Қазақстан Республикасы 1994 жылғы 8 маусымда ратификациялаған Бала құқықтары туралы конвенцияның 44-бабына және Бала құқықтары жөнiндегi комитетiнiң 45-сессиясының ұсынымдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны iске асыруы туралы төртінші кезеңдік баяндама бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Бала құқықтары жөнiндегi комитетiне белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны iске асыруы туралы төртінші кезеңдік баяндаманы жiберсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 31 қазандағы
№ 1242 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының
Бала құқықтары туралы конвенцияны
іске асыруы туралы төртінші кезеңдік баяндама
Кіріспе
Осы баяндама Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы № 77 қаулысымен ратификацияланған 1989 жылғы 20 қарашада Нью-Йорк қаласында қол қою үшін ашық Бала құқықтары туралы конвенцияның 44-бабын орындау үшiн және 2005 жылғы 23 – 25 маусымда (HRI/MC 2005/3 құжаты) Адам құқықтары жөніндегі шарттық органдардың төртінші комитетаралық кеңесінде қабылданған Адам құқықтары туралы халықаралық шартқа сәйкес баяндамаларды ұсынудың келісілген басшылық қағидаттарында баяндалған талаптарға сәйкес дайындалды.
Баяндаманы дайындауға мемлекеттік органдардың: Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Мәдениет, Байланыс және ақпарат, Әділет, Туризм және спорт министрліктері мен үкіметтік емес басқа да ұйымдардың өкілдері тартылды.
Баяндамада Бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелерiн іске асыру жөнiнде мемлекет қабылдап жатқан шаралар көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны (бұдан әрi – Конвенция) орындауы туралы алдыңғы баяндамалар 2003 және 2007 жылдары Бала құқықтары жөнiндегi комитеттiң (бұдан әрi – Комитет) 33-шi және 45-ші сессияларында қаралды.
2000 жылғы 6 қыркүйекте Нью-Йоркте қол қойылған Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясына қатысты Баланың құқықтары туралы конвенцияның Факультативтiк хаттамасының ережелерiн жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы бастапқы баяндама Комитетке
2005 жылы жіберілді.
2000 жылғы 6 қыркүйекте Нью-Йоркте қол қойылған Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына байланысты Баланың құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасы бойынша Қазақстан Республикасының баяндамасы 2006 жылғы 11 қыркүйекте Комитеттің 43-ші сессиясына ұсынылды.
Баяндама жасау үшін балалардың жағдайына, олардың құқықтарын қамтамасыз етуге және iске асыруға байланысты мәселелер құзыретiне кiретiн мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың, жергiлiктi атқарушы органдардың материалдары, мемлекеттік статистика деректері, балалық шақ проблемаларымен айналысатын қоғамдық ұйымдардан алынған мәлiметтер пайдаланылды.
Баяндамада мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2008 жылы Әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар қауымдастығы дайындаған «Балалардың шығармашылық өмірге қатысу құқығы: қамтамасыз ету және іске асыру», «Балалардың мәдени өмірге қатысу құқығы: қамтамасыз ету және іске асыру» арнайы зерттеу материалдары, 2010 жылы «Сандж» зерттеу орталығы өткізген балалардың заңды мүдделерін және құқықтықтарын қорғау жөніндегі құқықтық нормаларды сақтау туралы әлеуметтік зерттеу материалдары және т.б. пайдаланылды.
Осы баяндамаға Комитеттің 33-шi, 43-ші және 45-ші сессияларының ұсынымдарын орындау туралы ақпарат енгізілген.
1. Жалпы сипаттағы мәліметтер
Аумақ және халық
Қазақстан 2724,9 мың шаршы км. аумақты алып жатыр.
2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер қатарына 14 облыс, республикалық маңызы бар 1 қала және елорда – Астана қаласы, 175 аудан (оның ішінде қалалардағы 15 аудан), республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар 86 қала, 7066 елдi мекен (35 кент және 7031 ауыл) кiредi.
Халықтың тығыздығы – 1 шаршы км-ге 5,9 адамнан.
Қазақстан Республикасы халқының саны 2011 жылғы 1 қаңтарға 16,4 млн адамды құрайды, оның ішінде 8,5 млн. (52 пайызы) әйел және 7,9 млн. (48 пайызы) ер адамдар.
2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 1 млн. 662 мың адамды немесе елдегі халықтың жалпы санының 10 пайызын құрайды.
Тұрғылықты халықтың жасы бойынша саны және құрамы
(жыл басында)
Жасы |
Мың адам |
||||
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
|
Барлық халық |
15 396,9 |
15 571,5 |
15 982,3 |
16 204,6 |
16 442,0 |
1 жасқа дейін |
298,3 |
318,2 |
347,4 |
351,9 |
362,6 |
1-4 |
1 013,2 |
1 087,4 |
1 131,5 |
1 211,8 |
1 293,9 |
5-9 |
1 080,4 |
1 088,9 |
1 141,4 |
1 191,3 |
1 238,5 |
10-14 |
1 299,7 |
1 235,5 |
1 228,6 |
1 169,4 |
1 136,3 |
15-19 |
1 556,3 |
1 512,7 |
1 552,6 |
1 498,8 |
1 430,3 |
20-24 |
1 481,0 |
1 532,1 |
1 600,4 |
1 630,6 |
1 651,0 |
25-29 |
1 251,1 |
1 281,9 |
1 336,5 |
1 379,6 |
1 419,7 |
30-34 |
1 156,1 |
1 166,9 |
1 216,7 |
1 231,3 |
1 254,9 |
35-39 |
1 072,3 |
1 087,7 |
1 136,0 |
1 153,0 |
1 160,0 |
40-44 |
1 078,4 |
1 053,0 |
1 069,7 |
1 061,1 |
1 071,3 |
45-49 |
1 073,2 |
1 092,9 |
1 101,9 |
1 108,0 |
1 089,6 |
50-54 |
837,1 |
866,3 |
881,5 |
916,4 |
971,3 |
55-59 |
663,8 |
688,4 |
690,2 |
713,5 |
728,7 |
60-64 |
328,1 |
353,7 |
409,1 |
478,9 |
545,3 |
65-69 |
512,5 |
474,0 |
403,0 |
341,6 |
292,7 |
70 және одан жоғары |
695,4 |
731,9 |
735,9 |
767,2 |
795,9 |
Халықтың жалпы санынан пайызбен
(жыл басында)
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
|
Барлық халық |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100 |
1 жасқа дейін |
1,9 |
2,0 |
2,2 |
2,2 |
2,2 |
1-4 |
6,6 |
7,0 |
7,1 |
7,5 |
7,9 |
5-9 |
7,0 |
7,1 |
7,1 |
7,4 |
7,5 |
10-14 |
8,5 |
7,9 |
7,7 |
7,2 |
6,9 |
15-19 |
10,1 |
9,7 |
9,7 |
9,2 |
8,7 |
20-24 |
9,6 |
9,8 |
10,0 |
10,1 |
10,0 |
25-29 |
8,1 |
8,2 |
8,4 |
8,5 |
8,6 |
30-34 |
7,5 |
7,5 |
7,6 |
7,6 |
7,6 |
35-39 |
7,0 |
7,0 |
7,1 |
7,1 |
7,1 |
40-44 |
7,0 |
6,8 |
6,7 |
6,5 |
6,5 |
45-49 |
7,0 |
7,0 |
6,9 |
6,8 |
6,6 |
50-54 |
5,5 |
5,6 |
5,5 |
5,7 |
5,9 |
55-59 |
4,3 |
4,4 |
4,3 |
4,4 |
4,4 |
60-64 |
2,1 |
2,3 |
2,6 |
3,0 |
3,3 |
65-69 |
3,3 |
3,0 |
2,5 |
2,1 |
1,8 |
70 және одан жоғары |
4,5 |
4,7 |
4,6 |
4,7 |
4,8 |
Балалар мен жастардың (0-19 жастағы) гендерлік құрамы 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша (ел халқының жалпы құрылымына қарағанда) ер жынысты, 20 жастан бастап 65 жасқа дейін және одан жоғары - әйел адамдардың сандық және салыстырмалы артықшылығын айғақтайды.
60 жастан асқан және одан үлкен жастағы әйелдер саны ерлерге қарағанда екі есеге жуық артық. Тұтастай алғанда, 2007 жылмен салыстырғанда республика бойынша 65 жастан 69 жасқа дейінгі халық саны кеміді, бірақ өмір сүру ұзақтығы мен 70 және одан жоғары жастағы халық саны өсті.
2011 жылғы 1 қаңтарға халықты жынысы мен жасы бойынша бөлу
Жасы |
2007 жыл |
2010 жылғы 1 қаңтарға |
2011 жылғы 1 қаңтарға |
||||||
барлығы |
ерлер |
әйелдер |
барлығы |
ерлер |
әйелдер |
барлығы |
ерлер |
әйелдер |
|
Барлығы |
15396878 |
7409284 |
7987594 |
16204617 |
7808753 |
8395864 |
16441959 |
7925957 |
8516002 |
0-4 |
1311562 |
672577 |
638985 |
1563712 |
803830 |
759882 |
1656534 |
851400 |
805134 |
5-9 |
1080417 |
554059 |
526358 |
1191266 |
610768 |
580498 |
1238493 |
635510 |
602983 |
10-14 |
1299703 |
662635 |
637068 |
1169449 |
597916 |
571533 |
1136310 |
580808 |
555502 |
15-19 |
1556311 |
790625 |
765686 |
1498831 |
756991 |
741840 |
1430345 |
726560 |
703785 |
20-24 |
1481032 |
749905 |
731127 |
1630574 |
808967 |
821607 |
1651031 |
818643 |
832388 |
25-29 |
1251044 |
627817 |
623227 |
1379637 |
687466 |
692171 |
1419667 |
705831 |
713836 |
30-34 |
1156012 |
569283 |
586729 |
1231291 |
607032 |
624259 |
1254930 |
620096 |
634834 |
35-39 |
1072279 |
524199 |
548080 |
1153035 |
562477 |
590558 |
1159984 |
564339 |
595645 |
40-44 |
1078383 |
516921 |
561462 |
1061115 |
512068 |
549047 |
1071274 |
518649 |
552625 |
45-49 |
1073229 |
505570 |
567659 |
1108031 |
527092 |
580939 |
1089644 |
517090 |
572554 |
50-54 |
837138 |
380092 |
457046 |
916434 |
423162 |
493272 |
971264 |
450324 |
520940 |
55-59 |
663799 |
291414 |
372385 |
713538 |
314714 |
398824 |
728677 |
322422 |
406255 |
60-64 |
328083 |
136542 |
191541 |
478909 |
202562 |
276347 |
545269 |
229278 |
315991 |
65 және одан жоғары |
1207886 |
427645 |
780241 |
1108795 |
393708 |
715087 |
1088537 |
385007 |
703530 |
Соңғы 5 жылда жас ұрпақтың (0 жастан 29 жасқа дейін) жалпы үлесі халықтың жалпы санының 50 %-нан артық. Егер 2007 жылы 0 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны 7 980,0 болса, 2011 жылдың басында – 8 532,3 болды.
0 жастан 4 жасқа дейінгі балалардың саны 300 мыңнан астам өсті.
Қазақстан Республикасындағы 0 жастан 19 жасқа дейінгі балалар саны
Жасы, жыл |
Барлық халық |
|||
2007 |
2009 |
2010 |
2011 |
|
0 |
318159 |
347404 |
351920 |
362630 |
1 |
297598 |
305865 |
346688 |
351459 |
2 |
275150 |
289109 |
305841 |
346814 |
3 |
269761 |
269847 |
289237 |
306168 |
4 |
244938 |
266643 |
270026 |
289463 |
5 |
223923 |
245116 |
266795 |
270342 |
6 |
217295 |
232737 |
245327 |
267071 |
7 |
217359 |
221669 |
232952 |
245596 |
8 |
211338 |
224050 |
221949 |
233273 |
9 |
218930 |
217806 |
224243 |
222211 |
10 |
216588 |
223989 |
218023 |
224527 |
11 |
227343 |
225280 |
224118 |
218271 |
12 |
249898 |
243083 |
225488 |
224386 |
13 |
269491 |
258451 |
243222 |
225710 |
14 |
272169 |
277924 |
258598 |
243416 |
15 |
281659 |
284778 |
277876 |
258716 |
16 |
293220 |
298724 |
284767 |
277958 |
17 |
302202 |
310231 |
298819 |
284945 |
18 |
312660 |
327783 |
310027 |
298803 |
Жасы, жыл |
Ұлдар |
Қыздар |
||||||
2007 |
2009 |
2010 |
2011 |
2007 |
2009 |
2010 |
2011 |
|
0 |
163258 |
178196 |
181402 |
186264 |
154901 |
169208 |
170518 |
176366 |
1 |
152656 |
157246 |
177764 |
181110 |
144942 |
148619 |
168924 |
170349 |
2 |
141256 |
148754 |
157187 |
177798 |
133894 |
140355 |
148654 |
169016 |
3 |
138505 |
138616 |
148805 |
157340 |
131256 |
131231 |
140432 |
148828 |
4 |
125783 |
137654 |
138672 |
148888 |
119155 |
128989 |
131354 |
140575 |
5 |
114096 |
125737 |
137693 |
138824 |
109827 |
119379 |
129102 |
131518 |
6 |
111419 |
118868 |
125794 |
137795 |
105876 |
113869 |
119533 |
129276 |
7 |
110863 |
113679 |
118949 |
125868 |
1406496 |
107990 |
114003 |
119728 |
8 |
108784 |
114424 |
113812 |
119093 |
102554 |
109626 |
108137 |
114180 |
9 |
112790 |
111801 |
114520 |
113930 |
106140 |
106005 |
109723 |
108281 |
10 |
110663 |
114712 |
111887 |
114632 |
105925 |
109186 |
106136 |
109895 |
11 |
115896 |
114866 |
114793 |
111970 |
111447 |
110414 |
109325 |
106301 |
12 |
127099 |
124211 |
114928 |
114878 |
122799 |
118872 |
110560 |
109508 |
13 |
137676 |
132033 |
124244 |
115028 |
131815 |
126418 |
118978 |
110682 |
14 |
138826 |
142072 |
132064 |
124300 |
133343 |
135852 |
126534 |
119116 |
15 |
143394 |
145466 |
142024 |
132093 |
138265 |
139312 |
135852 |
126623 |
16 |
148955 |
151718 |
145402 |
141999 |
144265 |
147006 |
139365 |
135959 |
17 |
153543 |
155597 |
151719 |
145469 |
148659 |
154634 |
147100 |
139476 |
18 |
159159 |
162672 |
155459 |
151666 |
153501 |
165111 |
154568 |
147137 |
2011 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасында 0 жастан 18 жасқа дейінгі балалар саны 5 миллионнан астам адамды құрады, оның ішінде қыздар – 2,5 млн. адам (48 %), ұлдар – 2,6 млн. адам (52 %).
Онжылдықтар бойы республика тұрғындарының арасында ерлер мен әйелдер арақатынасындағы теңсіздік өзгеріссіз қалып келеді: 2011 жылғы 1 қаңтарға 1000 ер адамға 1074 әйел адамнан келеді.
Осы жастағы 1000 ер адамға әйел адамнан келеді |
|||||
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
|
Барлық халық, әйел |
1 078 |
1 079 |
1 076 |
1075 |
1074 |
Қала және ауыл халқының жас құрылымы
(жыл басына, мың адам)
Жасы, |
Қала халқы |
Ауыл халқы |
||||||||
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
|
Барлығы |
8 833,3 |
8265,9 |
8649,662 |
8 806,952 |
8961,336 |
6563,6 |
7305,6 |
7332,681 |
7397,665 |
7480,623 |
1 жасқа дейін |
173,4 |
172,2 |
171,021 |
186,421 |
189,68 |
124,9 |
146,0 |
176,383 |
165,499 |
172,95 |
1-4 |
573,1 |
576,1 |
548,634 |
593,216 |
649,324 |
440,2 |
511,4 |
582,83 |
618,576 |
644,58 |
5-9 |
545,4 |
507,9 |
534,565 |
562,222 |
590,507 |
535,0 |
581,0 |
606,813 |
629,044 |
647,986 |
10-14 |
631 |
535,1 |
571,233 |
545,198 |
530,956 |
668,7 |
700,4 |
657,403 |
624,251 |
605,354 |
15-19 |
815,7 |
714,1 |
836,702 |
782,864 |
721,909 |
740,6 |
798,6 |
715,86 |
715,967 |
708,436 |
20-24 |
825,1 |
791,3 |
908,301 |
942,427 |
970,141 |
656,0 |
740,9 |
692,108 |
688,147 |
680,89 |
25-29 |
766,9 |
738,1 |
759,996 |
791,512 |
816,523 |
484,1 |
543,7 |
576,456 |
588,125 |
603,144 |
30-34 |
685,3 |
645,1 |
681,252 |
95,205 |
14,516 |
470,8 |
521,8 |
535,398 |
536,086 |
540,414 |
35-39 |
646,5 |
610,8 |
637,314 |
648,293 |
652,147 |
425,8 |
476,9 |
498,656 |
504,742 |
507,837 |
40-44 |
646,8 |
584,9 |
592,823 |
590,523 |
599,684 |
431,5 |
468,1 |
476,902 |
470,592 |
471,59 |
45-49 |
655,9 |
616,3 |
616,748 |
620,105 |
608,784 |
417,3 |
476,6 |
485,151 |
487,926 |
480,86 |
50-54 |
515,8 |
491,4 |
496,909 |
516,371 |
547,966 |
321,4 |
374,9 |
384,63 |
400,063 |
423,298 |
55-59 |
416,7 |
397,5 |
395,659 |
407,566 |
415,279 |
247,1 |
290,8 |
294,583 |
305,972 |
313,398 |
60-64 |
196,1 |
202,1 |
238,715 |
281,11 |
320,048 |
132,0 |
151,6 |
170,367 |
197,799 |
225,221 |
65 және одан жоғары |
739,6 |
683 |
659,79 |
643,919 |
633,872 |
468,2 |
522,9 |
479,141 |
464,876 |
454,665 |
Қазақстан Республикасында негізгі халық (53,6 %) қалалық, 46 % - ауылдық жерлерде тұрады. Ауылдағы отбасылардың көп балалы болуы есебiнен 5 жастан 19 жасқа дейінгі балалардың көбі ауылдық жерлерде тұрады (ауылда – 1 961,776, қалада – 1 843,372).
Қазақстан Республикасындағы ұлттардың құрамы
Санақ деректері бойынша Қазақстанның этникалық құрамы 140 ұлт пен этностан құралған, оның ішінде қазақтар – 10 млн. адам (63%), орыстар – 3,8 млн. адам (24%), украиндар – 333 мың адам (2,1%), өзбектер – 457 мың адам (2,9%), ұйғырлар – 223 мың адам (1,4%), татарлар – 203 мың адам (1,3%), немістер – 178 мың адам (1,1%) және т.б.
Халықтың табиғи қозғалысы
2007 жылдан бері халықтың табиғи өсуi айтарлықтай ұлғая бастады: 2007 жылғы 163,6 мыңнан 2010 жылы 221,9 мың адамға дейін.
Халықтың өсуінің негізгі көзі – 1000 адамға шаққандағы туу деңгейiнің жоғары (2007 жылы туғандар 20,8 және 2010 жылы туғандар 22,5) және өлім-жітім деңгейiнің салыстырмалы түрде төмен (1000 адамға шаққанда қайтыс болғандар 2007 жылы 10,2 және 2010 жылы 8,9) болуы, халықтың табиғи өсуi (1000 адамға) 2007 жылғы 10,6 адамнан 2010 жылы 13,6 адамға ұлғайды.
Жылдар |
Туғандар |
Қайтыс болғандар, мың адам |
Табиғи өсу |
Туғандар |
1000 адамға шаққанда |
Табиғи өсу |
Барлық халық |
||||||
2007 |
321,9 |
158,3 |
163,6 |
20,8 |
10,2 |
10,6 |
2008 |
356,6 |
152,7 |
203,9 |
22,7 |
9,7 |
13,0 |
2009 |
357,5 |
142,8 |
214,7 |
22,2 |
8,9 |
13,3 |
2010 |
367,7 |
145,8 |
221,9 |
22,5 |
8,9 |
13,6 |
Қала халқы |
||||||
2007 |
174,3 |
92,4 |
81,9 |
21,3 |
11,3 |
10,0 |
2008 |
196,9 |
88,8 |
108,1 |
23,6 |
10,7 |
12,9 |
2009 |
197,6 |
82,5 |
115,1 |
22,6 |
9,4 |
13,2 |
2010 |
203,2 |
84,1 |
119,1 |
22,8 |
9,4 |
13,5 |
Ауыл халқы |
||||||
2007 |
147,6 |
65,9 |
81,7 |
20,2 |
9,0 |
11,2 |
2008 |
159,7 |
63,9 |
95,8 |
21,7 |
8,7 |
13,0 |
2009 |
159,9 |
60,3 |
99,6 |
21,7 |
8,2 |
13,5 |
2010 |
164,5 |
61,7 |
102,8 |
22,1 |
8,3 |
13,8 |
Қазақстанда оң көші-қон сальдосы байқалып отыр (иммигранттар саны эмигранттардан артық). 2010 жылы иммигранттар саны 41 996, эмигранттар – 26 531 болды, соның нәтижесінде көші-қон сальдосы 15 465 адамды құрайды.
2007–2010 жылдардағы ана өлiмi
Бүгінгі күні Қазақстанда 4 млн. астам бала туатын жастағы әйелдер тұрады, бұл республика халқының жалпы санының 30 %-ын құрайды.
Ана өлiмi – жүктiлiк, босану және босанғаннан кейiнгi кезеңдегi асқынудан қайтыс болған әйелдердiң саны. Ана өлімінің көрсеткіштері тұрақсыздығымен сипатталады.
Қазақстанда ана өлімі, ең алдымен, негізгі үш себеппен: акушерлік қан кетумен, экстрагениталийлік аурулармен түсіктерден кейінгі асқынумен негізделген. Бұл жағдайлар өзара тығыз байланысты әрі әйелдер өлімінің себептері болып табылады.
(Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша)
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
|
Барлық себептерден қайтыс болған аналар, барлығы |
153 |
113 |
133 |
84 |
2007–2010 жылдардағы нәрестелер өлiмi
Нәрестелер өлiмі – тiрi туған 1000 балаға шаққанда 1 жасқа дейiн қайтыс болған балалардың саны.
Барлық себептер-ден қайтыс болғандардың барлығы |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
||||
1 жасқа дейін қайтыс болған балалар саны, адам |
1 жасқа дейін қайтыс болған балалар саны, адам, туған 10 000 балаға шаққан-да |
1 жасқа дейін қайтыс болған балалар саны, адам |
1 жасқа дейін қайтыс болған балалар саны, адам, туған 10 000 балаға шаққанда |
1 жасқа дейін қайтыс болған саны, адам |
1 жасқа дейін қайтыс болған балалар саны, адам, туған 10 000 балаға шаққанда |
1 жасқа дейін қайтыс болған балалар саны, адам |
1 жасқа дейін қайтыс болған балалар саны, адам, туған 10 000 балаға шаққан-да |
|
4 646 |
14,6 |
7 322 |
20,8 |
6 516 |
18,2 |
6061 |
16,5 |
Нәрестелер өлiмінің көрсеткіштеріндегі осыншалық қомақты айырманың себебі тірі туу мен өлі туудың халықаралық өлшемдерінің енгізілуі болып табылады. Бұл ретте ұлдар арасындағы өлім қыздарға қарағанда жоғары, ал 5 жасқа дейінгі балалардың арасында нәрестелер өлімі ауылдық жерлерге қарағанда қалалық мекендерде 6,8 %-ға жоғары.
Дін
Республикадағы негізгі діни конфессиялар – ислам және христиандық, сондай-ақ иудаизм мен буддизм де бар.
2009 жылғы санақ қорытындылары бойынша халықтың 70 пайызы өзін мұсылман деп санайды. Оларға этникалық қазақтар, сондай-ақ этникалық өзбектер, ұйғырлар мен татарлар жатады.
Халықтың шамамен үштен бір бөлігі (26%) орыс православиялық шіркеуіне тиесілі.
(пайыз)
Барлықхалық |
Оның ішінде төмендегілерді көрсеткендер: |
Көрсетуден бас тартқандар |
||||||||||
ислам |
хрисиандық |
иудаизм |
буддизм |
басқа |
Дінге сенбейтіндер |
|||||||
Екі жыныстағы |
||||||||||||
Барлық халық |
100 |
70,2 |
26,3 |
0,0 |
0,1 |
0,0 |
2,8 |
0,5 |
||||
Оның ішінде: |
||||||||||||
Қазақтар |
100 |
98,3 |
0,4 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
1,0 |
0,3 |
||||
Орыстар |
100 |
1,4 |
91,6 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
6,1 |
0,8 |
||||
Өзбектер |
100 |
99,1 |
0,4 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,4 |
0,2 |
||||
Украиндер |
100 |
0,9 |
90,7 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
7,3 |
0,9 |
||||
Ұйғырлар |
100 |
98,4 |
0,5 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,6 |
0,5 |
||||
Татарлар |
100 |
79,6 |
10,2 |
0,0 |
0,0 |
0,1 |
8,1 |
2,0 |
||||
Немістер |
100 |
1,6 |
81,6 |
0,0 |
0,0 |
0,1 |
14,0 |
2,7 |
||||
Кәрістер |
100 |
5,2 |
49,4 |
0,2 |
11,4 |
0,1 |
28,5 |
5,2 |
||||
Түріктер |
100 |
99,1 |
0,3 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,3 |
0,2 |
||||
Азірбайжандар |
100 |
94,8 |
2,5 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
1,9 |
0,8 |
||||
Белорустар |
100 |
0,8 |
90,2 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
7,8 |
1,1 |
||||
Дүнгендер |
100 |
98,9 |
0,4 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,3 |
0,3 |
||||
Күрдтар |
100 |
98,3 |
0,5 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,7 |
0,4 |
||||
Тәжіктер |
100 |
7,8 |
0,9 |
0,0 |
0,0 |
0,1 |
0,8 |
0,4 |
||||
Поляктар |
100 |
0,7 |
90,1 |
0,0 |
0,0 |
0,1 |
7,3 |
1,8 |
||||
Шешендер |
100 |
93,7 |
3,0 |
0,0 |
0,0 |
0,1 |
2,1 |
1,2 |
||||
Қырғыздар |
100 |
96,7 |
0,9 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
1,5 |
0,9 |
||||
Басқа ұлттар |
100 |
34,7 |
52,3 |
0,8 |
0,9 |
0,1 |
8,4 |
2,7 |
Үй шаруашылықтарының мөлшері
2009 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындылары бойынша отбасының орташа мөлшері 3,5 адамды құрады. Неғұрлым кең таралған отбасы екі адамнан құралған – 30%, үш – 27%, төрт – 22%, бес және одан көп – 21%.
18 жасқа дейінгі балалардың 72%-ы – ата-анасымен, 15%-ы – тек анасымен, 6%-ы – тек әкесімен, 6%-ы – ата-анасыз тұрады.
2011 жылғы қаңтардағы халықтың жан басына шаққандағы
орташа ақшалай кірісін бағалау
Алдын ала деректер бойынша 2010 жылғы желтоқсанда халықтың жан басына шаққандағы номиналды орташа ақшалай кірісі 41122 теңгені құрап, 2009 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 17,0%-ға ұлғайды. Нақты ақшалай кіріс 8,2%-ға өсті.
2010 жылғы желтоқсандағы жан басына шаққандағы орташа ақшалай кірісінің мөлшері бойынша Атырау облысы, Алматы және Астана қалалары көш бастап отыр, мұнда аталған көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,3 – 1,7 есе артық.
2010 жылғы желтоқсанда тұрғындар кірісінің шамасы орта есеппен республикалық деңгейдің 61,4%-ын және 74,0%-ын құраған Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстары кірісі ең төменгі деңгейдегі өңірлердің қатарында байқалған. Сонымен қатар, Қостанай және Алматы облыстарында тұрғындардың нақты ақшалай кірісінің неғұрлым жоғары өсу қарқыны байқалды.
2011 жылғы 1 қаңтарда өңірлер бойынша ең төменгі және ең жоғарғы коминалды ақшалай кіріс арасындағы қатынас 3,8 есені құрады (2010 жылғы қаңтарда – 3,9 есе).
Қазақстан Республикасындағы кедейшілік деңгейінің серпіні
пайызбен
__._ әр тоқсан бойынша кірісі күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындардың үлесі
--.- бір жылда орта есеппен кірісі күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындардың үлесі
Халықтың тұрмыс деңгейінің индикаторлары
№ |
Индикаторлар |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
1 |
Кірісі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі, % |
12,7 |
12,1 |
8,2 |
6,5 |
қала |
6,9 |
8,1 |
4,1 |
3,7 |
|
ауыл |
18,1 |
15,9 |
12,1 |
10,1 |
|
2 |
Кірісі азық-түлік қоржынының құнынан төмен халықтың үлесі, % |
1,4 |
1,2 |
0,6 |
0,4 |
қала |
0,7 |
0,6 |
0,2 |
0,3 |
|
ауыл |
2,1 |
1,7 |
0,9 |
0,6 |
|
3 |
Кедейлік тереңдігі, % |
2,4 |
2,3 |
1,3 |
1,1 |
4 |
Кедейлік өткірлігі, % |
0,8 |
0,7 |
0,3 |
0,3 |
5 |
Үй шаруашылықтарының халықтың жан басына шаққандағы орташа кірісі (тұтынуға пайдаланылған), теңге |
16 935 |
20 037 |
21 348 |
26 152 |
қала |
19 865 |
23 365 |
25 008 |
30 529 |
|
ауыл |
13 687 |
16 271 |
17 136 |
20 985 |
|
6 |
Тұтынуға пайдаланылған кірістердің күнкөріс деңгейімен қатынасы, % |
175,4 |
162,1 |
168,6 |
193.9 |
7 |
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды орташа ақшалай кірісі, теңге |
25 226 |
32 984 |
34 828 |
40 473 |
8 |
Нақты ақшалай кіріс индексі, % |
118,9 |
111,8 |
96,9 |
110,2 |
9 |
Халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай шығысы, теңге |
15 516 |
18 324 |
19 718 |
24 460 |
қала |
19 172 |
22 569 |
24 220 |
29 754 |
|
ауыл |
11 465 |
13 520 |
14 537 |
18 209 |
|
10 |
10% неғұрлым көп және 10% неғұрлым аз қамтамасыз етілген халықтың арақатынасы |
7,2 |
6,2 |
5,3 |
5,7 |
11 |
Кірістің шоғырлану коэффициенті (Джини индексі) |
0,309 |
0,288 |
0,267 |
0,278 |
12 |
Үй шаруашылығының орташа мөлшері, адам |
3,4 |
3,3 |
3,4 |
3,5 |
қала |
2,9 |
2,9 |
3,0 |
3,2 |
|
ауыл |
3,9 |
3,9 |
4,0 |
4,2 |
Күнкөрістің деңгейі азық-түлік өнімдерінің 43 атауы бойынша айқындалды және ондағы азық-түлік қоржынының пайыздық арақатынасы 60%-ды құрайды.
Табысы төмен халықтың үлесі
кірісі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі |
||
кірісі азық-түлік жиынтығының құнынан төмен халықтың үлесі |
Күнкөріс деңгейінен төмен тұратын тұрғындардың үлесі бірнеше жыл бойы қатарынан азаюға оң үрдіс алып, 2010 жылы 6,5%-ды құрады.
10 000 халыққа шаққанда, қылмыстылық деңгейі
Қылмыс жасаған адамдар саны
(барлығы, адам)
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
|||||
Барлы-ғы |
Оның ішінде кәме- |
Барлы-ғы |
Оның ішінде кәме- |
Барлы-ғы |
Оның ішінде кәме- |
Барлығы |
Оның ішінде кәмелет-ке толмағандар |
|
Қазақстан Республикасы |
79641 |
8344 |
78078 |
7519 |
78673 |
6651 |
84 411 |
6 070 |
Ақмола |
4651 |
482 |
4563 |
446 |
5074 |
488 |
5 537 |
433 |
Ақтөбе |
3783 |
298 |
3735 |
321 |
3442 |
269 |
3 820 |
198 |
Алматы |
6289 |
652 |
6484 |
679 |
6610 |
488 |
6 359 |
466 |
Атырау |
2370 |
203 |
2286 |
166 |
2267 |
151 |
2 474 |
132 |
Шығыс Қазақстан |
10134 |
1319 |
9989 |
1078 |
10681 |
1112 |
10 498 |
943 |
Жамбыл |
3387 |
379 |
3431 |
367 |
3689 |
368 |
3 614 |
316 |
Батыс Қазақстан |
3419 |
476 |
3387 |
446 |
3083 |
328 |
3 716 |
337 |
Қарағанды |
7176 |
771 |
7012 |
735 |
6974 |
664 |
7 459 |
744 |
Қостанай |
5864 |
946 |
6015 |
764 |
5624 |
588 |
5 712 |
440 |
Қызылорда |
3013 |
273 |
2671 |
181 |
2841 |
184 |
2 978 |
170 |
Маңғыстау |
1934 |
219 |
2302 |
322 |
2051 |
216 |
2 163 |
232 |
Павлодар |
5573 |
687 |
5051 |
580 |
5021 |
511 |
5 289 |
441 |
Солтүстік Қазақстан |
3497 |
358 |
3147 |
256 |
3135 |
207 |
3 650 |
209 |
Оңтүстік Қазақстан |
5409 |
536 |
5403 |
519 |
5711 |
513 |
6 116 |
477 |
Астана қ. |
2091 |
148 |
2190 |
144 |
2421 |
135 |
2 474 |
110 |
Алматы қ. |
5592 |
347 |
5320 |
337 |
5420 |
296 |
8 475 |
309 |
2009 жылы сотталғандардың жас ерекшелігі бойынша құрамы,
мың адам
Адам құқығын қорғау және мадақтау үшін жалпы шектеулер Адам құқығы саласындағы халықаралық нормаларды қабылдау
Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттар бала құқығын іске асыруға ықпал етеді. Қазақстан адам құқықтары саласындағы әмбебап халықаралық шарттардың көпшілігіне қатысады.
2005 жылы Қазақстан Нью-Йоркте 1950 жылғы 21 наурызда жасалған Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануына қарсы күрес туралы конвенция мен оған Қорытынды хаттаманы ратификациялады.
Мыналар 2008 жылы ратификацияланды:
2000 жылғы 13 желтоқсанда Палермо қаласында қол қойылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттама (Нью-Йорк қаласы, 2000 жылғы 15 қараша).
1930 жылғы 28 маусымда Женева қаласында қол қойылған Халықаралық еңбек ұйымының № 29 Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы конвенциясы, 1957 жылы 25 маусымда Женева қаласында қол қойылған Халықаралық еңбек ұйымының № 105 Мәжбүрлі еңбекті жою туралы конвенциясы, 1999 жылғы 17 маусымда Женева қаласында қол қойылған Халықаралық еңбек ұйымының № 182 Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы конвенциясы ратификацияланды. Бұдан басқа, Қазақстан 1977 жылғы 8 маусымда Женева қаласында қол қойылған, құлдыққа және кез келген нысандағы құл саудасына тыйым салатын 1949 жылғы 12 тамыздағы Халықаралық қарулы қақтығыстардың құрбандарын қорғауға қатысты Женева конвенциясына қосымша хаттамаға (Хаттама II) қосылды.
2010 жылы 1993 жылғы 29 мамырда Гаага қаласында қол қойылған Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенция ратификацияланды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес аталған халықаралық шарттар ратификацияланғандықтан, олардың республика заңдарының алдында басым күші болады және халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетіні туындайтын жағдайлардан басқа кездерде тікелей қолданылады.
Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары өз құзыреті шегінде халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасы міндеттемелерінің орындалуын және құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Ратификацияланған халықаралық нормаларды сот практикасында белсенді қолдануды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 2008 жылғы 10 шілдеде «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» нормативтік қаулы қабылдады. Сөйтіп ол судьяларды Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықтың құрамдас бөлігі болып табылатын республика қатысатын халықаралық шарттардың нормаларын басшылыққа алуға міндеттеді.
Ұлттық деңгейде адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жалпы құқықтық шектеулер
2007 жылғы қаңтарда жәке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру және қорғау мақсатында олардың мемлекеттік органдарға өтiнiш беруі мен оларды қарау тәртібін белгілейтін «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Заңда азаматтардың шағым, сұрау, арыз жазылған өтініштерін қарау тәртібі де, осы өтініштерге жауап беру тәртібі де анық әрі нақты жазылған.
Мемлекеттік органдар мен соттан басқа, Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл (омбудсмен), Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты құқық қорғау ұйымдары жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия
1994 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен консультативтік-кеңесші орган ретінде Мемлекет басшысы жанынан Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрылды. Адам құқықтары жөніндегі комиссия қызметінің негізгі бағыты Мемлекет басшысына өзiнiң адам құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi конституциялық өкiлеттiктерiн iске асыруға жәрдемдесу болып табылады. Комиссия адам құқықтары саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру және құқық қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Комиссияға түсетін өтініштер, ең алдымен, адам құқықтарының ахуалын зерделеу, заңнамалық базадағы және мемлекеттік органдардың құқық қорғау практикасындағы кемшіліктерді анықтау үшін қажет.
Комиссия мемлекеттік органдармен, соттармен, прокуратурамен, полициямен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды, олардың бірлескен қызметі қазақстандықтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл
Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі Жарлығымен құрылды.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын, өз құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауға өкілетті берілген лауазымды адам болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілдің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және өзгеше қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілдің қызметін қамтамасыз етеді.
Комитеттің 45-ші сессиясының ұсынымдарына сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл өз қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ шет ел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың өздерінің Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заң актілерімен және халықаралық шарттарымен кепілдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын бұзатын лауазымды адамдар мен ұйымдардың iс-әрекетi мен шешiмдерiне арыздарын қарайды.
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзу фактілерін белгілеу мақсатында Уәкілетті өкіл өз құзыреті шегінде жолсыздық фактілері туралы мәліметтерді келіп түскен арыздар негізінде де, егер бұл жолсыздықтар туралы оған ресми көздерден немесе бұқаралық ақпарат құралдарынан белгілі болса, өз бастамасымен де тексереді.
Бұдан басқа, Уәкілетті өкіл қызметтік куәлігін көрсету арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, оның ішінде, әскери бөлімшелер мен құралымдардың аумақтары мен ғимараттарына кіріп-шығуға және онда болуға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарына баруға, онда ұсталатын адамдармен кездесіп, сөйлесуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыру үшін орталық және жергiлiктi атқарушы органдар арасындағы үйлестіру қызметiн, сондай-ақ азаматтық қоғамның үкiметтiк емес және басқа да секторларымен ынтымақтастық жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 36 қаулысымен арнайы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Балалардың құқықтарын қорғау комитетi құрылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы
«Қазақстан Халықтарының ассамблеясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен елдегі этносаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан консультативтік-кеңесші орган құрылды. Ассамблеяның конституциялық мәртебесі бар және ол Парламент палаталарының бірі – Мәжіліске 9 депутат сайлауға құқылы. 2008 жылғы қазанда оның қызметін нормативтік-құқықтық реттеуді қамтамасыз еткен «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды.
Жоғарыда аталған институттардың барлығы құқық бұзуды қорғауда қосымша мүмкіндік береді. Сондай-ақ, олар республикадағы балалардың құқықтарын қорғау мониторингін жүзеге асырады.
Арыздарда көрсетілген фактілерді тексеру барысында, олардың лауазымды адамдар мен ұйымдардан арызды қарауға қажетті мәліметтерді сұратуға; адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс не қылмыстық іс қозғау туралы қолдаухатпен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға жүгінуге; жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарлама жариялауға құқығы бар.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істейді. Комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығымен құрылған. Оның мәртебесі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органы. Комиссия міндеттерінің бірі ерлер мен әйелдер мүмкіндігінің теңдігіне жетуге ықпал жасау, отбасы институтын нығайту, жыныстар теңқұқылығының сақталмауына, отбасы мәселелеріне қатысты өтініштерін қарау.
Адам құқықтары жөнінде хабардар болуды жоғарылату
Қазақстан Республикасында Адам құқықтары саласындағы іс-қимылдың 2009 – 2012 жылдарға арналған ұлттық жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) әзірленді.
Ұлттық жоспардың негізгі мақсаттары: адам құқықтары саласындағы білімді жетілдіру, адам құқықтары саласындағы білімнің негізгі принциптері мен әдістерін жалпы түсінуді жетілдіру, ұлттық және халықаралық деңгейлерде адам құқықтары саласындағы білімге баса назар аудару, адам құқықтары саласындағы білімді жетілдіру және дамыту ісінде барлық мүдделі тараптардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын кеңейту, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы білімнің қолданыстағы оқу бағдарламаларын жетілдіру болып табылады.
Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 154 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді.
Тұжырымдаманың мақсаты адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттар мен пактілер шеңберіндегі халықаралық-құқықтық құралдарға сәйкес азаматтық қоғам институттарын жан-жақты дамыту және олардың мемлекетпен және бизнес-сектормен тең құқылы әріптестігі үшін заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық-әдістемелік базасын жетілдіру болып табылады.
Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1116 қаулысымен «Құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 – 2011 жылдарға арналған бағдарлама» бекітілді.
Бұл бағдарлама шеңберінде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқық түсіндіру жұмысы мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс, халықтың жеке санаттарының құқықтық сауаттылығының міндетті минимумын әзірлеу мен енгізу және адам құқықтарын құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған басқа да шаралар көзделген.
Адам құқықтары білім берудің барлық жүйесі шеңберінде және білім берудің барлық деңгейлерінде енгізілуде және іске асырылуды.
Әрбір балаға қажетті көлемде саяси-құқықтық білім беру мақсатында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін бейінді орта мектептердің 10-11 сыныптарында 68 сағат және жаратылыстану-математика бағытындағы мектептердің 10 сыныптарында 34 сағат көлемінде «Құқық негіздері» пәні оқытылады. 9 сыныптарда 68 сағат көлемінде «Адам. Қоғам. Құқық» пәні оқытылады. Қазақстандық қоғамның құқықтық жүйесі, құқық салаларының негізі, соттың, прокуратураның және басқа да құқық қорғау органдарының қызметі осы курстарды оқытудың мәні болып табылады.
2006–2007 оқу жылынан бастап республика мектептерінде құқық пәндері республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарының тізбесіне енгізілді, бұл оқушылардың құқық пәндерін оқуға ынтасын арттыруға ықпалын тигізеді.
Бұған қоса факультативтер, сынып сағаттары, мектептен тыс іс-шаралар жүргізіледі. Оқушылар арасында құқық түсіндіру жұмысын ұйымдастыратын мектеп үгітбригадалары жұмыс істейді.
Адам құқықтарын қорғау және демократиялық бостандықтар, барлық азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысу мүмкіндігі, баршаның және әркімнің теңдігі, ұлтына, діни нанымына қарамастан, жеке тұлғаны және бостандықтарды құрметтеу принциптеріне негізделген «Азаматтық білім беру» вариативті курсы жүргізіледі. Вариативті курстың сағат саны – аптасына 1 сағат.
Адам құқықтары саласындағы білім беру проблемалары жөніндегі материалдар: «Қазақстан балалары» (ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті), «Бала және құқық», «Қазақстан тарихы», «Учитель Казахстана», «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан мектебі» және тағы басқа мерзімді журналдар мен газеттерде жарияланады.
Балалардың құқығын қорғау департаменттерінде 6 WEB-сайт құрылған, оларға құқықтық ақпарат орналастырылып, құқық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Балалардың құқығын қорғау комитетінің www.bala-kkk.kz сайтында «Өзін-өзі тану», «Қоғамға қызмет ету», «Сұрақ-жауап», «Гаага Конвенциясы» және тағы басқа айдарлар құрылған.
Халықтың заңдық ақпаратқа қол жетімділігі кеңейтілді. Қоғамдық орындарда қолданыстағы құқықтың электрондық базасына тегін кіру нүктелері орналастырылған. Сонымен қатар, Әділет министрлігінің сайтында аталған базаның қысқартылған тегін Интернет-нұсқасы жұмыс істейді. Таяудағы перспективада барлық құқықтық массивке халықтың Интернет арқылы қол жетімділігін кеңейту жоспарланып отыр.
Білім және ғылым министрлігі 2010 жылы адамның негізгі құқықтары, жалпы білім беретін мектептердегі адам құқықтарын оқыту туралы мектеп оқушыларының хабардар болуы жөнінде әлеуметтанушылық сауалнама жүргізді.
Сауалнама нәтижелері оқушылардың мектептегі өз құқықтарын неғұрлым терең оқып білуге жоғары қызығушылық (96 %) танытатынын көрсетті. Өз құқықтары бұзылған жағдайда қайда өтініш беру керектігін білетін балалар пайызы төменгі сыныптардан жоғары сыныптарға қарай өсуде (45%-дан 76%-ға дейін).
Адам құқықтары мәселелері бойынша білімнің қалыптасуы мен балаларға практикалық көмек көрсетуде ата-аналар мен отбасының рөлі ерекше, себебі адам құқықтары туралы ақпаратты оқушылардың жартысынан астамы өз ата-анасынан алады және құқығы бұзылған жағдайда олар тағы да ата-анасына жүгінеді.
Қазіргі уақытта Азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін жоғарылату жөніндегі 2012–2014 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленді.
Балаларға өздерінің проблемаларын шешуде уақтылы көмек көрсету, балаларды құқықтық қорғау мәселелеріндегі істің жай-күйі, олардың өз құқықтары туралы хабардар болу дәрежесін туралы ақпаратты жинау және талдау, бала құқықтары туралы материалдарды тарату мақсатында республикада сенім телефондары мен балалардың қоғамдық қабылдаулары жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы
І. Жүзеге асыру жөніндегі жалпы шаралар
(Конвенцияның 4, 42-баптары және 44-бабының 6-тармағы)
Конвенцияның жоғарыда көрсетілген баптарын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы ақпарат бастапқы баяндаманың 21-24, 29, 30, 55-57, 70-72, 84-тармақтарында және оған қосымша мен Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы екінші және үшінші жиынтық мерзімді баяндаманың 18-59-тармақтарында баяндалған.
Конвенцияның жалпы принциптері мен нормалары (2, 3, 6 және 12-баптар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық атқару кодекстеріне имплементацияланған. Негізгі қолдану саласы балалардың құқықтары мен мүдделері болған тұтастай заңдар кешені қабылданды (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Балалары бар отбасына мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» және басқа заңдары).
2006 жылдан бері балалардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi заңнаманы одан әрi дамыту оны Конвенция принциптері мен ережелерiне неғұрлым толық сәйкес келтіру және баланың әлеуметтiк сәтсіздігінің алдын алу үшiн құқықтық жағдайлар жасау мақсатында жүзеге асырылды. Бұған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексінің, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының, «Балаларды қорғау және шетелдік бала асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 12 наурыздағы 253-IV Заңының қабылдануы ықпал етті.
Балалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн сақтауға қатысты ұлттық саясатты iске асыруға бiлiм беру, денсаулық сақтау бағытталған:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1260 қаулысымен бекітілген «2008–2016 жылдарға арналған Салауатты өмір салты» бағдарламасы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1251 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы қан қызметін жетілдіру бойынша шаралар туралы» 2008–2010 жылдарға арналған бағдарлама.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы ана мен бала өлім-жітімін азайту жөніндегі 2008 – 2010 жылдарға арналған бағдарлама.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1116 қаулысымен бекітілген Құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру жөніндегі 2009–2011 жылдарға арналған бағдарлама.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНИСЕФ-тің елдік бағдарламасының 2010–2015 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына қол қойды.
Елдік бағдарлама балалардың, әсіресе осал топтардың өмір сүру сапасын жақсартуда, сондай-ақ қатар өңірлік және гендерлік теңсіздікті азайтуда Қазақстан Үкіметіне ықпал етуге бағытталған.
Елдегі экономикалық өсуге байланысты балалар мүддесiндегi: оқыту, тәрбиелеу, денсаулық сақтау, адамгершілік және рухани даму, әлеуметтiк қамтамасыз ету және отбасы мен балаларды қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру үшін басым қаржыландыру белгіленген.
2010 жылы халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 9000 АҚШ долларын құрады, бұл 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда 25%-ға артық (6 772 АҚШ доллары).
Елдегі әлеуметтік салаға арналған шығыстар жыл сайын ұлғаюда.
Егер 2006 жылы мемлекеттік бюджеттің жалпы көлеміндегі шығыстар үлесі 41,34%-ды құраса, 2010 жыл қорытындысы бойынша 50%-дан артық.
(млн. теңге)
Шығындар |
2007 жыл |
2008 жыл |
2009 жыл |
2010 жыл |
|
Мемлекеттік бюджет |
|||||
Білім беру |
480 696 |
641 060 |
746 477 |
797 414 |
|
%-бен |
17,0 |
16,9 |
17,6 |
16,9 |
|
Денсаулық сақтау |
299 381 |
363 210 |
450 893 |
551 326 |
|
%-бен |
11,2 |
10,7 |
12,0 |
12,4 |
|
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету |
502 381 |
622 017 |
758 308 |
905 273 |
|
%-бен |
18,8 |
18,3 |
20,3 |
20,3 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
122 210 |
163 969 |
173 618 |
227 564 |
|
%-бен |
7,5 |
6,9 |
8,1 |
5,1 |
|
Республикалық бюджет |
|||||
Білім беру |
127 700 |
168 210 |
215 560 |
236 393 |
|
Денсаулық сақтау |
100 830 |
115 581 |
176 800 |
367 185 |
|
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету |
462 667 |
566 194 |
695 931 |
835 497 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
62 964 |
87 461 |
104 389 |
135 389 |
|
Жергілікті бюджет |
|||||
Білім беру |
352 996 |
472 850 |
530 917 |
579 648 |
|
Денсаулық сақтау |
262 852 |
320 762 |
386 553 |
330 352 |
|
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету |
44 789 |
61 874 |
86 123 |
97 381 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
73 778 |
108 493 |
108 183 |
129 795 |
Конвенцияның принциптері мен ережелері туралы хабардар ету
Республикада балалармен жұмыс iстейтiн мамандардың, жұртшылықтың, балалар мен олардың ата-аналарының Конвенцияның негiзгi ережелерi туралы хабардар болу мәселелерiне, оларды насихаттауға және түсiндiруге зор көңiл бөлiнедi.
Құқық қорғау органдары мен пенитенциарлық жүйе қызметкерлерін оқыту және олардың кәсіптік деңгейін жоғарылату жөнінде тұрақты негізде шаралар қабылданып тұрады. Oның ішінде адам құқықтары саласындағы халықаралық құқықтық нормалар мен стандарттарды зерделеу және қолдану бөлігінде.
Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) оқу мекемелерінің, сондай-ақ біліктілікті жоғарылату курстарының бағдарламаларына Бала құқықтары туралы конвенцияны, сондай-ақ балалардың құқықтары мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілерді оқытуға арналған арнайы курстар енгізілген.
ІІМ жоғарғы оқу орындарында «Әлеуметтану» пәні бойынша, «Отбасы мен жастарды әлеуметтендіру», «Бала құқықтары туралы конвенция» тақырыптары 6 сағат көлемінде, ал колледждерде – «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету» тақырыбы 4 сағат көлемінде және ІІМ училищелерінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторларды даярлау барысында «Арнайы даярлық» пәні бойынша Бала құқықтары туралы конвенциясы жөнінде тақырыптар оқытылады.
2010 жылғы 19 – 21 мамыр аралығында Астана қаласында Адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюромен бірге ІІМ училищелерінің 15 өкілінің қатысуымен адам құқықтары жөніндегі арнайы курс өткізу әдістемесі бойынша балалардың мүддесі мен құқықтарын оқыту жөніндегі тақырыптарды көздейтін тренинг өткізілді.
Учаскелік және мектептегі кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі полиция инспекторлары тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдары мен мектептерде Бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі принциптері мен ережелерін ақпараттық жария етуді жүргізеді, сондай-ақ балалар үшін құқықтары бұзылған жағдайда өз құқығын қорғау жөнінде оқыту тренингтері өткізіледі.
Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің Бала құқықтары туралы конвенцияның ережелері мен баптары туралы хабардар болуын жоғарылату үшін республикалық іс-шаралар: форумдар, саммиттер, конференциялар, дебаттар және басқалары өткізіледі.
2007–2010 жылдары барлығы 40 мыңнан астам әртүрлі іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде 210 семинар, 50-ге жуық дөңгелек үстел, жеті мың дебат, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша диспуттар, 20 мыңнан астам қайырымдылық акциялары, суреттердің, плакаттардың конкурстары, мерекелік концерттер және басқалары. Әртүрлі халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері, меценаттар, демеушілер және тағы басқалар іс-шараларды өткізуге белсене қатысады. Ата-аналар үшін, әсіресе ауылдық жерлерде, балалардың қатысуымен ата-аналар лекторийлерін, семинар-тренингтер, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу көзделген. Білім беру ұйымдарында Бала құқықтары туралы конвенцияға арналған стенділер, бұрыштар, кітапханаларда құқықтық білім беру жөніндегі стенділер ресімделген.
Айталық, мысалы, 2009 жылғы қарашада Астана қаласында Бала құқықтары туралы конвенцияның 20 жылдығына арналған «XXI ғасыр балалары: біздің құқықтарымыз бен мүмкіндіктеріміз» атты республикалық саммит өткізілді. Саммиттің негізгі міндеттері – Бала құқықтары туралы конвенцияның баптары туралы хабардар болуды жоғарылату, қазіргі заманғы қазақстандық қоғамдағы балалар мен жасөспірімдер жағдайының ең өзекті проблемаларын айқындау, дипломатия тілі мен төзімділікке үйрету.
2010 жылы Павлодар қаласында III-ші Республикалық патриоттар форумы өтті. Форумға қатысу балаларға қоғамдық маңызы бар қызметке, мастер-класстар, дөңгелек үстелдер мен басқа да іс-шаралар өткізуге қатысуда тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.
2010 жылғы 19–29 қараша аралығында Бүкіләлемдік Бала күніне арналған «Бүкіл әлем мен үшін» тақырыбына онкүндік өткізілді. Бүкілқазақстандық онкүндік барысында бүкіл республика бойынша әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар, оның ішінде қайырымдылық акциялары, конкурстар, дебаттық турнирлер, пресс-конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, кездесулер мен әлеуметтану сауалнамалары өтті.
Республикада үгіттоптар, үгітбригадалар, мектеп омбудсмендері жұмыс істейді.
Павлодар облысында мектеп омбудсмендері әрекет етеді. Балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыстағы жалпы білім беретін 146 мектеппен бірге мектеп омбудсмені қызметінің ережесіне қол қойып, 2009–2011 оқу жылына арналған жоспарын бекітті. Білім беру ұйымдарында мектеп омбудсмендерінің атына жазылған өтініштер мен хаттар үшін жәшіктер орнатылған, оқушыларды қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Павлодар қаласындағы мектеп омбудсмендері компьютерлік клубтарды тексеру акциясына қатысып, қала мектептері оқушыларының арасында өз құқықтары туралы хабардар болу мәселелері жөнінде сауалнама жүргізді.
«Құқықтық шолғыншы» үгіттоптары Конвенция баптары туралы әңгімелер, сюжеттік қойылымдарды көрсетуді жүзеге асырады, құқық тақырыбына викториналар, сайыстар, дөңгелек үстелдер өткізеді.
Жыл сайын республикада әлеуметтану зерттеулері, Конвенция ережелері туралы балалардың хабардар болу деңгейінің, бала құқықтары бойынша ағартушылық және білім беру қызметінің мониторингі жүргізіліп отырады.
2009 жылы Қазақстан Республикасының Конвенцияны ратификациялауының 15 жылдығы шеңберінде және 2010 жылы республиканың бiлiм беру органдары балалардың Конвенция ережелерi туралы хабардар болу деңгейінің, бала құқықтары жөнiндегi ағартушылық және бiлiм беру қызметінің мониторингін жүргiздi. Алынған материалдарды талдау республиканың бiлiм беру ұйымдарында, әсіресе елді мекендерде, оқушылар арасында да, сондай-ақ ата-аналар қауымы мен педагогтар арасында да Конвенция ережелерiн түсiндiру жөнiндегi жұмыстың жандана түскенi туралы қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi.
2010 жылы республиканың қалалық және ауылдық өңірлерінен 193 025 бала балалардың өз құқықтары жөнінде хабардар болуының, Бала құқықтары туралы конвенция, балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына; бала сатуға, балалардың жезөкшелігіне және балалар порнографиясына қатысты Факультивтік хаттамалар сияқты негіз қалаушы халықаралық құжаттарды білуінің деңгейі жөнінде зерттеулермен қамтылды.
Тұтастай алғанда, оқушылардың бала құқықтары туралы мағлұматы бар. Сауалнамаға қатысқандардың жартысы халықаралық құқық қорғау құжаттары туралы жақсы білетінін көрсетті.
Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан астамы Бала құқықтары туралы конвенция туралы біледі: ең жоғары көрсеткіш Батыс Қазақстан (89%), Павлодар (89%), Шығыс Қазақстан (86%), Жамбыл (62,1%) облыстарында. Қалған облыстарда Конвенция туралы хабардар болу көрсеткіштері 56%-дан 60%-ға дейінгі аралықта.
Білім берумен, сондай-ақ денсаулықпен және эмоционалдық саулықпен (физикалық және психологиялық зорлықтың, кемсітудің, қатал немесе немқұрайлы көзқарастың барлық түрлерінен қорғаумен) байланысты құқықтар ең маңызды құқықтар деп белгіленді.
Зерттеу нәтижелері бойынша мектеп балалар үшін ең негізгі және маңызды құқықтық ақпарат көзі болып қала береді. Атырау облысы (86%), Алматы қаласы (60%), Ақтөбе (54%) және Қарағанды (50,5%) облыстары балаларының жартысынан астамы осылай деп санайды. Қалған облыстардағы балалар мектептен басқа, ата-аналар мен БАҚ-ты ақпарат көзі болып табылады деп санайды.
Сауалнамаға қатысқандардың барлығының дерлік бала еңбегінің ең нашар түрлері туралы хабары бар. Бұл терминді Алматы қаласының сауалнамаға жауап берушілерінің жартысынан астамы (63%) анықтай алды. Шығыс Қазақстан облысының оқушылары (98,9%), Ақмола облысының сауалнамаға қатысқан оқушылары (89%) және қалған облыстар оқушыларының 57%-дан астамы республикада балалардың мәжбүрлі жұмыс істеуіне тыйым салынғанын біледі.
Шығыс Қазақстан (98%), Ақмола (98%), Павлодар (96,5%), Батыс Қазақстан (95%), Қызылорда (63,1%) облыстары, Алматы қаласы (54%) оқушыларының жартысынан астамы сауалнамаларда мемлекеттің бала сатуға, балалардың жезөкшелігі мен балалар порнографиясына тыйым салғаны туралы білетінін көрсетті. Қалған облыстардың оқушылары сауалнамаларда мемлекет бала сату мен балалардың жезөкшелігі үшін жазалайды деп көрсетті. Ауылдық жерлерде балалардың Конвенция ережелері туралы білімі қалалық жерлерде тұратын балалардың білімінен кем түспейтінін атап өткен жөн.
Баяндаманы қалың бұқара арасында тарату
«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес Комитет жыл сайын Мемлекет басшысына республикадағы балалардың жағдайы туралы баяндама дайындайды, ол Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтына орналастырылып, жұртшылықты хабардар ету үшін бөлек кітапша ретінде шығарылады.
45-ші сессияда Қазақстанға берілген ұсынымдарды іске асыру мақсатында Бала құқықтары жөніндегі комитеттің ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, 2007 жылғы 7 қарашада Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 5-ші отырысында бекітілді. Бұл Жоспар және Бала құқықтары жөніндегі комитеттің 45-ші сессиясының ұсынымдары Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында орналастырылған.
Бала құқықтары жөніндегі комитеттің 45-ші сессиясының ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Астана қаласында 2009 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы БҒМ «Балалық шақты қорғаудың қазақстандық жүйесі: түйінді проблемалар, тәжірибе, перспективалар» тақырыбына республикалық дөңгелек үстел отырысын өткізді. «Дөңгелек үстел» жұмысына республиканың мемлекеттік органдарының, БҰҰ Қазақстан Республикасындағы Балалар қорының (ЮНИСЕФ), ғылыми қоғамдастықтар мен үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Азаматтық қоғам ұйымдарымен ынтымақтастық
Балалық шақ мәселелерімен 221 үкіметтік емес қоғамдық ұйым (бұдан әрі – ҮЕҰ) айналысады. 40-тан астам ҮЕҰ-мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға, келісімдерге және шарттарға қол қойылды.
Біріккен жобалар іске асырылып, халықаралық және ұлттық сарапшылардың қатысуымен балалық шақ проблемаларын шешу жөнінде әлеуметтану зерттеулері, форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, оқу семинарлары, тренингтер, кеңестер жүргізіледі.
2011 жылғы маусымда омбудсмен, БҰҰ Қазақстандағы Балалар қоры мен Орталық Азиядағы «Халықаралық түрме реформасы» өкілдігі арасында ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды, оның мақсаты үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін балалар мекемелерінде бала құқықтарын сақтау бөлігінде мониторинг өткізуге үйрету болып табылады.
2007–2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) бірлесіп, 24 әлеуметтану зерттеуін жүргізді, 80 мыңнан астам жинақтар мен оқу құралдарын әзірлеп, басып шығарды. Балалар мен ересектерге мағлұмат беру үшін бала құқықтары туралы 4 фильм, 14 бейнеролик,
«Что мне надо знать?», «Не білуім керек?» атты 2 мультипликациялық фильм шығарылды.
Республиканың 10 өңірінде жетім балаларды өз отбасына алғысы келетін азаматтарды даярлау үшін 14 Өкіл ата-аналар мектебі ашылды. Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қызақстан облыстарында және Астана қаласында 7 отбасын қолдау орталықтары мен қызметі жұмыс істейді.
2009 жылғы қазанда Астана қаласында IV-ші Азаматтық форум өтті. Форум нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ мен бизнес өкілдерінің біріккен күш-жігерімен Азаматтық қоғамды дамытудың 2006 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының II-ші кезеңін іске асыру бойынша тиімді жұмысты одан әрі жалғастыру үшін ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.
2011 жылғы наурызда Астана қаласында Қазақстан әйелдерінің V-ші Форумы өткізілді. Форумда Қазақстан этностарының рухани мәдениетін дамытуға баса көңіл бөлу, отбасы құндылығын насихаттау, жанжалдардың алдын алу үшін күш-жігерді біріктіруде әйелдер ұйымдарына қолдау көрсету, бітімгершілік жобаларына қатысу аясын ұлғайту, гендерлік теңдік саясатын жалғастыру жөнінде шешім қабылданды.
II. «Бала» ұғымының анықтамасы
(1-бап)
Қазақстандық заңнамадағы «бала» ұғымының анықтамасы Бала құқықтары туралы конвенцияның 1-бабына сәйкес келеді.
III. Жалпы принциптер
а) Кемсітпеушілік
(2-бап)
Конвенцияның жоғарыда көрсетілген бабын жүзеге асыру жөніндегі шаралар бойынша ақпарат Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы екінші және үшінші жиынтық мерзімді баяндаманың 64–89-тармақтарында баяндалған.
Қазақстан Республикасының Конституциясында заң мен сот алдында баршаның теңдігі көзделген. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген басқа да жағдайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Мемлекет өз заңнамасында да, сондай-ақ практикада да мемлекеттік органдар тарапынан болсын немесе жеке тұлға тарапынан болсын, кез келген кемсітуді болдырмауды өз міндетіне алады.
Елде Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 Жарлығымен бекiтiлген, жыныстық тиесілілігіне қарамастан, қоғамның барлық мүшелерiнiң тең құқықтары мен мүмкiндiктерiн қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасындағы гендерлiк теңдiктің 2006 – 2016 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөнінде жұмыс жүргізілуде.
Қазақстан жалпы орта бiлiм беруде гендерлiк паритетке қол жеткiзді.
Барлық оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу материалдары мазмұны жағынан барлық оқушылар үшін бірдей.
2009–2010 оқу жылында республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 246 790 қыз бала оқыды, бұл оқушылардың жалпы санының 50%-ынан астамын құрайды.
Республикада қыздардың мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатысуы жандана бастады, бүгінгі күні олардың көбі балалар мен жастар ұйымдарының көшбасшысы, спорттық жарыстардың, пәндік олимпиадалардың, мәдени іс-шаралардың жеңімпаздары.
Оқып жатқандардың ішінен:
Сыныптар |
2005–2006 |
2009–2010 |
||
қыздар |
ұлдар |
қыздар |
ұлдар |
|
1–4 |
48,9% |
51,1% |
49% |
51% |
5–9 |
49,05 % |
50,95% |
49,1% |
50,9 |
10–11(12) |
52% |
48 % |
53% |
47% |
Республиканың кәсіптік білім беру саласында барлық санаттағы білім алушылар үшін тең жағдайлар жасалған және оқу орындарының білім алушылары мен қызметкерлері арасында әйелдер санының басым екенін атап өткен жөн.
Жоғары оқу орындарындағы студенттер контингенті шамамен 600 мың адамды құрайды, оның ішінде қыздар – 361 446 (58,3%) адам. Мемлекеттік білім гранты есебінен 140 533 адам білім алады, оның ішінде қыздар – 73 092 (61,6%).
Кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындарында білім алушылардың жалпы санынан (603 831) қыздар 275 474 (45,6%) адамды құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын іске асыру мақсатында (Жол картасы бойынша) қыздар мен әйелдерді қоса алғанда 2009 жылы 95,6 мың адам, 2010 жылы – 71,1 мың адам республикалық бюджет есебінен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде, оқу орталықтарында қайта оқытылды.
Облыстық, Алматы, Астана қалаларының білім басқармаларының деректері бойынша 2009 жылы 23 102 әйел қайта оқытудан өткізілсе, оның ішінде 9 206 әйел жұмысқа орналастырылған, 2010 жылы 12 076 әйел оқытылып, оның ішінде 6 302 әйел жұмысқа орналастырылған.
Репатрианттар (оралмандар) мен мәжбүрлі түрде қоныс аударғандардың құқықтары
Оралман балалар саны 19 мыңнан астам баланы құрайды, оның ішінде мектепке дейінгі жастағы 4 824 бала және мектеп жасындағы 14 201 бала бар.
Облыстық білім басқармаларының деректері бойынша мектеп жасындағы репатрианттардың балаларының бала кезінен мүгедек 18 баладан өзгелерінің барлығы оқумен қамтылып, тегін оқулықтармен қамтамасыз етілген.
2009–2010 оқу жылында кәсіптік және техникалық білім ұйымдарында 2299, оның ішінде кәсіптік лицейлерде 1062, колледждерде 1237 оралман оқыды.
Республиканың жалпы орта бiлiм беретін ұйымдарында таяу және алыс шетелдерден: Өзбекстаннан, Түркiменстаннан, Тәжiкстаннан, Қырғызстаннан, Ресейден, Украинадан, Грузиядан, Иран Республикасынан, Қытайдан, Монғолиядан, Түркиядан, Пәкстаннан, Сауд Арабиясынан, Ауғаныстаннан келген оралман оқушылар үшiн олардың бiлiмiндегi кемшіліктерді жою және бiлiм бағдарламаларына бейiмдеу мақсатында қосымша сабақтар, консультациялар өткiзiледi, арнайы көшу бағдарламалары көзделген.
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу мекемелеріне оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес «Кәсіптік және техникалық, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берулің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсетін кезде қабылдау квотасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдеріне 2% квота көзделген.
Білім алушы оралмандарға міндетті түрде білім беру ұйымдарының жатақханасынан орын бөлінеді, олар стипендиямен және ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
Оқытушылар, бөлім меңгерушілері, өндірістік оқыту шеберлері оқитын оралмандарға оқу жағдайы мен өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуға көмектеседі.
Тілді үздік меңгеру үшін мектептерде «Тіл дамыту», «Тіл мәдениеті», «Сөз өнері» арнайы қосымша курстары енгізілген. Қызығушылықтарына қарай үйірмелер, қазақ және орыс тілдері бойынша факультативтік сабақтар ұйымдастырылады.
Арнайы қажеттіліктері бар балаларға және некесіз туылған
балаларға қатысты кемсітпеу
Арнайы қажеттіліктері бар балаларға қатысты «даму мүмкіндіктері шектелген балалар» термині пайдаланылады.
Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен оның аумақтық органдарына 2007 жылдан бері 11 мыңнан астам жазбаша өтініш түсті. 2006 – 2010 жылдары Бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті өкілге жүгінген азаматтар мен мекемелер саны 427-ні құрады. Алайда, некесіз туылған балаларға қатысты кемсіту туралы арыз-шағымдар тіркелмеген.
Сондай-ақ балалар мен ересектерге қатысты ксенофобия фактілері туралы да өтініштер түскен жоқ. Қазақстан – көп ұлтты ел, онда 140 ұлт пен ұлыс өкілдері татулық пен келісімде өмір сүріп жатыр.
Оның ішінде көп ұлтты халықтың атап өтерлік басты айырмашылық белгісі сыйластық, төзімділік, ашықтық пен тілектестік болып табылады.
Денеге жарақат келтіру
Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабына сәйкес ешкiмдi адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай зәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды. Қазақстан Республикасының заңнамасында жәбір көрсету, денеге жарақат келтіру мәселелері «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы ҚР Заңында айтылған.
«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
64-бабына, «Білім туралы» Заңға сәйкес ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.
Осындай талаптар ата-аналарды алмастыратын адамдарға да, яғни қорғаншыларға және патронат тәрбиешілерге қойылады.
Облыстық Астана және Алматы қалалары білім беру басқармаларының ақпараты бойынша 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өздерінің ата-ана міндеттерін орындамаған, балаларға дене жарақатын түсірген 825 ата-ана ата-ана құқығынан айырылды. Жоғарыда аталған ата-ананың 1072 баласы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар мекемелеріне бөлінді немесе отбасыларға (қамқоршы, патронат, асырап алуға) берілді.
Бас прокуратураның 2005 жылғы 31 наурыздағы № 10 бұйрығына сәйкес прокуратура органдары денеге жарақат келтірудің алдын алу мақсатында кемінде жарты жылда бір рет балалар үйлерінің қызметіне тексеру жүргізіп отырады.
2010 жылы Қазақстан Республикасының прокуратура органдары кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша 3240 тексеру жүргізді, олардың нәтижесінде 41 046 заңдылықты бұзу анықталды және тұтастай алғанда 135 675 баланың құқығы қорғалды.
Тексеру қорытындылары бойынша заңдылықтың бұзылуын жою туралы 2806 ұсыным қаралды, ден қою шаралары бойынша 542 заңсыз акт жойылды және өзгертілді. Барлығы 7196 адам – тәртіптік, 2 141 адам – әкімшілік, 227 адам материалдық жауапқа тартылды. 18 қылмыстық іс қозғалып, олар бойынша 9 адам сотталды.
Тәрбиеленушілердің құқықтарын бұзудың барлық дерлік жағдайлары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда. Бұдан басқа, балалар үйлерінде тәрбиеленуші балалар өздерінің құқықтары туралы, егер олардың құқықтары бұзылған жағдайда қайда жүгінуі керектігі туралы өте жақсы хабарландырылған.
Балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне қатал қараған әрбір факті бойынша әкімшілік және тәртіптік жазалау шаралары қолданылады.
Білім беру ұйымдарында денеге жарақат түсіруге тыйым салынады.
Білім беру мекемелерінде міндеттері мен этика нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
2011 жылы ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясының бас басқармасы «Жас ұлан» республикалық мектебі мен Ш. Уалиханов атындағы Кадет корпусына тексеру жүргізді. Ұландар мен кадеттерге дене жарақатын салу фактілері анықталған жоқ.
Балалардың құқықтарын қорғау үшін республиканың барлық өңірінде балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің жанынан сенім телефондары, балаларға арналған қоғамдық қабылдаулар жұмыс істейді, «Дағдарыс орталықтары одағы» үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар «Бота» қоғамдық қорымен бірлесіп, бүкіл республика бойынша «150» ұлттық тегін телефон желісінің жұмысын ұйымдастырды, оған зардап шеккен бала хабарласа алады.
b) Баланың мүдделерін ең үздік қамтамасыз ету
(3-бап)
Баланың құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаттары 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 98–121-тармақтарында және 2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 90–95-тармақтарында көрсетілген.
Балалардың құқықтарын ең үздік қамтамасыз ету қағидаты, оны балаларға қатысты іс-шараларда бірінші кезекте есепке алу қажеттігі «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Білім туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзетуді қолдау туралы» Қазақстан Республикасының кодталған және басқа Заңдарында, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінде бекітіліп берілді, оларда мемлекеттік саясат балалар мүддесінде мемлекеттік билік органдары қызметінің басым саласы болып танылады.
Баланың денсаулық сақтау саласындағы мүдделерін ең үздік қамтамасыз ету мақсатында балаларға тегін медициналық қызмет көрсету, педиатриялық қызмет жүйесі сақталып, жетілдірілуде. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 445 бұйрығымен Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балалар мен емдік тағамның мамандандырылған өнімдері рецептімен тегін берілетін аурулардың түрлерінің және тұрғындардың жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілді.
Баланың мүдделерін ең үздік қамтамасыз ету қағидаты ата-аналары ажырасқан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала орналасқан кезде, бюджеттік қаржы бөлінген кезде, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде, бала өзіне күтім жасау бойынша әр түрлі мекемелерге орналастырылған кезде бірінші кезектегі тәртіппен ескеріледі.
Балалардың құқықтарын ең үздік қамтамасыз ету үшін 2010 жылы республиканың 5 777 (77%) мектебінде 1 741 822 немесе барлық оқушылардың 70%-ына ыстық тамақ ұйымдастырылды. Олардың ішінде 590 795 (34%) оқушы, оның ішінде аз қамтылған отбасылардан шыққан 204 875 (80%) оқушы және бастауыш сыныптардың 421 353 (45%) оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Ыстық тамақпен тегін тамақтандыру Астана, Алматы қалаларының, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының барлық бастауыш сыныптарының оқушыларына ұйымдастырылған.
2005 жылдан бастап аз қамтылған отбасылардың оқушылары үшін тамақтануды ұйымдастыруға бөлінетін шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес бес есеге ұлғайтылды. 2010 жылы оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға жаппай оқу қорынан 2,9 млрд. теңге (2005 жылы – 518,5 млн. теңге) бөлінді.
Білім беруге арналған құқықты қамтамасыз ету үшін мектеп жоқ елді мекендерде тұратын 28 314 (2009 жылы – 26 458, яғни 71,6%)
оқушыны немесе оқушылардың 76% мектепте тасу ұйымдастырылды.
Мектепте тамақ беруді жаңғырту және балаларды мектепке дейін жеткізіп салуды ұйымдастыру мәселелері
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына және аумақтарды дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасына енгізілді.
Балаларды ең үздік қамтамасыз ету үшін республикада аз қамтылған отбасылардың балаларына тұрақты көмек көрсетілуде.
2010 жылы аз қамтылған отбасылар білім беру ұйымдарының деректері бойынша бір жүз елу мыңға жуық, оларда үш мыңнан астам бала бар.
2010 жылы «Мектепке жол», «Қамқорлық» акцияларының барысында әлеуметтік қорғалмаған санатқа жататын 374 655 балаға 1,7 млрд. теңге сомаға көмек көрсетілді
(2009 жылы – 439 мың балаға жуық 1,6 млрд. теңге сомаға).
Жаппай оқу қорына әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға көмек көрсетуге аударымдардың сомасы 5,5 млрд. теңгені құрады немесе мектепті күтіп-ұстауға арналған шығыстар сомасының 1,7% (2009 жылы – 4,6 млрд. теңге немесе 1,6%).
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекет Қазақстан Республикасының әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарын білім алу кезеңінде ұстауға арналған шығыстарды толық немесе ішінара өтейді.
2008–2009 оқу жылында 510 жетім балаға білім беру гранттары бөлінді, 2009–2010 оқу жылы – 463, 2010 – 2011 оқу жылы – 444.
Бұдан басқа, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамтамасыз ету үшін:
1) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 18 жасқа дейін жәрдемақы тағайындалады (1 асыраушыдан айырылған кезде – 9 869 теңге, тұлдыр жетім – 13 457 теңге), 18 жастан асқан оқитын азаматтар орта білім беру жүйесіндегі оқу орнын аяқтағанға дейін, жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде күндізгі оқу нысанында оқитындар 23 жасқа дейін осы көмек түрін алады;
2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарын толығымен мемлекеттік қамтамасыз ету (балалар үйіндегі бір баланы ұстау жылына 1 млн. теңгеден астамды құрайды және оқу кезеңінде тегін оқулықпен қамтамасыз ету көзделген;
3) техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінің 1 пайызы мөлшерінде қабылдауға квота бөлінеді;
4) мемлекеттік тапсырыс (грант) бойынша оқитын, отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарындағы студенттерге мемлекеттік стипендия бастапқы мөлшерге (15 235 теңге) қарағанда 50 %-ға ұлғайды.
c) Өмір сүруге, тіршілік етуге және дамуға арналған құқық
(6-бап)
Баланың өмір сүруге, тіршілік етуге және дамуға арналған құқығы Конвенцияны 2003 жылы орындау туралы бастапқы баяндаманың 122–128-тармақтарында және Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының 2007 жылы іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 97–102-тармақтарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасында өлім жазасына кесілген кәмелетке толмаған бала жоқ. Өлім жазасына мораторий өлім жазасын болдырмау туралы мәселені шешкенге дейін жұмыс істеуін жалғастыруда.
Қазақстан Республикасында балалардың өмірге құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етуге және баланың өмір сүруін және дамуын барынша ықтимал дәрежеде қамтамасыз етуге бағытталған жүйе қалыптасты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1113 Жарлығымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарламада бастапқы медициналық-санитариялық көмекті жетілдіру мен оның қолжетімділігі, ана мен сәбидік, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау мәселелеріне басым көңіл бөлінді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне жұмсалатын қаражат ұлғайтылды.
Балаларға тегін медициналық қызмет көрсету «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес және тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 637 «Амбулаториялық емдеген кезде дәрілік заттар мен балаларға арналған және емдік тамақтанудың мамандандырылған өнімдері рецепттер бойынша тегін берілетін аурулардың түрлері мен жекелеген тұрғындар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» және 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 «Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Балалардың ауруларын уақтылы анықтау және оларды сауықтыру үшін республикада жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексерулер жүргізіледі. 2010 жылдың қорытындылары бойынша қаралуға тиесілі балалардың 98,6% профилактикалық медициналық тексерумен қамтылды. Балалардың 26%-ынан ауытқу анықталды, олардың ішінде 68% науқас сауықты, балалардың 15% диспансерлік есепке алынды.
Балаларды профилактикалық тексеру нәтижелерін талдау 2010 жылы 2007 жылмен салыстырғанда көзінің көруі нашарлаған балалардың деңгейінің сақталып отырғандығына қарамастан, құлақ естуі төмендеген балалардың үлестік салмағының (18 %-ға азаю), сөйлеуінде ақауы барлардың (24 %-ға), сколиозы барлардың (24 %-ға), мүсінінің бұзылуының (2 есеге) азаю үрдісі байқалғандығын көрсетті.
Балалардың ауруы қарқын алуда, әсіресе, жаңадан пайда болулар (1,8 есеге), дамуында туа біткен ақауы барлар (18 %-ға), жұқпалы аурулармен ауру салдарынан (20 %-ға), жүйке жүйесінің аурулары (14%-ға), сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулары (16 %-ға) өсті.
0–14 жастағы балаларды профилактикалық тексеру және
олардың нәтижелері
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
|
Қаралған балалардың барлығы, мың |
3 713,9 |
3 583,1 |
3 804,9 |
3 814,5 |
Балаларды қарау кезінде анықталды: |
||||
құлақ естуінің нашарлауы |
||||
барлығы, мың |
9,8 |
8,7 |
9,3 |
8,0 |
қаралғандардың ішінде пайызбен |
0,3 |
0,2 |
0,2 |
0,2 |
көз көруінің нашарлауы |
||||
барлығы, мың |
82,7 |
77,9 |
86,1 |
83,5 |
қаралғандардың ішінде пайызбен |
2,2 |
2,2 |
2,3 |
2,2 |
сөз сөйлеуінде ақауы барлар |
||||
барлығы, мың |
23,7 |
19,3 |
20,0 |
18,1 |
қаралғандардың ішінде пайызбен |
0,6 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
сколиозы барлар |
||||
барлығы, мың |
17,1 |
16,2 |
14,6 |
13,0 |
қаралғандардың ішінде пайызбен |
0,5 |
0,5 |
0,4 |
0,3 |
мүсінінің бұзылуы |
||||
барлығы, мың |
36,6 |
32,0 |
24,9 |
18,4 |
қаралғандардың ішінде пайызбен |
1,0 |
0,9 |
0,7 |
0,5 |
Қазақстан Республикасында балалардың аурулардың
жекелеген сыныптары мен аурулардың топтары бойынша
2007–2010 жылдардағы жалпы ауруы
(0-14 жастағы 100 000 баланың ауруы)
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
|
100 000 балаға аурудың саны – барлығы олардың ішінде: |
99 728,9 |
99 172,2 |
103 642,3 |
101 482,3 |
жұқпалы және паразитарлық аурулар |
3 745,6 |
3 348,8 |
3 233,0 |
3 007,2 |
жаңадан пайда болулар |
87,6 |
127,2 |
104,7 |
158,2 |
қан, қан айналысы органдарының аурулары және иммундық механизмді тартатын жекелеген бұзылулар |
5917,7 |
3966,6 |
5581,5 |
5 259,7 |
эндокринді аурулар, тамақтанудың және хат алмасудың бұзылуы |
1638,5 |
1584,2 |
1539,7 |
1 537,7 |
жүйке жүйесінің аурулары |
2853,4 |
3102,9 |
3425,9 |
3 250,8 |
көз және оның бағыныңқы аппаратының аурулары |
3329,1 |
3511,9 |
3458,3 |
3 479,8 |
құлақ пен еміздік тәрізді өсінді аурулары |
2747,1 |
2750,4 |
2928,3 |
2 935,6 |
қан айналымы жүйесінің аурулары |
477,0 |
489,3 |
549,0 |
486,7 |
тыныс алу органдарының аурулары |
56510,9 |
55973,3 |
60262,7 |
58 959,6 |
ас қорыту органдарының аурулары |
6370,8 |
6774,4 |
6394,1 |
6 606,0 |
зәр шығару жүйесінің аурулары |
1735,5 |
1842,1 |
1853,9 |
1 709,7 |
тері және тері асты өзектерінің аурулары |
5145,5 |
5248,7 |
5122,6 |
5 270,1 |
сүйек-бұлшық ет жүйесінің және біріктіруші тіндердің аурулары |
1290,4 |
1192,2 |
1196,0 |
1 083,8 |
перинаталды кезеңде пайда болатын жекелеген жай-күйлер |
2739,7 |
2963,7 |
2959,1 |
2 690,7 |
туа біткен ақаулар (даму кемістігі), деформациялар мен хромосомды бұзылулар |
595,9 |
604,1 |
718,2 |
702,7 |
жарақаттар мен уланулар |
3523,7 |
3178,3 |
3393,7 |
3 471,0 |
Кейбір аурулардың көрсеткіштерінің ұлғаюын денсаулық сақтау ұйымдары жүргізіп жатқан диагностика сапасының артуымен және әлеуметтік-экономикалық себептер кешенімен түсіндіруге болады: қоршаған ортаның ластауы салдарынан «техногендік» жүктемелер; балалардың күнделікті өмірінде стрессті жағдайлардың ұлғаюы; урбанизация және балалардың өміріне ақпараттың кеңінен енуі; оқушылардың тамақтану сапасының нашарлауы және басқалары.
Баланың дене бітімін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін республикада 10 мың баланы қамтитын 20-дан астам жас туристер станциясы, 18,5 мың баланы қамтитын 733 туристік-өлкетану үйірмесі жұмыс істейді. Жыл сайын балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық мектептердің саны өсуде: 2007 жылы олар 407 болды, 2010 жылы – 423. Балаларды қамту 2007 жылы – 219 739, 2010 жыл – 240 380 бала мен жасөспірімді қамтыды, бұл оқушылардың жалпы санының 10% (2,5 млн.).
Бүгінгі таңда 23 мыңнан астам спорттық секциялар ашылды, оларда 664 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер шұғылданады, бұл орта білім беру мектептері оқушыларының жалпы санының 21 %-ын құрайды.
Тұтастай алғанда, спортпен шұғылданатын балалардың жалпы санының ұлғаюы серпіні 2010 жылдың қорытындылары бойынша 379783 адамды құрайды немесе 1,7%.
Ауру балалардың дене бітімін дамыту, спорт саласындағы дарынды мүгедек балаларды анықтау мақсатында «Спешиал Олимпикс Қазақстан» қоғамдық бірлестігі мен Білім және ғылым министрлігі арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес спорттық-бұқаралық іс-шаралардың жыл сайынғы күнтізбелік жоспарына сай ақыл есі кем балалар, мүгедек балалар арасында спорттық іс-шаралар өткізіледі.
Спешиал Олимпикс Қазақстан құрама командасы Жапониядағы
VII Дүниежүзілік Қысқы Арнайы Олимпиядалық ойындарда жүлделі бірінші және екінші орындарды жеңіп алды.
Білім және ғылым, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Байланыс және ақпарат, Мәдениет, Туризм және спорт министрліктері кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу және оны болдырмау жөнінде 2011 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жоспардың негізгі міндеті – осы мәселенің жай-күйіне дұрыс бірлескен мониторинг ұйымдастыру, мектептердегі психологиялық қолдау қызметтерінің жұмысын талдау және жетілдіру, білім беру, денсаулық сақтау және ішкі істер мамандарының балалар мен жасөспірімдердегі алаңдаушылық дәрежесін анықтау мәселелесі бойынша біліктілігін арттыру, балалар мен оқитын жастар арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жөнінде ақпараттық, насихаттаушылық және консультациялық жұмыс жүргізу.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология орталығының жанынан жасөспірімдерде өзін-өзі өлтіру себептерін анықтаумен және қорғау механизмдерін қалыптастырумен айналысатын өзіне-өзі қол жұмсау бөлімшесі құрылды. Қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдердің стреске төзімділігін анықтау жөніндегі әдістеме әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Алтын Қыран» мейірімділік қоры оқушылар арасында беймаза үрдістердің алдын алу және анықтау бойынша автоматтандырылған бағдарлама әзірледі.
Балалар мен жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінің алдын алу мәселесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істер және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қаралды.
Республикалық, сол сияқты жергілікті деңгейлерде педагог және ата-ана жұртшылығы үшін ішкі істер, денсаулық сақтау, білім беру органдарының қатысуымен кәмелетке толмағандармен профилактикалық жұмыс істеу, оқушылармен өзара қарым-қатынас этикасы және құқықтық жаппай оқу мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар мен кеңестер ұдайы түрде өткізіліп тұрады.
Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 7570 психолог,
3139 әлеуметтік педагог және 1536 мектептегі полиция инспекторы жұмыс істейді.
Білім беру органдарында балалар мен жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауының әрбір жағдайын зерделеу жөніндегі 359 жұмысшы топ жұмыс істейді.
Халықтың арасында өзін-өзі өлтіруді болдырмау жөніндегі ұлттық стратегияның жобасы әзірленуде.
V. Азаматтық құқық пен бостандықтар
а) Аты, ұлты және азаматтығы.
b) Жеке даралықты сақтау
(7, 8-баптар)
Конвенцияның жоғарыда аталған бабын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы ақпарат Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 64-89-тармақтарында баяндалған.
«Неке және отбасы туралы» Заңға сәйкес баланың тууы оның туған жері бойынша да, сол сияқты екі ата-ананың тұрғылықты жері бойынша да, сол сияқты екі ата-ананың немесе біреуінің тұрғылықты жері бойынша тіркеледі. Әкесі қайтыс болғаннан немесе ата-анасының некесі бұзылғаннан кейін дүниеге келген, тастанды және тауып алған, сондай-ақ ата-анасы медициналық мекемелерде туған кезде бас тартқан кез келген бала тіркелуге тиіс. Сол сияқты өлі туылған және өмірге келген алғашқы аптада қайтыс болған балалар да азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібін міндетті түрде сақтап тіркеледі. Ата-аналары не осыған уәкілетті адамдар баланың тууын тіркеу туралы өтінішті азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу органдарына 2 айдан кешіктірмей, ал өлі бала туылған жағдайда бес тәулік ішінде беруге тиіс.
«Неке және отбасы туралы» Заңның 55-бабы және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңның 9-бабы баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін, оның жеке даралығына құқығын белгілейді. Балаға ат ата-анасының келісімімен, әкесінің аты әкесінің атымен беріледі, ал тегі ата-анасының тектерімен айқындалады, ата-анасының тегі әртүрлі болған кезде балаға келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Баланың азаматтығы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңның 11-бабына сәйкес азаматтығы бірдей болған кезде туған жеріне қарамастан, ата-анасының азаматтығымен не 12-бапқа сәйкес бала туған сәтте Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-ананың бірінің азаматтығы бойынша айқындалады.
Баланың құқығы және оның отбасы, қоғам және мемлекет тарапынан қорғау шаралары «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде және басқаларда көрсетілген.
d) Балалардың көзқарасын құрметтеу
с) Пікір білдіру бостандығы
(12, 13-баптар)
Баланың пікір білдіру құқығы Конвенцияны 2003 жылы орындау туралы бастапқы баяндаманың 129–132, 142-тармақтарында және Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 129–131-тармақтарында көрсетілген.
Осы құқықты қамтамасыз ету үшін республикада 743 балалар және жастар қоғамдық ұйымдары жұмыс істейді.
Балалар мен жастардың пікірлері балалар мен жастар қозғалысы көшбасшыларының конференциялары мен дөңгелек үстелдерінде талқылануда.
Өз пікірін білдіру үшін балалар мен жастар викториналарға, құқықтық дәрістерге, іскер ойындарға, клубтарға белсенді қатысады.
2007–2010 жылдары 70-тен астам республикалық конкурстар, спорттық жарыстар, 3400-нан астам дөңгелек үстелдер мен акциялар өткізілді, оларға 3,5 миллионнан астам балалар мен жасөспірімдер қатысты.
2009 жылғы қарашада «XXI ғасырдың балалары: біздің құқықтарымыз бен мүмкіндіктеріміз» атты республикалық саммитке республиканың балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының 150 көшбасшысы және белгілі қоғам қайраткерлері, депутаттар, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
2009 жылғы желтоқсанда БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен «Біз – Тәуелсіздіктің құрдасымыз! Біздің Отанымыз – Қазақстан» атты Қазақстан жасөспірімдері мен жастары форумы өтті, оған 1300 адам қатысты.
Республикада балалардың пікірін білдіру нысандарының бірі – үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен бірге әлеуметтік әріптестік шеңберінде ұйымдастырылған Дебаттық қозғалыс болып табылады. Республикада Дебаттық қозғалыстың екі бағыты бар: студенттік және мектептегі. Жыл сайын әрбір облыста дебатты турнирлерге 1000-нан астам оқушы қатысады.
2010 жылғы қыркүйек – қазанда «Республикалық дебатқа қатысушылар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұлттық дебаттық ойындардың екінші біріншілігін өткізді.
Әр түрлі деңгейдегі дебаттарды өткізу балаларға белгілі бір проблема бойынша ақпарат іздеуде және материалдарды зерделеуде, сыни ойлау қабілетін қалыптастыруда, өзін-өзі қалыптастыруға қажеттілікте көмек береді. Дебаттарды өткізуге бұқаралық ақпарат құралдары белсенді түрде қатысады.
2010 жылы Павлодар қаласында қазір дәстүрлі болып кеткен Қазақстанның VI облыстық жастар Дельфийлік ойындары өтті, оған 366 адам қатысты. Ойынның негізгі идеясы – дарынды жастардың өзін-өзі іске асыруы үшін оңтайлы жағдай жасау.
Елімізде «Қоғамға қызмет ету» еріктілер қозғалысы дамуда, ол заңды және құқық тәртібін, өзін-өзі жеке анықтау және өзін-өзі іске асыру, оқушыларда азаматтық жауапкершілік, құқықтық өзіндік сана-сезім, тағаттылық, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген гуманистік және демократиялық құндылықтар қабілетін құрметтеуге негізделген рухани-адамгершілікті, саяси және құқықтық мәдениетті, әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етеді.
2010 жылғы күзде Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстарында мәслихат депутаттарының, облыстардың жергілікті атқарушы органдары мен үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен пилоттық мектеп оқушыларының заңнамалық бастамаларын Қоғамдық тыңдау өтті. Қатысушылардың жалпы саны 3 мың адамды құрады.
Оқушылар балалардың бос уақытының сапасын қамтамасыз ету, салауатты өмір салты, тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелерін, өздері тұратын жергілікті жердің экологиялық ахуалын жақсарту мәселелерін зерделеп, қоғамдық тыңдауға шығарды, қалалық аумақтарды көгалдандыру, балалар мен жастардың демалатын инфрақұрылымын дамыту жөнінде қызық әрі стандартты емес шешімдер ұсынылды, кәмелетке толмағандардың тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар айтылды.
Балалар елдің қоғамдық-саяси өмірінің белсенді қатысушылары болып табылады және балалардың пікірі қоғам үшін маңызды.
d) Пікір білдіру, ар-ұят және діни бостандық
(14-бап)
Қазақстан Республикасының әрбір азаматының ар-ұят бостандығына құқығы Конвенцияны 2003 жылы орындау туралы бастапқы баяндаманың
143 – 146-тармақтарында және Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 133 – 141-тармақтарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет етіп жариялай отырып, адамның діни сенім бостандығына құқықтарын сақтау мәселелеріне ұдайы назар аударады.
Қазақстанда еліміз әр түрлі халықаралық форумдар өткізу арқылы әлемдік қоғамдастыққа беретін діниаралық келісімнің бірегей тәжірибесін қалыптастыру жөніндегі белсенді мемлекеттік саясатпен ерекшеленетін зайырлы мемлекеттің үлгісі қалыптасты.
Қазақстанның діндер арасындағы тұрақтылықты сақтауға ұмтылысы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының мойындауы мен қолдауын алды. Осы қызметтің нәтижесі Астанада 2003, 2006 және 2009 жылдары мемлекеттің конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді нығайту саласындағы саясатының маңызды элементі болған әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу болды.
Қазіргі заманғы Қазақстан үлгісі әр түрлі діндер мен ұлттар өкілдерінің бейбіт өмір сүруінің мүмкіндігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының осы тәжірибесі 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге елдің өтінішін шығаруға дәлелдердің бірі болды.
2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы болып сайланды. 2010 жылғы 1 – 2 желтоқсанда Қазақстанда ЕҚЫҰ саммиті болды.
2011 жылы Қазақстанда Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің кезекті отырысын өткізу туралы шешім қабылдау да мемлекеттің тағаттылық саясатының салдары болды.
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың қазіргі заманғы жағдайы әр түрлі діни бірлестіктердің қызметі үшін елде құқықтық, идеологиялық және қоғамдық жағдай жасалғандығы туралы куәландырады. Азаматтардың діни сенім бостандығына құқығы елдің заңнамасымен мүлтіксіз қамтамасыз етіледі.
2011 жылы Қазақстанда 45-тен астам конфессиялар мен деноминациялар жұмыс істейді. Католиктік діни бірлестіктердің саны екі есеге (42-ден 86-ға дейін), протестанттар үш есеге (457-ден 1272-ге дейін), Қазақстан үшін жаңа конфессиялар үш есеге (14-тен 49-ға дейін) ұлғайды. Тұтастай алғанда, діни бірлестіктердің саны 671-ден 4173-ке дейін, яғни 6 еседен астам ұлғайды.
Дінге сенушілердің саны жағынан мұсылмандар мен православиелік христиандар көш басында келеді.
Жалпы білім беретін мектептердің 9 сыныбында «Дінитану» деген факультативтік курс оқытылады (аптасына 1 сағат).
е) Қауымдастық бостандығы
(15-бап)
«Қауымдастық бостандығы» конвенциясы 15-бабының нормасы 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 147–150-тармақтарында және Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 143–150-тармақтарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабының 1-тармағына сәйкес бірлесу бостандығына құқылы.
Қазақстан Республикасының азаматтарына бірігу, қоғамдық бірлестіктер құру, қызметі, оларды қайта ұйымдастыру немесе тарату құқығын іске асыру мүмкіндігіне кепілдік берілген. Әрбір адам басқалармен қауымдасу бостандығына құқылы.
Қазақстан Республикасында әрбір бала қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген коммерциялық ұйымдар мен бейбіт жиналыстардың басқа түрлеріне ерікті түрде қатысу құқығына ие.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өзінің мақсаты балалардың жеке басын, олардың шығармашылық келешегін, әлеуметтік белсенділігін дамыту болатын қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жәрдемдеседі.
Айрықша әлеуметтік институт ретінде әрекет ететін қазіргі заманғы балалар мен жастар қоғамдық бірлестіктерін қолдау мақсатында 2004 жылғы 7 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды.
2010 жылғы 1 қаңтарда республикада 743 балалар мен жастар ұйымы, 739 әскери-патриоттық клуб, 23 396 мектептегі спорттық секция, 423 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 563 балалар мен жасөспірімдер клубы, 330 балалар мен жасөспірімдер музыка, көркемсурет мектебі жұмыс істеді.
Жастарды қолдау мақсатында республиканың бүкіл өңірінде балалар мен жастардың ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдары құрылды. Егер 2008 жылы 12 ресурстық орталық жұмыс істесе, онда 2009 жылы –
17 ресурстық орталық, 2010 жылы – 21 ресурстық орталық.
Жастар саясатын республикалық бюджеттен қаржыландырудың жалпы көлемі 2008 жылы – 624,8 млн. теңгені, 2009 жылы – 698,5 млн. теңгені, 2010 жылы – 675,5 млн. теңгені құрады.
Жастар саясатын жергілікті бюджеттерден қаржыландырудың жалпы көлемі 2009 жылы – 1 млрд. теңгені, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың көлемі – 263,7 млн. теңгені, 2010 жылы 1,1 млрд. теңгеден астамды құрады.
Тәрбиелеу үрдісін кадрмен қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілуде. Мектептерде, кәсіптік лицейлерде, колледждерде директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының, жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысы жөніндегі проректорлардың, сынып жетекшілерінің, педагог-ұйымдастырушылардың, аға жетекшілердің, әлеуметтік педагогтардың, педагог-психологтардың, қосымша білім беретін педагогтардың, әдіскерлердің, топ тәлімгерлерінің штаттық бірліктері енгізілді. 2009 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбиелеу тұжырымдамасы бекітілді.
f) Жеке бастың тірлігіне құқықты қорғау
(16-бап)
«Жеке бастың тірлігіне құқықты қорғау» Конвенциясының 16-бабының нормалары 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 151–152-тармақтарында және 2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 152–160-тармақтарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да заңнамалық актілерге сәйкес әрбір адам жеке өмірге қолсұғылмаушылыққа, тұрғын үйіне қол сұғылмаушылыққа құқылы.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарауда.
Баланың, оның ішінде жетім баланың тұрғын үйді сақтауға арналған құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелген.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттік тұрғын үй көмегін көрсету үшін 2009 жылғы шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оның шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдардың санатына жетім балаларды ғана емес, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды енгізу туралы норма және олардың тұрғын үй алуға кезекте тұру жасын 23 жасқа дейін ұлғайту көзделген.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі «Тұрғын үй қатынастарының мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы» Заңына сәйкес жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар белгіленген тәртіпке мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылған және 29 жасқа дейін есепке алынғандар тұрғын үй алғанға дейін есептен шығарылуға тиісті емес.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі 2010 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істер және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды.
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдеріне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен, оның ішінде тұрғын үйді бекітіп беру және сақтау мәселелері бойынша қамтамасыз ету бөлігінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын орындау жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдау ұсынылды.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқықтарын бұзу фактілері талқылау мәні болып қалуда.
Мәселен, соңғы үш жылда қамқоршылық және қорғаншылық органдарының талап-арыздары бойынша 51 пәтер қайтарып алынды (Ақмола облысында – 8 пәтер, Қарағанды облысында – 14, Қостанай облысында – 5, Қызылорда облысында – 10, Маңғыстау облысында – 2 және т.б.).
Қамқоршылық және қорғаншылық органдары сотқа ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға тұрғын үйді қайтару бойынша 149 талап-арыз берді (олардың ішінде тек қана Қостанай облысы бойынша – 60 талап-арыз, Қарағанды облысы бойынша – 17, Қызылорда облысы бойынша – 9, Ақмола облысы бойынша – 9, Ақтөбе облысы бойынша – 3 және басқалары).
Республикада жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасындағы білім беру ұйымдарының түлектері үшін 29 жасөспірімдер үйі ашылды, оларда 17-ден 23 жасқа дейінгі жастағы 1360-қа жуық түлек тұрады. 2006 жылдан бастап 2010 жыл кезеңінде осы санаттағы балаларға 327 пәтер бөлінді, 599 бала бекітіліп берілген тұрғын үйге қайтып оралды.
Қарағанды облысының әкімшілігі 16-дан 23 жасқа дейінгі жастағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамтамасыз ету жөніндегі 2011–2013 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасын әзірледі. Жобаға сәйкес 320 бала мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілетін, 4 Жасөспірімдер үйі және Жастар үйі ашылатын болады.
Ақтөбе облысында Жастар үйінің «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да жеке меншік тұрғын үй сатып алуға бастапқы жарнасы бар тәрбиеленушілері үшін 15 млн. 568 мың теңге мөлшерінде сома бөлінді.
Қостанай облысында 2006 – 2010 жылдар кезеңінде «Жалдамалы (коммуналдық) тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 75 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бір бөлмелі тұрғын үймен қамтамасыз етілді, олардың ішінде 39-ы – 2009 жылы.
Батыс Қазақстан облысында соңғы үш жылда мемлекеттік тұрғын үй қорынан осы санаттағы 108 бала тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Астана қаласында 2010 жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға уақытша, бірақ кезекке сәйкес тұрғын үй алғанға дейін жалдауға берілетін пәтерлер берілді. Некеде тұрмағандарға екі адамға бір бөлмеден деп ескеріліп тұрғын үй берілді.
g) Тиісті ақпаратқа қолжетімділік
(17-бап)
Баланың тиісті ақпаратқа қолжетімділігіне құқық 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 153–158-тармақтарында және 2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 161–177-тармақтарында көрсетілген.
Білім беруді ақпараттандыруды дамыту жөніндегі жұмыс жүргізілуде. 2010 жылы 18 оқушыға бір компьютерден келеді. 2005 жылы бұл көрсеткіш 41-ді құрады, оның ішінде 36 – ауылдық жерлерде. 2011 жылы бір компьютерге 16 оқушыдан келеді.
2010 жылы Интернет желісіне мектептердің 98%-ы қосылды, ауылдық – 97% (2005 жылы – тиісінше 75% және 70%). Мектептердің 34%-ы кең жолақты Интернетке қол жеткізді. Осындай мүмкіндіктің арқасында балалар ақпарат әлеміне және интерактивті оқу ресурстарына қолжетімділік алуда.
Білім беру үрдісіне барлық қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарында «e-learning» электрондық оқыту жүйесі пайдаланылады. «e-learning» электрондық оқытуды 2015 жылы – 50%, 2020 жылы – 90% пайдалану жоспарланып отыр.
Алға қойған мақсатқа жету оқу сапасын, білім беруді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуді арттырады.
Ашық қолжетімділіктегі орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын цифрлық білім беру контентімен толық қамтамасыз ету (қандай да болмасын ақпараттық ресурсты – мәтін, графика, музыка, бейне, дыбыс және т.б. толтыру немесе ұстау) жоспарланып отыр.
Оқу үрдісіне автоматтандыруды енгізу үшін әрбір білім беру ұйымы қажетті жабдықпен жарақтандырылатын болады: жаңа үлгідегі компьютерлер, Интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету және басқалары.
2007–2008 оқу жылынан бастап республика мектептерінде он-лайн оқыту жүйесі енгізілуде. Бес жылда 3571 мектеп интерактивті кабинеттермен жабдықталды.
2007–2008 оқу жылынан бастап интерактивті сабақтар, семинарлар, форумдар өткізілуде.
Интерактивті сабақтарды өткізу үшін портал ( www.sabak.kz ) жұмыс істейді, мұнда интерактивті сабақтардың 100-ден астам бейнежазбалары сақталған. Порталға орналастырылған барлық электрондық ресурстар ақпаратты өз бетімен алуына мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта мектепте берілетін пәндердің 95%-ы цифрлық форматқа ауыстырылған. Электрондық оқу басылымдарын «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ әзірлейді. Республикада мектеп оқушыларының 100%-ы оқулықтармен қамтамасыз етілген.
Интернат ұйымдарының тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар оқулықтармен тегін қамтамасыз етіледі.
БАҚ арқылы ақпарат алуға қолжетімділік шектелмеген. Балалардың әлеуметтік маңызы бар ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында шамамен 90 БАҚ тартылды, олардың ішінде: «Хабар» агенттігі, «Қазақстан» РТРК, «Рахат-ТВ», «Астана қаласының телевидениесі», «Қазақпарат» ақпараттық агенттігі, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Литер», «Айқын», «Ақ желкен», «Альянс kz», «Балдырған», «Жас ұлан», «Дружные ребята» газеттері және басқалары.
«Қазақ радиосы» эфирінде балаларды қорғауға бағытталған 4 бағдарлама шығады. Бұл – кәмелетке толмағандар арасындағы қараусыздық пен қадағалаусыздықтың алдын алу туралы «Жеткіншек», «Бап пен бақ», «Заман біздікі», «Балауса» бағдарламалары.
Баланың құқықтары туралы конвенцияның қағидаттары мен ережелерін түсіндіру жөніндегі, сондай-ақ денеге жарақат салудың барлық нысандарынан балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылау «Бетпе-бет», «Жеті күн», «Талап пен тәртіп», «Третьего не дано», «Сырға», «Көңілашар», «Бір күн», «Көзқарас», «Апта kz», «Азамат» сияқты және басқа да ақпараттық-талдау бағдарламалары шеңберінде өтеді.
«Ел арна» телеарнасында эфирге бір жыл бойы балаларды мәдени, білім беруді дамытуға бағытталған 6 бағдарлама шығады («Хочу быть» бағдарламасы, «Наши дети», «Мейірім» жобалары, «Топ малыш», «Волшебные буквы» бағдарламалары және басқалары).
Баспа БАҚ-тарда жасөспірімдер мен балалардың жетістіктеріне, Баланың құқықтары туралы конвенцияның 20 жылдығына арналған материалдар ұдайы жариялануда. Атап айтқанда, «Миссия Батыра» («Экспресс К»), «Батыр стал послом» («Время»), «Добрая воля Батырхана» («Комсомольская правда в Казахстане»), «Защитим детство» («Казахстанская правда»), «Бала тағдырына бей-жай қарауға болмайды» («Айқын») және басқа мақалалар.
Республикада 256 балалар кітапханасы жұмыс істейді. Балалар кітапханасында оқитындардың саны – 1,5 миллион бала.
Балалардың баспа БАҚ-тарға, оның ішінде балалар көркем әдебиетіне қолжетімділігін қамтамасыз ету, белгілі қазақстандық балалар жазушылары мен ақындарының шығармашылығын дәріптеу мақсатында жыл сайын «Қазақстан жазушылары – балаларға» атты мерекелік іс-шара өткізіледі. Балаларды мектептегі, қалалық кітапханаларға тарту үшін бұл іс-шара балалар жазушыларын, ақындарды, журналистерді шақыра отырып, орталық кітапханаларда өткізіледі.
Бұдан басқа, балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық театрлар мемлекеттік және орыс тілдерінде 200-ден астам спектакль дайындады, олармен 100 мыңнан астам бала қамтылды.
2010 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істер және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның алтыншы отырысында компьютерлік клубтардың балалар мен жасөспірімдердің дамуына теріс әсерін азайту туралы мәселе қаралды.
2010 жылы педагогтарға, психологтарға, ата-аналарға арналған «Порнографияны, қатыгездікті және зорлық-зомбылықты насихаттайтын аудио, бейне өнімнің, компьютерлік және ақпараттық тасығыштардың балалардың физикалық және психикалық денсаулығына әсері» атты әдістемелік ұсыным шығарылды (мемлекеттік және орыс тілдерінде).
Қазіргі уақытта компьютерлік клубтардың (Интернет-кафе) кәмелетке толмаған келушілерге ақпарат беру жөніндегі қызметін немесе олардың денсаулығына, адамгершілік және рухани дамуына зиян келтірмейтін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануына бақылауды жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдануда.
Астана қаласының Есіл аудандық соты 2011 жылғы 3 маусымдағы
№ 2-1078/11 ҚР аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары – балалар порнографиясын жарнамалайтын интернет-ресурстардың таралуын жою туралы шешім қабылдады.
h) Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке
жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер немесе
жазалау түрлеріне ұшырамау құқығы
(37-баптың а) тармақшасы)
Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер немесе жазалау түрлеріне ұшырамау құқығы 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 159–162-тармақтарында және 2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 178–188-тармақтарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабына сәйкес ешкiмдi адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл жанынан 2008 жылдан бастап мемлекеттік органдардың басшы қызметкерлерінен, белгілі құқық қорғаушылардан және азаматтық қоғам өкілдерінен тұратын жабық мекемелерде азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер немесе жазалау түрлерін қолдану фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді, олар бас бостандығын шектеу және бас бостандығынан айыру орындарына жиі барады. Оның ішінде балалар отырған УҰО (уақытша ұстау оқшаулағыштары), ТО (тергеу оқшаулағышы) және тәрбиелеу колониялары.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне азаптағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін 347-1-бап енгізілді. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 116-бабына толықтыру енгізілді, оған сәйкес дәлелдер ретінде жол берілмейтін іс жүзіндегі деректердің қатарына азаптауды қолданып алынған деректер жатқызылды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы болған балаларды азаптаудан және өзге де тиесілі емес әрекет етуден белгілі бір қорғау жүйесін құрайды. Қорғаушының, заңды өкілдің және педагогтың тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде міндетті түрде қатысуы, міндетті түрде алдын ала тергеу, бас бостандығынан айыру орындарында ересектерден бөлек орналастыру, туысқандарына баланы ұстағандығы туралы дереу хабардар ету баланы қорғаудың қосымша кепілдіктері болып табылады.
2010 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұл заңда кәмелетке толмағандарға жаза қолдану және қоғамнан оқшаулауға байланысты бұлтартпау шаралары барынша азайтылды. Олар бас бостандығынан айыру орындарына жіберместен, алдын алу шараларын қолдану арқылы түзетілетін болады. Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану үшін негіздемелер қысқартылды.
Қабылданған Заң шеңберінде ізгілендіру әрекетіне шамамен 6 мың сотталған адам түсті. Тек 2011 жылы кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін сотталған екі мыңға жуық адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды.
Бірқатар қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту жасы 14-тен 16-ға дейін ұлғайтылды. Жаңалықтардың бірі кәмелетке толмағандарды, егер келтірілген зиян реттелмеген жағдайда қоспағанда, ауыр қылмыс жасаған жағдайда тараптардың татуласуымен қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігі болып табылады (ҚК-нің 67-бабы «Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату» жоғарыда аталған жағдайларда қылмыстық жауапкершіліктен босатуды көздейтін үшінші бөлікпен толықтырылды).
Қылмыстық заңнаманы ізгілендіруден басқа, заң азаматтық-құқықтық жауапкершілікті белгілеу арқылы кәмелетке толмағандармен құқықтық қатынастарды реттеуді көздейді. Мәселен, Азаматтық іс жүргізу кодексі кәмелетке толмағандарды айрықша ұстау режимі бар арнайы ұйымдарға және білім беру мекемелеріне жіберу, сондай-ақ осы шешімдерге сотта шағым жасау мүмкіндігі туралы істер бойынша іс жүргізуді регламенттейтін тұтас тараумен толықтырылды.
Азаптауларға қарсы комитеттің ұсынымдарын орындау және азаптауларға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды үйлестіру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Азаптауларға қарсы комитетінің 2009–2012 жылдарға арналған ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.
Азаптаулар жөніндегі қылмыстық істерді қызметкерлері осы қылмыстарды жасаған құқық қорғау органдарының тергеу жүргізуінен алып тасталды. «Азаптаулар» деген заңнамалық ұғым 1984 жылғы 10 желтоқсанда Нью-Йоркте қол қойылған Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның талаптарына сәйкес келтірілді.
Азаматтардың жасалған азаптаулар туралы өтініштерін тексеру, сондай-ақ олардың алдын алу жөніндегі тетігі реттелді. Сот сарапшыларының бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдарда дене жарақатын анықтау мәніне медициналық куәландыруға міндетті түрде қатысуы енгізілді.
2011 жылдың аяғына дейін ұлттық первентивтік механизм туралы және сотталғандарды байқау қызметі туралы заң жобаларымен жұмыс істеуді аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен бірге первентивті механизмдер қызметінің қағидаттары біздің қылмыстық-атқару жүйесі үшін жаңалық емес. 5 жыл ішінде елімізде қоғамдық байқау комиссиялары белсенді жұмыс істейді. Бұл комиссиялардың ұстау орындарын тексеру саны 2008 жылдан бастап 4 есеге өсті.
Тұтастай алғанда, Қазақстанның пенитенциарлық жүйесі бірте-бірте халықаралық стандарттарға жақындауда. Оны реформалау:
- жеке камерада ұстау тәртібіне көшу;
- қоғамдық бақылау механизмдерін орнату және медициналық қызмет көрсету, әсіресе, қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдардың ауруының профилактикасы жүйесінің сапасын арттыру арқылы жалғасады.
Үкімет азаптауларға және адамдарды саудаға салу фактілеріне ешқандай төзбейтіндігін білдіруде.
БҰҰ-ның Баланың құқықтары жөніндегі конвенциясының 33-ші сессиясының ұсынымдарына сәйкес 18 Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы (КУОБОО) 386 бірлік штат санымен Ішкі істер министрлігінің жүйесінен білім беру жүйесіне берілді («Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығы).
Бұл шешім біздің қоғамның балалардың қараусыздығы мен қадағалаусыздығын алдын алудың қалыптасқан жүйесін кәмелетке толмағандарға қатысты ізгілендірудің жалпы әлемдік үрдістерін ескере отырып, өзгертуге ұмтылуынан туындады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес КУОБОО-тар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына (бұдан әрі – КБО-лар) қайта ұйымдастырылды.
КБО-ларға 3-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар: қараусыз және қадағалаусыз балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар орналастырылады.
КБО-лардың міндеттеріне кәмелетке толмағандардың дағдарысты жағдайдан шығуына жедел көмек, оларды орналастыру, баланы отбасына қосу кіреді.
Соңғы үш жылда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқы мәселелері бойынша, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың профилактикасы және алдын алу бойынша, қатыгез қараудан және сексуалды пайдаланудан балалардың құқықтарын қорғау мониторингі, білім беру ұйымдарында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері бойынша бес социологиялық зерттеу жүргізілді.
Мәселен, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» үкіметтік емес ұйыммен бірлесіп, 2008 жылы отбасындағы, мектептегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың ауқымын бағалау жөнінде социологиялық зерттеу жүргізілді.
Зерттеу Алматы қаласында, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарындағы зорлық-зомбылықтың себептері мен ауқымын анықтады. 1300 сұралған баланың төменгі сыныптағы оқушылардың 14 %-ы және орта және жоғары жастағы оқушылардың 22 %-ы тебу, итеру, ұру түріндегі күш жұмсауға ұшырағандығын айтты. Алымсақтық және зорлау түріндегі сексуалды күш көрсетуге төменгі сыныптағы оқушылардың 2 %-ы және орта және жоғары жастағы оқушылардың 3 %-ы ұшыраған. Балалардың 12 %-ы және олардың ішіндегі 9%-ы ұзақ уақытқа оқушылар арасындағы қуғынға ұшыраған.
Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі өкілдің мекемесі БҰҰ-ның Қазақстандағы Балалар қорының өкілімен бірлесіп, 2010 – 2011 жылдары білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйелерінің балаларға арналған мемлекеттік мекемелерінде зорлық-зомбылық деңгейін бағалау жөнінде зерттеу жүргізді.
Зерттеу нәтижелері бойынша Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің атына омбудсменнің ұсынымдары жіберілді, оларды қарау бойынша интернат үлгісіндегі мекемелерде тұратын балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың профилактикасы мен алдын алу жөнінде бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы ұсыныс түсті.
Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың профилактикасы мен алдын алу үшін республикада мемлекеттік органдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту жөнінде қосымша шаралар қабылданды. Халықтың ақпараттандырылу және құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру, балалардың құқықтарын бұзуға жол беретін адамдардың жауапкершіліктерін күшейту мәселелеріндегі заңнамалық базаны жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
V. Отбасылық орта және балама күтім
a) Ата-ананың баланы басқару құқығы
(5-бап)
Осы мәселе бойынша егжей-тегжейлі ақпарат 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 163–169-тармақтарында және
2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 190–197-тармақтарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi. Ата-ананың балаға басшылық ету құқығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында бекітіліп берілген («Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы» және басқа да Қазақстан Республикасының Заңдары).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны немесе тиесілі орындамағаны үшін кінәлі адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі интернат мекемелерінде тәрбиеленіп жатқан балалар санының қысқаруы болып табылады.
2010 жылы Қазақстан Республикасында 38 386 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала саналады.
Бала асырап алуға немесе қамқорлығына, жетім баланы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы патронатқа алуға ниет білдірген азаматтарға қолдау көрсету үшін республиканың 14 өңірінде 14 бала қабылдап алған ата-ана мектебі, 4 өңірде 7 Отбасыларды қолдау қызметі құрылды.
Қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын білім беру бөлімдеріндегі мамандардың саны 116 бірлікке ұлғайды. 2007 жылы – 210 маман, 2010 жылы – 326.
Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алған азаматтарды материалдық жағынан ынталандыру енгізілді. 2011 жылдан бастап қамқоршылар мен қорғаншыларға осы санаттағы балаларды ұстауға 10 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді.
Бұл шара балалар үйлерінде тәрбиеленушілердің санын қысқартуға мүмкіндік береді, себебі олардың көбінде материалдық көмек болған кезде баланы отбасына ала алатын туысқандары бар.
b) Ата-аналардың жауапкершілігі
(18-баптың 1, 2-тармақтары)
Осы мәселе бойынша толық ақпарат 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 170–174-тармақтарында және 2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 199–208-тармақтарында көрсетілген.
Конституцияға сәйкес балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi болып табылады. 2009 жылғы тамыздан бастап ата-аналардың және ойын-сауық мекемелерінің меншік иелерінің түнгі уақытта оларда кәмелетке толмағандардың болғаны үшін әкімшілік жауапкершілігі енгізілді. Сол сияқты қоғамдық орындарды алкогольдік сусындар (оның ішінде сыра) ішуге тыйым салу енгізілді.
2010 жылы кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық орындарына жібергені үшін ойын-сауық орындарының 700-ден астам иесі және 3 мыңға жуық ата-ана немесе оларды алмастыратын адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
16 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала қоғамдық орындарда сыра ішкені үшін ұсталды. 18 жасқа толмаған адамдарға темекі бұйымдарын сатқаны және жасөспірімдерге алкоголь өнімін өткізгені үшін 2 мыңнан астам жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
2010 жылғы 20 желтоқсанда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Заң қабылданды, онда кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінсіз тұрғын емес үй-жайларда түнгі уақытта (23.00 сағаттан 6.00 сағатқа дейін) болғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген. Заң қабылданған сәттен бастап 8 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмағандарды маскүнемдікке және басқа да қоғамға жат әрекеттерге тартатын ересек адамдарды анықтауға баса назар аударылуда.
Ішкі істер органдарында 13 мыңнан астам жағдайы нашар отбасылар есепте тұр, оларда 20 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Ішкі істер органдары білім беру органдарымен бірлесіп, балаларды құқықтарын ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың қылмыстық озбырлығынан қорғауды қамтамасыз ету бойынша заңнамада көзделген мүмкіндіктердің барлығын қолдануда.
Мәселен, 2010 жылдың басынан бастап кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін бір мыңнан астам ата-ана және оларды алмастыратын адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 137-бабы (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша 27 қылмыстық іс қозғалды.
2011 жылы 3 мыңнан астам ата-ана Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 111-бабы (Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 13 ата-анаға қатысты ҚР ҚК-нің 137-бабы (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы іс-әрекетке тартқаны үшін 4 ересек адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
e) Ата-аналарынан айыру
(9-бап)
Бұл мәселе бойынша егжей-тегжейлі ақпарат 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 175–187-тармақтарында және
2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 209–215-тармақтарында көрсетілген.
Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша 2010 жылы ата-ана құқығынан бір мыңға жуық ата-ана айырылды.
2010 жылы Сәбилер үйлерінде үш жасқа дейінгі 1 586 бала (2007 жылы – 2 131 бала) тәрбиеленуде. Жетімдер үйлерінде – 599 бала (2007 жылы – 673 бала) бар. Болу уақыты баланың мәртебесін анықтағанға дейін 6 айға дейін.
«Үміт» үйлерінде – бір жасқа дейінгі 369 бала (2007 жылы – 413 бала).
Астана қаласында Сәбилер үйінің жанынан өмір тәжірибесі және туған отбасында қолдауы жоқ аналар үшін «Үміт» үйі ашылды. Бұл жерде жас аналар өздерінің балаларымен бірге тұрады, оларды емізеді, бір жасқа дейін тәрбиелейді. Әзірше мұндай модулды орталық біреу ғана, мұндай орталықтарды еліміздің басқа өңірлерінде де ашу жоспарланып отыр.
Білім беру ұйымдарында ата-аналараға арналып дәрістер өткізіледі, ата-аналар кеңестері, әкелер кеңестері жұмыс істейді.
Қоғамдық санаға дені сау әрі толық отбасы бейнесін сіңіру мақсатында 2009 жылы телеарналарда ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі рөлін арттыруға бағытталған «Мен және менің отбасым», «Я и моя семья» бағдарламасы берілді.
Жыл сайын республикада Халықаралық отбасы күніне арналған «От чистого истока» отбасылық шығармашылықтың өңірлік фестивальдары өткізіледі.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әрбір бала өмір сүруге және отбасында тәрбиеленуге құқылы. Ата-анасы болмаған кезде, олар ата-ана құқығынан айырылған кезде және ата-ана қамқорлығын жоғалтудың басқа жағдайларында баланың отбасында тәрбиелену құқығын қамқоршылық және қорғаншылық органдар заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді.
Тиісті органдар мен ұйымдардың отбасылық айналадан айырылған балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері Азаматтық кодексте, «Неке және отбасы туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында көрсетілген.
d) Отбасылардың бірігуі
(10-бап)
Бұл мәселе бойынша егжей-тегжейлі ақпарат 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 188–192-тармақтарында және
2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 216–219-тармақтарында көрсетілген.
Балаларды биологиялық отбасыларына қайтару жөніндегі жұмыс жүргізілуде. 2007 жылдан бастап 4 000-нан астам бала қайтарылды. Жыл сайын биологиялық отбасыларына қайтарылған балалардың саны ұлғаюда. 2010 жылы 1 328 бала (2007 жылы – 1 004 бала) қайтарылды.
e) Баланы ұстауды қалпына келтіру
(27-баптың 4-тармағы)
Баланы ұстауды қалпына келтіру мәселелері Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттеледі және 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 195–199-тармақтарында көрсетілген.
f) Отбасынан айырылған балалар
(20-бап)
Бұл мәселе бойынша егжей-тегжейлі ақпарат 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 200–213-тармақтарында және 2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 227–236-тармақтарында көрсетілген.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында көрініс тапты.
2010 жылдың аяғында республикада жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 210 мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым саналады, оларда 14 052 баланың тұруы мен тәрбиеленуі үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Алайда, психологтар мен педагогтардың көптеген зерттеулері, баланы интернат үлгісіндегі мекемеге орналастыру оның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етпейтіндігін көрсетеді, бұл, өз кезегінде, баланың жеке ерекшеліктерінің бұзылуына әкеледі. Интернат мекемесі жағдайында баланың әлеуметтік дамуы, әдетте, отбасының, жақын адамдардың және достарының болмауынан шектелген. Жетімдер жас кезінен бастап өзінің мінез-құлқын ата-анасының іс-қимылына қарап түзеу мүмкіндігінен айырылған, сондықтан балалар үйлері мен интернаттарда біртекті ортада болу бұл балаларда төмендетілген өмірлік стандарттарды қалыптастырады.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін отбасылыққа барынша жақындатылған жағдай жасау мақсатында республикада балалар үйлері мен интернат мекемелерін деинституционализациялау, оларды ірілендіру жөніндегі белгілі бір жұмыс жүргізіледі. Бүгінгі таңда отбасы үлгісінде жұмыс істейтін балалар үйлерінде балалар өзара туыстық қатынаста байланысқан, бір-біріне құштар және дос 8 – 10 адамнан тұрады. Бұдан басқа, балалар үйлерінде баланы жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу бағдарламасы енгізілген, отбасылыққа жақын жағдай жасалған.
210 ұйымның ішінен 7 отбасылық үлгідегі балалар ауылы (349 бала), 3 SOS балалар қалашығы (190 бала), 22 отбасылық үлгідегі балалар үйі (330 бала) жұмыс істейді, оларға отбасылық әдет-ғұрыптың негізгі белгілері мен ерекшеліктері тән.
Барлық ұйымдарда оқу және тәрбиелеу үшін жағдай жасалған, лингафондық және мультимедиялық кабинеттер бар, 148 ұйым Интернет желісіне қосылған.
Жыл сайын өңірлерде балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы өз отбасына тәрбиелеуге алуға ниет білдіретін адамдарды іздестіруге және тартуға бағытталған «Ризашылық», «Доброта во благо детям...!» қайырымдылық мерекесі, «Қуан сәби», республикалық акциясы өткізіледі.
Осының арқасында 2010 жылдың қысқы және көктемгі каникулдарында қазақстандық азаматтардың отбасыларында қонақ үйлік отбасыларда балалар үйлерінің 1103 тәрбиеленушісі демалды. Жыл сайын балалар үйлерінде тәрбиеленуші 120-дан астам бала жазғы каникул кезеңінде шетелде демалады.
Талантты, дарынды балалар халықаралық конкурстарға қатысады. Мәселен, мысалы, 2011 жылғы 30 сәуірде «Үміт» балалар үйінің 27 баласы түріктің Фетхие қаласындағы Халықаралық конкурс-фестивальға қатысты, онда қатысқан 23 елдің ішінен 2-орынды жеңіп алды.
2011 жылы 38 386 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баладан 22 067 (2007 жылы – 29 147) қамқоршылықта (қорғаншылықта), 2 267 – патронаттық тәрбиелеуде (2007 жылы – 1 823).
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың проблемаларын шешу мақсатында 2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен, Байланыс және ақпараттандыру, Мәдениет министрліктерімен бірлесіп әзірлеген Әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуды насихаттауға бағытталған үгіт-насихат жұмысының іс-шаралар жоспары бекітілді.
Осы жоспарға сәйкес республиканың өңірлерінде әкелердің конференциялары, дөңгелек үстелдер өткізіледі, облыстық телеарналарда «Әр балаға – отбасының бақыты» («Каждому ребенку – счастливую семью») бейнеролигінің көрсетілімі, балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін біздің азаматтарымыздың отбасыларына орналастыру мәселелеріне арналған «Надежда детских сердец» телебағдарламасының циклі ұйымдастырылды.
Қазақстандық омбудсменнің мекемесі еліміздің балалар мекемелерінде балалардың құқықтарын қорғау мониторингін ұдайы негізде жүзеге асырады.
Мәселен, 2010 жылы Астана, Алматы, Көкшетау, Шымкент, Павлодар, Жезқазған, Сәтпаев қалаларындағы 22 балаларға арналған интернат мекемелеріне барды.
g) Ұл (қыз) асырап алу
(21-бап)
Ұл (қыз) асырап алу ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың балама нысандарының бірі болып табылады. Ұл (қыз) асырап алудың негізгі мақсаты ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды туған отбасындағы жағдайлармен қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланы асырап алу мәселелеріндегі басымдық балаға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған деген мәртебені айқындаған сәттен бастап баланы асырап алуға құқығы бар біздің елдің азаматтарына тиесілі.
«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған күннен бастап 1999 жылдан бастап 41 091 бала асырап алынды, оның ішінде 31 929 баланы қазақстандық азаматтар, 487 баланы шетелдегі туысқандары, 8 675 баланы шетелдік азаматтар асырап алды.
2009 жылмен салыстырғанда Қазақстан азаматтары асырап алған балалар санының өсу үрдісі байқалуда (2009 жыл – 3 044 бала, 2010 жыл – 3 100 бала).
Сонымен бірге шетелдік азаматтар асырап алған балалардың саны қысқарды (2009 жыл – 669 бала, 2010 жыл – 506 бала).
2010 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы Балаларды қорғау және шетелдіктің бала асырап алуына қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялады.
Қазіргі уақытта ұлттық заңнаманы осы Конвенцияның нормаларына сәйкес келтіру жөніндегі жұмыс жүргізілуде.
Шығыс Қазақстан облысында 2010 жылғы қыркүйекте Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі мамандардың республикалық кеңесінің «Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының Балалардың құқықтарын қорғау және шетелдіктің бала асырап алуына қатысты ынтымақтастық туралы Гаага конвенциясының ережелерін іске асыру шеңберіндегі міндеттері туралы» мәселе бойынша кеңейтілген отырысы өткізілді.
2011 жылғы наурызда Астана қаласында «Балаларды қорғау және шетелдіктің бала асырап алуына қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау тұрғысынан шетелдіктің бала асырап алуының өзекті мәселелері» тақырыбына республикалық семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске мемлекеттік органдардың, ҚР Бас прокуратурасының, Астана қаласының Ювеналды сотының, БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) ҚР-дағы өкілдері қатысты.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысын белсенді ету үшін БАҚ арқылы жетім балаларды қазақстандық азаматтардың отбасыларына орналастыру бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Мен және менің отбасым», «Я и моя семья» телебағдарламасы дайындалды, ол «Қазақстан» телеарнасынан көрсетілді.
Республиканың жетекші телеарналарында 2010 жылы әлеуметтік бейнероликтер көрсетілуде. «Ел арна» телеарнасында «Наши дети» бағдарламалар сериясы шығады. Жергілікті газеттерде «Каждому ребенку - семью», «Я ищу маму!», «Мама, найди меня», «Миру нужен я, мне нужна семья» және басқа да арнайы айдарлар ашылды.
h) Заңсыз алып бару және қайтармау
(11-бап)
Заңсыз алып бару және қайтармау туралы конвенцияның 11-бабының нормалары 2003 жылы Конвенцияның орындалуы туралы бастапқы баяндаманың 193-194-тармақтарында және Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыру туралы екінші және үшінші мерзімдік баяндаманың 221-224-тармақтарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Адам саудасымен күрес, сондай-ақ Гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар 1980 жылғы 25 қазанда Гаага қаласында қабылданған Халықаралық балалар ұрлаудың азаматтық аспектілері туралы конвенцияны Қазақстанның ратификациялауы туралы ұсынысты қолдады.
Қазіргі кезде Халықаралық балалар ұрлаудың азаматтық аспектілері туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы мәселе пысықталуда.
Конвенция балаларды заңсыз орнын ауыстырудан қорғауға, сондай-ақ басқа мемлекетке заңсыз апарылған балаларды қайтаруға бағытталған (1-бап).
Қазақстан Республикасының Конвенцияға қосылуы мемлекетаралық деңгейде балалар мен олардың ата-аналарының (өзге заңды өкілдерінің), біздің еліміз азаматтарының құқықтарының қосымша кепілдіктерін қамтамасыз етуге, шет мемлекеттердегі заңсыз апарылған немесе ұстап отырылған балаларды қайтару туралы мәселені шешу кезінде Қазақстанның басқа мемлекеттермен өзара іс-қимыл жасауының пәрменді құқықтық тетігін жасауға мүмкіндік береді.
Бұл ретте Қазақстанның Конвенцияға қосылу, бұл жайында қазақстандық және шетелдік азаматтар мен ұйымдарды кеңінен хабардар ету фактісінің өзі-ақ балалар ұрлау оқиғаларын қысқартып, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге кепілдік беруге мүмкіндік беретін пәрменді алдын алу шарасы болады.
і) Қиянат жасау мен ұқыпсыз қараудан (19-бап) қорғау,
сондай-ақ табиғи және психикалық қалпына келтіру мен
әлеуметтік қайта ықпалдастыру
Осы мәселе бойынша ақпарат 2003 жылы Конвенцияның орындалуы туралы бастапқы баяндаманың 232-234-тармақтарында және Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімдік баяндаманың 260-263-тармақтарында қамтылған.
j) Бала туралы қамқорлыққа байланысты жағдайларды
мерзімдік бағалау
(25-бап)
Конвенцияның 25-бабына сәйкес қамқорлықты мерзімдік бағалау және бала туралы қамқорлықпен, оны қорғаумен, табиғи не психикалық емдеумен байланысты барлық басқа да жағдайлар 2003 жылы Конвенцияның орындалуы туралы бастапқы баяндаманың 230-231-тармақтарында және Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімдік баяндаманың 255-259-тармақтарында көрсетілген.
Бұдан бұрын көрсетілген нормалар мен ережелер қазіргі кезде де толық көлемінде қолданылады.
«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» ҚР Заңының
46-бабына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті Мемлекет басшысына жыл сайын республикадағы балалардың жағдайы туралы баяндама дайындап, ол Балалар құқықтарын қорғау комитетінің сайтында орналастырылады, жеке кітапша болып басып шығарылады.
2009 жылғы наурызда Парламент Мәжілісіндегі үкімет сағатында «Қазақстан балалары» бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру туралы есеп тыңдалды.
2009 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комитетте Конвенцияның ережелерін орындау шеңберінде балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бағып-күту, тәрбиелеу және оқыту жағдайларын жасау жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыс туралы республика министрліктері мен ведомстволарының есебі тыңдалды.
2010 жылы Қазақстан Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары бойынша әмбебап мерзімдік шолу рәсімінен ойдағыдай өтті. Қазіргі кезде БҰҰ Адам құқықтары комитетінің ұсыныстарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалған.
2011 жылы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілдің оның 2010 жылғы қызметі туралы есебі әзірленді, онда адамның, оның ішінде әйелдер мен балалардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қатысты ахуалға талдау жасалған, олардың бұзылуына байланысты өзекті проблемалар мен себептер белгіленген.
Омбудсменнің «балалар құқықтарын қорғау және көтермелеу» қызметінің басым бағыты бойынша жұмыс шеңберінде балалар құқықтарын қорғау мониторинг жүргізу үшін Астана, Алматы қалаларының, сондай-ақ Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарының 30 балалар мекемесіне ат басы бұрылды. Мониторинг барысында білім алу, денсаулығын қорғау, демалу, бос уақыт пайдалану, мәдени және шығармашылық өмірге қатысу, ақпаратқа қолжетімділік, ана тілін, мәдениетін пайдалану жөніндегі балалар құқықтарының сақталу мәселелері зерделенді.
2011 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Парлментінің Мәжілісінде Еуропалық Одақ пен БҰҰ Балалар Қоры Өкілдігі (ЮНИСЕФ) делегациясының қатысуымен БҰҰ Бала құқықтары комитетінің ұсыныстарын орындау мәселелері қаралды.
VI. Базалық медициналық қызмет көрсету және
әлеуметтік қамсыздандыру
а) Мүгедек балалар
b) (23-бап)
Республикада мүгедек балаларды әлеуметтік қорғауға, оңалтуға және оларды қоғамға қосуға маңызды мән беріледі.
Қазақстан Республикасында, 01.01.2011 жылғы жағдай бойынша,
54 495 мүгедек бала, оның ішінде бірінші топтағы 16 жасқа дейінгі
45 810 мүгедек бала, 18 дейінгі 1 016 мүгедек бала, екінші топтағы 18 жасқа дейінгі 3 052 мүгедек бала, үшінші топтағы 18 жасқа дейінгі 4 617 мүгедек бала есепте тұр.
Қазіргі кезде әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік мекемелер желісі жұмыс істейді, олардың ішінде тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған 3 интернат үй, 17 балалар психоневрологиялық интернат үйі, 6 оңалту орталығы, үйде әлеуметтік көмек көрсететін 160 бөлімше бар, оларда мүгедек балалардың 30 % астамы (17 мыңнан астам адам) арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған.
Мүгедек балалар тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тегін емдеумен, оңалтумен қамтамасыз етіледі. Амбулаториялық жағдайларда халықтың жекелеген санаттары, ауру түрлері бойынша, оның ішінде мүгедек балалар, тегін медикаменттермен және арнайы тағам өнімдерімен қамтамасыз етіледі. Мүгедек балаларға оңалту көмегі өңірлік деңгейде де, республикалық деңгейде де көрсетіледі. Кешенді оңалту медициналық терапияны, психологиялық-педагогикалық түзетуді және әлеуметтік бейімделуді қамтиды.
Балаларға оңалту көмегі республикалық маңызы бар орталықтарда: Астана қаласы – балалар оңалту орталығы (РБОО), Алматы қаласы – «Балбұлақ» балалар оңалту орталығы, «Алатау» балалар клиникалық санаторийі, Бурабай курорты – балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталығы; 39 өңірлік деңгейдегі оңалту орталықтарында көрсетіледі, олардың қызметі жыл сайын мүмкіндіктері шектеулі 8,5 мыңға жуық балаға кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік оңалтуға бағытталған.
РБОО-да герман жабдығымен жарақтандырылған ортездік шағын-зауыт жұмыс істейді, ол денені және патологиясы өзгерген аяқ-қолды физиологиялық күйге келтіретін әртүрлі арнайы құралдар жасап шығарады, бұл оңалтудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Есту қабілеті тумай жатып және туғаннан кейін қатты бұзылған мүгедек балаларға медициналық көмек көрсету үшін 2007 жылдан бері республикада кохлеарлық имплантация бойынша бірегей операциялар жүргізілуде. Осындай 430 операция жасалды. Есту қабілеті бұзылған балалар осындай операция жасату үшін бұдан бұрын шетелге жіберілетін.
Интернат үйлерде мүгедектердің тұрмыс сапасын арттыру үшін 2009 жылдан бастап Мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын енгізуге республикалық бюджеттен жалпы сомасы 2,5 миллиард теңге (1,7 млн. АҚШ доллары) бөлінді, ол медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік жұмыс бойынша мамандардың, әдіскерлердің, дефектолог мұғалімдердің, логопедтердің, дене шынықтыру мұғалімдерінің, еңбек бойынша нұсқаушылардың, музыкалық жетекшілердің, невропатологтардың, педиатр-дәрігерлердің, физиотерапевтердің, диетологтардың қосымша штат бірліктерін енгізуге жұмсалды. Баланың әлеуметтік даму деңгейін басшылыққа ала отырып, жасына қарай – бір топта 6-12 адамнан топтар жасақтау ұйымдастырылды, сөйтіп әрбір балаға жеке көзқарас таныту қамтамасыз етілді. Интернат үйлерді қазіргі заманғы көмекші, медициналық, оқу жабдықтарымен жарақтандыру мүгедек балалардың оңалту қызметтеріне деген қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік берді.
Мақсатты ағымдағы трансферттер қаражаты есебінен психоневрологиялық ауруларға шалдыққан және (немесе) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балаларға сондай-ақ жартылай стационар жағдайында – күндіз болу бөлімдерінде, отбасына қолдау көрсету қызметтерінде, үйге барып қызмет көрсету жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді.
Жартылай стационарларды, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерін дамыту, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде дамыту интернат мекемелерінде бағылатын мүмкіндіктері шектеулі балалар санын қысқартуға бағытталған.
Мемлекет басшысының 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның дүние жүзінің 50 неғұрлым бәсекеге қабілетті елінің қатарына ену стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында 2008 жылы «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңы қабылданды, оны қабылдау мен іске асыру:
- арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің қазіргі заманғы моделін қалыптастыруға;
- ауыр өмірлік ахуалға тап болған адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетудің кешенді жүйесін құруға;
- қызметі бәсекелестік ортасын құрып, қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік беретін үкіметтік емес ұйымдардың қатысуы есебінен арнайы әлеуметтік қызметтер нарығын кеңейтуге;
- халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтер тізбесін кеңейтуге және сапасын арттыруға;
- әлеуметтік қызметтер мен ұйымдардың құқықтық мәртебесін айқындауға, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бірыңғай тетігін жасауға, әлеуметтік қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, уәкілетті органдардың құзіретін анықтауға және т.б. мүмкіндік берді.
Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бәсекелестік нарығын қалыптастыру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауға үкіметтік емес ұйымдар барған сайын кеңінен тартылуда:
2009 жылы ҮЕҰ арнайы әлеуметтік қызметтерімен психоневрологиялық ауруларға ұшыраған 1,5 мыңдай бала 156,9 млн. теңге сомаға қамтылды.
2010 жылы - психоневрологиялық ауруларға ұшыраған 2 мыңнан астам бала 446,5 млн. теңге сомаға қамтылды.
2011 жылы 273,6 млн. теңге сомаға 2,1 мың балаға қызмет көрсету жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға жеке оңалту бағдарламасына (ЖОБ) сәйкес жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен санаторлық-курорттық емдеу, арнайы қозғалыс құралдары (орындық арбалар), техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар (протездік-ортопедиялық, сурдо-тифлотехникалық құралдар мен міндетті гигиеналық құралдар (кіші дәрет қабылдағыштар, үлкен дәрет қабылдағыштар, жаялықтар) береді. Соңғы екі жыл ішінде 7 мыңнан астам балаға протез-ортопедиялық көмек көрсетілді. Көру және есту қабілеттері бұзылған 3 мыңға жуық бала сурдо-тифлотехникамен қамтамасыз етілді, мүгедек балаларға 1 748 орындық арба берілді. Жыл сайын 1000 бала санаториялық-курорттық емдеуге жіберіледі.
Оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетуді күшейту және олардың өмір сапасын жақсарту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп 2010-2011 жылдарға арналған ауру мен мүгедектіктің алдын алу мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі және қабылдады.
«Денсаулық сақтау объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығымен мүгедектердің қоғамдық орындарда болуының жайлы жағдайларын жасау үшін белгілі бір санитариялық нормалар бекітілді. Атап айтқанда, арбамен қозғалатын мүгедектер үшін кірме жолдар, ішкі жолдар мен жаяулар жолдары қатты жамылғымен жасалады және пандустар жабдықталады, сатылармен қозғалу үшін ересектер мен балалар үшін қосарланған ұстағыш тұтқалар, зағиптар мен нашар көрушілер үшін – ұстағыш тұтқалар учаскелері жабдықталады, сатының бірінші және соңғы баспалдақтары кедір-бұдыр етіп жасалып, қарама-қарсы бояумен боялады, әжетханаларда арнайы кабинеттер жабдықталады.
Денсаулық сақтау министрлігі мүмкіндіктері шектеулі балалардың өзекті проблемаларын шешу мәселелерінде басқа мүдделі министрліктермен және ведомстволармен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен тығыз ынтымақтастық жасайды.
Қазіргі кезде республикада мүмкіндіктері шектеулі 147 мыңнан астам баланың бар екені анықталып отыр (2007 жылы – 120 мыңнан астам болған).
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың білім алуы, дамуындағы кемшіліктерді түзетуі және әлеуметтік бейімделуі үшін оларға мемлекеттің жағдайларды қамтамасыз ететініне кепілдік берілген.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру қызметтерін қанағаттандыру үшін республикада арнайы коррекциялық білім беру ұйымдарының тармақталған желісі жұмыс істейді:
9 676 мектеп жасына дейінгі балаға тәрбие беруге арналған 34 арнайы балалар бақшасы мен жалпы тұрпаттағы балалар бақшалары жанында 280 арнайы топ;
26 мың баланы (15,5 %) 101 коррекциялық мектеп және жалпы білім беретін мектептер жанында 1 155 арнайы сынып;
17 150 бала коррекциялық-педагогикалық көмек алатын жалпы білім беру ортасына тартылған;
9 391 бала жеке бағдарламалар бойынша үйде оқиды.
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» ҚР Заңының 9-бабының 3-тармағын орындау мақсатында білім беру ұйымдарының жаңа тұрпаттары құрылды. Осындай ұйымдар құру қажеттілігіне балалардың бәріне біріне тегіс қазір бар арнайы (коррекциялық) мекемелер тұрпаттарында баламалы коррекциялық-педагогикалық қолдау алуға мүмкіндік бермейтін аурулардың алуан түрлігі себеп болып отыр.
Егер 2003 жылы 2 оңалту орталығы, 14 кабинет пен 99 логопедтік пункт ашылса, 2010 жылы – олардың саны тиісінше 17, 124 және 402 болды.
Білім беру ұйымдарының осы түрлері жалпы білім беретін мектептерде оқитын дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға коррекциялық-педагогикалық қолдау көрсетуді және бұдан бұрын «оқи алмайтындар» деп есептеліп келген балаларды жалпы білім беретін процеске қосуды қамтамасыз етеді. Қамту 15,5 % қамтиды немесе 26 мыңнан астам бала уақтылы көмек алады. Республикалық бюджет есебінен Қарағандыда 250 орындық ауру балаларға арналған арнайы мектеп-интернат салынды. Алматы облысында осындай мектеп-интернат құрылысы жүргізілуде.
«Білім туралы» ҚР Заңының 6-бабының 16 және 17-баптарына және «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» ҚР Заңына сәйкес арнайы білім беру ұйымдарының жаңа түрлері: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (60 мың балаға бір ПМПК), оңалту орталықтары (облысқа бір орталық), психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеттері (ауданға бір кабинет) ашылды.
Қазіргі кезде 57 облыстық, қалалық және аудандық ПМПК, оның ішінде бір республикалық ПМПК жұмыс істейді.
ПМПК желісінің кеңеюімен дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды анықтау жақсарды. Мысалы, егер 2007 жылы дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың анықталған саны 120 мыңнан астам адамды құраса (балалар қауымының 2%), 2010 жылы 147 679 бала анықталып, анықтау пайызы 3,4% дейін өсті. Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен арнайы ұйымдар желісі туралы деректердің орталықтандырылған банкі енгізілді. Бұл білім беру ұйымдарының желісін кеңейту, жалпы республика бойынша да, жекелеген өңірлер бойынша да арнайы білім жүйесін басқару сапасын жақсарту жөнінде үйлестірілген шаралар қолдануға мүмкіндік береді.
Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдердің оқумен 125 444-і қамтылған, бұл 85,0% құрайды, оның ішінде: ерте жас – 2139 бала (39,1%); мектеп жасына дейін – 18 911 бала (61,4%); мектеп жасы – 104 494 немесе мектеп жасындағы мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының 93,8%.
Түрлер бойынша:
психикалық дамуы кідірген – 37 937 (27,7%);
сөйлеуі бұзылған – 31 395 (22,9%); 2008 жылмен салыстырғанда балалар санының азаюы (-1,3%);
ақыл-есі кем – 24 213, бұл жалпы санның 17,7% құрайды;
тірек-қозғалыс аппараты бұзылған – 19 046 (13,9%);
нашар көретін балалар – 14 640 (10,7%);
нашар еститін – 7 482 (5,5%);
естімейтін – 1 883 (1,4%) және зағип балалар – 314 (0,2%).
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды, оның ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру үшін жағдайларды жақсарту мақсатында 2011 – 2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында қашықтықтан оқыту көзделген.
Бұл үшін 2011 жылдан 2013 жылға дейін арнайы жабдықпен қамтамасыз ету көзделген (мүгедек балалардың жұмыс орындарын ауру түрін, жеке басының ерекшеліктерін, мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін, осы орындарды Интернетке қосуды ескере отырып компьютерлік техниканың жинақтамасымен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтау).
Мәселен, Павлодар облысында ерекше мұқтаждықтары бар барлық балалар үйде оқиды, компьютерлермен, электронды оқу бағдарламаларымен және оқулықтармен қамтамасыз етілген, Интернетке қосылған.
Арнайы білім беру ұйымдарына компьютерлік техника мен қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар ойдағыдай енгізілуде, олар балалардың әлеуметтік бейімделуі мен оңалуына, оқытушылар құрамының біліктілік деңгейін арттыруға, әрбір бала үшін оңалтудың жеке бағдарламаларын шығармашылық тұрғыда жасауға жәрдемдеседі.
«Білім туралы» Республика Заңының 14-бабына сәйкес дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың ұсыныстарын ескере отырып анықталатын оқушылар мен тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктері мен ықтимал мүмкіндіктерін ескеретін арнайы білім беретін оқу бағдарламалары жасалады.
Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді және мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және дамытуға бағытталған, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың ұсыныстарын ескере отырып анықталатын оқушы тәрбиеленушілердің психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін ескереді.
Оқытуға вариативтік көзқарас мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың танымдық дамуының әртүрлі деңгейіне бағдарланған арнайы оқу бағдарламалары мен оқулықтарды пайдалануды көздейді.
Ұлттық ғылыми-практикалық коррекциялық педагогика орталығы өткізген талдауға сәйкес республика мектептерінің арнайы оқу әдебиетімен, оның ішінде көмекші мектептердің оқушылары үшін және көруі, естуі, сөйлеуі бұзылған балаларға арналған коррекциялық бағыттағы пәндер бойынша қамтамасыз етілуі 57 % құрайды. Есту, көруі, тірек-қозғалыс аппаратының функциялары, сөйлеуі бұзылған, зияткерлігі сақталған психикалық дамуы кідірген балалар жалпы білім беретін мектептердің оқулықтары мен оқу-әдістемелік жинақтамалары бойынша оқиды, олармен қамтамасыз етілу 100% құрайды.
Бірегей оқулықтар мен оқу-әдістемелік жинақтамалардың 296 атауы шығарылды, олардың ішінде қазақ тілінде 39% атау, орыс тілінде – 61% атау балалар үшін:
зияткерлігі бұзылған – 133 атау (44,9%);
естімейтін – 44 атау (14,7%);
нашар еститін – 16 атау (5,4%);
көрмейтін – 58 атау (Брайль ғарпімен) (19,6%);
нашар көретін – 42 атау (ірі ғаріппен) (14,2%);
сөйлеуі мүлдем бұзылған – 2 атау (0,7%).
Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы қаражаты шеңберінде трансферттер арқылы 2002 жылдан 2010 жылға дейін коррекциялық білім беру ұйымдары арнайы жабдықпен, көмекші техникалық және компенсаторлық оқыту құралдарымен: сурдотехникамен (сымсыз және сымды оқу сыныптары, аудиомерлер), тифлотехникамен (оқитын машиналар, тифлокешендер); релакцияға арналған сенсорлық және жұмсақ бөлмелермен, логопедтік және оқу тренажерлерімен қамтамасыз етілген. Бүгінде қамтамасыз етілу 40–60% құрайды.
Кәсіби білім – мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың маңызды құралдарының бірі. Заңнамаға сәйкес бірінші және екінші топтардың мүгедектері мен мүгедек балаларға техникалық және кәсіптік, орта мектептен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде мынадай жеңілдіктер көзделген:
- білім беру ұйымына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасы;
- мемлекеттік білім гранттарын бюджеттен қаржыландыру арқылы тегін мемлекеттік білім алу конкурсына қатысу кезінде бірдей көрсеткіштер жағдайында медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға болатын бірінші және екінші топтар мүгедектерінің, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың артықшылық құқығы болады;
- мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша техникалық және кәсіптік, орта мектептен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарында оқып жатқан мүгедектерді стипендиямен қамтамасыз ету жөніндегі жеңілдіктер;
- денсаулық жайы жалпы тұрпаттағы мектеп жасына дейінгі ұйымдар мен білім беру ұйымдарында болуына мүмкіндік бермейтін мүгедек балалар үшін балалар бақшалары мен басқа да арнайы коррекциялық ұйымдар құрылады;
- мүгедек балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жалпы немесе арнайы мектеп жасына дейінгі ұйымдар мен басқа да оқу мекемелерінде жүзеге асыру мүмкіндігі болмағанда ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің тілегін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқыту үйде жүргізіледі.
Мүгедектердің, бала кезінен мүгедектердің және мүгедек балалардың білім алуы кезінде оларды бағып-күтуге жұмсалатын шығындарды Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен толық немесе ішінара мемлекет көтереді. 2008 жылғы 11 желтоқсанда «Мүгедектер құқықтары туралы конвенцияға және Мүгедектер құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды.
Сонымен бірге оларды оқыту, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қолдауды күшейту үшін бірдей мүмкіндіктер жасау мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жыл сайын:
медициналық тексеру (тегін) өткізіліп тұрады;
жатақханадан орын беріледі (тегін);
материалдық көмек көрсетіледі;
дене шынықтыру сабақтарынан және ауыр дене еңбегінен босатылады (мүгедектік тобына және ауруының күрделілік дәрежесіне байланысты);
жеке сабақтар өткізіледі;
емтихандар тапсыру кезінде психологиялық және дене бітімінің ерекшеліктері ескеріледі;
психологтар әңгімелер өткізіп тұрады (жүйелі түрде);
оқу бітірушілерге жұмысқа тұру үшін жағдайлар жасалады және т.б., ата-аналармен тығыз байланыс орнатылған.
Кәсіптік лицейлер мен колледждерде 605,2 мың адам, оның ішінде 1 392 І-ІІ топтардың мүгедектері мен мүмкіндіктері шектеулі жастар оқиды.
Соңғы үш жыл ішінде квота бойынша жоғары оқу орындарына оқуға түсетін адамдар санының көбеюі байқалады (2008-2009 оқу жылы – 8 194 адам, 2010-2011 оқу жылы – 8 577 адам).
Адамдардың осы санатымен жұмыс істейтін кадрлар мен мамандар маңызды рөл атқарады. Дефектолог-мамандар даярлауды республикада 1978 жылдан бері Абай атындағы ҚазҰПУ-да педагогика кафедрасы жүзеге асырып келеді. Даярлау мемлекеттік және орыс тілдерінде төрт бағыт бойынша жүргізіледі: логопедия, олигофренопедагогика, сурдопедагогика, тифлопедагогика.
Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінде оқыту олигофренопедагогика мен логопедия мамандықтары бойынша жүргізіледі.
Сонымен бірге мүгедектер проблемалары бұрынғысынша өзекті, олар оны өз бетімен шеше алмайды. Мысалы, Қазақстанда қалалардың инфрақұрылымы дене бітімінің мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін әлі де болса бейімделмеген, емдеу мекемелері жетіспейді, жұмысқа тұру және жұмыспен қамту проблемасы ең өткір проблемалардың бірі болған күйінде қалып отыр, өйткені жұмыс берушілер мүгедектер өздеріне тапсырылған жұмысты орындай алмайтынына сенімді болып, осы адамдарды жұмысқа алудан бас тартады. Мұндай көзқарас мүгедектікке қабілеттен гөрі зор маңыз берілетін қауіп пен таптауырын түсініктерге сүйенеді. Сондықтан дамыған елдердің осы проблеманы мүгедектердің өздерінің қатысуымен зерделеу жөніндегі дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сапасын жақсарту бойынша ұзақ мерзімді жұмыс жоспары жасалуда.
Мүгедектерді, оның ішінде мемлекет қамқорлығын ерекше қажет ететін мүгедек балаларды қолдау жөнінде жүйелі жұмыс Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы ««Мүгедектер құқықтары туралы конвенцияға және Мүгедектер құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қою туралы» Жарлығын жүзеге асыру шеңберінде қарастырылып отыр.
Алдағы уақытта мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды еңбекпен қамту, денсаулық сақтау, білім, ақпарат саласындағы қызметтермен, мәдени және спорттық, саяси және қоғамдық өмірге қатысудың қолжетімділігімен қамтамасыз ету, медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін жаңғырту, мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесі, оңалтуды жетілдіру, оңалту және арнайы әлеуметтік қызметтердің тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.
е) Денсаулық сақтау және денсаулық сақтау
саласындағы қызметтер
(24-бап)
Қазақстан Республикасында халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Денсаулық сақтауды қаржыландыру 2002 жылғы ЖІӨ 1,9 пайызынан 2010 жылы – 2,7 пайызына дейін көбейді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізіп отырған қазақстандықтар өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту бағытының арқасында елде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің жақсару үрдісі байқалып отыр. Мәселен, бала туудың 25% көбеюі, өлімнің 11% азаюы байқалады, халықтың табиғи өсімі 1,7 есе артты. Солай бола тұра бала мен ана өлімі проблемасы республика үшін өзекті болып қалып отыр. Сәбилер өлімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде туындайтын жекелеген ахуалдар, екінші орында – іштен туа біткен аурулар, үшінші орында – тыныс алу органдарының аурулары болып табылады, одан кейін жазатайым оқиғалар, жарақаттар мен улану тұр.
2010 жылы барлығы 368 957 бала туу тіркелді, оның ішінде 15-18 жастағы жасөспірім қыздарда – 4 205, бұл 1,1% құрайды.
2010 жылы түсік тастау көрсеткіші бала туу жасындағы 1000 әйелге 23,0 болды.
2010 жылы түсік тастаудың жалпы санының 3,1 пайызын жасөспірім қыздар (18 жас және одан кіші) арасындағы түсіктер құрады, 2007 жылы – 4,5 пайыз (түсіктер барлығы – 133 097).
2006-2009 жылдары жас топтары бойынша түсіктер
(түсіктер саны мыңдық есеппен және 15-49 жастағы 1000 әйелге)
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
|
Түсіктер саны – барлығы, мың |
133,1 |
124,0 |
113,3 |
106,1 |
оның ішінде шағын-түсіктер |
22,2 |
16,6 |
14,3 |
12,2 |
Мына жастағы әйелдердегі түсіктер саны |
||||
15 жасқа дейін |
0,1 |
0,1 |
0,1 |
0,1 |
15-18 |
5,9 |
5,2 |
4,0 |
3,3 |
19-34 |
100,5 |
92,8 |
84,9 |
79,9 |
35 жас және одан үлкен |
26,6 |
26,0 |
24,4 |
22,9 |
100 бала тууға түсіктер саны |
40,8 |
34,2 |
31,3 |
28,7 |
1000 әйелге түсіктер саны (15-49 жас) |
30,3 |
28,1 |
25,5 |
23,0 |
оның ішінде мына жастағы |
||||
15 жасқа дейін |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
15-18 |
1,3 |
1,2 |
0,9 |
0,7 |
19-34 |
22,9 |
21,0 |
19,2 |
17,4 |
35 жас және одан үлкен |
6,0 |
5,9 |
5,5 |
5,0 |
Ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауын реформалау мен дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) іске асыру барысында басым мәселелер болды.
Әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсетуді жақсарту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1325 қаулысымен бекітілген Ана мен бала өлімін азайту жөнінде
2008–2010 жылдарға арналған бағдарлама іске асырылды.
Әйелдер мен балаларға жоғары дәрежеде мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында 2007 жылдан бері Астана қаласында дүниежүзілік стандарттарға сай келетін қазіргі заманғы 500 төсектік Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы мен 300 төсектік Республикалық балалар оңалту орталығы жұмыс істейді. Сонымен бірге Алматы қаласындағы Республикалық «Ақсай» балалар клиникалық ауруханасында балаларға медициналық көмек көрсетіледі. Жыл сайын ем қабылдайтын 5 мың пациентке ортопедиялық, урологиялық-нефрологиялық, неврологиялық көмек көрсетіледі. Сонымен бірге экологиясы жайсыз өңірлердің балаларын тексеру мен емдеу, мүгедек балаларды ұзақ мерзімді кезең-кезеңмен оңалту жүргізіледі.
Алматы қаласының Педиатрия мен балалар хирургиясы, Астана қаласындағы Ана мен бала ғылыми орталықтарында онкогематологиялық патологияны емдеу бөлімдері жұмыс істейді. Алматы қаласында 2011 жылдың аяғына қарай онкогематологиялық бөлім 80 төсекке дейін кеңейтіліп, жұлын салу бөлімі ашылады.
Балаларға кардиохирургиялық көмекті дамыту шеңберінде 2011 жылдың аяғында жоғарыда аталған ғылыми орталықтарда балалар кардиохирургиялық бөлімдерін ашу жоспарланып отыр.
Жоғарыда көрсетілген бағдарламаны іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттің есебінен 2005 жылдан бастап жетекші шетелдік клиникаларда қазақстандық мамандар неғұрлым қажет мына медициналық мамандықтар бойынша оқытылды: кардиохирургия, нейрохирургия, акушерлік, гинекология, неврология, педиатрия, неонатология, медициналық реабилитология және басқалар.
Шалғайдағы ауылдық жерлерде тұратын балалар мен әйелдерге медициналық көмектің қолжетімділігі үшін республикада бірқатар жылдардан бері жылжымалы бала-әйел консультациялары ойдағыдай жұмыс істеуде. Сонымен бірге 2010 жылдың аяғында республиканың жетекші республикалық клиникаларымен байланыс орнатқан 150 телемедициналық орталық құрылды.
2010 жылы жаңа әлеуметтік жоба іске асырыла бастады –
2 мамандандырылған емдеу-диагностикалық «Денсаулық» пойызы жолға шықты. 2011 жылы тағы бір пойыз жолға шығады.
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 50 жылжымалы медициналық кешенді іске қосу жоспарланып отыр, олардың қазірдің өзінде 11-і жұмыс істейді, мұнда терапевттер, гинекологтар, педиатрлар, стоматологтар медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, экспресс-зертханалық диагностика, УЗ-зерттеулер жүргізіледі.
Балаларға егу Қазақстан Республикасында тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне енеді, республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және халық үшін міндетті болып табылады. 2008 жылдан бастап профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесіне балаларға гемофильдік инфекцияға қарсы егу енгізілді, балаларға пневмококтық инфекцияға қарсы егуді енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру жоспарланған.
БДҰ сарапшыларымен бірлесіп 2008 жылдан бері адам өлімінің, перинаталдық ажалдың жасырын аудиті, қауіпті жағдайларды зерттеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Қауіпсіз ана болу, неонаталдық күтім жасау, иммунопрофилактика, балалардың ерте өсуі мен дамуы, микронутриенттік бұзылулар профилактикасы, сондай-ақ Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) ұсынған ВИЧ/СПИД-ті қоса алғанда, бала жасындағы ауруларды ықпалдасып жүргізу стратегиясын (БЖАЫЖ) енгізу бойынша бағдарламалар іске асырылуда.
Жоғарыда аталған бағдарламаларды ұйымдастыру және олардың мониторингін жүргізу мақсатында Педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығының негізінде БЖАЫЖ бойынша ұлттық үйлестіру орталығы және әрбір облыс орталығында өңірлік орталықтар, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының базасында тиімді перинаталдық технологияларды енгізу орталығы құрылды. ЮНИСЕФ-пен бірлесіп, 2006 – 2007 жылдары 2008 жылдан бастап Қазақстанның тірі бала табудың халықаралық өлшемдеріне көшуін қамтамасыз ету үшін халық арасында кең көлемді түсіндіру науқанын жүргізуде, ұлттық жаттықтырушылар тобын даярлауда және оқытуда, халықаралық көзқарастарды ескере отырып, әйелдер мен балалардың диагностикасы мен емдеу хаттамаларын жетілдіруде көмек көрсетілді.
Тірі бала табудың халықаралық өлшемдеріне көшумен 2008 жылы
2010 жылдың қорытындылары бойынша ана өлімінің көрсеткіші 27%, сәби өлімі 20% азайды. 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында жүктілік деңгейі 1,1% (4 205 оқиға) және түсік тастау 4,5% (133 мыңнан астам), 3,1% дейін (106 мыңнан астам) азайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтауын дамытудың «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Онда бастапқы медициналық-санитариялық көмекті (БМСК) жетілдіру және оның қолжетімділігі, ана, балалар мен жасөспірімдер денсаулығын қорғау жөніндегі басымдылық бағыт одан әрі жалғастырылды, оның шеңберінде 2011 жылдан бастап БМСК ұйымдары деңгейінде арнайы әлеуметтік қызметкерлерді енгізу жоспарлануда, бұл балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға жәрдемдесетін болады.
2011 жылғы 15 маусымда Алматы қаласында өткен халықаралық конференцияда әмбебап йодтауға қол жеткізген ел ретінде Қазақстанға елдің жалпыға бірдей йодтауға және халықтың тағамында йод тапшылығын жоюға қол жеткізуі туралы халықаралық сертификат тапсырылды. Йод жөніндегі ресурстық зертханалардың халықаралық желісінің үйлестіру комитеті мүшелерінің ұйғаруынша және Денсаулық сақтау министрінің қолдауымен Қазақ тағамтану академиясының йод зертханасы Орталық және Шығыс Еуропа өңірі мен ТМД елдері үшін Өңірлік ресурстық зертхана болып таңдап алынды.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 160-бабын іске асыру мақсатында 2011 жылдың өткен кезеңінде Мемлекеттік санитариялық–эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық органдары ЮНИСЕФ-пен және Қазақстан астық өңдеушілері мен наубайханашыларының одағымен бірлесіп ұнды міндетті түрде фортификациялау және ұндағы фортификанттарды анықтау бөлігінде заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинарлар өткізді. Қолданылып жатқан шаралар бидай ұнын фортификациялау жөніндегі іс-шараларды одан әрі жалғастыруға мүмкіндік береді, өйткені олар темір тапшылығы анемиясымен ауруды азайтуға және алдын алуға жәрдемдеседі.
Білім, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер, денсаулық сақтау, әділет министрліктері мен ЮНИСЕФ баланы қорғау, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен дамуын жақсарту, тамақтануды жақсарту және микронутриенттік ауытқулардың алдын алу мәселелері бойынша 2010–2011 жылдарға арналған екіжылдық жұмыс жоспарына қол қойды.
Алматы қаласындағы «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы экологиясы жайсыз Семей және Арал өңірлерінен келген балаларды тексереді, емдейді және кезең-кезеңмен оңалтады.
Қазақстан Республикасындағы балалардың
иммунопрофилактикасы бойынша іс-шаралар
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы егу халық үшін міндетті болып табылады. Егу жүргізілетін жұқпалы аурулардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазақстан Республикасында балалар қауымын егу тегін медициналық көмектік кепілді көлеміне енеді және республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Бүгінгі күнге халықты иммунизациялау саласындағы мемлекеттің нысаналы саясатының арқасында елде полиомиелит, сіреспемен, дифтериямен ауыру жойылды, көкжөтелмен ауыру тым сирек кездесетін болды, «В» вирус гепатитімен ауыру, паротит індетіне шалдығу азайды. Қызылша мен қызамықты элиминациялау жөніндегі БДҰ бағдарламасын іске асыру одан әрі жалғасуда, сондай-ақ елдің полиомелиттен құтылған ел мәртебесін қолдау жөнінде жұмыс жүргізілуде, Қазақстанда 2008 жылдан бері профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесіне балаларға гемофильдік инфекцияға қарсы егу енгізілді.
Ерте жастағы балалардың өлімі мен ауруға ұшырауын азайту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі үстіміздегі жылдың аяғынан бастап жекелеген өңірлерде балаларға пневмококтық инфекцияға қарсы егуді енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Республикада ерте жастағы балаларға осы инфекцияға қарсы жаппай егу жөніндегі іс-шаралар 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасына енгізілді.
Қауіпсіз ауыз суға қолжетімділік
2011 жылғы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы халықтың денсаулығын жақсартудағы басымдықтарының бірі халықты сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету болып белгіленді. Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысы 2003 жылы басталды және оң нәтижелерге қол жеткізілді. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қолжетімділік ауылдық елді мекендерде 41 пайызға, қалаларда 72 пайызға өсті. Әкелінетін суды қолданушылардың саны 4 есе рет кеміді. Сонымен бірге, әлі сумен жабдықтау жүйесін жақсартуға зәру ауыл аз емес. Орташа алғанда 2020 жылы республикадағы ауыз суына қолжетімділік деңгейі 98 пайызды құрап, судың сапасы бекітілген барлық санитарлық талапқа сай болуы тиіс. 2020 жылы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қолжетімділік 100 пайызды құрауы тиіс. Ал ауылдық жерлерде екі есе өсіп, 80 пайызға жетуі қажет.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес суды тұтыну жағдайының нашарлауының және халықтың денсаулық жағдайына қауіпсіз емес ауыз судың қолайсыз әсерінің алдын алуға бағытталған мониторинг пен санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары жүзеге асыруда.
2010 жылы республика халқының құбырлық ауыз сумен қамтамасыз етілуі 82% құрады (құбырлық сумен қамтамасыз етілген халықтың үлес салмағы 2007 жылы - 78,4%, 2008 жылы - 81,1%, 2009 жылы - 81,2%).
Республикада орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінен ауыз су қауіпсіздігі бойынша жағдайы тұрақты, санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктің үлес салмағы 2010 жылдың өткен кезеңі ішінде 1,7% және 1,4% құрады.
Республика бойынша тұтастай алғанда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бақылауында 2831 орталықтандырылған сумен жабдықтау объектісі бар. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін су құбырларының үлес салмағы 4,9% немесе 133 құрады.
Денсаулық сақтау министрлігі 2006 жылдан бастап іс жүзіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің зертханаларын жаңғырту және заманауи зертханалық құралдармен жарақтау бойынша іс-шаралар жүргізуде.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен құбырлық ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі аумақтық әкімдердің қызметтік рейтингісіне енгізілді.
Халықтың денсаулығы мен қоршаған орта жағдайының мониторингісін жүргізу бойынша жұмыс жалғасуда.
Семей полигоны
Семей ядролық полигоны әлемдегі үш ірі ядролық полигонның бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бұрынғы ядролық полигонның аумағы алдағы уақытта радиациялық жағдайды тереңдетілген кешенді түрде зерттеу және белгіленген тәртіп бойынша халық шаруашылығында қолдану үшін берілетін шаруашылық қызметпен айналысуға тыйым салынған жер қорына жатқызылды.
Полигон тұрғындарын әлеуметтік қорғау мақсатында «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Қазіргі уақытта НАТО бағдарламасының қолдауымен радиологиялық бағалау бойынша жобасы, сондай-ақ Ұлыбритания Үкіметінің қолдауымен «Жерді тұрақты пайдалануды жоспарлау» жобасы іске асырылуда.
Семей экологиялық апат аймағының экологиялық, экономикалық және әлеуметтік проблемаларын шешу үшін 2005-2007 жылдарға арналған бұрынғы Семейдің ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу бойынша бағдарлама іске асырылды.
Семей сынақ полигонының проблемаларын шешу қажеттілігі әлі күнге дейін өзекті мәселе болып табылады және халықаралық жұртшылықпен танылған. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жағдайдың күрделілігін мойындай отырып, аталған аймаққа көмек көрсету мәселесі бойынша 4 қарар қабылдады.
2010 жылғы 10 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 924 қаулысымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасына бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны проблемаларын кешенді шешу бойынша мынадай іс-шаралар енгізілді:
қатаң бақылаудағы аймақ аумағына жеке тұлғаның кіруін шектеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
Семей сынақ полигоны аумағында шаруашылық қызмет жүргізудің мониторингін жүзеге асыру.
Сондай-ақ, мынадай мәселелер қаралады:
бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағында мемлекеттік басқаруды оңтайландыру бойынша;
Семей сынақ полигоны объектілерінің мәртебесі жөнінде;
бұрынғы Семей полигоны алаңында полигон аумағының экологиялық паспортын жасай отырып, барлық табиғи ортаның жағдайының кешенді зерттеулерін өткізу бойынша;
Семей сынақ полигонының жер бөлшегін алдағы уақытта оны шаруашылық қызметке пайдалану мақсатында жер қоры құрамынан шығару бойынша;
жергілікті радиоактивтік ластану учаскелерін түгендеу және аса қауіпті учаскелерді ремедиациялау/жою бойынша, ядролық қызмет қалдықтарын жою және консервациялау бойынша жұмыстарын өткізу;
Шаған өзенінің әрі қарай ластануын және Ертіс өзенінің ластану мүмкіндігін болдырмауды азайту мақсатында мониторингтік зерттеулер өткізу бойынша.
Арал теңізі
Арал теңізі бассейнінің дағдарысы кеңейіп келуде. Арал маңы елдерінің және әлемдік жұртшылықтың біріккен күш жігерінсіз Арал дағдарысын шешу мүмкін емес.
2002 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының № 307-ІІ Заңымен ратификацияланған 2001 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Қайта Құру және Даму Халықаралық Банкі арасындағы қарыз туралы келісімге сәйкес («Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы (1 фаза) Халықаралық банктің қарызы және республикалық бюджет есебінен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы іске асырылуда.
2009 жылы «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1 фаза)» жобасының бірінші кезеңін іске асыру аяқталды және жобаның екінші фазасын іске асыру жоспарланды.
Жоба қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған орта жағдайын жақсарту, су ресурстарын тиімді пайдалану мен халықтың жағдайын жақсарту мақсатында Сырдария өзені бассейнінің қазақстандық бөлігін жетісті дамытуға бағытталған.
Жоба шеңберінде Шардара бөгетінде өткізу қабілеттілігі 500 м3/с қосымша суағызғышты салу, 50 шақырым қазіргі бар дамбаларды күшейту және қалпына келтіру, қысқы тасқын суды өткізу үшін Сырдария өзені бассейнінің төменіндегі өзен сағасын түзету, атырауда көлдерді реттеуге арналған Ақлақ СЭС салу және т.б. жоспарлануда.
2007-2009 жылдары «Арал көлі аймағында сауықтырудың экологиялық әдістерін әзірлеу» ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді.
Зерттеу барысында жүргізілген талдау соңғы 10-15 жылда Қызылорда облысындағы балалар мен ересек тұрғындардың ауруы бірқатар аурулардың таралу деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен жоғары деңгейде екендігін көрсетеді. Онкологиялық аурулардың деңгейі Қызылорда қаласында ерекше жоғары.
Қызылорда және Қазалы қалалары бойынша соңғы мәліметтермен толықтырылған Арал аймағы қоршаған орта нысандары мен әйелдерінің емшек сүтінде пестицид пен ауыр металдың болуы туралы жаңа ақпараттық электрондық мәліметтер базасы алғаш рет әзірленді. Осы материалдар негізінде мүдделі мекемелер мен тұлғалар аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша негізделген шешімдер немесе ұсынымдар қабылдай алады.
Экологиялық факторлардың теріс әрекетін төмендету және оған адам ағзасының қарсы тұруын көтеру, сондай-ақ, Арал маңының қоршаған ортасы сапасының нысаналы көрсеткіштерін анықтау бойынша ұсынымдар әзірленді.
Жасөспірімдердің денсаулығы
Қазақстан Республикасында 2008-2010 жылдары «Салауатты өмір салты» бағдарламасын іске асыру жұмыстары жүргізілді, оның шеңберінде мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ қолдауымен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, қауіпті факторы мен әлеуметтік маңызды аурулардың профилактикасы, денсаулық мектебін жүргізу, шылым тартумен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен күресу жөнінде баспасөз конференциялары, байқаулар, дөңгелек үстелдер, акциялар және басқа да іс-шаралар, сонымен қатар көрнекі ақпараттық материалдар (плакаттар, бүктемелер, үндеу хаттар, ата-аналарға арналған жадынамалар, қалта күнтізбесі, футболкалар, бейсболкалар, сөмкелер және басқалар) таратқан спорттық мәдени іс-шаралар, спартакиадалар, байқаулар өткізілді. Әлеуметтік маңызды аурулардың, туберкулездің, шылым тартудың профилактикасы бойынша бейне- және аудиороликтер әзірленді. Республиканың барлық аймақтарында салауатты өмір салты аспектісінде билбордтар мен лайтбокстар орналастырылды. Бүкіләлемдік отбасы және Халықаралық балаларды қорғау күндеріне арналған республикалық акциялар өткізілді. Осы іс-шаралар шеңберінде білім беру ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың медициналық қызметкерлері үшін оқыту семинарлары, сондай-ақ, оның ішінде ауылдық жерлерге дәрігерлердің баруымен, отбасын жоспарлау, репродуктивтік денсаулықты сақтау, жасанды түсіктің профилактикасы мәселелері бойынша дөңгелек стөлдер ұйымдастырылды.
Маскүнемдікпен және шылым шегумен күресуге арналған шаралар қабылданды.
18 жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін сатуға тыйым салынды және жиырма бірге дейінгі жастағы тұлғаларға ішімдік өнімдерін сатуға тыйым салынды («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 159 бабы).
Балалар, жасөспірімдер және жастар арасындағы жол-көлік жарақаттанушылығының алдын алу мақсатында жыл сайын бастауыш сынып педагогтарына, білім беру ұйымдарының валеологтары мен медициналық қызметкерлеріне арналған дөңгелек үстелдер, оқу семинарларын жүргізе отырып, «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі бәрімізге байланысты» ұранымен айлық өткізіледі.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде 16 мыңнан астам баланы қамтыған 1 349 арнайы медициналық топтар, 6 мыңнан астам медициналық кабинеттер (жалпы білім беретін мектептердің 82%), 487 стоматологиялық кабинеттер жұмыс жасайды.
АИТВ/ЖИТС
ЖИТС індетіне қарсы әрекет бойынша күрестің шараларын күшейту және нормативтік құқықтық актілерді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1216 қаулысымен бекітілген 2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ЖИТС індетіне қарсы әрекет бойынша бағдарламасын іске асыру аяқталды.
Бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасында АИТВ/ЖИТС-тің профилактикасы мен таралуы бойынша іс-шаралар жүргізілді. АИТВ-инфекциясы бойынша республикадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталды.
Қазақстанда есірткіні қолданудан келген залалды төмендету стратегиясы мемлекеттік профилактикалық саясатқа интеграцияланған – елде оқыту, ақпараттандыру, кеңес беру және есірткі енгізетін тұлғаларға шприц пен инелерді айырбастау қызметтерін атқаратын 168, оның ішінде 24 жылжымалы сенім пунктілері құрылған.
АИТВ-ге ерікті анонимдік тестілеу мен әлеуметтік психологиялық кеңес беру кабинеттер желісінің қызметі ұйымдастырылып, жұмыс істейді. Халықтың түрлі топтарының арасында АИТВ-инфекциясының таралуын анықтауға мүмкіндік беретін шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесі ендірілді. АИТВ профилактикасы бағдарламасымен қамтылған ауру жұқтырған адамдардың пайызы (яғни жыл бойы шприц, мүшеқап алған және АИТВ тестілеуден қайда өтуге болатынын білетіндер) 2010 жылы 66,5 %-ды (2009 жылы – 59,9%) құрады.
Анадан балаға берілетін АИТВ-нің профилактика жұмыстары жүргізілуде: жүкті әйелдерді АИТВ-инфекциясына экспресс-тексеру, АИТВ жұқтырған жүкті әйелдерді жүктілік, босандыру кезінде және жаңа туған нәрестелерді вирусқа қарсы профилактикалық емдеу.
Жедел жәрдем стансаларында, ірі стационарлар мен ЖИТС орталықтарында антиретровирустық дәрі-дәрмектер ортаймайтын қоры жасалды. АИТВ-инфекцияланған балалар мене ересектер арасындағы қайталама, оппортунистік (пневмоцистік пневмония мен токсоплазмоз) аурулардың химиялық профилактикасын қамтамасыз етеді.
2010 жылы АИТВ/ЖИТС-пен күрес бойынша іс-шаралар 97 үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта жүргізілді.
Халықаралық донорлардың қоры мобилизацияланды: 2010 жылы 1 064,384 млн. теңге сомасында халықаралық ұйымдардың, оның ішінде ЖИТС-пен, туберкулезбен, безгекпен күресу бойынша 786,729 млн. теңге сомасында Ғаламдық қордың гранттары бөлінді.
Қазақстан Республикасында 1987 жылдан 2010 жылға дейінгі кезең ішінде 15771, оның ішінде 349 балада АИТВ-инфекция жағдайы тіркелді.
АИТВ-инфекцияланғандардың ішінде 14 жасқа дейiн балалар саны 24 (1,3%), 15-тен 19 жасқа дейiн 32 - 1,6% (2009 жылы – 2,6%) құрайды. Барлық тіркелген АИТВ-инфекция жағдайларының 96,2% 15-49 жастағылар құрайды. Тіркелген жағдайлар бойынша ересек жасқа қарай жылжу байқалады.
2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы АИТВ-инфекциясының таралуына байланысты АИТВ-инфекцияланған балаларға (149 жағдай) республиканың, Ресейдің, Украинаның, Израильдің, Кубаның ғылыми орталықтары және халықаралық ұйымдар, оның ішінде ДДҰ, ЮНИСЕФ, СиДиСи денсаулық сақтау мамандарының шақырылуымен емдік-консультациялық көмек көрсетілді. Денсаулық сақтау министрлігі облыстағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды және АИТВ-инфекцияланған балалардың жағдайы туралы апталық мониторинг жүргізеді.
Қазіргі уақытта 103 бала спецификалық антиретровирустық ем, 3 бала ілеспелі аурулардан ем алуда. 149 АИТВ-инфекцияланған баланың 11-і АИТВ-инфекциясына байланысты емес ілеспелі аурулардан қайтыс болды, 1 баланы АҚШ азаматтары асырап алды.
АИТВ-инфекцияланған балаларға үнемі медициналық бақылауды, емдеуді, оңалтуды жүзеге асыру үшін Шымкент қаласында амбулаториялық-диагностикалық бөлімі мен оқыту орталығы бар 60 орындық стационарлық көмек беретін «Ана мен бала» жұқпалы аурулардың профилактикасы және емдеуіне арналған орталық ашылды.
Облыстың медициналық мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды: облыстық балалар ауруханасы, қан орталығы, стерилизациялау кешені, перзентхана салынды; медициналық мекемелер толық көлемде дәрі-дәрмекпен және медициналық бір рет қолдануға арналған заттармен қамтамасыз етілді.
Жыл сайын АИТВ-инфекцияланған балалар ата-аналарымен бірге Алматы қаласындағы «Алатау» балалар санаторийінде, Астана қаласындағы Ана мен бала ғылыми орталығында, Шымкент қаласындағы «Ардагерлер үйінде» сауықтыру мен психологиялық оңалту курсын өтеді. Бір бала Израиль мемлекетінің «Адас» клиникасында емделді.
БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесе отырып АИТВ-инфекцияланған балалар мен олардың отбасыларына айналасындағылардың жағымсыз қарым-қатынасын азайту, сондай-ақ қоғамдағы шиеленісті шешу үшін Қазақстан Республикасының, сондай-ақ алыс және жақын шетелдердің медициналық қызметкерлері мен психологтар санынан тәртіптік мультикомандалар ұйымдастырылды. Командалар осындай балалар анықталған әрбір елді мекендердің мектептерінде, балабақшаларда оқушылармен, ата-аналармен және педагогтармен әңгімелер жүргізді, жапа шеккен балаларға төзімді қарым-қатынас туралы бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйледі. Облыстық ЖИТС-тің профилактикасы мен күрес орталығы АИТВ-инфекцияланған балаларды күту бойынша аналар үшін оқу өткізді.
2010 жылы АИТВ-инфекцияланғандардың жастық құрылымы:
- 15-19 жастағылар - 32 - 1,6% (2009ж.- 2,6%)
- 20-29 жастағылар – 759 - 38,2% (2009ж. - 40,2%)
- 30-39 жастағылар – 786 - 39,5% (2009ж. – 38,4%)
- 40-49 жастағылар – 297 - 14,9% (2009ж. – 13,9%)
- 50-59 жастағылар – 74 - 3,7% (2009ж. – 3,2%)
- >60 жастан жоғары – 16 - 0,8% (0,4%)
14 жасқа дейінгі балалар 24 (1,3%) құрайды.
15-49 жастағылардың популяциясына барлық тіркелген АИТВ-инфекциясы жағдайының 96,2% жатады. Тіркелген жағдайлар бойынша ересек жасқа қарай жылжу байқалады.
Әлеуметтік кәсіби мәртебесі бойынша бөлінуі:
- 67,6% (1344) - жұмыссыздар (2008ж. – 70,9%, 2009ж. - 70,5%);
- 18,2% (361) - жұмысшылар (2008ж. – 12,6%, 2009ж.- 15,4%);
- 4,1% (82) - қызметкерлер (2009ж. - 3%);
- 0,4% (8) зейнеткерлер - (2009ж.- 0,3%);
- 5,8% (115) – шетел азаматтары (2008ж.- 6,9%, 2009ж.- 6,7%);
- 1% (19) – колледж және жоғарғы оқу орындарының оқушылары (2009ж.- 1%);
- 0,1% (1) - әскери қызметкерлер;
- 1,6% (32) - белгісіз тұлғалар.
Жұмыс істейтін азаматтардың үлесі анықтау құрылымында біртіндеп артуда.
АИТВ/ЖИТС індетіне қарсы әрекеттер бойынша шаралар мынадай 12 бағытта жүзеге асырылды:
1) құқықтық қарым-қатынас саясатын жетілдіру, құқықтық және әлеуметтік орта жасау;
2) профилактикалық бағдарламаларды жүзеге асыру;
3) есірткі егудің зиянын азайту стратегиясын іске асыру;
4) АИТВ-инфекциясының жыныстық жолмен берілуінің профилактикасының стратегиясын іске асыру;
5) қызмет көрсетудің ерекше объектілерін тағайындау және қолдау;
6) АИТВ анадан балаға берілуінің профилактикасы;
7) қатынастан кейінгі профилактика;
8) АИТВ-инфекцияланған адамдардың қайта ауруының профилактикасы;
9) АИТВ-инфекциясының гемотрансфузиондық жолмен жұғуының профилактикасы;
10) АИТВ-инфекцияланған және ЖИТС-пен ауырғандарды вирусқа қарсы емдеудің халықаралық стандарттарына сәйкес емдеу, күту және қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру;
11) АИТВ инфекциясынан жапа шеккен адамдар үшін әлеуметтік жобаларды іске асыру;
12) жауапты іс-шараларын эпидемиологиялық қадағалауды, мониторингті, бағалауды, жоспарлауды және жобалауды жетілдіру.
ЖИТС, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының, қоғамдық ұйымдардың бастамалары бойынша жастар үшін ЖИТС мәселесіне арналған сахналандырылған көріністер, суреттер, шығармалар байқаулары, концерттер, КТК-лар, сұрақ-жауап кештері, би кешіндегі ақпараттық жұмыстар сияқты түрлі көпшілік іс-шаралар өткізіледі.
d) Әлеуметтiк қамтамасыз ету, балаларға күтiм көрсету жөнiндегi
қызметтер мен мекемелер
(26-бап және 18-баптың 3-тармағы)
Қазақстан Республикасында Конвенцияның 26-бабын және 27-бабының 3-тармағын, Комитеттiң ұсынымдарының балаларды, сондай-ақ балалары бар отбасыларын әлеуметтiк қорғау бөлiгiнде 26-28, 51, 52, 53-тармақтарын орындауға ерекше назар аударылады.
Елімізде балалары бар отбасыларын, сондай-ақ көпбалалы аналарды қолдаудың кешенді жүйесі жасалған.
2006 жылы "Балалары бар отбасыларына төленетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, оған сәйкес мынадай төленеді:
- баланың туғанына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы (отбасы табысына қарамастан);
- отбасындағы балалар санына байланысты сараланған мөлшерде бала бiр жасқа толғанға дейiнгі оның күтiмi жөнiндегi жәрдемақы (отбасы табысына қарамастан);
- табысы жан басына шаққанда азық-түлік қоржыны құнынан төмен жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы.
2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бала тууына байланысты 329,2 мың адам жәрдемақы алған, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 27,4%-ға артық. Бұл ретте жәрдемақы төлеу шығыны 15,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылдағыдан 3,6 есе көп.
Аталған кезеңде бала күтімі бойынша жәрдемақымен орта есеппен 130,6 мың адам қамтылды, бұл 2007 жылғы ұқсас кезеңнен 59,9% аз. Бұл ретте жәрдемақы төлеу шығыны 19,1 млрд. теңгені құрады немесе 2007 жылмен салыстырғанда 52,8% өсті.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен бала күтіміне байланысты жәрдемақы алатындарды қамтудың 2007 жылмен салыстырғанда төмендеуі жұмыс істейтін аналарға 2008 жылдан бастап бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен төлеуді енгізумен байланысты.
Жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақысымен (одан әрі – МБЖ) 745,8 мың бала қамтылған, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 5,4% көп, осы ретте тағайындау сомасы 9,1 млрд. теңгені (62,7 млн.АҚШ доллары) құрады. Төленген МБЖ жалпы сомасынан 74,5% ауылдық жерлерде тұратын балаларға төленгендігін атап өту керек, олардың МБЖ алушылар қатарындағы үлесі – 73% құрады.
2008 жылғы 6 ақпандағы Елбасының халқына деген Жолдауын іске асыруға қабылданған 2010 жылдан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы енгізілгеннен кейін балалары бар отбасыларын әлеуметтік қолдау одан әрі дамытылды.
Бұл ретте төртінші және одан артық бала туғанда берілетін жәрдемақы 2007 жылмен салыстырғанда 4 есеге көтеріліп, 70650 теңгені құрады;
бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтімі бойынша төленетін жәрдемақы орта есеппен 2,4 есе артық көтерілді және қазіргі кезде:
бірінші балаға – 7 772 теңге;
екінші балаға – 9 185 теңге;
үшінші балаға – 10 598 теңге;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 12011 теңге.
Әлеуметтік төлемнің жаңа түрі енгізілді - мүгедек баланы тәрбиелеуші ата-аналарға, қамқоршыларға бір ең төмен жалақы 14 952 теңге мөлшерінде жәрдемақы төлеу.
Көп балалы аналарды марапаттау үшін «Алтын алқа» алқасы 10 баладан 7 балаға дейін және «Күміс алқа» алқасы 8 баладан 6 балаға дейін шарттары өзгертілді, бұл ретте оларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 3,9-дан 6 АЕК-ге көтерілді (14,8 млрд. теңге сомасында мемлекеттік марапаттармен марапатталған 194,1 мың көпбалалы аналар қамтылды).
Қабылданған шаралар мүгедек балаларды тәрбиелеумен және дамытумен тікелей айналысатын адамдарға жәрдемақы төлеу арқылы оларды мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіруге; баланың отбасында нешінші екендігіне қарай баланың туғанына жәрдемақы төлеу көлемін айқындау мәселесінде көп нұсқалықты орнатуға; көп балалы отбасылардың маңызын, мәртебесін және санын көбейту және елімізде демографиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
Жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында қолданыстағы заңнамада балалар жәрдемақысынан бөлек, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға - жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсету көзделген.
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
(жыл соңында)
Алушылар саны, адам |
||||
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
|
Барлық тағайындалғаны |
224 817 |
244 152 |
240 294 |
194 481 |
оның ішінде: |
||||
балаларға, барлығы |
137 563 |
147 922 |
145 331 |
118 512 |
оның ішінде: |
||||
мектепке дейінгі жастағы балаларға |
59 150 |
65 787 |
67 852 |
58 070 |
мектеп жасындағы балаларға |
78 237 |
81 956 |
76 906 |
60 371 |
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға |
176 |
179 |
573 |
71 |
магистратура мен аспирантураны қоса алғанда, күндізгі бөлімнің студенттеріне, тыңдаушылары мен курсанттарына |
4 841 |
6 131 |
6 301 |
5 357 |
мүгедектерге (1,2,3 топтардағы) |
2 115 |
2 462 |
2 042 |
1 555 |
зейнеткерлерге |
1 012 |
1 333 |
1 028 |
652 |
жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздарға |
26 313 |
22 550 |
21 516 |
17 476 |
дербес жұмысбастыларға |
14 823 |
23 480 |
23 672 |
18 017 |
жалданып жұмыс істеушілерге |
7 336 |
9 206 |
9 575 |
7 409 |
бала күтімімен айналысушы тұлғаларға |
29 654 |
29 091 |
28 997 |
24 047 |
азаматтардың басқа санаттарына |
1 160 |
1 977 |
1 832 |
1 456 |
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК жалпы сомасы, мың теңге |
||||
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
|
Барлық тағайындалғаны |
2 519 253,5 |
3 406 422,3 |
3 276 450,8 |
2 785 459,1 |
оның ішінде: |
||||
балаларға, барлығы |
1 545 580,3 |
2 077 074,9 |
1 992 335,3 |
1 700 578,9 |
оның ішінде: |
||||
мектепке дейінгі жастағы балаларға |
685 073,9 |
933 113,3 |
928 459,8 |
812 189,8 |
мектеп жасындағы балаларға |
859 472,9 |
1 142 368,2 |
1 058 938,6 |
887 936,2 |
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға |
1 033,5 |
1 593,4 |
4 936,9 |
452,9 |
магистратура мен аспирантураны қоса алғанда күндізгі бөлімнің студенттеріне, тыңдаушылары мен курсанттарына |
49 335,5 |
85 996,7 |
85 721,7 |
76 731,0 |
мүгедектерге (1,2,3 топтардағы) |
13 928,9 |
22 208,3 |
16 783,8 |
12 958,0 |
зейнеткерлерге |
6 577,6 |
11 075,0 |
7 883,6 |
5 301,6 |
жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздарға |
361 670,1 |
406 296,3 |
367 883,7 |
295 695,4 |
дербес жұмысбастыларға |
121 076,5 |
246 797,9 |
257 001,6 |
220 706,3 |
жалданып жұмыс істеушілерге |
48 754,2 |
88 705,4 |
95 264,6 |
76 856,5 |
бала күтімімен айналысушы тұлғаларға |
363 219,6 |
445 884,9 |
429 323,9 |
377 858,3 |
азаматтардың басқа санаттарына |
9 110,7 |
22 382,8 |
24 252,1 |
18 773,1 |
2010 жылдың қорытындысы бойынша АӘК орташа табысы кедейлік шегінен төмен 194,5 мың адамға тағайындалды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 13,5%-ға аз.
VII. Білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар
(28, 29 және 31-баптар)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Сондай-ақ бұл норма Бала құқықтары туралы конвенциясының 28 және 29-баптарына сәйкес «Білім беру туралы» Заңда да көрініс тапқан.
Жыл сайын білім беруге мемлекеттік бюджеттің шығыны артуда.
Білім беру бюджетінің шығынының үлесі:
2007 жылы – 480,7 млрд. теңге немесе ЖІӨ -ге 3,7%,
2008 жылы – 641,0 млрд. теңге немесе ЖІӨ -ге 4,05,
2009 жылы - 746,5 млрд. теңге немесе ЖІӨ -ге 4,4%,
2010 жылы - 797,0 млрд. теңге немесе ЖІӨ -ге 4,1%
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде және білім беру оқу бағдарламасының үздіксіз және ауыспалық негізінде мынадай білім беру деңгейін қамтиды:
1. мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;
2. бастауыш білім (бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқыту бағдарламасын меңгеру мерзімі – 4 жыл);
3. негізгі орта білім (Негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқыту бағдарламасын меңгеру мерзімі – 6 жыл);
4. орта білім (жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім) (Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқыту бағдарламасын меңгеру мерзімі – 2 жыл);
5. орта білімнен кейінгі (Орта білімнен кейін кәсіптік білім бағдарламаларын игеру (медицина мамандығынан басқасы) жалпы орта білімі бар тұлғаларға 2 жылдан, ал техникалық және кәсіптік білімді – 1 жылдан аспайды);
6. жоғарғы білім;
7. жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
2010-2011 оқу жылында Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша республикамызда жұмыс істеген:
- 7516 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер;
- 78 кешкі мектептер;
- 115 мемлекеттік емес мектептер;
- 1897 әртүрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер, оның ішінде 129 гимназиялар мен 66 лицейлер.
Республикада 3 тілде оқытылатын 33 мектеп жұмыс істеген.
Мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі
оқушылар мен мұғалімдер саны
(оқу жылының басында, мың адам)
2006/2007 |
2007/2008 |
2008/2009 |
2009/2010 |
|
оқушылар саны – барлығы оның ішінде мектептерде: |
2627,4 |
2561,6 |
2534,0 |
2531,0 |
бастауыш |
30,5 |
31,0 |
27,7 |
27,2 |
негізгі |
100,2 |
100,0 |
98,2 |
90,2 |
орта |
2525,8 |
2435,6 |
2378,7 |
2359,4 |
дамуда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін |
15,9 |
15,3 |
14,7 |
14,4 |
тәрбиелеудің ерекше жағдайларын қажет ететін балалар мен жасөспірімдер үшін |
0,8 |
0,7 |
0,7 |
0,6 |
«мектеп – балабақша» кешені |
22,5 |
23,8 |
21,9 |
21,7 |
әртүрлі пәндерді тереңдетіп оқитын оқушылар саны, барлығы |
327,7 |
308,4 |
329,6 |
330,2 |
оның ішінде: |
||||
гимназиялар мен гимназиялық сыныптарда |
131,1 |
124,5 |
152,2 |
150,3 |
лицейлер мен лицей сыныптарында |
50,6 |
49,2 |
53,7 |
60,9 |
Мұғалімдер саны – барлығы |
279,1 |
276,8 |
282,2 |
286,7 |
Мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі сыныптар
тобы бойынша оқушылардың саны
2006/2007 |
2007/2008 |
2008/2009 |
2009/2010 |
|
оқушылар саны – барлығы, оның ішінде |
2697,9 |
2608,7 |
2544,0 |
2500,5 |
қалалық жерлерде |
1430,6 |
1272,4 |
1236,1 |
1192,8 |
ауылдық жерлерде |
1267,4 |
1336,3 |
1307,9 |
1307,7 |
1-4 сыныптарда – барлығы |
934,6 |
948,0 |
943,3 |
944 |
оның ішінде: |
||||
қалалық жерлерде |
493,0 |
461,8 |
457,1 |
452 |
ауылдық жерлерде |
441,6 |
486,2 |
486,2 |
492 |
5-9 сыныптарда – барлығы |
1401,9 |
1360,1 |
1308,8 |
1235,7 |
оның ішінде: |
||||
қалалық жерлерде |
754,1 |
676,9 |
648,6 |
600,3 |
ауылдық жерлерде |
647,8 |
683,2 |
660,2 |
635,5 |
10-11 (12) сыныптарда – барлығы |
344,6 |
300,6 |
292,0 |
320,9 |
оның ішінде: |
||||
қалалық жерлерде |
169,0 |
133,7 |
130,5 |
140,5 |
ауылдық жерлерде |
176,4 |
166,9 |
161,5 |
180,3 |
арнаулы коррекциялық ұйымдарда |
16,7 |
16,0 |
15,4 |
15,0 |
Адам дамуының индексі (АДИ)
Балалардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды.
Мемлекеттік бағдарламаның жалпы құны: 165 664,9 млн. теңге.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2010 жылдың 1 шілдесіндегі жағдайы бойынша білім берудің барлық деңгейлері сәйкес ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілді. Білім беру құрылымы Халықаралық стандартты білім беру классификациясымен сәйкестендірілді. 12 жылдық оқыту моделін енгізу үшін жағдай жасалуда. Техникалық және кәсіптік білімге өзгертулер енгізілді. Мамандарды үш деңгейлі дайындау енгізілді: бакалавр – магистр – Ph.D докторы. Құрамында іріленген мамандық топтары бар Қазақстан Республикасының жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі мамандықтар классификаторы бекітілді.
Құрамында тәуелсіз сыртқы бағалау элементтері бар (лицензиялау, аттестациялау, аккредитациялау, рейтинг және ұлттық бірыңғай тестілеу (одан әрі - ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (одан әрі - МАБ), талапкерлерді кешенді тестілеу) білім беру сапасын бағалайтын Ұлттық жүйе құрылды.
Білім беру ұйымдарының материалдық базасы нығайтылуда.
2009 жылы ғана мектептерге 640 биология кабинеттерін, 536 лингафонды мультимедиалық кабинеттерін (одан әрі - ЛМК), 10 физика кабинеттерін, 78 химия кабинеттерін, 721 мектепке-интерактивті тақталар жеткізілуі жүзеге асырылды мен қамтылды. Казіргі уақытта 3450 мектепте лингафонды мультимедиялық кабинеттер бар, 2005 жылмен салыстырғанда олардың саны 2661-ге өсті.
Білім беру сапасы көтеріліп жатыр.
Инклюзивті білім беру дамуда.
Орта мектеп оқушыларын ыстық тамақпен тегін тамақтану және тасымалдау мәселелері шешілуде.
Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім бар мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырыс 2005 жылғы 25 710-нан, 2010 жылы 35 425-ке көтерілді.
Білімді ақпараттандыруды дамыту жұмыстары жүргізілуде. 2010 жылы 18 оқушыға бір компьютер келеді. Бұл көрсеткіш 2005 жылы 41, оның ішінде ауылдық жерлерде 36 құраған.
Интернет желісіне 98%, оның ішінде ауылдық – 97% мектеп қосылған. Кең жолақты интернетке мектептердің 34% қол жеткізген.
Қазақстандық мектеп оқушылары TIMSS-2007 халықаралық салыстырмалы зерттеуге қатысып, 36 елдің 4-сынып оқушылары арасында математикадан 5-орын, жаратылыстанудан 11-орынды иеленді.
Қазақстанның TIMSS-2007 халықаралық
салыстырмалы зерттеудегі нәтижесі
Математика Жаратылыстану
Ұлттық жоғарғы мектепте білім берудің әлемдік деңгейіне қол жеткізу бойынша шаралар қабылданды: Қазақстан Еуропалық білім кеңістігіне кірді, Болон Декларациясына қосылды.
Сапалы жоғары білім алуға ынта білдірген студенттер саны көбеюде. Шет елдерде 20 мыңнан астам қазақстандықтар білім алуда. 3000-ға жуық Қазақстан Республикасы Президенті халықаралық «Болашақ» стипендиясының стипендиаттары 27 әлем елдерінде оқиды.
Жоғарғы оқу орындарында білім алу шетелдіктердің келуіне қызығушылықты жоғарылату үшін барлық жағдайлар жасалуда. Республиканың жоғарғы оқу орындарында 10 мыңнан астам шетел азаматтары білім алуда.
Әлеуметтік серіктестік дамуда. 2010 жылы ірі компаниялармен («ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Қазақтелеком», «Қазақмыс», «Қазинжиниринг», «Қазпочта» АҚ және т.б.) және аймақтық әкімшіліктермен 32 меморандум мен келісімдер жасалды.
Жаңа жағдайда білім жүйесінің дамуы еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсуінің анықтаушы факторы болып табылады. Осы мақсатта Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Бағдарламаның бірінші кезеңінің (2011-2015 жж.) қаржыландыру көлемі республикалық бюджеттен 461,1 млрд. теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбиеге үлкен назар аударылған.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік бюджет шығындарының үлесі соңғы жылдар ішінде жалпы ішкі өнімнің (одан әрі - ЖІӨ) шамамен 0,1%-ын құрайды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (одан әрі – ЭЫДҰ) мүшесі болып табылатын елдерде - ЖІӨ-ден 1%-дан 2%-ға дейін.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын жою мақсатында 2010-2014 жылдарға арнайы салалық "Балапан" бағдарламасы әзірленді. 2010-2014 жылдарда бағдарламаны іске асыру шараларын қаржыландыру көлемі 216 283, 5 млн. теңгені құрайды.
Бағдарламаның мақсаты - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында сапалы қызмет көрсету бойынша халықтың сұранысын қанағаттандыру.
Қазақстанда қойылған мақсаттарға жету үшін мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттарына арналған бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыға салынған, сатып алынған және коммуналды меншікке берілген, мектепке дейінгі ұйымдарды жөндеу және қайта құру арқылы мектепке дейінгі ұйымдарға 300 мыңнан астам орын енгізу жоспарлануда.
2011 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша Республикада 6960 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді (2010 ж.- 6446 бірлік), оларда 481 мың бала тәрбиеленеді (2010 ж.- 446,4 мың).
"Балапан" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2010 жылмен салыстырғанда жүйе 514 бірлікке көбейді (222 балабақша, 292 шағын орталықтар). Жүйенің өсуі мынадай қамтамасыз етілді:
- 30 балабақша (6,2 мың орын) құрылысы;
- 292 шағын орталықтың (9,2 мың орын) және 95 жекеменшік балабақшаның (7,5 мың орын) ашылуы;
- бұрын жекеменшіктендірілген 97 балабақшаның қайтарылуы, тұрғын үйлердің 1-қабаттарында ашылуы, мектепке дейінгі мекемелерді ашуға жарамды коммуналды меншікті бөлек орналасқан ғимараттарды босату, жалға алынған, басқа ғимараттар мен бөлмелерді беру (11,6 мың орын).
Нәтижесінде, барлық бала санының 1-ден 6 жасқа дейінгі 41,6% балаға балабақшаларда мектепке дейінгі білім алуға мүмкіндік жасалды. Жалпы 5-6 жастағы балалардың 88,9% мектепке дейінгі дайындықпен қамтылды.
Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен оқытуға қамтылған балалар үлесі 2015 жылға 74 пайыз, 2020 жылда 100 пайызды құрайды.
Бұл ретте барлық 5-6 жастағы балалар білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі дайындықпен қамтылады.
Білім берудің инновациялық, көптілді моделін жасау мақсатында білім беруді үш тілде ұсынатын мектептердің саны 33-тен 700-ге дейін көбейеді.
2015 жылы жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының барлық оқушысы жергілікті бюджет есебінен тегін оқулықтармен және сандық білім ресурстарымен қамтамасыз етіледі.
Мектептердің спорт залдарын қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру мәселесі шешіледі.
Жергілікті бюджет қаражаттары есебінен мектептерге сервистік қызмет көрсете отырып, оларды жаңа түрлендірілген физика, химия, биология кабинеттерімен, лингафондық және мультимедиалық кабинеттермен жарақтандыру жалғастырылатын болады, олардың үлесі 35,6%-дан 80%-ға дейін ұлғаяды.
Бұдан басқа, мектептердің үш ауысымдығы мен апаттылығын жою мақсатында мектептер салынатын болады. 2015 жылға дейін республикалық бюджеттен 200-ге жуық, осынша мектеп жергілікті бюджеттің есебінен салынады.
Техникалық және кәсіптік білім жүйесі (ТжКБ) тұлғаның мүддесін қанағаттандыруда, нарықтық еңбек сұранысында, экономика және әлеуметтік саласының даму перспективасында басты рөл атқарады.
2010 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік статистика деректері бойынша 786 ТжКБ оқу мекемесі жұмыс істейді, оның ішінде 306 кәсіптік лицей, 480 колледж. 2005 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда олардың саны 64-ке өсті. Оның ішінде 22,8% ауылдық жерлерде орналасқан.
Жалпы білім беретін мектептердің 32,7% түлектері кәсіптік лицейлер мен колледждерде, оның ішінде 9-сыныптан кейін - 24,8%, 11-сыныптан кейін 7,9% оқуын жалғастыруда.
ТжКБ оқу мекемелерінде 609 мың адам оқиды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 36,3% құрайды.
Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлау 177 мамандық және 416 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.
Демалыс, бос уақыт және мәдени қызмет
(31-бап)
Конвенцияның 31-бабын iске асыру мақсатында республикада балалардың демалуға, мәдени және шығармашылық қызметке жан-жақты қатысуына құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында шаралар қабылдануда.
Әлеуметтанушылар және саясатшылар қауымдастығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде 2008 жылы «Балалардың мәдени өмірге қатысу құқықтары: қамтамасыз етілуі және іске асырылуы» бойынша әлеуметтану зерттеуі жүргізілді. Әлеуметтану зерттеуі республиканың 63 мектебінде өткізілді – республикалық, облыстық, жергілікті маңызды 18 қалаларда және 14 ауылдық аудандық орталықтарда. Зерттеу жұмыстарына 1511 бастауыш, орта және жоғарғы сыныптардың оқушылары қамтылды. Зерттеу қорытындылары бойынша барлық қазақстандық балалар кітапханаларға еркін кіре алады, бірақ мәдени мекемелерде, демалыс және ойын-сауық орындарында, көбінесе ауылдық жерлердің балаларының барлығының, демалуға мүмкіндіктері бола бермейді. 80,5 оқушылардың пікірлері бойынша балалардың мәдени өмірге қатысудың практикалық дағдыларымен танысуы мектеп қабырғасында болады. Оқушылар мен мұғалімдердің көпшілігі (жартысынан артық 2/3 бөлігіне дейін) зерделенген мектептерде балалардың демалуына, бос уақытын өткізуге, демалуға, ойнауға, сондай-ақ қосымша білім алуға әртүрлі нысандардың бар екендігін атап өтті.
Әлеуметтану зерттеудің нәтижелерін есепке ала отырып, балалардың бос уақытын, мәдени өмірге құқығын іске асыру үшін ұйымдастыру шаралары қабылданды.
2010 жылы республикада 23396 мектепішілік спорттық секциялар, 425 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері, 563 балалар мен жасөспірімдер клубтары, 330 балалар мен жасөспірімдер көркемөнерпаздар және көркемсурет мектептері жұмыс жасауда.
2010 жылы жазғы демалыс кезеңінде 8791 балалар сауықтыру ұйымдары балалардың демалысын қамтамасыз етті (212 қала сыртындағы лагерлер, олардың 7-і жыл бойы жұмыс істейді; 5900 - мектеп жанындағы; 84-санаторийлік; 1628 профильдік және дебаттық; 967-спорттық және палаталық лагерлер).
8751 ұйым мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастырды (676 аула клубтары, 3029 қызығушылығы бойынша клубтар және 5046 мектеп жанындағы алаңдар).
1 млн. 953 мың. 351 оқушылар демалудың, сауықтырудың және жұмыспен қамтудың барлық нысандарымен қамтылды, бұл 1-10 сынып оқушыларының жалпы санының 83% құрайды.
886222 оқушы сауықтыру демалысымен қамтылған, оның ішінде қаласыртындағы сауықтыру ұйымдарында - 11%.
Балалардың бос уақытын ұйымдастыру, аула клубтар желісін дамыту бойынша Қарағанды облысында - 112, Шығыс Қазақстан облысында - 79, Павлодар облысында - 60, Қостанай облысында - 46 оң тенденция байқалады.
Балаларды сауықтыру мекемелерінің желісін кеңейту, жаңғырту және сақтау бойынша шаралар қабылданды (Павлодар облысында жыл бойы жұмыс істейтін оқыту-сауықтыру орталығы ашылды, Қостанай облысында жетім балаларға арналған лагерь жаңартылды; Шығыс Қазақстан - 26, Солтүстік Қазақстан - 19, Батыс Қазақстан облыстарында - 13 желісі сақталуда).
Жазғы демалыс кезеңінде республикада 153-тен астам спорт лагерлері жұмыс атқарды, олардың қызметімен жалпы бала санының 3% қамтылды.
VIII. Арнайы қорғау шаралары
i) Босқын балалар
(22-бап)
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының «Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың құқықтарын қорғау» деген 47-бабында мыналар көзделген:
1. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың өз мүдделерiнiң қорғалуына құқығы бар.
2. Баланың тұрып жатқан жерiндегі қорғаншы және қамқоршы органдар, аумақтық көшi-қон қызметтерi ата-анасының не өзге де заңды өкілдерiнiң бар екендiгi және олардың тұратын жерi туралы мәлiметтер алуға жәрдемдеседi, қажет болған жағдайда баланы емдеу-профилактикалау немесе бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға орналастырады.
2008 жылы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «Қазақстан Республикасындағы босқындар мен оралмандардың құқықтарын сақтау туралы» арнайы баяндамасы басып шығарылды, ол Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен БҰҰ-ның ҚР-дағы босқын балалар жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасының құру жөніндегі бірлескен жобасы бойынша жұмыстың нәтижесіне айналды.
Баяндамада босқындар мен оралмандар тап болатын проблемалар талданды, жобаның барысында жүргізілген босқындар мен оралмандардың, оның ішінде балалардың құқықтарын сақтау мониторингінің нәтижелері тұжырымдалды.
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап пана іздеп жүрген адамдардың және республиканың аумағындағы босқындардың құқықтық жағдайын анықтауға бағытталған «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді. Құқықтық көмекпен қатар олар ҮЕҰ-дан, халықаралық ұйымдардан материалдық және гуманитарлық қолдау алады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, оның ішінде босқындарға әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік шаралары қолданылмайды.
Көші-қон саясаты саласындағы қолданыстағы заңнама пысықтауды талап етеді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының 2007 – 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон саясаты комитетінің деректері бойынша 2011 жылғы 15 қаңтарда Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында Ауғанстаннан (106), Ираннан (5), Қырғызстаннан (1), Пәкістаннан (1), Қытайдан (2) және Өзбекстаннан (11) келген 226 босқын бала (мектепке дейінгі жастағы - 66, мектеп жасындағы - 160 бала) тұрады. Оның ішінде 100 босқын бала Қазақстанда туған.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8, 47-баптарына сәйкес мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шегінде тегін жалпы орта білім алуға кепілдік береді.
БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының 2-бабының ережелері қазақстандық заңнамада әрбір баланың тең құқығын қамтамасыз етуді бекітіп берді, сондықтан тұруға рұқсаты бар шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың балалары үшін ана тілін тереңдетіп оқуға жағдайлар жасалған.
Алматы қаласында Ауған мәдени орталығы, Ауған босқын әйелдері қауымдастығы, Ауған мектебі сияқты босқындардың қоғамдық бірлестіктері құрылып, жұмыс істеуде, онда 60-тан астам бала білім алады, ауған балаларына арналған балабақша жұмыс істейді.
Қазақстан БҰҰ-ның БЖКБ (Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасы) іс-шараларына белсенді түрде атсалысуда.
2011 жылғы 7 сәуірде Астана қаласында 2007 жылғы 14 қарашада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді.
b) Кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін орындау
(40-бап)
Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар бойынша және оларға қатысты қылмыстық істерді тергеу ерекше бақылауда тұрады. Мәселен, осы санаттағы қылмыстық істерді тергеудің жай-күйі ай сайын талданып отырады және талдау негізінде кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке немесе өзге де құқық бұзушылықтарға тартатын адамдарды (ата-аналарын, ересек таныстарын, достарын) анықтау және қылмыстық, азаматтық, отбасылық және әкімшілік заңнамаға сәйес оларға шаралар қабылдау жөніндегі жұмысты жандандыру туралы нұсқаулар жіберіледі.
Сонымен қатар алдын ала тергеуді жүзеге асыру барысында кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтарын бұзу фактілері шығып отыр. Мәселен, 2008 жылы 7 бұзушылыққа жол берілді (3 кәмелетке толмағанды сот ақтады; сотқа аса ауыр қылмыс туралы қылмыстық істің жіберілуін ведомстволық бақылаудың нашар болуына байланысты Ақтөбе облысында Тен қасақана адам өлтірудегі кінәсіне айғақтардың жеткіліксіз болғаны үшін ақталды, Ақмола облысында – ҚК 2-бөлігінің 145-бабы бойынша Рудобаба және Солтүстік Қазақстанда – ҚК 1-б. 177-бабы бойынша Байманов). Қылмыстық жауапкершілікке мыналар негізсіз тартылды – 3 (Солтүстік Қазақстан облысынан – А.А.Колбасов ҚК 3-б. 103-бабы бойынша және А.Ю.Коваленко ҚК 2-б «а», 257-бабы бойынша – Б.Т.Халиуллин ҚК 2-б. 96-бабы бойынша). 1 кәмелетке толмаған заңсыз ұсталды (денсаулыққа аса ауыр зиян келтіргені үшін күдікті А.Р.Каменских (СҚО).
Ювенальды әділет
2008 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасында ювенальды әділет жүйесін дамытудың 2009 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы» (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілді және 2008 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен осы Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында ювенальды әділет элементтерін кезең-кезеңмен енгізу және дамыту болып табылады, бұл кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін оның барлық кезеңінде атқарудың тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Тұжырымдамада Әділет, Ішкі істер, Білім министрліктерінде, соттарда, прокуратураларда және адвокатурада кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу жөніндегі мамандандырылған бөлімшелер құру көзделеді.
2008 жылғы 1 сәуірде Алматы қаласы Бостандық ауданының және Астана қаласы Алматы ауданының ішкі істер органдары базасында ювенальды полиция жұмыс істеді, 2011 жылғы маусымнан бастап ювенальды полиция бөлімшелерін құру жөніндегі жұмыс елдің барлық ауданында басталды.
Астанада, Алматыда, Көкшетауда, Павлодарда және Екібастұзда арнайы конкурстан өткен адвокаттардан және әлеуметтік қызметкерлерден тұратын мамандандырылған ювенальды заң консультациялары жұмыс істейді.
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Басқармасында ювенальды әділет тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бас маманының лауазымы және облыстардың және Астана қаласының ҚАЖ департаменттерінде ювенальды әділет тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор маманның 15 лауазымы енгізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 мамырдағы № 494 қаулысымен қылмыстық-атқару инспекцияларының штат саны 2010 жылы 591 бірлікке ұлғайды. Оның ішінде аудандық және қалалық инспекциялардың штаттарына қосымша саны 241 бірлік ювенальды әділет тобының мамандары енгізілді.
Ювенальды әділеттің басты міндеті балалар арасындағы қылмысты, қараусыз және қадағалаусыз қалудың алдын алуды қамтамасыз ету және оларға қатысты қылмыстық жазалар қолдану жағдайларын азайту болып табылады.
Ювенальды әділет тұжырымдамасын орындау үшін ішкі істер органдары жүйесінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру жөніндегі бөлімшелер ювенальды полиция бөлімшелері болып қайта құрылды («Ұйымдық-штаттық мәселелер туралы» ІІМ-нің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 281 бұйрығы). Бұдан басқа, кәмелетке толмағандарды тараптардың татуласқаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігі пайда болды (ҚК-нің «Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату» деген 67-бабы).
Медиация рәсімі заңнамалық түрде ресімделе бастады – 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Медиация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдармен отбасы және балалар істері жөніндегі ерекшеліктерді ескере отырып, медиация рәсімін азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын дауларға (жанжалдарға) қатысты қолдану негіздері регламенттелді.
Соттылығына кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істер және кәмелетке толмағандардың құқықтарын тікелей бұзатын қылмыстар туралы қылмыстық істер ғана емес, баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы, ата-аналарды құқықтарынан айыру (шектеу) және қалпына келтіру туралы, бала асырап алу туралы; кәмелетке толмаған балаларды қорғауға және қорғаншылыққа алудан (патронаттан) туындаған даулар бойынша азаматтық істер де; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер де (кәмелетке толмағандардың құқықтарына бас сұғу – ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы, кәмелетке толмағанды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту) және басқалар жатқызылған кешенді заңдық құзыреттегі соттар болып табылатын ювенальды соттар жұмыстарын табысты жалғастырып отыр.
Соңғы екі жылдың ішінде ювенальды соттар қараған істердің саны екі есеге өсті. Қылмыстық істер жасаған кәмелетке толмағандардың көпшілігіне қылмыстық жазалау шарасы тағайындалады. Биылғы жылы бас бостандығынан айыруға тек 11 % жазаланды, Астана қаласы бойынша бұл көрсеткіш 8%-ды құрады.
Тергеу практикасын талдау кәмелетке толмағандарға қатысты тұтқынға алудың баламалы шараларын қолдану фактілерінің ұлғаю үрдісі бар екенін куәландырады.
№ |
Есепті кезең |
Ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы жазылым |
Жеке кепілгерлік |
Кәмелетке толмағанды қарауға беру |
Кепіл |
Үйде қамауда ұстау |
қамау |
1 |
2007 ж. |
74 |
4 |
31 |
2 |
11 |
600 |
2 |
2008 ж. |
96 |
5 |
10 |
1 |
1 |
571 |
3 |
2009 ж. |
2979 |
59 |
704 |
0 |
7 |
534 |
4 |
2010 ж. |
2481 |
56 |
635 |
0 |
11 |
293 |
Мәселен, 2007 жылы 600, 2010 жылы – 293 (-45,1%) қамау қолданылды.
Үкіметтік емес сектормен ынтымақтастық дамуда. Мәселен, Астана қаласында 2010 жылдан бастап әкімдіктің және ЮНИСЕФ-тің қолдауымен балаларды жабық мемлекеттік мекемелерге жіберудің тиімді қоғамдық баламасын ұсыну, оларды қамауда күтіп-ұсату және оларға қатысты бас бостандығынан айыруға байланысты жазаларды жүзеге асыру жөніндегі жобаны жүзеге асыра отырып, «Шанс» әлеуметтік-құқықтық қолдау орталығы жұмыс істейді.
Жоғарыда келтірілген шаралар олар бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты түзеу мекемелерінде болу шарасы қолданылған істер санының азаюына алып келді (шамамен істің 60%-ы бойынша шартты жазалау шарасы немесе тәрбиелік ықпал ету шарасы тағайындалды), татуласу жағдайларының саны артты, соңғы төрт жылдың ішінде түзеу колонияларында жазаларын өтеп жатқан және сотқа дейін қамауда ұсталып отырған балалар саны екі есеге қысқарды.
Ювенальды әділет саласындағы мамандарды даярлау үшін Жоғарғы Сот Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтымен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың қатысуымен істерді қарауға маманданған судьяларды оқыту жөніндегі арнайы бағдарлама және тақырыптық жоспар әзірледі.
Ұстаудың, түрмеге қамаудың немесе күзетпен ұстаудың кез келген
нысандарын қоса алғанда, бас бостандығынан айрылған балалар
(37 b) d бап)
2008 жылғы 26 маусымда Қазақстан 2007 жылғы 24 қыркүйекте Нью-Йоркте қол қойылған Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялады және тәуелсіз ұлттық превентивті тетікті (ҰПТ) әзірлеу жөніндегі міндеттемені қабылдады.
Факультативтік хаттама ратификацияланған сәттен бастап Қазақстанда ҰПТ құру, оның моделі және заңнамалық бекітілуі конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, жұмыс отырыстарында, семинарларда бірнеше рет талқыланды.
ҰПТ тағайындау кезінде негізгі мәселе аталған тетікке өз функцияларын орындау үшін жеткілікті мандат беру болып табылады.
ҰПТ шеңберінде баратын орындар барлық жабық мекемелер, оның ішінде балаларға арналған мекемелер болып табылады. Нәтижесінде Ұлттық превентивті тетік шеңберінде тексерілуі мүмкін 244 мекеме анықтады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінде (бұдан әрі – ҚАЖ) бүгінгі таңда 4 тәрбиелеу колониясы (бұдан әрі – ТК) және Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҚАЖ комитеті департаментінің (бұдан әрі – ҚАЖКД) ЛА-155/4 мекемесі жанында қыздарға арналған бір жергілікті учаске бар. Соңғы үш жыл ішінде көрсетілген колонияларда ұсталып отырған сотталғандар санының азаю үрдісі байқалды. Жобалық қуаты 1300 орындық тәрбиелеу колониясында: 2008 жылы - 449, 2009 жылы - 427, 2010 жылы - 243 кәмелетке толмаған сотталғандар (о.і. 3 – әйел жынысты) болды.
Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, төрт тәрбиелеу колониясының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасында Алматы қаласында күтіп-ұстау шарттары бойынша лимиті 350 орындық (1223 ш.м) халықаралық стандарттарға жақындатылған бір колония құруға шешім қабылданған.
Республиканың мәдени өмірінің орталығы болып табылатын, климат жағдайы жұмсақ Алматы қаласында кәмелетке толмаған сотталғандарды күтіп-ұстау тәрбиелеу процесінің тиімділігіне ықпал ететін болады. Бұл бастаманы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы қолдады.
Бүгінгі таңда кәмелетке толмаған сотталғандар Ақтөбе мен Өскемен қалаларының тәрбиелеу колонияларынан Алматыға көшірілді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен Ақтөбе мен Өскемен қалаларындағы тәрбиелеу колониялары оңынан сипаталатын ересек сотталғандарға арналған колония қоныстар етіп қайта бейімделді. Аталған шара Республиканың басқа колония қоныстары етіп қайта лимиттеу проблемасын оңынан шешуге мүмкіндік береді.
2011 жылғы маусымның соңына дейін тәрбиленушілерді Петропавл қаласының тәрбилеу колониясынан көшіруді аяқтау жоспарлануда.
2010 жылы 170 кәмелетке толмаған сотталғандар мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды (2009 ж. - 157).
2011 жылғы 1 қаңтарда ҚАЖ қылмыстық-атқару инспекцияларында қоғамнан оқшаулаусыз 707 кәмелетке толмаған сотталғандар есепте тұр (1286 – 2010 ж.)
Сотталғандарға тәрбиелік ықпал ету тиімділігін арттыру және колония әкімшілігіне көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітілді. Қамқоршылық кеңестер, сондай-ақ сотталғандардың ата-аналары және басқа да туыстары қатарынан ата-аналар комитеттері құрылды.
Барлық тәрбиелеу колонияларында тәрбиеленушілер құқықтарының сақталуын қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық бақылаушы комиссиялар әрекет етеді.
Сотталғандардың жеке басын толыққанды дамыту, олардың жалпы зердесін кеңейту және ой-өріс деңгейін арттыру мақсатында республиканың тәрбиелеу колонияларында оқыту ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда тәрбиелеу колонияларында 5 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда орта білім алмаған тәрбиеленушілер білім алады, оның ішінде бір бөлігі мемлекеттік тілде оқиды. Үйірмелерде тәрбиеленушілер сурет салу, қолданбалы өнер техникасына және компьютерлік сауаттылыққа оқып-үйренеді.
Кәмелетке толмаған сотталғандарға арналған түзеу мекемелерінде 5 кітапхана жұмыс істейді, онда сотталғандар көркем және заң әдебиетін, газеттер мен журналдарды пайдалана алады. Сондай-ақ сотталғандардың жеке қаражатына баспа басылымына жазылуды жүзеге асыруға құқығы бар. 2010 жылы тәрбиелеу колонияларының кітапхана қоры 43212 кітапты құрады.
Көшеде тұратын немесе жұмыс істейтін балалар
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР Заңына сәйкес балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алудың әртүрлі бағыттары жөніндегі іс-шаралардың тұтас кешені жүргізілуде.
2007 жылдан бастап елде Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Комиссияның отырыстарында 30-дан астам, оның ішінде балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу проблемалары бойынша 10 мәселе қаралды. Мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін біріктіретін осындай комиссиялар елдің барлық өңірлерінде жұмыс істеуде.
Құқықтық сауаттылықты арттыру және жасөспірімдердің қадағалаусыз және панасыз қалуын азайту мақсатында 2010 жылы Білім және ғылым, Ішкі істер, Денсаулық сақтау және Әділет министрліктері Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық жоспарды әзірледі.
Қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды анықтау үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп, ҮЕҰ және жұртшылық «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше», «Қамқор», «Мектепке жол» атты және басқа да рейдтік іс-шаралар мен акцияларды үнемі жүргізіп отырады.
2010 жылы ҚР ІІМ «Балалар біздің болашағымыз» (15 сәуірден бастап 15 мамырды қоса алғанда) және «Полиция және мектеп» (13 қыркүйектен бастап 6 қазанды қоса алғанда) атты акцияларды өткізді. Акциялар барысында кәмелетке толмағандар арасындағы маскүнемдіктің, алкоголизмнің, нашақорлық пен темекі шегудің алдын алуға бағытталған 10 мыңнан астам лекциялар мен әңгімелесулер, 500 семинар, бір мыңнан астам дөңгелек үстел, 300 брифинг өткізілді. Мектептегі полиция инспекторлары қызметінің тиімділігін айқындау мақсатында мектеп оқушылары мен педагогтарға 2 мыңға жуық сауалнама жүргізілді. Мыңнан астам спорттық және 800-ден көп мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың ерте алдын алудың неғұрлым тиімді әдістерінің бірі жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру және оларды спорттық секциялар мен үйірмелердегі сабаққа тарту болып табылады.
Осыған байланысты Ішкі істер министрлігінің барлық ведомстволық спорт залдарында тегін негізде нашар отбасыларынан шыққан кәмелетке толмаған балаларға арналған сабақтар өтеді. Сабаққа шамамен 10 мың кәмелетке толмаған тартылған.
Өмірлік қиын жағдайдағы кәмелетке толмағандарды бірыңғай есепке алу деректерінің интеграцияланған банкі құрылды. Деректер банкіне дәлелсіз себеппен мектепке бармайтын, арнайы білім беру ұйымдарындағы балалар, қатал қарау мен зорлық-зомбылықтың құрбандары, нашар отбасыларынан шыққан, қадағалаусыз, панасыз қалған, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізілген балалар туралы мәліметтер енгізіледі.
Қызылорда облысында Өмірлік қиын жағдайдағы балаларға арналған оңалту орталығы жұмыс істейді.
Саран қаласында үш балабақша мен жасөспірімдер клубы жанында Проблемасы бар отбасы орталық және Отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді.
2010 жылы «Мектепке жол», «Қамқор» атты акциялар барысында әлеуметтік қорғалмаған санаттағы 374 655 балаға шамамен 1,7 млрд. теңге сомасына (2009 жылы – шамамен 439 мың бала 1,6 млрд. теңге сомасына) көмек көрсетілді.
Бұдан басқа, әлеуметтік қорғалмаған мектеп оқушыларына барлығын оқыту қорынан көмек көрсетіледі. Барлығын оқыту қорларына аударымдар сомасы 5,5 млрд. теңгені немесе мектептерді күтіп-ұстауға арналған шығыстар сомасының 1,7%-ын (2009 жылы - 4,6 млрд. теңге немесе 1,6%) құрады.
Нашар отбасыларымен және қадағалаусыз қалған балалармен жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін мектептердің штаттарына 3 139 әлеуметтік педагог, 7 мыңнан астам психолог енгізілді, сондай-ақ мектептерде 1,5 мың полиция инспекторлары жұмыс істейді.
ҮЕҰ-мен («Сандж» зерттеу орталығымен, «Балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы» АБ) бірлесіп, отбасылық нашарлықты ерте анықтау жөнінде әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізілуде, осы мәселе бойынша ұсынымдар әзірленді.
Мынадай әдістемелік құралдар шығарылды: «Отбасылық нашарлық: себептері және алдын алу», «Мектепте отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру».
ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен БҰҰ-ның Балалар қоры өкілдігінің (ЮНИСЕФ) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Қазақстанда 2011 жылғы шілде – қарашада Қазақстанның қалалық жерлерінде тұратын ең әлсіз балалардың және тәуекел тобындағы балалардың жағдайын, сондай-ақ балаларды жыныстық пайдалану аспектілерін және ішкі трафикті, қараусыз қалушылық және зорлық-зомбылық жағдайына жедел бағалау өткізу жоспарланып отыр.
Көшедегі балалар арасындағы ахуалды зерделеу үшін үкіметтік емес ұйымдарды тарту жоспарланып отыр.
c) Балалардың еңбегін қоса алғанда, балаларды экономикалық
пайдалану
(32-бап)
Еңбекпен пайдаланудан балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңнама жетілдірілуде. Мәселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына «баланы экономикалық пайдалану» ұғымы енгізілді және экономикалық пайдаланудан қорғауға баланың құқығы бекітіп берілді.
Халықаралық Еңбек Ұйымының Балалар еңбегінің ең нашар нысандарына тыйым салу және олардың жолын кесу жөніндегі шұғыл шаралар туралы № 182 Конвенциясының (Женева, 1997 жылғы 17 маусым) және Жұмысқа қабылдау үшін ең төмен жас туралы № 138 Конвенциясының ережелері (Женева, 1973 жылғы 26 маусым) «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілді.
Мысалы, заңнамалық актінің 30-бабында былайша белгіленген: «Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі. Ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімімен: 1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда, он бес жасқа толған азаматтармен; 2) сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін, он төрт жасқа толған оқушылармен; 3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және адамгершілік тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін, осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін. Еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиіс».
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсіп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға құқығы бар деп белгіленген. Осы баптың 4-тармағына сәйкес баланы еңбек жағдайлары зиянды немесе қауіпті ауыр жұмысқа қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады. Жұмысты орындау білім алу процесін бұзбауға тиіс.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі № 185-ө бұйрығымен он сегіз жасқа толмаған адамдардың еңбегін қолдануға тыйым салынатын ауыр білек күшімен істелетін жұмыстардағы және еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды), қауіпті (аса қауіпті) жұмыстардағы өндірістердің, кәсіптердің тізімі бекітілді.
Жұртшылықты бала еңбегінің пайдаланылуы туралы хабардар ету мақсатында жыл сайын «12 күн бала еңбегін пайдалануға қарсы күрес» атты ұлттық ақпараттық науқан өткізіледі. Науқан кезінде республикада бала еңбегін пайдалану фактілерін анықтау бойынша алдын ала рейдтер, кәмелекте толмағандармен бала еңбегінің ерекшеліктерін түсіндіру бойынша әңгіме өткізіледі, бала еңбегін пайдалану туралы буклеттер мен жадынамалар таратылады, баспасөз-конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, конкурстар мен концерттер өткізіледі. Науқан шеңберінде жыл сайын 300 мыңнан астам ересектер мен балаларды қамти отырып, төрт мыңнан астам іс-шара өткізіледі.
2007 жылы «Зияткерлік еңбек әйелдерінің одағы» АБ-мен бірлесіп, әлеуметтанушылық зерттеу өткізілді және «ҚР-дағы бала еңбегінің ең жаман нысандары: ахуалды бағалау және елде қабылданған шаралар туралы» атты жинақ шығарылды.
2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасында Бала еңбегінің ең нашар нысандарын түбегейлі жою және ХЕҰ-ның № 182 Конвенциясын іске асыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған бірлескен жұмыс жоспары іске асырылуда.
2009 жылы Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының мақта және темекі өсіретін алқаптарында жұмыс істеген 900 бала, 2010 жылы – бала еңбегінің 532 фактісі анықталды.
2010 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауы бойынша 18,0 мыңнан астам тексерулер жүргізілді. Әрбір тексеруді жүргізу кезінде мемлекеттік еңбек инспекторлары міндетті түрде бала еңбегінің заңсыз пайдаланылуына назар аударады.
Тексеру қорытындылары бойынша балалар еңбегін пайдалануға жол берген лауазымды адамдар жауапкершілікке тартылды.
Есірткі құралдарын пайдалану
(33-бап)
Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы 2009–2011 жылдарға арналған бағдарлама бекітілді.
Республикада үнемі «Жастар есірткіге қарсы» атты акция өткізіліп тұрады. 2010 жылғы маусымда республиканың барлық қалалары мен өңірлерінде Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған және есірткіні пайдалану проблемасына жұртшылықтың назарын аударуға және қоғамдық есірткі иммунитетін қалыптастыруға бағытталған жаппай акциялар өткізілді.
Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті (бұдан әрі – Комитет) Астана қаласының әкімдігімен және астананың Ішкі істер департаментімен бірлесіп, «Бостандық. Бақыт. Өмір» атты кең ауқымды акция өткізді. Акция БАҚ-та жарық көрді.
Көрсетілген іс-шараларға Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы 2009 – 2011 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде 2,176 млн. теңге бөлінді.
Елдің барлық өңірлерінде шерулер, веложүрістер, концерттік бағдарламалар, конкурстар, викториналар, спорттық жарыстар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК Білім және ғылыми министрлігімен бірлесіп, психоактивті заттарға тәуелді болуға тарту тәуекелдерін психологиялық тестілеудің диагностикалық компьютерлік бағдарламасын (бұдан әрі – компьютерлік бағдарлама) енгізу жөніндегі жұмысты жалғастырды.
2010 жылы компьютерлік бағдарламаны сынақтан өткізу және енгізу Павлодар, Астана, Алматы қалаларындағы 161 орта білім беретін оқу орындарында өткізілді.
Аталған қалаларда психологтарға, әлеуметтік педагогтарға арналған «Балалар мен жасөспірімдердің бойында психоактивті заттарға тәуелді болудың қалыптастыру тәуекелдерін және дамуын ерте анықтау тәсілі» тақырыбында үш күндік семинар-тренингтер өтті, оның барысында 161 маман оқытылды (Астана – 61, Алматы - 75, Павлодар – 25 адам).
Денсаулық сақтау министрлігіне осы іс-шараны іске асыруға Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы 2009-2011 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде 6,0 млн. теңге бөлінді.
Білім беру мекемелерінде психологиялық тұрақтылық деңгейін анықтау бойынша тестілеудің компьютерлік бағдарламасын пайдалану тиімділігін мониторингілеу жүйесі әзірленді, Қарағанды, Павлодар және Тараз қалаларының мектептерінде алдын ала бағалау жүргізілді. Мониторингтің нәтижелері бойынша осы бағдарламаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы тұжырымдар жасалды.
Бірқатар өңірде сондай-ақ халықтың әртүрлі тобы арасында әлеуметтанушылық зерттеулер өткізілді.
2010 жылы Ақмола облысында әлеуметтанушылық сауал қою өткізілді. Оның нәтижелері бойынша адамдардың есірткіні пайдалана бастауының басты себептері анықталды: серіктерінің әсер етуі – 44,4% және жұмыс істемеуі — 13,8%. Қатысқан респонденттердің 19,2%-ы есірткі қолданған. 79,9%-ы есірткі сатушыларға ешқаншан жолықпаған. Респонденттердің 61,9%-ы есірткі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарынан, 17,4%-ы – арнайы әдебиеттен, 12,3%-ы - достарынан, 7,0% - ата-аналарынан алған.
Солтүстік Қазақстан облысында өткізілген әлеуметтанушылық сауал қою есірткі пайдаланудың неғұрлым кең тараған себептері ретінде жастар басқа адамдардың ықпалын көрсетеді, компаниялар - 24%, жұмысының болмауы (бос уаұқыт) - 16,4%, «тыйым салынған жеміске» қызығушылық - 9,9% және есірткілерді пайдаланудың барлық салдарын білмеуі - 8,6%.
2010 жылы СӨС (Салауатты өмір салты) орталықтарымен бірлесіп, 96 мыңнан астам қатысушыны қамти отырып, маскүнемдік пен темекі шегудің алдын ала жөнінде 128-ден астам дәріс беру сабақтары, 1500 әңгімелесу өткізілді.
ЖОО-лар есірткі қолданудың зияны мен салдары туралы 189 дөңгелек үстел, 206 оқытушы семинар-тренингтер, 152 акция өткізді, 210 брошюра және 22 бейнефильм шығарылды.
Нарколог-дәрігерлердің, ішкі істер органдары инспекторларының, психологтардың, әлеуметтік педагогтардың қатысуымен «Бірге ойланайық» атты ата-аналарға арналған консультациялық пункттер жұмыс істейді.
Оқу орындарында тақырыптық стенділер, кітапханаларда кітап көрмелері үнемі жұмыс істейді, салауатты өмір салтын насихаттай отырып, есірткіге қарсы бағыттағы ақпараттық парақтар шығарылып отырады.
Оқу орындарында есірткіге қарсы насихаттау жөніндегі ұтқыр топтар құрылған, басшылардың бұйрықтарымен бағдарламаның іске асырылуына жауапты педагогтар тағайындалған. Педагогтар үшін жыл сайын курстар өткізіліп тұрады.
Мәселен, 2010 жылы АИТВ-ның, нашақорлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша 4, оның ішінде 2 – АИТВ мен нашақорлықтың алдын алу бойынша «Оқушылардың бойында өмірлік дағдыларды қалыптастыру негізінде АИТВ-ның, уытқұмарлықтың, нашақорлықтың, маскүнемдік пен темекі шегудің алдын алу жөніндегі жұмысты ұстау» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курсы өткізілді, оған 120-дан астам адам қатысты.
Жалпы білім беретін мектептерге көмекке ЮНЕСКО ҚМПА-ның (Қазақстандық медициналық-педагогикалық қауымдастық) қолдауымен Республикалық біліктілікті арттыру институты ата-аналарға арналған «АИТВ-ның, нашақорлықтың, уытқұмарлықтың, маскүнемдік пен темекі шегудің алдын алу» атты құрал әзірледі.
Азшылыққа тиесілі балалар
(30-бап)
Мемлекет Қазақстан Республикасының саны аз халқы мен этникалық топтарына жәрдем көрсетеді, олардың мәдениетін, ұлттық ерекшелікті сақтау мен қалпына келтіру жөніндегі саясатты жүргізеді.
Барлық осы топтардың өте жоғары азаматтық-құқықтық және қоғамдық мәртебесі бар. Олардың өкілдері ұлттық азшылық ретінде әрекет етпейді, Қазақстанның біртұтас халқының түгел барлық құқыққа ие азаматы ретінде қаралады. Этникалық топтардың мүдделері Ассамблеяның парламенттік кепілдік берілген өкілдігі арқылы қамтамасыз етіледі, нәтижесінде Ассамблеядан тағайындалатын ел Парламенті Мәжілісінің 9 депутаты елдің барлық этностары мүдделерінің жиынтығы ретінде оның мүдделерін білдіреді.
Ақпараттық алаңда 35-тен астам этникалық газеттер мен журналдар жұмыс істейді. Газеттер мен журналдар 11 тілде шығарылады, радиохабарлар – 8, ал телебағдарламалар 7 тілде жүргізіледі. 2010 жылы этникалық БАҚ-ты қолдауға 76 млн. 995 600 теңге (531 мың АҚШ доллары), оның ішінде «Украински новини», «Deutsche Allgemeine Zeitung», «Коре ильбо», «Уйгур авази», «Ватан», «Ақ барыс» және «Ахыска» газеттеріне бөлінді.
50 қазақстандық театрлардың ішінде 9 аралас, 15 орыс, 1 корей, 1 неміс, 1 өзбек және 1 ұйғыр театры жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 өкімімен бекітілген 2001-2011 жылдарға арналған тілдердің қызметі және дамуы мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстанда тұрып жатқан этностардың тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды. Республиканың білім беру ұйымдарында негізгі ережелердің бірі ретінде ана тілін үйренуде ұлттық саны аз топтардың құқықтарын іске асыру орындалуда.
Республикадағы 7 516 жалпы білім беретін мектептердің ішінде 1 524 орыс тілінде, 58 өзбек тілінде, 14 ұйғыр тілінде, 2 тәжік тілінде оқытатын, 2 097 аралас мектеп.
2 261 мектепке дейінгі мекемелердің 272 орыс тілінде, 3 басқа тілдерде оқытады; этномәдени бірлестіктерінің 190 жексенбілік мектептерінде ана тілін 30 этникалық топ оқиды.
Өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерін оқытатын жалпы білім беретін мектептердің түлектері қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) тапсыруға қатыса алады. ҰБТ қорытындылары бойынша бітірушілердің орта мектептен кейінгі және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсуге құқығы бар.
Бала құқықтары туралы конвенцияға Балалардың қарулы
жанжалдарға қатысуына қатысты факультативтік хаттама
ережелерінің жүзеге асырылуы туралы ақпарат
(Нью-Йорк қ., 2000 жылғы 6 қыркүйек)
Қазақстан Республикасы ратификациялаған Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына қатысты факультативтік хаттама 18 жасқа толмаған адамдардың әскери іс-қимылдарға тікелей қатысуына және қарулы күштерге шақырылуына жол бермеуді жариялайды. Осы хаттаманың нормалары «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының баланың әскери іс-қимылдарға, қарулы күштерге қатысуға тартылуына, балаларға арналған мамандандырылған құрамаларды құруға тыйым салатын 41-бабына, сондай-ақ «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды айқындайтын 23-бабына енгізілген.
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың қазіргі жай-күйі елде әртүрлі діндер мен ұлттар өкілдерінің бейбіт өмір сүруі үшін құқықтық, идеологиялық және қоғамдық жағдайлардың жасалғаны туралы куәландырады.
Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы халықаралық қозғалысқа белсенді қатысушы болып табылады және бейбіт азаматтардың өміріне, денсаулығы мен тыныштығына қол сұғатын террористік актілердің кез келген көріністеріне қарсы тұрады. 2010 жылғы сәуірде бейбіт халықты қорғау кепілдіктері және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің терроризмге қарсы операцияларды жүргізу үшін жауапкершілігі заңнамалық түрде күшейтілді.
«Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (2005 жылғы 18 ақпандағы № 31) сәйкес балаларды қарулы жанжалдарға қатысуға тартқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жаза көзделген.
Елде балалардың қарулы соқтығыстар мен жанжалдарға қатысуының алдын алу мен қорғау мақсатында ақпараттық-құқықтық білім беру жүргізілуде.
Республиканың барлық облыстарында Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі үйлестіру кеңестері әрекет етеді. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде жұмыс жүргізетін ардагерлер, ауған соғысы жауынгерлері кеңестері, үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. Республикада негізгі мақсаты балаларды патриоттық тәрбиелеу, дене бітімін дамыту болып табылатын «Ұлан» әскери-спорттық ойыны өткізіледі.
Барлық білім беру ұйымдарында Құқықтық білім беру мектептері жұмыс істейді, Факультативтік хаттаманың қағидаттары мен ережелерін түсіндіру жөнінде іс-шаралар, акциялар, сабақтар, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Мәселен, Астана қаласында 2010 жылы «Бейбіт уақыттағы қарулы жанжалдар», «Халықаралық терроризм және балалар» атты дөңгелек үстелдер өтті. Жыл сайын Бесландағы оқиғалар туралы еске алу үшін «Бесландағы оқиғалар», «Терроризм дегеніміз не?», «Соғыстың бала келбеті жоқ» және басқа да іс-шаралар, жиындар, сынып сағаттары өткізіліп тұрады.
Факультативтік хаттаманың ережелері «Тіршілік-әрекет қауіпсіздігінің негіздері» атты мектеп курсында оқып-үйретілді.
Әскери мектеп-интернаттарда, училищелерде Бала құқықтары туралы конвенцияға Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына қатысты факультативтік хаттаманы зерделеу жөніндегі іс-шаралар жоспарлар әзірленді.
2010-2011 оқу жылында республикада әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықпен 4 облыстық кадет мектеп-интернаттары жұмыс істейді, онда 980-нен астам оқушы оқиды жән жалпы білім беретін мектептер жанындағы 22 кадет сыныптары жұмыс істейді, онда 500 мектеп оқушысы білім алады. Осы білім беру Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды облыстарында және Астана қаласында жұмыс істейді.
Негізгі мектеп оқушыларының кадрлық әскери кәсіпті таңдауына ерте кәсіптік бағдар беру үшін республикада үш республикалық әскери мектеп-интернат ашылды, онда 1350 тәрбиеленуші білім алады.
Әскери мектептердің негізгі міндеті – мемлекеттік және шет тілдерін үйрену, жасөспірімдердің дене бітімін күшті даярлау. Әскери мектептерде оқу мерзімі – 2 жыл – 10 және 11-сыныптар.
2010 жылы балалардың өз құқықтары туралы хабардар болу деңгейі, Бала құқықтары туралы конвенция сияқты негіз қалаушы халықаралық құжаттарды білуі туралы зерттеу жүргізілді. Зерттеуде республикадан 193 025 бала қамтылды. Сауалнамаларға балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына қатысты бірқатар сұрақтар енгізілді.
Зерттеудің нәтижелері бойынша республиканың бес (16-дан) облысындағы балалар өз құқықтары туралы жақсы хабардар екені, Қарулы жанжалдарға қатысу туралы факультативтік хаттаманың негізгі ережелерін білетіні (қалған өңірлерде хабардарлылық деңгейі 52-ден 70%-ға дейінді құрайды) анықталды. Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының дерлік 100 %-ы, 77,7% - Жамбыл, 76,5% - Қызылорда және 75% - Маңғыстау облыстарының сауал қойылған оқушыларын 18 жасқа толмаған азаматтар әскери іс-қимылдарға тікелей қатыса алмайтынын және Қарулы Күштер қатарына шақырыла алмайтынын атап өтті. Барлық облыстарда балалар қарулы жанжалдарға қатыспағанын, қарулы жанжалдардың куәсі немесе құрбаны болмағаны туралы және ешқашан болғысы да келмейтіні туралы атап өтті.
«Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар
порнографиясына қатысты Баланың құқықтары туралы» конвенцияның
факультативтік хаттамасы
Қазақстан Баланың құқықтары туралы конвенцияны, ХЕҰ-ның Балалар еңбегінің ең нашар нысандарына тыйым салу және олардың жолын кесу жөніндегі шұғыл шаралар туралы № 182 Конвенциясын (Женева, 1999 жылғы 17 маусым), сондай-ақ 2000 жылғы 6 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында жасалған «Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясына қатысты Баланың құқықтары туралы» конвенцияның факультативтік хаттамасын ратификациялай отырып, балаларды жан-жақты қорғауға өзінің берілгендігін көрсетті.
2006 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясына қатысты конвенцияның факультативтік хаттамасын іске асыру жөніндегі алғашқы есепті дайындап, Бала құқықтары жөніндегі комитетке жіберді.
2010 жылы Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттердегі балалардың тағдырын бақылап отыруға құқық беретін Балаларды қорғау және шетелдік бала асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялады.
Балаларды халықаралық ұрлаулың азаматтық аспектілері туралы конвенцияға қосылу туралы мәселені шешу жөніндегі жұмыс басталды. Оның мақсаты балаларды заңсыз алып кетуден немесе ұстап отырудан халықаралық қорғауды қамтамасыз ету және оларды әншейіндегі тұрғылықты жеріне жылдам қайтару жөніндегі рәсімді белгілеу болып табылады.
Қазіргі уақытта ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Көрсетілген Заңмен «баланы экономикалық пайдалану» ұғымы енгізіліп қана қоймай, баланың экономикалық пайдаланудан қорғау құқығы да бекітіледі (баланы пайдалану – бұл бала еңбегінің ең жаман нысаны, о.і. кәмелетке толмағандарды саудаға салу, зинақорлықпен айналыстыру және т.б.)
Кәмелетке толмағандарға жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар жасаған адамдардың қылмыстық жауапкершілігі едәуір күшейтілді (ҚК-нің 120, 121, 122 және 124-баптары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндет жүктелген адамдар (ата-аналары, қамқоршылары, педагогтар) жасаған нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттерге байланысты жаңа нормалармен толықтырылды).
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы кәмелетке толмағандарға нәпсұмарлық зорлық көрсеткені үшін мерзімі 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Кәмелетке толмағандардың тәрбиешілері үшін жаза қатаңдатылды. Қамаудан шыққаннан кейін оның 10-нан 20 жылға дейін балалармен жұмыс істеуіне тыйым салынады.
Заңда Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару үшін, сондай-ақ не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тартқаны үшін жауаптылық көзделген (273-1-бап. «Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту»).
Қазақстан Республикасының аумағында қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды және порнографияны насихаттауға бағытталған мәліметтер мен материалдарды қамтитын бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік және қылмыстық жауакершілік көзделген.
Астана қаласының соты балалар порнографиясын насихаттайтын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының, интернет-ресурстардың өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында таратуды тоқтату туралы 2011 жылғы 3 маусымдағы № 2-1078/11 шешімді қабылдады.
Балаларды нәпсіқұмарлық немесе жыныстық сұрап тиісуден қорғау мақсатында заңда осындай қылмыстар үшін сотталған адамдарға қосымша талаптар белгіленген. Олар мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға тек жазасының кемінде төрттен үш бөлігін іс жүзінде өтегеннен кейін ұсынылуы мүмкін. Бала еңбегін пайдалануды болғызбау және қорғау мақсатында заң жүзінде кәмелетке толмағанның эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді басылымдарды сатуына тыйым салу белгіленген.
Осыған байланысты «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 14-бабы кәмелетке толмағанның эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді басылымдарды сатуына тыйым салуды белгілейтін нормамен толықтырылды.
Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы заңнамасының тұрмыстық күш қолдануды, нәпсіқұмарлыққа және экономикалық пайдалануды, адамдарды ұрлау мен саудаға салуды қоса алғанда, қылмыстардың құрбандары және/немесе куәлары болған балаларды қорғауды қамтамасыз ету бөлігінде іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Адамды саудаға салуға қарсы күрес жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қабылдады.
Қылмыстардың көрсетілген санаттардың серпіні былайша көрсетіледі:
- 2007 жылы:
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) 128-бабы (адамды саудаға салу) – 16 іс;
- ҚР ҚК-нің 133-бабы (кәмелетке толмағандарды саудаға салу) – 5 (Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті (бұдан әрі - ІІД) – 2 факт; Атырау, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ІІД – 1 фактіден);
- ҚР ҚК-нің 125-бабы 3-т. «б» бөлігі (пайдалану мақсатында адамды ұрлау) – 4;
- ҚР ҚК-нің 126-бабы 3-т. «б» бөлігі (пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру) – 2;
- ҚР ҚК-нің 270-бабы (жезөкшелiкпен айналысуға тарту) – 7 іс;
2007 жылы әртүрлі мерзімге 17 адам сотталды.
Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында 2007 жылғы 6 қазанда У.М. Ангарбекованың кәмелетке толмаған қызды С.С.Айтбаева ұйымдастырған жезөкшелікпен айналысу үшін притонға сату фактісі анықталды.
Осы факт бойынша У.М. Ангарбекова сот 7 жылға бас бостандығынан айыруға, С.С.Айтбаева 6 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланды.
- 2008 жылы:
- ҚР ҚК-нің 128-бабы (адамды саудаға салу) – 15 іс;
- ҚР ҚК-нің 133-бабы (кәмелетке толмағандарды саудаға салу) – 5 (Ақмола облысының ІІД) – 2; Батыс Қазақстан ІІД, Маңғыстау ІІД және Солтүстік Қазақстан облыстарының ІІД – 1 фактіден);
- ҚР ҚК-нің 125-бабы 3-т. «б» бөлігі (пайдалану мақсатында адамды ұрлау) – 4;
- ҚР ҚК-нің 126-бабы 3-т. «б» бөлігі (пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру) – 8;
- ҚР ҚК-нің 270-бабы (жезөкшелiкпен айналысуға тарту) – 11 іс.
2008 жылы әртүрлі мерзімге 24 адам сотталды.
16.01.2008 ж. Ақмола облысында азамат С.Р.Пагикян пайдакүнемдік ниетте қасақана, өз пайдасына материалдық пайда алу мақсатында И.А. Ильинмен сөз байласып, 2008 жылғы қаңтарда алдап, 1992 ж.т. Т.Д. Булышкинаны Астана қаласына әкетіп, азамат А.Б. Әміринге сатқан, ол күш көрсету арқылы жезөкшелікпен айналысуға тартқан.
Өздерінің қылмыстық әрекеттерін жалғастыра отырып, кәмелетке толмаған Ж.М. Фальманды нәпсіқұмарлыққа пайдалану үшін алдау жолымен азғырып-көндірген С.Р. Пагикян мен И.А. Ильинді Шығыс Қазақстан облысы Шортанды ауданының соты екі эпизод бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
- 2009 жылы:
- ҚР ҚК-нің 128-бабы (адамды саудаға салу) – 20 іс;
- ҚР ҚК-нің 133-бабы (кәмелетке толмағандарды саудаға салу) – 16 (Батыс Қазақстан облысының ІІД – 7 факт; Ақмола облысының ІІД – 2 факт, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ІІД – 2 фактіден, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының ІІД – 1 фактіден);
- ҚР ҚК-нің 125-бабы 3-т. «б» бөлігі (пайдалану мақсатында адамды ұрлау) – 7;
- ҚР ҚК-нің 126-бабы 3-т. «б» бөлігі (пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру) – 3;
- ҚР ҚК-нің 270-бабы (жезөкшелiкпен айналысуға тарту) – 7 іс;
2009 жылы әртүрлі мерзімге 24 адам сотталды.
08.01.2009 ж. «Атырау облыстық перзентханасының бас дәрігері С.К. Қуанованың 2008 жылғы жаңа туған баласын 4000 АҚШ долларына сатқан 1956 ж.т. Ж.З. Кушалиев қылмысы үстінде ұсталды.
Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 133-бабы 2-т. «з» бөлігі бойынша 08.01.09 ж. қылмыстық іс қозғалды. 2009 жылғы маусымда Ж.З.Кушалиев 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
- 2010 жылы:
- ҚР ҚК-нің 128-бабы (адамды саудаға салу) - 22;
- ҚР ҚК-нің 133-бабы (кәмелетке толмағандарды саудаға салу) - 17;
- ҚР ҚК-нің 125-бабы (пайдалану мақсатында адамды ұрлау) - 127;
- ҚР ҚК-нің 126-бабы (пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру) - 137;
- ҚР ҚК-нің 270-бабы (жезөкшелiкпен айналысуға тарту) - 7;
- ҚР ҚК-нің 271-бабы (жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) – 191.
Соттың үкімімен бас бостандығынан айыруға 193 адам сотталды, оның ішінде:
- ҚР ҚК-нің 128-бабы (адамды саудаға салу) – 5 адам;
- ҚР ҚК-нің 133-бабы (кәмелетке толмағандарды саудаға салу) - 5 адам;
- ҚР ҚК-нің 125-бабы (пайдалану мақсатында адамды ұрлау) – 32 адам;
- ҚР ҚК-нің 126-бабы (пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру) – 16 адам;
- ҚР ҚК-нің 271-бабы (жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) – 135 адам.
2010 жылы Қылмыстық кодекстің 133-бабы бойынша (кәмелетке толмағандарды саудаға салу) үкім шығара отырып 2 іс қаралды, ол бойынша 6 адам сотталды.
Соңғы 4 жылда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың өсуінің 5-7%-ға (6274-тен 5945-ке дейін) азайғаны байқалады. Осындай үрдіс 2011 жылы да байқалуда. Мәселен, 2011 жылдың 7 айында кәмелетке толмағандарға қатысты 4388 қылмыс жасалды, оның ішінде 140 зорлау, 74 нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері, 16 жасқа толмаған адаммен 70 жыныстық қатынас немесе нәпсіқұмарлық сипатындағы өзге де іс-әрекеттер.
Қазақстан Республикасындағы Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес заңнамалық шаралармен балаларды әлеуметтік ортаның келеңсіз әсерінен қорғаудың тиімділігін арттыру мәселелері шешілуде және құқық қорғау практикасының басымдықтары жазалау-репрессия шараларынан кәмелетке толмағандарға қоғамнан оқшаулауға байланысты жазалау және жолын кесу шараларын қолдануды барынша азайту жолымен алдын алу және күзету-қорғау функцияларына ауыстырылды.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғау мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қылмыстардың осы санаттарының алдын алуға, ашуға және тергеуге бағытталған шаралар кешені іске асырылуда.
Мәселен, 2009 жылғы наурызда «STOP трафик» ОПМ шеңберінде «Қазақстанның дағдарыс орталықтарының одағы» Заңды Тұлғалар Бірлестігімен (ЗТБ) және ҚР-дағы АҚШ Елшілігімен бірлесіп, үгіт-насихат поездарын жібере отырып, «Адамды саудаға салу құрбаны болма!» атты ауқымды республикалық акция өткізілген болатын.
Ақпараттық науқанның қорытындылары бойынша адамды саудаға салу құрбандарының құқықтары мен бас бостандықтарын қорғаумен айналысатын ҚР-дағы АҚШ Елшілігінің, ҚР-дағы ЮНИСЕФ-тің, ҚР-дағы ЕҚЫҰ Орталығының, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Адамды саудаға салуға қарсы іс-қимыл: тәжірибе алмасу, стратегиялық тәсілдерді әзірлеу және ынтымақтастықты нығайту» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
2009 жылғы қыркүйекте Ішкі істер, Әділет, Білім және ғылым министрліктері, ҚР-дағы АҚШ Елшілігі және «Феминистская лига» ОО ҮЕҰ Астана қаласының, Ақмола облысының оқушылары мен студенттері үшін саудаға салу нысанасы болған адамдардың нақты тарихына негізделген «Түнгі жұлдыздар» атты театрландырылған көріністі алдын алу қойылымын ұйымдастырды.
Бір уақытта ақпараттық буклеттер, «Құлдыққа жоқ де!» деген дискілер таратылды.
2009 жылдан бастап Астана қаласында Әділет министрлігінің қолдауымен мемлекеттің бюджетінен қаржыландырылатын «Қорғау» атты адамды саудаға салу құрбандарын оңалту жөніндегі дағдарыс орталығы құрылып, жұмыс істеуде.
2009 жылғы қарашада Ішкі істер министрлігі «Дағдарыс орталықтарының одағы» заңды тұлғалар ұйымымен бірлесіп, Адамды саудаға салуға қарсы күрес жөніндегі еуропалық комиссия сарапшысының және халықаралық өкілдердің қатысуымен Қазақстанда «Адамды саудаға салуға қарсы іс-қимыл: тәжірибе алмасу, стратегиялық тәсілдерді әзірлеу және ынтымақтастықты нығайту» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
2009 жылғы мамырда, қазанда және желтоқсанда Ақтау, Павлодар және Ақтөбе қалаларында «Адам құқықтары үшін хартия» қоғамдық қоры ІІБ мен прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстанда адамды саудаға салуға қарсы іс-қимыл туралы семинар өткізді.
Адамды саудаға салу фактілерін анықтау мен жолын кесу, сондай-ақ адамды саудаға салу құрбандарына заң, медициналық және психологиялық көмек көрсету мақсатында Ішкі істер министрлігі республиканың аумағында елдің барлық өңірлерінде қалалық және ұялы телефондардан хабарласуға қолжетімді «11616» тікелей сенім телефонының жұмыс істеуі туралы мәселені шешті.
Республикада әрбір бала көмекке жүгіне алатын балаларға арналған қоғамдық қабылдау бөлмелері, сенім телефондары жұмыс істейді, тегін тәулік бойғы 150 телефон желісі енгізілген.
Қазіргі уақытта ҮЕҰ-мен бірлесіп, халықтың, оның ішінде балалардың адамды саудаға салу, әйелдер мен балаларды экономикалық және нәпсіқұмарлық пайдалану мәселелері жөнінде хабардарлылық деңгейін арттыру жөнінде жұмыс жүргізілуде.