Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1235 қаулысына
1-ҚОСЫМША
101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 1076729 мың теңге (бір миллиард жетпіс алты миллион жеті жүз жиырма тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңы
; "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Арнайы өкілі жөніндегі ереже туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 сәуірдегі N 2955
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 805
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы N 1327
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін жеңіл қызметтік автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663
қаулысы
; "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының және Жоғарғы Соттың судьяларының Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428
қаулысы
; "Мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы N 706
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: Мемлекет басшысының қоғамдық-саяси тұрақтылықты, халық пен мемлекеттік билік бірлігін, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, мемлекеттің егемендігін, конституциялық құрылысын қорғау мен күшейту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі саясатын жүзеге асыру, Қазақстанның күллі халқының игілігі үшін экономикалық дамуы үшін қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық қағидаларын өмірге енгізу, қазақстандық патриотизмді және мемлекет өмірінің неғұрлым маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу, елдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын тұжырымдау, оны іске асыру шаралары кешенін жасау, әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыру тетігі мен тактикасын жетілдіру, өзінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау мен кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби қызметі аясында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімін, білік-дағдыларын жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін құжаттамалық, құқықтық, ұйымдық, ақпараттық-талдау, хаттамалық және сыртқы саяси жағынан қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік органдардың қызметіне жалпы бақылау, соның Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуына жалпы бақылау жасау;
3) Республика Президентінің шешімдерін мүлтіксіз, жан-жақты әрі уақтылы орындау;
4) Республика Президентін елдегі және шетелдегі істің жай-күйі уақтылы әрі толық хабардар ету;
5) мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру;
6) "Байқоңыр" кешенін Ресей Федерациясының жалға алуы жағдайларында Қазақстан Республикасының заңдық құзыретін және "Байқоңыр" ғарыш айлағында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы Арнайы өкілінің аппаратын материалдық-техникалық және ақпараттық-техникалық жарақтандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Мемлекет
|
|
|
|
2 |
|
001 |
Орталық
|
Мемлекеттік органға
|
жыл
|
Қазақстан
|
3 |
|
007 |
Мемле-
|
Мемлекеттік қызметші-
|
жыл
|
Қазақстан
|
4
|
|
009 |
Мемле-
|
Жұмсақ жиһаз бен
|
жыл
|
"Байқо-
|
5
|
|
017 |
Ақпарат-
|
Шығыс материалдарын,
|
жыл
|
"Байқо-
|
6
|
|
100 |
"Бай-
|
Мемлекеттік органға
|
жыл
|
"Байқо-
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
: Тікелей нәтижелері:
- орталық органның аппаратын 370 штат бірлігі шамасында ұстауды қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін толығымен қамтамасыз ету, соның ішінде мемлекеттік органдардың қызметіне және нормативтік-құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасау;
- бір мемлекеттік инспектордың жылына 5 іссапарда болуы (16 адам);
- "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнайы өкілдіктің аппаратын 6 штат бірлігі шамасында ұстауды қамтамасыз ету;
- 70 адамның біліктілігін арттыру;
- 54 адамды мемлекеттік тілге оқыту;
- 15 адамды ағылшын тіліне оқыту;
- "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнайы өкілдікті материалдық-техникалық және ақпараттық-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз ету;
- 1 жұмсақ жиһаз бен 1 сейф сатып алу.
Түпкі нәтижелері:
- елдің саяси тұрақтылығын, ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттік егемендігін нығайту, азаматтық қоғамды дамыту, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, халықтың саяси мәдениетін қалыптастыру, азаматтарды мемлекет басқару мен шешімдер қабылдауға тарту, атқарушылық билік жүйесін орталықтан алу, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;
- экономиканың индустриялық және инновациялық дамуы, кәсіпкерлік ортаны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, республика азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсарту, сапалы әрі қол жетімді білім беру, денсаулық сақтау;
- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, елде тұратын түрлі этностық топтардың мәдениеті мен тілдерін дамыту, рухани өркендеу мен конфессияаралық келісім;
- өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
- мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттырудағы қажеттілігін 55%-ға, мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге оқытуды 79%-ға, мемлекеттік қызметшілерді ағылшын тіліне оқытуды 92%-ға қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық тиімділігі:
- Президент Әкімшілігінің бір мемлекеттік қызметшісін қамтуға жұмсалатын қаржылай шығындар 2395,9 мың теңге;
- бір қызметкердің көлік шығыстарына жұмсалатын орташа шығындар 359,5 мың теңге;
- бір қызметкердің іссапар шығыстарына жұмсалатын орташа шығындар 634,7 мың теңге;
- "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнайы өкілдіктің бір мемлекеттік қызметшісіне жұмсалатын қаржылай шығындар 1793,3 мың теңге;
- бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығындар 8,78 мың теңге;
- бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға жұмсалатын орташа шығындар 15,05 мың теңге;
- бір мемлекеттік қызметшіні ағылшын тіліне оқытуға жұмсалатын орташа шығындар 13,2 мың теңге.
Уақтылы орындалуы:
Жасалған шарттарға және қойылған міндеттерге сәйкес жыл бойына орындалуы.
Сапасы: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін белгіленген мерзімдерді ескере отырып, іс-шараларды 100% сапалы және уақтылы орындау. Кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сай, қазіргі экономикалық жағдайларға орай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқыту курсынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің 67 %-ы мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшкен; ағылшын тілін оқыту курсынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің 33 %-ы ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейді; біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің 14,3 %-ы жоғары лауазымдарға тағайындалған.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1235 қаулысына
2-ҚОСЫМША
101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық
аспектілерін болжамды-талдамалық қамтамасыз ету"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 79398 мың теңге (жетпіс тоғыз миллион үш жүз тоқсан сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы N 1235
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты жөніндегі Ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы N 3614
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 қыркүйектегі N 977
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: ҚР Басшылығының республиканың саяси, әлеуметтік, экономикалық дамуының түрлі салаларында шешімдер қабылдауы, мемлекеттің стратегиялық даму аспектілерін ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан әзірлеу және негіздеу үшін баламалы ғылыми-талдамалық базаны қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: - Қазақстан Республикасының сыртқы саясат стратегиясы мен ұлттық қауіпсіздігі саласында тұжырымдамалық негіздер мен практикалық ұсынымдарды әзірлеу;
- шет мемлекеттердің сыртқы саяси бағыты мен әлемдегі және шектес өңірлердегі әскери-стратегиялық ахуалға талдау мен болжау;
- Қазақстан Республикасындағы экономикалық, әлеуметтік, этнодемографиялық және қоғамдық-саяси ахуалға талдау мен болжау;
- экологиялық қауіпсіздік проблемаларын зерттеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
002 |
|
Мемле-
|
1. Мемлекеттің ішкі
|
жыл
|
Қазақс-
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
: Тікелей нәтиже:
- шамамен 4 ірі халықаралық іс-шараларды (конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар): "Орталық Азия өңірі: экономикалық бірігу перспективалары", "Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы: перспективалар мен үрдістер", "Каспий өңіріндегі өңірлік ынтымақтастық перспективалары", "Қауіпсіздік және өңірлік ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жыл сайынғы Алматы конференциясы" тақырыптары бойынша өткізу;
- 4 әлеуметтік зерттеулерді: "Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай", "Қазақстан Республикасындағы орташа топтың жай-күйі мен даму перспективалары", "Қазақстан Республикасында әлеуметтік ширығудың өсу перспективалары", "Қазақстан халқының саяси белсенділігінің артуының саяси артық көрушілігі мен перспективалары" тақырыптары бойынша жүргізу;
- жүргізіліп жатқан зерттеулерді талдау баяндамалары, ғылыми мақалалар мен монографиялар түрінде жариялау, атап айтқанда, конференциялар материалдарының 4 жинағын, 6 монография (ішкі саясат мәселелері бойынша - 1, сыртқы саясат мәселелері бойынша - 3, экономикалық саясат мәселелері бойынша - 2 шығару), олар Қазақстан дамуындағы өзекті мәселелерге арналатын болады;
- төрт мерзімді басылымды шығару: "Казахстан - Спектр" (ғылыми сипаттағы материалдар жариялау - 4 нөмір), "ANALYTIC" (таза ғылыми зерттеу шеңберінен тыс тұрған қолданбалы сипаттағы талдау материалдарын жариялау - 6 нөмір), "Central Asia's Affairs" (әлемнің жетекші талдау орталықтарының сарапшыларымен тікелей диалог орнату мүмкіндігін беретін Орталық Азияда ағылшын тілінде шығатын бірден-бір басылым - 4 нөмір), "Қоғам және Дәуір" (халықаралық қатынастар мен аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне, Қазақстан дамуының ішкі саяси және экономикалық мәселелеріне, қазіргі уақыттағы тарихи-философиялық және мәдени проблемаларға арналған - 4 нөмір);
- өткізілетін конференцияларды жазып алу мен көруді қамтамасыз ету үшін 1 бейнекамера мен 1 теледидар сатып алу;
- ҚСЗИ қызметкерлерінің кабинеттерін жабдықтау мен еңбек жағдайын жақсарту үшін 10 дана компьютер, 10 дана принтер, 15 дана ауасүзгі, 5 дана сейф сатып алу;
- баспа өнімінің ішкі парақтарын өздігінен іріктеуді жүзеге асыратын 1 парақіріктегіш құрал-жабдық сатып алу;
- редакциялық-баспа кешенінің тиімді де жедел жұмысын қамтамасыз ететін 1 цифрлы фотоаппарат сатып алу.
Түпкі нәтиже:
- шет мемлекеттердің сыртқы саяси бағытын, әлемдегі әскери-стратегиялық ахуалға, Қазақстан Республикасындағы экономикалық, әлеуметтік, этнодемографиялық және қоғамдық-саяси ахуалға болжау жасау арқылы Қазақстан Республикасының тұрлаулы да қауіпсіз дамуын қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық тиімділігі:
- журналдар мен монографиялар шығару бойынша бір баспа қызметін көрсетудің орташа жылдық құны 169,2 мың теңге;
- бір әлеуметтану зерттеуін жүргізудің орташа құны 1 250 мың теңге;
- бір халықаралық конференция өткізудің орташа құны 165 мың теңге;
- бір қатысушыға шаққандағы халықаралық конференциялар құнының арақатысы 1,0 мың теңге.
Уақтылы орындалуы және сапасы:
- тиісті кезеңге арналған жоспар бойынша іс-шаралардың орындалуын 100 % сапалы да уақтылы ұйымдастыру, сондай-ақ елдегі ахуалдың дамуына байланысты жоспардан тыс іс-шаралар өткізу, зерттеулер жүргізу және т.б.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.22. N
470к
қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1235 қаулысына
3-ҚОСЫМША
101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Мұрағат қорының, баспа басылымдарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды арнайы пайдалану" деген 003 республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 88011 мың теңге (сексен сегіз миллион он бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңы
; "Қазақстан Республикасы Президентінің Архивін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 14 қаңтардағы N 1502
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 52
өкімі
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының ақпарат тасығыштардың барлық түрлерінде тұрақты мемлекеттік сақтауды жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: 1) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігін қызметінде пайда болатын құжаттарды және мұрағатта сақталған басқа да құжаттарды тұрақты мемлекеттік сақтау, олардың сақталуын және мемлекеттік есепке алынуын; мекемелердегі уақытша ведомстволық сақтаудағы құжаттарға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
2) Мұрағатты ҚР Президенті Әкімшілігінің және басқа да мемлекеттік мекемелердің құжаттарымен жасақтау;
3) Мұрағат қорларына ғылыми-анықтамалық аппаратты дайындау және дамыту;
4) Мұрағат құжаттарын жан-жақты пайдалануды ұйымдастыру және оларды ғылыми жариялау;
5) Құжаттаманы басқаруды ұйымдастыруға қатысу және оның жағдайын бақылау;
6) Мемлекеттік құпиялар бар құжаттармен жұмыста құпиялылық режимін сақтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
.
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
003 |
|
Мұрағат
|
1. Қазақстанның жаңа
|
жыл
|
Қазақ-
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
: Тікелей нәтиже:
1. Мемлекеттік сақтауға 3,0 мың іс қабылдау. Осылайша мұрағат қорының жалпы көлемі 0,5-0,7%-ға көбейіп, 645 мың сақталу бірлікке жетеді.
2. 730 сақталу бірліктің микрокөшірмесі мен аса маңызды құжаттардың көшірмелері сақтандыру қорларының 150 мың кадрын жасау, 4 мың істі тігу және түптеу, құжаттардың 140 мың парағын қалпына келтіру, компьютерлік графикамен нашар көрінетін мәтіндердің 2,5 мың парағын қайта жасау, микрофильмдердің 3 мың кадрына және қағаздағы құжаттардың 40 мың парағына цифрлау жүргізу.
3. Мекемелер мен азаматтардың кем дегенде 160 тақырыптық және әлеуметтік құқықтық сұрауларын орындау, зерттеушілерді мұрағаттың оқу залы арқылы талап етілген ақпаратпен қамтамасыз ету.
4. Каталогтың 29,8 мың карточкасын және 27,6 мың іске арналған 8 қорға ғылыми-анықтамалық аппаратты жетілдіру, сондай-ақ "Электрондық мұрағат", "Электрондық құжат айналымы" мұрағаттық технологияларды енгізу болжанып отыр.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарында 4 мақала және ғылыми жарияланымдар әзірлеу, 5 тарихи-құжаттамалық көрмелер өткізу болжанып отыр.
6. Құжаттандыру жағдайы және құжаттамаларды басқару мәселелері бойынша мекемелерде 7 тексеру жүргізу, сондай-ақ "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" ҚР Заңының талаптарын орындау бойынша құжаттарды ведомстволық сақтау болжанып отыр.
7. Мұрағаттың 10 қызметкерінің біліктілігін арттыру.
8. Іркіліссіз қоректендіру блогымен бір жиынтықтағы 13 компьютер және принтерлер, 1 (лазерлі) факс, А-3 форматтағы 1 цифрлық көшіру-көбейту аппараты, А-4 форматтағы 2 цифрлық көшіру-көбейту аппараты, А-3 форматтағы 1 түрлі-түсті лазерлік принтер, 1 қағаз тесу станогы, мұрағат қоймалары үшін 7 кондиционер, 3 телевизор, қозғалмалы мұрағаттық стеллаждардың 1 жиынтығы, 1 диван сатып алу құжаттардың сақталу жағдайын жақсартуға, сондай-ақ "Электрондық мұрағат" және "Электрондық құжат айналымы" бағдарламалары негізінде мұрағаттық ақпаратты іздестіру процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Түпкілікті нәтиже:
1. Зерттеушілерге басқарушылық міндеттерді шешу кезінде, жарияланымдар мен ғылыми еңбектерде құжаттарды пайдалану үшін 10 мыңға жуық іс тапсыру болжанып отыр.
2. Микрофотокөшірмеден өткен істердің саны 1,7 % көбейеді деп болжанып отыр, 6120360 кадрды құрайтын сақтандыру қорының өсімі 2,5% жетеді. Ақпаратты таяудағы 100-120 жылда таспалы тасығыштарда сақтаудың қауіпсіздік деңгейі артатын болады және зерттеушілер үшін кезінде нашар физикалық жағдайына байланысты қолға түспейтін құжаттар енгізіледі.
3. ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік органдар мен мекемелердің ақпараттық сұраулары 100 % қамтамасыз етіледі, ал азаматтардың хат-арыздарының 80-85% заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін құжаттардың көшірмесін алады.
4. Бөлімдердің жаңаша жіктелуі негізінде 170 мыңға жуық карточкасы бар қордың каталогы жетілдіріледі, ол каталогтың ақпараттылығын, тиімділігін, зерттеушілер іздеген қажетті ақпараттың жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
5. Қазақстанның азаматтары нашар зерттелген тарихи фактілермен және оқиғалармен танысуға мүмкіндік алады. Орта және жоғары оқу орындарының 150 оқушысы экскурсияларға барады, лекциялар тыңдайды. Осылайша, халықтың тарихи санасы мен отаншылдық тәрбиесін қалыптастыруға белгілі бір үлес қосылады.
6. Іс-жүргізуді, құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыруды жақсарту және құжаттарды ресімдеу кезінде 1042-2001 МемСТ-ын сақтау; жабдықталған ведомстволық мұрағаттарға 100 % жету және мемлекеттік сақтауға тапсыру үшін 3 мың іс дайындау.
7. Біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлерді қамтудың 74% жету.
8. Жұмыс орындарын электрондық есептеу техникасымен жабдықтаудың 79% жетуі күтіліп отыр.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: Тиімділіктің өлшемдері 1 істі сақтаудың - 11,93 теңге; 1 істі тігудің - 224,06 теңге құжаттың 1 парағының микрофотокөшірмесін жасаудың, мәтіні нашар көрінетін құжаттың 1 парағын қалпына келтірудің және істің көлемі бойынша стандартты парақтарды жөндеп-реттеудің орташа құнының негізінде айқындалатын болады.
Уақытында орындалуы: Нақты тапсырмаларды және жұмыстардың көлемін орындаудың уақтылығы негізгі іс-шаралардың белгіленген мерзімдерімен айқындалады.
Сапасы:
- Мұрағаттың сарапшы-тексеру комиссиясының жұмыс нәтижелерін бағалаумен (істерді мемлекеттік сақтауға дайындау, қабылдау, көрмелердің, лекциялардың, экскурсиялардың тақырыптық-экспозициялық жоспарлары), зерттеушілердің мұрағат ақпаратына деген қажеттіктерін қанағаттандыру туралы пікірлерімен айқындалады;
- аса бағалы құжаттардың көшірмелерінің сақтандыру қорын құру жөніндегі жұмыстардың сапасы;
- Микрофильмдерді жасаудың технологиялық регламентімен, нашар көрінетін мәтіндерді жөндеп-реттеу, түптеу мен қалпына келтіру - арнаулы нұсқаулықтармен айқындалады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1235 қаулысына
4-ҚОСЫМША
101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 109985 мың теңге (бір жүз тоғыз миллион тоғыз жүз сексен бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық
Заңы
; "Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңы
; "Мәдениет туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңы
; "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мұражайын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 1431
Жарлығы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: Қазақстанның қазіргі тарихының, президенттік институттың дамуын және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің рөлін айғақтайтын құжаттарды, тарихи материалдарды көрсету арқылы халықтың мәдениетінің, тарихи дарасанасының деңгейін көтеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: тарихи-мәдени және әлеуметтік-саяси ақпаратты топтау мен зерделеудің мәдениеттанушылық және ғылыми-әдістемелік процесі үшін жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Кіші
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
004 |
|
Тарихи-
|
Қазақстан Республика-
|
жыл
|
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
: Тікелей нәтижелері:
- мұражайға келетіндер адамдар саны кемінде 42000;
- жоспарланған шетелдік келушілер саны кемінде 450 адамды құрайды;
- мектеп оқушыларының саны 20000 баланы құрайды;
- ғылыми-зерттеу конференциясын 1 (бір) өткізу;
- келушілерге кемінде 1000 экскурсия жүргізу;
- материалдық-техникалық базаны нығайту үшін мынадай құрал-жабдықтар:
жолсілтегіштер мен каталогтар және мұражайдың қызметі жөніндегі басқа өнімдерді басып шығару үшін шағын баспахана (оның ішінде 1 электркескіш, 1 цифрлы теру аппараты, 1 бүктегіш машинаны, 1 электр қыстырғыш, 1 термотүптегіш);
Мемлекет басшысының кітапхана қорын толықтыру үшін мұражай материалдары, экспонаттар мен кітаптар;
кемінде 52 дана мұражай жабдықтары;
кемінде 100 дана күзет дабылдатқышы;
31 жұмыс станциясы, 10 принтер, желі жабдықтар мен желіні құру жиынтығы, лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету, Интернет және Web-сайтты әзірлеу қызметтері, LAN құрастыру мен орнату, 1 бустер, 3 микрофон, 2 кейс, 1 электр тігін машинкасы, 4 сервер, 1 аппараттық файрвол, 4 коммутатор, 1 ламинатор, 1 үзіліссіз қоректендіру көзі, 1 ауыстырғыш, 1 мониторлы консоль, 2 монитор, желі жабдығы үшін 1 тұғыр, 1 стриммер, 1 модем, 1 телеконвертор, 1 цифрлы бейнекамера үшін объектив, 1 бейнелерді цифрлайтын плата, 1 қарқынды жарықтандырғыш жабдығының жиынтығы, 1 таспалы сканер, 1 бейнеұстағыш карта, 1 электр кескіш, 1 цифрлы теру аппараты, 1 термотүптегіш, 1 бүктегіш машина, 1 электр қыстырғыш, коды бар 3 сейф, өндіріс саласына қызмет етуді жеделдету үшін 1 жеңіл қызметтік автокөлік сатып алу.
Түпкі нәтижелері: Қазақстанның қазіргі тарихының дамуын жинақтау, есепке алу мен сақтау, зерделеу мен танымал ету негізінде мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу.
Қаржылық-экономикалық тиімділігі:
- мұражайдың бір экспонатын сақтаудың орташа құны 2020 теңге.
Уақытында орындалуы:
- тиісті кезеңге арналған көзделген кесте бойынша іс-шаралардың орындалуы.
Сапасы: Республика халқының мәдени, рухани деңгейін көтеру және әлем жұртшылығын Қазақстанның қазіргі тарихының, президенттік институттың дамуымен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің рөлімен мұражай коллекциясы негізінде таныстыру.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.22. N
470к
қаулысымен.