2008 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі)

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Мыналардың:
      42, 43, 44, 45, 46, 47 (өте құпия) , 48, 49, 50,   51-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы  
N 1224 қаулысына        
42-ҚОСЫМША         

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2008 жылға арналған
"Сыртқы саяси қызметтi қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 114487541 мың теңге (он төрт миллиард төрт жүз сексен жеті миллион бес жүз қырық бір мың теңге).
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.12 N 581д Қаулысымен.
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Заңы , Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңы , Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколын бекiту туралы" N 201 Жарлығы , Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 27 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекiту туралы" N 217 Жарлығы , Қазақстан Республикасы Президентiнің 2004 жылғы 4 ақпандағы "Қазақстан Республикасының Дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ереженi бекiту туралы" N 1287 Жарлығы , Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1997 жылғы 27 мамырдағы "Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдiгiндегi Елшілігін орналастыру үшін Қазақстан Республикасының меншігіне Брюссельде ғимарат сатып алу туралы" N 893 қаулысы , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 9 қазандағы "Қазақстан Республикасының меншiгiне Вашингтонда (Колумбия округi, АҚШ) жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алу туралы" N 1431a қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 28 қаңтардағы "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелерi" N 136 қаулысы , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 маусымдағы "Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелерінің, Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдардағы өкілдіктерінің қорғалған байланыс жүйесін құру туралы" N 906-55 өқ қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 тамыздағы "Қазақстан Республикасының меншігіне Лондон қаласында ғимарат сатып алу туралы" N 1222-73қ қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" N 1118 қаулысы , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің мәселелері" N 1024 қаулысы , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" N 225 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының халықаралық беделiн нығайту, халықаралық бейбiтшіліктi, ғаламдық және өңiрлер қауіпсіздіктi қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне тиісті ұсыныстар беру, Сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыруға жәрдемдесу және Қазақстан Республикасының халықаралық беделін нығайту, Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа да мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарды және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық құралдар мен әдістер арқылы қорғауды қамтамасыз ету, Бельгия Корольдігінде (Брюссель қаласы), Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінде (Лондон қаласы), Америка Құрама Штаттарында (Вашингтон қаласы) Қазақстан Республикасының өткен жылдардағы меншігіне жылжымайтын мүлік сатып алу бойынша міндеттемелерді орындау.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші
бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001


Сыртқы
саяси
қызметтi
қамтама-
сыз ету




2


001

Орталық
органның
аппараты

1. Ел ішінде және
шетелдерде Қазақстан
Республикасының оң
сипаттағы имиджін
көтеруге бағытталған
ақпараттық-насихаттық
қызмет бойынша
іс-шараларды жүзеге
асыру.
2. Шет мемлекеттермен
және халықаралық
ұйымдармен
қатынастарда Қазақстан
Республикасының
атынан өкiлдiк ету.
3. Қазақстан
Республикасы
халықаралық саясатының
стратегиясын iске
асыру.
4. Қазақстан
Республикасының сыртқы
саяси бағытын iске
асыру, Қазақстан
Республикасының сыртқы
экономикалық саясатын
жүзеге асыруға және
халықаралық беделiн
нығайтуға жәрдемдесу.
5. Қазақстан
Республикасының шет
мемлекеттермен,
халықаралық ұйымдармен
дипломатиялық және
консулдық қарым-қаты-
настарын жүзеге асыру.
6. Қазақстан
Республикасының
мемлекетiшiлiк және
халықаралық іс-шарала-
рын протоколдық-
ұйымдастыру тұрғысынан
қамтамасыз ету.
7. Қазақстан
Республикасының
аумағында және шет
елдерде халықаралық-
құқықтық нормалармен
және Қазақстан
Республикасының
заңдарымен
регламенттелетiн
консулдық функцияларды
жүзеге асыру.
8. Шет елдердi
Қазақстан
Республикасының сыртқы
және iшкi саясаты,
елдің әлеуметтік-эко-
номикалық, мәдени және
рухани өмiрi туралы
ақпарат таратуға
жәрдемдесу.
9. Инвестициялық
ахуалдың жақсаруына
жәрдемдесу және
халықаралық нарықта
Қазақстан Республика-
сының жағымды бейнесiн
қалыптастыру.
10. Қазақстан
Республикасының шет
мемлекеттермен және
халықаралық ұйымдармен
қарым-қатынастары
мәселелерi бойынша
Қазақстан
Республикасының
Президентiне,
Парламентiне және
Yкіметiне белгіленген
тәртiппен ұсыныстар
мен ұсынымдар жасау.
11. Қазақстан
Республикасы
азаматтарының
құқықтары мен
бостандықтарын, оның
қорғанысы мен ұлттық
қауiпсіздiгін, құқық
тәртiбiн қорғауды
қамтамасыз ету,
Қазақстан
Республикасының шет
мемлекеттермен және
халықаралық ұйымдармен
сауда-экономикалық,
қаржы, ғылыми және
ғылыми-техникалық,
мәдени, сондай-ақ
өзге де байланыстарын
дамыту мен кеңейту
жөнiндегi iс-шараларды
әзiрлеуге қатысу.
12. 349 бірлік
көлеміне бекітілген
штат саны лимитіне
сәйкес жыл бойы
Қазақстан Республика-
сының Сыртқы істер
министрлігін ұстау
және қамтамасыз ету.
15 бірлік қызметтік
автокөлікті ұстау.
13. Қазақстан
Республикасының Сыртқы
істер министрлігінің
әкімшілік ғимараттың
ағымдағы ұстауға
байланысты шығыстарға,
соның ішінде ғимаратты
сақтандыру және
ғимаратқа іргелес
аумақты ағымдағы ұстау
бойынша шығындарға
ақы төлеу.
Палестина Мемлекетінің
Қазақстан
Республикасындағы
Елшілігінің ғимаратын
ұстау жөніндегі
шығыстарға ақы төлеу.

Қаңтар-
желтоқ-
сан

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Сыртқы
істер
министр-
лігі

3


007

Мемле-
кеттiк
қызмет-
шiлердiң
бiлiктi-
лiгiн
арттыру

Мемлекеттiк және ағыл-
шын тiлдерiн үйрету.

Сәуір-
желтоқ-
сан

Қазақстан
Республи-
касының
Сыртқы
iстер
министр-
лiгi

4


009

Мемле-
кеттiк
орган-
дарды
матери-
алдық-
техни-
калық
жарақ-
тандыру

1. Қазақстан
Республикасы Сыртқы
iстер министрлiгін
және оның шетелдегі
мекемелерiн материал-
дық-техникалық
қамтамасыз ету.
2. Бельгия
Корольдігінде
(Брюссель қаласы),
Ұлыбритания және
Солтүстік Ирландия
Құрама Корольдігінде
(Лондон қаласы),
Америка Құрама
Штаттарында (Вашингтон
қаласы) Қазақстан
Республикасының
меншігіне жылжымайтын
мүлік объектілерін
сатып алу үшін алынған
несиелерді өтеу
бойынша Қазақстан
Республикасының
міндеттемелерін
орындауды қамтамасыз
ету.

Қаңтар-
желтоқ-
сан

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Сыртқы
iстер
министр-
лiгi және
министр-
лігі және
шетелдік
мекемелер

5


017

Ақпарат-
тық
жүйелер-
дiң
жұмыс
iстеуiн
қамтама-
сыз ету
және
мемле-
кеттiк
орган-
дарды
ақпарат-
тық-тех-
никалық
қамтама-
сыз ету

Есептеу техникаларын,
шығыс материалдарын,
жинақтаушы қосалқы
бөлшектерді сатып алу;
байланыс қызметіне
ақы төлеу; есептеу
техникасы құралдарына
жүйелі-техникалық
қызмет көрсету,
ағымдағы жөндеу;
веб-сайт және басқа
ақпараттық жүйелерді
сүйемелдеу;
лицензиялық
бағдарламалық
өнімдерді сатып алу

Қаңтар-
желтоқ-
сан

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Сыртқы
iстер
министр-
лiгi және
шетелдік
мекеме-
лері

6


100

Орган-
дардың
басқа
елдерде-
гi
аппарат-
тары
(елшi-
лiктер,
өкілдік-
тер,
диплома-
тиялық
миссия-
лар)

1. Қазақстан
Республикасы сыртқы
саясатының негiзгi
бағыттарын және
Қазақстан
Республикасының
халықаралық саясатының
стратегиясын iске
асыру, шет
мемлекеттермен және
халықаралық ұйымдармен
қатынастарда Қазақстан
Республикасының атынан
өкiлдiк ету.
2. Қазақстан
Республикасының шет
мемлекеттермен және
халықаралық ұйымдармен
қарым-қатынастары
мәселелерi бойынша
Қазақстан
Республикасының
Президентiне,
Парламентiне және
Yкіметiне белгiленген
тәртiппен ұсыныстар
мен ұсынымдар жасау.
3. Қазақстан
Республикасы
азаматтарының
құқықтары мен
бостандықтарын, оның
қорғанысы мен ұлттық
қауiпсіздiгін, құқық
тәртiбiн қорғауды
қамтамасыз ету,
Қазақстан
Республикасының шет
мемлекеттермен және
халықаралық ұйымдармен
сауда-экономикалық,
қаржы, ғылыми және
ғылыми-техникалық,
мәдени, сондай-ақ
өзге де байланыстарын
дамыту мен кеңейту
жөнiндегi iс-шараларды
әзiрлеуге қатысу.
4. Қазақстан
Республикасының
мемлекетішілiк және
халықаралық
iс-шараларын
протоколдық-ұйымдас-
тыру тұрғысынан
қамтамасыз ету.
5. Шет елдердi
Қазақстан
Республикасының сыртқы
және iшкі саясаты,
елдің әлеуметтiк-
экономикалық, мәдени
және рухани өмiрi
туралы ақпарат
таратуға жәрдемдесу.
6. Мемлекеттiк
бағдарламаларды,
басым жобаларды iске
асыру үшiн тікелей
қаржы ресурстарын,
соның ішінде
халықаралық
экономикалық және
қаржы ұйымдары
тарапынан тартуға
қатысу.

Қаңтар-
желтоқ-
сан

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Сыртқы
iстер
министр-
лiгi және
шетелдік
мекемелер

       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.12 N 581д Қаулысымен.
      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделiн нығайтуға жәрдемдесу.
      Қазақстан Республикасының eгeмендігін, қауiпсіздігiн, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастардағы және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру. Әлемдегi саяси және әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, шет мемлекеттердің сыртқы және iшкi саясатына, халықаралық ұйымдардың қызметiне талдау жасау және орталық мемлекеттiк органдарды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету. 76 адамның мемлекеттiк тiлдi оқып үйренуi, 20 адамның ағылшын тiлдi оқып үйренуi.
      Түпкi нәтиже: Қазақстан Республикасын әлемдік алаңда іс жүзінде таныту, шетелге шығатын Қазақстан Республикасы азаматтарының қауiпсiздiгiн, олардың шетелдер аумақтары бойынша кедергiсіз жүріп тұруын, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту. Министрлiк штатының 23,7 пайызын мемлекеттiк тiлге оқытуды, министрлiк штатының 6,2 пайызын ағылшын тілін оқытуды қамтамасыз ету.
      Қаржылық-экономикалық нәтиже: бiр қызметкердi мемлекеттік тілге оқыту шығыны - 48,5 мың теңге, бiр қызметкердi ағылшын тіліне үйрету шығыны - 61,5 мың теңге.
      Уақтылығы: министрлiктің орталық аппараты және Қазақстан Республикасының шет елдегi мекемелерi бюджетiнің орындалуы. Жыл бойы шарттарға сәйкес қол жеткiзiледi.
      Сапасы: Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен жүзеге асырылатын консулдық iс-әрекеттердi жеке және заңды тұлғалардың толық қанағаттануы. Қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес, мемлекеттiк кәсiби қызмет талаптарына сай мемлекеттiк қызметшiлердің кәсiби деңгейiн көтеру. Мемлекеттiк тiлдi оқыту курстарынан өткеннен кейiн мемлекеттiк тiлде iс жүргiзуге көшкен мемлекеттiк қызметшiлер үлесi - 69 пайызға; ағылшын тілін оқыту курстарын өткеннен кейiн ағылшын тiлiндегi құжаттармен жұмыс iстейтiн мемлекеттiк қызметшiлер үлесi - 70 пайызға.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1224 қаулысына      
43-ҚОСЫМША      

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi     

2008 жылға арналған
"Халықаралық ұйымдарға және басқа да халықаралық органдарға қатысу"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 1676318 мың теңге (бір миллиард алты жүз жетпіс алты миллион үш жүз он сегіз мың теңге).
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.12 N 581д Қаулысымен.
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 маусымдағы "Еңбекшілердің жұмыс орындарындағы ауаның ластануы, шу мен тербеліс салдарынан болатын кәсіби қауіптерден қорғау туралы" Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 1977 жылғы N 148 Конвенциясын бекіту туралы" Заңы , Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шілдедегі "Біріккен Ұлттар Ұйымының Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясын бекіту туралы" Заңы , Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 қазандағы "Қазақстан Республикасының озон қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясына қосылуы туралы" Заңы , Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 қазандағы "Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына қосылуы туралы" Заңы , Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы "Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ), мүше-елдер Өкілдерінің және халықаралық қызметкерлердің заңдық мәртебесі туралы келісімді бекіту туралы" Заңы , Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы" Заңы , Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 24 маусымдағы "Химиялық қаруды жасауға, өндіруге, жинақтауға және қолдануға тыйым салу және оны жою туралы конвенцияны бекіту туралы" Заңы , Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы "Қазақстан Республикасының Ауаның алыс қашықтықта шекарааралық ластануы туралы конвенцияға қосылуы туралы" Заңы , Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік авариялардың шекарааралық әсері туралы конвенцияға қосылуы туралы" Заңы , Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы "Ақпаратқа қол жеткізу, қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияны бекіту туралы" Заңы , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының арасындағы ынтымақтастық туралы негізгі келісімді бекіту туралы" Заңы , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы "Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына Түзетуге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы, Лондон, 27-29 маусым 1990 жыл" Заңы , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 14 желтоқсандағы "Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты бекіту туралы" Заңы , Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы "Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Бесінші қосымша хаттаманы бекіту туралы" Заңы , Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 ақпандағы "Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы" Заңы , Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Заңы , Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы "Климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының негіздемелік Конвенциясын бекіту туралы" N 2260 Жарлығы , Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдіктерді қолдану туралы келісімді бекіту туралы" N 2344 Жарлығы , Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы "Энергетикалық Хартияға Шартты және Энергетикалық тиімділік мәселелері мен экологиялық аспектілер жөніндегі Энергетикалық Хартияға Хаттаманы бекіту туралы" N 2537 Жарлығы , Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 12 наурыздағы "Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының Киото хаттамасына Қазақстан Республикасының қол қоюы туралы" N 84 Жарлығы , Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 15 қарашадағы "Қазақстан Республикасының Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымға мүше болуы туралы" N 973 Жарлығы , Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 30 қазандағы "Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияны бекіту туралы" N 1214 Жарлығы , Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі "Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны бекіту туралы" N 1503-ХІІ қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 13 сәуірдегі "Дүниежүзілік Метеорологиялық ұйымы конвенциясына қосылу туралы" N 296 қаулысы , Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына (ИНТЕРПОЛ) кіруіне байланысты іс-шаралар туралы" N 629 қаулысы , Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 наурыздағы "Қазақстан Республикасының Халықаралық теңіз ұйымы (ХТҰ) аясында қабылданған халықаралық конвенцияларға және ХТҰ туралы конвенцияға қосылуы туралы N 244 қаулысы , Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 25 наурыздағы "Халықаралық эпизоотикалық бюроға кіру туралы "ХЭБҚ" N 26-15/1264 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 сәуірдегі "Метрология және стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымға кіру туралы" N 26-22/4748 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 13 мамырдағы "Қазақстан Республикасының халықаралық азаматтық авиациясы ұйымы (ИКАО) аясында қабылданған халықаралық конвенцияларға қосылу туралы" N 506 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 тамыздағы "Қазақстан Республикасының биологиялық әралуандылық туралы конвенцияны мақұлдау және онда көзделген міндеттемелерін орындауды ұйымдастыру туралы" N 918 қаулысы , Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 1995 жылғы 20 ақпандағы "Қазақстан Республикасы атынан табиғи ортаға әсер ететін әскери немесе кез келген өзге де дұпшандық ниетте құралдар пайдалануға тиым салу туралы Конвенцияға қосылу туралы" N 301-III қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 мамырдағы "ТЮРКСОЙ-дың құрылымы және жұмыс істеу принциптер туралы Шартты бекіту туралы" N 737 қаулысы , Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 қыркүйектегі "Орталық-Азиялық Зерттеулер Халықаралық институтына кіру туралы N 13253 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 маусымдағы "Е.Х. Қазыханов туралы" N 717 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 наурыздағы "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі Өкілінің қызметін қаржыландыру мәселелері" N 257 қаулысы , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметті өкілінің және оның аппаратының 2006 жылға арналған шығыстар сметасын бекіту туралы" N 33 қаулысы , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы "Б.С. Сәрсековтің қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстар сметасын бекіту туралы" N 133 қаулысы , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы тұрақты өкілі мен оның аппараты қызметін қаржыландыру мәселелері" N 322 қаулысы , Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 қазандағы "Дүниежүзілік туристік ұйымға кіру туралы" шешімі, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 мамырдағы "Еуропалық Экономикалық Комиссияға кіру туралы" N 6234 шешімі, 1991 жылғы 17 желтоқсандағы Байланыс саласындағы аймақтық достастық құру туралы келісім, 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Азаматтық авиация және әуе кеңістігінің пайдалану туралы келісім, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 1992 жылғы 11 наурыздағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы келісілген саясатты өткізу туралы" келісімі , Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ арасындағы қатынастар туралы 1992 жылғы 19 тамыздағы келісім, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ Даму бағдарламасы арасындағы 1996 жылғы 24 қыркүйектегі келісім, Орталық/Шығыс Еуропа және Еуразия энергетикасын реттеу органдарының Аймақтық Қауымдастығымен 2001 жылғы 15 наурыздағы Энергетика саласындағы өзара іс-қимыл туралы" келісімі, 2003 жылғы 29 мамырдағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бюджетін қалыптастыру мен орындау тәртібі туралы келісім, 2003 жылғы 19 қыркүйектегі Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру туралы келісім , Табиғи апаттарды азайту жөніндегі Азиялық орталыққа кіру туралы шешім (ASDR), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 1991 жылғы 21 желтоқсандағы "Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелік туралы" шешімі, ТМД Мемлекет Басшылары Кеңесінің 1993 жылғы 2 наурыздағы "Мұнай және газ жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесін құру туралы" шешімі, ТМД Мемлекет Басшылары Кеңесінің 1993 жылғы 9 қыркүйектегі "Химия және мұнайхимия саласындағы ынтымақтастық туралы" шешімі, Ислам Конференциясы Ұйымының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы шешімі, Дүниежүзілік Сауда Ұйымының жыл сайынғы сессиясының 1996 жылғы 26 қаңтардағы "Қазақстан Республикасына бақылаушы мәртебесін беру туралы" шешімі, ТМД Үкімет Басшылары Кеңесінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі "ТМД Үкіметаралық статистикалық комитеті туралы ереже туралы" шешімі, Халықаралық техникалық комитеттің жыл сайынғы сессиясының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы "Өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі (МТКПТП-СТІҒ)" шешімі, Орталық Азия Мемлекеттері Басшыларының 1997 жылғы 28 ақпандағы "Халықаралық Аралды құтқару қорының қаражатын қалыптастыру туралы" шешімі, ИКҰ-ға мүше елдердің жыл сайынғы сессиясының 1997 жылғы 12 наурыздағы "ИКҰ жанындағы Статистика, экономика және әлеуметтік зерттеулер мен даярлау жөніндегі орталыққа кіру туралы" шешімі, ИКҰ-ға мүше елдердің жыл сайынғы сессиясының 1997 жылғы 12 наурыздағы "ИКҰ жанындағы Ислам технологиялық институтына кіру туралы" шешімі, ИКҰ-ға мүше елдердің жыл сайынғы сессиясының 1997 жылғы 12 наурыздағы "ИКҰ жанындағы сауда дамыту жөніндегі Ислам орталығына кіру туралы" шешімі, 1998 жылғы 17 сәуірдегі Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Атқару комитетінің шешімі, 1998 жылғы 5 тамыздағы Мәдени меншікті зерттеу, сақтау және қалпына келтіру жөніндегі Халықаралық институттың жыл сайынғы жиналысының шешімі (ІССRОМ), Мемлекетаралық ТМД Экономикалық одағының экономикалық комитетінің 1998 жылғы 11 қыркүйектегі "Жолшылар одағына ТМД мемлекетаралық органы мәртебесін беру туралы" шешімі, ИКҰ-ға мүше елдердің Бас Конференциясының 1999 жылғы 17 маусымдағы "ИКҰ-ға мүше елдердің Парламенттік Одағына кіру туралы" шешімі, ТМД Мемлекеттері Басшылары Кеңесінің 2000 жылғы 25 қаңтардағы "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының үйлестіру Кеңесі туралы" шешімі, БАҚ байланыс әкімшілік басшылары Кеңесінің 2000 жылғы 29 маусымдағы "Байланыс саласының аймақтық қауымдастығының қаржысы туралы ереже туралы" N 2315 шешімі, ТМД Үкіметтері Басшылары Кеңесінің 2001 жылғы 18 мамырдағы "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің көліктік үйлестіруші кеңесін құру туралы" шешімі, 2005 жылғы 17 наурыздағы Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенім шаралары жөніндегі кеңесінің Секретариаты (АӨСШК) туралы ережені дайындау бойынша арнайы жұмысшы тобы мәжілісінің шешімі, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 5 ақпандағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына кіру жөніндегі декларациясы, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 5 ақпандағы "Өнеркәсіптік меншік саласындағы халықаралық шарттар туралы" декларациясы, 2001 жылғы 15 маусымдағы "Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын" құру туралы декларациясы, 1991 жылғы 21 желтоқсандағы "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы" Алматы Декларациясы, 1992 жылғы 12 қаңтардағы ОБСЕ Парламент Ассамблеясы Секретариатының хабарламасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 1996 жылғы 11 ақпандағы Ислам Ұйымы Конференциясынан (ИҰК) хабарламасы, 1996 жылғы 4 маусымдағы "Қазақстан Республикасының Халықаралық еңбек ұйымына мүше болуы туралы (ХЕҰ)" хабарлама, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының 1997 жылғы 1 қаңтардағы "Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіпті дамыту бойынша" хабарламасы, Жоғарғы аудиторлар мекемесінің Халықаралық ұйымы Бас директорының (INTOSAI) 1997 жылғы 2 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы" хабарламасы, Жоғарғы аудиторлар мекемесінің Азиялық ұйымы Бас директорының (ASOSAI) 1997 жылғы 27 маусымдағы "Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы" хабарламасы, Орталық Азия Халықаралық институты Директоратының (МИЦАИ) 1998 жылғы 19 ақпандағы "Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы" хабарламасы, Көшпенді өркениетті зерттеу жөніндегі Халықаралық институт директорының (МИИКЦ) 1998 жылғы 12 тамыздағы хабарламасы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 46-шы сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы "Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелігін растау туралы" қарары, БҰҰ-ның 46-шы сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы "БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымдары туралы" қарары, БҰҰ-ның 46-шы сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы "БҰҰ-ның тұрғын халықтар қоры туралы" қарары, БҰҰ-ның 46-шы сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы "БҰҰ-ның балаларға жәрдем беру қоры туралы" қарары, 1994 жылы 26 сәуірдегі Табиғат және мәдени мұраларды қорғау жөніндегі конвенцияға қол қою, Табиғи аппаттарды азайту жөніндегі Азиялық орталықтың (АDRS) Бас конференциясының 1999 жылғы 14 ақпандағы Қазақстан Республикасының мүшелігін растайтын қарары, Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің 2002 жылғы 6 желтоқсандағы "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының қызметін қаржыландыру туралы" N 43 қаулысы, ЮНЕСКО-ның 1992 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-ға мүшелігін растайтын нотасы, 2003 жылғы 23 сәуірдегі "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Органдары жөніндегі ережелер туралы" Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімі, 1993 жылғы 22 қаңтардағы ТМД Жарғысы.
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттiң қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және ғылыми-техникалық мәселелерiн шешу.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайту, Қазақстанның халықаралық ұйымдар, әмбебап және өзге де халықаралық конвенциялар хатшылықтары алдындағы борыштық мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету. Халықаралық маңызы бар iс-шараларды өткізудi уақтылы қамтамасыз ету (БҰҰ Бас Ассамблеясы, ВОИС, ОЭC, ИНТЕРПОЛ және т.б.).
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші
бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002


Халық-
аралық
ұйымдар-
ға және
басқа да
халық-
аралық
орган-
дарға
қатысу




2


100

Халық-
аралық
ұйымдар-
ға
қатысу

Қазақстан Республикасы
қатысушы болып
табылатын халықаралық
ұйымдарға кiрiстік,
үлестік, ерiктi
қаржылық жарналарды
төлеу және қарызды
өтеу - 95 ұйымдар мен
конвенциялар.
"Ядролық зерттеулердің
біріккен институтына,
Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымына және
ТҮРКІСОЙ-ға Қазақстан
Республикасының
үлестік қаржы
жарналарын төлеу және
берешегін өтеу.
Тони Блэрдің Таяу
Шығыс бойынша
халықаралық делдалдар
"квартетінің" (БҰҰ,
АҚШ, ЕО және РФ)
Арнаулы өкілі құрған
Палестинаның білім
беру қорына ресми
қаржы көмегін көрсету.

Қаңтар-
желтоқ-
сан

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Сыртқы
iстер
министр-
лiгi

3


101

ТМД-ның
жарғылық
және
басқа да
орган-
дарына
қатысу

Қазақстан Республикасы
мүшесi болып табылатын
ТМД-ның үлестiк
жарналарын төлеу - 23
орган, соның iшiнде
ТМД-ның жарғылық
органдары (8 орган -
ТМД Атқару комитетi,
Шекара әскерi
қолбасшылары кеңесiнiң
үйлестiру қызметi,
Мемлекетаралық ТМД
статистикалық
комитеті, Ұйымдасқан
қылмысқа қарсы күрестi
үйлестiру бюросы,
Әскери ынтымақтастықты
үйлестіру штабы, ТМД
экономикалық соты,
ТМД терроризмге қарсы
орталығы, Мемлекет
Басшылары Кеңесінің,
Үкiмет Басшылары
Кеңесiнің, Сыртқы
iстер министрлерi
Кеңесiнің, ТМД
Экономикалық кеңесiнің
мәжiлiстерiн өткiзу),
ТМД-ның Парламентара-
лық ассамблеясы,
ТМД-ға қатысушы
мемлекеттердiң
көлiктiк кеңесiн
үйлестiрушi атқару
комитетi, ТМД-ға
қатысушы мемлекеттер-
дің Бас прокурорлары-
ның үйлестiрушi
кеңесi, ЕурАзЭҚ-тың
Интеграциялық
комитетi, Халықаралық
Аралды құтқару қоры,
Мемлекетаралық
Жолшылар кеңесi,
Мемлекетаралық
Стандартизациялау,
метрология және
сертификаттау кеңесі,
үкiметаралық
авиациялық комитет,
Мұнай және газ
жөнiндегі Үкiметаралық
кеңес, Химия және
мұнай химиясы
саласындағы Үкіметара-
лық кеңес, Байланыс
саласындағы өңiрлiк
қоғамдастық, БАЫ
жанындағы ақпараттан-
дыру жөнiндегi
үйлестiру Кеңесі,
Бiртұтас Экономикалық
Кеңістiктi қалыптасты-
ру жөнiндегі Жоғарғы
деңгейдегi топтың
сарапшылық-ұйымдастыру
тобы, 2006-2010 жылғы
ТМД қатысушы
мемлекеттердегі соғыс
ардагерлерінің,
жергілікті
қақтығыстарға,
бітімгершілік
операцияларға
қатысушылардың және
терроризм құрбандары
еңбекке қабілеттілігін
жоғалту профилактикасы
және өмірдің сапасын
жақсарту әлеуметтік
және медициналық
негізін дамытудың
тұжырымдамасы, ТМД
мониторинг Институты.
Қазақстан Республикасының
Мемлекетаралық
гуманитарлық
ынтымақтастық қорына
үлестік жарнасын төлеу.

Қаңтар-
желтоқ-
сан

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Сыртқы
iстер
министр-
лiгi

4


102

Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
Еуразия-
лық
эконо-
микалық
қоғам-
дастығы
жанын-
дағы
Тұрақты
өкiлiнiң
аппара-
тын
ұстау

1. Қазақстан
Республикасының
Еуразиялық
экономикалық
қоғамдастық жанындағы
Тұрақты өкiлін және
оның аппаратын ұстау.
Бекітілген штаттық
саны 5 бiрлiктi
құрайды.
2. ЕурАзЭҚ жарғылық
органдарының
мәжiлiсiне даярлық.

Қаңтар-
желтоқ-
сан

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Сыртқы
iстер
министр-
лiгi мен
ЕврАзЭС
жанындағы
Қазақстан
Респуб-
ликасының
Тұрақты
өкiлдiгi

5


103

ТМД
террор-
измге
қарсы
орталы-
ғындағы
және ТМД
Эконо-
микалық
Кеңесi
жанын-
дағы
эконо-
микалық
мәселе-
лер
жөнін-
дегі
комис-
сияда
Қазақ-
стан
Респу-
бликасы-
ның
өкiлде-
рiн
ұстау

Қазақстан
Республикасының
ТМД-ның антитеррорис-
тiк орталығындағы және
ТМД-ның Экономикалық
Кеңесi жанындағы
экономикалық мәселелер
жөнiндегi комиссиядағы
тұрақты өкiлдерiн
ұстау.
 

Қаңтар-
желтоқ-
сан

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Сыртқы
iстер
министр-
лiгi мен
Қазақстан
Респуб-
ликасының
ТМД-ның
Антитер-
рористiк
орталы-
ғындағы
және
ТМД-ның
Экономи-
калық
Кеңесi
жанында-
ғы
экономи-
калық
мәселелер
жөнiндегi
комиссия-
дағы
Тұрақты
өкiлдерi

6


104

Ұжымдық
қауiп-
сiздiк
туралы
шарт
ұйымы
жанын-
дағы
Тұрақты
Кеңес-
тегi
Қазақ-
стан
Респу-
бликасы
Өкiлеттi
өкiлiнiң
аппара-
тын
ұстау

Ұжымдық Қауіпсіздік
туралы шарт ұйымының
жанындағы Тұрақты
Кеңесте Қазақстан
Республикасының
Тұрақты өкiлiн және
оның аппаратын ұстау.

Қаңтар-
желтоқ-
сан

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Сыртқы
iстер
министр-
лiгi мен
Ұжымдық
Қауiпсіз-
дiк
туралы
шарт
ұйымы
жанындағы
Тұрақты
Кеңестегi
Қазақстан
Респуб-
ликасының
өкiлеттi
өкiлi

7


105

Азиядағы
өзара
iс-қимыл
және
сенім
шаралары
жөнiн-
дегі
Кеңестiң
Хатшылы-
ғы ұстау

Алматы қаласындағы
Азиядағы өзара
ықпалдасу мен сенім
шаралары кеңесі
(АӨСШК)
Хатшылығын ағымдағы
ұстау, қызмет етуiн
қамтамасыз ету және
ғимаратының жалға алу
төлемін төлеу.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенiм шаралары жөнiндегi кеңесi Хатшылығы

       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.12 N 581д Қаулысымен.
      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: Қазақстан Республикасының 118 халықаралық ұйымдарда, конвенцияларда, ТМД-ның үлестiк және басқа да органдарында дауыс беру құқығымен қатысуы, мемлекет басшылығының бастамашылықтарын iлгерiлету мен iске асыру, экономикалық, әлеуметтiк, экологиялық және ғылыми-техникалық мәселелердi шешу салаларындағы халықаралық ұйымдардың саясатын айқындау арқылы елiмiздің ұлттық мүдделерiн қорғау.
      Түпкi нәтижесі: Қазақстанның дүниежүзiлiк қоғамдастыққа одан әрi интеграциялану жолымен сыртқы саяси және сауда экономикалық мүддесiн қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтың мүшесi ретiнде аймақтық және жаһандық бағдарламаларды шешуге қатысуы, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ету. Саясат, экономика, ғылым мен мәдениет салаларында шетел мемлекеттерiмен, халықаралық ұйымдармен көп жақты қатынасты дамыту және нығайту.
      Қаржылық-экономикалық нәтижесі: Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Хатшылығын - 122 906 мың теңге, Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы жанындағы Тұрақты өкілінің аппаратын - 16 526 мың теңге, ТМД терроризмге қарсы орталығындағы комиссияда Қазақстан Республикасының өкілін және ТМД Экономикалық Кеңесі жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияда Қазақстан Республикасының өкілін - 2553 мың теңге, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасы өкілетті өкілінің апаратын - 71 546 мың теңге ұстау.
      Мерзімді уақыты: Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша Сарапшылық кеңестiң шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға Төлем жоспарын және борышты мiндеттемелерiнің орындалуын қамтамасыз ету.
      Сапасы: халықаралық ұйымдардың жұмысының нәтижесiмен белгiленедi.    
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.12 N 581д Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1224 қаулысына       
44-ҚОСЫМША      

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2008 жылға арналған
"Мемлекеттiк шекараны делимитациялау және демаркациялау"
деген 003 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 185198 мың теңге (бір жүз сексен бес миллион бір жүз тоқсан сегіз мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 мамырдағы»Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы»N 542-30қ қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметтік комиссиясы туралы" N 1283 қаулысы , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 қазандағы "Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының Үкіметтік делегациясы туралы" N 1058 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын және Қырғыз Республикасымен, Түрікменстанмен, Өзбекстан Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекарасының мызғымастығын қамтамасыз ету, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселелерін реттеу, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Каспий теңізiнің құқықтық мәртебесiн белгiлеу, жергiлiктi жерлерде мемлекеттiк шекара сызығын шекаралық белгілермен бекіту, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен, Қырғыз Республикасымен, Түрiкменстанмен және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттiк шекарасын заңды түрде ресiмдеу.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны іске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші
бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003


Мемле-
кеттiк
шекараны
делими-
тациялау
және
демарка-
циялау

1. Қазақстан
Республикасы мемлекет-
тік шекарасының
сызығын шекаралық
белгілермен бекіту -
280 белгі (демаркация-
лау), оның ішінде:
- қазақстан-қырғыз
шекарасында - 60
белгі;
- қазақстан-ресей
шекарасында - 78
белгі;
- қазақстан-өзбекстан
шекарасында - 20
белгі.
2. Өзбекстан
Республикасымен
шекаралық белгілердің
(демаркация) картасын
даярлау бойынша
жұмыстар атқару.
3. Іссапарлық және
өкiлдiк шығыстарды
қамтамасыз ету және
өтемақысын төлеуге
байланысты келiссөздер
процесiн жүргiзу
мәселесi бойынша:
- Қазақстан
Республикасының
мемлекеттiк шекарасын
делимитациялау және
демаркациялау;
- Каспий теңізiнің
құқықтық мәртебесiн
анықтау;
3-1. "Масштабы 1:50000
жаңартылған
демаркациялық карталар
жасау;
3-2. "Шекаралық
белгілерді дайындау.
Оларды жұмыстарды
орындайтын жерге
жеткізу.
5. Байланыс қызметiне
ақы төлеу.

Қаңтар-
желтоқ-
сан

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Сыртқы
iстер
министр-
лiгi,
Қазақстан
Респуб-
ликасының
Жер
ресурс-
тарын
басқару
жөнiндегi
агент-
тігі,
"Казге-
окарт"
респуб-
ликалық
мемлекет-
тік
қазыналық
кәсіпорны

       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.12 N 581д Қаулысымен.
      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тікелей нәтижесі: Келіссөздер жүргізу, 158 шекаралық белгілерді (қазақстан-қырғыз шекарасында - 60 белгілерді; қазақстан-ресей шекарасында - 200 белгілерді; қазақстан-өзбек шекарасында - 20 белгілерді) орнату, шекара сызығы межеленген топографиялық карталарды басып шығару. Масштабы 1:50000 жаңартылған демаркациялық карталар жасау; шекаралық белгілер дайындау, оларды жұмыстарды орындайтын жерге жеткізу.
      Түпкі нәтижелері: Каспий теңізінің түбін межелеудің орта сызығын топографиялық карталарға түсіру, оларды сипаттау, жергілікті жерлерде Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Түрікменстанмен, Өзбекстан Республикасымен және Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекара сызығын шекаралық белгілермен бекіту, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі келісімдерге қол қою.
      Қаржылық-экономикалық нәтиже: 2008 жылға Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу жөніндегі келіссөздерді жүргізуге - 18980 мың теңге, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Түркменстанмен, Өзбекстан Республикасымен және Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарасын демаркациялау мәселелері бойынша үкіметтік делегацияларының отырыстарын өткізу - 49292 мың теңге, қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасын - 21724 мың теңгеге, қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасын - 70444 мың теңгеге, қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын - 13441 мың теңгеге демаркациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу, байланыс қызметі - 11317 мың теңге.
      Уақытылығы: Демаркациялау, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша келіссөздерді жоспарлы түрде жүргізу және қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес қажетті демаркациялық жұмыстарды орындау.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.12 N 581д Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1224 қаулысына      
45-ҚОСЫМША           

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2008 жылға арналған
"Шетелдiк iссапарлар"
деген 005 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 1196526 мың теңге (бір миллиард бір жүз тоқсан алты миллион бес жүз жиырма алты мың теңге).
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 581д Қаулысымен.
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 10 сәуiрдегi "Республикалық бюджетте "Шетелдiк iссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану eрежесi туралы" N 410 қаулысы ; Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 11 ақпандағы "Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шетелдiк iссапарларға валюталық қаражатты жұмсауын ретке келтіру жөнiндегi шаралар туралы" N 148 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттiң қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамыту, Қазақстан Республикасының оң сипаттағы бейнесін ілгерілету, Қазақстан Республикасының әлемдiк қоғамдастықта сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы қарым-қатынастарын кеңейту.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметiне қатысуын қамтамасыз ету, әлемдік қоғамдастықтың мүшесi ретiнде жаһандық және өңiрлiк проблемаларды шешуде Қазақстан Pecпубликасының рөлiн арттыруға жәрдемдесу.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші
бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

005


Шетелдік іссапар-
лар

Мемлекеттiк
органдардың лауазымды
адамдарын шетелге
iссапарға жiберуге,
Қазақстанның
Еуропадағы Қауіпсіздік
пен Ынтымақтастық
жөніндегі ұйымдағы
төрағалық ету
бастамасын іске асыру
бойынша курстарға
байланысты шығыстарын
және өтемақысын төлеу,
сондай-ақ шетелге
шыққанда Қазақстан
Республикасының Үкімет
мүшелері басқаратын
Қазақстан Республикасы
делегацияларының
арнайы рейстер
шығыстарын төлеу.

Қаңтар-
желтоқ-
сан

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Сыртқы
iстер
министр-
лiгi

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тікелей нәтижесі: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, сондай-ақ Үкіметтік делегациялардың шетелдік сапарларын өткізу, Қазақстанның сессияларда, конференцияларда, мәжілістерде, симпозиумдарда, саммиттерде, форумдарда, екі және көп жақты келіссөздерде, консультацияларда, соның ішінде Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруіне байланысты келіссөздерде, Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі халықаралық-құқықтық шарттардың жобаларына қатысты сарапшылардың консультацияларында өкілдік ету, соның ішінде электрондық Үкімет құру, билер соты институтын құру, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік үлгілерін ендіру секілді салаларды зерделеу және тәжірибе алмасу және тағы басқалары. Іс-шаралардың жоспарланып отырған саны 976.
      Түпкі нәтижесі: Халықаралық құқықтық құжаттарды (келісімдер, шарттар, меморандумдар) пысықтау және оларға қол қою, тәжірибе алмасу және тиімді ынтымақтасу орнату, әріптестік, іскерлік байланыстарды жолға қою, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы ынтымақтастықты үйлестіру, Қазақстанның экономикасына инвестициялар тарту, әлемдік тауарлар мен қызмет көрсетулерге қол жеткізу, қазақстандық тауарлардың сатып-өткізу нарығын кеңейту, тауарларды экспорттау кезіндегі кеден баж салығын азайту және т.б.
      Қаржылық экономикалық нәтиже: Елден тысқары жерлерге қызметтік іссапарға жіберілген бір адамның (жетекші маман) 4 күн кезеңде Мәскеу қаласына (Ресей) бір іссапарға жіберілген шығындары - 118 132,98 теңге және 4 күн кезеңге Мәскеу қаласына (Ресей) бір іссапарға жіберілген бір адамның (Министр) шығындары - 307 490,14 теңге (бір сапарға арналған орташа мөлшердегі шығындар 212 811,14 теңге құрайды); - Ресейге бір іссапарға арналған бір адамның шығыны - 118 132,98 теңге және Үндістан, ҚХР (Гонконг), Оңтүстік Корея, Чили, Филиппин елдеріне бір сапарға арналған бір адамның шығыны - 1 627 327,01 теңге (бір сапарға арналған орташа мөлшердегі шығындар 872 472,93 теңге құрайды).
      Мерзімді уақыты: Басталғанға дейінгі әрбір шетелдік іссапарға ақшалай қаражатты бөлу туралы шешім қабылдау.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1224 қаулысына      
46-ҚОСЫМША      

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2008 жылға арналған
"Өкiлдiк шығындар"
деген 006 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 1496526 мың теңге (бір миллиард төрт жүз тоқсан алты миллион бес жүз жиырма алты мың теңге).
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13 N 581 Қаулысымен.
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы N 201 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" Жарлығы , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының мемлекетаралық қатынастарын дамыту және оның оң сипаттағы имиджiн iлгерiлету.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Қазақстан Республикасында ресми делегациялардың, соның ішінде шетелдік делегациялардың қатысуымен кеңестер мен семинарлар, салтанатты және өзге де өкілдік іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің, республикалық бюджет есебінен ұсталатын, халықаралық қадағалау комиссиясының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретінде жіберілетін мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардың шетелге іссапарлары уақытында өкілдік шығындары.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші
бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

006


Өкілдік
шығындар

1. Ресми делегациялар-
ды, соның ішінде
шетелдік делегациялар-
ды қабылдауға
байланысты өкілдік
іс-шараларды (кеңес-
тер, семинарлар,
салтанатты жиындар,
конгрестер және т.б.)
өткізу жөнінде
шығындар мен өтемақы
төлеу, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы
Президентінің,
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің,
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік хатшысының
және Қазақстан
Республикасы Сыртқы
істер министрінің
республикалық бюджет
есебінен ұсталатын,
халықаралық қадағалау
комиссиясының
құрамында шет
мемлекеттердегі
сайлауларға Қазақстан
Республикасынан
қадағалаушы ретінде
жіберілетін
мемлекеттік
органдардың лауазымды
тұлғалардың шетелге
іссапарлары уақытында
өкілдік шығындары.
2. Әлемдік және
дәстүрлі діндер
лидерлерінің съезі
хатшылығының VII
отырысы.
3. "Мұсылман әлемі
және Батыс" форумы.
4. Азиялық
ынтымақтастық
диалогының
энергетикалық форумы.
5. Азиялық
қауымдастықтың
бизнес-конференциясы.
6. ДДҰ Алматы декларациясына арналған мерейтойлық 30 сессиясын өткізу

Қаңтар-
желтоқ-
сан

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Сыртқы
iстер
министр-
лiгi,
Қазақстан
Респуб-
ликасының
мемлекет-
тік
органдары

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13 N 581 Қаулысымен.

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тікелей нәтижесі: Сессиялар, конференциялар, мәжілістер, симпозиумдар, саммиттер, форумдар, екі және көп жақты келіссөздер, консультациялар өткізу, оның ішінде АӨСШК, Шетелдегі қазақ диаспорасының мәселелеріне байланысты конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздер процесін жүргізу, Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру жөніндегі халықаралық-құқықтық шарттар жобаларына қатысты сарапшылар консультацияларын және т.б. өткізу. Іс-шаралардың жоспарланып отырған саны 380.
      Түпкі нәтижесі: Халықаралық-құқықтық құжаттарды (келісімдер, шарттар, меморандумдар) пысықтау және қол қою, өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, серіктестік, іскерлік байланыстарды жолға қоюда тәжірибе алмасу, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы ынтымақтастықты үйлестіру, Қазақстан экономикасына инвестиция тарту, тауарлар және қызмет көрсетулердің әлемдік рыногына шығу, қазақстандық тауарларды өткізу рыноктарын кеңейту, тауарларды экспорттау кезінде кедендік баж салығын азайту және т.б.
      Қаржылық-экономикалық нәтиже: Республикалық бюджет қаражатының жұмсалуын оңтайландыру және оның тиімділігі.
      "Өкілдік шығындар" бағдарламасын іске асыру барысында көрсетілетін қызметтердің бірлігіне арналған шығындардың жоспарланған көлемін іс жүзіндегі шығындардың көлемімен салыстыру мүмкін емес, өйткені барлығы осы іс-шараға қатысатын делегациялар мүшелерінің санына және олардың мәртебесіне байланысты. Адамның немесе іс-шараның саны жөніндегі орташа арифметикалық деректер жұмсалған қаражатты тиімді пайдалану туралы анық ақпарат бере алмайды, мәселен: "Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің жоғары лауазымды тұлғаларының отырысын және Сыртқы істер министрлері кеңесінің 15-мәжілісін өткізуге" 11 388 577,0 теңге сомасында бюджеттік қаражат бөлінді қатысқандардың саны 250 адам. Бір адамға арналған шығындардың орташа мөлшері 455 540 теңге құрады, ал Сенім грамотасын тапсыру 28 600,0 теңге құрайды, оған қатысқандардың саны 14 адам. Бір адамға арналған шығындардың орташа мөлшері 2 042,0 теңге құрайды.
      Мерзімді уақыты: Басталғанға дейінгі өкілдік шығындарды талап ететін іс-шараларды өткізуге арналған ақшалай қаражатты бөлу туралы шешім қабылдау.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1224 қаулысына      
47-ҚОСЫМША (өте құпия) 

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1224 қаулысына      
48-ҚОСЫМША     

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2008 жылға арналған
"Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшiн шетелде жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алу және салу"
деген 009 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 1947687 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз қырық жеті миллион алты жүз сексен жеті мың теңге).
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.11.12  N 581д Қаулысымен.
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi :  Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережені бекіту туралы" 2004 жылғы 4 ақпандағы N 1287 Жарлығы , Қазақстан Республикасы Президентінің "Біріккен Араб Әмірліктерінде Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы" 2006 жылғы 22 мамырдағы Жарлығы , Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдердегі мекемелерінің жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуы және жалға алуы, үй-жайлары мен ғимараттарының күрделі құрылысы мен жөндеуі туралы" 1996 жылғы 19 қыркүйектегі N 1144 қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық  бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiктерiн, консулдық мекемелерiн және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын шетелдерде орналастырудың тиiстi жағдайларын қамтамасыз ету. Шетелдерде әкiмшiлiк және тұрғын үй-жайларды жалға алудың әкiмшiлiк шығыстарын қысқарту. Қазақстан Республикасының шетелдердегi оң бет бейнесiн қалыптастыру.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : шетелде әкiмшiлiк және тұрғын үйге арналған ғимараттарды Қазақстан Республикасының меншiгiне сатып алу және құрылысын салу.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші
бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

009


Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
дипло-
матиялық
өкiлдiк-
терiн
орналас-
тыру
үшiн
шетелде
жылжы-
майтын
мүлік
объектi-
лерiн
сатып
алу және
салу

Келесі жобаларды іске
асыру, соның ішінде:
- Біріккен Араб
Әмірліктерінде
(Әбу-Даби қаласы)
Қазақстан Республикасы
Елшісінің резиденциясы
мен Елшіліктің
әкімшілік ғимараты
құрылысын салуды
жалғастыру;
- Өзбекстан
Республикасында
(Ташкент қаласы)
Қазақстан
Республикасының
Елшілігін орналастыру
үшін әкімшілік кешені
құрылысына жобалық-
сметалық құжаттаманы
әзірлеу;
- Испанияда (Мадрид
қаласы) Қазақстан
Республикасының
Елшілігін әкімшілік
орналастыру үшін
ғимарат сатып алу;
- Украинада (Киев
қаласы) Қазақстан
Республикасының
Елшілігін орналастыру
үшін әкімшілік кешенді
құрылыс жұмыстарын
бастау.

Қаңтар-
желтоқ-
сан

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Сыртқы
iстер
министр-
лiгi және
шетелдер-
дегі
мекеме-
лері

       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13 N 581 , 2008.11.12. N 581д Қаулыларымен.

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тікелей нәтижесі: Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері және дипломатиялық қызмет персоналын әкімшілік және тұрғын үйлерге орналастыру үшін шет елдерде  Мадрид (Испания) қаласында сатып алынған, Әбу-Даби (БАӘ) және Киев (Украина) қалаларында салынып жатқан жылжымайтын мүлік объектілерінің болуы. Өзбекстан Республикасында (Ташкент қаласында) Қазақстан Республикасының Елшілігін орналастыру үшін әкімшілік кешені құрылысына белгіленген тәртіппен бекітілген, мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттаманың болуы.
      Түпкі нәтижесі:
      Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктерін әкімшілік және тұрғын үй мақсатындағы өз меншігіндегі ғимараттарға орналастыру, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының шетелде еңбек ету және өмір сүру жағдайларын жақсарту, әкімшілік және тұрғын үй-жайды жалға алудың әкімшілік шығыстарын қысқарту.
      Қаржы-экономикалық нәтижесі:
      Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын шетелдерде өз меншігіндегі ғимараттарға орналастыру әкімшілік және тұрғын үйлерді жалға алуға арналған әкімшілік шығыстарын қысқарту арқылы қол жеткізіледі.
      Сапасы:
      Бюджеттік бағдарламаны іске асыру - мердігерлік ұйымдардың құрылысты салу кезінде жұмыстарды орындауына (техникалық қадағалау), шетелдерде жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу кезінде қолайлы нұсқаларын іріктеу барысында талаптардың сақталуына тиісті бақылау жасауды жүзеге асыру есебінен қамтамасыз етіледі.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13 N 581 , 2008.11.12. N 581д Қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы  
N 1224 қаулысына       
49-ҚОСЫМША      

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2008 жылға арналған
"Қазақстан Республикасының шетелдiк мемлекеттерге заңсыз әкелiнген және саудалаудың құрбандары болған, сондай-ақ шет елдерде басқа қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлық жағдайларда қалған азаматтарына қаржылық көмек көрсету"
деген 010 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 11645 мың теңге (он бір миллион алты жүз қырық бес мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi :  Қазақстан Республикасының Конституциясы , Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Заңы , Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" N 217 Жарлығы , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы "Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шетелдік іссапарларға арналған валюталық қаражатты жұмсауды ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы" N 148 қаулысы , Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 25 қаңтарда N 4037 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы "Республикалық бюджетте "Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" N 08-1/361 бұйрығы.
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : шет мемлекеттерге заңсыз түрде әкелiнген, сауда-саттықтың құрбандары болған, шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және кездейсоқ жағдайларға тап болған Қазақстан Республикасының азаматтарын қорғауды және оларды мемлекетке қайтаруды қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : шетелде зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарына қаржылық көмек көрсету, Көшi-қон жөніндегі Халықаралық ұйыммен, Қазақстан Республикасының және өкiлдiк орналасқан елдің құқық қорғау органдарымен, трафиктiң құрбандарына көмектесетiн қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп iс-қимыл жасап, трафиктің құрбандары болған Қазақстан Республикасы азаматтарын босатуды және елге қайтаруды ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарының арналарын пайдалана отырып, өкiлдiк орналасқан елде және Қазақстан Республикасында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргiзу.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші
бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

010


Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
шетелдік
мемле-
кеттерге
заңсыз
әкелiн-
ген және
сауда-
лаудың
құрбан-
дары
болған,
сондай-
ақ шет
елдерде
басқа
қылмыс-
тардан
зардап
шеккен
және
форс-
мажорлық
жағдай-
ларда
қалған
азамат-
тарына
қаржылық
көмек
көрсету

1. Қазақстан
Республикасы
азаматтарының отанына
оралуы үшiн көлiктiк
шығыстарын төлеу.
2. Аудармашының
көрсеткен қызметiне
ақы төлеу шығыстары.
3. Адвокаттың
көрсеткен қызметіне
ақы төлеу шығыстары.
4. Бiржолғы
материалдық жәрдем
(тамақтану, қонақ
үйде тұру, жоқ болған
жағдайда бiрiнші
қажеттiлiгi бар
заттарды сатып алу).
5. Шет мемлекеттің
аумағында болған
кезең iшiнде жол
жүгiне, жеке басын
куәландыратын
құжаттарын жоғалтқан
жағдайда, оралу
куәлiгiн ресімдеуге,
қайтыс болған адамның
денесiн мәйітханада
сақтауға немесе
орналасқан елде
жерлеуге арналған
шығыстар төлемiмен
"200" жүгіне төлеу
шығыстары.

Қаңтар-
желтоқ-
сан

Қазақстан
Республи-
касының
Сыртқы
iстер
министр-
лiгi мен
шетелдер-
дегі
мекеме-
лері

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Шетелде болған уақытысында Қазақстан Республикасының азаматтарына біржолғы материалдық көмек көрсету және осындай көмекке зәру Қазақстан Республикасының азаматтарын отанымызға жөнелту.
      Түпкі нәтижесі: Адамдарды саудалаумен айналысатындардың немесе олармен байланысты адамдардың тарапынан саудалаудың, қауіп-қатердің немесе қорқытып-үркітудің құрбандары болған Қазақстан Республикасы азаматтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету, олардың қауіпсіздігін және мүмкіндігінше, Қазақстан Республикасына өз еркімен оралуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болған уақытысында мемлекеттің қамқорлығына қатысты Қазақстан Республикасы азаматтарының сенімділігін арттыру, шетелде өз азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды нақты, іс жөнінде жүзеге асыратын республика ретінде әлемдік қоғамдастықта Қазақстан Республикасының имиджіне оң сипатта ықпал ету.
      Қаржылық-экономикалық нәтижесі: Шетелде зардап шеккен Қазақстан Республикасының бір азаматын қорғауға және Қазақстан Республикасына жөнелтуге арналған шығындармен айқындалады. Зардап шеккен бір адам шығындарының орташа мөлшері 120 586 теңге құрайды.
      Мерзімді уақыты: Шетелде құқықтық көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасының әрбір азаматына мемлекеттің тиімді көмек көрсетуімен.
      Сапасы: Шетелде зардап шеккен Қазақстан Республикасы азаматтарының Отанына оралған нақты санымен.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы  
N 1224 қаулысына       
50-ҚОСЫМША      

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2008 жылға арналған
"Қазақстанда тұратын этностардың тарихи шығу елдерiмен қатынастарын нығайту және шетелде Қазақстан Республикасындағы этникалық келiсiмдi насихаттау"
деген 011 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 282702 мың теңге (екі жүз сексен екі миллион жеті жүз екі мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі "Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясы мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ережесі туралы" N 856 Жарлығы , Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі "Қазақстан халықтары Ассамблеясының институтын бекіту туралы" N 1561 Жарлығы , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 маусымдағы "Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" N 593 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : "Қазақстан-2030" стратегиялық міндеттерді іске асыруда, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуда және қазақстандық халықты, оның күшті мемлекеттілігін, ашық азаматтық қоғамды қалыптастыру процесінде Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін арттыру, Қазақстан этностарының тарихи шығу тегі елдерімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, этникааралық қатынастарды үйлесімді дамыту, Қазақстан Республикасының оң сипаттағы имиджін нығайту.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : мемлекеттiк тiлдiң және қазақ халқы мәдениетінің негiзгi рөл ойнауы жағдайында азаматтық және рухани мәдени ортақтық негізiнде Қазақстан этностарын шоғырландыру арқылы қазақстандық бiрегейлiктi қалыптастыру, этникааралық қатынастар саласында мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара тиiмдi iс-қимылын қамтамасыз ету, Қазақстандағы этникааралық үйлесiмдi қарым-қатынасты қамтамасыз етуде этномәдени бiрлестiктердiң күш-жiгерiн кiрiктiру, шетелдiк iскер және қоғамдық топтардың ақпараттану деңгейiн көтеру және Қазақстан Республикасына деген оң көзқарастарын қалыптастыруға жәрдемдесетiн iс-шараларды, конференцияларды, таныстыру рәсiмдерiн, сапарлар алмасуларды ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші
бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

011


Қазақ-
станда
тұратын
этнос-
тардың
тарихи
шығу
елдерi-
мен
қатынас-
тарын
нығайту
және
шетелде
Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сындағы
этника-
лық
келiсiм-
дi
насихат-
тау

Шетелдерде Өкiлдiк
мәжілiстер, көрмелер
мен семинарлар өткiзу,
конфессияаралық және
этникалық келiсімнiң
қазақстандық моделiн
шетелдiк бұқаралық
ақпарат құралдары
арқылы насихаттау,
салтанатты және өзге
де өкiлдiк iс-шаралар-
ды шетелдерде өткiзу
жөнiндегі шығыстарды
төлеу.

Қаңтар-
желтоқ-
сан

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Сыртқы
iстер
министр-
лiгi мен
шетелдер-
дегі
мекеме-
лері

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасында тұратын этностардың тарихи Отаны болып табылатын Германияда, Кореяда, Ресей Федерациясында және басқа да елдерде қазақстандық әртiстердiң гастрольдiк концерттерiн өткізу, конференцияларды, тұсаукесерлердi және де басқа iс-шараларды өткізу, сапарлармен алмасу, тиiстi әдебиетпен қамтамасыз ету.
      Түпкi нәтижесі: Қазақстан Республикасында тұратын этностардың тарихи шығу тегi болып табылатын Германиямен, Кореямен, Ресей Федерациясымен және басқа да елдермен қатынастарды нығайту және халықтың осыған қатысы бар топтарын қамтитын өмiр сапасын арттыру мақсатында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен жобалардың сапасына ықпал ету.
      Қаржылық-экономикалық нәтижесі: Іс-шараны өткiзуге арналған шығындар - 282 702 мың теңге "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасын iске асыру барысында көрсетiлетiн қызметтердің бiрлiгiне арналған шығындардың жоспарланған көлемiн ic жүзiндегi шығындардың көлемiмен салыстыру мүмкiн емес, өйткенi барлығы осы iс-шараға қатысатын делегациялар мүшелерiнiң санына және олардың мәртебесiне байланысты. Адамның немесе iс-шараның саны жөнiндегi орташа арифметикалық деректер жұмсалған қаражатты тиiмдi пайдалану туралы анық ақпарат бере алмайды.
      Мерзімді уақыты: Көзделген iс-шараларды толық көлемде қаржыландыруды қамтамасыз ету.
      Сапасы: Қазақстан Республикасындағы үйлесiмдi этникааралық келiсiмдi және 130-дан астам ұлттардың тату-тәттi тiршiлiк етуiн шетелде насихаттауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк қызмет көрсетулердi алушылардың қажеттiлiгiн қанағаттандыру.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы  
N 1224 қаулысына       
51-ҚОСЫМША      

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2008 жылға арналған
"Алматы қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығының штаб-пәтерін салу"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      Ескерту. 51-қосымша алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13 N 581 Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады