Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 шілдедегі N 660 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 70-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                          Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметiнiң
                                          2006 жылғы 12 шiлдедегi
                                                N 660 қаулысымен
                                                    бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты MАЗMҰHЫ

Кiрiспе
1.  Әлеуметтiк-экономикалық жағдай 
2.  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану саясаты 
3.  Бюджет жүйесiн жетiлдiру 
4.  Фискалдық саясаттың мақсаттары мен мiндеттерi
5.  Кiрiстер саясаты 
6.  Шығындар саясаты 
7.  Бюджеттiк кредит беру 
8.  Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар 
9.  Бюджетаралық қатынастар 
10.   Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты басқару  

        Кiрiспе

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты (бұдан әрi - Орта мерзiмдi фискалдық саясат) Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы " Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында", 2006 жылғы 1 наурыздағы " Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпiлiс жасау қарсаңында" және 2007 жылғы 28 ақпандағы»"Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына жолдауларын (бұдан әрi - Мемлекет басшысының Жолдауы) ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 30 наурыздағы N 80  Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 1 қыркүйектегi N 1641  Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi - Ұлттық қордың тұжырымдамасы), Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 7 маусымда N 521  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары (1 кезең) (бұдан әрi - Орта мерзiмдi жоспар), Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерiнiң және үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк реттеуiштердiң болжамы, мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар мен басқа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негiзiнде әзiрлендi. 
      Осы құжатта Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 - 2009 жылдарға арналған фискалдық саясатының негiзгi мақсаттары, мiндеттерi мен бағыттары айқындалған. 
      Орта мерзiмдi фискалдық саясат республикалық бюджеттi қалыптастырудың негiзi және мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнде салық және бюджет саясатын iске асырған кезде үйлестiрушi құжат болып табылады.
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.21.   N  396 қаулысымен.

         1. Әлеуметтiк-экономикалық жағдай

       Ескерту. 1-тарауға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.25.   N  823 , 2007.05.21.   N  396 , 2007.10.16.   N 953-2 қаулыларымен.

      Экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2007 - 2009 жылдарға арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерiнiң болжамдары Орта мерзiмдi жоспарда айқындалған.
      2003 - 2005 жылдары Қазақстан экономикасы қарыштап өстi. Осы жылдары жалпы iшкi өнiмнiң (ЖIӨ) жылдық орташа өсу қарқыны 9,5%-ды құрады.
      2003 - 2005 жылдары қаржы нарығының барлық сегменттерiнiң тұрақты дамуы елдiң iшкi кредит нарығын елеулi түрде жандандыруға және өндiрiстiк сектор мен қызметтер көрсету секторын дамытуға бағытталатын ақшалай қаражаттың мөлшерiн арттыруға мүмкiндiк бердi.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (Ұлттық Банк) халықаралық резервтерi және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (Ұлттық қор) қаражаты 2005 жылдың соңына қарай 15084,4 млн. АҚШ долларына дейiн өстi. 
      Қазақстан экономикасының дамуы үшiн сыртқы факторлар қолайлы болды. 2003 - 2005 жылдары сыртқы сауда айналымының жылдық орташа өсуi 40,9%-ды құрады, қазақстандық өнiмнiң экспорты орта есеппен 42,6%-ға, импорт - 38,5%-ға артты.
      Импорттың жалпы көлемiндегi инвестициялық тауарлар 2005 жылы 8412,2 млн. АҚШ долларын немесе 48,5%-ды құрады (2004 жылы - 5871,0 млн. АҚШ доллары немесе 45,9%).
      2003 - 2005 жылдары республикамызға тiкелей шетелдiк инвестициялардың жалпы көлемi 19,3 млрд. АҚШ долларынан асып түстi. Бұл ретте 2005 жылы республикамызға тiкелей шетелдiк инвестициялардың жалпы көлемi 6,4 млрд. АҚШ долларын құрады.
      Экономиканың өсуiне өнеркәсiп елеулi үлес қосты. Үш жыл бойы өнеркәсiп өнiмiн өндiрудiң жыл сайынғы өсуi орта есеппен 8,0%-ды құрады, оның iшiнде, тау-кен өндiру өнеркәсiбi - 8,9%, қайта өңдеу өнеркәсiбi - 7,7%, электр энергиясын, газ бен суды өндiру мен таратуда - 4,8%.
      Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жылдық орташа өсуi 2003 - 2005 жылдары 2,9%-ды құрады, оның iшiнде өсiмдiк шаруашылығында - 1,1%, мал шаруашылығында - 5%.
      Қызметтер секторында кәсiпорындар мен ұйымдар 2003 - 2005 жылдары көрсеткен қызметтерi орташа 28,5%-ға өскен байланыс саласында ең көп өсу қамтамасыз етiлдi.
      Өткен үш жылда көлiктiң барлық түрлерiмен тасымалдаудың орташа өсу қарқыны 108%-ды құрады.
      Нақты жалақының мөлшерi 2003 - 2005 жылдары орта есеппен 11,2%-ға ұлғаюы халықтың нақты ақшалай табысының жыл сайын орта есеппен 12,1%-ға артуына ықпал еттi.
      Жұмыссыздардың саны 2003 жылы 672,1 мың адамнан 2005 жылы 639,3 мың адамға қысқарды. 2003 жылы 8,8%-ды құраған жұмыссыздық деңгейi 2005 жылы экономикалық белсендi халық санының 8,1%-ына дейiн қысқарды.
      Соңғы үш жыл бойы 2003-2005 жылдар ішінде инфляцияның орташа деңгейi 6,4 - 7,6% дәлiзiнде болды. 
      Тұтастай алғанда инфляциялық процестердi реттеу кешендi инфляцияға қарсы саясатты әзiрлеу мен iске асыру жолымен жүргiзiледi.
      Әлемдiк экономиканың қазiргi жағдайы Қазақстан үшiн барынша қолайлы конъюнктурамен сипатталады, бұл шикiзат тауарлары экспортының серпiнiне оң әсерiн тигiзуде.
      Қазақстан экспортының аса маңызды баптарына әлемдiк баға деңгейiнiң жоғары болуы, экспорттық пайданың өсу шарты болып отыр. 2001 жылмен салыстырғанда экспорттың номиналды өсуi 2005 жылы 3,2 еседен астамды құрады.
      Дүниежүзілік банктің деректері бойынша әлемдік экономиканың өсуі 2005 жылы 4,8%-ды, 2006 жылы 5,4%-ды құрады. 2007 және 2008 жылдары ол, болжам бойынша 4,9%-ды құрайды.
      ЖIӨ жылдық нақты өсуi 2007 - 2009 жылдары 9,5%-ды құрайды, бұл 2008 жылы 2000 жылға қатысты ЖIӨ-нi еселеу жөнiндегi стратегиялық мiндеттi шешуге мүмкiндiк бередi.
      Жан басына шаққандағы ЖIӨ-нi 2009 жылға қарай 9393 АҚШ доллары деңгейiне жеткiзу жоспарланып отыр, бұл 2005 жылдың деңгейiнен 2,5 eceгe артық.
      Өнеркәсіп өнімін өндірудің өсу қарқыны 2007-2009 жылдары орта есеппен 7%-ды құрайды.
      Қызметтер көрсетуде сауда, көлік, байланыс, сондай-ақ кәсіпорындарға көрсетілетін түрлі қызметтер барынша көп үлес алады. 2007-2009 жылдары осы салалардың одан әрі өсуі күтілуде. Көлік қызметтері орта есеппен 7,1 %-ға, ұсынылатын байланыс қызметтерінің көлемі 26,2%-ға артады. Сауда саласында қызметтер орта есеппен 9,5%-ға өседі.
      Жоспарланып отырған кезеңде ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң өсуi орта есеппен 104,3%-ды, құрылыс жұмыстары көлемiнiң өсуi - 122%-ды құрайды.
      Инвестициялық сұраныстың кеңеюi, бiрiншi кезекте, кәсiпорындардың өз қаражаты есебiнен алынатын инвестицияларды қаржыландырудың iшкi көздерiмен байланысты болады. Негiзгi капиталға инвестициялар көлемiнiң өсу қарқыны жоспарланып отырған кезеңде орта есеппен 111,5%-ды құрайды.
      Сауда теңгерiмiнiң оң сальдосы 2007 - 2009 жылдары жылына орта есеппен 7,8 млрд. АҚШ долларын құрайды.
      2007 - 2009 жылдары экономика дамуының жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшiн экономиканың өсуiнiң барлық негiзгi факторларын дамытудың қолайлы макроэкономикалық жағдайы жасалатын болады.      

                                                      1-кесте

       Ескерту. 1-кесте жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.10.16.   N 953-2 қаулысымен.

    Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдарға арналған
     негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы

Көрсеткіштің атауы 2007 2008 2009

ЖІӨ, млрд. теңге

13 315,2

15 249,4

18 145,0

ЖІӨ-нің нақты өзгеруі, өткен жылғы
%-бен

109,7

109,6

109,2

Тауарлар экспорты, млн. АҚШ доллары
(ФОБ)

45 862,2

50 201,7

57 213,9

Тауарлар импорты, млн. АҚШ доллары
(ФОБ)

33 174,1

43 519,7

51 560,6

Мұнай және газ конденсатын өндіру,
млн. тонна

65,0

70,0

78,0

Мұнайға әлемдік баға (Brent қоспасы),
бір баррелі үшін АҚШ доллары

69,5

60,0

60,0

         2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
           қалыптастыру және пайдалану саясаты

       Ескерту. 2-тарауға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.21.   N  396 қаулысымен.

      Елдiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақ үшiн қаржы қаражатын жинақтау, қолайсыз сыртқы факторлардың әсерiне экономиканың тәуелдiгiн азайту мақсатында 2001 жылы Ұлттық қор құрылды.
      Ұлттық қор құрылған сәттен бастап мұнай секторынан түсетiн кiрiстердiң шамамен 48%-ы қорға жiберiлдi және 2005 жылдың соңында шамамен 8,1 млрд. АҚШ доллары сомасында активтер жинақталды, бұл ЖIӨ-ге 14,5%-ды құрайды.
      2007 - 2009 жылдары мұнайға жоғары бағалардың сақталуы жоспарланып отыр. Бiр жағынан бұл, экономиканың дамуы үшiн тұрақты және жеткiлiктi қолайлы алғышарттар жасайды. Сонымен бiрге, бұл жағдайда экономикаға "инфляциялық қысым" артады. Бағалардың қолайсыз конъюнктурасы кезеңiнде мемлекеттiң қаржылық мiндеттемелерiн қолдау үшiн макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ бағалардың қолайлы конъюнктурасы кезеңiнде қаражат жинақтау және болашақ ұрпақты қамтамасыз ету үшiн мұнайға әлемдiк бағалардың айтарлықтай өсуi салдарынан алынатын кiрiстердiң бiр бөлiгiн Ұлттық қорда жинақтау жалғасатын болады.
      2006 жылғы 1 шiлдеден бастап Ұлттық қордың тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық қордың жұмыс iстеуiнiң жаңа жүйесi енгiзiлдi. 
      Республикалық бюджет пен Ұлттық қор арасында мұнай түсiмдерiн бөлудiң оңтайлы теңгерiмiн қамтамасыз ету мақсатында теңгерiмдi бюджет әдiсi әзiрлендi, онда мұнай секторының кiрiстерi толығымен Ұлттық қорға жіберілуде, ал республикалық бюджеттiң кiрiс бөлiгi мұнай емес сектордың есебiнен қалыптастырылуда.

                  Теңгерiмдi бюджет әдiсi
                (Кестені қағаз мәтіннен қараңыз)

      Ұлттық қорды қалыптастырудың негiзгi көздерi мыналар болып табылады:
      мұнай секторынан түсетiн тiкелей салықтар (жергiлiктi бюджеттерге есептелетiн салықтарды қоспағанда), оған корпорациялық табыс салығы, үстеме пайдаға салынатын салық, роялтилар, бонустар, өнiмдi бөлу жөнiндегi үлес, экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын ренталық салық жатады. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мұнай секторы төлейтiн басқа да салық түрлерi тиiстi бюджеттерге есептелуге жатады. Бұл ретте, мұнай секторының кәсiпорындарына шикi мұнай мен газ конденсатын өндiрумен және (немесе) сатумен айналысатын барлық заңды тұлғалар жатады;
      республикалық меншiктегi және кен өндiру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдер; 
      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсімдep;
      Ұлттық қорды басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстер;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер.
      Ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға арналған республикалық бюджеттiң шығыстары экономиканың мұнай емес бөлiгiнен республикалық бюджетке аударымдар есебiнен қаржыландырылуда, ал бюджеттiк даму бағдарламаларына шығыстарды қаржыландыру Ұлттық қордан кепiлдiк берiлген трансферт есебiнен жүзеге асырылуда. Бұл ретте, бюджеттiң шығыс бөлiгiнiң белгiлi бiр үлесi, оның iшiнде белгiленген шектеулер шеңберiнде қарыз алу есебiнен жабылуы мүмкiн.
      Кепiлдiк берiлген трансферт шегiнде мұнай түсiмдерiн пайдалану салмақты фискалдық саясат жүргiзуге мүмкiндiк бередi, өйткенi салық режимiн ырықтандырудан "таза" бюджеттiк әсер көрiнеді, бұл әдетте, мұнай секторы кәсiпорындарынан түсетiн үстеме кiрiстер есебiнен бұрмаланған.
      Ұлттық қордан кепiлдiк берiлген трансферттiң мөлшерi үш жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмiмен бекітілуде және осы кезең iшiнде өзгерiссiз қалады.
      Ұлттық қордың тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi тұтыну мен жинақтар арасындағы оңтайлы үйлесiмнiң сақталуын, экономиканың шикiзат емес секторын дамыту үшiн қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауды, мұнай кiрiстерiнiң едәуiр бөлiгiн жинақтауды және Ұлттық қордың сарқылуына жол бермеудi, қор қаражатын қалыптастыру мен пайдалану тетiгiн жетiлдiрудi ескере отырып, мұнай кiрiстерiн оңтайлы пайдаланудың қажеттiгiне негiзделедi.

         3. Бюджет жүйесiн жетiлдiру

       Ескерту. 3-тарауға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.25.   N  823 , 2007.05.21.   N  396 қаулыларымен.

      Бюджет жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі  Заңы қабылданды.
      Бюджет заңнамасын және тұтастай алғанда, бюджет жүйесiн жетiлдiру саласында осы заң жобасының негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) мұнай емес түсiмдер есебiнен теңгерiмдi бюджетке қол жеткiзуге бiртiндеп көшу.
      Ұлттық қордың тұжырымдамасын iске асыру мақсатында жаңа ұғымдар - "шоғырландырылған бюджет" және "мұнай емес тапшылық" енгiзiледi.
      Шоғырландырылған бюджет республикалық бюджеттен, облыс бюджетiнен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен, мұнай секторы кәсiпорындарынан түсетiн түсiмдерден және оларды Ұлттық қорға аударудан тұрады.
      Бюджеттiң мұнай емес тапшылығы Ұлттық қордан түсетiн түсiмдерден басқа, бюджет шығыстарын шегергендегi бюджетке түсетiн түсiмдердiң сомасына тең;
      2) инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) әзiрлеуге қойылатын талаптарды қатаңдату.
      Инвестициялық жобалар (бағдарламалар) егер олар қабылданған мемлекеттiк, салалық және өңiрлiк бағдарламалардың және Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдаулары ережелерiнiң iс-шараларына сәйкес келген жағдайда басым бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) тiзбесiне енгiзiлетiн болады. Салалық сараптаманың оң қорытындысының болуы, олардың бекiтiлген Бағдарламалардың iс-шаралар жоспарына сәйкес келуi, экономикалық сараптаманың оң қорытындысы бар техника-экономикалық негiздемесiнiң болуы жоғарыда аталған тiзбеге енгiзудiң мiндеттi шарты болады;
      3) бюджет процесiне барлық қатысушылардың бюджет заңнамасының талаптарын сақтауы.
      Жоғарыда аталған заңды iске асыру үшiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдерге тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуде.
      2007 - 2009 жылдары түпкі нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған, мемлекеттік органдарға бюджет қаражатын қалыптастыру және пайдалану кезінде көбірек дербестік беруді, нысаналы индикаторлар енгізуді және есептіліктің, ішкі және сыртқы бақылаудың жаңа жүйесін құруды көздейтін жүйе құру мақсатында бюджеттік жоспарлауды жетілдіру жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады.
      Бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі рәсімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар мынадай қағидаттарға негізделетін болады:
      стратегиялық, орта мерзімді мақсаттармен, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамыту және экономиканың бәсекеге қабілеттігін орнықты өсіру міндеттерімен үйлестіру;
      республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және экономиканың бәсекеге қабілеттігін орнықты өсірудің стратегиялық, орта мерзімді міндеттерінің индикаторларына сәйкес келетін түпкі нәтижелерге және нысаналы индикаторларға қол жеткізу; корпоративтік басқару;
      бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне көбірек дербестік беру және іске асырылатын бағдарламалардың түпкі нәтижелеріне қол жеткізу үшін олардың жауапкершілігін күшейту;
      мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ағымдағы және күрделі шығыстарын қалыптастырудың объективтілігіне қол жеткізу;
      бюджетті әзірлеу және атқару жөніндегі рәсімдерді ықпалдастыру;
      мемлекеттік органның ішінде және мемлекеттік органдардың арасында бюджетті атқару рәсімдерінде қайталанатын іс-қимылдарды болдырмау;
      ақпараттық жүйелерді оңтайлы қолдана отырып, бюджетті жоспарлау және атқару кезеңінде еңбек өнімділігін арттыру.

        4. Фискалдық саясаттың мақсаттары мен мiндеттерi

      Орта мерзiмдi кезеңде фискалдық саясаттың негiзгi мақсаты экономиканың тұрақты өсуiн қамтамасыз ету, экономиканың шикiзат емес салаларын әртараптандыруды және дамытуды ынталандыру, салық жүктемесiн ұлғайтпай мемлекеттiк бюджетке түсетiн түсiмдердi барынша ұлғайту, мемлекеттiк шығыстардың ұстамды фискалдық саясатын жүргiзу, бюджетаралық қатынастарды және мемлекеттiк борышты басқаруды жетiлдiру болып табылады.
      Орта мерзiмдi кезеңде осы мақсатқа қол жеткiзуге мынадай негiзгi мiндеттердi шешу ықпал ететiн болады: 
      бюджет заңнамасы, бюджеттi жоспарлау және атқару рәсiмдерiн жетiлдiру;
      мемлекеттiк шығыстардың тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгiн арттыру;
      бюджеттiң мұнай емес тапшылығын қысқарту; 
      стратегиялық, орта мерзiмдi, жылдық бағдарламаларды және даму
      жоспарларын республикалық бюджетпен үйлестiру;
      жүргiзiлiп жатқан әлеуметтiк реформаларды қаржылық қамтамасыз ету, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын және қоғамдық инфрақұрылымды дамыту;
      көлеңкелi экономиканың үлесiн азайту; 
      бюджетаралық қатынастардың ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;
      Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тетiгiн жетiлдiру;
      жүргiзiлiп отырған жинақтар саясатын ескере отырып, республикалық бюджет тапшылығының және мемлекеттiк борыштың оңтайлы өлшемдерiн айқындау;
      үкiметтiк борыш құрылымындағы сыртқы борыш үлесiн бiртiндеп азайту.

         5. Кiрiстер саясаты

       Ескерту. 5-тарауға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.25.   N  823 , 2007.05.21.   N  396 , 2007.10.16.   N 953-2 қаулыларымен.

      Қазақстан Республикасының алдында тұрған басым мiндеттердiң бiрi экономиканың шикiзат емес салаларында бәсекеге қабiлеттi өнiм өндiруге қабiлеттi экономиканы дамытудың жаңа сапалық деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекет жүргiзiп отырған экономикалық саясат индустриялық дамуды, экономиканы әртараптандыруды, оның өсу көзiн шикiзат емес секторға ауыстыруды ынталандыруға бағытталған.
      Соңғы бiрнеше жылдар бойы экономикаға салық жүктемесiн азайту және бәсекеге қабiлеттi жоғары технологиялық өндiрiстердiң дамуын ынталандыратын нормаларды енгiзу арқылы салық заңнамасын жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүргiзiлдi.
      Мәселен, салық жүктемесiн азайту жөнiндегi мiндеттердi iске асыру экономиканың жаңа салаларын әртараптандыруды ынталандыру және дамыту мақсатында 2007 - 2009 жылдары салық саясатының негiзгi бағыттары:
      әлеуметтiк салық пен қосылған құн салығының ставкаларын азайту, бұл өндiрiстiң одан әрi дамуына және кеңеюiне бағытталған;
      Қазақстан экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн күшейту мақсатында халықтың әл-ауқатының өсуi кезiнде салық ауыртпалығын заңды тұлғалардың кiрiстерiнен жеке тұлғалардың кiрiстерiне бiртiндеп қайта бөлу мүмкiндiгiн қарастыру;
      жеке тұлғалардың кiрiстерiн жалпыға бiрдей декларациялауға көшу мүмкiндiгiн қарастыру;
      салықтық әкiмшiлендiру бөлiгiнде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, одан әрi заңнаманы жетiлдiру болады деп күтiлуде.
      Бюджеттiң 2007 - 2009 жылдарға арналған кiрiстерi Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң болжамы, 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап Ұлттық қор тұжырымдамасының қолданысқа енгiзiлуi және Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған салық саясатының негiзгi бағыттары негiзiнде айқындалды.
      Ұлттық қордың тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық қорға түсетін мұнай түсімдерінің болжамы 2007 жылы ЖІӨ-ге 7,2%-ды, 2008 жылы ЖІӨ-ге 7,4%-ды, 2009 жылы ЖІӨ-ге 7,2%-ды құрайды.
      Мемлекеттік бюджетке түсетiн мұнай емес түсiмдердiң 2007 - 2009 жылдарға арналған болжамы 2-кестеде келтiрiлген.

                                                        2-кесте

       Ескерту. 2-кесте жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.10.16.   N 953-2 қаулысымен.

   Мемлекеттік бюджетке түсетін мұнайға қатысты емес
    кірістердің 2007-2009 жылдарға арналған болжамы
                                             ЖІӨ-ге пайызбен

Атауы 2007 жыл 2008 жыл 2009 жыл

Мұнайға қатысты емес кірістер

19,0

18,9

19,0

салықтық түсімдер

17,0

18,3

18,5

салықтық емес түсімдер

1,1

0,3

0,3

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

0,9

0,3

0,2

      Салықтық емес түсімдердің 2007 жылы ЖІӨ-ге қатысты 1,11%-дан 2008 жылы 0,32%-ға төмендеуі түсімдердің біржолғы төлемдеріне байланысты.
      Негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер 2008 жылы ЖIӨ-ге 0,89%-дан 2009 жылы ЖIӨ-ге 0,24 %-ға дейiн төмендейдi, осыған байланысты 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберінде азаматтарға пәтер сатудан түсетiн қаражат түсiмдерi көзделмейдi.
      Мұнай емес сектордың мемлекеттiк бюджетке түсетiн түсiмдерi өсуiнiң орташа қарқыны 2007 - 2009 жылдары 116,6 % деңгейiнде болады деп күтiлуде.       

         6. Шығындар саясаты

       Ескерту. 6-тарауға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.25.   N  823 , 2007.05.21.   N  396 , 2007.10.16.   N 953-2 қаулыларымен.

      Орта мерзiмдi кезеңде жүргiзiлетiн шығындар саясаты:
      мемлекеттiк бюджет шығыстарының өсу қарқыны экономиканың өсу қарқынымен түзетiлетiн болғанда;
      мұнай емес тапшылықтың төмендеуiне қол жеткiзiлгенде шектеуші бюджет саясатын жүргiзу жолымен мемлекеттiк шығыстардың тиiмдiлiгiн және нәтижелiлiгiн арттыруға бағытталатын болады.
      Мемлекеттiк бюджет шығыстарының құрылымында 2007 - 2009 жылдары мыналар басым бағыттар болып табылады:
      денсаулық сақтау мен бiлiм берудi дамыту;
      әлеуметтiк реформаларды одан әрi тереңдету;
      индустриялық-инновациялық даму;
      аграрлық-индустриялық саясатты iске асыру;
      тұрғын үй саясатын iске асыру;
      қоршаған орта сапасын тұрақтандыру;
      көлiк-коммуникация кешенiн дамыту;
      шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту;
      Астана қаласын және экономикалық өсудің өңірлік орталықтарын дамыту.
      Орта мерзiмдi кезеңде денсаулық сақтау саласындағы бюджет саясаты халықтың салауатты өмiр салтын қалыптастыруға, оның артықшылықтары туралы хабардар болуын, денсаулық сақтау үшiн мемлекет пен адам арасындағы ортақ жауапкершiлiктi жоғарылатуға, бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейiнде денсаулықты және аурулардың алдын алу жүйесiн нығайтуға, азаматтардың сапалы медициналық және дәрiлiк көмекке қол жетiмдiлiгiн арттыру жолымен халық денсаулығын жақсартуға, еркін медициналық сақтандыруды дамытуды ынталандыруға бағытталады.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi N 1438  Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - Денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамыту бағдарламасы) iске асыру шеңберiнде 2007 - 2009 жылдары алғашқы медициналық-санитарлық көмек сапасын қамтамасыз ету және ана мен бала денсаулығын нығайту жөнiндегi iс-шараларды iске асыру жалғасатын болады.
      Бұдан басқа, Денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамыту бағдарламасының мынадай iс-шараларын iске асыруды жеделдету жөнiндегi шаралар қабылданатын болады: балалар және бала босандыру ұйымдарының жарақтандырылуын медициналық жабдықпен жарақтандырудың ең төменгi нормативiне дейiн жеткiзу, санитарлық-эпидемиологиялық зертханаларды кезең-кезеңiмен жаңартуды жүргiзу, АҚТҚ жұқтырған және ЖҚТҚ-мен ауыратындар "АҚТҚ-инфекциялары мен ЖҚТҚ кезiнде диагностика, емдеу және медициналық көмек ұсынудың мерзiмдi хаттамаларын (стандарттарын) енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2004 жылғы 12 ақпандағы N 150 бұйрығына сәйкес ретровирусқа қарсы терапиямен қамтамасыз етiлетiн болады.
      Бұдан басқа, Мемлекет басшысының Жолдауларын iске асыру үшiн:
      Астанада осы заманғы медицина ғылымының, практикалық денсаулық сақтаудың жетiстiктерiн бiрiктiретiн орталықтардың базасында медициналық қызметтердiң осы заманғы, инновациялық және серпiндi кластерi, сондай-ақ халықаралық деңгейдегi беделдi университет құрылатын болады;
      әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде 100 мектептің және 100 аурухананың құрылысы басталады;
      медицина қызметкерлерiне еңбегiнiң түпкi нәтижесiне қарай еңбекақы төлеуге оның сапасын, көрсетiлетiн медициналық көмектiң көлемi мен күрделiлiгiн, сондай-ақ бiлiктiлiк деңгейiн ескере отырып, жаңа ұстанымдар жалғастырылатын болады.
      "Салауатты өмiр салты" кешендi бағдарламасын iске асыру жалғасатын болады.
      Заңнамалық кесiмдердi жүйелендiру және саланы басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында 2007 жылы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы кодекс әзiрленетiн болады.
      Бiлiм беру саласындағы бюджет саясаты әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiнде бәсекеге қабiлеттi және экономиканың индустриялық-инновациялық даму қажеттiлiктерiне сай келетiн бiлiм беру тиiмдiлiгiнiң жоғары жүйесiн қалыптастыруға бағытталатын болады.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459  Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жалғасатын болады.
      2007 - 2009 жылдары барлық деңгейдегi Бiлiм берудiң сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiн енгiзу жалғасады.
      Кейбiр жоғары оқу орындарында техникалық мамандықтар бойынша жаңа магистрлық және докторлық бағдарламалар енгiзiлетiн болады. Магистранттарды оқыту магистрлер даярлаудың мазмұны мен шарттарына қойылатын талаптардың деңгейiн едәуiр арттыруды көздейтiн озық әлемдiк тәжiрибенi ескере отырып, әзiрленген бiлiм беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Докторантура бiлiктiлiгi жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлаудың соңғы бiлiм беру деңгейi болады. Магистратураға мемлекеттiк тапсырыспен жаңа бағдарламалар бойынша жыл сайынғы қабылдау 2500-ден астам адамды, докторантураға 100 адамды құрайды.
      Кредиттердiң қайтарылуына мемлекеттiң кепiлдiгiн берудi қамтамасыз ете отырып, екiншi деңгейдегi банктер арқылы студенттерге кредит берудiң осы заманғы жүйесiн iске асыру, ұлттық жоғары оқу орындарына шетелдiк оқытушы консультанттарды тарту көзделiп отыр.
      "Болашақ" бағдарламасы шеңберiнде әлемнiң жетекшi оқу орындарына оқуға жыл сайын үш мың үздiк студенттi жiберу жалғасады.
      Кәсiптiк мектептердi, жоғарғы оқу орындарын, педагогикалық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру ұйымдарын мультимедиялық кабинеттермен және физика, химия, биология кабинеттерiмен жарақтандыру жолымен жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердiң материалдық-техникалық базасы жаңартылады, мектепке дейiнгi және жалпы орта бiлiм беру объектiлерi күрделi жөндеуден өткiзiледi және қалалар мен облыс орталықтарында бiлiм беру объектiлерi салынатын болады.
      Мемлекет басшысының Жолдауын iске асыру мақсатында "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданады және Бiлiм берудi дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн болады.
      Мектепке дейiнгi бiлiм беру жүйесiнде мектепке дейiнгi оқытумен қамту жөнiндегi шаралар қабылданатын болады.
      Жалпы орта бiлiм беру жүйесiнде сараланған ұстанымдарды айқындау және кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм беру ұйымдарында оқуды жалғастыру үшiн жағдай жасау жоспарланып отыр.
      Оқу процесіне ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу, оның ішінде мультисервистік ақпараттық-білім беру жүйесін құруға бағытталған»Интерактивті мектеп" аппараттық-бағдарламалық кешені" жобасын іске асыру жалғасады.
      Кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм беру жүйесiнде жұмыс берушiлер мен бiлiм беру жүйесi арасында әлеуметтiк әрiптестiктi дамыту, оқу және зертханалық жабдықтарды жаңарту, кәсiби даярлық сапасын, техникалық және қызмет көрсету еңбегi мамандықтары бойынша бiлiктiлiктi беру мен растауды тәуелсiз бағалау жүйесiн енгiзу жөнiндегi шаралар қабылданатын болады.
      Кәсiптiк жоғары бiлiм беру жүйесiнде бiлiм беру қызметтерiнiң сапасын кезең-кезеңiмен арттыру, "еңбек нарығының талаптарына сәйкестiк" және "жоғары оқу орны мен мамандық мәртебесiне байланысты гранттың құнын сараландыру" қағидаттарының негiзiнде мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын қалыптастыру, бiлiм беруге мемлекеттiк-жеке меншiк кредит беру жүйесiн жетiлдiру, жетекшi шетелдiк жоғары оқу орындарымен әрiптестiктi дамыту, техникалық бiлiм берудi дамыту бойынша күш-жiгердi шоғырландыра отырып, жоғары оқу орындары желiсiн оңтайландыру жоспарланып отыр.
      Бiлiктiлiгi жоғары басқарушы кадрларды даярлау сапасын арттыру үшін кадрлар даярлау саласындағы халықаралық ынтымақтастық өрiстейдi және Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы базасында халықаралық стандарттарға жауап беретін ұлттық басқару мектебi құрылатын болады.
      2007 - 2009 жылдары әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек саласындағы бюджет саясатының негiзгi мақсаттары әлеуметтiк қамсыздандырудың қаржылық орнықты, әлеуметтiк әдiл үш деңгейлi жүйесiн дамыту, атаулы әлеуметтік көмектi күшейту болып табылады.
      Атап айтқанда, мемлекеттiк әлеуметтiк стандарттарды халықаралық стандарттарға кезең-кезеңімен жақындату, әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн одан әрi кезең-кезеңiмен арттыру, мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру, халықтың тұрмыс деңгейiн бағалаудың халықаралық стандарттарын енгiзу жөнiнде жұмыстар жүргiзу көзделiп отыр.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 30 қарашадағы N 1241  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды одан әрі тереңдетудiң 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғасатын болады.
      Мемлекет басшысының 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауына сәйкес 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап өңiрлiк әскери жанжалдарға қатысушылар мен халықтың кейбiр басқа да санаттары үшiн арнайы мемлекеттiк жәрдемақылар мөлшері ұлғайтылды.
      Бұдан басқа, 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап әлеуметтiк құрылымдар зейнеткерлерiнiң зейнетақы төлемдерiн бiржолғы сараланған арттыру көзделген.
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы»Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап республика азаматтарының әлеуметтік қорғалуын одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылатын болады:
      базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызын құрайтын болады, бұл Қазақстанның зейнетақымен қамсыздандыруының халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді; зейнетақы заңнамасында көзделген зейнетақыларды есептеу үшін есепке алынатын кірісті шектеуді 15 АЕК-дан 25 АЕК-ға дейін өзгерту көзделіп отыр, бұл бұрынғы еңбек үлесіне зейнетақылардың мөлшерін тағайындау кезінде әділдікті қамтамасыз етеді;
      зейнетақы төлемдерінің сатып алу қабілетін тұрақтандыру мақсатында тұтыну бағалары индексінің болжамды өсуін 2%-ға арттыру жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдерін индекстеу сақталатын болады;
      азаматтық қызметшілер үшін еңбек демалысына шыққан кезде бір лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы, сондай-ақ 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап зиянды және ауыр еңбек жағдайында өтілін өткерген адамдар үшін арнайы жәрдемақылар (N 2 тізім бойынша) енгізілетін болады;
      бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері арттырылатын болады;
      жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікті, босануды және аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу жоспарланып отыр, бұл ретте баланы бір жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі декреттік демалыста жүрген кезеңде олардың зейнетақы жинақтары жалғасатын болады. 
      2007 жылдан бастап зейнетақылар мен жәрдемақылар "айдан айға" қағидаты бойынша төленуде.
      Елге қоныс аударушылардың ағынын одан әрi ынталандыру, демографиялық ахуалды жақсарту және Қазақстан Республикасының халық санының өсуiн қамтамасыз ету мақсатында 2007 - 2009 жылдары көшi-қон квотасы бойынша келген жыл сайын 15000 отбасын құрайтын оралмандар отбасыларын көшiрудi ұйымдастыруға, әлеуметтiк қорғауға және тұрғын үймен қамтамасыз етуге бюджет қаражаты бөлiнедi. Бұдан басқа, оралмандардың көшi-қон квотасына оралмандарды қосудың өлшемдерi айқындалатын болады.
      2007 - 2009 жылдары мәдениеттiң осы заманғы дамыған жүйесiн қалыптастыруға, бiрыңғай мәдени-ақпараттық кеңiстiктi нығайтуға, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен дамытуға, қоғамдағы және мемлекет құрылымындағы демократиялық бастаулар мен iшкi саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған жағдайды қамтамасыз ету және халықтың дене шынықтыру және халықаралық спорт аренасындағы қазақстандық спортшылардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн спортты дамытудың тиiмдi жүйесiн құруға арналған мемлекеттiк бюджеттiң шығыстары көзделген.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 ақпандағы N 3859  Жарлығымен бекiтiлген "Жiбек жолы тарихи орталықтарын қайта өркендету түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұраларын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау", Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаларын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 30 қыркүйектегi N 1009  қаулысымен бекiтiлген "Көне Отырарды қалпына келтiру" 2005-2009 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғасатын болады.
      2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 21 қарашадағы N 1673  Жарлығымен бекiтiлген Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру аяқталады.
      Осы бағдарламаны iске асыру жөнiндегi жүргiзiлiп отырған iс-шаралар тұрақты негiзде мәдени-iзгiлiк байланыстарды қолдау, шетелде тұратын отандастарды Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқытуға даярлау және оларды ақпараттық қамтамасыз ету үшiн жағдай жасайды.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 қарашадағы N 1161  қаулысымен бекiтiлген Мәдениет саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру классикалық және халық өнерiнiң үздiк дәстүрлерi негізiнде мәдениеттi дамыту үшiн жағдай қалыптастыруға ықпал етедi.
      Этностық және конфессиялық келiсiмнiң қазақстандық моделiн жетiлдiрудiң 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестiру, қоғамдағы әлеуметтiк шиеленiстi азайту үшiн негiз құруға мүмкiндiк бередi, әлеуметтiк практикаға толеранттық мiнез-құлық нормаларын және экстремизмнiң алдын алу және оған қарсы әрекет ету тетiктерiн енгiзудi қамтамасыз етедi, қоғамдағы әлеуметтiк-саяси жағдайлардың өзгеруiне икемдi ден қою үшiн жағдайлар жасайды.
      Қазақстанның тартымды туристiк объект ретiндегi беделiн қалыптастыру, ұлттық туризм өнiмдерiн қалыптастыру және оның әлемдiк деңгеймен салыстыруға болатын сапасын қамтамасыз ету, саланы мемлекеттiк реттеудi қолдау және оның оңтайлы әдiстерiн таңдау негiзiнде туризмдi кешендi дамыту мақсатында Туризм саласын дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы iске асырылатын болады.
      Азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы демократиялық процестер мен азаматтық қоғам институттарын бiртiндеп дамытуға бағытталатын болады. Оны iске асыру шеңберiнде Демократиялық дәстүрлердi қорғау жүйесi қалыптасады және Қазақстан Республикасындағы демократиялық реформалар бағдарламасын әзiрлеу және нақтылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi жағдайлар жасалады.
      Мемлекеттiк ақпараттық саясатты одан әрi жетiлдiру және қазақстандықтардың саяси, құқықтық мәдениетiн арттыру жұмысын жалғастыру мақсатында ақпараттық кеңiстiктiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн дамытудың 2006 - 2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөнiндегi 2006 - 2008 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы әзiрленуде.
      Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде дене шынықтыру және спорт құралдарымен халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорт резервін, халықаралық сыныпты спортшылар даярлау жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар кешені іске асырылатын болады.
      Мұрағат ісі жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының мұрағат ісін және құжаттама жүйелерін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асырылатын болады.
      Мемлекет басшысының Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi әкiмшiлiк реформа жөнiндегi жұмысты жалғастыратын болады, онда мемлекеттiк басқарудың ұйымдық құрылымын оңтайландыру жолымен мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру, мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражiгiн нақты әрi оңтайлы қайта бөлу және бекiту, бюджеттiк қатынастар жүйесiн жетiлдiру, мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелi секторға беру қарастырылады.
      Мемлекеттiк қызметшiлерге еңбекақы төлеудi жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады. Атап айтқанда, мемлекеттiк қызметшiлерге, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң және қазынашылық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң жаңа ұстанымдары әзiрленуде.
      Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне олардың қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау негiзiнде жұмыстың үздiк нәтижелерiн көрсететiн, сыйлықақы беру жөнiндегi пилоттық жобаны iске асыру нәтижелерiне қарай мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерге сыйлықақы беру жүйесi қалған мемлекеттiк органдарға енгiзiлетiн болады.
      2007 жылы бюджет саласы қызметкерлерi мен мемлекеттiк қызметшiлердiң жалақысы орта есеппен 30 %-ға ұлғаяды.
      Қорғаныс мұқтаждарына арналған шығыстарды жоспарлаудың негізі Қазақстан Республикасының әскери доктринасы болып табылады, оған сәйкес қорғанысқа арналған шығыстардың көлемі ЖІӨ-нің кемінде 1%-ы мөлшерінде көзделеді, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әскери-саяси, стратегиялық, экономикалық және техникалық негіздері мен халықаралық әскери ынтымақтастығы айқындалды.
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1383  қаулысымен бекiтiлген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғасатын болады.
      Жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттiң өмiрлiк маңызды мүдделерiнiң сыртқы және ішкі қауiптерден қорғалуын қамтамасыз ету үшiн әлемдегі террористiк агрессия жағдайларында мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiнiң зор маңызы бар.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1355  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестiң 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғасады.
      Атқарушы билiк реформасы мен сыбайлас жемқорлыққа және қылмысқа қарсы күрес шеңберiнде, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың халықпен өзара iс-қимылын оңайлату және олардың арасындағы тiкелей байланыстарды барынша азайту мақсатында Халыққа "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсететiн орталықтар құру және олардың қызметiн қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
      Халықтың қалың бұқарасының тұрғын үйге қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешендi шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388  Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен арзан коммерциялық және коммуналдық тұрғын үй салу, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкiндегi салымдар бойынша сыйлықақылар төлеу, жер учаскелерiн беру және жеке жаппай құрылыс аудандарына инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым салу жүзеге асырылады.
      Қолдағы тұрғын үй қорын тиiстi пайдалану мен ұстауды, онда тұрудың қауiпсiз әрi ыңғайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламаның жобасы әзiрлендi. 
      2007 - 2009 жылдары бюджет қаражатының едәуiр үлесi аграрлық өндiрiстi қайта өрлетуге және дамытуға, ауылдық инфрақұрылымды құруға және ауылдағы тұрмыс деңгейiн жоғарылатуға бағытталатын болады.
      Елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, астықтың экспорттық әлеуетiн ұлғайту, отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi мемлекеттiк қолдау және астық бағасы демпингiнiң алдын алу үшiн жыл сайын мемлекеттiк ресурстарға белгiленген баға бойынша астық сатып алынады, көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге аванс беруге мүмкiндiк беретiн фьючерстiк екi деңгейдi астық сатып алу енгiзiлдi.
      Кедейшiлiк пен жұмыссыздықты азайту, халықтың кiрiстерi мен тұрмыс деңгейiнiң өсуi, экономиканың басқа салалары көлемiнiң өсуiн қамтамасыз ету, салық базасын кеңейту және бюджетке түсетiн кiрiстер түсiмiн ұлғайту ауыл шаруашылығын қолдаудың мультипликативтiк әсерi болады.
      Субсидиялау жолымен ауыл, су шаруашылығын мемлекеттiк қолдау көзделiп отыр, мұндағы шаруашылық жүргiзудiң қолайсыз әрi тәуекелдi жағдайлары мемлекет көмегiн ақтайды. 
      Азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және агроөнеркәсiптiк кешеннiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн жағдайлар жасау мақсатында, сондай-ақ ауылдық аумақтарды кешендi дамыту және ауыл тұрғындарын ұлттық стандарттағы өмiр сапасы бар қалыпты өмiрмен қамтамасыз ету үшiн Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi  Заңы icкe асырылатын болады.
      Аграрлық азық-түлiк нарығында бәсекелестiктi дамыту және ел экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсаттарына сай келетiн аграрлық-индустриялық саясатты іске асыру үшiн жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 22 маусымдағы мәжiлiсiнде Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы мақұлданды, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 30 маусымдағы N 654  қаулысымен оны iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспары бекiтiлдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 6 наурыздағы N 149  қаулысымен осы тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2006 - 2008 жылдарға арналған бiрiншi кезектегi шаралардың мемлекеттiк бағдарламасы бекiтiлдi.
      Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруi шеңберiнде әлемдiк нарықтағы толыққанды әрiптес ретiнде және адамның өмiрi мен денсаулығы және тұтынушылардың мүдделерiн қорғау үшiн азық-түлiк өнiмiнiң қауiпсiздiгiн генетикалық түрлендiрiлген объектiлер мазмұнының сандық және сапалық құрамдарын айқындауға арналған зертханаларды қоса алғанда, ветеринарлық-санитарлық және ветеринарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың мемлекеттiк зертханаларының қызметiн ұйымдастыру жолымен олардың материалдық-техникалық базасына және персоналға қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес қамтамасыз ету мақсатында "Азық-түлiк өнiмiнiң қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданатын болады.
      Халықты сапалы ауыз сумен одан әрi қамтамасыз етуге және су ресурстарының тапшылығын қысқартуға бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93  қаулысымен бекiтiлген 2002 - 2010 жылдарға арналған "Ауыз cу" салалық бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 1149 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
      Қазақстан Республикасы аумақтарының орманды жерлерiн ұлғайту және елдi мекендердi көгалдандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 25 маусымдағы N 632 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын көгалдандырудың 2005 - 2007 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасын iске асыру жалғасады.
      2006 - 2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 16 мамырдағы N 1095 Жарлығымен қараңыз.U101105 бекiтiлген Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасының iс-шараларын және онда көзделген жұмыстардың екiншi кезеңiн iске асыру жалғасады. Көмiрсутектердi теңiзде өндiрудiң және Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң бiрiншi мұнай-газ жобалары бойынша экономикалық нәтижелердiң өсуi болжанып отыр. Бұл ретте теңiз мұнай-газ (теңiз операцияларын жүргiзу үшiн импорт алмастыру) кешенi үшiн негiзгi отандық тауарлар мен қызметтердiң бәсекеге қабiлеттiлiгi артатын болады.
      Қоршаған ортаны қорғау жөнiнде тиiмдi әрi пәрмендi шаралар қабылдау үшiн қолданыстағы тиiстi бағдарламалар шеңберiнде қоршаған ортаның ластану деңгейiн азайту және оның мониторингiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар қабылданатын болады.
      2007 жылдан бастап дамыған мемлекеттердiң үздiк үлгiлерi бар ұлттық заңнаманы үйлестiрудi қамтамасыз ететiн Экологиялық кодекс қолданысқа енгiзiлетiн болады, оның негiзiнде өнiм сапасы мен экологиялық менеджменттiң халықаралық стандарттарын, рұқсаттар мен лицензиялар беру жүйесi бойынша табиғат пайдалануды экологиялық реттеудiң еуропалық моделiне көшу, жаңа, экологиялық таза, pecуpc және энергия үнемдеушi технологиялар енгiзу бағыттарына мемлекеттiк бақылау жүйесiн жетiлдiру, сондай-ақ өндiрiстiк және қоғамдық бақылауды дамыту, қоршаған ортаны жақсарту, сумен жабдықтау, су тарту және қалдықтармен жұмыс iстеу жөнiндегi iс-шараларға қаржылық даму институттарын тарту мүмкiн болады.
      Ұзақ мерзiмдi перспектива шеңберiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету тұрғысында дамыту тұрақтылығын инвестициялау pecуpc үнемдейтiн технологияларды енгiзуге, жаңартылып отыратын энергетикалық ресурстар (су энергиясы, жел және күн энергиясы) әлеуетiн пайдалануға Қазақстан ратификациялаған жағдайда Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгерiсi туралы шектеулi конференциясына Киото хаттамасының тетiктерiн пайдалана отырып, парник газының шығарындыларын азайтуға бағытталған жобаларды қаржыландыруға негiзделедi.
      Өзен экожүйесiне түсетiн ауыртпалықты азайту және олардың ластануы мен қоқыстануын болдырмау мақсатында iрi елдi мекендердегi ағынды суларды тазарту жөнiндегi ic-шараларға инвестициялар жүзеге асырылатын болады.
      Жануарлар дүниесiн сақтау және қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 25 наурыздағы N 267  қаулысымен бекiтiлген Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктердi сақтаудың және қалпына келтiрудiң 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғасатын болады.
      2007 - 2009 жылдары Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096  Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының екiншi кезеңiн iске асыру жалғасатын болады. Осы кезеңде негiзiнен ғылыми-инновациялық инфрақұрылым қалыптасады және өнеркәсiптi жаңғыртуға және экономиканың құрылымын әртараптандыруға бағытталған серпінді жобаларды iске асыру басталатын болады.
      Экономиканың шикізат емес салаларындағы инвестициялық белсенділікті ынталандыру жөніндегі шаралардың бірі Қорлар қорын құру жобасы шеңберінде Қазақстан-қытай инвестициялық қорын қалыптастыру болады.
      Отандық және шет елдiк ғылыми әлеуеттi пайдалану негiзiнде бәсекеге қабiлеттi түпкi өнiм жасауды қамтамасыз ететiн ашық түрдегi инновациялық жүйе қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 25 сәуiрдегi N 387  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жалғасатын болады.
      Көлiк-коммуникация кешенiн тұрақты және қарқынды дамыту мақсатында экономика мен халық тарапынан көлiк қызметтерiне сұраныс өзгерген кезде жедел ден қоюды қамтамасыз ету және оны толық көлемде қанағаттандыру көзделедi.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 сәуiрдегi N 86  Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi көлiк стратегиясы бекiтiлдi, темiр жол, автомобиль, қалалық жолаушылар, көлiктiң әуе және су түрлерiн қамтылған, олардың дамуы мен тиiмдi жұмыс icтeуi айтарлық дәрежеде мемлекеттiң саясатына тәуелдi.
      Қазіргі заманғы инфрақұрылымды, оның ішінде экономикалық өсудің өңірлік орталықтарын қалыптастыруға бағытталған дамытуға үлкен рөл берілген.
      2007 - 2009 жылдары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1227  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006 - 2012 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғасатын болады. 2007 жылдан бастап бағдарламада ауылдық жерлердегi елдi мекендердiң автомобиль көлiгi қатынасына жыл бойы қол жеткiзуiн қамтамасыз ету мақсатында ауылдық автомобиль жолдарын бiрте-бiрте қалпына келтiру көзделген.
      Қазақстанның климат жағдайын ескере отырып, автомобиль жолдарын салу мен ұстаудың халықаралық стандарттарына көшу жөнiндегi жұмыс жүргiзу жоспарланып отыр.
      Қазақстан Республикасындағы ғарыш қызметiн одан әрi дамыту, оның iшiнде байланыс пен хабар таратудың қазақстандық ғарыш жүйесiн дамыту және "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" зымыран-ғарыш кешенiн құру жалғасады.
      Тарифтердi кезең-кезеңiмен қайта теңгерiмдеудi жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл ретте қалаларда тарифтердi толық қайта теңгерiмдеудi жүзеге асыру және оларды нарықтық негiзделген деңгейге дейiн жеткiзу ұйғарылып отыр. Ауылдық жерлердегi қайта теңгерiмдеу тарифтерiнiң төмендеуi болжанып отырған қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерi бойынша жүзеге асырылады.
      2007 - 2009 жылдары инвестициялық саясатты қалыптастыру Орта мерзiмдi жоспар шеңберiнде және орта мерзiмдi кезеңге бекiтiлген басым инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тiзбесiне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      Даму бағдарламалары шеңберiнде шығыстар саясаты бюджет заңнамасының ережелерiн қатаң сақтауға және мемлекеттiк инвестицияларды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталатын болады.
      Мемлекеттiң фискалдық саясатының негiзгi өлшемдерiнiң бiрi мұнай емес бюджеттiң тапшылығы болады, өйткенi ұзақ мерзiмдi жоспарда экономиканың дамуын шикiзаттық емес сектор айқындайтын болады.
      Экономикалық өсу жағдайында, әсiресе табиғи ресурстардың бiр бөлiгiн қаржы активтерiне айырбастауға ұмтылушы елдер үшiн экономиканың "қызып кетуiн" болдырмау мақсатында бюджет тапшылығы мен мемлекеттiк борыш мөлшерiн қысқартудың орынды екендiгiне әлемдiк тәжiрибе куә.
      Мемлекеттiк бюджеттiң мұнай емес тапшылығы 2007 - 2009 жылдары ЖIӨ-ге 4,0%-дан ЖIӨ-ге 2,9%-ға дейiн төмендетiлетiн болады.
      Ұзақ мерзiмдi перспективада Қазақстан Республикасының Үкiметi жүргiзiп отырған фискалдық саясат мұнай емес тапшылықты бiрте-бiрте одан әрi ЖIӨ-ге 1-2%-ға дейiн азайтуға бағытталатын болады.
      Орта мерзiмдi перспективаға арналған даму бюджетiнiң болжамына негiзделе отырып, Ұлттық қордан кепiлдiк берiлген трансферттiң мөлшерi 2007-2009 жылдары тиiстi жылдың басындағы қор активтерінің орта есеппен 13,0 %-ын құрайтын болады.
      Бұл ретте, Ұлттық қор активтерi өсуiнiң орташа қарқыны 135,9%-ды, ал оның мөлшерi 2009 жылға қарай ЖIӨ-ге 25,6%-ды құрайды.
      Ұзақ мерзiмдi перспективада фискалдық саясат республикалық бюджетке Ұлттық қордан кепiлдiк берiлген трансферттiң қор активтерiн басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiске тең мөлшерiне жеткiзуге бағытталатын болады.
      Кепiлдiк берiлген трансферттi бюджетке аударудың осындай нысаны Ұлттық қордың жеткiлiктi мөлшерiне қол жеткiзгенде мүмкiн болады және қазiргi кезде мұнай қорынан ел бюджетiне берiлетiн трансферттiң сомасы қор активтерiн басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiске сәйкес келетiн Норвегияда iс жүзiнде қолданылады.
      Ұлттық қордың активтерiн басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiс қорда қаражат жинақтаудың тиiмдi саясатын жүзеге асырған және мұнай бағасына қолайлы әлемдiк конъюнктура болған жағдайда 2015 жылдан кейiн бюджетке қажеттi трансферттiң көлемiне сәйкес келуi мүмкiн екендiгiн болжамды есептеулер көрсетiп отыр. Бұл ретте, қор активтерiн басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстiң күтiлетiн болжамы жылдық мәнде 4%-ға тең.
      Шығыстар саласында шектеу саясатын жүргiзуге қарамастан, мемлекеттiң шығыс мiндеттемелерiн толық қаржылық қамтамасыз етуi, мемлекеттiң тиiстi сапада базалық қызметтердi қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шешу қажеттiлiгi, әлеуметтiк шығыстарды халықтың неғұрлым әлеуметтiк қорғалмаған санаттарының пайдасына қайта бөлу негiзiнде әлеуметтiк теңсiздiктi азайту, кедейшiлiк деңгейiн төмендету, өмiр сүру сапасын жақсарту сияқты факторлар ескерiлетiн болады.
      Мемлекеттiк бюджеттiң шығыстары 2007 жылы ЖIӨ-ге 23,1%, 2008 жылы - 22,5%, 2009 жылы - 21,9% болжанып отыр.

                                                       3-кесте

       Ескерту. 3-кесте жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.10.16.   N 953-2 қаулысымен.

          Мемлекеттік бюджет шығыстарының 2007-2009 жылдарға
                       арналған болжамы

Атауы 2007 жыл 2008 жыл 2009 жыл
ЖІӨ-ге %-бен үлесі,
%
ЖІӨ-ге %-бен үлесі,
%
ЖІӨ-ге %-бен үлесі,
%

Шығыстар

23,1

100,0

22,5

100,0

21,9

100,0

Жалпы сипаттағы
мемлекеттік қызмет-
тер

1,2

5,2

1,2

5,3

1,2

5,3

Қорғаныс

1,3

5,4

1,4

6,2

1,4

6,2

Қоғамдық тәртіп,
қауіпсіздік, құқық-
тық, сот, қылмыс-
тық-атқару қызметі

1,9

8,1

1,8

7,9

1,6

7,5

Білім беру

3,7

16,2

3,7

16,4

3,8

17,6

Денсаулық сақтау

2,5

11,0

2,7

11,8

2,8

13,0

Әлеуметтік көмек
және әлеуметтік
қамсыздандыру

4,0

17,2

3,8

17,1

3,7

17,1

Тұрғын үй-коммунал-
дық шаруашылық

1,4

5,9

1,4

6,2

1,4

6,3

Мәдениет, спорт,
туризм және ақпа-
раттық кеңістік

0,9

4,0

0,9

3,8

0,8

3,8

Отын-энергетика
кешені және жер
қойнауын пайдалану

0,7

3,0

0,6

2,6

0,4

2,0

Ауыл, су, орман,
балық шаруашылығы,
ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар,
қоршаған ортаны
және жануарлар
дүниесін қорғау,
жер қатынастары

1,1

4,6

1,2

5,3

1,2

5,3

Өнеркәсіп, сәулет,
қала құрылысы және
құрылыс қызметі

0,1

0,3

0,05

0,2

0,05

0,2

Көлік және
коммуникация

2,2

9,7

2,0

9,1

1,8

8,2

Өзгелер

1,9

8,2

1,4

6,4

1,3

5,9

Борышқа қызмет
көрсету

0,3

1,1

0,4

1,7

0,3

1,4

       7. Бюджеттiк кредит беру

      2007 - 2009 жылдарға арналған бюджеттiк кредит берудiң мақсаттары экономика салаларында бәсекелi ортаны қалыптастыру және дамыту, сондай-ақ адам капиталын дамыту болып табылады. Бюджеттiк кредит беру мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
      Бюджеттiк кредиттер мынадай негiзгi бағыттар бойынша берiледi:
      инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландыру;
      мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау;
      жергiлiктi атқарушы органдарға, оның iшiнде ағымдағы қаржы жылында жергiлiктi бюджеттердiң қолма-қол ақша тапшылығының болжамы жағдайында кредит беру;
      қаржы агенттiктерi мәртебесi бар қаржылық даму институттарына кредит ресурстарын беру.
      Жүргiзiлiп отырған сыртқы саясатқа қарай бұдан былай қарыз алушылардың санаттары шетелдiк мемлекеттермен толықтырылуы мүмкiн.
      Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы республикалық бюджеттен инвестициялық жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бюджеттiк кредиттер алу нысанында ғана жүзеге асырылатын болады.
      Жергiлiктi атқарушы органдардың кредит саясаты мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және өңiрлiк даму бағдарламаларын iске асыруға шоғырландырылады. Жергiлiктi бюджеттерден бюджеттiк кредит беру қарыз берушi банктер мен қаржылық агенттiк мәртебесi бар қаржылық даму институттары арқылы жүзеге асырылады.
      Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға бөлiнетiн бюджеттiк қаражаттың тиiмдi жұмсалуы мақсатында жергiлiктi атқарушы органдардың борыш лимиттерiн ескере отырып, оларды нысаналы кредиттермен ауыстыру мүмкiндiгi қаралады. 
      Республикалық бюджеттiк инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелерiн қараған кезде назар пайда әкелудi көздейтiн жобалар үшiн қайтарымды негiзде (толық, не iшiнара) қаржы қаражатын бөлу жағына бiртіндеп ауысатын болады.
      Тұтастай алғанда бұл шаралар бюджет қаражатын тиiмдi жұмсауға, сондай-ақ түпкi қарыз алушылардың қаржылық тәртiбiн арттыруға ықпал ететiн болады.

         8. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар

      Орта мерзiмдi перспективада мемлекеттiк активтердi басқару саласындағы мемлекеттiк саясат мемлекеттi тиiмдi меншік иесi және менеджер ретiнде қалыптастыруға бағытталған. Қойылған мiндеттi iске асыру мақсатында мемлекет активтерiн басқарудың ашық жүйесiн құру және мемлекеттiк меншiктiң бiрыңғай дерекқорын қалыптастыру жөнiнде бiрқатар iс-шараларды iске асыру көзделiп отыр:
      мемлекеттiк кәсiпорындардың, мекемелер мен акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi ұйымдардың мүлiктерiн түгендеудi жүргiзу;
      қоғамдық маңызды қызметтер көрсету және мемлекеттiк қолдауды қажет ететiн қызмет салаларын дамыту үшiн олардың жұмыс істеу қызметтерiнiң салаларын айқындау мақсатында жүргiзiлген талдау деректерi негiзiнде мемлекеттiк кәсiпорындар мен акцияларының пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi ұйымдардың оңтайлы санын анықтау;
      мемлекеттiк кәсіпорындардың, мемлекеттiк мекемелердiң және акцияларының пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлген бәсекелi ортаға берiлетiн мүлiктiң тiзбесiн қалыптастыру.
      Мемлекеттiң қаржы активтерi - жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк пакеттерін (қатысу үлестерін) және мемлекеттiк меншiктiң өзге де объектiлерiн сату - тиiстi бағдарламалық құжаттарды iске асыру шеңберiнде белгiлi бiр салалар мен нақты кәсiпорындарға қатысты жекешелендiру мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Қаржы активтерiн сатып алу экономиканың стратегиялық салаларына мемлекет тарапынан елдiң экономикалық қауiпсiздiгін қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды тиiмдi дамытуға бағытталған тиiстi бақылау орнату құралдарының бiрi болып табылады.
      Мемлекеттiк меншiкке заңды тұлғалардың акцияларын, қатысу үлестерiн сатып алу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 шiлдедегi N 1095  қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендіру тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Жалпы мемлекеттiк мiндеттердi орындау мақсатында экономиканың стратегиялық салаларында жұмыс iстейтiн, бiрақ меншiк иелерi тиiмдi басқармайтын кәсiпорындардың акциялары (қатысу үлестерi), сондай-ақ қоғамдық және әлеуметтiк маңызды кәсiпорындардың акциялары (қатысу үлестерi) сатып алу (иелiкке алу) объектiлерi ретiнде танылатын болады. 
      Халықаралық ұйымдардың бағалы қағаздарын сатып алу қолданыстағы заңнама шеңберiнде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының мүдделерiн халықаралық деңгейде қорғауға бағытталады.

         9. Бюджетаралық қатынастар

       Ескерту. 9-тарауға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.25.   N  823 , 2007.05.21.   N  396 қаулыларымен.

      Орта мерзiмдi кезеңдегi бюджетаралық қатынастар саясатының негiзгi мақсаты мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiне бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк қызметтердi толық көрсетуi және өздерiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруы үшiн оларды жеткiлiктi қаржы қаражатымен қамтамасыз ету болып табылады.
      Бюджетаралық қатынастар Бюджет кодексiнде белгiленген қағидаттардан және түсiмдер мен шығыстардың бюджет деңгейлерi арасында бөлiнуiнен бастау алады әрi өзара қатынастардың, ең алдымен, облыс-аудан деңгейiндегi анықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, әрбiр басқару деңгейiнiң дербестiгiн күшейтуге, сондай-ақ тиiмдi бюджет саясатын жүргiзуге бағытталған. Бюджет кодексiне сәйкес бюджетаралық қатынастар трансферттер мен бюджеттiк кредиттер арқылы реттеледi, ал облыстық және аудандық бюджеттер арасында бұдан басқа, кiрiстердi бөлу нормативтерiмен реттеледi.
      Трансферттер жалпы сипаттағы трансферттер, ағымдағы нысаналы трансферттер, дамуға арналған нысаналы трансферттер болып бөлiнедi.
      Аумақтардың экономикалық дамуының тым күштi саралануы салдарынан кiрiс базасының өңiрлер арасында бiркелкi бөлiнбеуiне байланысты халықтың мемлекеттiк сектордың қызметтер көрсетуiне тең қол жеткiзуiне жету үшiн өңiрлердiң бюджеттiк қамтамасыз етiлу деңгейiн теңестiру саясаты жүргiзiледi.
      2005 жылдан бастап үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемiн айқындау Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 31 тамыздағы N 916  қаулысымен бекiтiлген жалпы сипаттағы ресми трансферттердi есептеу әдiстемесi негiзiнде жүргiзiледi.
      Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi арасындағы бюджеттiк субвенциялар мен алулардың 2005 - 2007 жылдарға арналған көлемi "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi арасындағы 2005 - 2007 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемдерi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңымен, ал облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерi арасында - абсолюттi көрiнiсте облыстық мәслихаттардың шешiмдерiмен бекiтiлген. Бюджеттiк субвенциялар мен алулар көлемi әр үш жыл сайын өзгерiп отыруы тиiс, осыған байланысты жалпы сипаттағы трансферттер есептерінің жаңа әдістемесі әзірленеді, онда осы саладағы халықаралық тәжірибе мен қолданыстағы әдістеменің кемшіліктері, сондай-ақ оны жетілдіру жөнінде жергілікті атқарушы органдар енгізген ұсыныстар ескерілетін болады.
      Әдістеменің негізгі мақсаты бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын кепілдендірілген мемлекеттік қызметтерге барлық өңірдегі халықтың бірдей қол жеткізуін қамтамасыз ету болады. Әдістеменің басым бағыттары: 
      экономикалық дамуда өңірлерді ынталандыру, салық салынатын базаны кеңейту және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуде әкімдердің дербестігін арттыру;
      өңірде қызметтер көрсетілетіндердің санын, сол немесе өзге өңірдің ерекшелігіне қарай шығыстардың өзгеруіне әсер ететін факторларды ескеру.
      Осы әдістеменің негізінде»"Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті арасындағы 2008 - 2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданатын болады.
      Орта мерзiмдi кезеңге жалпы сипаттағы трансферттердiң мөлшерiн бекiту тұрақтылығы жергiлiктi атқарушы органдардың салық әлеуетiн ұлғайтуға мүдделiлiгiн қамтамасыз етедi, өйткенi жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджеттердiң үш жылдық Заңның қолданылу кезеңінде алынған қосымша кiрiстерiн өңiрдi дамытуға жiберуге мүмкіндік алады.
      Жалпы сипаттағы трансферттердiң үш жылдық көлемiнiң әрекет ету кезеңiнде нысаналы ағымдағы трансферттер бюджетаралық қатынастарды реттеу құралы болады.
      Алдағы кезеңде төмен тұрған бюджеттерге қосымша функциялардың шығасыларды тиiстi өтеусiз жүктелуiне жол бермеу қағидаты қатаң сақталады.
      Жоғары тұрған органдар жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң үш жылдық көлемiнiң әрекет ету кезеңiнде жергiлiктi бюджеттер шығыстарының ұлғаюына немесе кiрiстерiнiң азаюына әкеп соғатын нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдаған жағдайда, төмен тұрған бюджеттердiң шығасыларын өтеу мақсаты ағымдағы трансферттердi бөлу жолымен жүргiзiледi.
      Нысаналы трансферттер қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк, салалық (секторалдық) немесе өңiрлiк бағдарламаларды орындауға берiлетiн болады.
      Нысаналы даму трансферттерi мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламаларда көзделген жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру үшiн берiледi.
      Бұл ретте, төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерiн беру және олардың көлемi өңiрлердiң бiлiм беру мен денсаулық сақтаудың басым мекемелерi желiсiмен, сумен жабдықтау қызметтерiмен қамтамасыз етiлу деңгейiн теңестiру мiндеттерiмен өзара байланысты болады.
      Бюджеттiк даму бағдарламаларының орта мерзiмдi кезеңге арналған жергiлiктi деңгейдегi басым бағыттары, бiрiншi кезекте ауылдық жерлерде бiлiм беру, денсаулық сақтау, ауыз сумен жабдықтау объектiлерiн салу және тұрғын үй салу болады.
      Нысаналы трансферттердi олардың тек мақсатты бағытына сәйкес пайдалану мүмкiндiгiне байланысты, оларды пайдалану тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгiне бақылауды күшейтуге ерекше назар аударылатын болады.
      Алдағы үш жылдық кезеңде мемлекеттiк басқару жүйесiн реттеуге және оның тиiмдiлiгiн арттыруға, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды енгiзуге бағытталған атқарушы билiк реформасы жалғасады.
      Бұл ретте, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына тиiстi қаржылық қамтамасыз етiлуiмен бiрге мемлекеттiк басқару органдарының функциялары берiледi.
      Өзiн-өзi басқару жүйесiн енгiзу мақсатында "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзiрлендi, ол қабылданғаннан кейiн Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамытуды қолдаудың 2007 - 2009 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы әзiрленетiн болады.      

         10. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген
              қарыз алу мен борышты басқару

       Ескерту. 10-тарауға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.25.   N  823 , 2007.05.21.   N  396 қаулыларымен.

      Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында елдiң Мемлекеттiк және жалпы сыртқы борышын басқару жөнiндегi тұжырымдама әзірленді.
      Көрсетiлген Тұжырымдамада мемлекет басым қатысатын акционерлiк қоғамдардың борыштарын қоса алғанда, барлық мемлекеттiк сектордың борышын ескере отырып, борышты басқару стратегиясы, мемлекеттiк борыш мониторингi мәселелерi, жергiлiктi атқарушы органдардың борыштық мiндеттемелерiн реттеу мәселелерi мен мемлекеттiк борышты басқарудың ұйымдық негiздерi көрiнiс тапты. Сондай-ақ, жеке сектордың сыртқы қарыз алуын реттеу жөнiндегi саясат айқындалды.
      Ұлттық қордың тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық қор активтерiнiң сарқылуына жол бермеу мақсатында бюджет тапшылығын үкiметтiк қарыз алу есебiнен бюджет тапшылығын қаржыландыру деңгейi бес жылдық кезең үшiн орташа жылдық мәнде ЖIӨ-нiң 1%-ынан аспайтын мөлшерде шектелетiн болады. Бес жылдық перспективада нақты жинақтау мақсатында үкiметтiк қарыз алу саясаты кепiлдiк берiлген борышты ескере отырып, үкiметтiк борыштың Ұлттық қор активтерiнiң нарықтық құнына қатысты 50-70 пайыздық арақатынасына қол жеткiзуге бағдарланатын болады.
      Үкiметтiк борыш құрылымындағы сыртқы борыш үлесiн бiртiндеп азайту жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң саясаты жалғасатын болады. Сыртқы борыштың үлесiн азайту республикалық бюджет тапшылығын қаржыландырудың жалпы құрылымындағы сыртқы қарыздар есебiнен республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үлесiн азайту жолымен жүзеге асырылатын болады.
      Осыған байланысты, мемлекеттiк бағалы қағаздарды қалыптасқан республикалық бюджеттiң нақты атқарылуына қарамастан, бастапқы жоспарланған көлем мен кесте бойынша тұрақты деңгейде шығаруды жүзеге асыру мақсатында бюджет заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерi пысықталатын болады.
      Үкiметтiк қарыз алу мен борыштың көлемiн жоспарлау ең алдымен, үкiметтiк қарыз алудың, борыштың, оған қызмет көрсету шығындары мен тәуекелдiң оңтайлы деңгейiн қалыптастыруды ескере отырып, мынадай мақсаттарға қол жеткiзуге бағытталатын болады:
      табыстылық ауытқымасын құру үшiн қор нарығында бағдар ("benchmark") белгiлеу үшiн қажеттi құрылымы бар мемлекеттiк бағалы қағаздардың жеткiлiктi көлемiн ұстау;
      жинақтаушы зейнетақы қорларының және қор нарығының басқа да қатысушыларының қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн борыштық құралдарды, әсiресе, инфрақұрылымдық облигациялардың нарығында баламалы құралдардың дамыту, бұл өз кезегiнде қайталама нарықтағы мемлекеттiк бағалы қағаздар секторындағы сауда-саттықты жандандыруға алып келуi тиiс;
      озық шетелдiк тәжiрибенiң трансфертi мақсатында экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшiн жеңiлдiктi жағдайларда сыртқы қарыздарды тарту.
      Борыштық құралдар нарығында баламалы құралдарды дамыту мақсатында кепiлдеме құралдарын жетiлдiру жөнiндегi шаралар қабылданатын болады. Бюджет заңнамасында мемлекет кепiлдемесiн беру лимитiн енгiзу көзделетiн болады.
      2007 - 2009 жылдары мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласында жүргiзiлiп жатқан саясат шеңберiнде мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:
      1) бюджет тапшылығы мен борыш көрсеткiштерi: 
      Мемлекет басшысы айқындаған мiндеттердi ескере отырып, орта мерзiмдi перспективада мұнайдан тыс тапшылықтың мөлшерi мен бюджет теңгерiмдiлiгiне қол жеткiзуге негiзделе отырып, республикалық бюджет тапшылығының параметрлерiн айқындау;
      жинақтау саясаты шеңберiнде үкiметтiк борыштың оңтайлы мөлшерiн анықтау;
      2) iшкi қарыз алу: 
      жылдар және қағаз түрлерi бойынша бөлiнiстегi мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясының орта мерзiмдi кезеңге арналған үлгi схемасын жасау;
      iшкi қарыздарды тарту мерзiмiне қарай түрлi қарыз алу құралдарын қолдану;
      нарықтағы ахуалға байланысты қарыз алудың жалпы көлемiндегi индекстелген және купондық мiндеттемелер арасындағы оңтайлы ара қатынасты белгiлеу жолымен пайыздық тәуекелдердi барынша азайту;
      бағалы қағаздар рыногында ("benchmark") бағдарлар белгiлеу;
      жалпы шығару санын азайта отырып, мемлекеттiк бағалы қағаздар шығару көлемiн ұлғайту;
      айналым мерзiмiн ұлғайта отырып, пайыздарды төлеудiң мерзiмдiлiгiн азайту;
      мiндеттемелердiң орындалмау тәуекелiн азайту әрi қысқа және орта мерзiмдi перспективада iшкi үкiметтiк борышты өтеу жөнiндегi төлемдер төлеудiң ең жоғары шегiн төмендету, бұл үшiн, негiзiнен орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердi шығаруға қайта бағдарлану ұйғарылып отыр;
      борыштық құралдар, әсiресе инфрақұрылымдық облигациялар рыногында баламалы құралдарды дамыту;
      3) сырттан қарыз алу:
      Қазақстанның Даму Банкiнiң жаңа жобаларды iрiктеуге және қайтарымды негiзде қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың банктiк сараптамасын жүзеге асыруға қойылатын талаптарды күшейту;
      озық тәжiрибенiң және сыртқы донорлардың жобаларды iске асыруын бақылау рәсiмдерiнiң трансфертi мақсатында экономиканың басым салаларында инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшiн жеңiлдiк жағдайларда сыртқы қарыздарды тарту;
      республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiне қосылатын жобаларды дайындаудың сапасын және сараптамасын жақсарту жолымен қарыз қаражатын тиiмдi пайдалану;
      теңгенiң айырбас бағамы өзгерген жағдайда терiс салдарларды төмендету мақсатында қарыздар валютасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыртқы қарыздар портфелiн әртараптандыру;
      4) борышты өтеу және оған қызмет көрсету:
      үкiметтiк қарыздарға қызмет көрсетуде неғұрлым қымбаттарын мерзiмiнен бұрын өтеу арқылы үкiметтiк борышты белсендi басқару;
      жергiлiктi атқарушы органдардың мерзiмi өткен борыштық мiндеттемелердi өтеу және реттелмеген борыштық мiндеттемелер проблемасын тез арада шешу жөнiнде белсендi шаралар қабылдауы;
      фискалдық тәуекелдердi болжау - АҚШ долларына шаққандағы теңгенiң айырбас бағамының, шетел валюталарының кросс-бағамдарының, пайыздық ставкалардың өзгеруi, әлемдiк бағалар конъюнктурасының өзгеруi салдарынан Ұлттық қорға қаражаттың жеткiлiксiз түсуi.
      Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу мемлекеттiк борыштың қауiпсiз деңгейде сақталуын қамтамасыз етуi, оның құрылымын оңтайландыруы бюджеттiң тұрақтылығын жоғарылатуы әрi орта және ұзақ мерзiмдi перспективада елдiң iшкi қор нарығының дамуын қамтамасыз етуi тиiс.
      2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттiк борыш, немесе ЖIӨ-ге 9,5 %-ды құрады, мемлекет кепiлдiк берген борыш 79264,7 млн. теңгенi, 705 071,4 млн. теңгенi ЖIӨ-ге 1,1%-ды құрады.
      Мемлекеттiк борыш құрылымында үкiметтiк борыш 535 534,8 млн. теңгенi құрады, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң борышы 161 000,0 млн. теңгенi құрады, жергiлiктi атқарушы органдардың борышы 82 856,7 млн. теңгенi құрады.
      Мемлекет ұзақ жылдар бойы мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борышты басқаруды жетiлдiруге баса назар аударды. 
      Бұрын қабылданған шаралар нәтижесінде 2001 жылдан бастап үкіметтік борыш төмендейді.

                                                       4-кесте

       Ескерту. 4-кесте жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.05.21.   N  396 қаулысымен.

Көрсеткіштердің
атауы

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Үкіметтік борыш,
млн. теңге

573952,2

579895,9

609592,1

586374,2

535534,8

606431,7

ЖІӨ-ге %-бен

17,6

15,5

13,2

10

7,2

6,0

      Үкіметтік борыштың құрылымындағы сыртқы борыштың үлесі де қысқарады.
 
                                                            1-диаграмма

       Үкіметтік борыштың құрылымындағы сыртқы борыштың үлесі

                (Диаграмманы қағаз мәтіннен қараңыз)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады