"Үндістан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 53 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Үндістан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Үндістан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандумды бекіту туралы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған 2016 жылғы 24 маусымда Ташкентте жасалған Үндістан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандум бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы
№ Жарлығымен
БЕКІТЕЛГЕН

Үндістан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандум

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (бұдан әрі – ШЫҰ немесе Ұйым) және Үндістан Республикасы,

      2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясында (бұдан әрі – Хартия) бекітілген мақсаттар мен қағидаттарды және 2007 жылғы 16 тамыздағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартының (бұдан әрі – Шарт), сондай-ақ ШЫҰ шеңберінде қабылданған басқа да халықаралық шарттар мен құжаттардың ережелерін ұстанатынын растай отырып,

      2010 жылғы 11 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына жаңа мүшелерді қабылдау тәртібі туралы ережені (бұдан әрі – Ереже) және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің (бұдан әрі – МБК) Үндістан Республикасын Шанхай ынтымақтастық ұйымына қабылдау рәсімін бастау туралы 2015 жылғы 10 шілдедегі №3 шешімін негізге ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап. Меморандум мәртебесі

      Осы Меморандум халықаралық шарт болып табылады және Үндістан Республикасының ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатында қабылдаған міндеттемелерді қамтиды.

2-бап. Үндістан Республикасының жалпы міндеттемелері

      Үндістан Республикасы Хартияның, Шарт ережелерінің мақсаттары мен қағидаттарын, сондай-ақ ШЫҰ шеңберінде қабылданған халықаралық шарттар мен құжаттарды сақтауға міндеттенеді.

3-бап. Үндістан Республикасының ШЫҰ шеңберіндегі халықаралық шарттарға қосылуы

      3.1. Үндістан Республикасы ШЫҰ шеңберінде қабылданған барлық халықаралық шарттар мен құжаттарға осы бапта көзделген мерзімде қосылуға міндеттенеді.

      3.2. Үндістан Республикасы Үндістан Республикасының осы Меморандумның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы хабарламаны ШЫҰ Хатшылығы алған күнінен бастап 2016 жылғы 1 қарашадан кешіктірілмейтін мерзімде Хартияға,2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына және олардың хаттамаларына қосылуға міндеттенеді.

      3.3. Осы баптың 3.2-тармағында көзделген рәсімдер орындалғаннан кейін Үндістан Республикасы 2017 жылғы 15 қаңтардан кешіктірілмейтін мерзімде осы Меморандумға №1 қосымшада көрсетілген ШЫҰ шеңберіндегі халықаралық шарттарға қосылуға міндеттенеді.

      3.4. Үндістан Республикасы осы баптың 3.2 және3.3-тармақтарында айтылған міндеттемелерді орындағаннан кейін және осы Меморандум күшіне енген жағдайда Үндістан Республикасы осы Меморандумға №2 Қосымшада көрсетілген халықаралық шарттарға қосылу құқығын алады. Үндістан Республикасы оларға 2017 жылғы 15 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде қосылуға міндеттенеді.

      3.5. ШЫҰ шеңберіндегі халықаралық шарттарға қосылу Үндістан Республикасы үшін осы баптың 3.2-тармағындажәне осы Меморандумға № 1 және № 2 Қосымшаларда айтылған халықаралық шарттар күшіне енгеннен кейін орындалған болып есептеледі. Бұдан кейін МБК Ережеде белгіленген тәртіппен Үндістан Республикасына ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды.

      3.6. Үндістан Республикасы осы баптың 3.2-тармағындажәне осы Меморандумға № 1 және № 2 Қосымшаларда айтылған халықаралық шарттарға қосылу мерзімдері бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда Үндістан Республикасы ШЫҰ Хатшылығына қосылу мерзімдерін қайта қарау мүмкіндігі туралы өтінішпен бір рет қана жүгінуге құқылы. Бұл ретте Үндістан Республикасының ШЫҰ шеңберіндегі халықаралық шарттарға қосылуының жаңа мерзімдері осы Меморандумның 3.2, 3.3 және 3.5-тармақтарында белгіленген бастапқы мерзімдерден аспауға тиіс. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілер кеңесі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кеңесіне (бұдан әрі – СІМК) Үндістан Республикасының өтініші бойынша ұсыным дайындайды. СІМК ұсынымы бойынша МБК бұл мәселе бойынша тиісті шешім қабылдайды.

      3.7. Үндістан Республикасы Ұйымға кіргенге дейін қабылданған ШЫҰ органдарының шешімдері Үндістан Республикасы үшін осы баптың 3.5-тармағында айтылған МБК шешімдері қабылданған күнінен бастап қолданыста болады.

4-бап. ШЫҰ-ға кірудің қаржылық аспектілері

      4.1. Үндістан Республикасының Ұйым бюджетіне жыл сайынғы жарнасының мөлшері ШЫҰ-ның Хартиясында көзделген үлестік қатысу қағидатының негізінде және 2003 жылғы 29 мамырдағы ШЫҰ-ның бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімге сәйкес айқындалады.

      4.2. Үндістан Республикасының ШЫҰ-ның бюджетіне үлестік жарнасы 5,9 пайызды құрайды. Осы Меморандум күшіне енгеннен кейін 2003 жылғы 29 мамырдағы ШЫҰ бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімге Қосымшаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

      4.3. Үндістан Республикасының Ұйым бюджетіне алғашқы үлестік жарнасы 2003 жылғы 29 мамырдағы ШЫҰ-ның бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімге осы баптың 4.2-тармағында айтылған өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген жылдан кейінгі қаржы жылының ішінде жүзеге асырылады.

5-бап. ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін органдарында квоталық лауазымдарға орналастыру

      5.1. Үндістан Республикасының ШЫҰ-ның бюджетіне үлестік жарнасының мөлшеріне сәйкес ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін органдарында 4штаттық лауазым(2 штат бірлігі ШЫҰ-ның Хатшылығында және 2 штат бірлігі ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы комитетінде) бөлінеді. Жаңа құрылым мен штат кестесі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары (премьер-министрлері) кеңесінің шешімімен бекітіледі.

      5.2. Үндістан Республикасы Ұйымның бюджетіне жарналарды төлегеннен кейін бекітілген штат кестесіне сәйкес ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін органдарына квоталық лауазымдарға орналастыру үшін өз азаматтарын жібереді.

6-бап. Меморандум қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату

      6.1. Үндістан Республикасы Хартия мақсаттары мен қағидаттарын сақтау міндеттемелерін бұзған немесе осы Меморандумда жазылған міндеттемелерді орындамаған жағдайда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер және ШЫҰ СІМК-нің ұсынымы бойынша қабылданған МБК шешімінің негізінде осы Меморандумның қолданысын тоқтата тұруы немесе тоқтатуы мүмкін. Тиісті шешім қабылданған күннен бастап 15 күн ішінде ШЫҰ-ның Хатшылығы жазбаша нысанда Үндістан Республикасын осы шешім туралы хабардар етеді. Үндістан Республикасына ШЫҰ-ның Хатшылығынан жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап 30 күн өткен соң осы Меморандумның қолданысы тоқтатыла тұрады немесе күші жойылады.

      6.2. Осы Меморандум тоқтатыла тұрған жағдайда оның қолданысын қайта бастау туралы шешімді Үндістан Республикасының өтініші бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер және ШЫҰ СІМК-нің ұсынымы бойынша қабылданған МБК шешімінің негізінде қабылдауы мүмкін. Тиісті шешім қабылданған күннен бастап 15 күн ішінде ШЫҰ-ның Хатшылығы жазбаша нысанда Үндістан Республикасын осы шешім туралы хабардар етеді. Үндістан Республикасына ШЫҰ-ның Хатшылығынан жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап 30 күн өткен соң осы Меморандумның қолданысы қайта басталады.

7-бап. Қорытынды ережелер

      7.1. Осы Меморандум ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің және Үндістан Республикасының оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны ШЫҰ-ның Хатшылығы алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді. ШЫҰ-ның Хатшылығы мемлекетішілік рәсімдерді орындау туралы келіп түскен жазбаша хабарламалар туралы Тараптарды хабардар етеді.

      Осы Меморандумға № 1 және № 2 Қосымшалардың 3-бабының 3.6-тармағында, сондай-ақ 4-бабының 4.2-тармағында, 5-бабының 5.1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Меморандумға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмейді.

      7.2. Осы Меморандумды қолданумен және/немесе түсіндірумен байланысты даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы консультациялар арқылы шешіледі.

      7.3. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер және ШЫҰ СІМК ұсынымы бойынша қабылданған МБК шешімінің негізінде не Үндістан Республикасы, 6-бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа Тараптарға тоқтату болжанған күнге дейін 90 күннен кешіктірмей жазбаша хабарлама жіберу арқылы осы Меморандумның қолданысын тоқтатуы мүмкін.

      7.4. Осы Меморандумның қолданысы тоқтатылған жағдайда Тараптар осы Меморандумда көзделген міндеттемелерді реттеуге міндеттенеді.

      2016 жылғы 24 маусымда Ташкент қаласында әрқайсысы орыс, қытай және ағылшын тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасы үшін

      Қытай Халық Республикасы үшін

      Қырғыз Республикасы үшін

      Ресей Федерациясы үшін

      Тәжікстан Республикасы үшін

      Өзбекстан Республикасы үшін

      Шанхай ынтымақтастық ұйымының      Үндістан Республикасы үшін

      Бас хатшысы

  Үндістан Республикасының
Шанхай ынтымақтастық
ұйымына мүше мемлекет
мәртебесін алу
мақсатындағы міндеттемелері
туралы меморандумға
1-қосымша

ШЫҰ шеңберіндегі қолданыстағы халықаралық шарттардың тізбесі1

      1. 2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісім. 2003 жылғы 14 қарашада күшіне енді.

      2. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2003 жылғы 5 қыркүйектегі Хаттама. 2004 жылғы 1 қазанда күшіне енді.

      3. 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы шеңберіндегі құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету туралы келісім. 2015 жылғы 19 қарашада күшіне енді.

      4. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2007 жылғы 16 тамыздағы Хаттама. 2009 жылғы 25 маусымда күшіне енді.

      5. 2001 жылғы 14 қыркүйектегі Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы Аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары және сауда мен инвестициялар саласында қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі процесті іске қосу туралы меморандум. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

      6. Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары және сауда мен инвестициялар саласында қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі процесті іске қосу туралы меморандумға 2001 жылғы 14 қыркүйектегі Хаттама. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

      7. 2003 жылғы 29 мамырдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісім. Келісім қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады.

      8. Шанхай ынтымақтастық ұйымы бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2003 жылғы 24 қарашадағы Хаттама. 2004 жылғы 30 сәуірде күшіне енді.

      9. 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция. 2007 жылғы 4 қазанда күшіне енді.

      10. 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің арасындағы Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім. 2007 жылғы 16 тамызда күшіне енді.

      11. 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Деректер банкі туралы келісім. 2007 жылғы 11 сәуірде күшіне енді.

      12. 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық пен олардың қызметін үйлестіру туралы хаттама. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

      13. 2006 жылғы 15 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумағына террористік, сепаратистік және экстремистік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың кіру арналарын анықтау және жабу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. 2008 жылғы 6 қарашада күшіне енді.

      14. 2006 жылғы 15 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісім. 2009 жылғы 17 наурызда күшіне енді.

      15. 2008 жылғы 28 тамыздағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісім. 2013 жылғы 29 қарашада күшіне енді.

      16. 2009 жылғы 16 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. 2011 жылғы 2 маусымда күшіне енді.

      17. 2009 жылғы 16 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы құралымдары үшін кадрлар даярлау туралы келісім. 2011 жылғы 13 қыркүйекте күшіне енді.

      18. 2009 жылғы 16 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы конвенциясы. 2012 жылғы 14 қаңтарда күшіне енді.

      _____________

      1 1-қосымшаға 2002 жылғы 7 маусымдағы ШЫҰ Хартиясының, 2001 жылғы 15 маусымдағы терроризмге, сепаратизмге, экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясының қатысушы мемлекеттердің қосылуы үшін ашық, сондай-ақ кез келген мемлекеттердің қосылуы үшін ашық ШЫҰ халықаралық шарттары енгізілген.

  Үндістан Республикасының
Шанхай ынтымақтастық
ұйымына
мүше мемлекет мәртебесін алу
мақсатындағы міндеттемелері
туралы меморандумға
2-қосымша

ШЫҰ шеңберіндегі қолданыстағы халықаралық шарттардың тізбесі2

      1. 2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі банкаралық ынтымақтастық (бірлестік) туралы келісім. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

      2. 2006 жылғы 15 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңірлік терроризмге қарсы құрылымындағы ақпаратты техникалық қорғау туралы келісім. 2015 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енді.

      3. 2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісім. 2007 жылғы 24 шілдеде күшіне енді.

      4. 2006 жылғы 15 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. 2008 жылғы 30 қаңтарда күшіне енді.

      5. 2007 жылғы 16 тамыздағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. 2014 жылғы 24 сәуірде күшіне енді.

      6. 2007 жылғы 2 қарашадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім. 2014 жылғы 24 сәуірде күшіне енді.

      7. 2007 жылғы 16 тамыздағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарты. 2012 жылғы 31 қазанда күшіне енді.

      8. 2008 жылғы 28 тамыздағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім. 2010 жылғы 3 мамырда күшіне енді.

      9. 2008 жылғы 30 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері арасындағы энергия ресурстарының өткізілуін бақылау саласында ақпарат алмасу туралы хаттама. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

      10. 2010 жылғы 11 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім. 2012 жылғы 11 қаңтарда күшіне енді.

      11. 2010 жылғы 11 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. 2014 жылғы 15 тамызда күшіне енді.

      12. 2012 жылғы 5 желтоқсанда қол қойылған 2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге хаттама. 2015 жылғы 14 наурызда күшіне енді.

      13. 2013 жылғы 13 қыркүйектегі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім. 2015 жылғы 20 қазанда күшіне енді.

      14. 2015 жылғы 18 тамыздағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің әділет министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы келісім. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

      __________________

      2 2-қосымшаға ШЫҰ-ға мүше болып табылатын кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық ШЫҰ халықаралық шарттары енгізілген.

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "Об утверждении Меморандума об обязательствах Республики Индия в целях получения статуса государства-члена Шанхайской организации сотрудничества"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2017 года № 53

      О проекте Указа Президента Республики Казахстан "Об утверждении Меморандума об обязательствах Республики Индия в целях получения статуса государства-члена Шанхайской организации сотрудничества"

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНАВЛЯЕТ:

      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "Об утверждении Меморандума об обязательствах Республики Индия в целях получения статуса государства-члена Шанхайской организации сотрудничества".

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 15 Закона Республики Казахстан от 30 мая 2005 года "О международных договорах Республики Казахстан" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Утвердить прилагаемый Меморандум об обязательствах Республики Индия в целях получения статуса государства-члена Шанхайской организации сотрудничества, совершенный в Ташкенте 24 июня 2016 года.

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
Республики Казахстан
Н. Назарбаев

  УТВЕРЖДЕН
Указом Президента
Республики Казахстан
от 21 февраля 2017 года
№ 433

Меморандум
об обязательствах Республики Индия в целях получения статуса государства-члена Шанхайской организации сотрудничества

      Государства-члены Шанхайской организации сотрудничества, Шанхайская организация сотрудничества (далее - ШОС или Организация), и Республика Индия, далее именуемые Сторонами,

      подтверждая приверженность целям и принципам, закрепленным в Хартии Шанхайской организации сотрудничества от 7 июня 2002 года (далее - Хартия), и положениям Договора о долгосрочном добрососедстве, дружбе и сотрудничестве государств-членов Шанхайской организации сотрудничества от 16 августа 2007 года (далее - Договор), а также других международных договоров и документов, принятых в рамках ШОС,

      основываясь на Положении о порядке приема новых членов в Шанхайскую организацию сотрудничества от 11 июня 2010 года (далее - Положение) и Решении № 3 Совета глав государств-членов ШОС (далее - СГГ) от 10 июля 2015 года о начале процедуры приема Республики Индия в члены Шанхайской организации сотрудничества,

      согласились о нижеследующем:

Статья 1. Статус Меморандума

      Настоящий Меморандум является международным договором и содержит обязательства, принятые Республикой Индия в целях получения статуса государства-члена ШОС.

Статья 2. Общие обязательства Республики Индии

      Республика Индия обязуется соблюдать цели и принципы Хартии, положения Договора, а также международные договоры и документы, принятые в рамках ШОС.

Статья 3. Присоединение Республики Индия к международным договорам в рамках ШОС

      3.1. Республика Индия обязуется присоединиться ко всем международным договорам и документам, принятым в рамках ШОС, в сроки, предусмотренные в настоящей статье.

      3.2. Республика Индия обязуется присоединиться к Хартии, Шанхайской конвенции о борьбе с терроризмом, сепаратизмом и экстремизмом от 15 июня 2001 года, и протоколам к ним, в срок не позднее 1 ноября 2016 года с даты получения Секретариатом ШОС уведомления о выполнении Республикой Индией внутригосударственных процедур, необходимых для вступления в силу настоящего Меморандума.

      3.3. После выполнения процедур, предусмотренных в пункте 3.2. настоящей статьи, Республика Индия обязуется присоединиться в срок не позднее 15 января 2017 года к международным договорам в рамках ШОС, указанным в Приложении № 1 к настоящему Меморандуму.

      3.4. После выполнения Республикой Индия обязательств, упомянутых в пунктах 3.2 и 3.3 настоящей статьи, и при условии вступления в силу настоящего Меморандума Республика Индия получает право присоединиться к международным договорам, указанным в Приложении № 2 к настоящему Меморандуму. Республика Индия обязуется присоединиться к ним в срок не позднее 15 апреля 2017 года.

      3.5. Присоединение к международным договорам в рамках ШОС считается выполненным после вступления в силу для Республики Индия международных договоров, упомянутых в пункте 3.2 настоящей статьи и Приложениях № 1 и № 2 к настоящему Меморандуму. После этого СГГ в установленном в Положении порядке принимает решение о предоставлении Республике Индии статуса государства-члена ШОС.

      3.6. В случае невыполнения Республикой Индия обязательств по срокам присоединения к международным договорам, упомянутым в пункте 3.2 настоящей статьи и Приложениях № 1 и № 2 к настоящему Меморандуму, Республика Индия вправе только один раз обратиться в Секретариат ШОС с просьбой о возможности пересмотра сроков присоединения. При этом новые сроки присоединения Республики Индия к международным договорам в рамках ШОС не должны превышать первоначальные сроки, обозначенные в пунктах 3.2, 3.3 и 3.5 настоящего Меморандума. Совет национальных координаторов государств-членов ШОС готовит рекомендацию Совету министров иностранных дел государств-членов ШОС (далее - СМИД) по обращению Республики Индия. СГГ по рекомендации СМИД принимает по данному вопросу соответствующее решение.

      3.7. Решения органов ШОС, принятые до вступления Республики Индия в Организацию, действуют для Республики Индия с даты принятия решения СГГ, упомянутого в пункте 3.5 настоящей статьи.

Статья 4. Финансовые аспекты вступления в ШОС

      4.1. Размер ежегодного взноса Республики Индия в бюджет Организации определяется на основе принципа долевого участия, предусмотренного Хартией ШОС, и в соответствии с Соглашением о порядке формирования и исполнения бюджета ШОС от 29 мая 2003 года.

      4.2. Долевой взнос Республики Индия в бюджет ШОС составит 5,9 процентов. После вступления в силу настоящего Меморандума в Приложение к Соглашению о порядке формирования и исполнения бюджета ШОС от 29 мая 2003 года вносятся соответствующие изменения и дополнения.

      4.3. Первый долевой взнос Республики Индия в бюджет Организации осуществляется в течение финансового года, следующего за годом вступления в силу упомянутых в пункте 4.2 настоящей статьи изменений и дополнений в Соглашение о порядке формирования и исполнения бюджета ШОС от 29 мая 2003 года.

Статья 5. Замещение квотных должностей в постоянно действующих органах ШОС

      5.1. В соответствии с размером долевого взноса в бюджет ШОС Республике Индии выделяется 4 штатных должности в постоянно действующих органах ШОС (2 штатные единицы в Секретариате ШОС и 2 штатные единицы в Исполнительном комитете Региональной антитеррористической структуры ШОС). Новая структура и штатное расписание утверждаются решением Совета глав правительств (премьер-министров) государств-членов ШОС.

      5.2. Республика Индия направляет своих граждан для замещения квотных должностей в постоянно действующих органах ШОС в соответствии с утвержденным штатным расписанием после уплаты взносов в бюджет Организации.

Статья 6. Приостановление или прекращение действия Меморандума

      6.1. В случае нарушения Республикой Индия обязательств соблюдать цели и принципы Хартии или невыполнения изложенных в настоящем Меморандуме обязательств государства-члены ШОС и ШОС на основании решения СГГ, принятого по рекомендации СМИД, могут приостановить или прекратить действие настоящего Меморандума. В течение 15 дней с даты принятия соответствующего решения Секретариат ШОС в письменной форме уведомляет Республику Индия о данном решении. Настоящий Меморандум приостанавливает действие или утрачивает силу по истечении 30 дней с даты направления Республике Индия письменного уведомления от Секретариата ШОС.

      6.2. Решение о возобновлении действия настоящего Меморандума, в случае его приостановления, может быть принято государствами-членами ШОС и ШОС на основании решения СГГ, принятого по рекомендации СМИД, по обращению Республики Индии. В течение 15 дней с даты принятия соответствующего решения Секретариат ШОС в письменной форме уведомляет Республику Индию о данном решении. Настоящий Меморандум возобновляет действие по истечении 30 дней с даты направления Республике Индии письменного уведомления от Секретариата ШОС.

Статья 7. Заключительные положения

      7.1. Настоящий Меморандум вступает в силу по истечении 30 дней с даты получения Секретариатом ШОС последнего письменного уведомления о выполнении государствами-членами ШОС и Республикой Индия внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу. Секретариат ШОС извещает Стороны о поступивших письменных уведомлениях о выполнении внутригосударственных процедур.

      В настоящий Меморандум, за исключением ситуации, предусмотренной пунктом 3.6 статьи 3, а также пункта 4.2 статьи 4, пункта 5.1 статьи 5, Приложений № 1 и № 2 к настоящему Меморандуму, не могут вноситься изменения и дополнения.

      7.2. Споры и разногласия, связанные с применением и/или толкованием настоящего Меморандума, разрешаются путем консультаций между Сторонами.

      7.3. Государства-члены ШОС и ШОС на основании решения СГГ, принятого по рекомендации СМИД, либо Республика Индия, кроме случаев, предусмотренных в статье 6, могут прекратить действие настоящего Меморандума путем направления письменного уведомления другим Сторонам не позднее, чем за 90 дней до предполагаемой даты прекращения.

      7.4. В случае прекращения действия настоящего Меморандума Стороны обязуются урегулировать обязательства, предусмотренные настоящим Меморандумом.


      Совершено в городе Ташкент 24 июня 2016 года в двух подлинных экземплярах, каждый на русском, китайском и английском языках, причем все тексты имеют одинаковую силу.

      За Республику Казахстан
      За Китайскую Народную Республику
      За Кыргызскую Республику
      За Российскую Федерацию
      За Республику Таджикистан
      За Республику Узбекистан

Генеральный секретарь
Шанхайской организации

Сотрудничества

За Республику Индия

  Приложение 1
к Меморандуму
об обязательствах
Республики Индия в целях
получения статуса
государства-члена
Шанхайской организации
сотрудничества

Перечень
международных договоров, действующих в рамках ШОС1

      1. Соглашение между государствами-членами Шанхайской организации сотрудничества о Региональной антитеррористической структуре от 7 июня 2002 года. Вступило в силу 14 ноября 2003 года.

      2. Протокол о внесении изменений в Соглашение между государствами-членами Шанхайской организации сотрудничества о Региональной антитеррористической структуре от 5 сентября 2003 года. Вступил в силу 1 октября 2004 года.

      3. Соглашение об обеспечении защиты секретной информации в рамках Региональной антитеррористической структуры Шанхайской организации сотрудничества от 17 июня 2004 года. Вступило в силу 19 ноября 2015 года.

      4. Протокол о внесении изменений в Соглашение между государствами-членами Шанхайской организации сотрудничества о Региональной антитеррористической структуре от 16 августа 2007 года. Вступил в силу 25 июня 2009 года.

      5. Меморандум между Правительствами государств-участников Шанхайской организации сотрудничества об основных целях и направлениях регионального экономического сотрудничества и запуске процесса по созданию благоприятных условий в области торговли и инвестиций от 14 сентября 2001 года. Вступил в силу с даты подписания.

      6. Протокол к Меморандуму между Правительствами государств-участников Шанхайской организации сотрудничества об основных целях и направлениях регионального экономического сотрудничества и запуске процесса по созданию благоприятных условий в области торговли и инвестиций от 14 сентября 2001 года. Вступил в силу с даты подписания.

      7. Соглашение о порядке формирования и исполнения бюджета Шанхайской организации сотрудничества от 29 мая 2003 года. Временно применяется со дня его подписания.

      8. Протокол о внесении изменений в Соглашение о порядке формирования и исполнения бюджета Шанхайской организации сотрудничества от 24 ноября 2003 года. Вступил в силу 30 апреля 2004 года.

      9. Конвенция о привилегиях и иммунитетах Шанхайской организации сотрудничества от 17 июня 2004 года. Вступила в силу 4 октября 2007 года.

      10. Соглашение между государствами-членами Шанхайской организации сотрудничества о сотрудничестве в борьбе с незаконным оборотом наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров от 17 июня 2004 года. Вступило в силу 16 августа 2007 года.

      11. Соглашение о банке данных Региональной антитеррористической структуры Шанхайской организации сотрудничества от 17 июня 2004 года. Вступило в силу 11 апреля 2007 года.

      12. Протокол о сотрудничестве и координации деятельности между министерствами иностранных дел государств-членов Шанхайской организаций сотрудничества от 17 июня 2004 года. Вступил в силу со дня его подписания.

      13. Соглашение о сотрудничестве в области выявления и перекрытия каналов проникновения на территории государств-членов Шанхайской организации сотрудничества лиц, причастных к террористической, сепаратистской и экстремистской деятельности от 15 июня 2006 года. Вступило в силу 6 ноября 2008 года.

      14. Соглашение о порядке организации и проведения совместных антитеррористических мероприятий на территориях государств-членов Шанхайской организации сотрудничества от 15 июня 2006 года. Вступило в силу 17 марта 2009 года.

      15. Соглашение о порядке организации и проведения совместных антитеррористических учений государствами-членами Шанхайской организации сотрудничества от 28 августа 2008 года. Соглашение вступило в силу 29 ноября 2013 года.

      16. Соглашение между правительствами государств-членов Шанхайской организации сотрудничества о сотрудничестве в области обеспечения международной информационной безопасности от 16 июня 2009 года. Вступило в силу 2 июня 2011 года.

      17. Соглашение о подготовке кадров для антитеррористических формирований государств-членов Шанхайской организации сотрудничества от 16 июня 2009 года. Вступило в силу 13 сентября 2011 года.

      18. Конвенция Шанхайской организации сотрудничества против терроризма от 16 июня 2009 года. Вступила в силу 14 января 2012 года.

      ______________________

      1 В Перечень 1 включены международные договоры ШОС, открытые для присоединения государств-участников Хартии ШОС от 7 июня 2002 г., Шанхайской конвенции о борьбе с терроризмом, сепаратизмом и экстремизмом от 15 июня 2001 г., а также открытые для присоединения любых государств.

  Приложение 2
к Меморандуму
об обязательствах
Республики Индия в целях
получения статуса
государства-члена
Шанхайской организации
сотрудничества

Перечень
международных договоров, действующих в рамках ШОС2

      1. Соглашение о межбанковском сотрудничестве (объединении) в рамках Шанхайской организации сотрудничества от 26 октября 2005 года. Вступило в силу со дня подписания.

      2. Соглашение о технической защите информации в Региональной антитеррористической структуре Шанхайской организации сотрудничества от 15 июня 2006 года. Вступило в силу 5 сентября 2015 года.

      3. Соглашение между правительствами государств-членов Шанхайской организации сотрудничества о взаимодействии при оказании помощи в ликвидации чрезвычайных ситуаций от 26 октября 2005 года. Вступило в силу 24 июля 2007 года.

      4. Соглашение между правительствами государств-членов Шанхайской организации сотрудничества о сотрудничестве в области образования от 15 июня 2006 года. Вступило в силу 30 января 2008 года.

      5. Соглашение между правительствами государств-членов Шанхайской организации сотрудничества о сотрудничестве в области культуры от 16 августа 2007 года. Вступило в силу 24 апреля 2014 года.

      6. Соглашение между правительствами государств-членов Шанхайской организации сотрудничества о сотрудничестве и взаимопомощи в таможенных делах от 2 ноября 2007 года. Вступило в силу 24 апреля 2014 года.

      7. Договор о долгосрочном добрососедстве, дружбе и сотрудничестве государств-членов Шанхайской организации сотрудничества от 16 августа 2007 года. Вступил в силу 31 октября 2012 года.

      8. Соглашение о сотрудничестве между правительствами государств-членов Шанхайской организации сотрудничества в борьбе с незаконным оборотом оружия, боеприпасов и взрывчатых веществ от 28 августа 2008 года. Вступило в силу 3 мая 2010 года.

      9. Протокол между таможенными службами государств-членов Шанхайской организации сотрудничества об обмене информацией в области контроля за перемещением энергоресурсов от 30 октября 2008 года. Вступил в силу с даты подписания.

      10. Соглашение о сотрудничестве между правительствами государств-членов Шанхайской организации сотрудничества в борьбе с преступностью от 11 июня 2010 года. Вступило в силу 11 января 2012 года.

      11. Соглашение между правительствами государств-членов Шанхайской организации сотрудничества о сотрудничестве в области сельского хозяйства от 11 июня 2010 года. Вступило в силу 15 августа 2014 года.

      12. Протокол к Соглашению между правительствами государств-членов Шанхайской организации сотрудничества о взаимодействии при оказании помощи в ликвидации чрезвычайных ситуаций от 26 октября 2005 года, подписанный 5 декабря 2012 года. Вступил в силу 14 марта 2015 года.

      13. Соглашение между правительствами государств-членов Шанхайской организации сотрудничества о научно-техническом сотрудничестве от 13 сентября 2013 года. Вступило в силу 20 октября 2015 года.

      14. Соглашение о сотрудничестве между министерствами юстиции государств-членов Шанхайской организации сотрудничества от 18 августа 2015 года. Вступило в силу с даты подписания.

      ______________________

      2 В Перечень 2 включены международные договоры ШОС, открытые для присоединения любого государства, являющегося членом ШОС.