"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне еңбектi реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 1437 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне еңбектi peттeу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнің
      мiндетiн атқару

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне
еңбектi реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы"

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 29-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат):
      148-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "148-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңдарын бұзу";
      бiрiншi бөлігіндегі "еңбек туралы заңдарды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлігіндегі "сол сияқты" деген сөздерден кейiн "мүгедектi оның мүгедектiгi себептi не" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат):
      Бүкiл мәтін бойынша "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен", "еңбек туралы заңдарға" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегi Азаматтық  кодексіне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 31-құжат):
      1) 493-баптың 2-тармағындағы "еңбек туралы заң актiлерiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 573-баптың 3-тармағындағы "еңбек туралы заң актілерінде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 742-баптың 2-тармағы 2) тармақшасындағы ", оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      4) 921-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "(келiсiм-шарттың)" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) 1040-баптың 2-тармағы 4) тармақшасындағы "еңбек пен әлеуметтiк қамсыздандыру туралы заң актілерiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдары мен Қазақстан Республикасының әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы заңдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат):
      1) 87-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "87-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңдарын бұзу";
      бірiншi бөлігіндегі: "еңбек туралы заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актілердi (жалақы төлеудi кiдiртуден басқа)," деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарын (жалақы төлеудi кiдiртуден басқа), оның iшiнде еңбек шартының рәсiмделмеуi немесе тиiсiнше рәсiмделмеуi," деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлігіндегі "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
      2) 89-бапта:
      бiрiншi бөлiгіндегi "еңбектi қорғау туралы заңдарды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiнші бөлігіндегі "еңбек туралы заңдарды, еңбектi қорғау туралы заңдарды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 20, 116-құжат):
      1) 10-баптың 25-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "25-1) қызметкер - мемлекеттiк қызметшiлердi қоспағанда, жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жұмысты еңбек шарты бойынша тiкелей орындайтын жеке тұлға;";
      2) 50-баптың 7-тармағы 2) тармақшасындағы "келiсiмi, соның iшiнде келiсiм-шарт бойынша" деген сөздер "шарты бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 178-баптың 14) тармақшасындағы "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
      4) 187-1-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "жеке" және "(келiсiм-шарт, келісім)" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақтағы "жеке" және "(келісім-шартта, келiсiмде)" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) 191-баптың 3-тармағы екiншi бөлігіндегi "жеке" және "(келiсiм-шарт)" деген сөздер алынып тасталсын;
      6) 316-баптың 1-тармағы 4) тармақшасындағы "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
      7) 527-баптың 5-тармағы 2) тармақшасындағы "жеке"деген сөз алынып тасталсын.

      6. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден  кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат):
      1) 407-баптың екiншi бөлiгіндегi "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
      2) 505-баптың 2-тармағында:
      "Кодекспен" деген сөзден кейiн ", Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      "және еңбек туралы" деген сөздер алынып тасталсын.

      7. "Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 84-құжат; 1995 ж., N 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат):
      20-баптың екiншi бөлiгiндегі "еңбек туралы заңдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi туралы" 1993 жылғы 13 қаңтардағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 1, 3-құжат; 1995 ж., N 8, 56-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 2002 ж., N 16, 147-құжат):
      1) 5-1-баптың 2-тармағындағы "қызметшілердi" деген сөз "азаматтық, қызметшілердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) 9-баптың бiрiншi абзацындағы "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
      2) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "10-бап. Шекара қызметiнде қызметкерлердiң еңбек шарты бойынша жұмыс iстеуi
      Шекара қызметiндегi қызметкерлер мен азаматтық қызметшiлердiң еңбек шарты бойынша жұмыс iстеуi Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен реттеледi.".

      9. "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 2, 32-құжат; N 18, 429-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; N 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 920-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2003 ж., N 15, 135-құжат):
      15-баптың үшiншi бөлiгіндегі "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуiрдегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 8, 200-құжат; 1995 ж., N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 16, 147-құжат):
      1) 10-бапта:
      бiрiншi бөлiгiнде:
      алтыншы абзацтағы ", еңбек қорғау және қауiпсіздiк техникасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетiншi абзацтағы "еңбек қорғау және" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 20-баптың екiншi, үшiншi, төртiнші және бесiншi бөлiктері алынып тасталсын.

      11. "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 16-17, 212-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1999 ж., N 23, 921-құжат):
      1) 7-баптың екiншi абзацы алынып тасталсын;
      2) 13-бапта:
      бiрiншi абзацтағы "Еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бір жолғы жәрдемақы төленедi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес өмiрi мен денсаулығына келтiрілген зиян өтеледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзацтағы "аталған жәрдемақыны алуға" деген сөздер "өмiрi мен денсаулығына келтiрілген зиян өтемiне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 10, 126-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 71-құжат; 2004 ж., N 11-12, 65-құжат):
      9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Мемлекеттiк басқару органы кәсiпорынның басшысымен өзара қатынастарын Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы рәсімдейді.
      Еңбек шартында Қазақстан Республикасының еңбек заңдарында белгіленген шарттармен қатар, кәсiпорын басшысының таза табыстың белгіленген бөлігінiң мемлекеттік бюджетке уақытында аударылмағаны және қаржы-шаруашылық есептемесі туралы мәлiметтердiң уақытында ұсынылмағаны үшiн жауапкершілігі айқындалады.".

      13. "Өндiрiстiк кооператив туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 қазандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 2001 ж., N 17-18, 242-құжат; 2003 ж., N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат):
      23-бапта:
      1-тармақтағы "жеке еңбек шарты бойынша" деген сөздер алынып тасталсын және "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақта:
      бiрiншi бөлігіндегi "контрактында" деген сөз алынып тасталсын;
      екiншi бөлiгiндегi "еңбек туралы заңдарда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақта:
      екiншi бөлігiндегi "еңбек заңдарында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлігіндегі "еңбек туралы заңдарда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. "Республикалық ұлан туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184, 190-құжаттар; 1998 ж., N 11-12, 174-құжат; N 24, 436-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2004 ж., N 1, 2-құжат):
      6-баптың 4-тармағындағы "еңбек туралы заңдардың нормаларымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігін пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар  Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат):
      34-баптың үшiншi бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      16. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат):
      1) 18-баптың 1-тармағындағы "еңбек туралы заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 20-баптың 4-тармағында:
      бiрiншi бөлігін "еңбек заңдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiгiндегi "еңбек" деген сөз "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      17. "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 15, 208-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат):
      52-бапта:
      1) тармақшада:
      "көзделген ерекшелiктермен қоса, Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      "және еңбек" деген сөздер алынып тасталсын.
      2) тармақшада:
      "қатынастары" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен," деген сөздермен толықтырылсын;
      "және еңбек" деген сөздер алынып тасталсын.

      18. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233-құжат; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 6, 72-құжат; N 17, 155-құжат):
      21-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      19. "Қоғамдық бiрлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 234-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат):
      4-баптың төртiншi бөлiгiнде:
      "қызметкерлерiне" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының еңбек заңдары," деген сөздермен толықтырылсын;
      "еңбек," деген сөз алынып тасталсын.

      20. "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 18, 368-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 20, 728-құжат; N 23, 931-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат; N 24, 177-құжат):
      10-1-бапта:
      үшiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен, осы Заңда және iшкi iстер органдары қызметкерлерi үшiн белгіленген өзге де нормативтік құқықтық актiлермен көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, реттеледі.";
      төртiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет және еңбек туралы заңдарымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      21. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат):
      70-баптың 1-тармағының 5) тармақшасында "еңбек туралы заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      22. "Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы  Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 6, 69-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 8, 187-құжат; 2004 ж., N 11-12, 67-құжат):
      1) 9-баптың 4-тармағындағы "(келісім-шарт)" деген сөз алынып тасталсын;
      2) 23-баптың 6-тармағы бiрiншi бөлігіндегі "(келiсiм-шарт)" деген сөз алынып тасталсын;
      3) 24-баптың 2-тармағындағы "(келiсiм-шарттың)" деген сөз алынып тасталсын;
      4) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "26-бап. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының еңбегiне ақы төлеу
      1. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамалары құтқарушыларының мамандығы бойынша еңбек стажын есептеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.";
      5) 31-баптағы "(келісім-шарт)" деген сөз алынып тасталсын.

      23. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 8, 84-құжат; 1999 ж., N 13, 431-құжат; N 23, 921-құжат; 2001 ж., N 15-16, 228-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 17, 101-құжат):
      1) 2-баптың жетiншi абзацындағы "мерзiмдi", "(келiсiм-шарт)" және "(келiсiм-шарты)" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 13-баптың 5-тармағы үшiншi бөлігіндегі "мерзiмдi" және "(келiсiм-шарт)" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) 86-баптың 1-тармағы 2) тармақшасындағы "мерзiмдi" және "(келiсiм-шарт)" деген сөздер алынып тасталсын;
      4) 112-баптың бiрiншi бөлігіндегi "мерзiмдi еңбек келiсiмімен (келiсiм-шартпен)" деген сөздер "еңбек шартымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 114-баптың 1-тармағында:
      бiріншi бөлiгiндегi "мерзiмдi" және "(келiсiм-шарты)" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiнші бөлігіндегі "(келiсiм-шарт)" деген сөздер алынып тасталсын;
      6) 115-баптың 2-тармағы 6) тармақшасындағы "(келiсiм-шарттың)" деген сөздер алынып тасталсын;
      7) 118-баптың 2-тармағы 5) тармақшасындағы "шарттан (келісiм-шарттан)" деген сөздер "еңбек шартынан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      24. "Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 10, 109-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 24, 434-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 927-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2004 ж., N 2, 9-құжат):
      69-баптың 2-тармағы алынып тасталсын.

      25. "Жеке кәсiпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 185-құжат; N 22, 333-құжат; 1999 ж. N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат):
      22-бапта:
      1) 2-тармақтағы "(келісім-шартпен)" деген сөз алынып тасталсын;
      2) 3-тармақта:
      "(келiсiм-шартқа)" деген сөз алынып тасталсын;
      "қызметкерге" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасы еңбек заңдарының," деген сөздермен толықтырылсын;
      "еңбек," деген сөз алынып тасталсын;
      3) 5-тармақ алынып тасталсын.

      26. "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 182-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 21, 778-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 150-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 19-20, 147-құжат):
      3-баптың 4-тармағындағы "жеке" деген сөз алынып тасталсын.

      27. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат, 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат):
      11-баптың 1-тармағы 1) тармақшасындағы "(келісім-шарт)" деген сөз алынып тасталсын.

      28. "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 21, 276-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 21-22, 281- құжат):
      24-баптың 2-тармағы алынып тасталсын.

      29. "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 22, 28-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат; 2003 ж., N 11, 65-құжат):
      8-баптың 2-тармағындағы "(келiсiм-шарт)" деген сөз алынып тасталсын.

      30. "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 26-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 26-құжат; N 24, 178-құжат):
      13-баптың 2-тармағындағы "еңбек туралы заңдарымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      31. "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 23, 430-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат):
      110-баптың 1-тармағы 4) тармақшасындағы "еңбек туралы заңдарда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      32. "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 4, 102-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 6, 41-құжат):
      31-баптың 2-тармағы алынып тасталсын.

      33. "Қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртiбi мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 6, 190-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 16, 147-құжат):
      40-баптың 1-тармағы 1) тармақшасында "еңбек туралы заңдарда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      34. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 18, 11-құжат):
      1) 1-баптың 39-1) тармақшасындағы "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
      2) 40-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.";
      2-тармақ алынып тасталсын.
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Мемлекеттiк білiм беру ұйымдары өздерiндегi бар қаражат шегiнде, сондай-ақ, кәсiпкерлiк қызмет есебiнен сыйлықақылар мен ынталандыру сипатындағы өзге де төлемдердiң мөлшерлерiн дербес белгiлей алады.".
      3) 42-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлігіндегi:
      "жеке" деген сөздер алынып тасталсын;
      "еңбек туралы заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      35. "Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 21 шілдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 21, 770-құжат):
      48-баптың 2-тармағындағы "(келiсiм-шарт)" деген сөз алынып тасталсын.

      36. "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 21, 773-құжат; 2001 ж., N 13-14, 170-құжат; 2003 ж., N 4, 24-құжат):
      27-баптың 1-тармағы 10) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет және еңбек туралы заңдарымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      37. "Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 23, 413-құжат):
      26-бапта:
      2-тармақтың екiншi бөлігіндегі "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
      6-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "қызметкерлерiне" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының еңбек заңдары" деген сөздермен толықтырылсын.
      "еңбек," деген сөз алынып тасталсын.

      38. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 1, 8-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 10, 56-құжат):
      39-баптың 4-тармағында:
      "қызметкерлерiне" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының еңбек заңдары" деген сөздермен толықтырылсын;
      "еңбек" деген сөз алынып тасталсын.

      39. "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 2, 12-құжат; N 15-16, 232-құжат; 2003 ж., N 19-20, 148-құжат):
      31-баптың 4-тармағы алынып тасталсын.

      40. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат; 2004 ж., N 2, 10-құжат):
      1) 1-баптың 14) тармақшасы алынып тасталсын;
      2) 2-баптың 1-тармақшасында "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
      3) 5-баптың 1-тармағы 1) тармақшасы алынып тасталсын;
      4) 9-баптың 1-тармағы 1) тармақшасында:
      "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
      "еңбек туралы заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 13-бап алынып тасталсын;
      6) 18-баптың 2-тармағындағы "еңбек туралы заңдардың" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 20-баптың 8-тармағында:
      "адамдарға" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының еңбек заңдары," деген сөздермен толықтырылсын;
      "еңбек," деген сөз алынып тасталсын.

      41. "Тұтыну кооперативi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 мамырдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 10, 138-құжат):
      4-баптың 4-тармағындағы "жеке" деген сөз алынып тасталсын.

      42. "Темiржол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 315-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат):
      1) 22-баптың 1-тармағында:
      "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жеке" деген сөз алынып тасталсын.
      2) 23-баптың 1-тармағы екiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      43. "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 320-құжат):
      15-баптың 6-тармағындағы "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      44. "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 2, 16-құжат):
      Заңның мәтiнi бойынша:
      "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жеке" деген сөз алынып тасталсын.

      45. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 551-құжат):
      27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "27-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын
реттеу
      Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен, осы Заңда көзделген ерекшелiктермен реттеледi.".

      46. "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылы 18 наурыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы" 2002 ж., N 6, 67-құжат):
      28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "28-бап. Еңбектi құқықтық реттеу
      Әдiлет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен, осы Заңда көзделген ерекшелiктермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарымен реттеледi.".

      47. "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 145-құжат):
      13-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлігіндегі "қатынастары" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен," деген сөздермен және "Заңдарымен" деген сөзден кейiн "көзделген ерекшелiктермен" деген сөздермен толықтырылсын;
      "және еңбек" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi бөлiгiнде:
      "қатынастары" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      "және еңбек" деген сөздер алынып тасталсын;
      10-тармақтағы "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      48. "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 16, 153-құжат):
      4-баптың 6-тармағында:
      "адамдарға" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының еңбек заңдары," деген сөздермен толықтырылсын;
      "еңбек," деген сөз алынып тасталсын.

      49. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 17, 154-құжат):
      16-баптың 3-тармағындағы "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      50. "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 3, 18-құжат):
      16-баптың 2-тармағы 4) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының еңбектi қорғау туралы заңдарының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      51. "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; N 21-22, 160-құжат):
      59-баптың 2-тармағының үшiншi бөлiгiнде:
      "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
      "жеке еңбек" деген сөздер "еңбек" деген сөзбен ауыстырылсын.

      52. "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 11, 70-құжат):
      1) 51-баптың 3-тармағындағы екiншi абзац алынып тасталсын;
      2) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "52-бап. Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеу
      Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.".

      53. "Iшкi су көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 15, 88-құжат):
      1) 36-баптың 2-тармағы 2-тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 37-баптың 2-тармағындағы және 3-тармағының 1-тармағы 3) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 38-баптың 1-тармағы 3) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап. Осы Заң 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады