Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Мыналардың:
14,
15,
16,
17,
18,
19,
20,
21,
22,
23,
24,
25,
26,
27,
28,
29,
30,
31,
32-қосымшаларға
сәйкес Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 2008 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қызметтік қолдану үшін
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
14-ҚОСЫМША
РҚАО-ның ескертуі. "Қызметтік қолдану үшін" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.
Ескерту. 14-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13
N 581
, 2008.11.12.
N 581д
Қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
15-ҚOCЫMШA
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2008 жылға арналған
"Елдiң қоғамдық тәртiп саласындағы саяси мүдделерiн қамтамасыз ету"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 8336 мың теңге (сегіз миллион үш жүз отыз алты мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.11.12.
N 581д
Қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Т.А. Төлеубаев туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 25 маусымдағы N 608 қаулысы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары кеңесінің 2005 жылғы 25 қарашадағы шешімімен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер аумағындағы ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстың басқа да қауіпті түрлеріне қарсы күресті үйлестіру жөніндегі бюро туралы ереже.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: халықаралық және трансұлтты қылмысқа қарсы күрес.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты дамыту және бiр ақпараттық кеңiстiк құру мақсатында Интерполмен байланыс ұстауды қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық әлемдегi қылмыстық полицияның ұлттық органдары арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейiне байланысты болатын халықаралық қылмыспен ең тиiмдi күрес жүргiзудi қамтамасыз ету үшiн, әсiресе оның ұйымдастырылған түрлерiмен, оның iшiнде ылаңкестiк және есiрткi бизнесiне қарсы тиiмдi күрес жүргізу үшiн ақпараттық қамтамасыз ету. Интерполдың басқа да қатысушы-мемлекеттерiнің өкілдерімен халықаралық қылмыс мәселелерi бойынша жедел ынтымақтастық құру.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағдарлама коды |
Кіші бағдарлама коды |
Бағдарламаның (кiші бағдарламаның) атауы |
Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар |
Iске асыру мерзiмi |
Жауапты орындау-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
002 |
|
Елдiң қоғамдық тәртiп саласында-
|
Халықаралық
|
Жыл бойы |
Қазақстан
|
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.12. N 581д Қаулысымен.
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: Интерпол каналдары бойынша халықаралық iздеуге жар салған адамдар саны - жыл бойы 100 адамнан кем емес; Интерпол тарапы бойынша халықаралық іздеуде болған адамдардың ұсталған саны - жыл бойы 25 адамнан кем емес.
Түпкi нәтиже: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарын тергеу, жедел, ғылыми-практикалық және анықтама-аналитикалық ақпаратпен қамтамасыз ету; Интерполдың мүшелерi болып табылатын шет ел мемлекеттерiнің құқық қорғау органдарына жiберiлген сұратулар мен ақпаратты жеткізудi қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының қылмыстық iстер және экстрадициялар бойынша құқықтық көмек туралы келiсiм-шарт жасалмаған мемлекеттермен мәселелердi шешу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Интерполдың Бас Хатшылығында Қазақстан Республикасының өкiлiн ұстау үшiн бөлiнген лимит шегiнде шығындалатын шығыстар.
Уақтылығы: ақпаратпен уақтылы қамтамасыз етiп отыру, Интерполдың басқа қатысушы-мемлекеттерiнің өкiлдерiмен халықаралық қылмыс мәселелерi бойынша жедел ынтымақтастық құру.
Сапасы: жедел-iздестiру қызметi саласында халықаралық ынтымақтастықты бекiту.
Қызметтік қолдану үшін
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
16-ҚOCЫMШA
РҚАО-ның ескертуі. "Қызметтік қолдану үшін" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.
Ескерту. 16-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.12.
N 581д
Қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
17-ҚOCЫMШA
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2008 жылға арналған
"Арнайы және әскери тасымалдар"
деген 004 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 127916 мың теңге (бір жүз жиырма жеті миллион тоғыз жүз он алты мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.12
N 581д
Қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы" Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 23 маусымдағы
Заңы
, "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының
5-1
, 10-баптары.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: министрлiктің және әскери бөлiмдердің жеке құрамының әскери және арнайы жүктерi, арнайы контингенттерiнің қозғалысын тәулiктiк бақылауға алуды, эшелондардың және басқа да есептегi бiрлiктердің тез жүруiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: министрлiктің және әскери бөлiмдердiң жеке құрамының арнайы контингентi мен арнайы жүктерiн тасымалдау бойынша жоспарланған iс-шараларды бұзуға жол бермеу, азаматтардың қауiпсiздiктерiн қамтамасыз ету үшiн темiржол көлiгiмен әскери және арнайы тасымалдауларды ұйымдастыру және жедел басқару; арнайы контингенттi жазасын өтеу орындарына тасымалдау жөнiндегi соттардың қаулыларын орындау.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар |
Iске асыру мер-
|
Жауапты орындаушылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
004 |
|
Арнайы
|
Арнайы контингент
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi,
|
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: арнайы контингенттi, жүктердi және басқа да тасымалдарды тасымалдау бойынша атқарылатын рейстер саны - 366 рейс; вагон саны - 14.
Түпкi нәтиже: арнайы контингенттi және арнайы жүктердi тасымалдауды тәулiк бақылауды орындау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бiр арнайы вагонды бiр тәулiкке жалға алу бағасы - 28,3 мың теңге.
Уақтылығы: мемлекеттiк әскери тасымалдаулар қозғалысы орындалуына қауiпсiздiк графигiн орындау, арнайы контингенттің қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес жеткiзiлуiн қамтамасыз ету.
Сапасы: арнайы контингент пен жүктердің белгiленген орнына жеткізiлуi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
18-ҚOCЫMШA
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2008 жылға арналған
"Ақпараттық жүйені дамыту"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны:
287536 мың теңге (екі жүз сексен жеті миллион бес жүз отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет
кодексі
,
"Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319
қаулысының
186-тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
толығымен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін және қоғамдық қауіпсіздікті жетілдіру, жолда құқық бұзушыларға қарсы күрес тиімділігін арттыру және оның алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
жолдарда болатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ оны жасаған адамдар туралы барлық ақпаратты орталықтандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны
|
Іске
|
Жауапты орындау-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
006 |
|
Ақпараттық
|
|
|
|
2 |
|
100 |
"Бақылау"
|
Есептеу техникасының
|
2008
|
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: Қазақстан Республикасының облыс орталықтары қатарында "Бақылау" ақпараттық-іздестіру жүйесін сатып алу.
Соңғы нәтиже: Жолда болған әкімшілік құқық бұзушылыққа бақылаудың артуы, сондай-ақ бұзушыларға қатысты қабылданған шаралардың орындалуы, өңірлік деңгейде ақпараттың жедел берілуі және талдаудың артуы.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Әкімшілік айыппұлдың артуы есебінен Қазақстан Республикасының бюджеті ақшалай түсімнен 5-10% көбеюі жоспарланып отыр.
Уақтылығы: тиісті шарттардың мерзімдеріне сәйкес тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізу.
Сапасы: құқық қорғау органдары қызметінде жүйені енгізу ақпараттық технологияны одан әрі біршама кең пайдалануға қол жеткізеді.
Қызметтік қолдану үшін
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
19-ҚOCЫMШA
РҚАО-ның ескертуі. "Қызметтік қолдану үшін" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.
Ескерту. 19-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13
N 581
Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
20-ҚОСЫМША
201
-
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Мәліметтер берудің спутниктік желісі мен
телефонияны жаңғырту және дамыту"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны:
253982 мың теңге (екі жүз елу үш миллион тоғыз жүз сексен екі мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.12
N 581д
Қаулысымен.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет
кодексі
, "Құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1355
қаулысы
; "Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы N 519
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
"КАZSАТ" спутнигін пайдалана отырып, мәліметтерді берудің және телефонияның қазіргі заманғы, бас тарта алатын, бір орталықтан басқарылатын жүйесін құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
ішкі істер органдарының бөлімшелерін мәліметтерді берудің және телефонияның мультисервисті жүйесін құру үшін қазіргі заманға сай спутниктік байланыс желілеріне қосу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағ-
|
Кіші бағ-
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар |
Iске асыру мерзiмi |
Жауапты орындаушылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
008 |
|
Мәлiметтер
|
Қосу желісі үшін
|
2008 жылдың наурыз-желтоқ-
|
Қазақстан
|
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тура нәтиже: Спутниктiк станцияларды сатып алу және құру.
Соңғы нәтиже: iшкi iстер органдарының 55 бөлiмшесінің мәліметтерді беру және телефонияның мультисервисті жүйесін құру үшін қазіргі заманға сай спутниктік байланыс желілеріне қосу, спутниктік байланыстың сапасын жақсарту және Ішкі істер министрлігінің бөлімшелерінің жедел басқару деңгейін арттыру.
Уақтылығы: тиiсiнше шарттардың мерзiмдерiне сәйкес тауарлар мен қызмет көрсетулердi жеткiзу.
Сапасы: бекiтiлген техникалық тапсырысқа сәйкес.
Қызметтік қолдану үшін
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
21-ҚOCЫMШA
РҚАО-ның ескертуі. "Қызметтік қолдану үшін" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.
Ескерту. 21-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 342 , 2008.11.12. N 581д Қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
22-ҚОСЫМША
201
-
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны:
130969 мың теңге (бір жүз отыз миллион тоғыз жүз алпыс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы" Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңының
19-бабы
; "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының
5-1-бабы
; "Білім туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі
Заңы
; "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметіне алғаш рет түскен адамдары мен қызметкерлерін кәсіби даярлау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 мамырдағы N 847
қаулысы
; "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ішкі істер органдары (полиция) мен ішкі әскерлері үшін кадрлар даярлау туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қарашадағы N 1128
қаулысы
; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында оқытуға және ұстауға арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігімен 2003 жылғы 6 маусымдағы N 335/5/14 келісім-шарты.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
ішкі істер органдары қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілерінің теориялық білімдері мен практикалық біліктіліктерінің деңгейін максималды түрде көтеру; Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке үміткерлерді алғашқы дайындықтан өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар |
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Кадрлардың
|
Қазақстан Республикасы
|
Жыл
|
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: біліктілік арттыру курстарынан өткен қызметкерлер саны - 450 бірлік; қайта даярлау курстарынан өткендер саны - 50 бірлік; ішкі істер органдары қызметіне үміткерлердің алғашқы арнайы оқуынан өткендер саны - 600 бірлік; Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында және орталықтарында курстарын өткен ішкі істер органдары қызметіне үміткерлер саны 55 бірліктен артық емес; Ресей Федерациясының оқу орындарында біліктілік арттыру курстарынан өткен әскери қызметшілер саны - 62 бірлік; арнайы жарақтарды, автокөліктерді сатып алу.
Түпкі нәтиже: ішкі істер органдарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесінде біліктілік арттыру, қайта даярлау және алғашқы арнайы оқу курстарын өткен қызметкерлермен қамтамасыз ету - 1,8 пайызға; ішкі істер органдарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында біліктілік арттыру курстарынан өткен қызметкерлермен қамтамасыз ету - 0,3 пайызға; ішкі істер органдарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында біліктілік арттыру курстарын өткен әскери қызметшілермен қамтамасыз ету - 0,4 пайызға; жаңа үлгідегі киім-кешекпен қамтамасыз ету - жалпы қажеттіліктен 84 пайызға; арнайы жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз ету - жалпы қажеттіліктен 87 пайызға; активтермен қамтамасыз ету - жалпы қажеттіліктен 78,3 пайызға.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жылына бір оқушыға кететін орташа шығындар - 926 мың теңге; Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында өтетін бір қызметкерге кететін орташа шығындар 288,4 мың теңге; Ресей Федерациясының оқу орындарында өтетін бір әскери қызметшіге кететін орташа шығындар - 195,7 мың теңге; 1 қызметкерге кететін орташа шығындар - 737,4 мың теңге.
Уақытылығы: ішкі істер органдарының қызметкерлері мен қызметіне үміткерлерді біліктілік арттыру курстарында, қайта даярлау және алғашқы арнайы оқу курстарында өкімдемеге сәйкес өз уақытында оқыту.
Сапасы: алғашқы арнайы оқу курстары түлектерінің біліктілік талаптарына сай болуы; ішкі істер органдарының біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарын бітірген қызметкерлер білімімен қанағаттануы; ішкі істер органдарының біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында бітірген қызметкерлер білімімен қанағаттануы; ішкі әскерлердің біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарын Ресей Федерациясының оқу орындарында бітірген қызметкерлер білімімен қанағаттануы.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
23-ҚOCЫMШA
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2008 жылға арналған
"Жоғары кәсiптiк бiлiмi бар мамандар даярлау"
деген 012 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 2508719 мың теңге (екі миллиард бес жүз сегіз миллион жеті жүз он тоғыз мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13
N 581
Қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің iшкi әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңының
19-бабы
; "Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының
5-1-бабы
; "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi iшкi әскерлерiнiң Жоғары әскери училищесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 18 наурыздағы N 349
қаулысы
; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Академиясы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 1 маусымдағы N 675
қаулысы
; "Құқық қорғау органдары үшiн кадрлар даярлауды, құқық қорғау органдарының қызметiн және үкiметтiк байланыс әскерлерi әскери қызметшілерiн әлеуметтiк қорғауды қаржыландыруға байланысты жекелеген мәселелер" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 1427
қаулысы
; "Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығына қатысушы мемлекеттердің ішкі істер органдары (полиция) мен ішкі әскерлері үшін кадр даярлау туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қарашадағы N 1128
қаулысы
; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi iшкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерiн Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында оқытуға және ұстауға арналған Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігiмен 2003 жылғы 6 маусымдағы келiсiм-шарты; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ресей Федерациясы Iшкi iстер министрлiгiнiң Волгоград академиясымен Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн даярлау жөнiндегi 2005 жылғы 8 қыркүйектегi N 270 келiсiм-шарты; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Ресей Федерациясы Iшкi iстер министрлiгiнің Омбы академиясымен Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн даярлау жөнiндегi 2005 жылғы 1 қазандағы N 255 келiсiм-шарты; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігiнің Ресей Федерациясы Iшкi iстер министрлiгінің Мәскеу университетiмен Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн даярлау жөнiндегi 2005 жылғы 4 қазандағы N 191 келiсiм-шарты; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Ресей Федерациясы Омбы академиясымен Қазақстан Республикасы iшкi істер органдарының қызметкерлерiн даярлау туралы 2007 жылғы 18 ақпандағы N 124 Келiсiм-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Волгоград академиясымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау туралы 2007 жылғы 14 наурыздағы N 263 және N 264 келісім-шарттары; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау туралы 2007 жылғы 18 сәуірдегі N 474 және N 475 келісім-шарттары; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлер Новосібір әскери институтымен 2006 жылғы 24 мамырдағы N 156 келісім-шарттары.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: iшкi iстер органдарының жүйесi үшін жоғары кәсіптік білiмi бар мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: сапалы жоғары кәсiби бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
012 |
|
Жоғары
|
Қазақстан Республи-
|
Жыл бойы |
Қазақстан
|
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тікелей нәтиже: күндiзгi оқу бөлiмiнде оқитындар саны - 2865 бiрлiк; сырттай оқу бөлiмiнде оқитындар саны - 400 бiрлік; алғашқы арнайы оқу оқитындар саны - 300 бiрлік; Ресей Федерациясының IIМ оқу орындарында оқитын қызметкерлер саны - 176 бiрлiк; Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарында оқитын әскери қызметшiлердiң саны - 55 бiрлiктер; күндiзгi оқу бөлiмi бойынша курсанттарды шығару - 677 бiрлік, оның iшiнде үздiк - 60 бiрлік; Курсанттарды сырттай оқудан бітіргендер - 382 бірлік, оның ішінде үздік - 15 бірлік; арнайы құрылғылар және автокөліктерді сатып алу.
Түпкi нәтиже: Iшкi iстер органдарын жоғары кәсiби бiлiмi бар мамандармен қамтамасыз ету - 36,1 пайызға; iшкi әскерлердi жоғары кәсiби бiлiмi бар мамандармен қамтамасыз ету - 19,0 пайыз; жаңа үлгiдегi киiм-кешекпен қамтамасыз ету - жалпы қажеттiлiктен 89,0 пайызға; арнайы жарақпен және материалдармен қамтамасыз ету - жалпы қажеттiлiктен - 75,3 пайызға; активтермен қамтамасыз ету - жалпы қажеттiлiктен - 65,1 пайызға.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Жылына бiр оқушыға кететiн шығын - 701,7 мың теңге; Ресей Федерациясының IIМ оқу орындарында оқитын 1 қызметкерге кететiн шығын - 1025,7 мың теңге; Ресей Федерациясының оқу орындарында оқитын 1 әскери қызметшiге кететiн шығын - 129,8 мың теңге; жылына бiр қызметкерге кететiн шығын - 1751,1 мың теңге.
Уақтылығы: қабылдау жоспарына сәйкес күндiзгi және сырттай оқу бөлiмi бойынша iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен әскери қызметшілерiн өз уақытында оқыту.
Сапасы: жалпы оқитындар санынан оқудан шығарылғандардың үлесi - 1,5 пайызға; жалпы оқитындар санынан жоғары оқу орнын үздiк бiтiрген, жоғары кәсiби бiлiмi бар түлектердің үлесi - 8,9 пайызға.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13
N 581
Қаулысымен.
Қызметтiк қолдану үшiн
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
24-ҚOCЫMШA
РҚАО-ның ескертуі. "Қызметтік қолдану үшін" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.
Ескерту. 24-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13
N 581
Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
25-ҚOCЫMШA
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2008 жылға арналған
"Әскери қызметшiлердi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн және олардың отбасы мүшелерiн емдеу"
деген 014 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 1385961 мың теңге (бір миллиард үш жүз сексен бес миллион тоғыз жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының
32-бабы
; "Өрт қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының
10-1-бабы
; "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының
29-5-бабы
; "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі Заңының
22-бабы
; "Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарында қызмет ету туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 6 қыркүйектегi N 1642 Жарлығының
128-бөлiмi
; "Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне және олардың бірге тұрып жатқан жанұя құрамына, сонымен қатар әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесінің зейнеткерлеріне ішкi iстер органдарының мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде сәйкестендірілген медициналық қызмет көрсету Ережелерін бекiту туралы" Үкiметтің 2005 жылғы 27 қыркүйектегi N 957
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: уақтылы және бiлiктi медициналық қызмет көрсету жолымен iшкi iстер органдары қызметкерлерiнің қызметтiк мiндеттерiн атқаруын жақсарту, әскери қызметшілерiне, құқық қорғау органдары қызметкерлерi мен зейнеткерлерiне медициналық куәландыру жүргiзу.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: науқастану деңгейiн төмендету, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, iшкi әскерлердің әскери қызметшiлерiне, зейнеткерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне және iшкi істер органдарының, iшкi әскерлердің зейнеткерлерiне, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесiнің, өртке қарсы қызметтің, қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне және зейнеткерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне, оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына кешендi, білiктi, мамандандырылған, консультативтiк-диагностикалық, профилактикалық және стационарлық көмек көрсету; құқық қорғау органдарында денсаулық жағдайы, физикалық және психикалық дамуы бойынша қызметке жарамдылығын анықтау; науқасына байланысты өзiнің қызметтiк мiндеттерiн орындамайтын әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң санын азайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
014 |
|
Әскери қызмет-
|
Әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органда-
|
Жыл
|
Қазақстан
|
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: әскери қызметшiлердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерiнің, кәсiби байқаудан өтетiндер саны - 73 447 адам; амбулаторлық қабылдауда болған және өткен адамдар саны - 1 444 908 науқас; стационарда емделген жағдайлар саны - 13 594 науқас; куәландырылғандардың саны - жылына 47 000 қызметкер; мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде медициналық қызметтер ұсыну - 28 200 кереует-күнiне; медициналық құрал-жабдықтар сатып алу.
Түпкi нәтиже: әскери қызметшiлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiнің, олардың отбасы мүшелерi мен зейнеткерлерінiң арасындағы науқас ауру пайызын төмендету 2-5 пайызға медициналық мекемелердің медициналық жарақтармен қамтамасыз етiлу деңгейi жалпы қажеттiлiктен 68 пайызға.
Қаржылық-экономикалық тиімділік: науқастың ауруханада болуының орташа ұзақтығы - 12 керуеттің жылдық орташа толық болуы - 289 күн, бiр науқасты емдеуге кететiн орташа шығындар, кереует-күн - 2,0 мың теңге, емханаға бiр рет баруға кететiн орташа шығындар - 187 теңге; бiр кереует-күннің орташа құны (мемлекеттiк тапсырыс) - 2,8 мың теңге; бiр медициналық қызметкерге жұмсалатын жылдық орташа шығындар - 674,3 мың теңге.
Уақтылығы: дер кезiнде бiлiктi медициналық көмек көрсету, жабдықтар жеткiзу кестесiне сәйкес медициналық жабдықтар жеткiзу.
Сапасы: әскери қызметшiлердi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн алдын ала қарауды қамту деңгейi; науқастардың көрсетілген медициналық көмекке қанағаттануы, медициналық көмек көрсету бойынша науқастардың шағымдарының болмауы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
26-ҚОСЫМША
201
-
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру ұйымдарында мамандар даярлау"
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны:
535436 мың теңге (бес жүз отыз бес миллион төрт жүз отыз алты мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының
5-1-бабы
; "Білім туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі
Заңы
; "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 19 мамырдағы N 721
қаулысы
; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қыркүйектегі N 1136-51қ қаулысы; "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 сәуірдегі N 348
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
ішкі істер органдарын орта кәсіптік білімді мамандармен қамтамасыз ету және алғашқы даярлауды ұйымдастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
ішкі істер органдары жүйесі үшін мамандарды сапалы дайындауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдарлама-
|
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар |
Іске
|
Жауапты орындау-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
015 |
|
Техникалық және кәсіп-
|
Заң колледждерін
|
Жыл бойы |
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: күндізгі оқу бөлімінде оқитындар саны - 830 бірлік; алғашқы арнайы оқу курстарында оқитындар саны - 115 бірлік; күндізгі оқу бөлімі бойынша курсанттарды шығару - 433 бірлік, оның ішінде үздік - 31 бірлік; арнайы жарақтар және материалдар, автокөлік, ас үй және медициналық жабдықтарын, ұйымдастыру техникасын, байланыс құралдарын сатып алу.
Түпкі нәтиже: ішкі істер органдарын орта кәсіптік білімді мамандармен қамтамасыз ету - 25 пайызға; жаңа үлгідегі киім-кешекпен қамтамасыз ету - жалпы қажеттіліктен 80 пайызға; арнайы жабдықтар мен материалдармен қамтамасыз ету - жалпы қажеттіліктен 85,6 пайызға; активтермен қамтамасыз ету - жалпы қажеттіліктен 89,3 пайызға.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жылына бір оқушыға кететін шығын - 645,1 мың теңге; жылына бір қызметкерге кететін шығын - 835,6 мың теңге.
Уақтылығы: қабылдау жоспарына сәйкес күндізгі оқу орындарына қабылданған тыңдаушыларды өз уақытында оқыту; қабылдау жоспарына сәйкес алғашқы арнайы оқу курстарында ішкі істер органдары қызметіне үміткерлерді өз уақытында оқыту.
Сапасы: жалпы оқитындар санынан оқудан шығарылғандардың үлесі - 3,1 пайызға; жалпы оқитындар санынан орта оқу орнын үздік бітірген, орта кәсіби білімі бар түлектердің үлесі - 7,2 пайызға.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
27-ҚOCЫMШA
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2008 жылға арналған
"Жүргiзушi куәлiктерiн, көлiк құралдарын мемлекеттiк
тiркеу үшiн қажет құжаттарды және нөмiр белгiлерiн дайындау"
деген 016 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 4426023 мың теңге (төрт миллиард төрт жүз жиырма алты миллион жиырма үш мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының
2-4-баптары
; "Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының
18-19-баптары
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: жол қозғалысына қатысуда азаматтарға және көлiк құралдарына рұқсат берудi қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: жол-көлiк қозғалысының ережесiн бұзуға жол берiлген кезде оларды максималды түрде анықтау мақсатында автокөлiктер құралдары мен көлiк құралдарының иелерiн есепке алу; азаматтарды тiркеу құжаттарымен, көлiк құралдарына мемлекеттiк тiркеу нөмiрлік белгілерiмен және жүргiзушi куәлiктерiмен максималды түрде қамтамасыз ету (бұдан әрi - ККTК, МТНБ және ЖК).
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
016 |
|
Жүргiзушi куәлiкте-
|
Жүргізушi куәлiкте-
|
Жыл бойы |
Қазақстан
|
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тура нәтиже: мемлекеттiк тiркеу нөмiр белгiлерiнiң жиынтықтар саны - 800 000 кем емес; көлiк құралдарын тiркеу туралы куәлiк бiрлiгiнің саны - 750 000 кем емес; бiрлiктерiнің саны - 480 000 кем емес; транзиттiк нөмiрлер белгiсiнің жиынтық саны - 5 000 кем емес.
Түпкі нәтиже: автокөлiк құралдарының иелерiн арнайы өнiммен қамтамасыз ету процентi.
Қаржы-экономикалық нәтиже: мемлекеттiк тiркеу нөмiр белгiлерiнің бiр жиынтығын дайындауға жұмсалатын шығындар - 2399,5 теңге; көлiк құралдарын тiркеу туралы куәлiк бiрлiгiн дайындауға жұмсалатын шығын - 1071,1 теңге; мемлекеттiк транзиттiк тiркеу нөмiрлер белгiсiнің бiр бiрлiгін дайындауға кететiн шығын - 294,8 теңге; 1 бiрлiк жүргiзушi куәлiктерiн дайындауға кететiн шығын - 1275,8 теңге.
Уақытылығы: белгiленген нормаға сәйкес автокөлiктер иелерiн арнайы өнiммен қамтамасыз ету.
Сапасы: жүргiзушi куәлiгiн, мемлекеттiк тiркеу нөмiр белгiсiн және көлiк құралдарын тiркеу туралы куәлiктерiн алу кезiнде азаматтарға жасалатын қызмет.
Қызметтiк қолдану үшiн
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
28-ҚOCЫMШA
РҚАО-ның ескертуі. "Қызметтік қолдану үшін" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.
Ескерту. 28-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.12.
N 581д
Қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
29-ҚOCЫMШA
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2008 жылға арналған
"Денсаулық сақтау объектілерін дамыту"
деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1
.
Құны:
53500 мың теңге (елу үш миллион бес жүз мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13
N 581
Қаулысымен.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:»
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы
Заңы
; "Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1355
қаулысы
.
3
.
Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
ішкі істер органдары мен ішкі әскерлердің қызметкерлеріне және әскери қызметшілеріне, ішкі істер органдары мен ішкі әскерлердің қызметкерлеріне және әскери қызметшілеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін тиісті жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
мамандандырылған медициналық көмек және қажетті емдеу-диагностикалық қызметтер көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны
|
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындау-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
021 |
|
Денсаулық
|
Белгіленген тәр-
|
Наурыз-желтоқ-
|
Қазақстан
|
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13 N 581 Қаулысымен.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: мемлекеттік сараптамадан өткен, түзетілген, бекітілген жобалау-сметалық құжаттама.
Соңғы нәтиже: ішкі істер органдарының қызметіне тиімді жағдай жасау үшін объектілерді қолданысқа енгізу.
Уақтылығы: жұмыстарды жүргізу кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13
N 581
Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
30-ҚOCЫMШA
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2008 жылға арналған
"Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш
заттарды ерікті түрде өтемді тапсыруды ынталандыру"
деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1
.
Құны:
165556 мың теңге (бір жүз алпыс бес миллион бес жүз елу алты мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13
N 581
Қаулысымен.
2.
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:»
"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы
Заңы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
оқ дәрімен атылатын қарудың жасырын айналымына қарсы әрекеттің жаңа тетігін енгізу, осы саладағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
оқ дәрімен атылатын ақаулық қаруды пайдалануға шектеу шараларын белгілеу, оқ дәрімен атылатын қарудың жасырын айналымына қарсы әрекеттің жаңа тетігін енгізу, құқық бұзушылықтың алдын алу. Заңсыз сақталған оқ дәрімен атылатын қаруды, оқ-дәрілер және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыру кезінде азаматтарды материалдық ынталандыру жолымен оқ дәрімен атылатын қаруды, оқ-дәрілер және жарылғыш заттарды жасырын айналымнан тегін алу жөнінде жұмыстар ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдарлама-
|
Бағдарламаны
|
Іске
|
Жауапты орындау-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
025 |
|
Заңсыз сақтал-
|
Заңсыз сақтал-
|
Жыл
|
Қазақстан
|
7
.
Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: оқ дәрімен атылатын қаруды, оқ-дәрілер және жарылғыш заттарды жасырын айналымнан шығарылған саны.
Соңғы нәтиже: Заңсыз сақталған оқ дәрімен атылатын қаруды, оқ-дәрілер және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған жеке тұлғаларға ақшалай өтемақы төлеу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: белгіленген төлем нормасы: АЕК 40 дейін-иір ойықты қысқа оқпан, АЕК 100-ге дейін автоматталған иір ойықты ұзын оқпан (автоматтар), АЕК 50-ге дейін-иір ойықты ұзын оқпан, АЕК 30-ға дейін-жайлы оқпан, АЕК 15-ге дейін-иір қолдан жасалған атыс қаруы немесе шолақ мылтық, АЕК 10-ға дейін газдық, травматикалық, АЕК 7-ге дейін гранаталар, миналар, жарылғыш құралдар және артиллериялық снарядтар, АЕК 6-ға дейін-жарылғыш заттар мен материалдар, АЕК 1/24-ке дейін иір ойықты қаруға оқ-дәрілер.
Уақтылығы: оқ дәрімен атылатын қаруды, оқ-дәрілер және жарылғыш заттарды тапсырғаны туралы азаматтың арызын уақтылы қарау.
Сапасы: оқ дәрімен атылатын қаруды жасырын айналымына қарсы әрекет және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
31-ҚOCЫMШA
201 - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2008 жылға арналған
"Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес"
деген 104 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 184036 мың теңге (бiр жүз сексен төрт миллион отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы
Заңы
; "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 10 шілдедегі
Заңы
; "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1678 қаулысы; "Қазақстан Республикасының нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 240
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4
.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
есірткілерді пайдаланудың өсуін тоқтату үшін және заңсыз айналымын тоқтатуға жағдайлар жасау, қоғам үшін есірткінің таралу деңгейін минималды қауіпсіздік шектеу, Қазақстан Республикасы нашақорлыққа және есірткі бизнесінің одан әрі таралуына қарсы мемлекеттік және қоғамдық іс-қимыл жүйесінің толық ауқымды тиімділігін қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
Қазақстан Республикасында есірткіге қарсы қызмет субъектілерінің арақатынасын одан әрі дамыту; есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдар тетігін нығайту, есірткіге қарсы насихатты жетілдіру.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
104 |
|
Нашақор-
|
Есiрткi бизнесiне қар-
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республи-
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: нашақорлықпен күрес Халықаралық күніне арналған акциялар жүргізу; 37400 данада журналдар шығару; спорттық - қауымдық 2 іс-шара өткізу; 2 семинар, 1 дөңгелек үстел өткізу; 10 телебағдарлама шығару және жариялау; 4 деректі фильмдер, 6 қысқаметражды бейнефильмдер, есірткі қарсы тақырыпта 4 бейнероликтер дайындау. Кинологиялық қызметті және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аумақтық арнайы бөлімшелерді материалды-техникалық жабдықтау.
Түпкі нәтиже: елдегі есірткі жағдайын тұрақтандыру; заңсыз есірткі, психотропты заттар және прекурсорлардың айналымына қарсы тұру, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының аумағына енгізілуін және басқа елдерге таралуының алдын-алу және жолын кесу; заңсыз есірткі айналымының деңгейін төмендету және олармен байланысты қылмысты нейтралдау. Қоғамның есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында есірткіге қарсы іс-шаралар жүргізу, есірткі құралдары, психотроптық заттарға және прекусорлардың заңсыз айналымына қарсы бағытталған жедел профилактикалық іс-шаралар және операциялар өткізу.
Уақыттылығы: халыққа уақтылы және профилактика жұмыстарын жүргізу; жедел іздестіру қызметін қолдану және ұйымдастыру әдісімен уақтылы және тұрақтылы әрекет ету.
Сапасы: есірткіні қолданатын адамдардың санын анықтау, олардың санын қысқарту, қылмыстардың және заңсыз есірткіні таратумен байланысты ұйымдасқан қылмыстық топтардың санын қысқарту. Қоғамның қауіпсіздік деңгейіне дейін есірткінің таралуын қысқарту және мемлекеттік бақылау.
Қызметтік қолдану үшін
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
32-ҚOCЫMШA
РҚАО-ның ескертуі. "Қызметтік қолдану үшін" белгісімен Қаулы Деректер базасына енгізілмейді.