"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сыныптық шен, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшілердiң және өзге де мемлекеттiк органдар қызметкерлерінiң нысанды киiм киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 491 қаулысы

      Ескерту. Заң жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен қайтарып алынсын - ҚР Үкіметінің 2004.06.28. N 710 қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сыныптық шен, әскери және арнауды атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттiк органдар қызметкерлерінiң нысанды киiм киіп жүру құқығы мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрі

Жоба 

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сыныптық шен, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттiк органдар қызметкерлерінiң нысанды киiм киiп жүру құқығы мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне(Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 жылғы 24 наурыздағы N 69-70 "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 20 наурыздағы N 57-58 "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 18 наурыздағы Заңы):
      1) 144-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) осы баптың 6) тармақшасына сәйкес бұрын салық салуға жатпайтын, 2004 жылғы 1 мамырдан бастап әскери және арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы жойылған адамдарға Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда, ішкі істер, ұлттық қауiпсiздiк органдарында, қылмыстық-атқару жүйесi және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен мекемелерiнде қызметтік мiндеттерiн атқарған кезде берiлетiн төлемдердiң барлық түрі,";
      2) 316-баптың 1-тармағының бiрiнші абзацы "6)," деген саннан кейiн "6-1)" деген санмен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат):
      1) 505-баптың 2-тармағы "заңдарымен" деген сөзден кейін ", өзге де нормативтік құқықтық актілерімен" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 506, 510, 522-баптардың тақырыптарындағы және мәтіндеріндегі "арнаулы атақ", "арнаулы атақтар", "арнаулы атақтан", "арнаулы атақтарын", "арнаулы атақтарда", "арнаулы атақты" деген сөздер тиісінше "сыныптық шен", "сыныптық шендер", "сыныптық шеннен", "сыныптық шендерін", "сыныптық шендерде", "сыныптық шенді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 510-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Кеден органының лауазымды адамына атқаратын қызметiне және еңбек сiңiрген жылдарына сәйкес белгiленген тәртiппен мынадай сыныптық шендер берiледі:
      1) кіші басшы құрам:
      кеден қызметінiң кішi инспекторы;
      2) орта басшы құрам:
      кеден қызметінің ІІІ сыныпты инспекторы;
      кеден қызметінің ІІ сыныпты инспекторы;
      кеден қызметінің І сыныпты инспекторы;
      3) аға басшы құрам:
      кеден қызметінің III сыныпты кеңесшісі;
      кеден қызметінің II сыныпты кеңесшісі;
      кеден қызметінің I сыныпты кеңесшісі;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Сыныптық шендер кеден органдарына қойылған негiзгi мiндеттер мен функцияларды тiкелей орындайтын кеден органдарының лауазымды адамдарына берiледi.
      Кеден органдарының лауазымды адамдарына сыныптық шендер беру (айыру) тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеру туралы ережемен айқындалады.
      Сыныптық шендер берiлетiн кеден органдарының лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";
      4) 511, 512, 513, 514-баптар алынып тасталсын;
      523-баптың 1-тармағының 7), 8) тармақшаларындағы "арнаулы атақ", "атақ" деген сөздер тиiсiнше "сыныптық шен", "шен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 16, 141-құжат):
      21-баптың 4-тармағында:
      "нысанды киiм-кешекпен" деген сөздер "нысанды киiммен (погонсыз)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Нысанды киiм (погонсыз) киiп жүру құқығы бар қызметкерлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды. Нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, киiп жүру тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын уәкiлеттi орган бекiтедi.".

      4. "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 2, 32-құжат; N 18, 429-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; N 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 920-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2003 ж., N 15, 135-құжат):
      мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
      "17-1-бап. Әскери және арнаулы атақ алу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған адамдардың құқығы мен кепiлдiктерi
      Әскери және арнаулы атақ алу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған адамдардың олардың Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қызмет атқарған кезеңiнде осы Заңның II бөлiмiнiң күшi қолданылады.".

      5. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы Заңына(Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 жыл, N 18, 439-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат):
      58-бап мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Балық қорларын қорғау және балық аулауды peттeу жөнiндегi аумақтық уәкiлеттi мемлекеттiк органның, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық органының лауазымды адамдары, жануарлар дүниесiнiң қорларын, соның iшінде балық қорларын қорғауды тiкелей жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлерi (қорықшылар, аңшылар, бас аңшылар), сондай-ақ балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерi нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етiледi. Нысанды киiм (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар қызметкерлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды. Нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, киiп жүру тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын уәкiлетті орган бекiтедi.".
      6. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 3 қазандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 19, 118-құжат; N 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 13-14, 144-құжат):
      16-баптың бiрiншi aбзацында:
      "Республикасының" деген сөзден кейiн "мемлекеттiк қызмет туралы және" деген сөздермен толықтырылсын.
      7. "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184, 190-құжаттар; 1998 ж., N 11-12, 174-құжат; N 24, 436-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2004 ж., N 1, 2-құжат):
      6-баптың 4-тармағы "қызметі" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы және" деген сөздермен толықтырылсын.
      8. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуe кеңістiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 Заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат):
      7-бап мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      "Азаматтық және эксперименттік авиация қызметiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн орындау кезінде үлгілерін және бepу тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтетiн айырым белгiлерi бар нысанды киiмде (погонсыз) болуы тиiс.
      Уәкiлеттi органның нысанды киiм (погонсыз) киiп жүру құқығы бар қызметкерлерінің тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.".
      9. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына(Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233-құжат; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 6, 72-құжат; N 17, 155-құжат):
      21-баптың 1-тармағында "Республикасының" деген сөзден кейiн "мемлекеттiк қызмет туралы және" деген сөздермен толықтырылсын.
      10. "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 15, 208-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат):
      1) 11-баптың 6) және 9) тармақшаларындағы "сыныптық шендер мен" деген сөздер алынып тасталсын;
      1) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "49-бап. Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң әскери атақтары, нысанды киiмi және арнаулы мантиялары
      1. Әскери прокуратураның алдына қойылған негiзгi мiндеттер мен функцияларды тiкелей орындайтын әскери прокуратура қызметкерлерiне атқаратын қызметiне және арнаулы қызметтегi стажына сәйкес мынадай әскери атақтар берiледi:
      әдiлет генерал-лейтенанты;
      әдiлет генерал-майоры;
      әдiлет полковнигi;
      әдiлет подполковнигi;
      әдiлет майоры;
      әдiлет капитаны;
      әдiлет аға лейтенанты;
      әдiлет лейтенанты;
      аға прапорщик;
      прапорщик.
      2. Әдiлет генералдарының әскери атақтарын Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
      3. Әскери прокуратураның әскери атақтар берiлген қызметкерлерi нысанды киiммен тегiн қамтамасыз етіледi.
      4. Сот отырыстарына қатысатын прокуратура органдарының қызметкерлерi арнаулы мантиялармен тегiн қамтамасыз етiледi.
      5. Нысанды киiмдердiң, арнайы мантиялардың және айырым белгiлерiнiң үлгiлерi, нысанды киiм, арнайы мантияларды киiп жүру тәртiбi мен қамтамасыз ету нормасы, сондай-ақ әскери атақтар беру және олардан айыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережемен белгiленедi.
      6. Әскери атақтары бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери атақтары бойынша жалақы белгiленедi.";
      3) 53-бапта:
      1-тармақ "сыныптық шендерi болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған адамдар үшiн зейнетке шығу кезiнде әлеуметтiк қамтамасыз ету, барлық жеңiлдiктер мен артықшылықтар сақтала отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы бапта көзделген бiр жолғы өтемді есептеу үшiн қолданылатын ақшалай қаражат сыныптық шендерi болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған адамдар үшiн белгiленген лауазымдық жалақыдан және сыныптық шен үшiн (әскери атағы бойынша) қосымша ақыдан (жалақыдан) тұрады.".
      11. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы  N 2707 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 8, 233-құжат; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат):
      1) 20-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Iшкi iстер органдарының алдына қойылған негiзгi мiндеттер мен функцияларды тiкелей орындайтын iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне арнаулы атақтар және нысанды киiм кию құқығы берiледi.
      Арнаулы атақ берiлетiн ішкi iстер органдарының қызметкерлерi лауазымдарының тізбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.";
      2) мынадай мазмұндағы 32-1-баппен толықтырылсын:
      "32-1-бап. Арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған адамдардың құқығы
      Арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған адамдарға, олардың iшкi iстер органдарындағы қызметтерiнiң кезеңiнде осы Жарлықтың 26-бабының 4-тармағын қоспағанда, осы Жарлықтың 6-тарауының күші қолданылады.".
      12. "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 18, 368-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 20, 728-құжат; N 23, 931-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат; 2003 ж., N 24, 177-құжат):
      1) 10-5-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "Мемлекеттiк" деген сөздiң алдынан "Осы органдардың алдына қойылған негiзгi мiндеттер мен функцияларды тікелей атқаратын" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлiкпен толықтырылсын:
      "Арнаулы атақ берiлетiн мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.";
      2) мынадай мазмұндағы 10-12-баппен толықтырылсын:
      "10-12-бап. Арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған адамдардың құқығы
      Арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған адамдарға, олардың мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметтерiнiң кезеңiнде еңбек ақы төлеу, медициналық және санаториялық-курорттық, зейнетақымен қамтамасыз ету тәртiбi, сондай-ақ iшкi iстер органдары қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген әлеуметтiк қорғау және кепiлдiк шарттары қолданылады.".
      13. "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңына(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 10, 109-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 24, 434-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 927-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2004 ж., N 2, 9-құжат):
      24-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "2. Әскери және арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған адамдарға олардың әскери қызметi, iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк, Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерi органдарындағы қызметi кезеңiнде осы баптың 1-тармағының күші қолданылады.".
      14. "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 11, 154-құжат; 1999 ж., N 8, 239-құжат; N 23, 925-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2003 ж., N 1-2, 13-құжат):
      11-баптың 3) және 4) тармақшалары, 16-баптың 4-тармағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң" деген сөздерден кейiн ", арнайы атақтар берiлген және, Қазақстан Республикасының заңнамасымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын қылмыстық-атқару жүйесi, қаржы полициясы, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының және әскери және арнаулы атақтары болу, нысанды киiм-кешек киiп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған адамдарға" деген сөздермен толықтырылсын.
      15. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат):
      мынадай мазмұндағы 66-1-баппен толықтырылсын:
      "66-1-бап. Әскери және арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру
      Әскери және арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған адамдарға, олардың iшкi iстер, қаржы полициясында, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесi органдарында қызмет атқарған кезеңінде осы Заңның 4-бөлiмiнiң күшi қолданылады.".
      16. "Сот приставтары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., 13-14, 201-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат):
      1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сот приставтарына нысанды киім (погонсыз), үлгісін орындаушылық құжаттарын орындауды қамтамасыз ету бойынша уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін куәлік және жетон беріледі.".
      17. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 215-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат; N 24, 338-құжат):
      27-2-баптың 3-тармағында:
      "инспекторлар" деген сөзден кейiн "нысанды киiммен (погонсыз)," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осындай қызметкерлер лауазымдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, киiп жүру тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын уәкiлеттi орган бекiтедi.";
      18. "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 21, 276-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 21-22, 281-құжат):
      1) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
      "15-1-бап. Сот сарапшыларының бiлiктiлiк санаттары
      Сот сарапшыларына бiлiктiлiк (бiлiм деңгейi мен мамандығы бойынша жұмыс стажы) талаптары ескерiлiп бекiтiлген сот сарапшылары лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамалары негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiктiлiк санаттары берiледi.";
      2) 24-баптың 2-тармағындағы "сыныптық шенi, еңбек сiңiрген жылдары үшiн қосымша ақыдан" деген сөздер "бiлiктiлiк санаты, еңбек жағдайы үшiн қосымша ақыдан" деген сөздермен ауыстырылсын.
      19. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 13, 195-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 23, 922-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 11, 67-құжат):
      83-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Сот орындаушысына қызметтiк куәлiк берiледi, ол үлгiлерiн уәкілеттi орган бекiтетiн жетонмен және нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етiледi.".
      20. "Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 2-3, 34-құжат; N 23, 931-құжат; 2002 ж., N 4, 30-құжат; 2003 ж., N 15, 121-құжат):
      5-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi:
      "және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нысанды киiммен қамтамасыз етiледi" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бac мемлекеттiк инспекторлар, облыстық, қалалық, аудандық өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық органдарының мемлекеттiк инспекторлары, шекара пункттерi мен шекарадағы бекеттердiң өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар өсiмдiктер карантинi бойынша бақылауды тiкелей жүзеге асыру кезiнде нысанды киiм (погонсыз) киюге, айырым белгiлердi, жетондарды тағуға құқылы.";
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осындай қызметкерлер лауазымдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Нысанды киiм (погонсыз) үлгілерiн, киiп жүру тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын уәкiлеттi орган бекiтедi.".
      21. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуiрдегі Заңына(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 8, 238-құжат; N 23, 925-құжат; 2000 ж., N 23, 411-құжат; 2001 ж., N 2, 14-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат):
      1) 4-баптың 3) тармақшасы "iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасылары" деген сөздiң алдынан ", Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, қылмыстық-атқару жүйесi, қаржы полициясы, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының және 2004 жылғы 1 мамырдан бастап әскери және арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы жойылған адамдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 7-баптың 6) тармақшасы "әскери қызметшілердің" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, қылмыстық-атқару жүйесi, қаржы полициясы, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының және 2004 жылғы 1 мамырдан бастап әскери және арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы жойылған адамдардың" деген сөздермен толықтырылсын.
      22. "Темiр жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2001 ж., N 23, 315-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат):
      1) 14-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "15-1) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар темір жол көлігінде мемлекеттік бақылау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін бекіту";
      2-тармақтың 5) тармақшасындағы "және оны киіп жүруге құқығы бар темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 32-баптың 1 тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын;
      "Тексеруді жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның лауазымды адамдары белгіленген үлгідегі нысанды киімде (погонсыз), қызметтік куәлігі болуға тиiс.".
      23. "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 2, 16-құжат):
      4-бапта:
      2-тармақтың 11) тармақшасында:
      "нысанды киiм" деген сөздерден кейiн "(погонсыз)" деген сөзбен толықтырылсын;
      ", нысандар үлгілері мен айырым белгілерін, нысанды киім киіп жүру тәртібін және қамтамасыз ету нормаларын" деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) нысанда киім (погонсыз) үлгілері мен айырым белгiлерiн, нысанды киім (погонсыз) киіп жүру тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту;".
      24. "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат):
      1) 7-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы "және бiлiктiлiк санаттары" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 27-бапта:
      1-тармақ "Әдiлет министрлігінің" деген сөздерден кейiн "осы салада әдiлет органдарының алдына қойылған негiзгi мiндеттер мен функцияларды тiкелей орындайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осындай қызметкерлер лауазымдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.".
      25. "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шiлдедегi Заңына(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 145-құжат):
      1) 17-баптың 1-тармағында:
      "Қаржы полициясы органдарының" деген сөздерден кейiн "алдына қойылған негiзгi мiндеттер мен функцияларды тiкелей орындайтын қаржы полициясы органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшаның үшінші абзацы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Арнаулы атақ берiлетiн қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";
      2) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
      "22-1-бап. Арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылғы 1 мамырдан бастап жойылған адамдардың құқығы
      Арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылғы 1 мамырдан бастап жойылған адамдарға қаржы полициясы органдарындағы қызметi кезеңiнде осы Заңның 18-бабының 4-тармағын қоспағанда, осы Заңның 6-тарауының күші қолданылады.".
      26. "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 16, 148-құжат):
      20-баптың 6-тармағында:
      "ветеринариялық рәміздері бар арнаулы киiм" деген сөздер "нысанды киiм (погонсыз)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар қызметкерлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, киіп жүру тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын уәкiлеттi орган бекiтедi.".
      2-бап. 20 жылдан аса қызмет өткен, әскери және арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылғы 1 мамырдан бастап жойылған адамдар әскери қызметті және аттестацияланған лауазымдардағы iшкi iстер, қылмыстық-атқару жүйесi, қаржы полициясы, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметті өткерудi аяқтауға құқығы бар.
      3-бап. Осы Заң 2004 жылдың 1 мамырынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады