Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.
Мемлекеттiк билiк органдары жүйесiнде бiрыңғай әрi тиiмдi кадр саясатын жүргiзу, лауазымды тұлғалардың мемлекеттiк мiндеттердi жүзеге асыру үшін жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тiзбесi;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саяси қызметшілерi мен өзге де лауазымды адамдарын қызметке келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ереже бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.27. N 852; 09.10.2019 № 184 Жарлықтарымен.
1-1. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2007.11.13 N 436 Жарлығымен.
2. Мыналардың:
1) "Мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекiтiлетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнiң лауазымдар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 4 мамырдағы N 132 Жарлығының;
2) "Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметкe келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 3 қарашадағы N 87 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
2-1. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2011.06.17 N 101 Жарлығымен.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы | |
Президентiнiң 2002 жылғы | |
29 наурыздағы N 828 | |
Жарлығымен | |
Бекiтiлген |
Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесі
Ескерту. Тізбенің атауы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 09.10.2019 № 184 Жарлығымен.
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2009.07.27 N 852, өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2010.09.22 N 1066, 2011.05.19 N 86, 2011.06.17 N 101, 2011.07.22 N 124, 2011.08.01 N 131, 2012.03.05 N 278, 2012.03.13 № 282, 2012.05.17 N 328, 2012.06.21 № 344, 2012.10.05 N 403, 2012.11.16 N 435 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); 03.04.2013 N 537; 15.04.2013 N 541; 25.04.2013 N 556; 06.05.2013 № 561, 30.05.2013 № 576; 09.08.2013 N 609; 28.08.2013 N 624; 30.01.2014 N 744; 13.03.2014 № 767; 2014.06.17 № 837; 03.07.2014 N 853; 25.07.2014 N 865; 29.08.2014 N 900; 07.10.2014 N 926, 2014.11.14 № 954; 04.05.2015 N 15; 23.12.2015 № 137 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2015 № 158; 11.01.2016 N 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.06.2016 № 272; 05.10.2016 № 349; 27.10.2016 № 362 (04.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі және 31.12.2017 дейін қолданылады); 04.11.2016 № 369 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз); 22.11.2016 № 373; 22.12.2016 № 391; 05.05.2017 № 471; 12.09.2017 № 541; 13.10.2017 № 563; 26.02.2018 № 643; 03.08.2018 № 722; 04.08.2018 № 723; 07.08.2018 № 727; 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 878, 19.03.2019 № 884 (ҚР Тұңғыш Президентінің – Елбасының президенттік өкілеттіктері тоқтатылғаннан сәттен бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2019 № 13; 22.07.2019 № 74; 22.07.2019 № 75; 17.08.2019 № 120; 10.09.2019 № 151; 18.09.2019 № 154; 18.09.2019 № 163; 09.10.2019 № 184; 11.11.2019 № 203; 02.05.2020 № 316 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз); 05.10.2020 № 427; 05.10.2020 № 428; 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.02.2021 № 515; 05.04.2021 № 545; 22.11.2021 № 693; 15.12.2021 № 717; 19.01.2022 № 779; 03.06.2022 № 907; 30.06.2022 № 948 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
Кім тағайындайды (сайлайды) | Тағайындау (сайлау) үшін кім ұсынады (ұсыным жасайды) |
Кіммен келісіледі | |
1 |
2 |
3 |
4 |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Президент |
Парламент Мәжілісі | |
Парламент Сенатының Төрағасы |
Парламент Сенаты |
Президент | |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы |
Президент |
| |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы |
Президент |
| |
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы | ||
Конституциялық Кеңестің Төрағасы және екі мүшесі |
Президент |
Әкімшілік Басшысы | |
Жоғарғы Соттың Төрағасы және судьялары |
Парламент Сенаты |
Президент |
Жоғары Сот Кеңесі |
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры** |
Президент |
Әкімшілік Басшысы |
Парламент Сенаты |
Ұлттық Банкі Төрағасы** |
Президент |
Әкімшілік Басшысы |
Парламент Сенаты |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары |
Президент |
Премьер-Министр | |
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы |
Президент | Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы | |
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы және екі мүшесі |
Президент |
Әкімшілік Басшысы | |
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы |
Президент |
Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы** |
Президент |
Әкімшілік Басшысы |
Парламент Сенаты |
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы** және екі мүшесі |
Президент |
Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы |
Президент |
Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері |
Президент |
Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы | ||
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары |
Президент |
Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі | Президент | Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесі Басшысының орынбасарлары | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы | ||
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері |
Президент |
Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшілері | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы | |
Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер министрлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының министрлері | Президент | Премьер-Министр | Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы |
Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер министрлері** | Президент | ||
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы | Президент | Премьер-Министр | |
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл | Парламент Сенаты | Президент | |
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары |
Президент |
Әкімшілік Басшысы | Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері | Президент | Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары | |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларының төрағалары | тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттары | Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы | |
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілері, халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілдері |
Президент |
Сыртқы істер министрі |
Әкімшілік Басшысы |
Парламент Сенатының он бес депутаты |
Президент |
Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасарлары | Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы | Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы | |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (Әкімшілік Басшысы тағайындайтын хатшылықтар меңгерушілерін қоспағанда) |
Президент |
Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары | Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы | Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы | |
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы | ||
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, Қорғаныс министрінің орынбасарлары |
Президент |
Қорғаныс министрі | Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Әкімшілік Басшысы |
Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрліктерінің аппарат басшыларын қоспағанда, орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары | министрлер | министрлер | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарлары | Президент | Сыртқы істер министрі | Әкімшілік Басшысы |
Қазақстан Республикасы |
Президент |
Ішкі істер министрі |
Комиссия* |
Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер министрлерінің орынбасарларын қоспағанда, министрлердің орынбасарлары | Үкімет | министрлер | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы*** |
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қауіпсіздігі қызметінің бастығы | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы | ||
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасарлары | Президент | Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы | |
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар басшыларының орынбасарлары |
Президент | Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы**** |
Бас Прокурордың бірінші орынбасары, орынбасарлары |
Президент |
Бас прокурор |
Комиссия* |
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бірінші орынбасары, орынбасарлары | Президент | Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы | Комиссия* |
Қазақстан Республикасы ҰҚК Үкіметтік байланыс қызметінің директоры |
Президент |
ҰҚК Төрағасы | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы |
Президент |
Бас прокурор |
Комиссия* |
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры |
Президент | Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы |
Әкімшілік Басшысы |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры | Бас прокурор | Комиссия* | |
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры |
Президент |
Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің бас қолбасшылары, Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы, түрлері әскерлері тектерінің қолбасшылары | Президент | Қорғаныс министрі | Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Әкімшілік Басшысы |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары |
Президент |
Қорғаныс министрі | Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Әкімшілік Басшысы |
Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы |
Президент |
Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы | Президент | Ішкі істер министрі | Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Әкімшілік Басшысы |
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармаларындағы өкілдері |
Президент |
Әкімшілік Басшысы | |
Жергілікті және басқа соттардың төрағалары және сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Сот алқалары төрағалары, жергілікті және басқа соттардың судьялары |
Президент |
Жоғары Сот Кеңесі | |
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы | Президент | Қазақстан Республика-сының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы | Әкімшілік Басшысы |
Ішкі істер, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, министрліктер комитеттерінің төрағалары |
министрлер | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы*** | |
Сыртқы істер министрлігі комитеттерінің төрағалары |
министр |
Әкімшілік Басшысы | |
Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары |
Ішкі істер министрі |
Ішкі істер министрі |
Комиссия* |
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының басшысы |
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы |
Әкімшілік Басшысы | |
Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы |
Президент |
Әкімшілік Басшысы | |
Бас прокуратураның Аппарат басшысы |
Бас прокурор | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы | |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) агенттігінің аппарат басшысы | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) агенттігінің төрағасы | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы | |
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы | Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы | Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аппаратының басшысы | Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы | Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары | Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы | Әкімшілік Басшысы | |
Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысы |
Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы | |
Қорғаныс министрлігінің аппарат басшысы | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы | |
Төтенше жағдайлар министрлігінің Аппарат басшысы | Төтенше жағдайлар министрі |
Премьер-Министр, | |
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің орынбасарлары, әкімдер аппараттарының басшылары | облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері | Әкімшілік Басшысы | |
Облыстардың аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері |
облыс әкімі |
Әкімшілік Басшысы, облыстың ауданының, облыстық маңызы бар қаланың мәслихаты | |
Қалалардағы аудандардың әкімдері |
қала әкімі |
Әкімшілік Басшысы, қала мәслихаты | |
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары |
Министр | Министр |
Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар | Бас Прокурор | Бас Прокурор | Президент, Комиссия* |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бірінші проректоры |
Бас прокурор |
Бас прокурор |
Комиссия* |
Қазақстан Республикасы ҰҚК орталық аппаратының және орталық аппараты жанындағы қызметтердің бастықтары, қызметтер бастықтарының орынбасарлары, қызметтер департаменттерінің бастықтары, департаменттердің бастықтары, Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының және Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастықтары | ҰҚК Төрағасы | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы | |
ҰҚК Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасарлары | ҰҚК Төрағасы | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы | |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ҰҚК департаменттерінің бастықтары | ҰҚК Төрағасы | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы | |
ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасарлары, ҰҚК Шекара қызметі өңірлік басқармаларының бастықтары |
ҰҚК Төрағасы | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы | |
Қарулы Күштер Бас барлау басқармасының бастығы |
Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары, орынбасарлары |
Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл бастығы, Қару-жарақ бастығы | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
Бас штабтар бастықтары – Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының бірінші орынбасарлары, штабтар бастықтары – Қарулы Күштер түрлері әскерлері тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары |
Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының орынбасарлары, Қарулы Күштер түрлері әскерлерінің тектері, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының орынбасарлары | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
Қарулы Күштер Бас барлау басқармасы бастығының бірінші орынбасары | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер Бас штабы департаменттерінің бастықтары, Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы, Қарулы Күштер Әскери полициясы бас басқармасының, Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары және олардың бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары, орынбасарлары, Ұлттық ұлан академиясының бастығы | Ішкі істер министрі | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
Ұлттық ұлан бас басқармаларының бастықтары | Ішкі істер министрі | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
Ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаментінің бастығы | Ішкі істер министрі | Ішкі істер министрі | Комиссия* |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің бастықтары | облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері | Ішкі істер министрі | Комиссия* |
Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция, тергеу, есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменттерінің бастықтары |
Ішкі істер министрі |
Ішкі істер министрі |
Комиссия* |
Ішкі істер министрлігі Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларының бастықтары |
Ішкі істер министрі |
Ішкі істер министрі |
Комиссия* |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша департаменттерінің басшылары | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы | Комиссия* | |
Қаржы | Министр | Министр | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы |
Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменттерінің басшылары | Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы | Комиссия* | |
Төтенше жағдайлар министрлігі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары | Төтенше жағдайлар министрі | Төтенше жағдайлар министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті, Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасарлары | Төтенше жағдайлар министр | Төтенше жағдайлар министр |
Премьер-Министр, |
Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасарлары | Министр | Министр | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет департаменттерінің басшылары | аппарат басшысы | Әкімшілік Басшысы, Әділет министрі | |
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары, қылмыстық-атқару жүйесі аумақтық департаменттерінің бастықтары |
Ішкі істер министрі |
Ішкі істер министрі |
Комиссия* |
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры |
Әділет министрі |
Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры | Президент | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы | Қазақстан Республика-сының Тұңғыш Президенті – Елбасы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры | Мәдениет және спорт министрі | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының директоры |
Президент |
Президент Кеңсесінің бастығы |
Әкімшілік Басшысы |
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры | Президент | Әкімшілік Басшысы | |
Ұлттық жоғары оқу орындарының бірінші басшылары | министрлер | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы | |
"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы | Мәдениет және спорт министрі | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы | |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы |
Президент |
Президент | |
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы |
Үкімет |
Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы | |
"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқармалары төрағалары |
тиісті холдингтердің директорлар кеңестері |
Премьер-Министр |
Әкімшілік Басшысы |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-на кіретін ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқармасы |
Премьер-Министр |
Әкімшілік Басшысы |
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ басқармасының төрағасы | Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрі | Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы |
Жоғарғы Сот Төрағасы |
Әкімшілік Басшысы, Жоғарғы Сот Төрағасы | |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының орынбасарлары |
Жоғарғы Сот Төрағасы |
Әкімшілік Басшысы | |
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі |
Үкімет |
Ұлттық экономика министрі |
Президент |
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары |
Үкімет |
Ұлттық экономика министрі |
Президент |
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппаратының басшысы | Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы |
Әкімшілік | |
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасарлары | Президент | Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы | Комиссия* |
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аппарат басшысы | Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
*лауазымға тағайындауды келісу Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның шешімімен жүзеге асырылады;
** кандидатураларды талқылау "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабы 8) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады;
*** Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы Ереженің 17-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген лауазымдарға кандидатураларға қатысты;
**** Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарларына қатысты.
Қазақстан Республикасы | |
Президентiнiң 2002 жылғы | |
29 наурыздағы N 828 | |
Жарлығымен | |
бекiтiлген |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін мен
өзге де лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен
қызметтен босату тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2009.07.27. N 852 Жарлығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
1. Мемлекет басшысының жарлықтарымен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілерді қызметке тағайындау немесе қызметтен босату туралы ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:
Үкімет мүшелері жөнінде - Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер министрлерін қоспағанда - Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Республиканың Премьер-Министрі;
Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары жөнінде - Республика Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі - Әкімшілік) Басшысы;
дипломатиялық өкілдіктер басшылары жөнінде - Сыртқы істер министрі енгізеді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 05.05.2017 № 471 Жарлығымен.
2. Республика Президентінің өкімдерімен тағайындалатын басшы лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау немесе қызметтен босату туралы ұсынымдарды Әкімшілікке тиісті мемлекеттік органның басшысы енгізеді.
2-1. Орталық атқарушы органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары лауазымына тағайындауға ұсынылатын (қарастырылатын) кандидатуралар Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасымен келісілуге тиіс.
Ескерту. Ереже 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 09.10.2019 № 184 Жарлығымен.
3. Мемлекет басшысының немесе оның уәкілеттік беруі бойынша Әкімшілік Басшысының келісімімен тағайындалатын басшы лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау немесе қызметтен босату кезінде келісім беру туралы ұсынымдарды Әкімшілікке:
мемлекеттік холдингтер және ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары жөнінде - Республиканың Премьер-Министрі;
министрлердің орынбасарлары жөнінде – кандидатура Премьер-Министрмен келісілгені туралы ақпаратты көрсете отырып, министрлер;
министрліктер ведомстволарының және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің басшылары жөнінде – тиісті орталық мемлекеттік органдардың басшылары;
Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тағайындайтын лауазымды адамдары жөнінде - тиісті органдардың басшылары;
жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың басшы лауазымды адамдары жөнінде – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері;
орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары тағайындайтын лауазымды адамдар жөнінде – тиісті орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларының төрағалары жөнінде – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы;
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары жөнінде - Ұлттық экономика министрі;
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы жөнінде – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы;
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы тағайындайтын Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарлары жөнінде – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы енгізеді.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2011.08.01 N 131, 2012.11.16 N 435 (қолданысқа енгізілe тәртібін 3-т. қараңыз); 09.08.2013 N 609; 07.10.2014 N 926; 11.01.2016 N 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.02.2018 № 643; 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.09.2019 № 151; 05.10.2020 № 427; 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
4. Қазақстан Республикасының Президенті осы Ережеде көзделген рәсімдерді сақтамай, қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізе алады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 09.10.2019 № 184 Жарлығымен.
4-1. Ротация шеңберінде мемлекеттік әкімшілік қызметтің "А" корпусына жататын лауазымдарға тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдерінде, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. Ереже 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 13.01.2014 № 721 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
2-тарау. Әкімшілікте мемлекеттік саяси қызметшілерді және өзге де лауазымды адамдарды қызметке келісуді, қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды жүргізуді ұйымдастыру
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
5. Республика Президентінің өкімімен, сондай-ақ Мемлекет басшысының келісімімен немесе оның уәкілеттік беруі бойынша Әкімшілік Басшысының келісімімен жүргізілетін, басшы мемлекеттік қызметке тағайындауға келісу рәсімін жүргізу үшін осы Ереженің 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғалар Әкімшілікке:
кандидаттың іскерлік және жеке қабілеттері көрсетілген ұсынымды;
кандидаттың суретімен бірге анықтама парағын (қызметтік тізімі);
міндетті арнайы тексерістен өткендігі туралы мәліметтерді жібереді.
5-1. Алып тасталды - ҚР Президентінің 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
6. Республика Президентінің өкімімен, сондай-ақ Мемлекет басшысының келісімімен немесе оның уәкілеттік беруі бойынша Әкімшілік Басшысының келісімімен жүргізілетін, басшы мемлекеттік қызметтен босатуды келісу рәсімін жүргізу үшін осы Ереженің 2 және 3 тармақтарында көрсетілген тұлғалар Әкімшілікке:
қызметтен алда тұрған босатудың нақты себептері мен дәлелдері көрсетілген ұсынымды;
кандидаттың суретімен бірге анықтама парағын (қызметтік тізімі);
өтінішін (қызметтен өз тілегі бойынша босатылған жағдайда) жібереді.
7. Қызметке тағайындау немесе қызметтен босату жөнінде Әкімшілікке ұсынылған материалдар тіркеу үшін әрі ресімдеу сапасына және осы Ережеде көзделген құжаттардың толық тізбесінің бар екеніне тексеру жүргізу үшін мемлекеттік қызмет және кадр саясаты мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі - Кадр қызметі) жіберіледі.
Тексеру жүргізілгеннен кейін ұсынылған құжаттар бір күн ішінде Әкімшілік Басшысының қарауына беріледі, ол келісілетін кандидатураларды зерделеу жөнінде Әкімшіліктің тиісті лауазымды тұлғаларына тапсырмалар береді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайтын мемлекеттік саяси қызметшілерді және өзге лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау жөніндегі материалдар Комиссияның жұмыс органына жіберіледі.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген лауазымды тұлғаларға қатысты материалдарды қарау тәртібі Комиссия туралы ережеде айқындалады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 03.04.2013 N 537 Жарлығымен.
8. Кадр қызметі тиісті келісу парақтарын ресімдейді, оларда тегі, аты-жөні; ұсынылатын немесе босатылатын қызмет; келісу үшін жіберілетін Әкімшіліктің лауазымды тұлғалары көрсетіледі. Келісу парақтарына электрондық түрде қол қойылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасымен кандидатураларды келісуге ұсынуға бұрыштама қою арқылы да жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 26.02.2018 № 643 Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 09.10.2019 № 184 Жарлығымен.
9. Қызметке тағайындауға немесе қызметтен босатуға келісім беру жөнінде ұсынылған материалдарды талдау барысында құрылымдық бөлімшелер қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын лауазымды тұлғаның іскерлік және жеке қабілеттерін жергілікті жерге бару не оны Әкімшілікке әңгімелесуге шақыру арқылы зерделейді, қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін.
10. Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелері қызметке тағайындауға немесе қызметтен босатуға келісу жөнінде он жұмыс күні ішінде жұмыс жүргізеді және тиісті құжаттарды кейіннен Әкімшілік Басшысының қарауына енгізу үшін Кадр қызметіне жібереді.
11. Тиісті лауазымды тұлғалар қызметке тағайындаумен немесе қызметтен босатумен келіспеген жағдайда Әкімшілік Басшысына қорытынды ұсынылады, онда бас тартудың нақты себептері көрсетіледі.
Бұл ретте олар тағайындалатын лауазымға өзге кандидатураны Әкімшілік Басшысының қарауына енгізуге хақылы.
12. Келісуге ұсынылған материалдарды қарағаннан және қажет болған жағдайда Мемлекет басшысын хабардар еткеннен кейін Әкімшілік Басшысы қызметке тағайындауға немесе қызметтен босатуға келісім беру не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Қабылданған шешім туралы Кадр қызметі бір күн мерзім ішінде мемлекеттік органдарға хабарлайды.
13. Республика Президентінің лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау және қызметтен босату жөніндегі жарлықтары мен өкімдерінің жобаларын дайындауды Кадр қызметі жүзеге асырады.
14. Мемлекет басшысы, Әкімшілік Басшысы немесе өзге де лауазымды адамдар белгіленген тәртіппен тиісті шешім шығарғанға дейін, олармен келісілуге тиіс кандидатураларды қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы актілерді қабылдауға жол берілмейді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 09.10.2019 № 184 Жарлығымен.
15. Қазақстан Республикасы Президентінің өкімдерімен жүргізілетін, лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау немесе қызметтен босату туралы ұсынымдарды Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінде қаралу сатысына соқпай, Мемлекет басшысына оның Әкімшілігінің Басшысы тікелей баяндауы мүмкін.
3-тарау. Әкімшілікте келісілуге тиіс мемлекеттік саяси қызметшілердің және өзге де лауазымды адамдардың лауазымдарын оның құрылымдық бөлімшелері арасында бөлу
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
16. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, Әкімшілікте келісілуге тиіс барлық кандидатуралар Кадр қызметінде және тиісті бейіндегі құрылымдық бөлімшелерде алдын ала зерделенуге тиіс.
"А" корпусының лауазымдарына кандидаттар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары болып табылатын Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарымен келісуге жатады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 26.02.2018 № 643 Жарлығымен.
17. Егер уәкілетті лауазымды адамдар өзгедей шешім қабылдамаса, Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратында мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
1) Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығында:
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарлары, ҰҚК Үкіметтік байланыс қызметінің директоры, Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасарлары, қызметтердің бастықтары және олардың орынбасарлары, қызметтер департаменттерінің, орталық аппарат департаменттерінің, орталық аппарат жанындағы департаменттердің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана департаменттерінің, ҰҚК академиясының бастықтары;
2) Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінде:
ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастығы; ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасарлары; ҰҚК Шекара қызметі өңірлік басқармаларының бастықтары;
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы; Қорғаныс министрінің орынбасарлары; Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы Қарулы Күштер түрлері әскерлері тектерінің және өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары; Қарулы Күштер Бас барлау басқармасының бастығы; Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы; Бас штаб бастығының бірінші орынбасары, орынбасарлары; Қорғаныс министрлігінің аппарат басшысы; Қарулы Күштердің Тыл бастығы, Қару-жарақ бастығы; бас штабтар бастықтары – Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының бірінші орынбасарлары; штабтар бастықтары – Қарулы Күштер түрлері әскерлерінің тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының бірінші орынбасарлары; Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, Қарулы Күштер түрлері әскерлерінің тектері және Қарулы Күштер өңірлік қолбасшылықтары қолбасшыларының орынбасарлары; Қарулы Күштер Бас барлау басқармасы бастығының бірінші орынбасары; Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер Бас штабы департаменттерінің бастықтары; Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы; Қарулы Күштер Әскери полициясы бас басқармасының, Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы; Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары; өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары және олардың бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары, орынбасарлары; бас басқармалар бастықтары; Ұлттық ұлан академиясының бастығы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің қорғаныс өнеркәсібі, бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу, әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру, мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау мәселелерін қадағалайтын орынбасары;
Ұлттық экономика министрінің жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелерін қадағалайтын орынбасары;
Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы;
3) Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінде:
Төтенше жағдайлар министрінің орынбасарлары, осы министрліктің Өртке қарсы қызмет комитетінің, Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағалары, төрағаларының орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары;
Министрдің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелерін қадағалайтын орынбасарлары, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің, Аэроғарыш комитеттерінің төрағалары;
Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетінің төрағасы;
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы;
Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасарлары;
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ басқармасының төрағасы;
Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
4) Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінде:
Бас Прокурордың бірінші орынбасары, орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың прокурорлары, оларға теңестірілген басқа да прокурорлар; Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасы; Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры, бірінші проректоры;
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, орынбасарлары, Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары; Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары; Ішкі істер министрлігінің Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларының бастықтары, Ішкі істер министрлігінің көліктегі полиция департаментінің, криминалдық полиция, тергеу, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменттерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің бастықтары; Ішкі істер министрлігінің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары;
Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі және Ішкі істер министрлігі аппараттарының басшылары;
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасарлары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың департаменттерінің басшылары; Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың департаменттерінің басшылары;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бірінші орынбасары, орынбасарлары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың департаменттерінің басшылары;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.12.2016 № 391 Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 14.03.2017 № 446; 26.02.2018 № 643; 03.08.2018 № 722; 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.09.2019 № 151; 18.09.2019 № 163; 09.10.2019 № 184; 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.02.2021 № 515; 22.11.2021 № 693; 15.12.2021 № 717; 19.01.2022 № 779; 03.06.2022 № 907 Жарлықтарымен.17-1. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, қауіпсіздік және құқықтық тәртіп мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс.
Ескерту. 3-тарау 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
18. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, әлеуметтік-экономикалық сала мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетінің төрағасын және Азаматтық авиация комитетінің төрағасын, төрағасының орынбасарларын қоспағанда, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Энергетика, Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлерінің орынбасарлары, осы министрліктердің аппарат басшылары, комитеттерінің төрағалары;
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасарлары; Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша департаменттерінің басшылары;
Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарлары; Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарлары; Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасарлары; "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ, "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның құрамына кіретін ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының басшысы; Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппаратының басшысы; Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі аппаратының басшысы; Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.06.17 N 101 Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 09.08.2013 N 609; 30.01.2014 N 744; 25.07.2014 N 865; 07.10.2014 N 926; 26.02.2018 № 643; 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 878; 10.09.2019 № 151; 11.11.2019 № 203; 05.10.2020 № 428; 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.02.2021 № 515 Жарлықтарымен.
19. Алып тасталды - ҚР Президентінің 09.10.2019 № 184 Жарлығымен.
20. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, сыртқы саясат мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
Сыртқы істер министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдері, Сыртқы істер министрлігінің аппарат басшысы және комитеттерінің төрағалары.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.03.2019 № 878 Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
21. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
Әділет министрінің орынбасарлары, Әділет министрлігінің аппарат басшысы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет департаменттерінің басшылары;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы, оның орынбасарлары.
Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы.
Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2010.09.22 N 1066, 2011.06.17 N 101, 2012.05.17 N 328; 07.10.2014 N 926; 23.12.2015 № 137 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.09.2019 № 151; 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
22. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, ішкі саясат мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ақпарат және коммуникациялар, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым, Қоғамдық даму министрлерінің орынбасарлары, осы министрліктердің аппарат басшылары және комитеттерінің төрағалары;
әкімдердің әлеуметтік саланы қадағалайтын орынбасарлары; ұлттық жоғары оқу орындарының бірінші басшылары; "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.06.17 N 101 Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 25.04.2013 N 556; 25.07.2014 N 865; 07.10.2014 N 926; 26.02.2018 № 643; 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.08.2019 № 120; 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2022 № 948 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.23. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, мемлекеттік бақылау және аумақтарды дамыту мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
Ішкі істер министрлігінің аппарат басшысын қоспағанда, орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары;
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің орынбасарлары, әкімдері аппараттарының басшылары; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларының төрағалары; облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері, қалалардағы аудандардың әкімдері.
Ескерту. 23-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2011.05.19 № 86, 2011.06.17 N 101, 2011.08.01 N 131, 2012.06.21 № 344; 29.08.2014 N 900; 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.09.2019 № 151; 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
24. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгеше шешім қабылдамаса, стратегиялық жоспарлау мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы және басшысының орынбасарлары; Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аппаратының басшысы.
Ескерту. 24-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 05.10.2020 № 427 Жарлығымен.
24. Алып тасталды - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900 Жарлығымен.