі және уәкілетті орган ведомствосының және (немесе) аумақтық бөлімшенің балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, аңшылық, балық шаруашылықтары субъектілерінің қызметі тоқтатылған;";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасалған жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен мұраға қалады.";
13) 38-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы "құстарды" деген сөзден кейін "және аңшы иттерді" деген сөздермен толықтырылсын;
14) 39-бапта:
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық шаруашылығы субъектілері биологиялық негіздемеде айқындалатын су айдынының жобалық қуатына және балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларына сәйкес көлде тауарлы балық өсіру және (немесе) тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтары үшін пайдалануы мүмкін.
Көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде биологиялық негіздемеге сәйкес балық өсіруге арналған тор қоршамалар орнатуға жол беріледі.";
4-тармақтың бірінші бөлігінде:
3) тармақша алып тасталсын;
9) тармақшадағы "немесе "басқа" және "майда" деген атаумен" деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтың 3) және 13) тармақшаларындағы ", мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын" деген сөздер алып тасталсын;
15) 39-2-баптың 4-тармағындағы "тұлғалар", "жасасады" деген сөздер тиісінше "тұлғалардың", "жасасуға құқығы бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 40-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Аңшылық алқаптар конкурс қорытындысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен бекітіп беріледі.
Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бассейндік қағидат ескеріле отырып, конкурс қорытындысы бойынша уәкілетті орган ведомствосының және (немесе) аумақтық бөлімшенің шешімімен бекітіп беріледі.
Аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсты конкурс өткізу қағидаларына сәйкес құрылған, құрамына уәкілетті органның немесе аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствоның, облыстың жергілікті атқарушы органының, ғылыми ұйымдардың және аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастықтарының өкілдері енгізілетін комиссия мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдалана отырып, конкурс өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен электрондық нысанда өткізеді.
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы пайдаланыла отырып, конкурс өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен электрондық нысанда өткізіледі.
Конкурсқа шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау негiзiнде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу үшін перспективасы бар деп танылатын резервтік қордың аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері қойылады. Пайдаланушының аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беруге конкурсқа қатысқан кезде берген міндеттемелері аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың міндетті талаптары болып табылады.
Жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде толық орналасқан жергілікті маңызы бар аңшылық алқаптар белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың өтiнiмi бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмiмен конкурс өткiзiлместен оларға бекiтiп берiледi.
Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толық орналасқан жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың өтінімі бойынша ведомствоның аумақтық бөлімшесінің шешімімен конкурс өткізілместен оларға бекітіп беріледі.
Бекітіп беру мерзімі өтіп бара жатқан аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері біліктілік талаптарына сәйкес келген және шарт міндеттемелерін орындаған жағдайда, бұрын шартты ұзарту арқылы бекітіп берілген тұлғалардың өтінімі бойынша конкурс өткізілместен беріледі.
Жергілікті маңызы бар, балықтың қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері өздері бекітіліп берілген тұлғалар қабылдаған шаралардың нәтижесінде қырылу қаупі белгілерін жоғалтса, бекітіп берілу мерзімі өткен соң бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың өтінімі бойынша конкурс өткізілместен бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өсімді молайту мақсаттары үшін өсімді молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарына балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері, ұйықтар (ұйықтық учаскелер) қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге бекітіп берілуі мүмкін.";
2) тармақшадағы "балық шаруашылығы" деген сөздер "балық өсіру үшін балық шаруашылығын жүргізуді қоспағанда, балық шаруашылығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "дейінгі мерзімді құрайды." деген сөздер "дейінгі;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық өсіруге арналған балық шаруашылығын жүргізу мақсатында – қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімді құрайды.";
3-тармақтағы "қайта бекiтілiп" деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтағы "кәсіпшілік балық аулау үшін" деген сөздер алып тасталсын;
17) мынадай мазмұндағы 40-1-баппен толықтырылсын:
"40-1-бап. Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібі
1. Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері уәкілетті орган ведомствосының шешімімен бекітіп беріледі.
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес инвесторларға бекітіп беріледі.
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды уәкілетті орган ведомствосының шешімі бойынша құрылған инвестициялық комиссиялар қарайды және айқындайды.
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жоба деп инвестордың балық шаруашылығының жаңа өндірістік объектілерін құруға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елу мың еселенген мөлшерінен кем емес мөлшерде инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін жаңа өндірістер құру жөніндегі инвестициялық жоба түсініледі.
2. Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін уәкілетті органның ведомствосы қалыптастырады және ол тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен келісіледі.
Балық шаруашылығын жүргізу үшін бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне іргелес жатқан жер учаскелерінде балық өсіру объектілерін орналастыру үшін жер учаскелері мен оларға коммуникацияларды беру жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі инвестордың өтінімі бойынша және ол уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес келген жағдайда беріледі.";
18) 7-тарау мынадай мазмұндағы 43-2-баппен толықтырылсын:
"43-2-бап. Балық шаруашылығын субсидиялау
1. Балық шаруашылығын субсидиялау балық шаруашылығын дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде:
1) балық шаруашылығын дамытуға бағытталған субсидиялаудың экономикалық тиімділігі болған;
2) өндірілетін балық өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Балық шаруашылығын субсидиялау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) аквашаруашылық (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамыту;
2) инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу;
3) балық өнімдерін қайта өңдеу;
4) балық шаруашылығы субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін арзандату.
3. Балық шаруашылығын субсидиялау субсидияларды алушы өндіріс көлемін ұлғайту, жұмыс орындарын құру және (немесе) көбейту және жалақыны арттыру бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдаған жағдайда субсидиялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
19) 49-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";
"мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
"бақылау мен қадағалауды" деген сөздер "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
6-тармақтағы "бақылау мен қадағалаудың", "мен қадағалау нәтижелері" деген сөздер тиісінше "бақылаудың", "нәтижелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
8-тармақтағы "мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
"мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
"он" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
13-тармақтағы "мен қадағалау нәтижелері", "мен қадағалау жүргізудің", "бақылау мен қадағалауды" деген сөздер тиісінше "нәтижелері", "жүргізудің", "бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
20) мынадай мазмұндағы 49-1, 49-2 және 49-3-баптармен толықтырылсын:
"49-1-бап. Жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды болғызбау бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды болғызбау бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау бақылау және қадағалау субъектілерін хабардар етпей тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Тексеру жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды болғызбау мақсатында бақылау және қадағалау субъектілерінің қызметін зерттеп-қарау арқылы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан жүргізіледі.
Тексеруді:
балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшелері;
аңшылық алқаптарда – орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
3. Уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы:
1) балықшы куәлігінің бар-жоғын;
2) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың бар-жоғын, сондай-ақ ауланған балықтың саны мен түрінің құрамының жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатқа сәйкестігін;
3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналының) бар-жоғын және оған енгізілген деректердің балықтардың көлемі мен түрінің құрамы бойынша сәйкестігін;
4) аулау құралдары мен балық аулау тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесіне, балық аулау қағидаларына және жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатқа сәйкестігі тұрғысынан;
5) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйымдардың сақталуын;
6) балықтардың кәсіпшілік өлшемінің және балық түрлері бойынша кездейсоқ аулаудың сақталуын;
7) жолдаманың бар-жоғын тексереді.
4. Уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің аңшылық алқаптарда тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы:
1) аңшы куәлігінің бар-жоғын;
2) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттың және жолдаманың бар-жоғын;
3) азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың бар-жоғын;
4) аушы жыртқыш құс немесе аңшы иттер паспортының бар-жоғын;
5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен жануарлар дүниесін пайдалануға арналған шарттың бар-жоғын;
6) жануарларды аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналының) бар-жоғын;
7) саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға арналған рұқсаттардың бар-жоғын;
8) жануарларды аулау құралдарын, әдістері мен тәсілдерін, олардың жыныстық-жас құрамын аң аулау қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан;
9) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйымдардың сақталуын тексереді.
5. Тексеру жүргізуге келген лауазымды адам бақылау және қадағалау субъектісіне қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсетеді.
6. Бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты тексеру жүргізу мерзімі жиырма төрт сағаттан аспауға тиіс.
7. Тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар бұзушылық фактілері анықталған кезде бақылау және қадағалау субъектісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
8. Тексеру жүргізу кезінде лауазымды адамдардың:
1) осы баптың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) аудио, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға құқығы бар.
9. Тексеру жүргізу кезінде лауазымды адам:
1) егер құжаттар мен мәліметтер тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексерудің нысанасына жатпаса, оларды беруді талап етуге;
2) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
3) тексерудің нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтініштер жасауға құқылы емес.
10. Лауазымды адамдар тексеру жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау және қадағалау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексеруді осы бапта белгіленген тәртіп негізінде және оған қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) осы Заңға сәйкес жедел ден қою шараларын қолдануға;
4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
5) бақылау және қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің тексеру жүргізу кезінде қатысуына кедергі жасамауға, тексерудің нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
6) бақылау және қадағалау субъектісіне тексерудің нысанасына қатысты қажетті ақпаратты беруге;
7) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
11. Бақылау және қадағалау субъектілері тексерудің жүзеге асырылуы кезінде:
1) осы баптың 5-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайда, тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарды тексеруге жібермеуге;
2) егер құжаттар мен мәліметтер тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды адамның тексеру шеңберінде жүргізетін жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге;
4) лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.
12. Бақылау және қадағалау субъектілері:
1) осы бапқа сәйкес жүргізілетін жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды болғызбау жөніндегі тексерулерді жүзеге асыруға кедергі жасамауға;
2) осы баптың 5-тармағының талаптары сақталған кезде тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
49-2-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы лауазымды адамдар бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер төндіретін қызметін немесе оның жекелеген түрлерін, өнімін (тауарын), көрсетілетін қызметін анықтаған жағдайларда жедел ден қою шараларын қолданады.
2. Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) тексеруді, бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оларды жүргізу нәтижелері бойынша қолданылатын әсер ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады, олардың түрлері осы Заңда көзделген.
3. Жедел ден қою шараларына мыналар жатады:
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде:
1) қылмыс құрамы не қылмыстық теріс қылық белгілері бар, жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды жасаған адамдарды ұстау, құқық қорғау органдарына жеткізу;
2) жеке және заңды тұлғалардан заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілерін, оларды аулау құралдарын, сондай-ақ жүзу және көлік құралдарын құқық қорғау органдарына беру үшін алып қою;
бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру шеңберінде – бақылау және қадағалау субъектісінің қызметін немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру.
4. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129 және 143-баптарына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы лауазымды адамдар мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы ресімдейді.
Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделеді және бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
Мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 6) тармақшасы негізінде қадағалау актісі ресімделгеннен кейін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы лауазымды адам жедел ден қою шарасын тікелей қолдануды жүзеге асырады.
6. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі және жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазу жүзеге асырылады.
Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар хатпен жіберіледі.
7. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) олардың нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар тексеру нәтижелері туралы актіде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
9. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімде жоюға міндетті.
10. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген талаптарды бұзушылықтардың жойылу мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптардың анықталған бұзушылықтарының жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының қолданысы бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.
11. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
12. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
13. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрмайды.
14. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны жарамсыз деп тануға және оның күшін жоюға мыналар негіз болып табылады:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шарасын қолдану;
3) уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшелерінің өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.
15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.
49-3-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметін мемлекеттік бақылау
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – тексерілетін мемлекеттік орган) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметін мемлекеттік бақылау осы бапқа сәйкес мерзімдік, жоспардан тыс тексерулер және қашықтан бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Мерзімдік тексеру уәкілетті орган тексеру жүргізу жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан және ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымынан кешіктірмей әзірлеген және бекіткен жартыжылдық жоспарлар негізінде жүргізіледі.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарында мыналар қамтылады:
1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
4) тексерудің нысанасы;
5) тексеру жүргізу мерзімдері;
6) жоспарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспары мерзімдік тексеру жүргізу туралы хабарлама болып табылады және тексеру жүргізу жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 маусымынан кешіктірілмей уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшесінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тексерілетін мемлекеттік орган таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген, сондай-ақ табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар және солармен байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайлар бсталған кезде мерзімдік тексеру ұзартылуы не тоқтатыла тұруы мүмкін.
Мерзімдік тексерулер жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартыла отырып, он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Мерзімдік тексеру жүргізу мерзімі мерзімдік тексеруді жүргізу тоқтатыла тұрған кезде үзіледі және мерзімдік тексеру қайта басталған кезден бастап жалғасады.
Мерзімдік тексерулер жүргізу мерзімі бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Ұзарту уәкілетті органның ведомствосы басшылығының немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен жүзеге асырылады. Мерзімдік тексерулерді жүргізу мерзімдерін ұзарту тексерілетін мемлекеттік орган хабардар етіле отырып, мерзімдік тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша бұйрықпен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы бұйрықтың күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі. Мерзімдік тексеру мерзімін ұзарту туралы хабарламаны уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі табыс етілгені туралы хабарламамен ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын тексерілетін мемлекеттік органға табыс етеді.
3. Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын қалыптастыру үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) есептілік пен мәліметтер мониторингінің, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы алынған нәтижелері;
2) уәкілетті орган ведомствосының және (немесе) оның аумақтық бөлімшесінің сұрау салуы бойынша мемлекеттік органдар ұсынған мәліметтерді талдау нәтижелері;
3) алдыңғы мемлекеттік бақылау мен өзге де тексерулердің нәтижелері;
4) қашықтан бақылау нәтижелері.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын талдау және іріктеу кезінде мерзімдік тексерулердің жартыжылдық жоспарларын қалыптастыру үшін өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғандағы деректер пайдаланылуы мүмкін.
4. Тексеруді тағайындау туралы бұйрықтың негізінде тексерілетін мемлекеттік органға бару арқылы тексеру жүргізіледі, онда мыналар көрсетіледі:
1) бұйрықтың күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) тексеру жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;
5) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
7) тексеру түрі;
8) тексеру жүргізу мерзімдері;
9) тексеру жүргізу негіздері;
10) тексерілетін кезең;
11) тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері;
12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уәкілетті адамының бұйрықты алғаны туралы немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
13) бұйрыққа қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Мерзімдік тексерулерді тағайындау, ұзарту, тоқтата тұру және қайта бастау туралы бұйрықтарға уәкілетті орган ведомствосының басшылығы немесе уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің басшысы қол қояды.
Тексерілетін мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.
5. Жоспардан тыс тексеруге мыналар негіз болып табылады:
1) тексеру және (немесе) қашықтан бақылау нәтижелері бойынша қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау;
2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
3) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің нақты фактілері бойынша не нұқсан келтіру қатері туралы прокуратураның талабы;
4) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ жойылмауы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары.
Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі тексерілетін мемлекеттік органды тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталатыны туралы оның басталғанынан кемінде бір тәулік бұрын хабардар етуге міндетті.
6. Жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі он жұмыс күніне дейін ұзартыла отырып, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрауға тиіс.
Жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Ұзарту уәкілетті органның ведомствосы басшылығының немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен жүзеге асырылады. Жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту тексерілетін мемлекеттік органды хабардар ете отырып, жоспардан тыс тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша бұйрықпен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы бұйрықтың күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі. Жоспардан тыс тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі табыс етілгені туралы хабарламамен ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.
7. Жоспардан тыс тексерулер анонимдік жолданымдар болған жағдайда жүргізілмейді.
8. Қашықтан бақылау тексерілетін мемлекеттік органға бармай мынадай әрекеттер жасау арқылы жылына бір рет жүргізіледі:
1) тексерілетін мемлекеттік органның қызметін мониторингтеу;
2) тексерудің нысанасына қатысты қажетті ақпаратты беру туралы сұрау салу;
3) тексерудің нысанасына қатысты қажетті ақпаратты алу мақсатында тексерілетін мемлекеттік органның басшысын не оның уәкілетті адамын шақыру.
Қашықтан бақылау жүргізу мерзімі он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қашықтан бақылау жүргізу аяқталған күні тексерілетін мемлекеттік органға қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытынды (бұзушылықтар болған кезде) жіберіледі.
9. Қашықтан бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда үш данада қорытынды жасалады, онда мыналар көрсетіледі:
1) қорытындының жасалған күні, нөмірі мен орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
4) қашықтан бақылау жүргізудің негізі мен нысанасы;
5) қашықтан бақылау жүргізудің кезеңі мен мерзімдері;
6) анықталған бұзушылықтар және талаптарды орындау және бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдау мерзімін көрсете отырып, оларды жою туралы талаптар.
Бұл ретте анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарды орындау мерзімі қорытынды табыс етілген күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрайды;
7) қашықтан бақылау жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы.
Қашықтан бақылау нәтижелері бойынша қорытындының бір данасы табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не тексерілетін мемлекеттік органның электрондық поштасының мекенжайы бойынша электрондық құжат арқылы немесе өзге де қолжетімді тәсілмен тексерілетін мемлекеттік органға жіберіледі. Екінші данасы уәкілетті органның ведомствосында немесе оның аумақтық бөлімшесінде қалады, үшінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тапсырылады.
Қашықтан бақылау нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, тексерілетін мемлекеттік орган оларды жазбаша түрде жазады және оны қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытынды табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі тексерілетін мемлекеттік органның ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын он жұмыс күні ішінде қарауға және уәжді жауап беруге тиіс.
10. Тексеру нәтижелері бойынша үш данада қорытынды жасалады.
Тексеру нәтижелері туралы қорытындыда мыналар көрсетіледі:
1) қорытындының жасалған күні, нөмірі мен орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер олар жеке басты куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) және лауазымдары;
4) тексеру жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер;
5) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
6) тексеруді жүргізудің негізі мен нысанасы;
7) тексеру түрі;
8) тексеру жүргізу кезеңі;
9) тексеру жүргізу мерзімі;
10) анықталған бұзушылықтар және талаптарды орындау және (немесе) бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдау мерзімін көрсете отырып, оларды жою туралы талаптар;
11) тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың қорытындымен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартқаны туралы жазба;
12) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбасы.
Тексеру нәтижелері туралы қорытындыға болған кезде тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.
11. Тексеру нәтижелері туралы қорытындының бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тапсырылады, екінші данасы анықталған бұзушылықтармен танысу және оларды жою жөнінде шаралар және басқа да әрекеттер қабылдау үшін тексерілетін мемлекеттік органға (басшыға не оның уәкілетті адамына) қағаз жеткізгіште қол қойғыза отырып немесе электрондық нысанда табыс етіледі, үшінші данасы уәкілетті органның ведомствосында немесе оның аумақтық бөлімшесінде қалады.
Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, тексерілетін мемлекеттік орган оларды жазбаша түрде жазады және оны тексеру нәтижелері туралы қорытынды табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне жібереді. Тексеру жүргізген лауазымды адам тексеру нәтижелері туралы қорытындыға тиісті жазба жасайды.
Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі тексерілетін мемлекеттік органның ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын он жұмыс күні ішінде қарауға және уәжді жауап беруге тиіс.
12. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы қорытындыда тиісті жазба жасалады.
13. Тексеруді тағайындау туралы бұйрықта (тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша бұйрық болған кезде, сонда) көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей тексерілетін мемлекеттік органға тексеру нәтижелері туралы қорытынды табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
14. Тексеру немесе қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар тексерілетін мемлекеттік органдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
Тексеру немесе қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексерілетін мемлекеттік орган тексеру немесе қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыда белгіленген мерзім ішінде уәкілетті органның ведомствосына және (немесе) оның аумақтық бөлімшесіне анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Тексерілетін мемлекеттік орган анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаған немесе толық ұсынбаған жағдайларда, уәкілетті органның ведомствосы және (немесе) оның аумақтық бөлімшесі жоспардан тыс тексеруді тағайындайды.
Тексерілетін мемлекеттік орган анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ұсынылған ақпаратқа бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді. Бұл жағдайда жоспардан тыс тексеру жүргізу талап етілмейді.
15. Уәкілетті орган ведомствосының және (немесе) оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:
1) тексерілетін мемлекеттік органның аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексеру немесе қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік алуға;
3) мамандарды, консультанттар мен сарапшыларды тартуға;
4) аудио -, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
5) осы бапта көрсетілген жағдайларда тексеруді ұзартуға, тоқтата тұруға және қайта бастауға құқығы бар.
16. Уәкілетті органның тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдары тексерілетін мемлекеттік органға:
1) тексеруді тағайындау туралы бұйрықты;
2) қызметтік куәлігін (сәйкестендіру картасын) көрсетуге міндетті.
17. Тексерілетін мемлекеттік органдар не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
1) егер құжаттар мен мәліметтер жүргізілетін тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
2) тексеру немесе қашықтан бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда үш жұмыс күнінен кешіктірмей бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне жүгінуге;
3) тексеру немесе қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыға, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдарының тексерілетін мемлекеттік органның қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйымдарын орындамауға;
5) тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды адамның тексеру немесе қашықтан бақылау шеңберінде жүргізетін жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.
18. Тексерілетін мемлекеттік органдар не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
1) уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдарының тексерілетін мемлекеттік органның аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) коммерциялық, салықтық не Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, уәкілетті органның лауазымды адамдарына тексеру немесе қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексеру немесе қашықтан бақылау нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға;
3) тексеруді тағайындау туралы бұйрықты тексеру басталған күні және жүргізілген тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындыны олар аяқталған күні алғаны туралы белгі жасауға;
4) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеру немесе қашықтан бақылау жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
5) басшының не оның уәкілетті адамының тексерілетін мемлекеттік органның тұрған жерінде тексерудің тағайындалған мерзімдерінде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
19. Егер тексеру жүргізу нәтижесінде тексерілетін мемлекеттік органның жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу фактісі анықталса, әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары өкілеттіктері шегінде бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
Уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамының тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген не анық емес ақпарат ұсынылған, бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптар орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайларда бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.";
21) 52-баптың 1-тармағында:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз аулау құралдарын және жүзу, көлік құралдарын сот шешім шығарғанға дейін уақытша сақтау мақсатында және (немесе) жедел ден қою шеңберінде құқық қорғау органдарына беру үшін алып қоюға;";
11) тармақшадағы "қолдануға құқығы бар." деген сөздер "қолдануға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз алып қоюды жасаған адамдарды ұстауға, құқық қорғау органдарына жеткізуге құқығы бар.";
22) 56-бапта:
2-тармақтың 5) тармақшасы "инспекторға" деген сөзден кейін "немесе Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы "тыныштық аймақтарында" деген сөздерден кейін "және өсімді молайту учаскелерінде" деген сөздермен толықтырылсын.
58. "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының заңнамасына" деген сөздер ""Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 22-баптағы "322-бабының" деген сөздер "186-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын.
59. "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 13) тармақшасы "бал ара шаруашылығын" деген сөздерден кейін ", аквашаруашылықты" деген сөзбен толықтырылсын;
2) 6-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасындағы "әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
3) 7-баптың 2-тармағының 17-3) тармақшасындағы "әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын.
60. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 33-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында:
"анықталған жағдайда" деген сөздер "анықталған кезде мемлекеттік қадағалау тәртібімен жедел ден қою шараларын қабылдауға немесе жедел ден қою шараларын қолдануға байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) 5-тарау мынадай мазмұндағы 33-1-баппен толықтырылсын:
"33-1-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі
1. Тексерілетін субъектілерге қоғамдық қаупі бар салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша қолданылатын әсер ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.
2. Егер тексерілетін субъектілердің қызметі ормандардың биологиялық әралуандығының, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің, мәдени және табиғи мұраның сақталуына тікелей қатер төндірсе, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары жедел ден қою шараларын қолданады.
3. Жедел ден қою шараларына:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақта, оның күзет аймағында Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау және құқық қорғау органдарына жеткізу;
2) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалардан атыс қаруын, заңсыз олжаланған өнімді және оны олжалау құралдарын, көлік және жүзу құралдарын алып қою;
3) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде жеке және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұру жатады.
4. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының орман заңнамасында айқындалған талаптарды бұзушылықтар жедел ден қою шараларын және олардың түрлерін қолдануға негіз болып табылады.
5. Бұзушылық анықталған кезде уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамы бұзушылық жасалған жерде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес қадағалау актісін ресімдейді және тексерілетін субъектіге табыс етеді.
6. Қадағалау актісі ресімделгеннен кейін уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы жедел ден қою шараларын тікелей қолдануды жүзеге асырады.
7. Тексерілетін субъект қадағалау актісінде көрсетілген мерзімдерде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды жоюға міндетті.
8. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
9. Қадағалау актісінде көрсетілген талаптарды бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
10. Қадағалау актісінің қолданысы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады. Актінің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
11. Қадағалау актісінде көзделген мерзімдер өткенге дейін тексерілетін субъект бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған жағдайда) қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
12. Тексерілетін субъект жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік қадағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
13. Қадағалау актісін жарамсыз деп тануға және оның күшін жоюға мыналар негіз болып табылады:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шараларын қолдану;
3) уәкілетті орган ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшесінің өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.
14. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.";
3) 38-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:
екінші абзац "туристік базалар," деген сөздерден кейін "балық өсіру шаруашылықтары," деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзац "балық аулауды" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ балық өсіруді" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 43-1-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы "мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде" деген сөздер алып тасталсын;
5) 45-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігі "орналастыруға" деген сөзден кейін ", аквашаруашылықты (балық өсіруді) жүзеге асыруға" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ "объектiлерiн" деген сөзден кейін ", сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өсіруге арналған балық өсіру шаруашылықтарын" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 46-бапта:
1-тармақтағы "өзінде туристік операторлық қызметке арналған лицензия болған кезде" деген сөздер алып тасталсын;
"бес жылға дейінгі" деген сөздер "бір жылдан бес жылға дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жиырма бес жылға дейінгі" деген сөздер "бес жылдан жиырма бес жылға дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 47-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "балықтың байырғы түрлерiн" деген сөздер "балықты" деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 48-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы "аулау" деген сөзден кейін ", сондай-ақ балық өсіру" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 52-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) балық өсіру;";
10) 69-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Кешенді мемлекеттік табиғи қаумалдарда аң аулауға және балық аулауға биологиялық негіздеме негізінде мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуына қауіп төндірмейтін, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың жол берілетін көлемі шегінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган рұқсат етеді.".
61. "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 25-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының сақталуын және оны кеңінен танытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік музейлерге, музей-қорықтарға мәдени құндылықтардың сақталуын, қорғалуын, сақталып қалуын, жинақталуын, реставрациялануын, зерделенуін жəне көпшілікке көрсетілуін қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға субсидиялар бөлінеді.";
2) 35-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша немесе тұрақты тұруға баратынына қарамастан, автордың немесе құқық белгілейтін құжаттары болған кезде автордан мәдени құндылықты сатып алған адамның өзі жасаған немесе сатып алған мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге құқығы бар.".
62. "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-тармақтағы "жоспардан тыс" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы "Жоспардан тыс тексеру" деген сөздер "Тексеру" деген сөзбен ауыстырылсын.
63. "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
7) тармақша "заңды тұлғаларды" деген сөздерден кейін ", "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-1-тармағында көрсетілген кепілсіз микрокредиттер бермейтін, шаруашылық серіктестігі нысанында құрылған кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды, сондай-ақ шаруашылық серіктестігі нысанында құрылған микроқаржы ұйымдарын" деген сөздермен толықтырылсын;
8-1) тармақша "кодексі) –" деген сөзден кейін "Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған," деген сөздермен толықтырылсын;
13) тармақшадағы "кеңес бекіткен" деген сөздер "қор шығарған" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-бапта:
3-2-тармақ "болып табылатын" деген сөздерден кейін ", жария мүдделі ұйымдарға жатпайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігі "болып табылатын," деген сөздерден кейін "жария мүдделі ұйымдарға жатпайтын," деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың 2) тармақшасындағы "3-1-тармағында" деген сөздер "3-1 және 3-2-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде:
"белгiлеген талаптарға" деген сөздер "бекіткен бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
"үлгi" деген сөз алып тасталсын;
4) 8-баптың 2-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау шарт негізінде берілген кезде осы Заңның 16-бабының 2-тармағында белгіленген талаптар сақталуға тиіс.";
5) 16-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктегі "қазақ және орыс тілдерінде" деген сөздер "мемлекеттік тілде және қажет болған кезде орыс тілінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
"жүзеге асырады" деген сөздер "жүзеге асыруға міндетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қазақ және орыс тілдерінде" деген сөздер "мемлекеттік тілде және қажет болған кезде орыс тілінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 20-баптың 5-тармағының 12) тармақшасындағы "кәсiби бухгалтерлерге" деген сөздер "кәсiби бухгалтерлерге кандидаттарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 20-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"20-1-бап. Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік бақылау "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";
8) 21-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Кәсіби ұйымның басшысы алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар адам болмауға тиіс.
Кәсiби ұйымның басшысы төрт жылдан аспайтын мерзiмге сайланады және қатарынан екi мерзiмге қайта сайлана алмайды.";
9) 22-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақтағы "кәсiби бухгалтерлерге" деген сөздер "кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарға" деген сөздермен ауыстырылсын.
64. "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-баптың 5) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын;
2) 8-баптың 1-тармағы "шегінде" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің ережелеріне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын.
65. "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";
3-тармақ алып тасталсын.
66. "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
8-баптың 2-тармағында:
"тексеру" деген сөз "жоспардан тыс тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".
67. "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
"мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
"тексеру" деген сөз "жоспардан тыс тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.";
2-тармақ алып тасталсын;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау:
1) тұтынушыға арналған ақпараттың анықтығының осы Заңның, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін;
2) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы талаптарға ойыншықтардың сәйкестігін растайтын құжаттағы ақпараттың сәйкестігін бақылау арқылы жүзеге асырылады.
4. Тәуекелдерге бағалауды жүзеге асыру кезінде ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде ойыншықтардың іріктелген үлгілерін сынақтар (зерттеулер) жүргізу үшін аккредиттелген зертханаларға (орталықтарға) жібереді.".
68. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 18-3-бапта:
1-тармақ "сәйкес" деген сөзден кейін "жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
2) 21-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Заңды тұлғалар осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа Қазақстан Республикасының заңдарында не құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға немесе иеліктен шығаруға құрылтайшылар (қатысушылар, директорлар кеңесі, акционерлер кеңесі) жиналыстарының хаттамаларын (олардан үзінді-көшірмелер) ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді-көшірмені немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттік тілдегі және қажет болған кезде орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасымен ұсынады.";
3) 43-баптың 3-тармағындағы "құрылтай шарты және" деген сөздер алып тасталсын;
4) 51-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) осы Заңның 21-бабы 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар ұсынылады.";
5) 53-баптың 2-тармағындағы "және оның көшірмесін" деген сөздер алып тасталсын;
6) 55-баптың 3-тармағындағы "басқарушы компанияның құрылтай құжаттарының нотариат растаған көшірмелерін, сенімгерлік басқару шарттарының, пайлық инвестициялық қор құру туралы шешімнің, пай шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген, оларға енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар пайлық инвестициялық қор ережелерінің көшірмелерін", "ислам банкі жарғысының, ислам" деген сөздер тиісінше "сенімгерлік басқару шарттарының, пайлық инвестициялық қор құру туралы шешімнің, пай шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген, оларға енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар пайлық инвестициялық қор ережелерінің нотариат растаған көшірмелерін", "ислам" деген сөздермен ауыстырылсын.
69. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 57-1-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі тоқтатыла тұрған кезде білім беру ұйымдары:
1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;
2) бұзушылықтар жойылғанға және білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі қызметті қайта бастағанға дейін қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары тексеру және (немесе) мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі білім беру ұйымын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға қосымша білім беру бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастайды.";
2) 59-бапта:
бірінші бөлікте:
"бiлiм беру қызметiнiң" деген сөздерден кейін "және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары қызметінің" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
", жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органдары өздерінің құрылымдық, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының, лауазымды адамдарының мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауына жүзеге асыратын ішкі бақылау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) тәрбиеленушілер мен білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалау;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының қызметі болып табылады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";
бірінші бөлік "аумақтық бөлімшелері" деген сөздерден кейін ", ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ведомствосы" деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөлік "аумақтық бөлімшелерінің," деген сөздерден кейін "ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган ведомствосының," деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы бөлік "білім беру," деген сөздерден кейін "ғылым және жоғары білім," деген сөздермен толықтырылсын;
4-1-тармақ "аумақтық бөлімшелеріне," деген сөздерден кейін "ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ведомствосына," деген сөздермен толықтырылсын;
8-3 және 8-4-тармақтар алып тасталсын;
8-7-тармақ "аумақтық бөлімшелері," деген сөздерден кейін "ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ведомствосы," деген сөздермен толықтырылсын;
8-9-тармақ "аумақтық бөлімшелерінің," деген сөздерден кейін "ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган ведомствосының," деген сөздермен толықтырылсын;
8-11-тармақ "аумақтық бөлімшелерімен," деген сөздерден кейін "ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен," деген сөздермен толықтырылсын;
8-12-тармақ "аумақтық бөлімшелеріне," деген сөздерден кейін "ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ведомствосына," деген сөздермен толықтырылсын;
8-13-тармақтың бірінші бөлігі "аумақтық бөлімшелері," деген сөздерден кейін "ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ведомствосы," деген сөздермен толықтырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 59-1-баппен толықтырылсын:
"59-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары қызметінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған және оны білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органдарының қызметіне мыналар бойынша қойылатын талаптар:
1) мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес интернат үлгісіндегі білім беру ұйымдарын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салу, реконструкциялау қажеттілігіне өңірдің сұранысын айқындау;
5) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту және орналастыру;
7) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыру, оларды орта білім алғанға дейін оқыту;
8) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасауды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылысжайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
9) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған нормаларға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық базасын жарақтандыру;
10) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған нормаларға сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсету және жәрдемдесу;
11) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді жыл сайын уақтылы сатып алу және жеткізу;
12) аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан, мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді уақтылы сатып алуды және жеткізуді жыл сайын ұйымдастыру;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дарынды балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз ету;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадалары мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, өткізу тәртібін, сондай-ақ педагогтердің қызметін курстан кейін қолдауды ұйымдастыру, жүргізу тәртібін сақтау;
16) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидалар мен шарттарға сәйкес педагогтерді аттестаттауды жүргізу және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібін сақтау;
17) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібін, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтау;
18) Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын сақтау;
19) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу тәртібін сақтау;
20) интернаттық ұйымдарға жатпайтын мектепке дейінгі ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды қамтамасыз ету және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
22) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;
23) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қамсыздандыруды жүзеге асыру;
24) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
25) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке және шарттарға сәйкес кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
26) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандандырылған және арнаулы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
27) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандар даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
28) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен білім беру мониторингінің болуы және жүргізілуі;
29) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жәрдем көрсету.
3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарының қызметіне мыналар бойынша қойылатын талаптар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды жүзеге асыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жәрдем көрсету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату;
4) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
5) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыру, оларды орта білім алғанға дейін оқыту;
7) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылысжайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
8) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған нормаларға сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық базасын жарақтандыру;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадалары мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ педагогтердің қызметін курстан кейін қолдауды ұйымдастыру, жүргізу тәртібін сақтау;
11) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидалар мен шарттарға сәйкес педагогтерді аттестаттауды жүргізу және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібін сақтау;
12) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібін, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтау;
13) Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын сақтау;
14) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу тәртібін сақтау;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық деңгейде (облыстық маңызы бар қалаларда) жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
16) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
17) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен білім беру мониторингінің болуы және жүргізу;
18) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ету, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалалардағы аудандарда, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық және аудандық деңгейлерде (облыстық маңызы бар қалаларда) жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
20) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру.
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына (бұдан әрі – бақылау субъектілері) қатысты мемлекеттік бақылауды жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер нысанында білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
5. Тексеру мынадай әрекеттердің бірін жасау арқылы жүргізіледі:
1) білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі лауазымды адамының бақылау субъектісіне баруы;
2) тексерудің нысанасына қатысты қажетті ақпаратқа сұрау салу;
3) бақылау субъектісінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақыру.
6. Бақылау субъектілерінің осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарды сақтауы тексерудің нысанасы болып табылады.
7. Бақылау субъектісіне қатысты жоспарлы тексеру осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарды сақтау мәселелерінің кешені бойынша үш жылда бір рет жүргізіледі.
Жоспардан тыс тексеру бақылау субъектісіне қатысты осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша жүргізіледі.
8. Білім беру саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы жоспарлы тексерулер жүргізу жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейін бекіткен жыл сайынғы тізбе бақылау субъектісін жоспарлы тексеруді тағайындауға негіз болып табылады.
Білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы жоспарлы тексерулердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жібереді.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жоспарлы тексерулер тізбесін жоспарлы тексерулер жүргізу жылының алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.
Жоспарлы тексерулер тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бақылау субъектісі таратылған, қайта ұйымдастырылған, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар және олармен байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілген жағдайлар басталған кезде жоспарлы тексеру ұзартылуы, тоқтатыла тұруы мүмкін.
9. Бақылау субъектісін жоспардан тыс тексеруге мыналар негіз болып табылады:
1) білім беру саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысының тапсырмасы;
2) прокурордың талабы мен құқық қорғау органдарының тапсырмасы;
3) тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындының орындалуын бақылау;
4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жолданымы мен мемлекеттік органдардың жолданымдары;
5) бақылау субъектілерінің ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының мемлекеттік бақылау және мониторинг нәтижелері бойынша анықталған Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуы;
6) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзушылықтар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар мен хабарлар.
Анонимдік жолданымдар болған жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.
10. Тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Занда айқындалады.
11. Тексерулер жүргізу кезінде тексерудің басталатын күнін көрсете отырып, ол басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын бақылау субъектісін тексерудің тағайындалғаны туралы алдын ала хабардар ету талап етіледі.
12. Тексеру жүргізу мерзімдері мен нысанасы көрсетіле отырып, бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) тексеру жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер;
5) бақылау субъектісінің атауы;
6) тағайындалған тексерудің түрі мен нысанасы;
7) тексеру жүргізу мерзімі;
8) тексеру жүргізу негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге жататын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
9) тексеру жүргізілетін кезең;
10) осы баптың 25 және 26-тармақтарында көзделген бақылау субъектісінің құқықтары мен міндеттері;
11) бақылау субъектісі басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
12) актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және мемлекеттік органның мөрі.
13. Тексеру жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және олар:
1) жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде бес жұмыс күнінен аспауға тиіс және бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін;
2) жоспарлы тексерулер жүргізу кезінде он жұмыс күнінен аспауға тиіс және он жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
Мемлекеттік органдарға сұрау салуды жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексерудің елеулі көлеміне байланысты тексеру жүргізу мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің басшысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерге бір рет қана ұзарта алады.
Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі міндетті түрде тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді және бұл туралы бақылау субъектісін тексеру ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын хабардар етеді.
14. Тексерулер бақылау субъектісінің жұмыс регламентінде белгіленген бақылау субъектісінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
15. Тексеру нәтижелері бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы тексеру нәтижелері туралы қорытынды жасайды.
16. Тексеру нәтижелері туралы қорытындыда мыналар көрсетіледі:
1) қорытындының жасалған күні, уақыты және орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) бақылау субъектісінің атауы;
6) тексеру жүргізу күні, орны және кезеңі;
7) тағайындалған тексерудің түрі мен нысанасы;
8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәліметтер;
9) талаптарды орындау және бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдау мерзімі көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
10) бақылау субъектісі өкілінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың қорытындымен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
11) тексеру жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы.
17. Тексеру нәтижелері туралы қорытындыға тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттардың көшірмелері (олар болған кезде) қоса беріледі.
18. Қосымшалардың көшірмелері бар тексеру нәтижелері туралы қорытындының бірінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау үшін бақылау субъектісіне (басшыға не оның уәкілетті адамына) қағаз жеткізгіште қол қойғызып немесе электрондық нысанда табыс етіледі, екінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына тапсырылады, үшінші данасы білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінде қалады.
19. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда бақылау субъектісінің басшысы оларды жазбаша түрде жазады.
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізу нәтижелері туралы қорытындыға қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі жасалады.
Тексеру нәтижелері туралы қорытындыны қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар және бақылау субъектісінің басшысы не оның уәкілетті өкілі қол қояды.
Бақылау субъектісі бас тарту себебі туралы жазбаша түсіндірме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.
20. Бақылау субъектісі тексеру нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің басшысымен келісілетін мерзімдерді көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат береді.
Тексеру нәтижелері туралы қорытындыны орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып айқындалады, бірақ қорытынды табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кем болмайды.
Тексеру нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі осы қорытындыда белгіленген мерзім ішінде тексеруді жүргізген білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ұсынылған ақпаратқа бақылау субъектісі (қажет болған кезде) бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді.
Бұл жағдайда осы баптың 9-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізу талап етілмейді.
Бақылау субъектісі тексеру нәтижелері туралы қорытындының орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде бақылау субъектісіне қорытындының орындалуы туралы ақпарат беру қажеттілігі туралы сұрау салу жібереді.
Тексеру нәтижелері туралы қорытындының орындалуы туралы ақпарат қайта берілмеген жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі осы баптың 9-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.
21. Тексеру жүргізу кезінде осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда тексеру нәтижелері туралы қорытындыда тиісті жазба жүргізіледі.
22. Тексеру нәтижелері туралы қорытынды тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей бақылау субъектісіне табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
23. Осы бапта белгіленбеген тексерудің өзге де түрлерін жүргізуге тыйым салынады.
24. Тексеру жүргізу кезінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары:
1) осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленбеген талаптардың орындалуын, сондай-ақ егер мұндай талаптар білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің құзыретіне жатпаса, тексеруге;
2) егер құжаттар, ақпарат тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
4) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімінен асыруға;
5) бақылау субъектілері есебінен мемлекеттік бақылау мақсатында шығынды сипаттағы іс-шараларды жүргізуге құқылы емес.
25. Бақылау субъектілері:
1) білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің объектіге тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын:
жоспарлы тексеру тағайындалған кезде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралықтары сақталмаған;
осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген мерзімдерден асып кеткен не өтіп кеткен;
тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тексеру жүргізу тапсырылған;
тексеру мерзімдері осы бапта белгіленген мерзімнен артық ұзартылған;
тексеруді тағайындау туралы акт, қызметтік куәлігі (сәйкестендіру картасы) болмаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) егер мәліметтер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің тексеру нәтижелері туралы қорытындысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі лауазымды адамының тексеру шеңберінде жүргізетін жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.
26. Бақылау субъектілері:
1) білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі лауазымды адамдарының тексерілетін объектінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге;
3) осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің сұрау салуы бойынша ақпарат беруге;
4) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы қорытындыға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға;
5) тексеру аяқталған күні оның нәтижелері туралы қорытындыны алғаны туралы белгі жасауға;
6) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
7) тексеруді тағайындау туралы актіні алған жағдайда бақылау субъектісі басшысының не оны алмастыратын адамның тексерудің тағайындалған мерзімдерінде бақылау объектісі тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
27. Бақылау субъектілері білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің және олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.".
70. "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-бапта:
1-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) штатында әрбір қызмет бағытында аккредиттеу жөніндегі кемінде екі сарапшы-аудитордың болуы;";
2-тармақтың 2) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде шағымдар мен апелляцияларды қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға және қабылданған шешімдер туралы ақпаратты он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде интернет-ресурста орналастыруға;";
2) 10-баптың 4-тармағындағы "және "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабында көзделген салалардағы жұмыстарды" деген сөздер алып тасталсын;
3) 30-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Аккредиттеу субъектілерінің Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";
бірінші бөлік "сақтауын" деген сөзден кейін "бақылау субъектісіне (объектісіне)" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі, үшінші бөліктің бірінші абзацындағы, төртінші, жетінші және тоғызыншы бөліктердегі "бақылау субъектісіне", "Бақылау субъектісіне" деген сөздер тиісінше "бақылау субъектісіне (объектісіне)", "Бақылау субъектісіне (объектісіне)" деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы бөлікте:
"субъектісіне бармай" деген сөздер "субъектісіне (объектісіне) бармай" деген сөздермен ауыстырылсын;
"нәтижелері бармай" деген сөздер "нәтижелері бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай" деген сөздермен ауыстырылсын.
71. "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау не Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";
2) 28-баптағы "күнтізбелік" деген сөз "кемінде күнтізбелік он бес күнде және күнтізбелік" деген сөздермен ауыстырылсын.
72. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
16-баптың 13-5) тармақшасындағы "кодексінде айқындалған тәртіппен" деген сөздер "кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында" деген сөздермен ауыстырылсын.
73. "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
12-1 және 12-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"12-1-бап. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау осы бапқа сәйкес қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау:
1) әкімшілік деректердің анық еместігін;
2) әкімшілік деректердің ұсынылмағанын;
3) әкімшілік деректерді жинауға арналған, келісілмеген нысандарды;
4) көрсеткіштерді есептеудің келісілмеген әдістемелерін;
5) деректер сапасының деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуін анықтау мақсатында жүргізіледі.
3. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды:
1) орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бойынша – уәкілетті органның ведомствосы;
2) жергілікті мемлекеттік органдар, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері бойынша – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
4. Қашықтан бақылау уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері ресми дереккөздерден алған әкімшілік деректерді мониторингтеу, талдау, сапасын бағалау және салыстыру арқылы әкімшілік дереккөзге бармай тұрақты негізде жүргізіледі.
5. Әкімшілік дереккөздің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған кезде қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды ресімделеді және бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі, онда мыналар көрсетіледі:
1) қорытындының жасалған күні, нөмірі мен орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) қашықтан бақылау жүргізуге уәкілеттік берілген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың қашықтан бақылау жүргізуге тартылған мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
5) әкімшілік дереккөздің атауы, оның тұрған жері;
6) тексерілетін кезең;
7) анықталған бұзушылықтар және орындау мерзімі көрсетіле отырып, оларды жою туралы талаптар;
8) қашықтан бақылау жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы.
Қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды ол электрондық құжат айналымы бойынша немесе ресми дереккөздерден (әкімшілік дереккөздің интернет-ресурсы) алынған электрондық мекенжай бойынша не алынғанын тіркеп-белгілеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберілген жағдайларда тиісінше жеткізілді деп есептеледі.
6. Әкімшілік дереккөз қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны оны алған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды міндетті түрде ұсына отырып орындайды.
7. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды белгіленген мерзімде орындалмаған кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік іс жүргізу қозғалады.
Осы баптың 2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны белгіленген мерзімде орындамау, сондай-ақ осы бапқа сәйкес жүргізілген алдыңғы тексерулердің теріс нәтижелері әкімшілік дереккөзді мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына енгізуге негіз болып табылады.
8. Мерзімдік тексеру уәкілетті орган ведомствосының бірінші басшысы тексеру жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 маусымына дейін бекітетін және тексеру жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей және ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 маусымына дейін оның интернет-ресурсында орналастырылатын мерзімдік тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарлары негізінде әкімшілік дереккөзге бару арқылы жүргізіледі.
Мерзімдік тексеруді жүргізудің жартыжылдық жоспарларында мыналар қамтылады:
1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) әкімшілік дереккөздің атауы;
4) әкімшілік дереккөздің тұрған жері;
5) тексерудің нысанасы;
6) тексеру жүргізу мерзімдері;
7) жартыжылдық жоспарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу әкімшілік дереккөз таратылған, қайта ұйымдастырылған, атауы өзгерген, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер және аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, сондай-ақ радиациялық авариялар және олармен байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің өзгертілген жартыжылдық жоспарлары өзгерістер туралы белгі қойыла отырып, уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастырылады.
9. Жоспардан тыс тексеру:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзудың нақты фактілері бойынша прокурордың талаптары, құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзудың нақты фактілері бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың хабарлары немесе өтініштері;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзудың нақты фактілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар;
4) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмалары негізінде әкімшілік дереккөзге бару арқылы жүргізіледі.
Анонимдік жолданымдар болған жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.
10. Уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері әкімшілік дереккөзді мерзімдік тексеру жүргізудің басталатыны туралы ол басталғанға дейін кемінде үш тәулік бұрын, жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталатыны туралы ол басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, электрондық құжат айналымы немесе ресми дереккөздерден (әкімшілік дереккөздің интернет-ресурсы) алынған электрондық мекенжай бойынша не алынғанын тіркеп-белгілеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып хабардар етуге міндетті.
11. Уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің әкімшілік дереккөзге тексеруге келген лауазымды адамдары тексеруді тағайындау туралы актіні, қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсетуге міндетті.
12. Әкімшілік дереккөзге тексерудің тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру мерзімінің басталуы деп есептеледі, онда мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
5) әкімшілік дереккөздің атауы, оның тұрған жері;
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
7) тексерудің түрі;
8) тексеру жүргізу мерзімі;
9) тексеру жүргізу негіздері;
10) тексерілетін кезең;
11) осы бапта көзделген әкімшілік дереккөздің құқықтары мен міндеттері;
12) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы;
13) әкімшілік дереккөз басшысының немесе басшының міндетін атқарушы адамның актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.
Тексерулерді тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және ұзарту туралы актілерге уәкілетті орган ведомствосының басшылығы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бірінші басшысы қол қояды және танысу үшін әкімшілік дереккөздің басшысына немесе басшының міндетін атқарушы адамға табыс етіледі.
13. Тексеру мерзімінің өту барысы табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың қолданылуы, төтенше жағдай режимінің енгізілуі, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуының, уланулардың, сондай-ақ радиациялық авариялардың және оларға байланысты шектеулердің туындауының немесе олардың туындау қатерінің мерзіміне, сондай-ақ тексерулер жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік іс жүргізулер мен рәсімдер жүзеге асырылған жағдайларда тоқтатыла тұрады.
Тексеру мерзімінің өту барысы табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың қолданылуы, төтенше жағдай режимінің енгізілуі, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуының, уланулардың, сондай-ақ радиациялық авариялардың және оларға байланысты шектеулердің туындауы немесе олардың туындау қатері тоқтатылған, сондай-ақ тексерулер жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік іс жүргізулер мен рәсімдер тоқтатылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайта басталады.
Тексеру мерзімінің өту барысы әкімшілік дереккөз таратылған жағдайларда тоқтатылады.
Тексеру жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартыла отырып, отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Тексерулер жүргізу мерзімі тек бір рет ұзартылуы мүмкін.
Тексерулерді жүргізу мерзімдерін ұзарту әкімшілік дереккөзді хабардар ете отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі. Уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы тексеру мерзімін ұзарту туралы хабарламаны әкімшілік дереккөзге табыс етілгені туралы хабарламамен ұзартуға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.
14. Тексерулердің нәтижелері бойынша уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы тексеру нәтижелері туралы қорытынды жасайды, онда мыналар көрсетіледі:
1) қорытындының жасалған күні, нөмірі мен орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің (болған жағдайда мерзімді ұзарту туралы қосымша актінің) күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер олар жеке басты куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) және лауазымдары;
5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылған мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
6) әкімшілік дереккөздің атауы, оның тұрған жері;
7) тексерудің түрі;
8) тексеру жүргізу мерзімі мен кезеңі;
9) тексерудің нысанасы;
10) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
11) талаптарды орындау мерзімі көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
12) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбалары;
13) әкімшілік дереккөз басшысының немесе басшының міндетін атқарушы адамның, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың қорытындымен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба.
Тексеру нәтижелері туралы қорытындының бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тапсырылады, екінші данасы танысу үшін қағаз жеткізгіште қол қойғызып, әкімшілік дереккөз басшысына немесе басшының міндетін атқарушы адамға табыс етіледі, үшінші данасы уәкілетті органның ведомствосында немесе оның аумақтық бөлімшесінде қалады.
15. Әкімшілік дереккөзге тексеру нәтижелері туралы қорытынды табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
16. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды әкімшілік дереккөз қорытынды жасаған уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды міндетті түрде ұсына отырып, тексеру аяқталған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жояды.
Тексеру жүргізу кезінде бұзушылықтар болмаған жағдайда тексеру нәтижелері туралы қорытындыда тиісті жазба жүргізіледі.
17. Тексеру немесе қашықтан бақылау нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда әкімшілік дереккөз оларды жазбаша түрде жазады және тексеру аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қорытынды жасаған уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне электрондық құжат айналымы арқылы жібереді.
Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі әкімшілік дереккөздің қорытындыға ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын олар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды және уәжді жауап береді.
18. Қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда, сондай-ақ тексеру нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар әкімшілік дереккөздің орындауы үшін міндетті болып табылады.
19. Тексеру нәтижелері туралы қорытынды орындалмаған кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік іс жүргізу қозғалады.
20. Уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:
1) рұқсаттамалық және объектішілік режимнің белгіленген талаптарын сақтай отырып, әкімшілік дереккөздің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нәтижелеріне қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға және қажет болған кезде оларды қашықтан бақылау жүргізуде пайдалануға;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті алуға;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға;
5) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
6) осы бапта көзделген әкімшілік дереккөздің міндеттемелерін орындаудан бас тарту фактілерін бейнетүсірілімге тіркеп-белгілеуге құқығы бар.
21. Уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, әкімшілік дереккөздердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) осы бапта белгіленген тәртіп негізінде және оған қатаң сәйкестікте қашықтан бақылау мен тексерулер жүргізуге;
3) тексерулер жүргізу кезеңінде әкімшілік дереккөздің белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамауға;
4) тексерулер жүргізу кезінде әкімшілік дереккөз басшысының немесе басшысы міндетін атқарушы адамның қатысуына кедергі жасамауға, тексерулер нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
5) әкімшілік дереккөзге тексерудің нысанасына жататын қажетті ақпаратты беруге;
6) әкімшілік дереккөзге тексеру нәтижелері туралы қорытындыны немесе қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны табыс етуге;
7) қашықтан бақылау және тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға міндетті.
22. Әкімшілік дереккөздер өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау жүргізілген кезде:
1) егер құжаттар мен мәліметтер жүргізілетін қашықтан бақылау және тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
2) қашықтан бақылау және тексерулер нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақытша және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы негізделген өтінішпен бес жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне жүгінуге;
3) қашықтан бақылау және тексеру нәтижелеріне, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) тексерулердің жүзеге асырылу процесін, сондай-ақ лауазымды адамның тексерулер шеңберінде жүргізіп жатқан жекелеген әрекеттерін аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен оның қызметіне кедергі жасамай тіркеп-белгілеуге құқылы.
23. Әкімшілік дереккөздер өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау жүргізілген кезде:
1) уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының әкімшілік дереккөздің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) тексеру нәтижелері туралы қорытындыға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарына ұсынуға;
3) қорғау не Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті беруге;
4) тексеруді тағайындау туралы актіге, тексеру нәтижелері туралы қорытындыға белгі жасауға;
5) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тексерулер жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
6) тексеру жүргізудің басталуы туралы хабарламада көрсетілген тағайындалған тексеру мерзімдерінде әкімшілік дереккөз тұрған жерде болуға міндетті.
12-2-бап. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Тиісті мемлекеттік статистика органдары осы Заңға сәйкес респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге бармай жүзеге асырады.
2. Респонденттерге бармай мемлекеттік бақылау респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде ұсынбауын, сондай-ақ олардың анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсынуын анықтау түрінде жүзеге асырылады.
3. Респондентке бармай мемлекеттік бақылау:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес респонденттер ұсынатын статистикалық нысандарды;
2) бастапқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін ресми статистикалық ақпаратты түзу кезінде өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша алынған ақпаратты талдау арқылы статистикалық нысанда белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
4. Респонденттердің анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсынғаны анықталған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік статистика органдары статистикалық нысанды қайта ұсыну не ұсынылған бастапқы статистикалық деректердің анықтығын растайтын қосымша ақпаратты бір жұмыс күні ішінде беру арқылы бастапқы статистикалық деректерді қамтитын статистикалық нысандарға түзетулер енгізу қажеттілігі туралы бұрын ұсынылған статистикалық нысандарда көрсетілген байланыс деректері (ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжай) бойынша респондентке хабарлайды.
Респонденттердің анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсынғанын көрсететін жеткілікті негіз болған кезде мемлекеттік статистика органдары Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғайды.
5. Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде ұсынбағаны анықталған кезде мемлекеттік статистика органдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғайды және респондент бұрын ұсынылған статистикалық нысандарда көрсеткен байланыс деректері бойынша немесе ресми дереккөздерден алынған байланыс деректеріне (ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжай) хабар жіберу жолымен респонденттен бастапқы статистикалық деректер бар тиісті статистикалық нысандарды ұсынуды талап етеді.
74. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 25-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тұтынушының талап етуі бойынша оған сәйкестікті міндетті бағалауға жататын тауарға, оның ішінде импорттық тауарға сәйкестікті бағалау туралы құжат не оның тиісінше куәландырылған көшірмесі, не техникалық реттеу тізілімінен немесе Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімдерінен алынған осындай құжаттың бар екендігі туралы мәліметтер ұсынылуға тиіс.";
2) 38-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "азаматтық заңнамасына" деген сөздер "Азаматтық кодексіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
75. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
"39-1) әуе кемелеріне арналған қосалқы бөлшектер – көлік құралының ажырамас құрамдастары болып табылатын, бөлшектерді жөндеу немесе ауыстыру мақсатында пайдаланылатын, ұшақтың жабдық болып табылмайтын бөлшектері, оның ішінде қозғалтқыштар және әуе бұрандалары;";
2) 65-1-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Аэровокзалдарда қызметін жүзеге асыратын адамдар Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтауға және әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттерге жол бермеуге тиіс.".
76. "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
19-баптың 1-тармағындағы "тексеру және профилактикалық бақылау" деген сөздер "жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын.
77. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-тармақтағы "өзге де" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы "өзге де" деген сөздер алып тасталсын.
78. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 11-бап "тексеру және" деген сөздерден кейін "бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 12-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) мұнай берушілерге (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда) тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы Заңның 18-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген шикі мұнайдың, газ конденсатының, қайта өңдеу өнімдерінің шығарылған жерін растайтын құжаттар болған кезде оларды сатып алуға, қайта өңдеуге қабылдауға;";
3) 18-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мұнай берушілер шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылған жерін растайтын құжаттар болған кезде оларды сатып алуға және (немесе) мұнай өнімдерін өндірушілерге (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда) өнім беруге құқылы.
Шығарылған жерін растайтын құжаттарға мыналар жатады:
1) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің сапасын растайтын құжат (сапа паспорты);
2) кен орнының атауы және қайта өңдеу үшін шикі мұнай және (немесе) газ конденсаты берілетін мұнай өнімдерін өндірушінің (мұнай өнімдерін өндірушіге өткізген жағдайда) атауы көрсетілген, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін сатып алу-сату және (немесе) беру шарты;
3) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы, теміржол көлігі туралы, ішкі су көлігі туралы, магистральдық құбыр туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берілген тасымалдау құжаттары.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген құжаттар қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық құжат түрінде беріледі.";
4) 19-бап мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:
"4-2. Мұнай өнімдерін және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өткізуді осы баптың 2-тармағында көрсетілген субъектілер олардың шығарылған жерін растайтын мынадай құжаттар:
1) сапасын растайтын құжат (сапа паспорты);
2) мұнай өнімдерін және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін сатып алу-сату және (немесе) өнім беру шарты;
3) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы, теміржол көлігі туралы, ішкі су көлігі туралы, магистральдық құбыр туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берілген тасымалдау құжаттары болған кезде жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық құжат түрінде ұсынылады.".
79. "Ғарыш қызметі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
12-бап "және" деген сөзден кейін "бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы" деген сөздермен толықтырылсын.
80. "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
7-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.".
81. "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
5-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.".
82. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
17-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
83. "Магистральдық құбыр туралы" 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
7-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "мемлекеттік қадағалауды" деген сөздер "мемлекеттік бақылау мен қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын.
84. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
48-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерімен" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық бөлімшесімен үш жұмыс күні ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
85. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 13) тармақшасы алып тасталсын;
2) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"27-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру және байқау жөніндегі қызметі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушілер мен Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілеріне жатады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау:
1) жергілікті жерге бару арқылы не лауазымды адамдарды шақырып және (немесе) материалдарды сұрата отырып, жергілікті жерге бармай тексеру;
2) ақпараттық жүйелерге қол жеткізу арқылы не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептік ақпарат пен өзге де мәліметтер негізінде байқау жолымен жүргізіледі.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылады.
5. Орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қызметіне мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары, ал облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, орталық мемлекеттік органдар мен ведомстволардың, оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың аумақтық бөлімшелерінің, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, Мемлекеттік корпорацияның және оның филиалдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары, ал қажет болған жағдайларда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары жүргізеді.
6. Осы баптың ережелері қарсы барлау қызметін және кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға, қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға байланысты қатынастарға қолданылмайды.";
3) мынадай мазмұндағы 27-1, 27-2, 27-3 және 27-4-баптармен толықтырылсын:
"27-1-бап. Тексерудің түрлері және оларды жүргізу тәртібі
1. Тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан жүргізілетін жоспарлы тексеру;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілерінің оларды жүргізуге негіз болған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан жүргізілетін жоспардан тыс тексеру.
2. Тексеру жүргізу үшін мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары, консультанттары мен сарапшылары тартылуы мүмкін. Тексеруді есепке алуды жүргізу мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тексеру жүргізу жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде бекітетін, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган басшысының шешімімен өзгерістер енгізілуі мүмкін жартыжылдық тексеру жоспары жоспарлы тексеру тағайындауға негіз болып табылады.
Тексеруші лауазымды адамдардың құрамы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің шешімімен өзгертілуі мүмкін.
Тексеруші лауазымды адамдардың құрамы өзгерген кезде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі бұл туралы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісін осындай шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілері, егер:
1) жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық тізімін бекіту алдындағы соңғы алты айда олар бір мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен болса;
2) жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын бекіту алдындағы соңғы алты айда алдыңғы тексерулердің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыну шығарылған болса;
3) жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын бекіту алдындағы соңғы алты айда оларға қатысты жеке және (немесе) заңды тұлғалардан жолданым келіп түссе;
4) соңғы жыл ішінде олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылса;
5) жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын бекіту алдындағы соңғы алты айда мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бұзушылықтардың алдын алу және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша талдау және мониторинг негізінде жолданған ұсыныс орындалмаса;
6) соңғы жыл ішінде оларға қатысты үш және одан көп жоспардан тыс тексерулер жүргізілсе;
7) соңғы үш жылда оларға қатысты жоспарлы тексеру жүргізілмесе, жоспарлы тексеруге жатады.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісіне қатысты жоспарлы тексеру жылына бір реттен артық жүргізілмейді.
6. Жоспардан тыс тексеру тағайындауға:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылық фактілері жөніндегі мемлекеттік органдардың жолданымдары;
3) анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынулардың орындалуын бақылау;
4) байқау нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын бұзушылықтар;
5) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар және сұрау салу арқылы зерделенген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпарат негіз болып табылады.
7. Анонимдік жолданымдар негізінде жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.
8. Тексерулер Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған талаптарға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
9. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің тексеру жүргізу үшін объектіге келген лауазымды адамдары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау субъектісіне:
1) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын;
2) қажет болған кезде құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын көрсетуге міндетті.
10. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына қатысты тексерулер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасымен не оны алмастыратын адаммен келісу бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілерінде болған уақытта оларға осы органда белгіленген рұқсаттамалық және объектішілік режимдердің талаптары қолданылады.
27-2-бап. Тексеру жүргізу мерзімдері және ол аяқталғаннан кейін қабылданатын шаралар
1. Жоспарлы тексеруді жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және тексеру басталған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде тексеру жүргізу мерзімдері тексеру басталған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
2. Жоспарлы тексерудің басталатыны туралы хабарлама күні көрсетіле отырып, ол басталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын, жоспардан тыс тексеру басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жіберіледі.
3. Тексерудің басталатыны туралы хабарламада мыналар көрсетіледі:
1) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
2) тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер;
3) өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері;
4) тағайындалған тексерудің нысанасы;
5) тексеру жүргізу мерзімі;
6) тексерілетін кезең;
7) тексеру түрі;
8) тексеру жүргізу негіздері;
9) хабарламаға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
4. Тексеру жүргізу мерзімдері:
1) жүргізілетін тексеру шеңберінде елеулі маңызы бар қажетті мәліметтерді ұсыну туралы мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға және өзге де субъектілерге сұрау салу жіберілген жағдайларда олар алынғанға дейін;
2) төтенше жағдай енгізілген кезде оның қолданылу кезеңіне көзделген негізгі және уақытша шектеу шаралары ескеріле отырып тоқтатыла тұрады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі тексеру жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрған және қайта басталған кезде бұл туралы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісін осындай шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Тексеруді жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.
5. Тексеру барысында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің тексеру жүргізетін лауазымды адамы тексеру аяқталған күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей тексеру нәтижелері туралы анықтаманың жобасын жасайды және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілеріне, сондай-ақ осы Заңның 27-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға жібереді.
6. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісі, сондай-ақ осы Заңның 27-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар тексеру жүргізетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары жүргізетін тыңдауға қатысуға және тексеру нәтижелері туралы анықтаманың жобасына оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарсылық ұсынуға немесе айтуға құқылы.
Тексеру нәтижелері туралы анықтаманың жобасына келіп түскен қарсылықтарды қарау нәтижелері бойынша тексеру жүргізетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары тексеру нәтижелері туралы анықтама жасайды не белгіленген мерзім шегінде елеулі маңызы бар мәліметтерді қосымша зерделеу жөнінде шаралар қабылдайды, оның ішінде осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес тексеру жүргізуді тоқтата тұрады.
7. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісіне және өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тексеру нәтижелері туралы анықтама жіберілген күн тексеру аяқталған күн деп есептеледі.
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар тексеру нәтижелері туралы анықтамамен расталатын жағдайларда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісінің атына тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы, сондай-ақ бұзушылыққа жол берген адамдардың жауаптылығын қарау туралы қаралуы міндетті ұсыну енгізіледі.
9. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыну мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісінің онда көрсетілген бұзушылықтарды күнтізбелік отыз күн ішінде жою бойынша шаралар қабылдай отырып қарауына жатады.
Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі жасаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар бойынша олардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қайта жүгіну қажеттілігінсіз қалпына келтіру бойынша шаралар да қабылданады.
10. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынуды қарау қорытындылары туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне ол қаралған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жіберіледі.
11. Тексерудің басталуы және тексеру мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы, тексеруші лауазымды адамдар құрамының өзгеруі туралы хабарламалардың, тексеру нәтижелері туралы анықтаманың және анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың нысандарын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
27-3-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісінің тексеру жүргізілген кездегі құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілері тексеру жүргізілген кезде:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамдарын:
тексеру мерзімдері асып кеткен не өтіп кеткен;
тексеру жүргізу мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің тексеру жүргізуге тиісті өкілеттіктері жоқ лауазымды адамдарына тапсырылған;
осы Заңда белгіленген тексеру жүргізу талаптары өрескел бұзылған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) егер мәліметтер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының тексеру нәтижелеріне (анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынуға) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) тексеру жүргізу процесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамының тексеру шеңберінде жүргізіп жатқан жекелеген әрекеттерін тексеруші лауазымды адамның қызметіне кедергі жасамай, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілері тексеру жүргізілген кезде:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің тексеруші лауазымды адамдарының аумаққа және үй-жайларға кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің тексеруші лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы анықтамаға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұсынуға;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері тексеруші лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге;
4) тексеру жүргізілген кезде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге міндетті.
27-4-бап. Тексерудің жарамсыздығы
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің тексеру жүргізетін лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
2. Жолданымды беру мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісінің анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауын жоққа шығармайды.
3. Егер тексеру осы Заңда белгіленген тексеру жүргізуге қойылатын талаптар өрескел бұзыла отырып жүргізілсе, ол жарамсыз деп танылады.
4. Тексеру жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзушылықтарға:
1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;
2) тексерудің басталатыны туралы хабарламаның болмауы;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер тағайындау жатады.
5. Тексерудің жарамсыз деп танылуы жоғары тұрған мемлекеттік органның анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынуының күшін жоюға негіз болып табылады. Жоғары тұрған мемлекеттік орган анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың күшін жоюдан бас тартқан жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың күшін сот жояды.".
86. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы "құқықтық актілердің жобаларын" деген сөздерден кейін ", мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобаларын" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 9-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларындағы "нормативтік құқықтық актілерді", "құқықтық актілердің жобаларына" деген сөздер тиісінше "нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобаларын", "құқықтық актілердің жобаларына, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 11-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) стандарттар мен техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысады.";
5) тармақша алып тасталсын;
4) 13-бапта:
1-1) тармақша алып тасталсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарының кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру және біліктілік беру жөніндегі оқу орталықтарын ашуға жәрдемдеседі;";
12) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13), 14 және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
"13) дуальды оқыту туралы шарттар жасасуға жәрдемдеседі;
14) жасалған дуальды оқыту туралы шарттардың тізілімін жүргізеді;
15) дуальды оқытуға қатысушы кәсіпорындардан (ұйымдардан) тәлімгерлерді оқытуды жүзеге асырады.";
5) 14-баптың бірінші бөлігінде:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) тоқсанына бір реттен сиретпей, тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар жөніндегі ақпаратты Ұлттық палатаның интернет-ресурсында орналастырады;";
16) тармақша "нысандарына" деген сөзден кейін "және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе әкелу елі (одағы) біржақты тәртіппен белгілеген талаптарға" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 19-баптың 3-тармағында:
2-1) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
"Ұлттық палата" деген сөздер "өңірлік палаталарды қоспағанда, Ұлттық палата" деген сөздермен ауыстырылсын;
"туралы шешімдер қабылдау, олардың мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін айқындау" деген сөздер "және тарату туралы шешімдер қабылдау" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 20-баптың 4-тармағы "кешіктірілмей" деген сөзден кейін ", кезектен тыс съезд өткізілген жағдайда съезд өтетін күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 21-баптың 4-тармағында:
8) тармақшадағы "Ұлттық палата құрылтайшы" деген сөздер "өңірлік палаталардың дирекциясын қоспағанда, Ұлттық палата құрылтайшы" деген сөздермен ауыстырылсын
13) тармақшадағы "бекіту жатады." деген сөздер "бекіту;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
"14) өңірлік палаталарды құру және жабу туралы шешімдер қабылдау;
15) тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында тіркелген (есептік тіркеуден өткен) кәсіпкерлік субъектілері мен қауымдастықтардың (одақтардың) жалпы санын ескере отырып, өңірлік кеңестердің сандық құрамын бекіту;
16) өңірлік кеңестер делегаттарын сайлауды өткізу тәртібін, мерзімдерін және өңірлік кеңестерді қалыптастыру тәртібін бекіту жатады.";
9) 23-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Басқарма съезге және төралқаға есеп береді. Басқарма мүшелерінің сандық құрамын съезд белгілейді. Басқарма мүшелерінің өкілеттік мерзімі қайта сайлану құқығымен екі жылды құрайды.";
8-тармақтың 5) тармақшасындағы "басқарма мүшелері арасынан басқарма төрағасының орынбасарларын" деген сөздер "басқарма төрағасының орынбасарларын, оның ішінде басқарма мүшелері қатарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 24-баптың 1-тармағындағы "бес" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 25-бапта:
2-тармақтағы "съезд" деген сөз "төралқа" деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Дара кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ коммерциялық ұйымдардың атқарушы органының (алқалы атқарушы орган жанындағы) басшылары немесе мүшелері, сондай-ақ коммерциялық ұйымдардың өз меншігіндегі үлестерін, жарғылық капиталындағы акцияларын басқаруды дербес жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) ғана өңірлік кеңестердің төрағалары және осы лауазымға кандидаттар бола алады.";
12) 26-баптың 3-тармағындағы "съезд белгілеген" деген сөздер "төралқа бекіткен" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 26-1-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі "ережені" деген сөзден кейін "Басқармамен келісу бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
14) 32-бап алып тасталсын.
87. "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-тармақ "тексеру және" деген сөздерден кейін "бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";
екінші бөліктегі "субъектісіне" деген сөз "субъектісіне (объектісіне)" деген сөздермен ауыстырылсын.
88. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 41) тармақшасында:
"бақылауды" деген сөз "бақылау мен қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қылмыстар" деген сөз "қылмыстық құқық бұзушылықтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-баптың 1-тармағында:
21) тармақшадағы "бақылауды" деген сөз "бақылау мен қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 21-1), 70-43), 70-44) және 70-45) тармақшалармен толықтырылсын:
"21-1) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып (қажет болған кезде) айқындайды.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;";
"70-43) өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актінің нысанын бекітеді;
70-44) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеп-белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын бекітеді;
70-45) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеп-белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдаланады;";
3) 12-2-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып (қажет болған кезде) айқындайды.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;";
4) 36-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы "мемлекеттік бақылауға" деген сөздерден кейін "және қадағалауға" деген сөздермен толықтырылсын;
"мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
"профилактикалық бақылау" деген сөздер "бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және тергеп-тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Тексерулер мен профилактикалық бақылаудың" деген сөздер "Тексерулердің, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік қадағалау осы Заңға сәйкес азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде жедел ден қою шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.";
5) 37-бапта:
1-тармақтағы "азаматтық қорғаныс бойынша санаттандырылған ұйымдардың" деген сөздер "азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған, базасында азаматтық қорғау қызметтері құрылған және табиғи және жасанды су айдындарындағы көпшілік демалатын орындар бекітіліп берілген ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік органдарға қатысты азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау осы Заңның 37-1-бабына сәйкес тексеру нысанында жүзеге асырылады.";
6) мынадай мазмұндағы 37-1-баппен толықтырылсын:
"37-1-бап. Мемлекеттік органдарға қатысты азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі
1. Мемлекеттік органдарға қатысты азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – тексерілетін мемлекеттік органдар) осы бапқа сәйкес мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Мерзімдік тексеру уәкілетті органның бірінші басшысы тексеру жүргізу жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 маусымына дейін бекіткен мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарлары негізінде жүргізіледі.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарында мыналар қамтылады:
1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
4) тексерудің нысанасы;
5) тексеру жүргізу мерзімдері;
6) жоспарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Мерзімдік тексеру жүргізу туралы хабарлама мерзімдік тексерулердің жартыжылдық жоспары болып табылады және тексеру жүргізу жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей және ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 маусымына дейін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тексерілетін мемлекеттік орган таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген, сондай-ақ табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар және олармен байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайлар басталған кезде тексеру ұзартылуы не тоқтатыла тұруы мүмкін.
Мерзімдік тексерулерді жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартыла отырып, он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Мерзімдік тексеруді жүргізу мерзімі мерзімдік тексеру жүргізу тоқтатыла тұрған кезде үзіледі және мерзімдік тексеру қайта басталған кезден бастап жалғасады.
Мерзімдік тексерулерді жүргізу мерзімі тек бір рет ұзартылуы мүмкін. Ұзарту уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының шешімімен жүзеге асырылады. Мерзімдік тексерулерді жүргізу мерзімдерін ұзарту тексерілетін мемлекеттік орган хабардар етіле отырып, мерзімдік тексерулер мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексерулерді тағайындау туралы алдыңғы актінің күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі. Мерзімдік тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі табыс етілгені туралы хабарламамен ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын тексерілетін мемлекеттік органға табыс етеді.
3. Тексеру тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде бару арқылы жүргізіледі, онда мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер;
5) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
7) тексерудің түрі;
8) тексеру жүргізу мерзімі;
9) тексеру жүргізу негіздері;
10) тексерілетін кезең;
11) тексерілетін мемлекеттік органның осы баптың 18 және 19-тармақтарында көзделген құқықтары мен міндеттері;
12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
13) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Тексерулерді тағайындау, ұзарту, тоқтата тұру және қайта бастау туралы актілерге уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды.
Тексерудің басталатыны туралы акт тексерілетін мемлекеттік органға табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
4. Тексеруді тағайындау туралы актімен танысудан бас тартылған, тексеруді жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі лауазымды адамының тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі жасалған жағдайларда тиісті акт жасалады.
Бас тарту туралы актіге уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы және тексерілетін мемлекеттік органның басшысы не оның уәкілетті адамы қол қояды.
Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тартылған кезде уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы тексеру жүргізуді бастауға негіз болып табылатын тексеруді тағайындау туралы актіні хабарламасы бар тапсырысты хатпен поштамен не электрондық құжат арқылы жібереді.
Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
5. Азаматтық қорғаныс саласындағы талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексерілетін мемлекеттік органдарға қатысты мерзімдік тексеру үш жылда бір рет жүзеге асырылады.
6. Жоспардан тыс тексеруге:
1) тексеру нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау;
2) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға қатысты дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдемелері болған кезде азаматтық қорғаныс саласындағы талаптарды бұзушылықтар жөніндегі жолданымдары;
3) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің не нұқсан келтірудің қатері туралы нақты фактілер бойынша прокурордың талабы;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
5) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмалары негіз болып табылады.
Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі тексерілетін мемлекеттік органға жоспардан тыс тексеруді жүргізудің басталатыны туралы тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, ол басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын хабарлауға міндетті.
7. Жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі он жұмыс күніне дейін ұзартыла отырып, он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жоспардан тыс тексеруді жүргізу мерзімі тек бір рет ұзартылуы мүмкін. Ұзарту уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының шешімімен жүзеге асырылады. Жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту тексерілетін мемлекеттік орган хабардар етіле отырып, жоспардан тыс тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексерулерді тағайындау туралы алдыңғы актінің күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі. Жоспардан тыс тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаның табыс етілуі туралы хабарламамен бірге ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын тексерілетін мемлекеттік органға табыс етіледі.
8. Анонимдік жолданымдар болған жағдайларда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді. Жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған фактілер мен мән-жайлар жоспардан тыс тексеруге жатады.
9. Тексерулер ішкі еңбек тәртібінің қағидаларында белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
10. Тексеру нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы қорытынды жасалады, онда мыналар көрсетіледі:
1) қорытындының жасалған күні, нөмірі мен орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер олар жеке басты куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) және лауазымдары;
5) тексеру жүргізу үшін тартылған мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер;
6) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
7) тексерудің нысанасы;
8) тексерудің түрі;
9) тексеру жүргізу мерзімі мен кезеңі;
10) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
11) талаптарды орындау және бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдау мерзімі көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уәкілетті адамының, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың қорытындымен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба;
13) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбалары.
Тексеру нәтижелері туралы қорытындыға тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері олар болған кезде қоса беріледі.
Мерзімдік тексерудің нәтижелері бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалмай, тексеру нәтижелері туралы қорытынды шығарылады.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарды орындау мерзімі тексеру нәтижелері туралы қорытынды табыс етілген күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрайды.
11. Тексеру нәтижелері туралы қорытындының бірінші данасы өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға электрондық нысанда тапсырылады, екінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау үшін тексерілетін мемлекеттік органға (басшыға не оның уәкілетті адамына) қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етіледі, үшінші данасы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінде қалады.
Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тексерілетін мемлекеттік орган оларды жазбаша түрде жазады және тексеру нәтижелері туралы қорытынды табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне жібереді. Тексеруді жүргізген лауазымды адам тексеру нәтижелері туралы қорытындыға тиісті жазба жасайды.
Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі тексерілетін мемлекеттік органның ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын он жұмыс күні ішінде қарауға және уәжді жауап беруге тиіс.
12. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылық болмаған жағдайда тексеру нәтижелері туралы қорытындыға тиісті жазба жасалады.
13. Тексерілетін мемлекеттік органға тексеру нәтижелері туралы қорытынды тексеруді тағайындау туралы актіде (мерзімді ұзарту туралы қосымша акт болған кезде онда) көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
14. Тексеру нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар тексерілетін мемлекеттік органдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
Тексерілетін мемлекеттік орган тексеру нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексеру нәтижелері туралы қорытындыда белгіленген мерзім ішінде уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Тексерілетін мемлекеттік орган анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген немесе толық бермеген жағдайларда уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі жоспардан тыс тексеру тағайындайды.
Тексерілетін мемлекеттік орган анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы берілген ақпаратқа бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді. Бұл жағдайда жоспардан тыс тексеру қажет болмайды.
15. Егер уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі тексерулерді осы бапта белгіленген тексерулер жүргізу жөніндегі талаптарды бұза отырып жүргізсе, олар жарамсыз деп танылады.
16. Тексеруді жүзеге асыру кезінде тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін мемлекеттік орган уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға не сотқа шағым жасауға құқылы.
17. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:
1) рұқсаттамалық режим мен объектішілік режимнің талаптарын сақтай отырып, тексерілетін мемлекеттік органның аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нәтижелері туралы қорытындыға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті алуға;
3) тексеру жүргізу үшін мамандарды, консультанттар мен сарапшыларды тартуға;
4) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
5) тексерудің нысанасына жататын техникалық байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото- және бейнеаппаратуралардың жазбаларын пайдалануға құқығы бар.
Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамдары тексеру жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексеруді осы бапта белгіленген тәртіп негізінде және оған қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін мемлекеттік органның белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамауға;
4) тексеру жүргізу кезінде тексерілетін мемлекеттік органның не оның уәкілетті өкілінің қатысуына кедергі жасамауға, тексерудің нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
5) тексерілетін мемлекеттік органдарға тексерудің нысанасына жататын қажетті ақпаратты беруге;
6) тексеру нәтижелері туралы қорытындыны тексерілетін мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы актіде (мерзімді ұзарту туралы қосымша акт болған кезде онда) көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірмей табыс етуге;
7) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға міндетті.
Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамдары тексерілетін мемлекеттік органға:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлігін (сәйкестендіру картасын) көрсетуге міндетті.
18. Тексерілетін мемлекеттік органдар не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
1) егер құжаттар мен мәліметтер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
2) тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақытша және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда үш жұмыс күнінен кешіктірмей бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне жүгінуге;
3) тексеру нәтижелері туралы қорытындыға, сондай-ақ уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі лауазымды адамдарының тексерілетін мемлекеттік органның қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйымдарын орындамауға;
5) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі лауазымды адамының тексеру шеңберінде жүргізіп жатқан жекелеген әрекеттерін оның қызметіне кедергі жасамай, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.
19. Тексерілетін мемлекеттік органдар не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
1) уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі лауазымды адамдарының рұқсаттамалық режим мен объектішілік режимнің талаптарын сақтай отырып, тексерілетін мемлекеттік органның аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы қорытындыға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті беруге;
3) тексеру басталған күні тексеруді тағайындау туралы актіні және аяқталған күні жүргізілген тексерудің нәтижелері туралы қорытындыны алғаны туралы белгі жасауға;
4) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
5) басшының не оның уәкілетті адамының тексерудің белгіленген мерзімдерінде тексерілетін мемлекеттік орган тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
20. Егер жоспардан тыс тексеру жүргізу нәтижесінде тексерілетін мемлекеттік органның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу (орындамау) фактісі анықталса, әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамдары өкілеттіктері шегінде бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.";
7) 38-бапта:
тақырып "мемлекеттік бақылау" деген сөздерден кейін "және қадағалау" деген сөздермен толықтырылсын;
"мемлекеттік өртке қарсы қызмет" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес мемлекеттік өртке қарсы қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының осы Заңның 38-1-бабында көзделген жедел ден қою шараларын қолдану құқығымен жеке және заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптарды сақтауын тексеру жөніндегі қызметі өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қадағалау болып табылады.";
бірінші бөлікте:
"мемлекеттік бақылауды" деген сөздерден кейін "және қадағалауды" деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
екінші бөліктегі "қадағалау" деген сөз "мемлекеттік бақылау және қадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзац "мемлекеттік бақылауды" деген сөздерден кейін "және қадағалауды" деген сөздермен толықтырылсын;
1) және 2) тармақшаларда:
"мемлекеттік бақылау" деген сөздерден кейін "және қадағалау" деген сөздермен толықтырылсын;
"құрылымдық бөлімшесінің" деген сөздер "ведомствосының" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
"мемлекеттік бақылау" деген сөздерден кейін "және қадағалау" деген сөздермен толықтырылсын;
"уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің" деген сөздер "уәкілетті орган ведомствосының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4), 5) және 6) тармақшаларда:
"мемлекеттік бақылау" деген сөздерден кейін "мен қадағалау" деген сөздермен толықтырылсын;
"орган ведомствосының" деген сөздер "органның" деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші бөлік "бақылау" деген сөзден кейін "және қадағалау" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
"бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау" деген сөздер "бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бақылау субъектісіне" деген сөздер "бақылау және қадағалау субъектісіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
"нұсқама бақылау", "күні бақылау" деген сөздерден кейін тиісінше "және қадағалау", "және қадағалау" деген сөздермен толықтырылсын;
"және (немесе) тексеру" деген сөздер ", тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайда бақылау және қадағалау субъектілері өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүргiзіледi.";
5-тармақ алып тасталсын;
"бақылау субъектісі" деген сөздер "бақылау және қадағалау субъектісі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және тексерулерден" деген сөздер "бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік заңды тұлғаларға тиесілі объектілерде, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметте өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізуге тыйым салынады.";
8) мынадай мазмұндағы 38-1-баппен толықтырылсын:
"38-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша, егер объектіні пайдалану (қызмет, жұмыс) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірсе, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор жедел ден қою шараларын қолданады.
2. Тексеру жүргізуді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қолданылатын түрлері осы бапта көзделген әсер ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне жүргізілетін тексерулерді жүргізу кезінде жедел ден қою шаралары қолданылмайды.
3. Жедел ден қою шаралары бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметін, жұмыстарды немесе қызметтің (жұмыстардың) жекелеген түрлерін орындауын тоқтата тұруды қамтиды.
4. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
5. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актіні ресімдейді.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы акт Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделеді және бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
6. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актіні қолма-қол табыс ету кезінде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда оған тиісті жазба енгізіледі және актіні қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазба жүзеге асырылады. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы акт оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар хатпен бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына жіберіледі.
7. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актіні алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
8. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру нәтижелері туралы актіде, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
9. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру нәтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтардың жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актінің қолданысы өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.
11. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор осы баптың 5 және 8-тармақтарына сәйкес актілер шығарады.
12. Бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат берілген жағдайда осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
13. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актіні жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағымды беру өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
14. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актіні жарамсыз деп тануға және оның күшін жоюға:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) жедел ден қою шараларының осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша қолданылуы;
3) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың жедел ден қою шараларын өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша қолдануы негіз болып табылады.
15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.";
9) 39-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"39-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру және тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төндіретін жағдайларда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор осы бапта көзделген тәртіппен дара кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу түріндегі жедел ден қою шараларын қолданады.";
мынадай мазмұндағы 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17-тармақтармен толықтырылсын:
"5. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
Аварияны тергеп-тексеру жүргізу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптар бұзылған жағдайларда жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.
6. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы акт ресімдейді және қауіпті өндірістік объектіні және (немесе) техникалық құрылғыны пломбалауды жүргізеді.
7. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы акт Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделеді және қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты дара кәсіпкерге, ұйымға табыс етіледі.
8. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні қолма-қол табыс ету кезінде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда оған актінің қабылданбағаны туралы тиісті жазба енгізіледі. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы акт оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар хатпен қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты дара кәсіпкердің, ұйымның заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына жіберіледі.
9. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
10. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру, тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
11. Қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты дара кәсіпкер, ұйым жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
12. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру, тергеп-тексеру нәтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болған анықталған бұзушылықтардың жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актінің қолданысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болған анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.
13. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болған, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор осы баптың 6 және 10-тармақтарына сәйкес актілер шығарады.
14. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты дара кәсіпкер, ұйым бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат берілген жағдайда осы баптың 12-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
15. Қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты дара кәсіпкер, ұйым жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағымды беру өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
16. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні жарамсыз деп тануға және оның күшін жоюға:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) жедел ден қою шараларының осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша қолданылуы;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың жедел ден қою шараларын өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша қолдануы негіз болып табылады.
17. Жедел ден қою шараларының қолданылуы туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.";
10) 59-баптың 1-тармағындағы "бақылауды" деген сөз "бақылау мен қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 72-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
12) 73-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;
13) 84-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі комиссия жұмысы басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жері бойынша өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органды аварияның тергеп-тексерілгені туралы хабардар етеді.";
14) 86-баптың 1-тармағындағы "он бес жұмыс күнінен" деген сөздер "күнтізбелік отыз күннен" деген сөздермен ауыстырылсын.
89. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-баптың 14) тармақшасындағы "бақылаудың және қадағалаудың жүзеге асырылуын" деген сөздер "бақылауды жүзеге асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-баптың 6) тармақшасындағы "және қадағалауды" деген сөздер алып тасталсын;
3) 4-тараудың тақырыбындағы "және қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
4) 21-бапта:
тақырыптағы "және қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
"бақылау мен қадағалауды" деген сөздер "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
"тексеру және профилактикалық бақылау" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабының 4-тармағында көзделген мемлекеттік бақылау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";
5) 22 және 23-баптардағы "және қадағалауды" деген сөздер алып тасталсын;
6) 31-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы "және қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
7) 92-баптағы "профилактикалық бақылау" деген сөздер "бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын.
90. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-баптың 3) тармақшасындағы "бақылау мен қадағалауды" деген сөздер "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 6-баптың 1-тармағының 25) тармақшасындағы "тексерулер және профилактикалық бақылау нысанында" деген сөздер алып тасталсын.
91. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
"1-2) берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігі тұрғысынан жүргізілетін рұқсаттық бақылау – мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі рұқсат беру органдарының лицензиялар немесе екінші санаттағы рұқсаттар берілгеннен кейін лицензиаттар мен екінші санаттағы рұқсаттар иелерінің, сондай-ақ хабарлама жіберген өтініш берушілердің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарын сақтауын, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізуді қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;";
16) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
"20-1) рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейінгі, сондай-ақ жіберілген хабарлама бойынша рұқсаттық бақылау (бұдан әрі – рұқсаттық бақылау) – рұқсат беру органдарының рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейінгі, сондай-ақ жіберілген хабарлама бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін анықтауға бағытталған қызметі;";
2) 3-баптың 2-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) валюталық шарттарды есептік тіркеуге, жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарлама жасауға, шетелдік банктердегі шоттар туралы хабарлама жасауға және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын осындай шоттарды есептік тіркеуге;";
10) тармақшадағы "қызметіне қолданылмайды." деген сөздер "қызметіне;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) төлем балансын қорғау жөніндегі шаралар шеңберінде белгіленетін, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілетін рұқсаттарға және хабарламаларға қолданылмайды.";
3) 28-баптың 2-тармағы 6) тармақшасындағы "шегінде қызметті лицензиясы болмай жүзеге асыруына жол беріледі." деген сөздер "шегінде;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары айқындаған денсаулық сақтау субъектілерінің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған төтенше жағдай және (немесе) пандемия кезеңінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес шектеу іс-шаралары (карантин) енгізілетін инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсетуде, оның ішінде диагностикалық және зертханалық қызметтер көрсетуде қызметті лицензиясы болмай жүзеге асыруына жол беріледі.";
4) 51-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігі тұрғысынан жүргізілетін рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Рұқсаттық бақылау осы баптың 2-1 – 2-4-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қаржы саласындағы қызмет және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет саласында рұқсаттық бақылау "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3 және 2-4-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Біліктілік және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру кезінде өтініш берушіге бару қажеттілігі болған жағдайда бару нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды жасалады.
Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыда мыналар көрсетіледі:
1) қорытындының жасалған күні, уақыты және орны;
2) рұқсат беру органының атауы;
3) рұқсаттық бақылауды жүзеге асырған адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) өтініш берушінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
5) мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың рұқсаттық бақылауды жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары және сарапшылары туралы мәліметтер;
6) рұқсаттық бақылаудың нәтижелері туралы, оның ішінде біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына анықталған сәйкессіздіктер туралы мәліметтер;
7) өтініш берушінің, өтініш беруші өкілінің, сондай-ақ рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру кезінде қатысқан адамдардың қорытындымен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
8) рұқсаттық бақылауды жүзеге асырған лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) қолтаңбасы.
Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыға өнім үлгілерін (сынамаларын) іріктеу, қоршаған орта объектілерін зерттеп-қарау туралы актілер, жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың) және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және рұқсаттық бақылаудың нәтижелеріне байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері болған кезде қоса беріледі.
Рұқсаттық бақылаудың нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда өтініш беруші не оның өкілдері ескертулерді және (немесе) қарсылықтарды жазбаша түрде жазуға құқылы.
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыға қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі жасалады.
Рұқсат беру органы өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыға бақылау субъектісінің ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын он бес жұмыс күні ішінде қарауға және уәжді жауап беруге тиіс.
Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыны қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған рұқсаттық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар және өтініш берушінің басшысы не өтініш берушінің уәкілетті өкілі қол қояды.
Өтініш беруші не оның уәкілетті өкілі бас тарту себебі туралы жазбаша түсіндірме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.
Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды екі данада жасалады.
Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындының бірінші данасы рұқсат беру органында қалады, екінші данасы қағаз жеткізгіште қол қойғызып немесе электрондық нысанда өтініш берушіге (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті тұлғасына, жеке тұлғаға) беріледі.
Рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру кезінде түпнұсқа бухгалтерлік және өзге де құжаттарды алып қоюға және алуға тыйым салынады.
Өтініш беруші біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкес келген жағдайда өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды ресімделеді.
2-2. Рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру кезінде рұқсат беру органының лауазымды адамдары:
1) біліктілік және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленбеген талаптардың орындалуын тексеруге;
2) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері (сынамалары), қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамалары рұқсаттық бақылау объектілері болып табылмаса немесе оның нысанасына жатпаса, оларды беруді талап етуге;
3) өнім үлгілеріне, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеу сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргізу үшін көрсетілген үлгілердің, сынамалардың белгіленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеп алу қағидаларында және олардың зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар күшіне енетін күнге дейін қолданыста болатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және әдістерінде белгіленген нормадан асатын санда іріктеп алынуы туралы хаттамаларды ресімдемей, оларды іріктеп алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, рұқсаттық бақылау нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
5) рұқсаттық бақылау нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтініштермен жүгінуге құқылы емес.
2-3. Рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру кезінде рұқсат беру органдары лауазымды адамдарының:
1) өтініш берушінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып, өтініш берушінің рұқсаттық бақылау нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті алуға;
3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
4) рұқсаттық бақылау нысанасына жататын техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото- және бейнеаппаратураның жазбаларын пайдалануға;
5) мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар.
Рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру кезінде рұқсат беру органдарының лауазымды адамдары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, өтініш берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру кезеңінде өтініш берушілердің белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамауға;
3) рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру кезінде өтініш берушінің қатысуына кедергі жасамауға, рұқсаттық бақылау нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
4) өтініш берушіге рұқсаттық бақылау нысанасына жататын қажетті ақпаратты беруге;
5) рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2-4. Рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру кезінде өтініш берушілер не олардың уәкілетті өкілдері:
1) егер мәліметтер рұқсаттық бақылау нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
2) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасауға;
3) рұқсаттық бақылаудың жүзеге асырылу процесін, сондай-ақ рұқсат беру органы лауазымды адамының рұқсаттық бақылау шеңберінде жүргізіп жатқан жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі жасамай, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге;
4) өз мүдделері мен құқықтарын білдіру мақсатында рұқсаттық бақылауға қатысуға үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.
Рұқсаттық бақылаудың жүзеге асырылуы кезінде өтініш берушілер не олардың уәкілетті өкілдері:
1) рұқсат беру органдары лауазымды адамдарының өтініш берушінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, рұқсат беру органдарының лауазымды адамдарына өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ рұқсаттық бақылаудың міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті беруге;
3) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыны алған кезде оны алғаны туралы екінші данасына белгі жасауға;
4) рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру үшін объектіге келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
5) алдағы рұқсаттық бақылау туралы хабарламаны алған жағдайда тағайындалған мерзімдер мен уақытта бақылау және қадағалау объектісі тұрған жерде болуға міндетті.";
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы "бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асыру процесінде" деген сөздер алып тасталсын;
5) 2-қосымшада:
1-сынып мынадай мазмұндағы 87-14-жолмен толықтырылсын:
"
87-14. | Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру | Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат | Иеліктен шығарылмайтын |
;"; |
279-жол алып тасталсын;
6) 3-қосымшаның 45-тармағы алып тасталсын.
92. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы "2025" деген цифрлар "2026" деген цифрлармен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "2025" деген цифрлар "2026" деген цифрлармен ауыстырылсын.
93. "Өзін-өзі реттеу туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:
"4-2. Өзін-өзі реттеу осындай өзін-өзі реттеуді енгізу жоспарланып отырған тиісті салада немесе мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік реттеу болған жағдайда ғана енгізіледі.";
2) 29-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Жоспардан тыс тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.".
94. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
27-баптың 1-1-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 13,95 пайызды;".
95. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
мынадай мазмұндағы 9-1-тараумен толықтырылсын:
"9-1-тарау. Мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау
58-1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшесінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарын және қызметтік әдепті мемлекеттік органдардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында жүзеге асырылады.
58-2-бап. Тексерудің жалпы мәселелері
1. Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшесі тексеруді:
1) тексерілетін мемлекеттік органға бару арқылы;
2) тексерілетін мемлекеттік органға бармай, лауазымды адамдарды шақырып және материалдарды сұрата отырып, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүргізеді.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының және қызметтік әдептің сақталуы тексерудің нысанасы болып табылады.
3. Орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының қызметін тексеруді уәкілетті органның лауазымды адамдары, ал жергілікті мемлекеттік органдардың және орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің қызметін тексеруді уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлері өз құзыреті шегінде, ал қажет болған жағдайда уәкілетті органның лауазымды адамдары да жүргізеді.
4. Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер болып бөлінеді.
5. Уәкілетті органның бірінші басшысы жоспарлы тексерулер жүргізу жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейін және ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 мамырына дейін бекіткен мемлекеттік органдарды тексерудің жартыжылдық жоспары жоспарлы тексеруді тағайындауға негіз болып табылады.
Мемлекеттік органдарды тексерудің жартыжылдық жоспары уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Мемлекеттік органдарды тексерудің жартыжылдық жоспарына уәкілетті органның шешімімен өзгерістер енгізілуі мүмкін.
6. Мемлекеттік органдарды тексерудің жартыжылдық жоспарына енгізу үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) уәкілетті органның және (немесе) оның аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің алдыңғы тексерулерінің нәтижелері;
2) мемлекеттік органдар, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерге уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері жүргізетін мониторинг нәтижелері;
3) мемлекеттік органдардың не мемлекеттік қызметшілердің кінәсінен туындаған, қоғамдық резонанс және мемлекеттік басқару жүйесіне сын тудырған келеңсіз оқиғалардың болуы;
4) мемлекеттік органдарға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы және қызметтік әдептің сақталмауы жөніндегі жеке және заңды тұлғалар жолданымдарының болуы;
5) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын халық тарапынан сын тудырған материалдардың болуы тұрғысынан талдау;
6) уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын, сондай-ақ өзге де ақпарат көздерінен алынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.
7. Жоспардан тыс тексеруге:
1) мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар фактілері жөніндегі мемлекеттік органдардың жолданымдары;
3) анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынулардың орындалуын бақылау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асыратын мониторинг нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
5) ақпарат сұрату арқылы зерделенген бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзушылықтар туралы хабарлар негіз болып табылады.
8. Анонимдік жолданымдар болған жағдайларда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.
58-3-бап. Тексеру жүргізу тәртібі
1. Тексерілетін мемлекеттік органға тексерудің басталатыны туралы хабарламаның жіберілуі тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары тексерілетін мемлекеттік органға келген кезде қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсетуге міндетті.
2. Тексеру жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және:
1) жоспарлы тексеру басталған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен;
2) жоспардан тыс тексеру басталған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
3. Қажет болған кезде тексеру жүргізу мерзімдері уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесі басшылығының шешімімен осы баптың 2-тармағында айқындалған мерзімнен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзартылуы мүмкін.
Тексеру жүргізу мерзімдері ұзартылған және (немесе) тоқтатыла тұрған (қайта басталған) кезде уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі бұл туралы тексерілетін мемлекеттік органды осындай шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдарының құрамы уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің шешімімен өзгертілуі мүмкін.
Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдарының құрамы өзгерген кезде уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі бұл туралы тексерілетін мемлекеттік органды осындай шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
4. Тексеру:
1) жүргізілетін тексеру шеңберінде мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға және өзге де тұлғаларға елеулі маңызы бар қажетті мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу жіберілген жағдайларда;
2) төтенше жағдай енгізілген кезде оның қолданылу кезеңіне көзделген негізгі және уақытша шектеу шаралары ескеріле отырып тоқтатыла тұрады.
Тоқтатыла тұрған тексеруді жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.
5. Тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы:
1) тексеру нәтижелері туралы анықтама;
2) тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыну жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы анықтаманың бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тапсырылады, екінші данасы танысу үшін қағаз жеткізгіште қол қойғызып немесе электрондық нысанда тексерілетін мемлекеттік органға (басшыға не оның уәкілетті адамына) табыс етіледі, үшінші данасы уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшесінде қалады.
Тексерудің басталуы, тексеру мерзімдерін ұзарту және (немесе) тоқтата тұру туралы, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдары құрамының өзгергені туралы хабарламалардың, тексеру нәтижелері туралы анықтаманың және тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
6. Тексеру нәтижелері туралы анықтама тексеру мерзімінің соңғы күнінен кешіктірілмей жасалады.
7. Тексеру нәтижелері туралы анықтама тексерілетін мемлекеттік органға жіберілген күн тексерудің аяқталған күні деп есептеледі.
8. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тексерілетін мемлекеттік органның басшысы тексеру нәтижелері туралы анықтама алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ескертулерді және (немесе) қарсылықтарды жазбаша түрде жазады.
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы анықтамаға қоса беріледі, бұл туралы уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамы тиісті белгі жасайды.
58-4-бап. Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары тексеру жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша қабылдайтын шаралар
1. Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі тексерілетін мемлекеттік органға тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қарауға міндетті ұсыну енгізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қабылдайды.
Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынуды уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі тексерілетін мемлекеттік органға тексеру нәтижелері туралы анықтама жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.
2. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыну онда көрсетілген бұзушылықтарды күнтізбелік отыз күн ішінде жою жөнінде шаралар қабылдана отырып қаралуға жатады.
3. Тексерілетін мемлекеттік орган тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыну қаралған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде онда көрсетілген бұзушылықтарды жою қорытындылары туралы ақпаратты уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
58-5-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшесі лауазымды адамдарының құқықтары
Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшесі лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:
1) тексерілетін мемлекеттік органның аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нәтижелері туралы анықтамаға немесе тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынуға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті алуға;
3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
4) тексерудің нысанасына жататын техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото- және бейнеаппаратураның жазбаларын пайдалануға;
5) мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар.
58-6-бап. Тексерілетін мемлекеттік орган мен оның лауазымды адамдарының тексеруді жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері
1. Тексеру жүзеге асырылған кезде тексерілетін мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары:
1) уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшесінің тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамдарын:
тексеру мерзімдері асып кеткен не өтіп кеткен;
тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тапсырылған;
тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен артық ұзартылған;
осы Заңда белгіленген тексеру жүргізу талаптары өрескел бұзылған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) егер мәліметтер жүргізіліп жатқан тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелеріне (тексеру нәтижелері туралы анықтамаға, тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынуға) және уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
4) тексерудің жүзеге асырылу процесін, сондай-ақ уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшесі лауазымды адамының тексеру шеңберінде жүргізіп жатқан жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі жасамай, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.
2. Тексерулер жүргізілген кезде тексерілетін мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары:
1) уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдарының тексерілетін мемлекеттік органның аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшесі лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге;
3) уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы анықтамаға қоса тіркеу үшін тексерудің нысанасына сәйкес қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға;
4) тексеру жүргізілген кезде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге міндетті.
58-7-бап. Тексерудің жарамсыздығы
1. Егер тексеру осы бапта белгіленген, тексеру жүргізуге қойылатын талаптар өрескел бұзыла отырып жүргізілсе, ол жарамсыз деп танылады.
Тексерудің жарамсыз деп танылуы тексеру нәтижелері туралы анықтаманың, тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың жарамсыздығына алып келеді.
2. Тексеру жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзушылықтарға:
1) тексеру жүргізуге негіздердің болмауы;
2) тексерудің басталатыны туралы хабарламаның болмауы;
3) уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшесінің өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер тағайындауы жатады.
3. Тексерілетін мемлекеттік орган тексеру нәтижелері туралы анықтама алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшесі жүргізген тексеруді жарамсыз деп тану туралы жолданыммен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшесінің тексеруін жарамсыз деп тану туралы тексерілетін мемлекеттік органның жолданымын уәкілетті органның қарауы жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тексерілетін мемлекеттік органның жолданымды беруі тексеруде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауды жоққа шығармайды.
Уәкілетті органның жолданымды қанағаттандырудан бас тартуына сотқа шағым жасалуы мүмкін.".
96. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-1-баптың 20) тармақшасы алып тасталсын;
2) 56-баптың бірінші бөлігінде:
"қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды алған" деген сөздер "қамтитын" деген сөзбен ауыстырылсын;
", Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға" деген сөздер "және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 64-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"64-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау
Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексерулер, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдарға қатысты Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау осы Заңның 64-2-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және оның құрылымына кіретін ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қолданылмайды.";
4) мынадай мазмұндағы 64-1 және 64-2-баптармен толықтырылсын:
"64-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі
1. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылауды ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай, талдаудың және ақпараттық жүйелер, ашық дереккөздер, бұқаралық ақпарат құралдары деректерінің, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтердің негізінде жүзеге асырады.
2. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын бақылау субъектісіне беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
3. Бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жоюға болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, оларды жою туралы ұсыным жасалады.
5. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісіне жеке қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен табыс етілуге тиіс.
6. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – ұсынымда алғаны туралы белгі жасалған күннен бастап;
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы кезінде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
7. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
8. Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды жіберген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
9. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізіміне енгізуге алып келеді.
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
64-2-бап. Мемлекеттік органдарға қатысты Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі
1. Мемлекеттік органдарға (бұдан әрі – тексерілетін мемлекеттік органдар) қатысты Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган тексерулер нысанында жүргізеді.
Тексерулер мерзімдік және жоспардан тыс болып бөлінеді.
Тексерілетін мемлекеттік органдарға қатысты мерзімдік тексерулер мынадай ақпарат көздеріне:
1) алдыңғы тексерулердің нәтижелеріне;
2) есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелеріне;
3) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын талдау нәтижелеріне;
4) мемлекеттік техникалық қызмет мәліметтеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мерзімдік тексерулер ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы бекіткен мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарына сәйкес жылына бір реттен жиі емес кезеңділікпен жүргізіледі.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарын тексерулер жүргізу жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.
Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспары ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында тексерулер жүргізу жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей орналастырылады.
Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарында мыналар қамтылады:
1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексерілетін мемлекеттік органның атауы;
4) тексерілетін мемлекеттік органның тұрған жері;
5) тексеру жүргізу мерзімдері;
6) тексерудің нысанасы;
7) жоспарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тексерілетін мемлекеттік орган таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген немесе өкілеттіктері тексерілетін мемлекеттік органдар арасында қайта бөлінген жағдайларда жүзеге асырылады.
3. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган тағайындайтын тексеру:
1) тексерілетін мемлекеттік органға қатысты жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы туралы расталған жолданымдар болған;
2) құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жеке және заңды тұлғалар жүгінген;
3) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің нақты фактілері бойынша не нұқсан келтіру қатері туралы прокурор талап еткен;
4) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ жойылмауы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуының нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдар жүгінген;
5) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы болған;
6) тексеру нәтижелері туралы актінің орындалуына бақылау жүргізу қажет болған жағдайларда жоспардан тыс тексеру болып табылады.
4. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:
1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексерудің нысанасына сәйкес тексерілетін мемлекеттік органның аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті алуға;
3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
5. Тексерілетін мемлекеттік орган не оның уәкілетті өкілі тексеру жүргізілген кезде:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын:
осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (ұзарту туралы қосымша акт болған кезде онда) көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
осы баптың 8-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) тексеру нәтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
6. Тексерілетін мемлекеттік орган не оның уәкілетті өкілі тексеру жүргізілген кезде:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган лауазымды адамдарының аумаққа және үй-жайларға кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің және тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына ол аяқталған күні белгі жасауға міндетті.
7. Тексеру тексеруді тағайындау туралы акт негізінде жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
5) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері.
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі тексерілген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы мен тұрған жері көрсетіледі;
6) тексерудің нысанасы;
7) тексеру түрі;
8) тексеру жүргізу мерзімі;
9) тексеру жүргізу негіздері;
10) тексерілетін кезең;
11) тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері;
12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
13) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы көрсетіледі.
Тексеру жүргізу кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, ол басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын тексерілетін мемлекеттік органды тексеру жүргізудің басталатыны туралы хабардар етуге міндетті.
Тексерілетін мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы актінің табыс етілген күні тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
8. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның объектіге тексеруге келген лауазымды адамдары тексерілетін мемлекеттік органға:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын;
3) қажет болған кезде құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын көрсетуге міндетті.
9. Тексеру жүргізу мерзімі тексерудің нысанасы, сондай-ақ алдағы жұмыстардың көлемі ескеріле отырып белгіленеді және он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тексеру жүргізу мерзімі он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тек бір рет ұзартылуы мүмкін. Ұзарту ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган басшысының шешімімен жүзеге асырылады.
Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту тексерілетін мемлекеттік орган хабардар етіле отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы акт бұйрығының күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі.
Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган табыс етілгені туралы хабарламамен тексерілетін мемлекеттік органға ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.
10. Тексеру нәтижелері бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдары тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыретi шегiнде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органға, екінші данасы тексерілетін мемлекеттік органда түпнұсқасы бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен қағаз жеткізгіште қол қойғызып немесе электрондық нысанда анықталған бұзушылықтармен танысу және оларды жою жөнінде шаралар мен басқа да әрекеттер қабылдау үшін тексерілетін мемлекеттік органға (басшыға не оның уәкілетті адамына) табыс етіледі, үшінші данасы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органда қалады.
11. Тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің (мерзімді ұзарту туралы қосымша акт болған кезде оның) күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
6) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
7) тексерудің нысанасы;
8) тексеру түрі;
9) тексеру жүргізу мерзімі мен кезеңі;
10) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар және олардың сипаты туралы мәліметтер;
11) орындалу мерзімі көрсетілген Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы талаптар;
12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уәкілетті адамының, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба;
13) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбасы.
Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттар (олар болған кезде) және олардың көшірмелері қоса беріледі.
12. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тексерілетін мемлекеттік орган оларды жазбаша түрде жазады. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі жасалады.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган тексерілетін мемлекеттік органның тексеру нәтижелері туралы актіге ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын он бес жұмыс күні ішінде қарауға және уәжді жауап беруге тиіс.
Тексеру нәтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар және тексерілетін мемлекеттік органның басшысы не оның уәкілетті өкілі қол қояды.
Тексерілетін мемлекеттік орган бас тарту себебі туралы жазбаша түсіндірме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.
13. Тексеру нәтижелері туралы акт тексерілетін мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
14. Тексеру нәтижелері туралы актінің орындалу мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.
15. Тексеру нәтижелері туралы актінің орындалу мерзімдерін айқындау кезінде:
1) тексерілетін мемлекеттік органда бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық мүмкіндіктердің болуы;
2) мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндетті қорытындыларды, келісулерді және басқа да құжаттарды алу мерзімдері ескеріледі.
16. Тексеру нәтижелері туралы актіде белгіленген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексерілетін мемлекеттік орган тексеру нәтижелері туралы актіде белгіленген мерзім ішінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға растайтын құжаттармен бірге анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат берілмеген жағдайда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган осы баптың 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.
17. Тексеруді жүзеге асыру кезінде тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін мемлекеттік орган ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) жоғары тұрған лауазымды адамға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.".
97. "Органикалық өнім өндіру туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
15-баптағы "тексерулер және профилактикалық бақылау" деген сөздер "жоспардан тыс тексерулер, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын.
98. "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-бап мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
3-2) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып айқындайды.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;";
2) 7-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау, тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";
3) 2-тарау мынадай мазмұндағы 7-2 және 7-3-баптармен толықтырылсын:
"7-2-бап. Атом энергиясын пайдалану саласында жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайларда, егер бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін болса, жедел ден қою шараларын қолданады.
2. Тексеруді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды, тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) жүргізу нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қолданылатын әсер ету тәсілдері түрлері осы бапта көзделген жедел ден қою шаралары болып табылады.
3. Жедел ден қою шараларында мынадай түрлер қамтылады:
1) бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін тоқтата тұру;
2) бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атом энергиясын пайдалану саласындағы өнім өндіру, аспаптар мен қондырғылар дайындау, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне немесе кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу;
3) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді, аспаптар мен қондырғыларды әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға және өткізуге тыйым салу;
4) адамдарды жұмыстан уақытша шеттету.
4. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылу себептерін анықтау және көрсетілген талаптардың бұзылуына жол берген бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау үшін тергеп-тексеру жүргізу кезінде жедел ден қою шаралары тексеру парақтарында белгіленген талаптарды бұзушылықтарға ғана қатысты қолданылады.
5. Уәкілетті орган мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қадағалау актісін ресімдейді.
Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделеді және бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
6. Қадағалау актісін қолма-қол табыс ету кезінде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда оған тиісті жазба енгізіледі және актіні қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазба жүзеге асырылады. Қадағалау актісі оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар хатпен бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына жіберіледі.
7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
8. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру, тергеп-тексеру нәтижелері туралы актілерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
9. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру, тергеп-тексеру нәтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтардың жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда қадағалау актісінің қолданысы тоқтатылады.
11. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
12. Бақылау және қадағалау субъектісі тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат берілген жағдайда осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
13. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
14. Қадағалау актісін жарамсыз деп тануға және оның күшін жоюға:
1) жедел ден қою шарасын қолдануға негіздің болмауы;
2) жедел ден қою шарасының осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша қолданылуы;
3) уәкілетті органның жедел ден қою шараларын өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша қолдануы негіз болып табылады.
15. Жедел ден қою шараларының қолданылуы туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.
7-3-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тергеп-тексеру
1. Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабы 3-тармағының 1) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
2. Уәкілетті органның лауазымды адамдары тергеп-тексеруді осы Заңға және атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізеді.
3. Бақылау және қадағалау субъектілері тергеп-тексеру шеңберінде:
1) уәкілетті органның лауазымды адамына немесе комиссия мүшелеріне, тартылған сарапшылар мен мамандарға болуы туралы талап бақылау және қадағалау субъектісінің ішкі құжаттарында көзделген арнаулы киім мен жеке қорғану құралдарын беруді;
2) тергеп-тексеруге жататын құжаттарды және (немесе) материалдарды, оның ішінде архивтік құжаттарды, жазбаша және (немесе) ауызша нысанда түсіндірмелер ұсынуды;
3) зерттеп-қарау, қарап-тексеру жүргізу үшін кедергісіз мүмкіндікті;
4) уәкілетті органның лауазымды адамдарының, комиссия мүшелерінің, тартылған сарапшылар мен мамандардың тергеп-тексерудің нысанасына жататын объектінің аумағына (әкімшілік ғимараттарға, құрылыстарға, құрылысжайларға, үй-жайларға және басқа да объектілерге) кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
4. Тергеп-тексеруді жүргізу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептері анықталады, тергеп-тексеру жүргізуге негіз болған, Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына жол берген бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) айқындалады.
5. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт жасалады, онда сонымен қатар анықталған бұзушылықтар, оларды жою жөніндегі нұсқаулар, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетіледі.
Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.
Бақылау және қадағалау субъектісі тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықты жою фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
6. Анықталған бұзушылықтарды жою үшін қосымша уақытша және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісі өзіне тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
7. Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына жол берген бақылау және қадағалау субъектісі анықталған жағдайда адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
8. Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат берілген жағдайда немесе оларды жою мерзімдері өткеннен кейін жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
9. Атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексерулерді жүргізу тәртібінің сақталмауы тергеп-тексеруді тағайындау, оның мерзімдерін ұзарту және нәтижелері туралы актілерді жарамсыз деп тануға және (немесе) олардың күшін жоюға негіз болып табылады.
10. Мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары уәкілетті органның интернет-ресурсында тергеп-тексеру аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде жарияланады.
11. Тергеп-тексерудің нәтижелері туралы актіге шағым жасау актінің орындалуын тоқтата тұрмайды.".
99. "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) аффинирленген бағалы металдар – бөгде қоспалардан және ілеспе құрамдастардан тазартылған, ұлттық немесе халықаралық стандартқа сәйкес келетін сапаға жеткізілген бағалы металдар;";
2) 4-баптың 8) және 9) тармақшалары алып тасталсын;
3) 6-бапта:
тақырыптағы "Бағалы" деген сөз "Аффинирленген бағалы металдардың, бағалы" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ 3) тармақшасындағы "кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады." деген сөздер "кезінде;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) аффинирленген бағалы металдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.";
2-тармақтың 6) тармақшасындағы "тексеруді қамтиды" деген сөздер "бағалауды қамтиды" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-9-тармақ "орындамау" деген сөзден кейін "бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген мемлекеттік бақылау нәтижелерін уәкілетті орган:
әкелу кезінде – тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісі нысанында;
әкету кезінде – тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісі және экспортқа арналған лицензия нысанында ресімдейді.";
4) 7-бапта:
"Бағалы" деген сөз "Аффинирленген бағалы металдарды, бағалы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігінде:
"Бағалы" деген сөз "Аффинирленген бағалы металдарды, бағалы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 8-баптың 2-тармағы үшінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бағалы металдарды өндірудің уәкілетті орган бекітетін тізбеде тұрған әрбір субъектісі қайта өңдеудің және (немесе) аффинаждаудың технологиялық мүмкіндіктеріне қарай құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының өз шекті мәндерін белгілейді;".
100. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 19-бапта:
бірінші бөліктегі ", оның ішінде оларды мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатқа, нормативтік құқықтық актінің жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда әзірлеуші орган сараптама қорытындысын алу үшін консультативтік құжатты, нормативтік құқықтық актінің жобасын Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптама кеңесіне қайта жіберуге міндетті.";
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"Әзірлеуші орган сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда сараптама қорытындысын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және (немесе) осы сараптама қорытындысын ұсынған сараптама кеңесінің мүшесіне келіспеу себептерін негіздей отырып жауап жібереді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және (немесе) сараптама кеңесі мүшесінің сараптама қорытындысы сараптама кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен қаралуы мүмкін.";
2) 35-1-баптың 3-тармағының 4-3) тармақшасы алып тасталсын;
3) 55-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау осы Заңның 19-бабында белгіленген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.".
101. "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1-тармақтағы "тексеру" деген сөз "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын.
102. "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 1) тармақшасындағы "өндiрiстiк объектiлерде орнатылатын, адресаттар пошта саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен пайдаланатын арнайы" деген сөздер "адресаттардың пайдалануы үшін пошта операторларының өндiрiстiк объектiлерінде орнатылатын арнаулы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 1-тармағының 9), 15), 19) және 20) тармақшалары алып тасталсын;
3) 9-1-баптың 3-тармағындағы "уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне" деген сөздер "Ұлттық пошта операторы бекіткен нысанды киім үлгілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 23-баптың 1-тармағының 5) тармақшасында:
"қызметкерлерін" деген сөз "жұмыскерлерін" деген сөзбен ауыстырылсын;
"уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен" деген сөздер алып тасталсын;
5) 33-баптың 6-тармағының екінші бөлігіндегі "электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидаларына сәйкес" деген сөздер алып тасталсын;
6) 34-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Атаулы құрылғыларды пайдалану тәртібін пошта операторлары дербес айқындайды.".
103. "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
29-баптың 2-тармағы "және" деген сөзден кейін "бақылау субъектісіне бару арқылы" деген сөздермен толықтырылсын.
104. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 22-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы "бұзушылықтарды" деген сөзден кейін "және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 6-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Төлем балансын қорғау жөніндегі шаралар
24-бап. Төлем балансын қорғау жөніндегі шаралар
1. Қазақстан Республикасының төлем балансының орнықтылығына, ішкі валюта нарығының тұрақтылығына және экономикалық қауіпсіздігіне елеулі қатер төнген жағдайда, егер жағдайды экономикалық саясаттың басқа шараларымен шешу мүмкін болмаса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен тиісті уәкілетті органдардың бірлескен ұсынуы негізінде жекелеген валюта операцияларын жүргізудің ерекше тәртібін көздейтін шаралар енгізілуі мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шаралар Қазақстан Республикасы халықаралық бірлестіктерге (ұйымдарға) қатысу шеңберінде жасасқан және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес келуге тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шаралар уақытша сипатта болады және оларды енгізуді туындатқан мән-жайлардың жойылуына қарай күшін жояды.
3. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген шаралар рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуді көздейтін болса, онда мұндай рұқсаттар мен хабарламаларға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылмайды.".
105. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
97-баптың 2-тармағындағы "тексерулер және профилактикалық бақылау" деген сөздер "жоспардан тыс тексерулер және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын.
106. "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 16) тармақшасының үшінші абзацындағы "электр энергиясы" деген сөздер "ысырапты өтеу үшін электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер ескерілген электр энергиясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-бапта:
9) тармақша "хабарландыруды" деген сөзден кейін "және (немесе) онлайн-трансляцияға сілтемені" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 17-1) және 20-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"17-1) энергия беруші ұйымдар күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату санының орташа көрсеткішінен және күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату ұзақтығының орташа көрсеткішінен асырған жағдайда тұтынушы пайдаланған электр энергиясы үшін бұрын жүргізілген соманы қайта есептеу және (немесе) қайтару арқылы электр қондырғыларының белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі кәсіпкерлік субъектілеріне автоматты түрде өтеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;";
"20-1) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің әрбір түрі бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдістемесін келіседі;";
3) 15-баптың 7-тармағының бірінші бөлігінде:
7) тармақшаның үшінші абзацындағы "жай-күйі, жекелеген лауазымдар мен кәсіптер бойынша және еңбек бойынша жұмыскерлер жалақысының мөлшері" деген сөздер "жай-күйі туралы, еңбек бойынша жалақының құрылымы мен бөлінуі" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы "материалдық, қаржылық ресурстарды, жабдықтарды және" деген сөздер алып тасталсын;
4) 22-баптың 4-тармағының екінші бөлігінде:
1) тармақшадағы ", 3) және 5)" деген сөздер "және 3)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша "4)," деген цифрдан кейін "5)," деген цифрмен толықтырылсын;
5) 24-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бұл ретте энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосылу құны (шығындар тізбесі) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосу шығындарын айқындау қағидаларына сәйкес айқындалады.";
6) 25-бапта:
2-тармақ "құралдарында" деген сөзден кейін "және (немесе) өзінің интернет-ресурсында" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың бірінші абзацы "бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында" деген сөздерден кейін "және (немесе) өзінің интернет-ресурсында" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 26-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлікте:
9) тармақшадағы "реттеліп көрсетілетін қызметтердің" деген сөздер "уәкілетті органмен немесе уәкілетті органның ведомствосымен және оның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) тармақшадағы ", оның ішінде" деген сөздер "және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "10), 13), 18), 21), 24), 25) және 29)" деген сөздер "13), 18), 21), 24) және 25)" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 28-баптың 5-тармағының 7) және 8) тармақшалары алып тасталсын;
9) 30-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субьектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";
10) мынадай мазмұндағы 30-1-баппен толықтырылсын:
"30-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау
1. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау субъектілері (бұдан әрі – бақылау субъектісі) болып табылады.
2. Уәкілетті орган бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылауды талдау және ақпараттық жүйелердің, ашық дереккөздердің, бұқаралық ақпарат құралдарының деректері, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
3. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын бақылау субъектісіне (объектісіне) беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
4. Бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жоюға болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, оларды жою туралы ұсыным жасалады.
6. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісіне жеке өзіне қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен табыс етілуге тиіс.
7. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – ұсынымда алғаны туралы белгі жасалған күннен бастап;
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен – уәкілетті органның сұрау салуы кезінде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
8. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
9. Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
10. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
11. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.".
107. "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 11-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
2) 12-баптың 3-тармағындағы "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
3) 13-баптың 4-тармағы "тексерулер және" деген сөздерден кейін "бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 30-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "өзге де" деген сөздер алып тасталсын;
5) 32-баптың 1-тармағының 4) және 6) тармақшаларындағы "өзге де" деген сөздер алып тасталсын.
108. "Техникалық реттеу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 3) тармақшасы "сақталғанын" деген сөзден кейін "(егер зерттелген (сыналған) өнімнің бақылау үлгілерін сақтау Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және (немесе) нормативтік техникалық құжаттарда көзделсе)" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"16-1) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып (қажет болған кезде) айқындайды.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;
16-2) техникалық реттеу саласында бақылау мақсатында сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды;";
3) 14-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) егер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және (немесе) нормативтік техникалық құжаттамаларда көзделсе, зерттелген (сыналған) өнімнің бақылау үлгілерін сақтайды;";
4) 40-баптың 5-тармағында:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және бақылау мақсатында сатып алу нысанында жүзеге асырылады.
Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырады.";
үшінші бөлікте:
"бақылау мен қадағалауды" деген сөздер "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
төртінші бөлікте:
"бақылау мен қадағалауды" деген сөздер "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
"қадағалауды" деген сөзден кейін ", бақылау мақсатында сатып алуды" деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5) 41-бапта:
тақырыптағы "бақылау мен қадағалау" деген сөздер "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "бақылау мен қадағалаудың", "бақылау және қадағалау нәтижелері" деген сөздер тиісінше "бақылаудың", "бақылау нәтижелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацында:
"мен қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;
"субъектісіне" деген сөзден кейін "(объектісіне)" деген сөзбен толықтырылсын;
"техникалық реттеу саласындағы қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық қадағалау" деген сөздер "бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қадағалау субъектісі" деген сөздер "бақылау және қадағалау субъектісі" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау" деген сөздер "субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша ұсыным" деген сөздер "Ұсыным" деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақтағы "субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды" деген сөздер "субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау" деген сөздер "субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды" деген сөздер "бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"42-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау немесе бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде өнім үлгілерін іріктеп алу
1. Өнім үлгілерін іріктеп алу Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-2, 144-3 және 149-баптарына және осы Заңға сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау немесе бақылау мақсатында сатып алу кезінде жүргізіледі. Өнім үлгілерін іріктеп алу мұндай өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сынақтар жүргізу үшін оны айналысқа шығару сатысында жүзеге асырылады.
2. Уәкілетті орган бекіткен техникалық реттеу саласында бақылау мақсатында сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне сәйкес қабылданған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторының немесе оның міндетін атқаратын адамның шешімі бақылау мақсатында сатып алуды жүргізуге негіз болып табылады.
3. Осы баптың шеңберінде бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау немесе бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша бұзушылықтар болған жағдайда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады.";
7) 43-бапта:
2-тармақтағы "профилактикалық бақылау мен қадағалау" деген сөздер "профилактикалық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ алып тасталсын;
8) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"44-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жеке және (немесе) заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімі (тауары), қызметі анықталған жағдайларда жедел ден қою шараларын қолданады.
2. Тексеруді, бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды, өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алуды жүргізу барысында және (немесе) оның қорытындылары бойынша бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қолданылатын әсер ету тәсілдері түрлері осы бапта көзделген жедел ден қою шаралары болып табылады.
3. Жедел ден қою шаралары мынадай түрлерді қамтиды:
1) өнімді айналысқа шығаруға тыйым салу;
2) өнімді алып қою.
4. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
5. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы нысанындағы қадағалау актісін ресімдейді.
Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделеді және бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
6. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны қолма-қол табыс ету кезінде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда оған тиісті жазба енгізіледі және жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазба жүзеге асырылады.
Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар хатпен бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына жіберіледі.
7. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
8. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру және (немесе) өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы актіде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
9. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру және (немесе) бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
11. Осы баптың 10-тармағына сәйкес жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат берілген жағдайда немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді және (немесе) бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру барысында немесе олардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін олардың жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының қолданысы тоқтатылады.
12. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
13. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрмайды.
14. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны жарамсыз деп тануға және оның күшін жоюға:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) жедел ден қою шарасының осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша қолданылуы;
3) уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің жедел ден қою шараларын өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша қолдануы негіз болып табылады.
15. Жедел ден қою шараларының қолданылуы туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.
16. Алып қойылған өнімді сақтау уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
17. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін алып қойылған өнім шаруашылық және өзге де қызметте қолдануға жатпайды және уәкілетті орган белгілеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экология заңнамасында, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы, азаматтық қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптар және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптары сақтала отырып жойылуға тиіс не кәдеге жаратылуы немесе қайта өңделуі немесе Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге кері әкетілуі мүмкін.
Өнімді алып қою қолданылғаннан кейін уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі дайындаушыны, импорттаушыны, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаны техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығаруға жол бермеу үшін шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабардар етеді.
18. Алып қойылған өнімді тасымалдауға (тасуға), сақтауға, жоюға, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге немесе оны Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге кері әкетуге байланысты шығыстарды бақылау және қадағалау субъектісі көтереді.
19. Егер өнімнің зертханалық сынақтарының қорытындысы бойынша оның техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтіні дәлелденетін болса, өнімді алып қою түріндегі жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы шығарған уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары алып қойылған өнімге сәйкестікті бағалау туралы құжаттың күшін жояды.
20. Уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдары белгіленген тәртіппен сәйкестікті бағалаудан өтпеген өнімге сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың күшін жояды.
21. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында сәйкестікті бағалау туралы қолдан жасалған құжаттар анықталған кезде бұл туралы қылмыстық қудалау органдарына хабарлануға тиіс.".
109. "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" 2021 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "әлеуетті өнім беруші тапсырыс беруші сатып алатын технологиялардың, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің және оларға техникалық құжаттаманың құқық иеленушісі (патент иеленуші) болып табылатын жағдайларды қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
2) 11-баптың 8-тармағы 1) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"мұнай өнімдері мен мұнай-газ-химия өнімдерін өндірушілердің мыналарды:
технологиялық қондырғыларға арналған технологиялық жабдықтарды және қосалқы материалдарды (катализаторлар, реагенттер, арнайы қоспалар), осындай технологиялық жабдыққа дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасына сәйкес пайдаланылатын технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер мен майлау материалдарын;
лицензиялық келісімдерге сәйкес технологиялық қондырғыларды пайдалану кезінде пайдаланылатын тауарларды сатып алу жағдайларын қоспағанда, тендерлік құжаттамада (аукциондық құжаттамада) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге не тендерлік құжаттамада (аукциондық құжаттамада) немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілілігін айқындайтын сипаттамаларға нұсқау жасауға;".
110. "Өнеркәсіптік саясат туралы" 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 45-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерін қаржылық емес қолдау.";
2) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"60-бап. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету
1. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету отандық шикізат тауарын өндірушілер, өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган арасында жасалатын өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімдер негізінде жүзеге асырылады.
Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі үлгілік келісімнің нысанын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету тәртібі өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидалармен регламенттеледі.
Осы баптың мақсаттары үшін отандық шикізат деп Қазақстан Республикасында өндірілген, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген тауарлар түсініледі.
Отандық шикізат тауарларының тізбесінде:
отандық шикізат тауарының;
отандық шикізат тауарын өндірушілердің атаулары қамтылады.
2. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары отандық шикізат тауарларының тізбесін қалыптастыру үшін өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларға сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға өтінімдер береді.
3. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өтінімдерін қабылдаудан бас тартуға:
толық емес құжаттар топтамасы;
қажетті отандық шикізатты өндірушілердің Қазақстан Республикасында болмауы негіз болып табылады.
4. Отандық шикізат тауарын өндірушілер:
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін үш жылдан аз жүзеге асыратын кәсіпорындар деп түсінілетін жаңа өндірістерді;
өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларда айқындалатын шикізат тауары өндірісінің шағын көлемін өндірушілерді қоспағанда, отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізіледі.
5. Отандық шикізат тауарын өндірушілер өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету үлесін елдегі шикізат тауарын өндірудің жалпы көлеміндегі шикізат тауарын өндірушінің өндіріс көлемінің үлесін негізге ала отырып айқындайды.
6. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөнінде келісімдер жасасу отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген отандық шикізат тауарын өндірушілер үшін міндетті болып табылады.
7. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімдер ерекше бәсекеге қабілетті баға белгілеу шарттарымен жасалады, бірақ отандық шикізат тауарын нақты өндірушінің осы шикізат түрі экспортының ең төмен бағасынан жоғары болмауы керек.
8. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімдерді жасасу кезінде өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларға сәйкес міндеттемелерді, оның ішінде:
отандық шикізатты өңдеп жасауды ұлғайту;
өндірушіден алынған отандық шикізат тауарын үшінші тұлғаларға өткізуге тыйым салу міндеттемелерін қабылдайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацында белгіленген міндеттемелерді орындау және мониторингтеу тәртібі өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидалармен регламенттеледі.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының осы тармақта белгіленген тыйымды бұзуы өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі тиісті келісімді бұзуға және мұндай келісімдерге қатысуға тыйым салуға алып келеді.
9. Отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген отандық шикізатты Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жол беріледі.
Лицензияларды беру отандық шикізат тауарын өндіруші осы Заңға сәйкес өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Бұл ретте лицензия алудың алдындағы кезеңде өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімдерді жасасу және өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі жасалған келісімдер шеңберінде міндеттемелерді орындау өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелердің орындалуы болып табылады.
10. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімдердің орындалуын мониторингтеу өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларға сәйкес жүргізіледі.".
111. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
112. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-баптың 5) тармақшасындағы "2024" деген цифрлар "2026" деген цифрлармен ауыстырылсын.
113. "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" 2022 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 20-баптың 5-тармағындағы "осы Заңның 21-бабына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 21-бап алып тасталсын.
114. "Өсімдіктер дүниесі туралы" 2023 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
48-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы "прокуратура органдарының тапсырмалары" деген сөздер "прокурордың талабы" деген сөздермен ауыстырылсын.
115. "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" 2023 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
12-баптағы "және профилактикалық бақылау" деген сөздер алып тасталсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағының 2) тармақшасын, 10-тармағының 35) тармақшасын;
2) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 12-тармағының 1) тармақшасын, 94 және 112-тармақтарын;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 17), 18), 19), 20) және 21) тармақшаларын, 29) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын және 31) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын;
4) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 91-тармағы 5) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 6) тармақшасын және 110-тармағының 2) тармақшасын;
5) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағының 1) және 3) тармақшаларын, 30-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының алтыншы абзацын, 4) тармақшасының екінші абзацын, 8) тармақшасының төртінші және алтыншы абзацтарын, 9) тармақшасын, 57-тармағы 2) тармақшасының жетінші – тоғызыншы, он екінші, он үшінші және он тоғызыншы абзацтарын, 3) тармақшасының тоғызыншы – он бірінші абзацтарын, 17) тармақшасын, 18) тармақшасының тоғызыншы – он бірінші абзацтарын және 86-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацын;
6) 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының бесінші абзацын, 7) тармақшасының оныншы абзацын, 15) тармақшасын, 5-тармағының 2) және 5) тармақшаларын, 6-тармағының 15) тармақшасын, 23) тармақшасын, 31) тармақшасының сегізінші абзацын, 52-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының үшінші абзацын, 3) және 4) тармақшаларын, 5) тармақшасының екінші абзацын, 8) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын және 9) тармақшасын, 59-тармағының 2) және 3) тармақшаларын және 100-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Қызметтің басталатыны туралы хабарлама негізінде түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар осы Заңның 1-бабының 91-тармағы 5) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен екінші санаттағы рұқсатты алуға немесе түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті тоқтататыны туралы хабарламаны жіберуге міндетті.
3. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабының 16-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органдары бақылауды осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін бекітілген жартыжылдық тізімдер негізінде жүргізеді.
4. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 1), 5) және 5-1) тармақшаларында көзделген мемлекеттік бақылау және қадағалау 2022 жылғы 31 желтоқсанға қолданыста болатын тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Осы тармақ 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
5. "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-3-тармағының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтар – 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында тоқтатыла тұрсын.
6. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 14) тармақшасы үшінші абзацының қолданысы 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"4) халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен теміржолдарды, электр беру желілерін, байланыс желілерін және магистральдық құбыржолдарды салуға;".
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ. ТОҚАЕВ