РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
235-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«235-бап. Объектілерді және олардың кешендерін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша cалу (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу)»;
мынадай мазмұндағы 235-1, 237-2, 258-1 және 324-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«235-1-бап. Cараптамалық жұмыстарды және инжинирингтiк қызметтер көрсетудi жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу»;
«237-2-бап. Құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру»;
«258-1-бап. Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасын бұзу»;
«324-2-бап. Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу»;
357-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«357-1-бап. Тиiстi тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiгінсiз), басқа да рұқсатсыз, хабарламасыз кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру»;
мынадай мазмұндағы 357-7-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«357-7-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды бұзу»;
27-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«27-тарау. Көлiктегі, жол шаруашылығындағы, байланыстағы және ақпараттандырудағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар»;
494-баптың тақырыбындағы «тіркеу және» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 553-1 және 563-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«553-1-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган»;
«563-2-бап. Геодезия және картография саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар»;
2) 235-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«235-бап. Объектілерді және олардың кешендерін жобалау
(жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не белгiленген
тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау
(жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу
(реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту,
техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi
жөндеу)
1. Объектілерді және олардың кешендерін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не сараптама жүргізу талап етілетін, белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу) –
жеке тұлғаларға – алпыс, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – сексен, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз тоқсан, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау –
жұмыстарды тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – жүз елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) мынадай мазмұндағы 235-1-баппен толықтырылсын:
«235-1-бап. Сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтiк
қызметтер көрсетудi жүзеге асырған кезде
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
1. Орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуі –
жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тұрғызылып жатқан не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптаманың (сараптамалық бағалаудың) оң қорытындысын беру –
жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Орындалған жұмыстардың сапасын, мерзімін, қабылдануын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асыру сатысында бұзушылықтарға жол беру –
жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) –
сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына берілген сарапшы аттестатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 237-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«237-бап. Заңсыз құрылыс
Өндiрiстiк, тұрғын, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектiлердi жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу –
заңсыз тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) мынадай мазмұндағы 237-2 және 258-1-баптармен толықтырылсын:
«237-2-бап. Құрылысты техникалық және авторлық
қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру
Құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – сексен, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«258-1-бап. Қазақстан Республикасының геодезия және
картография саласындағы заңнамасын бұзу
1. Геодезиялық және картографиялық жұмыстарды:
геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, меншікті немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы не зауыттық нөмірі көрсетілген салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызмет көрсетуге арналған шарт;
штатында геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маман болмаған кезде жүзеге асыру -
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6) 310-1-бапта:
бірінші бөлікте:
8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
он үшінші абзацтағы «аттестаттың қолданысын тоқтата тұрып не онсыз,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалардың «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген хабарлама жасауға жататын міндеттерді сақтамауы –
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, осы баптың бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер (әрекетсiздiк), сол сияқты осы баптың бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау –
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметке тыйым салуға әкеп соғады.»;
7) 322-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жаппай емшілік сеанстарын (екі немесе одан да көп адам) өткізу, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы өткізу –
жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
8) мынадай мазмұндағы 324-2-баппен толықтырылсын:
«324-2-бап. Есірткі құралдары, психотроптық заттар,
прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу
1. Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу –
заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) –
заңды тұлғаның қызметіне тыйым сала отырып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
9) 357-1-бапта:
тақырып және бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«357-1-бап. Тиiстi тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы
рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiгінсiз),
басқа да рұқсатсыз, хабарламасыз кәсіпкерлік немесе
өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi
(операцияларды) жүзеге асыру
1. Рұқсат, лицензия, бiлiктiлiк аттестаты (куәлiгi), хабарлама жасау мiндеттi болған жағдайларда, кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiгiнсiз), басқа да рұқсатсыз, хабарламасыз айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары тәркiленiп не онсыз, жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табысты (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Осы бап бойынша жауаптылық «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын валюталық операция туралы хабарламаға, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын хабарламаларға қолданылмайды.»;
10) мынадай мазмұндағы 357-7-баппен толықтырылсын:
«357-7-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және
оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі
қызметке қойылатын талаптарды бұзу
1. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қойылатын талаптарды жеке немесе заңды тұлғалардың бұзуы -
жеке тұлғаларға – он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, сол сияқты осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау –
қызметіне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – қырық, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
11) 27-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«27-тарау. Көлiктегі, жол шаруашылығындағы, байланыстағы және ақпараттандырудағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық»;
12) 439-баптың алтыншы бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Темiр жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларының талаптарын бұзу -»;
13) 463-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Белгiленген қағидаларды бұза отырып қуiптi жүктерді автокөлiк құралдарымен не мамандандырылған автокөлiк құралдарымен, сол сияқты 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсатсыз тасымалдау –
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
14) 494-баптың тақырыбындағы және бірінші бөлігіндегі «тiркеу және» деген сөздер алып тасталсын;
15) 541-баптың бірінші бөлігінде:
«235 (екінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «235-1 (төртінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«310-1 (екінші бөлігінде)» деген сөздер «310-1 (1-1 және екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«324-1,» деген цифрлардан кейін «324-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«357-6,» деген цифрлардан кейін «357-7 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 543-баптың бірінші бөлігі «357-2 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «357-7 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 553-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын;
18) мынадай мазмұндағы 553-1 және 563-2-баптармен толықтырылсын:
«553-1-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган
1. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 504-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді орындамауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы және оның аумақтық органдарының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары;
2) Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының басшысы және оның орынбасарлары құқылы.»;
«563-2-бап. Геодезия және картография саласында мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Геодезия және картография саласындағы орталық уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 258-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға геодезия және картография саласындағы орталық уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары, сондай-ақ оның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.»;
19) 568-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 230, 231 (бiрiншi бөлiгiнде), 234, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 235-1 (бiрiншi, екінші және үшінші бөлiктерінде), 236, 237-2, 238, 239, 278 (екiншi бөлiгiнде), 291, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 499-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.»;
20) 634-баптың 2-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізілген тексерудің нәтижесі осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болып табылады.
Осы бөліктің күші «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 3-бабының 3, 4-тармақтарында және 12-бабының 3-тармағында көзделген салаларда, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде және салық қызметі органдары бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асырған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.»;
21) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
екінші абзац:
«324-1,» деген цифрлардан кейін «324-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«355-357,» деген цифрлардан кейін «357-1, 357-7 (екінші бөлігі)» деген сөздермен толықтырылсын;
оныншы абзацтағы «356-баптар)» деген сөздер «356, 357-1-баптар» деген сөздермен ауыстырылсын;
он төртінші абзацтағы «, ақпарат және спорт» деген сөздер алып тасталсын;
жиырма бірінші абзацтағы «310-1-бап (екінші бөлік)» деген сөздер «310-1 (1-1 және екінші бөліктері), 357-1-баптар» деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма төртінші абзацтағы «237, 278 (бiрiншi бөлiгi)-баптар» деген сөздер «235-1 (төртінші бөлігі), 237, 278 (бірінші бөлігі), 357-1-баптар» деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз сегізінші абзацтағы «357-1,» деген цифрлар алып тасталсын;
қырық үшінші абзац «356,» деген цифрлардан кейін «357-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
қырық төртінші абзацтағы «225-1-баптар (электр мен жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша)» деген сөздер «225-1 (электр мен жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 357-1-баптар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
елу жетінші абзац «343,» деген цифрлардан кейін «357-1,» деген цифрлармен толықтырылсын.
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 9-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
«2-3) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасына сәйкес объектілер салуға берілген шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;»;
2) 14-баптың 1-тармағында:
13) тармақша алып тасталсын;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;»;
3) 44-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Объект салу үшiн жер учаскесi сұралған кезде жер учаскесін таңдау алдын ала жүргiзiледi.
Объект салу үшiн, ал қажет болған жағдайларда және оның күзет немесе санитариялық-қорғау аймағын белгiлеу үшiн жер учаскесін таңдау нәтижелерiн тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері жер учаскесiн таңдау туралы актiмен ресімдейді. Осы актiге әрбiр жер учаскесін таңдаудың ықтимал нұсқаларына сәйкес оның шекараларының жобалары қоса беріледi.
Объект салуға жер учаскесін таңдау актісін беру үшін қажетті келісулерді тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері жүргізеді.
Бұл ретте елдi мекеннiң бас жоспарлары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және оларда құрылыс салудың осы жоспарларын алмастыратын схемасы) негiзiнде орындалған егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары және (немесе) құрылыс жобалары, сондай-ақ қонысаралық аумақтарға арналған аудандық жоспарлау жобалары болмаса, жер учаскелерiн құрылыс үшiн беруге тыйым салынады.»;
4) 49-1-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанында берген жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге келісім беру не одан бас тарту туралы шешiмi, ол қабылданғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей электрондық құжат нысанында өтініш берушіге жіберіледі.»;
5) 150-баптың 5-тармағы алып тасталсын.
3. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат):
1) 13-баптың 1-тармағының 18) тармақшасы алып тасталсын;
2) 29-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Орман пайдалану құқығы тек қана орман пайдалану түрi сақталғанда, құқық мирасқорының орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi қаражаты мен өндiрiстiк қуаты және облыстық атқарушы органдар айқындайтын, тиiстi бiлiктiлiгі бар мамандары болғанда ауысуы мүмкiн.»;
3) 32-баптың 9) тармақшасы, 41-баптың 3) тармақшасындағы «тоқталуы» деген сөз «тоқтатылуы негізінде тоқтатылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы және 75-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
4) 15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«15-тарау. Орман пайдалану түрлері»;
5) 89-бап алып тасталсын;
6) мазмұнындағы 15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«15-тарау. Орман пайдалану түрлері».
4. 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Су кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат):
1) 37-баптың 1-тармағының 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«28) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 66-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Арнайы су пайдалануға рұқсатты уәкiлеттi органның өңiрлiк органдары бередi.»;
7-тармақ және 9-тармақтың 3) тармақшасындағы «шарты» деген сөз «шарты бар жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беріледі.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;
10-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктiң көшiрмесiн;»;
4) тармақшадағы «көшірмесін;» деген сөз «көшірмесін ұсынады.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақша алып тасталсын;
3) 89-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сарқынды суларды жерүстi су объектiлерiне ағызуға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген шектерге дейiн тазарту шартымен арнайы су пайдалануға рұқсаты болған кезде жол берiледi.»;
4) 95-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ауыл шаруашылығы мұқтаждары үшiн пайдалану мақсатында ерiген, жауын және тасқын суларды жинауға арналған су шаруашылығы құрылыстары бар жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға рұқсатының болуы міндетті.».
5. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат, № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 17-баптың 38) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«38) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке және заңды тұлғалардың табиғат қорғау iсiн жобалау, нормалау және экологиялық аудит жөнiндегi қызметi осы Кодекстiң 40-бабына сәйкес шаруашылық және өзге де қызметтiң I санаты үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге арналған лицензияның негiзiнде жүзеге асырылады.»;
3) 114-баптың 3), 4) және 21) тармақшалары алып тасталсын.
6. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат):
16-баптың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«25) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
7. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат, № 22, 130, 132-құжаттар, № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 281-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) этил спиртi мен алкоголь өнімін өндiрудi және оның айналымын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын квоталар шегiнде:
тиісті қызмет түріне лицензиясы болған жағдайда дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру үшін;
өз қызметін бастағаны туралы белгіленген тәртіппен хабарлама жасаған мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына босатылатын этил спиртіне;»;
2) 455-баптың 1) тармақшасында:
алтыншы абзац алып тасталсын;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды, сондай-ақ оларды қайта тiркегені;»;
3) 456-баптың кестесінде:
5., 5.1, 5.2., 5.3., 5.4., 5.4.1. және 5.4.2.-жолдар алып тасталсын;
8. және 8.1.-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
8. |
Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тiркегені, сондай-ақ оларды қайта тiркегені үшін: |
|
8.1. |
авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тiркегені үшін |
3 |
»;
8.2., 8.2.1. және 8.2.2.-жолдар алып тасталсын;
4) 457-баптың 5) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу кезінде:»;
5) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) 471-баптың кестесінде:
1.1., 1.3. және 1.5.-жолдар алып тасталсын;
1.22.-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.22. |
Жолаушыларды қалааралық облысаралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақсыз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау |
3 |
»;
1.23., 1.25. және 1.32.-жолдар алып тасталсын;
1.39.-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.39. |
Теле-, радио арналарын тарату жөнiндегi қызмет |
6 |
»;
1.40. және 1.42.-жолдар алып тасталсын;
7) 556-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Уәкілетті орган «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
8) 627-баптың 9-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жоспарлы тексерулер – уәкілетті орган жарты жыл сайын бекітіп отыратын салықтық тексерулер жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын кешенді және тақырыптық тексерулер. Салықтық тексерулер жоспары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау негізінде жасалады;».
8. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 29 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 13-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«13-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы хабарлама»;
22-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау»;
2) 7-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 29-2) және 29-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«29-2) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткiзуді хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын денсаулық сақтау субьектілерінің тізілімін жасау тәртібін бекіту;
29-3) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткiзуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субьектілерінің тізілімін жүргізу;»;
62) тармақша алып тасталсын;
72) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«72) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.»;
3) 9-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзуді жүзеге асыратын субъектілердің тізілімін жүргізеді;»;
4) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
«13-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы хабарлама
Денсаулық сақтау саласындағы мынадай:
1) халықты гигиеналық оқыту;
2) медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткiзу;
3) медициналық техниканы көтерме саудада өткiзу;
4) медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткiзу;
5) медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзу қызметі хабарлама жасау бойынша жүзеге асырылады.»;
5) 19-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
6) 21-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы бақылаудың өзге де нысандары, мынадай:
бару объектінің (субъектінің) орналасқан жері бойынша құқықтық статистика органдарын барғанға дейін бір тәулік бұрын міндетті түрде хабарлама жасай отырып, рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты болған кездегі;
жеке тұлғалардың (үйдегі ауру ошағы) инфекциялық және паразиттік аурулар, тамақтан улану жағдайларында, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу үшін эпидемиологиялық бақылау жүргізу кезіндегі жағдайларды қоспағанда, бақылау объектілеріне (субъектілеріне) бармай-ақ қажеттілік және жеткіліктілік қағидаттарына сәйкес жүргізіледі.»;
7-тармақта:
11) тармақша алып тасталсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызметке берiлген лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;»;
7) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканың айналымы саласындағы
мемлекеттік бақылау
1. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылауға бағытталған.
2. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылаудың объектілері болып табылады.
3. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
4. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік фармацевтика инспекторы және оның орынбасарлары;
2) мемлекеттік фармацевтика инспекторлары;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бас мемлекеттік фармацевтика инспекторлары және олардың орынбасарлары;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мемлекеттік фармацевтика инспекторлары болып табылады.
5. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар жоғары фармацевтикалық білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс.
6. Уәкілетті органның лауазымды адамдарының:
1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сараптама жүргізу үшін оны жүргізуге жеткілікті және осыған қажетті көлемнен аспайтын мөлшерде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың үлгілерін, осы өнімнің құнын өтемей алып қоюға;
2) жарамсыз болған, қолдан жасалған, жарамдылық мерзімі өткен және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, онда өндіруге, дайындауға, сақтауға, қолдануға және өткізуге тыйым салуға;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беруге;
4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес фармацевтикалық қызметке арналған лицензияның қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға;
5) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес фармацевтикалық қызметке арналған лицензиядан айыруға бастамашылық жасауға;
6) заңды талаптарды немесе уәкілетті органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды, қаулыларды жеке және заңды тұлғалар орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгінуге;
7) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан фармацевтикалық қызмет жүзеге асырылатын объектілерге баруға;
8) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы субъектілерден дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы мәселелері бойынша ақпарат, есептеме алуға құқығы бар.»;
8) 54-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
9) 62-баптың 8-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары тексерулер, бақылаудың өзге де нысандары және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерiнiң негiзiнде:»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) елдi мекендер құрылысын жоспарлаудың, өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлердi орналастырудың, салу мен реконструкциялаудың, санитариялық-қорғаныш аймақтарының, су пайдалану мен сарқынды суларды бұру, уытты, радиоактивтi және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату мен көму шарттарының, шикiзаттың, технологиялық жабдықтың, тамақ өнiмдерi өндiрiсi процестерiнiң, азық-түлiк шикiзатының, өнеркәсiп бұйымдарының, құрылыс материалдарының, иондандырушы сәулелену көздерiнiң, химиялық заттар мен өнiмдердiң, биологиялық, дәрiлiк, дезинфекциялаушы, дезинсекциялаушы және дератизациялаушы құралдардың, медициналық иммундық-биологиялық препараттардың және азық-түлiк шикiзатымен, тамақ өнiмдерiмен және ауыз сумен жанасатын ыдыстардың, орама және полимерлiк материалдардың, парфюмериялық-косметикалық және басқа да кең тұтынылатын тауарлардың, жабдықтардың, аспаптар мен жұмыс құрал-саймандарының жаңа түрлерiне арналған стандарттар мен нормативтiк құжаттардың жобаларына;»;
10) 69-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткiзудi дәріхана қоймаларында көтерме саудада өткізуге тиісті лицензия алған не «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметін бастағаны туралы хабарлама жасаған дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы субъектiлер жүзеге асырады.
2. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзудi дәріханаларда, дәріхана пункттерінде, жылжымалы дәріхана пункттерінде бөлшек саудада өткізуге тиісті лицензия алған не «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметін бастағаны туралы хабарлама жасаған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы субъектiлер жүзеге асырады.»;
11) 80-баптың 6-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуге арналған лицензиясы бар не қызметін бастағаны туралы хабарлама жасау бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің тізіліміне енгізілген, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткiзуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;»;
12) 180-баптың 13-тармағы алып тасталсын.
9. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):
1) 27-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 2-1-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Заңды тұлға кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiне енгiзу туралы өтінішті электрондық құжат нысанында беруге құқылы.»;
«2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсыну, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан оларда қамтылған ақпаратты алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.»;
2) 35-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 2-1-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Заңды тұлға кедендік тасымалдаушылардың тiзiлiмiне енгiзу туралы өтінішті электрондық құжат нысанында беруге құқылы.»;
«2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.»;
3) 256-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының техникалық регламентiнде және стандарттарында» деген сөздер «техникалық регламентте және ұлттық стандарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
19-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
11. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат):
1) 7-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
2) 25-баптың екінші бөлігінде:
8) тармақша алып тасталсын;
9) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ішкі су жолдарында жүзу қағидаларының сақталуын бақылауды және қадағалауды;»;
«11) лоцмандық қызметті және өзге де теңіз қызметтерін бақылауды және қадағалауды;».
12. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 4-5-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) атыс тирлерi (атыс орындары) мен стендтерiн ашу және олардың жұмыс iстеу тәртiбiн белгiлейдi;»;
2) 5-1-баптың 1-тармағының 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 10-баптың 1-тармағының 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«20) қару мен оқ-дәрiлердiң (жауынгерлiк оқ-дәрiлердi қоспағанда) сатып алынуына, сақталуына, оларды тасымалдауға, алып жүруге, әкелуге, әкетуге және пайдалануға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға, қару мен оқ-дәрiлердiң, жарылғыш заттардың, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттардың, прекурсорлардың айналымының және олардың жұмыс iстеуiнiң белгiленген қағидаларының сақталуын бақылауға; көрсетілген заттар, нәрселер, материалдар тұрған үй-жайларды әкiмшiлiктiң қатысуымен тексеріп-қарауға; қаруды есепке алуға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда алып қоюға; азаматтардың қолындағы қаруды, оқ-дәрiлерді және оларды қолдану қағидаларының сақталуын бақылау мақсатында олар сақталатын орындарды тексеріп-қарауға; қару мен оқ-дәрiлердi сақтау және пайдалану қағидалары бұзылған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайларда ұйымдар мен азаматтардан оларды алып қою туралы мәселе қоюға;»;
4) 11-баптың 1-тармағында:
33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«33) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестiгiне қорытындыны;
мыналарға:
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, әкелуге, әкетуге;
заңды тұлғаларға:
жарылғыш материалдарды сатып алуға, сақтауға;
азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтауға;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге;
атыс тирлерi (атыс орындары) мен стендтерiн ашуға және олардың жұмыс iстеуіне рұқсаттар беруге;»;
33-5) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«атыс тирлерi (атыс орындары) мен стендтерiн ашу және олардың жұмыс iстеуi;».
13. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
1) 5-баптың 2-тармағының 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық жоспарына;»;
2) 12-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жиынтық жоспарын тиісінше ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 25 мамырына және 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сайтында орналастырады.».
14. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат):
44-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
15. «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):
11-баптың жиырма екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
16. «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
7-1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;».
17. «Өрт қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 6-баптың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 9-5-баптың 5-тармағындағы «стандарттарды» деген сөздер «ұлттық стандарттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 25-бапта:
үшінші бөліктің он екінші абзацындағы «хабарлауға міндетті.» деген сөздер «хабарлауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ ұйымдар мен объектілердегі өртке байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасауға;
шөптесін өсімдіктерді өртеу және ашық алаңқайларда арнайы от әсерлерін қолдану жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге асырудың басталғаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасауға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Өтініш берушілер «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын хабарламалар беруді жүзеге асырады.
Егер іс-қимылды жүзеге асыру үшінші тұлғаларға зиян келтіру қатеріне байланысты болса, хабарламада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өтініш беруші қабылдаған шаралар қосымша көрсетіледі.»;
4) 25-2-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аккредиттеу үшiн ұйым мынадай құжаттарды:
1) электрондық құжат нысанындағы өтiнiштi;
2) ұйымға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі үй-жай туралы, жабдық туралы ақпаратты қамтитын, өтініш беруші электрондық құжат нысанында жасаған мәліметтер нысанын;
3) ұйым мамандарының бiлiмi туралы, мемлекеттiк және (немесе) мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердегi жұмыс өтілі, сондай-ақ олардың арнайы оқыту курстарынан өткенi туралы құжаттарының электрондық көшiрмелерiн ұсынады.»;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «отыз» деген сөз «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Аккредиттеу аттестаттары электрондық құжат нысанында беріледі, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жарамды болады және олардың қолданылу мерзiмi бес жыл.»;
8-тармақтың екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері және 11-тармақ алып тасталсын.
18. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 9-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат):
10-2-баптың 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«30) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
19. «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 83-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 3-баптың 1-тармағының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiкке мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;»;
2) 7-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) атом энергиясын қауiпсiз пайдалануды мемлекеттік реттеуді, персонал мен халыққа радиациялық әсерi бар атом энергиясын пайдаланатын қызмет түрлерiн бақылауды және лицензиялауды;»;
3) 8-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту болып табылады.»;
4) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Ядролық және радиациялық қауiпсiздiк
1. Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет халық денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау, иондандырушы сәуленің зиянды әсерінен жеке және заңды тұлғалар мүлкінің қорғалуы қамтамасыз етілген жағдайда жүзеге асырылады.
2. Пайдаланушы ұйым табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке байланысты кез келген авария және (немесе) авариялық жағдай туралы және (немесе) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметке арналған лицензияның қолданылу шарттарының бұзылуы туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
3. Ядролық және радиациялық қауiпсiздiкті ядролық қондырғылармен, ядролық материалдармен, радиоактивтiк қалдықтармен, радиоактивтiк қалдықтар және (немесе) пайдаланылған ядролық отын сақтау қоймаларымен, алу деңгейiнен жоғары радиоактивтік заттармен, құрамында алу деңгейiнен жоғары радиоактивтік заттар бар немесе иондандырушы сәуле шығаратын (шығаруға қабілетті) аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеуді немесе қандай да бір іс-қимылдарды, операцияларды орындауды қоса алғанда, атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет қауіпсіздігі саласындағы белгіленген нормалар мен қағидаларға сәйкес пайдаланушы ұйым қамтамасыз етеді, атап айтқанда:
ядролық қондырғылар:
жалпы мақсаттағы ядролық қондырғылар;
ядролық отынды дайындау және өндіру жөніндегі қондырғылар;
реактордың түрі көрсетілген атомдық энергетикалық қондырғылар;
реактордың түрі көрсетілген зерттеу атом реакторлары.
Орналастыру пункттері:
жалпы мақсаттағы радиоактивтік қалдықтарды орналастыру пункттері (сақтау қоймалары);
белсенділігі жоғары радиоактивтік қалдықтарды сақтау қоймалары;
белсенділігі орташа радиоактивтік қалдықтарды сақтау қоймалары;
белсенділігі төмен радиоактивтік қалдықтарды сақтау қоймалары;
пайдаланылған ядролық отын қоймалары.
Заттар мен материалдар:
изотоптық құрамы көрсетілген ядролық материалдар;
радиоактивтік элементтер құрамы, белсендiлiктің шекті деңгейі және радиоактивтік заттардың агрегаттық жай-күйі көрсетілген алу деңгейiнен жоғары радиоактивтік заттар.
Радиоактивтік қалдықтар:
белсендiлiктің шекті деңгейі, қалдықтардың түрі және агрегаттық жай-күйі көрсетілген белсенділігі жоғары радиоактивтік қалдықтар;
белсендiлiктің шекті деңгейі, қалдықтардың түрі және агрегаттық жай-күйі көрсетілген белсенділігі орташа радиоактивтік қалдықтар;
белсендiлiктің шекті деңгейі, қалдықтардың түрі және агрегаттық жай-күйі көрсетілген белсенділігі төмен радиоактивтік қалдықтар.
Өнеркәсіптік жабдық:
жалпы мақсаттағы өнеркәсіптік рентген жабдығы;
жалпы мақсаттағы өнеркәсіптік радиоизотоптық жабдық;
радиоизотоптық датчиктер мен өлшеуіштер;
рентгендік дефектоскоптар;
радиоизотоптық дефектоскоптар;
рентгендік анализаторлар;
рентгендік тексеріп қарау жабдығы;
радиоизотоптық тексеріп қарау жабдығы;
зарядталған бөлшектердің үдеткіштері негізіндегі тексеріп-қарау жабдығы;
зарядталған бөлшектердің өнеркәсіптік үдеткіштері.
Медициналық диагностикалық жабдық:
жалпы мақсаттағы медициналық рентген жабдығы;
медициналық рентгендік дентальдық жабдық;
медициналық рентгендік маммографиялық жабдық;
медициналық рентгендтік ангиографиялық жабдық;
медициналық компьютерлік рентгендік томографтар;
медициналық радиоизотоптық диагностикалық жабдық;
зарядталған бөлшектердің медициналық үдеткіштері.
Медициналық терапиялық жабдық:
медициналық терапиялық рентген жабдығы;
медициналық рентгендік симуляторлар;
зарядталған бөлшектердің медициналық үдеткіштері;
медициналық гамма-терапиялық қондырғылар.»;
5) 14-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Пайдаланушы ұйымдар ядролық материалдар мен ядролық қондырғылардың физикалық қорғалуын қамтамасыз етедi. Уәкiлеттi орган ядролық қондырғылар мен ядролық материалдардың физикалық қорғалуының қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады.».
20. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат, № 5, 41-құжат):
10-2-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
21. «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 16-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
1) 17-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiндегi Бас мемлекеттік инспекторы;
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiндегi Бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары;
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөнiндегi мемлекеттік инспекторлары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары;
облыстардың, қалалар мен аудандардың Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жатады.»;
2) 19-баптың он сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
22. «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат):
25-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
23. «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., №15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
1) 15-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Нормативтік құқықтық актінің жобасына осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік орган белгілеген мерзімде сараптамалық қорытынды ұсынылмаған жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертулерсіз келісілді деп есептеледі.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктерi мүшелерiнiң жиынтық пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейiн, оның ішінде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен кейінгі әрбiр келiсу кезiнде оның жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда он жұмыс күні ішінде жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктеріне келiспеу себептерiн негiздеп, жауап жiбередi, ол нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн оның жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.»;
2) 36-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Қызметтің жекелеген түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және бiлiктiлiк талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін, сондай-ақ экспорты мен импорты лицензиялануға жататын жекелеген тауарлар тiзбелерiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлер осы актiлер ресми жарияланғанынан кейiн жиырма бiр күн мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзiлмейді.».
24. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
13-баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
25. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат):
1) 1-бапта:
3) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) асыл тұқымдық зауыт - асыл тұқымды iрi қара малды қоспағанда, белгiлi бiр тұқымға жататын, сапалық сынақтан өткізілген құндылығы жоғары малдың зауыттық және бiр тұқым iшiндегi, аймақтық типтерін, зауыттық желiсін өсiру, жетiлдiру және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;»;
«10) асыл тұқымды малдың ұрығын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық (бұдан әрi – дистрибьютерлiк орталық) – бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын сатып алу, сақтау және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің тізілімі – уәкілетті органның интернет-ресурсында қалыптастырылатын және орналастырылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалардың тізбесі;»;
13), 14) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13) асыл тұқымдық орталық – асыл тұқымды тұқымдық малды күтіп-ұстау, олардың ұрығын, эмбриондарын алу, жинақтау, сақтау және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;
14) асыл тұқымдық репродуктор – құстардың тұқымдары мен кросстарының арғы ата-енелiк немесе ата-енелiк тобын өсiру, жетiлдiру және өткiзу жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлға;»;
«17) асыл тұқымдық шаруашылық – асыл тұқымды iрi қара малды қоспағанда, асыл тұқымды малдың белгiлi бiр түрін, тұқымын, желілерін және типтерін өсiру мен өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлға;»;
18) және 19) тармақшалар алып тасталсын;
22), 39) және 44) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«22) бағалаушы (сыныптаушы) – малды бағалау жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға;»;
«39) техник-ұрықтандырушы – малды қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға;»;
«44) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөнiндегi маман – жоғары өнiмдi асыл тұқымды малдың эмбриондарын алу, криоконсервациялау және ауыстырып салу жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға;»;
2) 11-баптың 2) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«асыл тұқымдық зауыттарды, асыл тұқымдық шаруашылықтарды және асыл тұқымдық репродукторларды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштерін;»;
3) 13-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) асыл тұқымдық зауыттарды, асыл тұқымдық шаруашылықтарды және асыл тұқымдық репродукторларды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштерін әзірлейді;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) және 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
13-2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;»;
28) тармақша алып тасталсын;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін, жартыжылдық тексерулер жүргізудің жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;»;
4) 16-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы хабарламаларды қабылдауға құқылы.»;
5) 16-1-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;
6) 16-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
қызметтің басталғаны туралы хабарлама жасау
1. Жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағанға дейін ол туралы уәкілетті органға «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабарлама жасауға міндетті.
2. Асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар немесе асыл тұқымдық репродукторлар ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалар:
1) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуге;
2) асыл тұқымдық зауытты немесе асыл тұқымдық шаруашылықты немесе асыл тұқымдық репродукторды бағалаудың ең төменгі көрсеткішіне сай болуға;
3) малға өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау (асыл тұқымдық зауыттар үшiн) жүргiзуге;
4) асыл тұқымды малға бағалау жүргізуге;
5) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті.
3. Асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар немесе асыл тұқымдық репродукторлар ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалар хабарламаға мыналардың:
1) жеке куәлігінің (жеке тұлғалар үшін);
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлға үшін);
3) жеке және заңды тұлғалар мамандарының қатысуымен ғылыми ұйымдардың ғалымдары әзірлеген, тұқымдары, типтері, кросстары сапалық анықтаудан өткізілген немесе жасалған малмен жүргізілетін селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жоспарының;
4) мыналарды:
тұқымы сапалық сынақтан өткізілген асыл тұқымды малды, бір тұқым ішіндегі және зауыттық типтерді, зауыттық желiлер мен белгiлi бiр тұқым кросстарын күтіп-ұстауды және пайдалануды (асыл тұқымдық зауыттар үшiн);
тұқымы сапалық сынақтан өткізілген асыл тұқымды мал төлін, бір тұқым ішіндегі және зауыттық типтерді, зауыттық желiлер мен белгiлi бiр тұқым кросстарын бағыттап өсiрудi (асыл тұқымдық зауыттар үшiн);
малды өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау жөнiндегi бақылау-сынақтан өткiзу аулалары мен пункттерiнiң жұмыс iстеуiн (асыл тұқымдық зауыттар үшiн);
асыл тұқымды малдың белгiлi бiр түрін, тұқымын, желiлері мен типтерін өсiруді және өткізуді (асыл тұқымдық шаруашылықтар үшін);
құстардың тұқымдары мен кросстарының желілерін және (немесе) арғы ата-енелiк тобын өсiруді, жетiлдiруді және өткізуді (бірінші реттегі асыл тұқымдық репродукторлар үшін);
құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелiк тобын өсiруді, жетiлдiруді және өткізуді (екінші реттегі асыл тұқымдық репродукторлар үшін) қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың;
5) объектіге жасалған ветеринариялық-санитариялық қорытындының және есепке алу нөмірінің берілгені туралы растаудың;
6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері берген жұқпалы аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қойдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ Халықаралық эпизоотиялық бюро тізіміндегі аурулар бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы ветеринариялық анықтаманың көшірмелерін қоса береді.
4. Асыл тұқымдық орталық ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға:
1) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуі;
2) малға өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргiзуі;
3) асыл тұқымды малға бағалау жүргізуі;
4) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті.
Хабарламаға осы баптың 3-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ:
1) жоғары өнiмдi асыл тұқымды тұқымдық малдың болуын растайтын асыл тұқымдық куәліктердің;
2) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында өндірістік үй-жайларының (ауыл шаруашылығы малының тұқымдық малын күтіп-ұстауға арналған үй-жайдың, тұқымдық малдың ұрығын төменгi температурада мұздатуға және сақтауға арналған зертхананың, ветеринариялық-санитариялық тексеру өткізетін орынның, карантиндік үй-жайдың, изолятордың, зертханалық және криогендiк жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың;
3) сәйкестендіру жүргізуді растайтын ветеринариялық паспорттардың;
4) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың ақпараттық базасының болуын растайтын жергілікті атқарушы органның анықтамасының көшірмелері қоса беріледі.
5. Дистрибьютерлік орталық ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға:
1) меншік немесе ұзақ мерзімді (бес жылдан кем емес) жалға алу немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуі;
2) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті.
Хабарламаға осы баптың 3-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ стационарлық биоқоймалары бар өндiрiстiк үй-жайларды, зертханалық және криогендiк жабдықтарды қоса алғанда, меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
6. Малдың белгілі бір түрі және өнімділігінің бағыты бойынша бағалаушы (сыныптаушы) ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
1) жеке куәлігінің;
2) «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның;
3) ауыл шаруашылығы малының тиісті түрі бойынша бағалау курстарынан өткендігі туралы сертификаттың көшірмелерін қоса береді.
7. Техник-ұрықтандырушы ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
1) жеке куәлігінің;
2) «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» немесе «ветеринария» тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның немесе осы бейін бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттың;
3) ауыл шаруашылығы малын қолдан ұрықтандыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттың;
4) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелерін қоса береді.
8. Эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі маман ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
1) жеке куәлігінің;
2) «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» немесе «ветеринария» тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның;
3) ауыл шаруашылығы малының эмбриондарын телу (ауыстырып салу) бойынша курстардан өткендігі туралы сертификаттың;
4) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк немесе технологиялық жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелерін қоса береді.
9. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палаталар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметін уәкілетті органға хабарлама жасамай-ақ жүзеге асырады.
10. Осы бапта көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.
Құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы берілген жағдайда құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.».
26. «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
7-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
27. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 19-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «Сапаны сыртқы бақылауды жүргiзудiң ережесiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген» деген сөздер «Сапаға сыртқы бақылауды жүргiзудiң қағидаларын уәкілетті орган айқындайтын» деген сөздермен ауыстырылсын.
28. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
18-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;».
29. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 1-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
2) 7-баптың 1-тармағының 25) және 30) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«25) карантинге жатқызылған өнiмге фитосанитариялық және карантиндiк сертификаттар бередi;»;
«30) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 8-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) карантинге жатқызылған өнім мен өсімдіктер карантині жөніндегі бақылау және қадағалау объектілерін тексеріп қарау, қарап тексеру, фитосанитариялық сараптама жүргізу және қажет болған жағдайда, залалсыздандыру кезеңінде, сондай-ақ оларды фитосанитариялық не карантиндік сертификатсыз тасымалдау кезінде немесе олар фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кідіртуге;»;
4) 13-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге фитосанитариялық бақылау бекеттерi арқылы ғана рұқсат етiледi.
Карантинге жатқызылған өнiмге арналған кедендік құжаттарды ресімдеу фитосанитариялық қадағалаудан өткiзiлгеннен кейін жүргізіледi.
Егер басқа мемлекеттердiң карантиндік шаралары Қазақстан Республикасында қолданылатын фитосанитариялық қорғаудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз ететiн болса, олар танылады.
Импорттық және транзиттік карантинге жатқызылған өнiм Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жабық немесе изотермиялық, ақаусыз және пломбаланған контейнерлермен, герметикалық орамдармен, вагондармен, автофургондармен, авторефрижераторлармен және басқа да көлiк құралдарымен тасымалданады.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердiң, халықаралық ұйымдар өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ артықшылықтар мен иммунитеттi пайдаланатын тұлғалардың карантинге жатқызылған өнiмдi әкелуi Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүргiзiледi.»;
2-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарынсыз карантинге жатқызылған өнімді;»;
4-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) экспортталатын карантинге жатқызылған өнiмге арналған шартта көрсетiлген импорттаушы елдiң өсiмдiктер карантинi жөніндегі ұлттық қызметiнiң өсiмдiктер карантинi саласындағы талабын;»;
5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiредi, экспорттаушы елдiң ұлттық карантиндiк қызметiнiң фитосанитариялық сертификатының болуын анықтайды, көлiкке, карантинге жатқызылған өнiмге сыртқы тексеріп қарауды жүргiзедi, карантиндiк зиянкестердi, өсiмдiк ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзедi. Қажет болған кезде үлгiлер мен объектiлер Республикалық карантиндiк зертханаға объектiлердiң қандай карантиндiк түрге жататынын растауға берiледi.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Карантиндiк объектiлермен залалданған көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер, залалсыздандыру көзделген өнiмдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының ұйғарымы бойынша карантиндiк тұрғыдан ықтимал қаупi бар көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер залалсыздандыруға жатады.
Карантинге жатқызылған өнімнің иелерi карантиндiк қарап тексерудің нәтижелерi бойынша өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдарымен көзделген карантинге жатқызылған өнiмдердi залалсыздандыруды фумигациялық отрядтармен шарт жасасу негiзiнде жүргiзедi.
Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнiмнен карантиндiк объектiлер анықталған кезде Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде фумигациялық камераларда, штабельдерде, кемелер мен баржалардың трюмдерінде, вагондарда, контейнерлерде және көлiктiң басқа да түрлерiнде залалсыздандыру бойынша жұмыстар жүргiзiледi.
Карантинге жатқызылған импорттық өнімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының карантиндi аймақтарынан өнiмдi тасымалдаудан кейiн көлiк құралдарының барлық түрлерi өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор белгiлеген жерлерде өнiм қалдықтары жойыла отырып, мiндеттi тазартуға, ал қажет болған жағдайда - фумигациялануға жатады.».
30. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 6-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
2) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Этил спиртiн сақтау және өткiзу қағидалары
1. Этил спиртiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес:
1) тиісті қызмет түріне лицензиясы болған кезде, сондай-ақ өз қызметін бастағаны туралы хабарлама жасаған, белгіленген тәртіппен бөлінген квота шегiнде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына;
2) дайындалуына этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндірушілерге;
3) этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольсіз өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға өткізуге жол беріледі.
2. Этил спиртiн өндiруге лицензиясы болған жағдайда ғана өндірушінің қоймалық үй-жайларында этил спиртін сақтау және өткiзу жүзеге асырылады.
3. Қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар дәрiханаларда этил спиртiн өткiзуді қоспағанда, этил спиртін бөлшек саудада өткізуге жол берілмейді.
4. Этил спиртiн сақтау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) 15-баптың 1, 3 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағында этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы (экспорттаудан басқа):
1) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге уәкiлеттi орган;
2) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттерден импорттауға, алкоголь өнiмiн өндiру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнiмiн сақтауға және көтерме саудада өткізуге, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi беретiн лицензиялардың негiзiнде жүзеге асырылады.»;
«3. Лицензия әрбiр қызмет объектiсiне нақты мекенжайы бойынша берiледi.
Алкоголь өнiмiн импорттауға арналған лицензия осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетiлген түрлері бойынша және сыртқы экономикалық қызметтiң бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес олардың атаулары бойынша берiледi.
Лицензия тиісті құжаттармен бiрге өтiнiш ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей беріледі.»;
«8. Лицензиар біліктілік талаптарына сәйкестігін белгілеу үшін қызмет объектiсi орналасқан жер бойынша өзiнiң аумақтық органдарының қызметкерлерiн тартуға құқылы.».
31. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) стационарлық үй-жайлар - iргетасы бар, олардың тiреу конструкциясына нұқсан келтiрмей оларды орнынан ауыстыру мүмкiн болмайтын күрделi ғимараттар, құрылыстар немесе олардың бір бөлiгi;»;
2) 4-3-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мерзімді баспасөз басылымдарын және ақпарат агенттіктерін есепке қоюды жүзеге асырады;»;
3) 4-4-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
4) 10-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттiгiн есепке қою, қайта есепке қою туралы өтiнiш түскен күнiнен бастап он жұмыс күні iшiнде қаралуға тиiс. Өтiнiштi қараудың қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпарат агенттiгiнiң меншiк иесiне есепке қою туралы куәлiк бередi не мынадай негiздер бойынша:
1) егер уәкiлеттi орган бұрын сол атаумен және сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпарат агенттiгiнiң атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттiгiн есепке қойғаны туралы куәлiк берген болса;
2) егер өтiнiштiң мазмұны осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келмейтiн болса;
3) егер мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттiгiн есепке қою үшiн алым төленбесе;
4) егер меншiк иесiнiң ауысуына орай мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттiгiн қайта есепке қою туралы өтiнiште мерзiмдi баспасөз басылымына немесе ақпарат агенттiгiне меншiк құқығын басқа тұлғаға берудi растайтын шарттың нөмірі мен жылы, айы, күні көрсетілмесе;
5) егер шығарылуын бұрын сот тоқтатқан аты (атының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпарат агенттiгi есепке қоюға мәлiмделген болса немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпарат агенттiгi мәлiмделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпарат агенттiгiнiң меншiк иесi немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш берген жағдайда есепке қоюдан бас тартады.»;
5) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы өтiнiште:
1) мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпарат агенттiгi меншiк иесiнiң – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жерi немесе мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпарат агенттiгi меншiк иесiнiң – заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны;
2) мерзiмдi баспасөз басылымының, ақпарат агенттiгi материалдары мен хабарларының тiлi (тiлдерi);
3) шығарылымның болжамды мерзiмдiлiгi;
4) негiзгi тақырыптық бағыты;
5) таралу аумағы;
6) бас редактордың (редактордың) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде);
7) редакцияның мекенжайы көрсетiлуге тиiс.»;
6) 14-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын:
1) стационарлық емес үй-жайларда;
2) мөлдiр ораммен буып-түйiлмеген күйiнде;
3) білім беру ұйымдарының, балалар мекемелерінің, ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) үй-жайларында және аумақтарында;
4) жасы он сегізге толмаған адамдарға бөлшек саудада сатуға тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Субъектілер, эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi баспасөз басылымдарын тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметін жүзеге асыратын жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына бұл туралы хабарлама жасауға міндетті.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi баспасөз басылымдарын таратуды бастағаны туралы хабарлама жасаған субъектілердің тізілімін жүргізеді.».
32. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 77-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 64-құжат):
23-бапта:
9) және 16) тармақшалар алып тасталсын;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) спорт ғимараттарын пайдалану нормалары мен қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
19) тармақша алып тасталсын;
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
33. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 7, 165-құжат; 2004 ж., № 11-12, 62-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
5-баптың 2-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
34. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат):
1) 10-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өзiнiң кәсiпкерлiк қызметi ретiнде күзет қызметтерiн көрсететiн коммерциялық ұйым жеке күзет ұйымы болып табылады. Жеке күзет ұйымының, хабарлама жасау тәртібінің шарттарын сақтаған жағдайда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ.»;
2) мынадай мазмұндағы 15-1 және 15-2-баптармен толықтырылсын:
«15-1-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және
оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі
қызметті жүзеге асыру тәртібі
1. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет хабарлама жасау тәртібін сақтаған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Хабарлама жасау тәртібі «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету қызметін жүзеге асыратын субъектілер осы Заңның 15-2-бабында белгіленген талаптарға сай келуге тиіс.
4. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган осы қызмет түрімен айналысу үшін хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізеді.
15-2-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және
оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті
жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талаптар
1. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар:
1) заңды тұлға маманының жұмыс саласына сай келетін жоғары немесе орта техникалық білімінің;
2) күзет дабылы құралдарын баптауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді және монтаждалатын жабдықтың техникалық жай-күйін тескеруді жүзеге асыру үшін жабдығы бар үй-жайлардың (немесе оларды жалға алу шартының) болуын көздейді.
2. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қойылатын талаптар:
1) жұмыс саласына сай келетін жоғары немесе орта техникалық білімінің;
2) күзет дабылы құралдарын баптауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді және монтаждалатын жабдықтың техникалық жай-күйін тескеруді жүзеге асыру үшін жабдығы бар үй-жайлардың (немесе оларды жалға алу шартының) болуын көздейді.
3. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын басшылары, қызметкерлері, жеке тұлғалар психикалық ауруына байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмайтын, заңда белгiленген тәртiппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы жоқ не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің Ерекше бөлiмi бабының тиiстi бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шектi мерзiмi өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс.»;
3) 20-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Мемлекеттік бақылау
1. Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметіне, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган мен оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.».
35. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, № 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-11, 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«2-11. Мәліметтер нысаны - мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келетіні туралы ақпаратты қамтитын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген электрондық немесе өзге де нысандағы құжат.»;
«4. Хабарлама жасау тәртібі деп, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүзеге асырылатын валюталық операциялар туралы хабарлама жасауды қоспағанда, өтініш берушінің қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдардың жүзеге асырылуы басталғанға дейін бұл туралы осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органға хабарлама жасау міндетін белгілейтін рәсім түсініледі.
5. Хабарлама – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша жасалған, қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылуы басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлайтын (оның ішінде электрондық құжат нысанындағы) құжат.
Хабарламаның нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді.»;
2) 9-1-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1-бап. Регламент және стандарт, мемлекеттік орган және
мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесi туралы
ереже»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Мемлекеттік органның мәртебесі мен құзыреті мемлекеттік орган туралы ережемен айқындалады.
Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу мен бекіту жөніндегі нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Мемлекеттік орган туралы үлгі ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
3) 9-2-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында өздеріне көзделмеген функцияларды жүзеге асыруына тыйым салынады.»;
4) 15-2-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу үшін белгіленген талаптарға сәйкестікті растау өтініш берушінің мәліметтер нысанын ұсынуы арқылы жүзеге асырылады.»;
5) мынадай мазмұндағы 15-3-баппен толықтырылсын:
«15-3-бап. Хабарлама жасау тәртібі
1. Қазақстан Республикасының заңдарында осындай міндет белгіленген жағдайда қызмет түрлері немесе белгілі бір іс-қимылдар хабарлама жасау тәртібіне жатады.
2. Өтініш берушілер хабарламаларды мемлекеттік органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына береді не оны «электрондық үкімет» веб-порталында электрондық құжат нысанында өтініш толтыру арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін қоспағанда, мемлекеттік органдарда және халыққа қызмет көрсету орталықтарында хабарламаларды қабылдау қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Мемлекеттік органның хабарламаны қабылдап алғаны туралы талоны, халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдап алғаны туралы белгісі бар хабарламаның көшірмесі немесе электрондық құжат нысанындағы талон өтініш берушінің хабарлама беру міндетін орындағанын растау болып табылады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, өтініш беруші қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды хабарлама берілгеннен кейін бірден бастауға құқылы.
Жекелеген қызмет түрлерінің немесе іс-қимылдардың ерекшелігі ескеріле отырып, кейбір жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында хабарлама беру үшін мерзімдер белгіленуі мүмкін.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда хабарламаға қажетті құжаттар қоса беріледі, бұл ретте мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан алынуы мүмкін құжаттар мен өзге де ақпаратты өтініш берушіден талап етуге тыйым салынады.
5. Мемлекеттік орган хабарламаны алғаннан кейін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын дербес тексереді.
6. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жағдайларда субъектінің қызметі немесе қызметінің жекелеген түрлері тоқтатыла тұруы немесе оларға тыйым салынуы мүмкін.
Қызметті немесе белгілі бір іс-қимылдарды хабарлама жасау тәртібін сақтамай жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
7. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мемлекеттік органдар хабарлама берген субъектілердің тізілімін (бұдан әрі – тізілім) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүргізеді. Тізілімнен шығарып тастау субъектінің өтініші бойынша, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тыйым салу туралы сот шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады және субъектіні қызметін жүзеге асыру құқығынан айырады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, тізілім мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында еркін қолжетімділік режимінде орналастырылады.
Тізілім тәуекелдерді басқару жүйесін және тексеруді жүргізу жоспарын қалыптастыруға негіз болып табылады.
Сот дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрған жағдайда тізілімге тиісті мәліметтер енгізіледі.
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан жері, хабарламада көрсетілген қызметті немесе іс-қимылдарды жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ хабарламада толтыру үшін сол туралы ақпарат міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгерген жағдайда, субъект осы бапта белгіленген тәртіппен он жұмыс күні ішінде көрсетілген өзгерістер туралы хабарлама беруге міндетті.».
36. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 23, 97-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 2-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) бағалау туралы есеп – бағалаушының бағалау жөніндегі жұмыстың нәтижелері туралы тапсырыс берушіге беретін, осы Заңның талаптарына сай келетін жазбаша хабары;»;
2) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жүргiзiлген бағалаудың нәтижелерi бойынша бағалау туралы есеп екi данада жасалады, оның біреуi тапсырыс берушiде, екiншiсi бағалаушыда сақталады. Бағалау туралы есептiң нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.»;
3) 10-2-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағалау стандарттары Қазақстан Республикасындағы бағалау стандарттары болып танылады.»;
4) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Бағалаушылар палаталарының қызметiн бақылау
1. Уәкілетті орган осы Заңның талаптарын бағалаушылар палаталарының орындауына бақылауды жүзеге асырады.
2. Бақылау тексеру нысанында және бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бақылаудың өзге де нысандары осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
5) 19-бапта:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
3) бағалау стандарттарын әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу;».
37. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат, № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
1) 6-бапта:
3-1) тармақша алып тасталсын;
20-1) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«20-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;»;
«22) астық нарығына қатысушыларда астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексеру;»;
2) 7-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау.»;
3) 33-2-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) астық нарығына қатысушыларда астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.».
38. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат):
6-баптың 2-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеуге және бекітуге;».
39. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 10-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;»;
2) 11-баптың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«20) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
40. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 17-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға хабарлама жасамай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу;»;
2) 20-бапта:
12) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;»;
«22) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;»;
23) тармақша алып тасталсын;
3) 24-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;»;
4) 25-бапта:
1-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;»;
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;»;
3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;»;
5) 26-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;»;
6) 30-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Құрылыс салу қағидалары немесе оларға енгiзiлген өзгерiстер қолданысқа енгізілгенге дейiн жобаларды келiсу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұрын берiлген рұқсат беру құжаттарында көрсетiлген мерзiм iшiнде қолданылады.»;
7) 31-1-баптың 3-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы жіберілетін хабарламаның болуын;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) хабарламада көрсетілген деректердің анықтығын;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мемлекеттiк қабылдау және қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауы тиіс объектiлер құрылысы кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық қадағалауды ұйымдастыруын және жүзеге асыруын;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) мемлекеттiк қабылдау және қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауы тиіс объектілердің құрылысы кезінде тапсырыс берушінің (меншік иесінің) авторлық қадағалауды ұйымдастыруын;
6-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында техникалық және авторлық қадағалаудың мемлекеттік нормативтермен белгіленген техникалық және авторлық қадағалауларды (инжинирингтік қызметтер көрсетуді) жүзеге асыру тәртібін сақтауын анықтайды.»;
33-бапта:
1-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың, жобалар сараптамасының оң қорытындысының, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға жіберілген хабарламаның болуына;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) хабарламада көрсетілген деректердің анықтығына;»;
8) тармақшадағы «жүзеге асырылуына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады.» деген сөздер «жүзеге асырылуына;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) техникалық және авторлық қадағалаудың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында техникалық және авторлық қадағалауларды (инжинирингтік қызметтер көрсетуді) жүзеге асырудың мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртібін сақтауына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады.»;
3-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақтың 3) тармақшасындағы «жүргізу құқығы беріледі.» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле басталғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін, осы хабарлама алынған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей объектілер мен кешендерге бару құқығы беріледі.»;
9) 34-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттiк қабылдау және қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауы тиіс объектiлердің құрылысы кезiнде;»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттiк қабылдау және қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауы тиіс объектiлердiң құрылысы барысында жүргiзiлетiн авторлық қадағалау шарт негiзiнде жүзеге асырылады.»;
10) 34-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк қабылдау және қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдауы тиіс объектiлердiң құрылысы кезiнде мiндеттi түрде техникалық қадағалау жүзеге асырылуға тиiс.»;
11) 37-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қала құрылысы және сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру;»;
12) 60-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Объектілерді және олардың кешендерін бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салған (кеңейткен, жаңғыртқан, техникалық қайта жарақтандырған, реконструкциялаған, қалпына келтірген, күрделi жөндеуден өткізген) жағдайда, құрылыс-монтаждау жұмыстары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес тоқтатыла тұрады.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын қайта бастау белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлген тиісті жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы болған кезде ғана жүргізіледі.»;
13) 64-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындылары:
1) құрылыстың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын;
2) осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда конкурстық (тендерлiк) құжаттаманы бекiту үшін негіз болып табылады.
Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк инвестициялар есебiнен немесе олардың қатысуымен салынатын объектiлер бойынша мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысы болмаса, жобалау құжаттамасын бекiтуге жол берiлмейдi.»;
14) 68-баптың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Тапсырыс беруші құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен сараптаманы өткізу міндетті болған жағдайда оның оң қорытындысының және жер учаскесін таңдау актісінің көшірмелерін қоса бере отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға хабарлама жасауға міндетті.»;
15) 75-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілген талапты аудандардың, қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру кезінде белгiлейдi және ол осы тапсырмада көрсетілуге тиіс.»;
16) 76-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілген шектеулердi жергiлiктi атқарушы органдар тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру кезінде белгiлейдi және олар осы тапсырмада көрсетілуге тиіс.».
41. «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
1) 1-баптың 37) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«37) локомотивтiк тартқыш операторы – меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тартқыш көлiк құралына (локомотивке) иелiк ететiн, оны күтiп-ұстауды, пайдалануды қамтамасыз ететін тұлға;»;
2) 10-бап алып тасталсын;
3) 14-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту;»;
2-тармақта:
25) және 30) тармақшалар алып тасталсын;
34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«34) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;»;
4) 57-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кiрме жолдардың магистральдық және стансалық жолдарға жалғастырылуы магистральдық темір жол желісі операторының келісуімен жүзеге асырылады.
Магистральдық темір жол желісінің операторы кiрме жолдарды магистральдық және стансалық жолдарға жалғастырудан бас тартқан жағдайда табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган шағымдарды қарауды жүзеге асырады.».
42. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
1) 4-бапта:
2-тармақта:
8) тармақша алып тасталсын;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту;»;
3-тармақта:
4) тармақша алып тасталсын;
16), 18), 23) және 35) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) порттың теңіз әкімшілігі арқылы жүзеге асырылатын теңізде жүзу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау;»;
«18) Пайдаланудағы, қыста тоқтатып қойған кемелерге уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің тексеріп қарау жүргізуін бақылау;»;
«23) порттық құрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын бақылау және қадағалау;»;
«35) шетелдік сыныптау қоғамдарының немесе Кеме қатынасы тіркелімінің теңіз кемелеріне техникалық қадағалау жүргізуін және олардың сыныпталуын мемлекеттік бақылау;»;
39) тармақша алып тасталсын;
47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«47) шағын кеменің кеме жүргізушілерін даярлау бойынша курстарды есепке алу;»;
2) 8-3-баптың 4, 5 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелер шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
5. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерді техникалық қадағалауды уәкілетті орган бастапқы, жыл сайынғы және кезектен тыс техникалық куәландырулар жүргізу, сондай-ақ арнайы және бақылап тексеруді жүргізу арқылы жүзеге асырады.»;
«7. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүзетін кемелердің кеме жүргізушілері кеме жүргізушілерді даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өтуге және оларда шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі болуға тиіс.
Шағын көлемді кемені басқару құқығына арналған куәлік беруді, кеме жүргізушілерді даярлау бағдарламасын келісуді және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды уәкілетті орган кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Ұйымдар шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашу кезінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне:
1) оқытушылар құрамының су көлігі саласындағы мамандық бойынша жоғары немесе орта техникалық білімі туралы дипломдарының көшірмесін;
2) кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгі бағдарламасы негізінде әзірленген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бойынша оқу бағдарламасын;
3) оқу процесін ұйымдастыру үшін меншік құқығындағы немесе жалға алынған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, қызметті бастағаны туралы хабарлама жібереді.
Хабарлама жасау «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.».
43. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат):
1) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі:
1) авторлық құқық пен сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы объектілерін пайдалану саласында;
2) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
2) 21-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
3) 24-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) орталық мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкiмдіктерде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердi тексерудi жүзеге асыруға;».
44. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 9, 44-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат):
1) 7-баптың 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«28) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 11-1-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанындағы декларация сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесімен бірге тіркеу үшін уәкілетті органға ұсынылады.»;
3) 13-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-2-бап. Жаттығу дабылдары және аварияға қарсы жаттығулар
1. Қауіпті өндірістік объектіде ұйым басшысы бекіткен жоспар бойынша жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығулар жүргізіледі.
Ұйым жаттығу дабылдарын және аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін жазбаша хабардар етеді.
2. Ұйым басшысы жаттығу дабылын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және авариялық-құтқару қызметінің өкілдерімен бірлесіп жүргізеді.
3. Жаттығу дабылының қорытындылары актімен ресімделеді. Актіде жазылған ұсыныстардың орындалуын бақылау ұйымның басшысына жүктеледі.»;
4) 14-8-бап алып тасталсын;
5) 14-10-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өтініш беруші технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға рұқсат алу үшiн:
1) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың қолданылу мақсаты және қолданылу саласы туралы қысқаша ақпараты бар элекрондық құжат нысанындағы өтiнiшті;
2) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өндірістік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесін береді.
Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалары технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға рұқсат алу үшiн уәкiлеттi органға:
1) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың қолданылу мақсаты және қолданылу саласы туралы қысқаша ақпараты бар өтiнiшті;
2) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi туралы сараптамалық қорытындыны береді.»;
6) 14-13-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аттестаттау үшiн ұйым уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өнеркәсiп саласын және жүзеге асырылатын қызметтiң түрiн көрсете отырып, электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
2) ұйымның өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi туралы сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесін ұсынады.
3. Құжаттарды қарау құжаттарды толық көлемде берген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.».
45. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 5-бапта:
5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін, геодезия және картография саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерді бекіту;»;
2) 6-бапта:
4), 7), 9) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттiк геодезиялық бақылауды жүзеге асыру;»;
«7) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтіндерін қоспағанда, геодезия және картография саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерді әзірлеу, бекіту;»;
«9) геодезиялық пункттердi есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз етудi бақылау;»;
«11) Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасының бұзылу фактілері анықталған жағдайда геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тоқтата тұру;»;
мынадай мазмұндағы 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) геодезиялық және картографиялық қызметінің басталғандығы туралы хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізу;
15-2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулерді жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;»;
3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Геодезия және картография саласындағы хабарлама
1. Геодезиялық және картографиялық қызметтің мынадай түрлері «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берілетін хабарлама бойынша жүзеге асырылады:
1) геодезиялық жұмыстарды жүргізу;
2) картографиялық жұмыстарды жүргізу.
2. Осы Заңның 7-1-бабына сәйкес геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талаптарға сәйкес мәліметтер мен құжаттар хабарламаға қоса беріледі.»;
4) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуді
жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талаптар
Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын субъектілерде:
1) геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, меншікті немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығының не зауыттық нөмірі көрсетілген, салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар, құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызмет көрсетуге арналған шарттың;
2) штатында геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маманның болуы міндетті.»;
5) 9-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы және 12-баптың 8-тармағы алып тасталсын.
46. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
6-баптың 1-тармағының 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«26) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;».
47. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат):
8-баптың 43) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«43) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;».
48. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 173-құжат):
7-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзiрлеу және бекiту;».
49. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік қызмет көрсетуді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететiн құжат;»;
2) 5-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 7-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттың электрондық көшірмесі беріледі.».
50. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 6, 46-құжат):
1) 1-баптың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) технологиялық жабдық – инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлар.»;
2) 19-баптың 1), 3), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң заңды тұлғаның басшысы қолымен және мөрімен расталған көшiрмесi;»;
«3) заңды тұлға жарғысының заңды тұлғаның басшысы қолымен және мөрімен расталған көшiрмесi;»;
«5) инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдарды сатып алуға жұмсалған шығындарды негiздейтiн, тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн құжаттардың заңды тұлғаның басшысы қолымен және мөрімен расталған көшiрмелерi;
6) инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны қаржыландырудың көздерi мен кепiлдiктерiн белгiлейтiн құжаттардың заңды тұлғаның басшысы қолымен және мөрімен расталған көшiрмелерi. Инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны өз қаражатынан қаржыландырған жағдайда олардың бар екендiгi туралы жазбаша растама қағазы қоса берiледi;».
51. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 1-бапта:
5), 24) және 32) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) байқаудан өткiзушi – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергiлiктi атқарушы органына ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiн байқаудан өткiзу жөніндегі қызметтің басталғандығы туралы хабарлаған жеке тұлға;»;
«24) тұқымдар тобы – тиiстi құжатпен (байқаудан өткiзу актiсiмен, тұқым аттестатымен, тұқым куәлiгімен, тұқымдардың кондициялығы туралы куәлiкпен, тұқымдарға талдау жасау нәтижесiмен, карантиндiк сертификатпен, фитосанитариялық сертификатпен) расталған, шығу тегi мен сапасы жағынан бiртектес тұқымдардың белгiлi бiр мөлшерi;»;
«32) тұқым сарапшысы – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергiлiктi атқарушы органына тұқымдардың сорттық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі қызметтің басталғандығы туралы хабарлаған, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана маманы;»;
2) 4-бапта:
1) тармақшада:
тоғызыншы абзац алып тасталсын;
оныншы абзацтағы «байқаудан өткiзушiнi және тұқым сарапшысын қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сұрыптық егiстерiн байқаудан өткiзу және тұқымдардың сорттық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алу;»;
12) тармақша алып тасталсын;
3) 5-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау тәртібін бекiтедi;»;
4) 6-баптың 1-тармағында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау тәртібін әзірлейді;»;
13) тармақша алып тасталсын;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
5) 6-1-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметінің басталғандығы туралы хабарлаған байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алуды жүзеге асырады;»;
6) 8-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына:
субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәліктің қолданылуын;
ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiн байқаудан өткiзу жөніндегі қызметті;
тұқымдардың сорттық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгiзуге;»;
7) 9-бапта:
2-тармақтың 1) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
3-тармақта:
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу, тасымалдау және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын мынадай:»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) байқаудан өткізу кезеңінде байқаудан өткізушілердің жұмысын, сондай-ақ тұқым өндірушілердің осы Заңның 14-бабы 2-тармағының нормаларын сақтау нысанасына оларды тексеруді;»;
8) 10-баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
9) 11-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар кiредi.»;
10) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
«14-1-бап. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiн
байқаудан өткiзу және тұқымдардың сорттық және
егістік сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметке
қойылатын талаптар
1. Жеке тұлғалар ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiн байқаудан өткізу жөніндегі қызметті және тұқымдардың сорттық және егістік сапасына сараптаманы жүзеге асыру үшін хабарламамен бірге:
1) аграрлық бейіндегі немесе өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу жөніндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің болуын;
2) арнайы даярлықтан өткендігін (байқаудан өткізушілер үшін – байқаудан өткізушілер курстары);
3) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханадағы (тұқым сарапшылары үшін) жұмысы немесе тағылымдамасы (кемінде екі ай) туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
2. Байқаудан өткізушілер және (немесе) тұқым сарапшылары мынадай талаптарға сай болуға тиіс:
1) байқаудан өткізушілер үшін:
аграрлық бейіндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;
арнайы даярлығы (байқаудан өткізушілер курстары) туралы құжаттың болуы;
2) тұқым сарапшылары үшін:
аграрлық бейіндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;
тұқым сапасына және екпе материалына сараптама жасау жөнiндегi зертханадағы жұмысы немесе тағылымдамасы (кемінде екі ай) туралы құжаттың болуы.»;
11) 22-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тек қана себуге арналған тұқымдар тобынан сынамаларды iрiктеп алуды тұқым өндiрушілердiң өтiнiмi бойынша тұқым сарапшылары және (немесе) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi аттестатталған зертханаларда тиiстi даярлықтан өткен тұқым өндiрушiлер (олардың өкiлдерi) жүргiзедi.»;
12) 23-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi аттестатталған зертханалар берген, олардың сорттық және егістік сапасын растайтын құжаттар (сорттық егiстердi байқаудан өткiзу актiсi, тұқымдардың кондициялығы туралы куәлiк, тұқымдарға талдау жасау нәтижелерi) негiзiнде тұқым өндірушілер тұқым аттестатын немесе тұқым куәлiгін бередi.».
52. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 1-бапта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау – тұрақты тасымалдауға жатпайтын, белгіленген тәртіппен берілген лицензиялары бар тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып жүзеге асыратын тасымалдаулар;»;
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) сервис орталығы (шеберхана) – тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;»;
2) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Автокөлік құралдарын тахографтармен жабдықтау жөніндегі
талаптар
1. Тахографтармен жабдықтауға автобустар, жүк автомобильдері, оның ішінде:
1) қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды;
2) жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
3) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдауды;
4) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын мамандандырылған автомобильдер жатады.
2. Тахографтарды орнатуды және оларға қызмет көрсетуді сервис орталықтары (шеберханалар) жүзеге асырады.
3. Тахографтарды, оның ішінде электрондық (цифрлық) тахографтарды және электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды пайдалану жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, оларда:
1) жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу режимiне және оны тіркеуге қойылатын талаптар;
2) тахографтарды орнату және пайдалану жөніндегі талаптар;
3) тахографтарды орнатуды және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын сервис орталықтарына (шеберханаларға) қойылатын талаптар;
4) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу тәртібі;
5) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды сертификаттау және беру тәртібі;
6) электрондық (цифрлық) тахографтар бойынша ұлттық дерекқордың жұмыс істеу тәртібі белгіленеді.
4. Электрондық карточкаларды қолданбай электрондық (цифрлық) тахографтарды пайдалануға жол берілмейдi.
5. Жеке немесе заңды тұлғалар тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуының басталуы алдында «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.»;
3) 12-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) автомобиль көлігімен қауiптi жүктерді тасымалдау қағидаларын бекiтедi;»;
4) 13-бапта:
16) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
«18) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;»;
19) тармақша алып тасталсын;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;»;
5) 19-5-баптың 1-тармағында:
4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсаттың болуын тексеру арқылы жүргізіледі.»;
6) 19-6-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған (Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүкті тасымалдауға уәкiлеттi орган берген арнайы рұқсатпен, қауiптi жүктi тасымалдау маршрутының бланкісімен, жүргiзушiге және автокөлiк құралына қауiптi жүктi тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлiктермен);»;
3-тармақта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдау қағидалары талаптарының орындалуын;»;
11) тармақша алып тасталсын;
7) 19-7-баптың бірінші бөлігінде:
13) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13) шетелдiк автокөлiк құралдарының уақытша кiруiн тiркеу;»;
«15) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттiң аумағы бойынша жүріп-тұруына рұқсаттар беру;»;
мынадай мазмұндағы 22) және 23) тармақшалармен толықтырылсын:
«22) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру;
23) сервис орталықтарын (шеберханаларды) бақылау.»;
8) 19-8-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк рейстен керi бағытта қайтып бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралына Қазақстан Республикасының аумағында жолшыбай жүк тиелген кезде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгiленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкiлеттi орган беретiн Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруға қосымша рұқсаттың болуы қажет.»;
9) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдауды
ұйымдастыру
1. Дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастау алдында «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы хабарламаны уәкiлеттi органға жіберуге міндетті.
2. Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға (бұдан әрi – таксимен тасымалдаушы) жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде:
1) жолаушыларды және багажды тасымалдау үшiн автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидаларына сәйкес бірыңғай түсті гаммасы және айырым белгiлерi бар таксилердi пайдалануға;
2) әрбiр автокөлiк құралы үшiн таксометрдің немесе бақылау-кассалық аппараттың болуы;
3) автокөлiк құралдарының рейс алдында техникалық байқаудан және такси жүргiзушiлерінің рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз етуге;
4) диспетчерлік қызметтің немесе диспетчерлiк қызмет көрсету шартының болуын қамтамасыз етуге;
5) таксидің ақауы болған жағдайда, оны уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуге міндетті.
Таксимен тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мiндеттерді атқарады.
3. Тасымалдаушының жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша:
1) таксилердiң тұруы, жолаушыларды отырғызу мен түсiру үшiн таксилердiң арнайы жабдықталған тұрақтарын пайдалануға;
2) жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтай отырып, жол желiсiнiң кез келген учаскелерiнде жолаушыларды отырғызуға және түсiруге құқығы бар.
Таксимен тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бap.»;
10) 37-бап мынадай мазмұндағы 4, 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүкті тасымалдау Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүкті тасымалдауға арналған рұқсат беру құжаты – арнайы рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Жүргiзушiге халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктерді автокөлiк құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлiкті халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар береді.
6. Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастау алдында «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.
7. Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктерді тасымалдау қағидаларында:
1) қауiптi жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбі;
2) қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне қойылатын талаптар;
3) қауiптi жүктерді тасымалдайтын автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар;
4) қауiптi жүктерді тасымалдайтын автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұру тәртібі;
5) 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсатты беру тәртібі айқындалады.».
53. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
5-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
54. «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар):
31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын тауарларды көтерме саудада сату кезiнде сатып алушының талабы бойынша оған сәйкестiк сертификатын не сәйкестiк сертификаты көшірмесінің берілген күнін көрсете отырып, тауарларды беруші болып табылатын заңды тұлға басшысының немесе құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның немесе дара кәсіпкердің мөрімен және қолымен расталған сәйкестiк сертификатының көшірмесін не сәйкестiк туралы декларацияны көрсетуге;».
55. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар):
1) 2-баптың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) байланыс операторы – байланыс қызметтерiн көрсететін жеке немесе заңды тұлға;»;
2) 7-бапта:
14-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14-5) жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын бекiту;»;
мынадай мазмұндағы 14-9) тармақшамен толықтырылсын:
«14-9) байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;»;
3) 8-бапта:
1-тармақта:
8-1), 8-3) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;»;
«8-3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;»;
«18) ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тiзiлiмдерiн жүргiзу;»;
мынадай мазмұндағы 19-6) тармақшамен толықтырылсын:
«19-6) байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;»;
2-тармақта:
5) тармақша алып тасталсын;
9-1) және 9-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
9-2) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы почта жөнелтiлiмдеріне почта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау;»;
4) 9-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы және 11-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
5) 12-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Байланыс операторларына және радиожиiлiк спектрiн өндiрiсiшiлік қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануды көздейтiн тұлғаларға радиожиiлiк спектрiн пайдалануға арналған рұқсаттар белгiленген үлгiдегi өтiнiмдер уәкiлеттi органға келiп түскен күннен бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрмей берiледi.»;
6) 18-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) радиожиiлiк спектрi көлемiнiң жеткілiксiз болуы себепті байланыс қызметi Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы белгiлi бiр аумақта жұмыс iстейтiн байланыс операторларының ықтимал саны бойынша шектеу ұсынылған ауқымдағы радиожиiлiктi пайдалана отырып көрсетiлетiн болса, конкурстық негiзде берiледi. Бұл ретте, байланыс операторына радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілетін аумақтарды не елді мекендерді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер жүктеледі;»;
7) 28-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Байланыс құралдарының, телекоммуникация ғимараттары мен желiлерiнiң бүлiнуiне, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды дайындаудың, сатып алудың, әкелудiң, пайдаланудың, барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілiктi құрылғылардың жұмысына арналған радиожиiлiктердi пайдаланудың белгіленген тәртібiн бұзуға жол берген, сондай-ақ теле- және радио қабылдауға нормаланбаған бөгеуiлдер жасайтын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;
8) 28-5-баптың 1-тармағы бесінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсат берілген, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құрал мен жоғары жиілікті құрылғының жұмысында бөгеуiлдер туындаған жағдайда:»;
9) 5-1-тарау мынадай мазмұндағы 28-8-баппен толықтырылсын:
«28-8-бап. Радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және
(немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингі
1. Радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингі – уәкiлеттi органның радиожиiлiк ресурсын пайдалану жөнінде шешiм қабылдауы үшiн қажеттi ақпаратты алу мақсатында радиосигналдардың және радиосәуле тарату көздерінің параметрлері мен сипаттамалары туралы деректерді жинау, өңдеу, талдау және сақтау жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенi.
2. Азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингі:
1) радиожиiлiк спектрiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн анықтау;
2) радиосәуле тарату параметрлері мен сипаттамаларын дерекқорда тіркелген көздердің мәлімделген параметрлері мен сипаттамаларына сәйкестендіру;
3) тiркелмеген радиосәуле тарату көздерін табу;
4) радиосәуле тарату көздерінің орналасқан жерін табу;
5) Халықаралық электр байланысы одағының, Өңірлік электр байланысы одағының және Компьютерлік оқыс оқиғаларға ден қою қызметінің ұсынымдары бойынша, сондай-ақ шекара маңындағы елдердің байланыс әкімшіліктерінің өтініштері бойынша жұмыстарды орындау шеңберінде өлшеулер жүргізу;
6) азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингі нәтижелерiн есепке алу, сақтау және өңдеу мақсатында жүзеге асырылады.».
56. «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 1-бапта:
13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1) кеме ипотекасы – мемлекеттiк тiркеуге жататын ішкі суда жүзетiн кеменiң, шағын көлемдi кеменің, «өзен-теңiзде» жүзетiн кеменiң тиiстi тiзiлiмде тiркелген шарт негiзiнде туындайтын ипотекасы;»;
40) тармақша алып тасталсын;
2) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау құқықтық қамтамасыз ету арқылы, техникалық реттеу, Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.»;
3) 8-бапта:
9) тармақша алып тасталсын;
10) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту;»;
«24) шағын көлемдi кемелерге техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;»;
4) 9-бапта:
1-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;»;
20) тармақша алып тасталсын;
2-тармақта:
9) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жеке және заңды тұлғалардың ішкi су жолдарында жүзу қағидаларын сақтауын бақылау және қадағалау;»;
«11) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру;»;
12) тармақша алып тасталсын;
5) 10-бап және 13-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
6) 15-4-баптың 3, 4 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелер шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
4. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерді техникалық қадағалауды уәкілетті орган бастапқы, жыл сайынғы және кезектен тыс техникалық куәландырулар жүргізу, сондай-ақ арнайы және бақылап тексеріп қарауды жүргізу арқылы жүзеге асырады.»;
«6. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүзетін кемелердің кеме жүргізушілері кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өтуге және олардың шағын көлемді кемені басқару құқығына арналған куәлігі болуға тиіс.
Шағын көлемді кемені басқару құқығына арналған куәлікті беруді, кеме жүргізушілерді даярлау бағдарламасын келісуді және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды уәкілетті орган кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Ұйымдар шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстарды ашу кезінде аумақтық бөлiмшеге:
1) оқытушылар құрамы үшін су көлiгi мамандығы бойынша жоғары немесе орта техникалық бiлiмi туралы дипломдарының көшiрмелерiн;
2) кеме жүргiзушiлерiн шағын көлемдi кеменi басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес шағын көлемдi кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламасы негізінде әзiрленген шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі оқу бағдарламасын;
3) оқу процесін ұйымдастыру үшiн меншiк құқығындағы немесе жалға алған үй-жайдың бар екендігін растайтын құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып, қызметтің басталуы туралы хабарлама жолдайды.
Хабарлама жасау «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
7) 17-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Iшкi су көлiгiн, оның iшiнде шағын көлемді флотты пайдалану қауiпсiздiгін бақылауды және қадағалауды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi:»;
1), 3), 4), 5) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес кемелер, оның ішінде шағын көлемді кемелер ұшыраған көлік оқиғаларын тексеруді, сыныптауды және есепке алуды жүргізу;»;
«3) кемелердің (оның ішінде шағын көлемді кемелердің), салдардың және ішкі су жолдарында орналасқан өзге де жүзу объектілері мен құрылыстарының кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сай болуын тексеріп қарауды жүргізу;
4) кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етудің талаптарына сай келмейтін кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді), салдарды және өзге де жүзу объектілерін ұстау;
5) кемелерді пайдалану қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жүктердің сақталуына қатер төнген кезде кемелердің (оның ішінде шағын көлемді кемелердің), салдардың және өзге де жүзу объектілерінің қозғалысын тоқтата тұру және оларға тыйым салу;»;
«8) кемелердiң командалық құрамының адамдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларына сәйкес аттестаттау арқылы жүргізіледі. Кемелердiң командалық құрамының адамдарын аттестаттау әрбiр келесі бес жыл өткен соң жүргiзiледi. Тиiстi мамандық бойынша оқу орнын кезектi аттестаттау жылында бітірген, сондай-ақ сол жылы диплом алған адамдар аттестаттаудан босатылады;»;
9) тармақшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«9) кемелердiң командалық құрамының адамдарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларына сәйкес диплом беру арқылы жүргізіледі. Диплом беру кезінде жұмыс дипломын алу үшін тиісті білімі бар, аумақтық бөлімшеге мынадай құжаттарды:»;
жетінші және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Диплом беру туралы өтінішті уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бұл жөнiнде құжаттар ұсынған адамға құжаттар табыс етілген кезден бастап жетi жұмыс күнінен кешiктiрілмей жазбаша хабарланады;»;
13) тармақша алып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүргiзу;»;
16) тармақша алып тасталсын;
17) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«17) меншік иесінің тұрақты тұратын жері өзгерген, қайта жабдықтау салдарынан кеменiң техникалық деректерi өзгерген жағдайда шағын көлемдi кемелердi қайта тiркеудi жүргiзу;
18) шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;»;
20) тармақша алып тасталсын;
8) 17-1-баптың 2-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) командалық құрамда тиiстi лауазымдарға орналасу құқығына дипломдарының, аттестаттау туралы анықтамаларының болуы;»;
9) 23-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы алып тасталсын;
10) 24-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтерiп жүзу құқығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кемені мемлекеттiк тiркеген кезден бастап туындайды.»;
11) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Кемеге меншік құқығы. Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу. Кеме кепілі. Кеме ипотекасы»;
12) 25-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Кемеге арналған тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер құқықтық кадастрға енгізілуге тиіс.»;
13) 26-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Мемлекеттік кеме тізілімінде және кеме кітаптарында шлюпкалар және кеме жабдықтары болып табылатын өзге де жүзбелі құралдар тіркелмейді.»;
14) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Кеме кепiлi, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме
ипотекасы
Кеме кепiлi, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме ипотекасы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
15) 34-бапта:
1 және 1-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кемелердiң командалық құрамының лауазымдарына орналасуға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларына сәйкес тиісті біліктілігі бар адамдар жiберiледi.
1-1. Хабарлама беруді өтініш берушілер уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшелеріне «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің немесе іс-әрекеттердің жүзеге асырылуы басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын жүзеге асырады.»;
4-тармақ алып тасталсын.
57. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат):
5-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
58. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат):
1) 8-бапта:
15-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) жануарлардың санын реттеу қағидаларын бекітеді;»;
2) 9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
11) және 37) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 42-1) және 43-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«42-1) зоологиялық коллекциялар тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және тоқсан сайын жаңартады;»;
«43-2) жануарлардың санын реттеу қағидаларын әзірлейді;»;
45) және 46) тармақшалар алып тасталсын;
47), 51) және 51-23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«47) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргiзуге рұқсат береді;»;
«51) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
«51-23) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді;»;
51-32) тармақша алып тасталсын;
3) 14-баптың 3-тармағының 2), 5), 10) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жануарлар үйiрiмен мекендейтiн жердi периметрі бойынша олардың iндерi орналасқан жерге жиырма метр жақын немесе оларды алдын ала басқа жерге көшiрмей жыртуға;»;
«5) ұшақтардың, тiкұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының итбалықтар, тұяқты жабайы жануарлар мен топтасып ұшатын құстар жаппай мекендейтiн аумақтардың үстiнен бiр километр төмен биiктiкте ұшып өтуiне;»;
«10) жарылғыш құрылғыларды, улы химикаттарды қолдана отырып (дала кемiргiштерiн қыру кезiнде, сондай-ақ жануарлардың құтыру iндетi мен басқа да аурулары жағдайларында уәкiлеттi органның келiсiмiмен үш жұмыс күні ішінде жүргізілетін улы химикаттарды қолдануды қоспағанда) жануарлар дүниесi объектiлерiн аулауға;
11) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргiзуге;»;
4) 26-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану, оның ішінде бір балықшы бір шыққанда бес килограмға дейін алып шыға отырып, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.»;
5) 27-баптың 2-тармағының 21) тармақшасындағы «бекiтуге мiндеттi.» деген сөздер «бекітуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
«22) зоологиялық коллекцияны жасау туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
Хабарлама беруді өтініш берушілер уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшелеріне «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің немесе іс-әрекеттердің жүзеге асырылуы басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын жүзеге асырады.»;
6) 33-1-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасы мен 4-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын;
7) 35-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бақылау үшін аулауды уәкілетті орган жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсатсыз жүзеге асырады.»;
8) 39-баптың 4-тармағының 7) және 8) тармақшалары мен 5-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын;
9) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«41-бап. Аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын
жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану
Аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерi мен тiршiлiк ету өнiмдерiн шаруашылық мақсаттарда пайдалану жалпы пайдалану тәртiбімен жүзеге асырылады.»;
10) 52-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «уәкiлеттi орган белгiлеген» деген сөздер алып тасталсын.
59. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат):
1) 7-бапта:
екінші бөліктің 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) өнімді таңбалау тәртібін әзірлейді;
8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беру жөніндегі қызметтiң жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлаған шетелдiк және халықаралық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргізеді.»;
2) 26-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беретін шетелдiк және халықаралық ұйымдар «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметінің басталғандығы туралы уәкiлеттi органға хабарлай отырып, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыруға құқылы.».
60. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
7-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
61. «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат):
5-бап мынадай мазмұндағы 15-4) тармақшамен толықтырылсын:
«15-4) тракторларды және олардың базасында дайындалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын бекiту;».
62. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар;№ 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) жылдық орташа табыс – соңғы үш жылдағы жиынтық жылдық табыстардың немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлік субъектілері табыстарының үшке бөлінген сомасы;»;
2) 4-баптың 2-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке кәсiпкерлiк еркiндiгiнің кепiлдiгі (Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыруға рұқсат берілген) және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;»;
3) 5-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктерi мүшелерiнiң жинақталған пiкiрiн бiлдiредi, ұсыным сипатында болады және оларды қабылдағанға дейiн, оның ішінде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен келесі әрбiр келiсу кезінде нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктеріне келiспеу себептерiнiң негiздемесi бар жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар оларды қабылдағанға дейiн нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.»;
4) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерi
1. Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады.
2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мынадай санаттарға жатқызылады:
шағын кәсiпкерлiк субъектiлері;
орта кәсiпкерлiк субъектiлері;
iрi кәсiпкерлiк субъектiлері.
3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін санаттарға жатқызу критерийлері:
жұмыскерлердің жылдық орташа саны;
жылдық орташа табысы.
4. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн санаттарға жатқызу:
мемлекеттік статистика;
мемлекеттік қолдау көрсету;
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін пайдаланылады.
Мемлекеттік статистика мақсаттары үшін жұмыскерлердің жылдық орташа саны бойынша критерийлер ғана пайдаланылады.
Мемлекеттік қолдау көрсету және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін: жылдық орташа саны және жылдық орташа табысы бойынша екі критерийі пайдаланылады.
Бұл ретте, жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау бағдарламаларында оны көрсету үшін өзге де критерийлер көзделуі мүмкін.
5. Жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің алпыс мың еселенген мөлшерінен аспайтын, заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
6. Мемлекеттік қолдау және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін:
1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметтi;
2) акцизделетiн өнiмдi өндiрудi және (немесе) көтерме саудада өткізуді;
3) астық қабылдау пункттерiнде астық сақтау жөнiндегi қызметтi;
4) лотереялар өткiзудi;
5) ойын бизнесі саласындағы қызметтi;
6) мұнай, мұнай өнiмдерiн, газ өндiру, өңдеу және өткізу, электр және жылу энергиясын өткізу жөнiндегi қызметтi;
7) радиоактивтi материалдардың айналымымен байланысты қызметтi;
8) банк қызметiн (не банк операцияларының жекелеген түрлерiн) және сақтандыру нарығындағы қызметтi (сақтандыру агентiнiң қызметiнен басқа);
9) аудиторлық қызметтi;
10) бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi;
11) кредиттiк бюролардың қызметін;
12) күзет қызметiн;
13) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайды.
Осы тармақта көрсетілген қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар - орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ал осы баптың 9-тармағында белгіленген критерийлерге сай келген жағдайда ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты және бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін жұмыскерлердің саны бойынша критерий пайдаланылады.
7. Кәсiпкерлiк субъектiлерi жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны аталған субъект филиалдарының, өкiлдiктерi мен басқа да оқшауланған бөлiмшелерiнiң жұмыскерлерiн, сондай-ақ дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, барлық жұмыскерлер ескерiле отырып, айқындалады.
8. Осы баптың 5 және 9-тармақтарына сәйкес шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
9. Мынадай критерийлердің біреуіне немесе екеуіне сай келетін: жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны екi жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің үш миллион еселенген мөлшерінен асатын және заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.»;
5) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы деректерді пайдалану үшін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор.
3. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат мүдделі тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға жұмыста пайдалану үшін электрондық анықтама нысанында беріледі.
4. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
6) 14-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 23-1) және 23-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«23-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекітеді;
23-2) жұмыскерлердің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысты есептеу қағидаларын бекітеді;»;
7) 15-бапта:
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«21) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 21-1), 21-2) және 21-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«21-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді;
21-2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлейді;
21-3) жұмыскерлердің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысты есептеу қағидаларын әзірлейді;»;
8) 19-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлген мемлекеттiк меншiк объектiлерiн және олар алып жатқан жер учаскелерін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда шарт жасасқан кезден бастап бiр жыл өткен соң өтеусiз беру жолымен жүзеге асырылады.»;
9) 33-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес жергілікті өкілді органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін талаптарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының ғана деңгейінде белгіленеді.».
63. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат):
8-баптың бірінші бөлігінің 19) тармақшасы алып тасталсын.
64. «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 16, 101-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 17, 79-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
6-1-баптың 4-тармағы үшінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтiк қызметтер көрсететiн ұйыммен шарттың бар екенi расталған кезде мемлекеттік қабылдау комиссиясының тұрғын жайды пайдалануға қабылдау туралы актiсiне қол қойылғанға дейiнгi мерзiмге берiледi.».
65. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат):
1) 6-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекiтедi;»;
12) тармақша алып тасталсын;
2) 7-бапта:
19) және 22) тармақшалар алып тасталсын;
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясы туралы үлгілік ережені бекітеді;»;
3) 8-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегі сараптама комиссиясын құрады;»;
13) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;»;
4) 13-бап алып тасталсын;
5) 28-2-баптың 4-тармағындағы «күнтiзбелiк он күн» деген сөздер «жеті жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 35-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету қағидалары шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында жасаған объектiлерiне де қолданылады.»;
7) 36-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету, сондай-ақ олардың қайтарылуы мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясы жүзеге асыратын сараптама негiзiнде жүзеге асырылады.»;
4 және 6-тармақтар алып тасталсын.
66. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат):
1) 3-бапта:
1) және 3-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бiлiктiлiк талаптары – өтiнiш берушiнiң және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрiмен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрiмен айналысу қабiлетiн сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткiштердiң жиынтығы;»;
«3-1) құжаттың электрондық көшiрмесi – өтініш беруші, лицензиат немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттігі бар адам не халыққа қызмет көрсету орталығының уәкiлетті қызметкерi электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырған, түпнұсқа қағаз құжаттың түрін және ондағы деректерді электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететін электрондық құжат;»;
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) құзыреттi (салалық) орган – мемлекеттiк басқарудың лицензияланатын қызмет түрiне жататын тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;»;
9-2) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9-2) лицензиялардың сәйкестендіру нөмірі – әкімшілік құжаттарды нөмірлеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесінің стандартына сәйкес лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде генерацияланатын бірегей нөмір;»;
«11) лицензиялық бақылау – лицензиардың лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілгенге дейiн өтініш берушінің немесе лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн тексеруге, сондай-ақ ол берілгеннен кейін лицензиаттардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) лицензияның электрондық нысаны – қағаз жеткiзгiштегi лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресiмделетiн және берiлетiн электрондық құжат нысанындағы лицензия;»;
2) 4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Заңға жаңа қызмет түрлерi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi енгiзiлген кезде оларды лицензиялау бiлiктiлiк талаптарын белгiлейтiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданғаннан кейiн жүзеге асырылады.
Жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ экспорты немесе импорты лицензиялануға жататын жекелеген тауарлар тiзбесiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлердi осы актiлер ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күндiк мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзуге болмайды.»;
3) 6-бапта:
2), 3) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) лицензиарларды айқындау;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекiтетiн бiлiктiлiк талаптарын, сондай-ақ ойын бизнесi саласындағы қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын қоспағанда, бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекiту;»;
«8) өтініш берушiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетіндігі бөлiгiнде лицензия беруге келiсудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің құжаттардың электрондық көшiрмелерiн растауы қағидаларын бекiтуі;»;
4) 7-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің құжаттардың электрондық көшiрмелерiн растауы қағидаларын әзірлеуі;»;
5) 8-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын бiлiктiлiк талаптары жобаларын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін әзiрлеу және уәкілетті органмен келісу.
Жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарының жобаларын және оларға сәйкестiгін растайтын құжаттар тiзбесін әзiрлеудi, егер жергiлiктi атқарушы орган лицензиар болып табылған жағдайда, орталық мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады;»;
6) 10-бап мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық нысанда беріледі. Өтініш беруші немесе лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште алуға өтініш білдірген жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және лицензиар-органның мөрімен және басшысының қолымен расталады.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық форматта беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қағаз жеткізгіште беріледі.»;
7) 11-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) ауыл шаруашылығы;»;
8) 12 және 16-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Өнеркәсiп саласындағы қызметтi лицензиялау
Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1) тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
тау-кен өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау;
қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларын және технологиялық регламенттердi жасау;
қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру;
ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу;
кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргiзу;
пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жару жұмыстарын жүргiзу;
кенiштер мен шахталарды жабу бойынша жою жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларын, оның iшiнде теңiзде және iшкi су айдындарында бұрғылау;
ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату;
ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау;
ұңғымаларды жуу, цементтеу, байқаудан өткізу және игеру;
мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту;
құрлықта және теңiзде мұнайдың төгiлуiн, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауын, мұнай және газ шығарындыларын (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау;
мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау;
магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану;
2) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу;
3) заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, өңдеуi және лицензиаттарға өткiзуi.»;
«16-бап. Көлiк саласындағы қызметтi лицензиялау
Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.»;
9) 18-баптың 1) тармақшасы және 20-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
10) 22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Байланыс саласында қызметтер көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметпен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
қалааралық телефон байланысы;
халықаралық телефон байланысы;
спутниктік жылжымалы байланыс;
ұялы байланыс (стандарт атауын көрсете отырып).»;
11) 25-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Ауыл шаруашылығы саласындағы қызметті лицензиялау»;
1) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
12) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы қызметтi лицензиялау
Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1) медициналық қызмет.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
алғашқы медициналық-санитариялық көмек: дәрiгерге дейiнгi, бiлiктi, жедел медициналық көмек;
диагностика;
патологиялық анатомия;
клиникалық зертханалық диагностика;
қан мен оның компоненттерiн дайындау, консервациялау, өңдеу, сақтау және өткiзу;
ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмек:
акушерлiк және гинекология;
педиатрия немесе терапия: жалпы, невропатология, кардиология, ревматология, гастроэнтерология, нефрология, пульмонология, эндокринология, аллергология (иммунология), гематология, кәсiптiк патология, отбасылық дәрiгер; инфекциялық аурулар; фтизиатрия;
хирургия: жалпы, трансплантология, кардиохирургия, ангиохирургия, пластикалық хирургия, жақ-бетсүйек хирургиясы, нейрохирургия, оториноларингология, офтальмология, трансфузиология, урология, травматология және ортопедия;
анестезиология және реаниматология;
дерматовенерология (дерматокосметология);
психиатрия: жалпы, наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология;
онкология;
стоматология;
дәстүрлi медицина: гомеопатия, гирудотерапия, мануальдық терапия, рефлексотерапия;
медициналық реабилитология;
сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама;
еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсiптiк жарамдылық сараптамасы;
санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызмет: дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын өндiру, қайта өңдеу және өткiзу, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызмет түрлерін өткізу;
2) фармацевтикалық қызмет.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
дәрiлiк заттар өндiрісі;
медициналық мақсаттағы бұйымдар өндiрісі;
медициналық техника өндiрісі;
дәрiлiк препараттарды дайындау;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау;
дәрілік заттарды көтерме саудада өткізу;
дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу.»;
13) 27-баптың 6) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын;
14) 33-баптың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жобалау қызметі.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
қала құрылысын жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды қоспағанда, тарихи құрылыс аудандарының қала құрылысын қалпына келтiру үшiн жобалау құқығымен) және жоспарлау, оның iшiнде:
жоспарлау құжаттамасын (аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын – аудандық жоспарлау жобаларын, елдi мекендердiң бас жоспарларын, аудандарды, шағын аудандарды, орамдарды, жекелеген учаскелердi егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары мен салу жобаларын);
елдi мекендердiң (елдi мекендер шекараларының шегiнде орналасқан көше-жол желiлерi мен қалаiшiлiк және сыртқы көлiк объектiлерiнiң) және қонысаралық аумақтардың (елдi мекендердiң көше-жол желiсiнен тысқары орналасқан сыртқы көлiк объектiлерi мен коммуникацияларының) көлiк инфрақұрылымын дамыту схемаларын;
құрылыс салу жүйесiнде жылу энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерін орналастыра отырып, елдi мекендердi жылумен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi жылумен жабдықтау схемаларын;
ауыз су және (немесе) техникалық су көздерiн орналастыра отырып және су ағызуды трассалай отырып, елдi мекендердi сумен жабдықтау схемаларын, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi сумен жабдықтау схемаларын;
тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларын жинау мен ағызудың орталықтандырылған жүйесiн, бас тазартқыш құрылыстарды, сарқынды суларды буландырғыштар мен қайта генерациялау объектiлерiн орналастыруды қоса алғанда, елдi мекендер мен өндiрiстiк кешендердiң кәрiз схемаларын;
елдi мекендер мен қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi газбен жабдықтау схемаларын;
құрылыс салу жүйесiнде электр энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерiн орналастыра отырып, елдi мекендердi электрмен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi электрмен жабдықтау схемаларын;
инфрақұрылым объектiлерi мен ақпарат көздерiн орналастыра отырып, елдi мекендер үшiн телекоммуникация және байланыс схемаларын әзiрлеу;
ғимараттар мен құрылыстар үшін сәулеттiк жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, сәулеттiк-реставрациялау жұмыстары үшiн жобалау құқығымен), оның iшiнде:
объектiлердiң бас жоспарларын, аумақтың инженерлiк дайындығын, жер бедерiн көркейтуді және ұйымдастыруды;
құрылыстық жобалау (ғимараттар мен құрылыстарды күрделi жөндеу және (немесе) реконструкциялау үшiн жобалау, сондай-ақ төменде аталған жұмыстардың әрқайсысы үшiн конструкцияларды нығайту құқығымен) және конструкциялау, оның iшiнде:
негiздер мен iргетастарды;
бетон және темір-бетон, тас және арматура-тас конструкцияларды;
металл (болат, алюминий және қорытпа) конструкцияларды;
инженерлiк жүйелер мен желiлердi, оның iшiнде:
жылытудың iшкi жүйелерiн (электрмен жылытуды қоса алғанда), желдетудi, кондиционерлеуді, салқын ауамен жабдықтауды, газдандыруды (төмен қысымды газбен жабдықтауды), сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;
су құбыры (ыстық және суық су) мен кәрiздiң iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;
тогы әлсiз құрылғылардың (телефондандырудың, өрттен қорғау дабыл құралының) iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың сыртқы желiлерiн;
iшкi және сыртқы электрмен жарықтандыру, 0,4 кВ-ға дейiн және 10 кВ-ға дейiн электрмен жабдықтау жүйелерiн;
35 кВ-ға дейiн, 110 кВ-ға дейiн және одан жоғары электрмен жабдықтауды;
магистральдық мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын, газ құбырларын (орта және жоғары қысымды газбен жабдықтауды) жобалау;
тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы, оның iшiнде:
мектепке дейiнгi білім беруге, жалпы және арнаулы білім беруге, интернаттарға, кадрлар даярлайтын орындарға, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерiне, сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), денсаулық сақтау (ауруларды емдеу және олардың профилактикасы, оңалту және санаториялық емдеу), қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығуларға, демалыс пен туризмге, сондай-ақ түрлi қоғамдық мақсаттағы үй-жайлары бар өзге де көп функциялы ғимараттар мен кешендерге арналған;
көлiк инфрақұрылымына (халыққа тiкелей қызмет көрсетуге арналған) және коммуналдық шаруашылыққа арналған (көлiк құралдарына қызмет көрсету үшін, сондай-ақ өзге де өндiрiстiк-шаруашылық мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстардан басқа) ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
өндiрiстiк мақсаттағы, оның iшiнде:
энергетика өнеркәсiбiне арналған;
жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн қоса алғанда, өңдеу өнеркәсiбiне арналған;
ауыр машина жасауға арналған;
медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбiне арналған;
бөгеттер, дамбалар, басқа да гидротехникалық құрылыстар;
мұнара және дiңгек үлгiсiндегi конструкцияларға;
көтергіш-көлiктiк құрылғылар мен лифтiлерге арналған объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
көлiк инфрақұрылымы, байланыс және коммуникация, оның iшiнде:
автомобиль, электр, теміржол және өзге де рельстi, әуе, су көлiгi түрлерiн қоса алғанда, қалаiшiлiк және сыртқы көлiкке;
жергiлiктi байланыс, радио-, телекоммуникация желiлерiне;
байланыс (спутниктiк байланысты қоса алғанда) және өзге де телекоммуникация түрлерiнiң жалпыреспубликалық және халықаралық желiлерiне қызмет көрсету жөніндегі объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
мыналарды:
теміржол көлiгi қатынасы жолдарын;
барлық санаттағы автомобиль жолдарын;
қалалық электр көлiгінiң көше-жол желiсiн;
көпiрлер мен көпiр өткелдерiн, оның iшiнде көлiк эстакадалары мен көп деңгейлi жолайырықтарын қамтитын технологиялық жобалау (көлiк құрылысы жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы объектiлерiнiң құрылысын технологиялық жобалау (жобалардың технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
3) құрылыс-монтаж жұмыстары.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
жер қабатындағы арнаулы жұмыстарды, оның ішінде:
іргетас негіздерін орналастыруды;
жер қабатындағы бұрғылау жұмыстарын;
суасты-техникалық жұмыстар мен теңiз қайраңындағы жұмыстарды;
объектілерді күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын, ғимараттар мен құрылыстардың (оның iшiнде көпiрлер, көлiк эстакадалары, тоннельдер мен жол өткізгілер, өзге де жасанды құрылыстар) тiрек және (немесе) қоршау конструкцияларын салуды, оның ішінде:
металл конструкцияларды монтаждауды;
мұнара және дiңгек үлгiсiндегi құрылыс конструкцияларын, түтiн мұржаларын монтаждауды;
көпiрлер мен көпiр өткелдерiнiң тiрек конструкцияларын монтаждауды;
гидротехникалық және селден қорғау құрылыстарын, бөгеттердi, дамбаларды;
түтiн мұржаларын, күш түсетін құрылыстарды, градирняларды, шахта үстiндегi тоқпақтарды;
тау-кен ұңғылау және тоннель жұмыстарын, сүзгілеуге қарсы қалқаларды орналастыруды;
көтергіш құрылғылардың (лифтiлердiң, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергiштерiнiң, аспалы жолдар мен басқа да көтергіш құрылғылар конструкцияларын) құрылыс конструкцияларын монтаждауды;
монолиттi конструкцияларды орналастыру, сондай-ақ құрама-бетон және темiр-бетон конструкцияларын монтаждауды, қабырғалар мен аралық қабырғалардың жеке элементтерін қалауды және ойықтарды толтыруды;
шатыр жабу жұмыстарын қамтиды;
күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын желілік құрылыстарды салу жөніндегі арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстарын, оның ішінде:
қысыммен жұмыс iстейтiн не жарылу-өрт қаупi бар немесе өзге де қауiптi (зиянды) сұйық немесе газ тектес заттарды сақтауға арналған болат резервуарларды (ыдыстарды);
мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсiпшiлiк және магистральдық желiлерiн, сондай-ақ мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық желiлерiн;
кернеуi 35 кВ-ға дейiнгi және 110 кВ-ға дейiнгi және одан жоғары кернеулі электр беру магистральдық желiлерiн;
байланыс пен телекоммуникацияның жалпы республикалық және халықаралық желiлерiн қамтиды;
күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қоса алғанда, инженерлiк желiлер мен жүйелердiң құрылғысын, оның iшiнде:
теміржол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желiлерiн, әуе көлiгi кәсiпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желiлерiн;
газбен жабдықтаудың жоғары және орташа қысымды, тұрмыстық және өндiрiстiк газбен жабдықтаудың төмен қысымды желiлерiн, газбен жабдықтаудың iшкi жүйелерiн;
суық және ыстық сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау желiлерiн, тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларының орталықтандырылған кәрiзiн, су құбырының, жылу беру мен кәрiздiң iшкi жүйелерiнiң құрылғысын;
электрмен жабдықтау желiлерiн және сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысын, электрмен жарықтандырудың және электрмен жылытудың iшкi желiлерiн қамтиды;
күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын автомобиль және теміржол құрылыстарын салу, оның ішінде:
темір жолдарға арналған негiздерді және оның беткi құрылыстарын салу;
I және II техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ жүрдек және реттелмелi қозғалыстың қалаiшiлiк магистральдық жолдарының, үздiксiз және реттелмелi қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;
III, IV және V техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ магистральдық болып табылмайтын елдi мекендер көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;
аэродромдардың ұшу-қону жолақтары мен тiкұшақ алаңдарының негiздерi мен жабындыларын қамтиды;
мыналармен:
гидротехникалық және мелиоративтiк құрылыстармен;
құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өндiрiсiмен;
театр-ойын-сауық, білім беру, спорт мақсатындағы объектiлермен;
байланыспен, авариядан қорғаумен, бақылау және дабыл құралы жүйесiмен, көлiкте, электр энергетикасы және сумен жабдықтау объектiлерiнде, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн өзге де объектiлерде оқшаулаумен, сондай-ақ өндiрiстiк мақсаттағы есепке алу мен бақылау аспаптарымен байланысты технологиялық жабдықтарды монтаждау, iске қосу-жөндеу жұмыстары;»;
15) 38-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бас және ерекше лицензиялардың иелерi лицензияның орындалу барысы туралы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейiнгi айдың он бесiне дейiн уәкiлеттi органға электронды құжат нысанында есеп беруге мiндеттi.
Бiржолғы лицензиялардың иелерi лицензияның орындалуы туралы лицензияның қолданылу мерзiмi аяқталған соң күнтiзбелiк он бес күн iшiнде уәкiлеттi органға электронды құжат нысанында ақпарат беруге мiндеттi.»;
16) 42-баптың 1, 2, 3 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, егер жергiлiктi атқарушы орган немесе орталық мемлекеттiк органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, жеке немесе заңды тұлғаны тiркеу орны бойынша берiледi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін, қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензияларды және (немесе) оларға қосымшаларды қоспағанда, өтініштер мен құжаттарды қабылдауды және лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар беруді жүзеге асыратын ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (қызметтiң кiшi түрлерi болған жағдайда) алу үшiн мынадай құжаттар беріледі:
1) өтiнiш;
2) заңды тұлға үшін – жарғының және өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері;
3) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
4) дара кәсiпкер үшiн – өтiнiш берушiнi дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
5) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
6) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
7) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.
Жарғының көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) ұсыну бөлігінде осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының талабы қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну олардағы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.
«Электрондық үкімет» веб-порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы құжаттарды беру кезінде құжаттар электрондық нысанда беріледі.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін немесе салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын ұсыну туралы талап болған жағдайда мұндай құжаттар халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, құжаттың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады.
Куәландырылған құжаттардың анықтығы үшін оларды ұсынған өтініш беруші немесе лицензиат жауапкершілікте болады.
Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия берген кезде құжаттар тiзбесiне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi де белгiлей алады.
3. Лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) өтiнiш;
2) қызметтiң кiшi түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.»;
«7. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшiн тиiстi лицензиарға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылған барлық құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады, оның көшiрмесi аталған органның құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгiсі соғылып, өтiнiш берушiге жiберiледi (табыс етiледi).»;
17) 43-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «жазбаша түрде» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген жағдайда бес жұмыс күнi өткеннен кейiн лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алынды деп есептеледi. Өтініштің қабылданғаны туралы өтініш беруші алған хабарлама лицензия алынғанға дейiн лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың заңды екенiн растайтын құжат болып табылады.»;
18) 45-баптың 2-тармағындағы «жазбаша түрде» деген сөздер алып тасталсын;
19) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«47-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның
телнұсқаларын қайта ресiмдеу және беру, сондай-ақ
электрондық форматқа аудару
1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда лицензиаттың лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.
Егер лицензия қағаз жеткізгіште берілген болса, лицензиат телнұсқаны алмастан, оны өтініш бойынша электрондық форматқа аударуға құқылы.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлiнген бланкiлерi лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтiнiш берген күнiнен бастап жарамсыз деп есептеледi.
Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын береді.
Лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың телнұсқалары осы Заңның 10-бабының ережелерін сақтай отырып, электрондық нысанда ресімделеді.
2. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:
1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) өзгерген;
2) дара кәсiпкер қайта тiркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресiмделуге жатады.
Қызмет түрiнiң және (немесе) кiшi түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растай отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге құқығы бар.
Лицензиат қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.
Лицензиялық алым төленбеген жағдайда, лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеуден бас тартады.
Лицензияланатын қызмет түрiнен бiр немесе одан көп банк операциялары, сақтандыру қызметiнен бiр немесе одан да көп сыныптар алып тасталған жағдайда, лицензиат күнтiзбелiк отыз күн iшiнде лицензияны қоса отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға қызмет түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгерiс лицензияланатын қызмет түрi мәнiнiң өзгеруiне әкеп соқпаса, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Қайта ресімделген лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар осы Заңның 10-бабының ережелерін сақтай отырып, электрондық нысанда ресімделеді.»;
20) 48-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиарға ерiктi түрде қайтарылғанда;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Лицензияның қолданылуы осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылғанды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде, лицензиат он жұмыс күнi iшiнде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға мiндеттi.»;
21) 49-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«49-1-бап. Лицензиялық бақылау
1. Лицензиялық бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілгеннен кейін лицензиаттардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бақылаудың өзге де нысандары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің немесе лицензиаттың біліктілік талаптарына сай келетіндігін тексеру тексерілетін субъектіге бару арқылы бақылаудың өзге де нысаны тәртібінде жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің немесе лицензиаттың біліктілік талаптарына сай келетіндігі немесе сай келмейтіндігі туралы шешім қабылданады.
Құжаттарды ұсынумен расталмайтын біліктілік талаптары, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың анықтығы тексерілуге тиіс.».
67. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат):
6-баптың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;».
68. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат):
1) 1-баптың 12), 13), 15) және 17-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«12) ойын бизнесiн ұйымдастырушы – құмар ойындарын және (немесе) бәс тiгудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес ұйымдастыруды және өткiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
13) ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ойын бизнесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган;»;
«15) ойын мекемесi – ұтыс алуды көздейтiн, осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес құмар ойындары және (немесе) бәс тiгу өтетiн ғимарат, үй-жай, құрылыс;»;
«17-1) өтiнiм берушi – Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия беру туралы уәкілетті органға өтініш білдірген заңды тұлға;»;
2) 8-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;».
69. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):
20-баптың 5-тармағының 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«21) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
70. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 6-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;»;
2) 7-баптың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«21) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;».
71. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
6-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
72. «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 134-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
8-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеуді және бекітуді;».
73. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 29 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
8-баптың 6-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Лицензиялануға жататын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушiнiң құқықтық қабiлетi Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы расталады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуеттi өнiм берушi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес берiлген тиiстi лицензияның нотариат куәландырған көшiрмесiн береді.».
74. «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 137-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
6-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;».
75. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат):
1) 1-баптың 50) тармақшасы алып тасталсын;
2) 5-бапта:
27-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27-1) оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тiзбесiн қалыптастырады және бекiтедi;»;
37) тармақша алып тасталсын;
45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«45) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 14-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Интеграцияланған бiлiм беретін оқу бағдарламаларын бiлiм беру ұйымдары әзiрлейдi. Интеграцияланған бiлiм беретін оқу бағдарламалары пәнаралық және деңгейаралық, жоғары оқу орындары аралық және халықаралық болуы мүмкiн.».
76. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
6-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
77. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
61-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Монополияға қарсы орган тергеу басталғанға дейін тергеуді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, оның ішінде электрондық форматта ұсыну арқылы оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркейді.».
78. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат):
8-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
79. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) атаулы мәміле – биржалық тауардың сатып алушысы мен сатушысының алдын ала екіжақты уағдаластығы бойынша жасалған биржалық мәміле;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) биржалық брокер (бұдан әрi – брокер) – сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган беретiн лицензия негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын, акционерлiк қоғамның немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүддесi үшiн биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) кепілдік беру қоры – биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржаның өз қаражаты есебінен қалыптастыратын ақша қоры;
9-2) классикалық сауда режимі – бірін-бірі білетін сатып алушылар мен сатушылар арасында биржалық тауардың шарттық бағасы бойынша атаулы мәмілелер жасалатын сауда режимі;»;
«11-1) кросс-мәміле – брокер түрлі екі клиенттің тапсырмасы бойынша іс-әрекет ете отырып не өзі үшін тапсырманы орындай отырып, сатушы тарапынан да, сатып алушы тарапынан да әрекет ететін биржалық мәміле;
11-2) қосарланған қарсы аукцион режимі – сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде биржалық мәмілелер жасырын түрде жасалатын, ал биржалық тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік деңгейінде белгіленетін сауда режимі;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) мерзімді келісімшарт – орындау мерзімі кейінге қалдырылған базалық активті шартсыз немесе шартты сатып алу-сатуға арналған келісімшарт, оған фьючерс, опцион жатады;»;
13) тармақша алып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) опциондық мәміле – объектісі опцион болып табылатын биржалық мәміле;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) және 16-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) сақтандыру қоры – биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржа және (немесе) оның клирингтік орталығы биржа мүшелерінің міндетті жарналары есебінен қалыптастыратын ақша қоры;»;
«16-1) стандартты аукцион режимі – сатып алушы (сатушы) – аукцион бастамашысы үшін ең тиімді баға бойынша төмендетуге немесе жоғарылатуға арналған аукцион барысында биржалық мәмілелер жасалатын сауда режимі;»;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) тауар биржасының сауда жүйесi – тауар биржасының материалдық-техникалық құралдары, электрондық сауда жүйесі, iшкi құжаттары және өзге де қажеттi активтер мен рәсiмдер кешенi, тауар биржасындағы сауда-саттыққа қатысушылар арасында биржалық тауарлармен мәмiлелер жасай отырып, сауда-саттық соларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады;»;
мынадай мазмұндағы 19-1) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
«19-1) тауар биржасының электрондық сауда жүйесi – электрондық биржалық сауда-саттықты өткізуге қажетті және биржалық мәмілелер мен клиринг жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін, тауар биржасының есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылымы, дерекқорлары, телекоммуникациялық құралдары және басқа да жабдықтары кешені;»;
«21) электрондық биржалық сауда-саттықтар – электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық мәмілелерді жасайтын биржалық брокерлердің (биржалық дилерлердің) авторландырылған трейдерлері қатысатын биржалық сауда-саттықтарды өткізу процесі.»;
2) 3-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен дилерлердің қызметіне қойылатын біліктік талаптарын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандарын, оларды ұсыну қағидаларын бекітеді;
6-2) кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын, олардың мөлшерін бекітеді;
6-3) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды бекітеді;»;
3) 4-бапта:
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 3-2), 3-3), 3-4) және 3-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-2) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын міндетті талаптарды әзірлейді;
3-3) тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандарын, оларды ұсыну қағидаларын әзірлейді;
3-4) кепілді және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын, олардың мөлшерін әзірлейді;
3-5) тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;»;
4) мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-баптармен толықтырылсын:
«4-1-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкілеттіктер
Уәкілетті органға жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын іске асыру мақсатында уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті ақпаратты өтеусіз алуға құқылы, бұл ретте, алынған мәліметтер жария етілмеуге тиіс.
4-2-бап. Биржалық тауарлар тізбесіне кірген тауарларды өткізу
Биржалық сауда қатысушысының биржалық тауарлар тізбесіне кірген өзінің жалпы биржалық тауарлары айналымының кемінде он бес пайызы қосарланған қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылады.»;
5) 10-баптың 2-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) биржалық сауда-саттықтарды жүргізу тәртібін, оның ішінде атаулы мәмілелер мен кросс-мәмілелер жасасу ерекшелігін;»;
7) тармақшадағы «тәртібін қамтиды.» деген сөздер «тәртібін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) тауар биржасының уәкілетті органға есептерді ұсыну, сондай-ақ өткізілетін сауда-саттықтар туралы ақпаратты тауар биржасының интернет-ресурсына орналастыру тәртібін;
9) тауар биржасы арқылы мемлекеттік және өзге де сатып алуды жүргізу тәртібін;
10) өткізілетін сауда-саттықтар туралы ақпаратты тауар биржасының интернет-ресурсына орналастыру тәртібін қамтиды.»;
6) 11-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауар биржасы мүшелерінің саны жетеуден кем болмауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Тауар биржасымен үлестес заңды тұлғалар тауар биржасының мүшелері бола алмайды.»;
7) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауар биржасымен еңбек қатынастарында тұрған және жұмысты еңбек шарты бойынша тікелей орындайтын жеке тұлғалар тауар биржасының қызметкерлері болып табылады. Тауар биржасының қызметкеріне бір мезгілде тауар биржасының мүшелерімен еңбек қатынастарында тұруға тыйым салынады.»;
8) 13-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) биржалық саудамен байланысты ұйымдастырушылық, консультациялық, ақпараттық, әдістемелік қызметтер көрсетуді;»;
9) мынадай мазмұндағы 13-1, 15-1 және 16-1-баптармен толықтырылсын:
«13-1-бап. Тауар биржасы арқылы мемлекеттік сатып алу
1. Тауар биржасындағы мемлекеттік сатып алу биржалық сауданың үлгілік қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Тауар биржасындағы мемлекеттік сатып алу қосарланған қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылады.
3. Тапсырыс беруші үшін тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қызметтері тапсырыс берушінің тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражаттар шеңберінде өтеулі негізде көрсетіледі.
4. Тауар биржасында мемлекеттік сатып алу тек қана электрондық биржа сауда-саттықтары арқылы жүргізіледі.»;
«15-1-бап. Биржалық сауда-саттықтарды жүргізу режимдері
Биржалық сауда-саттықтар сауданың мынадай режимдерінде жүргізіледі:
1) классикалық сауда;
2) қосарланған қарсы аукцион;
3) стандартты аукцион.»;
«16-1-бап. Тауар биржасының биржалық мәмілелердің орындалуын
қамтамасыз ету жөніндегі қорлары
Биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тауарлық биржа кепілдік беру және сақтандыру қорларын құрады.»;
10) 17-бапта:
5-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) тараптардың фьючерстік және опциондық мәмілелер бойынша талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындайды, олар бойынша есеп айырысуларды ұйымдастырады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Клирингтік орталықтар орталық контрагент бола алады – биржалық мәмілелер бойынша әрбір сатушы үшін – сатып алушы және әрбір сатып алушы үшін сатушы болып табыла алады.».
80. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 16-баптың 19) тармақшасы алып тасталсын;
2) 17-баптың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттық құжаттар жобаларын қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
6) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекіткен қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында минералдық шикiзатты бастапқы өңдеуге (байытуға) жататын жұмыстар тiзбесiн айқындау бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;»;
3) 19-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
4) 20-баптың 4) және 29) тармақшалары мен 25-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
5) 27-баптың 10), 11), 12), 14), 17) және 18) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«10) жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарттардың талаптары туралы келіссөздер жүргізеді және жер қойнауын пайдаланушымен бірлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарын дайындайды;
11) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
12) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасады, тіркейді және сақтайды;»;
«14) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз етеді;»;
«17) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдер қабылдайды;
18) кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;»;
6) 35-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың 5, 6, 9 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығын беру келiсiмшарт жасасу жолымен жүргiзiледi.»;
3-тармақ алып тасталсын;
7) 45-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
8) 57-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздердi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісінше жергiлiктi атқарушы органының жұмыс тобы жүргiзедi. Жұмыс тобы туралы ереженi және оның құрамын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісінше жергiлiктi атқарушы органы бекiтедi.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы баптың ережелерi кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздердi жүргiзу кезiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарына қатысты қолданылады.»;
9) 85-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен әдiстеме бойынша есептелген нормативтер мен көлемдер шегiнде жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарын сақтаған жағдайда, мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның жер қойнауын зерделеу мен пайдалану және өнеркәсiп қауiпсiздiгi жөнiндегi уәкiлеттi органдармен келiсiлген рұқсаты бойынша жол берiледi.»;
10) 95-бапта:
3-тармақ «қоса берiлуге» деген сөздерден кейін «не тіркелуге» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «жазбаша» деген сөз алып тасталсын;
11) 100-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Теңiздегi ғылыми зерттеулер тек қана құзыретті органға зерттеулердің басталғандығы туралы хабарлама жасай отырып жүргiзiлуi мүмкін. Теңiздегi ғылыми зерттеулердi жүргiзудiң қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.».
81. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
1) 1-баптың 19) тармақшасы алып тасталсын;
2) 13-бапта:
16) және 27) тармақшалар алып тасталсын;
50) және 53) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«50) азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету ұйымдарына қойылатын талаптарды бекiтедi;»;
«53) жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiтедi;»;
мынадай мазмұндағы 53-1) және 54-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«53-1) авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;»;
«54-1) жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекітеді;»;
3) 14-баптың 1-тармағында:
6) тармақша алып тасталсын;
17) және 39) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«17) азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыны сертификаттауды және оған сертификатты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлiктi, авиациялық оқу орталығының сертификатын, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөнiндегi ұйымның сертификатын, үлгiлік сертификатын, әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын, азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын, әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қарап тексерулерiн ұйымдастыру жөнiндегi сертификатты, әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын берудi жүзеге асырады;»;
«39) тексеру парақтарының нысандарын әзірлеп, бекітеді және тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын бекітеді;»;
40) тармақша «бойынша» деген сөзден кейін «міндетті» деген сөзбен толықтырылсын;
4) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әуеайлақтардың метеорологиялық органдары ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.»;
5) 54-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
6) 58-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұшу қызметiнiң басшысы, ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекцияның бастығы, инженерлiк-авиациялық қызмет басшысы азаматтық және эксперименттiк авиация ұйымдарының ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн басшы қызметкерлерi болып танылады.»;
7) 66-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сыныпталған әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) пайдалануға әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) пайдаланушы оның жарамдылығы туралы сертификатты алғаннан кейiн және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) ашу туралы хабарлама жасалғаннан кейiн рұқсат етiледi.»;
8) 67-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«67-бап. Әуеайлақтарды (тiкұшақ айлақтарын) есепке алу
1. Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардан (тiкұшақ айлақтарынан) басқа, азаматтық авиация мақсатында пайдаланылатын әуеайлақтар (тiкұшақ айлақтары) азаматтық авиация әуеайлақтарының (тiкұшақ айлақтарының) тiзiлiмiнде есепке алынуға жатады.
Азаматтық авиация ұйымдары әуеайлақтарды (тiкұшақ айлақтарын) ашқан кезде азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға:
1) әуеайлақ (тiкұшақ айлағы) орналасқан жер учаскесiне немесе басқа объектiге құқық туралы (жердi тұрақты немесе уақытша өтеулі пайдалану) құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесiн;
2) әуеайлаққа (тiкұшақ айлағына) меншiк құқығын немесе иелену құқығын растайтын құжаттардың (сатып алу-сату шарты, қабылдау-беру актiсi, теңгерiмге беру туралы бұйрық, меншiк, мүлiктiк жалдау, сенiмгерлiк басқару құқығы және т. б.) көшiрмелерiн;
3) әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) техникалық сипаттамалары, географиялық координаттары мен орналасқан орны (елдi мекен) туралы ақпаратты қоса бере отырып, өтiнiш жолдайды.
Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органда әуеайлақтардың (тiкұшақ айлақтарының) жабылуы азаматтық авиация ұйымының өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады.
2. Азаматтық авиация әуеайлақтарын (тiкұшақ айлақтарын), бiрлесiп пайдаланылатын және бiрлесiп орналастырылатын әуеайлақтарды есепке алуды азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
3. Пайдаланушылар сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тiкұшақ айлақтарын), қону алаңдарын азаматтық және мемлекеттiк авиация салаларындағы уәкiлеттi органдар айқындаған тәртiппен есепке алуға тиiс.»;
9) 79-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Авиакомпанияларды тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат ету қағидаларында белгіленген біліктілік талаптарына сай авиакомпанияларға ішкі тұрақты коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат етіледі.»;
10) 80-баптың тақырыбы және 1, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«80-бап. Тұрақты әуемен тасымалдаулар үшiн халықаралық және
субсидияланатын авиамаршруттарды бөлу
1. Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары арасында тұрақты әуемен тасымалдауларды жүзеге асыруға арналған халықаралық және субсидияланатын авиамаршруттарды бөлудi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган конкурстық негiзде жүргiзедi. Конкурс жеңiмпаздарына авиамаршрутқа арналған куәлiктер берiледi.
Конкурсқа жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша халықаралық авиамаршрутқа конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында, сондай-ақ субсидияланатын авиамаршрутқа конкурс өткiзу және жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келетін авиакомпаниялар жіберіледі.»;
«4. Авиакомпаниядан халықаралық немесе субсидияланатын авиамаршрутқа арналған куәлiктi қайтарып алған кезде куәлiк конкурстық ұсынысы жеңiмпаздан (жеңiмпаздардан) кейiн үздiк деп танылған конкурстың басқа қатысушысына берiледi.
5. Халықтың әуе қатынасына қажеттiлігiн қанағаттандыру үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган авиамаршруттарды бөлу жөнiндегi конкурстар аралығындағы кезеңде қажеттiгi туындаған авиамаршрутты пайдалану үшiн авиамаршруттарды бөлу жөнiндегi конкурсты өткiзбей-ақ авиакомпанияға халықаралық немесе субсидияланатын авиамаршрутқа арналған куәлiктi беруге құқылы.
Пайдалану қажеттiгi конкурстар аралығындағы кезеңде туындаған халықаралық немесе субсидияланатын авиамаршрутты бөлген кезде жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша халықаралық авиамаршрутқа конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында, сондай-ақ жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша субсидияланатын авиамаршрутқа конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында көзделген бiлiктiлiк талаптарына авиакомпания сай келген жағдайда, өтiнiм берген барлық авиакомпанияларға куәлік берiледi.».
82. «Биоотын өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 22, 127-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 5-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 6-бапта:
7) тармақша алып тасталсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;»;
3) 7-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;»;
4) 8-бап алып тасталсын.
83. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 10-баптың 3-тармағында:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«егер объектінің (субъектінің) орналасқан жері бойынша оған барғанға дейін бір тәулік бұрын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарға міндетті түрде хабарлама жасай отырып, рұқсат беру құжаттарын (рәсімдерін) алумен (өтумен) байланысты болған;»;
бесінші абзацтағы «бақылау жағдайларын қоспағанда, бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын қажеттiлiк пен жеткiлiктiлiк қағидаттарына сәйкес бақылау объектiлерiне (субъектiлерiне) бармай жүргiзедi.» деген сөздер «бақылау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
«ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасында қару мен оның патрондары айналымы қағидаларын сақтау мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыруы;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтау бойынша бақылауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын қажеттiлiк пен жеткiлiктiлiк қағидаттарына сәйкес бақылау объектiлерiне (субъектiлерiне) бармай жүргiзедi.»;
2) 12-баптың 3-тармағында:
5) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңдарына сәйкес кемелерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың орындалуын бақылауға және қадағалауға;»;
«12) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді жүзеге асыратын субъектінің аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес орнатылған акциздік бекеттер арқылы бақылауға, сондай-ақ этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спирті мен алкоголь өніміне бақылау есебінің жүргізілуіне;»;
18) тармақшадағы «сақтауға байланысты бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.» деген сөздер «сақтауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19), 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
«19) жол бойындағы жолаушылар поездарында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауға;
20) жергілікті атқарушы орган белгілеген орындардан тыс жерде сауда жасауға;
21) орталық мемлекеттік органдардың, мәслихаттардың және әкімдіктердің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау талаптарын сақтауына байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.»;
3) 13-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында:
жоғары тәуекел дәрежесі кезінде – тоқсанына бір реттен;
орташа тәуекел дәрежесі кезінде – жарты жылда бір реттен;
болмашы тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен;
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында:
жоғары тәуекел дәрежесі кезінде – жарты жылда бір реттен;
орташа тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен;
болмашы тәуекел дәрежесі кезінде – үш жылда бір реттен жиі болмауға тиіс.»;
4) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тексеру парағы осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге әкеп соғатын талаптардың толық тізбесін қамтиды.»;
5) 16-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғаларды және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларын қоспағанда) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы жоспарлы тексерулер жүргізуге тыйым салынады.
Осы тармақтың күшi:
1) жарылғыш заттардың айналысы мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;
2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;
3) атом энергиясына, радиоактивтік заттарға;
4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметіне байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.»;
7-тармақтың 8) тармақшасындағы «мәселелер негіз болып табылады.» деген сөздер «мәселелер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) тексерілетін субъектінің «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметті немесе белгілі бір іс-әрекеттерді жүзеге асырудың басталғандығы туралы хабарлама беруі негіз болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Жалған пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), тасымалдау, сақтау, өткізу және қолдану, сондай-ақ жалған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу мәселелері бойынша жоспардан тыс тексерулер тексерілетін субъектіге алдын ала хабарлама жасалмай жүргізіледі.»;
6) 18-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексерулерді тағайындау туралы актiнi тiркеу есепке алу сипатында болады. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тіркеусіз тексеру жүргізуге жол берілмейді.»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсыну туралы хабарлау тәртiбiн тiркеуді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.»;
7) 19-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоспардан тыс тексеру жүргiзу кезiнде, осы Заңның 16-бабы 7-тармағының 2), 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында, 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк орган тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, тексерудің өзі басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын жоспардан тыс тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы тексерiлетiн субъектiге хабарлауға мiндеттi.»;
8) 27-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының оныншы абзацындағы «ұзартылған жағдайларда тексеруге жібермеуге;» деген сөздер «ұзартылған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Заңның 28-бабының 2-тармағына сәйкес осы Заңның талаптары өрескел бұзылған жағдайларда тексеруге жібермеуге;»;
9) 28-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «тағайындауы жатады.» деген сөздер «тағайындауы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу міндетті болғанда, оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарда тіркеместен, тексеру жүргізу жатады.»;
10) көрсетілген Заңға қосымшаның 1-тармағында:
4) тармақша алып тасталсын;
38) және 43) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«38) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласында;»;
«43) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңнамасының сақталуына;»;
61) және 72) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 75-1) тармақшамен толықтырылсын:
«75-1) күзет дабылы құралдарын монтаждау, орнату және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке;»;
93) тармақшадағы «93) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын сақтауда;» деген сөздер «93-1) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына;» деген сөздермен ауыстырылсын;
97) тармақшадағы «сақтауда жүзеге асырылады.» деген сөздер «сақтауда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 98) – 105) тармақшалармен толықтырылсын:
«98) автомобиль жолдары саласында;
99) бала құқықтарын қорғау саласында;
100) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы саласында;
101) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;
102) лицензиялық бақылау саласында;
103) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалатын бұйымдардың айналымы саласында;
104) өнеркәсіп саласында;
105) ұйымдардың, әскери міндеттілердің және әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына жүзеге асырылады.».
84. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 2) тармақшасы, 4-баптың 3) тармақшасы және 6-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 7-бапта:
14) және 16) тармақшалар алып тасталсын;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi;»;
3) 8-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi;»;
4) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берумен
байланысты қызметтің басталғандығы туралы хабарлама
жасау
1. Мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлер қызмет басталғанға дейін «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға бұл туралы хабарлауға міндетті.
2. Мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлер мынадай талаптарға сай болуға:
1) меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде мұнай өнiмдерiнiң базасына немесе резервуарға иелiк етуге;
2) орнатылған есепке алатын бақылау аспаптары болуға тиiс.
3. Хабарламамен бірге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке тұлға үшін – дара кәсіпкер ретінде өтініш берушіні мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
2) заңды тұлға үшiн – ұйым жарғысының көшiрмесi және ұйымды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
3) өтiнiш берушiнiң меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде мұнай өнiмдерi базасының немесе резервуарының болуын растайтын, құқық белгiлейтiн немесе өзге де құжаттың көшiрмесi.
Құжаттардың көшірмелері мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiнің таңдауы бойынша құжаттың электрондық көшірмесі нысанында ұсынылуы мүмкін.
4. Уәкілетті орган мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлердің тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
5. Осы баптың талаптары:
1) мұнай өнімдерін өндірушілерге;
2) өз бетінше өндiрген және (немесе) импортталған шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу нәтижесiнде өндiрiлген мұнай өнiмдерiн өткiзетiн мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлерге қолданылмайды.
6. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметтің басталғандығы туралы хабарлама берместен мұндай қызметті жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.»;
5) 21-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы өткiзуді мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлердiң тізіліміне енгізілген өнім берушілер ғана жүзеге асырады. Осы тармақтың күші осы Заңның 17-бабының 5-тармағында аталған мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлерге қолданылмайды.».
85. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат):
40-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «заңды тұлғаны» деген сөздер «коммерциялық ұйымды» деген сөздермен ауыстырылсын.
86. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
6-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
87. «Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат):
5-баптың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;».
88. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат):
1) 6-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) теле-, радиоарналарын тарату жөніндегі қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;»;
2) 7-баптың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;»;
3) 17-баптың 4-тармағында:
бірінші абзацтағы «он бес күн» деген сөздер «он жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) егер меншiк иесiнiң ауысуына орай теле-, радиоарнаны қайта есепке қою туралы өтiнiште теле-, радиоарнаға меншiк құқығын басқа тұлғаға беру туралы шарттың нөмірі мен күні көрсетілмесе;»;
4) 18-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiште:
1) теле-, радиоарна меншiк иесiнің-жеке тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, теле-, радиоарна меншiк иесiнің-заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны;
2) жеке және ретрансляцияланатын хабар таратуының орташа тәулiктiк көлемi көрсетiлген теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты көрсетiлуге тиiс.
2. Өтінішке:
1) трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды жазып алу және алты ай бойы сақтау туралы мiндеттеме;
2) теле-, радиоарнаның меншiк иесiнiң кiретiн есiгi бөлек үй-жайлар мен алаңдарға немесе оларды жалға алуға, оның iшiнде:
телерадио хабарларын таратудың жұмыс iстеуi үшiн қажеттi техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған (студиялық, аппараттық, қосалқы) арнайы үй-жайларға;
шығармашылық (редакциялық) персоналын орналастыруға арналған үй-жайларға;
әкiмшiлiк-басқару персоналына арналған үй-жайларға мүлiктiк құқықтарының болуы туралы мәліметтер нысаны қоса тіркеледі.».
89. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 25 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 27-құжат):
1) 1-баптың 9-тармағы 27) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын;
2) 2-баптың 1-тармағындағы «, 27) тармақшасының төртінші абзацын» деген сөздер алып тасталсын.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағын, 31-тармағы 5) тармақшасының үшінші абзацын, 83-тармағы 5) тармақшасының екінші-сегізінші абзацтарын және 88-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацын;
2) 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 62-тармағының 4), 5) тармақшаларын, 6) тармақшасының төртінші - алтыншы абзацтарын және 7) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 31-тармағы 5) тармақшасының үшінші абзацы және 88-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1) мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпарат агенттiгi меншiк иесiнiң-жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты жері, мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпарат агенттiгi меншiк иесiнiң - заңды тұлғаның атауы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны;»;
«1) теле-, радиоарна меншiк иесiнің-жеке тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған кезде), салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты жері, теле-, радиоарна меншiк иесiнің - заңды тұлғаның атауы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны;».
3. Осы Заңға сәйкес хабарлама жасау тәртібіне жататын қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері осы Заң қолданысқа енген күннен бастап үш ай ішінде «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметінің басталғандығы туралы хабарлама беруге тиіс.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. НАЗАРБАЕВ