"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдарға Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көрсетілген лауазымдар атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атауларды қолдану құқығы берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы | |
Президентінің | |
2015 жылғы 29 желтоқсандағы | |
№ 150 Жарлығымен | |
БЕКІТІЛГЕН |
Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының
ТІЗІЛІМІ
Ескерту. Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.06.2016 № 272; 05.10.2016 № 349; 27.10.2016 № 362 (04.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі және 31.12.2017 дейін қолданылады); 31.10.2016 № 366; 04.11.2016 № 369 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз); 14.03.2017 № 446; 05.04.2017 № 456 (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 471; 01.06.2017 № 487 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2018 № 681; 04.08.2018 № 723; 26.12.2018 № 815 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.02.2019 № 843; 19.03.2019 № 884 (ҚР Тұңғыш Президентінің – Елбасының президенттік өкілеттіктері тоқтатылғаннан сәттен бастап қолданысқа енгізіледі); 13.04.2019 № 22; 11.07.2019 № 58; 22.07.2019 № 74; 22.07.2019 № 75; 09.10.2019 № 184; 02.05.2020 № 316 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз); 05.10.2020 № 427; 05.10.2020 № 428; 09.12.2020 № 467; 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 09.02.2021 № 506 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.02.2021 № 515; 20.04.2021 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.09.2021 № 651 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.01.2022 № 785 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 09.02.2022 № 808; 14.06.2022 № 927; 30.06.2022 № 948 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.11.2022 № 5; 02.01.2023 № 78 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.01.2023 № 106; 02.02.2023 № 123; 05.06.2023 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2023 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі); 13.06.2024 № 570 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.10.2024 № 662 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
1-тарау. Мемлекеттік саяси лауазымдар
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелері
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, оның орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы мен мүшелері
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, оның орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасының министрлері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, олардың бірінші орынбасарлары, орынбасарлары және аппараттарының басшылары
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері
Халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі
Халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты Басшысының орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының бөлім меңгерушілері және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілдері
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры, оның орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісі аппараттарының басшылары және олардың орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының Басшысы, оның орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің мемлекеттік инспекторлары
Облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы ведомстволарының басшылары және олардың орынбасарлары
2-тарау. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
"А" корпусы 1-санат
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппараттарының басшылары
Орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы
2-санат
Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппараты басшысының, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарлары
3-санат
Ескерту. 3-санат алып тасталды – ҚР Президентінің 05.06.2023 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
"Б" корпусы
А санаттарының тобы
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты
А-1 санаты
Сектор меңгерушісі
А-2 санаты
Инспектор
А-3 санаты
Консультант
А-4 санаты
Сарапшы
А-5 санаты
Референт
В санаттарының тобы
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты, Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
В-1 санаты
Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталық басшысының орынбасарлары
Құрылымдық бөлімшенің басшысы
В-2 санаты
Құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы
Конституциялық Соттың талдаушысы
В-3 санаты
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының сектор меңгерушісі
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары аппараттарының сектор меңгерушісі
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің сектор меңгерушісі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!В-3 санатының он бірінші абзацы 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР Президентінің 01.10.2024 № 662 Жарлығымен (мәтін алып тасталды).
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының сектор меңгерушісі
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бас инспекторы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігi, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі басқармасының (қызметтің) басшысы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз хатшысы
В-4 санаты
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төрағасы орынбасарының көмекшісі
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты Басшысының көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы Төрағасы орынбасарының көмекшісі
Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы аппараты басшысының көмекшісі
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Аппараты басшысының көмекшісі
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының көмекшісі
Сектор меңгерушісі
Бас консультант
Әдеп жөніндегі уәкіл4
В-5 санаты
Бас сарапшы
Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының көмекшісі
В-6 санаты
Сарапшы
С санаттарының тобы
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, орталық атқарушы органдардың ведомстволары, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
С-1 санаты
Орталық атқарушы орган комитеті төрағасының орынбасары
Департамент директоры1
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі
Сенімді уәкіл
Халықаралық ұйым жанындағы тұрақты өкілдің орынбасары
Бас консул
Шетелдегі мекеменің кеңесшісі – уәкілі
Баспасөз хатшысы
_________________
1Орталық атқарушы органдардың ведомстволарынан басқа
Орталық атқарушы органның ведомствосында, егер республикалық бюджет қаражаты есебінен қамтылатын ведомство мен оның аумақтық бөлімшелерінің штат саны он мың бірліктен асатын болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросында лауазымды енгізуге жол беріледі.
С-2 санаты
Департамент директорының орынбасары
Шетелдегі мекеменің кеңесшісі
С-3 санаты
Басқарма басшысы
Басқарма басшысының орынбасары2
Орталық атқарушы органның бірінші басшысының көмекшісі, кеңесшісі
Шетелдегі мекеменің бірінші хатшысы
Консул – консулдықтың басшысы
Әдеп жөніндегі уәкіл4
_________________
2Орталық атқарушы органның ведомствосында, егер республикалық бюджет қаражаты есебінен қамтылатын ведомство мен оның аумақтық бөлімшелерінің штат саны он мың бірліктен асатын болса, енгізіледі.
С-4 санаты
Бас сарапшы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекеменің екінші хатшысы
Бас консулдықтың консулы
С-5 санаты
Сарапшы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекеменің үшінші хатшысы
Бас консулдықтың вице-консулы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекеменің атташесі
Шетелдегі мекеменің референті
Орталық мемлекеттік органдардың өңіраралық және облыстық бөлімшелері мен олардың ведомстволары, орталық мемлекеттік органдардың республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы бөлімшелері, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы өкілдіктері
Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.02.2019 № 843 Жарлығымен.С-О-1 санаты
Басшы
Кеден басшысы
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі
С-О-2 санаты
Басшының орынбасары
Кеден басшысының орынбасары
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі
С-О-3 санаты
Басқарма басшысы3
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің), Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық органының басқарма басшысы
Кеден бекетінің басшысы
Аумақтық бөлімнің басшысы – аға сот орындаушысы
_________________
3Орталық мемлекеттік органның өңіраралық, облыстық бөлімшесінің (аудандық аумақтық органдарды есептемегенде) штат саны кемінде 100 бірлік болса, енгізіледі.
С-О-4 санаты
Бөлім басшысы
Кеден бекеті басшысының орынбасары
Сот орындаушысы
С-О-5 санаты
Бас маман
Кеденнің бас маманы
Кеден бекетінің бас маманы
Облыстық және оған теңестірілген сот кеңсесінің аға сот приставы
С-О-6 санаты
Жетекші маман
Кеденнің жетекші маманы
Кеден бекетінің жетекші маманы
Облыстық және оған теңестірілген сот кеңсесінің сот приставы
Орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аудандардағы, қаладағы аудандардағы және облыстық маңызы бар қалалардағы бөлімшелері
С-R-1 санаты
Аудандық аумақтық басқарманың басшысы
Аудандық және оған теңестірілген сот әкімшісінің басшысы
С-R-2 санаты
Аудандық аумақтық басқарма басшысының орынбасары
Аудандық және оған теңестірілген сот әкімшісі басшысының орынбасары
С-R-3 санаты
Аудандық аумақтық басқарманың бөлім басшысы
С-R-4 санаты
Бас маман
Аудандық және оған теңестірілген сот кеңсесінің аға сот приставы
С-R-5 санаты
Жетекші маман
Аудандық және оған теңестірілген сот кеңсесінің сот приставы
D санаттарының тобы
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің аппараттары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының аппараттары
D-1 санаты
Мәслихат аппаратының басшысы
Тексеру комиссиясының төрағасы
D-2 санаты
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары аппаратының басшысы
Әкім аппараты басшысының орынбасары
Мәслихат аппараты басшысының орынбасары
Тексеру комиссиясының мүшесі
Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі
Баспасөз хатшысы
D-3 санаты
Құрылымдық бөлімшенің басшысы
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің көмекшісі, кеңесшісі
Бас инспектор
Әдеп жөніндегі уәкіл4
D-4 санаты
Бас маман
D-5 санаты
Жетекші маман
4 Аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, шет елдегі мекемелері бар орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана әкімдерінің аппараттарында енгізіледі.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Қазақстан халқы Ассамблеясының аппараттары (хатшылықтары)
D-O-1 санаты
Басшы
D-O-2 санаты
Басшы орынбасары
Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі
D-O-3 санаты
Бөлім басшысы
D-O-4 санаты
Бас маман
D-O-5 санаты
Жетекші маман
D-O-6 санаты
Маман
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық атқарушы органдарға есеп беретін және бақылауындағы аудандық атқарушы органдар, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардың атқарушы органдары
D-R-1 санаты
Бөлім басшысы
D-R-2 санаты
Бөлім басшысының орынбасары
D-R-3 санаты
Сектор меңгерушісі
D-R-4 санаты
Бас маман
D-R-5 санаты
Жетекші маман
Е санаттарының тобы
Аудандар, қаладағы аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің аппараттары, аудандар мәслихаттарының аппараттары
Е-1 санаты
Аудандар, қаладағы аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары
Е-2 санаты
Аппарат басшысы
Е-3 санаты
Құрылымдық бөлімшенің басшысы
Аудан әкімінің көмекшісі, кеңесшісі, бас инспекторы
Е-4 санаты
Бас маман
Е-5 санаты
Жетекші маман
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдар, аудандық маңызы бар қалалардың, селолардың, кенттердің, селолық округтердің әкімдері
Е-R-1 санаты
Аудандық маңызы бар қалалардың, селолардың, кенттердің, селолық округтердің әкімдері
Бөлім басшысы
Е-R-2 санаты
Бөлім басшысының орынбасары
Е-R-3 санаты
Сектор меңгерушісі
Е-R-4 санаты
Бас маман
Е-R-5 санаты
Жетекші маман
Аудандық маңызы бар қалалар, селолар, кенттер, селолық округтер әкімдерінің аппараттары
E-G-1 санаты
Әкімнің орынбасары
E-G-2 санаты
Құрылымдық бөлімшенің басшысы
Әкімнің көмекшісі, кеңесшісі
E-G-3 санаты
Бас маман
E-G-4 санаты
Жетекші маман
Қазақстан Республикасы | |
Президентінің | |
2015 жылғы 29 желтоқсандағы | |
№ 150 Жарлығына | |
ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының
ТІЗБЕСІ
1. "Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 320-құжат).
2. "Қазақстан Республикасының Президенті жанынан "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 837 Жарлығының 8-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 38-39, 368-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 және "Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 869 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 46-47, 460-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 18-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 54, 532-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 40 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасы.