"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат):135-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат):
1) 76-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен қаралады.";
2) 78-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың өтініші бойынша сот тәртiбiмен жүзеге асырылады. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру туралы iстер ата-ананың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен қаралады.";
3) 79-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы iстер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің міндетті түрде қатысуымен қаралады.".
3. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы тақырыппен толықтырылсын:
"50-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру";
177-баптың тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
373-баптың тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндігі мәтіні өзгермейді;
374-баптың тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндігі мәтіні өзгермейді;
2) 3-бап мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
"20-1) Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне келтірілген өзге де ауыр зиян – осы Кодекстің 160-бабының екінші бөлігінде, 163-бабында, 164-бабының екінші бөлігінде, 168, 169, 175-баптарында, 179-бабының үшінші бөлігінде, 180-бабында, 181-бабында, 182-бабының үшінші бөлігінде және 455-бабында көзделген іс-әрекеттерді жасау нәтижесінде келтірілген зиян;";
3) 8-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Кодекстің ережелері, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, террористік немесе экстремистік қылмыс не бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасалған жағдайларда не Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қылмыстың жасалған жеріне қарамастан қолданылады.";
4) 15-баптың 2-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
5) 40-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру;";
6) мынадай мазмұндағы 50-1-баппен толықтырылсын:
"50-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру
1. Азаматтықтан айыру мемлекет пен сотталғанның өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінетін, мемлекеттің сотталғанмен тұрақты саяси-құқықтық байланысын мәжбүрлі тоқтатуынан тұрады.
2. Қылмысты он сегіз жасқа дейін жасаған адамдарға Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру тағайындалмайды.";
7) 160-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына жазаланады.";
8) 163-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына жазаланады.";
9) 164-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына жазаланады.";
10) 168-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына жазаланады.";
11) 169-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
12) 170-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мүлкі тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.";
13) 173-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырумен жазаланады.";
14) 175-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазаланады.";
15) 177-бапта:
тақырыптың және бірінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына жазаланады.";
16) 178-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына жазаланады.";
17) 179-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
18) 180-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыруға жазаланады.";
19) 181-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
20) 182-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
21) 184-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.";
22) 255-бапта:
үшінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мүлкі тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мүлкі тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.";
23) 257-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
24) 261-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
25) 269-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
26) 270-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
27) 373-баптың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
28) 374-баптың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
29) 455-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына жазаланады.".
4. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар):
1) 7-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) апелляциялық саты – бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулыларына апелляциялық шағымдар мен прокурордың апелляциялық өтінішхаттары жөніндегі істі мәні бойынша қарайтын сот;";
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"30) прокурордың наразылығы, өтінішхаты – прокурордың қылмыстық іс бойынша сот шешіміне өз құзыретi шегiнде және осы Кодексте көзделген тәртiппен енгiзген ден қою актiсi;";
2) 50-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мерзiмдi қалпына келтiруден бас тартуға осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкiн.";
3) 52-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау алқаның кемінде үш судьясы бар құраммен алқалы түрде жүзеге асырылады, ал соттың қысқартылған тәртіппен қаралған, қылмыстық терiс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша, тергеу судьясының үкімін, қаулысын орындау мәселелері бойынша соттың үкімдеріне, қаулыларына шағымдарды, прокурорлардың өтінішхаттарын қарау кезінде судья жеке-дара жүзеге асырады.";
4) 55-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тергеу судьясының қаулысына осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.";
5) 59-баптың екінші бөлігі 9) тармақшадағы "беруге уәкілетті." деген сөздер "беруге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) тергеушінің әрекеттерi (әрекетсіздігі) мен шешiмдерiне шағымдарды қарауға уәкілетті.";
6) 60-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Тергеуші тергеудегі іс бойынша прокурордың процестік шешімдерімен, әрекетімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда, олар жөнінде жоғары тұрған прокурорға шағым жасауға құқылы.
Прокурордың процестік шешімдері, әрекеті (әрекетсіздігі) жөнінде жоғары тұрған прокурорға шағым жасауы олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.";
7) 62-бапта:
үшінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) соттың тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады.
Егер анықтау органының бастығы прокурордың қабылдаған процестік шешіміне және оның әрекетімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда, жоғары тұрған прокурорға шағым жасауға құқылы.";
төртінші бөлік 4) тармақшадағы "жүргізуге құқылы." деген сөздер "жүргізуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) анықтаушының шешіміне және оның әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты шағымдарды қарауға құқылы.";
8) 65-баптың жетінші бөлігінің 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) іс бойынша келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық беруге;
4) келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттарының және наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға;";
9) 71-баптың алтыншы бөлігінің 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"20) іс бойынша келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық беруге және оларды қарауға қатысуға;";
10) 73-баптың екінші бөлігінің 16) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"16) iс бойынша азаматтық талап қою бөлiгiнде келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және наразылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылық беруге;
17) мәлiмделген шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын және наразылықтарды соттың қарауына қатысуға;";
11) 74-баптың екінші бөлігінің 13) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"13) iс бойынша азаматтық талап қоюға қатысты бөлiгiнде келтiрiлген наразылықтар, прокурордың өтінішхаттары және шағымдар туралы бiлуге және оларға қарсылық беруге;
14) мәлiмделген шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын және наразылықтарды соттың қарауына қатысуға;";
12) 87-бапта:
бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) аталған қылмыстық іс бойынша тергеу судьясы ретінде қатысқан болса, тергеу судьясының қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қараған болса;";
он екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қарсылық бiлдiрудi қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы қаулы шағым жасалуға (прокурордың өтінішхаттары бойынша қайта қаралуға, наразылық келтірілуге) жатпайды. Қаулымен келiспеушiлiк туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына немесе кассациялық тәртіппен сот актілерін қайта қарау өтінішхатына, наразылыққа енгiзiлуi мүмкiн.";
13) 105-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"105-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының, прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне өзінің немесе білдіретін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын адамдар берген шағымдарды қарау тәртібі
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешiмдерiне өзінің немесе білдіретін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын адамдардың шағымдары тергеу бөлімі бастығына, анықтау органы бастығына, прокурорға немесе сотқа беріледi.
Өзiнiң жеке әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым түскен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам шағымды өзiнiң түсiнiктемесiмен бiрге дереу тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органының бастығына жіберуге мiндеттi.
Тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының әрекеттерi (әрекетсіздігі) мен шешiмдерiне шағымдар прокурорға берiледi. Өзiнiң жеке әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым түскен тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы шағымды өзiнiң түсiнiктемесiмен бiрге дереу тиiстi прокурорға жіберуге мiндеттi.
Прокурордың әрекеттерi (әрекетсіздігі) мен шешiмдерiне шағымдар жоғары тұрған прокурорға берiледi. Осы Кодекстің 106-бабында көрсетілген мәселелер бойынша шағымдар сотқа беріледі және осы бапта көзделген тәртіпте қаралады.
2. Прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы шағымды алған кезден бастап жеті тәулiк iшiнде оны қарауға және шағым берген тұлғаны қабылданған шешім туралы хабардар етуге мiндеттi. Ұстап алу, күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау, лауазымынан шеттету кезiнде заңды бұзу туралы шағымдар оларды алған кезден бастап үш тәулiк iшiнде қаралуға жатады. Шағымды тексеру үшiн қосымша материалдарды талап етіп алдыру не өзге де шаралар қолдану қажет болатын айрықша жағдайларда, шағым берген тұлғаға ол туралы хабарлай отырып, шағымды он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмде қарауға жол берiледi.
3. Шағымды қарау нәтижесінде тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы прокурор алдында шағым жасалған шешiмнің күшін жою немесе шешімді өзгерту туралы өтініш білдіруге, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның орындауы үшін міндетті нұсқау, анықтау органына тапсырма беруге құқылы.
Шағымды қарау нәтижесiнде шағым жасалған шешiмнің күшін жойып немесе шешімді өзгертіп, шағымды толық немесе iшiнара қанағаттандыру туралы не шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм қабылдануы мүмкiн.
Бұл ретте, егер бұрын шығарылған шешiм шағым берген тұлғаның немесе соның мүддесіне орай шағым берiлген тұлғаның жағдайын нашарлатуға әкеп соғатын болса, оны өзгертуге болмайды.
4. Шағым берген тұлға шағым бойынша қабылданған шешiм және одан әрi шағым жасау тәртiбi туралы хабардар етілуге тиіс. Шағымды қанағаттандырудан бас тарту уәжді болуға тиiс.";
14) 107-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына прокурордың шағым жасауы, өтінішхат беруі";
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті, оның қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі тергеу судьясының қаулысына шағым жасауға, ал прокурор өтінішхат беруге құқылы:";
екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тергеу судьясының осы баптың қағидаларына сәйкес шығарылған қаулысына ол жария етілген кезден бастап үш тәулік ішінде осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар – тергеу судьясы қаулы шығарған сот арқылы облыстық және оған теңестірілген сотқа шағым жасауы, сондай-ақ прокурор оған өтінішхат беруі мүмкін. Дәлелді себеппен өткізіліп алынған мерзім мүдделі тұлғаның өтінішхаты бойынша осы Кодекстің 50-бабына сәйкес қалпына келтірілуі мүмкін.
3. Шағым беру немесе прокурордың өтінішхат беруі осы Кодекстің
55-бабы бірінші бөлігінің 8) және 10) тармақшаларында және осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 7) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша қаулыда көрсетілген шешімдердің орындалуын тоқтата тұрмайды.
4. Шағым жасауға, прокурордың өтінішхат беруге арналған мерзім өткеннен кейін материалдар шағыммен, прокурордың өтінішхатымен бірге облыстық немесе оған теңестірілген сотқа жіберіліп, бұл туралы арыз иесіне және әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасалған тұлғаға және прокурорға хабарланады. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешімі түпкілікті болып табылады.
5. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьясы осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қағидалар мен мерзімдерді сақтай отырып, шағым, прокурордың өтінішхаты сотқа келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей тергеу судьясы қаулысының заңдылығын және негізділігін тексеруді жүзеге асырады.
Облыстық немесе оған теңестірілген сот судьясының шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулысы жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.
6. Жабық сот отырысына прокурор және күдіктінің қорғаушысы қатысады. Отырысқа, сондай-ақ күдікті, оның заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі мен өкілі және шағым жасалған шешімде құқықтары мен мүдделері қозғалатын басқа тұлғалар да қатыса алады, шағымның, прокурордың өтінішхаты қаралатын уақыты туралы уақтылы хабарланған кезде олардың келмей қалуы соттың шағымды, прокурордың өтінішхатын қарауына кедергі болмайды.";
15) 108-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"108-бап. Соттың үкіміне, қаулыларына шағымдар, прокурордың өтінішхаттары
Бірінші сатыдағы соттардың үкіміне, қаулысына шағымдар, прокурордың өтінішхаттары осы Кодекстің 48-тарауының қағидаларына сәйкес беріледі. Заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау туралы шағымдар, наразылықтар, өтінішхаттар осы Кодекстің 52-тарауында белгіленген қағидаларға сәйкес беріледі.";
16) 148-бапта:
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тергеу судьясы үйқамақты, кепілді қолдануды санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарған жағдайда, прокурор оған осы Кодекстің 107-бабында белгіленген қағидалар бойынша оған өтінішхат беруге құқылы.";
он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстауды санкциялау немесе одан бас тарту туралы қаулыға осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.";
17) 153-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қылмыстық қудалау органының бұлтартпау шарасын өзгерту не оның күшін жою туралы қаулысына шағым жасау, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау осы Кодекстің 100 – 106-баптарында көзделген тәртіппен жүргізіледі.";
18) 158-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Тергеу судьясы өтінішхат пен ұсынылған іс материалдарын қарап, лауазымнан уақытша шеттетуді санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Лауазымнан уақытша шеттетуді санкциялау туралы қаулыға немесе одан бас тартуға осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.";
19) 164-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"164-бап. Тергеу судьясының мүлiкке тыйым салуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулысын прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және шағым жасау
1. Тергеу судьясының күдіктінің, айыпталушының, оның әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғаның мүлкіне тыйым салуды санкциялау туралы немесе одан бас тарту туралы қаулысына осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, сондай-ақ прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.";
20) 165-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Тергеу судьясы өтінішхат пен ұсынылған іс материалдарын қарап, жақындауға тыйым салуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Жақындауға тыйым салуды санкциялау туралы немесе одан бас тарту туралы қаулыға осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.";
21) 217-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тергеу судьясы өтінішхатты алынған кезінен бастап үш тәулік ішінде қарайды және оның нәтижелері бойынша өтінішхатты қанағаттандыру не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады. Өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, тергеу судьясы алғаш мүмкіндік болған кезде жауап алу уақытын белгілейді, бұл туралы прокурорға, күдікті мен іске қорғаушы ретінде қатысатын оның адвокатына хабарлайды. Тергеу судьясының өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулысына осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалады және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралады. Тергеу судьясының өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуы айғақтарды сақтауға қою туралы өтінішхатты сотқа жіберу негіздерінің болуын көрсететін мән-жайлар туындаған жағдайда, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді. Кәмелетке толмағандардың айғақтарын сақтауға қою туралы өтінішхат міндетті түрде қанағаттандырылуға жатады.";
22) 226-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Эксгумациялау жүргізу туралы немесе одан бас тарту туралы қаулыға осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.";
23) 310-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Облыстық және оған теңестірілген сот аудандық және оларға теңестірілген соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, сондай-ақ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне және қаулыларына берілген апелляциялық (жеке) шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша істерді апелляциялық тәртіппен қарайды.";
төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Облыстық және оларға теңестірілген соттар қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында тергеу судьясының қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қарайды.
5. Үкімді орындау сатысында облыстық және оған теңестірілген соттар бірінші сатыдағы соттардың осы Кодекстің 475 және 476-баптарында көрсетілген мәселелерді қараған кезде шығарған қаулыларына берілген жеке шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын апелляциялық тәртіппен қарайды.";
24) 311-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әскери сот гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың заңды күшіне енбеген, оның ішінде осы Кодекстің 475, 476-баптарында көрсетілген мәселелерді қараған кезде шығарған үкімдері мен қаулыларына берілген апелляциялық (жеке) шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша істерді апелляциялық тәртіппен қарайды.";
25) 318-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тараптардың iстiң осы соттың соттылығына жатпайтыны туралы арыздарын осы сот шешедi. Соттың соттылық мәселесі бойынша шығарылған қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкiн, оның шешiмi түпкiлiктi болып табылады және шағым жасалуға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.";
26) 344-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Басты сот талқылауында дәлелдемелерді зерттеу мәселелері бойынша шығарылған қаулылар шағым жасалуға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Басты сот талқылауы барысында шығарылған қаулылармен келіспеу апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына, наразылыққа енгізілуі мүмкін.";
27) 349-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ескертулердi қарау нәтижелерi бойынша судья олардың дұрыстығын куәландыру туралы не оларды қабылдамау туралы, шағым жасалуға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайтын уәждi қаулы шығарады, оған келіспеушілік апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына, наразылыққа енгізілуі мүмкін. Хаттамаға және судьяның қаулысына жасалған ескертулер басты сот талқылауының хаттамасына қоса тiгiледi.";
28) 398-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы шешім;".
29) 401-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) үкiмге апелляциялық шағым жасаудың не прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қараудың тәртiбi мен мерзiмi туралы нұсқау;";
30) 48-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"48-тарау. Соттың заңды күшіне енбеген шешімдеріне апелляциялық шағым жасау, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау";
31) 414-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"414-бап. Үкімге, қаулыға апелляциялық (жеке) шағым жасау, прокурордың өтінішхат беру құқығы";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Істі қарауға мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысқан прокурор сот актісін апелляциялық тәртіппен қайта қарау туралы прокурордың апелляциялық өтінішхатын бере алады. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар істі қарауға қатысқан-қатыспағанына қарамастан, өз құзыреті шегінде үкімді қайта қарау туралы прокурордың апелляциялық өтінішхатын бере алады.";
32) 415-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, бірінші сатыдағы соттардың заңды күшіне енбеген қаулыларына осы тарауда көзделген тәртіппен жеке шағым, прокурордың өтінішхаты берілуі мүмкін.
3. Бұлтартпау шарасы, ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы қаулылардан басқа, сот талқылауы барысында осы Кодекстің 10-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мәселелер бойынша шығарылған қаулылар, сондай-ақ процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтінішхаттарын зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысы залында тәртіп сақтауға қатысты қаулылар осы тараудың қағидалары бойынша қайта қаралуға жатпайды. Жоғарыда көрсетілген қаулыларға қарсылықтар үкімге келтірілген апелляциялық шағымдарда, прокурордың өтінішхаттарында баяндалуы мүмкін.";
33) 416-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"416-бап. Заңды күшіне енбеген үкімдерге, қаулыларға берілген апелляциялық (жеке) шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қарайтын соттар
1. Аудандық және оларға теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысы қарайды.
2. Гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын Әскери сот қарайды.
3. Егер іс бойынша үкім және қаулы шығарылса, онда үкімге апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және қаулыға жеке шағымдар, прокурордың өтінішхаттары облыстық немесе оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысының бір отырысында қаралады.
4. Басты сот талқылауы барысында шығарылатын бұлтартпау шарасы және ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы қаулыға жеке шағымдар, прокурордың өтінішхаттары іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін апелляциялық сатыда қаралады. Көрсетілген шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын апелляциялық сатыда қарау қылмыстық істі бірінші сатыдағы сотта одан әрі қарауды үзбейді.";
34) 417-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"417-бап. Апелляциялық (жеке) шағымдар, прокурордың өтінішхаттар беру тәртібі
1. Апелляциялық (жеке) шағымдар, прокурордың өтінішхаттары үкім, қаулы шығарған сот арқылы келтірiледi. Апелляциялық сатыға тiкелей келiп түскен апелляциялық (жеке) шағымдар, прокурордың өтінішхаттары осы Кодекстiң 420-бабының және 421-бабы екiншi бөлiгiнiң талаптарын орындау үшiн үкім, қаулы шығарған сотқа жiберілуге жатады.
2. Істі қайтадан қарау кезінде шығарылған үкімге, қаулыға осындай тәртіппен шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.";
35) 418-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"418-бап. Апелляциялық (жеке) шағым жасау, прокурордың өтінішхат беру мерзiмдерi";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Апелляциялық (жеке) шағымдар, прокурордың өтінішхаттары үкім, қаулы жария етілген күннен бастап он бес тәулiк iшiнде берiлуi мүмкiн, ал күзетпен ұсталатын сотталған адам оларды өзіне үкімнің, қаулының көшiрмесi табыс етiлген күннен бастап дәл сондай мерзiмде бере алады.";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мерзiмдi өткізіп алып берiлген апелляциялық (жеке) шағым, прокурордың өтінішхаты үкімді, қаулыны шығарған соттың қаулысымен мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат болмаған ретте осы негіздер көрсетіле отырып, авторға қайтарылады. Егер шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын бірінші сатыдағы сот қабылдаған соң оларды беру мерзімінің өткізіп алынғаны апелляциялық сатыда анықталса, апелляциялық саты судьясы өз қаулысымен оларды қараусыз қалдырады.";
36) 419-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"419-бап. Апелляциялық (жеке) шағым, прокурордың өтінішхат беру мерзiмін қалпына келтiру тәртiбi
1. Апелляциялық (жеке) шағым, прокурордың өтінішхат беру мерзімі өткізіп алынған жағдайда шағым, прокурордың өтінішхат беруге құқығы бар тұлғалар үкімді, қаулыны шығарған сот алдында өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат бере алады. Апелляциялық (жеке) шағым, прокурордың өтінішхат беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін. Мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхатты сот отырысында – басты сот талқылауы кезінде төрағалық еткен судья, ал ол ұзақ уақыт (кемінде бес тәулік) болмаған кезде осы соттың басқа судьясы қарайды, ол өтінішхат қозғаған тұлғаны түсініктеме беру үшін шақыртуға құқылы.
2. Судьяның өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тарту туралы қаулысына тиісті облыстық немесе оған теңестірілген сотқа шағым берілуі, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін, ол өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруге және осы Кодекстің 420-бабында және 421-бабының екінші бөлігінде жазылған талаптарды сақтай отырып, шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша істі қарауға құқылы. Соттың апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхат берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы қаулысымен келіспейтін процеске қатысушылар апелляциялық сатының отырысы басталғанға дейін немесе онда өз дәлелдерін беріп, осы қаулының күшін жою туралы өтінішхат беруге құқылы. Осындай өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, апелляциялық саты өзінің қаулысымен апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қараусыз қалдырады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген сот процеске қатысушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі мүмкіндігін шектейтін заң бұзушылық кезінде (сот отырысының хаттамасын уақтылы дайындамау, іске қатысатын, сот ісін жүргізу тілін білмейтін адамға сот актісінің көшірмесін аудармасыз табыс ету, сот актісінің қарар бөлігінде шағым жасау мерзімін көрсетудегі ағаттықтар), сондай-ақ оның шағымды уақтылы беруіне немесе прокурордың өтінішхат беруіне объективті түрде кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар болған кезде апелляциялық (жеке) шағым берудің, прокурордың өтінішхат берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіруге міндетті.
4. Апелляциялық саты судьясының өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы қаулысы шағыммен, прокурордың өтінішхатымен және басқа да материалдармен бірге үкімді, қаулыны шығарған сотқа осы Кодекстің 420 және 421-баптарында көзделген әрекеттерді орындау үшін дереу жіберіледі.";
37) 420-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"420-бап. Апелляциялық (жеке) шағым, прокурордың өтінішхат беру туралы хабарлама
1. Үкім, қаулы шығарған сот апелляциялық (жеке) шағымның немесе прокурор өтінішхатының берілгені туралы сотталған адамды немесе ақталған адамды, оның қорғаушысын, өкілін, айыптаушыны, жәбірленушіні және оның өкілін, сондай-ақ шағым, прокурордың өтінішхаты олардың мүдделерін қозғайтын болса, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді немесе олардың өкілдерін хабардар етеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға шағымның, прокурор өтінішхатының көшірмесі не үкім, қаулы шығарған соттың интернет-ресурсы арқылы олардың электрондық көшірмесімен танысу мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі. Бұл ретте, тараптарға ұсыну мерзімі көрсетіле отырып, шағымға, прокурордың өтінішхатына жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында қарсылық беру құқықтары түсіндіріледі. Тараптарға қайта қарауға шағым жасалған, прокурор өтінішхат берген сот актісімен келісуі туралы өз дәлелдерін беру құқығы да түсіндіріледі. Шағымға, прокурордың өтінішхатына келіп түскен қарсылық, тараптардың дәлелдері іске қоса тігіліп, апелляциялық сатыда жиынтық түрде қаралуға жатады.
3. Тараптар жаңа материалдарды апелляциялық сатыға апелляциялық (жеке) шағымға, прокурордың өтінішхатына қарсылықпен бірге немесе бөлек ұсынуға немесе оларды талап етіп алдыру және зерттеу туралы, сондай-ақ өздері көрсеткен жәбірленушілерді, куәларды, сарапшыларды, мамандарды сотқа шақырту және олардан жауап алу туралы өтінішхат беруге құқылы.";
38) 421-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"421-бап. Апелляциялық (жеке) шағым берудің және прокурордың өтінішхат беруінің салдары
1. Апелляциялық (жеке) шағым беру және прокурордың өтінішхат беруі, бұлтартпау шарасы туралы шешімді қоспағанда, үкімнің, қаулының заңды күшіне енуін және оны орындауға келтіруді тоқтата тұрады.
2. Бірінші сатыдағы сот үкімге, қаулыға шағым жасау, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және осы Кодекстің 420-бабының талаптарын орындау үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін бір тәуліктен кешіктірмей, істі оған келіп түскен шағымдармен, прокурордың өтінішхатымен, оларға қоса берілген құжаттармен, сондай-ақ оларға қарсылықтармен қоса тиісті соттың апелляциялық сатысына жібереді.";
39) 422-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"422-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына шағым жасау, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау
1. Осы Кодекстің 344-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген алып қоюларды қоспағанда, бірінші сатыдағы соттың қаулысына осы Кодекстің 414-бабында көрсетілген тұлғалар жеке шағым, прокурордың өтінішхатын келтіре алады.
2. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына жеке шағым, прокурордың өтінішхаты қаулы шығарылған күннен бастап он бес тәулiк iшiнде жоғары тұрған сотқа берiледi және апелляциялық iс жүргiзу қағидалары бойынша қаралады. Үкім шығарумен аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған қаулыға шағым, прокурордың өтінішхаты берілген жағдайда, іс үкімге шағым жасау үшін белгіленген мерзім аяқталған соң ғана жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі.";
40) 423-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"423-бап. Апелляциялық (жеке) шағым, прокурордың өтінішхаты
Апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында:
1) шағым, прокурордың өтінішхаты жіберіліп отырған тиісті апелляциялық сатыдағы соттың атауы;
2) шағым берген немесе наразылық келтірген тұлғаның процестік жағдайы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, онымен хабарласудың байланыс құралдарының нөмірлері көрсетіле отырып, ол туралы деректер;
3) шағым, прокурордың өтінішхаты беріліп отырған үкім немесе қаулы және осы шешімді шығарған соттың атауы;
4) үкімнің, қаулының қай бөлігінде немесе оларға толық көлемінде шағым, прокурордың өтінішхаты беріліп отырғанын көрсету;
5) шағым, прокурордың өтінішхатын берген тұлғаның өз пікірі бойынша соттың үкімінің, қаулысының дұрыс еместігі неде екендігі, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде немесе істі қарау кезінде заңның қандай нормалары бұзылғаны және мұның ол бойынша шешім қабылдауға әсер еткені туралы дәлелдері және оның өтінуінің мәні;
6) шағымның, прокурордың өтінішхатының авторы өз талаптарын негіздейтін, оның ішінде бірінші сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер;
7) шағымға, прокурордың өтінішхатына қоса берілген материалдардың тізбесі;
8) шағым, прокурордың өтінішхаты берілген күні және шағым иесінің, өтінішхат берген прокурордың қолы болуға тиіс.
2. Егер келтірілген шағым, прокурордың өтінішхаты осы талаптарға сәйкес келмесе, олар берілген деп есептеледі, бірақ үкім шығарған сот оларды толық ресімдеу мерзімін көрсете отырып, кері қайтарады. Егер көрсетілген мерзім ішінде апелляциялық (жеке) шағым, прокурордың өтінішхаты қайта жасалғаннан кейін сотқа ұсынылмаса, ол берілмеген деп есептеледі, бұл туралы шағым, прокурордың өтінішхаты авторына хабарланады. Апелляциялық сатыдағы сот шағымды осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес ресімдеу үшін осындай тәртіппен қайтаруға құқылы.
3. Тараптар апелляциялық (жеке) шағымның, прокурордың өтінішхатының негіздерін растау ретінде, шағыммен бірге немесе оны бергеннен кейін апелляциялық сатыдағы сотқа жаңа материалдар ұсынуға немесе оларды талап етіп алдыру және зерттеу, сондай-ақ өздері көрсеткен куәлардан, жәбірленушілерден, сарапшылардан, мамандардан жауап алу туралы, бірінші сатыдағы сот тергеуі олқылықтарының орнын толтыруға бағытталған өзге де әрекеттер жасау туралы өтінішхат беруге құқылы.
4. Апелляциялық (жеке) шағым, прокурордың өтінішхатын берген тұлға сот отырысы басталғанға дейін өзінің шағымын, прокурордың өтінішхатын өзгертуге не жаңа дәлелдермен толықтыруға құқылы. Бұл ретте прокурордың қосымша өтінішхатында немесе оның прокурордың өтінішхатын өзгерту туралы арызында, сол сияқты жәбірленушінің, жеке айыптаушының немесе өкілдердің үкімге шағым жасау мерзімі өткеннен кейін берілген қосымша шағымында, егер прокурордың бастапқы өтінішхатында немесе шағымда сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы талап болмаса, осындай мәселе қойыла алмайды. Сот актісіне шағым жасау мерзімі өткеннен кейін іс бойынша іс жүргізуге кіріскен қорғаушы шағымды өзгерте алады не жаңа дәлелдермен толықтыра алады, іске бұрын қатысқан қорғаушы берген шағымдағы дәлелдердің қосымша дәйектемелерін ұсына алады.
5. Үкімге, қаулыға шағым жасаған, прокурордың өтінішхатын келтірген тұлға апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін өз шағымын, прокурордың өтінішхатын кері қайтарып алуға құқылы. Прокурордың өтінішхатын да жоғары тұрған прокурор кері қайтарып алуы мүмкін. Қорғаушы, заңды өкіл өз шағымын сотталған адамның келісімімен ғана кері қайтарып алуға құқылы. Сотталған адам өзінің қорғаушысы, заңды өкілі берген шағымды кері қайтарып алуға құқылы, көрсетілген тұлғалардың шағымдарын оларға кері қайтару сот үшін міндетті болып табылады.";
41) 49-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"49-тарау. Апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша істерді қарау";
42) 424-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"424-бап. Апелляциялық қараудың нысанасы
1. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша істе бар және қосымша ұсынылған, апелляциялық сатының отырысында зерттелген материалдар бойынша iстiң нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, іс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыру кезiнде қылмыстық-процестік заң нормаларының сақталуын, бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң немесе қаулысының әділдігін, заңдылығы мен негiздiлiгiн осы Кодекстің 426-бабының бірінші бөлігінде белгіленген шектерде тексередi.
2. Алқабилер қатысқан соттың үкіміне, қаулысына берілген шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қарау тәртібі осы Кодекстің 69-тарауының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.";
43) 426-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"426-бап. Істі апелляциялық сатыда қараудың шектері
1. Істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот үкімнің, қаулының заңдылығын, негізділігін, әділдігін тек шағымға немесе прокурордың өтінішхатына қатысты бөлігінде және шағымға немесе прокурордың өтінішхатына қатысы бар сотталған адамдарға қатысты ғана тексереді.
2. Егер істі қараған кезде ол басқа сотталған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны, бұл заңсыз үкімнің, қаулының шығарылуына әкеп соққаны анықталса, сот осы Кодексте көзделген қағидаларды сақтай отырып, оның шағым жасалмаған, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қаралмаған бөліктерінде де және өздері туралы шағым, прокурордың өтінішхаты берілмеген адамдарға қатысты да күшін жоюға немесе оны өзгертуге құқылы.
Үкімді өздері туралы шағым, прокурордың өтінішхаты берілмеген адамдарға қатысты өзгертуге немесе оның күшін жоюға шағымға, прокурордың өтінішхатына қатысы бар адамға қатысты үкімнің күші жойылған немесе ол өзгертілген жағдайда ғана және қылмыстық құқық бұзушылықты бірлесіп жасаған басқа да сотталғандардың әрекеттерін саралауды сәйкес келтіру үшін ғана жол беріледі.
3. Сот бірінші сатыдағы соттың үкіміне апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша істі қарай отырып, жеке шағымдар, прокурордың өтінішхаттары болмаған кезде де, егер соттың жеке және өзге де қаулылары апелляциялық сатының шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша қабылдаған шешіміне қарама-қайшы келсе немесе істің материалдарына және заңға сәйкес келмесе, олардың күшін жоюға немесе оларды өзгертуге құқылы.
4. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын, оларға қарсылықтар мен тараптардың дәлелдерін қарау бойынша шығарылған қаулымен (үкіммен) осы сот сатысында іс бойынша іс жүргізу аяқталады.";
44) 427-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер шағымдардағы, прокурордың өтінішхатындағы дәлелдерді тексеру үшін тиісті процестік әрекеттерді орындау қажет болса, судья іс келіп түскен күннен бастап он тәуліктің ішінде істі апелляциялық сатыда қарауға дайындау туралы қаулы шығарады, онда алқа отырысына тиісті адамдарды (сотталған адамды, ақталған адамды, жәбірленушіні, куәларды, сарапшыларды, мамандарды) шақыру және олардан жауап алу туралы, материалдарды талап ету және істі дұрыс шешу үшін қажетті өзге де әрекеттерді жасау туралы нақты көрсетеді. Судья қаулыда дайындық әрекеттерін орындау үшін қажетті уақытты ескере отырып, істі апелляциялық сатыда қарау күнін көрсетеді. Судьяның апелляциялық сатыдағы отырысты дайындау туралы қаулысының көшірмесі шығарылған күнінен бастап үш тәулік ішінде процеске қатысушыларға жіберіледі.";
45) 428-бапта:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Апелляциялық сатыдағы сот шағымдары, прокурордың өтінішхаты бар қылмыстық іс келіп түскен бойда сот отырысын тағайындайды, істі қараудың уақыты мен орны туралы тараптарды хабардар етеді.
2. Күзетпен ұсталып отырған сотталған адамнан өзінің жағдайын нашарлатуға бағытталған шағымды немесе прокурордың өтінішхатын қарау кезінде апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысу туралы өтінішхат келіп түскен кезде апелляциялық сатыдағы сот істі сотталған адамның тікелей қатысуымен не аталған адамның қашықтықтан қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып қарау туралы қаулы шығарады, ол орындау үшін тиісті органдарға жіберіледі.";
төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы осы Кодекстің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған сотталған адамға қатысты іс қаралған кезде не сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылған жәбірленушінің (азаматтық талапкердің), олардың өкілдерінің апелляциялық шағымы, прокурордың өтінішхаты бойынша іс қаралып жатқан не іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және істі бірінші сатыдағы сотта қарау айыпталушының қатысуынсыз жүзеге асырылған жағдайларда не апелляциялық сатының жаңа дәлелдемелерді зерттеуі кезінде қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы міндетті.
5. Осы Кодекстің 414-бабына сәйкес үкімге шағым жасау құқығы берілген тұлғалар, сондай-ақ үкім шығарылғаннан кейін тапсырма алған сотталған (ақталған) адамның қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі соттың апелляциялық отырысына барлық жағдайларда жіберіледі. Оларға өздерінің өтінуі бойынша берілген шағымдарды немесе прокурордың өтінішхатын не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін сөз беріледі.";
46) 429-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Кодекстің 29-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық саты істерді ашық сот отырысында қарайды. Төрағалық етуші сот отырысын ашады, қандай іс қаралып жатқанын және кімнің апелляциялық (жеке) шағымы немесе прокурордың өтінішхаты бойынша екенін жариялайды. Содан кейін төрағалық етуші сот құрамын, іс бойынша тараптар болып табылатын қатысып отырған адамдардың тегін, сондай-ақ аудармашылардың тегін жариялайды.";
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер процеске қатысушы бірінші сатыдағы соттың үкімге, қаулыға апелляциялық шағым жасаудың, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қараудың өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы қаулысының заңдылығын тексеру туралы өтінішхат мәлімделген болса, онда бұл өтінішхат қарсылық білдірулерді тікелей шешкеннен кейін қаралуға жатады. Апелляциялық саты өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы қаулыны заңсыз деп таныса, оның күшін жою және мерзімі өткізіп алынып берілген шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарады. Егер өткізіп алынған мерзімнің қалпына келтірілуі дұрыс деп танылса, апелляциялық саты шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын осы бапта көзделген тәртіппен қарауды жалғастырады.";
алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Сот тергеуін жүргізгеннен кейін сот процеске қатысушылардың сөздерін сот жарыссөзін жүргізу қағидалары бойынша тыңдайды, олар өз шағымдарының, прокурордың өтінішхаттарының не оларға қарсылықтарының уәждері мен дәлелдерін баяндайды. Тараптар өздерінің сөздерінде бірінші сатыдағы сот зерттеген материалдарға да, апелляциялық саты зерттеген қосымша материалдарға да сілтеме жасауға құқылы. Шағым, прокурордың өтінішхатын берген процеске қатысушы бірінші болып сөз сөйлейді, егер олар бірнешеу болса, сот олардың пікірлерін ескере отырып, олардың сөз сөйлеу кезектілігін белгілейді. Егер айыптаушы тараптың шағымында, прокурордың өтінішхатында сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылса, қорғаушы тарап айыптаушы тараптың сөзі тыңдалғаннан кейін сөз сөйлейді.
7. Апелляциялық сатыдағы сотқа қатысатын прокурор қаралып жатқан апелляциялық шағымдар бойынша пікірін айтады, прокурордың өтінішхатта көрсетілген дәлелдерді баяндайды, іс бойынша жасалған сот актілерінің заңдылығы туралы қорытынды береді, сондай-ақ қажет болған жағдайларда мемлекеттік айыптауды қолдайды.";
47) 430-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сот апелляциялық шағыммен немесе прокурордың өтінішхатымен бірге келіп түскен істі қарау кезінде үкімнің заңдылығын тексеру және істі дұрыс шешу мақсатында тараптардың өтінішхаты бойынша:";
48) 431-бапта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бірінші сатыдағы соттың үкімін, қаулысын – өзгеріссіз, ал апелляциялық (жеке) шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдыру;";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Апелляциялық сатыдағы сот шағымдарда, прокурордың өтінішхатында көрсетілген шектерде және негіздер бойынша ғана сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға құқылы.";
49) 432-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Апелляциялық сатыдағы сот істі қараған кезде егер шағымдарда, прокурордың өтінішхатында осы туралы өтіну болса, үкімнің азаматтық талап қою бөлігінде заңдылығын, негізділігін және әділдігін де тексереді және осы Кодекстің 170-бабының талаптарын сақтай отырып, шешім қабылдайды.";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Азаматтық талап қою бойынша сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға айыптаушы тараптың шағымдарында немесе прокурордың өтінішхатында тиісті дәлелдер болған кезде ғана жол беріледі.";
50) 436-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Істе сот отырысы хаттамасының болмауы шағым жасалған (прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралған) сот актісінің күшін жою үшін негіз болып табылмайды. Мұндай жағдайларда апелляциялық сатыдағы сот істі толық ресімдеу үшін оны бірінші сатыдағы сотқа жібереді.";
51) 438-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Апелляциялық сатыдағы сот жазаны жеңілдетуге немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолданумен байланысты, сол сияқты сотталған адамның әрекеттерін қайта сараламастан неғұрлым қатаң жаза тағайындау туралы шешім қабылдауға құқылы. Айыптаушы тараптың шағымдарында немесе прокурордың өтінішхатында тиісті дәлелдер бар болған кезде және солардың шегінде ғана сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға жол беріледі. Неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану бірінші сатыдағы сотта сотталушыға тағылған және айыптаушы тараптан қолдау тапқан айыптау шегінен шықпауға тиіс.
3. Бірінші сатыдағы сот қылмыстық құқық бұзушылықты мемлекеттік және жеке айыптаушылардың айыпты онша ауыр емес айыпқа өзгертуіне байланысты осы Кодекстің 337-бабы жетінші бөлігінің негізінде саралау туралы шешім қабылдаған жағдайларда, апелляциялық саты неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға құқылы емес, алайда ол жазаның мерзімін немесе мөлшерін шағымдардағы, прокурордың өтінішхатындағы дәлелдер шегінде ұлғайтуға не сотталған адамға үкімде көрсетілгеннен гөрі неғұрлым қатаң жаза түрін тағайындауға құқылы.";
52) 439-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қараған кезде осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3) - 10) тармақшаларында және 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде үкімнің күшін жояды және істі тоқтатады.";
53) 440-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Апелляциялық саты тек прокурордың өтінішхаты бойынша не жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң, сондай-ақ сот арқылы ақталған, ақталу негiздерiмен келiспеген адамның шағымы бойынша ғана ақтау үкімiнiң, істі тоқтату туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң күшiн жоя алады.";
54) 441-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) айыптаушы тараптың шағымы немесе прокурордың өтінішхаты бойынша ақтау үкімінің күшін жоюға және айыптау үкімін шығаруға;";
55) 442-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Апелляциялық сатыдағы сот сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешімдерді, егер осы негiздер бойынша прокурор өтінішхат келтірсе немесе жеке айыптаушы, жәбiрленуші, олардың өкiлдерi шағым берсе ғана қабылдауға құқылы.";
56) 443-бапта:
екінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) апелляциялық прокурордың өтінішхатын немесе шағым берген адамдар;";
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қаулының сипаттау-уәждеу бөлiгiнде сот актісінің, берiлген шағымдардың, прокурордың өтінішхатының, оларға қарсылықтардың дәлелдері мәнінің қысқаша баяндалуы, сондай-ақ процеске басқа қатысушының шағымына, прокурордың өтінішхатына қарсылықтармен қатар ұсынылған процестің шағым бермеген қатысушыларының сот актісімен келісетіні немесе келіспейтіні туралы дәлелдері, апелляциялық сатыдағы сотқа қатысқан адамдардың пікірлері, сондай-ақ қабылданған шешiмнің уәждері қамтылуға тиiс.
4. Жаңа дәлелдердің болмауына байланысты шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде апелляциялық қаулының сипаттау-уәждеу бөлiгiнде сот актісіне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.";
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Апелляциялық қаулының қарар бөлімінде апелляциялық сатыдағы соттың шағым немесе прокурордың өтінішхаты бойынша шешімі, қаулының заңды күшіне ену уақыты, оған шағым жасаудың тәртібі мен мерзімдері көрсетіледі.";
57) 446-бапта:
бірінші бөліктің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) белгіленген мерзімде берілген, кейбір сотталғандарға қатысты апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаты, үкімге, қаулыға апелляциялық шағым жасау құқығы берілген процестің басқа қатысушыларының шағымдары апелляциялық сатыдағы сотқа істі процестің басқа қатысушыларының шағымдары бойынша қарағаннан кейін келіп түссе;
2) шағым жасаудың, прокурордың өтінішхатын келтірудің өткізіп алынған мерзімін сот істі апелляциялық сатыда процестің басқа қатысушыларының шағымдары бойынша қарағаннан кейін осы Кодексте көзделген тәртіппен қалпына келтірсе, бірінші сатыдағы сот үкімінің заңдылығын тексеру кезінде шығарылған бірінші апелляциялық үкімнің, қаулының күші жойылмастан, істі апелляциялық сатыда қайтадан қарауға жол беріледі.";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Апелляциялық сатыдағы сот сотталған адамның, оның қорғаушысының немесе өкілінің шағымдарын осы адамға қатысты іс процестің басқа қатысушыларының апелляциялық шағымдары, прокурордың өтінішхаты бойынша қаралған жағдайларда да қарауға міндетті.";
58) 470-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Аудандық және оларға теңестірілген соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, гарнизонның әскери соты шығарған бірінші сатыдағы соттың үкімдері, егер оларға шағым жасалмаса немесе прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралмаса, апелляциялық шағым жасау немесе прокурордың өтінішхатын келтіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді және орындауға енгізуге жатады.
2. Іс апелляциялық сатыда қайта қаралған жағдайда, егер үкімнің күші жойылмаса, ол апелляциялық қаулы шығарылған күні күшіне енеді. Егер апелляциялық (жеке) шағымдар, прокурордың өтінішхаты апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін кері қайтарып алынса, апелляциялық саты шағымның, наразылықтың кері қайтарып алынуына байланысты іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарған күні үкім заңды күшіне енеді.";
59) 471-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысы шағым жасау немесе прокурордың өтінішхатын келтіру мерзiмi өткен соң не жеке шағымдар немесе прокурордың өтінішхаты келтірілген жағдайда, iстi жоғары тұрған сот қарағаннан кейiн заңды күшiне енедi және орындауға енгізіледі.
2. Соттың шағым жасалуға немесе прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайтын қаулысы шығарылған бойда дереу күшiне енедi және орындауға енгізіледі.";
60) 483-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"483-бап. Судьяның қаулысына шағым жасау және прокурордың аппеляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау
Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешу кезiнде шығарылған сот қаулыларына осы Кодекстiң 48, 49 және 50-тарауларында белгiленген қағидалар бойынша апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкiн.";
61) 505-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Соттың іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша шығарылған қаулысы сот кеңесу бөлмесінен шыққан соң жария етіледі, бұл ретте ол сотқа қатыспаған мүдделі тұлғалардың назарына жеткізіліп, оған шағым жасау, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртібі түсіндіріледі. Қаулының көшірмесі прокурорға және өтінішхатты мәлімдеген тұлғаға жіберіледі. Өзге мүдделі тұлғаларға қаулының көшірмесі олардың өтінуі бойынша жіберіледі.";
62) 507-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау туралы өтінішхатты қарау қорытындылары бойынша шығарылған қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхатын, наразылықты осы Кодекстің 502-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қаулы шығарылған күннен бастап он бес тәулік ішінде жоғары тұрған тиісті сотқа бере алады.
2. Жоғары тұрған сот көрсетілген қаулыларға шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын, наразылықтарды қарауды апелляциялық, кассациялық шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын, наразылықтарды қарау үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырады. Жоғары тұрған соттың шағым жасалған қаулыны өзгеріссіз қалдыру, оның күшін жою немесе оны өзгерту туралы қаулысы түпкілікті болып табылады және одан әрі шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.";
63) 515-баптың он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Iстi сот талқылауында көрсетілген адамның дәлелдемелердi зерттеуге және сот жарыссөздерiне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертулер беруге; соттың қаулысына шағым жасауға және шағым жасалатын шешiмдердiң көшiрмелерiн алуға; iс бойынша келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары мен наразылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылықтар беруге; мәлiмделген шағымдар мен прокурордың өтінішхаттарының сотта қаралуына қатысуға құқығы бар.";
64) 516-баптың үшінші бөлігінің 11) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"11) iс бойынша келтiрiлген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары мен наразылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылықтар беруге;
12) мәлiмделген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары мен наразылықтарды сотта қарауға қатысуға құқығы бар.";
65) 519-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді аудандық немесе оған теңестірілген соттың судьясы қарайды. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың үкіміне, қаулысына берілген апелляциялық шағымдар немесе прокурордың өтінішхаты бойынша қылмыстық істі қараған кезде қарауы мүмкін.";
66) 523-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сот кеңесу бөлмесiнде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату, өзгерту немесе ұзарту, сол сияқты оны тоқтатудан, өзгертуден немесе ұзартудан бас тарту туралы қаулы шығарады және оны сот отырысында жария етеді. Соттың қаулысы процеске қатысушылардың шағымдары бойынша не прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.";
67) 529-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша соттың шешіміне осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде жалпы негіздерде шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және наразылық жасауға болады.";
68) 559-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы немесе уәкілетті прокурор прокурордың (соттың) санкциясын талап ететін процестік әрекеттері жүргізу, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кезінде құқықтық көмек туралы, адамдарды ұстап беру (экстрадициялау), адамдарды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) немесе транзиттік тасымалдау туралы, уақытша беру туралы, сотталғандарды және психикасының бұзылуынан зардап шегетін, өздеріне медициналық сипатта мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру туралы, үкімдерді тану және орындау туралы сұрау салулармен (тапсырмалармен, өтінішхаттармен) өтініш жасайды және шетелдік құзыретті органдардың тиісті сұрау салуларын қарайды.";
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"3. Қазақстан Республикасының құзыретті органы шетел мемлекетінің құзыретті органына прокурордың (соттың) санкциясын талап етпейтін процестік әрекеттер жүргізу кезінде құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салулармен (тапсырмалармен, өтінішхаттармен) өтініш жасайды және шетелдік құзыретті органдардың тиісті сұрау салуларын қарайды.";
69) 588-баптың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тергеу судьясы уақытша күзетпен ұстаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған жағдайда, сонымен бір мезгілде іздестіріліп жатқан адамды қаулыға прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және облыстық немесе оған теңестірілген сотта істі қарау кезеңінде күзетпен ұстау туралы шешім қабылдайды.
5. Тергеу судьясының осы қаулысының заңдылығы мен негізділігіне шағым жасау, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және тексеру осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.";
70) 589-баптың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Тергеу судьясының осы қаулысына шағым жасауды және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауды осы баптың төртінші бөлігіне сәйкес оның заңдылығы мен негізділігін тексеретін облыстық немесе оған теңестірілген сот осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
6. Тергеу судьясы экстрадициялық қамаққа алуды қолданудан бас тарту туралы қаулы шығарылған жағдайда, сонымен бір мезгілде іздестіріліп жатқан адамды: қаулыға прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және облыстық немесе оған теңестірілген сотта істі қарау кезеңінде күзетпен ұстау туралы шешім қабылдайды.";
71) 627-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сот үкімді шығарумен бір мезгілде осы Кодекстің 401-бабында санамаланған мәселелерді шешуге тиіс.
Үкімнің көшірмесі шығарылған күннен бастап бес тәуліктен кешіктірілмей сотталған адамға, оның қорғаушысына және прокурорға табыс етіледі.
Келісімдік іс жүргізуде қаралған іс бойынша соттың үкіміне осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде жалпы негіздерде шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға және наразылық жасауға болады.";
72) 658-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) үкiмнiң қарар бөлiгiнде үкiмге шағым жасау және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртiбi туралы түсiнiк қамтылуға тиiс.";
73) 659-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қылмыстық істі сотталушының есі дұрыс еместігін анықтауға байланысты тоқтату туралы және оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану не қолданбау туралы қаулыға осы Кодексте көзделген тәртіппен шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауы мүмкін.";
74) 661-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"661-бап. Алқабилер қатысатын сот шығарған, заңды күшiне енбеген үкiмдер мен қаулыларға шағым жасау және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау
Алқабилер қатысатын соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларына шағым жасау, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртiбi осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Кодекстiң 50-тарауында көзделген қағидалармен айқындалады.";
75) 662-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Апелляциялық сатыдағы сот алқабилер қатысатын соттың үкімдеріне, қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қараған кезде үкім, қаулы шығарған соттың қылмыстық және қылмыстық-процестік заңның нормаларын сақтағанын тексереді және осының негізінде үкімнің, қаулының заңдылығын, негізділігін және әділдігін тексереді.";
76) 672-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"672-бап. Тәркілеу туралы қаулыға шағым жасау, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау
Соттың тәркілеу туралы қаулысына осы Кодексте көзделген тәртіппен шағым жасалуы не прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы, наразылық білдірілуі мүмкін.".
5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 24, 129-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы тақырыппен толықтырылсын:
"71-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын айыру түріндегі жазаларды орындау тәртібі";
2) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"30-бап. Прокурорлық қадағалау
Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу заңдылығының сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүзеге асырады.";
3) мынадай мазмұндағы 71-1-баппен толықтырылсын:
"71-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын айыру түріндегі жазаларды орындау тәртібі
1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы үкім шығарған сот, оның заңды күшіне енгеннен кейін үкімнің көшірмесін "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті органға жолдайды.
2. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркеу Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат алынады.
4. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамға, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмеген жағдайда беріледі.";
4) 171-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әкімшілік қадағалау жазасын өтеген адамдарға:".
6. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат):
1) 759-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша іс жүргiзу процесiнде заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды мемлекет атынан тiкелей де, өзiне бағынысты прокурорлар арқылы да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.";
2) 760-баптың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар, қаулының заңдылығын бағалау және өзге де актілер туралы істер бойынша iс жүргiзудi тексеру нәтижелерi бойынша прокурор:";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға сотқа апелляциялық өтінішхат, кассациялық наразылық, органға (лауазымды адамға) наразылық әкелуге;";
3) 761-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген әрекеттер жасалған жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, iс бойынша қаулыға шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарау кезiнде iс бойынша қаулыға шағымды прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау хаттамаларында тиiстi жазба жүргiзiледi.";
4) 823-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулы шығарылған жағдайда қаулының көшiрмесi прокурорға дереу жiберiледi.";
5) 825-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға прокурордың шағымын, апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау нәтижелері бойынша қабылданған қаулыдағы жаңылыс, қате жазуларды және арифметикалық қателерді түзету осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.";
6) 826-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Органның (лауазымды адамның) ұсынуына мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шағым берілуі мүмкін. Соттың жеке қаулысына оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шешімі шағым жасалуға, наразылық келтіруге жатпайтын жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы, апелляциялық өтінішхат және прокурор наразылығы келтірілуі мүмкін.";
7) 830-баптың тақырыбы және бірінші, екінші, үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"830-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, прокурордың аппеляциялық өтінішхат, наразылық келтіру құқығы
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғалар шағым жасауы, прокурордың апелляциялық өтінішхат пен наразылық келтіруі бойынша қайта қаралуы мүмкін.
2. Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкiн.
3. Осы Кодекстің 818-бабы екінші бөлігінің тәртібімен судья (сот) шығарған сотты құрметтемеушілік фактісі туралы іс бойынша қаулыға жоғары тұрған сатыдағы сотқа шағым жасалуы, прокурор апелляциялық өтінішхат, наразылық келтіруі мүмкін. Жоғарғы Сот алқасының сотты құрметтемеушілік фактісі туралы іс бойынша сот отырысында шығарған қаулылары қайта қаралуға жатпайды.";
8) 831-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"831-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау және наразылық келтіру тәртiбi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы iс бойынша қаулы шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жiберiледi, ол шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы түскен күннен бастап үш тәулік iшiнде оларды iстiң барлық материалдарымен бірге тиiстi сотқа, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) жiберуге мiндеттi.
2. Сотты құрметтемеушілік фактісі туралы iс бойынша қаулыға осы Кодекстің 830-бабының үшінші бөлігіне сәйкес шағым жасалған, апелляциялық өтінішхат келтірілген, прокурормен наразылық келтірілген жағдайда, сот отырысы хаттамасынан фактінің анықталған бөлігінде үзінді көшірмені сот қаулыға қоса береді.
3. Шағымды қарауға уәкілеттік берілген сотқа немесе жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) шағым берілуі мүмкін.
Наразылық жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) келтіріледі, апелляциялық өтінішхатты прокурор сотқа әкеледі.
4. Судьяның әкiмшiлiк қамаққа алу түрiнде жаза қолдану туралы қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты жоғары тұрған сотқа шағым, прокурордың апелляциялық наразылығы алынған күнi жіберілуге жатады.
5. Егер шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын олар берілген немесе келтірілген судьяның құзыретiне жатпайтын болса, шағым, өтінішхат ведомстволық бағыныстылығы бойынша жiберiледi.";
9) 832-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"832-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат, наразылық келтіру мерзiмi";
бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы қаулының көшiрмесi тапсырылған күннен бастап он тәулік iшiнде, ал егер осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғалар iстi қарауға қатыспаса, оны алған күннен бастап берiлуi мүмкiн.
2. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша анықталған, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтық міндеттеменің немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттердің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына байланысты шығарылған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға қаулының көшiрмесi тапсырылған немесе алынған күннен бастап отыз тәулік iшiнде шағым жасалуы, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келтірілуі мүмкiн.";
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылық келтіру мерзімін өткізіп алу оларды қарауға қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Істі дұрыс шешу үшін мерзімдері мен олардың мәнін сот шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхаттының мазмұнына қарамастан тексереді.";
10) 833-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"833-бап. Шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының, наразылығының мазмұны
1. Жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында шағым берiледi, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келтіріледі және онда:
1) шағым берiлетін, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келтіретін соттың, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) атауы;
2) шағым берген адамның, апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген прокурордың тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) (заңды тұлғаның дәл атауы), тұрақты тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi (пошта мекенжайы);
3) құқықтық актiсiне немесе әрекетiне апелляциялық өтінішхат, наразылық берiлiп отырған органның немесе мекеменiң атауы не лауазымды адамның тегi мен лауазымы;
4) шағым жасалып, апелляциялық өтінішхат бойынша қайта қаралып немесе прокурормен наразылық келтіріліп отырған құқықтық актiнiң немесе әрекеттiң мазмұны, сондай-ақ шағым берген адам, апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген прокурор құқықтық акт немесе әрекеттер өзiнiң құқықтарын және бостандықтарын бұзады деп есептейтiн себептер;
5) айқын тұжырымдалған өтініш, шағым берген адамның, апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген прокурордың талабы көрсетiлуге тиiс.
2. Шағымға, апелляциялық өтінішхатқа, осы Кодекстің 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында көрсетілген адамдардың, прокурордың қолы қойылады. Заңды тұлғаның атынан берiлетін шағымға оның өкiлi немесе осыған уәкiлеттiк берілген басқа да тұлға қол қояды.
3. Егер шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы басқа тұлғаның мүддесiнде берiлсе, онда мүддесi үшін шағым, апелляциялық өтінішхат немесе наразылық берiлiп отырған адамның аты мен тегi, тұрақты тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi (пошта мекенжайы) көрсетілуі қажет. Шағымға өкiлеттiктi растайтын құжат қоса беріледі.
4. Шағым беріледі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы екi данада, сот, орган, (лауазымды адам) шығарған, шағым жасалып, қайта қаралып немесе наразылық келтіріліп отырған құқықтық актінің көшірмесі, сондай-ақ шағымда, апелляциялық өтінішхатта, наразылықта келтірілген дәлелдерге негiздеме ретінде өзге де құжаттар қоса беріледі.
5. Берілген шағым, прокурордың келтірілген апелляциялық өтінішхаты, наразылығы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, олар берілді деп есептеледі, бірақ мерзімі көрсетіле отырып, толық ресімдеуге қайтарылады. Егер көрсетілген мерзім ішінде шағым, апелляциялық өтінішхат, наразылық қайта жасалғаннан кейін сотқа, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) берілмесе, олар берілмеген деп есептеледі.";
11) 834-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"834-бап. Шағым берiлуiне немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келтірілуiне байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Прокурордың апелляциялық өтінішхат, наразылық келтіруі қаулының орындалуын олар қаралғанға дейiн тоқтата тұрады.";
12) 835-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"835-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын немесе наразылығын қарау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы түскен күнінен бастап он тәулік ішінде қаралуға жатады.
2. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, егер жауаптылыққа тартылған адам әкiмшiлiк қамаққа алуды өтеп жатса, шағым немесе наразылық берiлген кезден бастап бiр тәулiк iшiнде қаралуға жатады.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар түскен жағдайларда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау мерзiмiн iстi қарап жатқан жоғары тұрған судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) ұзартуы мүмкiн, бірақ он тәуліктен аспауы тиіс. Сот, орган (лауазымды адам) шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау мерзімін азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралып жатқан басқа іс шешілгенге дейін оны қарау мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ олардың негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған, салықтық және (немесе) кедендік тексерулердің нәтижелеріне жоғары тұрған органға шағым жасалған жағдайда тоқтата тұруға міндетті. Мерзімді ұзарту туралы уәжделген ұйғарым шығарылады.";
13) 836-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"836-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды прокурордың, апелляциялық өтінішхатын, наразылығын жоғары тұрған сот судьясының, жоғары тұрған орган басшысының немесе оның орынбасарының жеке-дара қарауы
Мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының, органның (лауазымды адамның) әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулысына шағымды прокурордың, апелляциялық өтінішхатын, наразылығын жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған лауазымды адам немесе жоғары тұрған органның басшысы (басшының орынбасары) жеке-дара қарайды.
Осы Кодекстің 818-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен судья (сот) шығарған сотты құрметтемеушілік фактісі туралы іс бойынша сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды, ал мұндай қаулыны апелляциялық сот шығарған жағдайда, жоғары тұрған сатыдағы сот алқасы қарайды.";
14) 837-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"837-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарауға әзiрлеу
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға прокурордың шағымын, апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарауға әзiрлеу кезiнде судья, жоғары тұрған орган, (лауазымды адам):
1) іс бойынша iс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлардың бар-жоғын анықтайды;
2) өтiнiшхаттарды шешедi, қосымша материалдарды талап етіп алдырады, шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау үшiн қатысуы қажет деп танылған тұлғаларды шақырады; қажет болған кезде судья сараптама тағайындайды;
3) егер шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау өздерінің құзыретiне жатпаса, оларды істің барлық материалдарымен ведомстволық бағыныстылығы бойынша жiбередi.";
15) 838-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"838-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау";
бірінші, екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарауға кiрiскенде:
1) шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты кiм қарайтынын; қандай шағым, апелляциялық өтінішхат, наразылық қаралуға жататынын; шағымды кiм бергенiн, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты кім келтіргенін жариялайды;
2) iс бойынша өзiне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарауға қатысу үшiн шақырылған адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;
3) іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың келмеу себептерiн анықтайды және олардың қатысуынсыз шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарау туралы не шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;
4) шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарауға қатысатын тұлғаларға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;
5) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты, ал қажет болған кезде істің өзге де материалдарын жария етеді.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау кезiнде iсте бар және қосымша ұсынылған материалдар бойынша шығарылған қаулының заңдылығы мен негiздiлiгi тексерiледi. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымының, прокурордың апелляциялық өтінішхатының, наразылығының дәлелдерiмен байланысты емес және iстi толық көлемде тексередi, бұл ретте олар жаңа фактiлердi анықтауға және жаңа дәлелдемелердi зерттеуге құқылы.
3. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шақырылған адамдардың келмеуіне, iс бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, сараптама тағайындауға байланысты және шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты толық, жан-жақты және объективтi қарау үшiн қажет болған басқа жағдайларда шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатының, наразылығының қаралуын кейiнге қалдыруға құқылы.";
16) 839-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"839-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша шешiм";
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарап, судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) мынадай:";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қаулыны өзгеріссіз, ал шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) егер шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарау кезiнде қаулыны құқығы жоқ судья, орган (лауазымды адам) шығарғаны анықталса, қаулының күшiн жою және iстi ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға жiберу туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.";
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Прокурордың шағымын, апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау нәтижелерi бойынша шешiм iс бойынша қаулыға шағым, апелляциялық өтінішхат, наразылық бойынша қаулы түрiнде шығарылады. Қаулыда осы Кодекстiң
822-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мәлiметтер қамтылуға тиiс.
3. Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша жоғары тұрған сот судьясының қаулысына, сондай-ақ осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасында көзделген жағдайда судья шығарған қаулыға осы Кодекстiң 46-тарауында көзделген тәртiппен наразылық келтірілуі мүмкiн.";
17) 840-баптың 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi;";
18) 841-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"841-бап. Судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндердің шағымды, наразылықты қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмейтiнiн анықтап, судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) бұл қаулының күшiн толық немесе iшiнара жояды және шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау нәтижелерiне сәйкес жаңа қаулы шығарады.
2. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау процесiнде зерттелген дәлелдемелердi бағалай келіп, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда анықталмаған немесе қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) назарға алмаған фактiлердi дәлелдендi деп тануға құқылы.";
19) 842-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау нәтижесiнде жасалған әрекетке берiлген заңдық бағаны дұрыс емес деп танып, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкiмшiлiк жаза көзделген бабына өзгертуге құқылы.
3. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау нәтижелерi бойынша анағұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза көзделетін заңды қолдануға немесе осы негiздер бойынша жәбiрленушi шағым берген, прокурор апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген жағдайда ғана анағұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.";
20) 844-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) кiнәлi адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулымен айқындалғаннан анағұрлым қатаң жаза қолдануы мүмкiн, бiрақ оны осы негiз бойынша жәбiрленушi шағым берген прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келтірілген жағдайда ғана қолданады.";
21) 845-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) iс бойынша іс жүргiзудi тоқтатудың негiзсiздiгiне жәбiрленушiнiң шағымы бойынша не прокурордың, апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша ғана әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығара отырып, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулының күшiн жоюы мүмкiн.";
22) 846-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"846-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша қаулыны жария ету
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша қаулы ол шығарылғаннан кейін дереу жарияланады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша қаулы шығарылғаннан кейiн оның көшiрмесi үш тәулiкке дейiнгi мерзiмде iс бойынша өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, шағымды өзi берген немесе оның өтiнiшi бойынша берілген жағдайда жәбiрленушiге, апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген прокурорға тапсырылады немесе жiберiледi.
3. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша қаулы - қаулыны орындайтын органның (лауазымды адамның), сондай-ақ бұл өзiне қатысты шығарылған тұлғаның назарына қаулы шығарылған күнi жеткiзiледi.";
23) 848-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"848-бап. Істерді талап етіп алдырудың және заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіру туралы өтінішхаттарды қараудың тәртібі мен себептері
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Төраға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оған теңестірілген прокурорлар кассациялық тәртіпте тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алдыра алады.
2. Осы Кодекстің 851-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың өтінішхаттары, ал сонымен тең Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құзыреті шегіндегі олардың бастамалары істерді талап етіп алдыруға себептер болып табылады.
3. Істі талап етіп алдыру туралы сұрау салуды сот оның сотқа келіп түскен күнінен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей орындайды. Сұрау салулар жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.
4. Осы Кодекстің 851-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер кассациялық тәртіпте қайта қарауға жатпайды.
5. Заңды күшіне енген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулылар Төрағаның, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы төрағасының ұсынысы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның орынбасарының наразалығы бойынша осы Кодекстің 851-бабының бесінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде қайта қаралуы мүмкін.
6. Ұсыным, наразылық іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған соты алқасына жіберіледі.
Наразылық көшірмелерін прокурор іске қатысушы тұлғаларға жібереді.
7. Іс талап етілген жағдайда ұсыным енгізу немесе кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат іс түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
8. Ұсынымды енгізу туралы не наразылық келтіру туралы өтінішхат жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі және мыналарды:
1) өтінішхат жолданған лауазымды адамның атауын;
2) өтінішхатты беруші тұлғаның атауы; оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері және іс бойынша процестік жағдайды;
3) істі бірінші, апелляциялық сатыларда қараған соттарды және олар қабылдаған шешімдердің мазмұнын көрсетуді;
4) өтінішхат берілетін сот актісін көрсетуді;
5) мыналарды:
қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін қандай орны толмас ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін;
қаулы адамдардың белгісіз бір тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатынын;
қабылданған қаулы құқық нормаларын соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) біркелкі түсіндіруін және қолдануын қалайша бұзатынын;
6) өтінішхат берген тұлғаның өтініші неден тұратынын көрсетуді қамтуы тиіс.
9. Өтінішхатты беруші адам немесе оның өкілі өтінішхатқа қол қоюға тиіс. Өкіл берген өтінішхатқа сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын басқа да құжат қоса берілуге тиіс.
10. Өтінішхат осы баптың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда оны берген тұлғаларға қайтаруға жатады.
11. Өтінішхат берген адам өтінішхат қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа өтініш беру арқылы оны кері қайтарып алуға құқылы.";
24) 851-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"851-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды қайта қараудың кассациялық тәртібі
1. Төрағаның, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуы бойынша, құрамында кемінде үш судья бар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының наразылығы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшiне енген сот қаулысының заңдылығын және негiздiлiгiн тексеруге құқылы.
2. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаның не өзiне қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзу тоқтатылған тұлғаның жағдайын нашарлататын жағына қарай ұсыным, наразылық соттың қаулысы заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде берiлуі мүмкін.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға, оларға шағым, наразылық бойынша сот қаулыларына наразылық келтіру осы Кодекстің
833-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
4. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаның, жәбірленушінің, оның заңды өкілдердің, қорғаушылардың, заңды тұлғалар өкілдерінің, сондай-ақ өзінің орталық органдары арқылы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырушы уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынымды енгізу және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхатты беруге құқығы бар.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды кассациялық тәртіппен қайта қарауға мынадай:
1) қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін қандай орны толмас ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін болатын;
2) қаулыны қабылдау адамдардың белгісіз бір тобының заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзған;
3) қабылданған қаулы құқық нормаларын соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) біркелкі түсіндіруін және қолдануын бұзатын жағдайлар негіздемелер болып табылады.
6. Наразылық келтірген прокурор наразылық қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа өтініш беру арқылы оны кері қайтарып алуға құқылы. Наразылықты кері қайтарып алу наразылықты қайтадан келтіруге кедергі болмайды";
25) 47-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"47-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, прокурордың аппеляциялық өтінішхаттарын, оларға наразылықтарын қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау";
26) 852- баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулылар және шағымдарды, прокурордың апелляциялық өтінішхаттарын, оларға наразылықтарын қарау нәтижелерi бойынша қаулылар жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін.";
27) 857-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Арызды қайтару туралы ұйғарымға шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты немесе наразылық келтіруі бойынша қайта қаралуы мүмкін.";
28) 860-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Cоттардың, органдардың (лауазымды адамдардың) қаулының жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша күшін жою туралы және қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тартуы туралы шешімдеріне белгіленген тәртіппен шағым жасалуы, прокурордың апелляциялық өтінішхат немесе наразылық келтіруі бойынша қайта қаралуы мүмкін.";
29) 883-баптың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
1) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасалмаса немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келтірілмесе, оған шағым жасау үшiн белгiленген мерзiм өткеннен кейiн;
2) шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша қаулы шығарылғаннан кейiн дереу;";
30) 890-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Кодекстiң 834-бабына сәйкес қаулының орындалуы тоқтатыла тұрған жағдайда, ескіру мерзiмінiң өтуi шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы қаралғанға дейiн тоқтатыла тұрады.".
7. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 жылғы 14 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 1 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 27 бапта:
төртінші бөлік мынадай редакция жазылсын:
"4. Астана қаласының соты бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының соттылығына жататын істерден басқа:
1) Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаның (оның филиалының, өкілдігінің);
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шетелдің қатысуы арқылы құрылған, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесінің) елу және одан да көп пайызы шетелдік инвесторға тиесілі заңды тұлғаның;
3) инвестицияларды жүзеге асыруға мемлекетпен жасасқан келісімшарты болған жағдайда, инвесторлардың қатысуымен инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді қарайды.";
бесінші бөлік алып тасталсын;
2) 34-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тараптардың істің осы соттың соттылығына жатпайтыны туралы арыздарын осы сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарылады. Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым жасалуы, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады, шағым жасауға, наразылық келтіруге жатпайды.";
3) 41-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды қарау нәтижелері бойынша сот ұйғарымы шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың апелляциялық өтінішхатына, сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатқа немесе кассациялық наразылыққа енгізілуі мүмкін.";
4) 54-бапта:
бірінші, екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекет атынан азаматтық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тікелей, сондай-ақ өзіне бағынышты прокурорлар арқылы жүзеге асырады.
2. Прокурор осы Кодексте көзделген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін процеске кірісуге құқылы.
Қоғамдық мүдделерді немесе өздерін өз бетінше қорғай алмайтын азаматтарды қорғау талап етілгенде, сондай-ақ прокурордың қатысу қажеттігін сот танығанда прокурордың мемлекет мүдделерін қозғайтын істер бойынша азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы міндетті.
Прокурордың көрсетілген өкілеттіктері тиісті ақпаратты соттың интернет-ресурсында орналастыру арқылы қарауға белгіленген барлық істер туралы соттың уақтылы хабарлауы жолымен қамтамасыз етіледі.
3. Прокурор заңнамаға сәйкес мыналардың:
1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз бетінше өздерін қорғауды жүзеге асыра алмайтын адамдардың;
2) шектелмеген адамдар тобының;
3) егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас салдарларды болғызбау үшін қажет болса, адамдар, қоғам және мемлекет құқықтарының бұзылуын қалпына келтіру және мүдделерін қорғау үшін сотқа талап арызбен, өтінішпен жүгінуге құқылы.";
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
"3-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда, прокурор мүдделі адамның өтініші мен арызына қарамастан, талап қою арызын сотқа беруі мүмкін.";
5) 70-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы арызды қарау нәтижелері бойынша сот ұйғарым шығарады, оған сәйкес дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша процестік әрекеттерді жасайды не одан бас тартады. Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым келтіруі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды. Шығарылған ұйғарымға қатысты істен бөліп алынған материал апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағыммен, прокурордың өтінішхатымен бірге жіберіледі.";
6) 74-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сот тапсырмасы туралы ұйғарымда қаралатын істің мәні, тараптар туралы мәліметтер қысқаша жазылады, анықтауға жататын мән-жайлар, тапсырманы орындаушы сот жинауға тиіс дәлелдемелер көрсетіледі. Бұл ұйғарым ол жолданған сот үшін міндетті. Сот тапсырмасы туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.";
7) 82-баптың тоғызыншы бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сараптама "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі. Сараптама тағайындау туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеушілік туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін.";
8) 98-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сот тез бүлінетін заттай дәлелдемелерге билік ету туралы ұйғарым шығарады, ол шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.";
9) 106-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік баж төленбеген кезде талап қою арызы қараусыз қалдырылады және талап қоюшыға қайтарылады. Сот ұйғарымына шешімі түпкілікті болып табылатын апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, прокурор өтінішхаты келтіруі мүмкін.";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы азамат берген талап қою бойынша мемлекеттік баж төлеуді тиісті шешім қабылданғанға дейін сот кейінге қалдырады, бұл туралы ұйғарым шығарылады. Ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеушілік туралы дәлелдер апелляциялық шағымға енгізілуі мүмкін. Сот шешім қабылдаған кезде мемлекеттік баж төлеуге байланысты шығыстарды шешім өзінің пайдасына шығарылмаған тарапқа артады.";
10) 112-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сот тұлғаны заң көмегіне ақы төлеуден және оның өкілдік етуіне байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы немесе өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады, ол шағым жасалуға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Шығарылған ұйғарыммен келіспеушілік туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін.";
11) 118-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"118-бап. Сот шығыстарына байланысты мәселелер бойынша сот актілеріне жеке шағым беру, прокурордың өтінішхат беруі
Сот шығыстарына байланысты мәселелер бойынша сот актілеріне осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, жеке шағым жасалуы, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";
12) 126-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сот өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін процеске қатысушының мүмкіндігін шектейтін заңды не сот актілерін сот бұзған жағдайда (іске қатысатын адамға сот актісінің көшірмелерін уақтылы жібермеуі; егер сот актісі адам білетін тілге аударылмаса, сот ісін жүргізу тілін білмеуі; құқық мирасқорлығын дұрыс ресімдемеуі), сондай-ақ оған уақытылы шағым беруге, прокурордың өтінішхат келтіруіне немесе наразылық келтіруіне кедергі болған өзге де мән-жайлар болған кезде сот актілеріне шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіруі немесе наразылық келтіруі үшін осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген өткізіп алған мерзімін қалпына келтіруге міндетті.";
алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
6. Соттың өткізіп алған процестік мерзімді ұзартудан немесе қалпына келтіруден бас тарту туралы ұйғарымына жеке шағым жасалуы, прокурордың өтінішхат беруі, наразылық білдірілуі мүмкін.
7. Соттың процестік мерзімді ұзарту немесе қалпына келтіру туралы ұйғарымы шағым беруге, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.";
13) 142-баптың екінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот бұйрығының күшiн жою туралы соттың ұйғарымы шағым жасауға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.
Сот бұйрығының күшiн жоюдан бас тарту туралы соттың ұйғарымына жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";
14) 147-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Шешімге осы шешімнің күшін жою туралы арыз беру мерзімі өткен соң, ал егер арыз берілсе - сот осы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарғаннан кейін бір ай мерзім ішінде апелляциялық шағым берілуі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін.";
15) 148-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Прокурордың мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін берген талап қою арызында мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің мәні неден көрінетіндігіне, қандай заңды мүдделердің бұзылғанына негіз, сондай-ақ қолдануға жататын заңға сілтеме болуға тиіс. Прокурор жеке не заңды тұлғаның мүдделері үшін өтініш жасаған жағдайда, талап қою арызында жеке немесе заңды тұлғаның өзінің талап қоюдың мүмкін еместігі себептеріне негіз болуға тиіс. Талап қою арызына, әрекетке қабілетсіз тұлғаның мүдделері үшін талап қою берілетін жағдайларды қоспағанда, прокурордың талап қоюмен сотқа жүгінуіне жеке немесе заңды тұлғаның немесе олардың заңды өкілдерінің келісім беруін растайтын құжат қоса берілуге тиіс.";
16) 149-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
"1-1. Инвестициялық дау соттылығында дәлелдеу ауыртпалығы талап қоюшыға жүктеледі. Талап қою арызына міндетті түрде:
1) инвестор мен уәкілетті мемлекеттік орган арасында жасалған инвестициялық келісімшарттың көшірмелері;
2) инвестордың инвестициялық қызметін растайтын құжаттар;
3) инвестордың әкімшілік жауаптылыққа (болған кезде) тартылғанын растайтын құжаттар қоса беріледі.";
17) 151-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Талап қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымға шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";
18) 152-бапта:
бірінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакция жазылсын:
"3) талап қою арызы осы Кодекстің 148-бабының, 149-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларының және 1-1-бөлігінің талаптарына сәйкес келмесе және істі сот талқылауына дайындау сатысында кемшіліктерді жоюдың мүмкін еместігі анықталатын болса;";
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Талап қою арызын қайтару туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";
19) 161-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"161-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйғарымдарға шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіруі";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйғарымдарға апелляциялық сатыдағы сотқа шағым берілуі және прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы немесе талап қоюды қамтамасыз ету шарасының бірін басқасымен ауыстыру туралы ұйғарымға жеке шағым беру немесе прокурордың өтінішхат келтіруі ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады.";
20) 164-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
"1-1. Инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді сот талқылауына дайындау талап қою арызы соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Айрықша күрделі істер бойынша бұл мерзім судьяның ұйғаруы бойынша қосымша бір айға ұзартылуы мүмкін.";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Істі сот талқылауына дайындау мерзімін ұзарту туралы ұйғарым шағым жасауға прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.";
21) 167-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бірнеше талап қоюды біріктіру немесе ажырату туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеушілік туралы дәлелдер апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында көрсетілуі мүмкін.";
22) 170-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Талап қоюдан бас тарту қабылданған жағдайда, сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады, оған апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";
23) 177-бапта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Егер татуласу келісімі заңға қайшы келсе немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, сот оны бекітпейді. Сот татуласу келісімін бекітуден бас тартылған жағдайда, бұл туралы ұйғарым шығарады, ол шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеушілік туралы дәлелдер апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында көрсетілуі мүмкін.";
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Татуласу келісімін бекіту туралы ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";
24) 235-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Соттың түзетулер енгізу туралы мәселе бойынша ұйғарымына шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.";
25) 236-бапта:
екінші бөлік мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Қосымша шешімге апелляциялық шағым берілуі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін.";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Соттың қосымша шешім шығарудан бас тарту туралы ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат беруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";
26) 237-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Соттың шешiмді түсiндiру туралы ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";
27) 238-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Шешiмдi орындауды кейiнге қалдыру немесе оның мерзiмiн ұзарту туралы, оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";
28) 239-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Алып берiлген ақша сомаларын индекстеу туралы сот ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";
29) 240-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi, егер осы шешімге шағым жасалмаса немесе прокурор апелляциялық өтінішхат келтірмесе, оған апелляциялық шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру мерзімі өткеннен кейін заңды күшіне енеді.";
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Апелляциялық шағым берілген, прокурор апелляциялық өтінішхат келтірген жағдайда шешім, егер оның күші жойылмаса және (немесе) өзгертілмесе, апелляциялық сатыдағы сот қаулысы жарияланған кезден бастап заңды күшіне енеді, ал осы Кодекстің 27-бабы төртінші бөлігінің қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шешімдер Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының қаулысы жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді.";
30) 242-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";
31) 244-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Шешiмдi дереу орындау туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкiн, оның шешімі түпкілікті болып табылады. Шешiмдi дереу орындау туралы ұйғарымға жеке шағым беру, прокурордың өтінішхат келтіруі осы ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады.";
32) 246-баптың төртінші бөлігінде:
бірінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"осы Кодекстің 177-бабының жетінші бөлігіне сәйкес татуласу келiсiмін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекiту туралы ұйғарымдарына жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";
33) 248-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Шешiмнiң орындалуын бұру туралы бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкiн, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";
34) 249-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сот орындаушысының ұсынымын судья ол сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде шешеді. Сот борышкерге және өндіріп алушыға сот орындаушысының келіп түскен ұсынымы туралы хабар береді, сот отырысының өткізілетін уақыты мен орнын хабарлайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабарландырылған борышкердің немесе өндіріп алушының келмей қалуы істі қарауға кедергі болмайды. Судья сот орындаушысының ұсынымын қарап, ұйғарым шығарады, оған жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";
35) 252-баптың бесінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулыға санкция беруден бас тарту туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";
36) 253-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Белгiленген мерзiмді өткiзіп берілген, мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат және растаушы құжаттар қоса берілмеген атқару парағын беру туралы арызды сот қарамай керi қайтарады, бұл туралы ұйғарым шығарылады. Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкiн, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";
37) 254-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арыз бойынша шығарылған сот ұйғарымына жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкiн.";
38) 255-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сот төрелік шешімді орындауға келтіру туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарады, оған осы Кодекске сәйкес жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";
39) 262-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сырттай шешімнің күшін жою туралы не сырттай шешімнің күшін жоюдан бас тарту туралы сот ұйғарымы шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.";
40) 264-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сырттай шешiмге іске қатысатын адамдар апелляциялық шағым беруі, осы шешiмнiң күшiн жою туралы арыз беру мерзiмi өткен соң, ал егер арыз берілген жағдайда – осы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап бір ай ішінде прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін.";
41) 270-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Өздерінің мүдделерiне жеке ұйғарымның қатысы бар тұлғалар оған осы Кодекстiң 429-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген тәртiппен жеке шағым беруі және прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";
42) 275-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"275-бап. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымына шағым жасау, прокурордың өтінішхат беруі
Соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымына осы Кодексте көрсетілген жағдайларда апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";
43) 276-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы соттың ұйғарымы шағым жасауға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.";
44) 278-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарымына осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";
45) 280-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Соттың талап қою арызын қараусыз қалдыру туралы ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";
46) 285-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ескертулерді қараудың нәтижелері бойынша шығарылған соттың ұйғарымы шағым жасауға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеушілік туралы дәлелдер апелляциялық шағымға немесе прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін.";
47) 288-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"288-бап. Соттың шешімі, оған шағым жасау, оны прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау және оны орындау";
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Арыз негiздi деп танылған сот шешiмi бұзылған сайлау құқығын қалпына келтiру үшiн негiз болып табылады.
2. Егер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында өзгеше көзделмесе, шешімнің көшірмелері тапсырылған күннен бастап үш күн ішінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне апелляциялық шағым берілуі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін.
Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы шағым жасауға және наразылық білдіруге жатпайды.";
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Егер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында өзгеше көзделмесе, осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген шешімдерге прокурордың апелляциялық шағымы, өтінішхаты сотқа келіп түскен күннен бастап үш күн мерзімде, ал дауыс беру күніне дейін бес күннен кем, дауыс беру күні және сайлаудың, республикалық референдумның қорытындылары жарияланғанға дейін келіп түскендер дереу қаралады.";
48) 296-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бiр ай мерзiмде сот арызды азаматтың, заңды тұлға өкілінің, шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтылып отырған мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, қоғамдық бірлестік, ұйым басшысының, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің немесе олардың өкілдерінің қатысуымен қарайды.
Осы Кодекстің 54-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда прокурордың қатысуы міндетті.";
49) 314-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Баланы асырап алу туралы істерді сот баланы асырап алушылардың (асырап алушының) өздерінің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияны жүзеге асыратын орган өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен қарайды.";
50) 320-бап алып тасталсын;
51) 326-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Азаматты әрекетке қабілеті шектеулі, әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз жалақысына, стипендиясына немесе өзге де табыстарына өз бетінше билік ету құқығын шектеу немесе одан айыру туралы арызды сот азаматтың өзінің, арыз берушінің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен қарайды.";
52) 330-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"330-бап. Кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды қарау
Кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды сот арыз берушінің, ата-аналарының (ата-анасының біреуінің), баланы асырап алушылардың (асырап алушының), қамқоршысының, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен қарайды.";
53) 333-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
54) 337-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Іс азамат жатқызылған және істің қозғалуына бастамашы болған медициналық ұйым өкілінің және психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы өзіне қатысты мәселе шешіліп жатқан азаматтың өкілінің қатысуымен қаралады.";
55) 347-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Іс азаматтың, мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыным енгізген денсаулық сақтау ұйымы немесе ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесі өкілінің қатысуымен қаралады.";
56) 370-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурордың өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";
57) 372-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Соттың ұйғарымы апелляциялық тәртіппен шағым жасауға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.";
58) 384-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арыз шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның міндетті түрде қатысуымен қаралады.";
59) 396-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның міндетті түрде қатысуымен қаралады.";
60) 398-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"398-бап. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша сот шешіміне апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын беру мерзімі және істі апелляциялық сатыдағы сотта қарау мерзімі
1. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша сот шешіміне апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхаты осы Кодекстің 52-тарауында белгіленген қағидаларға сәйкес түпкілікті нысанда сот шешімі қабылданған күннен бастап он күн ішінде берілуі мүмкін.
2. Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша келіп түскен баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс осы Кодекстің 52-тарауында белгіленген қағидаларға сәйкес апелляциялық сатыдағы сотқа келіп түскен күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қаралады.";
61) 399-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"399-бап. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз бойынша соттың ұйғарымына жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын беру және қарау мерзімі
1. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз бойынша соттың ұйғарымына осы Кодекстің 52-тарауында белгіленген қағидаларға сәйкес ұйғарым шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген жеке шағым, прокурордың өтінішхаты осы Кодекстің 429-бабында көзделген қағидаларға сәйкес іс апелляциялық сатыға берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей қаралады.";
62) 400-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арызды қабылдаудан бас тарту туралы, қайтару туралы, қараусыз қалдыру туралы, баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, қайта бастау немесе тоқтату туралы сот ұйғарымдарының көшірмелері, бірінші сатыдағы соттың көрсетілген ұйғарымдарына жеке шағым немесе прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық сатыдағы сот шығарған ұйғарымның көшірмесі тиісті ұйғарым шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының халықаралық шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында тағайындалған уәкілетті органға (бұдан әрі осы бапта – орталық орган), сондай-ақ осы бала туралы дауға байланысты іс, егер мұндай іс туралы ұйғарым шығарған сотқа мәлім болса, іс жүргізуінде жатқан сотқа жіберіледі. ";
63) 52-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"52-тарау. Сот актілеріне апелляциялық шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіруі";
64) 401-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"401-бап. Сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау, прокурорлардың апелляциялық өтінішхат келтіру құқығы";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы тарауда көзделген қағидаларға сәйкес заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен апелляциялық шағым берілуі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін.";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Апелляциялық өтінішхат келтіру құқығы істі қарауға қатысатын прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары істі қарауға қатысу-қатыспауына қарамастан, өздерінің құзыреті шегінде шешімге апелляциялық өтінішхат келтіруге құқылы.";
65) 402-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"402-бап. Апелляциялық шағымдарды, прокурордың өтінішхатын қарайтын соттар
Аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы кемінде үш алқа судьясының алқалы құрамында қарайды.
Осы Кодекстің 27-бабы төртінші бөлігінің қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған шешімдерге апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы кемінде үш алқа судьясының алқалы құрамында қарайды.
Судья аудандық және оларға теңестірілген соттар оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шығарған шешімдерге апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын, жеке шағымды, ұйғарымға прокурордың өтінішхатын жеке-дара қарайды.";
66) 403-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"403-бап. Апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхатын беру тәртібі мен мерзімдері
1. Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты шешім шығарған сот арқылы беріледі. Тікелей апелляциялық сатыға келіп түскен шағым, прокурордың өтінішхатын шығарған сотқа осы Кодекстің осы бабы екінші бөлігінің және 405-бабының талаптарын орындау үшін жіберілуге жатады.
2. Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты іске қатысатын адамдардың санына қарай көшірмелерімен қоса сотқа беріледі. Қажет болған жағдайларда судья шағымды берген немесе өтінішхат келтірген тұлғаны шағымға, прокурордың өтінішхатына қоса берілген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін іске қатысатын адамдардың санына қарай беруге міндеттей алады.
3. Осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты – шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап берілуі, ал сот талқылауына қатыспаған тұлғалар өздеріне шешімнің көшірмелері жіберілген күннен бастап бір ай ішінде беруі мүмкін.
4. Уәкілетті органның мемлекеттік сатып алудың өткізілуін тексеру қорытындылары бойынша шешімдерін, қорытындыларын, нұсқамаларын даулау туралы істер бойынша апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты шешім шығарылған күннен бастап он күн ішінде келтіруі мүмкін.
5. Апелляциялық шағымды беру немесе прокурордың апелляциялық өтінішхатты келтіруі үшін мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің 126-бабында көзделген тәртіппен қарайды";
67) 404-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"404-бап. Апелляциялық шағымның, прокурордың өтінішхатының мазмұны
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында:";
5), 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) шағым жасалатын немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қаралған шешімнің заңдылығын қандай бөлігінде тексеру керек екендігі және шағым, наразылық беретін тұлғаның қандай өзгерістер енгізуін талап ететініне нұсқау;
6) шағымға, прокурордың өтінішхатына қоса берілген құжаттардың тізбесі;
7) шағымды, прокурордың өтінішхатын беру күні және шағымды, прокурордың өтінішхатын берген тұлғаның қолтаңбасы қамтылуға тиіс. Өкіл қол қойған шағымға сенімхат немесе істе ондай құжат болмаса, өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын өзге құжат қоса берілуге тиіс.";
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Шағымды, прокурордың өтінішхатын электрондық құжат нысанында берген кезде олар оны беретін тұлғаның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Электрондық құжат нысанындағы шағымға, наразылыққа құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында бірінші сатыдағы сотқа мәлімделмеген талаптар болмауға тиіс.
Егер шағымда, прокурордың өтінішхатында жаңа дәлелдемелерді бірінші сатыдағы сотқа ұсынудың мүмкін еместігінің негіздемесі қамтылса, оның ішінде егер адам бірінші сатыдағы сотта іске қатысуға тартылмаса, сондай-ақ егер бірінші сатыдағы сотта дәлелдемелерді зерттеу және (немесе) талап етіп алу туралы өтінішхат мәлімделсе, бірақ ол қанағаттандырусыз қалдырылса, бірінші сатыдағы сотқа ұсынылмаған жаңа дәлелдемелерге сілтеме жасауға жол беріледі.";
68) 405-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"405-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын алғаннан кейiнгi әрекеттерi
1. Мерзімінде берілген және осы Кодекстің 403 және 404-баптарының талаптарына сәйкес келетін апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын алғаннан кейін бірінші сатыдағы соттың судьясы мынадай әрекеттерді жасайды:
1) шағым, прокурордың өтінішхаты келіп түскен күннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей іске қатысатын адамдарға шағымның, прокурордың өтінішхатының көшірмелерін және оларға қоса берілген жазбаша дәлелдемелерді не соттың интернет-ресурсы арқылы бұлардың электрондық көшірмелерімен танысу мүмкіндігі туралы хабарлау жібереді.
Тараптарға, ұсыну мерзімі көрсетіле отырып, олардың шағымға, прокурордың өтінішхатына жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында қарсылық білдіру құқығы түсіндіріледі;
2) шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіргені үшін белгіленген мерзім өткен соң істі апелляциялық сатыдағы сотқа жібереді.
2. Апелляциялық шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіруі үшін белгіленген мерзім өткенге дейін азаматтық істі соттан ешкім талап етіп ала алмайды.";
69) 406-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"406-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыру
1. Осы Кодекстің 403-бабының екінші бөлігінде және 404-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты келтірген кезде судья ұйғарым шығарады, онда шағымды, прокурордың наразылығын қозғаусыз қалдырады және шағым берген тұлғаға, өтінішхат келтірген прокурорға кемшіліктерді түзету үшін мерзім тағайындайды.
2. Егер апелляциялық шағым берген тұлға, өтінішхат келтірген прокурор ұйғарымда қамтылған нұсқауларды белгіленген мерзімде орындаса, шағым немесе өтінішхат сотқа алғашқы ұсынылған күні берілген деп есептеледі.
3. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыру туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.";
70) 407-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"407-бап. Апелляциялық шағымды, наразылықты қайтарып алу
1. Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты оларды берген тұлғаға мынадай жағдайларда:
1) судьяның шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыру туралы ұйғарымындағы нұсқаулары белгіленген мерзімде орындалмағанда;
2) шағымды берген тұлғаның, өтінішхат келтірген прокурордың өтінуі бойынша;
3) егер қайта қарау мерзімі өтіп кетсе және шағымда, прокурордың өтінішхатында келтіру шағымда, прокурордың өтінішхатында оны қалпына келтіру туралы арыз болмаса немесе оны қалпына келтіруден бас тартылса;
4) егер шағымды, прокурордың өтінішхатын оны беруге немесе оған қол қоюға құқығы жоқ тұлға берсе, қайтарылады.
2. Апелляциялық шағымды, өтінішхатты қайтарып алу туралы ұйғарымды сот:
1) осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда – сот белгілеген мерзім өткен күннен бастап;
2) қалған жағдайларда – шағым, прокурордың өтінішхаты келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады.
Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қайтарып алу туралы ұйғарымға жеке шағым жасалуы, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";
71) 408-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына пікір";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Іске қатысатын адам апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына пікірді апелляциялық сатыдағы сотқа, іске қатысатын басқа да тұлғаларға жібереді.";
72) 409-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Апелляциялық шағымнан, прокурордың өтінішхатынан бас тарту және оларды кері қайтарып алу";
бірінші бөліктің екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Прокурор апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін сот шешіміне өтінішхатты кері қайтарып алуға құқылы.
Апелляциялық шағымнан бас тарту, шағымды, прокурордың өтінішхатын кері қайтарып алу бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сотқа жазбаша арыз беру арқылы ресімделеді.";
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Апелляциялық шағымнан бас тартуды қабылдау туралы апелляциялық сатыдағы сот, егер шешімге басқа тұлғалар шағым жасамаса және жоғары тұрған прокурор өтінішхат келтірмесе, апелляциялық іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Шағымды қайтадан беруге жол берілмейді, ал берілген жағдайда шағым қайтарып алынады.
3. Шағым, прокурордың өтінішхатына пікірді кері қайтарылып алынған жағдайда сот оны қайтару туралы ұйғарым шығарады, ол шағым беруге және наразылық келтіруге жатпайды. Шағым, прокурордың өтінішхаты осы Кодекстің 403-бабының үшінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде қайта берілуі мүмкін.";
73) 411-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Апелляциялық сатыдағы сот іс қаралғанға дейін апелляциялық шағым берген тұлғаның, өтінішхат келтірген прокурордың арызы бойынша бірінші сатыдағы сот қабылдаған және осы Кодекстiң 243-бабында санамаланған істер бойынша шешімдерден басқа, осы Кодекстің 244-бабында көзделген тәртіппен дереу орындауға жіберілген шешімнің орындалуын тоқтата тұруға құқылы.";
74) 53-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"53-тарау. Апелляциялық шағым, покурордың өтінішхаты бойынша істерді қарау";
75) 412-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"412-бап. Апелляциялық қараудың нысанасы
Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық сатыдағы сот істе бар және осы Кодекстің 413-бабының екінші бөлігінің талаптарына сәйкес ұсынылған материалдар бойынша істің нақты мән-жайларының белгіленуі, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық процестік заң нормаларының сақталуын тексереді.";
76) 414-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Істі апелляциялық шағыммен, прокурордың өтінішхатымен бірге алған апелляциялық сатыдағы соттың судьясы бірінші сатыдағы соттың осы Кодекстің 405-бабының талаптарының орындалуын тексереді. Бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің 405-бабының талаптарын орындамаған жағдайда іс кемшіліктерді жою үшін бірінші сатыдағы сотқа қайтарылуы мүмкін.
2. Судья апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында жазылған дәлелдерді ескере отырып, істі апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізуіне қабылдау және істі қарауға дайындау туралы ұйғарым шығарады. Судья осы Кодекстің 165-бабында көзделген әрекеттерді іс жүргізуге қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жасайды.";
77) 415-баптың үшінші бөлігі мынадай редакция жазылсын:
"Іс Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасында ол сотқа келіп түскен күннен бастап екі ай мерзімде қаралады.";
78) 417-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Төрағалық етуші апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысын ашады және қандай іс, кімнің апелляциялық шағымы, өтінішхаты бойынша және қай соттың шешімі қаралуға жататынын, апелляциялық сатыдағы сот құрамын, сот отырысының хатшысын, сондай-ақ істі қарауға қатысатын болса, прокурорды хабардар етеді. Төрағалық етуші іске қатысатын адамдардың және өкілдердің қайсысы келгенін анықтайды, келген тұлғалардың жеке басын анықтайды, лауазымды адамдар мен өкілдердің өкілеттіктерін тексереді және іске қатысатын адамдардың құқықтарымен және міндеттерімен таныстырылғанына көз жеткізеді. Сот құқықтарымен және міндеттерімен таныстырылмағаны анықталған жағдайда бұл туралы мәлімдеген тұлғаларға олардың құқықтарын және міндеттерін таныстырады. Егер қарсылық білдірулер мәлімделсе, олар осы Кодекстің 41-бабында белгіленген тәртіппен шешіледі.
2. Сот отырысына келген іске қатысатын адамдардың және өкілдердің түсініктемелерін сот тыңдайды. Шешімге екі тарап та шағым жасаған жағдайда бірінші болып талап қоюшы сөйлейді. Апелляциялық шағымды берген тұлғаның, өтінішхат келтірген прокурордың және іске қатысатын басқа тұлғалардың, олардың өкілдерінің түсініктемелерінен кейін апелляциялық сатыдағы сот дәлелдемелерді зерттеуге көшеді.";
79) 420-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Апелляциялық шағым берген тұлға, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурор қатыстылығы, жарамдылығы, дұрыстығы жағынан даулаған дәлелдемелер істегі басқа дәлелдемелердің жиынтығымен бірге сотта зерттелуге және бағалануға жатады.";
80) 421-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сот жарыссөздері осы Кодекстің 217-бабында көзделген қағидалар бойынша өткізіледі, бұл ретте апелляциялық шағым берген тұлға немесе өтінішхат келтірген прокурор және (немесе) оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Шешімге екі тарап та шағым берген жағдайда бірінші болып талап қоюшы сөз сөйлейді.";
81) 424-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) шешімді – өзгеріссіз, ал шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдыруға;";
82) 426-бапта:
бірінші бөлікте:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) апелляциялық шағым берген адам, прокурордың өтінішхаты, іске қатысатын басқа да адамдар және олардың өкілдері;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) апелляциялық шағымның, прокурордың өтінішхатының және оларға пікірдің қысқаша мазмұны;";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдырған жағдайда қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында бірінші сатыдағы соттың қарау нысанасы болып табылмайтын дәлелдерге сілтеме жасалған жағдайда, апелляциялық қаулының уәждеу бөлігінде сот отырысында көрсетілген сілтемелер мен дәлелдер бойынша олар қарауға және зерттеуге қабылданбаған негіздер көрсетілуге тиіс.";
83) 429-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"429-бап. Бірінші сатыдағы сот ұйғарымына (қаулысына) шағым жасаудың, прокурордың өтінішхат келтіруінің тәртібі мен мерзімдері
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, сондай-ақ сот ұйғарымы істің одан әрі қозғалу мүмкіндігіне бөгет болатын жағдайларда бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына осы Кодекстің 401-бабында көрсетілген тұлғалар жеке шағым жасауы, өтінішхат келтіруі мүмкін. Егер ұйғарым іске қатыспайтын тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты болса, олар да сот ұйғарымына шағым жасауға құқылы.
Жеке шағым, прокурордың өтінішхаты ұйғарым түпкілікті нысанда дайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.
2. Бірінші сатыдағы соттың қалған ұйғарымдарына, оның ішінде сол жерде сот отырысының хаттамасына енгізіле отырып шығарылған ұйғарымдарға жеке шағым, прокурордың өтінішхаты берілмейді, бірақ қарсылықтар апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін.
3. Шешім шығарылып аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған ұйғарымға жеке шағым берілген, прокурор өтінішхат келтірген жағдайда, шешімге шағым жасау үшін белгіленген мерзім өткен соң ғана іс жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі. Бұл ретте, шешімге апелляциялық шағым берілсе, прокурор апелляциялық өтінішхат келтірсе, онда жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын тексеруді істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот сатысы жүргізеді.
4. Жеке шағым, прокурордың өтінішхаты іске қатысатын адамдардың саны бойынша құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып, осы ұйғарымды шығарған сотқа беріледі, оларды судья соларға жібереді немесе табыс етеді. Судья жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын алғаннан кейін азаматтық істі немесе материалдарды апелляциялық сатыдағы сотқа жібереді.
5. Жеке шағым, прокурордың өтінішхаты осы тарауда белгіленген тәртіппен апелляциялық шағымдар мен прокурордың өтінішхаттарын қабылдау және қарау үшін қабылданады және қаралады.
Осы Кодекстің 414-бабында көзделген тәртіппен апелляциялық сатыдағы сот іске қатысатын адамдарға жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау уақыты мен орны туралы хабарлайды. Іске қатысатын адамдардың апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысына келмеуі оларды қарауға кедергі болмайды.
6. Жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша апелляциялық сатыдағы сот:
1) сот ұйғарымын – өзгеріссіз, ал жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдыру;
2) сот ұйғарымының күшін толық немесе бір бөлігін жою және мәселені бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға беру;
3) сот ұйғарымының күшін толық немесе бір бөлігін жою және мәселені мәні бойынша шешу;
4) ұйғарымды өзгерту туралы ұйғарым шығарады.
7. Жеке шағым немесе прокурордың өтінішхаты бойынша, талап қою арыздарын қайтару, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, талап қою арыздарын қарамай қалдыру мәселелері бойынша шығарылған апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары шағым жасауға және наразылық білдіруге жатпайды. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда істі одан әрі жылжыту мүмкіндігіне бөгет болатын апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымына шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.";
84) 433-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"433-бап. Іс апелляциялық тәртіппен қаралғаннан кейін келіп түскен апелляциялық (жеке) шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау тәртібі
1. Белгіленген мерзімде немесе өтіп кеткен мерзім қалпына келтірілгеннен кейін берілген апелляциялық (жеке) шағым, прокурордың өтінішхаты апелляциялық сатыдағы сотқа іс басқа шағымдар бойынша қаралғаннан кейін түскен жағдайда, сот мұндай шағымды, прокурордың өтінішхатын өзінің іс жүргізуіне қабылдауға міндетті.
2. Апелляциялық (жеке) шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша және негіздер болған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот бұрын шығарылған сот актісінің күшін жояды және келіп түскен шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша жаңа қаулы, ұйғарым қабылдайды.
Мұндай негіздер болмаған кезде апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы, ұйғарым шығарады.";
85) 435-баптың екінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Заңды күшiне енген сот актiлерiне өзінің бастамасы бойынша да, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың өтінішхаты бойынша да Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы ұсыным енгізуге құқылы.";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Бас прокуроры заңды күшiне енген сот актiлерiне өзінің бастамасы бойынша да, осы Кодекстің 54-бабының екінші бөлігінде көзделген істер бойынша берілген, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген тұлғалардың өтінішхаты бойынша да наразылық білдіруге құқылы.";
86) 454-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бұрын болған сот актiлерi апелляциялық немесе кассациялық тәртiппен күшi жойылғаннан кейiн шығарылған жаңа сот актiлерiне өтiнiшхат, ұсыну, наразылық, прокурордың өтінішхаты олардың күшiнің жойылу уәждеріне қарамастан, жалпы негiздерде берiлуi, келтiрiлуi мүмкiн.";
87) 461-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Соттың арызды қайтару туралы ұйғарымына шағым жасалуы және осы Кодекске сәйкес прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.";
88) 463-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттардың жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актісінің күшін жою туралы ұйғарымдары шағым жасауға және наразылық білдіруге, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық және кассациялық шағымдарға енгізілуі мүмкін.
3. Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттардың сот актісін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарымдарына шағым жасалуы, наразылық білдірілуі және осы Кодекске сәйкес прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.";
89) 465-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сот төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатты қараудың нәтижелерi бойынша төрелік шешiмнiң күшiн жою не өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Соттың ұйғарымына осы Кодекске сәйкес прокурор жеке шағым берілуі, өтінішхат келтіруі мүмкiн.";
90) 503-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Белгiленген мерзiмiн өткiзiп алған не оған қажеттi құжаттар қоса берілмеген атқару парағын беру туралы арызды сот қарамастан керi қайтарады, бұл туралы ұйғарым шығарылады, оған осы Кодексте белгiленген тәртiппен прокурор жеке шағым берілуі, өтінішхат келтіруі мүмкiн.";
91) 505-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін шығарылған сот актілеріне осы Кодексте белгіленген тәртіппен прокурордың өтінішхаты бойынша шағым жасалуы, наразылық келтірілуі және қайта қаралуы мүмкін.".
8. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 118-құжат):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы тақырыппен толықтырылсын:
"20-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру";
37-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"37-бап. Азаматтық алу, одан айырылу және айыру мерзімінің есептелуі";
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасында азаматтық осы Заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының азаматын азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруға террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана жол беріледі.";
3) 17-баптың бірінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тiлiнiң қолданылуына қарсы әрекет жасаса;";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) осы Заңның 21-бабы 8) тармақшасының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса;";
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) осы Заңның 20-1-бабының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса оның өтініші қабылданбайды.";
4) 19-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу;";
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру салдарынан тоқтатылады.";
5) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
"20-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру террористік қылмыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген, нәтижесінде Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтірілген қылмыстарды жасағаны үшін тағайындалады.";
6) 30-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тiркейдi;";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықтан айырылу және айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әзірлейді және бекітеді.";
7) 31-бапта:
бірінші бөлікте:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштер қабылдайды және оларды қажетті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді;";
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тiркейдi;";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу және айыру мен Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібін Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі әзірлейді және бекітеді.";
8) 37-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"37-бап. Азаматтық алу, одан айырылу және айыру мерзімінің есептелуі";
екінші бөлік мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"- соттың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы үкімі заңды күшіне енген күні;".
9. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж.,№ 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2016 ж., № 12, 87-құжат):
1) 3-баптың екінші бөлігінде:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын бекітуі;";
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі жұмыскерлерінің еңбекақы төлеу жүйесiн Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының бекiтуі;";
2) 15-баптың үшінші бөлігінде:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымын, жалпы штат санын және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ереженi, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтыруларды қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;";
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі жұмыскерлерінің еңбекақы төлеу жүйесiн бекiтеді;";
3) 20-1-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы бекітетін Қазақстан Ұлттық Банкі жұмыскерлерінің еңбекақы төлеу жүйесі негізінде белгіленеді.";
10. "Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 24, 131-құжат):
22-баптың екінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) егер ол ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты тұтатса;";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) егер ол бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса;";
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) егер ол бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, тыйым салынады.".
11. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат):
1) 1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган.";
2) 1-2-баптың 2-тармағында:
6) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
7) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
3) 2-баптың 1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
4) 8-баптың 8) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
5) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"24-бап. Прокурорлық қадағалау
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң жұмысында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды Бас Прокурор мен ол арнайы уәкiлеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.".
12. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2012 ж., № 1, 1-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 11, 67-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 22-I, 140-құжат):
1) 10-баптың екінші бөлігінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
2) 11-баптың үшінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
13. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 21- III, 135-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; 2016 ж., № 24, 131-құжат):
1) 12-баптың 12-1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
2) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"25-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiн прокурорлық қадағалау
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының анықтау, тергеу, әкімшілік іс жүргізу және жедел-iздестiру қызметiнде заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен ол уәкiлеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.".
14. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы" 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 272-құжат; 2002 ж., № 18, 159-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат):
2-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әкімшілік қадағалау жазасын өтеген адамдарға белгіленеді:".
15. "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 94-құжат; 1999 ж., № 12, 398-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат):
56-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"56-бап. Тұрақты комитет қарайтын мәселелер бойынша қорытындылар әзiрлеу үшiн қажеттi мерзiм Палатаның шешiмi бойынша берiлген тапсырмада көрсетiледi немесе Палаталардың регламенттерiнде белгiленедi.
Республика Президентінің заңдардың жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi.".
16. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат):
31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"31-бап. Қару айналымына мемлекеттік бақылау туралы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қадағалау
Қару айналымын мемлекеттік бақылау саласындағы заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүзеге асырады.".
17. "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; № 24, 126-құжат):
7-баптың 4-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Күдікті немесе айыпталушы шетелдікті күзетте ұстау орны туралы немесе ол орнының өзгергені туралы хабарлама аталған мерзімде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, қылмыстық-атқару жүйесiнің уәкiлеттi органына, сондай-ақ ол азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге де өкілдігіне жолданады.".
18. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 22-I, 2015 ж, № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат):
24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"24-бап. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің заңдылығын жоғары қадағалау
Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.".
19. "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 241-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 73-құжат, 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат, 2016 ж., № 24, 126-құжат):
6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап. Мемлекеттiк қорғау шараларын жүзеге асыру кезiндегi прокурорлық қадағалау
Мемлекеттiк қорғау шараларын жүзеге асыру кезiнде заңдылықтың сақталуын қадағалау Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына және оған бағынысты прокурорларға жүктеледi.".
20. "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж, № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат):
22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"22-бап. Күзет қызметiн қадағалау
Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметi саласындағы заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратурасы мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.".
21. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 47, 49-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 23, 118-құжат):
1) мазмұнында:
23-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"23-1-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдері лауазымдарына тағайындауға, сондай-ақ тағайындалуына мәслихаттардың келісуі талап етілетін әкімдер лауазымдарына кандидатураларға мәслихаттың келісім беру тәртібі";
32-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"32-бап. Облыстық маңызы бар қала және облыс ауданының, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қаладағы аудан және астана ауданының әкiмі лауазымына тағайындау, қызметінен босату және өкiлеттiгiн тоқтату тәртiбi";
36-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"36-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі лауазымына сайлау, қызметінен босату тәртібі";
2) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен және Парламент Палаталарының төрағаларымен консультациялардан кейін тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда тоқтатылады.";
3) 23-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"23-1-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдері лауазымдарына тағайындауға, сондай-ақ тағайындалуына мәслихаттардың келісуі талап етілетін әкімдер лауазымдарына кандидатураларға мәслихаттың келісім беру тәртібі";
4-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) облыс, республикалық маңызы бар қала не астана әкiмдерi лауазымдарына кандидатураларды тағайындауға үшінші рет келісім бермеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен және Парламенті палаталарының төрағаларымен консультациялардан кейін тиісті мәслихаттың өкілеттігін мерзiмiнен бұрын тоқтатуға құқылы;";
3) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"32-бап. Облыстық маңызы бар қала және облыс ауданының, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қаладағы және астана ауданының әкімі лауазымына тағайындау, қызметінен босату және өкілеттіктерін тоқтату тәртібі
1. Облыстық маңызы бар қала және облыс ауданының әкімін:
осы Заңда белгіленген тәртіппен лауазымға тиісінше облыстық маңызы бар қала және облыс ауданы мәслихатының келісімімен облыс әкімі тағайындайды;
облыс әкімі өкілеттіктерін тоқтатады және қызметінен босатады.
2. Облыстық маңызы бар қаладағы ауданның әкімін:
осы Заңда белгіленген тәртіппен лауазымға облыстық маңызы бар қала мәслихатының келісімімен облыстық маңызы бар қала әкімі тағайындайды;
облыстық маңызы бар қала әкімі өкілеттіктерін тоқтатады және қызметінен босатады.
3. Республикалық маңызы бар қаладағы аудан және астана ауданы әкiмін:
осы Заңда белгіленген тәртіппен лауазымға республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының келісімімен республикалық маңызы бар қала және астана әкімі тағайындайды;
республикалық маңызы бар қала және астана әкімі өкiлеттiктерiн тоқтатады және лауазымынан босатады.
4. Осы Заңда көзделген өкiлеттiктерді тоқтату және қызметінен босату тәртібінен басқа, облыстық маңызы бар қала және облыс ауданының, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қаладағы аудан және астана ауданының әкiмi лауазымынан Қазақстан Республикасының Президенті өз қалауы бойынша босатуы мүмкін.";
4) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"36-бап. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімін лауазымға сайлау, қызметінен босату тәртібі
1. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімін лауазымға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты баламалы негізде жасы 25-тен жас емес, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі ұсынған және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілген кандидатуралар ішінен сайлайды.
2. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімін лауазымынан жергілікті қоғамдастық пен облыс әкімінің келісуі бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі босатады.";
5) мынадай мазмұндағы 36-1-баппен толықтырылсын:
"36-1-бап. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерінің сайлауын өткізу
1. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерінің сайлауы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы өткiзiледi.
Кандидаттардың осы Заңда белгіленген шекте сайлауға қатысуға тең құқықтары бар.
2. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерінің сайлауын өткізу кезінде дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауыстарының көпшілік санын жинаған кандидат сайланған болып есептеледі.
Әкімдердің сайлауын әзірлеуді және оны өткізуді ұйымдастыратын сайлау органдары облыстық, аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары болып табылады.
Облыстық сайлау комиссиясы:
1) әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2) төменгі тұрған аумақтық сайлау комиссияларының қызметіне басшылық етеді; олардың шешімдерінің күшін жояды және тоқтата тұрады; сайлау науқанын өткізу үшін бөлінген мемлекеттік бюджет қаражатын олардың арасында бөледі; төменгі тұрған аумақтық сайлау комиссияларының қызметіне қажетті материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуын бақылайды; төменгі тұрған аумақтық сайлау комиссияларының шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) арыздар мен шағымдарды қарайды; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде құрылған төменгі тұрған аумақтық сайлау комиссияларының Орталық сайлау комиссиясының шешімдерін орындауын ұйымдастырады;
3) сайлауға әзірлеуді және оны өткізуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептерін, сондай-ақ сайлау туралы заңнаманың сақталуы мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер органдарының ақпаратын тыңдауға құқылы;
4) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы:
1) әкімдердің сайлауын тағайындайды және оның өткізілуін қамтамасыз етеді;
2) әкімдікке ұсынылған кандидаттарды, олардың сенім білдірілген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді, осы Заңда көзделген жағдайларда оларды тіркеу туралы шешімнің күшін жояды;
3) дауыс беруге арналған бюллетеньдердің мәтіндерін бекітеді және олардың дайындалуын ұйымдастырады;
4) дауыс беру пунктін дайындайды, дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшіктердің жасалуын қамтамасыз етеді;
5) әкімнің сайлауындағы дауыс беру нәтижелерін анықтайды, сайланған әкімді тіркейді, сайлау нәтижелері туралы хаттаманы аудан (қала) әкіміне береді;
6) қайта сайлау өткізеді;
7) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы
28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және осы Заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасалады.
3. Сайлау күні туралы хабарды аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының назарына жеткізеді.
Жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы сайлауды тағайындаған сәттен бастап жүргізілуі мүмкін.
Әкімдікке кандидаттарды ұсыну аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына аудан (қала) әкімінің ұсынымын және кандидаттардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әкімдікке кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініштерін беру арқылы жүргізіледі.
Аудан (қала) әкімі әкімдікке кандидаттарды ұсыну туралы ұсынымын аудандық (қалалық) сайлау комиссиясынан дауыс беруге кемінде екі күн қалғанда кері қайтарып ала алады.
Бұл жағдайларда тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидатты тіркемейді не кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды және қабылданған шешім туралы аудан (қала) әкіміне хабарлайды.
Кандидаттарды ұсыну сайлау күніне отыз күн қалғанда басталады және жиырма бес күн қалғанда аяқталады.
Егер кандидаттардың барлығы тіркелгенге дейін өз кандидатураларын алып тастаған немесе кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталатын күнге әкімдікке екі кандидаттан кем тіркелген жағдайда, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мен тіркеу мерзімін ұзартады, бірақ ол он күннен аспауға тиіс.
Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттың қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтайды, ол туралы тиісті хаттама жасайды.
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге дейін, тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне табысы мен мүлкі туралы декларацияларды тапсырады.
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын мемлекеттік кіріс органдары декларацияларды алған күннен бастап жеті күннің ішінде тексереді.
Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) табысы мен мүлкі туралы мәліметтерді ұсыну туралы мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар оны алған күннен бастап төрт күннің ішінде сұратылып отырған ақпаратты ұсынады.
Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының кандидаттар туралы мәліметтерді ұсыну туралы талаптарды алған өзге де мемлекеттік органдар оны алған күннен бастап екі күннің ішінде сұратылып отырған ақпаратты ұсынады.
4. Кандидаттарды тіркеу мынадай құжаттары:
1) аудан (қала) әкімінің аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, кенттер мен ауылдар әкімі лауазымына тиісті кандидаттарды ұсыну туралы ұсынымы;
2) әкімдікке кандидат ретінде дауысқа түсуге келісетіні туралы өтініш;
3) әкімдікке кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) табысы мен мүлкі туралы декларацияларды тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы болған кезде жүзеге асырылады.
5. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы:
1) кандидаттарды тiркеу аяқталғаннан кейiн жетінші күннен кешiктiрмей, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілмен, әрбiр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын лауазымын, жұмыс (кәсібінің) орны мен тұрғылықты жерiн, кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы мен қай ұлтқа жататыны туралы мәлiметтердi көрсете отырып, олардың тіркелгені туралы хабарлайды;
2) тiркеу кезінде кандидаттарға тиiстi куәлiк бередi;
3) мынадай:
кандидатты ұсыну қағидалары бұзылған;
кандидат лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдаланған;
кандидаттың сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу фактілері анықталған;
сот таңдаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасына сәйкес кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияны тапсыру кезіне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған;
осы Заңда көзделген өзге де талаптар сақталмаған жағдайда, кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнің күшiн жояды.
Кандидатты тіркеуден бас тартуды немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюды кандидат жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясына немесе сотқа үш күндік мерзімде шағым жасауы мүмкін.
6. Кандидаттарды тіркеу дауыс беру күніне он бес күн қалғанда аяқталады.
Кандидат тіркелгенге дейінгі кезеңде және дауыс беруге екі күн қалғанда аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.
Бұл жағдайларда тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды және қабылданған шешім туралы аудан (қала) әкіміне хабарлайды.
Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін кандидаттардың барлығы шығып қалған жағдайда, сайлау мерзімін ұзарту туралы мәселені аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы шешеді.
Дауыс беретiн күнге екі күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшін жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейдi.
7. Сайлау алдындағы үгiт осы Заңға сәйкес тiркеу аяқталған күннен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Сайлау алдындағы үгiт:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сайлау алдындағы жария iс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және таңдаушылармен кездесулердi) өткiзу;
2) баспа және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ қызметтік мiндеттерiн орындау кезінде олардың лауазымды адамдарына, сайлау комиссияларының мүшелеріне, діни бірлестіктерге сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, кез келген сайлау алдындағы үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.
Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, оның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалаулар мен жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда, таңдаушыларға тегiн тауарлар, қызметтер көрсету, бағалы қағаздар, сондай-ақ ақша төлеуді ұсынумен ілесетін сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге тыйым салынады.
Кандидаттар үгіт жүргізуге және өзінің сайлау алдындағы бағдарламасын насихаттауға құқылы.
Кандидаттардың өздерiне сайлау науқанын жүргiзуге көмектесетiн, сайлау алдындағы үгiттi жүргізетін, мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, сайлау комиссияларымен қарым-қатынаста кандидаттардың мүдделерiн білдіретін, саны бесеуден аспайтын сенiм бiлдiрілген адамдары болуына құқылы.
Кандидаттар сенiм бiлдiрілген адамдарын өз қалауы бойынша айқындайды және олар туралы тiркеу үшiн аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына хабарлайды.
Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы сенім білдірілген адамдарды тіркегеннен кейін оларға тиісті куәліктер береді.
Сенiм білдiрілген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиiс, ол мәслихат депутаты, қандай да бiр сайлау комиссиясының мүшесi, мемлекеттiк саяси қызметшi лауазымындағы адам болмауға тиiс.
Сенiм білдiрілген адамдар өздеріне кандидат берген өкілеттіктер шегінде әрекет етеді.
Сенім білдiрілген адамдар сайлау науқаны аяқталғаннан кейiн немесе өз ұйғарымымен не кандидаттың шешiмiмен өз мәртебесiнен айырылады.
Сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген сайлау алдындағы үгiтке тыйым салынады.
Дауыс беру пункттерінен тыс жерлерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орындарында қалдыруға болады.
8. Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылады.
Бюджет қаражатын жұмсауды аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Жергілікті бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және қызметіне;
2) үй-жайларды жалға алуға;
3) iс-сапар шығыстарына;
4) кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткiзуге және кандидаттардың үгiт баспа материалдарын шығаруға;
5) кандидаттардың көлік шығыстарына;
6) сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беру пунктінде орналастырылатын әкімдікке кандидаттар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға арналған шығыстары жабылады.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдігіне кандидаттарға сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге бөлінетін қаражат мөлшерін тиісті облыстық сайлау комиссиясы айқындайды.
9. Әкімдердің сайлауында кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті осы Заңда белгіленген тәртіппен құрылатын сайлау қорларының қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін.
Әкімдікке кандидаттың сайлау қоры:
1) жалпы сомасы заңнамада белгіленген ең төменгi жалақының жиырма бес есе мөлшерiнен аспауға тиiс кандидаттың жеке қаражатынан;
2) жалпы сомасы заңнамада белгіленген ең төменгі жалақының елу есе мөлшерiнен аспауға тиiс Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
Сайлау қорын құрайтын ақшалай қаражат тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы банк мекемелерiнде ашатын арнаулы уақытша шотқа аударылады. Аталған шот бойынша кiрiс есептелмейдi және төленбейдi. Сайлау қорының қаражатына билік ету құқығы тек кандидатқа ғана тиесілі.
Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей, кандидат өзінің сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына есеп ұсынуға міндетті.
10. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімінің сайлауын Қазақстан Республикасының тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттік мерзімінің аяқталуына кемінде қырық күн қалғанда тағайындайды және бір ай ішінде өткізіледі. Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап үш ай ішінде сайлау өткізіледі.
Әкімдердің сайлауында дауыс беру және сайлау қорытындыларын анықтау "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген сайлау рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Таңдаушылардың дауыстары тең болған жағдайда қайта дауыс беру өткізіледі.
Қайта дауыс беру сайлау күні өткізіледі.
Әкімді сайлау тиісті аудан (қала) мәслихаты депутаттары-таңдаушылар отырысында өткізіледі.
Таңдаушылардың тізімдерін аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары тиісті мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша жасайды және дауыс беру пунктінде іледі.
Егер таңдаушылардың отырысына тиiсті аудан (қала) мәслихаты депутаттарының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болады.
Таңдаушылардың отырысында аудандық (қалалық) мәслихаттың хатшысы төрағалық етушi болып табылады.
Таңдаушылар отырысының өткізілу фактісін куәландыратын құжат мәслихат хатшысының аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына ұсынатын отырыс хаттамасы болып табылады.
Таңдаушылардың отырысына тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қатысады.
Таңдаушылардың отырысы өткізілетін үй-жайда аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы әкімдерді сайлау бойынша дауыс беру пунктін ұйымдастырады.
Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттама жасайды.
Отырыс аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының төрағасы әкімдерді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелерін жария еткеннен кейін жабылады.
Егер сайлау жарамсыз деп танылса не қайта дауыс беру сайланған кандидатты айқындауға мүмкіндік бермесе, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы қайта сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды.
Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейін екі ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Қайта сайлау өткізу кезінде жүзеге асырылуы көзделген сайлау іс-шаралары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және осы Заңға сәйкес өткізіледі.
Қайта сайлау өткізу туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
11. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап бес күн мерзімде сайланған әкімді тіркейді. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының сайланған әкімді тіркеу туралы шешімі аудан (қала) әкіміне және тиісті мәслихатқа ұсынылады.
Әкім лауазымына орналасу арнайы тексерістің оң нәтижелерін алғаннан кейін жүзеге асырылады. Арнайы тексерістің нәтижелерін алғанға дейін тұлға әкімнің міндеттерін уақытша атқарады.
Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын және тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, атқаратын лауазымын, жұмыс (кәсібінің) орнын және тұрғылықты жерін, әкімнің қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы мен қай ұлтқа жататыны туралы мәлiметтерді көрсете отырып, сайланған әкімнің тіркелгені туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Облыстық, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы таңдаушылардың тізімдерін жасау қағидалары, дауыс беру және дауыстарды санау, сайлау қорытындыларын анықтау тәртібі бұзылған, осы Заңды басқа да бұзушылықтар орын алған жағдайда, егер бұл іс-әрекеттер таңдаушылардың ерік білдіру нәтижелерін дұрыс анықтауға мүмкіндік бермейтін болса, әкімдер сайлауын жарамсыз деп тануы мүмкін.";
6) 39-2-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан халқының бірлігі, елдегі ұлтаралық және конфессияаралық татулықты нығайтуға ықпал етуге;".
22. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 15-16, 223-құжат; 2010 ж., №11 (2564), 59-құжат):
1) атауының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
2) 1-бапта:
1-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қоғамдық, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді орнықтыруға, Республиканың көпұлтты халқының бірлігін нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін;".
3) 2-баптың 1-тармағы орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
4) 5-баптың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
23. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 51-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 9, 49-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 24, 143-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 138-құжат; 2015ж., №22-V, 154-құжат):
28-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi.".
24. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; №24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат):
1) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әдiлет министрлiгiн Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін енгізген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.";
2) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әдiлет органдары жұмыскерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетін еңбекақы төлеудің бiрыңғай жүйесiне сәйкес жүзеге асырылады.".
25. "Соғыс жағдайы туралы" 2003 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 4, 22-құжат; 2005 ж., № 14, 56-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2015ж., № 1, 2-құжат):
9-баптың бірінші бөлігінің 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) соғыс жағдайы күшiнде болған кезеңде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымын айқындайды;".
26. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 22-I, 140-құжат):
1) 1-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) басқа да әскерлер мен әскери құралымдар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдері, әскери прокуратура органдары;";
2) 5-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қарулы Күштердiң құрылымын, штат санының лимитiн бекітеді;";
3) 7-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
"14-1) Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;";
4) 27-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлep мен әскери құралымдарда заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынышты әскери прокурорлар жүзеге асырады.".
27. "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 14, 117-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; №23-II, 172-құжат, 2016 ж., № 22, 116-құжат):
3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.".
28. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1,2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат):
1-баптың 37-1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
29. "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 17-18, 70-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат):
7-баптың 2-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
30. "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 114-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат):
24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"24-бап. Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасының сақталуын қадағалау
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады.".
31. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат, 2017 жылғы 14 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 9-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;
2) 11-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;
3) 48-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын.
32. "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., №21-I, 125-құжат):
10-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) құқық бұзушылықтар профилактикасы саласындағы заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады;".
33. "Сыртқы барлау туралы" 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., №24, 126-құжат):
21-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағында сыртқы барлау саласындағы заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен ол уәкілеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.".
34. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат):
16-6-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік авиация инспекторлары Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай үлеспен қамтамасыз етіледі.".
35. "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 24, 123-құжат):
1) 12-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Прокуратура органдарының қызметкерлерін қоспағанда, құқық қорғау органдарына қызметке тұратын және аға және жоғары басшы құрамның басшы лауазымдарына тағайындалатын адамдарға, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының түлектеріне, бұрын құқық қорғау органдарында қызмет атқарған адамдарға сынақ мерзiмi белгiленбейдi.";
2) 29-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Басшылық лауазымдарға тағайындалатын прокуратура органдарының орта және аға басшы құрамының адамдарына үш айға дейін сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін.";
3) 64-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қызметкерлерге ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдарының жұмыскерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол ақшалай қаражат пен қызметтi өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетін үстемеақыларды қамтиды.".
36. "Назарбаев Университет", "Назарбаев Зияткерлiк мектептерi" және "Назарбаев Қоры" мәртебесi туралы" 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 20-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2015 ж., № 14, 72-құжат):
1) кіріспенің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
2) 6-баптың 1-тармағының екінші бөлігінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
3) 12-1-бапта:
1-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
6-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
37. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24,116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат):
1) 7-баптың екінші бөлігінде:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;";
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өтініш бере алмайды.";
2) 48-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) егер ол ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты тұтатса;";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) егер ол бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса;";
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) егер ол бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, тыйым салынады.";
3) 49-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты тұтатса;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) егер ол бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабы 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса;";
мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) егер олар бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады не бұрын берiлген рұқсаттың күші жойылады.".
38. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 12, 87-құжат); 2016 ж., № 24, 126-құжат):
1) 15-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Күзет қызметі – күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйымдастырушы және үйлестіруші орган болып табылатын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган;";
2) 19-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қазақстандық отаншылдыққа, ұлтаралық және конфессияаралық келісімге негiзделген мемлекеттік идеологияны қалыптастыруға;";
3) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"27-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қадағалау
Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Прокуратурасы жүзеге асырады.".
39. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат):
72-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай үлеспен қамтамасыз етіледі.".
40. "Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) мазмұнында 39-1-баптың тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
2) 6-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде, уәкілетті органдардың бірінші басшылары көздеген тәртіппен ақшалай үлеспен мемлекет есебінен қамтамасыз етілуге;";
3) 39-1-бапта:
39-1-бап тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
1-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Магистрант немесе докторант лауазымына тағайындалған әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша бекітетін, мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес ақшалай үлеспен қамтамасыз етіледі.";
5) 44-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әскери қызметшілердің барлық санаттары әскери қызмет міндеттерін орындағаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай үлеспен қамтамасыз етіледі.".
41. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат, № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 71-құжат):
78-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"78-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қадағалау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен ол уәкiлеттiк берген прокурорлар жүзеге асырады.".
42. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 7, 35-құжат; 2015 ж., № 22-ІІ, 145-құжат):
28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Прокуратура органдары дербес деректер және оларды қорғау саласындағы заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады.".
43. "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 12-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат;2016 ж., № 24, 131-құжат):
23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен алдын ала тергеу, анықтау органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу және азаматтықтан айырылуды және одан айыруды ресімдеу барысында лауазымды адамдар жеке басты куәландыратын құжаттарды алып қояды.".
44. "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 14, 85-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
1) мазмұнында 31-бап тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
2) 1-баптың 22) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
3) 7-баптың 15) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
4) 31-баптың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
45. "Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы" 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 11, 55-құжат):
22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"22-бап. Бітімгершілік қызмет саласында қадағалауды жүзеге асыру
Бітімгершілік қызмет саласындағы заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және ол уәкілеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.".
46. "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-I, 120-құжат):
1-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоғамдық кеңестер – осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қоғамдық кеңестердің республикалық деңгейіне, осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар құратын қоғамдық кеңестер жатады.".
47. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат):
1) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Министрліктердің жауапты хатшыларының мәртебесі мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.";
2) 53-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметшілерін қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiлердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде жүзеге асырылады.".
48. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 173-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат):
16-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакция жазылсын:
"3. Аудандық сот судьясының, облыстық сот судьясының және Жоғарғы Сот судьясының лауазымына бос орынның ашылуы, сондай-ақ аудандық сот төрағасы өкілеттіктері мерзімінің өтуі туралы ұсыну Кеңестің конкурс жариялауы үшін негіз болып табылады.
4. Кеңес аппараты Кеңестің аудандық сот судьясының, облыстық сот судьясының және Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыруын – конкурсқа дейін, ал аудандық сот төрағасы лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыруын аудандық сот төрағасы өкілеттіктерінің мерзімі өткенге дейін кемінде бір ай бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.".
49. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2016 ж., № 7-I, 46-құжат):
1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) заңнамалық акт – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң, конституциялық заң, кодекс, шоғырландырылған заң, заң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің қаулылары;";
2) 7-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары;";
3) 10-баптың 2-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңдары, заңдары;";
4) 22-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) актiнiң нысанын көрсету: Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; Қазақстан Республикасының кодексi; Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңы; Қазақстан Республикасының заңы; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы; министрдiң бұйрығы; орталық мемлекеттiк орган басшысының бұйрығы; ведомство басшысының бұйрығы; орталық мемлекеттiк органның қаулысы; мәслихат шешiмi; әкiмдiк қаулысы; әкiмнің шешiмi; тексеру комиссиясының қаулысы және осы Заңда көзделген нормативтiк құқықтық актiнiң өзге де нысаны;";
5) 25-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңнамалық актілерге сілтеме жасау кезінде олардың тіркелген нөмірлерін көрсету талап етілмейді.";
6) 35-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдарына, конституциялық заңдарына, кодекстерiне, шоғырландырылған заңдарына, заңдарына, Президентiнiң жарлықтарына – Қазақстан Республикасының Президентi;";
7) 58-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Нормативтiк құқықтық актiлерде қамтылатын нормаларға ресми түсіндірме беру уәкілетті органдардың не жеке және заңды тұлғалардың бастамасы бойынша "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Заңның осы тарауында белгіленген нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру тәртібі мен шарттары "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын заңға түсіндірме беруге қолданылмайды.";
8) 59-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
9) 60-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
10) 62-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың талаптары осы Заңның 60-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларда қолданылмайды.";
11) 64-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Конституциялық емес, оның ішінде Конституцияда бекітілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейді деп танылған жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің күші жойылады және олар қолдануға жатпайды.".
50. "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 21, 115-құжат):
1) 1-қосымшаның 1-функционалдық тобы 101-әкімші 008-бағдарламасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
2) 2-қосымшаның 1-функционалдық тобы 101-әкімші 008-бағдарламасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
3) 3-қосымшаның 1-функционалдық тобы 101-әкімші 008-бағдарламасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
51. "Қарсы барлау қызметі туралы" 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 24, 125-құжат):
20-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және ол уәкілеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.".
52. "Волонтерлік қызмет туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 24, 132-құжат):
6-баптың 2-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) халықтар арасындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу;".
53. "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 24, 130-құжат):
36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"36-бап. Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы қадағалау
Прокуратура органдары мемлекет атынан дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады.".
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |