Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы N 31 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 2 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5617 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3924 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 409 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3989 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы N 120 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4249 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 135 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4311 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 47 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4579 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4785 тіркелген, 2007 жылғы 15 тамыздағы "Заң газеті" газетінің N 124 (1153) санында жарияланған), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 27 тамыздағы N 224 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4955 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қазандағы N 242 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5004 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 26 ақпандағы N 20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5183 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 58 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5238 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 2 қазандағы N 146 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5368 тіркелген), "ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 233 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5520 тіркелген) , "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 18 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5564 тіркелген) қаулыларымен енгізілген толықтырулармен және өзгерістермен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықта :
      4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "2011 жылғы 1 шілдеден бастап мерзімсіз қаржы құралдары бірінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізілмейді.";
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Банктiң меншiктi капиталының жеткiлiктiлiгi мынадай үш коэффициентпен сипатталады:
      1) бiрiншi деңгейдегi капиталдың жалпы сомасының бiрiншi деңгейдегi капиталдың үлесi шегiнде алынған банк инвестициясын шегергендегi және екiншi деңгейдегi капиталдың меншiктi капитал бөлiгiндегi есебiне енгізілген, бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасының бірінші деңгейдегi капитал үлесi шегiнде алынған банк инвестициясының сомасына кемiтiлген банк активтерiнiң мөлшерiне және екiншi деңгейдегi капиталдың меншiктi капитал бөлiгiндегi есебiне (kl-1) енгiзiлген бiрiншi деңгейдегi капиталдың қатынасы;
      2) бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасының бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестициясын шегергендегі сомаға және екінші деңгейдегі капиталдың меншікті капитал бөлігіндегі есебіне енгізілген бірінші деңгейдегі капиталдың қатынасы;
      екiншi деңгейдегi капиталдың есебiне енгiзiлмеген, жалпы резервтер (провизиялар) сомасына кемiтiлген кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша салмақталған активтер, шартты және мүмкiн мiндеттемелер;
      активтер, шартты және ықтимал талап етулер және нарықтық тәуекелдi ескерумен есептелген мiндеттемелер;
      операциялық тәуекел (kl-2);
      3) меншiктi капиталдың сомаға қатынасы:
      екiншi деңгейдегi капиталдың есебiне енгiзiлмеген, жалпы резервтер (провизиялар) сомасына кемiтiлген кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша салмақталған активтер, шартты және мүмкiн мiндеттемелер;
      активтер, шартты және ықтимал талап етулер және нарықтық тәуекелдi ескерумен есептелген мiндеттемелер;
      операциялық тәуекел (k2).";
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні:
      kl-1 – 0,06-дан кем болмайды;
      kl-2 – 0,06-дан кем болмайды;
      2011 жылғы 1 шілдеден бастап банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні kl-2 – 0,09-дан кем болмайды.
      Жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні:
      kl-1 – 0,07-ден кем болмайды;
      kl-2 – 0,07-ден кем болмайды;
      2011 жылғы 1 шілдеден бастап банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні kl-2 – 0,10-нан кем болмайды.
      Банк холдингі немесе тізбесі мен барынша төмен талап етілетін рейтингі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 55 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4139 тіркелген) (бұдан әрі - N 55 қаулы) белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі рейтингі бар бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, акцияларын "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банк үшін, сонымен қатар орналастырылған акцияларының елу процентінен артығы мемлекетке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні:
      kl-1 – 0,05-тен кем болмайды;
      kl-2 – 0,05-тен кем болмайды;
      2011 жылғы 1 шілдеден бастап банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні kl-2 – 0,08-ден кем болмайды.";
      15-1-тармақ алынып тасталсын;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 – 0,12-ден кем болмайды.
      Жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 – 0,14-тен кем болмайды.
      Банк холдингі немесе тізбесі мен барынша төмен талап етілетін рейтингі N 55 қаулымен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі рейтингі бар бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, акцияларын "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банк үшін, сонымен қатар орналастырылған акцияларының елу процентінен артығы мемлекетке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 – 0,10-нан кем болмайды.
      1) Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебі осы Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшасына сәйкес жасалады.
      Тәуекел дәрежесі бойынша активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді мөлшерлеу мақсатында активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер олар бойынша жасалған арнайы резервтер (провизиялар) сомасына азаяды.
      Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген қарсы агент санатына сәйкес ол бойынша банк кредиттік тәуекелге ұшырайтын тәуекел деңгейіне туындысы ретінде анықталады.
      Своптар, фьючерстер, опциондар және форвардтар аталған қаржы құралдарының рыноктық құнының және олар бойынша кредиттік тәуекел сомасын осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген қарсы агент санатына сәйкес келетін тәуекел дәрежесіне көбейту жолымен кредиттік тәуекелді ескеріп, мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер есебіне енгізіледі.
      Своп, фьючерс, опцион және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасында көрсетілген және аталған қаржы құралдарын өтеу мерзімімен анықталатын кредиттік тәуекел коэффициентіне аталған қаржы құралдарының номиналдық құнының туындысы ретінде есептеледі.
      Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының рыноктық құны (ауыстыру құны) мынадай болып көрсетіледі:
      сатып алуға арналған мәмілелер бойынша - берілген қаржы құралының номиналды шартты құнынан қаржы құралының ағымдағы рыноктық құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының ағымдағы рыноктық құны оның номиналды шартты құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады;
      сатуға арналған мәмілелер бойынша - берілген қаржы құралының ағымдағы рыноктық құнынан қаржы құралының номиналды шартты құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының номиналды шартты құны оның ағымдағы рыноктық құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
      Бивалюталық қаржы құралдары бойынша (қаржы құралдары бойынша талап пен міндеттеме әр түрлі шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша) ауыстыру құны есептілікті құру күніне белгіленген бағам бойынша айқындалған міндеттемелердің теңгелік баламасынан талаптардың теңгелік баламасының асу мөлшері ретінде анықталады. Егер талаптардың теңгелік балама мөлшері міндеттемелердің теңгелік баламасынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
      Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының номиналды шартты құны бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында мәмілелерді жасау күніне белгіленген қаржы құралдарының құны ретінде көрсетіледі. Бивалюталық қаржы құралдарының номиналды шартты құны ретінде банктің талаптары құрылатын валюта алынады.
      Сатылған опциондар кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне кіргізілмейді.
      2) Активтердің, шартты және ықтимал талаптардың және міндеттемелердің есебі рыноктық тәуекелді ескере отырып, осы Нұсқаулықтың 17-30-тармағына сәйкес жасалады;
      3) Операциялық тәуекелдің есебі осы Нұсқаулықтың 31-тармағына сәйкес жасалады.
      Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффиценттерін есептеу кезінде (kl-1, kl-2, k2) салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің мөлшерінен және активтер мөлшерінен банк кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған инвестицияланбаған қаражаттардың қалдығы алынып тасталады.";
      18-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "18. Нарықтық тәуекелді ескергендегі активтер, шартты және мүмкін талап етулер және міндеттемелер 8,3-ке тең көрсету коэффициентін (қатысушысы банктік холдинг болып табылатын банк немесе тізбесі мен барынша төмен талап етілетін рейтингі N 55 қаулымен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі рейтингі бар бас банк немесе акцияларын "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банк үшін 10-ға тең коэффициент пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 7,14-ке тең коэффициент пайдаланылады) тудырушы ретінде мына сомада есептеледі:";
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "26. Акциялардың нарықтық құнының немесе акциялар индексiнiң өзгеруiне байланысты қаржы құралдарының нарықтық тәуекелi бар айрықша тәуекелi 0,12-ге тең (қатысушысы банктiк холдинг болып табылатын банк немесе тізбесі мен барынша төмен талап етілетін рейтингі N 55 қаулымен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі рейтингі бар бас банк немесе акцияларын "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банк үшін 0,10 коэффициентi пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 0,14 коэффициентi пайдаланылады) айрықша тәуекел коэффициентi бойынша сараланған аталған қаржы құралдары бойынша ашық (ұзын және қысқа) позициялар сомасын бередi.";
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "27. Жалпы тәуекел белгiлi бiр акциялар немесе акциялардың белгiлi бiр индексiнiң нарықтық құнының өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар қаржы құралдары бойынша ұзын позициясы мен қысқа позициясы арасындағы айырмасы 0,12-ге тең (банктiк холдинг қатысушысы болып табылатын банк немесе тізбесі мен барынша төмен талап етілетін рейтингі N 55 қаулымен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі рейтингі бар бас банк немесе акцияларын "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банк үшін 0,10 коэффициентi пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 0,14 коэффициентi пайдаланылады) жалпы тәуекел коэффициентiн жасайтынын бiлдiредi .";
      28-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "28. Шетелдiк валюталардың айырбас бағамының (қымбат металдардың нарықтық құны) өзгеруiне байланысты активтердiң, шартты және мүмкiн талап етулер мен мiндеттемелер бойынша тәуекел есебi мына сомалардың бiрi мейлiнше мәндi болатын 0,12-гe тең (банктiк холдинг қатысушысы болып табылатын банк немесе тізбесі мен барынша төмен талап етілетін рейтингі N 55 қаулымен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі рейтингі бар бас банк немесе акцияларын "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банк үшін 0,10 коэффициентi пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 0,14 коэффициентi пайдаланылады) валюталық тәуекел коэффициентiн жасайтынын бiлдiредi :";
      31-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "31. Операциялық тәуекел соңғы өткен үш жыл iшiндегi жылдық жалпы кiрiстiң орташа мөлшерiн құрайтын 0,12-гe тең (банктiк холдинг қатысушысы болып табылатын банк немесе тізбесі мен барынша төмен талап етілетін рейтингі N 55 қаулымен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі рейтингі бар бас банк немесе акцияларын "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банк үшін 0,10 коэффициентi пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 0,14-ке тең коэффициент пайдаланылады) операциялық тәуекел коэффициентiн 8,3-ке тең (банктiк холдинг қатысушысы болып табылатын банк немесе тізбесі мен барынша төмен талап етілетін рейтингі N 55 қаулымен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі рейтингі бар бас банк немесе акцияларын "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банк үшін 10 коэффициентi пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 7,14-ке тең коэффициент пайдаланылады) көрсету коэффициентi бойынша жасайтын болып есептеледi.";
      40-тармақта:
      екінші абзац "талап ету құқығымен мерзімді" деген сөздерден кейін "шартсыз" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "(k4) ағымдағы өтімділік коэффициентін есептеу кезінде талап етуге дейінгі міндеттемелердің мөлшерінен және жоғары өтімді активтердің мөлшерінен банк кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған инвестицияланбаған қаражаттардың қалдығы алынып тасталады.";
      43-тармақта:
      9) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) Standard&Poor's рейтинг агенттігінің "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент банктерге және Қазақстан Республикасының резиденті еместерге берілген "овернайт" заемдары.";
      1-қосымшада:
      "Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған банк активтерінің кестесі" деген кестеде:
      реттік нөмірі 44-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"

44

Басқа ипотекалық тұрғын үй заемдары

100

                                                                   ";

      екінші бағандағы реттік нөмірі 59-жол "берілген заемдар" деген сөздерден кейін "оның ішінде тұтынушылық кредиттер" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмірлері 80-1, 80-2-жолдар алынып тасталсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2010.04.30 N 58, 2011.02.28 № 20 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      2. 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он үшіншіден бастап алпыс бесіншіге дейінгі абзацтарын қоспағанда, 2009 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының алпыс алтыншыдан бастап алпыс тоғызыншыға дейінгі абзацтарын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2011.02.28 № 20 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 
      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов) :
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

       Төрайым                                          Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады