"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 1478 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді
есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы 

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-бап; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 38-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мына редакцияда жазылсын:
      «Заңды тұлға белгілі бір атаумен Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізіледі.»;
      2) 39-баптың 3-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «3. Үшiншi тұлғалармен қарым-қатынаста заңды тұлғаның өзiнiң нақты мекенжайының Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiміне енгiзiлген мекенжайға сәйкес келмейтiнiне сiлтеме жасауға құқығы жоқ. Бұл ретте үшiншi тұлғалар заңды тұлғаға Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiлген мекенжайына да, нақты мекенжайына да пошталық және өзге хат-хабарлар жіберуге құқылы.»;
      3) 42-бапта:
      2-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттiк тiркеу деректері, соның iшiнде заңды тұлғалардың атауы, ал коммерциялық ұйымдар үшін – фирмалық атауы Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiледi.»;
      6-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
      4) 45-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мына редакцияда жазылсын:
      «Заңды тұлға оған екiншi бiр заңды тұлғаны қосу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қосылған заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғандығы туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізілген сәттен бастап олардың бiрiншiсi қайта ұйымдастырылды деп есептеледі.»;
      5) 48-баптың 1-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «1. Заңды тұлға мүлкiнің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешiм қабылдаған орган бұл туралы қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кредиторларына жазбаша хабарлауға мiндеттi. Наразылық білдіру мерзімі кредитор хабарламаны алған сәттен бастап екі айдан кем болуы мүмкін емес.»;
      6) 50-баптың 10-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «10. Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне бұл туралы мәліметтер енгізілгеннен кейiн заңды тұлғаның таратылуы аяқталған, ал заңды тұлғаның әрекеті тоқтатылған деп есептеледі.»;
      7) 57-баптың 2-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «2. Банкрот – кәсіпорын Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен шығарылған сәттен бастап оның қызметi тоқтатылды деп есептеледі.»;
      8) 58-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
      9) 59-баптың 2-тармағында:
      екінші бөлігі мына редакцияда жазылсын:
      «Шаруашылық серiктестiкке қатысушы серiктестiк мүлкiндегi өз үлесiн, егер заңнамалық актілерде немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, кепілге қоюға және (немесе) сатуға құқылы.»;
      мына мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер шығып жатқан қатысушының серіктестіктің мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бөлігіне құқығынан айыру (біреуге беру) шартының тарапы жеке тұлға болған жағдайда жеке тұлғаның қолының түпнұсқалығы нотариалдық куәландырылуы тиіс.».
      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56- құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87- құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж. № 3, 32-құжат, № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1020-баптың 2-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «2. Заңды тұлғаның фирмалық атауы оның жарғысын бекiткен кезде айқындалады. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атаумен Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiледi.».
      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжат; № 3, 20, 23-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-бап; № 24, 180-бап; 2008 ж., № 6-7, 27- құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар, 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 357-4-бап мына редакцияда жазылсын:
      «1. Заңнамада көзделген жағдайларда заңды тұлғаны, филиалды, өкiлдiктi қайта тiркемей қызметтерін жүзеге асыру, сондай-ақ тiркеушi органға заңды тұлғаның орналасқан жерiнiң өзгергенi туралы уақытында хабарламау, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, – бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Заңды тұлғаның Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмінде көрсетілген мекенжай бойынша болмауы, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, – бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      2) 541-баптың бірінші бөлігі мына редакцияда жазылсын:
      «1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80-84, 85 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 85-1 (екінші бөлігінде), 85-2 (екінші бөлігінде), 85-3, 86, 86-1, 87-2, 87-3, 87-4, 87-5, 95-110-1, 124 (бiрiншi бөлiгiнде), 127, 129, 130, 136 - 136-2, 140 (екiншi бөлiгiнде), 141-1, 143, 143-1, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екiншi бөлiгiнде), 147-10 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші бөліктерінде), 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-1 (төртінші бөлігінде), 155-2, 156, 157, 157-1, 158, 158-3, 158-4, 158-5, 159, 161 (бірінші, төртінші және бесiншi бөлiктерiнде), 162, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 165, 167-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 168-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 168-3, 175 (екінші бөлігінде) (жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 177-3, 177-4, 177-5, 179, 179-1, 183, 184, 184-1, 185, 188 (екінші бөлігінде), 190, 192, 194, 200, 202, 203, 213 (төртінші-алтыншы бөліктерінде), 214, 218-1 (жетінші бөлігінде), 222-229, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 234-1, 235 (екiншi бөлiгiнде), 237, 237-1, 246 (екiншi бөлiгiнде), 275-1, 278 (бiрiншi бөлiгiнде), 283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде) 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшiншi бөлiгiнде), 306-2, 308, 309-1 (жетінші, сегізінші бөліктерінде), 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде), 311-1 (жетінші бөлігінде), 312-1, 314, 315, 316, 317 (екінші және үшінші бөліктерінде), 317-1, 317-2, 318, 319, 319-1, 320 (бірінші және 1-1-бөліктерінде), 321, 322 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 323 (екiншi бөлiгiнде), 324 (екінші және үшінші бөліктерінде), 324-1, 326, 327 (бірінші бөлігінде), 328, 330, 330-1 (екінші бөлігінде), 332 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 336-2 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 338-1, 339, 340, 342-344, 346-357, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгiнде), 357-3, 357-4 (бiрiншi бөлiгiнде), 357-5, 357-6, 359, 361, 362, 362-1, 363, 365, 366, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372-376, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 389-1, 390 (екінші бөлігінде), 391 (екінші бөлігінде), 391-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 393, 394 (екiншi бөлiгiнде), 394-1, 396 (екiншi бөлiгiнде), 400-1, 400-2, 405 (бiрiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426-430, 433, 442, 443 (бесiншi бөлiгiнде), 445, 446 (екiншi бөлiгiнде), 446-1, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 461 (3-1-бөлігінде), 463-3 (бесінші бөлігінде), 464-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 465 (екінші бөлігінде), 466 (екінші бөлігінде), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктерінде), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-1, 1-2 және екінші бөліктерінде), 473 (үшінші бөлігінде), 474-1, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 492 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екiншi бөлiгiнде), 494-1 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 501, 512-1-512-5, 513-518, 520-537-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
      3) 570-баптың бірінші бөлігі мына редакцияда жазылсын:
      «1. Салық қызметі органдары осы Кодекстің 88 (үшiншi, төртiншi және бесінші бөліктерінде), 88-1 (екінші, үшінші бөліктерінде), 163 (бірінші, екінші, бесінші және сегізінші бөліктерінде), 166, 205-212, 213 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 215-218, 218-1 (бірінші-алтыншы, сегізінші бөліктерінде), 219, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 357-4 (екінші бөлiгінде), 358, 358-1, 360-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
      4) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      отыз алтыншы абзац мына редакцияда жазылсын:
      «әдiлет органдарының (129, 145, 168-3, 175 (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 353, 354, 354-2, 354-3, 356, 357-1, 357-4 (бірінші бөлігі), 357-5, 357-6, 376-баптар);»;
      қырық бесінші абзац мына редакцияда жазылсын:
      «заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу мен құжаттандыру саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның (157-1, 158 (Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзу бөлігінде), 356, 357-1, 357-4 (бірінші бөлігі), 376-баптар);».
      4. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      47-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің бесінші абзацы мына редакцияда жазылсын:
      «заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы анықтамасы қоса берiледi.».
      5. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      66-баптың 10-тармағының 2) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «2) заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы анықтама;».
      6. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжаттар; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар, № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 78-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы мына редакцияда жазылсын:
      «лизинг алушы Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған және Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен шығарылған;»;
      2) 90-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «1) борышкер-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша сот шешімімен таратылуына байланысты Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған;»;
      3) 240-баптың 1-тармағының 2) тармақшасының бірінші бөлігі мына редакцияда жазылсын:
      «банкрот деп танылған дебиторды Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен шығару туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңінде қосылған құн салығының сомасын осындай талаптар бойынша азайтуға құқығы бар.»;
      4) 259-баптың 4-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «4. Қосылған құн салығын төлеушi – өнiм берушi банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргізілген қосылған құн салығын қоспағанда, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығын есептен шығарып тастау банкрот деп танылған қосылған құн салығын төлеушi – өнiм берушiні Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен шығару туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде жүргiзiледi.»;
      5) 263-баптың 5-тармағының 3) тармақшасының екінші абзацы мына редакцияда жазылсын:
      «тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген атауы. Бұл ретте, ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бөлігінде қалыптасқан, оның ішінде іскерлік айналымдағы қалыптасуына сәйкес аббревиатуралар қолданылуы мүмкін;»;
      6) 456-баптың кестесіндегі 1.4 жол алып тасталсын;
      7) 564-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «3) заңды тұлғаларды, олардың құрылымдық бөлімшелерін Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен шығарып тастау немесе заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің есептік тіркеуден шығарылуы;»;
      8) 571-баптың 8-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «8. Қосылған құн салығын төлеушіні банкроттық себебі бойынша таратқан кезде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап жүргізіледі.»;
      9) 580-баптың 2-тармағы 1) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «1) Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен шығарылған жағдайда - осындай мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;»;
      10) 597-баптың 1) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «1) заңды тұлғаның, құрылымдық бөлімшенің дербес шоты – заңды тұлғаны Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен шығарған кезде және құрылымдық бөлімшені есептік тіркеуден алып тастаған кезде жүргізіледі.
      Мұндай салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде жүргізіледі;».
      7. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      174-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркелу туралы анықтама;».
      8. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат):
      1) 27-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы;»;
      2) 35-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы;»;
      3) 142-баптың 4-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «4. Берешегі жоқ екендігі туралы анықтама, берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтама басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен және анықтаманы жасаған кеден органының мөрімен куәландырылады және ол берілген сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жарамды.».
      9. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж. № 24, 122,125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бап мына редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу ұғымы
      Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексерудi, оларға бизнес-сәйкестендіру нөмiрiн бере отырып, мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама берiлуiн, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзудi қамтиды.
      Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу есептік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеруді, оларға бизнес-сәйкестендіру нөмiрiн бере отырып, есептік тіркеу туралы анықтама берілуін, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізуді қамтиды.»;
      2) 2-бап мына редакцияда жазылсын:
      «2-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудiң және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің мақсаттары
      Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:
      заңды тұлғаны құру, қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, қайта ұйымдастыру және тарату, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердi құру, есептік қайта тіркеу, құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу және қызметiн тоқтату фактiсiн куәландыру;
      Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, қайта тіркелген, қайта ұйымдастырылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған, есептік қайта тіркеуден өткен және өз қызметін тоқтатқан филиалдар мен өкiлдiктердi есепке алу;
      Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргізу;
      заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы жалпы қол жетімді ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттан басқасын) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тарату мақсатында жүзеге асырылады.»;
      3) 5-баптың үшінші абзацы мына редакцияда жазылсын:
      «Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргізуді;»;
      4) 6-бап мына редакцияда жазылсын:
      «6-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi
      Заңды тұлғаны тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтініш берiледi және оған осы Заңның 7-бабында көрсетiлген, мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жазылып, үш данада берiлетiн құрылтай құжаттары қоса тапсырылады.
      Акционерлік қоғамдар және олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғыларын (ережелерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) тіркеу барысында ұсынылмайды.
      Заңды тұлғаны – Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушысын тiркеу үшiн тiркеушi органға Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген нысан бойынша өтiніш берiледi. Заңды тұлғалар – Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары туралы мәлiметтердi әділет органдары Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкілетті мемлекеттiк орган жiберген хабарламалар негiзiнде бiрыңғай Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзедi.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда қызмет мәні қаржылық қызмет көрсету болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін қосымша қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты талап етіледі.
      Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олар аффилиирлеген тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын-ала келісімімен жүзеге асырады. Монополияға қарсы орган тіркеуші органдарға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін және мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімі бойынша құрылған олармен аффилиирлеген тұлғалардың тізбесін табыс етеді.
      Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу кезінде өтінішке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың біреуі не шетелдік тұлға, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе мемлекеттік органдар не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жалғыз құрылтайшы болатын жағдайларда, құрылтайшының уәкілеттік берген адамы қол қояды және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса тіркей отырып, тіркеу органына береді.
      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды тіркеу кезінде өтінішке құрылтайшы (құрылтайшылар) не оған уәкілеттік берілген адам қол қояды және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса тіркей отырып, тіркеу органына береді.
      Шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларды тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіпте жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, осы тәртіпте көзделген құжаттардан басқа, қосымша:
      сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді-көшірме немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен қоса;
      құрылтайшының – шетелдік жеке тұлға паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуі тиіс.
      Қоғамдық және дiни бiрлестiктердi тiркеу «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Саяси партиялар туралы», «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы бапта белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
      Тіркеуші органға бір мезгілде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден өткізу үшін бюджетке алым төлегенін растайтын құжат немесе түбіртек ұсынылады.
      Осы Заңда және өзге заңнамалық актілерінде көзделгеннен басқа қандай да болсын құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.
      Заңды тұлғаларды тіркеу уәкілетті орган белгілейтін тәртіпте Интернет желісі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізілуі мүмкін.»;
      5) 6-1-бап мына редакцияда жазылсын:
      «6-1-бап. Филиал мен өкілдікті есептік тіркеу тәртібі
      Филиал мен өкілдікті есептік тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі. Өтінішке филиалды немесе өкілдікті құрушы заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды және заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі.
      Өтінішке филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi үшін алым төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.
      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың, оның ішінде акционерлік қоғамдардың филиалдары мен өкілдіктері үшін қосымша заңды тұлға бекіткен, мемлекеттік және орыс тілдерінде, үш данада филиал (өкілдік) туралы ереженің, жарғының (ереженің) және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмелері, филиал (өкілдік) басшысына берілген заңды тұлғаның (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) сенімхаты ұсынылады.
      Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу Қазақстан Республикасы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларының филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіпте жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiпте көзделген құжаттардан басқа, сауда тiзiлiмiнiң заңдастырылған үзiндi көшiрмесiн, құрылтай құжаттарын немесе филиал (өкілдiк) құратын шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын шетелдiк заңды тұлғаның басқа да заңдастырылған құжаты, сондай-ақ салық тіркеуінің, (немесе оның баламасының) нөмірін көрсете отырып, шетелдік заңды тұлға инкорпорациясы еліндегі салық тіркеуін растайтын құжатты қосымша ұсынуы тиiс. Филиал (өкiлдiк) құратын шетелдiк заңды тұлғаның құжаттары нотариалды куәландырылған мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармамен ұсынылады.
      Мемлекеттік кәсіпорын филиал (өкілдік) құрған кезде мемлекеттік мүлік жөніндегі (жергілікті атқарушы органның) уәкілетті органның филиал құруға берген келісімін растайтын құжаты қосымша ұсынылады.»;
      6) мына мазмұндағы 6-2-баппен толықтырылсын:
      «6-2-бап. Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны тіркеу
      Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін тіркеуші органға:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;
      2) заңды тұлғаның мөрімен бекітілген уәкілетті органның заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешімі;
      3) қосу, біріктіру, қайта құру кезінде – табыстау актісі, бөліну, бөлініп шығу кезінде – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ереже көрсетілген бөліну балансы және заңды тұлғаның уәкілетті органының табыстау актісі мен бөліну балансын бекіту туралы шешімі;
      4) кредиторларды заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы жазбаша хабардар еткенін растайтын құжат;
      5) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қызметін тоқтатқаны үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат табыс етіледі.
      Қосылу нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, заңды тұлға қайтадан пайда болған заңды тұлғаларды тіркеген сәттен бастап қайта ұйымдастырылған деп есептеледі.
      Қосу, бөліну, қайта құру кезінде өз қызметін тоқтатқан заңды тұлға Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шығарылуы тиіс (Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шығару, оған заңды тұлғаның қызметін тоқтатқаны туралы мәлімет енгізу арқылы жүргізіледі), ол туралы қайтадан құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта көрсетіледі.
      Біріктіру кезінде өз қызметін тоқтатқан заңды тұлға Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шығарылуы тиіс (Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шығару оған заңды тұлғаның қызметін тоқтатқаны туралы жазба енгізу арқылы жүргізіледі), ол туралы Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шығару туралы бұйрықта не қосылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қайта тіркеу, тіркеу кезінде көрсетіледі.
      Қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу қайта ұйымдастыру нәтижесінде қызметін тоқтататын заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
      Қосу нысанында қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың біреуінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
      Бөліну нысанында қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу қайта ұйымдастыру нәтижесінде қызметін тоқтататын заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
      Бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу заңды тұлға бөлініп шығатын заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
      Біріккен заңды тұлғаның қызметін тоқтатқанын мемлекеттік тіркеуді бірігетін заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша тіркеуші орган жүзеге асырады.
      Акционерлік қоғамды қайта құру, қосу, біріктіру және бөлу кезінде тіркеуші органға акционерлік қоғам акциялары шығарылымының күші жойылғандығы туралы куәлік қосымша ұсынылады.
      Заңды тұлғаны бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастырған кезде заңды тұлғаның қызметін тоқтату жүргізілмейді.
      Заңды тұлғаны оған басқа заңды тұлғаны біріктіру арқылы қайта ұйымдастырған кезде, оның алғашқысы біріктірілген заңды тұлғаның қызметін тоқтатқаны туралы жазба Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген сәттен бастап қайта ұйымдастырылған деп есептеледі.
      Табиғи монополия субъектілерін қайта ұйымдастыру кезінде тіркеуші органға табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар саласында басшылық жасайтын уәкілетті органның келісімі беріледі.
      Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу осы Заңның 9-бабында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.»;
      7) 7-бап мына редакцияда жазылсын:
      «7-бап. Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары
      Құрылтай шарты және жарғы акционерлік қоғамдардың құрылтай құжаттары болып табылады.
      Бiр адам (бiр қатысушы) құратын акционерлiк қоғамдардың, жарғы, ереже не жазбаша түрде ресімделген заңды тұлғаны құру туралы шешім (жалғыз құрылтайшының шешімі) құрылтай құжаттары болып табылады.
      Коммерциялық ұйымдар болып табылмайтын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда, осы түрдегi ұйымдар туралы жалпы ереже негiзiнде iс-қимыл жасай алады.
      Шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға өз қызметiн мазмұнын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады.
      Егер заңды тұлғаның құрылтайшылары өз қызметін үлгі жарғының негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған жағдайда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу процесінде жарғыны ұсыну талап етілмейді.
      Бұл ретте, тіркеуші органдарға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайда нотариалды тәртіпте куәландырылған өтініштің үш данасы табыс етіледі.»;
      8) 9-бап мына редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) мен құжаттарды беру мерзімдері
      Акционерлік қоғамдарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу, сондай-ақ заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу қажетті құжаттарды қоса отырып, өтініш берген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.
      Саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдардың, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды сондай-ақ акционерлік қоғамдардың мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу), қажетті құжаттарды қоса отырып, өтініш берген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілу тиіс.
      Мемлекеттік (есептік) тіркеу, қайта тіркеу туралы анықтаманы беру, сондай-ақ жарғыны (ережені) не өз қызметін үлгі жарғы, ереже негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды, өкілдікті мемлекеттік есептік тіркеу туралы өтінішті қайтарып беру:
      акционерлік қоғамдарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілерін, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне қажетті құжаттарын қоса отырып, өтініш бергеннен кейінгі келесі жұмыс күні жүргізіледі;
      саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдарды, сондай-ақ, акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне қажетті құжаттарды қоса отырып, өтініш берген күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, онда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша мемлекеттік (есептік) тіркеу, қайта тіркеу, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептен шығару анықталған кемшіліктерді жойғанға дейін немесе тиісті қорытындысын (сараптаманың) алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
      Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.»;
      9) 10-бап мына редакцияда жазылсын:
      «10-бап. Мемлекеттік (есептік) тіркеуге (қайта тіркеуге) және қызметін тоқтатуға ақы төлеу
      Заңды тұлғаларды және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн құруды және қызметiн тоқтатуды мемлекеттiк (есептiк) тiркеу, оларды қайта тiркеу кезiнде Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiпте алым алынады.»;
      10) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-бап. Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік (есептiк) тiркеуден және қайта тiркеуден, тіркеуден бас тарту
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгіленген заңды тұлғаны, филиал мен өкілдікті құру және қайта ұйымдастыру, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қайта тіркеу және тіркеудің тәртiбiн бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес келмеуi, табыстау актiсiн немесе бөлу балансын ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелердiң болмауы, не заңды тұлға болып табылатын құрылтайшыда және (немесе) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада бір айлық есептік көрсеткіштен астам салық берешегінің болуы, сондай-ақ егер заңды тұлға іс-әрекет етпейтін заңды тұлға болса және (немесе) заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) іс-әрекет етпейтін заңды тұлға болса және (немесе) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) жетекшісі іс-әрекет етпейтін заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) жетекшілері болса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса және (немесе) қайтыс болған және (немесе) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 192, 216, 217-баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін сотталса және (немесе) жеке басты куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттар ұсынылса, сондай-ақ соттардың, сот орындаушыларының, құқық қорғау органдарының шешімдері (тыйым салуы, қамауға алуы) болған жағдайларда, тіркеу әрекеттерінен бас тартуға әкеп соғады.»;
      11) 12-бап мына редакцияда жазылсын:
      «12-бап. Мемлекеттік (есептік) тiркеу немесе қайта тіркеуді куәландыратын құжат
      Заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) жүргізілген мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) фактісін растайтын құжат Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша уәкілетті орган берген анықтама болып табылады.
      Мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама тіркеуші орган, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тіркеу (қайта тіркеу) күні, заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің атауы (оның ішінде филиал мен өкілдікті құрушы заңды тұлғаның атауы) және басқа да заңнамаға сәйкес мәліметтерді қамтиды.
      Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) немесе филиалды және өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама табыс етiлген жағдайда ғана банкте шот ашылуы мүмкiн.
      Шаруашылық субъектісін мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензия алуды талап ететiн қызметтi бастау үшiн негiз болып табылмайды. Заңды тұлғаның лицензияланатын қызмет саласындағы құқықтық қабiлетi тиiстi лицензияны алған сәттен бастап пайда болады және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен оның қолданылуы тоқтатылған немесе жарамсыз деп танылған кезiнен бастап тоқтатылады.»;
      12) 14-бап мына редакцияда жазылсын:
      «14-бап. Заңды тұлғаны қайта тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік қайта тіркеу
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде көзделген жағдайларда заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайта тiркелуі тиіс.
      Бұл ретте тіркеуші органға: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген үлгідегі өтініш, заңды тұлғаның уәкiлеттi органының жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдар, сондай-ақ, акционерлік қоғамдар үшін көзделген мемлекеттік қайта тіркеу туралы шешімі не оның үзінді көшірмесі, құрылтай құжаттарға заңды тұлғаның мөрімен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізу енгізілген өзгерістері бар құрылтай құжаттары, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу үшiн бюджетке алым төлегенiн растайтын құжат табыс етіледі.
      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдарды, сондай-ақ, акционерлік қоғамдарды қайта тіркеу үшін тіркеуші органға енгізілген өзгерістері бар құрылтай құжаттары және бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқалары қосымша ұсынылады.
      Шаруашылық серiктестiгі қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерді қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеру негіздемесi бойынша шаруашылық серiктестiктерiн қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде және құрылтай құжаттарына сәйкес шығып кететiн қатысушының мүлiктегi (жарғылық капиталдағы) үлеске құқығы оның иелiгiнен шығарылғанын (басқа бiреуге берiлгенiн) растайтын құжат ұсынылады.
      Егер шығып кететін қатысушының серіктестіктің мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығының иелігінен шығару (басқа біреуге беру) шартының тараптарының бірі жеке тұлға болса, онда жеке тұлғаның қолының түпнұсқалығы нотариалды куәландырылуы тиіс.
      Табиғи монополия субъектiлерiн қайта тiркеу үшiн табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның келiсiмi талап етiледi; тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiн, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олар аффилиирлеген тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта тiркеу үшiн монополияға қарсы органның келiсiмi талап етіледi.
      Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісінше Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      Филиалдар мен өкілдіктер атауы өзгерген жағдайда қайта тіркелуі тиіс.»;
      13) мына мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
      «14-1-бап. Коммерциялық емес ұйымдардың жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдардың, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, олардың филиалдары мен өкілдіктері туралы ережені тіркеу
      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдардың, сондай-ақ, акционерлік қоғамдардың құрылтай құжаттарына, олардың филиалдар (өкілдіктер) туралы ережесін мемлекеттік (есептік) қайта тіркеуге әкеп соқпайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, заңды тұлға, филиал (өкілдік) жарғыға (ережеге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бір ай мерзімде тіркеуші органға хабарлайды.
      Хабарламаға заңды тұлғаның мөрімен бекітілген заңды тұлғаның уәкiлеттi органының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімі не шешімінен үзінді көшірмені, сондай-ақ, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдардың, сондай-ақ, акционерлік қоғамдардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың, олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) ережелерінің мәтіні қоса беріледі.
      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдардың, сондай-ақ, акционерлік қоғамдардың құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары мен өкілдіктері туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу орналасқан жерін ауыстырған жағдайда, сондай-ақ жарғысын (ережесін) жаңа редакцияда қабылдаған жағдайларда жүргізіледі.
      Қайта тіркеуге әкеп соқпайтын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдардың, сондай-ақ, акционерлік қоғамдардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу үшін тіркеуші органға: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген үлгі бойынша өтініш; заңды тұлғаның уәкiлеттi органының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы мөрмен бекітілген шешімі не шешімінен үзінді-көшірмесі; қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген жаңа редакциядағы құрылтай құжаттары ретінде рәсімделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулардың екі данасы; бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқалары (мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жаңа орналасқан жерін (орналасқан жерін өзгерткен жағдайда) растайтын құжат табыс етіледі.
      Акционерлік қоғамдар, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын ұйымдардың заңды мекенжайы өзгерген кезде, заңды тұлға, филиал (өкілдік) орналасқан жерін өзгерту туралы шешімді қабылдаған күннен бір ай мерзімде жаңа орналасқан жері бойынша тіркеуші органды хабардар етеді.»;
      14) 15-бап мына редакцияда жазылсын:
      «15-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдардың, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру
      Тіркеуші орган заңды тұлғаның өтініші бойынша үш жұмыс күні ішінде жарғының (ереженің) телнұсқасын береді.
      Жарғының (ереженің) телнұсқасын беру үшін мынадай құжаттар:
      1) өтініш;
      2) заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлғаның мөрімен бекітілген заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) жарғысының (ережесінің) телнұсқасын алу туралы шешімі (үзіндісі);
      3) жарғының (ереженің) түпнұсқасының жоғалғаны туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжат табыс етіледі.»;
      15) 16-бап мына редакцияда жазылсын:
      «16-бап. Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын тiркеу
      Заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асырушы орган заңды тұлғаны тарату туралы шешiмдi алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тарату тәртiбiнiң сақталуын тексередi.
      Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын тіркеу үшін тарату негiздемесi бойынша:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгi белгілеген нысан бойынша таратуды тiркеу туралы өтініш;
      2) заңды тұлғаның мөрiмен бекітілген заңды тұлға мүлкiнің меншік иесiнiң немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген заңды тұлға органының шешімі;
      3) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлар қойған наразылықтарды мәлiмдеудiң тәртiбi мен мерзiмдері туралы ақпараттың орталық әділет органының баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;
      4) кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар бойынша берешектерінің жоқ екендігі туралы анықтамасы;
      5) акция шығарылымдарының (акционерлiк қоғамдар үшiн) күшi жойылғандығы туралы уәкiлеттi органның хабарламасы;
      6) заңды тұлғаның мөрін жою туралы құжат;
      7) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу үшін бюджетке алым төлегенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат табыс етіледі.
      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдардың, сондай-ақ, акционерлік қоғамдардың қызметінің тоқтатылуын тіркеу үшін қосымша құрылтай құжаттары ұсынылады.
      Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы өтініш тіркеуші органға заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай өткен соң ұсынылады.
      Сот шешімі бойынша таратылған заңды тұлғаның қызметінің тоқтатылуын тіркеу сот шешімі және тарату іс жүргізуінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы негізінде жүзеге асырылады.
      Егер тексеру барысында таратудың белгіленген тәртібін бұзу анықталмаса, тіркеуші орган заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын қажетті құжаттарды қоса берілген өтініш берген күннен кейінгі бес күнтізбелік күн ішінде тіркейді. Табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң тоқтатылуын тiркеудi тiркеушi орган табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырады.
      Заңды тұлғаны таратудың заңнамалық актілерінде белгіленген тәртібін бұзу анықталған, сондай-ақ таратылатын заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері болған, салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болғаны анықталған жағдайда, тіркеуші орган қызметтің тоқтатылуын тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.
      Заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне мәліметтер енгізілгеннен кейін ол өзінің қызметін тоқтатқан болып есептеледі.»;
      16) 16-1-бап мына редакцияда жазылсын:
      «16-1-бап. Заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігін есептік тіркеуден шығару
      Филиал (өкілдік) филиалдың (өкілдіктің) қызметін тоқтату туралы заңды тұлғаның өтініші, заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелгені және филиалдар мен өкiлдiктердiң есептiк тiркелгенi үшін алым төлегенін растайтын түбіртегі немесе құжаты негізінде есептен шығарылуы тиіс.
      Шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бойынша осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарға қоса салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама табыс етіледі.
      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдардың, сондай-ақ, акционерлік қоғамдардың филиалдарының (өкілдіктерінің) қызметін тоқтатылуын тіркеу үшін қосымша ережесі ұсынылады.
      Заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару қажетті құжаттарды қоса отырып, өтініш берген күннен кейінгі бес күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
      Соттың шешімі бойынша таратылған заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуден шығару осындай шешімнің негізінде:
      - жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдардың, сондай-ақ, акционерлік қоғамдардың филиалы (өкілдік) туралы ережесін;
      - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін алым төленгенін растайтын түбіртекті немесе құжатты қоса отырып жүргізіледі.
      Заңнамалық актілерде белгіленген заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің қызметін тоқтату тәртібін бұзу анықталған кезде, сондай-ақ, салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған жағдайда, тіркеуші орган филиалдың, өкілдіктің қызметін тоқтатуды тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.».
      10. «Шаруашылық серiктестiктерi туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183,184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23, 43-құжаттар; 2011 ж. № 6, 50-құжат):
      1) 4-бапта:
      6-тармағы алып тасталсын;
      13-тармақтың бірінші бөлігі мына редакцияда жазылсын:
      «13. Шаруашылық серiктестiктерді мемлекеттiк тiркеу заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі шаруашылық серiктестiктер туралы деректердi заңды тұлғаларды тiркейтiн органдар ресми баспасөзде ұдайы жариялап тұруы тиiс.»;
      2) 7-баптың 4-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «4. Егер арнаулы заңнамалық актiлерде немесе құрылтай құжаттарда өзгеше көзделмеген болса, шаруашылық серiктестiгiнің қатысушысының серiктестiк мүлкiндегi өз үлесiн кепiлге салуға және (немесе) сатуға құқығы бар. Егер шығып жатқан қатысушының мүлiктегi (жарғылық капиталдағы) үлеске немесе оның бір бөлігіне құқығының иелiктен шығарылғаны (басқаға берілгенi) туралы шарттың тараптарының бірі жеке тұлға болып табылса, онда жеке тұлғаның қолының түпнұсқасы нотариалды куәландырылуы тиіс.»;
      3) 8-2-баптың 2- тармағының 4) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      4) шаруашылық серіктестігін заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
      4) 9-бапта:
      2-тармағының екінші бөлігі мына редакцияда жазылсын:
      «Шаруашылық серiктестiгi қайта ұйымдастырылған кезде серiктестiктiң құжаттарына және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне қажеттi өзгерiстер енгiзiледi, ал таратылған кезде – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне тиiстi мәліметтер жазылады.»;
      9-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «9. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне ол туралы мәліметтер енгізілген сәттен бастап тарату аяқталған, ал шаруашылық серiктестiк өз қызметiн тоқтатқан деп саналады.».
      11. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 11-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат):
      26-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «3) өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткені туралы анықтаманы және жарғының нотариалды куәландырған көшірмесін;».
      12. «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат):
      25-2-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «3) ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасын;».
      13. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 9-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      1) 88-бапта:
      3-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      «3. Бұл туралы Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне – заңды тұлғалар бойынша;
      Дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелімдеріне – дара кәсіпкерлер бойынша мәліметтер енгiзiлген соң, борышкердiң таратылуы аяқталды, ал борышкер жұмыс iстеуiн тоқтатты деп есептеледi.»;
      4-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      «4. Борышкерді Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау туралы бұйрықтарды заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар сотқа және уәкілетті органға, сондай-ақ борышкердің тұрған жері бойынша салық органына жібереді.»;
      2) 92-баптың 1-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «1. Егер заңды тұлға тек банкроттық тәртiбiмен таратылуға тиiстi болатын мән-жайлардың болуына қарамастан, меншiк иесi, құрылтайшылар (қатысушылар), тарату комиссиясы борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнбесе және заңды тұлғаны таратуды жүзеге асырса, барлық кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандырмау заңды тұлғаның тоқтатылуы туралы Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне мәліметтерді енгiзуден бас тартуға негiз болып табылады.»;
      3) 95-баптың 3-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «3. Борышкер конкурстық басқарушының қорытынды есебін бекіту туралы сот ұйғарымының негізінде борышкер қызметінің тоқтатылғандығы туралы Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне және дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелімдеріне мәліметтер енгізілген сәттен бастап таратылды деп есептеледі, бұл таратылған борышкердің кредиторлар алдындағы берешегін есептен шығару үшін негіз болып табылады.».
      14. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      44-баптың 7-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «7. Тiркелген кооперативке Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген мерзiмде мемлекеттік тiркеу немесе қайта тіркеу туралы анықтама берiледi.».
      15. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):
      1) 5-баптың 2-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің орналасқан жерін ауыстырған кезде, қажетті өзгерістерді Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізу үшін, мемлекеттік тіркеуді жүргізген және заңды тұлғаларды серіктестіктің жаңа мекенжайы бойынша мемлекеттік тіркеуді жүргізетін органды хабардар етуге міндетті.»;
      2) 17-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
      6-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      «6. Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Үлгі жарғысының негізінде жүзеге асыруға құқылы.»;
      3) 18-баптың 2 және 3-тармақтары алып тасталсын;
      4) 19-бапта:
      3-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік тіркеу деректері, соның ішінде, фирмалық атауы, жарғылық капиталдың мөлшері, құрылтайшылар құрамы мен атқару органдары, оның орналасқан жері туралы мәліметтер жалпыға танысу үшін ашық, Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне кіреді және серіктестіктің коммерциялық құпиясын құрамайды.»;
      4-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      4-1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      5-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      «5. Серіктестік құрылтайшылары өз қызметін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған жағдайда (осы Заңның 17-бабының 6-тармағы), тіркеуші органдарға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекіткен үлгі бойынша өтініш ұсынылады.»;
      5) 20-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
      6) 29-баптың 2-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушы өз қалауы бойынша сол серіктестіктің бір немесе бірнеше қатысушысына серіктестік мүлкіндегі өз үлесін немесе оның бір бөлігін сатуға немесе басқа жолмен беруге құқылы. Серіктестік қатысушысы серіктестіктің басқа қатысушысы алдындағы өз міндеттемесін қамтамасыз ету үшін үлесін кепілге беруге құқылы. Бұл мәмілелерді жасауға серіктестіктің немесе басқа қатысушылардың келісімі талап етілмейді. Алайда, егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында осы Заңның 28-бабының 3-тармағында аталған шарттар көзделсе, бұл шарттар үлесті беру кезінде сақталуы тиіс.
      Егер шығып жатқан қатысушының мүлiктегi (жарғылық капиталдағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығының иелiктен шығарылғаны (басқаға берiлгенi) туралы шарттар тараптарының бірі жеке тұлға болса, онда жеке тұлғаның қолының түпнұсқалығы нотариалды куәландырылуы тиіс.».
      16. «Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы» 1999 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж. № 21, 770-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат):
      1) 6-баптың 2-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «2. Селолық тұтыну кооперативi өзiнiң орналасқан жерiн өзгерткен жағдайда кооператив Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне қажеттi өзгерiстер енгiзу үшiн, кооперативтiң жаңадан орналасқан жерi бойынша заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға бұл жайында хабарлауға мiндеттi.»;
      2) 13-баптың 3-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «3. Yшiншi тұлғалармен қатынастарда кооператив пен оның мүшелерi кооперативтi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган осы баптың 2-тармағында көзделген хабарламаны алған кезден бастап не сот шешiмiнiң негiзiнде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне өзгерiстер енгiзiлген сәттен бастап он бес күн өткен соң кооператив жарғысындағы өзгерiстерге сiлтеме жасауға құқылы. Алайда үшiншi тұлғалар аталған мән-жайлар болғанға және мерзiмдер басталғанға дейiн де бұл өзгерiстердi ескере отырып іс-әрекет жасауға құқылы.»;
      3) 60-баптың 5-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «5. Қосып алу және бөлiп шығару нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, қайта ұйымдастыруға қатысушы селолық тұтыну кооперативтерi жаңадан пайда болған селолық тұтыну кооперативтерi мемлекеттік тіркелген сәттен бастап жұмысын тоқтатады және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шығарылады.
      Қосып алынатын кооператив оның басқа кооперативке қосылуы тiркелген сәттен бастап жұмысын тоқтатады және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шығарылады.».
      17. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
      11-баптың 1-тармағының 7) тармақшасының төртінші абзацы мына редакцияда жазылсын:
      «заңды тұлғалар үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтамасы және құрылтай құжаттарының нотариалды түрде куәландырылған көшiрмесi;»;
      18. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж. № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
      10-баптың 2-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «2. Жеке күзет ұйымы күзет қызметiн заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу туралы анықтаманың, жарғының және күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның негiзiнде жүзеге асырады.».
      19. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж.№ 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжат; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      1) 27-баптың 2 тармағының 4) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «4) құрылтайшылар-заңды тұлғалар туралы мәліметтер (ондай құрылтайшылар болған жағдайда), оған заңды тұлға ретінде олардың мемлекеттiк тiркеуден өткенi туралы анықтамасы; нотариалды куәландырған құрылтай құжаттарының көшiрмесi; аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігі, құжаттар табыс ету алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы бухгалтерлік баланс және пайдалар мен шығындар туралы есеп қамтылады;»;
      2) 37-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасын;»:
      8-тармақтың 3) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «2) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы және салық төлеуші туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;»;
      3) 84-баптың 2-тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасын;».
      20. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж. № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 25-бапта:
      3-тармақтың екінші бөлігі мына редакцияда жазылсын:
      «Коммерциялық емес ұйымға басқа ұйымды бiрiктiру нысанында оны қайта ұйымдастыру кезiнде олардың алғашқысы Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне бiрiктiрiлген ұйымдардың қызметiн тоқтату туралы жазба енгiзiлген сәттен бастап қайта ұйымдастырылған болып есептеледi.»;
      4-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      4. Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде жаңадан пайда болған ұйымды (ұйымдарды) мемлекеттiк тiркеу және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне қайта ұйымдастырылған ұйымның (ұйымдардың) қызметiн тоқтату туралы жазба енгiзу заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңнамада белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.»;
      2) 29-бап мына редакцияда жазылсын:
      «29-бап. Коммерциялық емес ұйымды таратудың аяқталуы
      Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне тиiстi мәліметтер енгiзiлгеннен кейiн коммерциялық емес ұйымның таратылуы аяқталған, ал коммерциялық емес ұйымның жұмыс iстеуi тоқтатылған болып есептеледi.».
      21. «Тұтыну кооперативі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 мамырдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж. № 10, 138-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж. № 9, 67-құжат):
      1) 5-баптың 3-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «3. Тұтыну кооперативi өзiнiң орналасқан жерiн өзгерткен жағдайда бұл жайында Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне қажеттi өзгерiстер енгiзу үшiн кооперативтiң жаңадан орналасқан жерiнде заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға хабарлауға мiндеттi.»;
      2) 11-баптың 5-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «5. Yшiншi тұлғаларға қатысты тұтыну кооперативi мен оның мүшелерi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган осы баптың 4-тармағында көзделген хабарламаны алған кезден бастап он бес күн өткен соң не сот шешiмiнiң негiзiнде өзгерiстер мен толықтырулар Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгiзiлген сәттен бастап жарғыдағы өзгерiстер мен толықтыруларға сiлтеме жасауға құқылы. Алайда үшiншi тұлғалар аталған мән-жайлар болғанға және мерзiмдер басталғанға дейiн де бұл өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып iс-әрекет жасауға құқылы.»;
      3) 39-баптың 5-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «5. Қосып алу және бөлiп шығару нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, қайта ұйымдастыруға қатысушы тұтыну кооперативтерi жаңадан пайда болған тұтыну кооперативтерi мемлекеттiк тiркеуден өткен сәттен бастап өз қызметтерін тоқтатады және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шығарылады. Қосып алынатын тұтыну кооперативi оның басқа тұтыну кооперативiне қосылуы тiркелген сәттен бастап өз қызметiн тоқтатады және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шығарылады.».
      22. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      18-баптың 2-тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «2) Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу, сондай-ақ Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін және филиалдар мен өкiлдiктердiң тiзiлiмiн жүргiзу;».
      23. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 9, 44-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      14-13-баптың 2-тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «2. Аттестаттау үшін ұйым өнеркәсіп саласын және жүзеге асырылатын қызметтің түрін көрсете отырып, ұйым жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесімен, ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы анықтаманың көшірмесімен, ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындымен қоса өтініш ұсынады.».
      24. «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 153-құжат; 2005 ж. № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 6-құжат):
      15-баптың 2-тармағының 3-тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «3) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгiзiлетiн мәлiметтер көлемiнде тiркеушi органға тұрақты жұмыс iстейтiн органның орналасқан жері өзгергені туралы және өз басшылары туралы деректердi хабарлауға;».
      25. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж. № 4, 28-құжат., 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж. № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      19-баптың 1-тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама;».
      26. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):
      80-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      4) қоғамның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтама;
      27. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 134-құжат; № 5, 23-құжат; 2010 ж., № 17-18, 112-құжат):
      9-баптың 2-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «2. Өтініш беруші Қордың акцияларын сатып алу және қатысу шартын жасасу үшін Қорға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;
      2) ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен алып тасталды.
      3) нотариалды куәландырылған жарғының көшірмесі.».
      28. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 11-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «4) акционерлiк қоғамды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтамасы;»;
      2) 12-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «5) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi (қайта тiркелгенi) туралы анықтамасын;»;
      3) 30-1-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігі мына редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті орган облигацияларды жою үшін қажетті құжаттарды ұсынбастан, Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде тарату туралы мәлімет қамтылған эмитенттердің облигациялары шығарылымын жою туралы шешім қабылдауға құқылы.».
      29. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж.№ 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат):
      9-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы анықтамасын;».
      30. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж. № 15, 71-құжат):
      1) 10-баптың 4) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «4) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы анықтама (заңды тұлғалаp үшiн);»;
      2) 29-баптың 6-тармағының 4) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «4) мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама (заңды тұлғалар үшiн);».
      31. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат):
      1) 11-бапта:
      8-тармақ алып тасталсын;
      мына мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
      «12. Заңды тұлға туралы жалпыға ортақ ақпаратқа заңды тұлғаның атауы, оның тіркелген күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды мекенжайы, негізгі қызмет түрлері мен басшысы туралы мәліметтер жатады.».
      32. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 10, 51-құжат; 2007 ж., № 17, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):
      1) 1-баптың екінші бөлігі мына редакцияда жазылсын:
      «Құрылтай және басқа да құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеру, бизнес-сәйкестендіру нөмірі беріле отырып, мемлекеттік тіркеу және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің бірыңғай Ұлттық тізіліміне мәліметтер берілуі туралы анықтама беру рәсімі қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу деп түсініледі.».
      2) 6-баптың 1) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, салық төлеушінің куәлігін беру;»;
      3) 11-баптың 1) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «1) уәкілетті орган берген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға не қаржы орталығының қатысушы ретінде аккредиттеу туралы куәлігіне;».
      33. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж. № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат):
      6-баптың 2-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу жөнiндегi мiндеттемелерi Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тiзiлiмiне қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату туралы мәлімет енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн, бiрақ қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап кем дегенде бес жылдан кейiн ғана тоқтатылуға жатады.».
      34. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 8-баптың 2) тармақшасы екінші бөлігінің алтыншы абзацы мына редакцияда жазылсын:
      «заңды тұлға үшін – заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың нөмірі және берілген күні;»;
      2) 42-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «2) заңды тұлға үшін – жарғының көшірмесі (экспорт және импорт операцияларын қоспағанда) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырған) және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы анықтама;»;
      35. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2010 ж., № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
      1) 1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «2) Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмi – құрылған және қызметін тоқтатқан заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер), қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер туралы деректерді есепке алу және сақтауға, берілген бизнес-сәйкестендіру нөмірлері туралы деректерді қалыптастыруға және сақтауға арналған ақпараттық жүйе;»;
      2) 9-баптың 4-тармағында:
      2) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «2) резидент заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), филиалды, өкiлдiктi есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;»;
      3) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасында қызметiн филиалдар мен өкiлдiктер арқылы (тұрақты мекеме құра отырып) жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшiн – филиалды, өкiлдiктi есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;»;
      3) 11-баптың 2-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «2. Жалпыға ортақ ақпаратты қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ақпаратты жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша келiсiмiнсiз басқа тұлғаға беруге болмайды.
      Жеке және заңды тұлғалар туралы жалпыға ортақ ақпараттың тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.».
      36. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      20-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «5) мақта иесінің атауын: жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауын; мақта иесінің орналасқан жерін: жеке тұлғаның тұрғылықты жерін немесе заңды тұлғаның орналасқан жерін; жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың нөмірін; салық төлеуші мақта иесінің тіркеу нөмірін;».
      37. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      13-баптың үшінші абзацы мына редакцияда жазылсын:
      «1) борышкер заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша сот шешімімен таратылуына байланысты Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған;».
      38. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 5, 22-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
      8-баптың 4-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      «4. Уәкілетті орган қалыптастыратын деректер қорындағы мынадай мәліметтер:
      1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы;
      2) экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша экономикалық қызмет түрі;
      3) кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышы бойынша коды;
      4) бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      5) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышы бойынша коды;
      6) кәсіпорынның жұмыспен қамтылғандар саны жөніндегі мөлшерлік сыныптауышы бойынша коды құпия болып табылмайды.».
      39. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 ж., 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 ж., 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      188-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «2) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы және жарғысының нотариалды куәландырған көшірмесін;».
      40. 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңына:
      17-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «2) жеке тұлға үшін – өтініш берушіні дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе заңды тұлға үшін – ұйымды мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасы және ұйым жарғысының нотариалды куәландырған көшірмесі;».
      41. 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңына:
      10-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      «2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;».
      2-бап.
      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі аяқталғанға дейін жарамды болып табылады және заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға теңестіріледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады