Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
340
,
341
,
342
,
343
,
344
,
345
,
346
,
347-қосымшаларға
сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
340-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін
қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 1 508 990 мың теңге (бір миллиард бес жүз сегіз миллион тоғыз жүз тоқсан мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13
N 581
Қаулысымен.
2.
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің
554-бабы
; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су
Кодексі
; Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің
17-бабы
; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі
Заңы
, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының
47,
48,
49,
50,
51 және
52-баптары
; "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі
Заңы
; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі
Заңы
; "Қазақстан Республикасының Ауаның алыс қашықтықта шекарааралық ластануы туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы
Заңы
; "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік авариялардың шекарааралық әсері туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы
Заңы
; "Қазақстан Республикасының Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы
Заңы
; "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының
25,
35 және
36-баптары
; "Міндетті экологиялық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы
Заңы
; "Сандық геоақпараттық жүйелер негізінде Қазақстан Республикасы табиғи объектілерінің бірыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі N 1449
қаулысы
; "Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қыркүйектегі N 1154
қаулысы
; "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 131
қаулысы
; "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 08 желтоқсандағы N 1201
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдастыру, әлеуметтік және экономикалық шаралар кешенін жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдарла-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Қоршаған
|
|
|
|
2 |
|
001 |
Орталық
|
- Мемлекеттік
|
қаңтар-жел-
|
Қазақс-
|
3 |
|
002 |
Аумақтық
|
Қоршаған ортаны
|
қаңтар-жел-
|
Қазақс-
|
4 |
|
007 |
Мемлекет-
|
Мына тақырыптар
|
ақпан-қараша |
Қазақс-
|
5 |
|
008 |
Мемлекет-
|
Жамбыл, Қызылорда,
|
сәуір-
|
Қазақс-
|
6 |
|
009 |
Мемлекет-
|
Орталық аппараттың
|
қаңтар-жел-
|
Қазақс-
|
7 |
|
017 |
Ақпараттық
|
Есептеуіш, желілік,
|
қаңтар-жел-
|
Қазақс-
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: қоршаған ортаның сапасын жақсарту мақсатында қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту саласындағы қатынастарды реттеу.
Кәсіптік деңгейді жоғарылату - 161 адам; мемлекеттік тілге үйрету - 131 адам.
Түпкі нәтиже: атмосфералық ауаны, Жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ осылардың өзара әрекетіндегі климатты қоса алғанда, табиғи объектілердің жиынтығы бойынша экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің мемлекеттік бюджетке толық түсуі.
Бір мемлекеттік қызметшіні қайта даярлауға және біліктілігін жоғарылатуға орташа шығын - 22,1 мың теңге,
бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға орташа шығын - 27,2 мың теңге.
Уақытылығы: мемлекеттік органға жүктелген функциялардың уақытылы орындалуы.
Сапасы: адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйін жақсарту және адамның денсаулығы мен басқа да тірі организмдер үшін зиянды немесе қауіпті жағдайлардың туындауы туралы ескерту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
341-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1.
Құны
: 312029 мың теңге (үш жүз он екі миллион жиырма тоғыз мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.12.
N 581д
Қаулысымен.
2.
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің
185-
,
186-
,
187-баптары
; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі заңының
3 ,
18,
22 және 26-баптары
; "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1241
Жарлығы
; "2007-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы N 216
Жарлығы
; "2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімдік жоспары туралы (екінші кезең)" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы N 884
қаулысы
; "Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 49
қаулысы
; "2007-2009 жылдарға арналған Балқаш-Алакөл бассейнінің орнықты дамуын қамтамасыз ету" бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 163
қаулысы
; "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1201
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаның сапасын тұрақтандырудың теориялық және технологиялық негіздерін қалыптастыру.
5.
Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: Қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-шаралар мен инвестициялық жобаларды дайындаудың ғылыми негізделген ұсыныстарымен және ұсынымдарымен қамтамасыз ету; халықаралық табиғат қорғау конвенцияларын іске асыруды ғылыми сүйемелдеу; климат өзгеруінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер, Қазақстан Республикасы аумағының экологиялық жай-күйін бағалау жөніндегі ғылыми-талдау және картографиялық материалдар жүргізу; қоршаған ортаны басқарудың жаңа тәсілдері мен әдістерін әзірлеу; қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми-зерттеу базасын дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
003 |
|
Қоршаған
|
Жалғастырушы тақы-
|
Жыл
|
Қазақс-
|
|
|
|
|
15. Уран өндіруші
|
|
|
|
|
|
|
32. Қазақстанда
|
|
|
|
|
|
|
16. Іле Алатауының
|
|
|
|
|
|
|
35. Орал-Каспий
|
|
|
|
|
|
|
"2007-2009 жылдарға
|
|
|
|
|
|
|
5. Балқаш-Алакөл
|
|
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
: Тікелей нәтиже: қоршаған ортаны қорғау саласында өткізілген 89 тақырып, оның ішінде 47 жалғастырушы, 42 жаңа тақырып бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері жөнінде есептер мен ұсынымдар;
Қоршаған ортаға шығарындылар мен төгінділерді және өндіріс қалдықтарының жинақталуын тұрақты деңгейде сақтау жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру; республиканың әртүрлі өңірлеріндегі және шекара маңындағы қазіргі заманғы экологиялық жағдайды бағалау, ірі экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған шараларды қолдану үшін ұсынымдар мен әдістемелерді әзірлеу; орнықты даму индикаторларының ғылыми-негізделген жүйесін әзірлеу;
Балқаш-Алакөл бассейнінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған су-экологиялық проблемаларын шешу.
Ғылыми-зерттеулік базаны дамыту үшін экология мен климаттың ғылыми-зерттеу институтына жабдықтар сатып алынатын болады.
Түпкі нәтиже: қоршаған орта сапасын тұрақтандыру, ел дамуының орнықтылығын арттыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін жағдайлар жасау, елдің экологиялық жағдайдың әрі қарай нашарлауының және халық денсаулығына нақты және әлеуетті қауіптері алынатын болады; халықтың климат пен озон қабатының өзгеруінің, биоалуантүрліліктің қысқаруының, топырақ жамылғысының, судың, ауаның ластануының проблемалық мәселелерін қоса жаһандық, ұлттық және өңірлік экологиялық проблемалар туралы, сондай-ақ оларды шешудің жолдары мен бағыттары туралы ақпараттандырулығының артуы, бұл экологиялық қолайсыз өңірлердегі әлеуметтік көрнеулікті төмендетуге ықпал ететін болады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір тақырып бойынша ғылыми зерттеулер жүргізудің орташа құны 3 647 мың теңгені құрайды.
Уақытылығы: жасалған шарттарға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың бекітілген жоспарына сәйкес бір жыл ішінде.
Сапасы: қоршаған ортаның сапасын оның тозу қарқынын азайту және анағұрлым қауіпті процестер мен үрдістерді тұрақтандыру жолымен сақтау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
342-ҚОСЫМША
234
-
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Қоршаған ортаны қорғау объектілерін салу және реконструкциялау"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 1360243 мың теңге (бір миллиард үш жүз алпыс миллион екі жүз қырық үш мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.12.
N 581д
Қаулысымен.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су
кодексі
; Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық
кодексі
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, табиғи ресурстардың қалпына келтіру, сақтау және ұтымды пайдалану, табиғи ортаға ұлғаймалы антропогендік әсер етуді азайту, қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін дамыту, қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқаруды дамытудың институционалдық негіздерін құру, елдің экономикалық әлеуетін ұтымды аумақтық ұйымдастыру, табиғи, экономикалық және еңбек ресурстарын, географиялық жағдайды тиімді пайдалану үшін жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: табиғи ресурстардың сарқылуы мен ластануының алдын алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Багдарла-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске асыру мерзімі |
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
004 |
|
Қоршаған
|
Мынадай инвестиция-
|
қаңтар-
|
Қазақс-
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
: тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ұлттық метеорологиялық орталығы құрылысының жұмыстар көлемін орындау, Жамбыл облысы Тараз қаласында ағынды суларды толық биологиялық тазалау кешені құрылысын басталуы.
Соңғы нәтиже: экологиялық ахуалды жақсарту үшін қоршаған ортаны қорғау объектілерін іске қосу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: негізгі қаржы қорын ұлғайту.
Уақыттылығы: жұмыстың орындалу жоспар-кестесіне және келісім-шартқа сәйкес.
Сапа: құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
343-ҚОСЫМША
234 -
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Қоршаған ортаны қорғау объектілерін оңалту"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 1 174 880 мың теңге (бір миллиард бір жүз жетпіс төрт миллион сегіз жүз сексен мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13
N 581
Қаулысымен.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
:
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су
кодексі
; Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық
кодексі
; Қазақстан Республикасы мен Жаһандық экологиялық қордың Атқарушы агенттігі ретінде әрекет ететін Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Сенімгерлік қордың Гранттық келісімін (Қуаң жерлерді басқару жөніндегі жоба) ратификациялау туралы 2004 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңы
; "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы" 2003 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің N 1241
Жарлығы
; Қазақстан Республикасы мен Жаһандық экологиялық қордың Атқарушы агенттігі ретінде әрекет ететін Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Сенімгерлік қордың Гранттық келісімін (Қуаң жерлерді басқару жөніндегі жоба) бекіту туралы 2003 жылғы 11 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 920
қаулысы
; "Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 49
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4.
Бюджеттік
бағдарламаның мақсаты:
Қазақстан Республикасының аумағында жерлердің шөлейттенуі және азып-тозуы процесін тоқтата тұру және алдын алу, сондай-ақ табиғи ресурстарды сақтау, қалпына келтіру және тұрақты пайдалану.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: қуаңшылық жағдайларында жерді пайдаланудың тұрақты жүйелерін енгізу; топырақтың азып-тозуымен күресу; "көмірсутегі квоталарымен" халықаралық саудасына Қазақстан Республикасының қатысу мүмкіндігін айқындау үшін көміртегінің жұту деңгейін бағалау; биологиялық алуантүрлілікті кеңейту; табиғи ресурстардың сарқылуының және ластануының алдын алу.
6.
Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдарла-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске асыру мерзімі |
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
005 |
|
Қоршаған
|
|
|
|
2 |
|
005 |
Ішкі көз-
|
Балқаш-9 қаласын-
|
қаңтар-
|
Қазақс-
|
3 |
|
006 |
Республи-
|
Қарағанды облысы
|
қаңтар-
|
Қазақс-
|
4 |
|
018 |
Грант есебінен |
Қарағанды облысы
|
қаңтар-
|
Қазақс-
|
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13 N 581 , 2008.11.12. N 581д Қаулыларымен.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
: Тікелей нәтиже: 12000 га тыңайған жерлерді қайта қалпына келтіру, 2300 га фитомелиорантарды жолақты егістікті жүргізу, 3,0 га көлемге бұта-көшеттерді өндіру үшін питомниктер салу, 3 га көлемге бұта көшеттерін отырғызу жөнінде жұмыстар жүргізу, сүт өнімдерін тапсыру көлемін арттыру және 15 млн. теңге мөлшерінде халыққа қосымша кіріс, мал шаруашылық және өсімдік шаруашылығының өнімін арттыру халықты қамтамасыз етудің 150 бірлік артуына әкеледі; мал асырау үшін 60 тонна жем дақылдарын тазалау, 5 фермер шаруашылығын күн батареясымен және биогаз қондырғысымен қамтамасыз ету, істемейтін 5 құдықты қалпына келтіру. Жобаны бұдан әрі жылдары іске асыру үшін дайындық жұмыстарын жүргізу (топырақ дайындау, тұқымдар және жабдықтар сатып алу).
"Дарьял-У" әскери базасында құрамында полихлордефинил бар (берік органикалық заттар) 15 мың конденсаторларды кәдеге жарату.
Түпкі нәтиже: жерді қайта қалпына келтіру және оның тозуының алдын алу жөніндегі үлгілі жобаны іске асыру, жердің қуаңданумен және тозуымен күрес мәселелері жөнінде шешімдерді қабылдау үдерісіне халықтық барлық жіктерін қатысуын қамтамасыз ету. Қоршаған ортаға полихлордефинилдың өтіп кетуінің алдын алу.
Қаржылық-экономикалық нәтижелер: жобалар қайтарымсыз негізде республикалық бюджет қаржысы есебінен қаржыландыру қажеттігімен коммерциялық емес, шығынды болып табылады.
Уақыттылығы: жер танаптарын жобаны іске асыру жоспарына сәйкес өңдеу. Жұмыс кестесіне сәйкес жобалық-сметалық құжаттамаға келісті әскери базада конденсаторларды кәдеге жарату.
Сапасы: өсімдіктің табиғи түрде қалпына келуіне (сырттай араласусыз) кемінде 50 жыл қажет, ал жоба бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар осы кезеңді 20 жылға дейін қысқартуға мүмкіндік береді; жемшөп жерлерін жасаудың жоғары өнімділігі жердің табиғи түрде қалпына келу процесіне қарағанда көміртегін сіңірудің 3-4 есе көбеюін қамтамасыз етеді. Балқашқа полихлордифенилдің жайылу қауіпі жойылады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13
N 581
Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
344-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Гидрометеорологиялық мониторинг жүргізу"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 1946921 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз қырық алты миллион тоғыз жүз жиырма бір мың теңге).
2.
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің
137-
,
138-
,
141-
,
146
,
149
-
151-баптары
; 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің
59-бабы
; "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының
16-1-бабы
; "Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым Конвенциясына қосылу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 13 сәуірдегі N 296
қаулысы
; "Табиғи ортаның жай-күйін бақылайтын станциялардың мәртебесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 қаңтардағы N 38
қаулысы
; "Қазгидромет" және "Қазавиамет" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы N 185
қаулысының
2-3-тармақтары, 4-тармақтың 1-тармақшасы, 5-6-тармақтары; "Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 885
қаулысы
; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1378
қаулысымен
бекітілген Мемлекеттік су кадастрын жүргізудің ережесінің 59-бабындағы 1-4-тармақтары.
3.
Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: халық өмірінің, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдарды гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: гидрометеорологиялық мониторинг жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жүйелі гидрометеорологиялық бақылауларды жүргізу, гидрометеорологиялық ақпаратты жинау, қорыту және талдау, ауа райының болжамдарын жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдарла-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске асыру мерзімі |
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
006 |
|
Гидромете-
|
Мемлекеттік сатып
|
қаңтар-
|
Қазақс-
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
: Тікелей нәтиже: мемлекеттік органдарға ұсынылатын Қазақстан аумағы бойынша күн сайынғы 253 гидрометеорологиялық бюллетень, Қазақстан аумағы бойынша күн сайынғы 253 гидрологиялық бюллетень, Қазақстан аумағы бойынша ауа райының ай сайынғы 12 бюллетені, 14 облыс және әкімшілік орталық бойынша 2 және 3 тәулікке ауа райының 4318 болжамы, 14 облыс және әкімшілік орталық бойынша ауа райының апталық 728 және онкүндік 504 болжамы, облыстар бойынша қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болу мүмкіндігі туралы пайда болуы бойынша апаттық ескертулер, күн сайынғы 97 қар көшкіні бюллетенін шығару, күн сайынғы 50 сел тасқыны бюллетенін шығару, Каспий теңізі бойынша апта сайынғы 52 бюллетень шығару, агрометеорологиялық апта сайынғы 36 бюллетень шығару.
Қазақстан Республикасы жер үсті суларының режимі мен ресурстары туралы ақпарат алу және осы ақпаратпен 2 мемлекеттік органды (Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі) қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: гидрометеорологиялық мониторингті жүргізуге қолданыстағы желінің орташа өлшемді шығындарының есебі: бір метеорологиялық станцияға - 4050,2 мың теңге; бір гидробекетке - 905,5 мың теңге; бір метеобекетке - 680,3 мың теңге; бір агрометеобекетке - 649,6 мың теңге; бір аэрологиялық станцияға - 224789,8 мың теңге.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
345-ҚОСЫМША
234
-
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық жүйесін құру және дамыту"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1
.
Құны
: 186000 мың теңге (бір жүз сексен алты миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық
кодексі
; "Ақпаратқа кіру, жұртшылықтың шешімдер қабылдау процесіне қатысуын және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша әділ сот ісін жүргізуге қол жеткізу туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы
Заңы
; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңы
; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы
Заңы
; "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1241
Жарлығы
; "Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 885
қаулысы
; "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822
қаулысы
; "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы N 1201
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4.Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуді дамыту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы шешімдерді қабылдауды қолдау және басқару үшін.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: қоршаған ортаны қорғау саласында мәліметтерді есепке алуды орталықтандыру, ҚР Қоршаған орта минінің құрылымдық бөлімшелерінің ішінде ақпараттық өзара әрекеттің жеделдік көрсеткіштерін және сенімділігін арттыру, табиғат қорғау іс-шараларын орындауға бақылауды арттыру, экологиялық рұқсаттарды қарастыруды және беруді автоматтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдарла-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске асыру мерзімі |
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
007 |
|
Қоршаған
|
|
|
|
2 |
|
005 |
Ішкі көз-
|
Қазақстан Респуб-
|
қаңтар-
|
Қазақс-
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
: Тура нәтиже: Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу, дамыту, енгізу, оның ішінде:
"Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг","Табиғат пайдаланушылардың қаржылық-экологиялық қызметіне мониторинг", "Жобалардың экологиялық сараптамасының мемлекеттік жүйесі", "Табиғат қорғау іс-шараларына инвестициялауға мониторинг", "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік база" ақпараттық жүйелерін дамыту, енгізу және көбейту.
Соңғы нәтиже: Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру.
Уақытылық: тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алудың бекітілген жоспарына сәйкес шарттар жасау.
Қаржылық экономикалық нәтиже: шешімдер қабылдауды қолдау және басқару үшін ақпарат алу, деректерді тапсырған, өңдеген, іздеген және ақпаратты алған кезде жеделдік пен дұрыстығын жоғарылату.
Сапасы: қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің көмегімен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару сапасын жоғарылату.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
346-ҚОСЫМША
234
-
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жүргізу"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1.
Құны
: 558969 мың теңге (бес жүз елу сегіз миллион тоғыз жүз алпыс тоғыз мың теңге).
2.
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің
137
,
138
,
141
-
146
,
149
-
151-баптары
, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің
35,
58,
60 және
84-баптары
, "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының
46,
48-баптары
; "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 шілдедегі Заңының 1-тарау,
27-бабы
; "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының
4-бабы
; "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз (Нұра өзенін тазарту жобасы) туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 26 мамырдағы
Заңы
; "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының
18-бабы
; "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының
21-бабы
; "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853
Жарлығының
1-тарау, 2-тармағы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 16 мамырдағы N 1095
Жарлығымен
бекітілген Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасының 3.2.13, 3.2.15-тармақтары; "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1241
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасының аумағындағы бірегей және сирек ландшафттарды сақтау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы N 474
өкімі
; "Қазақстан Республикасының теңіздері мен ішкі су қоймаларында мұнай операцияларын жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 105
қаулысының
7-тармағы; "Қазгидромет" және "Қазавиамет" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы N 185
қаулысының
1-3-тармақтары, 5-тармақтың 1-тармақшасы, 6-7-тармақтары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 885
қаулысымен
бекітілген Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесінің 7-тармақтағы 1, 2, 4-тармақшалары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319
қаулысымен
бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 55, 68-баптары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822
қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарының (екінші кезең) 1-тарау, 1.1-бөлімі, 1.2.11-тармақшасы; "Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі N 915
қаулысы
; "Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007-2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 163
қаулысы
; "Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 сәуірдегі N 286
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: қоршаған ортаға мемлекеттік мониторинг жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халқы мен экологиялық жүйелерінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторинг жүргізу, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторингтің мемлекеттік жүйесін дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдарла-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске асыру мерзімі |
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
008 |
|
Қоршаған
|
Қоршаған ортаның
|
қаңтар-
|
Қазақс-
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
: Тура нәтиже: 25 елді мекендегі 63 бақылау бекетінде 16 көрсеткішке дейінгі атмосфералық ауаның жай-күй туралы деректер; 14 көрсеткіш бойынша 42 метеостанцияда атмосфералық жауын-шашынның жай-күйі, оның ішінде 17 қышқылдық (сілтілігі) айқындалады және 35 метеостанцияда қар жамылғысының жай-күйі туралы деректер; 76 су объектісінде, оның ішінде 18 трансшекаралық су объектісі бойынша 40 көрсеткішке дейінгі жер үсті сулар жай-күйінің деректері; 5 көрсеткішке дейінгі 17 елді мекендегі топырақтың жай-күйі туралы деректер; радиациялық жай-күйдің деректері (75 бақылау пунктіндегі гамма-аяның өлшеулері, 43 бақылау пунктіндегі жиынтық бета-белсенділікке атмосфералық түсулердің сынамаларын алу және талдау); Бурабай кешенді станциясындағы аялық мониторингтің деректері; Арал маңындағы, "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аумағындағы, Балқаш көлі бассейнінің, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі, Шучье-Бурабай курорттық аймағының, Нұра өзенінің бассейніндегі қоршаған ортаның және халық денсаулығының жай-күйі деректер туралы; уытты құрауыштарды трансшекаралық тасымалдауға мониторинг бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат; Астана мен Алматы қалаларының аэросиноптикалық ахуалының жай-күйі туралы деректер; ауылды елді мекендерге радиациялық мониторингтің жай-күйі туралы деректер; зымырандық-ғарыштық қызметтің әсеріне ұшыраған Қазақстан Республикасының аумақтары учаскелерінің экологиялық жай-күйі туралы деректер;
Мемлекеттік органдарға шешімдерді қабылдау және халықты ақпараттандыру үшін ұсынылатын қоршаған ортаның жай-күйі туралы ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық бюллетеньдердің шығарылуы. 185 ауыл округтарының ауылды елді мекендерінің экологиялық паспорттары.
Соңғы нәтиже: экологиялық жүйелерге қауіпті антропогендік құбылыстардың теріс әсерін болдырмау үшін қажетті қоршаған ортаның жай-күйі туралы дұрыс деректермен мемлекеттік органдарды қамтамасыз ету.
Қаржылай-экономикалық нәтиже: қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторинг жүргізуге қолданыстағы бақылау желінің орта салмақтағы есебінен шығындары мынаны құрайды:
айына атмосфералық ауаның, атмосфералық жауын-шашынның және қар жамылғысының жай-күйіне мониторинг бойынша - 7604,4 мың теңгені;
айына құрлықтағы жер үсті сулардың және теңіздердің жай-күйіне мониторинг бойынша - 3345,2 мың теңгені;
айына топырақтың жай-күйіне мониторинг бойынша - 407,8 мың теңгені;
айына радиациялық мониторинг бойынша - 337,1 мың теңгені;
1 айға бір станцияда аялық мониторинг жүргізудің құны - 179,4 мың теңге;
1 айға Арал маңындағы қоршаған орта мен халық денсаулығының жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 792,3 мың теңге;
1 айға Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің қоршаған ортасының жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 1250,5 мың теңге;
1 айға "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы қоршаған ортасының жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 1260,8 мың теңге;
1 айға Щучье-Бурабай курорттық аймақтың қоршаған ортасының жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 1184,5 мың теңге;
1 айға Балқаш көлі бассейні қоршаған ортасының жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 1006,9 мың теңге;
1 айға Нұра өзені бассейні қоршаған ортасының жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 760,7 мың теңге;
1 айға уытты құрауыштарды трансшекаралық тасымалдауға мониторинг жүргізудің құны - 1200,8 мың теңге;
1 айға Астана қаласының аэросиноптикалық жағдайына мониторинг жүргізудің құны - 116,3 мың теңге;
1 айға Алматы қаласының аэросиноптикалық жағдайына мониторинг жүргізудің құны - 150,8 мың теңге;
1 айға ауылды елді мекенді пункттердің радиациялық жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 4536,7 мың теңге;
1 айға зымыран-ғарыштық қызметтің әсер етуіне ұшыраған Қазақстан Республикасы аумағы учаскелерінің экологиялық жай-күйіне мониторинг жүргізудің құны - 2083,3 мың теңге;
1 пунктке ауылды елді мекенді пункттердің экологиялық паспорттарын жасау мақсатында ауылды аумақтарға экологиялық-демографиялық зерттеу жүргізудің құны - 125,8 мың теңге.
Уақытылық: мемлекеттік органдарды қоршаған ортаның жай-күйі туралы ай сайын ақпараттандыру.
Сапа: экологиялық жүйелерге қауіпті антропогенді құбылыстардың кері әсер етуін болдырмау үшін мемлекеттік органдарды уақытылы ақпараттандыруға мүмкіндік беретін экологиялық мониторингтің тиімді жұмыс істейтін жүйесі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
347-ҚОСЫМША
234
-
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне қоршаған ортаны қорғау объектілерін салуға және
реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 2388609 мың теңге (екі миллиард үш жүз сексен сегіз миллион алпыс тоғыз мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.12.
N 581д
Қаулысымен.
2.
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің
44-бабы
; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су
кодексі
; 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық
кодексі
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: Қазақстан Республикасының өңірлерінде қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, табиғи ресурстарды қалпына келтіру, сақтау және ұтымды пайдалану.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: Қазақстан Республикасының өңірлерінде табиғи жүйелердің тозуын болдырмау және экологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін тиімді тетіктерді және іс-шараларды жасау жөніндегі шаралардың кешенін жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдарла-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске асыру мерзімі |
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
009 |
|
Облыстық
|
Облыстық
|
қаңтар-
|
Қазақс-
|
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13 N 581 Қаулысымен.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 3 объекті бойынша мемлекеттік сараптамадан өткен, белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттама, 5 объекті бойынша құрылыс жұмысының орындалу көлемі.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасының өңірлерінде экологиялық жағдайды жақсарту үшін қоршаған ортаны қорғау объектілерін пайдалануға енгізу.
Қаржылық-экономикалық нәтижесі: негізгі қаржы қорының ұлғаюы.
Уақыттылық: жұмыстарды орындаудың және жасалған шарттардың жоспары-кестесіне сәйкес.
Сапа: құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес.