"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 33-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілер қабылдасын және келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу бойынша) тоқсанның қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты қорытындыласын және келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 18 ақпандағы
№ 33-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Құқықтық актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 15 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

БП (келісу бойынша)

2020 жылғы наурыз

М.М. Ахметжанов

2

"Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнайы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БП (келісу бойынша)

2020 жылғы ақпан

М.М. Ахметжанов

3

"Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БП (келісу бойынша)

2020 жылғы ақпан

М.М. Ахметжанов

4

Прокуратура органдарына қызметке, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеп-тексеру қызметіне кіретін және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтетін адамдарға стипендия мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БП (келісу бойынша)

2020 жылғы ақпан

М.М. Ахметжанов

5

"Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2020 жылғы ақпан

Б.А. Асылова

6

"Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2020 жылғы ақпан

М.Ш. Қожаев

7

"Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1291 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БП (келісу бойынша)

2020 жылғы ақпан

М.М. Ахметжанов

8

"Кепілді қабылдау, сақтау, өткізу және мемлекет кірісіне айландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1219 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БП (келісу бойынша)

2020 жылғы ақпан

М.М. Ахметжанов

9

"Прокуратура органдарына қызметке, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеп-тексеру қызметіне қызметке кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидаларын бекіту туралы"

бірлескен бұйрық

БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), Қаржымині

2020 жылғы наурыз

Б.Б. Дембаев, О.А. Бектенов, Д.Е. Ақылбеков

10

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 65 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

БП (келісу бойынша)

2020 жылғы наурыз

М.М. Ахметжанов

11

"Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

БП (келісу бойынша)

2020 жылғы наурыз

М.М. Ахметжанов

12

"Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

БП (келісу бойынша)

2020 жылғы наурыз

М.М. Ахметжанов

13

"Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының жас қызметкерлерін бейімдеу және тәлімгерлік жүргізу Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 157 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

бұйрық

БП (келісу бойынша)

2020 жылғы наурыз

М.М. Ахметжанов

14

"Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке алғаш тұратын адамдар үшін бір жылға дейін сынақ мерзімін белгілеу Қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 130 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

бұйрық

БП (келісу бойынша)

2020 жылғы наурыз

М.М. Ахметжанов

15

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметкерлерге қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемақы белгілеу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

БП (келісу бойынша)

2020 жылғы наурыз

М.М. Ахметжанов

16

"Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығының өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Б.А. Асылова

17

"Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 407 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Б.А. Асылова

18

"Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 661 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Б.А. Асылова

19

Психологиялық даярлау бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібін және Қазақстан Республикасының аумағында осындай даярлықтан өткені туралы сертификаттың нысанын бекіту туралы

бұйрық

БҒМ

2020 жылғы наурыз

Б.А. Асылова

20

"Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 565, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 62, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 892, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 146 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 416 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бірлескен бұйрық

ІІМ, Қаржымині, СҚА (келісу бойынша), МКҚ (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша)

2020 жылғы наурыз

А.Р. Заппаров Қ.Е. Баеділов О.А. Бектенов Т.С. Мұхтаров С.С. Әбіш

21

"Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон қарточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру, шетелдіктердің келу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды транзиттік жол жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ІІМ

2020 жылғы наурыз

М.Ш. Қожаев

22

"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық (МҚІА-мен келісу бойынша)

ІІМ, МҚІА (келісу бойынша)

2020 жылғы наурыз

А.Д. Калайчиди

23

Ішкі істер органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібін және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2020 жылғынаурыз

А.Д. Калайчиди

24

"Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ІІМ

2020 жылғы наурыз

А.Р. Заппаров

25

"Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк білім алуын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 516 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ІІМ

2020 жылғы наурыз

А.Р. Заппаров

26

"Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 550 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ІІМ

2020 жылғы наурыз

А.Р. Заппаров

27

"Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ІІМ

2020 жылғы наурыз

А.Р. Заппаров

28

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 107 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ІІМ

2020 жылғы наурыз

А.Р. Заппаров

29

"Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ІІМ

2020 жылғы наурыз

А.Р. Заппаров

30

"Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ІІМ

2020 жылғы наурыз

А.Р. Заппаров

31

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталған адамдармен теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2020 жылғы наурыз

А.Р. Заппаров

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      СҚА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      МКҚ – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі

      МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады