2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі)

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет  кодексіне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың:
       209 210 211 212 213  (құпия),  214 215 216 217 218 219-қосымшаларға , сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
209-ҚОСЫМША             

220  Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Стратегиялық, орта мерзімді экономикалық және бюджеттік
жоспарлау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 960582 мың теңге (тоғыз жүз алпыс миллион бес жүз сексен екі мың теңге).
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.   N 1052  қаулысымен.
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет  кодексі ; "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңы ; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 1426  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116  қаулысы ; "Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 қыркүйектегі N 66  өкімі .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :   республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін мемлекеттік жоспарлау жүйесін құру және дамыту.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ақша-кредит саясатының басымдықтармен өзара іс-қимылы үшін фискалдық, кеден және бюджеттік инвестициялық саясатты, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясатты қалыптастыру, экономиканың секторларындағы мемлекеттік активтерді басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, өзінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, шеберлікті және дағдыны жаңарту.
       6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдар лама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Стратегиялық, орта мерзімді экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету

  

  

  

2

  

001

Орталық органның аппараты

Стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру.
Бюджеттік жоспарлау бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының жобасын әзірлеу.
Орта мерзімді фискалдық саясат жобасын әзірлеу.
Республикалық бюджетті қалыптастыру.
Мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламаларды оларды әзірлеу, жоспарлау және іске асыру кезінде келісу сатысында тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіру.
Мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берілген қарыз алу мен қарыз, мемлекет кепілдігі бойынша қарызды жоспарлау мен талдауды жүзеге асыру.
Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі саясатты әзірлеу.
Мемлекеттік функциялар мен активтердің функционалдық талдауын жүргізу.
Республикалық бюджет комиссиясының отырыстарын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтер.
ИСО халықаралық сапа стандарттарын
енгізу

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

3

  

007

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру

Үш бағыт бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу:
1) экономика және қаржы;
2) басқару;
3) гендерлік бюджеттеу.
Мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

4

  

009

Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру

Қызметті материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

5

  

017

Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

Уәкілетті органның ақпараттық жүйелері мен жергілікті міндеттерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті есептеу, желілік, телекоммуникациялық және электр жабдықтарын, құрамдауыштары мен қосалқы бөлшектерін, шығыс материалдар мен бағдарламалық өнімдер сатып алу, орнату, монтаждау және сүйемелдеу.
Есептеу техникасы құралдары мен жабдықтарына жүйелі-техникалық қызмет көрсету.
Интернет желісіне, VPDN және электрондық почтаға қолжетімділік қызметтері.
Жабдықтарды бөлшектеу және монтаждау.
Негізгі құралдарды есепке алудың ақпараттық жүйелерін құру.
Кадр қызметін автоматтандыру.
Негізгі тауарлар
нарығының
статистикасы мен
шолуын, жетекші
елдер компаниялары
мен салалардың
рейтингтерін,
сондай-ақ негізгі
индустриялар мен
әлем елдерінің
ақпарат көздерін
қамтитын онлайн
дерекқорына қол
жеткізу.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.
       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :
Тікелей нәтиже:
Әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін экономикалық және бюджеттік жоспарлау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық кесімдерін, оның ішінде салық және бюджет жүйесі бойынша заңнамалық кесімдерді әзірлеуге қатысу.
Кәсіби деңгейін арттыру - 26 адам, мемлекеттік тілді оқытуға - 160 адам, ағылшын тілін оқытуға - 40 адам. Халықаралық іскерлік ақпаратқа тікелей қол жеткізу.
Түпкі нәтиже:
Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді және экономикалық қызметтің түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтін Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесін барынша салааралық және өңіраралық үйлестіру; мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру және стратегиялық, орта мерзімді экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі алға қойылған міндеттерді іске асыру. Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерінің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Республикалық бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру.
Бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға арналған орташа шығын - 30,0 мың теңге.
Бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға арналған орташа шығын - 13,12 мың теңге.
Бір мемлекеттік қызметшіні ағылшын тіліне оқытуға арналған орташа шығын - 12,0 мың теңге. Халықаралық іскерлік ақпаратты (статистика, талдамалық есептер) іздеу, шолу, жүйелеу бойынша еңбек пен уақыт шығынын азайту.
Уақтылығы:
Жоспарланған іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес орындау.
Сапасы:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын сапалы қалыптастыру; мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарымен өзара іс-қимыл үшін мемлекеттік фискалдық, кедендік және бюджеттік инвестициялық саясатты және ақша-кредит саясатын, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясатты қалыптастыру.
Республикалық бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру.
Қазіргі экономикалық талаптарға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына орай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілге оқыту курстарынан өткеннен кейін мемлекеттік тіл бойынша іс-жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 30%, ағылшын тіліне оқыту курстарынан өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 30%, біліктілігін арттыру курстарынан өткеннен кейін жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 30%.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597 , 2007.11.06.  N 1052  қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
2006 жылғы 15 желтоқсандағы     
N 1220 қаулысына           
210-ҚОСЫМША              

220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында
мемлекеттік аппараттың өнімділігін арттыру жүйесін жасау"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       Ескерту. 210-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
211-ҚОСЫМША        

220  Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Мемлекеттік жоспарлау саласында ақпараттық жүйені жаңғырту"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны :   413750 мың теңге (төрт жүз он үш миллион жеті жүз елу мың теңге).
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.  N 1052  қаулысымен.
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116  қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :   республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   осы заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   Министрліктің қолданыстағы ақпараттық жүйелерін жаңарту және біріктіру.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдар лама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003

  

Мемлекеттік жоспарлау саласында ақпараттық жүйені жаңғырту

Консалтингтік қызметтер, лицензиялық бағдарламалық өнімдер сатып алу. Стандартты қосымшаларды енгізу, сондай-ақ қолданыстағы ақпараттық жүйелерді кіріктіру үшін оларды модификациялау.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :
Тікелей нәтиже: тиімді мемлекеттік жоспарлауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.
Түпкі нәтиже: стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау процестерін автоматтандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1) мыналарды:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясатының;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы үшжылдық кезеңге арналған ресми трансферттердің көлемі туралы заңдардың;
тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Заңды іске асыру туралы және Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары;
жылдық қаржыландыру жоспарының жобаларын әзірлеу кезінде, сондай-ақ есептер дайындау және шешімдер қабылдау кезінде уақытты қысқарту;
2) әмбебап және икемді жоспарлау құралын құру жолымен шығындарды, теңгерімді көрсеткіштер жүйесін қысқарту;
3) бюджет процесіне мемлекеттік органдарды және мекемелерді тікелей тарту жолымен еңбек өнімділігін арттыру.
Уақтылығы: процестер мен операцияларды бақылау, мониторингін және талдау жүргізу жолымен жобалар әзірлеудің жеделдігін қамтамасыз ету.
Сапасы: жобаларды, есептерді әзірлеу және шешімдер қабылдау сапасын арттыру, олардың келісімсіздігін және қарама-қайшылығын жою.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
212-ҚОСЫМША           

220  Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың
(бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін
әзірлеу және сараптау"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны :   700000 мың теңге (жеті жүз миллион теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің  147 148 149  және  150-баптары ; "Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы N 245  қаулысы .
       3. Бюджеттік   бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:  тиісті үшжылдық кезеңге арналған республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   тиісті үшжылдық кезеңге арналған республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған бюджеттік инвестициялардың басымдықтарына сәйкес инвестициялық жобаларды уақтылы дайындау, атап айтқанда:
- республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеу;
- республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техника-экономикалық негіздемелерін заңнамада көзделген сараптамадан өткізу.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдар лама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004

  

Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілген бөлуге сәйкес жоспарланып отырған кезеңнің екінші немесе үшінші жылында іске асырылуы басталатын республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді қаржыландыру үшін қаражатты бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында бөлу.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілген бөлуге сәйкес жоспарланып отырған кезеңнің екінші немесе үшінші жылында іске асырылуы басталатын республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техника-экономикалық негіздемелеріне мемлекеттік және заңнамаларда көзделген басқа да сараптамалар жүргізуді қаржыландыру үшін қаражатты бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында бөлу.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :
Тікелей нәтиже: республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді қаржыландыру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілген бөлуге сәйкес республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техника-экономикалық негіздемелерін сараптамадан өткізу.
Түпкі нәтиже:
2009 жылы іске асырылуы басталатын республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) Басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесіне қосу.
Уақтылығы:
техника-экономикалық негіздемелерді әзірлеуді қаржыландыру және оны 700 000 мың теңге сомаға сараптама жүргізу 2007 жыл ішінде жүзеге асырылады.
Сапасы:
100% әзірленген техника-экономикалық негіздемелер және жүргізілген сараптамалар белгіленген талаптарға сай.

                                  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
213-ҚОСЫМША (құпия)     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
214-ҚОСЫМША             

220  Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Концессиялық жобаларды бағалау және сараптау"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны :   523296 мың теңге (бес жүз жиырма үш миллион екі жүз тоқсан алты мың теңге)).
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.  N 1052  қаулысымен.
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :  
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің  218-1 218-2 218-3 218-4 218-5 218-6 218-7 218-8 218-9-баптары ; "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңы , "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222  қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :   республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуды ескере отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және орта мерзімді жоспарларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасының міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету, елдің тұрақты және қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін тиімді экономикалық тетігін қалыптастыру, экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   Концессияға берілуі мүмкін объектілер жөніндегі ұсыныстарды сараптамадан өткізу; мемлекеттік органдар үшін концессиялық жобаларды бағалау және сараптамадан өткізу.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдар лама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

006

  

Концессиялық жобаларды бағалау және сараптау

  

  

  

2

  

100

Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарды сараптау

Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша
ұсыныстарды сараптау

жыл бойы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

3

  

101

Концессиялық жобаларды бағалау мен сараптау

Мемлекеттік органдар үшін концессиялық жобаларды бағалау және сараптау.

жыл бойы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :
Тікелей нәтиже:
Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарға жүргізілген сараптама бойынша қорытынды;
Мемлекеттік органдар үшін концессиялық жобаларға жүргізілген бағалау мен сараптама бойынша қорытынды.
Түпкі нәтиже:
Қазақстан Республикасында концессия институтын дамыту, концессияға берілуі мүмкін объектілер, концессиялық жобалар бойынша ұсыныстар бойынша ұсынымдарды тұжырымдау.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарға сараптама және мемлекеттік органдар үшін концессиялық жобаларға бағалау мен сараптама жүргізуге жұмсалатын шығындар.
Уақтылығы:
Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарға сараптама және мемлекеттік органдар үшін концессиялық жобаларға бағалау мен сараптама нәтижелерін белгіленген мерзімде беру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
215-ҚОСЫМША             

220  Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Экономика саласындағы қолданбалы зерттеулер"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны :   Құны: 178 000 мың теңге (бір жүз жетпіс сегіз миллион теңге).
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096  Жарлығы , "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы N 80  Жарлығы , "Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167  Жарлығы , "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116  қаулысы , "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222  қаулысы , "Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары" бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі N 969 қаулысы.
       3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік   бағдарламаның мақсаты :   Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және орта мерзімді жоспарларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасының міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету, елдің тұрақты және қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін тиімді экономикалық тетікті, ел экономикасының теңгерімділік деңгейін арттыруды іске асыруды қамтамасыз ету, экономиканы мемлекеттік басқаруды жетілдіру.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары бойынша зерттеулер жүргізу;
жалпы экономикалық, салааралық, өңірлік, сыртқы экономикалық проблемаларды шешу бөлігінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша шаралар мен тетіктерді тұжырымдау, экономиканы мемлекеттік басқаруды жетілдіру бойынша шараларды тұжырымдау;
әлемдік экономиканың даму үрдістерін, әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы жағдайды, Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігі мен дамуына әсер ететін елдердегі экономикалық ахуалды зерделеу, экономикаға сыртқы және ішкі факторлардың әсер етуін бағалау және оның теріс салдарларын жұмсарту бойынша кешенді зерттеулер жүргізу;
экономикадағы инфляциялық процестерді талдау, экономика салаларында көлеңкелі экономикалық қызметті талдау;
елдің ішкі және жаһандық бәсекеге қабілеттілігін бағалау;
экономиканың тиімді жұмыс істеуін талдау;
ұлттық экономиканың ағымдағы жағдайын және даму болжамын талдау;
дамыған елдер тәжірибесін талдау негізінде Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын айқындау;
Қазақстан Республикасының аумақтық дамуын зерттеу.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдар лама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

007

  

Экономика саласындағы қолданбалы зерттеулер

Экономикада болып жатқан инфляциялық процестердің талдамалық зерттеулері;
көлеңкелі экономика саласындағы талдамалық зерттеулер;
әлемдік экономика, әлемдік тауар және қаржы нарықтары саласындағы жағдайдың талдамалық зерттеулері;
елдің бәсекеге қабілеттілігін бағалау және болжамы бойынша талдамалық зерттеулер;
Қазақстан экономикасының ағымдағы жағдайын және даму болжамын талдамалық зерттеулер;
экономиканың тиімді жұмыс істеуінің талдамалық зерттеулері;
Қазақстан экономикасы дамуының ықтимал қауіп-қатерлерін талдамалық зерттеулер;
Қазақстанның аумақтық даму стратегиясы шеңберінде талдамалық зерттеулер;
жалпы әлеуметтік-экономикалық мәселелер, экономиканы мемлекеттік басқару, нарықтарды моделдеу және реттеу мәселелері бойынша талдамалық зерттеулердің басқа да бағыттары.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :   Тікелей нәтиже:
экономикадағы инфляциялық процестерді зерттеу бойынша талдамалық есеп;
әлемдік экономикадағы, әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы жағдайды, Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне айтарлықтай ықпал ететін елдердегі ахуалды зерттеу және болжау жөніндегі талдамалық есеп;
Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың себептері мен мөлшерін зерттеу талдау жөніндегі талдамалық есеп;
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік факторларын зерттеу жөніндегі талдамалық есеп;
Қазақстан экономикасының 2015 жылға дейінгі дамуының сценарийлік нұсқаларын зерттеу жөніндегі талдамалық есеп;
Қазақстандағы "голланд ауруының" факторлары мен қатерлерін зерттеу және оған жол бермеу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу жөніндегі талдамалық есеп;
Қазақстанның аумақтық дамуы жөніндегі талдамалық есеп;
әлемдік тәжірибені зерттеу және Қазақстандағы экономикалық жоспарлау және болжамдау жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу бойынша талдамалық есеп;
Қазақстан экономикасының перспективалы құрылымын айқындау үшін әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесін зерттеу бойынша талдамалық есеп;
Қазақстан экономикасындағы еңбек ресурстары факторлары бойынша талдамалық есеп;
экономиканың тиімді жұмыс істеуін, жалпы әлеуметтік-экономикалық проблемаларды зерттеу бойынша, экономиканы мемлекеттік басқару мәселелері бойынша талдамалық есеп;
Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін арттыруды жүйелік қамтамасыз етудің перспективалы жолдарын зерттеу бойынша талдамалық есеп және практикалық құралдар;
Қазақстанның энергетикалық секторының орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған экономикалық моделін құру жөніндегі талдамалық есеп (МАРКАЛ бағдарламалық өнімін пайдалана отырып);
аграрлық азық-түлік нарықтарын реттеу мақсатында әлемдік тәжірибені зерттеу және бағалық интервенция жүргізудің бағдарламасын әзірлеу жөніндегі талдамалық есеп.
Түпкі нәтиже:
экономиканы мемлекеттік басқаруды, экономикалық жоспарлау және болжамдау бөлігінде жетілдіру, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты, оның ішінде инфляциялық процестерді реттеу саласын, экономиканың көлеңкелі секторын төмендету, ішкі нарыққа әлемдік экономиканың даму үрдістерінің теріс ықпалын төмендету бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, республиканың экономикалық қауіпсіздігін нығайту бойынша ұсынымдарды тұжырымдау;
әлемдік экономика, әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы даму үрдістері және Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне айтарлықтай ықпал ететін елдердегі ахуал жөніндегі талдамалық ақпаратты қалыптастыру;
бәсекеге қабілеттілік жөніндегі әлемдік баяндамаға Қазақстан бойынша деректердің енуі үшін елдің бәсекеге қабілеттілігін бағалау бойынша деректер және перспективада елдің бәсекеге қабілеттілік болжамын қалыптастыру.
Ұлттық экономиканың даму перспективаларын айқындау.
Қазақстан экономикасы дамуының қауіп-қатерлеріне жол бермеу жөніндегі шараларды тұжырымдау;
Қазақстан Республикасының аумақтық даму стратегиясын іске асыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
талдамалық зерттеулер жүргізуге жұмсалатын шығындар.
Сапасы:
елдің макроэкономикалық дамуының неғұрлым өзекті және проблемалық мәселелерін қамту және зерттеулердің нәтижелерін мемлекеттік экономикалық саясатты жетілдіру үшін қолданылу мүмкіндігі.
Уақтылығы:
талдамалық зерттеулер нәтижелерін белгіленген мерзімде беру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
216-ҚОСЫМША         

220  Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін қайта қарау мәселелері бойынша халықаралық рейтинг агенттіктерімен өзара
іс-қимыл жасау"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 25384 мың теңге (жиырма бес миллион үш жүз сексен төрт мың теңге).     
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.  N 1052  қаулысымен.  
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116  Қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :
республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін қалыптастыру.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   Халықаралық рейтинг агенттіктерінің Қазақстан Республикасының өтем қабілетінің және инвестициялық тартымдылығының кіріктірілген көрсеткіші болып табылатын тәуелсіз кредиттік рейтингін растау немесе қайта қарау.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдар лама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

010

  

Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін қайта қарау мәселелері бойынша халықаралық рейтинг агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау

Moodu's Investors Service, Standard&Poor's International Services, Ink. және Fich Ratings Ltd халықаралық агенттіктеріне Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредиттік рейтингін растау немесе қайта қарау бойынша қызметтеріне төлеу.

ақпан, шілде, қазан
2007 жыл

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :
Тікелей нәтиже:
халықаралық рейтинг агенттіктеріне олардың көрсеткен қызметі өтемді уақытында төлеу.
Түпкі нәтиже:
Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын (екінші деңгейдегі банктер, ірі компаниялар) қарыз алушы-компаниялардың корпоративтік кредиттік рейтингтеріне ықпал ететін ҚР тәуелсіз кредиттік рейтингін қайта қарау немесе растау.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Халықаралық рейтинг агенттіктерінің қызметіне мына мөлшерде ақы төлеу: Moodu's Investors Service - 8875 мың теңге, Standard&Poor's International Services - 6 166 мың теңге, Ink. және Fich Ratings Ltd - 10 343 мың теңге.
Сапасы:
Қазақстан Республикасының міндеттемелері үшін инвестициялық тәуекелдің төмен болуымен көрінетін Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін қанағаттандыру; Қазақстан Республикасының инвесторлық базасын кеңейту; тәуелсіз еврооблигацияларды орналастырған жағдайда қарыз алу құнын азайту.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597 , 2007.11.06.  N 1052  қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
217-ҚОСЫМША            

220  Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Экономика және ұлттық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны :   1643391 мың теңге (бір миллиард алты жүз қырық үш миллион үш жүз тоқсан бір мың теңге).
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.  N 1052  қаулысымен.  
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   "Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңы ; "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 желтоқсандағы N 1285  қаулысы ; "2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы N 1203  қаулысы ; "Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасында Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан- Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 мамырдағы N 370  қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және орта мерзімді жоспарларын іске асыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік қаржыны басқаруды жетілдіру, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, ел экономикасының теңгерімдік деңгейін арттыру негізінде халықтың тұрмыс деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін тиімді экономикалық тетігін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін арттыру.
Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық өсуіне қол жеткізу, мемлекеттік басқару мен өндірістік сектордың деңгейін арттыру, сондай-ақ мұнай-газ секторына кірмейтін салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   Қабылданған бағдарламалық іс-шараларды іске асыру бойынша қажетті өзгерістер мен түзетулерді орындау мақсатында тиісті шешімдер қабылдау үшін талдамалық материалдар даярлау;
Әлеуметтік-экономикалық сипаттағы бірлескен талдамалық зерттеулер жүргізу жолымен халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдар лама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

011

  

Экономика және ұлттық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер

  

  

  

2

  

006

Жобаны республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыру

1. Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен 2007-2008 қаржы жылдарына арналған Техникалық ынтымақтастықтың жыл сайынғы бағдарламаларында көзделген Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын іске асыру шеңберінде зерттеулер жүргізу.
2. Халықаралық даму жөніндегі Американ агенттігімен экономикалық даму бағдарламасын іске асыру.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

3

  

018

Жобаны грант есебінен іске асыру

1. Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен 2007-2008 қаржы жылдарына арналған Техникалық ынтымақтастықтың жыл сайынғы бағдарламаларында көзделген Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын іске асыру шеңберінде зерттеулер жүргізу.
2. Халықаралық даму жөніндегі Американ агенттігімен экономикалық даму бағдарламасын іске асыру.
2.1. Халықаралық даму жөніндегі Американ агенттігімен экономикалық даму бағдарламасын іске асыру  туралы есептер даярлау.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :
Тікелей нәтиже:
Есептер мен ұсыныстар даярлау, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен және Халықаралық даму жөніндегі Американ агенттігімен жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік билік органдары үшін консультациялар өткізу.
Түпкі нәтиже:
Қабылданған бағдарламалық іс-шараларды іске асыру бойынша қажетті өзгерістер мен түзетулерді орындау мақсатында тиісті шешім қабылдау үшін талдамалық зерттеулердің нәтижелерін уәкілетті мемлекеттік органдардың (мембағдарламалар әкімшілерінің) нәтижелі қызметін қамтамасыз ету үшін қолдану.
Мемлекеттік органдар қызметінің, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының проблемалы мәселелері бойынша шешімдер даярлау сапасының, бағдарламалық құжаттар әзірлеудің тиімділігін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Экономиканың шешуші секторларындағы мемлекеттік органдар жұмысында талдамалық зерттеулердің нәтижелерін қолдану жолымен республикалық бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру.
Сапасы:
Зерттеулер нәтижелерін мемлекеттік экономикалық саясатты жетілдіру үшін, сондай-ақ бағдарламалық құжаттар әзірлеу үшін қолдану мүмкіндігі.
Уақтылығы:
Талдамалық зерттеулер нәтижелерін 2007-2008 қаржы жылдарына арналған Техникалық ынтымақтастықтың жылсайынғы бағдарламаларында белгіленген мерзімге сәйкес мерзімде ұсыну.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
218-ҚОСЫМША            

220  Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін дамыту"
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны :   4 533 728 мың теңге (төрт миллиард бес жүз отыз үш миллион жеті жүз жиырма сегіз мың теңге).
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі : "Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруда мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50  Жарлығы ; Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 1149  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы N 519  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117  қаулысы ; "Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы N 1077  қаулысы .
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :   республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   Халықтың және экономиканың нақты секторының почта және қаржы қызметтеріне еркін қол жетімділігін қамтамасыз етуге қабілетті тиімді почта-жинақтау жүйесін сапалы деңгейде қалыптастыру; ауыл халқының әмбебап телекоммуникация қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету, халқының саны 50 адамнан астам телефон орнатылмаған 356 ауылдық елді мекенге телефон орнату.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : - почта байланысының 22 қалалық бөлімшесін және почта байланысының 10 аудандық торабын қайта жаңарту;
- қалалық жерлерде почта байланысының 2 торабын, ауылдық жерлерде: почта байланысының 130 бөлімшесін, почта байланысының 1 аудандық торабын салу және техникалық нығайту жолымен өзіндік бөлшек желісін құру;
- ауылдық жерлерде почта байланысының операция залдарын саны 130 жиынтықта өндірістік жиһазбен жарақтандыру;
- 22 брондалған автомобиль, 229 жалпы пайдаланымдағы автомобиль және 6 почта вагонын сатып алу жолымен магистралды тасымалдау жүйесін жетілдіру;
- Талдықорған қаласында есептеу орталығын құру;
- 172 спутниктік станция, 150 радио ұзартқыш, 29 базалық станция сатып алу, монтаждау және орнату;
- 545,9 километр талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ), 445 километр цифрлы радио релелі байланыс желісін (ЦРБЖ) салу;
- 25 автоматтандырылған телефон станциясын (АТС) жаңғырту;
- 20 000 абоненттік терминал сатып алу және орнату;
- СDМА технологиясын енгізу.      
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдар лама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

016

  

Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін дамыту

Ауылдық жерлерде және қалаларда инфрақұрылымдарды дамыту үшін "Қазпочта" АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайтуға қаражатты кейіннен жібере отырып, "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайту;
халқының саны 50 адамнан астам телефон орнатылмаған ауылдық елді мекендерге телефон орнату және "Самұрық" холдингі" АҚ еншілес инвестициялық компаниясын құру жолымен телекоммуникациялар желісін жаңғырту.

жыл бойы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :
Тікелей нәтиже:
Қалалық байланыс бөлімшесінің 22 ғимаратын, почта байланысы аудандық торабының 10 ғимаратын қайта жаңарту және почта байланысының 1 аудандық торабын, 130 ауылдық байланыс бөлімшесін және почта байланысының 2 торабын салу және техникалық нығайту және оларды ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР ІІМ талаптарына сәйкес келтіру;
ауылдық байланыс бөлімшелерін 130 жиынтықта өндірістік жиһазбен, сондай-ақ көлік құралдарымен жарақтандыру;
356 ауылдық елді мекенге телефон орнату және ауылдық жердегі жұмыс істеп тұрған телекоммуникация инфрақұрылымын жаңғырту үшін телекоммуникация жабдығын сатып алу және монтаждау.
Түпкі нәтиже:
Шынайы уақыт режимінде тұтынушылардың технологиялық қызметтерге еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық кеңістікте почта байланысының 165 қайта жарақтандырылған бөлімшелерінде компьютерлік және банк жабдықтарының жұмыс істеуі үшін базалық алғышарттар құру;
ауылдық жердегі жұмыс істеп тұрған телекоммуникация инфрақұрылымын бір мезгілде жаңғырту кезінде халқының саны 50 адамнан астам телефон орнатылмаған ауылдық елді мекендерге телефон орнату, телефон тығыздығының деңгейін арттыру, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық теңсіздікті азайту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: почта-жинақтау жүйесінің жиынтық кірісін 4-6%-ға өсіруге және тиісінше Қоғам қызметкерлерінің жалақысын 5-7%-ға арттыруға, бюджетке салықтық түсімдерді 4-6%-ға өсіруге жәрдемдесу; көші-қон үдерістерін азайтуға және ауыл халқының тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал ету, телекоммуникация саласының инфокоммуникациялық көрсеткіштері мен жиынтық табысының өсуі үшін алғышарттар қамтамасыз етілетін болады.
Уақтылығы:
Құрылыстың жасалған шарттарына және кестелеріне сәйкес.
Сапасы:
Шынайы уақыт режимінде қаржылық қызметтер көрсету, Интернет-бағдарланған қызметтерге тұтынушылардың қолжетімділігі, почта-жинақтау жүйесінің 165 қайта жарақтандырылған бөлімшелерінде көрсетілетін қызметтердің спектрін 10%-ға кеңейту;
жергілікті, қалааралық/халықаралық байланыс қызметтерін көрсету, Интернет желісіне қол жеткізу, ауыл халқының тұрмыс деңгейін арттыру.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
219-ҚОСЫМША             

220  Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Экономика саласындағы басшы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру"
деген 042 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны :   123772 мың теңге (бір жүз жиырма үш миллион жеті жүз жетпіс екі мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   "Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096  Жарлығы  мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы Қазақстан Республикасының экономика саласындағы басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру саласында ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме (2003 жылғы 4 желтоқсанда).
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   қазақстандық кәсіпорындар қызметкерлерінің нарық жағдайында бәсекеге қабілеттілігін және жұмысқа бағдарлануын арттыру. Қазақстан мен неміс кәсіпорындарының арасында екіжақты экономикалық байланыстардың интенсивтендірілуіне жәрдемдесу.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   еліміздің нарықтық экономикасының салиқалы негіздерін жасау қолынан келетін менеджерлердің жаңа ұрпағын тарту; басқарудың осы заманғы әдістерін енгізу есебінен еліміздің экономикасы саласында ұйымдастыру құрылымын жетілдіру; кадрлардың біліктілігін жетілдіру және Қазақстан мен Германияның тиісті фирмаларының өзара іс-қимылы бөлігінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау.
       6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

N
р/с

Бағдар лама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

042

  

Экономика саласындағы басшы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру

І. Шет елдік оқытушыларды тарта отырып экономика саласындағы менеджерлердің біліктілігін жетілдіру. Оқу мерзімі алты айдан артық емес.
II. Қазақстан Республикасы мен Герман Федеративті Республикасы арасында экономика саласында құызметкерлердің біліктілігін жетілдіру саласында ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеменің шарттарына сәйкес Герман Федеративті Республикасының кәсіпорындарына таңдаулы басшы қызметкерлер мен менеджерлерді тағылымдамаға жіберу.
III. Таңдаулы менеджерлерді Герман Федеративті Республикасында тағылымдамадан өткізу іс-шараларын үйлестіру.
IV. Герман Федеративті Республикасында тағылымдамадан өткізу тәжірибесі туралы ақпарат алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
V. "Халықаралық біліктілікті жетілдіру және In Went даму" Қоғамымен ынтымақтастық шеңберінде менеджерлердің біліктілігін жетілдірудің шетелдік тәжірибесін зерделеу.
VI. Германия Үкіметінің тапсырмасы бойынша "Халықаралық біліктілікті жетілдіру және In Went даму" Қоғамы таңдаған герман оқу орнымен бірлесіп қатысушыларды оқыту Бағдарламасын әзірлеу.
VII. Германияда тағылымдамадан өткен тыңдаушыларды тарта отырып бағдарламаларға қатысушылар үшін семинарлар өткізу.
VIII. Тағылымдамадан кейінгі іс-шаралар өткізу

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :
Тікелей нәтиже:
Менеджерлердің экономика және өндірісті басқару саласында біліктіліктерін жетілдіру.
Түпкі нәтиже:
Осы заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес менеджерлердің экономика саласында біліктіліктерін жетілдіру. Еліміздің экономикасының нақты секторындағы ұйымдарда жұмыс істеу үшін кадрлар резервін құру. Герман Федеративтік Республикасының компанияларымен ынтымақтастық қатынастар орнату.
Уақтылығы:
Жасалатын шарттарға сәйкес жыл ішінде.
Сапасы:
Қазақстандық кәсіпорындардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
220-ҚОСЫМША            

220  Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Электрондық үкімет құру"
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      Ескерту. 220-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.  N 1052  қаулысымен.  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады