"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджеттiк қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 мамырдағы N 558 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттіктердi ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгізiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы
 
Қазақстан Республикасының кейбір заң актiлеріне
мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердi ажырату
және бюджеттiк қатынастар мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiс пен толықтыру енгізiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжат; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжат; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-бап; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат):
      1) 136-баптың 3-тармағында "жергiлiктi атқару органдары," деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 167-баптың 4-тармағында "аумақтың жергiліктi басқару органдары" деген сөздер "аумақтағы аудандық маңызы бар қала, қаладағы аудан, ауыл (село), кент басқармасы өкiмiнiң аппараты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 242-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлігінде "жергіліктi атқару органының" деген сөздер "аудандық маңызы бар қала, қаладағы аудан, ауыл (ceлo), кент әкiмi аппаратының" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 245-бапта:
      2-тармақта, 3-тармақтың бiрiншi бөлігінде, 4-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "жергілiкті атқару органы" деген сөздер тиiсiнше "аудандық маңызы бар қала, қаладағы аудан, ауыл (село), кент әкiмiнiң аппараты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "милицияға", "милицияның" деген сөздер "iшкi iстер органдарына", "iшкi iстер органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта "жергiлiктi атқару органынан" деген сөздер "аудандық маңызы бар қала, қаладағы аудан, ауыл (село), кент әкiмiнiң аппаратынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 246-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "милицияға" деген сөз "iшкi iстер органдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "жергіліктi атқару органына" деген сөздер "аудандық маңызы бар қала, қаладағы аудан, ауыл (ceлo), кент әкiмiнiң аппаратына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiкте "жергiлiктi атқару органы" деген сөздер "аудандық маңызы бар қала, қаладағы аудан, ауыл (село), кент әкiмiнiң аппараты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың екiншi бөлігінде "жергіліктi атқару органы" деген сөздер "аудандық маңызы бар қала, қаладағы аудан, ауыл (село), кент әкiмiнiң аппараты" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат):
      1) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "17-бап. Атқарушы органдарды бақылау
      Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органы олардың аумағында орналасқан жазасын орындап жатқан мекемелердiң қызметiне бақылауды жүзеге асырады.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергіліктi атқарушы органы олардың аумағында орналасқан қылмыстық атқару органдарының қызметiне бақылауды жүзеге асырады.";
      2) 30-бапта:
      1-тармақта "немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары" деген сөздер ", облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаладағы ауданның (астананың), аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмдерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аудандардың (қаланың) жергіліктi атқарушы органдарынан қоғамдық жұмыстардың объектiлерiн сұрайды;";
      3) 43-баптың 2-тармағы "Жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздердiң алдынан "Аудандардың (қалалардың)" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 77-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1. Мекемеге жақын аумақтың шекарасы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органымен бiрге келiсiм бойынша оның әкiмшiлiгімен белгiленедi;";
      5) 82-баптың 4-тармағында "жергiлiкті атқарушы органдардың" деген сөздердiң алдынан "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 92-баптың 2-тармағы "жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздердiң алдынан "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 176-баптың 1-тармағында "жергіліктi атқарушы органдардың" деген сөздердiң алдынан "аудандардың (қалалардың)" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 178-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "178-бап. Жазаны өтеуден босатылған сотталғандарға еңбекке орналасу мен тұрмыстық жайласуға, әлеуметтiк көмектiң басқа түрлерiн ұсынуда көмек көрсету
      Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдiк, республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан әкiмi қылмыстық жазаларын өтеушi адамдарға сотталғандарға еңбекке орналасу мен тұрмыстық жайласуға, әлеуметтiк және өзге де көмекті ұсынуға көмек көрсетедi.".

      3. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат):
      1) 16-баптың 2-тармағында "заң актiлерiмен" деген сөздер "заңында" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "21-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттігi
      1. Облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, қалалардағы аудандардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi (бұдан әрi - Әкiмдер) салық төлеушi - жеке тұлға төлейтiн мүлiкке, көлiк құралдарына салынатын салықтарды, жер салығын жинауды ұйымдастырады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген салықтарды жинау қатаң есептiлiк құжаты болып табылатын түбiртектiң негізiнде жүзеге асырылады. Түбiртек нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген салықтарды жинауды ұйымдастыру кезiнде әкiмдер:
      1) салық төлеушiге есептелген күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмеген мерзiмде салық органы есептеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң сомасы туралы хабарламаларды салық төлеушiге тапсыруды;
      2) салық төлеушi - жеке тұлғаға салықтың сомасын төлеу фактiсiн растайтын түбiртек берудi;
      3) салық сомасын төлеу фактісiн растайтын түбiртек берген күннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей салық сомасын толық көлемде банкке, ал елдi мекенде банк болмаған кезде үш жұмыс күнiнен кешiктірмей тиiсті жергілiктi бюджетке енгiзудi;
      4) түбiртектердiң дұрыс толтырылуын және сақталуын;
      5) салық органына түбiртектердi пайдалану, сондай-ақ салық сомасын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмде банкке және (немесе) жергiлiктi бюджетке енгiзу туралы есептердi берудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
      4. Жергiлiктi атқарушы органдар бiр жолғы талондарды берудi ұйымдастыруды қамтамасыз етедi";
      3) 454-баптың 1-тармағында "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлеттi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 462-баптың бiрiншi бөлігінде "есептер негiзiнде" деген сөздер "есептерден кем болмайтын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 16, 140-құжат):
      1) 12-бапта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) мемлекеттiк орман қорының санаттар бойынша бөлiнуiн бекiтедi;";
      14) тармақша алынып тасталсын;
      2) 13-бапта:
      1-тармақта:
      3), 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) ормандарды күзетудi, қорғауды, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, ғылыми, тәжiрибелi-өндiрiстiк және оқу мақсатында мемлекеттiк орман қоры аумағында және өзiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалануды реттейдi;
      8) орман қорының бiрыңғай мемлекеттiк есебiн, бiрыңғай мемлекеттiк орман кадастрын, ормандардың бiрыңғай мемлекеттiк мониторингін жүргізедi, ағаш өнеркәсiбiн орналастыруды ұйымдастырады";
      11) тармақшада "ұйымдар және жергіліктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) тармақша алынып тасталсын;
      2-тармақта:
      2) тармақшада "мемлекеттiк орман қоры аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалануды" деген сөздер "ғылыми, тәжiрибелi-өндiрiстiк және оқу мақсатында мемлекеттiк орман қоры аумағында және өзiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақша ", сондай-ақ ормандардың жай-күй мен оларды молықтыру үшiн қауiп төндіретiн жұмыстар" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақша алынып тасталсын;
      3) 14-бапта:
      2), 5) тармақшалар алынып тасталсын;
      4) тармақшада "ұйымдар басшыларының" деген сөздерден кейiн "өздерiнiң функционалды қарауына жататын," деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 15-бапта:
      7) тармақшада:
      "өртеуiне" деген сөзден кейiн ", аумақтардағы қау шөбін өртеуіне" деген сөзбен толықтырылсын;
      12-тармақшада "уәкiлеттi органға беру үшiн" деген сөздерден кейiн "оның функционалдық қарауына жататын," деген сөздермен толықтырылсын;
      15-тармақша алынып тасталсын;
      5) 16, 17-баптар алынып тасталсын;
      6) 18-баптың 12) тармақшасы алынып тасталсын;
      7) 63-баптың 1-тармағында "жергiлiктi" деген сөздердiң алдынан "облыстық" деген сөзбен толықтырылсын;
      8) 69-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы алынып тасталсын;
      9) 109-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) бюджет қаражаты;";
      2) тармақша алынып тасталсын;
      10) 110-бапта:
      тақырыпта және мәтiнде "республикалық бюджет қаражатынан" деген сөздер "бюджет қаражатынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақшаның бiрiншi абзацында "құзыреттi орган" деген сөздер "облыстық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 111-бап алынып тасталсын.

      5. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 17, 141-құжат):
      1) 17-баптың 4-тармағында, 22-баптың 1-тармағында "жергiлiкті атқарушы органдар" деген сөздерден кейiн "облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 23-баптың 3-тармағында "жергiлiктi атқарушы орган" деген сөзден кейiн "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 33-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырады.";
      4) 36-баптың 10), 13) тармақшалары алынып тасталсын;
      5) 37-баптың 1-тармағында:
      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "23) су шаруашылығының баланстарын әзiрлейдi;";
      мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
      "24) мамандандырылған мемлекеттiк мекемелердiң мониторинг өткiзуiн және суармалы жерлердiң мелиоративтiк жай-күйiн бағалауды ұйымдастырады.";
      6) 38-бапта:
      тақырыпта "Жергiлiктi өкiлдi органдардың" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:";
      2) тармақша алынып тасталсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) жер үсті көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын бекiтеді.";
      7) 39-бапта:
      тақырыпта "Жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:";
      5) тармақшада "қаржыландыру мен" деген сөз алынып тасталсын;
      6) тармақшада "бағдарламалардың қаржыландырылуын қамтамасыз етуге және iске асыруға қосып қатысуды" деген сөздер "бағдарламаларды iске асыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) жер үсті көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын әзiрлейдi.";
      8) 40-бапта:
      1-тармақта "облыстарда өзiнiң аумақтық бөлiмшелерi бар" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақта:
      7) тармақшаның екiншi абзацында "жергіліктi атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлікті атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) тармақшада "жергіліктi атқарушы органдармен" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22-тармақша алынып тасталсын;
      9) 42-баптың 1-тармағында "жергіліктi атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 43-баптың 2-тармағында "жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiкті өкiлдi және атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 45-баптың 3-тармағында "республикалық бюджеттiң" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 46-баптың 4-тармағында "республикалық бюджеттің" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 47-баптың 2-тармағында "республикалық бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздер алынып тасталсын;
      14) 49-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары";
      15) 51-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы алынып тасталсын;
      16) 52-баптың 5-тармағы алынып тасталсын;
      17) 61-баптың 2, 6-тармақтары алынып тасталсын;
      18) 65-баптың 4-тармағында "жергiлiктi өкiлдi органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 67-бапта:
      2-тармақта "жергiлiктi өкiлдi органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi өкілдi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта "жергіліктi өкiлдi органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi өкiлдi органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 68-баптың 3-тармағында "жергiлiктi өкiлдi органдар" деген  сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта "жергіліктi өкiлдi органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi өкiлдi органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) 72-баптың 16) тармақшасында "жергiлiктi атқарушы органдарға" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) 78-баптың бiрiншi бөлiгiнде "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) 86-баптың 3-тармағында "жергіліктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiкті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) 90-баптың 6-тармағында "жергілікті атқарушы органдар" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      25) 91-баптың 2-тармағында "жергіліктi өкiлдi және атқарушы органдарға" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      26) 92-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi бөлiгінде "жергіліктi атқарушы органдарда" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "жергілiкті атқарушы органдардың", "жергілікті өкiлдi органдар" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органдарының", облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi өкiлдi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      27) 93-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы "жергіліктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      28) 94-баптың 2 және 3-тармақтарында "жергіліктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      29) 95-баптың 7-тармағында "республикалық бюджеттің" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      30) 103-баптың 5 және 6-тармақтарында "жергіліктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      31) 105-баптың 4-тармағында "жергілiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      32) 106-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мақсаттар үшiн су алу орындарын таңдауды, оларды жайластыруды (пирстер, кiреберiстер, жарық көрсеткiштерi) - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілеттi орган және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы қоятын шарттарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздігі жөнiндегі орталық атқарушы органының аумақтық органдары жүзеге асыруға тиiс.";
      33) 107-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Балық ресурстарын сақтау, ұдайы молайту және өндiру үшін (соның iшiнде кәсiпшілiк балық аулау үшiн) шешушi маңызы бар су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары немесе олардың бөлiктерi, сондай-ақ су қорғау белдеулерiнiң учаскелерi балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен келiсiм бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның шешiмiмен балық шаруашылығын жүргiзу үшін пайдалануға берiлуi мүмкiн.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген су объектілерiн және су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөлiктерiн ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтаудан басқа, өзге мақсаттар үшін пайдалануды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган балық шаруашылығы саласындағы уәкiлетті органмен келiсiм бойынша балық шаруашылығын мүдделеріне орай шектеуі мүмкін.";
      34) 108-бапта:
      1-тармақта "жергіліктi атқарушы орган" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта "жергіліктi атқарушы орган" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiкті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      35) 111-баптың 2-тармағында "жергіліктi" деген сөз "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      36) 112-баптың 4-тармағында "жергiлiктi" деген сөз "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      37) 116-баптың 2-тармағында "жергілiктi атқарушы орган" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      38) 177-баптың 1-тармағында "жергіліктi атқарушы органдар" деген сөздерден кейiн "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      39) 122-бапта:
      1-тармақта "жергіліктi атқарушы орган" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Шағын су объектiлерінiң сарқылуын, ластануын және азып тозуын болғызбау мақсатында су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк бағдарламаларында және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғау бойынша өңiрлiк бағдарламаларында оларды қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шаралар кешендi жеке көзделедi.";
      40) 125-баптың 1-тармағында, 126-бапта "жергілікті атқарушы органдармен" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      128-баптың 3) тармақшасында "жергіліктi атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiкті атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      41) 131-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде "жергілiктi" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      42) 135-баптың 3) тармақшасында "республикалық және жергіліктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен" деген сөздер алынып тасталсын;
      43) 137-баптың 2-тармағында "жергілікті атқарушы органдарда" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 52, 636-құжат; 2002 ж., N 19, 117-құжат; 2002 ж., N 10, 101-құжат):
      1) 17-баптың екiншi бөлiгінде "iшкi iстер органдарына" деген сөздер "паспорттар мен жеке куәлiгін беру жөнiндегі уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 30-баптың тақырыбы және бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "30-бап. Паспорттар мен жеке куәлiктi құжаттау және беру жөнiндегі уәкiлетті органның құзыреті";
      Паспорттар мен жеке куәлiктi құжаттау және беру жөнiндегі уәкiлеттi орган:";
      3) 31-бапта:
      тақырыпта "дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық" деген сөздер "шетелдегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi;";
      4) 33-бапта "дипломатиялық өкiлдiгi, консулдық мекемесi немесе өкілетті өкілдігі" деген сөздер "шетелдегi мекемесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 34-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
      "ішкі iстер органдары, дипломатиялық өкiлдiктерi, консулдық мекемелерi не өкiлеттi өкiлдiктерi" деген сөздер "паспорттар мен жеке куәлiктердi құжаттау және беру жөнiндегi уәкiлеттi органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi" деген сөздер "Паспорттар мен жеке куәлiктердi құжаттау және беру жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "39-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi бойынша шешiмдердi орындаушы органдар
      Азаматтық мәселелер жөнiндегi шешiмдердiң орындалуы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдарға қатысты Паспорттар мен жеке куәлiктердi құжаттау және беру жөнiндегi уәкiлеттi органға, басқа мемлекетте тұратын адамдарға қатысты - Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметiне жүктеледi.
      Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдарға Паспорттар мен жеке куәлiктердi құжаттау және беру жөнiндегi уәкiлетті орган, немесе шетел мекемелерi Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiн және (немесе) паспортын тапсырады. Он алты жасқа толмаған баланың құжаттарында оның азаматтыққа тиесiлiгi туралы жазба жасалады.
      Қазақстан Республикасында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтығы тоқтатылған адамдарға Паспорттар мен жеке куәлiктердi құжаттау және беру жөнiндегi уәкiлеттi орган азаматтығы жоқ адамның куәлігін бередi.".

      7. "Діни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 84-құжат; 1995 ж., N 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат):
      1) мәтiнде "I, II, III, IV және V" деген сандар тиiсiнше "1, 2, 3, 4 және 5" деген сандармен ауыстырылсын;
      2) 1-баптың бiрiншi бөлiгінде "Республика" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 2-бапта:
      "соған сәйкес қабылдаған өзге де заң актiлерiнен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы Қазақстан Республикасының заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.";
      4) 4-бап мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
      "Мемлекет Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгiленген негізде дiнтану сараптамаларын жүргізе алады.
      Дiнтану сараптамасы дiни ұйымдар, қоғамдық бiрлестіктер өкiлдерi және құқық еркiндiктерi мен адамның бостандығы саласындағы басқа да мамандардың қатысуымен жүргізiледi.
      Дiнтану сараптамасының жүргізiлу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.";
      5) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "6-бап. Қазақстан Республикасының дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi уәкiлетті орган
      Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегі уәкiлетті мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының Президентi құрады.";
      6) мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "6-1-бап. Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік органның құзыреті
      1. Уәкiлеттi мемлекеттік орган:
      1) азаматтардың дiни сенiм бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету және дiни бiрлестіктермен өзара iс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
      2) республика аумағында құрылған дiни бiрлестіктер және шетел миссионерлерi қызметтерiне зерттеу және талдау жүргізедi;
      3) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асырады;
      4) азаматтардың дiни сенiм бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргізеді;
      5) азаматтардың дiни сенiм бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерiн реттейтiн заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      6) дiни бiрлестіктермен қатынасты реттеу саласында облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының қызметін үйлестіредi;
      7) дiни ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктер, мемлекеттiк органдар өкілдерiнiң, дiнтанушылардың, заңгерлердiң және адамның ар-ождан бостандығы мен хұқықтары саласындағы басқа да мамандардың қатысуымен дiнтану сараптамалары жүргізiлуiн қамтамасыз етедi;
      8) дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы заңдарды бұзушылыққа қатысты мәселелердi қарастырады;
      9) шет мемлекеттердiң тиiстi ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнатады және оны қолдайды;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, соның iшiнде дiни бiрлестiктердiң қызметiне тыйым салу жөнiнде құқық қорғау органдарына ұсыныстар жасайды;
      11) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша ресми түсiнiктеме бередi.
      6-2-бап. Дiни бiрлестіктермен қатынасты реттеу саласындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілiктi атқарушы органдарының құзыретi
      Дiни бiрлестiктермен қатынасты реттеу саласындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары:
      1) өңiрдегi дiни жағдайға зерттеу және талдау жүргізедi;
      2) дiни-ағартушылық қызмет арқылы қандайда бір дiни iлiмдi уағыздауды және таратуды жүзеге асыратын шетел азаматтарының және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтардың eceпті тiркеуiн жүргiзедi;
      3) дiни бiрлестіктермен байланыстар жөнiндегі уәкілетті органға азаматтардың дiни сенiм бостандығы құқығын қамтамасыз ету саласындағы заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар жасайды;
      4) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша өңірлік деңгейде ақпараттық-насихаттау шараларын жүзеге асырады.";
      7) 7-баптың бесiншi бөлігі алынып тасталсын;
      8) 11-бапта "азаматтық заңдарда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 13-баптың бесiншi бөлігінде "баспасөз туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 17-баптың екiншi бөлігінде "Халық депутаттарының жергіліктi Кеңестері мен мемлекеттiк" деген сөздер "Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 22-бапта "өкімші және" деген сөздер алынып тасталсын;
      12) 24-бап алынып тасталсын.

      8. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң ішкі әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 11-12, 290-құжат; N 24, 592-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 20, 257-құжат; N 24, 336-құжат):
      1) 11-бапта:
      тақырыбы және бiрiншi бөлiкте "Жергілiкті атқарушы органдар" деген cөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiкті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiкте "мерзiмiнен тыс қызметтегі" деген сөздер "келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтушi әскери" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 12-баптың екiншi бөлiгінде "министрлiктерi, ведомостволары" деген сөздер "мемлекеттiк органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 13-баптың жетiншi бөлiгінде "мерзiмiнен тыс қызметтегі" деген сөздер "келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтушi әскери" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 22-баптың бiрiншi бөлiгінiң 10-тармақшасында "өзге де төтенше жағдайлар туралы" деген сөздер "төтенше жағдайлар режимiн қамтамасыз ету кезiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 28-баптың үшiншi бөлiгiнде "мерзiмiнен тыс қызметтегі" деген сөздер "келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтушi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 32-бапта:
      бiріншi бөлiкте "мерзiмнен тыс қызметтегі әскери қызметшiлерiн" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшiншi бөлiкте "республикалық бюджеттен" деген сөздер "бюджет қаражатынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 33-бапта:
      бiрiншi бөлікте "мерзiмiнен тыс қызметтегі әскери қызметшілерге" деген сөздер алынып тасталсын;
      "жергiлiктi атқарушы өкiмет" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiкте "мерзiмiнен тыс қызметтегі", "және ведомостволық тұрғын үй" деген сөздер "келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтушi", "тұрғын үй" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші бөлiк алынып тасталсын;
      алтыншы бөлiкте "мерзiмiнен тыс қызметтегi", "жергілiктi атқарушы және өкімші органдарға" деген сөздер "келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтуші", "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын, "және өкiмшi" деген сөздер алынып тасталсын;
      8) 34-бапта "тиiстi бюджеттер қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 35-бап алынып тасталсын;
      10) 37-баптың екiншi бөлiгі алынып тасталсын;
      11) 38-бапта "республикалық бюджет" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 39-бапта:
      үшiнші бөлiкте "Жергілiктi әкiмшiлiктер" деген сөз "Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi бөлiкте "бюджеттiк қаражаттың, iшкi әскерлер мүдделерiн көздеп, қызметтiк-жауынгерлiк мiндеттер атқаратын министрлiктер (ведомстволар) бөлетiн материалдық ресурстардың, сондай-ақ жергілікті бюджеттiң" деген сөздер "қаражаттар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      алтыншы бөлiкте "спорт және өзге де" деген сөздер алынып тасталсын.
      13) 40-бап алынып тасталсын.

      9. "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 15, 363-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-бап. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңдары
      Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және осы Заңнан, сондай-ақ өзге де нормативтiк-құқықтық кесiмдерден тұрады.
      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта тарихи-мұраны қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ережелер белгіленген болса, халықаралық шарттың ережесi қолданылады.";
      2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-бап. Осы Заңдағы пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) тарихи-мәдени мұра - мемлекеттік маңызы бар және осы негiзде өзге мемлекеттерге беру құқығы жоқ тек қана Қазақстан Республикасының игiлігіне жататын тарихи-мәдени құндылықтар жиынтығы;
      2) тарихи-мәдени мұра объектiлерi - тарих, археология, архитектура, қала құрылыс, өнер, этнология және антропология, әлеуметтiк мәдениет тұрғысында құндылықтарды ұсынатын тарихи оқиғалар нәтижесiнде туындаған кескiн, мүсiн, соның iшiнде жылжымайтын мүлiк объектiлерiмен байланысты, сәндiк-қолданбалы өнер объектiлерi, ғылым мен техника және материалдық мәдениеттiң өзге де заттарымен байланысты жылжымайтын мүлiк объектілерi;
      3) археология ескерткiштерi - қала орындары, қорғандар, ежелгi қоныстардың, бекiнiстердiң, өндiрiстердiң, арналардың, жолдардың, ежелгі көму орындарының қалдықтары, тас мүсiндерi, жартастағы бейнелер, көне заттар, ежелгі елдi мекендердiң тарихи мәдени қабатының учаскелерi;
      4) тарихи-мәдени ескерткiштер - тарихи қалыптасқан аумақтарынан ғимараттар, құрылымдар, құрылыстың қалдықтары, мемориалдық үйлер, пәтер, атақты адамдар жерленген жер, кесене, бөлек зираттар, алып ескерткіштер өнерi, ғылым және техника объектiлерi, антропология, этнография, фольклор, нумизматика, эпиграфика, фотография, кинофильмдер заттары, өнер, әдебиет, архивтiк қолжазба құжаттары, кiтап-мунискриптер, көне құнды заттар және сирек кездесетiн басылымдармен, көне тұлға заттар, бақилық ескерткiштер, балбал тастар, тасқа қашалған суреттер, ескерткiштер, ғылым, көркем және басқа мәдени жағынан негізгі құндылықтар;
      5) қала құрылысы мен архитектура ескерткiштерi - архитекторлық ансамбльдер мен кешендер, тарихи орталықтар, кварталдар, алаңдар, көшелер, ежелгі жобалар мен қалалар құрылыстарының және басқа да ел орналасқан орындардың қалдықтары; азаматтық, тұрғын, өндiрiс, әскери, мәдени сәулет, халық сәулетшiлiгiн, сондай-ақ олардың монументалды, қолданбалы-безендiру және саяжай-бақтар өнерi, табиғи ландшафтарымен байланысты салу.";
      6) алдын ала есепке алу тiзiмi - оларға тарихи және мәдени мәртебесiн беру мақсатында айқындалған тарихи-мәдени мұра ескерткiштерiнiң тiзiмi.";
      3) 4-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану
      Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау, сақтау және пайдалану:";
      бiрiншi бөлiктiң төртiншi, бесiншi, алтыншы және жетіншi абзацтарында "ескерткiштердi" деген сөз алынып тасталсын;
      екiншi бөлiкте "ескерткiштер деп танылған" деген сөздер алынып тасталсын;
      4) 5-бапта:
      бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарих және мәдени ескерткiштер тiзiмiне енгізу туралы шешiм қабылдау үшiн құжаттар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтiн тәртiппен ұсынылады.";
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн ескерткiштер деп тану оларды жариялануға тиiстi халықаралық, республикалық және жергіліктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiнде бекiтумен бекiтiледi. Археологиялық ескерткiштердiң барлық түрi әуелбастан тарихи-мәдени және ғылыми жағынан құнды әрi олардың тарих және мәдениет ескерткiштерi мәртебесi бap.";
      төртiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тарих және мәдениет ескерткiшiн құқылық мәртебесiнен айыруға, оны тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiнен шығарып тастауға тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлетті органның, өз құзыретi шегінде тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi Қазақстан Республикасының уәкілетті органның арнаулы комиссиясымен келiсiлген атқарушы органының ұсынысы бойынша, ғылыми сараптаманың қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмiмен тек ерекше жағдайларда (дүлей апаттар салдарынан қираған кезде) ғана жол берiледi.";
      мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Алдын ала есепке алу тiзiмiне енгізiлген жаңадан табылған тарихи-мәдени мұра объектілерi олардың мәртебесi туралы түпкiлiктi шешiм қабылдағанға дейiн, осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткiштерiмен бiрдей қорғалуға жатқызылады.";
      5) 6-бап алынып тасталсын;
      6) 8-бапта:
      бiрiншi сөйлемде "Қазақ КСР-iндегі меншiк туралы Заңмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ескерткiштерiне" деген сөз "ескерткiшiне" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7) 11-баптa:
      бiрiншi бөлiкте:
      "танылған" деген сөзден кейiн "археологиялық ескерткiштердiң барлық түрлерi, халық өмiрiндегі маңызды тарихи оқиғалармен байланысты естелiк орындар, сәулет және қала құрылысы ескерткiштерi," деген сөздермен толықтырылсын;
      "ескерткiштер" деген сөз "тарих және мәдениет ескерткіштерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiнші бөлікте:
      "ескерткiштерге" деген сөз "тарих және мәдениет ескерткiштерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "мемлекеттік" деген сөз "уәкiлетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "тиiсiнше жергiлiкті өкiмет органдары" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандық атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 12-баптың үшiнші бөлiгiнде "30 жыл мерзiмге дейiн" деген сөздер "50 жыл мерзiмге дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 13-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) қозғалмайтын тарих және мәдениет ескерткiштердiң тұрған орнында немесе қозғалатын тарих және мәдениет ескерткiштерiн меншiк иесiнiң тұрғылықты жерi бойынша тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегі уәкiлеттiк органда тарих және мәдениет ескерткіштерiн тiркетуге;";
      3) тармақшада "ескерткiштердi қорғайтын мемлекеттік органдарға" деген cөздеp "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегі уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлетті органды тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тұрған орнының өзгеруi мүмкiн немесе өзгергенi туралы хабарлауға, онымен тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң күтімi және пайдаланылу жағдайларының өзгеруiн келiсуге;
      "5) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегі уәкiлетті органмен тарих және мәдениет ескерткiштерiн жөндеу, консервациялау, реставрациялау бойынша жұмыстарды келiсуге;";
      6) тармақшада:
      "ескерткiштерге" деген сөз "тарих және мәдениет ескерткiштерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ескерткiштердi қорғайтын мемлекеттiк органдармен" деген сөздер "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тарих және мәдениет ескерткiштерiн меншiктенушiлер және пайдаланушылардың мiндеттемелерi облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы беретiн және меншiк иесi мен пайдаланушы қол қоятын және де жоғарыда аталған жалпы мiндеттемелермен қатар нақты ескерткіштерге қатысты қолданылатын арнайы мiндеттемелерi бар қорғау құжаттарына (қорғау-жалға алу келiсiм-шарт, қорғау келiсiм-шарты немесе қорғау мiндеттемесiнде) тіркеледі.";
      төртiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "осы баптың 1), 2), 3), 6) тармақшаларында аталған мiндеттемелер тарих және мәдениет ескерткiштерiне иеленушілер мен пайдаланушыларға бiрдей дәрежеде қатысты.";
      10) 14-бапта:
      екiншi бөлiкте:
      "ескерткiштердi" деген сөз "тарих және мәдениет ескерткiштерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ескерткiштердi қорғау жөнiндегі мемлекеттiк органның" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiнші және төртiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жеке меншiк иесiнiң тұрғын үйi немесе тұрғын жайы болып табылатын жеке пайдаланушыны оның жеке меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткiшiнен ерiксiз айыруды Заңмен белгiленген тәртiп бойынша оған өзге тұрғын жай бермейiнше және шарт бойынша тиiсті өтем төлемейiнше жүзеге асыруға болмайды.
      Бұл орайда тарих және мәдениет ескерткiштерi тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегі уәкiлеттік органның шешiмi бойынша мемлекет меншігіне берiліп, бұрынғы меншiк иесiне шартпен белгіленген, ал дау туған ретте сот белгiлеген мөлшерде өтем төленеді.";
      бесiншi бөлiк алынып тасталсын;
      11) 16-бапта:
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандық атқарушы органдар";
      төртiншi абзацта "мемлекеттiк" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бесiншi абзацта "архивтерiн" деген сөзден кейiн "және құжаттамаларын" деген сөздермен толықтырылсын;
      12) 17-бапта:
      екiншi абзацта "мемлекеттiк саясатты қалыптастырады және жүзеге асырады" деген сөздер "мемлекеттiң саясаттың негізгі бағыттарын анықтайды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацта "мемлекеттiк органдар мен құрылымдар" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен өзгертiлсiн;
      мынадай мазмұндағы бесiншi, алтыншы және жетiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "- тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және сақтау ережесiн белгiлейдi;
      - тарих және мәдениет ескерткiштерiн белгiлеу және есепке алу тәртiбi туралы ережесiн бекiтедi;
      - тарих және мәдениет ескерткiштерiне қорғау мiндеттемелерiн беру ережесiн белгілейдi;";
      13) 18-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "18-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандық атқарушы органдардың құзыретi:";
      бiрiншi бөлiкте "Жергiлiктi өкiмет органдары" деген сөздер "Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандық атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзацта "тарихи-мәдени мұра объектiлерiн" деген сөздер "тарих және мәдениет ескерткiштерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзацта ", сондай-ақ оларды өз бюджеттерiнiң қаражаты есебiнен қаржыландырып отырады" деген сөздер алынып тасталсын;
      бесiншi және алтыншы абзацтар алынып тасталсын;
      жетiншi абзацта:
      "мемлекеттiк" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "ескерткiштер" деген сөз "тарих және мәдениет ескерткiштерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегiзiншi абзацта "жергілікті маңызы бар ескерткiштердi" деген сөздер "тарих және мәдениет ескерткiштерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      тоғызыншы, он және он бiрiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "- қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта құру жобаларын әзiрлеу мен бекiту кезiнде Қазақстан Республикасының Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк органмен келiсе отырып, барлық категориядағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерттеу, сақтау жөнiндегi шараларын орындалуын, негiзге алынатын тарихи-құрылыс жоспарлары мен карта-схемалардың жасалуын қамтамасыз етедi;
      - тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн рәсiмдейдi әрi оларды иеленушiлер мен пайдаланушылардың орындауын бақылайды;
      - кәсiпорынның, мекеменiң, қоғамдық бiрлестiктердiң, ұйымдардың лауазымды тұлғаларын және тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау, сақтау және пайдалану туралы заңнама нормаларын бұзған азаматтарды жауапкершiлiкке тарту туралы өтiнiш жасайды.";
      он екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "- облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) маслихатқа тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөнiндегі комиссия құру туралы ұсыныс енгізедi.";
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "- тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтау, есепке алу, қорғау жөнiнде жұмыстар жүргізедi;
      - тарих және мәдениет ескерткiштерi және олардың қорғау аймақтары жөнiндегі жұмыстардың барлық түрлерiне, жоспарлау жобасына, салу және қайта жөндеуге ғылыми-жобалық құжаттаманы қарайды және келiседi;
      - керектi жағдайларда мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша тарих және мәдениет ескерткiштермен байланысты тарих және мәдениет ескерткiштерiн және қоршаған табиғи орта объектiлерiн қорғауды және пайдалануды жүзеге асырады.";
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Аудандық (қалалық) атқарушы органдар өз аумағында:
      - кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң ескерткiштердi қамқорлыққа алуын ұйымдастыруға жәрдемдеседi;
      - ескерткiштердi қорғау және насихаттау жөнiндегі шараларды жүргізуге жұртшылықты тартады;
      - тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдардың сақталуын қамтамасыз етедi;
      - тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегі уәкiлетті органның ұсынуы бойынша, ескерткiштерге қауiп төндiретiн құрылыс және өзге де жұмыстарды тоқтата тұру, сондай-ақ тыйым салу туралы мәселенi шешедi;
      - облыстық атқарушы органдарға немесе тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегі уәкiлеттi органға тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң бүлiнуiне, бұзылу қаупына, бұзуға жол бермеу бойынша өз құзыретi шегінде ұсыныстар енгiзедi";
      14) 19-бапта:
      тақырыбында "мемлекеттiк" деген сөз "уәкiлетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бiрiншi бөлiкте:
      бiрiншi абзацта "мемлекеттік" деген сөз "уәкiлетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екiншi абзацта "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "- тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланудың жай-күйi мен оларды күтiп ұстау тәртiбiне, сондай-ақ оларды жөндеу, қалпына келтiру, консервациялау және регенерациялау жөнiндегi жұмыстардың атқарылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау, қалпына келтiру және пайдалану мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актілердi әзiрлейдi және келiседi;";
      төртiншi абзацта "анықтауды, есепке алуды," деген сөздер алынып тасталсын;
      бесiншi абзац алынып тасталсын;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тарих және мәдениет ескерткiштерi жөнiндегi зерттеулердiң, жобалау және реставрациялау-консервациялау жұмыстарын жүргiзуге рұқсат құжаттарын және/немесе лицензия бередi;";
      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "- барлық категориядағы тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуына қауiп төндіретiн қызметті тоқтата тұрады немесе тыйым салады;";
      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "- тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланушыларға олардың заңды бұзғандығы жөнiнде нұсқау бередi;";
      мынадай мазмұндағы он бiрiншi, он екiнші он үшіншi және он төртiнші абзацтармен толықтырылсын:
      "- объектілердi тарих және мәдениет ескерткiштерi болып табылатыны туралы, сондай-ақ оларды осы мәртебеден айыру туралы қорытындыны дайындау жөнiндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
      - мемлекеттің меншiгiнде әрi тарих және мәдениет ескерткiштерi болып табылатын ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға беру туралы мәселе жөнiнде келiседi;
      - осы заңды бұзғаны үшiн ескерткiштердi пайдаланушыларға, лауазымды тұлғаларға, кәсiпорындарға, мекемелерге, қоғамдық бiрлестіктерге, ұйымдарға және азаматтарға ұйғарым жiбередi;
      - жаңа тарих және мәдениет ескерткiштерiн салуға бақылауды жүзеге асырады.";
      15) 20-бапта:
      тақырыбында және бiрiншi бөлiкте "архивтерiн" деген сөзден кейiн "және деректерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      - сирек кездесетін қолжазбалар қорларын, тарихи-мәдени мұраға қатысты деректi тарих және мәдениет ескерткiштердi қалыптастыруға қатысады;
      үшiншi абзацта:
      "ескерткiштердi" деген сөз "тарих және мәдениет ескерткiштерiн, сирек кездесетiн қолжазбаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзац:
      "деректi" деген сөзден кейiн "тарих және мәдениет" деген сөздермен және "ескерткiштердiң" деген сөзден кейiн ", сирек кездесетiн қолжазбалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесiншi абзацта:
      "архивтердегі" деген сөзден кейiн "сирек кездесетін қолжазбаларды," деген сөздермен толықтырылсын;
      16) 21-бап алынып тасталсын;
      17) 22-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "ескерткiштердi" деген сөз "тарих және мәдениет ескерткiштерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ескерткiштердi қорғайтын мемлекеттiк органдарға" деген сөздер "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың оларды қамқорлыққа алуына болады.";
      18) 23-бапта "мемлекеттiк органдармен" деген сөздер "уәкiлетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 24-бапта үшiнші абзац алынып тасталсын;
      20) 25-бап алынып тасталсын;
      21) 26, 27 және 28-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "26-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн халықаралық, республикалық және жергiлiктi маңызы бар ескерткіштер категорияларына жатқызу
      Тарих және мәдениет ескерткiштерiн есепке алу және ұйымдастыруды тиiмдi ұйымдастыру мақсатында ескерткiштер мынадай категорияларға бөлiнедi:
      1) ЮНЕСКО-ның Әлемдiк Мәдени және Табиғи Мұралардың тiзiмiне кiрген халықаралық мағынадағы тарихи, ғылыми, сәулет, көркемдiк, мемориалдық сапасы жоғары тарих және мәдениет ескерткiштерi;
      2) республикалық маңызы бар тарихи, ғылыми, архитектуралық, көркемдiк, мемориалдық аса маңызды сапалы тарих және мәдениет ескерткiштерi;
      3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың тарихы мен мәдениетi үшiн аса маңызы бар тарихи, ғылыми, сәулет, мемориалдық құндылықтар ұсынатын жергіліктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi.";
      27-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiн бекiту тәртібi ЮНЕСКО-ның Әлемдiк Мәдени және Табиғи Мұралардың тiзiмiне енгiзiлу үшiн ұсынылатын тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзбесiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкiметi ұсынады.
      Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiн Қазақстан Республикасының Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегі мемлекеттiк органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтедi.
      Жергілiкті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiн, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегі уәкілетті органының келiсуiмен, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары бекiтеді.";
      28-бап. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкілетті органдардың арнаулы комиссиясын құрудың тәртiбi және оның құрамы
      Тарихи-мәдени қазыналарды тарихи-мәдени мұра объектiлерi деп тану туралы, сондай-ақ оларды бұл мәртебеден айыру туралы қорытындыны дайындау үшiн Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган уәкілетті комиссиялар құрады, оның құрамына ғалымдар, мамандар, мәдениет пен өнер қайраткерлерi, шығармашылық одақтары мен өзге де қоғамдық бiрлестіктердiң өкiлдерi енедi.";
      22) 29-бапта:
      екiншi бөлiк алынып тасталсын;
      үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қала құрылыс және қалалардың сәулет, тарих және мәдениет ескерткiштерiн және басқа да елдi мекендердiң тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалану режимi оларды қорғау аймағы жобаларында белгiленедi, бұл жобаларды тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану ережелерiне сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары бекiтедi.";
      23) 30-баптың екiншi бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жергілiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi болып табылатын үйлер, ғимараттар Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органымен алдын ала келiсiм бойынша олар орналасқан аумақтардың облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандық атқарушы органдардың шешiмi бойынша пайдалануға берiледi.";
      24) 31-баптың екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      25) 32-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тарих және мәдениет ескерткiштерiн, оның категорияларына қарай пайдалану құқығынан айыру, егер ескерткiшті пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмеген болса, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн меншiктенушiнiң немесе тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттiк органның, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның арызы негізінде соттың шешiмiмен ғана жүзеге асырылады.";
      26) 33-бапта "қозғалмайтын" деген сөз алынып тасталсын;
      27) 34-бап мынадай редакция жазылсын:
      "34-бап. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қалпына келтiру, консервациялау және регенерациялау
      Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қалпына келтiру, консервациялау және регенерациялау тек ескерткiштердi қорғау жөніндегі мемлекеттiк органдардың рұқсатымен және солардың бақылауымен ғана жүзеге асырылады.
      Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiру, консервациялау және регенерациялау бюджет қаражаты есебiнен, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткiштерiн меншiктенушiлер мен пайдаланушылардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiру, консервациялау және регенерациялау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегі мемлекеттік органы беретiн осы сияқты қызметтермен айналысуға құқық беретiн лицензиялар мен арнайы рұқсат негізiнде мамандандырылған ғылыми-реставрациялық ұйымдар, басқа да ұйымдар мен азаматтар жүргізедi.
      Ғылыми-реставрациялық және басқа ұйымдар мен азаматтарды тиiсті жұмыстар жүргiзуге шарттар негізiнде тарих және мәдениет ескерткiштерiн меншiктенушiлер немесе пайдаланушылар тартады.";
      28) 35-бапта:
      тақырыбында "ескерткiштердi қорғау органдарымен" деген сөздер "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ескерткiштердi қорғайтын мемлекеттiк органдармен, жергіліктi өкiмет органдарымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясымен" деген сөздер "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегі уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      29) 36-бапта:
      екiншi бөлiкте:
      "мемлекеттiк" деген сөздер "уәкiлеттi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "тиiстi жергiлiктi өкiмет органдары" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "мемлекеттiк" деген сөз "уәкiлетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiкте "ескерткiштердi қорғайтын тиiстi органдардың" деген сөздер "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесiншi бөлiкте "жергілікті өкiмет органының" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      30) 38-бапта:
      үшiншi бөлiкте "тиiстi мемлекеттiк орган" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ескерткiштердi" деген сөз "тарих және мәдениет ескерткiштерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      31) 39-баптың екiншi бөлiгінде "мемлекеттiк" деген сөз "уәкілетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      32) 40-бапта:
      бiрiншi бөлiкте "рұқсат (ашық парақ)" деген сөздер "рұқсат құжаттары және/немесе лицензиясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының аумағында қазба және барлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат құжаттарын және/немесе лицензияны облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарымен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкілетті органы береді.";
      33) 42-бапта:
      бiрiншi бөлiгiнде "Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау, сақтау және пайдалану туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраларды қорғау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тарих және мәдениет ескерткiшiне немесе оның қорғау аймағына зиян келтiрген кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер, қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтар тарих және мәдениет ескерткiшiн немесе оның қорғау аймағын бұрынғы қалпына келтiруге, ал бұл мүмкiн болмаған кезде келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеуге мiндетті. Тарих және мәдениет ескерткiшiн немесе оның қорғау аймағын қалпына келтiру ескерткiштердi тiркеудiң белгіленген тәртiбiн сақтай отырып және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегі уәкiлеттік органның бақылауымен жүзеге асырылады.";
      34) 43-бапта:
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандық атқарушы органдар;";
      үшiншi абзацта "мемлекеттік" деген сөз "уәкiлетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртiншi абзацта "архивтерiн" деген сөзден кейiн "және деректерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      35) IX-бөлiм және 44-бап алынып тасталсын.

      10. "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 16, 424-құжат; 1995 ж., N 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1999 ж., N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 51-құжат):
      1) 11-баптың 1-тармағында "республикалық" деген сөз алынып тасталсын.

      11. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 1, 1-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1996 ж., N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2002 ж., N 16, 147-құжат):
      1) 19-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "адамдардың" деген сөздер "Қазақстан Республикасы азаматтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi бөлiкте "Шетелдiктер" деген сөздерден кейiн "мен азаматтығы жоқ адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 21-баптың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Карантин тәртiбiн енгiзумен карантин аймағын белгілеу немесе уәкілетті органдардың органдарының ұсынысы бойынша оның күшiн жою туралы шешiмдердi
      1) екi немесе одан да көп облыстар аумағында - Қазақстан Республикасының Үкіметі;
      2) облыс аудан аумағында - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы қабылдайды.
      Карантин өңiрiнiң ветеринарлық тәртібi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен анықталады.";
      3) 6-тараудың атауында "жергіліктi өкiлдi және атқарушы" деген сөздер алынып тасталсын;
      4) 23-бапта:
      тақырыпта "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақ алынып тасталсын;
      5) 24-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасында "адамдарға" деген сөзден кейiн ", Қазақстан Республикасының азаматтарына" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, онда үнемi тұрмайтын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймаққа кiруге құқық беретiн рұқсат қағаздарын рәсiмдейдi";
      4) тармақшада "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі iс-шаралар жүргізуде" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) тармақшада "адамдардың баруын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "34-бап. Мемлекеттiк шекараны қорғауды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғауды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.".

      12. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi туралы" 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 1, 1-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2002 ж., N 16, 147-құжат):
      1) 5-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Шекара қызметiнiң жұмысын қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдарын ұстауға көзделген бюджет қаражаты шегiнде жүзеге асырылады.";
      2) 6-баптың 2-тармағы алынып тасталсын.

      13. "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 2, 32-құжат; N 18, 429-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; N 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 920-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2003 ж., N 15, 135-құжат):
      1) 12-баптың үшiншi бөлігінде "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 14-баптың 11 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аталған жағдайларда сот органдарының немесе жоғары тұрған қолбасшылықтың шешiмi бойынша әскери қызметшiлердiң қызметтiк, зейнеткерлiк және басқа да жеке мүлiктiк құқықтары қалпына келтiредi және кiнәлiлердi немесе бюджет қаражаттары есебiнен залалдың орны толтырылды.".

      14. "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 507-құжат):
      1) 6-бапта "республикалық бюджет қаржылары" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 7-бапта "Ономастика комиссиясы құрылады" деген сөздер "және жергiлiктi атқарушы органдар Ономастикалық комиссиялар құрады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi есепке алу мен тiркеу оларды есепті деректерден шығару
      Тұрақты халқының саны елу адамнан асатын және дербес елдi мекендер деп саналатын қоныстар есепке алынады және тiркелуге жатады.
      Қызметтiк мақсаттағы объектiлер болып табылатын жалғыз үйлер, фермалар, қоныстар (орманшылардың, жол қараушылардың, жол шеберлерiнiң үйлерi, зайымкелер, қыстаулар, дала қостары, метеостансалар және т.б.) әкiмшiлiк немесе аумақтық тұрғыдан байланысты елдi мекендер құрамында есепке алынады.
      Қалалардың немесе поселкелердiң құрамына енгізiлген және олардың бiр бөлiгiне айналған елдi мекендер, сондай-ақ тұрғындарының бәрi кетiп қалған немесе қоныс аударған қоныстар дербес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк мәртебесiнен айырылады және есептi деректерден шығарылады.";
      4) 10-баптың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
      5) 11-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Тиiсті аумақтағы халықтың пiкiрiн есепке ала отырып, ауылдық (селолық) округтердiң, кенттердiң, ауылдардың, селолардың атаулары және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту мәселелерiн шешедi.";
      6) 12-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) аудандық атқарушы органдар аудан шекараларындағы қазiргi және жаңадан құрылатын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер мен жекелеген елдi мекендердi есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады, сондай-ақ оларды eceпті деректерден шығарады.";
      7) 13-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) Қаладағы аудандардың, алаңдардың, даңғылдардың, бульварлардың, көшелердiң, тұйық көшелердiң, саябақтардың, скверлердiң, көпiрлердiң және қаланың басқа да құрамды бөлiктерiнiң атауы және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту жөнiндегi жұмыстарды орындауды қамтамасыз ету.".

      15. "Жедел-iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1994 ж. 15 қыркүйектегі Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 13, 199-құжат; 1995 ж., N 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 4, 32-құжат; N 17, 155-құжат; N 24, 336-құжат):
      1) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жедел-iздестiру қызметiн қаржыландыру жедел-iздестіру қызметiн жүзеге асырушы органдарды ұстауға ұлттық валюта түрiнде де, шетел валютасы түрiнде де бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.";
      2) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "бюджет қаражатынан".

      16. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 447-құжат; 2001 ж., N 23, 309, 321-құжаттар, N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат):
      1) 2-баптың бiрiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін қамтиды.
      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан басқа ереже белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережесi қолданылады.";
      2) 3-бапта:
      бiрiншi және екiншi бөлiк алынып тасталсын;
      төртiншi бөлiкте "үшiншi" деген сөз "бiрiншi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бесiншi бөлiк алынып тасталсын;
      3) 6-бапта:
      бiрiншi бөлiкте "Келiп" деген сөзден кейiн "мемлекеттiк" деген сөзбен толықтырылсын;
      екiншi бөлiкте:
      үшiншi абзацта "мемлекетаралық және" деген сөздер алынып тасталсын;
      төртiншi абзацта "мен өзге де" деген сөздерден кейiн "нормативтiк құқықтық" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесiншi абзацта "мемлекеттiк ұлттық" және "сондай-ақ кадрларды даярлау" деген сөздер алынып тасталсын;
      сегізiнші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мемлекеттің мұқтаждықтары және халықты тасымалдау болжамдарын әзiрлеу;";
      4) 8-баптың бiрiншi бөлiгiнде "Қазақстан Республикасының жергіліктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттік басқару туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "заң және қалыптық құжаттарға" деген сөздер "нормативтiк құқықтық актiлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 9-баптың төртiншi бөлiгiнде "басқару органдары" деген сөздер "жергіліктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 20-баптың екiншi бөлігі алынып тасталсын;
      7) 21-баптың төртiншi бөлігінiң екiншi сөйлемi алынып тасталсын;
      8) 23-баптың алтыншы бөлігінде "арнайы өкiлеттігі бар геология және жер қойнауын қорғау органдарының рұқсаттары" деген сөздер "геология және жер қойнауын қорғаудың уәкiлеттi органының рұқсаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 24-бап алынып тасталсын;
      10) 25-бапта:
      баптың тақырыбындағы "жұмысын" деген сөз "саласындағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Өздерiнiң тиiстілігі мен меншiк нысандарына қарамастан, тасымалдаушылардың көлiк" деген сөздер "Көлiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "көлiк заңдарын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңнамасының сақталуын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "талаптарын орындауын" деген сөздер "талаптарының орындалуын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 26-бапта:
      баптың тақырыбында "мемлекетаралық" деген сөз "халықаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бiрiншi бөлiкте "Көлік саласын мемлекеттiк басқару органы" деген сөздер "Уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiнші бөлiк алынып тасталсын.

      17. "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 16-17, 212-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 123, 921-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 10), 11) 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
      "10) ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
      11) ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар - өз құзыретiндегі мәселелер бойынша ЖҚТБ-ның алдын алу жөніндегі мемлекеттiк, салалық және өңiрлiк бағдарламаларды iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары;
      12) ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеудi жүзеге асыратын ұйымдар - негізгі қызметi халыққа медициналық көмек пен медициналық қызметтер көрсету болып табылатын медициналық ұйымдар;
      13) мiнез-құлқы қатерлi топ - халықтың адамның иммунитет тапшылығы вирусын өзiне де, айналасындағыларға да жұқтыру қаупi жоғары мiнез-құлқы бар топтары.";
      2) 2-бап абзац алынып тасталсын;
      3) мынадай мазмұндағы 2-2, 2-3, 3-1, 3-2-баптармен толықтырылсын:
      "2-2-бап. ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның құзыретi ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган:
      1) ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргізедi;
      2) Қазақстан Республикасының Үкiметiне республикада ЖҚТБ эпидемиясы таралуының алдын алу жөніндегі ұсыныстарды енгiзедi;
      3) ЖҚТБ ауруының алдын алу саласында нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
      4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестіредi;
      5) салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламаларды iске асыру бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
      6) АҚТҚ инфекциясын тiркеу, ЖҚТБ-ның алдын алу және емдеу мәселелерi бойынша есепке алудың, есеп берудiң және құжаттама нысандарының тәртiбiн айқындайды;
      7) ЖҚТБ-ға қарсы күрес саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды iске асыру мониторингін ұйымдастырады.
      2-3-бап. Денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) атқарушы органдарының құзыреті
      Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiкті атқарушы органдары:
      1) ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      2) өңiрде ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеудi қамтамасыз ету жөнiндегi шешiмдердi қабылдайды;
      3) өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру мониторингін ұйымдастырады;
      4) салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламаларды iске асыру бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
      5) мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдармен ЖҚТБ-ның алдын алу саласындағы өзара iс-қимылды қамтамасыз етедi.
      3-1-бап. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегі республикалық орталықтың құзыреті
      ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегі республикалық орталық:
      1) республикада АҚТҚ инфекциясын және алдын-алу iс-шараларын эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi, есепке алу мен есеп беру нысандарын әзiрлеуге қатысады;
      3) ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегі орталықтар қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
      4) бағдарламаларды iске асыру бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды ұйымдастырады;
      5) ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі өңiрлiк орталықтармен, республикалық медициналық ұйымдармен олардың құзыреті мәселелерi бойынша ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру бөлiгiнде әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
      6) АҚТҚ/ЖҚТБ саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізедi;
      7) АҚТҚ-ға зертханалық зерттеудiң сапасын тексерудi жүзеге асырады;
      8) дәрiгерлердi, орта медицина қызметкерлерiн мамандандыру мен біліктілігін арттыруды жүзеге асыруға қатысады;
      9) АҚТҚ мен ЖҚТБ-ға ұқсас инфекцияларды зертханалық зерттеудi жүзеге асырады.
      3-2-бап. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі өңiрлік орталықтардың құзыреті
      ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі өңiрлiк орталықтар:
      1) мiнез-құлқы қатерлi топтар арасында алдын алу жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізедi;
      2) АҚТҚ-ны жұқтырған адамдарға, ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарға, мiнез-құлқы қатерлi топтарға медициналық, консультациялық көмек көрсетедi;
      3) мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдарға ЖҚТБ-ның алдын алу мәселелерi бойынша әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
      4) АҚТҚ инфекциясын диагностикалауды, иммунологиялық өзге де зертханалық зерттеулердi жүзеге асырады;
      5) ЖҚТБ эпидемиясының алдын алу жөніндегі өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеуге қатысады;
      6) өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру мониторингін жүргізедi;
      7) өңiрде АҚТҚ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
      8) халық арасында ЖҚТБ-ның алдын алу жөніндегі санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізудi жүзеге асырады.";
      4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-бап. ЖҚТБ-ның оған қарсы күрес жөніндегі шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен, сондай-ақ меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң, қоғамдық бiрлестіктер мен азаматтардың ерiктi жарналары, қайырымдылық қаржылар, қайырымдылық көмектер, сондай-ақ халықаралық қорлар қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады.".

      18. "Жеке тұрғын үй құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 3 қарашадағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 20, 248-бап; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 209-құжат):
      1) 2-баптың бiрiншi бөлігінде "осы Заңның 4-бабындағы 4-шi бөлігінде аталған шектеулер ескеріле отырып," деген сөздер "жер заңнамасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 3-баптың бiріншi бөлігінде жергіліктi атқарушы органның" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 4-бапта:
      екiншi бөлiкте "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "ауданның (қаланың) жергілiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiнші және төртiншi бөлiктер алынып тасталсын;
      бесiншi бөлiкте "жергілікті атқарушы органға" деген сөздер "ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесiншi бөлiкте "Өтінiшке қоса тiркелген құжаттар мен мәлiметтер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi" деген екіншi сөйлем алынып тасталсын;
      4) 5-баптың бiрiншi бөлігінде "жергілiкті атқарушы органдардан" деген сөздер "ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 6-баптың төртiншi бөлігінде "жергілiктi атқарушы органның" деген сөздер "ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 8-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жеке тұрғын үй құрылысын салу ережелерiне сәйкес ауданның (қаланың) жергілiктi атқарушы органдары:";
      төртiншi абзацта "жергіліктi қызметтердiң" деген сөздер "ауданның (қаланың) қызметтерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлiкте "Барлық меншiк нысандарындағы кәсiпорындар мен ұйымдар" деген сөздер "2. Барлық меншiк нысандарындағы кәсiпорындар мен ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 2-бөлiмнiң тақырыбында "салық және" деген сөз алынып тасталсын;
      8) 9-бапта ", республикалық және жергіліктi бюджеттер қаражаты" деген сөздер алынып тасталсын;
      9) 10-бапта:
      тақырыбында "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
      бiрiншi бөлiкте "шартымен" деген сөзден кейiн "және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi, үшiншi, төртiншi бөлiктер алынып тасталсын;
      10) 11-баптың бiрiншi бөлігінде "республикалық және жергiлiкті бюджеттердiң," деген сөздер "бюджеттiк қаражаттары," деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 16-бапта:
      бiрiншi бөлiкте "органдар" деген сөздер "аудандардың (қалалардың) органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi және төртiншi бөлiктер алынып тасталсын.

      19. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы N 2126 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 1-2, 19-құжат):
      1) актінiң нысаны және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
      2) кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Заң Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн белгілейді.";
      3) мәтiнде "Жарлық", "Жарлықпен", "Жарлықтың" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңмен", "Заңның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) мәтінде "жергiліктi атқарушы орган", "жергiлiктi атқарушы органға" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы", "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      20. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат; 2003 ж., N 15, 138-құжат, 139-құжат):
      1) 8-баптың ф) тармақшасындағы "заңдарына сәйкес" деген сөз "заңдарында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 15-баптың e) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "e) қызметiнiң бiрден-бiр түрi қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу болып табылатын уәкілетті ұйымдарға шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берiлетiн лицензияларды қоспағанда, осы Заңда көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге лицензия беру, оның iс-әрекетiн тоқтата тұру және лицензияны қайтарып алу туралы шешiмдер қабылдау;".

      21. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Taуap биржалары туралы" 1995 жылғы 7 сәуiрдегi N 2170 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 26-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 11, 143-құжат):
      1) актiнiң нысаны және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Tayap биржалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
      2) кiрiспе алынып тасталсын;
      3) мәтiнде:
      "Жарлықтың", "Жарлыққа" деген сөздер "Заңның", "Заңға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Министрлер Кабинетiне", "Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Үкiметiне", "Yкiметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 14-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiнде "республикалық комиссия" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Биржалық сауданың үлгілiк ережелерiн Тауар биржалары жөнiндегі уәкiлеттi орган бекiтедi.";
      6) 23-баптың тақырыбында және мәтiнiнде "республикалық комиссия", "республикалық комиссия туралы" деген сөздер "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi орган туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта "республикалық комиссия" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 24-бапта:
      тақырыпта "республикалық комиссияның" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Taуap биржалары жөніндегі уәкілетті органның функциялары:";
      8) 25-бапта:
      тақырыпта "республикалық комиссияның өкiлеттігі" деген сөздер "уәкілетті органның құқықтары" деген сөздермен ауыстырылсын:
      мәтiнде "республикалық комиссия", "Республикалық комиссияға" деген сөздер "уәкiлеттi орган", "Tayap биржалары жөніндегі уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 26-баптың алтыншы және жетiншi абзацтарында "республикалық комиссияға", "республикалық комиссияның" деген сөздер "уәкiлетті органға", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      22. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы" 1995 жылғы 7 сәуiрдегi N 2184 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 32-құжат):
      1) актiнiң нысаны және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
      2) кiрiспе алынып тасталсын;
      3) мәтiнде "Жарлықты", "Жарлық" деген сөздер "Заңды", "Заң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 3-тармақта:
      бiрiнші бөлiкте "мекемелерi" деген сөз "ұйымдары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiкте "денсаулық сақтау" деген сөздер "денсаулық сақтау басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 4-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "денсаулық сақтау органдары" деген сөздер "мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 6-тармақта "Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Үкiметi" деген сөзбен ауыстырылсын.

      23. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 45-құжат; N 14, 98-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 22, 334-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 925-құжат):
      1) актiнiң нысаны мен тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
      2) кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Заң Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға әлеуметтік кепiлдiктер берудiң ұйымдық, экономикалық және құқықтық негiзiн белгiлейдi, сондай-ақ олардың құқықтық мәртебесiн айқындайды";
      3) мәтінде "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықпен" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңның", "Заңмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 17-бапта:
      бiрiншi абзацта "республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 20-бапта "Жергiлiктi әкiмдер" деген сөздер "Жергілiктi өкiлдi органдардың шешiмi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздермен, "басшылары" деген сөз "әкiмдерi" деген сөзбен ауыстырылсын.

      24. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мұнай туралы" 1995 жылғы 23 маусымдағы N 2350 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 11, 150-құжат; 1999 ж., N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 6, 34-құжат; N 11, 56-құжат):
      1) 2-бапта 4-тармақ "Қазақстан Республикасы бекiткен" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8) әрбiр жер қойнауын пайдаланушының бiрдей қол жеткiзу принциптерiнен арнаулы труба құбырлары мен темiр жол эстакадаларының қуатын пайдалануды бекiтедi.
      Бұл ретте, нақты үлгідегі (түрдегі) көлiк жүйесіне кiрудiң басымды құқығын өздерiнiң ресурстарын (автокөлiктен басқа) тасымалдау үшiн баламалы техникалық мүмкiндiгi жоқ жер қойнауын пайдаланушылар қолданады;
      9) жер қойнауын пайдаланушылар үшін техникалық-экономикалық негiздемеде қабылданған, мұнай өткiзудiң есептi бағасы шегінде келiсiмге қол қою сәтiнде техникалық-экономикалық негiздеменiң экономикалық көрсеткiштерiн негiзге ала отырып, қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының iшкi рыногына шикi мұнай жеткізу көлемiн анықтайды;
      10) осындай қажеттілік жағдайында жанар-жағар май қажеттігін тиiсті көлемде жабу үшiн Қазақстан Республикасының iшкi рыногында қайта өңдеу үшiн мұнайдың көлемiн графиктермен (жыл және ай сайын) белгiлейдi.";
      3) 7-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың құзыреті";
      бірінші бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар:";
      4) 8-2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу үшін теңiз түбiн пайдалануға құқық жер ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлетті органның рұқсаты арқылы берiледi.";
      5) 30-баптың 5-тармағында "Қазақстан Республикасының тиiсті мемлекеттiк органы жүргiзетiн" деген сөздер "Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларының қорлары жөнiндегi Мемлекеттік комиссиясында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 30-2-баптың 2-тармағында "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегі мемлекеттiк органда" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі уәкілетті органда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 36-3-баптың 2-тармағында "қорғау жөнiндегi мемлекеттік орган" деген сөздер "қорғау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 43-баптың 3-тармағында "жергілiктi өкiлдi және" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      25. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 3 қазандағы Заңына (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 19, 118-құжат; N 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 13-14, 144-құжат):
      1) 1-баптың екiншi абзацындағы "банктерде" деген сөз алынып тасталсын;
      2) 19-баптың алтыншы абзацында "республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
      3) 21-бапта:
      "және мемлекеттік сақтандыру" деген сөздер алынып тасталсын;
      "республикалық бюджетiнiң" деген сөздер "бюджет" деген сөзбен ауыстырылсын.

      26. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республикалық ұлан туралы" 1995 жылғы 5 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184, 190-құжаттар; 1998 ж., N 11-12, 174-құжат; N 24, 436-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 16, 147-құжат; 2004 ж., N 1, 2-құжат):
      1) 1-баптың үшiншi бөлігі алынып тасталсын;
      2) 11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Республикалық ұланды материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәртiбi мен нормалары жөнiнде ұсыныстар енгiзу.";
      3) 18-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiне қосымша жеңілдіктер мен оларды әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерiн Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерi белгiлейді.";
      4) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "19-бап. Республикалық ұланның материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуi
      Республикалық ұланның материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етiлуiнiң тәртiбi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";
      5) 22-бап алынып тасталсын.

      27. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж. N 15, 147-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат):
      1) актінiң нысаны және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
      2) кiрiспе алынып тасталсын;
      3) мәтiнде "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықта", "Жарлықпен" деген сөздер "Заң", "Заңның", "Заңда", "Заңмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "әуе қозғалысына қызмет көрсетушi орган", "әуе қозғалысына қызмет көрсетушi органды", "әуе қозғалысына қызмет көрсетушi органға" деген сөздер "аэронавигациялық ұйым", "аэронавигациялық ұйымды", "аэронавигациялық ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 1-бап мынадай мазмұндағы он жетiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Аэронавигациялық ұйым - әуе қозғалысына қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және аэронавигациялық және метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ететін ұйым.";
      5) 4-бапта:
      бiрiншi абзацта "заң актiлерiмен, осы Жарлықпен белгіленген құзыретi шегінде мемлекеттік басқару органдары шығарған нормативтiк құқықтық актiлермен" деген сөздер "нормативтік құқықтық актiлерiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiкте:
      "(мемлекетаралық)", "(келiсiмде)", "(мемлекетаралық)" деген сөздер алынып тасталсын;
      "жасасқан" деген сөз "бекiтiлген" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6) 5-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5-бап. "Осы Заңның қолданылу аясы";
      бiрiншi бөлiкте "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігiн пайдалану мен авиация қызметi туралы" Жарлығы" деген сөздер "осы Заң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару мен бақылау
      Әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару мен бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады, ол өз құзыретi шегінде қызметiн азаматтық авиация саласында жүзеге асырушы барлық жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi азаматтық авиация саласындағы ережелердi, нұсқауларды және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады, олардың орындалуын бақылайды, мемлекеттiк органдардың құзыретiне сәйкес олармен бiрлесiп авиациялық іздестіру-құтқару шараларын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
      Уәкiлетті орган мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінiң өзара iс-қимылын көрсетілген мемлекеттiк органдардың шешiмiмен құрылған Ведомствоаралық комиссия жүзеге асырады.";
      8) 12-бапта "орыс тiлiнде" деген сөздер "мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 13-баптың к) тармақшасы алынып тасталсын;
      10) 14-баптың бiрiншi бөлігінде "әуе кеңiстiгiн пайдалану және әуе қозғалысын басқару жөніндегі мемлекеттiк орган" деген сөздер "уәкiлетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 15-баптың бiрiншi бөлігінде "әуе кеңiстігін пайдалану және әуе қозғалысын басқару жөніндегі мемлекеттік органмен" деген сөздер "аэронавигациялық ұйыммен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 16-баптың төртiншi бөлігінде:
      "Органдар" деген сөз "уәкiлетті орган мен Қорғаныс министрлiгі өз құзыретiне сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 17-баптың бiрiншi бөлiгiнде "әуе кеңiстігiн пайдалану тәртiбiнiң сақталуына бақылау жасайтын органдардың" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 18-баптың төртіншi және бесiншi бөлiктерiнде "әуe кеңiстiгін пайдалану және әуе қозғалысын басқару жөнiндегi мемлекеттік" деген сөздер "уәкiлетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      15) 25-бапта:
      "жағдайда" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      "танылады" деген сөз "таниды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      16) 26-баптың бiрiншi бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азаматтық және мемлекеттік әуе кемелерi мiндетті түрде мемлекеттiк тiркелуге жатады. Азаматтық әуе кемелерiн уәкілетті орган Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң Мемлекеттік тiзiлiмiне тiркейдi. Мемлекеттік әуе кемелерiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк әуе кемелерiнiң тізiлiмiне тiркейдi.";
      17) 30-баптың жетiншi бөлiгiнде "алғанда" деген сөз "уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын, "сертификаты", "құжаттар танылады" деген сөздер "сертификатын", "құжаттарды таниды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 31-2-баптың екiншi бөлiгiнде "республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
      19) 43-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "43-бап. Әуе кемесiнiң аэронавигациялық ұйыммен радиобайланысы";
      екiншi және үшіншi бөлiкте "оның ұшуына диспетчерлік қызмет көрсетушi орган", "әуе қозғалысына қызмет атқаратын органдар" деген сөздер "аэронавигациялық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 44-баптың екiншi сөйлемiндегi "ал адамдар өмiрiн сақтап қалу үшiн ұшып өту қажет болғанда және өзге де ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Yкiметінiң шешiмi бойынша бұл ережеден ауытқуға жол берiледi" деген сөздер "немесе адамдар өмiрiн сақтап қалу үшiн ұшып өту қажет болғанда, ал өзге де ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімi бойынша бұл ережеден ауытқуға жол беріледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) 52-баптың екiншi бөлігінде "министрлiктiң, мемлекеттік комитеттің" деген сөздер "мемлекеттік органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) 58-бапта:
      екiншi бөлiк алынып тасталсын;
      үшiншi бөлiкте "министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және ұйымдар" деген сөздер "мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес олардың, сондай-ақ авиакомпаниялардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) 96-баптың төртiншi бөлігінде "уәкілетті" деген сөз алынып тасталсын;
      24) 100-баптың екiншi бөлігінде "Мемлекеттік авиация органдары" деген сөздер "Уәкiлетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      25) 101-баптың 1-тармағында "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Заң күші бар Жарлығына", "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Заң күшi бар Жарлығын" деген сөздер тиiсiнше "осы Заңға", "осы Заңды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      28. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 заң күші бap Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 223-247-құжаттар, N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат):
      1) актiнiң нысанында және тақырыбында "Қазақстан Республикасы Президентінiң заң күшi бар Жарлығы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) кiрiспе алынып тасталсын;
      3) мәтiнде "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықпен" деген сөздер "Заң", "Заңның", "Заңмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 4-бапта:
      төртiншi бөлiкте "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын iшкi" деген сөздер "Iшкi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
      "Әкiмшiлiк полицияның учаскелiк инспекторлары мен кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегі полицияның учаскелiк инспекторларының, патрульдiк қызмет, жол полициясы бөлiмшелерiнiң, iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерi мен өзге де әкiмшiлiк полицияның алдына қойылған міндеттердi шешу үшiн қажетті қызметтердiң жұмысын қоспағанда полиция қызметiн қамтамасыз етудi Iшкi iстер министрлiгi жүзеге асырады.
      Iшкi iстер министрлігінiң облыстық (республикалық маңызы бар қалалық) аумақтық бөлiмшелерi әкiмшiлiк полицияның аудандық (қаладағы аудандық), қалалық учаскелiк инспекторларының және полицияның кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi учаскелік инспекторларының, патрульдiк қызмет, жол полициясы бөлiмшелерiнiң, iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерi мен әкiмшiлiк полицияның алдына қойылған мiндеттердi шешу үшін қажеттi өзге де бөлiмшелердiң қызметтерiн бақылауды және үйлестiрудi жүзеге асырады.
      Әкiмшiлiк полицияның учаскелiк инспекторлары мен кәмелетке толмағандар iсi жөніндегі полицияның учаскелiк инспекторларының, патрульдiк қызмет, жол полициясы бөлiмшелерiнiң, iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерi мен өзге де әкiмшiлiк полицияның алдына қойылған мiндеттердi шешу үшiн қажеттi қызметтердiң жұмысын қамтамасыз етудi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.";
      5) 4-2-бапта:
      бiрiншi бөлiкте "мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдарына жүктелген өзге де мiндеттердi" деген сөздер ", лицензиялау мен рұқсат ету қызметін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлiк алынып тасталсын;
      6) 6-баптың 2-тармағында:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      ", ал жергiлікті бюджеттен қаржыландырылатын iшкi iстер органдарының штат санын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен сан нормативтерiнен төмен емес мөлшерде белгілейдi" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) тармақша алынып тасталсын;
      7) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "10-бап. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi
      1. Iшкi iстер органдары заңда белгiленген құзыреті шегінде:
      қылмыстық алдын алуға анықтауға, жолын кесуге және ашуға;
      "Жедел iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қылмыстарды анықтауға, алдын алуға, болдырмауға және ашуға, iшкi iстер органдары жүйесiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ iшкi iстер органдарының тергеу изоляторларында және уақытша ұстау изоляторларында заңдармен белгілеген режимдi сақтауға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi. Бұл ретте жедел iздестiру шараларын жүзеге асыруға құқылы iшкi iстер органдарының бөлiмшелерi мен қызметкерлерiнiң тiзбесiн Iшкi iстер министрi белгілейдi;
      iшкi iстер органдарының қорғаныстық-жұмылдыру даярлығын, бейбiт уақыт пен соғыс уақыты жағдайында төтенше ахуалдар туындаған кезде олардың жұмысының тұрақтылығын арттыру, Iшкi iстер министрлiгі арнаулы бөлiмшелерiнiң жұмылдыруға тұрақты әзiрлігін қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға;
      арнаулы және әскери тасымалдарды ұйымдастыруға;
      шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен, халықаралық ұйымдарымен Қазақстан Республикасының тиiстi халықаралық шарттары негізiнде ынтымақтастық жасауға мiндетті.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызметтен басқа алдына қойылған мiндеттерге сәйкес iшкi iстер органдары, сондай-ақ:
      1) криминалдық полиция органдары:
      алдын ала тергеудi жүзеге асыруға, анықтама жүргiзуге;
      қылмыс жасаған, бiрақ анықтамадан, тергеуден және соттан бой тасалаған, қылмыстық немесе әкiмшiлiк жазаларын өтеуден жалтарған, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдарды iздестiрудi жүзеге асыруға және заңмен көзделген өзге де жағдайларға, сондай-ақ ұрланған мүлiктi iздеудi жүзеге асыруға;
      iздестiру, тергеу және өзге де заңмен көзделген iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде соттардың ұйғарымдарын, судьялардың қаулыларын, прокурордың, тергеушiнiң және анықтамашының жазбаша тапсырмаларын орындауға;
      қылмыстық процеске қатысушылардың өмiрiн, денсаулығын, ар-намысын, қадiр-қасиетiн және мүлкiн қорғау жөнiнде заңдарда көзделген шараларды қолдануға;
      2) әкiмшiлiк полиция органдары:
      әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға және жолын кecугe;
      адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қайшы қол сұғудан қорғауға;
      қоғамдық тәртiптi қорғауға және қоғамдық қауiпсiздiкті қамтамасыз етуге, соның iшiнде мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың жәрдемiмен, ұйымдар мен азаматтардың ерiктi қатысуымен қорғауға және қамтамасыз етуге;
      халықты құқықтық тәрбиелеуге қатысуға, құқық тәртiбiнiң жай-күйi мен iшкi iстер органдары қызметiнiң тиiмдiлiгін арттыру жөнiндегi шаралар туралы қоғамдық пiкiрдi зерделеуге, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiндегі iстер бойынша iс жүргізудi жүзеге асыруға;
      авария, өрт, дүлей апат және басқа төтенше жағдайлар зардаптарын жою кезiнде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiкті қамтамасыз етуге;
      құқыққа қайшы қол сұғудан, жазатайым және оқиғалардан зардап шеккен, сондай-ақ денсаулығы мен өмiрi үшiн қауiптi дәрменсiз немесе өзге де күйдегi азаматтарға көмек көрсетуге;
      мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi органдарына меншiктің барлық нысандарындағы объектiлерде өрт қауiпсiздiгі жай-күйiне бақылау жасауды жүзеге асыруда жәрдем көрсетуге;
      карантиндiк, санитарлық және экологиялық iс-шараларды өткiзуге қатысуға;
      жаппай тәртiпсiздiктердi түзету мекемелерiнде тыюға қатысуға, әскери қарауылдардың күзетiнен қашқан сотталғандарды iздестірудi жүзеге асыруға;
      прокурордың азаматтар мен лауазымды адамдарды мәжбүрлеп жеткiзу (күштеп әкелу) туралы қаулыларын орындауға, сондай-ақ прокурордың өз құзыретi шегінде шығарған өзге де жазбаша тапсырмалары мен талаптарын орындауға;
      ұсталғандарды, қамауға алынғандар мен сотталған адамдарды күзетуге және айдап апаруға;
      заңдарда белгіленген тәртiппен жедел-iздестіру және тосқауыл қою шараларын, қылмыс жасаған адамдарды ұстау жөнiндегі операцияларды жүргiзудi жүзеге асыруға, сондай-ақ өзге де құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға оларды жүргiзуде және жүзеге асыруда жәрдем көрсетуге;
      соттардың шешiмдерi бойынша денсаулық сақтау мекемелерiне келуден жалтарған алкоголизм, нашақорлық, уытқұмарлық, жыныстық аурулармен ауыратын немесе иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарды айдап алып келудi жүзеге асыруға;
      шаруашылық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды, әкiмшiлiк жазалау шараларын орындауға, сотталғандардың, сондай-ақ әкiмшiлiк қамауға алынғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етудi орындауға;
      есепке алуды жүргізуге және қылмыскерлiктiң алдын алу мақсатында кәмелетке толмағандардың: бас бостандығынан айыру орындары мен жабық үлгiдегі арнаулы оқу орындарынан босатылғандардың; қылмыс жасаған cәттe заңға сәйкес қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн жасқа толмағандардың; спиртті ішiмдiктердi, есiрткiлiк құралдар мен уытты заттарды қолданатындардың; әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдану көзделген өзге де құқық бұзушылықтар жасағандардың арасында ықпал ету шараларын қолдануға;
      жол жүрiсi ережелерiнiң және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты өзге де нормативтердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; мемлекеттiк тiркеу және есепке алу тәртiбiн айқындауға, сондай-ақ жеңiл, жүк автомобильдерiн және автобустарды, олардың базасында жасалған арнаулы автомобильдердi қоса алғанда; мотоциклдер мен мотороллерлердi, автомобильдердiң құрамында жүруге арналған тiркемелердi мемлекеттік тiркеудi және есепке алуды жүргiзуге, оларды мемлекеттік техникалық байқаудан өткiзуге, оларды пайдаланушы, оның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланушы адамдарды тiркеудi және есепке алуды жүргiзуге, оларды жүргiзу және троллейбустар мен трамвайларды жүргiзу құқығына емтихан қабылдауға және куәлiк беруге, жол жүрiсiн реттеуге;
      азаматтық, қызметтік (әскери атыс қол қаруын қоспағанда) қарулар мен патрондарды және олардың жинақтық бөлшектерiн әзiрлеуге, өндiруге, жөндеуге, саудасына, сатып алуға, тiркеуге (қайта тiркеуге), коллекциялауға, экспонаттауға, сақтауға, алып жүруге, есепке алуға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
      азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдану арқылы жасалған бұйымдарды әзiрлеуге, өндiруге, саудасына, сатып алуға коллекциялауға, экспонаттауға, сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
      жарылғыш заттар мен материалдарды, түрлi-түстi бейнедегi көбейткiш-көшiргiш техниканы, улы заттарды сатып алудың, сақтаудың, есепке алудың, тасымалдаудың, әкелудiң, әкетудiң белгiленген тәртiбiнiң сақталуын бақылауға;
      азаматтық және қызметтiк қарудың және олардың патрондарының; есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың; жарылғыш заттар мен материалдардың, азаматтық пиротехникалық заттардың және оларды қолдану арқылы жасалған бұйымдардың штемпельдi-бедерлiк шеберханалардың; түрлi-түсті бейнедегі көбейту-көшiру техникасының, улы заттардың айналымы саласындағы талаптарға сәйкес заңды тұлғалар мен жеке адамдардың объектiлерiн (үй-жайларын) және персоналын бақылауға;
      ерекше маңызды және мемлекеттік маңызы бар өзге де объектілердiң күзетiлуiн қамтамасыз етуге, ұйымдарды күзетудiң жай-күйiн бақылауға;
      заңдарға сәйкес iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар және рұқсаттар берудi жүзеге асыруға; қару мен оқ-дәрiлердiң (жауынгерлiк оқ-дәрiлердi қоспағанда) сатып алуына, сақталуына, оларды тасымалдауға, алып жүруге, әкелуге, әкетуге және пайдалануға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға, қару мен оқ-дәрiлердi, жарылғыш және күштi әсер ететiн улы заттарды, есiрткi құралдарын, психотроптық және сол сияқты заттарды, прекурсорларды, радиоактивтi материалдар мен заттарды ұстаудың және олардың жұмыс iстеуiнiң белгіленген ережелерiнiң сақталуын бақылауға; әкiмшiлiктің қатысуымен аталған заттар, нәрселер, материалдар тұрған үй-жайларды тексеруге; қаруды есепке алуға және заңда көзделген жағдайларда алып қоюға; азаматтардағы қару, оқ-дәрiлер мен олар сақталатын орындарды оларды қолдану ережелерiнiң сақталуын бақылау мақсатында тексеруге; қару мен оқ-дәрiлердi сақтау және пайдалану ережелерi бұзылған, сондай-ақ заңдарда көзделген басқа жағдайларда ұйымдар мен азаматтардан оларды алып қою туралы мәселе қоюға;
      мемлекеттік маңызы бар аса маңызды және өзге де объектілердi, еңбекпен түзеу мекемелерiн күзетудi қамтамасыз етуге; ұйымдарды күзетудiң жай-күйін бақылауға;
      табылған мүлiк пен қазыналардың тиiстi мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың қарауына берiлгенге дейiн сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде шұғыл шаралар қолдануға; табылған және iшкi iстер органдарына тапсырылған құжаттардың, заттардың, құндылықтардың және басқа мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, оларды меншiк иелерiне қайтару не белгіленген тәртiппен сату жөнiнде шаралар қолдануға;
      азаматтар мен лауазымды тұлғалардың паспорт жүйесiнiң белгiленген ережелерiн сақтауын, сондай-ақ шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың олар үшін белгіленген келу, кету, болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттi өту ережелерiн сақтауын бақылауға;
      3) Iшкi iстер министрлігінiң әскери полициясы:
      заңдарға сәйкес төтенше немесе әскери жағдай режимiн қамтамасыз етуге қатысуға, соғыс кезiнде Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiнде жекелеген тапсырмаларды орындауға мiндеттi;
      8) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "11-бап. Iшкi iстер органдарының құқықтары
      1. Iшкi iстер органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi атқару үшiн заңда белгiленген құзыреттерiнiң шегiнде:
      кез-келген жасалған немесе әзiрленiп жатқан құқыққа қарсы қол сұғу, соның iшiнде олардың қарауына жатпайтындар туралы арыздар мен хабарларды қарауға, оларды тіркеуге, олардың жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау, қоғамдық қауiптi зардаптарға жол бермеу жөнiнде нақтылы шаралар қолдануға;
      қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу кезiнде басқа органдарға, ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға атқарылуы мiндеттi тапсырмалар беруге;
      қозғалған қылмыстық iстер жөнiнде мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұйымдарда ақпарат пен материалдарды кедергiсiз және өтеусiз алуға;
      қылмыстың және басқа да құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған шаралар жөнiнде заңды және жеке тұлғаларға орындауға мiндеттi ұйғарымдар, ұсынулар және ұсыныстар беруге, сондай-ақ созылмалы маскүнемдiк, есiрткiқұмарлық, уытқұмарлық ауруына шалдыққан, жүйке бұзылуынан зардап шегетiн және басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын не қоғамдық тәртіптi бұзатын адамдарды ерiксiз емдеу үшiн денсаулық сақтау органдарына ұсыныстар мен материалдар жiберуге;
      мемлекеттік органдар мен меншiк нысанына қарамастан ұйымдардан, соның iшiнде анықтама мен тергеудi жүзеге асыратын арнаулы органдардан құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыстарды ашу мақсатында кедергiсiз әрi өтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгіленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, ақпарат пен материалдарды алуға;
      азаматтарды iс жүргiзудегi материалдар мен қылмыстық iстер бойынша iшкi iстер органдарына шақыруға, олардан түсiнiктемелер, құжаттар, олардың көшiрмелерiн алуға, жауап алуға, сондай-ақ шақырғанда келуден дәлелдi себепсiз жалтарған адамдарды мәжбүрлеп алып келуге;
      құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу мақсатында қоғамдық тәртiптi сақтауға және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысуға келiсiм бiлдiрген азаматтармен жария және жария емес негізде ынтымақтастық орнатуға;
      iшкi iстер органдарының қызметiн жария ету, қылмыстың мән-жайын, сондай-ақ оны жасаған адамдарды анықтау үшiн, тергеуден, анықтама алудан және соттан бой тасалап жүрген адамдарды және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды iздестiру үшiн қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету барысында пайда болған өзге де жағдайларда мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкiндiгiн тегін пайдалануға;
      iшкi iстер органдарына жүктелген мiндеттердi орындау үшiн бұқаралық ақпарат құралдарын өз құзыретi шегінде өтемсiз негізде пайдалануға;
      кiдiртуге болмайтын жағдайларда қызмет мақсатындағы қай жерде орналасқанына және кiмге тиесiлi екенiне қарамастан халықаралық және қалааралық сөйлесуге кеткен шығыстарды өтей отырып, байланыс құралдарын пайдалануға;
      өзге мүмкiндiктер болмағанда меншiк нысанынан қарамастан (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) қылмыстар, жазатайым оқиғалар, дүлей апаттар болған жерлерге бару және жедел медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн, сондай-ақ кiдiртуге болмайтын өзге де жағдайларда, иелерiне залал келтiрiлген жағдайда оны өтей отырып, көлiк құралдарын пайдалануға;
      азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қылмыс жасаған, әкiмшiлiк құқық бұзған деп сезiктелген адамдардың iзiне түскен кезде не ол жерде қылмыс, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалды немесе жасалуда, жазатайым оқиға болды деп санау үшiн жеткiлiктi мәлiметтер болса, сондай-ақ дүлей апаттар, күйреулер, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар және жаппай тәртiпсiздiктер кезiнде азаматтардың жеке басының қауiпсiздігі мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн азаматтардың тұрғын және басқа да жайларына, оларға тиесілі жер учаскелерiне, аумаққа және үй-жайларға (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) кедергiсiз кiруге және оларды тексеруге хақылы; азаматтарға тиесiлi тұрғын және басқа жайларға басып кiрген жағдайлар жайында осыған уәкiлдiк берiлген iшкi iстер органдары жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорды хабардар етуге;
      қамауға алынған, қылмыстың жасалуына күдiкті, қылмыс жасады деп айып тағылған әкiмшiлiк қамауға алынғандарды, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзған деп сезiктелген адамдарды, олардың жеке басын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, тiркеуге, фотосуретке түсiруге, дыбысын жазуға, кино және бейнекөрiнiске түсiруге, дактилоскопия жасауға;
      азаматтардың жекелеген учаскелер мен аумақтарға кiруiн шектеуге немесе оған тыйым салуға қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жедел iздестiру шаралары мен тергеу iс-әрекетін жүргiзген кезде оларды белгiлi бiр орынды босатуға мiндеттеуге;
      қылмыс жасады деген күдiкпен ұсталған адамдарды, сондай-ақ оларға қатысты жазалау шарасы ретiнде әкiмшiлiк тұтқындау таңдалған адамдарды оқшаулау жағдайында ұстау үшiн уақытша ұстау изоляторлары болуына;
      қылмыс жасады деген күдiк бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ сотталған адамдарды және бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу таңдалған адамдарды оқшаулау жағдайында ұстау үшiн тергеу жүргізетін оқшау бөлмелер мен уақытша ұстайтын оқшау бөлмелер болуға;
      әкiмшiлiк құқық бұзу iстерi жөнiнде алдын ала тергеу, анықтама және iс жүргiзу барысында ғылыми-техникалық зерттеулер жүргiзуге;
      заңдарға сәйкес ғылыми-зерттеу, оқу, өндiрiстiк, қаржы-шаруашылық қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құқықтардан басқа iшкi iстер органдары, сондай-ақ:
      1) криминалдық полиция органдары:
      заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық iс жүргiзу әрекеттерiн және жедел іздестіру шараларын жүргізуге, оларды жүргізуге мамандарды тартуға, дерек мәлiметтердi жинау және зерттеу үшiн ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте мемлекеттік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтер, сондай-ақ адамдардың жеке өмiрi туралы мәлiметтер жария етiлуге тиiс емес;
      2) әкiмшiлiк полиция органдары:
      азаматтардан қоғамдық тәртiптi және қоғамдық қауiпсiздiктi сақтауды талап етуге, құқыққа қарсы iс-қимылдар мен iшкi iстер органдарының өкiлеттігін жүзеге асыруға кедергi келтiретiн әрекеттердi тоқтатуды талап етуге құқығы бар. Бұл талаптар орындалмаған жағдайларда тиiсті мәжбүрлеу шараларын қолдануға;
      осы қызметті реттейтiн заңдарға сәйкес әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыруға; хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, тәртіп бұзушыларды жеткiзуге, әкiмшiлiк ұстауды жүргiзуге, кiсiнiң жеке басын тексеруге, сондай-ақ заттары мен құжаттарын тексеруге және алып қоюға;
      әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарды ұстауға;
      заңдарда көзделген жағдайларда белгілі тұрғылықты орны, құжаттары жоқ адамдарды олардың жеке басын куәландыру және кейiннен тиiсті органдар мен мекемелерге (көшi-қон, медицина әлеуметтiк және өзге де) беру мақсатында прокурордың санкциясымен отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмде ұстауға және қабылдау-тарату орындарына орналастыруға;
      қылмыс пен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған деп сезiктелген жағдайда азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ орындалуын бақылау iшкi iстер органдарына жүктелген белгiленген ережелердiң сақталуын тексеруге қажеттi басқа құжаттарды тексеруге;
      құқық тәртібiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешудi, соның iшiнде әкiмшiлiк қадағалауға алынған және алдын алу ықпалы жасалуға тиiс адамдарды, әкiмшiлiк құқық бұзған және оларды қайталап жасауы күшейтiлген жауаптылыққа әкелiп соғатын адамдарды есепке алуды қамтамасыз ететін мамандандырылған есепке алуды, ақпарат жүйелерiн құрауға және пайдалануға, есепте тұратын адамдардың мінез-құлқын қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға;
      қамаудан қашқан адамдарды iздестiруге байланысты шараларды жүргiзген кезде өздiгiнен бақылау-өткiзу пункттерiн орнатуға;
      егер оларды жедел оқшаулау қажет болса он сегiз жасқа толмаған және құқық бұзған, сондай-ақ арнаулы оқу-тәрбие мекемелерiне жiберiлетiн кәмелетке толмағандарды заңда белгiленген тәртiппен ұстауға және Уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарында ұстап отыруға: 3-тен 16 жасқа дейiнгі қадағалаусыз, сондай-ақ ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толмаған балалар мен жасөспiрiмдердi Уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарына жеткiзуге және онда ұстап отыруға, одан әрi қорғаншылық және қамқоршылық орындарына беруге;
      әуе кемелерi ұшуының, сондай-ақ жолаушылар поездарының, теңiз және өзен кемелерiнiң қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында авиажолаушыларды, поездардың, теңiз және өзен кемелерiнiң жолаушыларын және олардың теңдеме жүктерiн тексерудi, оның iшiнде үстеме тексерудi жүзеге асыруға; заңда белгiленген тәртiппен қаруды, оқ-дәрiлердi, есiрткiлердi және алып жүруге тыйым салынған өзге де заттар мен нәрселердi алуға;
      адамдардың iшiмдiк, есiрткi және психотроптық заттарды қолданғандығын белгіленген тәртiппен куәландыруға;
      қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиеті мен қоғамдық имандылықты қорлайтындай мастық күйде жүрген не айналадағыларға немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн, ал тұрғын үйде болып, қоғамдық тәртiптi бұзған адамдарды - олармен бiрге тұратын азаматтардың арыздары бойынша арнаулы медицина мекемелерiне не iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiне жеткiзуге және оларда айыққанға дейiн ұстауға;
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды бақылау жөнiндегi заңда көзделген шараларды қолдануға, iшкi iстер органдарының уақытша ұстау изоляторларында және олардың маңындағы аумақтарда режимдiк талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; Iшкі iстер министрi белгілеген тәртiппен iшкi iстер органдарының уақытша ұстау изоляторларына ерекше жағдайлар режимiн енгізуге;
      прокурордың жазбаша өкiмi бойынша жиналысты, митингінi, демонстрацияны, шерудi, пикеттi ұйымдастырушылар аталған шараларды өткiзу тәртiбi туралы заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда, оларды тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға;
      қажет болған жағдайларда шаруашылық жүргізушi субъектiлер мен азаматтардың өрт қауiпсiздігі ережелерiн сақтауын тексеруде мемлекеттiк өрттен қорғау қызметіне жәрдем көрсетуге;
      төтенше жағдайларда барлық тұрғын, өндiрiстік және басқа да үй-жайларға бөгетсiз кiруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға бағытталған өзге де шаралар қолдануға өртке қарсы күрес және апаттан құтқару қызметiнiң күштерi мен құралдарын, көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың байланыс және химиялық қорғану құралдарын тартуға, қажет болған жағдайда, материалдық құндылықтарды қауiптi аймақтан көшiруге өкiм жасауға; құтқару жұмыстарын жүргiзу және төтенше жағдайларды жою кезеңiне цехтар мен объектілердiң жұмысын тоқтатуға;
      карантиндiк шаралар жүргiзiлген кезде, сондай-ақ құрамында есiрткi бар жабайы өсiмдiктер жаппай өсетiн, балықтың құнды тұқымдарының уылдырық шашатын жерлерiне, ұлттық парктердiң, мемлекеттік қорықтар мен заказниктердiң аумақтарына тиiсті атқарушы органдар мен лауазымды адамдардың шешiмiмен бақылау-өткiзу пункттерiн орнатуға;
      заңдарда белгiленген тәртiппен және реттерде көлiк құралдарын тоқтатуға және жүргiзушiлердiң оларды пайдалануға және жүргізуге құқық беретiн құжаттарын, жүктер мен оларды тасымалдауға құқық беретiн құжаттарын тексеруге; мас адамдарды, көлiк құралдарын жүргізуге немесе пайдалануға құқық беретiн құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ заңдарда көзделген басқа да жағдайларда, көлiк құралын жүргiзуден шеттетуге; заңдарда көзделген негiздер бойынша көлiк құралдарын ұстауға және Iшкi iстер министрлiгі белгiлейтін мәжбүрлеу тәртібiмен оларды республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан, ауылдық (кенттiк) округ, облыстық, аудандық маңызы бар қала әкiмдігінiң шешiмiмен жасалған арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға уақытша сақтау үшiн жеткізуге, сондай-ақ көлік құралдарын жүрiс бөліктерiн жауып тастауға; көшелер мен жолдарда көлiктiң және жаяу адамдардың қозғалысын, сондай-ақ оларда жүргізiлiп жатқан барлық жұмыстарды уақытша шектеуге немесе оларға тыйым салуға;
      өзге де мемлекеттік органдармен бiрлесiп, меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың, азаматтардың табиғат қорғау және малдәрiгерлiк заңдардың талаптарын, санитариялық нормалар мен ережелердi орындауын, ұйымдардың табиғат қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық және эпизоотияға қарсы шаралар жүргізуiн бақылауға; ұйымдар әкiмшiлігі өкiлдерiнiң қатысуымен бұл талаптардың орындалуына тексеру жүргізуге; қоршаған ортаға қауiп төндіретiн тәртiп бұзушылықтар, iндеттер мен эпизоотиялар пайда болған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстер мен учаскелердiң жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұруға;
      мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ ұйымдардың жол қозғалысының қауiпсiздігін қамтамасыз ету бөлігінде қызметiн бақылауға және орындалуы мiндетті ұйғарымдар беруге; автомобиль жолдарын, көшелерде, жол құрылыстарын, темiржол өткелдерiн, қалалық электркөлiгі желiлерiн, сондай-ақ автомотокөлiктiк техникасының жаңа үлгілерiн пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссиялардың жұмысына қатысуға; жол қозғалысы қауiпсiздiгiне, сондай-ақ көшелер мен жолдарды салуға және қалпына келтiруге қатысты ережелердiң, нормативтер мен стандарттардың, көлiк құралдарының конструкциялары мен жүргізушiлер даярлау жөніндегі оқу бағдарламаларының жобаларын келiсуге; техникалық жай-күйi жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн көлiк құралдарының пайдаланылуына тыйым салуға; ұйымдардың көлiк құралдарының, оларды пайдалануды жалғастыру жол қауiпсiздігіне қатер төнгізсе, ұйғарымдар орындалғанға дейiн, желiге шығарылуын тоқтата тұруға;
      ұйымдарға Үкiмет белгілеген тiзбелер бойынша қару-жарақ, оқ-дәрi, түрлi-түстi бейнедегі көбейткiш-көшiргiш техниканы, жарылғыш, күштi әсерi бар химиялық, есiрткi, психотроптық, улы және радиоактивтi материалдар мен заттарды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге, ал азаматтарға - қару-жарақ пен оқ-дәрiнi сатып алуға, өзiмен алып жүруге және сақтауға, әкелуге, әкетуге рұқсаттар бepугe; қару-жарақпен сауда жасайтын магазиндердi, атыс тирлерi мен стендтерiн, қару-жарақ жөндеу шеберханаларын ашуға рұқсаттар беруге;
      заңды тұлғаларға Үкiмет белгiлеген тiзбелер бойынша түрлi-түстi бейнелi көбейту-көшiру техникасын, жарылғыш, күштi әсерi ететін улы заттарды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге; азаматтық және қызметтiк қару мен олардың патрондарын, азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолдану арқылы жасалған бұйымдарды сақтауға, тасымалдауға әкелуге, әкетуге; есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласында объектілер мен үй-жайларды пайдалануға атыс тирлерi мен стендтердi ашуға, ал жеке адамдарға - азаматтық қару мен олардың патрондарын сатуға, сақтауға, алып жүруге, әкелуге, әкетуге рұқсат беруге;
      азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолдану арқылы жасалған бұйымдарды сақтаудың, есепке алудың, пайдаланудың, тасымалдаудың, жоюдың, әкелудiң, әкетудiң тәртiбiн белгілеуге;
      шарттар негiзiнде жеке адамдарды, меншiк иелерiнiң мүлкiн күзетудi жүзеге асыруға;
      келiсiм-шарттар негізiнде жеке тұлғаларды, меншiк иелерiнiң мүлкiн күзетудi жүзеге асыруға;
      халықтың құқық қорғау бағытында өз бетiнше iс-қимыл жасайтын қоғамдық жасақтарының жұмысына жәрдемдесуге;
      қоғамдық тәртiптi қорғауда қоғамдық қауiпсiздiкте қамтамасыз етуде және құқық бұзушылыққа қарсы күресте көзге түскен азаматтарды көтермелеуге;
      3) әскери-тергеу органдары:
      құқық бұзған әскери қызметшiлердi ұстауға және оларды әскери коменданттарға, әскери бөлiмдерiнiң командирлерiне немесе әскери комиссарларға беруге құқылы.";
      9) 33-бап алынып тасталсын;
      10) 34-баптың 2-тармағы алынып тасталсын;
      11) 35-бап алынып тасталсын.

      29. "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 15, 208-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат):
      1) 11-баптың 12) тармақшасы аударуды қажет етпейдi;
      2) 29-баптың 1-тармағының 7) тармақшасында "заңдарда" деген сөз "заңмен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 56-бапта "республикалық" деген сөз алынып тасталсын.

      30. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсіздiк органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233-құжат; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж. N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 6, 72-құжат):
      1) 8-баптың 1-тармағында:
      2) тармақшада "Президентi" деген сөз "заңнама" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) тармақшада "банктерде" деген сөз алынып тасталсын;
      2) 8-1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасында "банктерде" деген сөз алынып тасталсын;
      3) 9-баптың 2-тармағында "банктерде" деген сөз алынып тасталсын;
      4) 23-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ұлттық қауiпсiздiк органдарын қамтамасыз ету";
      1-тармақта "республикалық бюджеттің" деген сөздер "бюджет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) 25-бапта ", Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заңдарының" деген сөздер алынып тасталсын;
      6) 26-бап алынып тасталсын.

      31. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 163-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 189-құжат; 1999 ж., N 21, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 21, 396-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат):
      1) актiнiң нысаны және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
      2) мәтiн бойынша "Жарлығы", "Жарлықтан", "Жарлықта", "Жарлыққа" деген сөздер "Заңы", "Заңнан", "Заңда", "Заңға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 5-баптың 3-тармағының екiншi бөлігінде "салаларының (секторларының)" деген сөздер "салалары (секторлары) объектiлерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 14-3-бапта:
      1-тармақ "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң" деген сөздерден кейiн "немесе тиiстi жергiлiктi өкілетті органның" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ "Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекітуге" деген сөздерден кейін "немесе әкімдік тиiсті жергiлiктi өкiлеттi органға бекiтуге" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 16-баптың 3-тармағында "уәкілдiк берген органның" деген сөздерден кейiн "немесе тиiсті жергiлiктi атқарушы органның" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 17-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында "сатушы әзiрлеген және" деген сөздер алынып тасталсын;
      7) 20-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
      2-тармақта "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын.

      32. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 182-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат):
      1) 9-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың құзыретi";
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы органдар";
      1) тармақшада "көлемiнде" деген сөзден кейiн "және ... мерзiмге" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 13-баптың 2-тармағында "облыстық" деген сөзден кейiн "(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 18-баптың 2-тармағы алынып тасталсын;
      4) 53-баптың 2-тармағында "тау-кен бақылауы жөніндегі уәкiлдi" деген сөздер "өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсiз жүргізiлуiн қадағалау және тау-кендiк қадағалау жөнiндегi уәкiлетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 54-баптың 3-тармағында "арнайы уәкiлеттік атқарушы орган" деген сөздер "өнеркәсiпте жұмыстардың қауіпсiз жүргізiлуiн қадағалау және тау-кендiк қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органмен және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 56-баптың 2-тармағы алынып тасталсын;
      7) 57-баптың 5-тармағында "арнайы уәкiлдi атқарушы орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссиямен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      33. "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 240-құжат; 2000 ж., N 20, 377-құжат; 2003 ж., N 18, 43-құжат):
      1) 1-бапта:
      он жетiншi абзац "жол бермеу туралы" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегі" деген сөздермен толықтырылсын, "орган" деген сөз "органы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      он тоғызыншы абзац "тәртiбiн" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесiнiң" деген сөздермен толықтырылсын, "органдардың" деген сөз "органдарының" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жиырма бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдары - экспорттық бақылауға жататын қару-жарақтың, әскери техниканың, ядролық және арнайы ядролық емес материалдардың, екi ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялардың, жекелеген шикiзат түрлерiнiң, материалдардың, жабдықтардың, техникалық, ғылыми-техникалық ақпараттың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын, керi экспортын, импортын, керi импортын және транзитiн бақылауды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары.";
      2) 5-баптың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      экспорттық бақылау саласында мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеуде;
      3) 5-1-бапта:
      бесінші абзацта "уәкілетті органдар арқылы" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы он үшіншi абзацпен толықтырылсын:
      "осы заңға сәйкес сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (мәлiмдеушілерге) сыртқы экономикалық мәмiленi жүзеге асыруға рұқсат бередi";
      4) 7-бапта:
      бесiншi бөлiкте:
      "өкiлеттi" деген сөз алынып тасталсын;
      "тексеруiне" деген сөзден кейiн "экспорттық бақылау жүйесiне" деген сөздермен толықтырылсын;
      алтыншы бөлiкте "Лицензия берген" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi" деген сөздермен толықтырылсын, "орган" деген сөз "органы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      жетiншi бөлiкте "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жүйесi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 8-2-баптағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөнiндегі уәкiлеттi мемлекеттiк органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 11-баптың бiрiншi бөлігінде "Қазақстан Республикасының экспорттық бақылауды жүзеге асыруға өкiлеттi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын, "мен лауазымды адамдары" деген сөздер алынып тасталсын.

      34. "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 263-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат; 2000 ж., N 6, 145-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат):
      1) Тарауларда "I, II, III, IV, V, VI, VII, VIII, IX, Х, ХI" деген сандар "1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11" деген сандармен ауыстырылсын;
      2) III тараудың тақырыбындағы "және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) 10-бапта:
      үшiншi және төртiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы бағдарламаларды әзiрлеудi ұйымдастырады;
      - орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметiне басшылық етедi;";
      он екiншi абзацта "республикалық бюджет есебiнен" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы он жетiншi абзацпен толықтырылсын:
      "- авариялық-құтқару қызметтерiн (соның iшiнде, аэромобильді жасақтар) құрады.";
      4) 11-баптың екiншi бөлiгiнде:
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "орталық және жергілiкті атқарушы органдар мен ғылыми ұйымдардың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы жұмысын үйлестiредi;";
      сегізiншi абзацта "бөлiнген қаржы шегінде республикалық бюджет қаражатынан" деген сөздер алынып тасталсын;
      он екiншi абзацта "министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге және Қазақстан Республикасы Үкiметi құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдарға, жергіліктi атқарушы" деген сөздер "мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "- табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын aлу мен оларды жою жөніндегі бағдарламаларды әзiрлейдi;
      - авариялық-құтқару қызметтерiнiң (оның iшiнде аэромобильді жасақтардың) iс-әрекетiн қамтамасыз етедi.";
      5) 12-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12-бап. Орталық мемлекеттік органдардың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы өкiлеттiгi";
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Орталық мемлекеттік органдар өз құзыретi шегінде:";
      6) 13-бапта:
      тақырыбында "органдар мен жергіліктi өзiн-өзi басқару органдарының" деген сөздер "органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергіліктi өкiлдi органдары тиiстi (ведомстволық бағынысты) аумақтағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:";
      үшiнші бөлiкте:
      "Жергіліктi" деген сөздiң алдынан "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың)" деген сөздермен толықтырылсын, "органдар" деген сөз "органдары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екiншi абзацта "төтенше" деген сөздiң алдынан "жергілікті ауқымдағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың жергiлiктi қорларын құрады және пайдаланады;";
      мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Судан құтқару қызметтерiн ұйымдастыру облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ерекше қарауына жатады.";
      7) 21-бапта "министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың" деген сөздер "орталық мемлекеттік органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
      "24-1-бап. Материалдық-техникалық, медициналық және басқа ресурстар қорларын жасау, табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезiнде көлік құралдарымен қамтамасыз ету.
      Халықтың, қоршаған ортаның және шаруашылық жүргiзушi өзектiлердiң табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан кепiлдi қорғалуын қамтамасыз ету үшiн дер кезiнде материалдық-техникалық азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың мемлекеттiк резервi жасалады.
      Төтенше жағдайларды жою үшiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстары және көлiк құралдары жұмылдырылады, ал шұғыл медициналық жәрдемнiң және авариялық-құтқару қызметтерінің күштерi мен құралдары төтенше жағдайлар аймақтарына алдын ала бекітілген жоспарларға сәйкес бiрiншi кезекте жеткiзiлiп, керi қайтарылады.";
      9) 27-бап алынып тасталсын;
      10) 28-бап алынып тасталсын;
      11) 31-бапта "арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар және жергіліктi атқарушы органдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы мен жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 32-бапта "министрліктер, мемлекеттiк комитеттер, Қазақстан Республикасы Yкiметі құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдар" деген сөздер "орталық мемлекеттiк органдар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      35. "Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 ж. 15 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 273-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат):
      1) 3-баптың алтыншы абзацы алынып тасталсын;
      2) 5-баптың екiншi және үшiншi абзацтарындағы "министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) 6-бапта:
      бесiншi абзацта "министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де" деген сөздер алынып тасталсын;
      жетiншi абзац алынып тасталсын;
      4) 7-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органының өкiлеттігі";
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздігі жөніндегі орталық атқарушы органының қарауына мыналар жатады:";
      үшiншi абзацта "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
      бесiншi абзац алынып тасталсын;
      жетiншi абзацта ", сондай-ақ мамандар даярлау" деген сөздер алынып тасталсын;
      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жол жүрiсi қауiпсiздігі бөлігінде халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарды салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау кезiнде жұмыстың барлық түрлерiне бақылау жасауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;";
      оныншы абзацта "мен сертификаттауды" деген сөздер алынып тасталсын;
      он бiрiншi абзац "республикалық" деген сөздiң алдынан "халықаралық және" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 8-бапта:
      тақырыпта "Жергiлiкті" деген сөз "Аудандық (қалалық) жергіліктi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1 және 2-тармақтар "саласында" деген сөзден кейiн "аудандық (қалалық)" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      төртiншi абзац алынып тасталсын;
      бесiншi абзацта "министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, өзге де орталық атқарушы органдардың" деген сөздер алынып тасталсын, "мәселелерi жөнiндегi" деген сөздер "жөніндегi орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегiзiнші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "- аудандардың (қалалардың) автомобиль жолдарында қалалардың, аудандардың (қалалардың) елдi мекендерiнiң жол тораптарында құрылыс салу, қайта жаңарту, жөндеу, олардағы жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, енгiзу және күтiп ұстау, оларды күту, күзету және оларда қызмет көрсету объектілерiн жайғастыру жөнiндегі жұмыстарды орындау кезiнде жұмыстың барлық түрлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;";
      он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жол жүрiсi қауiпсiздiгін қамтамасыз ету саласында мамандар даярлау.";
      6) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар есеп беру жүйесiне кiретiн мәлiметтердi белгiленген тәртiппен сұратып алуға құқылы.";
      7) 11-бапта:
      1-тармақта "мемлекеттiк" деген сөз "салалық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "мемлекеттiк" деген сөз "салалық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "тиiсті бюджеттер" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 15-бапта:
      3-тармақта "азаматтарға" деген сөз "тұлғаларға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6-тармақта:
      "Азаматтарды", "азаматтың" деген сөздер "Тұлғаларды", "тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 17-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Жол жүрiсi қауiпсiздігін медициналық қамтамасыз ету жөнiндегi қызметті үйлестiрудi азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласына басшылық етудi жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының уәкiлетті орталық атқарушы органы жүзеге асырады.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Азаматтың көлiк құралдарын жүргізуiне тыйым салатын медициналық кiнараттарының тiзбесiн, медициналық куәландыру, тексеру тәртiбiн және олардың мерзiмiн азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласына басшылық етудi жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органы белгiлейдi.";
      10) 18-бапта:
      3-тармақта:
      үшiншi бөлiк мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) басқа мемлекеттерде тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағына екi айдан артық мерзiмге әкелiнген жеңiл, жүк автомобильдерi мен автобустар, олардың шассилерiнде жасалған арнайы автомобильдердi қоса алғанда, мотоциклдер мен мотороллерлер, автомобильдердiң құрамында жүруге арналған тiркемелер.";
      4) тармақша "мотоциклдер мен мотороллерлер" деген сөздерден кейiн ", автомобильдердiң құрамында жүруге арналған тiркемелер" деген сөздермен толықтырылсын;
      11) 22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жол жүрiсiн ұйымдастыру жөнiндегі шараларды оның қауiпсiздігі мен жолдардың өткiзу қабiлетiн арттыру мақсатында автомобиль жолдарын дамытуды, сақтауды, жөндеудi және оларды ұстауды қамтамасыз ететiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган, жергілiктi атқарушы органдар, қарамағында автомобиль жолдары бар заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ жол жүрiсi қауiпсiздігі жөнiндегi орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.".

      36. "Өрт қауiпсiздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 18, 368-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 20, 728-құжат; N 23, 931-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат; "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 ж. 1 қаңтардағы N 1 Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 ж. 29 желтоқсандағы Заңы, 2004 ж. 1 қаңтардағы N 1 "Казахстанская правда"):
      1) 2-тараудың тақырыбында "органдары мен жергілiктi өзiн-өзi басқару" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 5-бапта:
      төртiншi абзацта "министрлiктердiң және Қазақстан Республикасы Үкiметi құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың, жергілiктi атқарушы" деген сөздер "мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      жетіншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын өртке қарсы қызметтiң штат саны лимитін белгілейдi;";
      3) 6-баптың екiншi бөлiгінде:
      екiншi, үшiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы аумағындағы өрт қауiпсiздiгi саласындағы бағдарламаны әзiрлейдi және оның орындауын қамтамасыз етедi;
      орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы жұмысын үйлестiредi;";
      4) 7, 8-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-бап. Мемлекеттік органдардың өрт қауiпсiздігі саласындағы өкiлеттігі
      Мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретi шегінде:
      өрт қауiпсiздiгі саласында нормативтер, стандарттар мен ережелер әзiрлеп, келiседi, мемлекеттiк есеп жүргізедi және оның мәлiметтерiн Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгі жөніндегі орталық атқарушы органына береді;
      салалық өрттен қорғау-техникалық комиссияларын құрады;
      өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн бақылауды қамтамасыз етедi, өрттерден сақтандыру мен оларды жою шараларын жүзеге асырады.";
      "8-бап. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергілiкті атқарушы органдарының өрт қауiпсiздiгі саласындағы өкілеттігі:
      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының өрт қауiпсiздiгі саласындағы өкiлеттiгіне мыналар жатады:
      халықты және ұйымдарды өрт қауiпсiздiгі саласындағы шаралар туралы хабардар ету;
      өрттер салдарынан зардап шеккен азаматтар мен қызметкерлердiң әлеуметтік қорғалуын өз құзыретi шегінде қамтамасыз ету, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізушi объектiлерге келтiрiлген зиянды өтeу.";
      5) 10-бапта:
      төртінші бөлiкте:
      бесiншi абзац алынып тасталсын;
      он жетінші абзацта "халықтың өртке қарсы ерiктi құрамаларының" деген сөздер "қоғамдық өрт сөндiру бiрлестіктерiнiң (халықтың өртке қарсы ерiктi құрамаларының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегiзіншi және тоғызыншы бөлiктерде ", Астана және Алматы қалаларының", ", Астана, Алматы қалаларының" деген сөздер "(республикалық маңызы бар қалалардың астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 12-баптың бiрiншi бөлігінде "Мемлекеттік органдар, меншiк" деген сөздер "Меншiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7) 13-бапта "бiрлестiктер" деген сөзден кейiн "(өртке қарсы epiкті құрамалар)" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 14-баптың екiншi бөлігінде "уәкілетті" деген сөз алынып тасталсын;
      9) 19-баптың бiрiншi бөлiгiнде "арнайы уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар" деген сөздер "өрт қауiпсiздiгі саласындағы орталық атқарушы орган және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiкті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 20-баптың екiншi бөлігінде "өзiн-өзi" деген сөздер "мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 21-баптың екiнші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк органдар, меншік нысанына қарамастан ұйымдар өртке қарсы қызмет органдарына өpттep және оның салдарлары туралы есеп берiп отырады.";
      12) 22-баптың екiншi бөлігінде "республикалық, жергілiктi бюджеттердiң" деген сөздер "бюджет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "талдамалар" деген сөзден кейiн тұрған "республикалық" деген сөз алынып тасталсын.

      37. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 66-құжат):
      1) 16-баптың 7) тармақшасы алынып тасталсын;
      2) 102-бап алынып тасталсын.

      38. "Экологиялық сараптама туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 6, 67-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
      "Стратегиялық объект - iске асырылуы табиғи ресурстарды барлау, өндiру, тасымалдау, өңдеу, пайдалану, инфрақұрылым және республикалық маңызы бар энергетика, аэроғарыштық және әскери кешендер, байланыс саласындағы қызметпен байланысты сараптама объектісi.
      Трансшекаралық объект - iске асырылуы екi және одан да көп облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және/немесе шектес мемлекет аумағының қоршаған ортасына және тұрғындарының денсаулығына кері әсер ететiн немесе етуi ықтимал сараптама объектiсi.";
      2) 7-бапта:
      1) тармақшада "кез келген" деген сөз "стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мен оның жергілiктi жерлердегi аумақтық органдары стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектілерде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзуге тартатын орталық мемлекеттiк органдар;";
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердi қоспағанда, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) субъектілерiне мемлекеттік экологиялық сараптама ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органы;";
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) экологиялық сараптама жүргізу үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама органдары тартатын, тиiстi лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар (штаттан тыс сарапшылар).";
      3) 10-бапта:
      1-тармақтың 2), 3) тармақшалары алынып тасталсын;
      2-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органдар:";
      1) тармақшада "орындалуын қамтамасыз етедi және ұйымдастырады" деген сөздер "қамтамасыз етiлуiне және орындалуына қатысады" деген сөздермен ауыстырылсын, "мемлекеттік" деген сөз "өзге де" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақша алынып тасталсын;
      4) 11-бапта:
      1-тармақ алынып тасталсын;
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердегi мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және жүргізеді;";
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) сараптама комиссияларының адам құрамын белгiлейдi, оларда штаттан тыс сарапшылар ретiнде (заңды және жеке тұлғалар) жұмыс iстеуге экологиялық сараптама саласында жұмыс iстеуге лицензиясы бар, орталық және жергілiкті атқарушы органдарының, қоғамдық бiрлестiктер мен табиғат қорғау қозғалыстарының өкiлдерiн тартады;";
      11) тармақшада:
      "заңды тұлғалардан" деген сөздерден кейiн "стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлерге" деген сөздермен толықтырылсын, "министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, өзге де" деген сөздер алынып тасталсын;
      12) тармақшада "министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң," деген сөздер алынып тасталсын;
      5) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "12-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының экологиялық сараптама саласындағы құзыретi
      Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілiктi атқарушы органдары:
      1) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердi қоспағанда, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) субъектiлерiнiң шаруашылық қызметiне мемлекеттiк экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және жүргiзедi;
      2) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезiнде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырады және пiкiрлердiң есепке алынуын бақылайды;
      3) экологиялық сараптама саласындағы құжаттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізедi және мұндай құжаттардың бастамашы жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның қарауына жiбередi;
      4) сараптама жұмыстарын жүргiзу үшiн экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруға лицензиясы бар штаттан тыс сарапшыларды (заңды және жеке тұлғаларды) тартады.";
      6) 13-бапта:
      1-тармақта "оның жергілiкті жерлердегi бөлiмшелерiнiң" деген сөздер "өз құзыретi шегінде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ "атқарушы органының" деген сөздерден кейiн "және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 14-баптың 10) тармақшасы алынып тасталсын;
      8) 15-баптың 3-тармағында "орталық" деген сөзден кейiн "және жергiлiктi" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "органы мен оның жергілiктi жерлердегі бөлiмшелерiнiң" деген сөздер "органының (оның жергілiкті жерлердегi бөлiмшелерiнiң) немесе өз құзыретi шегінде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiкті атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның және оның жергiлiктi жерлердегі бөлiмшелерiнiң сараптама бөлiмшелерiнiң басшылары облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк экологиялық сарапшылары болып табылады.";
      11) 20-бапта:
      1-тармақта "сарапшылық орган" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "Экологиялық" деген сөз "Штаттан тыс сарапшылардың сараптама жұмыстарын жүргізуi мен оларға ақы төлеуге байланысты қатынастарды қоспағанда, экологиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 22-бапта:
      1-тармақта "бөлiмшелерi" деген сөзден кейiн "мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiкті атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органдарының сарапшылық кеңестерi туралы ережелердi, олардың қызметкерлерiнiң құрамдарын тиiсiнше Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiгі әзiрлеп, бекiтеді.";
      13) 25-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның сараптама қызметiнiң штаттағы қызметкерлерi, оның жергіліктi жерлердегi аумақтық бөлiмшелерi және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлікті атқарушы органдары;";
      2-тармақшада "органы мен" деген сөздерден кейiн "облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергіліктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 27-баптың 2-тармағы "органы" деген сөзден кейін ", оның жергіліктi жерлердегі аумақтық бөлiмшелерi мен облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен толықтырылсын;
      15) 33-бапта:
      1-тармақта "республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң" деген сөздер "бюджет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруға лицензиясы бар, штаттан тыс экологиялық сарапшылар (заңды және жеке тұлғалар) жүргiзетін сараптама жұмыстарына ақыны шаруашылық қызметтің бастамашысы (тапсырысшы) төлейдi.".

      39. "Авариялық-құтқару қызметтерi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 6, 69-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 8, 187-құжат):
      1) 1-баптың екiншi абзацында "авариялық-құтқару құрамасы" деген сөздерден кейін "оның iшiнде, әуеұтқыр отрядтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Нақты авариялық құтқару қызметтерi мен құрылымдарына жүктелетін міндеттердің толық тізбесін оны құрған орган айқындайды және авариялық-құтқару қызметтерi мен құрылымдары туралы ережемен және көрсетiлген қызметтер мен құрылымдардың жарғыларымен бекiтiледi.";
      3) 5-баптың үшiншi абзацында "жергілiктi атқарушы органдарға" және "және жарақтандыруда" деген сөздер алынып тасталсын;
      4) 6-бапта "газдан құтқару" деген сөздерден кейiн "суда құтқару" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 7-бапта:
      1-тармақтың екiншi абзацында "бөлiмшелер" деген сөздер кейiн ", суда құтқару қызметi" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "республикалық (соның iшiнде республикалық мемлекеттiк кәсiпорын ретiнде) және аумақтық - Қазақстан Республикасы Үкiметінiң шешiмi бойынша;";
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Кәсiби суда құтқару қызметтерiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органдары құрады.";
      6) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-бап. Авариялық-құтқару қызметтерi мен құрылымдарын құрамы мен құрылымын Қазақстан Республикасының Үкiметi, суда құтқару қызметiнiң - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгілейдi.";
      7) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Авариялық-құтқару қызметтерi мен құрылымдарын белгіленген тәртiппен тiркеудi (есепке алуды) төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы орган, суда құтқару қызметтерiн - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.";
      8) 11-баптың 3-тармағында "мемлекеттiк қадағалау органдары мен жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер алынып тасталсын;
      9) 13-бапта:
      1-тармақта "орталық атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылған" деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақта "барлық" деген сөз алынып тасталсын;
      10) 14-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мiндеттi құрылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын ауыстыру, қайта бейiмдеу немесе тарату туралы шешiмдердi:
      республикалық және аумақтық кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарына қатысты - төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметі;
      кәсiби суда құтқару қызметтерiне қатысты - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiкті атқарушы органдары;
      объектілiк кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарына қатысты - төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органның келiсiмi бойынша ұйым басшысы қабылдайды.";
      3-тармақта "осы Заңның 13-бабына сәйкес көрсетiлген құралымдардың қызметiн үйлестiру функциясы жүктелген органдарға" деген сөздер "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 16-баптың 1-тармағында:
      бесiншi абзацта "орталық және жергілiктi атқарушы органның" деген сөздер "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "Суда құтқару қызметтерiн төтенше жағдайларды жоюға тартуды - аумағында төтенше жағдайлар болған, құзыретiне көрсетiлген төтенше жағдайларды жою басшыларының сұрауы негiзiнде, не көрсетiлген органдар мен төтенше жағдайларды жою басшыларының келiсiмi бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органы жүзеге асырады.";
      12) 29-баптың 2-тармағы алынып тасталсын.

      40. "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 38-құжат):
      1) мәтiнде "уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың", "уәкiлеттi мемлекеттік органдармен", "уәкілетті мемлекеттiк органды", "уәкiлетті мемлекеттік органдар", "уәкiлеттi мемлекеттік органмен", "атом энергиясын пайдалану жөнiндегі мемлекеттiк уәкiлетті органдар" деген сөздердi "атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi органдар", "атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi органды", "атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк уәкілетті органмен", "атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк уәкілетті органды", "атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган", "атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк уәкілетті органмен", "атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы үкiметтiң құзыретi
      Қазақстан Республикасының Үкiметі мыналарды:
      атом энергиясын қауiпсiз пайдалануды мемлекеттiк тұрғыдан реттеу, атом энергиясын пайдаланатын, қызметкерлер мен халыққа радиациялық әсерi бар қызмет түрлерiн қадағалау және лицензиялауды;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық сараптаманы;
      атом энергетикасы мен өнеркәсiптi басқаруды және дамытуды айқындайды";
      3) 8-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретi";
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттiк орган мыналарға мiндеттi:";
       4) 9-баптың бiрiншi бөлiгiнде "(басшылары, басшыларының орынбасарлары)" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) 18-баптың 3-тармағының жетiншi абзацы алынып тасталсын.

      41. "Тұрғын ұй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 8, 84-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 13, 431-құжат; 1999 ж., N 23, 923-құжат; 2001 ж., N 15-16, 228-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2003 ж., N 11, 66-құжат):
      1) 4-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгiнде "арнаулы уәкiлеттi орган немесе адам" деген сөздер "құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 97-бапта:
      2-тармақтың екiншi бөлігінде "жергiлiктi бюджеттер" деген сөздер "бюджет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жергілiктi атқарушы органдар" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (аудандық маңызы бар қаланың) жергілiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 109-баптың 2-тармағында "заңдарымен" деген сөз "Үкiметiмен" деген сөзбен ауыстырылсын.

      42. "Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 8, 86-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат):
      1) мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2-баптармен толықтырылсын:
      "3-1-бап. Азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құзыретi
      Азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган:
      1) халыққа психиатриялық жәрдем көрсету және қызмет көрсетуде азаматтардың құқықтарын кепiлдендiрудi қамтамасыз етедi;
      2) халыққа психиатрлық жәрдем көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жүргiзудi және қызмет көрсетуде азаматтардың құқықтарын кепiлдендiрудi халықаралық және салааралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      3) халыққа психиатрлық жәрдем көрсету саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргізудi және қызмет көрсетуде азаматтардың құқықтары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      4) Қазақстан Республикасының аумағында психиатр-дәрiгерлердiң кәсiби қызметiне, психиатриялық және психоневрологиялық ұйымдарға бақылау жасауды жүзеге асырады;
      3-2-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілiктi атқарушы органдарының құзыретi
      Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілiктi атқарушы органдары:
      1) тиістi аумақта психиатриялық жәрдем көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру саласында халыққа психиатрлық жәрдем көрсету және қызмет көрсету кезiнде азаматтардың құқықтарын кепiлдендiру;
      2) психиатриялық жәрдемдi жүргiзудi ұйымдастыру кезiнде қатынастарды реттейтiн, оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берiлетін кепілдiктердi белгілейтiн Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етедi;
      3) тиісті аумақта психиатриялық жәрдем көрсететiн мемлекеттiк медицина ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етедi;
      4) тиiсті аумақта психиатр-дәрігерлердің кәсiби қызметiне, психиатриялық және психоневрологиялық ұйымдарға бақылау жасауды үйлестiредi және жүзеге асырады;
      5) халыққа психиатриялық жәрдем көрсету және азаматтарға қызмет көрсету кезiнде құқықтарын кепiлдендiру саласындағы өңіраралық өзара іс-қимылды және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.";
      2) 16-бапта:
      2-тармақта:
      2) тармақшада ", сондай-ақ ересектерге арналған кәсiптік қайта оқыту" деген сөздер алынып тасталсын;
      4) және 5) тармақшалар алынып тасталсын;
      4-тармақ алынып тасталсын;
      3) 18-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      4) 43-баптың 1-тармағында:
      4) тармақшада "және өзге де" сөздер алынып тасталсын;
      7) тармақшада "кезеңiмен және" деген сөзден кейiнгі "өзге де" деген сөз алынып тасталсын;
      5) 44-баптың 2-тармақта "Қазақстан Республикасының мемлекеттік уәкiлетті органдары" деген сөздер "құзыретi шегінде азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтiк білiм беру саласына жетекшілік ететiн орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      43. "Мемлекеттiк статистика туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентi Жаршысы 1997 ж., N 9, 91-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат; 2002 ж., N 1, 3-құжат; 2002 ж., N 17; 155-құжат):
      1) 9-1-бабының екiншi бөлігінде "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бөлiнетiн қаражат есебiнен" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 10-баптың сегізiншi және тоғызыншы абзацтары алынып тасталсын;
      3) 14-бап алынып тасталсын.

      44. "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентi Жаршысы, 1997 ж., N 9, 93-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат):
      1) 5-бапта:
      екiншi бөлiкте "орталық және" деген сөздер алынып тасталсын;
      бесiншi абзац алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Орталық атқарушы орган халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөнiндегi күштер мен құралдар құруды, дайындауды және пайдалануға әзiрлiкте ұстауды қамтамасыз етедi, зардап шеккендерге көмек көрсетеді.";
      2) 6-баптың 3-тармағының бiрiншi абзацы "басшылары" деген сөзден кейiн "өз құзыретi шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 12-баптың бiрiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азаматтық қорғаныс күштерi Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнен, аумақтық, объектiлiк құрамалар мен Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамаларынан, жедел-құтқару отрядтарынан, өртке қарсы мемлекеттiк қызмет бөлiмшелерiнен тұрады.";
      4) 14-бапта:
      3-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "республикалық", "қатынас қиын аудандарда, аса күрделi объектiлерде" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi бөлiкте "республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
      4-тармақ алынып тасталсын;
      5) 16-баптың 1-тармағының үшiншi абзацында "орталық және жергілiктi атқарушы органдарда" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 17-баптың 2-тармағында "облыстар" деген сөзден кейiн "(республикалық маңызы бар қалалар, астана)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "қалалар, аудандар" деген сөздер алынып тасталсын;
      7) 22-бапта:
      тақырыпта ("Жергілiктi өкiлдi және атқарушы органдардың" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілiктi өкiлдi органдары өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.";
      екiншi бөлiкте "Жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацта "авариялық-құтқару" деген сөздер "суда құтқару" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 28-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Азаматтық қорғаныстың шараларын қаржыландыру бюджет қаражатының және ұйымдардың өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.";
      3-тармақ алынып тасталсын;
      9) 29-бап алынып тасталсын.

      45. "Қазақстан Республикасында мүгедектiгі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126 Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1997 ж., N 11, 154-құжат; 1999 ж., N 8, 239-құжат; N 23, 925-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2003 ж., N 1-2, 13-құжат):
      1) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
      2) "1-1-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы органдар
      1. Уәкiлеттi мемлекеттік орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган;
      2. Уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - осы Заң шарттарымен функцияларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген заңды тұлға;
      3. Жәрдемақы төлеу жөнiндегі уәкiлеттi орган - Орталықтың аумақтық бөлiмшелерi;
      4. Жәрдемақы тағайындау жөнiндегі уәкiлетті орган-орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерi.";
      2) 2-бапта "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
      3) 3-баптың 2, 3, 4, 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жәрдемақылар тағайындау туралы өтiнiш жәрдемақыға құқығы бар адамның тұрғылықты жерi бойынша жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға берiледi, оған тiзбесiн мемлекеттiк уәкiлетті орган бекітетін құжаттар қоса тiркеледi.
      3. Азаматтарға жәрдемақы тағайындауды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкілетті орган жүзеге асырады.
      4. Жәрдемақылар тағайындауға арналған құжаттарды қарауды жәрдемақы төлеу жөнiндегі уәкілетті орган құжаттар табыс етiлген күннен бастап 10 күн мерзiм iшiнде жүзеге асырады.
      Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн 5 күннен кешіктiрмей ол туралы өтiнiш берушiге хабарлайды.
      Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган бас тартылу себебiн жазбаша уәждемелеуге және құжаттарды өтiнiш берушiге қайтаруға мiндеттi.
      5. Жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.";
      4) 4-бапта:
      "халықты әлеуметтік қорғау органына" деген сөздер "жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жәрдемақының бiр түрiнен басқа түріне ауыстыру туралы өтiнiш беру, құжаттарды қарау, шешiм қабылдау тәртiбi, сондай-ақ осындай жәрдемақыны төлеу осы Заңның 3-тармағының 2, 3, 4, 5-тармақшаларына сәйкес жүргiзiледi.";
      5) 5-баптың 4-тармағында "халықты әлеуметтік қорғау органының" деген сөздер "жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 6-баптың 3-тармағында "тағайындайтын және төлейтiн органның" деген сөздер "тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 8-баптың 3-тармағындағы "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттiк орталық" деген сөздер "Орталық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      8) 9-баптың екiншi бөлiгiнде "халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерi" деген сөздер "жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 10-бапта:
      1-тармақта "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi" деген сөздер "жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде "халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiне" деген сөздер "жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға" деген сөздермен және тиiсiнше "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi" деген сөздер "жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 12-баптың 5-тармағында, 16-бапта және 17-бапта "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттік орталықтан" деген сөздер "Орталықтан" деген сөзбен ауыстырылсын;
      11) 20-баптың 1-тармағында "тиісті бюджеттердің" деген сөздер "бюджет" деген сөздермен ауыстырылсын.

      46. "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 182-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 21, 778-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 150-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 19-20, 147-құжат):
      1) 5-баптың екiншi және үшінші абзацтары алынып тасталсын;
      2) 6-бапта:
      1-1 және 1-2-тармақтар алынып тасталсын;
      2-тармақта "мемлекеттiк" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 7-бапта:
      1-тармақта:
      бесiншi, алтыншы абзацтар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын;
      "шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөніндегі мемлекеттiк, салалық бағдарламалар аясында бұл қызметті қаржыландыру арқылы шағын кәсiпкерлiктің инфрақұрылымдарын қолдауды және дамытуды қамтамасыз етедi.";
      2-тармақта:
      1) және 2) тармақшалардың бiрiншi абзацтарында "Жергілiктi" деген сөздер "Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшаның үшiншi және бесiншi абзацтары алынып тасталсын;
      2) тармақшада:
      бiрiншi абзацта "жергілiктi" деген сөз "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзацта "оларды қаржымен қамтамасыз етудi" деген сөздер алынып тасталсын;
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "технопарктер торабын, лизингтік орталықтарды, шағын инновациялық қызметтiң орталықтарын, еншiлес фирмаларды және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мақсатында құрылатын басқа да инфрақұрылым объектілерін құру бойынша iс-шаралар әзiрлейдi;";
      бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "шағын кәсiпкерлiктiң субъектілерiне ғимараттар, құрылыстар, өндiрiстік үй-жайлар және коммуналдық меншіктегi өзге де мүлiктердi жеңілдікпен беру арқылы шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымдарын қолдау мен дамытуды қамтамасыз етеді.";
      3-тармақта "салалық" деген сөз алынып тасталсын;
      4) 9-бапта:
      1, 2-тармақтар алынып тасталсын;
      4-тармақта "олардың" деген сөздерден "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақта "бақылауды" деген сөзден кейiн "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 12, 13 және 14-баптар алынып тасталсын;
      6) 15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органдары шағын кәсiпкерлiктi дамыту, шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнiң мүдделерiн ұжымдық қорғау мақсатында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен өзара iс-қимылды жүзеге асырады.".

      47. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат):
      1) 1-баптың 20-тармақшасы алынып тасталсын;
      2) 6-баптың 1-тармақшасында "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) 18-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында "республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
      4) 64-баптың 1-тармағында "республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
      5) 65-бапта:
      1 және 2-тармақтарда "республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
      3-тармақта:
      "Республикалық және жергiлiктi бюджеттер" және "тиiстi бюджеттiң қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын, "республикалық бюджеттен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 67-баптың 1-тармағында "мемлекеттiк бюджеттен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      48. "Сот приставтары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 201-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат):
      1) 11-бапта "республикалық" деген сөз алынып тасталсын.

      49. "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 202-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "терминологиялық комиссия - экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттің барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган;
      ономастикалық комиссия - географиялық объектілерге ат қоюдың және атауларын өзгертудiң бiрыңғай көзқарасын қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдануды және есепке алуды ретке келтiру, тарихи атауларды Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгі ретiнде қалпына келтіру, сақтау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган;
      уәкілетті орган - тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыруға жауапты орталық атқарушы орган.";
      2) 23-баптың төртiншi бөлiгінде "терминология, ономастика жөніндегі тиісті мемлекеттік" деген сөздер "терминологиялық және ономастикалық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "25-бап. Уәкiлетті органның құзыретi
      Уәкiлетті орган:
      1) тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      2) тiлдердi қолдану және дамыту бағдарламасы мен өзге де нормативтік құқықтық актiлердi әзiрлейдi;
      3) орталық және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органдарда тiл туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      4) тiл туралы заңнама талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаулар бередi, тиісті органдарға тiл туралы заңнаманың бұзылуына кiнәлi лауазымды тұлғаларға тәртiптiк жаза қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi;
      5) тілдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі қызметтiң ақпараттық, әдiстемелiк қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады;
      6) терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметiн үйлестіреді.";
      4) мынадай мазмұндағы 25-1, 25-2 және 25-3-баптармен толықтырылсын:
      "25-1-бап. Ономастикалық комиссияның құзыреті
      1. Республикалық ономастикалық комиссияны Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      Қазақстан Республикасының Президентiне облыстарға, аудандар мен қалаларға ат қою және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы қорытынды енгізу;
      Қазақстан Республикасының Үкiметіне оның құзыретi шеңберiндегі физико-географиялық, топонимикалық, өнеркәсiптiк және өзге де объектiлерге ат қою және олардың атауларын өзгерту туралы қорытынды енгізу мақсатында құрады.
      2. Облыстық ономастикалық комиссияларды облыстың жергілiктi атқарушы органы:
      ауылдық (селолық) округтерге, кенттерге, ауылдарға, селоларға ат қою және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту;
      облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретi шеңберiндегі физико-географиялық, топонимикалық, өнеркәсiптiк және өзге де объектiлерге ат қою және олардың атауларын өзгерту туралы қорытынды дайындау және енгізу мақсатында құрады.
      3. Қалалық ономастикалық комиссияларды:
      1) қалалардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары қаладағы аудандарға, алаңдарға, даңғылдарға, бульварларға, көшелерге, қиылыстарға, парктерге, скверлерге, көпiрлерге және қаланың басқа да құрамдас бөлiктерiне ат қою және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту;
      қалалардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органдарының құзыретi шеңберiндегi физико-географиялық, топонимикалық, өнеркәсiптiк және өзге де объектiлерге ат қою және олардың атауларын өзгерту туралы қорытынды дайындау және енгізу мақсатында құрады;
      2) облыстық маңызы бар қаланың жергілiктi атқарушы органдары қаладағы аудандарға, алаңдарға, даңғылдарға, бульварларға, көшелерге, қиылыстарға, парктерге, скверлерге, көпiрлерге және қаланың басқа да құрамдас бөлiктерiне ат қою және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы қорытынды дайындау және енгiзу мақсатында құрады.
      "25-2-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының құзыретi
      Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органы:
      1) тiлдердi қолдану және дамытудың өңiрлiк бағдарламасын әзiрлейдi және бекiтедi, оның орындалуын қамтамасыз етедi;
      2) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және аудандық атқарушы органдардың тiл туралы заңнаманы сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      3) тiл туралы заңнама талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаулар бередi, тиiстi органдарға тiл туралы заңнаманың бұзылуына кiнәлi лауазымды тұлғаларға тәртiптiк жаза қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi;
      4) мемлекеттiк және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенiн жүзеге асырады;
      5) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ономастикалық комиссиясының қызметiн қамтамасыз етедi.
      "25-3-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының құзыретi
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергіліктi атқарушы органы:
      1) Тiлдердi қолдану және дамытудың өңiрлiк бағдарламасын аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлейдi және жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;
      2) мемлекеттiк және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейдегі iс-шараларды жүргiзедi;
      3) облыстық атқарушы органдарға ауылдық (селолық) округтерге, кенттерге, ауылдарға, селоларға ат қою және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныс енгізедi.";
      5) 26-бап алынып тасталсын.

      50. "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 206-құжат; 1998 ж., N 22, 307-бап; 2000 ж, N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 48-құжат; N 12, 86-құжат):
      1) 1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында "жергiліктi атқарушы органдардың" деген сөздерден кейiн "аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 8-баптың 5) тармақшасында "жекеше нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тiзiлiмiн" деген сөздер "нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзілімiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 13-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      4) 23-баптың тақырыбында "жергіліктi атқарушы органдардың" деген сөздер "аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 30-баптың 1-тармағында "жергілiктi атқарушы органның" деген сөздер "аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 31-бапта:
      1-тармақ "мемлекеттiк нотариустың" деген сөздерден кейiн "және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң лауазымды адамдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ "нотариустың" деген сөздерден кейiн "және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің лауазымды адамдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 32-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) нотариаттық iс-қимыл жасайтын аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң лауазымды адамдарын аттестациялау туралы ереженi әзiрлейдi және бекiтедi;";
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың бiрыңғай Мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ереженi әзiрлейдi және бекiтеді;";
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) нотариустардың қызметiн лицензиялайды;";
      мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын:
      "10) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тізiлiмiн жүргізедi және ведомстволық баспа басылымында лицензия берiлген адамдар туралы мәлiметтердi жариялайды;
      11) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның күшiн тоқтату және тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды, сондай-ақ нотариустардың лицензияларын қайтарып алу туралы талап-арыздарға бастамашылық етедi;
      12) мәмiлелердегі және нотариустар куәландыратын құжаттардағы нотариаттық іс-қимылдардың, нотариаттық куәлiктер мен қаулылардың, куәландыратын жазулардың тiркелу тізiлiмдерiнiң нысанын бекiтедi;
      13) жекеше практикамен айналысатын нотариустардың аттестациядан өту тәртiбiн бекiтедi;
      14) Республикалық нотариаттық палатаның келiсiмi бойынша нотариустардың қызметiн бақылау тәртiбiн бекiтеді;
      15) кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткiзу туралы ереженi бекiтедi;
      16) өз құзыретi шегiнде нотариаттық қызметтi осы Заңға сәйкес реттеудi жүзеге асырады.";
      8) 33-бапта:
      1-тармақта:
      3) тармақшада "жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың aуылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының" деген сөздермен толықтырылсын";
      4) тармақшада "Мемлекеттік нотариустар" деген сөздерден кейiн "және лауазымды тұлғалар, аудандық маңызы бар қалалардың әкiмдер аппараттар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (мекендiк) округтер," деген сөздермен толықтырылсын;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) халыққа мемлекеттік және жекеше нотариустар қызметiнiң аумағы туралы хабарлайды;";
      мынадай мазмұндағы 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:
      10) нотариаттық iс-қимыл жасауға уәкiлеттi жергілiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарын аттестациялауды жүргiзедi;
      11) осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік нотариатты оңтайландыру жөнiндегі іс-шараларды жүзеге асырады.";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) нотариустың лицензия беру қызметi тоқтатылған жағдайда, тиiстi нотариустық округте қызметі тоқтатылған нотариустың құжаттарын басқа нотариусқа немесе жекеше нотариаттық мұрағатқа беру, сондай-ақ лицензияны лицензия берушiге беру үшін алу және нотариустың жеке мөрiн жою бойынша шаралар қабылдайды.";
      9) 35-баптың тақырыбында және 1-тармақта "жергiлiктi атқарушы органның" деген сөздер "аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппаратының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 46-баптың 1-тармағында "жергіліктi атқарушы органдардың" деген сөздер "аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      51. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 213-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 13-14, 171-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат):
      1) бiрiншi бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Стратегиялық объект - iске асыру табиғи ресурстарды пайдалану, барлау, өндiру, тасымалдау, қайта өңдеу, пайдалану, аэроғарыш және әскери кешендердiң республикалық маңызы бар инфрақұрылымы, байланыс, республикалық маңызы бар энергетика саласындағы қызметпен тiкелей байланысты сараптама объектi.
      Трансшекаралық объект - iске асыру екi немесе одан да көп облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), және/немесе мемлекеттiң шектес аумақтардың қоршаған ортасы мен адамдарының денсаулығына зиянды ықпал ететiн немесе етуi мүмкiн сараптама объекті;
      Экологиялық қауiптi объект - iске асыру адамдардың денсаулығы  мен қоршаған ортаға зиянды ықпал ететiн немесе етуi мүмкін сараптама объект;
      Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар - қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдық, әлеуметтiк және экономикалық шаралар кешенi.";
      2) 7-бапта:
      екiншi абзацта "және тактикалық" деген сөздер алынып тасталсын;
      жетiншi абзац алынып тасталсын;
      сегізiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "заңнамада белгіленген жағдайларда табиғи ресурстарды облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) үшiн табиғат пайдалануға беру туралы қаулылар шығарады, шарттар (келiсiм-шарттар) жасайды;";
      оныншы абзацта "сондай-ақ қоршаған ортаның ластану учаскелерi мен көздерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      он бесiншi абзацта:
      "бұл салада" деген сөздер "осы салалардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "арнаулы уәкілетті органдардың тiзбесiн" деген сөздер "арнаулы уәкiлетті мемлекеттiк органдар туралы ереженi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он сегізiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізудiң тәртiбiн белгілейдi.";
      мынадай мазмұндағы он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "табиғат қорғауға жататын iс-шаралар тәртiбiн айқындайды;
      облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) үшін лимиттер мен квоталарды белгiлейдi.";
      3) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-бап. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретi
      Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы:
      қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару мiндеттерiн жүзеге асыратын өзге де орталық атқарушы органдардың қызметiн үйлестіредi;
      өз құзыретi шегiнде экологиялық нормативтер мен шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық талаптарды бекiтедi немесе келiседi;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiне, экологиялық аудиторлық қызметке, табиғат қорғауды жобалау мен нормалауға, экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарға лицензиялар бередi, табиғат пайдалануға рұқсат бередi, қоршаған ортаның ластанғаны үшiн төлемнiң есептiк ставкаларын белгілейдi;
      облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) үшiн қоршаған ортаның ластануына лимиттер мен квоталар әзiрлейдi;
      қоршаған ортаның мемлекеттiк мониторингі бойынша жұмыс жүргізедi, сондай-ақ қоршаған орта мониторингі мен табиғи ресурстардың бiрыңғай жүйесiне басшылық етедi, өндiрiстік мониторинг жүргізудiң үлгілiк тәртiбiн бекiтедi;
      трансшекаралық объектiлер мен шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын объектілерде мемлекеттiк экологиялық сараптама ұйымдастырады және жүргiзедi;
      жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерiнiң мемлекеттік кадастрын жүргізедi, Қызыл кiтаптың шығарылуын қамтамасыз етедi;
      қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастыққа қатысады;
      мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және өз құзыретi шегiнде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы өндiрiстік бақылау туралы ереженi келiседi;
      өз аумақтық органдары арқылы су объектілерiн ұтымды пайдалану мен қорғаудың жоспарларын келiсуге, су объектілерінiң мониторингiн жүргізуге, өз құзыретi шегінде су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға, бассейндiк келiсiм-шарттарды дайындауға және олардың жүзеге асырылуын бақылауға, су объектілерiн пайдалану, молайту және қорғау жөніндегі мемлекеттік (өңiрлiк, бассейндiк) бағдарлама үшiн ережелердi әзiрлеуге, сондай-ақ су ресурстарын басқарудың бассейндiк қағидатын iске асыруға қатысады;
      өз құзыретi шегiнде жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      жергілiкті маңызы бар қоршаған ортаны қорғау жөніндегi iс-шаралардың бағдарламалары және жоспарларымен келiседi;
      табиғи ресурстарды және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың экологиялық талаптарын сақтауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың тiзбесiн әзiрлейдi әрi бекiтедi.";
      4) 9-бапта "өзге де орталық атқарушы органдарының" деген сөздер "арнаулы уәкiлеттi мемлекеттік органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 10-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "10-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) өкiлді және атқарушы органдардың құзыреті";
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) өкiлдi органдар:";
      екiншi абзацта:
      "экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң тактикалық мiндеттерiн орындау үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      "бағдарламаларды" деген сөзден кейiн "және iс-шаралар тiзбесiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi және алтыншы абзацтар алынып тасталсын;
      төртiншi абзац "жергілiкті атқарушы" деген сөздердiң алдынан "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын, "органдар мен ұйымдар" деген сөздер "органдары мен ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiкте:
      "eceптep негiзiнде" деген сөздер "есептерден төмен емес ставкаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "қоршаған ортаны ластауға (аудандар мен қалалар бөлiгінде) лимиттердi айқындайды.";
      2-тармақта:
      бiрiншi абзацта "Жергiлiктi" деген сөз "Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады және мынадай мәселелер бойынша табиғат пайдалануды реттейдi:
      заңды және жеке тұлғалардың табиғат пайдалану объектiлерiн салуды және қайта жөндеудi қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы орындауы;
      шағын өзендер мен су қоймаларын қорғау, олардың ластануын, тасқын сулардың, су басулардың, жағаның бұзылуы және судың басқа да әсерiнiң алдын-алу және жою жөнiндегi iс-шараларды орындауы;
      атмосфералық ауаның ластануын азайту мақсатында көлiк ағындарын реттеу;
      қалалар мен кенттер аумақтарының қоқыстануын бақылау;
      жердi тозудан, шөлденуден, су және жел эрозиясынан, селден, батпақтанудан, қайталама орнығудан, құрғақтанудан, тығызданудан, өндiрiс пен тұтынудың тұрмыстық және қауiптi қалдықтарымен ластанудан қорғау;
      жердi өздiгінен басып алу, ағаштарды заңсыз кесу жағдайларын анықтау;
      орман және далалық өрттерден қорғау, орманның орта құрайтын және орта қорғайтын функцияларын сақтауды, сондай-ақ отырғызылымдарды, дәрiлiк, тамақ және техникалық шикiзатты уақтылы қалпына келтiру жағдайын қамтамасыз ететiн тәсiлдермен және әдiстермен жұмыс жүргiзу;
      шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезiнде биологиялық әртүрлiлiк қатерiнiң алдын алу және оның терiс әсерiн жою, қорғау және атмосфералық ауаны сауықтыру, жерлердi резервтеу үшiн шаралар қабылдау.";
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiлген, қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөнiндегi iс-шараларды көздейтiн бағдарламалар мен өзге де құжаттарды әзiрлеудi және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының бекiтуiне ұсынуды ұйымдастырады.";
      алтыншы абзац алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердi қоспағанда, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн шаруашылық қызметке мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және өткiзедi;
      мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырады;
      қоршаған ортаны қорғау жөнiнде iс-шаралар өткiзедi;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен кәсiпорындардың табиғат пайдалануын басқаруды жүзеге асырады;
      қоршаған ортаны ластауға квоталарды айқындайды (аудандар мен қалалар бөлiгiнде).";
      6) 14-бапта:
      үшiншi абзацта:
      "беру туралы" деген сөздерден кейiн "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын, "органдардың" деген сөз "органдарының" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары" деген сөздер алынып тасталсын;
      7) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "15-бап. Қоршаған ортаны ластауға және табиғи ресурстарды алып қоюға лимиттер мен квоталар
      Қоршаған ортаны ластауға лимиттер мен квоталарды облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) үшін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген лимиттер мен квоталар шегінде жергілiктi өкiлдi және атқарушы органдар айқындайды, табиғи ресурстарды алып қоюға - қолданылып жүрген нормативтерге және шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын талаптарға сәйкес осы ресурстарды пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілетті орган айқындайды.";
      8) 17-бапта "ұлттық (мемлекеттiк) бағдарламаларға сәйкес бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздер алынып тасталсын;
      9) 20-баптың 1-тармағында:
      бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "қоршаған орта сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, орнын толтыруға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға;";
      сегізiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерi жүзеге асырылған кезде қоршаған ортаға өндiрiстiк мониторинг пен бақылау жүргiзуге;";
      10) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "21-бап. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы лицензиялануға тиiстi қызмет түрлерi
      Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында:
      1) шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерi;
      2) экологиялық аудиторлық қызмет;
      3) экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалау, нормалау және жұмыстар мiндеттi түрде лицензиялануы тиiс.";
      11) 22-баптың бiрiншi бөлігінде ", олардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi" деген сөздер алынып тасталсын;
      12) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган жүзеге асырады және онда:";
      13) 25-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Өндiрiстік мониторингтің деректерi мен трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектілердiң қоршаған ортаға ықпал етуi туралы есептiлiк Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына, шаруашылық қызмет субъектілерiнiң ықпал етуi - жергілiктi атқарушы органдарға заңдарда белгіленген мерзiмдерде берiлiп отырады.";
      4-тармақ "орталық атқарушы органға" деген сөздерден кейiн "және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiкті атқарушы органына" деген сөздермен толықтырылсын;
      14) 26-бапта:
      сегiзiншi абзац алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қоршаған ортаның ластануынан келген нұқсандарды экономикалық бағалау және өтеу.";
      15) 27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру:
      бюджет қаражаты;
      экологиялық сақтандыру қаражаты;
      табиғат пайдаланушылардың өз қаражаты;
      заңды және жеке тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырмалдықтары есебiнен жүргізiледi.";
      16) 29-баптың үшiншi бөлiгіндегi бiрiншi сөйлем алынып тасталсын;
      17) 31-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру қоршаған ортаны қорғауды тиiмдi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға - табиғат пайдаланушыларға заңнамада көзделген жеңiлдiктер мен преференциялар беру және ынталандыратын сипаттағы өзге де шаралар арқылы жүзеге асырылады.";
      18) 51-баптың 3-тармағының 4) және 5) тармақшалары алынып тасталсын;
      19) 54-баптың бiрiншi бөлiгiнде "қоршаған ортаны қорғау саласында арнаулы уәкiлеттi мемлекеттік органдардың" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның, оның жергілікті жерлердегі аумақтық бөлiмшелерiнiң және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 58-баптың екiншi бөлiгінде "арнайы мемлекеттік уәкілетті органдардың" деген сөздер "орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) 60-баптың 1-тармағы "көму" деген сөзден кейiн "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын, "органдардың" деген сөз "органдарының" деген сөзбен ауыстырылсын;
      22) 64-баптың бiрiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы экологиялық сараптама туралы заңнамада айқындалған құзырет шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органдары жүргізедi.";
      23) 67-баптың 2-тармағы алынып тасталсын;
      24) 75-баптың екiншi бөлiгiнде "республикалық бюджет" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      25) 77-бапта:
      1-тармақ "орган мен" деген сөздерден кейiн "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын, "органдар" деген сөз "органдары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының лауазымды адамдары өздерi қызметкерлерi болып табылатын органдардың құзыреті шегінде мыналарға құқылы:";
      оныншы абзацта "залал" деген сөзден кейiн ", оның iшiнде құндық" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органдарының лауазымды адамдарының өз өкiлеттігі шегінде қабылдаған шешiмдерiн барлық заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндетті, бағыныстылық ретiмен немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.";
      үшiншi бөлiгінде "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың астананың) жергілiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      26) мынадай мазмұндағы 77-1-баппен толықтырылсын:
      "77-1-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар
      1. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға:
      1) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның мемлекеттік бақылау бөлiмшесiнiң жетекшiсi болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі мемлекеттік бас инспекторы;
      2) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның мемлекеттік бақылау бөлiмшесi жетекшiсiнiң орынбасарлары болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттiк бас инспекторының орынбасары;
      3) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның мемлекеттiк бақылау бөлiмшесi басқармалары мен бөлімдерiнiң бастығы және бастығының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттiк аға инспекторлары;
      4) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның мемлекеттік бақылау бөлiмшесiнiң бас және жетекшi мамандары болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі мемлекеттік инспекторлары;
      5) лауазымы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдары бастықтарының орынбасарлары болып табылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі мемлекеттік бас инспекторлары;
      6) лауазымы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарының мемлекеттiк бақылау бөлiмдерiнiң бастықтары және бастығының орынбасарлары болып табылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі мемлекеттiк аға инспекторлары;
      7) лауазымы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарының мемлекеттiк бақылау бөлiмдерiнiң бас және жетекшi мамандары болып табылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттiк инспекторлары жатады.
      2. Қазақстан Республикасының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық органдардың мемлекеттiк бас инспекторларында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланктер бар.
      Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттiк бас инспекторға, оның орынбасарына және аға инспекторлар мен мемлекеттiк инспекторларға белгiленген тәртiппен мөр және куәлiк берiледi.";
      27) мынадай мазмұндағы 77-2-баппен толықтырылсын:
      "77-2-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) лауазымды тұлғалары
      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың лауазымды тұлғаларына жергілiктi атқарушы органдардың тиісті бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi жатады.";
      28) 79-баптың бiрiншi бөлігінде "жергілiктi атқарушы органның" деген сөздерден кейiн "немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
      29) 86-бапта:
      1-тармақта:
      екіншi бөлiкте "белгіленген тәртiппен нұқсанды есептеудiң бекiтiлген кесiмдi бағасы мен әдiстемесiне сәйкес, ал олар болмаған жағдайда келтiрiлген залалдарды ескере отырып, қоршаған ортаның бұзылған жай-күйiн қалпына келтiруге жұмсалған шығындар бойынша" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен қоршаған ортаның ластануынан нұқсанның белгіленген экономикалық бағасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөлiгiнде "қоршаған ортаны қорғау қорларына" деген сөздер "бюджетке" деген сөзбен ауыстырылсын.

      52. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 215-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат; N 24, 338-құжат):
      1) 8-бапта:
      үшiншi абзац алынып тасталсын;
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн басқарады, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн олардың орындауын қамтамасыз етедi;";
      он үшiншi абзац алынып тасталсын;
      2) 11-бапта:
      тақырыбы "Жергілiктi" деген сөз "Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      бiрiншi абзацта "Жергiлiктi" деген сөз "Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзацта "ерекше" деген сөздiң алдынан "жергiлiктi маңызы бap" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi aбзац алынып тасталсын;
      алтыншы абзац "жергілiктi" деген сөздiң алдынан "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын, "органдардың" деген сөз "органдарының" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      бiрiншi абзацта "Жергiлiктi" деген сөз "Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiнші абзацта "тиісті әкiмшілік-аумақтық бөлінiстер шегінде орналасқан" деген сөздер "жергілікті маңызы бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      тоғызыншы абзац "ставкаларын" деген сөзден кейiн "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын, "органдардың" деген сөз "органдарының" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "17-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы шешiмдер қабылдау
      Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы шешiмдердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қабылдайды.
      Жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы шешiмдердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсiм бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.
      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы шешiм қабылдау үшiн табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы қажет.";
      4) 35-баптың 2-тармағы "учаскелерiн" деген сөзден кейiн "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын, "органдар" деген сөз "органдары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) 37-баптың бiрiншi абзацында "уәкiлетті" деген сөз "epeкше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлетті мемлекеттiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 46-1-бапта:
      "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы" деген сөздер "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "негiзiнде" деген сөзден кейiн "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 73-бапта:
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бюджет қаражатының";
      үшiншi және төртiншi абзацтар алынып тасталсын;
      8) 74 және 75-баптар алынып тасталсын;
      9) 81-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi абзац "уәкілетті органдар" деген сөздерден кейiн "өз құзыретінiң шегінде," деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi абзац "қоршаған" деген сөздiң алдынан "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын, "органдар" деген сөз "органдары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақта "қоршаған ортаны қорғау туралы" деген сөздер "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      53. "Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 11, 155-құжат):
      1) 7-баптың 5) және 6) тармақшалары алынып тасталсын;
      2) 8-бапта:
      тақырып және бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-бап. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы өкiлеттігі
      "Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдары атынан бiрiншi басшылар заңда белгiленген құзыретi шегiнде:";
      3) 9-бапта:
      тақырыпта "Қазақстан Республикасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары өз құзыретi шегінде:";
      9-баптың 2-тармағының бiрiншi абзацында "Жергіліктi өкiлдi органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiкті өкiлдi органдары" деген сөздер ауыстырылсын;
      9-баптың 3-тармағының бiрiншi абзацында "Жергілікті атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiліктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 13-бапта "орталық және жергiлiктi атқарушы органдар", "Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары", "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергілікті атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 15-бапта:
      1-тармақта "республикалық бюджеттен, жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген қаржылар" деген сөздер "бюджеттiк қаражаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2 және 3-тармақтар алынып тасталсын;
      6) 17-бапта:
      1-тармақта "орталық және жергіліктi атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 18-бапта 4-тармақта "орталық және жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      54. "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 21, 276-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 21-22, 281-құжат):
      1) 20-бап алынып тасталсын;
      2) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "22-бап. Сот сараптамаларын жүргiзудi қаржыландыру
      Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргiзудi қаржыландыру қылмыстық iстер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерi бойынша қылмыстық iс жүргізу және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамаларда көзделген жағдайларды қоспағанда бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Сот сараптамасы органдарында сот сараптамаларын жүргізудi қаржыландыру азаматтық iстер бойынша - азаматтық-iс жүргізу заңдарында көзделген, соттың дәлелденген анықтамасымен расталған негiздер болған жағдайларды қоспағанда тараптар есебiнен жүзеге асырылады.
      Шығыстардың орнын толтыру бөлiгiнде сот сараптамасы алған, азаматтық iстер бойынша сараптамаларды және мамандандырылған зерттеулер жүргiзу кезiнде, сондай-ақ бiлiм және ғылым саласында уәкiлетті органмен бекiтiлетiн бағдарламаларға енбейтiн ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк зерттеулер жүргiзу кезiнде сот сараптамасы органы келтiрген сомалар сот сараптамасы органдарының есеп шотына кәсiби дайындыққа және сот сараптамаларының бiлiктiлiгiн арттыруға, сондай-ақ сот-сараптама қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жетілдiруге аударылады.";
      3) 23-бап алынып тасталсын;
      4) 24-баптың 3-тармағы алынып тасталсын.

      55. "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 22, 328-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат; 2003 ж., N 11, 65-құжат):
      1) 5-баптың 2-тармағында "республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
      2) 9-баптың 2-тармағының екiншi бөлігінде "Адвокаттар лицензияларының мемлекеттік тiзiлiмi" деген сөздер "Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      56. "Халықтың көшi-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 204-І Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 341-құжат; 2001 ж., N 8, 50-құжат; N 21-22, 285-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 6, 76-құжат):
      1) 29-бап алынып тасталсын;
      2) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен және 29-2, 29-3 және 29-4-баптармен толықтырылсын:
      "4-1-тарау. Оралмандарға берiлетiн жеңiлдiктер, өтемақылар және басқа да атаулы көмек түрлерi
      29-2-бап. Орталық мемлекеттiк басқару органдары
      Халықтың көшi-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн орталық мемлекеттік органдар:
      1) Халықты әлеуметтік қорғау мәселелерi жөніндегі уәкілетті орган:
      Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес зейнетақы төлеудi;
      "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетін мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектiгі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты жәрдемақы төлеудi;
      "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны төлеудi;
      азаматтығы қалпына келтiрiлгендердiң "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген құқықтарын iске асыруды;
      2) Бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган:
      орта кәсiби және жоғары кәсiби бiлiм беру ұйымдарына Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілеген мөлшерде оқуға түсу үшiн квота бөлудi;
      3) Сыртқы iстер министрлiгi:
      Қазақстан Республикасына келуге виза беру үшiн консулдық алымдардан босатуды;
      4) Қорғаныс министрлiгі:
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қарулы күштер қатарында қызмет атқаруға шақыруды кейiнге қалдыруды қамтамасыз етедi.
      29-3-бап. Жергілiкті атқарушы органдар
      1. Халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн жергiлiктi атқарушы органдар:
      1) Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн тегiн алуды;
      2) Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:
      "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетудi;
      жұмысқа орналасуға бiлiктiлiгiн көтеруге және жаңа кәсiптi игеруге көмек көрсетудi;
      мұқтаждарға мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау мекемелерiнен орын берудi;
      мемлекеттiк тілді және орыс тiлiн оқып үйренуге жағдай жасауды қамтамасыз етедi.
      3. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары Қазақстан Республикасына оралмандардың көшiп келу квотасынан тыс қоныс аударғандар оралмандарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеңiлдiктер мен өтемдер белгiлей алады.
      4. Оралмандарға өзiндiк қосалқы шаруашылық, бағбаншылық, және саяжай құрылысын жүргізу үшін жер участкелерiн беру ауылдық елдi мекендердiң жерiнен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, иммиграциялық жер қорының, арнайы қорының жерiнен және босалқы жерден уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      29-4-бап. Көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандарға қосымша жеңiлдiктер
      Көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандарға жоғарыда тiзiп көрсетiлген жеңiлдiктер мен өтемдерден басқа, мемлекет:
      1) Кедендiк бақылау жөнiндегi уәкілетті орган:
      шекара арқылы кедендiк төлемдер мен салықтар алмай өткiзудi;
      2) Көшi-қон мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган:
      тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарының орнын толтыруды;
      барған жерi бойынша тұрғын үй алу үшiн қаражат бөлудi және Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен бiржолғы жәрдемақы төлеуді қамтамасыз етедi.".

      57."Энергияны үнемдеу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 343-құжат):
      1) 6-баптың үшiншi, төртiншi, жетiншi және тоғызыншы абзацтары алынып тасталсын;
      2) 7-бапта:
      үшiншi абзацта "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
      жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын;
      "энергия үнемдеу бағдарламаларын әзiрлейдi.";
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "энергия үнемдеудiң және қайта жаңартылатын энергетикалық ресурстарды пайдалануды ынталандырудың нормативтiк-әдiстемелік, құқықтық және экономикалық тетіктерiн әзiрлейдi;
      энергия үнемдеу саласында ғылыми зерттеулердi ұйымдастырады.";
      3) 8-бапта:
      тақырыбы және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергия үнемдеу саласындағы өкiлдiк және атқарушы органдарының құзыретi
      1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкiлдiк органдары:
      әкiмшілік-аумақтық бiрлiк шегiнде энергия үнемдеу бағдарламаларын бекiтедi;
      облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары басшыларының энергия үнемдеу бағдарламаларының орындалуы туралы есебiн қарайды.
      2-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергия үнемдеу саласындағы атқарушы органдары:";
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      энергия үнемдеудiң мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруды қамтамасыз етеді.";
      төртiншi абзац алынып тасталсын;
      4) 9-бапта "мемлекеттiк" деген сөз "заңнамалық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) 13-бапта "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
      6) 18-бап алынып тасталсын.

      58. "Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуiрдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 5-6, 48-құжат):
      1) 5-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасының Үкiметі иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және себептiк байланысын белгілеу тәртiбiн анықтайды.";
      2) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "6-бап. Мемлекеттік органдардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі өкiлеттігі
      Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттiк органның өкiлеттігіне мыналар жатады:
      радиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру;
      радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен ережелердi әзiрлеу және бекiту, олардың сақталуына бақылау жасау;
      радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру;
      иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу саласындағы лицензиялануға тиiс қызмет түрлерiн белгiлеу;
      радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, соның iшiнде халықтың сәуле алу мөлшерiн бақылау мен есепке алу саласында мемлекеттiк басқарудың бiрыңғай жүйесiн жасау және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      ядролық материалдардың және басқа да иондаушы сәулелендiру көздерiнiң экспортын, импортын, орын ауыстыруын, транзитiн және орналастырылуын жүзеге асыруды бақылау;
      радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында халықаралық ынтымақтастықты және халықаралық шарттар жөніндегі мiндеттемелердi орындауды жүзеге асыру.
      Санитарлық қадағалау саласындағы уәкілетті мемлекеттiк органның өкiлеттігiне мыналар жатады:
      радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, сондай-ақ иондаушы сәулелендiру көздерiнен зардап шеккен халықты медициналық сауықтыру саласындағы бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру;
      радиациялық авариялар салдарынан радиоактивтi ластануға ұшыраған аумақтарда тiршілiк ету жағдайлары мен оларда тұрудың ерекше режимдерiн регламенттеу;
      радиациялық авариялар нәтижелерiнде сәулеленуге ұшыраған халыққа көмек көрсетiлуiне бақылау жасау.";
      3) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Радиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету саласындағы өндiрiстiк бақылауды орындау тәртiбi әрбiр ұйым үшiн ол атқаратын жұмыстардың ерекшелiктерi мен жағдайлары ескерiле отырып белгiленедi, санитарлық қадағалау саласындағы уәкілетті мемлекеттiк органмен келiсiледi және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бекiтiледі.";
      4) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-бап. Радиациялық қауiпсiздiктің жай-күйiн бағалауға қойылатын талаптар
      1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы жоспарлау және шешiмдер қабылдау, мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттiк басқару органдарының, сондай-ақ қызметiн иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып жүзеге асыратын ұйымдардың аталған шешiмдердiң тиiмдiлігіне талдау жасауы кезiнде белгiленген тәртiптер мен гигиеналық нормативтердi сақтау мақсатында радиациялық қауiпсiздiкке баға беру жүргізiледi.
      2. Радиациялық қауiпсiздiктi бағалауды санитарлық қадағалау, қоршаған ортаны қорғау және атом энергиясын пайдалану салаларындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар:
      қоршаған ортаның радиоактивтi ластану сипаттамасы;
      радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi iс-шаралардың қамтамасыз етiлуiне және радиациялық қауiпсiздiк саласындағы нормалардың, ережелер мен гигиеналық нормативтердiң орындалуына талдау жасау;
      радиациялық авариялардың ықтималдылығы мен олардың ауқымы;
      радиациялық авариялар мен олардың зардаптарын пәрмендi түрде жоюға әзiрлiк дәрежесi;
      халықтың жекелеген топтарының барлық иондаушы сәулелендiру көздерiнен алатын сәулелену мөлшерiне талдау жасау;
      сәулелену мөлшерiнiң белгiленген шегiнен асып түсетін мөлшерде сәуле алған адамдар санының негізiнде жүзеге асырады.
      3. Радиациялық қауiпсiздiкке баға беру нәтижелерiн атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган талдайды және бекiтедi.";
      5) 16-баптың төртiншi абзацында "жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарымен" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiкті атқарушы органымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 17-баптың екiншi абзацында "жергілiктi мемлекеттiк басқару" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілiктi атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      59. "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 мамырдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 7-8, 79-құжат; 2001 ж., N 15-16, 228, 229-құжаттар; 2002 ж., N 6, 75-құжат):
      1) 3-бапта:
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Қазақстан Республикасының астанасын басқару схемасын жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгілiк құрылымымен сәйкес бекiтедi;";
      4-тармақта:
      бiрiншi абзацта "атқарушы органдары" деген сөздер "атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшада "заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтiн тiзбеге" деген сөздер "жер туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада "Үкiметi бекiткен тәртiпке" деген сөздер "жер туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақша алынып тасталсын.

      60. "Жосықсыз бәсеке туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 9-10; 84-құжат; N 21, 397-құжат):
      1) 1-баптың сегізiншi абзацында "уәкiлетті орган" деген сөздер "монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 7-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-бап. Монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы органның құзыретi";
      1-тармақ алынып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган:
      1) шекарасы бiр облыстан асатын (республикалық маңызы бар қалалар, астана) белгiлi бiр тауар рыноктарындағы жосықсыз бәсеке туралы iстердi заңнамаларда көзделген тәртiппен қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдану туралы шешiмдер қабылдауға кiнәлі адамдарға бәсекенi шектейтiн немесе жоятын iс әрекеттердi тоқтату туралы орындалуы мiндетті нұсқамалар жiберуге;
      2) жосықсыз бәсекенi тоқтату және оның зардаптарын жою туралы, сондай-ақ жосықсыз бәсеке нәтижесiнде алынған табысты республикалық бюджетке аудару туралы рынок субъектiлерiнiң орындауы мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
      3) заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергілікті өзiн-өзi басқару органдарынан, олардың лауазымды адамдарынан жосықсыз бәсеке фактiлерiн қарауға қажеттi ақпарат, оның iшiнде жазбаша және ауызша түсiнiктемелер сұратуға және алуға;
      4) мемлекеттiк органдарға бәсекенi шектейтiн немесе жоятын заңсыз актiлердiң күшін жою немесе оларды өзгерту туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар енгiзуге;
      5) жосықсыз бәсекенiң жолын кесу және оның зардаптарын жою туралы, жосықсыз бәсекенi жүзеге асыру кезiнде алынған табысты республикалық бюджетке алып қою туралы жосықсыз бәсекенi жүзеге асыру кезiнде заңды тұлғаға немесе жеке кәсiпкерге, сондай-ақ тұтынушыларға келтiрiлген зиянды өндiрiп алу туралы, өнiмдi контрафактiлiк деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінуге;
      6) құқық қорғау органдарына жосықсыз бәсеке фактiлерi жөнiнде қылмыстық белгiлерi бойынша қылмыстық iс қозғау туралы материалдарды жiберуге;
      7) монополияға қарсы саясат саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органнан қажетті ақпаратты сұратуға және оның ұсынылатын мерзiмiн белгiлеуге құқылы.";
      3) мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1-бап. Монополияға қарсы саясат саласындағы облыстық (атқарушы органның құзіреті
      Облыстық (республикалық деңгейдегi қалалар, астана) атқарушы орган мыналарға құқылы:
      1) шекарасы бiр облыстан аспайтын (республикалық маңызы бар қалалар, астана) белгілі бiр тауар рыноктарындағы жосықсыз бәсеке туралы iстердi заңнамаларда көзделген тәртiппен қарауға және өз құзыреті шегінде әкiмшiлiк жазалар қолдану туралы шешiмдер қабылдауға, кiнәлi адамдарға бәсекенi шектейтiн немесе жоятын iс әрекеттердi тоқтату туралы орындалуы мiндетті нұсқамалар жiберуге;
      2) жосықсыз бәсекенi тоқтату және оның зардаптарын жою туралы, сондай-ақ жосықсыз бәсеке нәтижесiнде алынған табысты жергіліктi бюджетке аудару туралы рынок субъектілерiнiң орындауы мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
      3) заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен жергілікті өзiн-өзi басқару органдарынан, олардың лауазымды адамдарынан жосықсыз бәсеке фактілерiн қарауға қажеттi ақпарат, оның iшiнде жазбаша және ауызша түсiнiктемелер сұратуға және алуға;
      4) мемлекеттiк органдарға бәсекенi шектейтiн немесе жоятын заңсыз актiлердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы орындалуы мiндетті нұсқамалар енгiзуге;
      5) жосықсыз бәсекенiң жолын кесу және оның зардаптарын жою туралы, жосықсыз бәсекенi жүзеге асыру кезiнде алынған табысты жергілiкті бюджетке алып қою туралы, жосықсыз бәсекенi жүзеге асыру кезiнде заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге, сондай-ақ тұтынушыларға келтiрiлген зиянды өндiрiп алу туралы, өнiмдi контрафактiлiк деп тану туралы талап қойып сотқа жүгiнуге;
      6) құқық қорғау органдарына жосықсыз бәсеке фактiлерi жөнiнде қылмыстық белгiлерi бойынша қылмыстық iс қозғау туралы материалдарды жiберуге құқылы.".

      61. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы" 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1998 ж., N 11-12, 173-құжат; 2000 ж., N 5, 115-құжат):
      1) 8-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында "салық" деген сөз "қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 14-бапта "Жергілiктi өкiлдi және атқарушы органдардың", "Жергiлiктi өкілдi және атқарушы органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкілдi және атқарушы органдарының", "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкiлдi және атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 25-бапта "республикалық бюджет" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын.

      62. "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 14, 200-құжат; N 22, 308-құжат; N 24, 443-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173, 176-құжаттар; 2001 ж., N 24, 338-құжат):
      1) 3-баптың 9) тармақшасы алынып тасталсын;
      2) 4-бапта:
      1) тармақша алынып тасталсын;
      5), 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тiзбеге сәйкес қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;
      6) Алматы қаласын дамытудың Бас жоспарын iске асыруды және оның мониторингiн қамтамасыз етедi;";
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) Жергiлiктi мемлекеттiк басқару типтiк құрылымына сәйкес Алматы қаласын басқару схемасын бекiтеді";
      3) 5, 6-баптар алынып тасталсын.

      63. "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат):
      1) 3-бапта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) уәкілетті орган - белгiленген құзырет шегiнде табиғи монополия аясындағы iс-әрекеттi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық немесе облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) атқарушы орган;";
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "8-1) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмi - республикалық және жергілікті бөлiмдерден құралған табиғи монополиялар субъектiлерiнiң атаулы тiзбесi";
      2) 4-бапта:
      3-тармақта "уәкілетті орган" деген сөздер "табиғи монополия аясындағы iс-әрекетті бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 12, 13, 14 және 14-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "12-бап. Уәкiлеттi орган
      1. Табиғи монополия аясындағы iс-әрекеттi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органның ережесiн, құрылымы мен жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
      13-бап. Уәкiлетті органның функциялары
      1. Табиғи монополия аясындағы iс-әрекеттi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган мынадай мiндеттердi атқарады:
      1) екi немесе одан да көп облыс аумағындағы iс-әрекетті жүзеге асыратын, не қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) соңғы тұтынушылардың кем дегенде 25 пайызы табиғи монополия субъектiлерi орналасқан облыстан тыс жерде орналасса (тұрса), табиғи монополиялар субъектiлерiн реттеудi және бақылауды жүзеге асырады;
      2) табиғи монополиялар субъектілерi мемлекеттiк тiркелiмiнiң республикалық бөлiмiн құрады және жүргiзедi;
      3) мемлекеттiк орган және табиғи монополиялар субъектiлерi орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
      4) табиғи монополия аясында тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) белгiлеудiң кемсiтпейтiн әдiстемелерiн әзiрлейдi, бекiтедi және қолданады;
      5) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнаманы қолдану практикасын жинақтайды, соның негiзiнде әдiстемелiк ұсыныстар шығарады.
      2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органы мынадай қызметтердi атқарады:
      1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделгеннен тыс табиғи монополиялар субъектілерiн реттеу мен бақылауды жүзеге асырады;
      2) табиғи монополиялар субъектiлерi мемлекеттік тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмiн құрады және жүргiзеді;
      3) табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және оны реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк атқарушы органға жыл сайын табиғи монополия саласында бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган бекiткен, нысаны бойынша табиғи монополия субъектiлерiн мемлекеттік тiркеудiң жергілікті бөлiмiне жатқызылатын табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметi туралы eceпті жiбередi.
      14-бап. Уәкiлетті органның құқықтары
      1. Табиғи монополия аясындағы iс-әрекетті бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган мыналарға:
      1) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарын әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiту үшiн ұсынуға;
      2) табиғи монополия аясындағы iс-әрекетті жүзеге асыратын субъектiлердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiркелiмiнiң республикалық бөлімiне кiргізу туралы не одан шығару туралы шешiмдер қабылдауға;
      3) осы Заңға және өзге де заңнамалық актiлерге сәйкес табиғи монополиялар субъектілерiнің қызметiн реттейтiн шешiмдер қабылдауға;
      4) өз құзыретi шегiнде табиғи монополиялар аясында осы Заңды бұзу фактілерi бойынша жолсыздықтарды тыю мен олардың салдарларын жою туралы шешiмдер қабылдауға;
      5) табиғи монополия субъектілерiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда табиғи монополия субъектілерiнің көрсететін қызметтерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерiстер енгiзу туралы орындалуға мiндетті нұсқамалар енгізуге;
      6) табиғи монополия субъектiсiне технологиялық байланысты, табиғи монополиялар болып табылмайтын өндiрiстердi иелiктен айыру туралы орындалуы мiндетті нұсқамалар енгiзуге;
      7) осы Заң бұзылған жағдайларда сотқа жүгiнуге;
      8) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттік органдардан, жергілiкті өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
      9) өз бастамасымен, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары мен өздерiнiң қолында бар өзге де материалдардың негiзiнде, мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың, азаматтардың, мүдделi адамдардың жазбаша арыздары мен хабарларының және табиғи монополия субъектілерi өтiнiштерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңды тұрғысынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;
      10) табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгертуге бастамашылық жасауға;
      11) табиғи монополия субъектiсi жүргізетiн сатып алуларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бақылауды жүзеге асыруға;
      12) табиғи монополия субъектісiнiң тарифтiк сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
      13) табиғи монополия субъектісінің қызметтерiне (тауарларына жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылу мерзiмдерiн кемінде алты айға белгiлеуге;
      14) табиғи монополиялар туралы заңнаманың мәселелерi жөнiнде түсiнiктемелер беруге құқылы.
      2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органы мыналарға:
      1) табиғи монополия аясындағы iс-әрекетті жүзеге асыратын субъектілердi табиғи монополиялар субъектілерiнiң мемлекеттік тiркелiмiнiң жергілiкті бөлiмiне кiргiзу туралы не одан шығару туралы шешiмдер қабылдауға;
      2) осы Заңға және өзге де заңнамалық актiлерге сәйкес табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттейтiн шешiмдер қабылдауға;
      3) өз құзыретi шегiнде табиғи монополиялар аясында осы Заңды бұзу фактiлерi бойынша жолсыздықтарды тыю мен олардың салдарларын жою туралы шешiмдер қабылдауға;
      4) табиғи монополия субъектілерiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгіленген жағдайларда, табиғи монополия субъектiлерiнiң көрсететiн қызметтерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерiстер енгiзу туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар енгiзуге;
      5) табиғи монополия субъектiсiне технологиялық байланысты, табиғи монополиялар болып табылмайтын өндiрiстердi иелiктен айыру туралы орындалуы мiндетті нұсқамалар енгiзуге;
      6) осы Заң бұзылған жағдайларда сотқа жүгiнуге;
      7) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттік органдардан, жергіліктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкiлеттiгін жүзеге асыру үшiн қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      8) өз бастамасымен, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары мен өздерiнiң қолында бар өзге де материалдардың негiзiнде, мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың, азаматтардың, мүдделi адамдардың жазбаша арызы мен хабарларының және табиғи монополия субъектiлерi өтiнiштерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңды тұрғысынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;
      9) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгертуге бастамашылық жасауға;
      10) табиғи монополия субъектісi жүргiзетiн сатып алуларға Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен бақылауды жүзеге асыруға;
      11) табиғи монополия субъектісінің тарифтiк сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
      12) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылу мерзiмдерiн кемiнде алты айға белгiлеуге құқылы.
      3. Уәкiлетті орган мемлекеттiк, коммерциялық және қызметтік құпия болып табылатын мәлiметтердiң жария етiлгенi үшін заңнамада белгіленген тәртiппен жауап бередi.
      14-1-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi
      1. Табиғи монополия аясындағы іс-әрекетті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган мыналарға:
      1) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) заңсыз арттыру және (немесе) iс жүзiнде орындалмаған жұмыстардың құнын тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгiзу арқылы келтiрген шығындарды тұтынушыларға өтеу үшiн уақытша өтемдiк тарифтi бекiту туралы шешiм қабылдауға;
      2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiтуге немесе өзгертуге өтiнiмiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негiздеуге;
      3) тұтынушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерi барынан басқа, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша қабылданған шешiмдермен таныстыруға;
      4) табиғи монополиялар субъектiлерi мемлекеттік тiркелiмiнiң республикалық бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополия субъектілерiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгертуге өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдауды өткiзуге;
      5) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) уақытша төмендету коэффициентiнiң жобаларын берудiң тәртiбiн белгілеуге мiндеттi.
      2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы мыналарға:
      1) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) заңсыз арттыруы және (немесе) iс жүзiнде орындалмаған жұмыстардың құнын тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгiзуi арқылы келтiрген шығындарды тұтынушыларға өтеу үшiн уақытша өтемдiк тарифтi бекiту туралы шешiм қабылдауға;
      2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiтуге немесе өзгертуге өтiнiмiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негіздеуге;
      3) тұтынушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерi барынан басқа, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша қабылданған шешiмдермен таныстыруға;
      4) табиғи монополия субъектiлерi мемлекеттік тiркелімiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополия субъектілерiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгертуге өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдауды өткiзуге;
      5) табиғи монополия аясындағы iс-әрекеттi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органның талабы бойынша олар белгiлеген мерзiмде қажеттi ақпаратты ұсынуға;
      6) табиғи монополия аясындағы iс-әрекеттi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекiткен табиғи монополия аясында тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) белгiлеудiң кемсiтпейтiн әдiстемелерiн қолдануға мiндеттi.";
      4) 15-1-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгінде "уәкiлеттi орган" деген сөздер "табиғи монополия аясындағы iс-әрекеттi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 18-1-бапта:
      2-тармақтың екiншi бөлiгiнде "уәкілетті орган" деген сөздер "табиғи монополия аясындағы iс-әрекетті бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың екiншi бөлiгiнде "уәкілетті орган" деген сөздер "табиғи монополия аясындағы iс-әрекетті бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 18-4-бабының 5-тармағында "уәкiлетті орган" деген сөздер "табиғи монополия аясындағы iс-әрекеттi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      64. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 16, 220-құжат; 2001 ж., N 23, 318-құжат):
      1) 10-баптың 8), 13) тармақшалары алынып тасталсын;
      2) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
      "10-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретi:
      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органдары:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және сақтау бойынша облыстық (өңiрлiк) бағдарламаларды әзiрлеу;
      2) субсидиялау жолымен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуда жәрдемдесу:
      асыл тұқымды малдар сатып алуға алынған кредиттердің сыйақы ставкалары;
      құрылып жатқан асыл тұқымды орталықтарда асыл тұқымды өнiмдердi (заттарды) сақтау және асыл тұқымды өндiрушiлердi ұстауға және сатып алуға арналған шығындар;
      малдарды қолдан тұқымдандыру пункттерi мен дистрибьютерлік орталықтар үшiн криогендi жабдықтарды сатып алуды қамтамасыз етеді.";
      3) 11-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы алынып тасталсын;
      4) 15-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде, 2 және 4-тармақтарда "мемлекеттiк бюджет қаражаты" деген сөздер "республикалық бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ алынып тасталсын;
      5) 22-баптың үшiншi бөлiгi "субъектiлер" деген сөзден кейiн "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы" деген сөздермен толықтырылсын.

      65. "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 221-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2002 ж., N 10, 106-құжат):
      1) 5-баптың 3-тармағында:
      2) тармақшада "әзiрлейдi" деген сөзден кейiн "және көрсетiлген салада нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi" деген сөздермен толықтырылсын;
      11) тармақшада "уәкiлетті және өзге де органдармен бiрлесе отырып" деген сөздер алынып тасталсын;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) денсаулық сақтау саласындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметтер түрлерiнен басқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызмет түрлерiнiң лицензиялауын жүзеге асырады;";
      мынадай мазмұндағы 15), 16), 17), 18) тармақшалармен толықтырылсын:
      "15) олардың қызметтерiнiң бiлiктiлiк талаптарына және есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес келуi мәнiнде заңды тұлғаларды тексерудi жүзеге асырады;
      16) өз құзыретi шегiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласына келiп түскен техникалық көмектер мен инвестициялардың мақсатты пайдаланылуы үшiн және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды бақылауды жүзеге асырады;
      17) Қазақстан Республикасындағы нашақорлық ахуалдың даму жағдайы мен үрдiстерiн талдауды, нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыру барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындауды жүзеге асырады;
      18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында анықталған кемшiліктердi жою туралы мәлiмдеме бередi.";
      2) 6-баптың 9) тармақшасы алынып тасталсын;
      3) 15-баптың 3-тармағында "тиiстi уәкiлеттi орталық атқарушы органдары" деген сөздер "азаматтардың денсаулығын қорғау медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы басшылықты жүзеге асырушы орталық атқарушы органның және ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiмен есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 16-баптың 4-тармағында "белгiленген тәртiпке сай, Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi орталық атқарушы органдары" деген сөздер "азаматтардың денсаулығын қорғау, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы басшылықты жүзеге асырушы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын, "олардың арасындағы келiсу бойынша" деген сөздерi алынып тасталсын;
      5) 17-баптың 2-тармағында "уәкiлеттi органдары" деген сөздер "ветеринария саласындағы орталық уәкiлеттi органмен келiсу бойынша есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттiк органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 37-баптың қазақ тiлiндегi мәтiнi өзгермейді.

      66. "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1998 ж., N 23, 430-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат):
      1) мәтiнде "Қазақстан Республикасының шетелдегi елшіліктерi мен консулдық мекемелерi", "Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiктерi мен консулдық мекемелерiнде", "Қазақстан Республикасының елшіліктерi мен консулдық мекемелерi", "Қазақстан Республикасының елшiлiктерi мен консулдық мекемелерiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi", "Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 74-бапта:
      1-тармақтың екiншi бөлiгiнде "жергіліктi" деген сөз "аудандық (қалалық)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "жергілiктi" деген сөз "аудандық (қалалық)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 78-баптың 2-тармағында "жергіліктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 106-баптың 1-тармағында "Жергіліктi" деген сөз "аудандық (қалалық)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 163-бапта "органдарда" деген сөз кейiн ", ал мұндай органдар жоқ жерлерде - аудандық маңызы бар қалада кент (село), ауылдық (селолық) округте - әкiм аппаратында" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 164-бап "бөлiмдер" деген сөзден кейiн ", ал мұндай органдар жоқ жерлерде - аудандық маңызы бар қалада, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округте - әкiм аппаратында" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 175-баптың екiншi сөйлемiнде "жергiлiктi" деген сөз "аудандық (қалалық)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 182-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде "жергiлiктi атқарушы органдарда" деген сөздер "аудандық маңызы бар қалада, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) oкругте - әкiм аппаратында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 209-баптың 3-тармағында "жерiндегi" деген сөзден кейiн "аудандық (қалалық)" деген сөздермен толықтырылсын.

      67. "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1998 ж., N 24, 435-құжат; 2001ж., N 21-22, 286-құжат; 2003 ж., N 10, 53-құжат):
      1) 1-бапта:
      10) тармақша алынып тасталсын;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) орталық уәкiлеттi орган - мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың мемлекеттік органы";
      2) 5-баптың 2-тармақтың 1) тармақшасындағы "арнайы экономикалық аймақ әкiмшiлiк кеңестерiнiң, жергілiктi өзiн-өзi басқару органдарының" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) 6-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) орталық өкiлдi және жергiлiктi атқарушы органдары сараптау-тексеру комиссиясын құрады және олар туралы ереже бекiтедi.";
      3-тармақтың бiрiншi абзацында "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейiн "орталық" деген сөзбен толықтырылсын;
      4-тармақта "уәкілетті органның" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 7-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасында "облыстық" деген сөзден кейiн "(республикалық маңызы бар қалалар, астана)" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта "Уәкiлеттi органдарға" деген сөздер "Орталық уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақта "меншiк иесiнiң" деген сөздерден кейiн "орталық" деген сөзбен толықтырылсын;
      5) 8-баптың 4-тармағында "шешiмдi," деген сөзден кейiн "орталық" деген сөзбен толықтырылсын;
      6) 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлғалар құжаттардың құрамы туралы мәлiметтер есебiн орталық уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жүргiзедi және ол мәлiметтердi жергілікті уәкiлетті органға берiп отырады.";
      7) 10-баптың 1 және 2-тармақтарында "уәкiлеттi" деген сөз "Орталық уәкілетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      8) 11-бапта:
      2-тармақта "жергiлiкті" деген сөз "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта "меншiк иелерi мен" деген сөздерден кейiн "орталық" деген сөзбен толықтырылсын;
      6-тармақта "Республикасының" деген сөзден кейiн "орталық" деген сөзбен толықтырылсын;
      9) 13-бапта:
      1-1-тармақта "Республикасының" деген сөзден кейiн "орталық" деген сөзбен толықтырылсын;
      3-тармақта "Қазақстан Республикасы" деген сөзден кейiн "орталық" деген сөзбен толықтырылсын, "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
      10) 14-баптың 1 және 2-тармақтарында "уәкiлеттi" деген сөз "орталық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      11) 17-бапта 1-тармағында "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
      12) 18-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "Орталық" деген сөздiң алдынан "1." деген санмен толықтырылсын;
      "Мұрағат" деген сөз "орталық уәкілетті орган жүзеге асыратын мұрағат" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша "тарихи" деген сөздiң алдынан "республиканың меншiгіне жататын" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын, оның iшiнде электрондық құжаттарды да толықтыру, сақтау, есепке алу, пайдаланудың бiрыңғай ережелерi мен нормаларын белгілеу;
      13) мұрағат iсiн басқару органдарының қызметiн әдiстемелiк басқару және үйлестіру;
      14) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда iс жүргiзу және құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру мәселелерiне салааралық ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау;
      15) шетел азаматтары мен ұйымдарының сұранысы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мұрағаттарынан шығатын мұрағаттық анықтама мен мұрағат құжаттарының көшiрмелерiн апостильдеу;
      16) автоматтандырылған мұрағаттық технологияны әзiрлеу және ендiрудi ұйымдастыру.";
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      "2. Жергiлiктi уәкiлеттi орган жүзеге асыратын мұрағат iсiн мемлекеттiк реттеу мәселелерiне мыналар жатады:
      1) облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумағында мұрағат iсi және құжат жасауда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
      2) коммуналдық меншiктегi Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтау, толықтыру және пайдалануды ұйымдастыру;
      3) коммуналдық меншiктегi Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын мемлекеттiк есепке алу, құжаттардың сақталуын қамтамасыз етудi жүргізу;
      4) коммуналдық меншiктегі тарихымыз бен мәдениетімiздiң құжаттық ескерткiштерiн қорғау және оларды сақтау, пайдалану;
      5) облыстарда, республикалық маңызы бар қалалар мен астана аумағында мұрағат iсiн дамыту және құжаттама жүргiзудiң аймақтық мемлекеттiк бағдарламаларын жүзеге асыру;
      6) құжаттарды ғылыми және практикалық сараптауды ұйымдастыру;
      7) коммуналдық меншiктегi Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша мәліметтер базасын қалыптастыру;
      8) құжат жасау мәселелерi бойынша ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау және облыстарда республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы мемлекеттік ұйымдарда құжаттарды ведомстволық сақтаудың жай-күйiне бақылау жүргізу;
      9) жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын орындауды ұйымдастыру.";
      13) 19-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мұрағат iсiн мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының орталық уәкілетті органы мен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.";
      2-тармақта "мәселелерi жөнiндегі" деген сөздерден кейiн "орталық" деген сөзбен толықтырылсын;
      3-тармақ алынып тасталсын;
      14) 20-баптың 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Қазақстан Республикасының орталық уәкілетті органы, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органды);";
      15) 21-бапта:
      "жергіліктi уәкілетті органдарды" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты" деген cөздep "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) 22-баптың 1-тармағында "Қаржы полициясы агенттiгiне" деген сөздер "Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігіне (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 26-баптың 2-тармағында "Республикасының" деген сөзден кейiн "орталық" деген сөзбен толықтырылсын.

      68. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 24, 448-құжат):
      1) 28-баптың 8) тармақшасы алынып тасталсын;
      1) 29-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алынып тасталсын.

      69. "Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 2-3, 34-құжат; N 23, 931-құжат; 2002 ж., N 4, 30-құжат; 2003 ж., N 15, 121-құжат):
      1) мәтiнде "республикалық бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 7-бапта:
      1-тармақта:
      4) және 11) тармақшалар алынып тасталсын;
      5) тармақшада:
      "сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын;
      ", сондай-ақ карантиндiк объектiлерден бос немесе олар аз таралған аймақтарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 8-баптың 1-1) тармақшасы ", сондай-ақ ғылыми негiздеме жеткіліксiз болған жағдайда тиiстi халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратты және басқа елдер қабылдап жатқан фитосанитариялық шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, қолда бар ақпарат негiзiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 8-1-бапта:
      2-тармақ "және бюджет қаражаты есебiнен сатып алынатын пестицидтер (улы химикаттар) көлемiнен қалыптасады" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ алынып тасталсын;
      5) 9-1-бапта:
      1-тармақ алынып тасталсын;
      2-тармақтың 2) тармақшасында "және қамтамасыз етедi" деген сөздер алынып тасталсын;
      6) 11-бапта:
      1-тармақта "мiндетті түрде мемлекеттiк сақтандырылуға тиiс, олар" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақ алынып тасталсын;
      7) 14-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) облыс, аудан аумағында - облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган";
      8) 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5-тарау. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру";
      9) 17-бап алынып тасталсын;
      10) 18-баптың тақырыбында және 1-тармағында "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын.

      70. "Қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртiбi мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 6, 190-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 16, 147-құжат):
      1) 8-бапта:
      тақырыбында және 1-тармақта "Iшкi iстер" деген сөздер "Әдiлет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармағында "республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
      2) 9-бапта:
      1-тармақта:
      "жергілiктi бюджеттер қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
      3) 11-баптың 2-тармағында "капитандары," деген сөзден кейiн "түзеу мекемелерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 12-баптың 2-тармағында "прокурордың" деген сөзден кейiн ", судьяның" деген сөзбен толықтырылсын;
      5) 15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:
      "19) сезiктiлер мен айыпталушыларға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану;
      20) сезiктiлер мен айыпталушыларды күзеттен босату".

      71. "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат):
      1) 2-баптың 2-тармағының қазақ тiлiндегi мәтінi өзгермейдi;
      2) 4-баптың 4-тармағы алынып тасталсын;
      3) 6-баптың 3-тармағы алынып тасталсын;
      4) 9-баптың 6, 6-1-тармақтары алынып тасталсын;
      5) 12-баптың 3, 9-тармақтары алынып тасталсын;
      6) 16-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгі алынып тасталсын;
      7) 17-баптың үшiншi бөлiгі алынып тасталсын;
      8) 27-баптың 2-тармағында "мемлекет бюджет" деген сөз "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 28-бап алынып тасталсын;
      10) 29-бапта:
      3) тармақшада "республикалық бюджеттен қаражат алатын" деген сөздер "бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1) - 4-8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4-1) мемлекеттiк бiлiм беру гранты мемлекеттiк бiлiм беру және мемлекеттiк студенттiк кредиттер туралы ережелердi бекiтедi;
      4-2) бiлiм берудiң жалпы мiндетті мемлекеттiк стандарттарын әзiрлеу, бекiту тәртiбiн және оның қолданылу мерзiмдерiн белгілейдi;
      4-3) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау және бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аккредитациялау ережелерiн бекiтедi;
      4-4) бiлiктiлiк талаптарын және бiлiм беру қызметiн лицензиялау тәртiбiн бекiтедi;
      4-5) мемлекеттік үлгідегі бiлiм туралы құжаттардың түрлерi мен нысандарын және оларды берудiң тәртiбiн белгiлейдi;
      4-6) халықтың тығыздығына және елдi-мекендердiң қашықтығына қарай бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдендiрiлген мемлекеттiк нормативiн бекiтедi;
      4-7) мемлекеттік бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң типтік штаттарын, сондай-ақ Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдар лауазымдарының тiзбесiн белгiлейдi;
      4-8) жеке тұлғаның тәрбиесiне, бiлiм алуына және кәсiби қалыптасуына аса зор үлес қосқан мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарына айрықша мәртебе беру туралы шешiм қабылдайды және Қазақстан Республикасының Президентiне жекелеген мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыным енгiзедi;";
      5) тармақшада "республикалық бюджеттен қаражат алатын" деген сөздер "бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 30-бапта:
      1)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) білім беру саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды, олардың бiлiм беру саласындағы мемлекет кепiлдендiрген әлеуметтік игілiктер минимумын алуын қамтамасыз етедi;";
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) бiлiм беру саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi және iске асырады, бiлiм беру саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады;
      1-2) ұсынылатын бiлiм беру қызметін көрсетулердiң сапасына талдау жасайды және әдiстемелiк әрі әдiснамалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;";
      4) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) бiлiм берудiң жалпыға бiрдей мемлекеттік стандарттарын бекiтедi;";
      5) тармақшада "мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, өзге де орталық атқарушы органдармен бiрлесiп" деген сөздер алынып тасталсын;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру құқығына:
      жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптік бiлiмнiң негiзгi және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға;
      мамандандырылған бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және кәсiптiк орта бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға;
      дiни бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға (дiни оқу орындары);
      халықаралық және шетелдiк заңды тұлғаларға лицензия бередi;";
      мынадай мазмұндағы 9-3) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-3) меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан (медициналық және ведомстволық бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда), кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына, сондай-ақ кәсiптiк орта бiлiм беру және мамандандырылған білім бағдарламаларын iске асыратын, ведомстволық қарасты бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды ұйымдастырады және жүргiзедi";
      10) тармақшада "оқу-ғылыми жабдықтарын әзiрлеу мен өндiру" деген сөздер "жалпы орта бiлім беретiн республикалық бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келiсiмдерге сәйкес шетел мектептерiнде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз ету" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды өткiзудi ұйымдастырады; жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарды, орындаушылардың республикалық конкурстарын ұйымдастыру мен өткiзу ережесiн бекiтедi;";
      12) тармақша алынып тасталсын;
      18) тармақшада "республикалық бюджеттен ұсталатын" деген сөздер "бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20), 24), 25) тармақшалар алынып тасталсын;
      12) 31-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшада "ұйымдарын" деген сөз алынып тасталсын;
      2) тармақшада:
      "жергілiктi бюджеттер" деген сөз "бюджет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
      "2. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы:
      бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және мәслихаттың бекiтуiне енгізедi;
      азаматтарға бастауыш кәсiптiк бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
      кәсіптiк орта бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етедi;
      арнайы бiлiм беру бағдарламалары бойынша жалпы бiлiм бере оқытуды қамтамасыз етедi;
      мамандандырылған білім беру ұйымдарындағы дарынды балаларды жалпы бiлiм бере оқытуды қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәсiптiк орта бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын, мамандандырылған және арнайы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдер мектептерiн құрады, қайта құрады және таратады;
      кәсіптік бастауыш, орта бiлiмнiң негiзгi және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын, арнайы және мамандандырылған бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ мектептен тыс спорттық бiлiм беру ұйымдарының бiлiм беру қызметiн лицензиялауды ұйымдастырады;
      кәсiптiк орта бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттік бiлiм беру тапсырысын бекiтедi;
      кәсiптік орта бiлiм беретін мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарына, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарына (қылмыстық-түзету жүйесiндегi жалпы бiлiм беру мен кәсiптiк орта бiлiм беретін мектептерден басқа) қолдау көрсетедi және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
      арнайы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алуды және жеткiзудi қамтамасыз етедi;
      облыс көлемiндегi мектеп олимпиадаларын өткiзудi қамтамасыз етедi;
      балаларға спорт жөнiнде қосымша бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
      кадрларды қайта даярлауды және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерінің бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық саулығын бақылауды және халыққа психикалық-медициналық-педагогикалық консультативтiк көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
      даму проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалтуды және әлеуметтiк бейiмдеудi қамтамасыз етедi;
      кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарында күндiзгi оқу нысанында бiлiм алушылар үшiн атаулы стипендиялар тағайындайды;
      белгiленген тәртiппен жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттiк қамтамасыз етудi; оларды мiндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен бiлiм алушылардың жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi;
      мәслихатқа бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңілдiкпен жүруi туралы ұсыныстар енгiзедi.";
      мынадай мазмұндағы 3, 4, 5-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Республикалық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары:
      бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және мәслихаттың бекiтуiне енгiзедi;
      мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды мiндеттi орта бiлiм алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;
      кешкi (ауысымды) оқу нысанын және интернаттық типтегi ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта бiлiм берумен қоса, мiндетті орта бiлiм берудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      азаматтардың кәсіптік бастауыш бiлiм алуын қамтамасыз етедi;
      азаматтардың кәсіптік орта бiлiм алуын қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жалпы opта кәсіптік бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарын, мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарды, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын құрады, қайта құрады және таратады;
      жалпы бастауыш, жалпы негізгі және жалпы орта кәсіптік бастауыш, кәсiптiк орта бiлiм берудiң негізгі және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын, арнайы және мамандандырылған бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ мектепке дейiнгі және мектептен тыс ұйымдардың бiлiм беру қызметiн лицензиялауды ұйымдастырады;
      кәсiптiк орта бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiтеді;
      бiлiм алушылардың бiрыңғай ұлттық тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
      мiндеттi жалпы орта бiлiм беретiн мекемелер үшiн, сондай-ақ арнайы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын мекемелер үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алуды және жеткiзудi ұйымдастырады;
      мемлекеттік бiлім беру ұйымдарына қолдау көрсетедi және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
      арнайы бiлiм беру бағдарламалары бойынша жалпы бiлiм бере оқытуды қамтамасыз етедi;
      мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарындағы дарынды балаларды жалпы бiлiм бере оқытуды қамтамасыз етедi;
      республикалық қала, астана көлемiндегі мектеп олимпиадаларын өткiзудi қамтамасыз етедi;
      балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық саулығын бақылауды және халыққа психикалық-медициналық-педагогикалық консультативтік көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
      дамуында проблемалар бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалтуды және әлеуметтiк бейiмдеудi қамтамасыз етедi;
      кадрларды қайта даярлауды және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiнiң бiлiктілігін арттыруды ұйымдастырады;
      кәсіптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беретiн ұйымдарда күндiзгі оқу нысаны бойынша бiлiм алушылар үшiн атаулы стипендиялар тағайындайды;
      белгіленген тәртiппен жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етудi; оларды мiндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушiлерге медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
      бiлiм беру ұйымдарының бiтiрушiлерiн жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi;
      мәслихатқа бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жүруi туралы ұсыныстар енгiзедi.
      4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:
      бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын iске асырады;
      азаматтарға кешкi (ауысымды) оқу нысанын, және интернаттық типтегi ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта бiлiм берумен қоса, мiндетті орта бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
      мектеп жасына дейiнгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды мiндеттi орта бiлiм алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;
      арнайы және мамандандырылған, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жалпы бастауыш, жалпы негізгi немесе жалпы орта бiлiм беру ұйымдарын құрады, қайта құрады және таратады;
      арнайы және мамандандырылған, сондай-ақ мектепке дейiнгі және мектептен тыс ұйымдарды қоспағанда, жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта бiлiм берудiң негiзгі және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметiн лицензиялауды ұйымдастырады;
      мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарына (қылмыстық-түзету жүйесiндегi жалпы бiлiм беру мен кәсiптік орта бiлiм беретiн мектептерден басқа) қолдау көрсетедi және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
      мiндетті жалпы орта бiлiм беретiн мекемелер үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алуды және жеткiзудi қамтамасыз етедi;
      балалар мен жасөспiрiмдер үшiн қосымша бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
      аудан (қала) көлемiндегi мектеп олимпиадаларын өткiзудi ұйымдастырады;
      кәсiптiк бастауыш бiлiм беретiн ұйымдарда күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушылар үшiн атаулы стипендиялар тағайындайды;
      белгiленген тәртiппен жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етудi; оларды мiндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен оқушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен оқушылар мен тәрбиеленушілердiң жекелеген санаттарын тегін және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      бiлiм беру ұйымдарының бiтірушiлерiн жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi;
      ауылдық жердегi бiлiм беру ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
      мәслихатқа бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жүруi туралы ұсыныстар енгiзедi.
      5. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкiмi мектепке дейiнгi тәрбие беретiн бiлiм беру ұйымдарына қолдау көрсетедi және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдеседi.
      Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкiмi ауылдық (селолық) жерде бiлiм алушыларды мектепке дейiн және керi қарай тегін жеткiзудi ұйымдастырады.";
      13) 32-бап алынып тасталсын;
      14) 33-баптың 18) тармақшасы алынып тасталсын;
      15) 35-баптың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      16) 37-баптың 6-тармағында ", ал бақылау жасау - тиiстi мемлекеттік органдарға" деген сөздер алынып тасталсын;
      17) 40-бапта:
      1-тармақтың екiншi бөлiгiнде "еңбек саласындағы орталық атқарушы органымен келiсе отырып" деген сөздер "еңбек және халықты әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта "экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшiн" деген сөздер алынып тасталсын;
      18) 41-бапта:
      2-тармақтың екiншi сөйлемi алынып тасталсын;
      4-тармақтың 2) тармақшасында "өкiлдi" деген сөздер "атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жергілікті бюджеттердiң қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 43-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекет жыл сайын бiлiм беруге, оның басымдығын ескере отырып, бюджет қаражатын бөледі.";
      3-тармақ алынып тасталсын;
      4-тармақтың бiрiншi абзацында "республикалық және жергіліктi" деген сөздер алынып тасталсын;
      20) 44-бапта:
      1-тармақта "республикалық және жергілiктi бюджет қаражаттары" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Түзету мекемелерiнде мiндетті жалпы орта және бастапқы кәсiби бiлiм беру үшiн үй-жайларды ұстау және жарақтандыруға байланысты шығыстарды қылмыстық-түзету жүйелерiнiң уәкілетті органы жүзеге асырады.";
      21) 45-баптың 1-тармағында "мен өзге де ақылы" деген сөздер алынып тасталсын.

      72. "Жерасты және ашық кен жұмыстарында еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетін мемлекеттiк арнайы жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 9, 647-құжат; 2002 ж, N 10, 105-құжат):
      1) 1-бапта:
      2) тармақшада "және жәрдемақы тағайындауды жүзеге асыратын" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3), 4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрі - Орталық) - осы Заң шарттарымен функцияларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкiметі уәкiлеттік берген заңды тұлға;
      4) жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган - Орталықтың аумақтық бөлiмшелерi.";
      2) 2-бапта "республикалық бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 5-бапта:
      2-тармақта "тағайындау жөніндегі" деген сөздер "тағайындау жөнiндегi уәкілеттi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта "орталық атқарушы орган" деген сөздер "жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Орталық атқарушы орган тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн арыз берушіге ол туралы бес күннен кешіктiрмей жазбаша түрде хабарлайды.
      Жәрдемақыны тағайындаудан бас тартқан жағдайда жәрдемақыны тағайындау жөнiндегi уәкілеттi орган бас тарту себептерiн жазбаша түрде негіздеуге және арыз берушiнiң құжаттарын қайтаруға мiндеттi.";
      4) 6-баптың 2-тармағында "Зейнетақы төлеу жөніндегi мемлекеттік орталықтан" деген сөздер "Орталықтан" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) 7-баптың бiрiншi бөлiгiнде "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық" деген сөздер "Орталық" деген сөзбен ауыстырылсын.
      73. "Терроризмге қарсы күрес туралы" 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1999 ж., N 19, 649-құжат; 2002 ж. N 4, 32-құжат):
      1) 16-бапта, 22-бапта "республикалық және жергілікті бюджеттердiң" деген сөздер "бюджет" деген сөздермен ауыстырылсын.

      74. "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 720-құжат):
      1) 4-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Уәкiлетті орган өз құзыретi шегiнде және өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердiң заңды және жеке тұлғаларының арасынан мемлекеттік органдарға сәйкес келетiн мамандарды, консультанттар мен сарапшыларды тартады;
      дәм айыру комиссиясы туралы ереженi бекiтедi;
      стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша өндiрiстің паспортын бекiту үшiн қажетті мәлiметтер тiзбесiн белгiлейдi;
      этиль спиртiн және алкоголь өнiмдерiн өндiру және оның айналымының декларациясын ұсыну тәртiбiн айқындайды;
      осы Заңның 5-бабына сәйкес алкоголь өнiмiн белгiлi бiр түрге жатқызады.";
      3-тармақ алынып тасталсын;
      2) 6-баптың 4-тармағы, 7-баптың 3-тармағы және 13-баптың 2-тармағы алынып тасталсын;
      3) 18-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтауға және көтермелеп iске асыруға лицензия алу үшiн тексеруге ақы мөлшерi және алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) бөлшектеп iске асыру монополияға қарсы күрес заңнамасына сәйкес айқындалады.".

      75. "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 724-құжат; 2003 ж., N 12, 81-құжат):
      1) 6-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында "мемлекеттік басқару органдарының" деген сөздер "мемлекеттiк органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 18-баптың 6-тармағы алынып тасталсын;
      3) 19-баптың 1-тармағының 3) және 3-1) тармақшаларында "қалалардың" деген сөз "аудандардың (қалалардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 20-баптың 2-тармағында "Мемлекеттiк қадағалау органдары" деген сөздер "Стандарттау, метрология, және сертификаттау жөнiндегi уәкілетті орган және оның аумақтық бөлiмшелерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 22-баптың 2-тармағы алынып тасталсын;
      6) 28-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi абзацта "Республикалық бюджет" деген сөздер "Бюджет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1) тармақша алынып тасталсын.

      76. "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 725-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 15-16, 231-құжат; N 23, 321-құжат; 2003 ж., N 12, 81-құжат):
      18-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi абзацта "Республикалық бюджет" деген сөздер "Бюджет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақша алынып тасталсын.

      77. Қазақстан Республикасының "Электр энергетикасы туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, N 729):
      1) 2-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделгеннен басқа ережелер белгiленсе, онда халықаралық келiсiмнiң ережелерi қолданылады.";
      2) 4-бапта:
      1), 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) электр энергетикасы саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруды ұйымдастырады;
      2) электр энергетикасын дамытудың бағдарламасын әзiрлеудi ұйымдастырады;";
      3) тармақша алынып тасталсын;
      3) 5-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мемлекеттiк саясаттың негізгі бағыттарын әзiрлеу оны iске асыру жөнiндегi орталық және жергiлiктi атқару органдарының қызметiн үйлестіру;
      2) тармақшада "стратегиялық және мақсатты" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. электр және жылу энергиясын пайдалану мен техникалық диспетчерлеу, бөлу, тарату, өндiрiс саласында қызметiн реттейтiн техникалық және технологиялық нормалар кiретін әрi берiктiк, үнемдiлiк және электр энергетикалық құрылыс қауiпсiздiгi мен оларды пайдаланудың нормативтiк актiлерiн әзiрлеу және бекiту;";
      8) тармақша алынып тасталсын.

      78. "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1065-құжат; 2003 ж., N 15, 129-құжат):
      1) 1-бапта:
      7) тармақшада "жаттықтырушылар" деген сөз "жаттықтырушылардың, спортшылардың, нұсқаушылардың, әдiскерлер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
      "17) бұқаралық спорт - дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуға тарту және спорттың әр түрiндегi талантты спортшыларды анықтау мақсатында халық арасында дене шынықтыруды дамытуға әсер ететін жаппай спорттық қозғалысты бiлдiретін дене шынықтырудың бiр бөлігі;
      18) ұлттық спорт түрлерi - жарыс әрекетi түрiнде тарихи қалыптасқан және өзгеше дене шынықтыру жаттығулары мен өзiндiк ережелерi бар халық ойындарын бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр бөлiгі.";
      2) 8-баптың 1-тармағында "уәкілетті органдар" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 9-баптың 3-тармағында "жергілiкті өкiлдi және атқарушы органдарға" деген сөздер "облыстардың, қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 11-баптың 1-тармағында "жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарға"деген сөздер "қалалардың, аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарына ауылдық (селолық) округтердiң, ауылдардың (селолардың), кенттердiң, қаладағы аудандардың, қалалық маңыздағы аудандар әкiмдерiне" деген сөздермен ауыстырылсын";
      5) 12-бап бойынша:
      2-тармақта "өкiлдi және" деген сөздер алынып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлетті орган мүгедектердiң дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерiмен бiрлесе отырып, республикалық жарыстарды өткiзудi, мүгедектер арасындағы спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командаларды халықаралық жарыстарға даярлауды және қатысуды ұйымдастырады.
      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары мүгедектердiң дене шынықтыру спорт бiрлестіктерiмен бірлесе отырып, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiндегi спорттық шараларды өткiзудi, сондай-ақ оларды республикалық жарыстарға даярлануы мен қатысуын ұйымдастырады.";
      6) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының спортшыларын дайындау келiсiм-шарт негізiнде жүзеге асырылуы мүмкiн. Спорт қызметi туралы келісiм-шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негiзiнде жасалады.";
      7) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
      "22-1-бап. Спорттық сыныптама
      1. Спорттық атақтар мен дәрежелер спортшыларға дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi орган төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге белгілеген біліктілiк талаптарға сәйкес берiледi.
      Жаттықтырушыларға, нұсқаушыларға, әдiскерлерге, төрешiлерге санаттар дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган белгілеген біліктілік талаптарға сәйкес берiледi.
      2. Спортшылар мен жаттықтырушыларға мынадай спорттық атақтар мен дәрежелер беріледi:
      1) спорттық атақтар:
      "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" құрметті атағы;
      "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi" құрметті атағы;
      Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi;
      Қазақстан Республикасының спорт шеберi;
      2) спорттық разрядтар:
      Қазақстан Республикасының спорт шеберлiгiне кандидат;
      1 дәрежелi спортшы;
      2 дәрежелi спортшы;
      3 дәрежелi спортшы;
      1 жасөспiрiмдер дәрежесiнiң спортшысы;
      2 жасөспiрiмдер дәрежесiнiң спортшысы;
      3 жасөспiрiмдер дәрежесiнiң спортшысы;
      3. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi әдiскерлер мен нұсқаушыларға мынадай бiлiктiлiк санаттары беріледi:
      жоғары санатты біліктіліктің жоғары деңгейдегi әдiскерi;
      бiрiншi санатты бiлiктiлiктiң жоғары деңгейдегi әдiскерi;
      екiншi санатты бiлiктiлiктiң жоғары деңгейдегі әдiскерi;
      санаты жоқ бiлiктiлiктiң жоғары деңгейдегi әдiскерi;
      жоғары санатты бiлiктiлiктiң орта деңгейдегi әдiскерi;
      бiрiншi санатты бiліктіліктің орта деңгейдегi әдiскерi;
      екiншi санатты бiлiктiлiктiң орта деңгейдегi әдiскерi;
      санаты жоқ бiліктіліктiң орта деңгейдегi әдiскерi;
      нұсқаушы - жоғары санатты білiктiлiктiң жоғары деңгейдегi спортшысы;
      нұсқаушы - бiрiншi санатты біліктіліктің жоғары деңгейдегi спортшысы;
      нұсқаушы - екiншi санатты бiлiктілiктің жоғары деңгейдегi спортшысы;
      4. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi жаттықтырушыларға мынадай бiліктілiк санаттары берiледi:
      жоғары санатты бiлiктiлiктiң жоғары деңгейдегi жаттықтырушысы;
      бiрiншi санатты біліктiлiктің жоғары деңгейдегi жаттықтырушысы;
      екiншi санатты бiлiктiлiктiң жоғары деңгейдегi жаттықтырушысы;
      санаты жоқ бiліктілiктiң жоғары деңгейдегi жаттықтырушысы;
      жоғары санатты бiлiктiлiктiң орта деңгейдегi жаттықтырушысы;
      бiрiншi санатты бiлiктiлiктiң opтa деңгейдегі жаттықтырушысы;
      екiншi санатты бiлiктілiктiң орта деңгейдегі жаттықтырушысы;
      санаты жоқ бiлiктілiктiң орта деңгейдегi жаттықтырушысы;
      5. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi төрешiлерге мынадай бiлiктілiк санаттары беріледi:
      спорт жөнiндегi жоғары санатты ұлттық төрешi;
      спорт жөніндегі ұлттық төрешi;
      спорт жөнiндегi бiрiншi санатты төрешi;
      спорт жөнiндегi төрешi.";
      8) 23-бапта:
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) республикалық, халықаралық соның iшiнде ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерiнен жарыстар өткiзедi;";
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) спорт ғимараттарын салуға жобалық құжаттаманы келiседi және спорттық құрал-сайман шығару кезiнде әдiстемелiк жетекшiлiктi жүзеге асырады;";
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) мынадай спорттық атақтар мен санаттарды: "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" құрметтi атағы, "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi" құрметтi атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберi, Қазақстан Республикасының спорт шеберi, жоғары санатты бiлiктiлiктiң жоғары және орта деңгейдегі жаттықтырушысы, жоғары санатты бiлiктiлiктiң жоғары деңгейдегі нұсқаушы-спортшысы, жоғары санатты бiлiктiлiктiң жоғары және орта деңгейдегі әдiскерi, спорт жөнiндегi жоғары санатты ұлттық төрешi, спорт жөнiндегi ұлттық төрешi бередi;";
      18-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "18) бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, спорттық шараларды қамтамасыз етудiң және республикалық спорттық шараларға қатысушылар мен халықаралық жарыстардағы жоғары көрсеткiштерi үшін Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары мүшелерiн көтермелеудің нормативтерiн әзiрлейдi және бекiтеді.";
      20-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "20) спорттық атақтарды, дәрежелер мен санаттарды беру тәртiбiн айқындайды;";
      9) 23-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "23-1-бап. Дене шынықтыру және спорт мәселелерi жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың құзыретi
      1. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган:
      1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады;
      2) спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және халықаралық жарыстар өткiзедi;
      3) спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) құрама командаларды даярлау мен олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
      4) тиісті әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қолдайды;
      5) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мамандандырылған оқу-спорт мектептерiнiң қызметiн үйлестіредi;
      6) спорт ғимараттарын салу мәселелерiн үйлестiредi;
      7) спорт ұйымдарына әдiстемелiк және консультативтiк көмек көрсетедi;
      8) мынадай спорттық атақтар мен санаттарды: спорт шеберлiгiне кандидат, бiрiншi спорттық дәреже, бiрiншi санатты бiлiктiлiктiң жоғары және орта деңгейдегi жаттықтырушысы, бiрiншi санатты бiлiктілiктiң жоғары деңгейдегi нұсқаушы-спортшысы, бiрiншi санатты бiлiктiлiктiң жоғары және орта деңгейдегі әдiскерi, спорт жөнiндегi бiрiншi санатты төрешi бередi;
      9) облыстық спорттық-бұқаралық шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
      10) тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
      11) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестіредi;
      12) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында дене шынықтыру және спортты дамыту туралы мәлiметтердi, соның iшiнде деректердi талдап, дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органға табыс етедi;
      13) Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тiзбеге сәйкес қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады.
      2. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы орган:
      1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады;
      2) спорттың әр түрi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде жарыстар өткiзедi;
      3) спорттың әр түрi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) құрама командаларды даярлау мен олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
      4) тиісті әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты ұлттық спорт түрлерiн және түрлерiн дамытады;
      5) аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiреді;
      6) мынадай спорттық дәрежелер мен санаттарды: екiншi және үшiншi бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдер, екiншi санатты бiлiктiлiктiң жоғары және орта деңгейдегi жаттықтырушысы, екiншi санатты бiлiктiлiктiң жоғары деңгейдегi нұсқаушы-спортшысы, екiншi санатты бiлiктіліктің жоғары және орта деңгейдегi әдiскерi, спорт жөнiндегі төрешi бередi;
      7) аудандық спорттық-бұқаралық шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекітедi және iске асырады;
      8) тиiсті әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметін үйлестiредi;
      9) тиісті әкiмшілік-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
      10) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында дене шынықтыру және спортты дамыту туралы мәлiметтердi, соның iшiнде статистикалық деректердi таңдап, облыстық дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлетті органға табыс етедi.
      3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумақтарында спорт мекемелерiнiң материалдық-техникалық қамтамасыз етілуiн қолдайды және оған жәрдем көрсетедi.";
      8) 25-бапта:
      1-тармақта "тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландыруды" деген сөздер "бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2, 3, 4-тармақтар алынып тасталсын;
      9) 26-баптың 1-тармағында "мемлекеттік бюджеттен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 29-бапта "жергіліктi өкiлдi және атқарушы органдар" деген сөздер "аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4. 30-бапта:
      1-тармақта "жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары" деген сөздер "жергілiктi атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "атқарушы билік органдары" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-1-тармақта "мемлекеттiк қаражат" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ алынып тасталсын;
      30-1-бапта:
      2-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама және (немесе) КСРО құрама командаларының құрамында болған және кемiнде жиырма жыл еңбек стажы бар спортшыларға, жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілеген тәртiппен төленедi және мынадай мөлшерде тағайындалады:";
      3-тармақ алынып тасталсын;
      13) 31-баптың екiншi бөлігінде "мемлекеттік қаражат" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын.

      79. "Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 7, 165-құжат):
      1) 5-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақшада "қалыптастырады және iске асырады" деген сөздер "әзiрлеудi және iске асыруды ұйымдастырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мемлекеттік шама бiрлiктерiнiң эталондарын бекiтедi";
      мынадай мазмұндағы 3-1)-тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген халықаралық бiрлiктер жүйесiне енбейтiн өлшемдердi айқындайды;";
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжатты әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi және бекiтедi;";
      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      "13) техникалық құралдардың өлшем құралдарына қатыстылығын белгiлеудiң тәртiбiн айқындайды.";
      2) 8-баптың екiншi бөлiгі, 10-баптың үшiншi бөлігі 11-баптың екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      3) 31-баптың 1-тармағында:
      бiрiншi бөлiкте "Республикалық бюджеттiң қаражаты" деген сөздер "Бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақша алынып тасталсын;
      2) тармақшада "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын.

      80. "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 10, 241-құжат):
      29-бапта:
      бiрiнші бөлiкте "республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
      үшiншi бөлiкте "республикалық бюджеттен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi бөлiкте "республикалық бюджеттен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      81. "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 14-15, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 34-құжат; N 17, 155-құжат):
      9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттік күзетiлуi тиiс объектiлердi айқындау ережесiн, сондай-ақ олардың Тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.".

      82. "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 20, 381-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат):
      1) 2-баптың 12) тармақшасында "органдар" деген сөз "орган" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 6-бапта:
      2-1-тармақта:
      "уәкiлеттi" деген сөз алынып тасталсын;
      "ұйымдастыруды" деген сөзден кейiн "банкроттық рәсiмдердi бақылау жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-2. Коммуналдық меншiкке түскен мүлiктi бағалау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды коммуналдық меншiкке билiк етуге уәкiлеттi орган жүзеге асырады.";
      ескерту "тапсырыс берушi" деген сөздерден кейiн "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың" деген сөздермен толықтырылсын, "органдар" деген сөз "органдары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 18-бапта "мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 19-бапта:
      тақырыбында "Уәкiлетті органдардың" деген сөздер "Уәкiлетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiрiншi абзацта "органдар" деген сөздер "орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу және бекiту, Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңдарының қолданылу практикасын жинақтап қорыту";
      6), 8) тармақшалар алынып тасталсын.

      83. "Отбасы үлгісiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 21, 385-құжат):
      1) 12-баптың бiрiншi бөлігінiң 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Балалар ауылы - тәрбиеленушi-балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге және осы заңмен бекiтiлген функцияларды орындауға арналған коммерциялық емес ұйымдастырушылық-құқықтық - нысанда құрылатын заңды тұлға.";
      2) 13-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Балалар ауылының қызметiн басқаруды Жарғыға сәйкес балалар үйiнiң құрылтайшысы тағайындайтын әкiмшiлiк жүзеге асырады.";
      3) 14-баптың 2-тармағында "уәкiлетті орган" деген сөздер "бiлiм беру мәселелерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жасөспiрiмдер үйiнiң қызметiн балалар ауылының (балалар үйiнiң) әкiмшiлігі Жасөспiрiмдер үйiнiң директорымен бiрлесе отырып, бiлiм беру мәселелерi бойынша уәкiлеттi органы бекiткен Жасөспiрiмдер үйi туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.";
      5) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "30-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың құқықтары мен мiндеттерi
      Әлеуметтік бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың құқықтары мен мiндеттерi балалар ауылы (балалар үйi) мен тәрбиеленушi (түлек) арасында жасалған Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шарт негiзiнде белгiленедi. Бұл шарт бiлiм беру мәселелерi бойынша уәкілеттi органы бекiтетiн Yлгі шарт негiзiнде жасалады.".

      84. "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 2, 12-құжат; N 15-16, 232-құжат; 2003 ж., N 19-20, 148-құжат):
      1) 4-баптың 6), 7) және 8) тармақшалары алынып тасталсын;
      2) 5-бапта:
      1) тармақшада "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
      8) тармақша алынып тасталсын;
      5) 6-бапта:
      2) және 15) тармақшалар алынып тасталсын;
      6) тармақшада "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
      4) 10-бапта:
      3) және 6) тармақшалар алынып тасталсын;
      7) тармақшада "селекция, тұқым шаруашылығы және" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) бюджеттiк бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге минералдық тыңайтқыштар мен жанар-жағармай материалдарының құнын арзандату;";
      12) тармақшада "республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген мөлшерде" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) 11-баптың 6-тармағында "республикалық бюджет" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада "мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары" деген сөздерден кейiн ", астық, мемлекет сататын астық ресурстары," деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 17-баптың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      7) 24-1-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы алынып тасталсын.

      85. "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 2, 13-құжат):
      1) мәтiнде "монополияға қарсы органның", "монополияға қарсы орган", "монополияға қарсы органмен", "монополияға қарсы органда", "монополияға қарсы органға" деген сөздер "монополияға қарсы органдардың", "монополияға қарсы органдар", "монополияға қарсы органдармен", "монополияға қарсы органдарда", "монополияға қарсы органдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 4-бапта:
      2) тармақшада "монополияға қарсы орган" деген сөз "республикалық және жергiлiктi бөлімдерден тұратын монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      "14) белгiлi бiр тауар рыногының шекарасы - осы аумақта сатып алушы үшiн тауарды (жұмысты, қызмет көрсетудi) иеленуге экономикалық және технологиялық шектеулердi негiзге ала отырып айқындалатын, аумақтарды белгiлi бiр немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) айналыс шегi";
      3) 5-бапта:
      бiрiншi бөлiкте "бәсекенi қорғау және монополистiк қызметті шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган -" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақтың үшінші бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Монополияға қарсы саясат саласындағы орталық, облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) атқарушы органдар (бұдан әрi - монополияға қарсы органдар) монополияға қарсы органдардың жүйесiн құрайды.";
      2-тармақта "Үкiметі" деген сөз "Президентi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) 6-баптың 3) және 7) тармақшалары алынып тасталсын;
      5) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      7-бап. Монополияға қарсы органдардың функциялары
      1. Монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес өз құзыретi шегiнде мынадай жұмыстарды орындайды:
      1) осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасында көрсетiлгендерден басқа, белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерiнің қызметiн бақылауды және реттеудi жүзеге асырады;
      2) белгілi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерiнiң мемлекеттiк тізiлімiнiң республикалық бөлiмiн жасайды және жүргiзедi;
      3) орталық мемлекеттiк органдардың қызмет көрсету тәртiбiн бақылауды және реттеудi жүзеге асырады;
      4) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие, бәсекенi шектейтiн және монополистік қызметті жүзеге асыратын рынок субъектiлерiн анықтау мақсатында талдау жүргiзедi;
      5) тауар рыногының жұмыс iстеуiне, бәсекенi дамытуға, баға белгiлеу және тұтынушылардың мүдделерiн қорғау мәселелерiне қатысы бар заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер жобаларына сараптама жасайды;
      6) Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен Yкiметіне тауар рыногының, ондағы бәсекенiң жай-күйi туралы баяндамалар, монополияға қарсы заңдарды және оларды қолдану практикасын жетiлдiру туралы баяндамалар жiбередi;
      7) өз құзыреті шегінде монополияға қарсы заңдарды бұзушылық туралы iстердi қарап, олар бойынша шешiм қабылдайды;
      8) рынок субъектiлерінің монополияға қарсы заңдарды сақтауын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      9) рынок субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндетті нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, бекiтедi;
      10) белгілі бір тауар рыногындағы рынок субъектiсінің қызметін реттеу немесе бақылау мәселелерi бойынша келiсiлген шараларды жүзеге асыру кезiнде облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) атқарушы органдардың монополияға қарсы саясат саласындағы қызметін үйлестірудi жүзеге асырады;
      11) тауар рыногының жай-күйiн, ондағы бәсеке деңгейiн зерттейдi және осы негізде кәсiпкерлiкті қолдау жөнiнде, монополистiк қызметті болғызбау, шектеу, тыю және реттеу жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
      12) мемлекеттік органдарға тауар рыногын және ондағы бәсекенi дамытуға бағытталған шаралар өткiзу жөнiнде ұсыныстар бередi;
      13) қосарлас құрылымдар құру, сондай-ақ белгілі бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiн бөлу жөнiнде шаралар әзiрлейдi.
      2. Монополияға қарсы саясат саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган өз құзiретi шегінде мынадай жұмыстарды орындайды:
      1) белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнің мемлекеттік тiзiлiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген, шекарасы бiр облыстан (республикалық маңызы бар қаладан, астанадан) аспайтын белгiлі бiр тауар рыногындағы қызметтi жүзеге асыратын рынок субъектілерiнің қызметiн бақылауды және реттеудi жүзеге асырады;
      2) белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiнiң жергіліктi бөлiмiн жасайды және жүргізедi;
      3) жергiлікті мемлекеттік органдардың қызмет көрсету тәртiбiн бақылауды және реттеудi жүзеге асырады;
      4) шекарасы бiр облыстан (республикалық маңызы бар қаладан, астанадан) аспайтын белгілi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие, бәсекенi шектейтiн және монополистік қызметтi жүзеге асыратын рынок субъектiлерiн анықтау мақсатында талдау жүргізедi;
      5) жыл сайын монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы органға тауар рыногының, ондағы бәсекенiң жай-күйi туралы баяндамалар, монополияға қарсы заңдарды және оларды қолдану практикасын жетiлдiру туралы баяндама жiбередi;
      6) өз құзыретi шегiнде монополияға қарсы заңдарды бұзушылық туралы iстердi қарап, олар бойынша шешiм қабылдайды;
      7) рынок субъектiлерiнiң монополияға қарсы заңдарды сақтауын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      8) монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы органның талабы бойынша олар белгiлеген мерзiмде қажеттi ақпаратты ұсынады;
      9) тауар рыногының жай-күйiн, ондағы бәсеке деңгейiн зерттейдi және осы негізде кәсiпкерлiктi қолдау жөнiнде, монополистiк қызметтi болғызбау, шектеу, тыю және реттеу жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
      10) мемлекеттік органдарға тауар рыногын және ондағы бәсекенi дамытуға бағытталған шаралар өткiзу жөнiнде ұсыныстар бередi;
      11) қосарлас құрылымдар құру, сондай-ақ белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiн бөлу жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
      5) 8-бап алынып тасталсын;
      6) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-бап. Монополияға қарсы органның құқықтары
      1. Монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган осы Заңға сәйкес:
      1) мемлекеттік органдар мен рынок субъектiлерi орындауға мiндетті монополияға қарсы заңдар мәселелерi жөнiндегі нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеп, бекiтуге;
      2) тиісті тауар рыногының шекарасын белгiлеу және рынок субъектісiн үстем (монополиялық) жағдайға ие деп тану тәртiбiн айқындауға;
      3) осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасында көрсетiлгендерден басқа рынок субъектiлерiнде үстем (монополиялық) жағдайдың бар-жоғын анықтауға;
      4) егер белгiлi бiр тауар рыногында үлесi отыз бес проценттен асатын рынок субъектiлерiнiң пайда болуына жеткiзетiн болса, сондай-ақ белгілі бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерiн қайта ұйымдастыруға таратуға әкеп соғатын болса, рынок субъектілерiн құруға қорытынды беруге;
      5) монополияға қарсы заңдарды мемлекеттiк органдардың, рынок субъектiлерiнiң сақтау мәселелерi бойынша тексеру жүргiзуге;
      6) мемлекеттік органдарға, олардың лауазымды адамдарына, белгілi бiр тауар рыногында үлесi отыз бес проценттен асатын не белгілі бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерiне, олардың басшыларына орындау үшiн мiндетті нұсқамалар енгiзуге;
      7) бәсекенi дамытуға, монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы органның нұсқамаларын орындауға кедергi келтiрген және осы Заңда және басқа да заң актiлерiнде көзделген өзге де тәртiп бұзушылықтар үшiн рынок субъектілерi мен олардың басшыларына, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына айыппұл салу туралы шешiмдер қабылдауға;
      8) монополияға қарсы заңдарды, тұтынушылардың мүдделерiн қорғау жөнiндегі заңдарды бұзушылықты жою мақсатында талаппен сотқа жүгінуге;
      9) тиісті құқық қорғау органдарына жүгінiп, оларға монополияға қарсы заңдарды бұзушылыққа байланысты қылмыс белгiлерi бойынша қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн материалдар жiберуге;
      10) монополияға қарсы заңдар мәселелерi бойынша түсiндiрме беруге;
      11) мемлекеттік органдарға монополияға қарсы заңдарды бұзатын олар қабылдаған актiлердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгiзуге;
      12) заңдарға қайшы келетін материалдар мен нормативтiк құқықтық актілердi прокуратура органдарына жiберуге;
      13) монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы органның отырыстарында мемлекеттiк органдардың, белгілi бiр тауар рыногында үлесi отыз бес проценттен асатын не белгілi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң лауазымды адамдарын оның құзiретiне кіретін мәселелер бойынша тыңдауға құқылы.
      2. Монополияға қарсы саясат саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган:
      1) шекарасы бiр облыстан (республикалық маңызы бар қаладан, астанадан) аспайтын белгiлi тауар рыногындағы қызметтi жүзеге асыратын рынок субъектiлерiнде үстем (монополиялық) жағдайдың бар-жоғын анықтауға;
      2) егер белгiлi бiр тауар рыногында үлесi отыз бес проценттен асатын рынок субъектілерiнiң пайда болуына жеткiзетiн болса сондай-ақ белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға, таратуға әкеп соғатын болса рынок субъектiлерiн құруға қорытынды беруге;
      3) монополияға қарсы заңдарды мемлекеттiк органдардың, рынок субъектiлерінің сақтау мәселелерi бойынша тексеру жүргiзуге;
      4) мемлекеттiк органдарға, олардың лауазымды адамдарына белгілi бiр тауар рыногында үлесi отыз бес проценттен асатын не белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiне, олардың басшыларына орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар беруге;
      5) бәсекенi дамытуға, монополияға қарсы саясат саласындағы облыстық (республикалық деңгейдегi қалалар, астана) атқарушы органның нұсқамаларын орындауға кедергi келтiрген және осы Заңда және басқа да заң актiлерiнде көзделген өзге де тәртiп бұзушылықтар үшiн рынок субъектілерi мен олардың басшыларына, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына айыппұл салу туралы шешiмдер қабылдауға;
      6) монополияға қарсы заңдарды, тұтынушылардың мүдделерiн қорғау жөнiндегi заңдарды бұзушылықты жою мақсатында талаппен сотқа жүгiнуге;
      7) тиiстi құқық қорғау органдарына жүгінiп, оларға монополияға қарсы заңдарды бұзушылыққа байланысты қылмыс белгілерi бойынша қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн материалдар жiберуге;
      8) мемлекеттiк органдарға монополияға қарсы заңдарды бұзатын олар қабылдаған актілердiң күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгiзуге;
      9) заңдарға қайшы келетiн материалдар мен нормативтiк құқықтық актiлердi прокуратура органдарына жiберуге;
      10) монополияға қарсы саясат саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның отырыстарында мемлекеттік органдардың белгiлi бiр тауар рыногында үлесi отыз бес проценттен асатын не белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң лауазымды адамдарын оның құзiретiне кiретiн мәселелер бойынша тыңдауға құқылы.";
      7) 10-баптың 3-тармағындағы "өз" деген сөз "өздерiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
      8) 11-баптың 2-тармағында "белгiленген тәртiппен" деген сөздер "тиісті монополияға қарсы органдармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 12-баптың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      10) 16-бапта:
      1-тармақта:
      екiншi бөлікте "монополияға қарсы орган" деген сөздер "монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi бөлікте "монополияға қарсы орган белгiлейтiн" деген сөздер "монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган белгілейтiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесiншi бөлiк алынып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Монополияға қарсы орган рынок субъектiлерiнiң қызметiн бақылау және реттеу үшiн монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган айқындайтын тәртiппен белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiнiң (бұдан әрi - Тiзiлiм) республикалық және жергілiктi бөлiмдерiн жасап, жүргiзiп отырады.";
      11) 17-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi абзацында "орган" деген сөз "органдар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақтың үшiншi бөлігінде "орган" деген сөз "органдар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақтың қазақ тiліндегі мәтiнi өзгермейдi;
      5-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "орган", "ол" деген сөздер "органдар", "олар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақта "органның" деген сөз "органдардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      12) 18-бапта:
      3-тармақтың екiншi бөлiгiнде "монополияға қарсы орган" деген сөздер "монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта "ол", "орган" деген сөздер тиiсiнше "олар", "органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақта "органның" деген сөз "органдардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      8-тармақта "органның", "орган" деген сөздер "органдардың", "органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 21-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "ол" деген сөз "олар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      14) 25-баптың бiрiншi бөлiгiнде "орган" деген сөз "органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 26-баптың 2-тармағының екiншi бөлігінде "республикалық" деген сөз алынып тасталсын.

      86. "Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 2, 15-құжат):
      1) 6-баптың 2 тармағында "ұйымдарда" деген сөз "ұйымдарға" деген сөзбен, "өкiлдiктерiн ұстауға" деген сөздер "өкiлдерiн жiберуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 10-бап алынып тасталсын.

      87. "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 9, 85-құжат; 2003 ж., N 12, 83-құжат):
      мәтiнде "жергiліктi атқарушы органдарға" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiліктi атқарушы органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      88. "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентi Жаршылары, 2001 ж., N 13-14, 175-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат):
      10-бапта:
      1), 7) тармақшалар алынып тасталсын;
      2) 11-бап:
      1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-1) Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту бағдарламасын әзiрлейдi";
      4) тармақша алынып тасталсын;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) Қазақстан Республикасының туристік қызмет саласындағы заңнамалары мен нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;";
      11), 13) тармақшалар алынып тасталсын;
      3) 12-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың құзыретi;
      бiрiнші абзацта "Жергiлiктi" деген сөз "Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) турагенттiк, туроператорлық, экскурсиялық қызметті және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн лицензиялауды жүзеге асырады;";
      9), 11), 12) тармақшалар алынып тасталсын;
      15-бапта:
      "уәкiлеттi орган", "уәкілеттi органның" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган", "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Туристiк ұйымдардың қызметкерлерiн аттестациялау туристік қызмет саласындағы уәкiлетті орган белгілейтін тәртiппен жүзеге асырылады.";
      6) 26-баптың 9-тармағында "жергiлiктi" деген сөз "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      89. "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасының Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 13-14, 181-құжат):
      1) 4-бапта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) тiркеуге өтiнiмдердi жасау және ресiмдеу талаптарын белгiлейдi;";
      мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) тiркеу тәртiбiн, тiркеу туралы куәлiк нысанын, онда көрсетiлген мәлiметтер құрамын, сондай-ақ бюллетенде жарияланған мәлiметтердiң тiзбесiн белгiлейдi;
      7) сенiм бiлдiрiлген патенттi өкілдерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, оларды аттестаттау және тiркеу тәртiбiн анықтайды.".

      90. "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 15-16, 226-құжат):
      1) 1-бапта:
      15) тармақшада "ұйымның" деген сөзден кейiн тұрған "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
      16) тармақшасында "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аттестаттау органы" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 3-баптың 2), 4) тармақшалары алынып тасталсын;
      3) 6-баптың 7-тармағының 7) тармақшасы алынып тасталсын;
      4) 16-баптың 2-тармағында "органдар" деген сөз "орган" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) 17-бапта:
      5) тармақшада "әзiрлейдi және" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1)-7-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7-1) ғылыми ұйымдарды аттестациялау туралы ереженi бекiтедi;
      7-2) мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткiзу ережесiн бекiтедi;
      7-3) ғылым кандидатына, ғылым докторына доценттер мен профессорларға берілетін мемлекеттік үлгiдегi құжаттардың нысандарын бекiтедi;";
      10) тармақша алынып тасталсын;
      6) 18-бапта:
      1-тармақта:
      2), 11) тармақшалар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1)-4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4-1) мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың басшыларын осы ұйымдар ғылыми кеңесiнiң ұсынымдарын ескере отырып, қызметке тағайындау және қызметтен босату;
      4-2) оның мүшелерiн сайлау тәртiбiн қоса алғанда ғылымы ұйымның консультациялық-кеңесшi орган туралы үлгі ереженi бекiту;";
      7) тармақшада "құру" деген сөзден кейiн "және қызметтi қалыптастыру мен ұйымдастыру тәртiбiн бекiту";
      мынадай мазмұндағы 12)-18) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12) осы Заңның 22-бабының 1-тармағында аталған объектiлерге мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізудi ұйымдастыру;
      13) ғылымы дәрежелер мен ғылымы атақтарды iзденушiлерге қойылатын біліктілік талаптарын және ғылыми дәрежелер мен ғылымы атақтарды беру тәртiбiн бекiту;
      14) біліктілігі жоғары ғылымы және ғылыми-педагог кадрларға мемлекеттiк аттестаттау жүргізудi ұйымдастыру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту;
      15) мемлекет атынан ғылым кандидатының және ғылым докторының белгіленген мемлекеттік үлгiдегi дипломдарын, доцент және профессор аттестаттарын беру;
      16) мемлекеттiк мерзiмдi ғылыми-техникалық басылымдар мен басқа баспа өнiмдерiн, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде басып шығаруға арналған баспа өнiмдерiн басып шығарудың мақсатқа лайықтылығын анықтау;
      17) бюджет қаражаттары есебiнен жүргізiлетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын, iргелi және қолданбалы зерттеулердiң аяқталған тақырыптары мен бағдарламаларын, қорғалған кандидаттық және докторлық диссертацияларды мемлекеттік тiркеу ережесiн бекіту және оларды мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз ету;
      18) Қазақстан Республикасының Yкiметiне ғылыми кадрларды даярлау мен аттестаттау жүйесiн жетілдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу.
      2-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      7) 19-баптың 3, 4-тармақтары алынып тасталсын;
      8) 20-баптың 2-тармағы алынып тасталсын;
      9) 21-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ғылыми ұйымды басқаруды басшы жүзеге асырады.
      Ғылыми ұйымның басшысын қызметке тағайындау және қызметтен босату осы ұйымның ғылыми кеңесiнiң ұсынымдарын ескере отырып жүзеге асырылады."
      3-тармақтың екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      10) 22-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшада "республикалық бюджеттен" деген сөздер "бюджет қаражаттары есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын";
      5) тармақшада "республикалық бюджеттен" деген сөздер "бюджет қаражаттары есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын";
      2-тармақ алынып тасталсын;
      3-тармақта:
      "қаржы бөлу" деген сөздер "қаражаттар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "мекемелердiң-бағдарламалар әкiмшілерi" деген сөздер алынып тасталсын;
      11) 23-баптың 3-тармағы алынып тасталсын;
      12) 26-баптың 2-тармағының бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде "республикалық бюджет қаражаттары" деген сөздер "бюджет қаражаттары"
деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 27-баптың бiрiншi бөлігінде "заңнамалық актілермен" деген сөздер "заңнамамен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      14) 30-баптың 2, 3, 4, 5-тармақтары алынып тасталсын;
      15) 31-баптың 1-тармағында "уәкілетті мемлекеттiк орган мен ғылыми ұйымдар" деген сөздер алынып тасталсын;
      "жүзеге асырады" деген сөздер "жүзеге асырылады" деген сөзбен ауыстырылсын.      

      91. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 243-құжат):
      1) 1-бапта:
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік орган - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттiк басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";
      мынадай мазмұндағы 55, 56-тармақтармен толықтырылсын:
      "55. Инженерлiк инфрақұрылым - адамдардың тiршілік етуi, сондай-ақ өндiрiстің немесе таулар мен қызмет айналымының тұрақты жұмыс iстеуi үшін қалыпты жағдай туғызатын инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз етудiң кәсiпорындар (ұйымдар), объектiлер (ғимараттар мен құрылыстар), коммуникациялар мен желдердiң жиынтығы.
      56. Көлік инфрақұрылымы - көпiр, тонель және өзге де көлiктiк құрылыстардың, жол түйiндерi мен белгi беру құрылғыларын реттейтiн жол өткiзгiштерінің, көлiк жұмысын инженерлiк қамтамасыз ету, жүктердi, жолаушыларды тасымалдайтын көлiк құралдарына қызмет көрсету, өндiрiстiк және қызмет көрсетушi адамдардың функционалдық қызметiн қамтамасыз ететін объектілердiң, қойма үй-жайлары мен аумақтардың, санитарлық-қорғаныс және күзет алаңдарының, сондай-ақ көрсетiлген бағыт жолдарына және жылжымайтын мүлiк объектілерiн қамтитын объектiлерге заңнамамен бекiтiлген жерлердiң кешенi бар жерүсті (автомобиль және/немесе темiр жолдар), су (теңiз және/немесе өзен) жолдарының жиынтығы.";
      2) 6-баптың 3-тармағы 1) тармақшасында "басқа да" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) 13-бапта:
      2-тармақта:
      "немесе орталық" деген сөздер алынып тасталсын;
      "жергілiктi" деген сөздiң алдынан "аудандардың (қалалардың)" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта "уәкілетті мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы" деген сөздер "мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6-тармақтың 3) тармақшасында "жергiлiктi сәулет және қала құрылысы, мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясы органдарының" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (аудандық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 18-бапта:
      2) тармақшада "және оның аумақтық бөлімшелерi" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) тармақшада "сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы қатынастарды мемлекеттiк реттеуге" деген сөздер және "ғана қатысатын" деген сөздер алынып тасталсын;
      4) тармақшада "жергілiктi өкiлдi және атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергілiктi өкiлдi және атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша алынып тасталсын;
      5) 19-бапта:
      2) тармақшада "мемлекеттiк бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады" деген сөздер "бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етедi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшада "басқа да қалалардың" деген сөздер "қаланың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9) тармақшада "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
      12) тармақша алынып тасталсын;
      6) 20-бапта:
      2) тармақшада "мемлекеттік бағдарламалар әзiрлеу" деген сөздер "бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақшада "республикалық маңызы бар қалалардың, халқы жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) тармақша алынып тасталсын;
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) Қазақстан Республикасы аумағында қала құрылысы және сәулет-құрылыс тәртiбiнiң сақталуын, құрылыс сапасын қадағалау саласындағы қызметті үйлестiру;";
      14) тармақшада "облыстық және республикалық маңызы бар қалалық органдарының" деген сөздер "жергілiктi органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) тармақша алынып тасталсын;
      7) 21-бапта:
      1) тармақшада "(республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда)" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) тармақшада "әкiмi", "әкiмшiлік" деген сөздер "әкiмдiгi", "әкiмшiлiк-аумақтық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада "қала үлгiсiндегi кенттердiң" деген сөздер "халқы жүз мың тұрғыннан асатын кенттердiң, аудандық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақша алынып тасталсын;
      8) 22-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi абзацта "қалалар" деген сөздер "қала, астана" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) қала құрылысы бас жоспарының жобасын бекiту туралы ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзу;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне заң тәртiбiмен қала ықпал ететiн аймаққа жатқызылған жапсарлас аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобасының) әкiмдігі ұсынған кешендi схемасын мақұлдау;";
      2) және 3) тармақшаларда "әкiмi" деген сөз "әкiмдiгі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      екiншi абзацта "Халқы жүз мың тұрғыннан асатын" деген сөздер алынып тасталсын;
      1) тармақша алынып тасталсын;
      2) тармақшада "әкiмi" деген сөз "әкiмдiгi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4), 5) тармақшалар алынып тасталсын;
      9) 23-бап алынып тасталсын;
      10) 24-бапта:
      атауында, 1-тармақтың бiрiншi абзацында, 2-тармақтың екiншi абзацында "әкiмдерiнiң" деген сөз "әкiмдiктерiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақта "(республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда)" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақта:
      "(республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда)" деген сөздер алынып тасталсын;
      2), 3) тармақшалар алынып тасталсын;
      4) тармақшада "облыстық бюджеттен қаржыландыру көзделген" деген сөздер "облыстық маңызы бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшада алынып тасталсын;
      11) 25-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "25-бап. Республикалық маңызы бар қалалар, астана әкiмдiктерiнің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті";
      бiрiншi абзацта "әкiмдерiнiң" деген сөз "әкiмдiктерiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) тармақшада "қорының" деген сөзден кейiн "қалалық маңызы бар" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) тармақша алынып тасталсын;
      12) тармақшада "облыстық бюджеттен қаржыландыру көзделген" деген сөздер "қалалық маңызы 6ap" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) тармақша алынып тасталсын;
      12) 26-бапта:
      тақырыбында, бiрiншi абзацта "әкiмдерiнiң" деген сөз "әкiмдiктерiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2), 3), 4) және 6) тармақшалар алынып тасталсын;
      7) тармақшада "аудан бюджетінен қаржыландыру көзделген" деген сөздер "аудандық маңызы бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақша алынып тасталсын;
      10) тармақшада ", мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектiлерiн" деген сөздер алынып тасталсын;
      "коммуникацияларды," деген сөзден кейiн "аудандық маңызы бap" деген сөздермен толықтырылсын;
      11) тармақша алынып тасталсын;
      13) 27-тармақта:
      тақырыбында "және қала құрылысы" деген сөздер ", қала құрылысы және құрылыс" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жергiлiктi сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдары (қызметтерi) қарамағындағы аумақта сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттiк реттеудi өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiліктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшелерi болып табылады.";
      2-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жергiлiктi сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдарының құзыретiне:"
      2) тармақша алынып тасталсын;
      3) тармақшада "облыс" деген сөз "әкiмшілік-аумақтық бiрлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақша алынып тасталсын;
      7) тармақшада "облыстық деңгейде" деген сөздер алынып тасталсын;
      8) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9), 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн лицензиялауды, өтiнiш берушілердiң (лицензияға талапкерлердiң) және (немесе) лицензиаттардың біліктілік талаптарына сәйкес келуiне сарапшылық бағалау жүргізу үшін жеке және заңды тұлғалардың тiркелуiн жүзеге асыру;
      10) халқы жүз мыңнан асатын облыстық деңгейдегі қалалардың бас жоспарлары жобаларының, Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiткен өзге де қала құрылысы құжаттамаларының кешендi қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және өткiзу;
      11) жобалық құжаттамалардың сапасын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жобалардың мемлекеттiк сараптамасына басшылық жасау, сондай-ақ мемлекеттік емес сараптама орталықтарын аккредитациялау және сарапшыларды аттестаттау;
      12) Қазақстан Республикасы аумағында қала құрылысы және сәулет-құрылыс тәртiбiнiң сақталуын, құрылыс сапасын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру әрi сәулет-құрылыс бақылауы жүйесiне басшылық жасау;";
      3-тармақ алынып тасталсын;
      4-тармақта "Облыстық және республикалық маңызы бар" деген сөздер "Жергілікті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5, 6 және 8-тармақтар алынып тасталсын;
      13) 31-баптың 1-тармағы 1) тармақшада "мен оның аумақтық бөлiмшелерi" деген сөздер алынып тасталсын;
      14) 32-баптың 2-тармағында "істерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "жергiліктi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 33-бапта:
      2-тармақ алынып тасталсын;
      6-тармақта "сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс жергiлiктi атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының басшысы тиісті әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы болып табылады.";
      16) 34-баптың 1-тармағының 3) тармақшасының екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      17) 35-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша алынып тасталсын
      2) тармақшада:
      "қалалардың" деген сөз "қаланың, астананың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада "iстерi жөніндегі", "басқару" деген сөздер алынып тасталсын;
      18) 36-бапта:
      1-тармақта "(не мемлекеттiк инспекторлар)" деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақта "(не мемлекеттiк инспекторлар)" деген сөздер алынып тасталсын;
      19) 37-баптың 4-тармағы 2) тармақшасында "қалалық" деген сөзден кейiн ", астаналық" деген сөзбен толықтырылсын;
      20) 39-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және базалық деңгейдегi мемлекеттік қала құрылысы кадастрының тапсырысшылары облыстар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiктерi болып табылады.
      Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және базалық деңгейдегi мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөнiндегi облыс (республикалық маңызы бар қала астана) әкiмдiктерiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органы жергiлiктi сәулет, қала құрылысы және құрылыс органы болып табылады.";
      3-тармақ алынып тасталсын;
      21) 40-баптың 2-тармағы 1) тармақшасында "аумақтық" деген сөз алынып тасталсын;
      22) 68-бапта:
      2-тармақта "жергілiктi атқарушы органдардан" деген сөздер "аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың бiрiншi абзацында "жергіліктi атқарушы органдардың" деген сөздер "аудандардың (қалалардың) жергілiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта "жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақта "уәкiлетті мемлекеттiк органның" деген сөздер "жергiліктi сәулет, қала құрылысы және құрылыс органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) 75-баптың 3-тармағы екiншi абзацында "жергілікті атқарушы органдар" деген сөздер "аудандардың (қалалардың) жергілiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      92. "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 246-құжат):
      1) 1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жол органдары - жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган, оның аймақтық органдары;";
      2) 3-бапта:
      2-тармақта:
      бірінші абзацта "және жергiлiктi" деген сөздер "облыстық және аудандық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада:
      "жергілікті" деген сөз "облыстық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "аудандардың әкiмшiлiк орталықтарымен, ауылдық елдi мекендермен" деген сөздер "облыс және аудан орталықтарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына аудан орталықтарын ауылдық елдi мекендермен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады.";
      4-тармақта "1), 2) және 3)" деген сандар "1), 2), 3) және 4)" деген сандармен ауыстырылсын;
      7-тармақтың екiншi бөлiгiнде "Жергiлiктi" және "жергілiктi" деген сөздер "Облыстық және аудандық" және "тиісті облыстық және аудандық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 5-баптың 1-тармағында "бақылауды" деген сөзден кейiн "автомобиль жолдары жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 6-бапта:
      2-тармақтың екiншi бөлігінде "және жергілікті" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы төртiнші және бесiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн тиісті облыстық атқарушы органның ұсынуы бойынша мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн жол органдарымен келiсе отырып облыстық атқарушы органдары белгiлейдi."
      3-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "және жергiлiктi" деген сөздер "облыстық және аудандық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 9-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiп мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң жол органдары пайдаланбайтын жер учаскелерi жолдың көлiктiк-пайдалану сапасының төмендеуiне жол бермей, көлiк құралдары жүрiсiнiң қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтаған жағдайда, жеке және заңды тұлғаларға сервис объектілерi мен жарнаманы орналастыру үшiн, автомобиль жолдары жөнiндегi мемлекеттік органмен және өз құзыреті шегiнде шарттық негізде уақытша қысқа мерзімдi жер пайдалануға берiлуi мүмкiн."
      6) 10-баптың 1-тармағында "тиiстi мемлекеттiк органдардың" деген сөздер "тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiндегi жергiлiктi атқару органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 11-бапта:
      тақырыпта "өкiлеттігi" деген сөз "құзыретi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) тармақшада "халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жобалау, салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру көздерi мен мөлшерiн анықтау," деген сөздер алынып тасталсын;
      7) тармақша алынып тасталсын;
      8) 12-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12-бап. Автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi органның құзыретi";
      1-тармақ алынып тасталсын;
      2-тармақта:
      бiрiншi бөлiк "Уәкiлетті" деген сөздiң алдынан "Автомобиль жолдары жөнiндегi" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша "заңнамаға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) тармақшада ", оларды қаржыландыру жөнiндегi жоспарлардың жобаларын әзiрлеу, бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз eту" деген сөздер алынып тасталсын;
      12) тармақша алынып тасталсын;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтiп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру";
      15) тармақшада "сақталуын қамтамасыз ету" деген сөздер "сақталуын бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17), 18), 19) және 20) тармақшалар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
      "22) жол қызметiн басқару, автокөлiк жолдарын жөндеудi, күтiп ұстауды және дамуын қамтамасыз ету мақсатындағы iс-шаралар.";
      9) 13-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Облыстық және аудандық өкілдi органдардың автомобиль жолдары және жол қызметi саласындағы құзыретiне:
      1) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және коммуналдық меншiктегi елдi мекендердiң көшелерiн дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын бекiту;
      2) қалалардағы және өзге де елдi мекендердегі коммуналдық меншiк болып табылатын көшелердi және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салуды жөндеудi және күтiп ұстауды жергілiктi бюджеттердiң қаражатынан қаржыландыру көлемiн бекiту;
      3) облыстық және аудандық атқарушы органдар басшыларының жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын дамыту және күтiп ұстау мәселелерi бойынша есептерiн тыңдау жөнiндегi мәселелер жатады.";
      2-тармақта:
      "(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздерден кейiн "және ауданның, қаланың" деген сөздермен толықтырылсын;
      1) тармақшада:
      "жергiлiктi" деген сөз "облыстық және аудандық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "пайдаланылатын" деген сөзден кейін "елдi мекендердегi көшелердi," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстық және аудандық маңызы бар, ауылдық елдi мекендерде жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және әзiрлеудi ұйымдастыру;";
      3) тармақшада "жергiлiктi" деген сөз "облыстық және аудандық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшада "оларды қаржыландыру жөнiндегi жергiлiктi бюджет баптарын орындау" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) тармақша алынып тасталсын;
      10) 14-бапта:
      1-тармақ "жергілікті атқарушы органдар" деген сөздер "қалалардың жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармағы "автомобиль жолдарын" деген сөздерден кейiн "күрделi және орташа" деген сөздермен толықтырылсын;
      11) 15-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстар жүргiзiлген кезде тапсырысшы, автомобиль жолдары жөнiндегi уәкілеттi орган және облыстың, аудандардың және қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары - мемлекеттік бақылауды, ал жобалау құжаттамасын әзiрлеушi - авторлық қадағалауды және жұмысты орындаушы өндiрiстік қадағалауды жүзеге асырады. Аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдауды мемлекеттiк комиссия жүзеге асырады. Автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеуi бойынша жұмыстардан басқа, аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асырады."
      12) 17-бапта:
      1-тармақта "Халықаралық және республикалық маңызы бар" деген сөздер алынып тасталсын;
      2 және 4-тармақтар алынып тасталсын.

      93. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 247-құжат):
      1) 1-бапта:
      1) тармақшада "Астана және Алматы қалаларында" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалаларда, астанада" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) уәкiлеттi орган - атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық, аудандық маңызы бар қаланың), қалалардағы ауданның жергілікті бюджет есебiнен қаржыландырылатын атқарушы органы";
      2) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Өтінiш берушi қажеттi құжаттарды уәкiлетті органға, ал селолық жерде - кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiне табыс етедi";
      3) 4-бапта:
      2 және 4-тармақтарда "ауыл (село)" деген сөздерден кейiн ", ауылдық (селолық) округ" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта "берушiден және" деген сөздерден кейiн "кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақта "уәкілетті органдарға" деген сөздер "жергілікті атқарушы органдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 5-бапта:
      1, 4-тармақта "ауыл (село)" деген сөздерден кейiн "ауылдық (селолық) округ" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта "жергiлiктi өкiлдi органдардың" деген сөздер "жергілiктi мемлекеттiк басқару органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта "облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстардың жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 7-бапта:
      1-тармақта "Астана және Алматы қалаларында" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалаларда, астанада" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "аудандық, қалалық" деген сөздер алынып тасталсын, "ауыл (село)" деген сөздерден кейiн "ауылдық (селолық) округ" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 9-бап алынып тасталсын.

      94. "Темiр жол көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 315-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат):
      1) 1-баптың 8) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының бiр облысы шегінде жолаушыларды облысаралық тасымалдау;"
      2) 12-баптың 2-тармағында "және атқарушы" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) 14-бапта:
      1-тармақта:
      11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) осы тасымал түрiнiң тиiмдi қызмет етуi үшiн қажеттi кiрiс деңгейiн қамтамасыз етпейтiн жолаушылар тасымалын субсидиялау ережесiн бекiту;
      12) халықаралық және республикалық қатынастарда магистралдық темiр жолдарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру туралы шешiм қабылдау;";
      16) тармақша алынып тасталсын;
      2-тармақтың 5), 11) және 15) тармақшалары алынып тасталсын;
      3-тармақта:
      "жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшада "қала маңындағы" деген сөздер "облысішілiк және қала маңындағы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4) 17-баптың 2-тармағы "орган" деген сөзден кейiн "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауданның (облыстық қаланың) және өзге де елдi мекендердiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 64-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жолаушылар тасымалын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша осы Заңға сәйкес тасымалдаушы жүзеге асырады.".

      95. "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 320-құжат):
      1) 1-баптың 17) тармақшасында "өз құзыретi шегінде" деген сөздер алынып тасталсын
      2) 4-бапта:
      6), 7), 15) және 16) тармақшалар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1) және 15-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7-1) азаматтық авиация ұйымдары ұсынатын сертификатталынатын жұмыс және қызмет көрсетулер түрлерiнiң тiзбесiн бекіту;
      15-1) Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететiн шетел авиакомпанияларын және азаматтық авиация саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарын, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн аккредиттеу тәртібi мен шартын анықтау;";
      3) 5-баптың 1-тармағында:
      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "авиациялық қауiпсiздiк" "авиациялық персонал" сөздерiмен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2), 26-3), 26-4), 26-7), 26-8), 26-9) және 26-10) тармақшалармен толықтырылсын:
      "26-1) азаматтық авиация саласындағы сертификаттық талаптарды бекiту;
      26-2) Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегi радиосәулелену құралдарын мемлекеттік тiркеу және олардың жарамдық куәлiктерiн беру ережелерiн бекiту;
      26-3) азаматтық авиация саласындағы еңбек қауiпсiздiгi мен өндiрiстiк санитарияны қамтамасыз ету тәртiбiн анықтайтын, сондай-ақ ұшуларға аэронавигациялық қызмет көрсету жөнiндегi нормативтік құқықтық актiлердi қабылдау;
      26-4) өз құзыретi шегiнде әуежай қызметiн реттейтін нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау;
      26-5) азаматтық авиация саласында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу жөнiнде нормативтiк-құқықтық актiлердi қабылдау;
      26-6) әуе кемелерiн есептен шығару ережесiн қабылдау;
      26-7) сертификаттық талаптардан рұқсат етiлген уақытша ауытқуларды бекіту;
      26-8 ұшулардың қауiпсiздiгі мен авиация қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау;
      26-9) ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы саласындағы нормативтік құқықтық актiлердi қабылдау;
      26-10) азаматтық авиация саласында инспекциялық зерттеуді және инспекциялық тексерудi жүзеге асыратын, ұшуларға техникалық iлесiп жүрудi қамтамасыз ететiн, авиациялық персоналдың қолданылып жүрген куәлiктерi бар уәкiлеттi органның лауазымды тұлғаларына, экипаж мүшелерiне, бортсерiктерге, инженерлiк техникалық құрамға және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсiлгеннен кейiн әуе кемесiнiң ұшу кезiндегi қауiпсiздiгін қамтамасыз ететiн персоналға халықаралық үлгiдегi бiрiздендiрiлген карточкаларды беру.";
      27) және 29) тармақшалар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 28-1)-тармақшамен толықтырылсын:
      "28-1) Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететiн шетел авиакомпанияларын және азаматтық авиация саласында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарын, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн аккредиттеу;";
      4) 6-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi, үшінші және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиация саласында қызметiн жүзеге асыратын шетел авиакомпаниялары, шетел ұйымдары, олардың Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететiн филиалдары және өкiлдiктерi Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттеуге жатады.
      Уәкiлетті орган Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететiн шетел авиакомпанияларына, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне аккредиттеуден мынадай:
      Қазақстан Республикасының шетел мемлекетiмен жасасқан келiсiмдердiң әрекетiн тоқтату немесе Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін шетел авиакомпанияларын, олардың филиалдары мен өкiлеттіктерiн ашуға қатысты шарттармен анықталған өзге де негiздерде;
      Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін шетелдiк авиакомпанияларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн акредиттеудiң тәртiбi мен шартын сақтамаған жағдайларда бас тартады.
      Шетел авиакомпанияларын аккредиттеу мерзiмi аккредиттеу үшiн барлық қажеттi құжаттарды ұсынған күннен бастап 30 күннен асырмайды.";
      5) 8-баптың бiрiншi бөлiгiнде "куәлігі" деген сөз "сертификаты" деген сөзбен ауыстырылсын.

      96. "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 2, 16-құжат):
      1) 1-баптың 51) тармақшасында "мемлекеттiк басқару органы" деген сөздер "орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 4-бапта:
      2-тармақтың 2) және 12) тармақшасы алынып тасталсын;
      3-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында туындайтын қатынастарды реттейтiн заңнамалық актiлердiң жобаларын әзiрлеу, сату мақсатында теңiзде жүзудi дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамасын әзiрлеу;";
      14) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      "15) кемелердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыру.";
      мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Жергiлiктi атқарушы органдар сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында көлiк инфрақұрылымы объектiлерiн салуды және қайта жаңартуды ұйымдастыру кезiнде жобаларды уәкiлеттi органмен келiседі.";
      4-тармақта "шекара қызметi теңiз бөлiмдерiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әскери-теңiз Күштерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 44-бапта "шекара қызметi теңiз бөлiмдерiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әскери-теңiз Күштерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 194-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "194-бап. Құтқару операцияларына мемлекеттiк органдардың қатысуы.
      Мемлекеттік органдар және құтқарушылар құтқару операцияларына осы тарауда белгiленген ережелерге сәйкес қатысады".

      97. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 5, 51-құжат):
      1) мәтiнде "республикалық бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 32-бап алынып тасталсын.

      98. "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 ж. 11 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 5, 54-құжат):
      1) 5-бап "органы мен" деген сөздерден кейiн "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын, "органдар" деген сөз "органдары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 6-бапта:
      1), 4), 5), 6), 7), 8) және 10) тармақшалар алынып тасталсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) атмосфералық ауаны қорғау саласында бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастыру";
      3) 7-бапта:
      2) тармақшада "органдардың" деген сөзден кейiн "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуының аумақтық лимиттерiн айқындау әдiстемелерiн әзiрлеу және бекiту;";
      6) тармақшада "Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен" деген сөздер алынып тасталсын;
      8) тармақшада "жақсартудың мемлекеттiк" деген сөздер "жақсарту" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9), 11) және 14) тармақшалар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
      "25) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу;
      16) атмосфералық ауаны ластағаны үшiн төлем ставкасын есептеу.";
      4) 8-бапта:
      тақырыпта "Жергілiктi" деген сөз "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      1) тармақша "жөніндегі" деген сөзден кейiн "өңiрлiк" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) атмосфералық ауаны ластағаны үшiн (аудандар мен қалалар бөлiгiнде) төлемдердiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган айқындаған есептiк көрсеткiштерден төмен емес ставкасын белгiлейдi;";
      3) тармақша "жергілiкті" деген сөздiң алдынан "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын, "органдар мен ұйымдар" деген сөздер "органдары мен ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "Өздерiнiң құзыретi шегiнде" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) атмосфералық ауаны ластауды азайту, сондай-ақ шығарындылардың аумақтық лимиттерiн сақтау мақсатымен елдi мекендердегi көлiк ағынын реттеу бөлiгіндегi атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;";
      2) тармақша "саласында" деген сөзден кейiн "өңiрлiк" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) үшiн Үкiмет белгiлеген атмосфералық ауаның ластану лимиттерiн айқындайды;";
      5) 9-баптың 1-тармағында "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының аумақтық бөлiмшелерiмен" деген сөздерден кейiн "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органдарымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 11-баптың 5-тармағы алынып тасталсын;
      7) 12-бап алынып тасталсын;
      8) 13-баптың 3-тармағында "заңдарында белгiленген" деген сөздер "Yкiметi белгiлеген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 14-бапта:
      3-тармақта "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес" деген сөздер "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен немесе оның аумақтық бөлiмшелерiмен" деген сөздерден кейiн "және Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілеген тәртiппен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) 15-бапта:
      2-тармақ "органы," деген сөзден кейiн "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын, "органдар" деген сөз "органдары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақта "Қазақстан Республикасының қоршаған органы қорғау саласындағы орталық атқарушы органының аумақтық бөлімшелерінің ұсынуы бойынша" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 16-баптың 3-тармағы "жердi" деген сөзден кейiн "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын, "органдар" деген сөз "органдары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      12) 17-бапта:
      1-тармақта:
      "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының аумақтық бөлiмшелерi мен" деген сөздер алынып тасталсын;
      "жергілiктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      "бойынша" деген сөзден кейiн "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен толықтырылсын, "органдар" деген сөз "органдары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "атмосфералық ауаны қорғау функциясын жүзеге асыратын басқа да орталық" деген сөздер алынып тасталсын;
      13) 19-баптың 2-тармағында "Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы", "келiсе отырып" деген сөздер алынып тасталсын;
      14) 21-баптың 1-тармағында "жергілікті атқарушы органдар атмосфералық ауаның мемлекеттік мониторингін ұйымдастырады" деген сөздер "атмосфералық ауаның мемлекеттiк мониторингiн ұйымдастырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 22-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасында "қорғаудың мемлекеттiк" деген сөздер "қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармағында "жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) 23-баптың 4-тармағы "бөлiмшелерiне" деген сөзден кейiн "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына" деген сөздермен толықтырылсын;
      17) 24-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi абзацта "органы" деген сөзден кейiн "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) тармақша алынып тасталсын;
      2-тармақта "органы" деген сөзден кейiн "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 25-баптың бiрiншi абзацында "органдарының" деген сөзден кейiн "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 26-баптың 3-тармағында "органдары" деген сөзден кейiн "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 27-бапта:
      4) тармақшада "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының аумақтық бөлiмшелерiмен және атмосфералық ауаны қорғау функциясын жүзеге асыратын басқа да орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiмен" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) тармақшада "оның аумақтық бөлiмшелерi" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын, ", атмосфералық ауаны қорғау функциясын жүзеге асыратын басқа да орталық атқарушы органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнің Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарын бұзушылықты жою туралы" деген сөздер алынып тасталсын.
      99. "Бал ара шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 5, 55-құжат;):
      1) 6-баптың 1-тармағында "жергіліктi" деген сөз "аудандық (қалалық)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 14-бапта:
      2) тармақшада "мемлекеттiк" деген сөз "салалық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) тармақшада "республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылатын профилактика мен оларға қарсы күрес iс-шараларын;" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Yкiметі бекiтетiн;" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) тармақша алынып тасталсын;
      3) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар аса қауiптi аурулардың Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен тiзбесiне енгізiлген аурулармен күресу мақсатында ветеринарлық препаратпен қамтамасыз етiлу керек.".

      100. "Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздік туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 7-8, 77-құжат):
      1) 6-баптың 3) тармақшасында "орталық және жергiлiктi атқарушы органдар үшiн" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) 7-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) өнеркәсiптік қауiпсiздiк ережелерiн әзiрлеудi, соның iшiнде мамандандырылған мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарта отырып қамтамасыз етедi, аталған ережелердi бекiтедi немесе келiседi;";
      3) 8-бап алынып тасталсын;
      4) 9-бапта:
      1) тармақша алынып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) халықты және ұйымдарды қауiптi өндiрiс объектiлерiндегі апаттарды ескерту және жою жөнiндегі шаралар туралы хабардар етеді.";
      5) 11-бап мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      "15) халықты және ұйымдарды өнеркәсіптік қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы хабардар ету.".

      101. "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 16, 67-құжат):
      20-бап мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi жалпы орта және бастапқы кәсiби бiлiм беру үшiн жағдайларды қамтамасыз ету.";
      23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "23-бап. Әдiлет органдарының өзге де функциялары
      1. Әдiлет органдары 15-22-баптарда тiзбеленген функциялардан басқа мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) адамның және азаматтың, ұйымдардың және мемлекеттiң құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау және қорғау;
      2) өздерiне басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердiң, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердiң қорғалуын қамтамасыз ету;
      3) әдiлет органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдауға, қарауға және өтініш жасаушыларға заңдарда белгіленген тәртiп пен мерзiмде қабылданған шешімдер туралы хабарлау;
      4) өз қызметi саласында заңдардың қолданылу практикасын талдау мен қорытуға және оларды жетiлдiру, заңдардың бұзылуына себепшi болатын себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзу;
      5) стратегиялар мен мемлекеттiк бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз ету;
      6) қылмыстық жаза атқару органдары мен мекемелерiнде заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз ету;
      7) өз құзыретi шегінде мемлекеттік органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсету;
      8) санаткерлік меншiк саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын орындау бойынша жеке және заңды тұлғаларды тексеруiн жүзеге асырады.
      2. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда әдiлет органдары сыйақы көлемi мен оны төлеу шарттарын белгілейдi.".
      102. "Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтiк оңалту туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 27 мамырдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 10, 104-құжат):
      1) 1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) уәкілетті орган - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган"
      2) 4-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасында "бiрыңғай мемлекеттiк саясатты" деген сөздер "мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "Азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтiк оңалту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөнiнде қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;";
      4) тармақша алынып тасталсын;
      3-тармақта:
      бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары:";
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiнде қоғамдық бiрлестiктермен, жеке медициналық практикамен шұғылданатын жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады.";
      3) 5-баптың екiншi бөлiгінде "азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын" деген сөздер алынып тасталсын;
      4) 8-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) бюджет қаражаты есебiнен;".

      103. "Өсiмдiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 140-құжат):
      1) 4-бапта:
      тақырыбы және бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласында мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын органдар
      Өсiмдiктердi қорғау саласында мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын органдарға мыналар:";
      3) тармақша "аудандардың (қалалардың)" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 5-бапта:
      1) тармақшада "саясатты әзiрлеу және iске асыру" деген сөздер "саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша алынып тасталсын;
      3) 6-баптың 1-тармағында:
      18) тармақшада "республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
      22) тармақша алынып тасталсын;
      4) 2-тармақтың 5) тармақшасы, 3-тармақтың 5) тармақшасы және 7-баптың 4-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      5) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-бап. Жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi
      Ауданның (қаланың) жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) құрылысын жүзеге асырады, оларды тиiстi жағдайда ұсынады және сақтайды.";
      6) 16-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы ерекше қауіпті зиянды организмдердiң тосыннан жаппай таралуын жоюға арналған және қалыптасатын фитосанитарлық ахуалды ескере отырып, фитосанитарлық-мониторинг негiзiнде бюджеттiк қаражат есебiнен сатып алынған пестицидтер (улы химикаттар) көлемiнен қалыптастырылады";
      3-тармақ алынып тасталсын;
      7) 18-баптың 4-тармағында "олардың санын" деген сөздерден кейiн "аудандардың (қалалардың)" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 20-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "20-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру көздерi.";
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiк алынып тасталсын;
      екiншi бөлiкте "республикалық бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшада "республикалық бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      7) арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) ұстау, салу және жөндеу;";
      2-тармақ алынып тасталсын.

      104. "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 141-құжат):
      1) 5-баптың 2) және 7) тармақшалары алынып тасталсын;
      2) 6-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) геодезияны және картографияны дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеу";
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "16) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес геодезиялық өлшеу құралдарының бiрлiгi мен дәлдiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметті жүзеге асыру;";
      мынадай мазмұндағы 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
      "17) геодезиялық, картографиялық және топографиялық өнiмдердi мiндетті сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды жүргізу;
      18) геодезиялық және картографиялық жабдықтарға, аспаптар мен саймандарға метрологиялық бақылау және қадағалау жүргiзу.";
      3) 8-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Топографиялық-геодезиялық және картографиялық мақсаттағы аспаптар мен жабдықтарға шет мемлекет берген сертификат, оны Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарына сәйкес мемлекеттiк сертификаттау жүйесi таныған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп есептеледi.";
      4) 9-бап алынып тасталсын;
      5) 10-бапта:
      1-тармақта "республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
      3-тармақта "Тиiсiнше республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттары" деген сөздер "Бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 13-бапта "республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын.

      105. "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 142-құжат):
      1) 1-баптың 9) тармақшасында ", сондай-ақ" деген сөз "арқылы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "өзге де қызметтер көрсету" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 5-баптың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      3) 8-баптың 1-тармағының 6), 8) тармақшалары, 2-тармағының 6) тармақшасы, 3-тармағының 3) тармақшасы, 4-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      4) 9-баптың 5 тармағында "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
      5) 10-баптың 2) тармақшасында "республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын.

      106. "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 ж. 4 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 145-құжат):
      1) 18-баптың 1-тармағында "мемлекеттiк бюджет" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 20-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгінде, 23-бапта "республикалық" деген сөз алынып тасталсын.

      107. "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 5, 148-құжат):
      1) 5-бапта:
      2) тармақшада "республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
      3) тармақшада "ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынуы бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      4) тармақшада "республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
      7) тармақша алынып тасталсын;
      2) 6-баптың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      3) 7-баптың 2-тармағында "бiр мезгiлде" деген сөздер алынып тасталсын;
      "бола алады" деген сөздер "болып табылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 8-бапта:
      3) тармақшада "республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
      7) тармақшада "ұйымдастыру" деген сөз "жүзеге асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақшада:
      "бекiтудi ұйымдастыру" деген сөз "бекiту" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "ветеринария саласындағы" деген сөздер алынып тасталсын;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) ветеринарлық ғылыми зерттеулер мен ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлауды ұйымдастыру;";
      11) тармақшада "ұйымдастыру" деген сөз "өткiзу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      12) тармақшада "ұйымдастыру мен" деген сөз алынып тасталсын;
      13) тармақшада "ұйымдастыру" деген "жүзеге асыру" деген сөзбен ауыстырылсын;
      18) тармақша алынып тасталсын;
      5) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "10-бап. Аудандардың (қалалардың) өкiлдi және атқарушы органдардың ветеринария саласындағы құзыретi
      1. Ауданның (қаланың) өкiлдi органының құзыретiне:
      1) елдi мекендерде жануарларды ұстау ережесiн бекiту;
      2) елдi мекендерде иттердi және мысықтарды серуендетудiң ережесiн бекiту;
      3) жануарларды ұстау үшiн санитарлық аймақтардың шекарасын бекiту енедi.
      2. Ауданның (қаланың) атқарушы органның құзыретiне:
      1) аудан (қала) мәслихатына елдi мекендерде жануарларды ұстау, иттердi және мысықтарды серуендету, жануарлар ұстаудың санитарлық аймақтарының шекарасын белгілеу ережесiн бекiтуге енгiзу;
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      3) ветеринарлық нормативтерге сәйкес ауырған жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру, мал қорымдарын (биотермиялық апандар) салу және ұстау енеді.";
      6) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
      "10-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), аудандық (селолық) округ әкiмiнiң құзыретi.
      Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), аудандық (селолық) округ әкiмінің құзыретiне:
      1) елдi мекендерде жануарларды бағатын орынды анықтау;
      2) елдi мекен аумақтарында санитарлық тазалауды ұйымдастыру енедi.";
      7) 11-баптың 2-тармағы алынып тасталсын;
      8) 16-бапта:
      1-тармақтың 1), 6) тармақшалары алынып тасталсын;
      2-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
      3-тармақта:
      бiрiнші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Облыстың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының және оның орынбасарының құзыретiне:"
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) облыстың аумағында мемлекеттік ветеринарлық қадағалауды ұйымдастыру;";
      2) тармақшада "(астананың, республикалық маңызы бар қаланың)" деген сөздер алынып тасталсын;
      6) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттiк ветеринарлық инспекторының және оның орынбасарының құзыретiне:";
      1) республикалық маңызды бар қаланың, астананың аумағын мемлекеттік ветеринарлық қадағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
      2) республикалық маңызды бар қаланың, астананың аумағында мемлекеттік ветеринарлық қадағалауды жүзге асыру мақсатында орындалуға мiндеттi актiлердi басып шығару;
      3) мемлекеттік ветеринарлық қадағалау объектiлерiне ветеринарлық құжаттар бepу;
      4) ветеринарлық есеп пен есептiлiк жүргiзу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен табыс ету енедi.";
      4-тармақтың 2), 6) тармақшалары алынып тасталсын;
      9) 21-баптың 3-тармағында "жергілікті атқарушы органдар" деген сөздер "ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 24-баптың 5) тармақшасында "денсаулығын сақтау" деген сөздерден кейiн ", медициналық және фармацевтiк бiлiм бepу" деген сөздермен толықтырылсын;
      11) 27-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Карантин режимi мен шектеу iс-шараларын енгiзу арқылы карантин аймағының ветеринарлық режимiн белгiлеу туралы шешiмдi уәкілеттi органның ұсынысы бойынша:
      1) екi немесе одан көп облыстың аумағында - Қазақстан Республикасының Үкiметі;
      2) облыс, қала, аудан аумағында - ветеринария саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Шектеу iс-шаралары немесе карантиндi тоқтату туралы шешiмдi:
      1) екi немесе одан көп облыстың аумағында - Қазақстан Республикасының Yкiметi;
      2) облыс, қала аудан аумағында - ветеринария саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.";
      4-тармақта "жергiлiкті атқарушы органның" деген сөздер "аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 35-бапта:
      1-тармақта:
      "республикалық бюджет" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) және 8) тармақшалар алынып тасталсын;
      2-тармақтың 6) тармақшасында "республикалық" деген сөз алынып тасталсын.

      108. "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегі N 343 Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 16, 162-құжат):
      1) 6-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1. Мемлекеттiк статистикалық есеп негізiнде халықты әлеуметтiк қорғау және бiлiм беру органдарымен бiрлесе отырып кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың республикалық, жергілiктi бағдарламаларының мониторингiн өткiзедi.";
      8) тармақшада "әр түрлі ведомстволық бағыныстағы" деген сөздер алынып тасталсын;
      11) тармақша алынып тасталсын;
      2) 7-бапта:
      1), 5) тармақшалар алынып тасталсын;
      6) тармақшада "әр түрлі ведомстволық бағыныстағы" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) 8-бапта:
      1, 2-тармақтарда "жергілікті өкілдiкті органдар" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi өкiлдi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) үйде оқыту бағдарламасын әзiрлейдi және iске асыруды қамтамасыз етедi";
      2-тармақта:
      1) тармақша "бағдарламаларды" деген сөзден кейiн ", үйде оқыту бағдарламаларын қоса, әзiрлейдi; мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлiмшесi туралы ереженi әзiрлейдi; үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерiн құрады." деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелерiмен айналысатын мемлекеттік ұйымдарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асырады;";
      6) тармақша алынып тасталсын;
      3-тармақта "Облыстар әкiмдерiнiң шешiмдерiмен" деген сөздер "Облыс өкiмiнiң шешiмiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қызметiн ұйымдастыруды азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкілетті органдармен келiсiм бойынша бiлiм беру саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн ережелермен белгілейдi.";
      5) 13-бапта "республикалық және жергілікті бюджеттердiң қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 14-баптың 3-тармағында "өзге де ұйымдарда" деген сөздер алынып тасталсын.

      109. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 17, 154-құжат):
      1) 7-баптың 1-тармағында:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де көздер қаражаттары есебiнен балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі мемлекеттiк шараларды жүзеге асыру;";
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) тәрбие, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтік қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласындағы балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясатты iске асыру шараларының шеңберiн айқындау.";
      2-тармақ алынып тасталсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) тәрбие, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органдар белгiлеген балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясатты iске асыру шараларын жүзеге acыpу".

      110. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 21, 176-құжат):
      1) 4-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергіліктi атқарушы органдары, олардың аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы), қала ауданындағы аумақтық бөлiмшелерi;"
      2-тармақта:
      2) тармақшада "санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк ұйымдар" деген сөздер "сондай-ақ мемлекеттің лауазымды тұлғасының қатысуымен ресми iс-шараларды өткiзу кезiнде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымы деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада "асыратын" деген сөзден кейiн "республикалық" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 5-бапта 1-тармағында:
      бiрiншi бөлiкте "Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық" деген сөздер "Санитарлық-эпидемиологиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) бюджет қаражаты;";
      2, 3, 4-тармақтар алынып тасталсын;
      3) 6-бапта:
      5) тармақшада "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
      7) тармақшасы алынып тасталсын;
      4) 7-бапта:
      12) тармақша алынып тасталсын;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-гигиеналық мониторингті ұйымдастырады және оларды өткiзу тәртiбiн айқындайды.";
      мынадай мазмұндағы 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26) 27), 28), 29), 30), 31) және 32) тармақшалармен толықтырылсын:
      "18) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу тәртiбiн бекiтедi;
      19) тиісті құжаттарды берумен санитарлық ережеге сәйкес санитарлы-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының лабораториясын аттестациялауды және сынақтық орталықтар мен лабораторияларды аккредиттеудi өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;
      20) санитарлық паспорттың берiлу, есепке алу және жүргiзiлу тәртiбiн анықтайды;
      21) Қазақстан Республикасының аумағына мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
      22) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласында нормативтiк құқықтық актілер, санитарлық-эпидемиологиялық формалаудың мемлекеттік жүйесiнiң құжаттарын, есеп және есептiлік нысанын әзiрлейдi;
      23) Қазақстан Республикасының аумағын жұқпалы, паразиттiк аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан санитарлық қорғау жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады;
      24) жұқпалы ауруларға қарсы халықты профилактикалық егудi ұйымдастыру және оның жүргiзiлуiне бақылауды жүзеге асырады;
      25) өз құзыреті шегiнде тамақтан улану, жұқпалы, паразиттiк және басқа да аурулар, оның iшiнде себептерi белгiсiз аурулар кезiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      26) жобалардың мемлекеттiк және мемлекетаралық сараптамасына қатысады;
      27) мемлекеттік және халықаралық стандарттарды өнiмге, тауарларға процестерге және қызмет көрсетулерге, жобалау нормаларына келiседi;
      28) ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық тақырыптарды әзiрлеу жөнiнде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу және өзге де ұйымдардың қызметiн үйлестiредi; олардың орындалуына қатысады, практикалық қызметке ғылыми жетiстiктер енгiзедi;
      29) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, тасымалдау мен пайдалануды ұйымдастырады;
      30) мемлекеттік органдардың қарауына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
      31) салауатты өмiр салтын насихаттауға қатысады және халықты аурулар, тiршiлiк ету ортасының жай-күйi және өткiзiліп жатқан санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар туралы уақтылы хабардар ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады;
      32) адамның денсаулығына нұқсан келтiретiн жекелеген өнiм түрлерiн, және заттарды мемлекеттік тiркеу және қайта тiркеу жөнiндегi сараптау комиссиясын құрады.";
      5) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
      "7-1-бап. Мемлекеттік шекара мен көлiкте халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлiмшесiнiң құзыретi:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында және Мемлекеттiк шекарасында темiр жол және әуе көлігiнiң объектiлерiне мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
      2) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама;
      3) Қазақстан Республикасының аумағын жұқпалы, паразиттік аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан санитарлық қорғау жөніндегi iс-шараларды ұйымдастырады;
      4) темiр жол және әуе жолдарындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткiзу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асырады және жұқпалы, паразиттiк аурулар, сондай-ақ адам денсаулығына қауіптiлiгі ықтимал заттар мен өнiмдер әкелiнген және таралған жағдайда санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар өткiзедi;
      5) өз құзыретi шегiнде улану, жұқпалы, паразиттік және басқа да аурулар, оның iшiнде белгісiз этиология кезiнде санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) iс-шаралар ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      6) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы мәселелерi жөнiндегi бағдарламаларды iске асыруға қатысу;
      7) тиісті деректер банкiн қалыптастыра отырып, санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-гигиеналық мониторингтi жүзеге асырады, есепке алу мен статистиканы жүргiзедi;
      8) адамдарды, тамақ өнiмдерiн, өндiрiстiк шикiзатты, шаруашылық-ауыз суын, химиялық, уытты және радиациялық заттарды тасымалдау үшiн пайдаланылатын көлiк құралдарының санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiгін тексерудi жүзеге асырады, сондай-ақ оларды пайдалануға келісiм бередi;
      9) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында өзге де мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасады;
      10) халықты аурулар, тiршiлiк ету ортасының жай-күйi және өткiзіліп жатқан санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар туралы уақтылы хабардар ету жөніндегi iс-шараларды жүзеге асырады;
      11) халықтың декреттелген тобына санитарлық ережелердi және гигиеналық нормативтердi оқытуды ұйымдастырады және салауатты өмiр салтын насихаттауға қатысады;
      12) өз құзыретi шегiнде жобалық құжаттаманы қарайды және келiседi;
      13) дизенфекцияны, дизенсекцияны және дератизацияны ұйымдастырады және объектiлер мен ошақтарда дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық iс-шаралардың жүргізiлуiн бақылауды жүзеге асырады;";
      6) 8-бапта:
      тақырыбында "жергіліктi" деген сөз "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiрiншi бөлiкте "Жергілікті" деген сөз "Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1), 4) тармақшалар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22) және 23) тармақшалармен толықтырылсын:
      6) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
      7) санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы ұйымдастырады;
      8) тиісті аумақтарды жұқпалы, паразиттік аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан санитарлық қорғау жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады;
      9) жобалық құжаттаманы, өнiмге, тауарларға процестер мен қызметтерге өңiрлiк стандарттарды қарайды және келiседi, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде мiндетті лицензиялануға жататын қызмет түрлерiне қорытынды бередi;
      10) автомобиль және теңiз жолдарындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткiзу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асырады және жұқпалы, паразиттік аурулар, сондай-ақ адам денсаулығына қауiптiлігi ықтимал заттар мен өнiмдер әкелiнген және таралған жағдайда санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар өткiзедi;
      11) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық нормалау жүйесi құжаттарының жобаларын, нормативтік құқықтық актiлердi, есепке алу мен есептілiк нысандарын әзiрлеуге қатысады;
      12) тамақтан улану жұқпалы, паразиттiк және басқа да аурулар, оның iшінде себептерi белгiсiз аурулар кезiнде өз құзыреті шегiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      13) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы бағдарламаларды iске асыруға қатысады;
      14) тиісті деректер банкiн қалыптастыра отырып, санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингті жүзеге асырады, есепке алу мен статистиканы жүргiзедi;
      15) халықтың декреттелген тобына санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердi оқытуды ұйымдастырады және салауатты өмiр салтын насихаттауға қатысады;
      16) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларының санитарлық ережелерге сәйкестiгiн аттестаттауды және сынақ орталықтары мен зертханаларды аккредиттеудi жүргiзедi;
      17) адамдарды, тамақ өнiмдерiн, өндiрiстiк шикiзатты, шаруашылық-ауыз суын, химиялық, уытты және радиациялық заттарды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлiк құралдарының санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiгін тексерудi жүзеге асырады, сондай-ақ оларды пайдалануға келiсiм бередi;
      18) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасады;
      19) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзуге қатысады;
      20) халықты аурулар, тiршiлiк ету ортасының жай-күйi және өткiзiлiп жатқан санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар туралы уақтылы хабардар ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады;
      21) дизенфекцияны, дизенсекцияны және дератизацияны ұйымдастырады және объектiлерде және ошақтарда дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады;
      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтауды, тасымалдау мен пайдалануды жүзеге асырады.
      23) жобалардың сараптамасына қатысады.";
      7) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының функциялары
      1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары:
      1) Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция:
      1) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдарына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде ұйымдастырушылық-әдiстемелiк қызмет көрсетедi;
      2) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Қазақстан Республикасының аумағына жұқпалы, паразиттік аурулар әкелiнген және таралған жағдайда iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шараларды ұйымдастыруда тәжiрибелiк көмек көрсетедi;
      3) республикалық деректер банкiн жасай отырып, санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингті жүзеге асырады, есепке алу мен статистиканы жүргiзедi;
      4) мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық нормалау жүйесiнің құжаттарын әзiрлейдi;
      5) жұқпалы және паразиттiк аурулардың диагностикасына қатысады;
      6) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және токсикологиялық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттік өрiстер мен адамның тiршiлiк ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды;
      7) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларының санитарлық ережелерге сәйкестігін аттестаттауды және сынақ орталықтары мен зертханаларды аккредиттеудi жүргiзедi;
      8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында жаңа аспаптар мен жабдықтарды, зертханалық зерттеулер мен өлшеу әдiстемелерiн сынақтан өткiзедi және енгізедi;
      9) шарт негізiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың арызы бойынша сертификаттық зерттеулер жүргiзуге қатысады;
      10) санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізедi;
      11) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілу жағдайын зерттейді;
      12) жобалық құжаттаманы, өнiмдерге, тауарларға, процестер мен қызметтерге стандарттар мен техникалық регламенттердi қарайды.
      2. Мемлекеттiк шекарада, аумақтарда, көлiкте санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар және мемлекеттің лауазымды тұлғаларының қатысуымен ресми iс-шаралар өткiзу кезiнде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар өз құзыретi шегiнде:
      1) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;
      2) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және токсикологиялық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстер мен адамның тіршілiк ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды;
      3) дизенфекциялық iс-шаралар жүргiзедi;
      4) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторинг жүргізуге қатысады;
      5) жұқпалы және паразиттік аурулардың диагностикасына қатысады;
      6) шарт негiзiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініш бойынша сертификаттық зерттеулер жүргiзуге қатысады;
      7) жаңа аспаптар мен жабдықтарды, зертханалық зерттеулер мен өлшеу әдiстемелерiн сынақтан өткiзедi және енгiзедi;
      8) профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақталуды жүзеге асырады.
      3. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары:
      1) республиканың түрлі өңiрлерiндегi жұқпалы және паразиттiк аурулардың эпидемиялық процестерiнiң ерекшелiктерiн зерттеудi, бағалауды және болжауды жүргiзедi, олардың алдын алу бойынша ғылыми негiзделген бағдарламаларды әзiрлейдi;
      2) жұқпалы, паразиттік аурулар мен улану кезiнде санитарлық iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шараларды жүзеге асырады;
      3) иммунобиологиялық препараттарды шығарады, жаңа вакциндарды шығаруды, қоректiк орта мен диагностикумдарды игередi;
      4) санитарлық-эпидемиологиялық нормалау жүйесiнiң құжаттарын әзiрлейдi және олардың ғылыми негiздемесiн жүргiзедi;
      5) халықтың және оның жекелеген топтарының денсаулығының тiршiлiк ету ортасының қолайсыз факторларымен байланысты жағдайын зерттейдi, тиiстi ұсынымдар әзiрлейдi;
      6) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Қазақстан Республикасының аумағында және жекелеген өңiрлерiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн жүргiзуде практикалық көмек көрсетедi;
      7) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторинг жүргiзуге қатысады;
      8) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және токсикологиялық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстер мен адамның тiршiлiк ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды.
      4. Мемлекеттiк обаға қарсы мекемелер:
      1) оба бойынша эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөнiндегi профилактикалық iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүргізеді;
      2) медицина ұйымдарының iндетке қарсы тұрақты дайындығын қамтамасыз етедi;
      3) оба, тырысқақ және басқа да аса қауiптi жұқпалы аурулардың ошағын тоқтату және жою жөнiндегi iндетке қарсы iс-шараларды ұйымдастыруға және жүргiзуге қатысады;
      4) меншiк нысанына қарамастан 1-2 топтағы аса қауiптi жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын анықтайтын зерттеулердi жүзеге асыратын зертханаларда iндетке қарсы режимдi қамтамасыз етедi;
      5) санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргiзуге қатысады.";
      8) 10-баптың 1-тармағында:
      екiншi бөлiктiң бесiншi абзацында:
      "атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының тиісті бөлiмшесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 22-бапта:
      3-тармақ алынып тасталсын:
      4-тармақта "ұйымдары мен" деген сөздер алынып тасталсын;
      10) 25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерінде санитарлық-карантиндiк бақылауды мемлекеттiк шекарадағы, көліктегi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жүргiзеді.";
      11) 26-баптың 1-тармағында "республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 30-баптың 2-тармағында:
      "жергіліктi бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жергiлiктi" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      111. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 1-2, 1-құжат):
      1) 4-бапта:
      1) тармақшада "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
      5) тармақша алынып тасталсын;
      2) 5-баптың 7) тармақшасы алынып тасталсын;
      3) 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушы белгiленген электрондық құжат айналымы ережелерiн сақтауға мiндеттi."
      4) 21-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алынып тасталсын.

      112. "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 3, 16-құжат.):
      1) 4-бапта:
      6) тармақшада "жөнiндегi" деген сөзден кейiн "тұқым шаруашылығы және селекция саласында" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) ауыл шаруашылық өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткiзудi, сорттық және егістік тұқымдардың, соның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi егуге бағытталған тұқымдардың сапасына сараптама жасауды мемлекеттiк қамтамасыз ету;";
      13) тармақша алынып тасталсын.
      2) 5-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзi бағыттарын әзiрлеу;";
      4) тармақшада "республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынуы бойынша бiрегей тұқымдар өсiруге субсидия берудiң және Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген және (немесе) перспективалы деп танылған элиталық тұқым сорттарының отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушілер үшiн құнын арзандатудың тәртiбiн айқындайды;";
      мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      "9) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық сынағын өткiзу тәртiбiн айқындайды;
      10) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша тұқымның, соның iшінде отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлер егуге арналған тұқымның сорттық және егу сапасына сараптама жүргізу тәртiбiн айқындайды;"
      3) 6-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшада "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
      10) тармақша алынып тасталсын;
      20) тармақшада:
      "қаражат" деген сөз "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "республикалық бюджетте" деген сөздер алынып тасталсын;
      25) тармақша алынып тасталсын;
      4) 7-бап алынып тасталсын;
      5) 8-баптың 2-тармағының 9) тармақшасы алынып тасталсын;
      6) 12-бап алынып тасталсын.

      113. "Почта туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 3, 17-құжат):
      1) 1-баптың 42) тармақшасында "мемлекеттiк басқарушы орган" деген сөздер "орталық атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 4-баптың 3 тармағының 15) тармақшасы алынып тасталсын;
      3) 8-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      2-тармақта:
      6) тармақша "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын.
      15), 19) тармақшалар алынып тасталсын.
      3-тармақта "Республикасының" деген сөзден кейiн "облыстардың, аудандардың (қаланың)" деген сөздермен толықтырылсын.

      114. "Кредиттік серiктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 28 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 5, 32-құжат):
      1) 3-баптың 7-тармағы алынып тасталсын;
      2) 23-баптың 7) тармақшасы ауыстыруды қажет етпейдi.

      115. "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 6, 33-құжат):
      1) 4-бапта:
      2) тармақшада "өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлер шығарады" деген сөздер "нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақша алынып тасталсын;
      2) 5-бап мынадай мазмұндағы 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7) мұнай өнiмдерiн өндiрудiң ең төменгi көлемiн белгiлейдi және мұнай және (немесе) газ өндiру ұйымдарының және басқа да шикiзат көздерiнiң шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру көлемiн бекiтедi;
      8) мұнай өнiмдерiн өндiрушілердiң мұнай өнiмдерiн өндiрудiң ең төменгі көлемiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
      9) өндiрiс паспортының нысанын және оны толтыру тәртібiн белгiлейдi;
      10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк органмен келiсе отырып, өндiрiс паспортын бекiтедi;
      11) мұнай және (немесе) газ iздеу ұйымдарында өндiрiс паспортында аталған жөндеу және қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу мерзiмдерiн келiседi және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      12) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, мұнай өнiмдерiнiң экспорты мен импортына квоталардың экономикалық негіздемесiн әзiрлейдi.
      3) 6-бапта:
      2-тармақ алынып тасталсын;
      7-тармақта "органдар" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ кеден органдары" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 10-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында "энергетика саласындағы мемлекеттiк" деген сөздер "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын.

      116. "Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 9, 41-құжат):
      1) 11-баптың 6) тармақшасы алынып тасталсын.

      117. "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 10, 52-құжат):
      1) 6-бапта:
      2) тармақшада "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
      9) тармақша алынып тасталсын;
      2) 7-баптың 10) тармақшасы алынып тасталсын.

      118. "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2003 ж., N 11, 70-құжат):
      1) 6-бапта:
      1) тармақшада "мемлекеттiк саясатты айқындайды және iске асырады" деген сөздер "мемлекеттiк саясаттың негізгі бағыттарын әзiрлейдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
      2) 7-бапта:
      3) тармақшада "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
      11) тармақшада "республикалық бюджеттің" деген сөздер "бюджет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) республикалық маңызы бар ұйымдар орындайтын жұмыстар мен қызметтер бөлiгiнде медициналық және дәрiгерлiк қызметті, сондай-ақ бip облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, шегінде таратылған қызметтi және акушерка, гинекология, венерология, иммунология, наркология, фтизиатрия, неонтология, педиатрия және наркологиялық сараптама түрлерiн;
      дәрiлік заттарды дайындауды, көтерме және бөлшек сатуды қоспағанда фармацевтикалық қызмет түрлерiн;
      өндiру, тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою: денсаулық сақтау жүйесiнде есiрткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;";
      17) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "21-1) екiншi және үшiншiден басқа бiлiктiлiк санатын беруге арналған бiлiктiлiк емтиханын өткiзу;";
      28) тармақшасы алынып тасталсын;
      2) 8-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-бап. Денсаулық - сақтау саласындағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi мемлекеттi басқару органдарының құзыреті:";
      1-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
      2-тармақта:
      9) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "11-1) республикалық маңызы бар ұйымдар орындайтын жұмыстар мен қызметтер бөлiгiнде медициналық және дәрiгерлiк қызметті, сондай-ақ бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, шегiнде таратылған қызметтi және акушерка гинекология, венерология, иммунология, наркология, фтизиатрия, неонтология, педиатрия және наркологиялық сараптама түрлерiн;
      дәрілік заттарды дайындау, көтерме және бөлшектеп сатуды;
      дезинфекция, дезинцекция және дератизация құралдары мен препараттарын байлануға қатысты жұмыстар мен қызметтер түрлерi лицензиялауды жүзеге асырады;
      11-2) медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердiң бiлiктiлігін жоғарлату және қайта даярлауды қамтамасыз ету.";
      12) тармақшасы алынып тасталсын;
      3) 9-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарының мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) жоғары және бiрiншiден басқа бiлiктiлiк санатын беруге арналған сынақтар өткiзу;";
      12) тармақшада "көмек көрсетудi" деген сөздерден кейiн "ұйымдастырады" деген сөзбен толықтырылсын;
      17) тармақша алынып тасталсын;
      4) 10-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "10-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметтi лицензиялау";
      "уәкiлеттi органның лицензиялауына" деген сөздер "лицензиялауға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) 47-баптың 3-тармағында "республикалық және жергілікті бюджеттердiң" деген сөздер "бюджет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6) 51-бапта:
      1-тармақтың төртiншi абзацында "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
      2-тармақта "мемлекеттiк бюджеттiң" деген сөздер "бюджет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың төртiншi бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "коммуналдық қызметтер көрсету мен отынға шыққан шығынды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлеттi органдары белгiлеген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебiнен өтеу".

      119. "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 12, 88-құжат):
      1) 4-баптың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
      2) 5-баптың 8) тармақшасы алынып тасталсын.

      120. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат):
      1) 1-баптың 12) тармақшасында ", жергiлiктi атқарушы орган" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 3-баптың 2-тармағының 23) тармақшасы ауыстыруды қажет етпейдi;
      3) 106-баптың 5) тармақшасы алынып тасталсын.

      121. "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2003 ж. N 15, 134-құжат):
      1) 12-баптың 9) тармақшасы алынып тасталсын;
      2) 13-баптың 18) тармақшасы алынып тасталсын;
      3) 14-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "14-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi";
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте "Жергіліктi өкiлдi органдар" деген сөздер "Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақша алынып тасталсын;
      2-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте "Жергілiктi атқарушы органдар" деген сөздер "Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақша алынып тасталсын;
      4) 23-баптың 1-тармағының 3-тармақшасында "органдармен" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5) 26-баптың 5-тармағында "органдар" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      122. "Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 2, 8-құжат):
      1) 5-бапта:
      1) тармақшада "саясатты айқындайды және iске асырады" жеген сөздер "саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
      9) тармақша алынып тасталсын;
      2) 6-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дәрiлiк заттарды өндiруге қатысты қызметке фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру кезiнде есiрткi құралдары, психотроптық дәрiлiк заттар мен прекурсорлардың айналысына қатысты қызметке лицензия бередi және лицензияның қолданылуын тоқтата тұрады;";
      13) тармақша алынып тасталған;
      3) 7-баптың 11) және 17) тармақшалары алынып тасталсын;
      4) 8-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте "жергiлiктi" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшада "заңдарында" деген сөз "Үкiметiмен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) тармақша алынып тасталсын;
      2-тармақта:
      бiрiнші бөлiкте "жергілiктi" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) облыстық қалалық (республикалық маңызы бар) денсаулық сақтау басқармаларына ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдары үшiн облыстық (қалалық маңызы бар) деңгейде:
      негiзгi (өмiрлiк маңызы бap) дәрілiк заттарды, медициналық техника мен медициналық бағыттағы бұйымдарды;
      туберкулезге қарсы, диабетке қарсы дәрілiк заттарды, онкологиялық аурулар үшiн химиялық препараттарды, бүйрегi жетiмсiз және бүйрегі трансплатацияланғаннан кейiнгi аурулар үшiн дәрiлiк заттарды, диализаторларды және шығыс материалдарын, сондай-ақ лейкемиямен ауыратын балаларды қамтамасыз ету үшiн дәрiлiк заттарды сатып алуды жүзеге асырады;
      5) дәрiлiк заттарды дайындауға, көтерме және бөлшектеп сатуға лицензия бepeді және лицензияны қайтарып алады және лицензияның қолданылуын тоқтата тұрады".
      2-бап. Осы заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады