2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі)

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет  кодексіне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың:
       382 383 384 385 386 387 388 389 391-қосымшаларға  сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына     
382-ҚОСЫМША          

234  Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 1 953 388 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз елу үш миллион үш жүз сексен сегіз мың теңге).
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.   N 597  қаулысымен.
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:  "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің  554-бабы ; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі  Заңы ; "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының  47,   48,   49,   50,   51 және   52-баптары ; "Экологиялық сараптама туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы Заңының  11,   13 және   14-баптары ; "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі  Заңы ; "Қазақстан Республикасының Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 қазандағы Заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі  Заңы ; "Қазақстан Республикасының Шекаралық мәтінде қоршаған ортада жасалатын ықпалды бағалау туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 21 қазандағы  Заңы ; "Қазақстан Республикасының Ауаның алыс қашықтыққа трансшекаралық ластану туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы  Заңы ; "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсер етуі туралы конвенцияға қосылуы  туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы  Заңы ; "Қазақстан Республикасының Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының Түзетулеріне қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы  Заңы ; "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы Заңының  9 ,   14,   15,   16,   17 және   22-баптары ; "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының  25,   35,   36 және   46-баптары ; "Міндетті экологиялық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы  Заңы ; "Сандық геоақпараттық жүйелер негізінде Қазақстан Республикасы табиғи объектілерінің бірыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесін құру және жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі N 1449  қаулысы ; "Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қыркүйектегі N 1154  қаулысы , "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1113  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Табиғатты қорғауды бақылау комитетінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 1126  қаулысы ; "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын қорғау" Бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1278  қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :   республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне жету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және экономикалық шаралар кешенін жүргізу, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі  іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдар лама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету

  

  

  

2

  

001

Орталық органның аппараты

Орнықты даму үшін қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру жөніндегі мәселелерді басқару және салааралық үйлестіру;
қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму саласындағы халықаралық конвенциялар мен келісімдерді іске асыру;
үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікті іске асыру;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияларды беруді ұйымдастыру  және жүзеге асыру және тауарлардың экспорты мен импортына, қызметтің өзге де түрлеріне рұқсаттарды беру туралы және мемлекеттік экологиялық сараптамалардың қорытындыларына шешімдерді келісу;
табиғат пайдалануға рұқсаттарды беруді, оларды есепке алуды және жоюды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрын жүргізу және сүйемелдеу жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету;
жиынтық ақпараттық жүйені - қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер бөлігіндегі салық төлеушілер және салық салу объектілерінің тізілімін жүргізу;
салалық (секторлық) экологиялық бағдарламаларды орындауды ұйымдастыру;
қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік экологиялық сараптама, рұқсат беру жүйесі, лицензиялық және экологиялық- сараптамалық қызметтің,  нормалау және стандарттар саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін, сондай-ақ тиімді табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері мен ынталандыру тетіктері жүйесін ұйымдастыру мен жетілдіру;
қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстар саласындағы табиғат қорғау заңнаманы мемлекеттік органдардың, шаруашылық субъектілердің, меншіктің нысанына қарамастан, сақтауы мен орындауына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;
қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму саласындағы заңнаманы жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру;
салалық (секторлық) экологиялық бағдарламаларды әзірлеу және өңірлік экологиялық бағдарламаларды қалыптастыруда әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
өз құзыретіндегі мәселелер жөніндегі заңнамалық және бас да құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму жөніндегі талаптардың нормативтік әдістемелік қамтамасыз етуін ұйымдастыру;
экологиялық сараптамалық қызметті үйлестіру;
экологиялық сақтандырудың тетіктерін жетілдіру, тәуелдік пен қоршаған ортаға келтірілген зиянды бағалаудың әдістемесін белгілеу;
оларды өткізу тәртібін қоса алғанда, қоршаған ортаға әсерді бағалау және мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізу жөніндегі нұсқаулық әдістемелік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру;
шаруашылық және басқа да қызметке қойылатын экологиялық талаптарды, стандарттар мен нормативтерді әзірлеу және жетілдіру, оның ішінде: ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділеріне лимиттер мен квоталарды, қоршаған ортаға әсердің нормативтерін, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер нормативтерін белгілеу

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

3

  

002

Аумақтық органдардың аппараттары

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияларды беруді және тауарлардың экспорты мен импортына, қызметтің өзге де түрлеріне лицензияларды беру туралы шешімдерді келісуді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
табиғат пайдалануға рұқсаттарды беруді, оларды есепке алу және жоюды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
жиынтық ақпараттық жүйені қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер бөлігіндегі салық төлеушілер мен салық төлеу объектілерінің тізілімін жүргізу;
қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы табиғат қорғау заңнаманы мемлекеттік органдардың, шаруашылық субъектілердің,  нысанына қарамастан, сақтауы мен орындауына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;
шаруашылық және өзге де қызметке стандарттар мен нормативтерді әзірлеу, оның ішінде: ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділеріне лимиттер мен квоталарды, қоршаған ортаға әсердің нормативтерін, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер нормативтерін белгілеу

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

4

  

007

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру

Мына тақырыптар бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу:
қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау;
экологиялық сараптама және табиғат пайдалануды реттеу;
экологиялық аудит;
талдамалық бақылау зертханаларының аккредитациялау шеңберінде эксперт-аудитор сертификатын алу үшін талдамалық бақылау зертханаларының мамандарын оқыту.
Мемлекеттік тілді оқыту.

Ақпан- қараша

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

5

  

008

Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстық аумақты қоршаған ортаны қорғау басқармаларының әкімшілік ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу. 

Сәуір- қазан

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

6

  

009

Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру  

Орталық аппараттың және аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармаларының материалдық-техникалық жарақтандыруы.
Каспий теңізінің
қазақстандық
секторының аквато-
рийіне талдамалық
бақылау жүргізу
үшін зертханалық
жабдықтары бар
теңіз кемесін сатып
алу.

Қаңтар -желтоқсан
шілде

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

7

  

017

Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және  мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

Есептеуіш желілік, телекомуникациялық және электр жабдықты, жинақтауыш және қосалқы бөлшектерді, ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін және уәкілетті органның жергілікті мақсаттарын шешуді қамтамасыз ету үшін шығын материалдар мен бағдарламалық өнімдерді сатып алу, қондыру, баптау.
Есептеуіш техника мен жабдық құралдарына жүйелі техникалық қызмет көрсету.
Интернет жүйесі мен электрондық поштаға шығу қызметтері

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

8

  

100

Сапалық және сандық көрсеткіштерді (экологиялық нормативтер мен талаптарды) әзірлеу

Қоршаған ортаның сапасын бақылауды басқаруды және шаруашылық және басқа да қызметтің қоршаған ортаға әсерін төмендету жөніндегі іс-шаралар қабылдауды оңтайландыру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы сапалық және сандық көрсеткіштерді (50 әдістемелер үшін экологиялық нормативтер мен талаптарды) әзірлеу жөніндегі іс-шаралар жүргізу

Қаңтар -желтоқсан

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :   Тікелей нәтиже: қоршаған ортаның сапасын жақсарту мақсатында, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қайта жаңғырту, заңдылық пен құқық тәртібін қатайту мақсатында қоғам мен табиғаттың өзара әрекет ету саласында қатынастарды реттеу; кәсіби деңгейін арттыру - 134 адам; мемлекеттік тілді оқыту - 340 адам; 50 әдістеме үшін сапалық және сандық көрсеткіштерді (экологиялық нормативтерді және талаптарды) бекіту.
Түпкі нәтиже: атмосфералық ауа, жердің озон қабаты, су, топырақ, жер қойнауы, жануарлар және өсімдіктер әлемі, сонымен қатар олардың өзара әрекетіндегі ауаны қоса табиғи объектілердің жиынында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: қоршаған ортаны ластағаны үшін мемлекеттік бюджетке төлемақылардың толық түсімі,
бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 14,5 мың теңге,
бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді үйретуге жұмсалатын орташа шығын - 17,1 мың теңге.
Уақтылығы: мемлекеттік органға жүктелген функциялардың уақытында орындау.
Сапасы: адамды қоршап тұрған ортаның жағдайын жақсарту және қауіпті жағдайлардың, адам өмірі және өзге тірі организмдер үшін зиянды немесе қауіптің алдын алу.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына       
383-ҚОСЫМША          

234  Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауіпті объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу"
   деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны :   7208 мың теңге (жеті миллион екі жүз сегіз мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   "Экологиялық сараптама туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы  Заңы ; "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңының  8 ,   63 және   64-баптары ; "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының  21-бабы ; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы" 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1241  Жарлығы ; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысы ; "Табиғат қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптау саласындағы жұмыстар жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы N 1039  қаулысы ; "Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау" бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1278  қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : экологиялық талаптарға сәйкес келуді бағалау арқылы қоршаған ортаға жоспарланған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтерді іске асыру кезіндегі ықтимал теріс әсер ету салдарларын болдырмау.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   жоспарланған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтердің қоршаған ортаға әсерін бағалауды сараптама жасалатын құжаттамада ғылыми негізделген талдауды жүргізу жолымен мемлекеттік органдар бастамашылық жасаған жобалардың қоршаған орта сапасы нормативтеріне және экологиялық талаптарға сәйкестігін уақытылы айқындау.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдар лама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002

  

Стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауіпті объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу

Мемлекеттік органдар бастамашылығымен жасалатын жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :   Тікелей нәтиже: мемлекеттік органдар бастамашылығымен жасалған кемінде 82 жобаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру.
Түпкі нәтиже: жоспарланған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтің қоршаған ортаның жай-күйіне теріс әсер ету салдарларын барынша азайту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір жобаның экологиялық сараптамасын жүргізуге арналған шығыстар орта есеппен 87,9 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерге сәйкес бір жылдың ішінде жобалардың келіп түсуіне қарай экологиялық сараптаманы жүзеге асыру.
Сапасы: мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған жобалардың экологиялық қауіпсіздіктің нормалары мен талаптарына сәйкес келуі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына       
384-ҚОСЫМША          

234  Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны :   312700 мың теңге (үш жүз он екі миллион жеті жүз мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының  75-бабы ; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі "Ғылым туралы" Заңының  3 ,   18,   22 және   26-баптары ; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Заңының  7-бабы ; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы "2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы" N 1241  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын қорғау" бағдарламасы туралы" N 1278  қаулысы ; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы "2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында шөлейттенумен күрес жөніндегі бағдарлама туралы" N 49  қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :   республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, қоршаған ортаның сапасын тұрақтандырудың теориялық және технологиялық негіздерін қалыптастыру.
      5.   Бюджеттік бағдарламаның   міндеттері :   қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-шараларды және инвестициялық жобаларды дайындауға ғылыми негізделген ұсыныстарды және ұсынымдарды әзірлеу; Халықаралық табиғатты қорғау конвенцияларын іске асыруды ғылыми сүйемелдеу; климат өзгеруінің; озон қабатының бұзылуының, шөлейттенудің, Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының ластануының және тозуының өзекті мәселелері жөніндегі ғылыми  зерттеулерді жүргізу; Қазақстан Республикасының аумағының экологиялық жай-күйін бағалау жөніндегі ғылыми-талдау және картографиялық материалдарды жасау; қоршаған ортаны басқарудың жаңа көзқарастарын және әдістерін әзірлеу; қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-шараларды және инвестициялық жобаларды негіздеу жөніндегі ғылыми зерттеулер; қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми-зерттеу базасын дамыту.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске сыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдар лама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003

  

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер

Жалғасатын тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу:
1. Өңірлік климаттың қазіргі өзгеруін бағалау, сондай-ақ экологиялық жайын климатының және экономиканың климатқа тәуелді салаларының өзгеруіне осалдығының және бейімделуінің мүмкіндігін бағалау, атмосферадағы көмірқышқыл газы шоғырларының жоғарылауы кезінде өңірлік климаттың өзгеру сценарийлерін әзірлеу;
2. Жердің озон қабатына физикалық және химиялық процестердің әсер етуін, сондай-ақ озон қабаты жай-күйінің өзгеруін, әсіресе, адам денсаулығына және басқа тірі организмдерге, климатқа, адам пайдаланған табиғи және жасанды материалдарға ультракүлгін, күн сәулелерінің өзгеруін бағалау;
3. Үлкен қашықтыққа ластағыш заттардың ауысуын және олардың түсуін бағалау жөніндегі ғылыми зерттеулер; атмосфераның ластану процестерін модельдеудің болатын мүмкін салдарларын айқындау және оның сапасын анықтау; ластанумен күрестің экономикалық тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;
4. Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) тұтынуды бағалауға және болжауға әдістемелік зерттеуді жетілдіру; ОБЗ импорттау және тұтыну мониторингінің жүйесін әзірлеу, сондай-ақ ОБЗ тұтыну процестерінің қысқарылуын басқару; ОБЗ тұтынуының өсу себептерін айқындау;  Қазақстанда ОБЗ ұлттық кадастрын әзірлеу;
5. Қазақстандағы экологиялық жағдайды бағалау бойынша ғылыми зерттеулер, табиғи ресурстарды пайдалану дәрежесі, шаруашылық  қызметтің қоршаған ортаға әсер етуі және басқаға кері әсер етуді төмендету үшін қолданылатын шаралар;
6. Экожүйенің негізгі құрауыштарындағы: топырақтағы, өсімдіктердегі, жануарлардағы шоғырланған энергияны анықтау бойынша ғылыми жұмыстар, сондай-ақ түрлі техногендік жүктермен және антропогендік сыққыш дәрежесін есепке ала отырып, топырақтың минералдық бөлігінің (Гиббс бойынша энтропия және энергия) термодинамикалық сипаттамасымен топырақтың пайда болу процестеріне энергия шығындаудағы түрлілік: жаңа тақырыптар бойынша;
7. Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі салдарынан туындайтын процестерді ескере отырып Каспий маңы солтүстік-шығыс бөлігін, сонымен қатар көмірсутекті шикізаттың кенорындарын үздіксіз әзірлеуді қазіргі заманғы экологиялық зерттеу және бағалау;
8. Қазіргі экологиялық және саяси жағдайда Іле-Балқаш өңірінің жер асты суларының ресурстарын пайдалану перспективасын бағалау;
9. Қазақстан Республикасында техногенді қалдықтар және оларды кәдеге жарату жолдарын ғылыми-техникалық бағалау;
10. Парник газдары шығарындыларын сандық бағалау, парник газдары эмиссияларын төмендету бойынша Қазақстанның ұлттық стратегиясын әзірлеу, парник газдары шығарындыларына арналған квоталарды лицензиялаудың ұлттық жүйесін жасау үшін жағдай жасау, парник газдары эмиссиялары/ағындысы бойынша мониторинг және есеп жүйесін қалпына келтіру;
11. Солтүстік Қазақстан уран өндіруші өңірлерінде эколого-радиациялық жағдайды зерттеу;
12. Халық денсаулығына табиғи радиобелсенділіктің (радонның) кері әсер етуін зерттеу;
13. Экологиялық жай-күйлерін анықтау үшін әскери-сынақ полигондарының аумақтарын және оларға жақын өңірлерде (Сарышаған) кешенді зерттеу бойынша ғылыми зерттеулер;
14. Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан аумағын және тұрғындарының денсаулығына кешенді экологиялық зерттеулер жүргізу;
15. Қазақстанның үстіндегі озон қабаты жай-күйінің динамикасын зерттеуді жүргізу және оған кері әсер ету салдарларының алдын алу бойынша шараларды әзірлеу;
16. "2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы шөлейттенумен күрес" бағдарламасы шеңберінде 2005- 2007 жылдарға арналған ғылыми- зерттеу жұмыстары (Қазақстан аумақтарының шөлейттену процестеріне ұшырауын бағалау және 1:1000000) масштабындағы жерлердің шөлейттену және тозу картасын жасау);
17. Ертіс бассейні және Балқаш өзені ағысының ресурстарына экологиялық бағалау жүргізу;
18. Ағынды сулар жинақтағыш жағдайына зерттеу жүргізу және тәжірибелік нұсқаулықтарымен;
19. Қоршаған ортаны ластағыш заттардан қорғау мақсатында "Бурабай" және "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің шегінде орналасқан шаруашылық ететін субъектілердің шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларын тазалау жөніндегі ғылыми-негізделген ұсыныстарды әзірлеу;
20. Батыс Қазақстанның сулы-жағалау экожүйесінің өзгерісін ғылыми зерттеуді жүргізу;
21. Қазақстан Республикасы әуе бассейнінің техногенді ластану деңгейін бағалау және оны сауықтыру жөніндегі ғылыми-зерттеу ұсыныстарын әзірлеу;
22. Табиғи объектілерді эколого-экономикалық бағалау және табиғатты қорғау іс-шараларының экономикалық тиімділік әдісін әзірлеу;
23. Табиғатты пайдалануда рұқсат жүйесінде және экологиялық сараптамада жаңа ғылыми негізді рұқсат жүйесін әзірлеу;
24. Қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік бақылаудың ғылыми- тәжірибелік моделін әзірлеу;
25. Қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми негізделген индикаторлар мен көрсеткіштерді, сонымен қатар табиғи жүйенің орнықтылығы мен экологиялық сыйымдылық шегін белгілеуде ғылыми-әдістемелік негізін әзірлеу және мақұлдау;
26. Қазақстанның шаруашылықты игеру аумақтарының экологиялық қауіптілігін бағалау;
27. Щучье-Бурабай курорттық аймағының экологиялық жай-күйінің болжамдық моделін әзірлеу;
28. Экологиялық төлқұжатты әзірлеу мақсатында Қазақстан қалаларының экологиялық ахуалының ғылыми-техникалық негіздемесі;
29. Экологиялық тиімді және ресурс қорғаушы технологиялар, өндірістер, шикізат түрлерін, материалдар, және жабдықтар әзірлеу жөніндегі зерттеулер;
30. Сынап ластаушы аумақтарда және өнеркәсіп және энергетика кәсіпорындарына мониторинг технологиясын әзірлеу және енгізу;
31. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің негізгі өртеңдерінің жерлерінде өсімдіктердің пирогендік ауысуын зерттеу;
32. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ландшафты зерттеулері (қазіргі заманғы геоэкологиялық жағдайын бағалау, тиімді пайдалану және қорғау);
33. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі зерттеулер;
Жаңа тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, соның ішінде:
Қазақстан Республикасы Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы жөнінде 2004-2015 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде:
1. Қоршаған ортаға шығарындыларды азайту арқылы жылу электр орталықтардағы экологиялық қауіпсіздікті басқару жүйесін қоршаған ортаға шығарындыны төмендету жолдарымен әзірлеу және ғылыми негіздеу;
2. 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстанның табиғи-шаруашылық жүйесінің гидроэкологиялық қауіпсіздігі;
3. Адамның өмір сүріп отырған ортасын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның экожүйесінің жағдайын ғылым-тәжірибелік бағалау негізінде азық-түліктің қауіпсіздігінің экологиялық картасын әзірлеу;
4. Техногенді сипаттағы газдардан қоршаған ортаны қорғау;
5. Трансшекаралық сипаттағы проблемаларды шешу үшін Қазақстанның трансшекаралық аудандарының экологиялық жай күйін зерттеу;
6. Қазақстан Қарулы Күштердің арнайы қызметтерінің экологиялық қауіптілігі мен экологиялық тәуекелдігін бағалау;
7. Арал өзені өңірінің тұрғындарын сауықтырудың экологиялық әдістерін әзірлеу;
"Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау" Бағдарлама шеңберінде:
1. Алты валентті хром және броммен ластанудан Ақтөбе облысы Ілек өзенінің суларын сақтау жөніндегі технологияларды белгілеу үшін іздестіру жұмыстар мен зерттеулер жүргізу;
2. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және консервациялау жағдайын, сонымен қатар Қазақстан Республикасы қоршаған орта жағдайына әсер етуін зерттеу;
3. Қазақстан Республикасының электрондық атласын әзірлеу және жасау жөніндегі зерттеулер;
4. Солтүстік Каспий маңы аумағындағы ихтиофауналары және тереңдегі омыртқасыз жануарлардың көбеюі мен көшуіне мұнай газ қызметінің теріс әсерін бағалау;
5. Кіші өзендерді экологиялық қауіпсіздігін зерттеу және оны жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
6. Уран өндіруші кәсіпорындарда радиоактивті қалдықтармен ластанған ашық су қоймалары мен топырақтарды тазарту әдістерін әзірлеу;
7. ИСО 14000 халықаралық экологиялық стандарттарға көшудің ғылыми қамтамасыз етуін әзірлеу;
8. Қазақстан Республикасы кенттелген аумақтарында атмосфералық ауаның сапасымен басқарудың ақпараттық моделін әзірлеу және енгізу;
9. Қауіптілік факторын айқындау және олардың қоршаған ортаға және тұрғындар денсаулығына әсері;
10. Қазақстан Республикасы жер үсті суларының жағдайын талдау, қорғау және пайдалану;
11. Батыс Қазақстан өңіріндегі экологиялық қолайсыз аудандарындағы негізгі қоршаған ортаны ластаушы индикаторларын және оның тұрғындар денсаулығына әсерін белгілеу;
12. Оңтүстік Қазақстан облысында экологиялық негізделген аурулар түрін анықтау үшін қоршаған ортаны ластаудың негізгі факторларын белгілеу;
13. Полилордифенилмен ластанған аумақтарды экологиялық бағалау;
14. Полилордифенил құрамды қалдықтардың экологиялық қауіпсіз шіруін зерттеу;

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

  

  

  

  

15. Іле-Балқаш бассейннің су ресурстарының жай-күйін, жер асты суларының сапасын және Қытай Халық Республикасының аумағындағы Іле өзені бассейніндегі су тұтынудың күтілетін ұлғаюының болатын мүмкін салдарларын бағалау;
16. Қорғасын мен қоршаған ортаның ластануын кешенді бағалау және қайта қалпына келтіру технологиясын әзірлеу және экологиялық қауіптілікті төмендету;
17. Қазақстанның оңтүстігіндегі ураны бар өңірлерде радиоэкологиялық жағдайды зерттеу;
18. Термолюменесценттік және дозиметрикалық кешенді әзірлеу және жасау, радионуклидпен жерлердің радиациялық ластану деңгейін бағалау әдісі;
19. Щучье-Бурабай курорттық аймағының аумағын, оның орнықты даму жолдарын белгілеу үшін кешенді экологиялық зерттеу;
20. Іртіксізденген жер беті үстіндегі шекарааралас (жер үсті жағдайда) желді құмды динамикасын зерттеу;
21. Қазақстан Республикасы Каспий маңы өңірін экологиялық аймақтандыру.
Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған Бағдарлама шеңберінде:
1. Су тұтынуды, су бөлу, су ресурстарының сапасы, су сақтағыш технологиялар, суды пайдалануды тиімдетуді нормалау мәселесі екі елде Қытай Халық Республикасының бірге зерттеулер мен қолда бар материалдарды зерттеу;
2. Ағынды және коллекторлы-кәріздеу суларға зерттеу жүргізу және оларды нәтижелі тазалау мен суару үшін қайтала пайдалану жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
3. Балқаш маңының шөлейт агроландшафттарының экологиялық орнықтылығын жер үсті суларды пайдаланумен оазистік суармалау жүйелері арқылы жоғарылатудың тәсілдерін әзірлеу;
4. Өңірде ауа райының өзгеруін ескере отырып Сырдария өзенінің ағынын болжау әдісін әзірлеу;
5. Химиялау құралдарын қолдану кезінде Оңтүстік Қазақстанның суармалы жерлерінің техногенді
ластануын зерттеу және оның топырақ қасиетіне және өңірдің экологиялық жағдайына әсер етуін зерттеу (Тасөткел массивінің суармалау негізінде);
6. Химиялық өнеркәсіп кәсіпорындарының өнеркәсіптік құрамында фтор бар шығарындыларының ареалындағы суармалы аймақтың топырағының қазіргі заманғы экологиялық жай-күйін кешенді бағалау және фторидтердің әсерін төмендету жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу.
"Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007-2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету"
Бағдарламасы шеңберінде:
1. Балқаш-Алакөл бассейнінің тұрғындарының денсаулықтары төмендеу тенденцияларна антропогендік факторларын зерттеу және бағалау;
2. Шекаралас мемлекеттермен су алу көлемін ескере отырып трансшекаралық су ағындарын ағынын болжау әдістемесін әзірлеу (Іле және Ертіс өзендер мысалында);
3. Іле өзенінің атырауының экожүйесін зерттеу және Іле өзен және Балқаш өзенінің  атырауындағы биоәртүрлілікті сақтау және қайта өндіру жөніндегі кешенді іс шараларды әзірлеу, Іле өзенінің төменгі сағасында экологиялық орнықтылықты қамтамасыз ету;
4. Тентек өзені, Сасықкөл - Алакөл көлдер атырауының экожүйесін зерттеу және өзендердің төменгі ағысына экологиялық тұрақтылықты және олардың биоәртүрлілігін сақтауды қамтамасыз ету;
5. Балқаш-Алакөл бассейнінің рекрациондық әлеуетін кешенді игеру сызбасын ғылыми қамтамасыз ету;
6. Балқаш-Алакөл бассейнінің күтілетін жер үсті суларын ресурстарының өзгерістері жағдайында табиғи-шаруашылық жүйесінің гидроэкологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізін әзірлеу;
7. Балқаш-Алакөл аумағының табиғи-ресурстық әлеуетін және экологиялық жағдайының карталар бумасын құру;
8. Балқаш-Алакөл бассейнінің экологиялық жағдайының өнімділік нарығы қауіптілігіне және сапасына әсер етуін бағалау;
9. Балқаш-Алакөл өңірінің экожүйесінің орнықтылығын арттыруға ғылыми негізін әзірлеу.
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкестегі Экология және климат қазақ ғылыми-зерттеу институты үшін жабдықтарды иемденуіне күрделі трансферттерді атап өтуі. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы өткізу жөніндегі қызмет көрсетуді төлеу.

  

  

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :   Тікелей нәтиже: 76 тақырып, оның 33 жалғастырушы және 43 жаңа тақырып бойынша қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері жөніндегі есептер және ұсынымдар.
Қоршаған ортаға шығарындылардың және төгінділердің және өндіріс қалдықтарын жинақтаудың тұрақты деңгейде сақтау жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру; республиканың әртүрлі өңірлеріндегі және шекаралас аумақтардағы қазіргі экологиялық жай-күйді бағалау, ауқымды экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған шараларды қабылдау үшін ұсынымдарды және әдістемелерді әзірлеу; Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғи ресурстарының қазіргі геоэкологиялық жай-күйін оны одан әрі дамыту мақсатымен бағалау;
Балқаш-Алакөл бассейнінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге және тұрғындардың өмір деңгейін көтеруге бағытталған, су-экологиялық проблемаларды шешу.
Экология және климат Қазақ ғылыми-зерттеу институтының ғылыми-зерттеу базасын дамыту үшін құралдар мен жабдық сатып алу.
Түпкі нәтиже: оның нәтижесінде экологиялық жағдайдың және елдегі халық денсаулығының одан кейінгі төмендеуіне шынайы және әлеуетті қауіп жойылатын қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру үшін міндеттерді шешу үшін жағдай жасау; жаһандық, ұлттық және өңірлік экологиялық проблемалар туралы, сондай-ақ экологиялық қолайсыз өңірлердегі әлеуметтік қиындықты төмендетуге ықпал ететін климаттың және озон қабатының өзгеруі, биоалуантүрліліктің қысқаруы, шөлейттену, топырақ жамылғысының, судың, ауаның, ластануы проблемаларын қоса алғанда, оларды шешудің жолдары мен бағыттары туралы республика халқын, экологиялық қолайсыз өңірлерде әлеуметтік алаңдаушылықты төмендетуге ықпал ететін, ақпараттандыруды арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 тақырып бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізудің орташа құны 3 696 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: жыл бойы жасалған келісім-шарттарға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың бекітілген жоспарына сәйкес.
Сапасы: қоршаған ортаның сапасын неғұрлым қауіпті процестермен және үрдістермен оның тозу және тұрақтану қарқынын бәсеңдету жолымен сақтау.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына       
385-ҚОСЫМША          

234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Қоршаған ортаны қорғау объектілерін салу және реконструкциялау" деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны :   900000 мың теңге (тоғыз жүз миллион теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау" Бағдарламасы туралы" N 1278  қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :   республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:  қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, табиғи ресурстарды қалпына келтіру, сақтау және тиімді пайдалану, табиғи ортаға ұлғаймалы антропогендік әсер етуді азайту, қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін дамыту, қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқаруды дамытудың институционалдық негіздерін құру, елдің экономикалық әлеуетін тиімді аумақтық ұйымдастыру, табиғи, экономикалық және еңбек ресурстарын, географиялық жағдайын тиімді пайдалану үшін жағдай жасау.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   табиғи ресурстардың таусылуының және ластануының алдын алу.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдар лама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004

  

Қоршаған ортаны қорғау объектілерін салу және реконструкциялау

"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес сомалар шегінде іс-шараларға арналған инвестициялық жобаларды іске асыру:
Қызылорда қаласындағы ағынды суларды биологиялық тазарту станциясына дейін 1 және 12 канализациялық-сорғы станциялары бар бас қысым коллекторларын салуды аяқтау;
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Ұлттық метеорология орталығының құрылысын бастау.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :   Тікелей нәтиже: Қызылорда қаласындағы ағынды суларды биологиялық тазарту станциясына дейін 1 және 12 канализациялық-сорғы станцияларымен бас сорғы коллекторларды құру жөніндегі орындалған жұмыстардың 100% көлемі, Ұлттық метеорология орталығының құрылысын бастау.
Түпкі нәтиже: қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту үшін қоршаған ортаны қорғау объектілерін пайдалануға енгізу.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына       
386-ҚОСЫМША          

234  Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі  
     Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Қоршаған ортаны қорғау объектілерін оңалту"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 566439 мың теңге (бес жүз алпыс алты миллион төрт жүз отыз тоғыз мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі  Заңы , "Қазақстан Республикасы мен Жаһандық экологиялық қордың Атқарушы агенттігі ретінде әрекет ететін Халықаралық қайта құру және Даму Банкі арасындағы Сенімгерлік қордың Гранттық келісімін (Қуаң жерлерді басқару жөніндегі жоба) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 8 қаңтардағы  Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1241  Жарлығымен  мақұлданған "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы"; "Қазақстан Республикасы мен Жаһандық экологиялық қордың Атқарушы агенттігі ретінде әрекет ететін Халықаралық қайта құру және Даму Банкі арасындағы Сенімгерлік қордың Гранттық келісімін (Қуаң жерлерді басқару жөніндегі жоба) жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 қыркүйектегі N 920  қаулысы ; "2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының шөлейттенумен күрес жөніндегі бағдарламасы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 ақпандағы N 49  қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:  Қазақстан Республикасының аумағында шөлейттену және жердің тозу процесін тоқтата тұру және алдын алу, сондай-ақ табиғи ресурстарды сақтау, қалпына келтіру және тұрақты пайдалану.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   қуаңшылық жағдайларда жер пайдаланудың тұрақты жүйелерін енгізу; топырақтың құнарсыздануымен күрес; "көмірсутегі квоталарымен" халықаралық саудасына Қазақстан Республикасының қатысу мүмкіндігін айқындау үшін көміртегінің жұту деңгейін айқындау; биоалуантүрлілікті кеңейту; табиғи ресурстар тозуының және ластануының алдын алу.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдар лама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

005

  

Қоршаған ортаны қорғау объектілерін оңалту

  

  

  

2

  

005

Ішкі көздер есебінен жобаны іске асыру

"Балқаш-9 қаласындағы "Дарьял-У" радио локальды станциясының конденсаторларын кәдеге жаратуға бастапқы дайындық жөніндегі учаске» жобасын іске асыру

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

3

  

006

Жобаны республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыру

Қарағанды облысы Шет ауданының Қуаң жерлерді басқару жөніндегі жобаны іске асыру, оның ішінде:
- тұқым сатып алу;
- бұта көшеттерін сатып алу;
- тыңайтқыш сатып алу;
- фермерлер үшін жанар-жағар май сатып алу;
- биогаздық қондырғы сатып алу;
- күн батареяларын сатып алу;
- ауыл шаруашылық техникасын жөндеу;
- брокерлік қызметтерді өтеу және басқа да шығындар;
- Жоба Басқару Тобын ұстап тұру, операциялық шығындарды қоса алғанда, оның ішінде:
- кеңсе заттарын сатып алу;
- Жоба Басқару Тобы үшін жанар- жағар май сатып алу;
- жинақтаушы қосалқы бөлшектер сатып алу;
- Жоба Басқару Тобының коммуналдық төлемдері жөніндегі шығындарын өтеу;
- байланыс төлемдерін өтеу;
- электроэнергия төлемдерін өтеу;
- жылу төлемдерін өтеу;
- тонер мен картридждерге сия құю;
- автокөлік құралдарына ағымдағы жөндеу жасау, олар үшін қосалқы бөлшектер және жинақтауыштар сатып алу;
- автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға жарналар;
- Консультанттар тобының жалақысы;
- іссапар шығындары;
- бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыруларды орналастыруға шығындарды өтеу

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

4

  

018

Жобаны грант есебінен іске асыру

Қарағанды облысы Шет ауданының Қуаң жерлерді басқару жөніндегі жобаны іске асыру, оның ішінде:
- тұқым сатып алу;
- бұта көшеттерін сатып алу;
- тыңайтқыш сатып алу;
- фермерлер үшін жанар-жағар май сатып алу;
- биогаздық қондырғы сатып алу;
- күн батареяларын сатып алу;
- ауыл шаруашылық техникасын жөндеу;
- брокерлік қызметтерді өтеу және басқа да шығындар;
- Жоба Басқару Тобын ұстап тұру, операциялық шығындарды қоса алғанда, оның ішінде:
- кеңсе заттарын сатып алу;
- Жоба Басқару Тобы үшін жанар-жағар май сатып алу;
- жинақтаушы қосалқы бөлшектер сатып алу;
- Жоба Басқару Тобының коммуналдық төлемдері жөніндегі шығындарын өтеу;
- байланыс төлемдерін өтеу;
- электроэнергия төлемдерін өтеу;
- жылу төлемдерін өтеу;
- тонер мен картридждерге сия құю;
- автокөлік құралдарына ағымдағы жөндеу жасау, олар үшін қосалқы бөлшектер және жинақтауыштар сатып алу;
- автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға жарналар;
- Консультанттар тобының жалақысы;
- іссапар шығындары;
- бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыруларды орналастыруға шығындарды өтеу

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :   Тікелей нәтиже: 8000 га тыңайған жерлерді қалпына келтіру, фитомелиоранттармен 1000 га алқаптық егісті жүргізу, 3,0 га аумақтағы көшет-бұталарын өсіруге арналған түлімбақтарды кепілдікке беру, 5 га аумақтағы көшет-бұталарын егу жөніндегі жұмыстарды жүргізу, сүт өнімдерін берудің көлемін 600 т ұлғайту және 15 млн. мөлшерінде халықтың қосымша табысы, мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайту халықтың еңбекпен шұғылдануына 350 бірлікке артуына алып келеді; Жобаны іске асырудың одан кейінгі жылдары үшін дайындық жұмыстарын (топырақ дайындау, тұқым және жабдық сатып алу) жүргізу.
Оларды іске асыру нәтижесінде Қазақстанның Қызылорда облысының жартылай қуаң және суармалы аумақтарында фермерлерді ауыл шаруашылығын жүргізудің тиісті экологиялық тұрақты әдістеріне үйрету арқылы су және жерді пайдаланудың жүйелерін қалайша тұрақты басқаруға болатындығын көрсететін іс-шаралар жүргізу. 
"Дарьял-У" радио локальды станциясында құрамында полихлордифенилдер бар 15 мың конденсаторларды кәдеге жарату жөніндегі жұмыстарды орындау.
Түпкі нәтиже: жерді қалпына келтіру және олардың тозуының алдын алу жөніндегі үлгілік жобаның іске асырылуы, шөлейттену және жердің тозуымен күрес проблемалары жөніндегі шешімдерді қабылдау процесіне халықтың барлық тобын ақпараттандыру және қатысуын қамтамасыз ету. Полихлордифенилдердің қоршаған ортаға ысырабын болдырмау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: ықшамдап өңдеу әдісін қолдана отырып, жер өңдеу шығынын 42 $/га-дан 24 $/га-ға дейін төмендету; шабындықтарды қалыптастыруға жұмсалған шығыннан 20 пайыз көлемінде пайда көру; мал басы санының 15 пайыз көбейту.
Уақтылығы: жер танаптарын Жобаны іске асыру жоспары бойынша өңдеу.
Сапасы: өсімдіктің табиғи түрде қалпына келуіне (сырттан аралас болмай тұра), 50 жылдан кем емес уақыт керек, ал жоба бойынша жүргізіліп жатқан шаралар бұл уақытты 20 жылға қысқартуға мүмкіндік береді; жемшөп жерлерін жасаудың жоғарғы өнімділігі жердің табиғи жолымен қалпына келу процесіне қарағанда көміртегін сіңіруді 3-4 есе көбеюіне әсер етеді. Конденсаторларды кәдеге жарату кезінде Балқашқа полихлордифенилдердің түсу қауіпі алынып тасталады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына       
387-ҚОСЫМША          

234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Гидрометеорологиялық мониторинг жүргізу"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны :   2172739 мың теңге (екі миллиард бір жүз жетпіс екі миллион жеті жүз отыз тоғыз мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің  59-бабы ; "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының  16-1-бабы ; "Бүкілдүниежүзілік метеорологиялық ұйым конвенциясына қосылу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 13 сәуірдегі N 296  қаулысы ; "Табиғи ортаның жай-күйін бақылайтын станциялардың мәртебесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 қаңтардағы N 38  қаулысы ; "Қазгидромет" және "Қазавиамет" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы N 185  қаулысы ; "Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 885  қаулысы ;
"Мемлекеттік су кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1378  қаулысы ; "Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау" бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1278  қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :   республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   халық өмірінің, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдарды гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   гидрометеорологиялық мониторинг жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жүйелі гидрометеорологиялық бақылауларды жүргізу, гидрометеорологиялық ақпаратты жинау, қорыту және талдау, ауа райының болжамдарын жасау.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іе-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдар лама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

006

  

Гидрометеорологиялық мониторинг жүргізу

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 253 метеостанцияда, 261 гидрологиялық бекетте, 23 метеобекетте, 9 агрометеобекетте, 9 аэрологиялық станцияда, 2 қар көшкіні станциясында және 20 қар өлшеуіш бағытта барлық шығындар мен гидрометеорологиялық желінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ілеспе қызметтерді ескере отырып, (техникалық қайта жарақтандыру; жаңа пункттерді құру; "Жер үсті сулары" бөлімі бойынша мемлекеттік су кадастрын жүргізу; метеостанциялар және гидробекеттерді көшіру; су тасқынынан кейін бұзылған гидробекеттерді қалпына келтіру, қар өлшеуіш бағыттар үшін паналайтын үйлерді салу, Еуропалық ауа райының орта мерзімді болжамдары орталығының сандық болжамдарын пайдалану құқығын сатып алу) болжамдық, режим-анықтамалық, гидрометеорологиялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық ақпаратты дайындау үшін мемлекеттік гидрометеорологиялық мониторингті енгізу.

Қаңтар -желтоқсан

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :   Тікелей нәтиже: мемлекеттік органдарға ұсынылатын Қазақстан аумағы бойынша күн сайынғы 254 гидрометеорологиялық бюллетен, Қазақстан аумағы бойынша ауа райының ай сайынғы 12 бюллетені, 14 облыс бойынша 2 және 3 тәулікке ауа райының 5110 болжамы, 14 облыс бойынша ауа райының апталық 728 болжамы, ықтимал қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстардың Қазақстан облыстары мен әкімшілік орталықтарында пайда болу мүмкіндігі туралы олардың қаупі немесе туындау фактісі жағдайында апаттық ескертулер, мемлекеттік органдарға ұсынылатын күн сайынғы 254 гидрологиялық бюллетен шығару, күн сайынғы 124 қаркөшкініне арналған бюллетень шығару, күн сайынғы 44 сел тасқынына арналған бюллетень шығару, Каспий теңізі бойынша күн сайынғы 52 бюллетень шығару. 
Қазақстан Республикасы жер үсті суларының режимі мен ресурстары туралы ақпарат алу және осы ақпаратпен 2 мемлекеттік органды (Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және Қазақстан Республикасы Ауы шаруашылығы министрлігі) қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: гидрометеорологиялық мониторингті жүргізуге қолданыстағы желінің орташа өлшемді шығындарының есебі: бір метеорологиялық станцияға - 3973,5 мың теңге; бір гидробекетке - 895,3 мың теңге; бір метеобекетке - 461,8 мың теңге; бір агрометеобекетке - 637,1 мың теңге; бір аэрологиялық станцияға - 24504,6 мың теңге; бір қар көшкіні станциясына - 6065,0 мың теңге; бір қар өлшеуіш бағытқа - 1034,3 мың теңге.
Түпкі нәтиже: халықты, мемлекеттік органдарды қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардың туындауы туралы ескерту үшін сенімді гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қолайсыз табиғи құбылыстар туралы анықтамалар беру.
Уақтылығы: мемлекеттік органдарға халықты ақпараттандыру үшін хабарландыру схемасына сәйкес мүмкіндігінше ертерек гидрометеорологиялық ақпаратты беру.
Сапасы: гидрометеорологиялық болжамдардың дәл болуы: пункт бойынша тәуліктік - 88 пайызға, облыс бойынша тәуліктік - 91 пайызға, облыс бойынша 2 тәулікке - 85 пайызға, облыс бойынша 3 тәулікке - 83 пайызға, ауа райының қауіпті құбылыстарының - 85 пайызға, апатты гидрометеорологиялық құбылыстар (АГҚ) және ауа райының күрт өзгеруі (АРКӨ) туралы дауылды ескертулер - 85 пайызға, айлық ауа райы болжамдарының - 65 пайызға, ұзақ мерзімді гидрологиялық болжамдардың дәл болуы - 80 пайызға, агрометеорологиялық болжамдардың дәл болуы - 82 пайызға.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына       
388-ҚОСЫМША          

234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық жүйесін құру және дамыту" деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 466641 мың теңге (төрт жүз алпыс алты миллион алты жүз қырық бір мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі : 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының бюджеттік  Кодексі ; "Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 885  қаулысы ; "Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау" бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1278  қаулысы ;»Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы (екінші кезең)»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822  қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   жеке өңірлер және республикада жалпы экологиялық жағдайдың автоматтандырылған мониторингін жетілдіру. 
      5. Бюджеттік бағдарламаның   міндеттері :   "Қоршаған Ортаны Қорғаудың Тұтас Ақпараттық Жүйесін" (ҚОҚ ТАЖ) әзірлеу және енгізу; ҚОҚ ТАЖ жүйе асты ретінде құрамына енетін ақпараттық жүйені әзірлеу, дамыту және енгізу; ҚОҚ ТАЖ қамтамасыз ететін барлық түрлерін (әдістемелік, ақпараттық, бағдарламалық, техникалық және өзге де) таңдау, әзірлеу және енгізу; шешімдерді қабылдаудың тиімділігін көтеру; мәліметтерді беру, өңдеу, іздестіру кезінде және есеп беруді қалыптастыру кезіндегі жеделдікті көтеру; мәліметтерді беру және өңдеуді автоматтандыру, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметтер Қоймасын құру.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдар лама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

007

  

Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық жүйесін құру және дамыту

  

  

  

2

  

005

Ішкі көздер есебінен жобаны іске асыру

Техника және технологиялық бағдарламалық ресурстарды сатып алу.
Лицензияланған бағдарламалық өнімдерді сатып алу: операциялық жүйелер, тораптың мониторинг және басқару құралдары, ақпарат сақтауды қамтамасыз ету құралдары, пайдаланушылар лицензиялары (Оrасlе), тораптың мониторинг және басқару құралдары (Ореn View), ақпарат сақтауды қамтамасыз ету құралдары (лицензиялар сегменттер торабының деңгейінде шабуылды табу құралдары), өзге жүйелік өнімдер.
Қазақстан Республикасында Қоршаған Ортаны қорғаудың Тұтас ақпараттық жүйесін әзірлеу, дамыту, енгізу:
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Мәліметтер Қоймасын (МҚ) жобалау және құру (МҚ жобалау, мәліметтер сөресін жобалау, МҚ мәліметтерді енгізу және тазалау рәсімдерін жобалау және іске асыру), "Жағдаятты орталық", "Қоршаған орта жағдайының мониторингі", "Жобаларды экологиялық сараптамалаудың мемлекеттік жүйесі", "Табиғат пайдаланушылар қызметіне мемлекеттік бақылау", "Табиғат қорғау іс-шараларына инвестициялау мониторингі", "Қоршаған ортаны қорғау саласында нормативті база" ақпараттық жүйелерін әзірлеу, дамыту және енгізу.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :   Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғаудың Тұтас ақпараттық жүйесін әзірлеу, дамыту, енгізу, сонымен қатар:
- Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Мәліметтер Қоймасын (МҚ) құру, сонымен бірге МҚ жобалау, мәліметтер сөресін жобалау, МҚ мәліметтерді енгізу және тазалау рәсімдерін жобалау және іске асыру, МҚ-ны ҚОҚ ТАЖ ақпараттық жүйесімен ықпалдастыру;
- "Ахуалдық орталық", "Қоршаған орта жағдайының мониторингі", "Жобаларды экологиялық сараптамалаудың мемлекеттік жүйесі", "Табиғат пайдаланушылар қызметіне мемлекеттік бақылау", "Табиғат қорғау іс-шараларына инвестициялау мониторингі", "Қоршаған ортаны қорғау саласында нормативті база" ақпараттық жүйелерін әзірлеу, дамыту, енгізу және даналау;
- ақпараттық жүйесін жүйелі ықпалдастыру.
Түпкі нәтиже: қоршаған ортаны қорғаудың Тұтас ақпараттық жүйесін құрудың бірінші кезеңін іске асыру.
Уақытылығы: келісім-шарттар жасау, тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсету, сатып алудың бекітілген жоспарына сәйкес жасалады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: шешімдерді қабылдау және басқаруды қолдау үшін ақпараттар алу, ақпаратты іздеу және алуда мәліметтерді беру және өңдеу кезінде жеделдікті көтеру.
Сапасы: қоршаған ортаны қорғау саласында, мәліметтер Қоймасының технологияларын қолдану негізінде басқару сапасын көтеру, қоршаған ортаны қорғаудың Тұтас ақпараттық жүйесі электрондық үкімет концепциясының талаптарымен функционалды сәйкестігі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына       
389-ҚОСЫМША          

234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жүргізу"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны :   602066 мың теңге (алты жүз екі миллион алпыс алты мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің  35,   58,   60 және   84-баптары , "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі  Заңы , "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі  Заңы , "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының  21-бабы ; "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы Заңының  7-бабы ; "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз (Нұра өзенін тазарту жобасы) туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 26 мамырдағы  Заңы ; "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 маусымдағы N 853  Жарлығы , "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы" "Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау" бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1278  қаулысы ;»"Қазақстан Республикасының теңіздері мен ішкі су қоймаларында мұнай операцияларын жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 105  қаулысы ; "Қазгидромет" және "Қазавиамет" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы N 185 қаулысы;
"Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 885  қаулысы ; "Арал аймағын қолдау және дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1121  қаулысы ;»"Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі№ 712-1  қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :   республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   қоршаған ортаға мемлекеттік мониторинг жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы халқының және экологиялық жүйелерінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторингті жүргізу, қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторингтің жүйесін дамыту.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдар лама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

008

  

Қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жүргізу

Қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторинг жүргізу, оның ішінде:
-  қоршаған ортаның жай-күйіне бақылаулардың негізгі желісінде мониторинг жүргізу;
- Арал өңіріндегі қоршаған ортаға және халық денсаулығына мониторинг жүргізу;
- "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу;
- Балқаш көлі бассейнінде қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу;
- Каспий теңізі қазақстандық бөлігінің қоршаған ортасына мониторинг жүргізу;
- Щучинск-Бурабай курорттық аймағында қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу;
- Нұра өзенінің бассейнінде қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу;
- уытты құрауыштарды трансшекаралық тасымалдауға мониторинг жүргізу;
- Астана және Алматы қалаларының аэродинамикалық жағдайына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру.
Зымыран-ғарыш қызметтің әсеріне ұшыраған Қазақстан Республикасының аумақтары учаскелерінің экологиялық жай-күйіне мониторинг жүргізу.
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы қоршаған орта жай-күйіне аэроғарыштық мониторинг жүргізу (Солтүстік Каспий).

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :   Тікелей нәтиже: 25 елді мекендегі 63 бақылау бекетінде 16 көрсеткішке дейінгі атмосфералық ауаның жай-күйі туралы деректер, 10 көрсеткіш бойынша 41 бақылау пунктіндегі атмосфералық жауын-шашынның және 32 бақылау пунктіндегі қар жамылғысының жай-күйі туралы деректер, 68 су объектісінде, оның ішінде 18 бақылау пунктіндегі трансшекаралық су объектілері бойынша 50 көрсеткішке дейінгі жер үсті сулары жай-күйі туралы деректер, 17 елді мекендегі, 5 көрсеткішке дейінгі топырақтың жай-күйі туралы деректер, радиациялық жай-күйдің деректері (72 бақылау пунктіндегі гамма-фон, 40 бақылау пунктіндегі жиынтық бета-белсенділікке атмосфералық жауын-шашын сынамаларын іріктеу және талдау туралы деректер), Бурабай кешенді станциясындағы аялық мониторинг деректері; Арал өңіріндегі қоршаған ортаның және халық денсаулығының жай-күйі туралы деректер, "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аумағындағы қоршаған ортаның жай-күйі туралы, Балқаш көлі бассейнінің, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі, Щучье-Бурабай курорттық аймағының, Нұра өзенінің бассейніндегі қоршаған ортаның жай-күйі туралы деректер, уытты құрауыштарды трансшекаралық тасымалдауға мониторинг бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат алу. Мемлекеттік органдарға ұсынылатын қоршаған ортаның жай-күйі туралы ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық бюллетендердің шығарылуы, халықты ақпараттандыру.
Зымыран-ғарыштық қызметтің әсер етуіне ұшыраған Қазақстан Республикасы аумақтары учаскелерінің экологиялық жай-күйі туралы деректерді алу.
Қоршаған орта жай-күйіне аэроғарыштық мониторинг деректерін алу (алау қондырғыларында ілеспе мұнай газды жағу кезінде атмосфераның ластануы туралы, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің акваториясы мен жағалау аймақтарының көмірсутекті ластану туралы, мұнай операцияларын жүргізу кезінде топырақтың мұнаймен ластануы туралы).
Түпкі нәтиже: экологиялық жүйелерге қауіпті антропогендік құбылыстардың теріс әсер етуінің алдын алу үшін қажетті, қоршаған ортаның жағдайы туралы шынайы деректермен мемлекеттік органдарды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: қоршаған ортаға мемлекеттік мониторинг жүргізуге қолданыстағы бақылау желінің орта салмақтағы шығындарының есебінен мынаны құрайды:
айына атмосфералық ауаның, атмосфералық жауын-шашынның және қар жамылғысының жай-күйіне мониторинг бойынша - 7728,5 мың теңге;
айына құрлықтағы жер үсті сулардың және теңіздердің жай-күйіне мониторинг бойынша - 3574,2 мың теңге,
айына топырақтың жай-күйіне мониторинг бойынша - 414,8 мың теңге,
айына радиациялық мониторинг бойынша - 395,7 мың теңге.
1 айға бір станцияға аялық мониторинг жүргізудің құны - 176,8 мың теңге.
1 айға Арал өңіріндегі қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына мониторинг жүргізудің құны - 792,3 мың теңге.
1 айға Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің қоршаған ортасына мониторинг жүргізудің құны - 1619,4 мың теңге.
1 айға "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының қоршаған ортасына мониторинг жүргізудің құны - 1260,8 мың теңге.
1 айға Щучинск-Бурабай курорттық аймағына мониторинг жүргізудің құны - 1184,5 мың теңге.
1 айға Балқаш көлі бассейнінің қоршаған ортасына мониторинг жүргізудің құны - 1006,9 мың теңге.
1 айға Нұра өзені бассейнінің қоршаған ортасына мониторинг жүргізудің құны - 760,7 мың теңге.
1 айға уытты құрауыштарды трансшекаралық тасымалдауға мониторинг жүргізудің құны - 1200,8 мың теңге.
1 айға зымыран-ғарыштық қызметтің әсер етуіне ұшыраған Қазақстан Республикасы аумағының учаскелерінің жай-күйіне экологиялық мониторинг жүргізудің құны - 2083,3 мың теңге.
Уақтылығы: қоршаған ортаның жай-күйі туралы ай сайын мемлекеттік органдарды ақпараттандыру.
Сапасы: экологиялық жүйелерге қауіпті антропогендік құбылыстардың теріс әсерін болдырмау үшін мемлекеттік органдарды уақытылы ақпараттандыруға мүмкіндік беретін, тиімді жұмыс істейтін экологиялық жүйе.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына       
390-ҚОСЫМША          

234  Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қоршаған ортаны қорғау объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       Ескерту. 390-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.  N 1052  Қаулысымен.       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына       
391-ҚОСЫМША          

       Ескерту. 391-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.  N 1052  Қаулысымен.       

234  Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі  
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
""Қазаэросервис" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны :   874000 мың теңге (сегіз жүз жетпіс төрт миллион теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі : "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы  Заңы ; "Бүкілдүниежүзілік метеорологиялық ұйымы конвенциясына қосылу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 13 сәуірдегі N 296  қаулысы ; "Қазгидромет" және "Қазавиамет" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы N 185  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің "Қазавиамет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы N 758  қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :   республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   азаматтық авиация әуе кемелерінің шарттық негізде ұшуларын сапалы метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының аумағында орындалатын әуе кемелері ұшуларының қауіпсіздігіне, тұрақтылығы мен тиімділігіне жәрдемдесу.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   ауа райын бақылауды жүргізу, метеорологиялық деректерді жинау, талдау және қорыту, ауа райы болжамын жасау және метеорологиялық қызмет көрсету, метеорология қызметтерін техникалық қайта жарақтандыру.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдар лама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

010

  

"Қазаэросервис" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту

Мынадай іс-шараларды іске асыру үшін мынадай метеорологиялық жабдықтарды сатып алу: Орталық жүйе (Бақылаушының жұмыс станциясы) - 5 жиынтық, кешендік радиотехникалық әуежайлық метеорологиялық станция үшін арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету. Бір ұшу-қону жолақ үшін функцияларының базалық және стандартты жинағы - 5 пакет, Жел параметрлерінің метеорологиялық датчиктерінің жиынтығы (Метеоалаң) - 5 жиынтық, Жел, температура және қысым параметрлерінің метеорологиялық датчиктерінің жиынтығы (QL 150 негізіндегі метеоалаң) - 5 жиынтық, СТ25К бұлттардың ең төменгі шегінің биіктігін өлшеуіш - 10 жиынтық. LT31 ұшу-қону жолақтағы көрінудің алыстығы жүйесі - 5 жиынтық, Найзағай датчигі - 5 жиынтық, Диспетчерлерге арналған "Метеодисплей" жүйесі - 5 жүйе, Брифинг жұмыс станциясы - 5 жиынтық, Синоптик жұмыс станциясы - 5 жиынтық, Байланысшының жұмыс станциясы - 5 жиынтық, "Метеор-Метеоячейка" метеорологиялық радиолокаторы - 1 жиынтық.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :   Тікелей нәтиже: сатып алынған метеорологиялық жабдықтар ИКАО және Бүкілдүниежүзілік метеорологиялық ұйымның халықаралық стандарттарына сәйкес қазіргі заманғы халықаралық деңгейде жедел, дәл және сенімді метеорологиялық қамтамасыз етуге азаматтық авиацияның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Адам қауіпсіздігіне қатысты болғандықтан, авиацияда оның болжамы 100 пайыз дәл болуы тиіс жалпы ауа райы болжамдарымен қатар қауіпті құбылыстарды болжаудың да сапасын арттырады.
Осы жабдықтармен жабдықтау барысында әуежайлардың метеорологиялық қызмет органдарының жұмысы үздіксіз жүреді, бұл метеорологиялық жағдайлар бойынша рейстерді кешіктірмей, ұшулардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
"Метеор-Метеоячейка" метеорологиялық радиолокаторы 300 км радиуста найзағай, нөсер сияқты ауа райы құбылыстарын бақылауды қамтамасыз етеді, бұл синоптикке барлық осы құбылыстарды уақтылы болжауға мүмкіндік береді, сөйтіп әуе кемелерінің экипаждарына берілетін ақпараттың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Жұмыс станциялары ауа райының барлық өзгерістеріне жедел ден қоюға, болжамға уақтылы түзетулер енгізуге мүмкіндік береді, сөйтіп берілетін ақпараттың сапасын арттырады.
Қазіргі заманғы жаңа жабдықтармен жұмыс істеу еңбек сапасы мен өнімділігін арттырады, өйткені аспаптар оңай пайдаланылады, синоптиктер мен ұшуларды басқару жөніндегі диспетчерлердің жұмыс орындарына деректер беруде өте сенімді әрі ұтқыр.
Түпкi нәтиже: Қазақстан Республикасының әуежайларындағы азаматтықты авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету сапасын арттырады және әуе кемелерi ұшуларының қауіпсіздігіне, тұрақтылығына әрi тиiмділігіне жәрдемдеседi.
Уақтылығы: құрылымдық бөлiмшелердің метеорологиялық жабдықтарын халықаралық стандарттардың талаптарына сай қазiргi заманғы метеорологиялық жабдықтармен техникалық қайта жарақтандыруды жүргiзу.
Сапасы: азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етудi жүзеге асыру жөнiнде авиациялық метеорологиялық станцияларға жүктелген функцияларды барынша тиiмдi атқаруға қол жеткiзу, Қазақстан Республикасындағы әуе кемелерi ұшуларының тұрақтылығына, тиiмділігіне және қауіпсіздігіне жәрдемдесу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жаңа метеорологиялық жабдықтар мен аспаптарды қолдану есебiнен көрсетiлетiн қызметтердiң көлемiн ұлғайту, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады