Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шартты ратификациялау туралы
2014 жылғы 10 қазанда Минск қаласында жасалған Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шарт ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ШАРТ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы,
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру кезінде қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілгенін назарға ала отырып,
2014 жылғы 29 мамырда Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылғанын ескере отырып,
мыналар туралы уағдаласты:
1-бап
1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (бұдан әрі – ЕурАзЭҚ, Қоғамдастық), сондай-ақ Қоғамдастық органдарының қызметі 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады.
2. Осы Шарт 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген жағдайда, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шарттың қолданысы сол күннен бастап тоқтатылады, өзге жағдайда көрсетілген Шарттың қолданысы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатыла тұрады және осы Шарт күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.
2-бап
Қоғамдастық органдарының қызметін тоқтату бойынша іс-шаралар ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің шешімімен айқындалады.
3-бап
1. Осы Шарт 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген жағдайда, осы Шартқа 1-қосымшада санамаланған халықаралық шарттардың қолданысы сол күннен бастап тоқтатылады, өзге жағдайда бұл шарттардың қолданысы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатыла тұрады және осы Шарт күшіне енген күнінен бастап тоқтатылады.
2. Осы Шартқа 2-қосымшада санамаланған халықаралық шарттар олардың қатысушылары арасында өздерінде айтылған, осы Шартқа сәйкес таратылатын ЕурАзЭҚ органдары болмаған кезде орындалатындай бөлігінде қолданыла береді. Көрсетілген шарттардың қатысушылары болып табылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы қатынастарда осы шарттар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
3. Мирасқорлары ЕурАзЭҚ органдары болып табылатын интеграцияны басқару органдарының шешімдері және осы Шартқа 3-қосымшада санамаланған ЕурАзЭҚ органдарының шешімдері, сондай-ақ ЕурАзЭҚ Сотының шешімдері бұрынғы мәртебесінде қолданыла беруін жалғастырады.
4. Тараптар ЕурАзЭҚ-тың қосалқы органдары мен салалық кеңестері жүзеге асырып жатқан салалық ынтымақтастық мүдделі Тараптардың өзара келісуі бойынша өзге де форматтарда жалғасуы мүмкін екендігін негізге алады.
5. Тараптар осы Шартқа 4-қосымшада санамаланған халықаралық шарттардың қатысушысы болмауға ниет білдіреді.
6. Тараптар осы Шартқа 5-қосымшада санамаланған халықаралық шарттардың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізуді орынды деп таниды.
4-бап
ЕурАзЭҚ-тың шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттардың, осы Шарттың, мирасқорлары ЕурАзЭҚ органдары болып табылатын интеграцияны басқару органдары шешімдерінің, ЕурАзЭҚ органдары шешімдерінің депозитарий функциялары, сондай-ақ көрсетілген халықаралық шарттар мен шешімдердің өздері 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінен Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне беріледі.
5-бап
1. Осы Шартқа қол қою күнінде ЕурАзЭҚ Сотының іс жүргізуінде жатқан істер және осы Шартқа қол қойғанға дейін ЕурАзЭҚ Сотына келіп түскен өтініштер 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірілмей ЕурАзЭҚ Сотының қарауына жатады.
2. Осы Шартқа қол қойылған күннен бастап жазылған өтініштерді ЕурАзЭҚ Соты қабылдамайды және олар өтініш берушіге қайтарылуға жатады.
3. ЕурАзЭҚ Сотының судьялары ЕурАзЭҚ Соты қызметінің тоқтатылуына байланысты ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің мемлекет басшылары деңгейіндегі шешімімен лауазымынан босатылады.
4. Осы Шартқа 2-қосымшада санамаланған халықаралық шарттарды қолдануға байланысты даулар мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері арқылы шешіледі.
6-бап
1. Осы Шарт оған қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң уақытша қолданыла бастайды.
2. Осы Шарт оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.
3. Осы Шарт Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес БҰҰ Хатшылығында тіркелуге жатады.
Минск қаласында 2014 жылғы 10 қазанда орыс тілінде бір данада жасалды.
Осы Шарттың төлнұсқа данасы ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінде сақталады, ол 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Шарттың депозитарийі бола отырып, оның куәландырылған көшірмесін әрбір Тарапқа жолдайды.
Беларусь Қазақстан Қырғыз Республикасы
Республикасы Республикасы Республикасы
атынан атынан атынан
Ресей Федерациясы Тәжікстан
атынан Республикасы
атынан
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы
шартқа Қазақстан Республикасының ескертпелері
1. Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) қол қойған күнінен бастап Шарт күшіне енгенге дейін күнтізбелік он күн өткен соң оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығына қайшы келмейтін бөлігінде уақытша қолданатын болады.
2. Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 29 наурызда Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шарт Қазақстан Республикасына қатысты өз қолданысын тоқтатты деп есептейді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде Қазақстан Республикасы Шарттың 3-бабы 2-тармағының Шартқа 2-қосымшаның 4-тармағына қолданылуы бөлігінде өзін оған байланысты деп есептемейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
2014 жылғы 10 қазан
Минск қаласы
Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың
қызметін тоқтату туралы Шартқа қатысты
МӘЛІМДЕМЕСІ
Қырғыз Республикасы осы Шартқа қол қоя отырып, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтатуды толық қолдайды және еуразиялық интеграцияны одан әрі дамыту жолындағы кезекті қадам деп санайды.
Сонымен қатар, Қырғызстан Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың құрылтайшыларының бірі бола отырып, ЕурАзЭҚ-ты құрудың негізгі мақсаты – Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыруды жүзеге асыруды дәйекті қолдайды.
Осыған орай, Қырғызстан Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістігіне енуге, сондай-ақ интеграциялық құрылымдарды құру үдерісіне белсенді қатысып, Еуразиялық экономикалық одақтың тең құқылы мүшесі болу ниетін растайды.
Баяндалғанның негізінде, Қырғыз Республикасы интеграцияның нәтижесі, сондай-ақ ЕурАзЭҚ мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысына, оның органдары қызметіне тең құқылы қатысуы болып табылады деген түсінікті негізге алады.
Қырғыз Республикасының Президенті
А.Ш.Атамбаев
Еуразиялық экономикалық
қоғамдастықтың қызметін
тоқтату туралы шартқа
1-қосымша
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтатуға
байланысты қолданылуы тоқтатылатын халықаралық шарттардың
ТІЗБЕСІ
1. Кеден одағы туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезінде халықаралық саудалық келіссөздері туралы 1997 жылғы 3 маусымдағы хаттама.
2. Кеден одағын қалыптастыру кезіндегі тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы 1997 жылғы 22 қазандағы келісім.
3. Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Көлік одағын құру туралы 1998 жылғы 22 қаңтардағы келісім.
4. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы 1998 жылғы 22 қаңтардағы келiсiм.
5. Жеке тұлғалар Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кедендiк шекаралары арқылы тасымалдайтын өндiрiстiк және өзге де коммерциялық қызметке арналмаған тауарларды және валютаны кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi туралы 1998 жылғы 22 қаңтардағы хаттама.
6. Беларусь Республикасының Мемлекеттік салық комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қырғыз Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік салық инспекциясы мен Ресей Федерациясының Мемлекеттік салық қызметі арасындағы салық салу әдіснамасын біріздендіру туралы 1998 жылғы 25 наурыздағы келісім.
7. 1998 жылғы 29 наурыздағы Шартқа қатысушы мемлекеттердің салық қызметтері арасындағы кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы 1998 жылғы 16 маусымда қол қойылған хаттама.
8. Экономика және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы 1996 жылғы 29 наурыздағы Шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы энергетикалық жүйелердің өзара іс-қимылы туралы 1998 жылғы 24 қарашада қол қойылған келісім.
9. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден органдары арасында кедендік бақылаумен тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеу туралы 1998 жылғы 8 желтоқсандағы хаттама.
10. Кеден одағы туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттерге әкелiнетiн тауарларға қатысты техникалық, медициналық, фармацевтiк, санитариялық, ветеринариялық, фитосанитариялық және экологиялық стандарттарды, нормаларды, ережелердi және талаптарды қолданудың бiрыңғай тәртiбi туралы 1999 жылғы 28 қаңтардағы хаттама.
11. Тәжікстан Республикасының 1995 жылғы 6 және 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімдердің талаптарын орындау бойынша жұмыстың кезеңдері мен аяқтау мерзімдері туралы 1999 жылғы 26 ақпанда қол қойылған хаттама.
12. Тәжікстан Республикасының 1995 жылғы 6 және 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімдерге қосылуы туралы 1999 жылғы 26 ақпанда қол қойылған шарт.
13. Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы шарт.
14. Кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң жеңілдетiлген тәртiбi туралы 1999 жылғы 24 қыркүйектегі келісім.
15. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кедендік тасымалдаушылары туралы 1999 жылғы 15 қазандағы хаттама.
16. Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыруды құқықтық қамтамасыз ету туралы 1999 жылғы 26 қазандағы келісім.
17. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы 1998 жылғы 22 қаңтардағы келiсiмге толықтырулар туралы 1999 жылғы 26 қазанда қол қойылған хаттама.
18. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің саудасында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тетігі туралы 2000 жылғы 17 ақпандағы хаттама.
19. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң ортақ кеден тарифi туралы 2000 жылғы 17 ақпандағы келісім.
20. Үшінші бір елден тауарлар мен қызметтердің Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің рыноктарына кіруін реттеу жөніндегі шаралар туралы 2000 жылғы 6 қазандағы келісім.
21. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шарт.
22. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кедендік әкету баждарын енгізу және қолдану тәртібі туралы 2001 жылғы 22 мамырдағы хаттама.
23. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы 2001 жылғы 31 мамырдағы конвенция.
24. Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекеттердің Шекара мәселелері бойынша өзара ақпараттық іс-қимылы туралы 2001 жылғы 14 қыркүйектегі келісім.
25. Қазақстан Республикасының аумағында Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің болу жағдайлары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы арасындағы 2002 жылғы 25 қаңтардағы келісім.
26. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сыртқы экономикалық қызметiнiң жалпы тауар номенклатурасы туралы 2002 жылғы 30 қыркүйектегі келiсiм.
27. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберiнде сақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы 2003 жылғы 27 сәуірдегі келісiм.
28. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң саудасында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтеу шараларын қолданудың тетігі туралы 2000 жылғы 17 ақпандағы хаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы 2003 жылғы 28 қазанда қол қойылған хаттама.
29. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің бағалы қағаздар рыноктарын реттеу жөніндегі уәкілетті органдары арасындағы ақпарат алмасу туралы 2003 жылғы 23 желтоқсандағы келісім.
30. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы арасындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының функцияларын орындауы туралы 2004 жылғы 3 наурыздағы келісім.
31. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың заңнамасы негіздерінің мәртебесі, оларды әзірлеу, қабылдау және іске асыру тәртібі туралы 2004 жылғы 18 маусымдағы шарт.
32. 2004 жылғы 18 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің бағалы қағаздар рыногындағы ынтымақтастығы туралы келісім.
33. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң сақтандыру қызметін қадағалау және реттеу органдары арасындағы ақпарат алмасу туралы 2004 жылғы 30 қыркүйектегі келісім.
34. Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің тауарларының, сондай-ақ осыған байланысты жекелеген қызмет түрлерінің импортын және экспортын лицензиялаудың бірыңғай ережелері туралы 2004 жылғы 25 қазандағы хаттама.
35. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің техникалық регламенттерін үйлестіру негіздері туралы 2005 жылғы 24 наурыздағы келісім.
36. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің отын-энергетикалық теңгерімін бірлесіп әзірлеу туралы 2005 жылғы 27 қыркүйектегі келісім.
37. Өзбекстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа қосылуы туралы 2006 жылғы 25 қаңтарда қол қойылған хаттама.
38. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 2006 жылғы 25 қаңтарда қол қойылған хаттама.
39. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің нарығындағы өнімнің бірыңғай айналым белгісін қолдану туралы 2006 жылғы 19 мамырдағы келісім.
40. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерiстер енгiзу туралы 2007 жылғы 6 қазанда қол қойылған хаттама.
41. Техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласында келісілген саясат жүргізу туралы 2008 жылғы 25 қаңтардағы келісім.
42. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің техникалық регламенттерін үйлестіру негіздері туралы 2005 жылғы 24 наурыздағы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2008 жылғы 12 желтоқсанда қол қойылған хаттама.
43. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы ақпараттық жүйесін құру туралы 2008 жылғы 12 желтоқсандағы келісім.
44. 2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статуты.
45. Кеден одағы шеңберіндегі даулар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгінуі және олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері туралы 2010 жылғы 9 желтоқсандағы шарт.
46. 2011 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы 2011 жылғы 10 қазанда қол қойылған хаттама.
47. Беларусь Республикасының аумағында Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының болу шарттары туралы Беларусь Республикасының Үкіметі және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық арасындағы 2012 жылғы 12 желтоқсандағы келісім.
48. Жұмыс күшін еркін ауыстыру үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру жағдайларын жасау жөніндегі 1997 жылғы 14 наурыздағы келісім.
49. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы халықтың көші-қон процестерін реттеу туралы 1997 жылғы 7 тамыздағы келісім.
Еуразиялық экономикалық
қоғамдастықтың қызметін
тоқтату туралы шартқа
2-қосымша
Қолданылуы 2014 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық
қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шарттың 3-бабының
2-тармағымен реттелетін халықаралық шарттардың
ТІЗБЕСІ
1. Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы Кеден одағы туралы 1995 жылғы 6 қаңтардағы келісім.
2. 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісім.
3. 1996 жылғы 29 наурыздағы Қырғыз Республикасының Кеден одағы туралы келісімдерге қосылуы туралы шарт.
4. Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы 1996 жылғы 29 наурыздағы шарт.
5. Беларусь Республикасының Мемлекеттік салық комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қырғыз Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік салық инспекциясы, Ресей Федерациясының Мемлекеттік салық қызметі арасындағы салық заңнамасын сақтау мәселелері бойынша ынтымақтастық пен өзара көмек туралы 1998 жылғы 25 наурыздағы келісім.
6. Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы 1998 жылғы 28 сәуірдегі шарт.
7. 1996 жылғы 29 наурыздағы Шартқа қатысушы мемлекеттердің салық қызметтері арасындағы салық заңнамасын сақтау мәселелері бойынша жедел ақпарат алмасу туралы 1998 жылғы 16 маусымда қол қойылған хаттама.
8. Беларусь Республикасының Мемлекеттік салық комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қырғыз Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік салық инспекциясы, Ресей Федерациясының Мемлекеттік салық қызметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Салық комитеті арасындағы өзара ынтымақтастық туралы 1998 жылғы 30 қыркүйектегі келісім.
9. Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтарына жедел және шұғыл медициналық көмек алуда тең құқықтарды өзара беру туралы 1998 жылғы 24 қарашадағы келісім.
10. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің шекарасын жеке тұлғалардың кесіп өтуі мен олардың тауарлар мен валютаны кедергісіз алып өтуінің еркін және тең құқығын қамтамасыз ету туралы 1998 жылғы 24 қарашадағы келісім.
11. Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы 1996 жылғы 29 наурыздағы шартқа қатысушы мемлекеттер арасында почтамен жөнелту рәсімін жеңілдету және мерзімдік басылымдарға еркін жазылу мен оларды жеткізуді қамтамасыз ету туралы 1998 жылғы 24 қарашада қол қойылған хаттама.
12. Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы 1996 жылғы 29 наурыздағы шартқа қатысушы мемлекеттердің жеке тұлғаларының ақша аударымдарын жүзеге асыру рәсімін жеңілдету туралы 1998 жылғы 24 қарашада қол қойылған хаттама.
13. Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы 1998 жылғы 24 қарашадағы келісім.*
14. Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы 1996 жылғы 29 наурыздағы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтарына оқу орындарына түсуге тең құқықтар беру туралы 1998 жылғы 24 қарашада қол қойылған келісім.
15. Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы 1996 жылғы 29 наурыздағы шартқа қатысушы мемлекеттерде шағын кәсіпкерлікпен айналысу үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы 1998 жылғы 24 қарашада қол қойылған келісім.
16. Кеден одағы туралы келісімдерге қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтері арасындағы өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы 1998 жылғы 8 желтоқсандағы хаттама.
17. Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы 1996 жылғы 29 наурыздағы шартқа қатысушы мемлекеттердің шекаралық ынтымақтастығының негізгі принциптері туралы 1999 жылғы 26 ақпанда қол қойылған келісім.
18. Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы келісім.
19. Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы 1996 жылғы 29 наурыздағы шартқа қатысушы мемлекеттердің аумақтарында теледидар мен радио бағдарламаларын тарату үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы 1999 жылғы 26 ақпанда қол қойылған келісім.
20. Кедендік одақ туралы келісімдерге қатысушы мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру және қаржы-экономикалық дағдарыстың зардаптарын еңсеру жөніндегі бірлескен іс-қимылдары туралы 1999 жылғы 24 қыркүйектегі хаттама.
21. Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы шартқа қатысушы мемлекеттер үкiметтерiнiң арасындағы Ғарыш кеңiстiгiн бейбiт мақсатта бiрлесiп игеру жөнiндегi 2000 жылғы 17 ақпанда қол қойылған келісім.
22. 1999 жылғы 28 ақпандағы Кедендік одақ және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартқа қатысушы мемлекеттерде жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу және оның қызметі жөніндегі 2000 жылғы 23 мамырдағы келісім.
23. Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы келісім.
24. 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің аумағынан шығарылатын және үшінші елдерге әкетілетін тауарлардың кері экспортын кедендік бақылау туралы 2001 жылғы 22 мамырдағы хаттама.
25. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің шекаралары арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуін кедендік бақылау кезінде ақпараттық технологияларды қолданудағы бірыңғай тәсілдер туралы 2001 жылғы 19 желтоқсандағы хаттама.
26. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің кеден органдары арасында тауарлар мен көлік құралдарын өткізу туралы ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы 2001 жылғы 19 желтоқсандағы хаттама.
27. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң салық және кеден органдары арасындағы ақпарат алмасу туралы 2002 жылғы 25 қаңтардағы келісім.
28. Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы 1998 жылғы 24 қарашадағы келісімге Тәжікстан Республикасының қосылуы туралы 2002 жылғы 26 ақпанда қол қойылған хаттама.*
29. Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы 1998 жылғы 24 қарашадағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2002 жылғы 26 ақпанда қол қойылған хаттама.*
30. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң аумақтарында этил спиртiнiң, алкоголь, құрамында спирт бар және темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуiн және айналымын кедендiк және салықтық бақылау туралы 2002 жылғы 30 наурыздағы келісім.
31. Ресей Федерациясы аумағында Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық комитетінің болу жағдайлары туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 3 шілдедегі келісім.**
32. Бұқаралық ақпаратты таратудағы ынтымақтастық туралы 2002 жылғы 20 қыркүйектегі келісім.
33. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң сыртқы шекараларын күзетудегi ынтымақтастық туралы 2003 жылғы 21 ақпандағы шарт.
34. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер әдiлет министрлiктерiнің ынтымақтастығы туралы 2003 жылғы 16 сәуірдегі келісім.
35. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің кітапхана ісі саласындағы ынтымақтастық туралы 2003 жылғы 28 қазандағы келісім.
36. Еуразиялық экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы 2003 жылғы 28 қазандағы келісім.
37. Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан еркін және тең құқылы өтуін және олардың тауарлар мен валютаны кедергісіз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы 1998 жылғы 24 қарашадағы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 2003 жылғы 28 қазанда қол қойылған хаттама.
38. Еуразия экономикалық қоғамдастығының көлiк дәлiздерiн қалыптастыру және дамыту жөнiнде келiсiлген саясат жүргiзу туралы 2005 жылғы 24 наурыздағы келісім.
39. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң әдiлет министрлiктерi арасындағы Құқықтық ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы 2005 жылғы 28 маусымдағы келісім.
40. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта білім, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы 2005 жылғы 27 қыркүйектегі келісім.**
41. Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің интеграцияланған валюталық рыногын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастығы туралы 2006 жылғы 25 қаңтардағы келісім.
42. Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің салық және кеден органдары арасында трансферттік баға белгілеуді бақылау жөнінде ақпарат алмасу туралы 2006 жылғы 6 маусымдағы хаттама.
43. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі сот-сараптама қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы 2006 жылғы 30 маусымдағы келісім.
44. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде қылмыстық жазаны орындау саласындағы ынтымақтастық туралы 2006 жылғы 30 маусымдағы келісім.
45. Ресей Федерациясы аумағында Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Парламентаралық Ассамблеясының болу жағдайлары туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2007 жылғы 6 маусымдағы келісім.**
46. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің салық қызметтері арасында электрондық түрде ақпарат беру кезінде криптографиялық қорғау құралдарын пайдалану туралы 2007 жылғы 15 қыркүйектегі хаттама.
47. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы ынтымақтастық туралы 2009 жылғы 22 мамырдағы келісім.
48. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы 2009 жылғы 9 маусымдағы шарт.
49. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқару туралы 2009 жылғы 9 маусымдағы келісім.
50. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер кеден қызметтерінің ақпараттық өзара іс-қимылының бірыңғай принциптері туралы 2009 жылғы 9 маусымдағы келісім.
51. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кедендік органдары арасындағы кедендік алып жүру туралы 1998 жылғы 8 желтоқсандағы хаттаманың қолданылуын тоқтату туралы 2009 жылғы 20 қарашада қол қойылған хаттама.
52. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы туралы 2009 жылғы 11 желтоқсандағы келісім.
53. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден органдары арасында тасымалданатын тауарларды және көлік құралдарын кедендiк бақылау туралы 2000 жылғы 17 ақпандағы хаттаманың қолданылуын тоқтату туралы 2010 жылғы 21 мамырда қол қойылған хаттама.
54. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріздендірілген нормативтік-анықтамалық ақпаратты пайдалануы туралы 2011 жылғы 19 мамырдағы хаттама.
55. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер әдiлет министрлiктерiнің ынтымақтастығы туралы 2003 жылғы 16 сәуірдегі келісімге өзгерістер енгізу туралы 2011 жылғы 23 мамырда қол қойылған хаттама.
56. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер әділет министрліктерінің адвокатура мен адвокаттық қызмет саласындағы ынтымақтастығы туралы 2012 жылғы 21 қыркүйектегі келісім.
57. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Түркіменстан арасындағы Мемлекетаралық көздердің су ресурстарын пайдалану мен қорғауды бірлесіп басқару саласындағы ынтымақтастық туралы 1992 жылғы 18 ақпандағы келісім.
58. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Фармацевтика өнеркәсібі мен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 5 тамыздағы келісім.
59. Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының Үкіметтері арасындағы Жер сілкіністерін зерттеу мен сейсмикалық қауіптілікті болжау саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы 1995 жылғы 24 ақпандағы келісім.
60. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық әсер ететін қалдық қоймалары алаңдары мен тау жынысы үйінділерін қалпына келтіру жөніндегі бірлескен жұмыстар туралы 1996 жылғы 5 сәуірдегі келісім.
61. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Көлік және коммуникация саласында келісілген саясат жүргізу туралы 1996 жылғы 5 сәуірдегі келісім.
62. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Орталық Азия өңірінің отын-энергетикалық және су ресурстарын пайдалану, газ құбырларын салу, пайдалану туралы 1996 жылғы 5 сәуірдегі келісім.
63. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Темір жол көлігі саласындағы тарифтік саясатты реттеу туралы 1997 жылғы 7 тамыздағы келісім.
64. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы 1997 жылғы 8 желтоқсандағы келісім.
65. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы 1998 жылғы 17 наурыздағы келісім.
66. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Батыс Тянь-Шаньнің биологиялық әртүрлілігін сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім 1998 жылғы 17 наурыздағы келісім.
67. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1998 жылы Нарын-Сырдария су қоймалары сарқырамасының су-энергетикалық ресурстарын бірлесіп және кешенді пайдалану туралы 1998 жылғы 17 наурыздағы келісім.
68. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Сырдария өзені бассейнінің су-энергетикалық ресурстарын пайдалану туралы 1998 жылғы 17 наурыздағы келісім.
69. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы шартқа қатысушы мемлекеттер халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы 1998 жылғы 26 маусымдағы келісім.
70. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы 1998 жылғы 26 маусымдағы келісім.
71. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1999 жылы Нарын-Сырдария су қоймалары сарқырамасының су-энергетикалық ресурстарын бірлесіп және кешенді пайдалану туралы 1999 жылғы 14 сәуірдегі келісім.
72. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Гидрометеорология саласындағы ынтымақтастық туралы 1999 жылғы 17 маусымдағы келісім.
73. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Орталық Азия мемлекеттері энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуі туралы 1999 жылғы 17 маусымдағы келісім.
74. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Сырдария өзені бассейнінің су-энергетикалық ресурстарын пайдалану туралы 1998 жылғы 17 наурыздағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1999 жылғы 17 маусымда қол қойылған хаттама.
75. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы 2000 жылғы 8 маусымдағы келісім.
76. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастық туралы 2000 жылғы 8 маусымдағы келісім.
77. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Санаторлық-курорттық, сауықтыру және туристік мекемелер мен ұйымдарды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы 2000 жылғы 8 маусымдағы келісім.
Ескертпе:
* Осы халықаралық шарттар Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта білім, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы 2013 жылғы 31 мамырдағы келісім күшіне енген күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.
** Осы халықаралық шарттар Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың тиісті тарату комиссияларының жұмысы аяқталғанға дейін қолданыла беретін болады.
Еуразиялық экономикалық
қоғамдастықтың қызметін тоқтату
туралы шартқа
3-қосымша
Мирасқорлары Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың органдары
болып табылатын интеграцияны басқару органдары шешімдерінің
және қолданысы бұрынғы мәртебесінде жалғастырылатын Еуразиялық
экономикалық қоғамдастық органдары шешімдерінің
ТІЗБЕСІ
1. «1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы өзара саудада жанама салықтарды өндіріп алу мен есептеу кезінде «жеткізілетін ел» қағидатын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасы Мемлекетаралық Кеңесінің 1999 жылғы 26 қазандағы № 54 шешімі.
2. «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің аумақтарында жеке тұлғалардың Біртұтас салық куәлігі туралы ережесінің жобасы туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің (үкімет басшылары деңгейінде) 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 68 шешімі.
3. «Экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологиялардың үлгілік тізімдері және экспорттық бақылауға жататын тауарлармен және технологиялармен жасалатын сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыруды бақылау тәртібіне қойылатын жалпы талаптары туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің (үкімет басшылары деңгейінде) 2004 жылғы 21 қыркүйектегі № 190 шешімі.
4. «Экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологиялардың үлгілік тізімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің (үкімет басшылары деңгейінде) 2005 жылғы 27 қыркүйектегі № 244 шешімі.*
5. «Экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологияларды әкетуге байланысты сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыруға лицензияны ресімдеу қағидалары туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің (үкімет басшылары деңгейінде) 2005 жылғы 27 қыркүйектегі № 245 шешімі.
6. «Экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологиялардың үлгілік тізімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің (үкімет басшылары деңгейінде) 2006 жылғы 27 қазандағы № 320 шешімі.*
7. «Экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологиялардың үлгілік тізімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің (үкімет басшылары деңгейінде) 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 365 шешімі.*
8. «Экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологиялардың үлгілік тізімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің (үкімет басшылары деңгейінде) 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 406 шешімі.*
9. «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің (мемлекет басшылары деңгейінде) 2009 жылғы 4 ақпандағы № 415 шешімі.
10. «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Жоғары технологиялар орталығын құру туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің (мемлекет басшылары деңгейінде) 2009 жылғы 4 ақпандағы № 416 шешімі.
11. «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру және Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың жоғары технологиялар орталығын құру туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің (үкімет басшылары деңгейінде) 2009 жылғы 9 маусымдағы № 420 шешімі.
12. «Экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологиялардың үлгілік тізімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің (үкімет басшылары деңгейінде) 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 469 шешімі.*
13. «Экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологиялардың үлгілік тізімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің (үкімет басшылары деңгейінде) 2010 жылғы 19 қарашадағы № 520 шешімі.*
14. «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің уран шығаратын өндірістер әсер еткен аумақтарын қалпына келтіру» атты Мемлекетаралық нысаналы бағдарламасы туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің (үкімет басшылары деңгейінде) 2012 жылғы 19 наурыздағы № 602 шешімі.
15. «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің уран шығаратын өндірістер әсер еткен аумақтарын қалпына келтіру» атты Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың мемлекетаралық нысаналы бағдарламасы туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің (мемлекет басшылары деңгейінде) 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 625 шешімі.
16. «Экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологиялардың үлгілік тізімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің (үкімет басшылары деңгейінде) 2013 жылғы 31 мамырдағы № 640 шешімі.*
Ескертпе:
* Көрсетілген шешімдер Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы 2003 жылғы 28 қазандағы келісімге қатысушы мемлекеттерге қатысты қолданысын жалғастыра береді.
Еуразиялық экономикалық
қоғамдастықтың қызметін
тоқтату туралы шартқа
4-қосымша
2014 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың
қызметін тоқтату туралы шарттың Тараптары қатысушысы болуға
ниет білдірмейтін халықаралық шарттардың
ТІЗБЕСІ
1. Көлік одағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы 1998 жылғы 24 қарашадағы келісім.
2. Еуразия экономикалық коғамдастығына мүше мемлекеттердің кеден органдары арасында тауарларды кедендік бақылаумен өткізу кезінде кеден органының шотына ақша қаражатын енгізу жолымен немесе банктердің кепілдіктерін пайдалану жолымен кедендік төлемдердің төленуін қамтамасыз ету туралы 2006 жылғы 19 мамырдағы келісім.
3. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің энергетикалық нарығын ақпараттық қамтамасыз етудің ортақ жүйесін қалыптастыру туралы 2008 жылғы 12 желтоқсандағы келісім.
4. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің қызметінде ақпараттық технологияларды қолдануға бірыңғай тәсілдер туралы 2009 жылғы 9 маусымдағы келісім.
5. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің ортақ сақтандыру нарығын құру туралы 2009 жылғы 27 қарашадағы хаттама.
6. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің капитал қозғалысына байланысты операцияларды реттеу және бақылау жөніндегі валюталық саясатының негізін құрайтын қағидаттар туралы 2009 жылғы 11 желтоқсандағы келісім.
7. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта агроөнеркәсіптік кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың, механизмдердің, жабдық пен көлік құралдарының халықаралық лизингін дамыту туралы 2010 жылғы 21 мамырдағы келісім.
8. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің оқу орындарында қылмыстық атқару жүйесі мекемелері мен органдары үшін кадрлар даярлау туралы 2010 жылғы 2 қыркүйектегі келісім.
9. Техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласында келісілген саясат жүргізу туралы 2008 жылғы 25 қаңтардағы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2011 жылғы 19 мамырда қол қойылған хаттама.
10. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы 2011 жылғы 19 желтоқсандағы конвенция.
11. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің бюджет процесі бойынша ақпарат алмасуы туралы 2013 жылғы 31 мамырдағы келісім.
Еуразиялық экономикалық
қоғамдастықтың қызметін
тоқтату туралы шартқа
5-қосымша
Күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу
орынды болып табылатын халықаралық шарттардың
ТІЗБЕСІ
1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң аумақтарында этил спиртiнiң, алкоголь, құрамында спирт бар және темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуiн және айналымын кедендiк және салықтық бақылау туралы 2002 жылғы 30 наурыздағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2005 жылғы 24 наурызда қол қойылған хаттама.
2. Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы келісімге 2005 жылғы 24 наурызда қол қойылған хаттама.
3. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттерде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы 2008 жылғы 12 желтоқсандағы келісім.
4. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің білім беру ұйымдарын/мекемелерін (білім беру бағдарламаларын) аттестаттау және/немесе аккредиттеу саласындағы ынтымақтастығы туралы 2010 жылғы 21 мамырдағы келісім.
5. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердегі жалпы кедендік үдерістер шеңберінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы 2011 жылғы 19 мамырдағы келісім.
6. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің азаматтарына жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы 2012 жылғы 28 қыркүйектегі келісім.
7. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің дәрілік заттардың (дәрілік препараттардың), медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың (медициналық бұйымдардың) айналысы саласындағы ынтымақтастығы туралы 2012 жылғы 28 қыркүйектегі келісім.
8. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің инфекциялық ауруларға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастығы туралы 2012 жылғы 28 қыркүйектегі келісім.
9. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің бірінде медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуға құқығы бар мамандарға Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың басқа да мүше мемлекеттерінде ұқсас қызметіне рұқсат беру тәртібі туралы 2012 жылғы 28 қыркүйектегі келісім.
10. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің медицина және фармацевтика кадрларын даярлау және біліктілігін арттыру, ғылым және медицина мамандарымен алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы 2012 жылғы 28 қыркүйектегі келісім.
11. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың бағыттары туралы 2012 жылғы 28 қыркүйектегі келісім.
12. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта білім, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы 2013 жылғы 31 мамырдағы келісім.
13. Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің азаматтары ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы 2013 жылғы 31 мамырдағы келісім.